Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет9/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
§3. Қоғамның нысаналы міндеті

-   Қоғамның  бағдарламасын  талқылауда  да,  қоғам  қүру 

қүрылтайларда да өр түрлі алқалы той-жиындарда да «үйту ке- 

рек, бүйту керек!», ақыл-кеңестер, даурықпа сөз, жалаң үрандар

аз болған жоқ.

Солардың  бөрінен  біз  өз  мақсатымызға  лайық  нысаналы

міндетімізді анықтай білдік.

-   Олардың  бөрін  бір  жерге  жинақтасақ  мыңға  тарта

мөселенің  басын  қүрайды.  Ал  жіктеп,  жүйелеп  көрсек,  үлкен

125


екі топқа бөліп қарауға болады:  1. Таза тіл мәселелері; 2. Тілге 

қатысты мәселелер. 

| ' 


М ІІ

-   Осы  екі  топ  мәселе  рухани,  мәдени,  саяси-әлеуметтік 

өміріміздің бәрін түгел қамтиды екен...

-   Демек,  «Қазақ  тілі»  қоғамының  араласпайтын  сала- 

сы  да  жоқ  деген  сөз.  Ол  мәселелер  республикадағы  көптеген 

министрліктер  мен  ведомстволарға,  мекеме,  үйымдарға,  одақ 

және бірлестікгерге тән, солардың тікелей міңдетіне жатады...

-   Бірақ  Қоғам  бүлардың  бір  де  біреуін  өз  мойнына міндет 

етіп,  ресми  атқаратын  жүмысы  етіп  алмайды.  Оларды  сол 

мекемелердің өздері орындау керек.

-   Қоғам  бүл  мекемелерге  қалың  көпшіліктің  жөрдемін, 

көмегін  үсынады,  қамқорлық  жасайды.  Халық  атынан  әрекет 

ететін қозғаушы күш болып саналады...

§ 4. Тіл саласыңдағы проблемалар

-   Мемлекеттіктілді уағыздау... 

'  ,


-   Тілдік статус... 



г  *р  *

-   Тілдік норма... 



м  м



-   Тіл мәдениеті...

-   Тіл байлығы... 

|   Г |;,

-   Тілдің стиль жағынан жіктелуі...

-   Терминология және ғылым тілін қалыптастыру...

Тілді  ғылыми  түрғыдан  зерттеу...Тілдің  практикалық 

мөселелері... 

ч

-   Тілді үйретудің метод-тәсілдері...



-   Тілді  үйретуге  қажетті  қүралдар,  оқулықтар,  сөздіктер, 

анықтамалар жаздыру...

-   Тіл саясатын түсіндіру...

-   Тілдік сауатты ашу...

-   Ономастика гіроблемасы.!.

-   Жазу-сызу проблемасы... Осыған жалғас, байланысты:



126

Қостілділік  және  үлтаралық  қарым-қатынас  мөселесін 

түсіндіру

-   Екі  жақгы,  қос  қанатты, терезесі тең  қостілділік  қажет...

Ол қазір жоқ, 62 -  0,9 процент.

-   Ол қостілділік -  бүгінгі идеал: қиял.

-   Оның болуы да неғайбыл... Бірақ соған үмтылу керек.

Тілдік қажеттілік...

Тілдік орта...

Тілдің қоғамдық ролі...

Тілдің қолданыс аясы

Қажеттілік:

-   Баласының науқасын  шетел дәрігерлерінде  емдету  үшін 

қазақтың жас  жігіті  қазақ, орыс тілдеріне  қосымша ағылшын, 

неміс, француз тілдерін үйренген...

-   Шет  елге  (туризмге)  баратын  жастар  жагпай-тұрмай 

сөздікті жаттап, аз болса да тіл үйренуге тырысады...

-   Заңның дүрыс орындалуын талап ету...

Тілдік орта:

-   Қарапайым  халықтан  бастап  парламенттегі  лауазымды 

адамдарға дейін...

-   Мәжіліс, жиналыс, кеңес, кеш, кездесу т.б. -  бөрі қазақша, 

орысша болу керек.

-   Бастықтар үлгі болу керек

-   Мысалы, академияда өтетін жиындар

-   «Неудобно!» -  орыс отыр

-   Тілдік психология...

«Жолдастар!» деп бастап, «Сау болыңыздар!» деп аяқтайтын 

баяндаманың  керегі  жоқ  «Кукешка,  носигінді  сүрт  платочка- 

мен» деп тәрбиелейтін ата-аналар, өжелер...

Тіл білуді қалай түсінеміз?

Тілімізді жетік меңгерудің шарықтау шегі -  шешен  сөйлеу. 

Шешендік -  табиғи талант, оған өр адам талпыну керек...



127

Шешен  сөилеу,  тілді  жетік  менгеру  мен  мәңгүрттік  арасы 

жер мен көктей парқы бар.

Осы аралықта үлкен проблема жатыр. Сөзге шеберлік, шешен 

сөйлеу -  халқымыздың қанына сіңген асыл қасиеті, сондықтан 

да ол «Өнер алды -  қызыл тіл» дейді.

Тіл өнерін уағыздау:

-   Сөз сайысын үйымдастыру;

-   Шешендік дәстүрді жаңғырту...  Билер тағлымы:  Төле  би, 

Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке  билер дәуірі -  басқа, дәстүрі де 

басқаша еді. 

* и  ‘  7

сШ

Тілдің қоғамдық ролі



-   Іс  қағаздарын,  ресми  тілді  жолға  қою  керек.  Ол  үшін:  -  

Мекеме  аппаратында  қос  тілді  адамдар  істеуі  керек  -   хатшы, 

машинистка, бухгалтер... 

,

-   Мекемелердің  бәрін  типтік  формуляр,  бланкалармен



қамтамасыз ету керек... 

*■

-   Қазақша машинка керек...



-   Байланыс  қызметі  екі  тілде  бірдей  жүруі  керек  (почта, 

телеграф)

-   Қаланың,  ауылдың,  көшенің,  мекеменін  ішкі-сыртқы 

көрінісі: 

_

-   Көше аты, маңдайша, хабарландыру, жол белгілері т.б.



Тілдің қоғамдық рөлі, қолданыс аясы

-   Іс 


қағаздарын 

жүргізу 


мемлекеттік 

програмиада 

анықталды: 

в ш в  V*- ч- - 



-   46 аудан -  1990 жылы 

,  -   1991  жылы

-   1992 жылы

-   1993 жылы

-   1994 жылы 

І!

-   1995 жылы



-   Осы мәселенің шешілуінде біраз күңгірт жерлері бар:

128

-   Референдум керек пе?

-   Жергілікті жер шешімді қалай қабылдайды?

-   Алматы жағдайында қалай?

-   Не  қажет?  Машинка,  формуляр,  бланк,  циркуляр  Жазу:

төменнен жоғары, жоғарыдан төмен.

40 процент проблемасы

Қазақ тілі -  қазақтар үшін

-   Біз бұл шындықты жасыра алмаймыз

-   40  процент проблемасын біз  шешіп алмай,  басқа жұртқа 

«қазақ тілін үйрен!»  деп  айтуға да, талап етуге  де  моральдық 

(правомыз) кұкығымыз жоқ... 

'



-   Бірақ  қазақ  тілін  Мемлекет  тілі  ретінде  Заң  бойынша 

білуге тиісті адамдар, әлеуметтік топтар болу керек. §16 статья,..

5 жыл

-   Зорлық жоқ, бірақ міндетті... Тіл жөне егемендік



-   Егемендік —

 ел болудың біреуі  емес, бірегей шарты — ана 

тіліміздің шын мәнісіндегі мемлекеттік тіл ретінде емін-еркін 

дамуы:


Егемен болмай ел болмас, Етек-жеңі кең болмас, Терезесі тең 

болмас, Ленин туы астында Енді қазақ кем болмас...

1920  жылдарда  егемеңдікті осылай түсіндік,  осы  үшін күні 

бүгінге дейін күресіп келеміз...

Ал  енді  осы  жолы  егемендік  проблемасында  тіл  де  өзекті 

мөселе.


Егеменділікке қатысты ұсыныстар:

-   Қазақ тілінің егеменді республикамызда мемлекеттік тіл 

болып танылуына байланысты оның қоғамдық қызметін  .арт- 

тыру үшін, қолданыс аясын кеңейте түсу үшін мынандай шарт- 

тар керек:

Ғылым саласында:

-   диссертациялар қазақ тілінде қорғалсын...

-   50% ғылым қазақ тілінде жазылсын...



129

I


-   Республиканың  Жоғарғы  Аттестациялық  оз  комиссиясы

болсын


-   Орыстар,  т.б.  халықтар  қазақ  тілінен  (шет  тіл  ретінде) 

міндетті түрде минимум тапсырсын

-   Қазақ ССР ҒА Қазақ тілі кафедрасы ашылсын

-   Қазақтар орыс тілін шет тілі орнына тапсырсын

Қоғамнын араласуын қажет ететін проблемалар:

-   Миграция проблемасы: 

*  ;  ,  т,,.



-   Шет жерден келгісі келетін туыстар...

-   Келушілерді орналастыру: үй-жай, жүмыс...

-   Кетіп жатқандардың үй-жайын дүрыс пайдалану...

-   Алматыға,  оның  төңірегіне,  басқа  облыстарға  орналас-

тыру... 

4.

-   Аралдан, Түркменстаннан, Қарақалпақтан, Өзбекстаннан, 



МНР,  КНР,  Иран,  Түркия,  Россия,  т.б.  жерлерден  келетін

қазақтар жайын ойластыру...

-   Ауылдан қалаға, қаладан ауылға көшу

-   Демография проблемасы:

-   Алматыда  қазақтардың  санын  50  процентке  жеткізу... 

жолдары...

-   «Жетім бұрыш» — «Шаңырақ» қоғамы...

-   Жұмысшы табын қалыптастыру мөселесі...

-   Бойдақ жігіттер мен қыздардың проблемасы...

-   Халықтың  өсіп-өнуіне  жағдай  жасау  -   көп  балалы  ана- 

ларға қаржы бөлу, материалдық, моральдық көмек көрсету...

-   Қалаларға  қазақ  жастарының  жазылуын  (пропискасын),

пөтер алуын, жүмысқа орналасуын реттеу...

-   Жетімбалаларды басқа үлттардың таратып өкетуіне тиым

салу... (олар өзбектер, буряттар...)

-   Әскери қызмет жөне қазақ жастары

-   Жұмысшы қазақ жастарын қалыптастыру 

Мемлекет тілін дамыту жолдары:



130

-  

Ол кітапхана, кино, театр, радио,  баспасөз, теледидарға 

байланысты:

-   Мәселен, 21  мың кітапханада 4,5 млн. дана кітап бар екен. 

Соның тек 4-ақ проценті қазақ тілінде...

-   Республикадағы Кино жағдайы да белгілі

-   Кейбір  кинолар  қазақшаға  аударылып  қойылады,  бірақ 

оған жастар бармайды, аз барады... Себебін зерттеп коріңіздер... 

Сонда түсінікті болады

-   Теледидар проблемасы тілге, тәрбиеге тікелей қатысты...

-   Транспорт саласындағы тәртіп

-   Самолеттегі жағдай... Алма-Ата

-   Поезд...

-   Маршрутты автобус...

-   Қала транспорты...

-   Такси... (неге қазақ көрсе тоқтамайды)

-   Сауда-саттық,  көпшілікке  қызмет  көрсету,  медицина са- 

лалары..."' 

'

-   Оқу-тәрбие



-   Балабақша, мектеп, педучилище, техникум жайы

-   Халыққа Білім Беру Министрлігінің әлі  де  мақтанарлық 

жайы жоқ

-   Республикадағы  мектептердің  95%-і  бір  типті  сүреңсіз, 

эстетикадан мақүрым

-   Ғимараттары әбден ескірген

-   Түгелдей дерлік екі не үш сменалық

-   Мектепке қаржы аз болінеді ықылас жоқ

-   Білім беру дөрежесі өте төмен

-   Жақсы  мектептер  бірен-саран:  Қостанай  қаласындағы 

№  8  мектепте  компьютер,  лингофон  кабинеттері,  бассейн, 

кілем, сауна, муз. аспаптар, теплица, т.б. бар.

Балабақша, мектепке балаларын бергісі  келмейді

-   Ақтобе. 

Боровской 

ауданындағы 

«Тыңның 

XXV 


жылдығы»  атындағы  совхоз түрғындары -  қазақтар:  «Балала-

131

рымызды  қазақ  мектебіне  бермейміз,  қазақ  мектебін  ашатын 

болсандар, көшіп кетеміз» -  деп хат жазатын көрінеді.

-   Ал  облыстық  халыққа  білім  беру  басқармасының 

(облоно)  бастығы  М.Мачнева  жолдас  болса:  «Мен  қазақ 

мектептерін  ашуға  қарсы  емеспін,  бірақ  қазақтардың  өздері 

баларын қазақ мектебіне бергісі келмейді...» дейтін көрінеді.

Демек ел де, бастық та тілдің болашағына сенбейді.

-   Қазақ тілін орыс мектептерінде үйрету проблемалары

-   Екі тілді бірдей білетін мүғалім керек...

-   Ондай мүғалім жетіспейді, кім көрінген оқытады...

-   Қазақ тіліне орыс тілдес мектеп балаларының көзқарасы

жаман... 

"

-   Мүғалімдер  шыдамайды...  Оған  екі  тілді  бірдей  білетін 



қазақ мүғалімдері керек... 

.



-   Қазақ тіліне бөлінген сағат орыс тілінен аз

-   Орыс  тілінен  беретін  мүғалімдерге  неге  қосымша  ақша 

көбіректөленеді?.. 



<.

Өз  тіліннің  мүддесін  қорғау  -   өзге  тілдің  мүддесін  үмыту

емес


-   Қазақстан  көптеген  үлт,  үлыс  өкілдері  жасайтын  респу- 

блика... Олардың біразы шоғырланып отырады

-   Бүл тілдерге жанашырлықты қалай таныту керек...  Бүл -  

адамгершілік пен өділет парызы...

¥сыныстар

К



 |

1. 


Тіл  мейрамын  өткізу -  тілді  дәріптеудің,  марапаттаудың 

бір жолы, төрбиелік мәні зор шараның бірі.

Осы мейрамды ресми қай кезде өткізу керек? Талас пікірлер 

бар:


а)  заңның қабылданған күні -  22 қыркүйекте...

б) «Қазақ тілі» қоғамының қүрылтайы өткен -  21  қазанда...

в)  Заңның күшіне кірген күні -  1  шілдеде...

132


Жаңа үсыныстар

«Қазақ  тілі»  қоғамына  арнап  Алматыда  «Тіл  СарайыН» 

салу  Мемлекеттік  программаға  енгізілді.  Қаржы  да  сонда

қарастырылған... 

«Тіл  Сарайы»  комплексінің  жобасын  жасауға  ең  талантты 



сәулеткерлердің қатысуымен конкурс жариялансын...

«Тіл  Сарайын»  жасауға  Алматының  ең  көрнекті  жерінен

жер бөлінетін болсын.

«Ана  тілін»  (мемлекеттік  тілді)  білмеген  қазақтарды  жау-

апты  партия-совет  қызметіне,  шаруашылық,  өндіріс,  ғылым,

мәдениет,  ағартушылық  қызметін  басқаруға жібермеу»  деген 

ұсыныс көп айтылады.

Оның екінші  варианты:  аталмыш  жұмыстарға тек екі тілді 

білепн адамдарды ғана ұсыну...  (Мұнда да заңға сүйену керек, 

занның 16 статьясын қара!!!)

Деғенмен екі тілді кадрларға, мамандарға артықшылық болу 

керек:  егер ол басқа ұлттық өкілі болса, ерекше бағалануы ке- 

рек!!! (Штопель, Терещенко т.б.)

Мемлекетпк  программа  бойынша  қазақ  тіліне  бөлінген

каржыны (2.5 млрд.) тиісті мекемелер тарапынан (олар өте көп)

тиімді  жүмсалуына  «Қазак  тілі»  Қоғамы  тікелей  араласып,

бақылауға  право  (құқық)  берілуін  Министрлер  Советінең  та- 

лап етеміз...

Ол үшін программаның орындалуына қатысатын мекемелер 

тарапынан жасалатын қаржылау  пландармен алдын-ала таны-

сып отыру тиіс.

Программада «ҚТ» Қоғамы арқылы республикадан тыс жер- 

лерде түратын қазақ туыстарымыздың тілін дамытып, басқа да 

рухани,  мәдени,  ағартушылық  қажеттерін  өтеу  үшін  қаржы 

бөлінуі керек...

Қазақтардың  халықаралық  тіл-мәдениет  ассоциациясын 

КҰРУ  керек.  Ол  шетелде  жүрген  1.5  млн.  қазақтардың  (КНР,

133


МНР, Түркия, Ауғаныстан, Батыс Германия, Швсция,  Прибал- 

тика елдері, т.б.) басын  қосатын және  «Қазақ тілі»  қоғамымен 

ресми түрде байланыс жасайтын орталыққа айналуы керек.

Осыған  орай:  Ассоциацияныц  Уставы  мен  Программасын 

жасау, байланыс тәсілдерін, қаражатын анықтау, газет шығару, 

радиопрограмма үйымдастыру мәселесін шешу «ҚТ» Қоғамына

тапсырылсын.

Қоғам  мүшелерінің  әр  түрлі  делегация  қүрамында  шет 

елдерге  барып-келуін  үйымдастыру  ҚазССР  Сыртқы  істер 

Министрлігіне тапсырылсын.

Қорытынды соз

«Қазақ  тілі»  қоғамын  біз  жоғарыда  үлы  көшпен  теңедік. 

Оның жүре түзеліп, сән-салтанатымен әспеттеніп, үлғая түсіп, 

ана тіліміздің  сәулелі  болашағына шеру тартып,  биіктеп  бара

жатқанын барша жүрт көріп отыр.

Ылғи биіктікті аңсайтын, аспанныңтазасын, судыңтүнығын, 

жайылымның  шүйгінің  қалайтын  халықпыз  ғой.  Биіктікке 

ұмтылуымыз  да  содан  болар.  Алдымызда  зор  асу  түрғанын 

да жақсы  білеміз.  Аса алсақ, содан асуымыз керек.  Сонда ғана 

біз  ана тіліміздің алдындағы  елдігімізді,  ерлігімізді  танытып, 

азаматтық  парызымыз  бен  перзенттік  борышымызды  ақтай

аламыз!


Илаһим,  сол  бір  жақсы  күндер  жақын  болса  екен  деп 

тілеймін!



134

ТІЛ ТАҒДЫРЫН ОИЛАСАҚ...

ҚҰРМЕТТІНҮРСҮЛТАН ӘБІШҮЛЫНА!

Өзінің  ұзақ  тарихында  «мың  өліп,  мың  тірілген»  қазақ 

халқы түгел қатысып, дауыс беру арқылы демократиялық жол- 

мен  егеменді  елін  билейтін  президентін  сайлауға  алғаш  рет 

қатысқалы отыр. Сондықтан да болар, ел жүрегінде қобалжу да, 

болашағынан зор үміт еткен сезім де байқалады. Бүл сайлауға 

қүрамында  ана  тіліміздің  1  миллиондай  шынайы  жанашыры 

бар  қалың  бүқаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  да  саяси  манызы 

зор  тарихи  оқиға деп  ерекше  мән  беруде.  Өйткені  бүл  кауым 

мемлекеттікмәртебе алып отырған қазақ тілінің ендігі тағдыры, 

басқа  себептерді  айтпағанда,  болашақ  президентіміздің  өз 

халқының тіліне  деген азаматтық борышы  мен перзенттік па- 

рызына  адал  болуына  байланысты  деп  қарайды.  Басқа тілдің 

бәрін қүрметтей отыра, ана тілін дөріптеу егеменді ел болудың 

тек алғышарты ғана емес, сол елдің ар-намысын сақтау болып 

саналады. Олай болса, дарынды ақын Қадыр Мырзалиевтің:

Ана тілің -  арың бүл,

Үятың боп түр бетте.

Өзге тілдің бөрін біп,

Өз  тіліңді  қүрметте...  деген  сөзі  ендігі  тіл  саяса- 

тымызға  тікелей  арқау  болуға  тиіс.  Ол  үшін  бүгінгі  қауым 

мен  болашақ  үрпақты  ар-намысын  аяққа  баспай,  «малым  -  

жанымның  садағы,  жаным  —

  арымның  садағасы»  дейтін  ата- 

бабаларымыздың  өсиетімен тәрбиелеу,  сондай-ақ  бүл  игілікті 

істе  болашақ  президенттің  өз  халқына  деген  аскақ  сезімі, 

жеке  басының  үлгісі  мен  парасаттылығы  аса  қажет-ақ.  Осы 

орайда санасы оянып, бойы серги бастаған ана тілінің шынайы 

жанашырлары  «тілім,  ділім,  дінім»  деп  шыбын  жаны  шырқ 

үрып жүрген зиялы қауым президенттікке үсынылып отырған 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  кандидатурасын  қызу қолдап,  оның



135

болашақ  қадамдарынан  үлкен  үміт  күтеді,  оған  зор  сенім

білдіреді. 

/  , 

тЩШ

 

-



Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының (қарашаның 5-інде)

Ақтөбе  қаласында барлық облыстардың  қатысуымен  өткізген

өлкелік  Пленумы  бір  ауыздан  қабылдаған  қаулысы  мен  «Ана

тілі»  газетінің  бетінде  (7  караша)  барша  тіл  жанашырлары-

на  арнап  жариялаған  қоғамның  Төралқасы  мен  Басқарма

мүшелерінің үндеуі осы айтқанымыздың айқын айғағы, сенімді

кепілі болса керек.

Демек,  1  миллиондай  мүшесі  бар  қоғам  қолдап  отырған 

президенттікке кандидатураны осы қоғам д ы қүрушы президенті

ретінде мен де қызу қолдап, оған болашақта болмаса, дол бүгін

Н.Ә.Назарбаевпен қатар түрып бақытын сынар балама жоқ деп

білемін.


Алайда  осы  кандидатураны  қызу  қолдап  отырған  қалың 

қауымға  да,  болашақ  президентке  де  айтар  сөзім  бар.  «Қазақ 

тіліне  мемлекеттік  статус  берілсін,  берілмесін»  деген 

текетіресте безбеннің басы «мемлекеттік тіл» жағына ауысуы- 

на  салмағын  салған  Нүрсүлтан  Назарбаев  болатын.  Жүрттың 

бәрі біле бермейтін осы бір игілікті іске тарихтың өзі куә.

Демек,  болашақ  президентке  айтар  көп  тілектің  бірі  -  

мемлекеттік мәртебеге  ие болса да,  әлі күнге дейін огей бала- 

дай  босағадан сығалап  келген ана тіліміз президенттік  анттан 

кейін-ақ  өз  үйінің  төріне  емін-еркін  шығып,  дауысы  биіктен

естілетін болсын!

«Президент»  деген үғымның аты  болмаса,  затын халқы  өз 

өміріне  сәйкес әлі де түсінбейтін сияқты. Сондықтан да болар, 

оны  біресе  Абылай  ханға,  біресе  Төле  биге  балап,  сан  саққа 

жүгіртеді. Қалай болған күнде де, бүгінгі қоғамдық өмірде пре- 

зидент  дербес  мемлекет  басқаратын  үлкен  түлға,  биік  түғыр 

екені  баршаға  аян.  Ал  мемлекет  басқарудың  жол-жосығы, 

халықтық дәстүрге жүгінсек, оңай болмаса керек. «Ел билеудің 

бір  жолы  -   даналық,  бір  жолы  -   қаталдық»  деген  сөз  бар.

136


Өз  баоым  «даналықты»  ел  билеуші  азаматтың  біліктігі  мен 

білгірлігі деп білемін. Ал «қаталдықты» өзіне де, өзгеге де қатал 

талап  қоя  білу,  биік  талғам,  өділ  де  тура  билік  айта  білу  деп 

түсінген жон болар. Менімше, «ел билеу» дегенді «елімен бірге 

болу,  қарапайым халықтың мүң-мүқтажын бІлу, жан-дүниесін 

түсіну» деп үққан басшы ғана ел қүрметіне бөленбекші. Бір за- 

манда хандық  күрып,  іргелі  ел  болып  келген  қазақ  халқы  ел 

билеудің  жөн-жосығын  өзінше  тогапылаған.  Замана  талабына 

сай келмесе де, бүл дөстүрдің өнегесі біз үшін бүгін де аз бол- 

маса керек.  «Ханнан өділдік кетсе, қарадан үят кетеді»,  «Тура 

биде туған жоқ, туғанды  биде  иман жоқ» деуден біз  елдің бо- 

лат  семсердей  кесіп түсетін  шыншыл да әділ  басшы  бейнесін 

аңсағанын  көреміз.  Халқымыздың  басын  қосып,  ынтымақ- 

бірлігін  арттырудың  бір  жолы  -   «жүзшілдік»,  «рушылдық», 

«жершілдік», «жікшілдік» деген ескі аурудан қүтылу. Болашақ 

президент осыны да ойласа екен дейміз...

Ертеде ақ киізге орап, өз қолымен көтеріп, таққа отырғызған 

ханына қарапайым халықтың кейін қолы жетпей қалатыны да 

тарихтан белгілі. «Бегіңе жеткенше белің сынар, биіңе жеткен- 

ше сағың сынар» деп олардың күйінуі де осыдан болар.

Оның да екі түрлі себебі бар сияқты. Ел билеуші адамның бір 

қатесі -  қалың бүқара мүддесінен алыстап кетуіне бірде өз басы 

айыпты болса, бірде оны қоршаған орта -  ақылшы, кеңесшілері 

айыпты.  Орыстардың «Король  не  король -  его делает окруже- 

ние» («Корольді король ететін өзі емес, оның төңірегі») дейтін 

сөзі де  осыған  барып саятын  сияқты.  Өйткені ертеде де,  қазір 

де  хан мен қараның,  президент пен қарапайым халықтың ара- 

сын  жалғастыратын дөнекер,  қалың жүрттың жүрек  соғысын 

тап  басып,  өлеуметтік  жағдайға,  мемлекеттік  істің  бағыт- 

бағдарына  ықпал  жасап  отыратындар  да  осы  «қоршау».  Елді 

ішінен  ірітіп,  халықты  ханына  қарсы  қоятындар  да,  үкіметті 

күйретіп қүлататындар да, міне, осылар.



137

Оны  бұрынғы  хан,  сұлтандар  да  жақсы  білген.  Сондықтан 

да  хан  сарайларында  көріпкел-сәуегей,  уәзір-билер,  ақылгөй- 

кеңесшілер  көптеп  кездесетін.  «Әр  патшаның  тұсында  бір 

сұрқылтай»  дегендегі  сұрқылтай  -   жұлдызшы,  жұлдызға 

қарап  бал  ашатын  сәуегей,  патшаның  кеңесшісі.  Ел  арасында 

«Тәуке хан әділ шешім қабылдау үшін сарайында 40 рудан 40 

би үстапты» деген аңыз бар. Қол астындағы қауымның хан ту- 

ралы  айтар  сөзін  өз  қүлағымен  естіп-білу  үшін  жаман-жұман 

киім  киіп,  базарды  аралап  жүретін  хан-сұлтандар  да  болған

екен.


Болашақ  президентке  мұны  айтып,  құлаққағыс  қылып 

отыруымның  себебі,  өткеннен  де  тағылым  болсын  дегенім 

ғой.  Өйткені  болашақ  президенттің  де  ақылдасар  ақылшысы, 

кеңесер  кеңесшісі,  сенімді  көмекшісі,  арқа  сүйер  тірегі, 

қолқабыс тигізер жәрдемшісі, қагазын жүргізер хатшысы т.б -  

«президент аппараты» деп аталатын өз «ортасы» болуы сөзсіз. 

Онсыз ел басқару мүмкін де емес.

Бірақ  осыған  орай  айтатын  бір  өмір  шындығы  тағы  бар. 

Қарапайым  халықтың  айтар  сөзі,  мүң-зары  тілек-талабы 

әрқашан  да  президенттің  қүлағына  шалынып,  қолына  тие 

бермейді. Олар қандай гүрде (ауызша, хат, газет-журнал, радио, 

теледидар т.б. бүқаралық хабарлау тәсілі арқылы) айтылмасын,

екі  түрлі  «елекген»  өткізілуі  сөзсіз.  Бірінші  електен  өтетіні,

әдетте,  президенттің  оз  басына  жағады-ау,  үнайды-ау  деген 

деректер  де,  одан  кейінгі  електен  әр  түрлі  көзқараста  отыра- 

тын  ирезидент «тоңірегіңдегі»  кеңесшілердің оздері үнататын 

деректері.  Осы  електерден  отіп,  президент  алдына  баратын 

«өгіз  де  өлген  жоқ,  арба  да  сынған  жоқ»,  «қой  да  сау,  қасқыр 

да тоқ» сияқты жып-жылмағай деректерден, әрине, ел ішіндегі 

жағдайды (ситуацияны) анық білу, дүрыс қорытынды шығарып, 

шара  қолдану  қанша  мықты  болса  да  президентке  оңай  бола 

қоймас.  Кезінде үш жүздің басын қосып,  билік жүргізген Абы- 

лай  ханның  елден  ерекше  аеқақ  хан  болуының  сыры,  сайып



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал