Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет4/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

| I

41

қаражатты молырақ тілейтіні ақиқат. Осы ойды өрбіте отырып, 

қайсыбір  облыстық  үйым  өкілдері  қаржы  жинап  өткізудің 

тәртібін жарғыдағыдай сәл өзгертсек деген ой айтады. Мысалы, 

бүл үсыныс бойынша бастауыш қаржыны түгел ауданға өткізеді 

де,  аудандық  үйым  жиналған  қордың  70  процентін  облысқа 

жіберіп,  30 процентін ғана  өзінде  қалдырады.  Егер  басқа рес- 

публикалар  тәжірибесіне  жүгінер  болсақ  (Украина,  Балтык 

жағалауы республикалары  және  басқалар),  мүның жөні де бар 

сияқты.  Оларда  ақшаны  бір  орталыққа  жинақтап  жергілікті 

үйымдардың сүранысына қарай ретімен қаржы бөліп отырады. 

Сайып  келгенде,  бүл  да  -   шын  жағдайды  толық  зерттей  келе 

кеңесіп  шешуге  болатын  нәрсе.  Жақында  өткізілетін  Қоғам 

басқармасы пленумында осы мәселені де ақылдасу қажет.

Мәселенің  бір  жағы  кадрға  келіп  тірелетіні  ақиқат.  Бүл 

шаруа  барлық  жерде  бірдей  ың-шыңсыз,  үйыған  келісіммен 

жүргізіліп жатқан жоқ. Қайсібір жерлерде жүмысқа жаны аши- 

тын,  тіл  проблемасын  терең  түсінетін  жандар  тізгінді  қолға 

алды.  Мәселен,  Орал,  Павлодар  облыстық  үйымдарының 

қүрылтайлары  жариялылық  пен  демократия  талаптарына  сай

деңгейде өтті деп жариялауға болады.

Несін жасырайық, идеологиялық жүмыстың бүгінгі таңдағы 

ең  бІр  күрделі  де  маңыздысы  болып  отырған  тіл  проблемасы 

барлық жерде бірдей жедел қолға алынып отыр деп айта алмай- 

мыз. Баяғы жалтақтық психология істі орнынан онша қозғалта 

қойған жоқ.  Сонымен бірге  Қоғамның жергілікті  үйымдарына 

бүрын  үлкен  қызметте  болып  қүрметті  демалысқа  шыққан 

немесе  қүтыла  алмай  жүрген  кейбір  жандарды  тықпалау  да 

байқалып  қалады. Бүл -  баяғы ескі сарын салқыны.  Тіліміздің 

мемлекеттік  мәртебе  алуына  орай  сан  салалы  жүмыстар 

жүктеліп отырған Қоғамға іскер де білгір, жігерлі де жас маман- 

дар қажет екенін ең алдымен облыс басшылары гүсінсе дер едік. 

Мүндай түсінік болмаған жерде халық өз қалаулыларын сайлап 

алуға хақылы.  Солай болып та жатыр.  Ал,  негізінде, «жүмыла

42


көтерген жүк жеңіл» деп дана халық тегін айтпаған. Қоғамның 

арқалаған  жүгі  ауыр  болғандықтан  да  оның  қүрамына  енген 

азаматтардың үраны ынтымақ, бірлік, түтастық дегі білеміз.

Таяуда Қоғам  басқармасының пленумын өткізуді ойлап от- 

ырмыз,  оған  дейін  әрбір  облыстық  үйым  өзін  толғандырған 

мәселелерін,  сүрауларын  және  үсыныс  пікірлерін  дайындай

бергені  мақүл.  Тіпті  оны  хат  жолдау  арқылы  да  іске  асыруға 

болады.


Осының  бәрі,  негізінен,  республика  ішінде  жүргізілуге 

тиісті  шарлар.  Қоғамның тағы  бір  күрделі  жүмысы  республи-

кадан тыс жерлер  мен шет елдегі отандастарымызбен болмақ.

Қилы  заман,  қиын  кездерде  қиямет  тағдыр  қыспағында  кете 

барған  кешегі  туыстардың бүгінгі үрпақтары  арасында тіліне,

еліне  деген  ықпалы  бөлекше  екенін  білеміз  де  сенеміз.  Несін

жасырайық, күні кешеге дейін тағдыр тәлкегіне үшырап, онсыз

да  пүшайман  болған  бауырларға  сенімсіздік  пиғыл  танытып

келдік. Басқаны былай қойғанда, бөтен елде, бөтен жерде туы-

лып,  атамекенін  аңсап  өскен,  тілін  үмытпай,  бір  көруді  арман

егкен кейінгі  үрпақтың не  жазығы  бар?  Тілін  аялап,  дәстүрін

үмытпаған  жан  гуған  халқына  қастандық  жасай  ала  ма?  Өз

жерінде  өмір  сүріп,  өз  елінің  қызығын  тастап,  тілін  мансүқ

еткен  ар-үятын  аяқпен  таптап,  иманын  жоғалтқан  болымсыз-

дармен салыстырғанда алыста жүрген ағайынның азаматтығы

басымырақ  көрінбей  ме?  Қазіргі  жаңаша  ойлау  дәуіріміз  сол

ағайындармен  араласып,  қарым-қатынас  жасауға  мүмкіндік

жасап  отыр.  «Әр  елді  мекендеп,  әр  қиырда  жүрсе  де,  ендігі

үрпақ бірін-бірі жатсынбай, тіл тілегі бір бауырлас болып өссін.

Бүл I  бәріміздің болашақ  алдындағы  борышымыз» деп Қоғам

үндеуінде  жазылғандай,  ендігі  жердегі  қастерлі  міндетіміздің 

бірі осы болмақ.

Сонымен  бірге  мынадай  жайды  да  еске  сала  кеткіміз 

келеді.  Халкының саны  бірегей  қазақ аудандарда, бір  қызығы,

мәселесі  түгел  шешілгендей-ақ:  «Бізге  мүның  не  керегі  бар,

\\ 

43


бәрімізде қазақшаны жақсы білеміз ғой?» — дегенді сылтау етіп 

Қоғам ұйымдарының ашылуына қарсылық жасап, керенаулық

байқататын жандар жоқ емес. Расында бұл -  мәселені түбегейлі 

түсінбеуден  туатын  жайт.  «Қазақ  тілі»  қоғамының  үлкен  бір 

міндеті,  Жарғыда  анық  жазылғандай,  тіл  білмейтіндерге 

көмектесу ғана емес,  сонымен бірге  ана тілімізді жақсы  біледі

сөилеуі

Қазақша


ка дәуірінің өктем әсеріне  қалай  беріліп,  өзіндік  болмысынан 

адаланып бара жатқанын аңғалдықпен байқай алмайтын күйге

жетқен.

Қазір  респубикамызда  денедидар  (теледидар)  қызметін 



көрмейтін түкпір  кемде-кем.  Яғни  дене  көрсеткілердің  басым 

копшілігі орыс тілінде  жүргізілетіндіктен қазақ тілін дамыту, 

халықтық  төрбиені  жаңғырту,  ұлттық  мәдениетті  өркендету 

сапасы  мүлдем  томендеп  кетті.  Мұның үстіне  тың  көтереміз, 

өндіріс ошақтарын орнатамыз деген сылтаумен жүргізілген бір 

кездегі үстірт саясат салдарынан жер экологиясы ғана емес, ел 

экологиясы да табиғи тақылеттен тыс өзгерістерге душар бол- 

ды.  Халқымыздың  демографиялық  болмысы  мүлде  өзгерді. 

Тіл  өзінің  табиғи  ортасынан  алшақтап,  мәдени  рухани  әлем 

торінен  томендеді.  Тозған  табалдырықты  тасалады.  Күштеп 

енгізілген  әр  алуан  сиықсыздықтар  сырына  үңіліп,  олардың 

қазақ  халқының табиғиғатына  жат  немесе  өлі  ертерек  екенін 

дер кезінде түсініп, пікірін ашық айтқан адамдар, шүкір болды. 

Бірақ олардың өмірі ұзаққа бармай, «халық жауы», «ұлтшыл», 

«алашордашыл» деген айдар тағылып, айдалып кетті. Бүл ащы 

шындықтардың қыр-сыры әлі де көп. Егер біздің халық осынау 

нәубеттер мен зұлматтардың торына түспеген болса осыншалық 

рухани жұтаңдықты сезінбес еді. Оның мөдени өресі үлттық са- 

насы бүдан өрі жоғары деңгейге көтерілген болар еді.  Әсіресе, 

ар-үяттың төжіндей ана тіліміз өшейін үй-ішілік, әулеттік, асса 

көркем  өдебиеттік  шеңбермен  шектелмей,  ғылым,  мөдениет, 

дипломатия,  өлеуметтік-саяси  өреге  көтерілген  халықаралық



44

тілдердің біріне  айналған болар  еді.  Осындай  өкініштер  өксік 

шақырғанымен, қайта құру қарқыны қазақ тілі мен мәдениетіне 

де  өзінің қайырымды шапағатын тигізе бастады. Халық тілегі 

ұзағынан болғай!



ҒЫЛЫМ ТІЛІН ҚАЛАИ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?

Еліміздің  есендігі  мен  естілігінің  түтқасын  үстап  отырған 

ағайын,  бүгін  Ана  тіліміздің  мәртебесі  биіктеп,  академияның 

да төріне көтеріліп отыр. Академия сессиясы түңғыш рет қазақ 

тіліне  арналып,  қазақша  өтіп  отырған  тарихи  күн.  Осындай 

бір мәслихаттың академик Қ.И.  Сәтбаев кезеңінде откізілгенін 

естуші  едік.  Еститінбіз  де,  армандайтынбыз.  Сол  арманның 

бүгін  бір  шеті  көрінгендей,  және  мынау  ғылым  ордасы  өзінің 

Қазақ  ССР Ғылым академиясы деген маңдайшасындағы  айда-

рына енді ғана сай келіп түрғандай.

Ия, әңгіме тіл жайында болды, оның ішінде ғылым тіліне на- 

зар көбірек ауды.  Бүл көбіміздің жанымызды көптен күйзелтіп 

жүрген мәселе. Жалпы тілге артылатын қызметтің оншақтысы 

ғана  қазақ  тіліне  тән  десек,  сол  ондықтың  ортасынан  тілдің 

ғылымилық дәрежесін табу  өте  қиынға соғып  отыр.  Бұл жай-

ында баяндамашы да жақсы айтты.

Ғылым  тілі  алдымен  жоғары  оқу  орындары  мен  акаде- 

мия  институттарында  өрбуі  тиіс.  Академия  тарихына  көз 

жүгіртсек, республикалық, тіпті одақтық мүддені жүзеге  асы- 

ра  алатын  ғылым  салалары  мен  ғалымдар  сараланған  екен. 

Ал  солар  оз  халқымыздың  мүддесін  қаншалықты  дөрежеде 

қанағаттандырып отыр.  Өкініштісі, сан салада еңбек етіп жат- 

қан  сол  мамандарымыздың  туындыларын,  ашқан  жаңалық- 

тарын  өз  халқымыз  біле  бермейді.  Білмейтіні  -   ол  еңбектер 

қазақ тілінде жазылмайды. Ал  өз тілінде жазылмаған дүниені 

қарапайым  еңбек  адамы  өзімдікі  деп  есептемейді.  Сонда  біз 

зерттеулерімізді  кімдер  үшін,  не  үшін  жазамыз?  Ойын  орыс- 

ша өрнектеп, сол арқылы өлемдік аренаға шығуды көксемейтін 

адам  кемде кем  шығар.  Бұл  заман белгісі,  заман талабы  дейік. 

Сонда қазақ деген халықтың өз сүранысынан озып барып, өзге 

бір  жүрттың,  айталық,  Американың  өжетіне  жарайық  деп 

әлектенуден не ұтамыз. Алдымен өз жоғымызды түгендеп, со- 

сын барып өзгенің жыртығын жамасақ етті.

46


Қазақша  жазғысы  келетін  мамандар  жоқ  емес,  бар.  Бірақ 

олар  қалай  жазамыз,  ғылыми  терминдерге  қазақ  тілі  бай 

емес  дегенді  сылтау  етеді.  Ондай  жандар  есіне  сонау  20-ншы 

жылдар  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан 

Жүмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды аяулы ағаларымыздың 

тәжірибесін салар  едік,  Ол кезде  қоғамдық өміріміздің сан са- 

ласына қажетті  еңбектер  жаппай қазақ тіліне  аударылған жоқ 

па  еді?  Тіліміздің бар байлығын сарқа пайдалану нәтижесінде 

терминологиялық жүйе пайда болған жоқ па? Өкінішке қарай, 

бүл бастама өзінің жемісті  жалғасын  сәл  ғана үзартып барып, 

тоқтап  қалды.  Сөйтіп  бүл  шаруа  да  тағдырдың  тақсыретін 

тартты.


Қайсыбіреулер  ғылым  тілі  десе,  Тіл  білімі  институтына 

карай  ауыз  ашады.  Тілшілер  термин  жасамайды,  оны  жасай- 

тын  мамандар.  Мүны түсінбеген жандар  бар-жоғын Тіл  білімі 

институтынан  іздегісі  келеді.  Бірак  әр нәрсенің жөні,  реті  бар 

емес  пе?  Күрделі  де,  ауқымды  ғылыми  проблемаларды  зерт- 

теумен  айналысып  келе  жатқан  академиялық  институттан 

түрлі  практикалық  мәнді  жүмыстар  талап  ету  онша  қисынға 

келмейтінін білген жөн. Ал қазақ тілінде зерттеу жүргізілмейді 

деп  кінә тақса  бір жөн.  Тіпті  қазақ тілі  мен әдебиетінің, тарих 

пен мәдениетінің  проблемаларын да әлі  күнге  алдымен орыс-

ша жазып  әлекке түсіп жүрміз.  ьүл зерттеулерді  кім үшін жа- 

зып  жүрміз  дегенді  ойланатын  жан  бар  ма?  Диссертациялық 

жұмыстарды  орысша  жазсақ  қана  ғылыми  сапаға  ие  болады 

дейтін  жалған түсінік  қазір  өзімізді  де  меңдеп  алған.  Мүндай 

жағдайда ғылым тілі қалай дамымак? Сонда не істеу керек?

Ті л туралы Заң шықты. Заңның баптары қағаз күйінде қалмай 

белгіленген  мерзімде  жүзеге  асуы  үшін  қыруар  шара  тынды- 

ру  керек.  Осындай  істің  басы-қасында  болады  деген  ниетпен 

жүртшылық жуырда республикалық  «ҚАЗАҚ  ТІЛТ»  қоғамын 

қүрған еді.  Бүған халқымыз үлкен үміт артыи отыр.  Үш айдан 

асты, не істелді, ел көзіне көрінер іс бар ма деп сауал қоюшылар

*  

47


арасында шын жанашырлар да бар, тым қатыгез сыншылар да 

бар.  Тіпті  «басшысын  сайладық,  ендігісін  өздері  білсін»  деп, 

сырттай бақылап, тіпті біреудің қолымен от көсегісі келетіндер 

де  табылады.  Біз  бұларды  көрмей,  білмей  отырғанымыз  жоқ. 

Ешбіріне реніш те айтпаймыз. Бірақ «өйтеміз де бүйтеміз» деп 

кезінде мінбелерде сайраған шешендердің, нақты іске келгенде 

сырттай  беретіні  өкініш.  «Бұл  халықтық  істе  менің  өз  үлесім 

қандай  болу  керек»  дегенді  ойланатын  саналы  азамаітың 

қатары  селдірлеу.  Тіпті  алысқа  бармай-ақ,  өзіміздің  акаде- 

мияны  алайықшы.  Не  президент  Өмекең,  не  виңе-президент 

Жабекең «тарихта тұңғыш  рет ана тілімізге  ілтифат жасалып, 

арнайы  Қоғам  құрылып  жатыр  екен.  Халін  білелікші.  Жаңа 

ұйымдасып жатқан жас қауым ғой. Нендей мұқтажы бар. Бізден 

қандай жәрдем керек» деп көсемдігін көрсете алмай отырғанда,

басқаларға не жорық!

Ана  тіліне  қызмет  етемін,  тіл  Заңын  жүзеге  асыруға 

қолқабасымды  тигіземін  деген  ұяты  мол  азаматы  бар 

институттардың біразы өздерінің бастауыш ұйымдарын құрып 

алды.  Бірақ,  өкінішке  орай,  мекемелеріміз  тым  самарқау. 

Небәрі  бес-ақ  институтта  (Тіл,  тарих,  экономика,  ядролық 

физика,  жоғарғы  энергия)  ғана  құрылды.  Басқа  институттың 

бірде-бірінде бұл  проблема жоқ сияқты.  Тіпті тілді әдебиетгің 

бірінші  элементі  деп  түсінетін  көршілерге  таңданбасқа  шара 

жоқ. Үйым қүру білгенге өзгелерден бөліну емес. Қайта қауым 

болып  бірігіп,  дәл  бүгінгі  таңда  алда  түрған  мәселелердің

шешімін табу әрекеті бүл.

Мүндай үйым ең әуелі әрбір институт алдында түрған мына-

дай шаруаларды жүйелі түрде ұйымдастырып, шешімін  габуға

селбестік жасар еді деп ойлаймыз. Ол қандай шаруалар?

Ғылымның  өр  саласы  бойынша  орыс  тілінде  жарық  көріп 

жататын небір тамаша туындылар бар. Солар неге қазақ тіліне 

аударылмайды? Орысша жазып отырған ғалым (ол мейлі орыс, 

мейлі қазақ болсын)  мыңдаған қазақ оқырманының жағдайын

48


неге  ойламайды?  Әрбір  ғылыми  институттарда  ашылуға

тиісті  «ҚАЗАҚ  ТІЛІ»  қоғамының  болімшелері,  міне,  осын- 

дай  мәселелермен  де  шұғылдана  алады.  Яғни  аударылатын 

еңбектерді  анықтап, әсіресе  қоғамдық ғылымдар бөлімшесіне 

қарасты  институттардағы  жас мамандарды  іске  тарту  арқылы 

екі  жаққа  да  пайдалы  шаруа  тындыруға  болар  еді.  Тегінде, 

біздің  академия  жүйесінде  ғылыми  жұмыстарды  тілден тілге 

аударумен  шүғылданатын  арнайы  бір  топ,  не  орталық  ашу 

керек  сияқты.  Осындай  шара  жүргізу  негізінде  қазақ  тілінің 

ғылыми сипатын арттыра түспесек, кемітпес едік.

Қазіргі  таңда  баспанасыз,  тіркеусіз  күн  кешуші  «ҚАЗАҚ 

ТІЛІ»  қоғамы  я  дегеннен  кездескен  кедергілерден  тосылып 

тоқырапқалғанжоқ. Онсыздаон-оннанәрбөлмеде қызметкерлері 

қысылған Тіл білімі институтының іргесіне тығылып отырып, 

жер-жерде  өзінің  Жарғыда  жазылған  міндетті  шаруаларын 

жүзеге  асыруда.  Қазірдің  өзінде  сегіз  облыста,  тоғыз  қалада 

қоғам  өз  ұйымдарын  құрды.  Кезекте  келесі  облыстар  тұр. 

Ал  аудандық  және  бастауыш  ұйымдары  күн  сайын  көбеюде. 

Наурыз айының ішінде республикамызда Қоғамның бөлімше- 

лері  түгел  құрылып  бітуге  тиіс.  Ашылып  жатқан  ұйым- 

дарымыздың  құрылтайлары  жан-жақты  дайындыкпен  жоғары

сапалылықпен  өтіп  жатқанын  атап  айта аламыз.  Сондағы  бо- 

лып  жатқан  келел  әңгімелер  нәтижесінде  біз  тіл  заңын  іске 

асыруы  қай  облыстың  қандай  дәрежеде  екені  туралы  толық 

мағлұмат  ала  бастадық.  Бұл  мөліметтер  түгел  жиналған  соң, 

оларды  аймақ  бойынша  сұрыптап,  тиісті  мекемелерге  мәселе 

қоятын боламыз.

Алдына қойған мақсаты аса күрделі «ҚАЗАҚ ТІЛІ» сияқты 

коғам жұмысы өзінің баспасөз органысыз орындалмасы мәлім. 

Қағазға деген ашқарақгықты қатты сезініп отырған Қазақстан 

Компартиясы Орталық Комитеті бұл мөселеге оң көзімен қарап, 

«Ана тілі» деген газет шығаруға келісім берді. Егер Қазақ ССР 

Мемлекеттік  Жоспарлау  комитетінің  председателі  Абдул-

и 

49


лаев  жолдас  айтқан  уәдесінде  тұрар  болса  (солай  болатыны- 

на  сеніміміз  мол,  әрине),  газеттің  алғашқы  саны  наурыздың 

22-сінде  шығады  деп  отырмыз.  Алайда  бұған  қаншама  ла- 

уазымды  адамдар  араласып,  мәселені  қолдап  отырғанмен, 

әлдеқандай кедергілер тағы да тап бола ма деп, көңілден күпті 

ойлар кетпейді.  Сонда да  болса үмітіміз  үзілмейді.  «Ана тілі» 

газетінен  қандай  азамат  аянып  қалар  деп  отырмыз.  Бұл  газет 

негізінен «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамының Жарғысы мен Тіл Заңында 

көрсетілген мәселелерді насихаттайтын болады. Сонымен бірге

ұлтаралық  қатынастар  ироблемасына  айрықша  мән  беріледі. 

Әсіресе,  Алматыда  ашылып  жатқан  әр  алуан  үлттық  мәдени 

орталықтар жүмысы да үнемі назарда болмақ.

Едәуір әуре-сарсаңнан соң, Қоғам кеше ғана Алматы қаласы 

Фрунзе  аудандық  түрғын  үй  әлеуметтік  банкінен  өз  айырым 

есебін  ашты.  Оның  нөмірі  -   700107.  Академия  Президиумы 

мен оның бөлімшелері және институттардағы ар-намысты аза- 

маттар,  ана  тіліміздің  жанашырлары  «Қазақ  тілі»  қоғамының 

мүраты, мән-мақсатын үлкен саналықпен қолдай отырып, осы- 

нау бүкіл халықтық іске өз үлестерін қосады деп сенеміз.

Бүгін  терминком  жайында  да  әңгіме  қозғалды.  Мұның  сөз 

болуы  өте  орынды.  Шыныда жарты  ғасырдан  аса  гарихы  бар 

бұл  Комиссия  ылғи  ауысып  жататын  бастықгар  (терминком 

председательдерін айтып отырмыз) түсында әр қи лы қарқынмен 

жұмыс істеп келді. Ал қазір комиссия жұмысы тоқырау үстінде 

екенін  жасыруға  болмас.  Оның  себеп-салдарын  санамалап, 

кінәлілерді  дәл  бүгінгідей  мәжілісте  іздегім  келмейді.  Тек 

айтарым  -   осы  шаруаға  қатысты,  көбіміздің  салғырттық  гіен 

жауапсыздық  шырғалаңынан  шыға  алмай  жүргеніміз.  Деген- 

мен жағдайдың  жайлы  жамылғысын  жауып  алып,  қарап  оты- 

рар кез емес. Тіл Заңының күшіне енетін күні жақындаған сай- 

ын термин сөзге ділгерлік арта түсуде.

Соған  қарамастан тілшілер терминология  мәселесіне  азды- 

көпті  өз  үлесін  қосып,  біраз  іс  те  тындырды.  Мәселенің  осы

50


жағына  келгенде,  көбіміздің  жөннен  гөрі  міннің  бұйдасын 

ұстағымыз келетіні бар. Жөнге келсек, әңгіме былай. Институт 

Ахаңдар дәстүрін жүйелі түрде жалғастырып кете алмады де- 

генмен,  өзінің ғылыми теориялық тыңғылықты  зерттеулеріне 

қоса,  мамандарды  тарта  отырып  шама-шарқынша  салалық 

терминологиялық  сөздіктер  шығарғаны  мәлім.  Бірақ  олар 

ғылыми  сұранысты  толық  қамтамасыз  ете  алды  деп  айта  ал-

маймыз.


Осыған  байланысты  мемтерминком  туралы  сөз  козғаудың, 

әрине, бүгін реті келіп түр. Әлденеше үзілістерді есептемеген- 

де  жарты  ғасырдан  аса уақыт  бойы  жұмыс  істеп  келе  жатқан 

бұл  комиссияның тағдыры  мүлде  қызық.  Тағдырының  қызық 

болатын  себебі  мұның  жұмысы,  негізінен  оның  мүшелері 

мен  халық  сүранысына  емес,  ылғи  бастық  болатын  адамның 

ықылас-бейіліне тәуелді  боп  келді.  Неге десеңіз, кейінгі жыл- 

дарда бастықтар жиі ауысып жататын болды.  Соның салдары- 

нан жаңа келген лауазымды кісіге кіріп, қол жеткізу бір қиямет 

болса, мәселенің мән-жайын түсіндіріп, жүйелі жүмыс жүргізу 

екінші тауқымет болып отыр. Әңгіменің төркіні біле бермейтін 

баз біреулердің іске пайдасы тисін деп айтатын пікірлерін құп- 

тай  отырыи,  бас  косудың  осындай  азды-көиті  қиыншылығын 

еске сала кетуіміз келеді. Кезінде үкімет арқылы ықпал жасауға 

болар  ма  (кейбір  лауазымды  адамдарға)  екен  деп,  шырылдан 

жүріп  қайта  апарған  Минсоветіміздің  бұл  мәселемен айналы- 

суға  мұршасы  болатын  емес.  Сондықтан  мемтерминкомның 

негізгі органы  болып саналатын Терминология бөлімінің база- 

сын  күшейтией  (арнайы  штат  бөлмей)  және  шешім  қабылдау 

билігін  түгелімен  өздеріне  бермей  тұрып  бәлендей  нәтижеге 

жету қиын деп ойлаймыз.  Бұл мәселені  үнемі  көтерін  келеміз. 

Кадр  керек  екені  айтылып  Минсоветке  де  академияның  пре- 

зидиумы  да  бірнеше  рет  хат  жазған  едік.  Тікелей  осы  шаруа- 

мен айналысу үшін академияның бес бөлімшесі екі-екі адамды 

бөлсе, не орнын берсе, бүл мәселе шешімі табылар еді.

51


Зерттеу  мақаласын  қазақша  жазып,  жариялау  мәселесіне 

келгенде, «Хабаршы» («Вестник») журналының жанынан бірер 

аудармашы ұстаған жөн сияқты.

Қайсыбір орыс тілді авторларға «осы мақалаңызды қазақша 

аудартып  әкеліңіз»  деп  отыратын  сол  журналдың  жауап- 

ты  қызметкері  Лариса  Яковлевнаның  әрекетін  құптау  керек. 

Орысша  жазбасақ,  оқымыстылығымыз  олқы  соғар  дейтін 

психологиялық  кедергіден арылу,  әрине,  оңайға түспес.  Бірақ, 

ғылым тілін өрбітеміз десек, осындай әр алуан нақты әрекеттер 

керек болады.

Еңбекті жазу барысын ца, көбіне-көп одақ оқырманын ойлап 

отырып,  сол  арқылы,  әлемге  әйгілі  болуды  көксемейтін  жан 

кемде кем шығар. Әрине, мүнда ешқандай әбестік жоқ. Алайда 

мұныңды  оқып-түсінуге  өз халқыңның тісі батпаса,  алыстағы 

Американың  әжетіне  жарағаннан  не  ұтамыз?  Ендеше,  әзірге 

бұдан шығар жол,  120-дан сәл-ақ асырып енбекақы алатын жас 

мамандарды  осы  іске  шоғырландыру  керек.  Мұны  академия 

бөлімшелері мен Қоғамның бастауыш үйымдары қолға алғаны 

жөн.  Яғни  тағы  да  аудармашылар  тобын  қүрып,  нақты  іспен 

шұғылдану керек.

Ғылым  академиясының,  шүкір,  өз  баспа  орны  бар.  Бір 

қызығы,  осы  баспаның  аты  не  «Наука»  екенін,  не  «Ғылым» 

екенін ешкім білмейді. Өзге жерлерден кітапқа заказ берушілер 

де  не  деп  жазарын  білмей  шатасып  жүр.  Біздіңше,  мұны 

«Ғылым» баспасы деп қалыптастыру қажет.

Ал  осы  баспадан  шығып  жатқан  дүниелердің  сапасын  қоя 

тұрып,  санына  зер  салалықшы.  Қазақша  шығаратыны  небәрі 

10 проңенттей ғана.  Мұның үстіне  олардың бағасын удай етіи 

қою арқылы онсыз да самарқау оқырманды ғылыми ой-пікірден 

қашырта  түсетін  тәріздіміз.  Баспадан  шығатын  еңбектердің 

қазақша-орысшасын  теңдестіріп,  оқырман  жайын  ойлап  оты- 

рып бағасы жайында бір келісімге келу керек.



52

Қазір  Қазақстан  жұртшылығы,  сондай-ақ  сырт  жерлердегі 

отандастарымыз ғалымдардан халықтық мұраларды, тіл, өнер, 

әдебиет  тарихына  байланысты  еңбектерді  асыға  күтуде.  Сол 

қатталып жатқан халықтық мүраларды лек-легімен шығаратын 

академиялық серия қажет деп ойлаймыз. Яғни баяғы М.Әуезов 

кезіндегі  дәстүрді  жалғастырған  мақұл.  Ол  үшін  баспаның 

қазақ  редакциясын  күшейту  қажет.  Ондағы  не  бәрі  үш-төрт 

адам  қазіргі  рухани,  мәдени  сұранысқа  төтеп  бере  алмайды. 

Сондықтан баспаның үштен бірі қазақша білетін мамандармен

толықтырылуы тиіс.

Бізде халық байл ығын қастерлеп үстау мәдениеті дамымаған. 

Тіл  білімі  институтында  халқымыздың  бай  қазынасының 

бірі  -   түсіндірме  сөздік  қоры  жинақталған.  Тарих  үшін, 

үрпақ  үшін теңдесі жок осы  мұра,  мұндай  игілікті  сақтаудың 

қалыптасқан  ешбір  шартына  сәйкес  келмейтін  жағдайда  аяқ 

асты  болып,  қараңғы  бөлмеде  төменде  жатыр.  Бұл  жөнінде 

сан  рет дабыл  қағылды.  Құлақ  асқан  ешкім  жоқ.  Бір  бөлмеде 

иіп  тіресіп,  ығы-жығы  боп  он-он  бестен  отыратын  ғылыми 

қызметкерлер жағдайы өз алдына бір бөлек әңгіме.

Тоқырау  жылдары  процентке  шақтап  қызметкерлерді 

қысқарту дейтіннің зардабын әсіресе  қоғамдык ғылымдар  ин- 

ституттары  көрді!  Онсыз  да  маманға мәз  емес  мекемені  кесе- 

кесе  кесірткенің кескініндей  күйге  жеткіздік.  Ол  аз  дегендей, 

анаған да  кінәлісің,  мынаған да жауаптысың деп,  аспан  асты, 

жер үстінде болып жататын кемшіліктер таңылып, талай орын- 

сыз сынға іліктік. Орынды сынға өкпе жоқ. Бірақ неге оқулық, 

оқу қүралы жоқ, неге тілашар мен тілдескіш жоқ деп институт- 

та  кінәлаған  Г.В.  Колбин  сөзінің  парқына жеткен  кісі  бар  ма?

Сынай отырып, қажетің мен мұқтажыңды ойласа, тығырықтан 

шығудың  жолын  көрсетіп,  жөн  сілтесе  біліктіліктің  белгісі 

сол  емес  пе?  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  Тіл 

институтының  болашағын  алқаға  салып  алдағы  уақытта

і



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал