Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет33/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

449

бірақ  үндемейді,  екіншілері  жанына  майдай  жағыті,  бұрын 

бүкпантайлаған еңсесі  жазылғандай болады,  бірақ сыртқа сыр 

шашпайды.  Әйтпесе әлғі сөздер әйтеуір ой тастады бәріне.

-   Қосыл  Әбдірахманұлы  қазақ  тілінің  маманы,  әдебиетші, 

ақың,  -   деп  едім  мен  кекестен  бірге  шыққан  қасымдағылар 

т үгел тапырқад ы.

-  Солай ма?

-  Әзіл шыгар?

-  Шыны сол, -  дедім. 

,

-  Редактор айтқан соң сенбеске болмайды.



-   Ендеше  «Қазақ  тілінің»  тұтқасын  кешегі  партия 

басшыларының  бірі,  бүгінгі  қоғамдық  саясатшы,  ақын, 

әдебиетші, тарихшы ұстап отыр  екен ғой.  Сенімді  қолда, -  де- 

скен құптаулар айтылды.

Бұл кұптауларға, жылы лебіздерге менінде ішім жылып сала 

берді.  Қосыл Әбдірахманұлымен танысқаныма қырық жылдан 

асып барады екен. Содан бері ол кісінің атына тек қана осындай 

жылы  сөздер  естіп  келемін.  Мұндай  марапат  бізге  де,  соңына 

ілескен інілеріне де мерей.

1959 жылы күзде Алматыда универсигетті бітіріп, екі айлық 

өскери  дайындықтан  өтіп,  Преснов  ауданындағы  «Жамбыл» 

кеншарына  келсем  әкем  партком  хатшысы,  шешем  мұғалім, 

Қосыл  Әбдірахманұлы  мектеп  директоры.  Екі  үй  көрші, 

аралас-құралас  екен.  Көп  ұзамай  әкем  Преснов  аудандық  пар- 

тия  комитетінің  екінші  хатшысы,  Қосыл  Әбдірахманұлы  осы 

аудандық  партия  комитеті  үгіт-насихат болімінің  меңгерушісі 

болып сайланды. Екі үй тағы да көрші лес болып, ағайындай ара- 

ласты. Қосекең жасқатән жолымен одан әрі өсу баспалдақгарын 

бойдагі,  облыстық  нартия  комигетінің  нұсқаушысы,  он  үш 

жыл  Петропавл  қалалық  партия  комитетінің  екінші  хагшы- 

сы, одан кейін облыстық партия  комитеті ғылым  және  жоғары 

оқу  орындары  бөлімі  меңгерушісі  болды.  1991  жылғы  ақпан 

айынан  бері  халықаралық  «Қазақ  гілі»  қоғамының  облыстық

450


I

филиалының  төрағасы.  ¥зақ  жыл  бір  мақсат  жолында,  бір 

ерісте  қызмет істеи  келеміз.  Жиналыстарда,  кеңестерде,  бюро,



алқа  мәжілістерінде  бірге  огырамыз.  Қосекеңнің  герең  білімі, 

жоғары  мәдениеті,  биік  адамгершілік  қасиеттері  озіне 

тапсырылған  қай  қызметті  болсын  іскерлікиен,  біліктілікпен, 

творчестволық ізденімпаздықпен атқаруға мүмкіндік берді.

Қосыл 

Әбдірахманүлы 



қалалық  партия  комитетінде 

басшылықта  болған  он  үш  жыл  бойына  көз  жіберсек 

Петропавлдың  көркі  мен  ажарына,  мәдениеті  мен  сәулетіне 

қосылған  бедерлерді  атап-атаи  корсету  қиын  емес.  Қалада 

жаңадан он  мектеп,  үш  аурухана кешені  салыныпты.  Октябрь 

алаңындағы  көп  фигуралы  ескерткіштер  көшенің  салу 

ісімен  айналысып  Мәскеуге  үш,  Ленинградқа  екі  рет  барып, 

сәулетшілермен талай пікірталасына түскені де үмытылмайды. 

Қаланы  көгалдандыру,  көркейту  ісі  де  Қосекеңнің  белсене 

араласқан жүмысы.

Қосекең  қазақ  тілінің  жетік  маманы.  1946  жылы  ол  Алма- 

тыда  казақ  ер  балалар  мектебін  бітіріп,  1948  жылы  Сол гүстік 

Қазақстан  облысы  Октябрь  аулданыңдағы  Семиполка  орта 

мектебінде  орыс  сыныптарына  қазақ  тілінен  сабақ  берді, 

1949  жылы  Балуан  ауылында  кітапханашы  болып,  өдебиетке 

сүйісиеншілік  осында  басталды.  Сол  жылы  жазда  Алматыға 

аттанып Абай атындағы қазақ педагогика институтының қазақ 

тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсті.  Қажым Жүмалиев, 

Темірғали  Нүртазин  сынды  өйгілі  профессорлардан  дөріс 

алып,  білім  кәусарынан  сусындады.  Ол  қатардағы  студент 

емес,  үздік  көрініп  көзге  түсті.  1952  жылы  «Әдебиет  және  ис- 

кусство»  журналының  төртінші  санында  студент  Қосыл 

Омаровтың «Наурыз шығарма» атты  мақаласы  жарқ ете түсті. 

Жас сыншы онда әжептәуір жазушы Қалмақан Әбдіқадіровтың 

«Қажымүқан»  атты  повесін  қатты  сынға  алды.  Әдебиеттегі

451


ұлтшылдық  сарынды  әшкерелеи  әуреленген  дау-дамаилы, 

шулы кез емес ие. Қазақстан компартиясы орталық комитегінде 

әдебиетке  арналған үлкен  кеңес  болып,  соған  студент  сыншы 

Қосыл  Омаров  арнайы  шақырылды.  Бірінші  хатшы  Жүмабай 

Шаяхметовтың  баяндамасын  тыңдайды.  Сол  кеңесте  Қаныш 

Сәтбаев  пен  Сәбит  Мүқанов  үлтшылдығы  үшін  қатты  сына 

лып,  біреуі  Ғылым  Академиясының  Президенті,  екіншісі  Жа- 

зушылар Одағының Төрағасы қызметтерінен босатылады.

Ғылым мен әдебиеттің алып тауларьш шайқалтқан осындай 

шайқастардың,  қақтығыстардың  жалынына  жастық  шағында 

шарпылып  шыныққан  Қосекең  «Қазақ  тіліне»  келген  соң  да 

пікірлер  таласына,  ойлар  қақтығысына,  ар-намыс  шайқасына 

білекті  сыбанып, омырауды ашып тастап, маңдай терге  шомы- 

лып,  дауыс  қарлыққанша  керілдесіп  кірісті.  Қаймыққан  жоқ, 

шайлыққан  жоқ.  Ел  намысы,  жер  намысы  жебеді,  қуат-күш 

берді. Жиналыстарда, көгілдір экранда қазақ тілінің мәртебесін 

көтеріп,  беделін  ту  етіп  қайта-қайта  сөйледі,  таласып  топқа 

түсті,  дөлелін,  дерегін,  ғылыми-тарихи  түжырымдарын  алға 

тосты. Қазақ тілі қызыл империя тусында мүшкіл мүгедек хал- 

ге үшырағанын, енді биікке қанат қағар кезі  келгенін бардауы- 

спен айтты.

«Қазақ  тілі»  қоғамының  белсенділері  Қосекеңнің  бастауы- 

мен  балаларын қазақ тілінде оқытқысы келетін аға-аналармен

әңпме  жүрпзді,  қазақ  отоасыларын  аралады,  қазақ  тілінде 

жұмыс  істейтін  балбақшаның,  сыныптардың,  мектептердің 

ашылуын  тездетті.  Бұл  жол  жеңіл,  оңай  болған  жоқ.  Супру- 

нюк, Плешаков сияқты шовинист арандатушылармен айқасуға 

тура  келді.  Олар  Мәскеудің,  Омбының,  Түменнің  бүқаралық 

ақпарат қүралдарында  Қазақстанда қазақ  тілі  жанданабастап, 

орыс  тілділер  қиыншылық  көре  бастады  деп  байбалам  сал 

ды.  Горбачев,  Солжениңын,  Жириновскийлердің  көкемелерін

452


құдай сөзіндей көріп «Солтүстік Қазақстан ежелден орыс жері» 

деп  сандырақтауға дейін  барды.  Қосыл  ағамыз  «Қазақтың  на- 

нын жеп, суын ішіп, қүдығына түкірген» осындай зымияндарға 

тойтарыс  беріп,  соққы  жасағандардың  алғы  сапында  жүрді. 

Сол  кездегі  оның  еңбегін  республикалық  «Ана  тілі»  газеті 

өзінің  «Теріскейдегі  тірегіміз»  деген  мақаласында  (1998  ж.  II 

маусым)  жоғары  бағалап,  ерекше  атап  көрсетті.  Қосекеннің 

суретін  басқан  және  тақырыптың  (заголовка)  өзіне  үлкен  мөн 

берген.  Енді  шагын  үзінді  келтірейік:  «Ормандай  орыстар 

мен орыс тілділер  арасынан  шыққан  ат төбеліндей  ғана қазақ 

зиялыларының  бел  ортасында  біздің  Қосекең  де  жүрді.  Екі 

тілде  бірдей  облыстық  газеттерге  мақалалар  жазып, тіпті  бүл 

үшін  «Қазақ-орыс  жерлестігі»,  «Орыс  қауымдастығы»,  «Лад» 

қозғалыстарының  белсенділерінің  қаһарына да үшыраған  кезі 

болды.  Кінәлады,  жала да жапты.  Ақыры,  Қосекеңнің  соңына 

шырақ  алып  түскен  А.Плешаков  деген  журналист  өзі  ресми 

түрде кешірім сұрап, облыстан кетуге мәжбүр болды.

«Ана тілі» газеті  1997 жылғы 20 наурыздағы санында «Ана 

тілінің» саңлақтары деген тақырыптың астында бір топ автор- 

лармен  бірге  Қосекеңнің  суретін  басып:  «Мүндайда  теріскей 

түстағы  қадау-қадау  қазақтың  үнін  апта  аралатпай  жеткізіп 

түратын  штаттан  тыс  тілшіміз  Қосыл  Омардың  аты  ауызға 

алдымен  ілінеді»  деп  жазды.  Мұндай  мақтауға біз  де  қуанып 

қалдық. Өйткені Қосыл Әбдірахманүлы қаламын біздің газеттің 

беттерінде үштаған.  Оның алғашқы  көлемді мақаласы  (кәсіби 

тілде  айтсақ:  екі подвал)  «Абай  жөне  орыс классиктері» деген 

атпен  «Ленин  туы»  (қазіргі  «Солтүстік  Қазақстан»)  газетінде 

1954  жылғы  4  маусымдағы  санында  жарияланды.  Содан  бері 

газетімізде  үзіліссіз  жарияланып  жүр.  «Перғауыл  еліне  сая 

хат»,  «Көгілдір  айдындар,  алыс  көкжиектер».  «Үнді  еліне



453

саяхат»атты жолжазба, очерктері газеиміздің бірнеше санында

жарық көріп, оқырман ықыласына оөленді.

Қосекеңнің  ақындық  жолда  да  олжасы  олқы  емес.  Көптен

оері  жүрек  түкпіріндегі  сырларын  жыр  жолдарына  ақтарады, 

оның әдеби бүркеншік аты:  Асхаг Әбдірахманүлы.

Өмір силап, тіл үйреткен анадан,

Ең қымбагты дүниеде бар ма адам.

Ақ сүтімен бірге сіңген қаныңа,

Жан азығы туған тілден табылған.

Сондықтан ол ана тілі атанған,

Мирас болып қалған атау анаңнан.

Күш аласың үш бүлақтан Антейдей:

Анаң,  тілің,  туған  елің  -   Отаннан,  -   деп  жырлады 

Қосекең.


Осы  жолдарда  оның  бүкіл  өмірінің  асыл  мүраты  жатқан 

тәрізді.  Анаңа,  ана тіліңе, туған еліңе шексіз де  мінсіз  қызмет 

етуден  асқан  асыл  мүрат  бола  ма  азаматта?!  Жоқ  қой  әрине. 

Қосыл ағамыз сондай асыл мүрат биігінде әрқашан.

«Қазақ тілі»  қоғамы  не  бітірді?  -   деп  қомсынуы  да  мүмкін 

кейбіреулер.  Ана  тілі  -   ана  сүтіндей  екенін  түсінбейтіндер, 

түсінгісі  келмейтіндер  осылай  қыңырайды-ау.  Қынжыласың. 

Ал, Қосыл Әбдірахманүлы бастаған «Қазақ тілі» біздің қалада, 

облыста  біраз  іс  тындырды.  Петропавлда  қазір  төрт  қазақ 

мектебі бар, бүрын орыс тіліне көшкен 30-дан аса қазақ мектебі 

қайтадан қазақ тілінде оқитын болды. Аралас мектептер екі есе 

өсгі. Университетте, арнайы орта білім оқу орындарында қазақ 

бөлімдері ашылды. Соның бәрінде Қосекең қосқан үлес мол.

Біз  Қосекеңмен  бірге  облыс  делегациясының  қүрамында 

Түмен,  Омбы,  Корған  облыстарында,  Абайдың  150  жылдық, 

Әуезовтың  100 жылдық тойларында болдық.  Сол сапарлардың



454

бәрінде  Қосекең  «Қазақ  тілінің»  туын  көтеріп,  облыс  атынан

сөйлеп жүрді, Ресей өңірінде қандастарымызбен әңгіме өткізіп 

«Қазақ тілі» қоғамдарының болімшелерін қүрды.

Ия,  «Жақсының  жақсылығын  айт  нүры  тасысын»  дейді 

дана  халқымыз.  Бүгін  Қосыл  ағамыз  жетпіс  жастың  асқарына

көтеріліп қазақ тілін асылым, ардағым деген қалың жүртының 

қүрметіне  бөленіп  отыр.  Қазақ  тілінің  кешегі  мүшкіл  халіне 

шыбын  жаны  шырылдап,  қанатымен  су  сепкен  қарлығаштай 

арпалысқан  ағамызға  күш-қуат  берген  қара  шаңырақтың 

қөркі, нық түғыры  Мәриям жеңгеміз, балалары мен келіндері, 

немерелері деп білеміз. «Қазақ тіліне көркейте беріңіз!» -  дейді 

бүгін Қосекеңе ана тілін ардақтаған барша қауым.



455

Ғайникен БИБАТЫРОВА

ӨЗАҒАҢ (Ө. ЖӘНІБЕК) ТУРАЛЫ

Басшыныц  бөрі  бірдей  емес.  Көбі  жеке  басыньщ  мүддесіне 

басым  назар  аударады  да  ел  есінде  қалмай  жатады.  Ал

қыршындаи жасынан  елі үшін жарғақ қүлағы жастыққа тимеи 

жүргендердің  бірі  -   Өзағаң  (Өзбекөлі  Жөнібеков)  деп  білемін. 

Ол  өсіресе  рухани  жағына  аса  көңіл  бөлуші  еді.  Қызметін 

өзінің  туған  жері  Оңтүстік  Қазақстан  облысынан  бастады. 

Өзі  осы  облыстағы  педагогика  институтын  бітірген  болатын. 

Осында  облыстық  комсомол  комитетінің  торағасы  қызметіне 

тағайындалды.  Сол  кезден  бастап,  кезінде  бүкіл  қазақ 

жастарының  көсемі  болған  Ғани  Мүратбаевтың  ескерткішін 

орнатуды  қолға алды.  Онда бүндай  мөселелердің шешілуі  аса 

күрделі  болатын.  Себебі  қаражат жағы  Алматы  мен  Мәскеуге 

келіп тірелетін. Соған қарамастан облыстық партия комитетінің 

алдына, Қазақстан комсомолының Орталық комитетінің алды- 

на  мөселе  қойып  жүріп,  табандылықпен  жүзеге  асырған  еді. 

Сонымен қатар Ғани Мүратбаев қорын ашып дәстүрлі сенбілік, 

жексенбіліктерді  үйымдастырып,  одан  түскен  табысты  қорға

аударып,  ескерткіштщ  сапалы  оолуы  үшін  көп  күш-жігерін 

жүмсады.  Сөйтіп козге түскен Өзағаңды Алматыға, Қазақстан 

Комсомол  комитетіне  алып келді.  Мен ол  кезде  қалалық Ком- 

сомол комитетінің бірінші хатшысы едім. Сондықтан болар, біз 

жиі кездесетінбіз. Ол кісінің ең бірінші қасиеті -  еңбеққорлығы 

еді.  Бірдеңені  бастаса  соның  түбіне  жетпей  тоқтамайтын. 

Қандай  кедергі,  қиыншылықтарыңды  жеңіп  шығатын.  Біздің 

қағазбасты қоғамда жүмыс істегенімізді білесін. Басшылардың 

кобі  жазылуға  тиісті  қүжаттарды  басқа  біреуге  тапсыра  сала- 

ды  ғой.  Ал  Өзағаң  болса  соның  бөріне  өзі  кірісетін.  Қолында 

үлкен қара қайшысы  болушы  еді.  Сол  қайшыны  комсомолдан 

бастап, өмірінің соңғы уақытына дейін қолынан тастамай алып

456


жүрді.  Жасалатын  баяндамаларды  алдын-ала  оқып,  ұнамаған 

жері болса қара қайшымен қиып, орнына өзінің жазғанын жап- 

сырып қоюшы еді. Жазуы өте әдемі болатын. Еңбеққорлығына 

қоса аса білімдар адам болды. Мінезі тік. Егер көңіліне бірдеңе 

жақпаса  бетің-жүзің  демейтін.  Оның  осы  мінезін  көбі  түсіне 

бермейтін. Қыңыр мінезді деп бойын аулақ салатындар көп еді. 

Ол  кісімен  дос  болу,  оған  үнау  өте  киынның  қиыны  болатын. 

Тіпті  ер  азаматтардың арасынан да,  біздің комсомолда  қызмет 

атқарған  кыздардың  арасынан  да -   мынау  оның  жақын  досы 

болып  еді»  дейтіндей  адамды  табу  мүмкін  емес.  Өйткені,  ол 

кісінің  досы  болу  үшін  соның деңгейінде  болу керек.  Көбіміз 

ол  жеткен  биікке  жете  бермегендіктен де  Өзағаңмен дос  бола 

алмадық  білем.  Алғаш  Алматыға  келе  қалғанда  орысшаға 

шорқақ  сияқты  көрінген  маған.  Бірақ  оны  да  өте  тез  игерді. 

Мен  Өзағаңмен  Мәдениет  министрлігінде  соңғы  бір-екі  жыл- 

да  бірге  қызмет  атқардым.  Ол  кісі  -   министр,  мен  -   орын- 

басарымын.  Мұнда  да  біз  қағазбен  жұмыс  істедік.  Мәдени 

шараға  қажетті  дүниенің  бәрін  Министрлер  Кеңесінен  не- 

месе  жоспарлау  комитетінен  сүрайтынбыз.  Мысалы  балетте 

билейтін  қыздардың  аяқ  киімінің  цехын  Алматыда  ашамыз 

деп  көп  жүгірдік.  Осының  бәрі  қағазға  тірелетін.  Осының 

бәріне  Өзағаң  өзі  дентіқелей  қірісетін.  Ол  мәселенің  бәрін 

бірдей  бағалайтын,  үлкен-кіші  деп  қабылдамайтын.  Оның 

оңтайлы шешілгенін жақсы көруші еді. Егер қандай да солақай 

басшының кесірінен ол іс шешілмей қалса, сол адамның өзімен 

(басшы  екеніне  қарамастан) ренжісуге  баратын.  Ол  жеті  жыл- 

дан  астам  мәдениет  министрінің орынбасары  болып  істегенде 

қаншама  шешуін  таппай  жатқан  түйінді  мәселелер  шешілді. 

Сонымен  қатар  Орталық  Комитетте  шетелдермен  байланыс 

бөлімі  ашылып  Өзағаң  соның  бірінші  бөлім  бастығы  болды. 

Шетелден келген қонақтарға шетелге барғанда апараіы н тарту- 

таралғылар үшін де ол кісі жанын салды. Бір жағынан қарасаң, 

ұсақ-түйек  мәселе  сияқты  болып  көрінгенмен бүның да  біздің

457


халық  ушін  әнерер  абыройы  мол  еді.  Әр  өрнектің  өзіндік 

шертер  сыры  болу  керек  дейтін.  Қарағандының  қамзолы  мен 

семейдікі,  я  болмаса  шымкенттікі  мен  Батыс  Қазақстандыкі 

жеке  қолтаңбаларымен  өрнектелуін  кадағалайтын.  Өйткені 

қазақ  халқының  ұлттық  ерекшелігін  осы  қарапайым  таргу- 

таралғылар айқындап тұрады ғой.  Ол саясаг үшін емес, халык 

үшін шырылдайтын. Саясаттың өзі халыққа қызмет етуі керек 

дейтін. Халықтық дәстүр салтты зерттеу, зерделеуге Өзағаң осы 

жылдары  аса қатты мән берген еді.  Мұның соңы кандидаттық, 

сосын докторлық диссертаңияга ұласты, бір Өзағаңның бойын- 

да он адамға тән  қасиеттің  бәрі  бар.  Ол -  этноі^раф,  культуро- 

лог, саясаттанушы, тарихшы.

Ол  Комсомол  Орталық  комитетінің  бірінші  хатшысы  бо- 

лып жүргенінде Торғай облысы құрылды.  Осы облысқа Өзаған 

идеология  жөніндегі  обком  секретарі  болып  тағайындалды, 

Жұмысты  нөлден  бастаған  облыс  басшысы  облыстық 

әкімшілік  ғимараты  орналасатын  жерден  бастап,  облыстық 

мұражайдың орындарын өзі  айқындап құрылыс жұмыстарына 

өзі  кірісіп  кеткені  бар.  «Мен  бастықпын»  деп  кеуде  соққан 

мен-мендік  жоқ  еді.  Сол  Торғай  облысын  облыс  еткен  оның 

еңбегін  Торгайдағы  ақсақалдардың  ішінде  көзіне  жас  алмай 

есіне  алатындар  кемде-кем  шығар.  Облыстық  мұражайдың

әрбір экспонатын өзі қолымен әкеліп тапсырган еді. Облыстық 

«Шертер»  ансамблінің  құрылуына  да  өзі  мүрындық  бол- 

ды.  Ол  ансамбльді  басқа  ансамбльдерден  ерекше  етіп  құруға 

талпынды.  Оның  өзіндік  қолтаңбасы  болу  керек  деп  жа- 

нын  салды.  Киім-кешегінің  өзін  тек  торғайлық  үлгіде  жаса- 

та  білді.  Сол  жылдары  Мәскеуде  театр  училищесін  бітіріп 

жатқан  түлектерді  Талдықорған  облысында  музыкалы  -  

драма  театр  ашып  сонда  жібермек  болған  екен.  Талдықорған 

облысының  бүған  жағдайы  болмайды  да  жаңағы  азаматтар- 

ды  Өзағаң Торғайға шақырып  сонда  музыкалы-драма театрын 

ашады.  Бүкіл  халықтың жағдайын  жасап  жүрген Өзағаң  өзіне

458


ешқандай  дүние-мүлік  жинамаған  екен.  Соңғы  сапарға  аттан 

дырып саларда қоштасуға үйіне барғанда үш бөлмелі үйден ай 

нала  алмай  қалдық.  Зейнетке  Орталық  комитеттің  хатшысы, 

депутат  болып  жүріп  шықты.  Сонда  «менің  үйімді  кеңейтіп 

беріңіздер»  деи  кімнің  алдына  барса  да  сөзін  жерге  тастамас

күиттемеді

кешті.

Зейнетке  ерте  шықты.  Көп  ауырды.  Ауруханаға жиі түсуші 



еді.  Әбден  ауру  қажытып  нашарлаған  кезінде  мен  ауруханаға 

көңілін  сүрауға  барған  едім.  Өзағаң  етпетінен  түсіп, 

Түркістандағы  Ахмет  Иассауи  кесенесі  туралы  мақаласын 

түзетіп  жатыр  екен,  өзі  ентігіп  демала  алмай  жатыр.  Тұрын 

отыруға да мұршасы жоқ.

-   Ай.  Өзаға-ай,  денсаулығыңызды  неге  ойламайсыз?  Қоя 

тұрсаңызшы. Сосын жазарсыз? -  деп едім, бірден шарт кетті.

-  Мен  коя  тұрсам  мұны  кім жазады?  Менің енді  қанша жа 

сайтыным белгісіз, кімге сенемін?

-  Жарайды, жақсы. Шамаңыз келсе жаза беріңіз -  деп жылам 

сырап шығып  кеттім.  Өзағаң содан  екі күннен кейін дүниеден 

озды.  Өмірінің  сонына  дейін  Ахмет  Иассауи,  Арыстан  бап 

кесенелері жайында көп енбектенді.

Өзағаң  өнерге  өте  жақын  жүретін.  Ол  кезде  комсомол

сыилығының  лауреаты  деген  атаққа  қол  жеткізу  қияметтің 

қияметі болатын. Өзағаңның тұсында осы атаққа қол жеткізген 

азаматтары  қазір  қазақтың  маңдайға  басқан  ұлдарына  ай 

налып  отыр.  Мысалы:  Олжас  Сүлейменов  -   атақты  ақын, 

ғаламат  ғалым.  Сол  сияқты  Түманбай  Молдағалиев  те  үлкен 

ақындарымыздың бірі.

Оның  публицистік  қызметке  кіріскені  осы  зейнетке 

шыққаннан  кейін  ғана.  Бұрын  да  жазып  жүреді  екен.  Бірақ 

зейнетке  шыққаннан  кейін  біржола  бас  қойды.  Екі  томдық 

«Тағдыр тағлымы»  атты  кітабы  өзінің жүріп  өткен жолы  жай 

ында болса, «Жол айрықта» кітабы архитектура саласынан көп

459


мдғлүматберетін кітап. Біз Ғалымдар үйінде «Тағдыр гағлымы» 

кітабының түсаукесерін жасадық.

Алматы облысгықагқару комиіе іі хатшысыныңорынбасары 

болын  жүрі енде облысіық филармонияның жанынан  «Арқас», 

«Сырнай», «Сазген»,«Адырна» деген үлт-аснантар, «Алтынай», 

деген би ансамблін қүрып еді. Сонда шетелдіктер казак биі тек 

жалғыз ырғақтан түрады деген түсінікте, содан арылуымыз ке-

рек ден Үлкен театрдағы Голушкевич деген балетмейстрді алын 

келіп  оны  бірнеше  ай  үстағаны  бар.  Панфилов  саябағындағы 

¥лт аснантар мүражайын қазір әркім «мен ашыи ем» деи кеуде 

соғатын болды, ол да тікелей  Өзағаңның қатысуымен ашылып 

еді.  Сол ансамбльдің  бәрі  Өзағаңның 70  жылдығына орай  осы 

Ғалымдар  үйінде  концерт  ұйымдастырды.  «Алтынай»  ән-би 

ансамблі еске алу кешін өткізді. Қазақ «Көзден кетсе, көңілден 

кетеді»  дейді.  Ал,  Өзағаң  көзден  кеткенімен,  талай  қазақтың 

көңілінде  жатталып  қалған  десем  артық  айтқандық  болмас. 

Қазақ аман болса, оның Өзағаң сияқты азаматтарының рухы да 

ұзақ жасайды деп ойлаймын.

460


Қонысбай ӘБІЛ

БОЛСАЙШЫ АҒАЛАРДЫҢ БӘРІ СОНДАЙ...

Сағыныштың өзі түрлі-түрлі болады. Бірі -  Адамды сағыну,

оның  ақжарқын  мінезін,  төтті  қылықтарын,  жылы  сөздерін 

аңсау.  Екіншісі  -   Азаматты  сағыну,  оның  істеген  ісін,  өнеге- 

үлгісін, жасаған жақсылығын іздеу.

Өзбекәлі Жәнібековті сөз еткенде осы екінші сезім басымдау 

болатын  секілді.  Ол  кісінің  Торғайдың  мөдениет  ошақтарын 

қүру,  өнерін  көтеру  бағытындагы  толып  жатқан  теңдессіз 

еңбегі  аз  айтылып  жүрген  жоқ.  Менің  сөз  еткелі  отырғаным, 

Торғай алғаш тарап кетіп, халық камкөңіл болып жүрген кездегі 

Озагаңның өзіне ғана жарасар кісілік келбеті, кесек қылығы.

1988  жылы  Торғай облысы таратылған  кезде  «Ёлдің жайын 

ойлап жатырмын», -  деп күнде кеудесін үратын басшылар мен 

оның  маңайындағылар  бір  аптаның  мөлшерінде  ізін  суытып 

үлгерді. Кемесі қүзға соғылып қирағандай әрі-сәрі күй кешкен 

қарапайым халық қалды.

Сондай  күндердің  бірінде  қалалық  партия  комитетінің 

бірінші  хатшысы  Жолдас-Хайыр  Жаманқүлов  «шүғыл  іздетіп 

жатьф» деген хабар алдым.

Келсем, 

хатшының 

кабинетінде 

қалалық 


мәдениет 

басқармасының бастығы Жүмагали Өмірбеков отыр екен.

-  

Қонысбай,  ертең  кешке  Арқалыққа  Өзекең  (Өзбекәлі 



Жәнібеков) келеді, -  деді хатшы, -  Ол кісіні  жақсы  білесіңдер, 

жабылған облыстан қонақасы  жеу үшін келе  жатпағаны анық. 

Халықпен  жүздесіп,  жагдайымызды  көрейін  деген  шығар. 

Соған  өзі  қолымен  қүрған  үжым  өнерпаздарының  басын 

қосып,  Жүмағали  екеуің  бір  жақсы  концерт  өзірлеңдер.  Ал, 

сен  Қонысбай,  сол  концертті  жырмен  аш,  ағамыздың  көңілін 

көтерелік.

461


Бүл  шынында  да  біз  үшін  тосын  жаңалық  болды.  Өйткені, 

Торғайдың несібесі тасык түрған кезде бірі келіи, бірі кетіп жа- 

гатын мөртебелі қонақтар деііннің сап  гыйылғаны қашан. 

Т

іііті

 

кейбір жерлес ағаларымыздың өзі де «бағы тайған» Арқалыққа 



соқпай,  Қостанай  арқылы  елге  асын  кеткен  хабарлары  да 

дүңк-дүңк  естіліп  жатты.  «Арық  атқа  қамшы  ауыр»  дегендей, 

«жүртта  қалған»  Арқалықтың  жарым  көңіл  жүртшылығы 

соның өзіне жүдеп қалатын.

Өзекеңнің келе жатқаны көңілімізді бір көтеріп тастағандай, 

Жұмағали  екеуміз  хатшы  тапсырмасына  құлшына  кірістік. 

Алайда,  көп  кешікпей-ақ  көңіліміз  су  сепкендей  басылды. 

Таңды  таңга  жалғап,  таласа 

өнер 

керсететін  Торғай 



таланттарының елде қалгандарының ән-күйлерін бір сағаттык 

конңергке  жегкізе  алмай  қор  болдық.  Амал  не,  «барымен  ба 

зар»деген... 

. 'V '  _ 





^

Ал, енді конңерттің беташар олеңі қалай болуы керек деген 

де, пікір екіге жарылды.

Арқалығын көруге  асығып  келе жатқан Өзекеңнің көңілін 



бұзып қайтесің. Әдемі әзіл, айшықты сөзбен желпіндіріп айт, -  

десті ақыл қосқан ағалардың біразы.

Алайда  мен  өзім,  жақсы  ағаның  кешегі  оз  колымен  құрған 

онер  ордаларының  сүлбасын  корсете  алмай  түрып,  түк 

көрмегендей  желпілдетіп  оге  шыққаным  қалай  болады  деп 

қиналдым.

Ертесіне  қаладағы  ең  үлкен  Кеншілер  сарайына  «Өзекең 

келіпті, конңерт болады екен» деген хабарға халық қарақүрым 

болып  шүбырды.  Концерт  басталғанда  кең  зал  ішінде  ине 

шаншарлық орын болмады. 

*** 


"

Біздің  «қүрама  концерттерімізді»  коргеннен  кейін-ак 

жағдайды айтқызбай ұғатьщ Өзекеңе ішімдегі мұңымды бір-ақ 

ақтарайын деп шештім. Сөзімнің дәлелі ретінде сонда айтылған 

олеңді толық келтіріп отырмын.



1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал