Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет34/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

462

Облысгың барында астанам едің, Арқалық,

Сағыныса бас қосар бас қалам едің,  Арқалық.

Өмірге жолды өзіңде бастаған едім, Арқалық, 

Жиреншенің қосындай баснанам едің, Арқалық.

Бақытты сол бір күндерін аңсағандай ма, Арқалық, 

Ажарың кетіп, базарың тарқағандай ма, Арқалық. 

Ақының соны айтумен шаршағандай  ма, Арқалық, 

Тонқа бір  гүссе өзіңді арқаланбай ма, Арқалық.

Қала едің қанша мақтауға сиягындай да, Арқалық, 

Өзіңе жақсы, жайсаңды жиягындай да, Арқалық. 

Қадірсіз ба еді біреуге қиятындай да, Арқалық, 

Сүйсіне қол соғатын театр қайда, Арқалық ?

Найзағай түсіп сынды ма, жел керіп жүрген желкенің, 

Көзіңнен бүл-бүл үшты ма ертегі сынды ертеңің.

«Ала қайғыдан сақта» - деп айтпаушы еді ел тегін, 

Неге үнсіз қалды атыңды өлемге жайған «Шертерің»?

Жақсы аға келді ортаға, көңілдің кілтін ашыңдар,

Ән мен жырын ауылдың шашу қып алдан шашыңдар. 

Үзілген жібі моншақтай, кетті ғой тарқап асылдар, 

Үзатылған қыздай боп алыста қалды «Ғасырлар».

Тарыдай болып шашылып, таланттар кетті қаладан, 

«Еркесі еді бәрі де мақтанышына балаған.

Кінәлі жандай сезініп, қысылып түрмын ағадан, 

Шаңырағын өзі көтеріп, уығын қолмен қадаған.

Еңселім едің, еңбегі ерекше сіңген Торғайға, 

Әруақтары бабаның жүрсінші жебеп, қолдай да. 

«Орныңда бар оңалар» қатары ертең толмай ма, 

Ауылда қалған аз ғана өнерлім иман болғай да.

463


Жыр шашуымды айтып, алау-далау боп сахнадан түсін келе 

жатсам бір атқамінер ағамыз қарсы жолықты.  Түрі қатулы.

-   Бала,  сен  бүлдірдің  бәрін.  Әлдеқандай  жағдай  болса,  сен 

менімен  өлең  жөнінде  ақылдасқан  жоқсың,  осыны  үмытпа!

-дедіол. 

,

-   Сізбен  ақылдаспағаным  шындық  қой,  оған  неге 



абыржыдыңыз?  -  дедім.  Рас,  әлгі  сөзден  кейін  кештің  аяғына 

қарамай үйге кетіп қалдым.

Ертесіне таңертең ертелетіп кешегі ағамыз телефон соқты.

-  Ау,  өзіңе  Өзекең  қатты  риза болыпты.  Концерт біткен  соң 

сахнаға шыгып, жұртқа жылы сөзін айтып біраз әңгімелесті.

-   Енді  өлеңді  осы  бағытта айт деп,  бағдар  берген  мен  едім 

деп жүрмеңіз, -  дедім де телефон қүлагын орнына қоя салдым.

Кейіннен  Өзекең  Қаратай  Тұрысов  ағамызбен  Жезқазғанда 

жолығып  қалганда:  «Әлгі  Торғайдың  ақынының  өлеңі  мені 

ақыры жылатып тынды», -  деген көрінеді...

Ол  кезде  Өзекең  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  комите- 

тінде  мәдениет  бөлімінің  меңгерушісі  болып  істейтін.  Өзбек- 

әлі  ага  Арқалыққа  келіп  кеткеннен  кейін,  көп  кешікпей 

Мәдениет  министрлігінен  бірнеше  адамды  арнайы  жіберіпті. 

Сонымен  аз  уақытта  Арқалық  қалалық  филармониясы  ашы- 

лып, қалған өнерпаздарды тоз-тоз болудан аман сақтап қалды.

Бұл Өзбекәлі  секілді, қазақтың біртуар ұлының тағылымды 

өмірінің  бір  ғана  сәті.  Сондықтан  да  торғайлықтар:  «Өзекең 

біздің  жерлесіміз»  деп  орынды  мақтан  түтады.  Бұның  өзі  де 

Өзбекәлі Жәнібекұлы сынды азаматтың оңтүстік, солтүстік де 

ген түсініктен ада, халықтың үлына айналып кетуінің бір ғана 

мысалы. 


,

464


АЛДАН ӘИІМБЕТОВ ТУРАЛЫ

Ол:


-   ...Алашордалықтардың «Оян,  қазақ!»  деген ұраны  бүгінгі 

күні  ең  қажетті  сөзге  айналгалы  түр.  Неге?  Себебі  біз  бірте- 

бірте  терең  ойлау,  сараптау,  кең  көлемде  тұжырым  жасау 

қабілетінен айырыла бастадық. Біз сенгішпіз, жалқаумыз және 

бастама көтеруден қашамыз.

(Қазақтардың «Катехезисі», «КП». №7,  1998).

-   ...Енді,  міне,  КПСС-тің  заңды  мүрагері  Холодков  жол- 

дастан  сүрауға  толық  қақым  бар:  қазақтар  қайда  кетті?  Бүл 

сүраққа  өзім  жауап  берейін  (себебі  Холодков  жолдас  нағыз 

партизан  сияқты  үнсіз  қалуы  мүмкін).  Қазақтар  қараптан- 

қарап босқа қырылды:  қолдан жасалған аштық, репрессиялар, 

республикаға  «бауырлас  елден  көмек»,  ұжымдастыру,  инду- 

стрияландыру, тағысын тағылар. Жолдас Холодков, Хрущевтің 

кезінде  жүздеген  қазақ  мектептері  мен  бала  бақшаларының 

жабылып  қалганын  сіз  тарихшы  ретінде  білуіңіз  керек  қой? 

Қайғыдан әбден запысты болған, сонда да колонизаңияның бар 

жамандығына  қарамастан  орыс  халқына  деген  жылы  қарым- 

қатынасын  өзгертпеген  халықтың  өз  үйінде,  өз  мемлекетінде 

отырып,  қазақ тіліне  мемлекеттік тіл мәртебесін  алып  беруге 

қақысы  жоқ  па?  Қайдагы  бір  көше,  ауыл  мен  қала  аттарының 

толық заңды түрде  өзгертілгені үшін  есеп талап  ету сол үшін 

қанын төккен халыққа обал емес пе?

Қазақ тілінің қазіргі жағдайы ауыз толтырып айта аларлықтай 

ма?  Әрине,  жоқ.  Заңдар  кабылданса да,  орындалмайды.  Оның 

себебі  көп.  Мәңгүрттік  те  (партияның  үлттық  саясатының 

өнімі),  басшылықтың  үлт  алдындағы  жауапсыздығы,  Сіз 

сияқтылардың  жүйкесі  жүқа  басшыларға  арналған,  көбіне 

діттеген мақсатына жегіп жататын даңғаза айқай-шуы да оган 

себеп.

(«XXI ғасырдағы» болыпевик», «КП». №7,  1998)



465

-   Абайдың  бүкіл  шығармашылығында  адамға  сиынған

бір  жол  бар  ма?  Жоқ  екен!  Онысы  несі  дерсіз.  Онысы  -   сол.

«Білғенге  маржан,  білмеске  арзан»  -   Қүран  сөзін  білген.

Түпнұсқадан  түсініп  оқыған.  Бізге  аяңдап  келмес  бұрын,

«Әуелі  аят,  хадис  сөздің  басы»  дейді.  Сонау  Ырғыз  бен

Кеңгір  бойынан  Шынғыстауға  дейін  бір  тайпа  елдің  құтын

қашырмай,  айбының  асыра  жеткізген  Ырғызбай,  Кеңгірбай,

Өскенбайлардың әруағына сиынса, қайсымыздың аталарымыз

дан кем еді. Алайда Абай: «Патша Қүдай, сиындым, Тура баста

өзіңе»  дейді.  Сондықтан  да  Абай  -  Абай!  Ыбырай,  сондай-ақ

Шөкөрімдер  жазған  иманшарттар  бар.  Бүкіл  Сыр,  Маңғыстау

өңірі жыршылық дәстурінің ислами фәдсафа негізінде өрбігені 

бар. Мысал, дөлелде сан жоқ.

Қорыта  келгенде,  ұлт  деңгейі  қашанда  озық  ойлы  тұлға-

лармен  өлшенген.  Олай  болса,  қазақ  халқы  даусыз  ислам 

дініндегі жұрт.

(Боқ жеме, қазақ, сенің дінің -  ислам, «КП», №5,  1999).

Дос КӨШІМ

-   Менің  газетімді  үкіметтік  басылым  дегендердің  жағына 

жылан жүмыртқаласын, ішек-қарны ақтарылып, далада қалған 

бауыр  етін  сарышаян  шақсын...  Мен  қылыштың  жүзінде 

жүрген  адаммын.  Өткенде  ғана  бір  жас  журналиске  менің 

жолымды  жалғастыру  жонінде  үсыныс  жасаған  едім.  «Сол 

сәтте-ақ  менің  аяғымды  аспаннан  келтірмей  ме»  деп  жауап 

берді  ол.  «Қүдайға  шүкір,  мені  өлі  қүлатқан  жоқ  қой»  дедім 

мен оны сабасына түсірмек болып.  «Білмедім, — деп журналист 

ойланып  қалды  -Сіздің  көзіңізді  баяғыда-ақ  жоюы  керек  еді, 

бірақ, қалай болғаны белгісіз, Сіз Өлмес Кащейдің мәртебесіне 

ие болдыңыз...». 

МРРЦЯ 


і;:

-   (Оппозиция  қанағаттандырса  да,  ұрықтандыра  алмайды,

«ҚП» №5, 2000). 

-  



ьүпнгі  қазақстандық  партиялар  мен  қозғалыстар  -  

оппозипияның пародиясы. 

^

(Сонда, №5,2000).



466

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ

ТІЛІМІЗДІҢ ТЕРІСКЕИДЕГІ ТІРЕГІ

Адам  бойына  дәрменсіздік  дарыса,  ықыластың  іргесі 

сөгілетіні  рас.  Әуелгі  уақытта  Қызылжардың  қазағының  сүт 

бетіндегі  қаймақтары  жиылып  құрған  «Қазақ  тілі»  қоғамына 

осындай  бір  кесел  тап  болды.  Тіл  мен  діл  жолында  енді 

шегінер жер қалмай, ұлы сапарға шыққан көш қайырлап, қоғам 

жүмысына белсене ат салысып жүрген азаматтардың арасында 

«әрі тарт» пен «бері тарт» сызат сала берді.

Мүмкін,  мақсат  анық  болғанымен,  соған  жету  сапарының 

бағытын  оң  бағдарламаудан  болды  ма,  әйтеуір  біреуіміздің 

нүсқаған жөнімізге  екіншіміз түспей, әркім өз бетінше сүрлеу, 

соқпақ  іздеп  кеткен  кездеріміз  болғаны  бүгін  он  жылдай 

уақыттың мүғдарында анық  есте қалып отыр.  Ісіміздің негізгі 

бел  көтерері  қағаз  бастылық  болып,  облыстық,  қалалық  пар- 

тия басшыларымен осындай өдіспен екі жақты қарым-қатынас 

қана  жасалып,  ұлттық  мүддеміздің  шырағы  сәулеге  айналуы

қиындай берді.

Осындай  бір  дағдарысты  түста  көбіміздің  көңіліміз  су  сеп-

кендей  басылып,  ықыласымыз  да,  ынтамыз  да  өше  бастаған 

сол  кезде  алпыстан  енді  асқан  Қосыл  Әбдірахманүлы  Омаров

жиып алдыГ 

й

Бүл  түс  қоғамның  бұрынғы  басшылары  тізгінді  қолдан  су-



сытып,  көшбасшылық  қолдан-қолға  көшіп  түрған  бір  амал- 

сыз  шақ  еді.  Сондағы  Қосыл  ағаның  жүртты  үйытып,  кейбір 

олқы  қылықтарымызды  мақтамен  бауыздағандай  етіп  үялта 

отырып,  жөнге  салған  сөздері  есімде  қалыпты.  Сол  сөздердің 

әсері  әркімнің  шымбайына  батса  керек,  іріктеле  келе  іркі- 

тіркі  мүшелердің  көбі  «Кошімнің  жеткен  тұсы  осы»  дегендей 

оздігінен сырт айнала бастады.


Бүдан қоғамның ісі олқы соққан жоқ,  есесіне жаңа, соны бір 

ықылас  туындал,  дәрменсіз  күшейіп,  ту 



қолға 

қайта  алынды. 

Бүл  1991  жылы  болған  жағдай  еді.  Міне,  содан  бері  Қосекең 

қүдайдың өзіне бүйыртқан ғұмыр кезеңінің жаңа, нәрменді бір 

онжылдығын артқа қалдырып, жетніске де жетін отыр.

Біздің  халықтың  маңдайына  бігкен  соры  болар,  қай  ісіміз 

де  бабымен  келісілін  бағы  жанып  кете  салмайтын.  Әсіресе, 

біздің теріскейде текетірес көп. Туған тіліміздің тасын өрге до 

малатамыз деп туын жоғары  көтерсек,  қарсы  жақтан  сол туды 

құлатуға  құлшынғандардан  аяқ  басып  жүргісіз.  Осындай 

күреске  білек  сыбанып  кірісіп  кеткен  Қосекең  өзінің  кемел 

шағына  жеткен,  өмір  сындарын  өткеріп,  шыныққан  тұсында 

басын қарауылға тігерін білмей келген жоқ.

Осындай текетірес тұсында орыс журналистері біраз «еңбек 

сінірді».  Жұртты аузына қаратып жүрген Супрунюк те, Влади 

мир  Плешаков  та  осындағы  орыс  басылымының  қызметкер- 

лері болатын. Бұларға Ресейдің газеттері де қойын-құшақтарын 

айқара  ашып,  «Қазақстан  -   қара»  деген  бірдеңе  сүйкесе, 

қүдайлары  беріп,  оны  облысымызда  таратып,  зығырданды 

қайнатты.

Міне, осы түста Қосекең де қарап қалмай, «еруліге-қарулы» 

қылып,  олардың  өз  қаруын  өзіне  қолданды.  Қостілділік, 

Қосазаматтық  дегенді  желеу  етіп,  қазақ  жерінің  тұс-түсын 

шетпүшпақтау  пиғылын  сезгендіктен  Қосекең  де  сол  орыс 

газеттеріне, әсіресе, облыстық «Ленинское знамя»  басылымы 

на бірталай мақалалар жариялады.

Сол 

жылдардағы 



облыстық 

газеттердің 

сарғайған 

парақтарына көз салсаң, Қосекең қолымен жазылған мақалалар

сайрап  шығады.  Бір  ғажабы,  олардың мазмұнында «найзамды 

әпер»  қылық сезілмейді,  байыпты  пікір,  байламды  ой,  ұлт на 

мысын, тіл намысын қорғау мұраты көзге ұрады.

отты


сырттан

468


арасынан  В.  Плешаков  тіпті  дандайсып  кетті.  Серігі  Супру- 

нюкпен  бірігіп,  көше  жиындарын  ұйымдастырды.  «Социа-

листическая  иңдустрия»  газеті  арқылы  сол  кездеп  қалалық 

«Қазақ тілі» ұйымының төрағасы, политехника институтының 

ректоры  Қайырбек  Оразовты  «қырына»  алды.  Бір  жазған 

мақаласы  шығып,  онысы  орнықты  жігітті  орнынан  қозғалта 

коймаған  соң  Плешаков  пәрменіне  қайта  мінді.  Бұл  тұста  ол 

ҚазТАГ тілшісі де болып алған еді.

«Сонда  батыр  жөнелді»  деп  Махамбет  бабамыз  айтқандай, 

Қосекең осы тұста Қайырбекке мәнді кеңес берді.

-  Осы  ретте  құрыққа өзі түсіп отыр.  Сотқа арыздану керек. 

Енді тектұрыс болмайтын шығар!

...Сонымен,  көп  ұзамай  сот  істі  қарап  жіберді.  Екі  жақтан 

куәлар  сөйледі.  Қосекең өзі  бас болып,  ақ-қарасын салмақтай, 

дәлелді уәждермен жауап берушінің аузын буды да отырды.

Расында,  Плешаковтың  өз  құрығы  өзіне  салынды.  Өз 

газетінде  «жаздым,  жаңылдымын»  жазып,  Қайырбектен

кешірім сұрауға мәжбұр болды.

Акыры Ресейдін бір облысына кетіп тынды. 

,

Ендігі  бір  ретте,  осындағы  «Орыс  қауымдастығының» 



ұябұзар  қылықтары  мен  әрекеттері  әбден  асқынып  кеткен 

соң  облыстық  әділет  басқармасы  қауымдастықты  жабуды 

ұйғарды.

Көптігіне  малданып,  заңды  белден  басамыз  деген  «Орыс 

қауымдастығы»  «Достық»  үйінің  залын  толтырған-ақ  екен.

Ине шаншар жер жоқ.

Сахнаға 

шыққан 


әділет 

басқармасының 

төрайымы 

Г.Д.  Хорольская  өте  өжет  әйел  еді.  Заңды  бетке  ұстап, 

қауымдастықтың  бұдан  былайғы  іс-әрекетіне  уақытша  нүкте 

қойылатынын хабарлағанда жасы бар, кәрісі бар, кемпір-шалға 

дейін гіыр-пыр болып, есіріп, айқайлап сөйлетпей қойды.

-  Сатқын, сені қазақтар калай сатып алды?

469


-   Орыс  ұлтынан  садаға  кет!  -   деп  қарғап-сілеп  те  жатыр. 

Алайда, төрайым тоқтамады.  Кесімді үкімін  айтты.  Осы түста 

залдағылар  «Қайран, ұлы орыс ұлты, қор болдың-ау» деп  ұран 

тастады.


Міне,  осындай  төбелес  отын түтата  салар  арандату  кезінде 

залда қазақтан бар болғаны үш адам түрды. Бірі -  соғыс ардаі ері, 

белгілі  азамат Мәжікен Ғаббасов,  Қосыл  Әбдірахманұлы  және 

осы жолдардың авторы да бар еді. 

•  '

Жүздеген  адамның  сесіне  қыңбаған  Қосекең  мінберге  өтіп 



кетті.  Мұндайда  қол  күшіне  сеніп,  сөйлеушіні  пәрмендеп 

қуатын  әдет  те  бар  ғой.  Қосекең  одан  да  ықпай,  жүрт  жер 

тепкілеп  даурығып,  айқай-шуға  басып  жатса  да,  айтарын  ай 

тып  тынды.  «Қауымдастықтың»  әрекеті  араны  согін,  саңлау

салу, іріткіні үйытқыдан жақын көру екенін сездірді. Біреу бол

маса,  біреудің санасына сәуле  салар  сөздер  ауаны  жай  қалқып 

кетпей, қүлақтан кіріп, бойға дарысын деп айтты.

Алайда,  дәлізге  шыққанда  қазақтар  ығысып  жол  бе 

рер  емес.  Ертеңіне  жеңгеміз  Мәриям  тәтейдің  айтқан  сөзі 

үмыты л май д ы:

-  Ағаңды біреу-міреу жазым ете ме деп зәре-қүтым қалмады. 

Осы  жолы  бармай-ақ  қойшы  десем  болды  ма?  «Барамын, 

сойлеймін!» деп отырып алды.

...Осынау игі  әрекеттерде үнемі Қосекеңнің жолы болатыны

неліктен?

Ол  -   ақылдың,  корегендіктің,  пайыммен  ойлап  шешетін 

парасаттың адамы.  Кей-кейде ашу белең алып кетуге тиісті-ақ 

жағдайлар  да  болып  қалады.  Ет пен  сүйектен  жаралған  пенде 

болған  соң  ол  да  мүмкін  ғой.  Алайда,  ақылы  алдында,  ашуы 

артында жүретін асыл азамат мүны сездіріп көрген емес. Көре- 

біле  жүргендіктен  осы  мінезіне  қайран  қаласың.  Бүл  ретте  ол 

Қазақстанға белгілі мемлекет қайраткері марқүм Ніл Әдғамұлы 

Болатбаевтан  тағлым  алды,  қазір  де  елімізге  белгілі  азамат

470


Жақсылық  Ғабдоллаұлы  Ысқақовпен  тізе  қосып,  үзеңгілес 

келеді.


Еліміздің ұлы азаматтары Мұхтардың, Қаныштың мерейтой- 

лары  осы  Қосекеңнің  аркасында  қала  азаматтарының  алқалы 

жиынына  айналып  өткізілді.  Осы  тануда ғана ұлы  жерлесіміз 

Сәбит  Мұқановтың  жүзжылдығына  орай  гағы  бір  мәнді  де 

мазмұнды  басқосу  қоғам  ісінің  шежіресіне  жазылды.  Қосе- 

кең  Серғеев  ауданына  Шал  ақын  атын  беруде  ерекше  екітін 

көрсетіп,  ел  ішінен  колдау,  қоштау  лебіздерін  тірнектеп 

жиып,  қоғамдық  пікір тудырып, әйтеуір  аудан атын өзгертуге 

мұрындық болды.  Енді  көрнекті  жерлестеріміз  Сегіз  Сері  мен 

Ғабең мерейтойларына да назар аударып отыр.

Қалада тұңғыш сазды-драма театры ұлттық ордамыз ретінде 

шаңырақ  көтеріп  жатыр.  Алғашқы  қойылымын  да  ұсынып 

үлгерген осы  театрдың сахна шеберлерімен  өзгелерден  бұрын 

жүздесу ұйымдастырған да -  Қосыл Әбдірахманұлы.

Жылма-жыл қазақ емес ұлттардың фестивалін өткізуді айы- 

к ұні жақындағанға дейін-ақ еске салып отыратын да -  Қосекең. 

Тііггі  қайран  қалатының  -   ай  сайын  сонғы  сәрсенбіде  өтетін 

«Мемлекеттік  тіл»  кұндерінің  бір  де  бірін  бос  жібермейді. 

Бірде-бір  мекемеде,  келесі  жолы  басқасында  төбе  көрсетуі 

анық әдеті.  Айналдырған ұш-төрт адамы  бар қоғам күнбе-күн 

карбалас істің ұйтқысы болып отырады. Қашан кірсең, Қосекең 

бір  мезетін  тәрк  қылмай,  не  ұлттық  мәдениет,  өнер,  не  тіл 

төңірегінде  кеңесіп,  келісіп,  бел  шешіп  іс  атқарып  жатқанын 

аңғарасың.

Осындай  бір  әңгімені  облыстық  «Солтүстік  Қазақстан» 

газетінің  бас  редакторы  Бақыт  Мүталлапүлы  Мүстафин

айғақтай түседі.

-  Орыс  көршілердің шақыруымен  Қорған  қаласына бардық

қой.  Қосекеңмен  бір  бөлмеге  орналасқанмын.  Кездесулерден 

қол  босаған  бір  сәтте  қала  аралатты.  Қарасам,  Қосекең  жоқ...

471


Бақсам,  ол  осында  «Қазақ  қауымы»  атты  бірлеспк  ұйымдас- 

тыру жұмысына кірісіп кетіпті...

Сол  сапардағы  сәл  ғана  бос  сәтін  рәсуа  қылмаған  Қосекең 

осындағы  қазақтар  ұйымын  тауып,  қандастармен  кездесу 

өткізіп ұлгеріпті. Соның айғағындай, қазір Омбының «Мөлдір» 

ұйымы,  Қорғанның  «Қазақ  қауымы»  түмендік  қандастардың 

алқасы  біздің  қоғаммен  дәнекер  үзбейді.  Оларға  көбіне  біздің 

оқулықтарымыз,  көрнекі  қүралдарымыз  қажет.  Сәт  сайын 

қолынан келгенін тындыруға барын салатын Қосекең бүйымтай 

сүраған  қолды  қайтарған  емес.  Мәдениет,  оқу  маңындағы 

азаматтардың мазасын алып, көрші қандастарымыздың қалаған 

ісін тындырып береді.

Осы  жақында  біздің  Қызылжарда  қазақ  әйелдерінің  «Ақ 

ниет»  атты  үйымы  құрылды.  Бұрындары  «Үлпан»  деген  қыз- 

келіншектер  отауы  болатын.  Оны  үйымдастырған  аруанала 

рымыз  еді.  Бірақ  осы  отаудың  есігі  соңғы  кездері  жабылып, 

түтін түтетпей  қалған-ды.  Қосекең  ел-жұртқа  белгілі,  беделді 

деген  аналарды,  іскер  азаматшаларды  қайта-қайта  шақырып, 

ақыр  соңында  «  Ақ  ниеттің»  қүрылтай  жиналысын  өткізіп, 

төрайымын сайлап, жүмысына жан бітіріп берді.

Әрине,  жетпіс  деген  жастың  жүгі  жеңіл  деймісің?  Бірақ 

Қосекең  шау  тарттым  деп  өзін-өзі  шетқақпай  қылатын  азамат 

емес.  Бап  тілеп,  қалайтыны  қүрмет  пен  қошемет  қана  бола

тын, әлдеқалаи қырын келгенді тұқыртып тастаитын «тентек» 

қарттарды  да білеміз.  Жасына  қарап  сыйлағанмен,  ісіне  қарап 

көніл тола бермейтіндердің қатарында Қосекең бола алмайды. 

Ондайдан ада.

472


М АЗМ ¥НЫ

Кекілбайұлы Әбіш

Тіл тағдыры -  ел тағдыры___________________________ 3

Республикадағы тіл тағдыры және Қазақ 

Республикалық «Ана тілі» Қоғамының рөлі мен

міндеттері--- -------------------------------------------------------10

Неден бастау керек?.......................... -------------------------- 36

Ғылым тілін қалай дамытуға болады?..... ................46

Қазақ балабақшалары қалай ашылған еді?.—----------- -—  55

Тіл тағдыры жастардың қолында _____ ______________68

«Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...»____________ 89

Ғылым қазақша сөйлер ме?  .....___________ ___ ___ .......  106

Жақсы -  текшіл, жаман -  кекшіл.________________ .... 117

Тіл тағдырын ойласақ----------- ....—

— „ — ...... 135

¥лт тілдерін дамытудың 2000 жылғы дейінгі кезеңге

арналған. Мемлекеттік Багдарламасы.............................   140

Мені неге қазақша сөйлетпеді 

..... ........................... —.  146

Тілді неге тәлкекке сала береміз? 

-------- 152

Халықтың қолдауы қажет  ....... 

172

«Біріңді бірің тында сөзің тосып...»__ 187



Латынның болашағы зор (авторлар)-------------------------201

Тілдің жаңа проблемалары (авторлар).......-----—

209

Тіл мүддесі не ойлатпас саналыға!---- ------------------ ..... 214



«Ана тілдің Айбары» алып шыққан сапар 

229


Қоғамға қоныс, тілімізге өріс (баяндама) ..................... 242

Санаға салмақ салар сөтің, қазақ! ..................... .—..... 262

Елдің де, тілдің де тірегі -  жастар-------- -------- — -  273

Рухы биік ұл мен намысы мықты карыпдас ..™.—

----- 281

Ойлағаның тақ емес, Қазақстан тағдыры (олең) 

292

Қазіргі қоғамдық саяси ахуал жөне мемлекеттік тіл...™.. 297 



ТІЛ, ДІН. МӘДЕНИЕТ (толғаныстар, сүхбаттар) ——....  305

Тағдырын неткен қиын еді, қайран тіл! ........-------------- 316

Тіл төуелсіздігіне біз осылай жеткен едік-------------.„„„  329

Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел 

——. 333

473


Бабы  келіссе, тілдің де бағы ашылады ..___ ...........__...»339

Америка аңдысын аңдьш оіыр, сондықтан өз

қиындықтарымызды өзіміз ғана шешуіміз керек_____ _ 347

Тіл үшін күрес жалғаса бермекші...(авторлар)..™™™т ™„355

Ана тілі жөне қазақ әйелі_____ __________ ______ _368

СыздықРәбига

Мөдениеттілік тілден басталады___________________ 373



Беркімбаева Шәмшө

Ана тіліміздің халықаралық дөрежесі ______ _______ 378



Уөлиев Нүргелді

«Ана тілі» қоғамының қүрылтайы................... ......387



Баққожа Муқай

Азат сапа, бостан р у х ___ _______________ ___ __ 391

Алматы қаласы тіл басқармасының бастағы

Жәнібек  Нөлібаевпен сүхбат______________________ 396



Арын Ерлан

Қазақтану ғылымының қара нары ёді 

402

Кемел Мырзагелді

Сөз қүдіреті_____.....................______________________ 406

Қыз -  ғүмыр тағдыр тағлымдары________  

425


Домбай Нурперзент

Қазақтың қайқы қылышы 

лт*

¥лытаудың үлтжанды азаматы 



|3 7

Сейсенулы Дәуіт

Қазақ тілінің қайраткері Бәтташ Сыдықов жетпісте 

440 

Мүстафин Бақыт

Асыл мүрат биігінде 



Бибатырова Ғайникен 

Өзағаң (Ө. Жәнібек) туралы 



Әбіл Қонысбай

Болсайшы ағалардың бөрі сондай............................... . 

461

Ал д ан Әйімбетов туралы_______  



465

Әкімжанов Зейнолла

Тіліміздің теріскейдегі 'гірргі 

467

446


456

474


Айтбайұлы Ө.

Тіл тағдыры -  ел тағдыры

Бұл  басылым  С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

уннверситетінің Е. Бекмаханов атындағы «Өлкенің тарихы мен 

этнографиясын зерттеу» ғылыми-практикалық орталығында

дайындалды.

Орталықтың директоры

Құдабаев А.Ж.

Бас ғылыми қызметкер

Арын Р.С.

Аға ғылыми қызметкер

Ысқақ Б.Ә.

Ғылыми қызметкер 

Аубакирова С.С.

Кіші ғылыми қызметкерлер

Искакова З.С.

Қайырбекова А. А.

Құдабаев Ш.А.

Компьютерде терген 

Алдабергенова Н.Б.

475


коиылды 

іі 

К 2  Ті


Офсетті

Шартты баспа табағы  19. Есептік баспа табаг

Таралымы 100 даыа.

О

Е.А. Сытина ЖК басылып шығарылды 



Қазақстан Республикасы,  140000, 

Павлодар қ., 29 Ноябрь к.э 2,



Тел.: 8 (7182) 32-16-08


1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал