Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет32/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

435

пайдалы жұмыстарға жұмсалып жагқандығы. Азаматты  ажар

ландыратын, абыройын асқақтататын да осы ғой.

Қойшыбек Тоқтамысүлы жайлы әңгіме қозғалса немесе оны 

мен  кездесіп,  жүздесе  қалсам  кешегі  жауына  қырғидай  тиген 

батыр бабаларымыздың қолындағы  қазақы қайқы  қылыш еске 

оралар  еді.  Сол  қылышыңыз  бізге  қазір  де  қажет  болыгі  тұр. 

Әрине,  жау  жоқ.  Бирак,  халықтын,  ұлттың  ең  бірінші  белгісі, 

адам  үшін  қасиетті,  қадірлі  саналатын  тілінің  бағасын,  мән- 

маңызын түсінбейтін  мәңгүрттер  бар. Оның  жүрегін  сыздата 

тын да, өкпе-ренішін туғызатында солар.

Тіл деген елдін ырысы,

Тіл деген ердің тынысы. 

:

Осыны түсінбейтіндерді,



Тіліңді өсірмейтіндерді,

«Тіліп от» тілмен, сөзіңмен,

Қазақтың  қайқы  қылышы,  — дегің  келіп  тұрады  ел 

мүддесі жолында жалындап жүрген абзал ағаны көріп.

436


ҰЛЫТАУДЫҢ ҮЛТЖАНДЫ АЗАМАТЫ

Сонау  1990  жылдарлың  басында  қазақ  тілінің  болашағына 

қатысты  жан  беріп,  жан  алысқан  сәттер  менің  қашанда  жа- 

дымда. Сол кезде туған елін, кіндік қаны тамған жерін сүйетін 

әрбір  азамат  өз  ана  тілі  үшін  шыр-пыр  болып,  оны  заңды 

тұғырына  қондыру  жолында жан  аямай  қызмет етті.  Рас,  ара- 

мызда арзан беделге ие болғысы, саяси ұпай жинағысы келген- 

дер  де  табылып  қалды.  Әуелде  тау  қопарардай  өре түрегеліп, 

соңынан бүғыгі қалып жатқандар да болды. Дегенмен, осындай 

сындарлы  түста  ана тіліміздің  шын  жанашырлары  күрес  май- 

данынан  кетпеді.  Мен  әңгіме  еткелі  отырған  азамат солардың 

қатарынан.

Бірде жүмыс бөлмеме кештете бидай өнді бір жігіт күлімсіреп 

кіріп келді. Өзін Кенжеболат Махмұтұлымын деп таныстырды. 

Жезказған  облыстық  «Қазақ тілі»  қоғамы  төрағасының орын- 

басары  екен.  Көп  ұзамай  ол  алдағы  жоспарлары  жайындағы 

өз  ойларын  ортаға  сала  бастады.  Бірден  анғарғаным,  тын 

көзқарастары  мол  екен.  Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін, 

оның  қолданылу  аясын  кеңейту  мақсатында  ана  тілімізді 

ғылым, білім, экономика, ең басгысы, бизнес тіліне айналдыру 

керек деген пікірі сол кезде өткір де батыл пікір болатын. Оның 

«ағылшынтілінінәлемдікдеңгейдеқолданыстажүруініңбірден- 

бір  себебі  осы  бір  тілдің бизнестегі  бекем  орны»  деген  сөзі де 

менің жадымда жатталып қалыпты.  Өзінің негізгі мамандығы 

инженер  екендігін,  өндірістің  қыр-сырынан  бір  кісідей  ха- 

бары  барын,  ал  ондагы  қазақ  тілінің  жағдайы  тіптен  мүшкіл 

екендігін  және  соны  мейлінше  сезінгендіктен,  Мемлекеттік 

меншік  жөніндегі  Жезқазган  аймақтық  комитетіндегі  жылы 

орнын осы бір қызыгынан шыжығы мол, билік басындағыларға 

аса жаға да бермейтін  қоғамдық жүмысқа келгенін де  жасыр 

мады. Тіпті, кейбір замандастарының оған «көлден кетіп шөлге 

неге барасың?» деген уәждеріне де қүлақ аспаганын айтты. Осы

437


бір азаматтын шен мен шекпенге емес, керісінше қолынан кел 

генше  ана тіліміздің  мәртебесін бір  мысқал  да болса көтеруге 

келгенін  мен  оның  кейінгі  тіршіліктерінен  де  аңғардым. 

Әсіресе,  Кенжеболаттың  Жезқазған  облыстық  «Қазақ  тілі» 

қоғамы төрағасы  Сәбит Байдалинмен мейлінше тіл табыса әрі 

тізе  қоса отырып,  жұмысты  жанаша үлгіде  сапалы  да сауатты 

ұйымдастыра  алғанын  мейлінше  атап  өткім  келеді.  Осындай 

да  алдымен  ойға  ерекше  істердің  оралатыны  белгілі.  Сондай 

бір  игі  шаралардың  бірі  Жезқазған  облыстық  «Қазақ  тілі»

іШ ш / 

цщ  

і

 



» г>* »  

Ч г . .   Щ* 

^  

> 9 *  


'ш  

у И ь  


•  

м  


• '   -  

4

қоғамының  тікелей  үйымдастыруымен  «Мемлекеттік  тілдің 



қолдану  аясын кеңейту және дамыту жолдары»  атты тақырып 

бойынша  республикалық  ғылыми  тәжірибелік  мәслихат  дер 

едім.  Республика  колемінде  алғашқылардың  бірі  болып,  ана 

тіліміздің  өзекті  мәселелерін  ғылыми  деңгейде  талдап  қана 

қоймай, оларғатиісті орындардың көңілін аударып, қордаланып 

қалған  мәселелерді  шешу  үшін  нақты  іс-шаралар  қарастыру 

қажеттілігін  өз  імжесінде  қоя  білді.  Мәслихат  қабылдаған 

ұсыныстарды іс жүзіне асыру отырыстарында «Жезказғантүсті- 

металл»  акңионерлік  қоғамында,  «Балқашмыс»  -   өндірістік 

бірлестігінде,  Жезқазған  қалалық  әуе  және  теміржолдарында 

мемлекеттік  тілдің  қолданылу  денгейі,  іс  қағаздарын  қазақ 

тіліне  көшіру барысы тәрізді  мәселелер талқыланып,  олардың 

қорытындысы  кейіннен  облыстық  ғылыми-әдістемелік  семи 

нарда қаралды.

Кенжеболаттың  шоқтығы  биік  тағы  да  тың,  бастамасы  -

бүкіл республика көлеміне  мемлекеттік тілдің мұң-мүқтажын 

айту  мақсатында  Жезқазған  облыстық  «Қазақ  тілі»  қоғамы 

«Үлттық  үран  Ұлытаудан  басталады»  атты  тележаңғырық 

ұйымдастыруы.  Оған  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының 

президенті,  академик  Ә.Қайдари,  Жезқазған  облысының  бас 

шылары,  ірі  кәсіпорындардың  жетекшілері,  тіл  жанашырла 

ры  қатысып,  олар  осы  өңірден  шыққан  жаңғырықтың  респу 

блика  одағын  қамту  қажеттігіне  аса  көңіл  аударды.  Сөйтіп,

438


тележаңғырықтың  келесі  тізгіні  Семей  облысына  салтанат- 

ты  түрде  табыс  етілді.  Ең  өкініштісі  сол,  бастама  кейіннен 

жалғасын тагшады. Өйткені, Жезқазған және Семей облыстары 

ол кезде жабылып калған болатын.

Бүлардың  сыртында  Кенжеболаттың  мүрындық  болуы- 

мен  облыстық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  Жезқазған  облыстық  те- 

лерадиокомпаниямен  бірлесе  отырып  үйымдастырған  қазақ 

ісіпкерлері  үшін  «Көсіпкерлік  қадамдары»  оскелең  үрпақ 

пен  отандастарға  арналған  «Атамекен  -   Отчий  край»  телеха- 

барлары,  Сәкен  Сейфуллиннің  100  жылдығын  атап  өту  және 

Байқоңыр  ғарыш  айлағының қоршаған ортаға тигізіп отырған 

зиянды  әсерін  зерделеу  мақсатында  үйымдастырған  «Тіл 

және  Сөкен»  және  «Ауыл  азбасын,  үрпақ  тозбасын!»  авто 

жорықтары, Үлытау өңіріндегі көне ескерткіштердің ЮНЕСКО 

шеңберінде  қорғалуына  қажетті  деген  қүжаттарды  жинақтау 

үшін  жасақталған  әуе  десанты  бүгінде  біздің  жер  жерлердегі 

«Қазақ тілі»  үйымдарына үлгі-онеге  боларлықтай.  Сондай-ақ, 

үлы Абайдың  150 жылдығын атап өту шеңберінде Кенжеболат 

«Семей-Жидебай» жаяу жорығын үйымдастырушылардың бірі 

ғана болып қоймай, сол жорыққа өзі де қатысып,  178 шақырым 

жолдың  өн  бойында  бабаның  рухына  тағзым  етіп  қайтқанын 

естігенімде  оған  деген  ыстық  ықыласымның  арта  түскенін 

жасырғым  келмейді.  Бір  кездескенімізде  озінің,  осы  бір  сапа- 

ры жайлы Кенжеболаттың маған былай дегені есімде: «Кезінде 

Асқар  Сүлейменовтың:  «Жидебайға  кемеңгер  де,  кеше  де 

келеді. Ал мен рухани тазару үшін келдім», -  дегенін оқып едім.

мен  бүл  омірде  нендей  өзім  риза  болатындай  дүние  жасадым 

десем, ең алдымен осы бір тірлігімді айтқан болар едім».

Иә,  қарапайым азаматтың осы  бір жүрек жарды сөзінде көп 

мән бар.


Кенжеболаттай жанашыр азаматы бар елдің рухы да, тілі де 

құрымайтынына сенімдімін.

439


Дәуіг СЕЙСЕНҮЛЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ 

БӘТТАШ СЫДЫҚОВ ЖЕТПІСТЕ

Абай ауылының ардақты ақсақалы, яки ұстаз туралы сөз.

Абай елінде Саржал деген ауыл бар. Дегелеңтауыныңтөменгі 

етегіндегі  бұл  ауылды  Семей  атом  полигоныңың  эпицентрі 

ретінде бүгінде бүкіл әлем біледі десек артық айтқандык емес. 

Солай  дей  түрғанмен  бүл  еңді  мақтанатындай  жағдай  емес, 

әрине. 

.  , 


ЩшШШа

Алайда,  сол  қасіретті  ауылдың  қасиетті  ауыл  екендігі  де 

шындық.  Және  ежелден  солай.  Өйткені,  Саржал  заманында 

Құнанбай қажыға қол ұшын беріп, қолтығынан демеп жіберген 

Догал,  бергідегі  Тәуке  батырлардың  Алаш  көсемдерінің  бірі 

Ахмегжан  Қозбағаровтың,  облыстық  және  ресиубликалык 

басылымдардың  бас  редакторы  дәрежесіне  дейін  көтерілген 

Шаймардан Тоқжігітовтың, от ауыз орақ тілді ақын Тәңірберген 

Әміреновтың, «вальс королі» атанган Бекен Жамақаевтың ота 

ны.  Бұл  ауылдан  одан  бергіде  де  талай  ел  ағалары,  талантты 

өнерпаздар мен білікті ғалымдар өсіп шыққан.

Соның біреуі де бірегейі  - бүгінде  өмірдің жетінші белесіне 

көтеріліп  отырган  Бәтташ  Сыдықұлы  ағамыз.  Бұл  кісі  біреу 

«еліңдегі  көсемің  қайсы,  шешенің  қайсы?»,  болмаса  «ағаң 

қайсы,  панаң қайсы?» -  десе,  есімі ең  алдымен ауызға ілігетін 

адам.  Оның  үстіне  алпысыншы  жылдары  осы  ауылда оқыган 

кейінгі бір лектің үстазы. Ал шөкірт үшін ұстаздан асқан тұлға 

жоқ.  Шөкірт  атаулы  ойын  да,  бойын  да  үстазға  қарап  түзесе 

керек. 

.

Осы  орайда  ардақты  ағамыздың  Саржал  орта  мектебінде 



үстаздық,  басшылық  еткен  кезі  еске  түседі.  Бүл  елуінші 

жылдардың  аяғы  мен  алпысыншы  жылдардың  басы  еді.  Сон 

да  деймін-ай,  Бәтташ  ағамыздың  жасы  отыздың  арғы-бергі

440


жағында  ғана  екен  ғой.  Бірақ,  соған  қарамастан  ұстаздық 

өнегесі  өз  алдына,  бүкіл  елге  көрсеткен  тәлім-тәрбиесі  жеке, 

басқа  әні іме.  Сол  шақта  бала  болсақта,  сонда  есте  қалған  бір 

мысалды ғана айтайын.

Яғни, бірде,  есгіген күлақта жазық жоқ, үлкендер  арасында 

«ойбой, өлгі Бәтташ директор басымен үйіне құдықтан су таси- 

ды екен» деген әңгіме шықты. Өйткені, ол заманда ер адамның 

еркек  басымен  үй  шаруашылығына  көмектескені  өте  солекет. 

Ал  бүгін  ойлап  қарасам,  Бөкең  оны  білмеді  емес,  білді.  Біле 

тұра  жалпақ  елге,  соның  ішінде  әсіресе  ер-азаматтарға  жеке 

басының үлгісімен  әйелді,  ананы  сыйлаудың жөнін көрсеткісі 

келген  болар.  Әйгпесе,  Бәкен  үйіндегі  Үміт  мұғаліміміз  де  ер 

адамды үй шаруасына жүгіртіп қоятындай кісі емес. Екіншіден, 

қажет болса  мектеп директорының үйіне  қолқанат табылмады

дейсіз бе?

Рас, бұл кезде біз төменгі сыныпта оқыдық. Сондықтан ұстаз 

Бәкеңнің, директор  Бәкеңнің барлық қыры  мен сырын білетін 

едік  ден  айта  алмаймын.  Солай  болған  күннің  өзінде  ұстаз 

еңбегіне  шәкірт  баға  беруші  ме  еді.  Дей  гұрғанмен,  мына  бір 

жағдайды айтпаса болмайды ғой деп ойлаймын.

Яғни  сол  алиысыншы  жылдардың  басында  Саржалда 

оқушылардың  жазғы  өндірістік  бригадасы  құрылды.  Брига- 

да  мақсаты  -   қоғамдық  малға  қатаң  мал  азығын  дайындауға 

қолғабыс тигізу. Бұл екі жаққа да -  шаруашылық пен ата-анаға 

да,  үшіншіден  оқушының  өзіне  де  тиімді  шаруа  болды.  Сол 

бір  жылдары  біздің  әкей  совхоз  орталығынан  ақ  кірпіштен үй 

тұрғызып жатқан-ды. Ал мен осы бригадада екі ай жұмыс істеп, 

үш жүз сомнан астам қаражатты сол жаңа үй құрылысына леп 

әкемнің  қолына  ұстатқанымда,  ол  кісінің  қатты  риза  болып, 

өзінше көтермелегі қойғаны  әлі есімде.  Сонсоң әлгі қаржының 

белгілі бір мөлшерін қолыма қайта ұстатып, қалаға жөнелткен. 

Яғни,  киініп  алсын  деген.  Жогарыда  әлгі  игілікті  шаруанын 

үш  жақты  тиімділігі  болды  дегенім  сондықтан.  Ал  республи-

441


ка  көлемінде  кеңінен  тараған  сол  игілікті  шаруаның  басында 

Бәкең  болғанды.  Саржал  орта  мектебінен  алғашқы  алтын  ме 

далистер шыққаны да сол кезең.

Осы орайда, тағы  бір  қалап айтатын жайт,  біз  білетін Бәкең 

сол  кезден  ауыз  сөзге  шешендігімен  бірге,  қаламы  да  жүйрік 

еді.  Соның айғағындай, оның ауыл  өмірі,  ел адамдары туралы 

ой-толғаныстары аудандық, облыстық газеттерде үзбей жария 

ланып жататын. Ал сол шақта қарапайым ауыл адамдары үшін 

газетке  шығу  дегеніңіз  үкімет  наградаларынан  кейінгі  үлкен 

марапат.  Ферма  меңгерушісі  болып  қызмет  істейтін  біздің 

әкейдің  де  Бәкеңнің  қаламына  ілігіп,  көңілді  кәдімгілей 

марқайып қалғаны да әлі есімде. Бүл кісілер сол сыйластықтан, 

бір-біріне  деген  қүрметтен  әлі  күнге  дейін  айныған  емес.  Үға 

білген  кісіге  бүл  да тәрбие.  Ал  заманнан  заман  өтіп  Бәкеңнің 

облыстық  теледидар  мен  радио  хабарлары  комитетінің 

төрағасы  болып  тағайындалуы  да  бекерден-бекер  болма 

са  керек.  Өйткені,  ол  қосымша  мамандыққа  -   журналист 

мамандығына өзін-өзі сол Саржалда қызмет атқарған жылдары 

баулып, тәрбиелеп жүрген-ді.

Сөйтіп 


жүргенде 

үстазымыз 

ауданның 

басқа 


бір 

шаруашылығына  партком  хатшысы  болып  ауысып  кетті. 

Мүны да ел әртүрлі түсінді.  Яғни, біреулер білдей бір  мектеп- 

тің  білдей  бір  басшысы  еді,  елге  сыйлы  еді,  ендеше  туған 

жерде  жүре  бермей  ме  десті.  Ал  екінші  біреулер  болса  оның 

ертеңіне, болашағына үміт артқан.

Айтқандай-ақ  солай  болды.  Үстазымыз  көп  уақыт  өтпей- 

ақ  аудандық  партия  комитетінің  үшінші,  іле  екінші  хатшы 

сы  болып  сайланды.  Содан  бірде  елге  келе  қалсын.  Онда  мен 

тоғызыншы  сыныпта  оқимын.  Кешегі  үстазымыздан  жүққан 

қасиет  болар,  бірер  шәкірт  өзімізше  ауыл  өмірінен  аудандық, 

облыстық басылымдарға хабар-ошар жолдаған боламыз. Оның 

кейбірі  бас-аяғы  шүнтиып  жарияланып  та  жатады.  Оған  біз 

кәдімгідей  мәз-мәйрамбыз.  Бірақ  сол  болмашы  дүниелік-

442


терге  ауданның  білдей  бір  басшысы  көңіл  аударады  деп 

ойлаппыз ба?

Ягни, елге келіп, үйімізге бас сүққан Бәкең маған:  «Әй, әлгі 

Д.Сейсенов  деген  сенбісің?»  -   дегенде  бір  жағы  көдімгідей 

абдырап,  бір  жагы  куанып,  қанаттанып  қалганымды  несіне 

жасырайын.  Бүл  енді  фамилияң  газет  бетінде  жүрсе,  сені  ел 

ағаларына дейін таниды екен ғой деген балалық мақтан. Қалай 

десеңіз де,  үстазымыздың сол бір демеу сөзі  көптеген басқа да 

себептерге қосыла келіп, біз пақырды бейнеті де, қызыгы дамол 

журналистикаға  алып  келген.  Әрине,  ол  оқиға үстазымыздың 

есінде  де  қалмаған  болар.  Сондықтан  соған  орай  алғысымды 

үстазыма арада пален жылдан кейін, бүл кісі ердін жасы  елуге 

толып, үлкен басымен үйіне дәмге шақырғанда айтқанмын.

Міне, содан бері де арада жиырма жыл өтіп, үстазымыз өмір 

шыңының  жетінші  асқарына  көтеріліп  отырса,  ал  біз  болсақ 

елемей  жүріп  елуге  келіп  қалыппыз.  Өмір  дегенің  міне  осы, 

білінбей  жылжып  өтіп  жатады.  Бәтташ  ағамыздың  өзінің 

50  жылдығында  бізге,  шәкірттеріне  қаратып  айтқан  тагы  бір 

сөзі  есте  қалып  қойыпты.  ¥стазымыз  «біз  базардан  қайтқан, 

ал  сендер  базарға  енді  бара  жатқан  адамсыңдар»  дей  келіп, 

баршамызға ақ батасын берген. ¥стазымыз бүл сөзді өмір база- 

рында олжалы болыңдар деген мағынада айтқаны анық. Солай 

дей түрғанмен, ағамыздың да өмір базарына бет алған көштен 

түсіп  қалмағаны  да  шындық.  Басқасы  басқа,  оның  туған  ана 

тіліміздің  жанашыры  ретіндегі  үлангайыр  еңбегі  өз  алдына 

бір  әңгіме.  Бүгінде  ана  тілдің  мүңын  мүңдап,  жогын  жоқтап 

қақсап жүрген қарашалмын деп Бәкеңнің өзі айтпақшы, кешегі 

үстазымыздың үлы Абай атамыз айтқандай, «өнер алды -  тіл» 

«дертімен ауырғаны» қашан. Соған бір ғана мысал.

Бірде  ағамыз  «Егемен  Қазақстанның»  тілші  қосына  жүгіре 

басып ентіге кірді. «Мынау сүмдық қой» деп бастады әңгімесін. 

¥стаз сөзіне ден қойсақ, шындығында сүмдық жағдай. Қысқар- 

гып  айтсақ,  бір  жалғызілікті  ананың  баласына  қатысты  бір

443


оқиғаға  байланысты  ана  тілімізде  жалған  арызын  жергілікті 

ішкі  істер  білімінде  қызмет  агқаратын  өз  қандасымыз 

қабылдамапты. 

Заң 


қызметкерінің 

заңды 


өз 

аяғымен 


басқаны  қалай  дейді  қарадай  күйініп.  Сондықтан  да  «Егемен 

Қазақсганда»  осы  мазмұнда  күйінішке  толы  мақала  жазыл- 

ды.  Бұл  -   кезінде  облыстық,  одан  бергіде  Семей  өңірі  бойын- 

ша  халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  төрағасының  орынба- 

сары  болып  қызмет  атқарып  келе  жатқан  ұстазымыздың  тіл 

мәселесіндегі сан қырлы  енбегінің бір-ақ қыры.  Ал ана тілінің 

қадірі  ата  қорғамаса,  ақсақал  уәж  айтпаса  қайтіп  сақталмақ? 

Ал  сондай  ақсақалдар  еңбегі  осындай  алқалы  мерейтойда ор- 

нымен  марапатталып  жатса несі  айып?  Мәселен  халықаралық 

«Қазақ тілі» қоғамының» Ана тілінің айбары» деген үлкен на- 

града бар  ғой.  Біздікі  қатардағы  тіл  жанашыры  ретінде  айтып 

жатқан ұсыныс.  Болмаса Бәкеңнің бұл мәселеде не тыңдырып, 

не қойғанын ондағы азаматтар білмейді емес, біледі.

Бұған  қоса  біз,  Бәкеңнің  шәкірттері  бұл  кісінің  ұлтжанды 

ұлдар өсіріп, тәрбиелегенін де жақсы білеміз. Орыс ағайындарда 

«Досыңның  кім  екенін айт,  мен сенің кім  екеніңді  айтайын» -  

деген сөз бар. Мұны балаңның кім екенін айт, мен сенің қандай 

әке екеніңді айтайын» деп айтуға да бола ма деймін.

Бекеңнің  үлкені  Ерлан  — «Семей»  университетінің  бірінші 

басшысы, ғылым докторы, профессор. Екінші ұлы Нұрлан бол- 

са  -   «Семей  көмірлері»  кенішінің  бас  директоры.  Ал  кенжесі 

Нұржан Павлодарда, облыстық әкімшілікте үлкен бір бөлімнің 

меңгерушісі.  Бәтташ  аға мен Үміт тәтенің келіндері де  ибалы, 

инабатты жандар.

Жуырда ұстазымыздың  қызмет орнына  бара  қалганымызда 

ол  кісі  Саржалмен  телефон  арқылы  сөйлесіп  жатыр  екен. 

«Сендер  ана  біздің  Нұрланның  Абай  ауданынан  облыстық 

маслихатқа  депутаттыққа  кандидат  болып  тұсіп  жатқанын 

білесіндер,  -   деді.  Үстазымыз  қашанғысынша  жылдамдата 

сөйлеп. -  Ал ол бұл бәйгеден өте ме, өтпей ме, бағы біледі. Мен

444


сендерден Нұрланнан бұрын анау Нәубәтқа ұйымдасқан түрде 

дауыс берулерінді сұраймын».

Бұл -  Бәкеңнің айна қатеш өз сөзі. Ал Нәубәт деп отырғаны

  өз  шәкірті.  Республика  Парламенті  Мәжілісінің  депута



ты  Нәубәт  Қалиев  бұл  шақта  осындай  аламан  бәйгеге  қайта 

қосылып жатқанды.

Осыдан  бірер  жыл  бүрын Бәтташ  Сыдықұлы  Абай  ауданы- 

ның  бүрынғы  бірінші  басшылары  сапында  осы  Абай  ауылы- 

ның құрметті азаматы деген атақты иеленген еді. Бәкең кезінде 

мұнда  бірінші  басшы  болмаса  да,  бұл  дұрыс  шешім  дескенбіз 

сонда.  Иә,  ол  кісінің  қасиетті  Абай  ауылының  қүрметті 

азаматы,  құрметті  ақсақалы  екендігінде  ешкімнің  дауы 

болмаса керек.

445


Бақыт МҮСТАФИН

АСЫЛ МҮРАТ БИІГІНДЕ

Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын шамасы.  «Қазақ тілі» қоғамы 

құрылып,  бәріміз  мәз-мәйрам  болысын,  көзіміз  күлімдеп, 

жүзімізге қан жүгіргендей қуанысып қалғанымыз бар. Қазақ тілі 

үйірмелері  қала  кәсіпорындарында,  үйымдарында  қүрылып, 

өжептәуір сернілістің сыңайы сезілгені жүрегімізді жылытты. 

«Қазақ  тілі»  үйірмелері  қүрылып  жатыр»  деген  создер  қазақ

тілінде  оолмаса  да  орыс  тілінде  оиік  мшоелерден  естіліп, 

кейбіреулер күпілдеседі. Үлкен қозғалыс еді бүл. «Тіл туралы» 

заңның екпіні кеулеп, көкірекке кең даланың самалындай есті. 

Қазақ  тілі  мемлекеттік  мәртебе  алып,  ауызға  іліне  бастады. 

Тәуелсіздік таны түрілген түс қой.

Дүйсенбі  сайын  таңертең  облыстық  әкімшіліктің  шағын 

мәжілістер  залында  дәстүрлі  кеңес  өткізіліп,  өткен  аптаның 

тындырылған  істері  тілге  тиек  етіліп  жатады.  Әрине  алды- 

мен  экономика  жайы  айтылады  да,  соңына  қарай  әртүрлі 

мөселелердің  басы  шалынып,  арасында мемлекеттік тіл  тура- 

лы да мәселе қозғалады.

-   Қазақ  тілі  үйірмелері  әрбір  үйымда,  заводта,  фабрикада 

құрылды.

-  Қазақ тілі үйірмелерінің сабақтары да өтіп жатыр.

-  Қазақ тілі үйірмелеріне басшы да, қосшы да қатысады.

-  Арнайы бағдарлама бар.

-   Сөздіктер,  оқулықтар  алдық.  Осы  тәрізді  салмақты  да 

салиқалы  сөздер  естіледі.  Үндері  де  нық.  Кеңесті  басқарып 

отырған үлкен бастық та басын қайта-қайта изеп, «дұрыс екен, 

дұрыс-ақ» дегендей жан-жағына разылықпен көз жүгіртеді.

-   «Тіл  туралы»  Заңды  орындау  керек,  оны  орындау 

бәріміздің  міндетіміз.  Үйірмелерді тағы  да көбейту керек.  Екі 

есе  арттырыңдар.  Бүл  мәселе  назардан  тыс  қалмасын.  Талап-

446


ты  күшейтеміз. Тіл туралы мәселені күнде сұрайтын боламыз. 

Енді сүрақ, пікір бар ма? — деп ол шағын залды шолып шықты. 

Көңіл  орнықты.  Біраз тақырыптар  тиянақты  тұжырым тапқан 

сынды.


-   Жоқ  па?  -  деді  тағы  да.  «Осымен тәмамдалды»  дегендей 

алдында  үстел  үстінде  жатқан  қагаздарды  жиыстырмаққа 

қолын созды.

-   Менде,  -  дел  біреу  қолын  созып  орнынан  көтеріле  берді. 

Бәріміз  жалт  қарадық.  Бізден  алысырақтау  еді.  Өзіміздің 

ағалардың бірі  екен.  Жиналыстардан жауыр  болған жүрт емес 

пе,  біреу  қол  көтеріп,  белсенділік  белгісін  берсе  бәрі  ұнатпай 

қалады.


-   Ә, 

«Қазақ тілі».  Ия? -  деи үлкен  бастық жымиып жаңағы 

жылы  сөздерге  риза  болған  ыңғайын  танытып  қалды.  -   Әлгі 

сөздерді тыңдадыңыз ғой. Қалай дейсіз?

-  Шығарып  салма  сөздер!  -  деді  «Қазақ тілінің»  төрағасы. 

Бастықты  қостап  жымия  қоймады.  Кірпігін  де  қақпай  тура 

қарап,  қоңыр  үнмен  толғандырған  ойын  өрі  дөттей  баста 

ды.  Үйірмелердің  саны  барда  сапасы  жоқ.  Әншейін  тізімдеп 

қойғаны  болмаса,  үйірме  сабағына үзбей  қатысып, қазақ тілін 

үйреніп жатқан кісілердің қарасы шамалы.

-  Жаңағы сөздердің бәрін жоққа шығарасыз ба? -  деп бастық 

еңді ыңғайсызданып қалды. Жаңағы көтеріңкі көңілі де су сеп- 

кендей басылды.

-  Көбі қағазда ғана жазылған үйірмелер деп ойлаймын.

-  Енді не істеу керек сонда?

-  Сөз емес, іс керек.

-   Өзіңіз  бір  кезде  осы  қалада  идеология  жұмысын 

басқардыңыз  ғой.  Енді  не  істеу  керек,  сіз  айтыңызшы.  Сіздің 

ақылыңызды  да  тыңдайық.  Басқа  жұмыстың  бәрін  жауып

447


қойып, тіл үйренуге отырамыз ба? Күштеу, қысым жасау қиын 

ғой. Ол заңға қайшы.

-  Науқанға айналдырмайық.  Науқанмен басын дүрілдеткен

соң аягы сүиылып кетеді.

-  Үсыныңыз қандай? Науқанды қояйық онда.

-   Жаңадан  қазақ  мектебін  ашу  керек,  Орыс  мектептерінде 

қазақ тілін оқыту керек. Бүрын оқытылған, қазір тоқтаттық.

-  Қаржы жоқ. Кадрлар жоқ.

-  Жоқ деп алақан жаюға болмайды. Үкіметке айтайық, Пре- 

зидентке  хат  жазайық.  Қазақ тілін,  мемлекеттік  тілді  мектеп- 

терде  оңдап  оқытпай  үйірмелермен  іс  бітпейді,  -   деп  «Қазақ 

тілі» әр сөзін шегелеп, қадап айтты.

-  Үлкендерді мектепте оқыта алмаймыз, үйірмелер де керек,

-  деп үлкен бастық жанары салқындап, қолындағы қаламсапты 

ақ қағаздың үстіне тастай салды.  Баяғы заман болса дәл бүлай 

қарсы келгендерді қайырып-майырып тастар ма еді, кім біледі. 

Заманның өзгергені емес пе. «Демократия, сөз бостандығы» де- 

ген дүркіреме дүбір-дүбір етеді кейде.

Келесі  кеңестерде  бастық  шаруашылық  мәселелеріне 

уақытты  кобірек боліп,  мемлекеттік тілді  үйрену,  оқыту тура- 

лы  әңгімені  жауып  қоюға  айналды.  «Қазақ  тілінің»  төрағасы 

бірде сәтін тауып тағы да орнынан көтеріліп сүрау салды:

-   Қазақ  ата-аналары  балаларын  қазақ  мектебіне  бергісі 

келеді.  Қазақ  мектебін  ашу  мәселесін  ойланайық  деп  едіңіз. 

Сол  ойланумен  қалама?  -   деп  ақырын  айтып  еді  бастық  сөз 

салмағын түсінді.

-  Өтпелі кезең емес пе? Қаржы жоқ. Үкіметтен сүрап жатыр- 

мыз. Бір шешімін табамыз, -  деді ол.

-   Біз  де  көмектесейік.  Қиын  екенін  түсінеміз.  Бірақ  отпелі 

деп  отыра  беруге  болмас.  Үкіметке  делегаңия  жіберіңіз.  Бізде 

барайық.  Жағдайды  айтайық.  Қалада,  облыс  орталығында 

бір  қазақ  мектебінің  болмауы  сүмдық  емес  пе,  ойланып 

көріңіздерші.

448


-  Бір  мектеп  бар  ғой,  —

 деп  күбірлен  қалды  отырғандардың 

бірі.

-  Ол облыстық қазақ мектеп-интернаты.  Оған ауыл балала 



рын қабылдайды.

-  Әзірге қала балаларын да қабылдайтын етсе.

-   Ол  қаланың  шетінде,  бірінші  сынып  балалары  қалай 

жетеді? Әзірге деп «үзын арқан, кең түсау» салуға болмас.

-  Бір амалын іздейік, -  деп бастық желкесін қасығандай бол 

ды.


-   Бірер  сынып  ашумен  шаруа  бітпейді.  Балабақша,  екі-үш 

мектеп ашу керек. Перспективаны ойласақ.

-   Алдымен  бүгінгі  тілекті  орындайықшы.  Қазақ  мектебін 

де,  қазақ  балабақшасын  да  ашамыз.  Тек  оқушылар,  балалар 

болама?

-  Жетеді. Тілек білдірушілер көп.



-   Үйымдастырыңыздар  онда,  -   деп  бастық  міндеттің  бір 

үшын бүған да іліктіріп жіберлі. «Болмайды екенсің» дегендей 

іштентынды.

-  Бүл кім өзі?

-  Қайдан келген?

-  Бүрын не істеген?

-   Үлкен  бастықты  састырды  ғой,  -   дескен  сүрақтар  да 

отырғандар  арасынан  күңкілмен  естіліп  жатыр.  Бірен-саран

ғана. Жастар жағы. Әйтпесе шағын залға жиналғандардың бөрі

«Қазақ тілі» төрағасын жақсы біледі.

-  Қосыл Әбдірахманүлы ғой.

-   «Қазақ  тілі»  қоғамының  облыстық  филиалының 

төрағасы.

«Қазақ тілі»  қоғамына қалай кіріп  кеткен?  Ол  қазақ тілінің 

маманы  емес  қой.  Қазақ  тілін  біле  ме  екен  өзі?  -   Арасында

шымшыма  әзілі,  сүрау,  жауаоы  аралас  осындаи  гу-гу  сөздер 

кеңес  аяқталган  соң  да  калың  топтың  ортасында  есгіліп  бара

жатты.  ыреулер  ашық  аитылған  сынды  іштен  үнатпады,




1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал