Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет31/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

421

Қолдасқанмен қолдасқан, 

Арбасқанмен арбасқан. 

Бұйра бұлт секілді 

Бұйра шашын қар басқан.

Бір өзі бір үй толтырып 

Отыратын қасқайып 

Жаралғандай жартастан! 

Алп, алп басқан, алп басқан, 

Мандайы ашық марқасқам.

Елім десе, қақырап 

Қабырғасы сөгілген,

Жерім десе, шырқырап 

Жан-жүрегі езілген,

Артық та туған ағам-ай!

Сапырып сөздің теңізін 

Іздеген ойдың маңызын. 

Өткеннің қиян түбінен 

Арқалап жеткен аңызын. 

Халықтың мүңлы зарынан 

Жаралган қара қобызым. 

Халықтың шерлі жанынан 

Жаралған дана Абызым!

Әділдік үшін туыс пен 

Жақынын да жатсынған. 

Шамына тисе, болаттай 

Шамырқанып шарт сынған! 

Өңменінен өткізіп,

Жетесіне жеткізіп 

Айтам десе, айта алған. 

Жібектей соңсоң есіліп, 

Бөрін де бәрін кешіріп


Қайтам десе қайта алған..

Сөйлеп берсең шешіліп 

Айналасың шешенге,

Сөйлеп берсең көсіліп 

Айналасың көсемге.

Сол бір кезде мен сені 

Бұлт байлаган басына 

Қаратауым десем бе,

Алатауым десем бе,

Жанартауым десем бе,

Дара тауым десем бе,

Дана тауым десем бе?!

Кекілбаевпен  тыгыз  араластыгым  жоқ.  Ол  кісінің  маган 

жылы пейілін гана сезінемін. Жылылықты пайдаланып, ұдайы 

араласып  тұруга  ұмтылмаймын,  себебі,  көнеден  бұгінге  жет- 

кен,  Конфуңийлерден  қалган  рәсім,  дәстұр,  жөн-жоралгы  де- 

ген  қасиетті  ұгымдар  ұлы  кісілерді  айрықша  ұлықтаулы, 

мезі  етпеуді,  ягни,  біздіңше  айтқанда,  анқ  асты  етпеуді  қатаң 

тапсырады.  Осыны  ұстанамын  да  ол  кісіні  рухани  ұстаз 

тұтынумен шектелемін. Сырт көзге суықгау, оңайлықпен еліге 

қоймайтын,  енжар,  бейтарап  көрінетін  оның  салқынқанды 

кейпі  саналылықтан,  биік  адамгершіліктен,  ізгіліктен  леп 

ұгынамын.

Жақында,  Әбекеңнің  бір жайларлы  әңгіме  үстінде  айтқаны 

деп,  республика  Үкіметін  он  төрт  жыл  басқарган  Бәйкен 

Әшімов:  «Біз  бірін-бірі  жақсы  білгісі  келсе,  бір-бірінен: 

«Еліңде  кімің  бар?» -  деп  сұрайтын  жұртпыз.  Құдайга шүкір, 

мұндай  сауалдың  тұсында  сақал  сипап  қалган  жеріміз  жоқ, 

Жау  бетке  -   білектімізді,  дау  бетке  -   біліктігімізді  жүмсаган 

халықпыз»,  -   деген  сөзін  асқан  ризалықпен  «Егемен 

Қазақстанда» жарияланган мақаласына арқау етіпті.

423


Кез келген толқыішың қуаты жеке адамдардың күшіне бай- 

ланысты.


Мұхаммед  пайғамбардың  бір  хадисінде:  «шариғат  -   менің

аитқан  сөздерім,  тарихат  -   меюң  жасаған  іс-амалдарым, 

хақихат -  менің ішкі сырым», -  делінген. Әбекең осы үшеуінде 

үндестікке жеткен.

Әбіш  аға  бала  кезінде,  соғыстың  соңғы  жылдары  бір  түс 

көріпті.  Түсінде үй сыртында тұрған көкшіл  шапан сұр  етікті, 

биязы  күлкілі,  шырайлы  жанарлы,  нұрлы  өңді  бір  кісі:  «Бері 

кел,  балакай.  Шығып  кет,  қорықпа.  Мен  Құдаймын»,  -   депті. 

Қарғып  тұрып,  есіктен  сыртқа  атып  шықса,  сыртта  ешкім 

жоқ,  күн ғана мейірімін төге  оның  өзіне  ғана  қарап тұрғандай 

екен. Осы түсін алпысыншы жылдары Мүқағали ақынға жоры- 

тыпты.  Мұқаң:  «Байқа, бауырым.  Саған көктің назары түсіпті. 

Сауығың  сарқылмас.  Базарың  баянды  болар»,  -   деп  көлдария

көңілмен жақсыға жорыган екен. 

а   ‘


Көктін назары түскең,  базары  баянды жазушы  әрі саясаткер 

Әбіш  Кекілбаевтың  бүгінгі  шыққан  биігімен  қоса,  ертеңінің 

жарқын да берекелі болуын тілейік.

424


ҚЫЗ -  ҒҮМЫР ТАҒДЫР ТАҒЛЫМДАРЫ

Әу  баста  Фариза  ақынның  сезімтал  жүрегі  мен  жүйрік 

көңілінен  шыққан  осы  бір  кесек  сөз  менім  де  көкейімнен  кет- 

пей  қойды.  Асылы  жүректен  шыққан  сөз  жүректерге  жетеді 

дегеннің  негізінде  шындық  бар.  Кітаптың  аты  осылай  аталса,

қаитер  еді  деген  оимен  ғалым,  педагог,  қаираткер,  замандас 

Шәмша  Көпбайқызы  Беркімбаеваның  мына  қолжазбасымен 

таныса  келе  сан  алуан  сырсандық  өлеміне  сапар  шеккендей 

болдым.  Айналасына  саналы  көзбен  қарай  білетін  саналы 

адамның  көкейіне  түйетіні  көп  болса  керек.  Шөмшаның  да 

көргені  мен  коңілге  түйгендері  жетерлік  екен.  Сауаттылық  -  

саналылықтың  кайрағы  іспетті  нәрсе  ғой.  Қолжазба  авторы 

сананың  сырлы  әлеміне  озінің  сауат-жігерімен  көтерілгенін 

байқатып отырады.

Сонымен «Қыз -  ғүмыр  тағлымдары»  деп  біз  атап отырған 

бүл  топтама  осылайша  неше  алуан  ойға  жетектейді.  Өйткені 

мүндажинақталып берілген мақала-эсселердің әрқилы жылдар 

да  әр  алуан  тақырыптарға  жазылғанына  қарамастан  төуелсіз 

еліміздің  туғырын  бекіте  түскен,  алдағы  кезеңде  де  нықтай, 

іргелеңдіре  беретін  келеді  мәселелерді  қозғайды.  Бүларды 

басты-басты  мынадай  салаларға  бөліп  қарастыруға  болатын 

төрізді.


Бірінші, оқу-білім мәселесі.

Екінші, мемлекеттік тіл мәселесі.

Үшінші, үлттық тағлым-төрбие, 

үлттық педагогика мәселесі т. т.

Мүның қай-қайсысы да бір-бірімен бай ланысын үзуге болмай- 

тын, өрі күн тәртібінен ешқашан түспейтін ең өзекті мөселелер. 

Алдымен байқалатын ең басты нөрсе осында қозғалып отырған 

мөселелерді сырттан топшылап тон пішетін әлде біреу ондайлар 

да кезігіп қалады емес пе, өмірде емес, бүл салаларда әлденеше 

жыл  тікелей  еңбек  етіп,  оның  ыстық-суығына  араласқан  тер



425

төккен жанның терең түсініп, күйзеле, жаны күйе жазуы. Және 

ол  күйрек  ойдың  тасасында  калып  дәрменсіздік  танытпайды, 

содан  шығар  жолды  да  нүсқап  өзі  де  жігерленіп,  оқырманын 

да  жігерлендіріп  отырады.  Көбінесе  оз  ой-пікірлерін  нақты 

дерек  мысалдармен  жетектеп,  түйінлеп,  түйіп  тастап  от- 

ыруы  сізді  мақүлдатпай  қоймайды.  Бүл  білімді  азаматтың 

біліктілігінен хабар  беретін кімді де  болса сүйсіндіріп отырар 

жақсы нышандар.  Сөйтіп ол осынысымен тиісті мекемелердегі 

жауапты адамдарға ой тастап, үлтымызға аса қажет мәселелер- 

ге  саналы  өмірін  сарп  етіп  жүрген  зиялы  қауымға  қарыз  бен 

парыз атты киелі үғымдарды көлденең тартып, сезімге тиер соз 

қозғайлы.

Шәмша 

Көпбайқызының 



алдымен 

баратын 


сүйікті 

тақырыбының бірі -  оқу мен білім саласына байланысты, оның 

ішінде мектеп пен мектепке дейінгі оқу орындарының тағдыры. 

Мүның өзіндік себебі де жоқ емес. Оқу ағарту жүмысы оның сан 

жылдар  бойы  саналы  өмірін  сарп  еткен  жоне  еркін  жайлаған 

жайлауы  десе  болғандай.  Сондықтан  бүл  мәселелердің  қыр- 

сырын  ол  жақсы  біледі.  Әсіресе  мектептердің,  оның  ішінде 

қазақ мектептерінің жағдайын жетік білегіні аңғарылады.  Оқу 

төрбие жүмысындағы үзілмес рухани жалғастық байқалады.

Қараңғылықта  күн  кешкен  қалың  елі  қалағының  сауатын 

ашуды  өмір  бойы  көксеген  Ыбырай,  Абайлар  дегеніне  жете 

алмай  арманда  өтті.  Бірақ  олар  үрпағына  үмытылмас  ой  та 

стап  кетті,  көкейлерде  өшпейтін  от  жағып  кетті.  Содан  тау- 

сылмас  нор  алған  оның  ізбасарлары  халықты  қараңғылықтан 

шығарар  жолдың  бірде  болса  бірегейі  -   елді  мектеп  арқылы 

төрбиелеудің,  сауаттандырудың  жөні  бөлек  деп  білген.  Автор 

міне  осы  түбегейлі  алтын  желіден  әсте  айрылмайды.  Соны 

негізге  ала  отырып,  ол  қазақ  мектептерінің  болмысындағы 

келеңсіз  жайларды  тілге  тиек  етеді.  Жалпы  білім  беру 

жүйесіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді саралайды.



426

Шынында  қазақ  мектептері  мен  балабақшалар  қазақ 

зиялыларының  қай-қайсын  да  бейжай  қалдырмайтын  сала. 

Еліміздің  басынан  өткен  қилы-қилы  оқиғалар  оқу  жүйесіне 

әсерін тигізбей қоймағаны мәлім. Соның ішінде, әсіресе үлттық 

сана  мен  дәстүр-дағдымызды  қалыптастырып,  текті  тәрбие 

негізін қалайтын қазақ тілін оқыту мәселесі жы лдан жылға сүй- 

ыла түскені  жас  үриақты жат қалыпқа салып жібергендей  еді.

Мемлекеттік  тіл  деп  арнайы  заңда  әйгілеп,  қазақ  тілінің 

багыты аша ма деген басқа да қүжаттардың әлденешеуі д үниеге 

келгенмен  әлі  күнге  енсе  көтере  алмай  жатуымыздың  түп 

себебін осы тілтүқыртпадан ізлеу керек сияқты. Ш. Беркімбаева 

қазақ мектептерінің көпшілік біле бермейтін шерлі шежіресіне 

тереңдеп.  олардың  жыл  өткен  сайын  неге,  қалай  қысқарып 

отырғанын соған орай тіл сабақтарының қандай күй кешкенін 

және  үлттық  тәрбие  берудің  негізгі  кілті  есепті  бүл  пәннің 

керексіз  сабақтар  қатарына  қалай  шыгып  қалғанын  жаны 

қүйзеле  жазады.  Кеңес  дәуірінің  әйгілі  өкілдері  -   Сталин, 

Хрущев,  Горбачев  заманында әмбеге  ортақ  бір  гана тіл  жасау 

сансатынын  қаншалықты  даярлықпен  жүргізіліп  отырғанын 

жүрек сыздай сезінесіз. Автор осы шерлі сырды алдыңызға ая 

май  жайып  салады.  Сонымен  бірге  тәуелсіз  ел  болған  бүгінгі 

жағдайда оқу-тәрбие жүмысын жолға салып жандандыра үшін 

амалдарын көрсетуге тырысады.

Ендігі  жерде  оқушының  жеке  басының  өзіне  ғана  тән 

ерекшеліктері  ескерілмейтін  оқу  жүйесінің  үлттық  тағлым- 

тәрбиеге  қаншалықты  зиян  келтіретінін  сарамандықпен 

дәлелдейді.  Оның  аралас  мектептерде  тәрбиеленіп  жатқан 

қазақ балаларының жағдайын ойлап күйзелгеніне сенесіз.

Ш.Беркімбаева  ана  тәрбиесіне  айрықша  мән  береді.  Шы 

нында  қазақтың  үрпақ  тәрбиелеу  ісін  тереңнен  тартып 

қарар  болсаңыз  үлгі  етер,  өнеге  түтар  қаншама  мысалға  тап 

боларыңыз  хақ.  Осының  қай-қайсысында  да  аналар  әлемінің 

айрықша  орны  байқалады.  Мүның  сан  алуан  мысалын  қазақ

427


эпостары  мен  ертеплерінен,  аңыз  әңгімелерінен  және  көркем 

әдебиет үлгілерінен табасыз. Бұл ретте Шәмшаның аты аңызға 

айналып  күні  бүгінге  дейін  ұмытылмай  келе  жатқан  Айша 

бибі, Домалақ ана, Шоқанның анасы Айғаным, Абайдың әжесі 

Зере  мен  анасы  Үлжанды,  немесе  аналар  кескінін  келістіре 

сипаттаған  Ғ.Мүсірепов  әңгімелерін  тілге  тиек  етуі  қисынды- 

ақ  үлы  М.Әуезов  бабалардан  ұласқан  тағлым-гәрбиеге  сүйене 

отырып,  «бесігінді  түзе,  қазақ»  деген  осиет  қалдырған.  Бүл 

сөздің негізінде түбірлі ой жатыр.  Қазір  бесік  жырын айтатын 

аналар қатарының мүлде селдір екеніне, тіпті елдің ән айтудан 

қалып баражатқанына, әрине жүрек сыздайды.

Қазақта адамға ат қою дәстүрінің өзіңде қаншама тағлымдық 

сипат  жатады.  Мәселен,  жеңге  мен  келіннің  кайнағалары  мен 

қайындарына, абысын-ажындары мен қайын сіңлілеріне қойыгі 

алтын  аттарының  астарында  қаншама  ой  мен  сыр,  шешендік 

пен тапқырлық үлгілері, ізет-құрме г іздері, инабат пен мейірім 

шапағат бар. Тіпті атасының атын атан алмау үшін қазақ сөзінің 

қайнарынан қалағанынша емін-еркін көсіи алын қолдана білетін 

шеберлігіне  тәнті  болмауға  шараңыз  қалмайды.  Осының  бәрі 

тіл ұстартуға баулитын таптырмайтын үлгі.  Қазақ сөзінің осы 

теқтес таусылмас қайнарын іске жаратуға келгенде жіберіп жа 

татын пықтарымызда есеп жоқ.

Бір  өкінішті  жері 

сол,  бүрын  негізінен  огбасында 

қалыптасатын тіл ұстарту мектебінің басы  қасында аналар  бо 

латын. Кеңестік дәуірде әйелдер қызметі отбасынан кеңселерге 

ауысты да бала тәрбиесіне нүқсан келтіріп алдық. Неге десеңіз 

бала  тәрбиесімен  күнделікті,  үздіксіз  айналысуға  әйелдердің 

мүмкіндігі  болмады.  Негізігі  мақсат  қызметке  ойысынқырап 

кетті.  Осы тектес  салғырттықтар  салдарынан бұрын болмаған 

оқиғаларға  кезігіп  таңғалып  жататынымыз  бар.  Әйелдердің 

тәрбие жүмысымен айңалысуға мүмкіндігінің аз екеніне дәлел 

ретінде  Шәмша  мынадай  мысал  келтіреді.  Жарты  миллионға 

гаяу әйел заты  ауыр жұмыспен айналысады екен.  Олар  күніне

428


25-30  тоннаға  жуық  жүк  көтереді  екен.  Ал  Франция  сияқты 

елдерде  өйелдер  көтеретін  жүктін  салмағы  күніне  400  кг-нан 

асса тыйым салады.  Бізде бүл аз дегендей  өйелдерді тракторға 

отырғыздық,  мал  соңына  салып  қойдық.  Тарихқа  барсақ, 

қазақтың ең  кедейінің өзі  өйелдерді  қой соңына салмаған,  мал 

бақтырмаған.  Осының өзінен-ақ бүрын бізде әйел баланы қадір 

гүтудың дәрежесі қаншалықты болғанын байқап  көреміз.

Қазір өдепсіз қыз, шайпау келін, оспадар үл қайдан шықты деп 

опынамыз. Ең масқарасы сол тастацды балалар, жетім қарттар, 

маскүнемдер,  жезөкшелер,  үры-қарылар  саны  күннен  күнге 

көбейіп барады.  Әлденеше  ғасыр бойы  халқымыздың түрмыс- 

тіршіліпнде  қағидалық синат алып,  бүлжымас  заң дәрежесіне 

жеткен  дәстүрдағды,  өдет-ғүрып,  салт-сана  үлгілерінін  ең  ип 

түрлерінің өзі елеусіз, ескерусіз аяқасты болуыныц салдарынан 

да үлттық төрбие  негізіне  үлкен  нүқсан келтіріп алдык.  Мына 

қолжазбадан орын алған бүл мөселенің маңызы айрықша екенін 

ашып айтқымыз келеді. Автормен қоса күйзеліп, автормен қоса 

ой сарсанына түсіп отырдық.

Сондай-ақ,  мүнда  Қазақстан  төуелсіздігінің  негізгі  белгі- 

сінің  бірі  -   мемлекеттік  тілдің  жайы  елжіреген  сүйіспендік- 

пен,  айрықша  ықыласпен  сөз  болады.  Әсіресе  оның  үй  іші 

мен отбасынан  бастап үзіліссіз өрі толассыз жүргізіліп  отыра- 

тын  ана  тіліндегі  төрбие  мәселесіне  мөн  беруі  айрықша  на 

зар  аударгады.  Бүл  түста  қазақтың  ауыз  әдебиет  үлгілері  мен 

лира  этникалық  дастандары,  батырлық  жырларының  рөлін 

баса көрсетуі де орынды. Атамекенін ар-үятына балайтын нағыз 

отаншыл  үрпакты  баулу  оқу  орындарының  басты  бағытына 

айналуы керек екені төптіштеледі.

Шындығында  ананың  ақ  сүтінен  даритын  ана  тілді  қадір 

гүтпаған  үланнан  кандай  отаншылдық  сезім  күте  аласыз. 

Аталған келенсіздіктердің көбі ана сүті мен ана тіліне жасалған

429


опасыздық  салдарынан  болса  керек.  Міне,  сондықтан  Шәмша 

мектептердегі  тіл  сабақтарына  айрықша  мән  береді.  Мұңдағы 

ең  басты  мәселенің  бірі  -   тіл  үйрету  сабағына  қоса  тағы  бір 

өзекті  мөселеғе  тереңдейді.  Ол -  оқушылардың  тіл  мөдениеті 

туралы  мөселе.  Қүдайға  шүкір,  қазір  қазақ  мектептерінің 

қатары  көбейе  түскені  белгілі.  Бұған  сүйінесің,  ал  мектеп 

ауласына  кіре  қалсаңыз,  мұндағы  көз  көріп,  құлақ  естіген 

көрініске  күйінесін!  Жаңа  ғана  сабақтарын  қазақша  оқып 

шыққан  оқушылардың  бәрі  бірдей  неліктен  орысша  сөйлей 

жөнелетінін қайран қаласың.  Жалпы оқу жүйесінде неше  алу- 

ан  өзгеріс-өрістер  болып  жатқанмен  және  соған  сөйкес  пөн 

оқыту  талаптарының  күшейе  түскенімен  бүл  қүбылыс  қазақ 

мектептерінің көбіне тән. Бұл жағдай қазақ зиялыларың ойлан- 

дырмай қоймаса керек.

Қазақ  мектептеріндегі  тәрбиенің  үлттық  негізін  қалағысы

келетін үстаз дана Абай тағлымынсыз нәтижеге жете алмайты-

ны ақиқат. Шәмша ойы бір сәт осы дарияға ойысады. Міне осы

жөніндегі өрістетілген пікір-толғамдардың да парқы биік. Зейін

салсақ  /әрдайым  солай  ету  керек  те/  Абай  шығармаларының

өн  бойында  үзілмей  жүріп  отыратын  бір  өміршең  өзек  бар.

Ол  кісілік түғырына жетелейтін  кәміл  адам  жасау дейтін ұлы

мұрат!  Абайша толғар  болсақ,  бұл  мұратқа жетудің бірден  бір

жолы -  еңбек ете білу.  Осыған орай Абайдың 38-сөзіндегі мы-

надай  түстарға  мән  беруден  дүрыс  деп  ойлаймыз.  Қайта  бір 

еске алалықшы:

«Күллі  адам  баласын  қор  қылатын  үш  нерсе  бар,  одан 

қашпақ  керек.  Әуелі  -   надандық,  екіншісі  -   еріншектік, 

үшіншісі залымдық» дей отырып, Абай адамды имандылыққа 

бағыттайды.  Өйткені  оның  дөп  көрсететініндей  Кімде  кімнің 

өділеті  жоқ  болса,  оның үяты  жоқ.  Үяты  жоқтың иманы  жоқ», 

ұятсыздық  жайлай  бастаған  біздің  заманымызда  қағидаға

430


бүл  пайымдаудың  маңызы  айрықша,  үятсыздық  —

 

имансыздықтың  ұясы.  Ендеше  Абай  тағлымын  төгіи  шашнай 



бала тәрбиесінде тұгел қолдану жайындағы ұсыныс өте дүрыс. 

Өйткені үлтқа керекті нөрсенің бөрі Абайдан табылатыны рас. 

СөйтіпАбайтағлымыныңтабиғатынатереңдейкелеШөмша-пе- 

дагог оның шығармаларын оқытудың өрбір сыныпқа ылайықты 

жүйесін  көрсетуге  тырысады.  Соған  байланысты  Жер-жерде 

оқытыла 


бастаған 

«Абайтану» 

курстарының 

сапасын 


көтерудінде кейбір көкейкесті түстарын қозғайды.

Шөмша  Көпбайқызының  мемлекеттік  тілге  байланысты 

ойлары  өралуан  ауқымда  өрбіп  отырады.  Ол  ана тілдің  қазақ 

отбасынан  бастап  мемлекеттік  кеңістікке  дейінгі  аралықтағы 

қызметі мен рөлін саралай келе, оның халықаралық деңгейдегі 

орнын да елеусіз қалдырмайды. Қазақстан тәуелсіздігін әйгілей 

түсетін  айшықты  белгіміздің  тағы  бір  түрі  мемлекетік  тіл 

екеніне қатты мөн береді. Шындығында ақылға салып, таразы- 

лап  көрсек,  мемлекеттік  тіліміз  республикамыздың  өз  ішінде 

ғана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейде де елдігіміздің 

айқын  бір  айшықты  белгісі  ретінде  көрінуге  тиісті  болатын. 

Ал  біз  болсақ  өлі  күнге  ана  гіліміздің  өз  арамыздағы  беделін 

көтере алмай өлекпіз. Шамша болса ауыл арасындық өңгімеден 

көтеріліп,  мемлекеттік  тіліміздің  өлем  кеңістігіндегі  еңсесін 

биіктетпек  балады.  Сөйтіп,  шетелдермен  байланысты  мекеме 

қызметкерлерінің,  атап  айтқанда,  Сыртқы  істер  министрлігі 

мен түрлі  елшіліктердегі  қызметкерлерінің,  сондай-ақ  қызмет 

бабымен  әртүрлі  мемлекеттермен  сап  салада  ерсілі-қарсылы 

қарым-қатынас  жасайтын  орындардағы  лауазым  иелерінің 

мемлекеттік тіл алдындағы жауапкершілігіне тоқтайды, намы- 

сты азаматтың бөрінің санасына салмақ тастайды.

Жалпы баз-біреулер қайсыбір түстарда қырсыздықтан, тіпті 

намыссыздықтан  тоқырап  түрған  тілкедергінің  кінәлілерін 

іздеп  сарсаңға  түсіп  жатады.  Біздіңше  меселенің  тетігі

431


Қазақіардың  өзіндс  жаіыр.  Солғындай  басгаған  үлттық  на 

мыс  нен  сергелдеңге  түскен  үлггық  санада  жатыр.  Намысы 

күшті, санасы биік үлт қана өз мүддесін ешкімнен айбыибай-ақ 

қорғай алады.  Қазір сол  сана мен намыс  үшіи күрес  жүріп жа~

гыр.  Ендеше 

Ш.  Бепкімбяекянкт  Ршп

қаираи  түсетін,  үлттық  сананы  жігерлендіре түсетін  маңызды 

да мазмұнды дүние деп білем.

432


Нұрперзент ДОМБАЙ

Сәтбаев  қаласында  тұратын  Қойшыбек  Тоқтамысұлының 

есімі  Жезказған,  ¥лытау  төңірегіне  етене  таныс.  Оның  атын 

жұртына  танымал  еткен  -   абзал  азаматтың  елдік,  халықтық

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАИҚЫ ҚЫЛЫШЫ

оағытта жұзеге асырган жарқын істері.

Кешегі  кеңестік  жұйенщ  қылышынан  қаны  тамып, 

компартияның  әлі  де  қаһарына мініп  тұрғап  кезінде  бұрынғы 

Никольский  қаласына  Сәтбаев  есімін  беру  оңай  тимеді.  Мөн- 

жайға тұсінбей,  іштей жақтырмағандар да кездесті.  Дегенмен, 

осы  Қойшекең,  озге  де  зиялы  қауым  өкілдері  бар  -  жұрт  ара- 

сында түсінік жұмыстарын жүргізіп,  көкірек көзі ояу көпшілік 

көңілінен шыққан игі бір іске нүкте қойды.

Кеншілер  қаласындағы  кешелер  аттарын  жаңартуда  да 

Қойшыбек  Тоқтамысүлы  сіңірген  еңбегі  елеулі.  Халықтың 

жүрегіне жақын атаулар лайықты орнын тапты. Ерлікке қатыс- 

ты,  айтулы  ата-бабаларымызға  ескерткіш-белгі  орнатудағы 

белсенді  іс-әрекеті  жұртшылық  жадында.  Басқасына  тоқтал- 

май-ақ  қоялық,  1808-1862  жылдар  аралығында ғұмыр  кешкен 

казақтың  әрі  батыры,  әрі  биі,  кейінірек  аға  сұлтан  болған Ер 

ден  мазарын  дүниеге  келтірудегі  еңбегі  тіпті  айрықша.  Егер 

осы істі Қойшекең қолға алмаса,  бүл  ескерткіштің қашан еңсе 

котерері беймәлім еді.

Оның  атын  ауызға  алғанда  ең  алдымен  ана  сүтімен  да- 

рыған  қазақ  тілінің  жүрегін  жұлып  беруге  даяр  жанашыры, 

қамқоршысы  екенін  үлкен  ризашылықпен  айтар  едік.  Ол 

республикамызға бірінші рет Тіл мүражайының өмірге келуіне 

үйтқы  болды.  Қазақ  тіліне  қатысты  көкейді  мазалаған  ой- 

пікірлерін  ол  ауызша  ғана  айтып  жүрген  жоқ.  Жан-жүрегін 

ауыртқан  жәйттерді  қағаз  бетіне  түсіріп,  өзгелердің  де  ойла-

433


нуына,  толғануына  ықпал  етеді.  Қойшекеңнің  мемлекеттік 

тілдің қазіргі жай-күйіне, болашағына байланысты мақалалары 

аймақтық  «Мысты  өңір»  газетіне  жиі  шығып  жүр.  Осы 

дүниелерден  ардагер  ағаның  туған  халқына,  тіліне,  салт- 

дөстүріне деген перзенттік сүйіспеншілігін аңғару қиын  емес. 

Негізі, шыр етіп өмірге келгеннен кейін өз жүртына қызмет ету-

Қойшекең болса

мүдде


Қ.Тоқтамысүлының  жергілікті  баспаханада  үш  жинағы 

жарық көрді. Олар «Ата даусы», «Ана даусы», «Бала даусы» деп 

аталады. Бүл шығармалардың қай-қайсысында да автор үрпақ, 

ұлт тәрбиесін  өзек етеді.  Үлкендік тәжірибесін ортаға салады. 

Жастарға жөн-жоба сілтейді. «Алдымен ауыл, қала басшылары 

ойланған жөн.  Бар  билік солардың қолында.  Мен қарт кісімін, 

жастарға  айтарым:  дұрыс  жүр,  дүрыс  сөйле,  тіліңді,  дініңді, 

салт-дөстүріңді  тезірек  игере  біл.  Оған  ақша  керек  емес.  Сен 

басқаның  гілін  жақсы  білсенде  басқа  бола  алмайсың.  Түрін 

ұксас  болса да,  жүрегің  басқа  боп түрғанда сен  жарты  адамға 

үқсайсың.  Ал,  жарты  ешкімге  керек  емес,  мұны  да  ұқ.  Ойы- 

мызды түйіндесек, біздіңше әуелі адам болу керек. Сосын қазақ 

болған жөн. Қарақтарым, қашан да қазақтар ең намысты халык

қасиетімізді  жоғалтпай,  жалғастыра  беруіміз

рек»,

атанбайық



деген мақаласында.

Тағы  бірде  былай  дейді:  «Біздің  тәрбие  жүмысымыздың 

жүрмейтіні  бізде  ұлттық  бірауыздылық  қалыптаспай  келеді. 

Елдік -  адам өмірінің ең басты мақсаты. Бүгін тойып нан жеме- 

сек,  ендігі  жылы  егін бітік болса нанға тоярмыз.  Ал,  адамның

Қойшекең өзін мазалаған

мүмкін»

тек қара сөзбен ғана емес, жырмен де жеткізетіні бар. Ол толғау-



434

жырлардан туған халқына, тіліне деген сүйіспеншілігін аңғару 

қиын емес.

Өр, өжет тіл!

Білем, сен өділетсідіктің жауысың.

Сен дегенде шығады қатты дауысым.

Сен, Қазақтың аруағысың!

Арысың.

Сенсіз оңбайды менің бар ісім.



Сенің орның төмен емес,

Еліңнің төрі емес пе?

Төрге шық дейтін өзіңе,

Еліңнің өзі емес пе.

Ана тілім!

Асқар биігім.

Сүйетінім,

Сүйінішім,

Қүдыретім.

Қазақ деп атандыратын.

Жалғыз, дара пірім.

Жасай бер.

Сені біліп, сені дүрыс түсінсем,

Әрқашан да ірімін.

Бақыттымын.

Тірімін.


Сенсіз мен

Аты бар да, заты жоқ,

Қазақтық қүр түрімін.

Сексеннің  сеңгіріне  шығып  отырған  Қойшекеңнің  қазіргі 

қайрат-жігері, сергектігі мені төнті етеді.  Өмірге деген мүндай 

қүштарлық,  белсенді  көзқарас,  тынымсыз  талпыныс,  жасыра- 

тын несі бар, көбімізге жетпейді-ақ, бір қүдыреттілігі, бойдағы 

ерік-күш  жеке  бастың  қамы  үшін  емес,  елге  қажет,  халыққа




1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал