Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет1/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Тілді шығарған да, қолданатын да – халық
Аман 
АБАСИЛОВ
                                                                                                                        
ӘЛЕУМЕТТІК 
ЛИНГВИСТИКА 
СӨЗДІГІ
Алматы-2016

Ә 58
ISBN 9965-726-10-8
       
             
                            © «Асыл кітап» , 2016
 
 
 
 
 
                            © Абасилов А., 2016                
Пікір жазғандар: 
Н.Ж.Құрман – педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Ж.Сәдуақасұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор 
Абасилов А. 
Әлеуметтік лингвистика сөздігі. – Алматы, 2016.-168 бет. 
ISBN 9965-726-10-8 
Сөздікте тіл білімінің жаңа бір саласы әлеуметтік лингвистиканың 
өзекті мәселелеріне, өзіндік ұғым, түсініктері мен негізгі терминдеріне 
түсінік беріледі. Мұнда сондай-ақ тіл ғылымы туралы, тілдің табиғаты, 
даму  заңдары,  салалары,  әлем  тілдері  туралы  қысқаша  мәліметтер 
беріледі.
Сөздік жоғары оқу орындарының оқытушылары мен магистрлеріне, 
студенттеріне,  мектеп  мұғалімдері  мен  оқушыларға,  тілтанушылар 
мен тіл мамандарына, жалпы оқырман қауымға арналған.
 
 
 
 
Баспаға Абай атындағы Қазақ ҰПУ-нің жанындағы «Білім» тобындағы 
мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясы және 
ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі ұсынған. 
Хаттама № 10. 23.06.2009.

3
КІРІСПЕ
Кез  келген  ғылым  салалары  сияқты  әлеуметтік  лингвистика 
да өзіндік танымдық аппараты, соған қатысты терминдер жүйесі, 
нақтылы зерттеу нысаны мен өзіндік зерттеу әдістері бар арнаулы 
ғылым  ретінде  қалыптасып  келеді.  Ол  бүгінгі  күні  жалпы 
ғылымдық жүйеге еніп, одан өзіндік орнын анықтау үстінде.
Қазіргі таңда ол өзге туыстас тіл білімі, әлеуметтану, әлеумет-
тік психология, экономика, тарих, этнография, саясаттану т.б. пән-
дермен  ынтымақтастық,  шекаралық,  пәнаралық  қатынаста  бола 
отырып,  ғылым  жүйесінде  әлеуметтік  лингвистикалық  білімді 
қалыптастыруда.
Әлеуметтік  лингвистика  (қысқаша  социолингвистика)  –  тіл-
дің  қоғамдық  мәнін,  дамуы  мен  қызмет  етуін,  қоғамның  тілге 
және  тілдің  қоғамға  әсер  етуін  зерттейтін  тіл  білімінің  жеке 
бағыттарының бірі. 
Тіл білімінде әлеуметтік лингвистика бағытының пайда болуы-
нан  бастап,  бүгінге  дейін  терминдер  жүйесі  қалыптасып,  дамып 
келеді.  Жалпы  әлеуметтік  лингвистиканың  терминдер  жүйесі 
лингвистиканың  өзге  салаларына  қарағанда  өзгеріске  өте  бейім-
ділігімен  сипатталады.  Бұл  бірнеше  себептерге  байланысты,  со-
ның  ішінде  әлеуметтік  лингвистиканың  пәнаралық  қасиетімен, 
терминдерінің өзіндік табиғатымен, қарастыратын мәселелерінің 
көбіне  экстралингвистикалық  жағдайларға  тәуелділігімен  түсін-
діріледі.
Міне, бұлардың барлығы әлеуметтік лингвистиканың термин-
дерін жүйелеп, мағыналарын саралап түсіндіруді, оларды сөздік-
тер мен оқулықтарға ендірудің, сондай-ақ арнайы терминология-
лық  сөздік  жасаудың  қажеттілігін  көрсетеді.  Сонымен  бірге 

4
қазіргі таңда әлеуметтік лингвистиканың пәндік анықтамасы мен 
танымдық  аппаратының  өзі  де  кеңестік  кезеңнің  «сығымынан» 
арылып, жаңадан қалыптасу сатысын бастан кешіруде. Сондықтан 
бұл аса жауаптылықты, сыни көзқарасты қажет етеді.
Сөздік әлеуметтік лингвистиканың негізгі терминдері жөнінде 
маңызды  мәлімет  беретін  анықтамалық  кітапша  ретінде  қарас-
тырылған  және  мынадай  міндеттерді  шешуге  бағытталған: 
қазіргі әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер жағдайын көрсету; 
мүмкіндігіне  қарай  әлеуметтік  лингвистиканың  бағыттары 
бойынша  шолулар  жасау;  әлеуметтік  лингвистиканың  негізгі 
терминдік  құрамын  анықтау  және  жинақталған  бай  тәжірибені 
пайдалана  отырып,  олардың  сөзіктік  мәнін  беру;  оларды 
түсіндірудің сөздікке және оқу мақсатына тән барынша түсінікті 
тілмен баяндалуын көздеу (өйткені сөздік әлеуметтік лингвистика 
курсын  оқып-үйренушілерге  арналған  оқу  құралы  ретінде 
ұсынылмақ).
Сөздікте  әлеуметтік  лингвистика  терминдері  алфавиттік  тәр-
тіппен  берілген.  Сонымен  бірге  терминдер  әлеуметтік  лингвис-
тиканың ғылыми-теориялық мәселелерін, өзге пәнаралық ғылым-
дармен  байланысын,  ғылым  ретінде  қалыптасуы  мен  оның 
өзіндік  бағыттарын  және  зерттеу  әдістерін,  негізгі  танымдық 
аппаратын  қамтитын  бөліктерге  бөлінеді.  Сондай-ақ  әлеуметтік 
лингвистиканың өзіндік проблемаларын көрсететін (тіл саясаты мен 
тілдік жоспарлау, тілдік саралану мен тіл варианттары, тіл ауыстыру 
т.б.)  терминдер  де  ажыратылып  беріледі.  Сөздік  мүмкіндігінше 
қазақстандық  әлеуметтік  лингвистиканың  проблемаларын  қам-
тығандығымен  және  Қазақстан  Республикасындағы  тілдік  жағ-
даят  пен  жаңа  тілдік  ақуал  туралы  барынша  мәлімет  берумен 
ерекшеленеді.

5
Шартты қысқартулар
Ағылш. – ағылшын тілінен
АҚШ Америка Құрама Штаттары
БАЭ – Біріккен Араб Эмираттары
б.э. – біздің эрамыз
б.э.д. – біздің эрамызға дейін
БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы
ғ. – ғасыр
ғғ. – ғасырлар
грек. –- грек тілінен
ҒА – Ғылым Академиясы
ж. – жыл
итал. – италян тілінен
исл. – исланд тілінен
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
қар. – қараңыз
лат. – латын тілінен
мыс. – мысалы
млн. – миллион
нем. – неміс тілінен
нидерл. – нидерланд тілінен
орыс. – орыс тілінен
т.б. – тағы басқа
т.с.с. – тағы сол сияқты
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
фр. – француз тілінен 
 

6
А
АВСТРАЛИЯЛЫҚ  ТІЛДЕР  –  Австралияның  жергілікті 
тұғындарының тілі (папуастардың мириам және тасмания тілінен 
бөлек).  А.т-ның  шығу  тегі  анықталмаған.  Бұл  тілге  500–600  тіл 
жатады.  А.т.-не  12  жеке  тіл  және  16  тілдік  топ  кіреді.  А.т-ның 
барлығы  да  жалғамалы  (аггютинативті),  эргативті  тілдер  болып 
табылады. 
АВСТРОНЕЗИЯЛЫҚ  ТІЛДЕР  –  Малай  архипелағы  (Индо-
незия,  Филиппин),  Малакка  жарты  аралында,  Үндіқытайда, 
Океанияда,  Мадагаскар  аралында,  Тайвань  аралында  таралған. 
А.т-ның саны – 800-дей, ал сөйлеушілер саны – 250 млн адамға 
жуық.  ХІХ  ғ.  бастап  А.т.  4  тармаққа  бөлінеді:  индонезиялық, 
полинезиялық, меланезиялық және микронезиялық, Соңғы аталған 
3  тілді  «океания  тілдері»  деп  де  атайды.  А.т.  полисиллабикалық 
тілдерге жатады, түбір морфемалар көбінесе екі буыннан құралған. 
Сөзжасамдық  тәсілдерден  аффикстерді  (префиксті)  қолдану, 
редупликация және сөздерді біріктіру кездеседі. Оңтүстік-Шығыс 
Азия  елдерінде  (чам,  малай,  ява,  буги,  бали,  тагал  т.б.)  үнді, 
араб  жазуы  қолданылады.  Әдеби  А.т.  латын  жазуы  кең  тараған. 
Алғашқы рет А.т. В.Гумбольдт зерттеген (1836–39 жж.).
АВТОХТОН  ТІЛ  (грек,  autochthon  –  жергілікті,  түпкілікті; 
орыс.  автохонный  язык)  –  бұл  термин  бастапқыда  жеке  бір 
тілді  немесе  тілдер  топтарын  бөліп  көрсетуде  қолданылған. 
Солтүстік  және  Оңтүстік  Американың  түпкілікті  халқының  тілі, 
мыс.,  Вакаш  семьясының  тілдері  –  Ванкувер  аралындағы  нутка 
тілдері: Австралия тілдері, мыс., паманюнга тілдері (бұл тілдерде 
Австралия  контингентінің  оңтүстік  бөлігінің  тоғыз  ондағы 
сөйлейді) және пама-нюнга (материктің солтүстік және солтүстік-
батысындағылар  тілі).  Түпкілікті,  байырғы  халқының  тілі,  мыс., 
қазақ  тілі  –  Қазақстанның  А.т.,  орыс  тілі  –  Ресейдің  А.т.  (қар. 
Титулдық ұлт тілі).

7
АГВАН ЖАЗУЫ (кавказ-албан жазуы) – Ү-ІХ ғғ. Агваниядағы 
(немесе  Кавказдық  Албанияда)  Дағыстан  мен  Әзербайжан 
христиан  шіркеулері  пайдаланған  жазу  түрі.  Агван  жазуындағы 
алфавит 52 әріптен құралған. Бұл жазу лезгин тіліне жақын деген 
пікір бар. А. ж. толық зерттеліп, оқылмаған.
АГГЛЮТИНАЦИЯ  (лат.  agglutinatio  –  жалғау)  –  түбірге 
немесе  негізге  стандартты  аффикс  жалғау  арқылы  сөз  бен 
сөзтұлға тудыратын әдіс. Бұл мағынада (морфемалардың қосылуы 
тәсілі  ретінде)  А.  фузияға  қарама-қарсы  қойылады.  Аффикстер 
белгілі  бір  иерархиялық  жүйемен  жалғанады,  мыс.,  ата-лар-
ымыз-да.  Аффикстердің  дыбыстық  варианттары  сингормонизм 
нәтижесінде пайда болды, мыс: қаз-дар-дың; кітап-тар-ға. А.-ның 
морфологиялық  белгісіне  сәйкес  агглютинативті  (жалғамалы) 
тілдер  ерекшеленеді.  Морфемаларды  жалғау  әдісі  ретінде  А. 
аггютинативті емес тілдерге де тән құбылыс, мыс., австронезиялық, 
үндіеуропалық тілдер. 
АГГЛЮТИНАТИВТІ  ТІЛДЕР  (жалғамалы  тілдер).  А.т.-
ге  түркі,  банту  тілдері  жатады.  Бұл  тілдерге  тән  ерекшеліктер: 
аффикс  арқылы  сөз  жасау  және  сөз  өзгерту  жүйесінің  дамуы. 
Фонетикалық заңдылықтарға қайшы алломорфизм құбылысының 
болмауы; септеу мен жіктеудің ортақ түрінің болуы; аффикстердің 
грамматикалық  мағынасының  тұрақтылығы  мен  алмасулардың 
(альтернацияның) аз кездесуі.
АГГЛЮТИНАЦИЯ ТЕОРИЯСЫ – үндіеуропалық флективті 
тұлғалардың  шығу  тегін  анықтайтын  теория  (Ф.  Бопп.  1833). 
А.т.  етістіктің  жіктік  жалғауы  мен  зат  есімінің  септік  жалғауы 
есімдіктердің  түбірге  жалғану  нәтижесінде  пайда  болғанын 
болжамдайды. Кездесетін теориялық қайшылықтарға қарамастан 
бұл теория маңызын жоғалта қойған жоқ. 
АҒЫЛШЫН  ТІЛІ  –  герман  тілінің  батыс-герман  тобына 
жататын тіл. Ұлыбританияда, Ирландияда, Солтүстік Америкада, 
Австралияда,  Жаңа  Зеландияда,  Азия  мен  Африканың  кейбір 
елдерінде  тараған  тіл.Сөйлеушілерінің  жалпы  саны  437  млн. 
асады. Ұлыбритан Біріккен Королдігі, Солтүстік Ирландия, АҚШ, 

8
Австралия,  Жаңа  Зеландия,  Канада  (француз  тілімен  бірге), 
Ирландия (ирланд тілдерімен бірге), Үндістан (уақытша), Африка 
(15 мемлекет) елдерінде және БҰҰ-ның ресми тілі.
АДРЕСАНТ (нем. Ardessant – жолдаушы; орыс. адресант) – 1) 
белгілі бір тілде қарым-қатынас жасаудағы сөйлеуші, әңгімелесуші; 
2)  қарым-қатынас  жағдаятының  бір  сыңары  (адресантпен  бірге, 
яғни  сөйлеуші  мен  тыңдаушы  арасындағы:  ресми  –  бейтарап 
–  достық  қатынастар,  қатынас  құралы,  қатынас  тәсілі,  қатынас 
орны) компоненттерінің бірі; 3) ақпарат беруші адам, ақпараттық 
эмотивтік  немесе  допативтік  әрекет  субъектісі,  ой-көзқарасын 
жеткізуші т.б.
АДРЕСАТ (нем. Ardessat – алушы; орыс. адресат) – 1) тыңдау-
шы,  әңгімелесуші,  қарым-қатынас  әріптесі;  2)  қарым  -қатынас 
жағдаятының бір компоненттерінің бірі; 3) ақпараттық эмотивтік 
немесе допативтік әрекет қаратыла айтылған адам.
АДСТРАТ  (лат.  ad  –  қасы,  жанында  +  stratum  –  қабат,  пласт; 
орыс. адстрат; ағылш.– adstrat) – бір тілдің екінші бір тілге ұзақ 
уақыт  бойына  бірыңғай,  жиі  әсер  ету  жағдайындағы  тілдің 
ерекшелік  жиынтығы,  белілері,  қасиеттері.  А.  –  бұл  субстратқа, 
суперстратқа  қарама-қарсы  ұғым.  А.  кезінде  бір  тілдің  екінші 
тілге ассимиляциялануы және сіңісуі жүрмейді. Мыс., ІХ-ХІ  ғ.ғ. 
ағылшын  тіліне  скандиновтық  әсер,  шекаралық  ареалдардағы 
беларустық-поляктық  және  белорустық-литвалық  өзара  әсер 
етушіліктер болған.
АЙМАҚТЫҚ  ТІЛ:  1.Мемлекетте  жалпы  тілдік  мәртебесі 
жоқ тілдік құрылым. Көпэтносты елдерде бұл: а) ұлт және әдеби 
формасы  бар  ірі  этникалық  бірлестік  тілі;  ә)  аймақта  этникалық 
топтасу (консолидация) орталығында өзіндік рөлі бар ірі ұлыстың 
жазусыз тілдері. Бірэтносты мемлекетте ол диалектіүстілік койне 
болуы  мүмкін.  А.т.  өзіндерінің  қарым-қатынастық  қызметіның 
көлемі жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Айталық, авар тілі Ресей 
Федерациясы  шегінде  жақын  туыстас  тілдер  тұтынушыларының 
оқу  тілі  және  Дағыстан  Республикасының  кейбір  аудандарында 
ұлтаралық  қатынас  тілі  болып  табылады.  2.  Азшылық  этностар 

9
тілі.  Аймақтық  немесе  миноритарлық  тілдердің  Еуропалық 
Хартиясына  (1992)  сәйкес  оларға  елдің  өзге  халқына  қарағанда 
азсанды  топ  құрайтын  мемлекет  аумағында  оның  азаматтары 
дәстүрлі  түрде  қолданатын,  ресми  тілден  ерекшеленетін  тілдер 
жатады, мыс., Германиядағы лужин тілі. Бұл термин негізгі тілдің 
диалектісіне және мигранттар тіліне қатысты қолданылмайды.
Қара:  Аллолект,  Жергілікті  тіл,  Тілдік  құрылымдардың 
қызметтік типтері
АККАД ТІЛІ (вавилон – ассириялық тілі) – семит тілдерінің 
солтүстік-шығыс  тобына  жататын  Месопотамия  мен  Ассерия 
(қазіргі Ирак) жерінде болған көне тіл. Б.э.д. 3000 ж. бұрын шумер 
тілімен  бірге  төменгі  және  орталық  Месопотамияда  таралған. 
Б.э.д. 2000 ж. басында Вавилион Ассирия мемлекеттерінің ресми 
тілі болған.
АККУЛЬТУРАЦИЯ  (лат.  аccumulare  –  құйылу,  жинақталу  + 
cultura) – әр алуан мәдиниеттердің өзара араласуы мен өзара әсер 
ету процесі, яғни бір халықтың өзге халық мәдениетін толық не 
жартылай сіңіруі, қабылдауы. Термин ХХ ғ. 30 ж. АҚШ-та пайда 
болды. 
АКРОЛЕКТ  –  креольтілді  континуумда  креоль  тіл  мен 
тіл-лексификатордың  араласуы  нәтижесінде  пайда  болған  тіл 
варианты.  Базилект  пен  мезолектіден  айырмашылығы  –  оған 
белгілі  дәрежедегі  стандарттылық  тән.  А.  қоғамның  білімді  жігі 
пайдаланады, өте жоғары әлеуметтік беделге ие және посткреолдық 
континуумдағы  тіл  варианттарының  иерархиясында  жоғары 
дәрежені  алады.  Кейде  оны  базилекке  –  «алаң  тіліне»  қарама-
қарсы  «сарай  тілі»  деп  те  атайды.  Декреолизация  процесінде  А. 
тіл-лексификаторға  жақындай  түседі.  Әдетте  ол  креоль  тілдің 
стандартты  варианты  болып  табылады.  Мысалы,  Гвианда  А. 
стандартты  ағылшын  тілінен  еш  айырмашылығы  жоқ  гвиандық 
ағылшын тілі болып табылады.
Қара: Базилект, Тілдің креолденуі, Мезолект, Тілдік континуум, 
Тілдік түйісу

10
АКСИОМА  –  дәлелдеуді  керек  етпейтін  ғылыми  айқын 
шындық. Әлеуметтік лингвистикада тіл – әлеуметтік құбылыс, бұл 
– аксиома. 
АКТИВ ТІЛ ҚОРЫ - 1) қоғамның ең маңызды деген ұғымдары 
мен  жағдайларына  байланысты  ерекше  жиі  қолданыстағы  және 
біршама шектелген лексикалық бірліктерден тұратын тіл қорның 
бөлігі.  А.т.қ  .  пассив  тіл  қорынан  ерекшеленеді.  А.т.қ.-ның  баяу 
өзгеретін өзегі стилистикалық, бейтарап, мағыналық жүйесі бай, 
тіркесімділігі  мен  сөзжасамдық  белсенділігі  дамыған  сөздерден 
құралады. Тілдің коммуникативті қызметі үшін А.т.қ.-ның сөздері 
өте маңызды рөл атқарады. Бұл қорға енетін сөздер арнайы индекс 
(кездесу  жиілігі,  қолданылуы  т.б.)  арқылы  лингвостатистика 
мен  әлеуметтік  ленгвистика  тәсілдерін  қолдану  нәтижесінде 
анықталады;  2)  А.т.қ.  психолингвистикада  адамдардың  сөйлеуде 
еркін  қолданылатын  лексиканың  бірліктері,  жиынтығы  ретінде 
қарастырылады; 3) лексикогрфия теориясында (Л.В.Щерба) А.т.қ. 
лексикографиялық құрал болып табылады.
АКЦЕНТ  (лат.  accentus  –  дауыстың  көтерілуі,  екпін, 
ағылш.  Accent)  -  1)  екпін  (түрлі  суперсегменттік  құралдар 
көмегімен буынды, сөзді, фразаны бөліп көрсету); 2) ана тілінің 
артикуляциялық  дағдысының  еріксіз  көрінісінен  екінші  тілді 
сөйлеудегі өзгеше айтылу (ағылшын А., неміс А., грузин А. және 
т.б.); фонетикалық деңгейдегі интерференцияның көрінісі. А. бір 
тілдің  өз  ішінде  де  байқалуы  мүмін  (диалектілік  А.),  қазақтар 
тіліндегі  ш  дыбысының  орнына  ч  дыбысын  қолдануы.  А.  шет 
тілдерін үйрену кезіне ерекше мәнге ие болды. 
АЛЕКСАНДРИЯ МЕКТЕБІ – б.э.д. ІV ғ. аяғында Эллиндік 
Египет астанасы Александрия қаласында қалыптасқан тіл зерттеу 
дәстүрі.  Ал.м-нің  өкілдері:  Зенодот,  Ликофрон,  Эратосфен, 
Аристофан, Аристрах, Дионисий және т.б. Бұл мектеп дәстүрінде 
филология мен грамматика негіздері қалыптасады. 
АЛЛОЛЕКТ – нормаланған (стандартты) тілден ерекшеленетін, 
мектепте  оқу  тілі  болып  саналмайтын  жергілікті  тілдің  түрі 
(варианты). Бір тілдің түрлі А. тұтынушылар өзара түсінісіп, қарым-

11
қатынас жасауда А. өзіндік ерекшеліктері кедергі жасамайды. Бұл 
термин  қазақстандық,  сондай-ақ  ресейлік  әлеуметтік  лингвис-
тикада қолданылмайды, оның орнына «аумақтық говор, диалект», 
«тілдің аймақтық ватианты» деген терминдер бар.
Қара: Тіл варианты, Жергілікті тіл, Аймақтық тіл, Аумақтық 
диалект
АЛТАЙ  ТІЛДЕРІ  –  генетикалық  байланысы  бар  тілдерді 
біріктіріп  қарастыратын  шартты  термин.  Бұл  топқа  түркі, 
моңғол, түңғұс-манжүр, корей, жапон тілдері кіреді. ХІХ ғ. А.т.-
не  орал  тілдерін  де  жатқызған.  Алтай  гепотезасы  Г.Рамстедт, 
Н.Поппе, В.Котвич т.б. еңбектерінде тілдердің дыбыстық құрамы 
(сингорманизм, агглютинанация) негізінде жасалған.
АЛФАВИТ  (грек.  alphabetos  –  басқы  әріптердің  атынан: 
альфа және бета) – жеке дыбыстық элементтерді символ арқылы 
бейнелеп,  тілдегі  сөздердің  дыбыстық  келбетін  бейнелейтін 
таңбалар  жүйесі.  А.  дүниеге  келуі  кез  келген  табиғи  тілдердегі 
мәтінді жазуға мүмкіншілік берді.
АЛЬТЕРНАТИВА – мүмкін болған екі ұдайылықтың бірі. 
АМБИЛИНГВ ( орыс. амбилингв, ағылш. екі (одан да көп) - 
тілді тең дәрежеде меңгерген тұлға (қар. Билингвизм).
АМБИЛИНГВИЗМ  (лат.  екіжақтылық  +  lingua  –  тіл, 
орыс.  амбилингвизм,  ағылш.  ambilingualism,  equilingualism  – 
қостілділіктің  әр  түрлілігі,  билингвтің  екі  тілді  барлық  сөйлеу 
салаларында араластырмай бірдей жақсы білуі мен қолдануы. А. 
өте аз кездеседі, көптеген билингвтер үшін бір тіл негізгі (бірінші 
тіл, ана тілі, басым тіл), өзгесі – екінші тіл болып табылады (қар: 
Семилингвизм, Билингвизм, Көптілділік, Қостілділік). 
АМЕРИКАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА (ағылш. 
American sociolinguistics, орыс. Американская социолингвистика) 
–  нақты  рәсімделген  мектеп  немесе  арнайы  бағыт  болып 
саналмайды. А.ә.л-ның дамуы американдық дәстүрлі тіл білімінің 
жалғаса  дамуымен  (бихевиоризм,  антропологиялық  бағыт  және 
символдық-интеракционизм) байланысты А.ә.л. Д.Хайме, У.Лабов, 
Ч.Фергюсон,  С.Эрвин-Трипп,  Дж.  Гампери  және  т.б.  еңбектері 

12
арқылы танылған. А.ә.л. зерттеулері тіл мен қоғамның, тілдік және 
әлеуметтік құрылымдардың өзара қатынасын, сөйлеу қатынасының 
үлгілерін  т.б.  көздеген.  А.ә.л.  әлеуметтік  лингвистиканы  Макро-
социолингвистика, Микросоциолингвистика деп бөлу ұсынылған, 
тілдік  және  әлеуметтік  фактілерді  зерттеудің  біртұтас  үлгілері 
жасалған.  (Д.Хайме,  У.Лабов),  диглосия  теориясының  негізі 
жасалған  (Ч.Фергюсон),  тілдік  жағдаят  және  тілдік  жоспарлау 
аспектілерін  зерттеудің  бағыттары  салынған,  далалық  зерттеу 
техникалары  айқындалған  (қар:  Антропологиялық  лингвистика, 
Әлеуметтік бағыттар). 
АМЕРИКАНДЫҚ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚОҒАМ (Linguis-
tic Society of America6 LSA) – тірі тілдерді синхронды түрде зерттеу 
үшін АҚШ лингвистері 1924 ж. құрған ұйым.
АМОРФТЫ ТІЛДЕР (лат. amorphos – тұлғасыз) – даралаушы 
тілдер, мыс: қытай, бамана. Оңтүстік Азия тілдері. Бұл тілдерде 
сөздер  өзгеріске  ұшырамайды:  Сөздердің  орны  грамматикалық 
мағынаны айқындайды және көмекші сөз бен негіз сөз біріне-бірі 
қарама-қарсы келмейді. 
АНА  ТІЛІ  (ағылш.  Mother  tongue)  –  1.  Баланың  жас  кезінде 
үлкендер  сөйлеуіне  еліктеу  арқылы  санасыз  үйренген  тілі.  Бұл 
дағдыны  пайдалану  ересек  адамда  сақталуы  да,  сақталмауы  да 
мүмкін (қара: Тіл онтогнезі, Тіл филогензі). Ана тілі – Бірінші тіл, 
Екінші тіл, Шеше тілі, Басым тіл де болуы мүмкін. 2. Этноспен 
біте қайнасқан тіл, кез келген халықтың тілдік санасында маңызды 
орын  алатын  тіл,  кез  келген  этникалық  ұжымның  даралануында 
«өзінікі» мен «өзгенікіні» ажырата алу түсінігімен байланысты тіл. 
1.  Адамның  бала  кезінен  (бесік  тілі)  меңгерген  бірінші  тілі. 
Әдетте  ол  ата-анасының  біреуінің  тілімен  сәйкес  келеді.  адам 
кейінрек  өзге  тілді  меңгереді  де  ол  оның  негізгі  қарым-қатынас 
тіліне  айналатын  жағдай  да  болады.  Алайда  мұндайда  А.  т-не 
деген  жағымды  эмоционалды  қатынас  сақталады.  А.  т.  адамның 
белгілі бір ұлтқа (этнос) жататындығының негізгі белгісі ретінде 
қызмет  етеді

2.  Бұл  да  сол  этнос  тілі.  Арнайы  жүргізілген 
әлеуметтік  лингвистикалық  зерттеулер  көрсеткендей,  Қазақстан 

13
Республикасындағы этностар үшін «ана тілі» ұғымы оны меңгеру 
деңгейіне  қарамастан  өз  ұлтының  тілімен  мызғымастай  берік 
байланысқан  және  ол  сол  ұлтқа  жататындығының  негізгі  белгісі 
болып саналады. 3. Бұл да сол бірінші қолданыстағы тіл. 4. Бұл да 
сол ұлттық тіл.
Қара: Билингвизм, Қостілділік, Ұлттық тіл, Тілдердің әлеумет-
тік лингвистикалық классификациясы
АНА  ТІЛІ  КҮНІ  (International  Mother  Language  Day)  –  1999 
жылдың 17 қарашасында ЮНЕСКО-ның басты конференциясының 
30-сессиясындағы  қаулысымен  2000  жылдан  бастап  әр  жылдың 
ақпан айында тілдік және мәдени ерекшеліктер мен көптілділікті 
сақтау  күні  ретінде  бекітілген  халықаралық  мереке.  Бұл  күн 
1952  жылдың  21  ақпанында  шығыс  Пәкістанның  (1971  жылдан 
Бангладеш)    Дакка  қаласында  (қазіргі  Бангладештің  астанасы) 
болған өздерінің ана тілі – бенгал тілін қорғау үшін елдегі ресми 
мемлекеттік тілдің бірі ретінде тануын талап еткен демонстрацияға 
қатысушы  студенттерге  қарсы  қолданылған  қатаң  жазаға 
байланысты белгіленді. Бангладеште бұл сол қанды оқиғаны еске 
алу күні ретінде аталып өтіледі.
АНАЛОГИЯ (грек. analogia – сәйкестік, ұқсастық) – тіл бірлігін 
басқа тіл бірлігіне тұлғалық немесе семантикалық жағынан ұқсату 
құбылысы.  Аналогияны  қолдану  дегеніміз  тілдегі  құрылымдық 
үлгіні  пайдалану  арқылы,  соның  негізінде  жаңа  бірліктер  жасау. 
Кез келген үлгіні, ережені т.б. қорыту кезінде аналогияның әсері 
байқалады. Аналогияның маңызы тіл үйренуде аса зор.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал