Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет5/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

53

айрықша  көңіл  бөледі,  арнайы  қарап  іске  пайдасы  тиер  қарар 

қабылдайды деп сенеміз. 



\

Айта  берсе,  әңгіме  көп.  Оның  тағы  бір  күрделісі  кадр 

мәселесіне барып тіреледі. Тіл (әдебиет, өнер, тарих) тағдырын 

зерттеуді өмірлік кәсібі етіп, мақсат түтар адам табу бүл күнде 

мүлде  қиынға соғатын болды. Ал табылған адамның баяндап, 

түрып  қалуы тіпті қиын.  Неге десеңіз,  оларға берілетін пәтер 

жоқ,  баяндап  түрар  тіркелген  түрағы  жоқ.  Бір  адамды  иінін 

келтіріп  жүмысқа  алмақ  болсаңыз,  үсынатын  еңбекақының 

мөлшері күнкөріске жарамайды. Осыныңбәрі жинақтала келеді 

де, бүкіл бір проблеманың, бүкіл бір институттың болашағына 

балта шабылғандай,  өзің отырған  ағаштың түбін  аралағандай 

боласың.  Мүны  мемлекеттік  түрғыда,  жуық  арада  қарап 

шешпесе,  бүл  ғылыми  мекемелердің  болашақ  тағдырының 

қандай болары неғайбыл!



54

ҚАЗАҚ БАЛАБАҚШАЛАРЫ ҚАЛАЙ АШЫЛҒАН ЕДІ?

Үлт тілі мен ұлт мәдениеті тек кешегі тоқырау жылдарында 

ғана емес, одан бұрын да қуғын-сұргінге душар болып, құрып 

кете  жаздағаны  белгілі.  Көп  айтылып,  көл-көсір  жазылып 

жүрген  сталиндік  қиянат жылдарын  былай  қойғанның  өзінде 

елімізде  Хрущев  басқарған  шақта  бір  секіріп  коммунизмге 

жетеміз,  яғни  1980  жылдары  коммунизмнің  материалдық- 

техникалық базасы толық қүрылып бітеді, ал коммунизмге бір

ғана тілмен, бір-ақ мәдениетпен келеміз деген даурықпа, қысас

«теория»  жеке  адамдардың  болжалы  емес,  партия  съезінде 

«талқыланып»  бекіген  ресми  бағыт,  қалыпты  теориялық 

тұжырым  болғаны  әлі  күнге  дейін  есімізде.  Үлт  (қазақ)  мек- 

тептерінің  топ-тобымен  жабылып,  қазақ  тілінің  тынысы  та- 

рылып,  өрісі  оше  бастауы,  қолданылу  аясының тұмшалануы, 

келешегінің  қиылуы  да  осы  саясаттың  тікелей  нәтижесі.  Үлт 

тілінің  шашбауын  көтерушілерге  ұлтшыл деген  айып  тағу  да 

осы  саясаттың  нәтижесі.  Осындай  қысымдарға  қарамастан 

ұлт  тілін,  ұлт  мәдениетін  қорғап,  әрі  қарай  дамытуға  бар 

күш-жігерін  жұмсаған  азаматтар  аз  болмаған.  Бүгінгі  күні 

толык  ақталып,  аттары  ардақтай  аталатын  30-50  жылдары 

репрессияның  құрбаны  болып  кеткен  қазақ  зиялылары  -

осының дәлелі...

1960  жылдардың  бас  кезінде  қазақ  мектептерінің  жаппай 

жабылып,  дүрысында  қазақ  мектептерін  жаппай  жаптырып 

жатқан кезде, қазақ мектептерінің келешегіне балта шапқызбай, 

қазақ  тілінде  балабақша  ашу  үшін  жасалған  талай  әрекеттің 

куәсі болдым.

Бұл күнде жалпақ жұртшылық қазақ тілінде тәрбие беретін 

балабақшалардың қалай ашылғанын біле бермейтінін ескеріп, 

оның көпшілігі  ресми түрде  еш жерде тіркелмегендіктен, өзім 

куәсі болған сәттерді көпшілік назарына ұсынуды жөн кордім.

55


1962  жылдың  қыркүйек-қазан  айларының  бірінде  бірге 

қызметтес  (Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясы  Тіл  білімі 

институтының  кіші  ғылыми  қызметкері  болып  істейміз) 

Нүрқанов  Сейітпек  жуырда  №12  мектеп-интернатында  ата- 

аналар жиналысы болатынын, онда қаладағы қазақ мектебінің

келешеп,  тағдыры  талқыланатынын  аитып,  сол  жиылысқа 

қатысуымды  өтінді.  Дәл  осындай  өтініш  Тіл  білімі,  көршілес 

М.О.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер,  Ш.Уәлиханов 

атындағы  Тарихи  және  этнография  һәм  басқа  да  институт 

қызметкерлеріне  айтылып,  қүлаққағыс  етілген  болу  керек. 

Әйтеуір, жиналысқа келген адам мектептің акт залына сыймай 

кетті.


Жиналыстың  президиумына  бірден  Алматы  өнеркәсіп 

обкомының  хатшысы  К.Ахметов  бастаған  топ,  оның  ішінде 

Алматы  қалалық  оқу  бөлімінің  меңгерушісі  Бимендин  және 

сол  мекемелердің  жауапты  қызметкерлері  жайғасты  да,  жи- 

налыс  басталып  кетті.  Бүл  кезде  Алматыда  (тек  Алматы  ғана 

емес, бар облыстарда да) екі обком болатын: қала іші өнеркәсіп 

(промышленный)  обкомның,  дала,  шын  мәніндегі  облыс 

ауылшаруашылық обкомына бағынатын.  Бүл Хрущев  енгізген 

өмірі өткінші көп саясаттың бірі еді.

Жиналысты  басқарған  обком  хатшысы  Ахметов  жол- 

дас  №12  мектептің  ата-аналары  атынан  арыз  түскенін,  онда 

қазақ  мектебінің  келешегіне  мүдделі  мән берілмей отырғаны, 

қаладағы  жалғыз  қазақ  мектебінің  күйі  төмендеп,  өзі  қала 

шетінен шығып бара жатқаны көрсетілгенін айтты да, осының 

бәрі кейбіреулердің қоғам дамуына кедергі келтіргісі келгендігі 

деп түйді.  Сөзінің негізгі түйіні -  қазіргі  кезде  қазақ мектебін 

ешкім  де  қудалап  отырған  жоқ,  оның  оқушы  саны  өте  аз, 

қазақтардың  өздері  балаларын  қазақша  оқытқысы  келмей, 

жаппай  орыс  мектептеріне  беріп  отыр,  оларға  балаларыңды 

қайтсе  де  қазақ  мектебіне  беріңдер  деп  ешкім  де  зорлық 

қыла  алмайды...  Осы  мәнді  сөзді  түйдектетіп-түйдектетіп,

56


бірлі-жарым  қарсы  келер  жан  болса,  жапырып  өтпекші  түрі 

бар.  Сценарий  солай  қүрылып  келген  болу  керек.  Ызғарлы 

дауыл  бет  қаратпайтындай,  айтылған  сөзге  қарсы  аталы 

сөз  шықпай  жатыр.  Бір  кезде  мінбеге  қаңбақ  шалға  үқсаған 

шоқша  сақалды,  шағын  денелі  ақсақал  шықты.  Көп  сөз  айт- 

ты.  Соғыста  болғанын  айтты.  Соғыста көп  адаммен,  өр түрлі 

үлт өкілдерімен бірге болғанын, достасып кеткенін айтты. Сол

үлттардың қаисысы да өз ана тілін жақсы оілетінш, анасындаи 

қадірлеп, қастерлейтінін айтты. Сөз аяғында: «Мен орысша на- 

шар сөйлесем де, үғыныса алам, ал орысша жаза алмаймын, -  

деді.  -   Әй,  Ахметов,  сендер  мені  баламнан,  немерелерімнен 

айырдыңдар...  -   Жүрт  жым  боп  тына  қалды.  Әлгі  қарт  жалт 

етіп Ахметовке, президиумға қарады. Екі көзі от шашып түр. -  

Менің немерем әскерде. Хат жазады, орысша жазады. Мен оқи 

алмаймын. Мен қазақша хат жазсам, ол түсіне алмайды. Алыс- 

та, шетте жүрген бала ата сезімін, өке мейірімін сезіне алмаса, 

қалай ол ертең мейірімді болмақ? Өзі ана тілін білмесе, кімді ол 

ертең тәрбиелемек? Осыны неге сендер түсінбейсіңдер? Біздің 

келешегіміз кімнің қолында болмақ? Әй, Ахметов, сен -  обком 

хатшысысың.  Сонда сен елден ақылың асқандықтан,  білімнің 

артық, іскерлігің ерекше болғандықтан хатшы болып отырған 

жоқсың. Сен қазақ болғандықтан, сені хатшы қойып отыр. Тым

болмаса, соны ақтауың керек еді ғой...»

Әңгіме  осылай  шиыршықтала  түсті.  Тағы  да  біраз  адам 

сөйледі. Ата-аналардың тілегі -  №12 мектепті орталыққа қарай 

көшіру, өйткені оның оқушылары қаланың төрт жағынан келіп 

қатынап оқиды.  Ал  кейбіреулер балаларын орыс мектептерінб 

берсе,  ол  -   сол  ата-аналардың  өз  қүқықтары.  Сондықтан  бүл 

қойылып  отырған  мәселеде  ешбір  үлтшылдық  жоқ...  Бүл  жи- 

налыс  еш  мөселені  шешіп  бере  алған  жоқ.  Сөзден  үтылып, 

көпшіліктің қаһарынан қаймыққан Ахметов тобы ешбір шешім 

қабылдауға мүмкіндік бермей, көрермізбен кетті. Жиналыстың 

олжасы -  мөселе  дүрыс ойланып,  бірлік танытса,  оны кез кел- 

ген  жоғарғы  орынның  алдына  қаймықпай  табандылықпен

57


қоюға  болатындығы;  жұрттың,  біраз  азаматтардың  қоғамдасу 

қажеттігі. 

г

Өзара ақылдасу, кеңесу негізінде қазақ мектебінің ауыр халі 



жөнінде,  оған  көмек  қажет  екендігі  туралы  СОКП  Орталык 

Комитетіне көпшілік атынан өтініш жолдау қажеттігі шешілді. 

Ол кезде тек идеология саласында ғана емес, қоғамдық өмірдің 

бар  саласында мәселе  партия  комитеттерінде ғана шешілетіні 

жұртқа  белгілі.  Бұл  бір.  Екіншіден,  неге  қазақ  мектебіне  ата- 

аналар балаларын ықыласпен бермейді деген сұрақтың шешімі 

де  осы  топты  қатты  толғандырады.  Оның  басты  себебі  де 

анықталды:  қалада қазақша балабақшаның жоқтығы.  Ол кезде 

бөбекті  бала бақшаға орналастыру  -үй,  пәтер  алу мәселесінен 

кейінгі  екінші  кезекте  түрған  оте  күрделі  проблема  еді.  Жеті 

жыл  бойы  тілі  де,  ділі  де  орысша  дамып,  өсіп  келген 

жеткіншектердің  ана  тілін  білмеуі,  оның  үстіне  оған  ата- 

анасының  мән  бермеуі,  аты  қазақ  дегенмен  заты  оған  үш 

қайнаса 


сорпасы 

қосылмайтын 

адам 

болып 


шығуын 

қалы птастырды.  Ата-ананың  бүған  іштей  наразылығы  болса 

да, «іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ» деген прин- 

ңиппен  қоғамдық  ағыспен  кедергісіз  ағып  жүре  берді.  Ал  он- 

дай бала, бір ауыз сөз қазақша білмейтін бала, қазақ мектебінің 

табалдырығын  қалай  аттамақ?  Міне,  қазақ мектебіне  баратын 

баланың  болмауының  басты  себебі  қазақша  балабақшаның 

жоқтығы  болып  шықты.  Ендігі  жерде  қалада  қазақша  бала 

бақша  ашудың  қажеттігі  негізгі  мәселе  болып  шыға  келді. 

Орталық Комитетке жазылған өтініште қазақ мектебімен бірге 

үлкен әлеуметтік,  мәдени маңызы  зор  мәселе ретінде қазақша 

балабақшаның ашылуы сүралды. Осы мәселелерді топтап, оған 

көпшіліктің назарын аударып, бәрімізді ұйымдастырып жүрген 

жігіттер: Саламат Шалабаев, геология ғылымының кандидаты, 

сол кезде Геология министрлігінің, кейін Министрлер Советінің 

жауапты қызметкері, Қазақ ССР Ғылым Академиясы Тіл білімі 

институтының  қызметкерлері  Сейтпек  Нұрханов  пен  Өмірзақ

58


Айгбаев  (қазір  «Қазақ тілі»  қоғамының  вице-президенті),  т.б. 

№12  мектепте  Саламат пен Сейтпектің балалары,  Өмірзақтың 

інісі  оқитын  еді.  Көрсетілген  негізгі  тілектер  жазылған 

өтінішімізбен  Саламат  Шалабаев  Москваға  кетті,  қараша 

айының  6-сында  Орталық  Комитетте  болып,  мән-жайды 

түсіндіріпті.  Бір  қызығы,  Алматыдағы  әргүрлі  бастыққа  жұ- 

малап,  тіпті,  кейде  айлап  кіре  алмай,  жолыға алмай  жүргені- 

мізді де өтініште көрсеткенбіз. Әсіресе, Қазақстан Компартия- 

сы Орталық Комитеті біздің қабылдап, тілегімізді түсінсе екен 

деп  өтінгенбіз.  СОКП  Орталық  Комитетінің  қабылдауында 

болған  (Қазақстан  мен  Түркменстан  оқу  орындары  бойынша 

жауапты  қызметкері  әңгімелескен)  Саламат Шалабаевтың ай- 

туынша,  ол  кісі  Алматыдағы  бұндай  жағдайға  таң-тамаша 

калыпты. (Ал шынындығында, бұндай жағдай тек Алматы ғана

емес, бүкіл Қазақстанға тән еді.  25-30 жылдың ішінде  800-ден

аса қазақ мекгебі жабылып қалса,  оның көпшілігі осы жылда- 

ры болған еді).  Ол кісінің айтуынша, Украинадан көптеген хат 

түсетін  көрінеді.  Онда  орыс  мектептері  жеткіліксіз  екен. 

Орталықтан  барған  болу  керек,  көптеген  инженер-техник 

қызметкерлер  орыс  мектептерін  ашуды  талап  ететін  көрінеді. 

Ал  бүкіл  Алматыда  жалғыз-ақ  қазақ  мектебінің  болуы  бұдан 

басқа  сол  кездегі  үш-төрт  интернат  мектеп  есепке  енбейді, 

өйткені  олардың  контингенті -   ауылдық  жерден  келген  бала- 

лар, оның өзі ресми назардан тыс қалуы, бүкіл астанадан бірде- 

бір  қазақ  балабақшасының  болмауы  таң  каларлық  жай 

екендепті.  Дереу  Алматыға  телефон  соғыгі,  ешкімді  таба  ал- 

мапты.  Қарашаның 6-сы -  мерекенің үсті ғой, Алматы уақыты 

Москвадан  үш  сағат  бұрын.  Айтқаны:  «мереке  өтісімен 

Қазақстан  Комнартиясы  Орталық  Комитетінің  секретары 

сіздерді  қабылдар,  мен  міндетті  түрде  телефон  соғамын,  бұл 

Мәселені дұрыс шешуге болады». Біздің қуанышта шек ИЮК -  

Айтқанындай,  үмытпасам,  қараша  айының  18-і  күні  біздің 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитегінің  хагшысы

59


Н.  Жанділдин  қабылдады  (біздің адресіміз,  жүмыс телефоны- 

мыз өтініште көрсетілген болатын).  Н. ЖандІлдин жолдас бұл 

мәселені жалғыз біз ғана емес, бізден бұрын да талайлар көтеріп 

келгенін, бірақ мардымды ештеңе бұдан шықпайтынын айтты, 

өйткені  жұрттың  көпшілігі  балаларын  қазақ  мектептеріне 

бермейді. Себеп? Себебі, біріншіден қазақ мектептерін бітірген 

балалардың білім дәрежесі төмен. Екіншіден, жоғары оқу орын- 

дарына түсе алмайды. Тіпті түсіп кеткенмен, әрмен қарай оқуда 

көп  қиналады.  Ал  техникалық  саладағы  оқу  орнында  орыс 

тілінде  оқытылады...  Міне,  бәрі  орнында,  бәрі  түсінікті. 

Жалғыз-ақ бүған біз ғана түсінгіміз келмеді.  Біріншіден, қазақ 

мектебіне ешбір қамқорлық жасалмай отыр. Екіншіден, жағдай 

жасалса, қазақ мектебіне баласын бергісі келетін ата-аналар аз 

емес.  Үшіншіден,  қазақ  балабақшаларын  ашу  керек.  Қазақ 

жастарының  көпшілігі  қалада  ана  тілін  үмытып  бара  жатыр, 

дұрысында білмей қалып жатыр. Сондықтан, төртіншіден, қала 

жағдайында орыс тілін үйрену проблема емес, оны бала көшеде 

де,  мектепте  я  бала  бақшада  да,  барлық  жерде  де  басынан 

өткеріп  отыр,  ал  проблема  -  ана  тілін  біліп,  үйренуде.  Біздің 

айтып  отырған  дәлелдеріміз  хатшының  ойына  қонса  да,  оған 

мойын  бүрғысы  келмей,  мәселенің  қаншалықты  қиын  екенін 

ескерте  берді.  Тіпті  болмаған  соң:  «Қане,  оқушылар  табың- 

даршы, 

орталықтан-ақ  жаңадан  қазақ  мектебін  ашып 



берейік»,  -   деді.  Біз:  «Жақсы,  бізге  радио  мен  теледидардан 

сөйлеп,  газет-журналдар  арқылы  жұртқа  түсіндіріп  айтуға 

мүмкіндік  беріңіз»  -   дедік.  «Ол  болмайды»,  -   деді.  Тағы  да 

түйыққа тірелдік. Хатшы жолдас халық қамын тек біз ғана ой- 

лайды екенбіз деп түсінбеуімізді, өзі де күні-түні халық қамын 

жейтінін  түсіндіріп  жатыр,  Мәселе  шешілмейтін  болған  соң, 

бос сөзге қүлақ аспайты сыңай білдірдік. Ақырында облыстық 

партия комитеті бар, басқа да органдар бар, әйтеуір ақылдасып

отырыпоіршешімгекелетінін,мөселеніаяқсызқалдырмаитынын 

айтты.  Хабарласып  түруға  телефонын  берді,  біз  қоштасып

60


шықтық. Енді не істеу керек? Алған беттен қайтуға болмайды. 

Обкомның  (Алматы  өнеркәсіп облыстық  комитетінің)  бірінші 

хатшысы Дыхновқа кіріп сөйлеспекші болдық. Ол кезде обком 

Коммунистік  проспект  бойындағы  қазірғі  горисполкомның 

үйінде болатын.  Кіретін есік  қазіргі  жерде  емес,  Коммунистік 

проспект жағынан. Дыхновқа кіру оңай болмады.  С.Шалабаев- 

тан басқамыздың бәрі де (С.Нұрханов та, А.Айтбаев та, мен де) 

коммунист емеспіз.  Ол  кезде  обкомға да,  Орталық Комитетке 

де  пропуск  болмаса  да,  партбилетпен  ғана  жібере  беретін. 

Бірнеше күнтаңертеңненкеліп, кіре алмай, Дыхнов кабылдамай, 

бос қайттық. Бірақ Дыхновтың келетін уақытын байқап қалдық: 

таңертеңгі 8 сағат 45 минутта келеді екен. Бір күні сегіз жарым 

болмай  осы  топ  обкомның  есігінің  алдында  тосып  түрдық  -  

Есіктегі милиңионер бізге бүл жерде топтанып түрмауды өтінді. 

Біз  бөтен  ниетіміз жоқ  екенін  айттық.  Сағат он  бес  минутсыз 

тоғызда Дыхнов машинадан түсіп, есіктен кіре берді. Ауыздағы 

милиционер  созылып,  қакқан  қазықтай  оң  қолын  шекесіне 

үстап  қақайып  қалды.  Біз  жалма-жан  Дыхновты  қоршап 

алдық -  «Бүл не?», -  деді түра қап Дыхнов шошынған пішінмен. 

«Жолдас секретарь, Сізге ата-аналар қауымынан дейді», -  деді 

милиционер  еш қозғалмастан.  «Жолдас, Дыхнов,  біз  қаладағы 

қазақ  ата-аналар  қауымынан  өкілді  едік,  қабылдауыңызды 

сүраймыз», -  дедік біреуіміз. «Ол не қылған ата-аналар қауымы? 

Менің қазір еш уақытым жоқ», -  деді әңгімені шолақ қайырып 

Дыхнов.  «Жоқ,  қабылдауға  тиіссіз.  Біздің  сізге  келгеніміз  -  

жеке  бастың  мәселесі  емес,  біз  қаладағы  қазақ,  ата-аналар 

қауымының өкіліміз.  Егер оны менсінгіңіз  келмесе, онда тура 

айтыңыз. Біз бірнеше күн осы арада қарауылдагі жүрміз. Әрмен 

қарай  тосуға  да,  төзуге  де  болмайды».  Біз  де  қайтиай,  өктем 

сөйледік. Аз ғана ойланды да, Дыхнов сағатына қарап: «Он ми- 

нуттан артық уақытым жоқ, естеріңізде болсын», -  деді, мили- 

ционерге бір бүрылып: «Жіберілсін», -  деді. Өзі тез-тез жалпақ 

баспалдақпен жоғарыға көтеріле берді.  Біз де  артынан  қалмай

61


жамырай жүрдік те кабинетіне іле-шала бірге кірдік, өз столы- 

на  көлденең  қойылған  стол жанында қатар түрын  қалып  едік, 

өзі де орнынаотырын, бізге де отырыңдар деген ишарат білдірді. 

«Ал, тың-дап тұрмын, халық қамын жеуші жолдастар...» -  деді. 

Арамыздан  суырылып  Нұрқанов  Сейтпек:  «Жолдас  Дыхнов, 

біз  сізге  қаладағы  қазақ  балаларының,  олар  оқитын  жалғыз 

қазақ  мектебінің ауыр  жағдайын  айтып,  көмек  сұрай  келдік»,

-  деп  әрмен  қарай  мән-жайды  түсіндіре  беріп  еді,  оның сөзін 

бөліп:  «Не  айтып  отырсыз?  Қазақ  балаларының  жағдайы 

басқалардан кем деп сізге кім айтты? Совет өкіметінің алғашкы 

күнінен  бастап-ақ  қазақ  балаларына  толық  жағдай  жасалды. 

Біз оны қазір жалғастырып отырмыз», -  деді Дыхнов рахаттана 

күлімсіреп. Енді не айта қояр екенсіз дегендей. Сөйтпек қайтар 

емес:


-  Нет, товарищ Дыхнов!  Для казахских детей  вы не создали 

даже те условия, которые созданы для христиан-баптистов.

-  Что-о-о? -  деп Дыхнов орнынан қызара атып тұрды.

-  Моли льный дом христиан-баптистов находится в ңентре го- 

рода, речь идет не об административном, а географическом ңен- 

тре на углу улиц Комсомольской и М.Ауэзова. А единственная 

казахская школа находится за чертой города. Какие могут быть 

другие условия, -  дегенде Дыхнов белі бүкірейіп, ештеңе айта 

алмай тұрып қалды. Аз-мұз ойланды да: «Жақсы, қазақ балала- 

ры  үшін қолдан келген бар  жақсылыкты  аямаймыз,  барлығын 

да жасаймыз», -  деп, әрқайсымыздың қолымызды  алды.  Бұдан 

кейін үш күн ішінде христиан-баптистердің ғибадат үйі бірден 

орнынан  (Әуезов  пен  Комсомол  көшелерінің  киылысында) 

ғайып бопты. Дыхновтың ең үлкен  «қамқорлығы» осы  болды. 

Бұдан кейін де обкомға талай келдік, сондай-ақ қалалық атқару 

комитетінің  төрағасы  Есен  Дүйсекеевтің,  оның  орынбасары 

К.Ахметованың алдында да талай болдық.  Ақыры  бүл  мәселе 

обкомның  бюросында  қаралмақшы  болды.  Жанділдиннің 

көмекшісі арқы лы обкомның бюросында бұл мәселе қаралғанда,

62


бізді  қатысгыруды  өтіндік.  Оған уәде  де  алдық.  Сөйтіп,  1963 

жылы қаңтардың 2-сі күні обкомның бюросы болды, бірақ оған 

бізді  кіргізбеді.  Біз  обкомның  алдында  тас  баспалдақта  бюро 

шешімін күтіп отырдық.  Әлден бір уақытта біздің мәселе  бю- 

рода  қаралып, дұрыс  шешілгендігін,  №12  мектепті орталыққа 

қарай  көшіруге,  қалада  бірнеше  қазақ  балабақша,  әр  аудан- 

нан  жекелеген  бала бақша  қасынан  қазақша бірнеше  топ  ашу 

жайында  қаулы  қабылданғанын  бізге  жеткізді.  Бір-бірімізден 

сүйінші  сүрап  жөнімізге  тарқадық.  Қуанышта  шек  жоқ.  Бірақ 

қаулының қабылданылуы бар да, оның іске асуы бар ғой. Бүның

екеуі екі түрлі нәрсе...

Бұл екі арада біраз уақыт өтсе де, еш нәрсе істеле қойған жоқ. 

Енді не істеу керек? Қабылданған қаулыны кім іске асырмақ?

Баяғы топ  жігіттер  тағы  жиналып,  ақылдастық.  Біз  барған 

бастықтардың ішінде  мәселеге түсініп,  іш тартып,  бізге жылы 

ыңғай білдірген горисполкомның төрағасы Е.Дүйсенов болған 

еді.  Енді  осы  кісіден  қайта  бастауға  тура  келді.  Ол  кісі  бізді 

кезексіз  қабылдады.  Барған  жердің  бәрінде  де  біз  ата-аналар 

қауымының  өкіліміз  деп,  кезекте  тұрмай,  бірден  қабылдауды 

талап  етіп  отырдық.  Жұртты  қабылдайтын  күні  бармаймыз, 

қабылдамайтын жүмыс күні барамыз.

Е.Дүйсенов  бізді  тағы  да  ықыласпен  қабылдады.  «Жарай- 

сыңдар,  жігіттер!  Бүл  -   үлкен  жеңіс!  Бірақ  бірдеңеге  араңдап 

қалып жүрмендер.  Бүл өзі  қисыны түрліше  қиын жұмыс  қой»,

-  деп бізді әрі сақтандырып, әрі бір көңілдендіріп тастады.  Ол

кісі сол біздің мәселе қаралған бюрода болған екен.

«Бізді неге қатыстырмады?» -  деген сауалға: «Ол туралы әр 

түрлі  пікір  болды.  Оның  түбіне  жетеміз  деп  қайгесіңдер.  Ең 

бастысы  тамаша  қаулы  қабылданды.  Ендігі  жерде  аптықпай 

қаулыны  жақсылап  іске  асыру  кажет...  №12  мектеп  пе?  Ешкім 

өз  мектебін  оған  бере  қоймайды.  Жаңа  мектеп  салу  үшін  ол 

жоспарға  енуі  керек,  каржы  керек.  Лайықты  жер  де  керек. 

Бұл  вариант  та  бола  қоюы  екі  талай  екен...  Сендер  өйтеуір

63


бастадыңдар  ғой.  Енді  жалықпай,  осы  лайықты-ау  деген 

жерде  салынып  жатқан  мектеп  бар  ма  екен?  Соны  қараңдар- 

шы,  -   деді  де,  телефон  соқты.  -   Шахмардан,  менің  алдымда 

бір топ жігіттер отыр.  Екеуіміздің де қолымыздан келмейтін іс 

атқарды.  Естіген  шығарсың,  осылардың талабымен  обком  ар- 

наулы қаулы қабылдады. Енді үлкен бір өтінішпен келіп отыр. 

Сенің  ғой  бір  балабақшаң  жуырда  берілгелі  түр.  Соны  қазақ 

бала бақша етіп, оқу бөліміне берсең қайтеді: Аты өзгергенмен, 

заты  өзгермейді  ғой.  Бір  жігітшілік  жаса.  Жақсы,  келістік»,  -  

деи,  күле  бізге  қарады.  Шахмарданның  ол  кезде  Геология 

министрі кейін Министрлер  Советі төрағасының орынбасары, 

одан соң Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті болған 

академик Шахмардан Есенов екенін өз басым кейін ғана білдім. 

Әңгіме  салынып,  бітіп  келе  жатқан  Ленин  проспектісіндегі 

(Киров  пен  Комсомол  көшелерінің арасындағы)  кейін  204  деп 

белгіленген балабақша жайында екен.  Шынында да кейін бүл 

балабақша  ведомстволық  сипаттан  қалалық  оқу  бөлімінің 

иелігіне  көшті.  Бұған  дейін  өлі  талай  қиындық  бастан  өтті. 

Қаланың  егесі  (мэрі)  Е.Дүйсенов  сөзінен  кейін  біз  қаланы 

шарқ  ұрып,  әр  жерде  салынып  жатқан  құрылыстарды  аралап 

кеттік.  Көп  кешікпей  еңбегіміз  де  жанғандай  болды.  Абай 

проспектісінің үстінде И.Байзақов пен Чапаев көшелерінің ара- 

сында бір мектеп салынып жагыр екен, бітіп те қалыпты. Тру- 

басы  ішінде,  №12  мектеп  осы  үйге  көшеді  деп  толық  сендік. 

Орналасқан  жері  де  жақсы,  орталық;  жаңа  мектеп.  Осы  ойы- 

мызды  лезде-ақ  Е.Дүйсеновке  жеткіздік.  Бірақ  оған  ол  кісінің 

де күші жетпей, қазақ мектебі егу қолынан келмеді. Біздің осы 

әрекетті  білген  кейбір  бастықтар  бұл  мекгепті  қазақ  мектебі 

етпес үшін тездетіп оған №105  мектен деп айдар тағып, дирек- 

торын  тағайындап,  шала-шарпы  контингентінде  белііленген. 

Бірінші директор болын Приезжев деген кісі тағайындалыиты. 

Бұның есімде қалғаны -  кейін осы мектеиті ала алмай дауласып 

жүргенде, «директордың фамилиясы да бүл мектепгі кімге беру

64


керектігінің  қазіргі  бағытын  білдіріп  тұр  ғой»,  деп  таласқан 

едік.  Сөйтіп, №12 мектепті жарылқай алмадық, бірақ орнынан 

қозғадық: кейін Фурманов -  Комсомол көшелерінің қиылысқан 

жеріне  көшіп  келді,  одан  кейін  қазіргі  үйін  мекендеді.  Өстіп 

жүргенде,  балабақшалардың  да  жайы  мәз  бола  қоймады. 

Аудандық  оқу  бөлімдерінің  басшылары  қазақ  тілінде  тәрбие 

жүргізуге жаны аши қоймайтын, тіпті кейбіреулері оған қарсы 

әрекет жасайтын адамдар болғандықтан, қаулы да көрсетілген 

қазақ тіліндегі топтың бәрі бірдей ашыла қоймайтын түрі бол- 

ды. Оның үстіне қазақ бала бақшалары мен топтарына балалар- 

ды жаңадан қабылдамайды, бүрын орыс балабақшаларына ба- 

рып жүрген қазақ балаларын жинап алып, соларды қабылдамақ 

болып  жатты.  Бүлар  осының  алдындағы  істелген  әрекеттің 

барлығы  зая  кеткендей  еді.  Тағы  жүріс  басталды.  Обкомға 

бардық.  Бүл  кезде  Ахметов  кетіп,  идеология  жөнінде  хатшы 

Хакімжанов  екен,  сол  кісіде  болдық.  Әңгімені  бастан  бастап 

қайта жаңарттық. Хатшы жыл басында болған бюроның мате- 

риалын алғызып қарап  еді, біздің мәселе жөнінде  ешбір ақпар 

таба алмады. Бөлім бастығы Яренскаяны шақыртып еді, ол кісі 

ондай қаулы алынғанын, бірақ протоколға енбей, ауызша түрде 

болғанын айтты. Солай етіп бірінші хатшы нүсқау берген екен!

О, тоба! Бүл не деген нәрсе? Қулық па? Сүмдық па? Әлде алдау 

ма?  Арбау ма? Бір  кісінің емес,  бір  халықтың тағдыры  безбен 

басына  түскенде,  жасалған  осындай  амалды  қалай  түсінуге, 

түсіндіруге  болады?  Осы  әрекетте  бюро  мүшелері  болып 

отырған қазақ жігіттері қайда қарады екен? Әлде олар да ауыз- 

ша ғана қаулы болсын дегенді үлкен бір жетістік деп малданды 

ма екен? Іс жүзіне асатын қаулының протоколға енбей, ауызша 

ғана  болуы  не  ғажап?  Әлде  кейінгі  тарихқа із қалдырмау  ма? 

Оған  баға беру  қиын.  Қаулының  күші  әлі  жойылмаған,  естен 

шыкпаған! Соған да шүкіршілік.

Обкомның  алдына  қойған  балабақша  жайында  біздің 

тілегіміз  мынау  болды:  ашылып  жатқан  жөне  алмақшы

65


қазақ  балабақшалары  мен  топтарына  балаларды  басқа 

балабақшалалардан  емес  (  қажет болса,  олар  кейін  бір-бірінен

ауыстырып  та  алады)  аудандық  оқу  бөлімдерінде  кезекге 

тұрған  балаларды,  сондай-ақ  кезекте  әлі  тұрмаса  да,  қазақша 

тәрбие  алғысы  келген  балаларды  алу  керек;  ол  үшін  қазақ 

бала бақшаларына қабылдауда ата-аналар өкілі міндетті түрде 

қатысып отырсын.  Бұл тілек толық қабылданды да, мен Фрун- 

зе ауданына өкіл болып кеттім. Қазіргі «Отырар» қонақ үйінің 

орнында  кішкене  ғана  екі  қабатты  үй  болатын,  соның бірінші 

қабатында  аудандық  оқу  бөлімінің  меңгерушісі  Фишердің 

(үмытпасам, осылай болу керек) кабинетінде күнде кешкі сағат 

6-дан  8-ге  дейін  Зейнолла  Бейсембаев  (ол  кезде  «Қазақстан 

мүғалімі»  газетінің  бас  редакторы,  депутат  болғандықтан, 

бүл  —  оның  депутаттық  жұмысы)  екеуіміз  ата-аналармен

әңгімелесу  өткізіп,  №  204  балабақшаға бір  айдай уақьгг  бойы

бала  қабылдадық.  Бұл  бала  бақшаның  алғашқы  меңгерушісі,

ұмытпасам, К.Темірболатова деген кісі болды.  Осы № 204 бала

бақшада менің екі балам, Аққал Қалыбаеваның (Хасенованың)

қызы, Сақтаған Бәйішевтің немересі. Өмірбек Жолдасбековтың 

баласы, т.б. тәрбиеленді.

Біздің  сапарымыз  әлі  біте  қойған жоқ.  Енді  осы  жеңісімізді

кеңейтіп,  одан  әрі  жалғастырмақ  ойдамыз.  Бір  күні  бізді

(Нұрханов  Сейітпекті, Айтбаев  Өмірзақты, мені) институт ди-

ректоры  С.Кеңесбаев  шақыртты.  Кабинетіне  кірсек,  қабағы 

түйіліп, қасы тікірейіп суық қарсы алды.

-  


Сендер  не  істеп  жүрсіңдер?  Үлтшылдықты  қайта 

қоздырайын  деп  жүрсіңдер  ме?  Бүл  жүрістеріңді,  жұргтың 

мазасын  алуды  қоймасаңдар,  әңгіме  басқаша болады,  басқаша 

сөйлесеміз! —

 деп қорқытты. Кейін білдік, бізден мазасы кеткен 

партия  органдарының  бастықтары  біздің  қайда  істейтінімізді 

біліп алып, біздің әрекетімізге  басқаша мән беріп, тонын сыр- 

тына  айналдырып,  институт  директорына  хабарлап,  осылай- 

ша  бізді  тоқтаудың  амалын  істеген  екен.  Осымен  бұл  топтың



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал