Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет30/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

410

Әбекеңнің  «Бетерден  де  бетер  бар  деген  осы  емес  пе?»

атты  атақты  мақаласының  қалай  жазылғаны  жайлы  «Еге- 

мен Қазақстан»  газетінде  ұзақ жылдар  бойы қызмет  етіп  келе 

жатқан  байыргы  журналист  Мамадияр  Жақып:  «Мақала  өте 

ұлкен болды, бірак газетке мақаланың басы беріле бастағанда, 

келесі нөмірге шығатыны кабинетте жазылып жатқанын көріп 

отырдық.  Газет  тарихында  бұлай  ету  сирек.  Қанша  асығыс 

материал  болса да  бұлай  аяғы  жоқ  мақаланы  бергенді  көрген 

емес  едім.  Келесі  нөмірге  берілер  жері  дайын  бола  ма,  бол- 

май  ма  деп  редакңия  қызметкерлерінің  бәрі  бірдей  уайымдап 

жүрді.  «Келесі  нөмірге  берілетін  бөлігін  беріңіз»,  деп  кірсек: 

«Қазір,  сол  уақытта  дайын  болады»,  -   деп  қойып  қана 

жайбарақат  жазып  жатқан  Әбекең  асықпай-саспай  отырып- 

ақ  көз  алдымызда  мақаланы  кешіктірместен  жазып  шықты. 

Бірнеше  нөмірге  шыққан  көлемді,  айтар  сөзімен  көтерер  жүгі 

мол  мақала осылай туды.  Ауызша  сөзде  ешбір  мүдірмейтінін, 

бірден,  ойланбай-ақ  айтып  тастаған  сөзі  тастай  басылып, 

алдын-ала дайындалгандай ешбІр қатесіз, қайталаусыз болаты- 

нын талай көрген едім, жедел жазу шеберлігіне осы жолы көзім 

жетті.  Бүлай  жазу  тек  хас  шебердің,  терең  ойлы  азаматтың 

ғана қолынан келеді», -  деп еді.

Мына бір сөзін қараңыз:

«Кешіре  алмайтыным -  қоғамдық,  партиялық,  үлттық ұлы 

қағидаларды,  қасиетін  ұрандарды  бір  басының  мерейін  асы- 

ру  үшін  онды-солды  желеулетіп  бағатын  «ішкі  рыноктағы» 

идеологиялық алыпсатарлық,  бүгін батыр,  ертең пақыр,  бүгін 

қызыл,  ертең  бөз,  өзгелерді  желкелеп  жүріп,  өзім  жұрттан 

таяқ жеп  келем деп,  екі етегін  көл  қылатын,  бақытқа шолпып 

отырып,  бақытсызбын  деп  монтанситын,  Мұхандпа  айтқанда, 

«жылап жүріп, зорлық қылатын», өзі қос үйді қоса қондырмай 

отырып,  басқаларға  шырықбүзар  деп  жабысатын  рухани

саикалдық».



411

Жоғарыдағы  айтылғанмен  үндес  емес  пе?  Бүл  сөз  де 

төуелсіздік алғаннан кейінгі кезде айтылғандай көрінеді.  Бірақ 

бүны Әбекең  1977 жылы  айтыпты. 

'

«...Тәуелсіздіктен қасиетті, қастерлі ештеңе жоқ. Тәуелсіздік 



алғанмен  бірден  қарық  бола  алмай  жатқанымыз  да  рас.  Бес 

ғасыр  бойғы  тілектің  бәріне  бес  жылда  жете  алмай  жатқаны- 

мыз  да  рас.  Бірақ  ағыл-тегіл  тойғыза  қоймадың  деп  анасы- 

ның көкірегін қыршығанды кім көрген.

...Ауылдағы  ағайынға  шыңдап  жанымыз  ашитын  болса, 

барлық пәле нарықтан деп жарапазан айта бермей, адамзаттың 

басым  көпшілгі  үстанған  шаруашылық  үрдісіне  қайткен 

күнде  де  тезірек  жетуге  жәрдемдесуіміз  қажет.  Жалпы,  өз 

халқымызды,  ауылдағы  ағайынды  жаңалықтың  иісі  мүрнына 

бармайтын  олақ  та  одағай  қауымға  санап,  мал  төңірегінен 

шығармай 

қоюға 


тырысқан 

кешегі 


кеңес 

түсындағы 

экономикалық  снобизмге  қайта  ұрынбауымыз  керек.  Оларды 

осы  заманғы экономиканың барлық саласына батыл араласты- 

ратын шараларды қарастырған мақүл».

Тіл  тазалығы  мен  рух  биіктігін  сақтау  мәселесін  Әбіш 

Кекілбайұлы  тәуелсіздік  тақырыбымен  қоса  өрбітеді.  Сыннан 

өткен  дәстүрлерін  үмытып,  меридиан  бойымен  көшіп-қонып 

үйреншікті  шаруашылығына  қажетті  үлан-ғайыр  өрістері 

мен  табиғи  суаттарынан  ада  болған  қазақ  ауылы  ғасырлап 

қалыптасқан  өзін-өзі  асырау,  өзін-өзі  сақтау  иммунитетгерін 

де  біртіндеп  жоғалта  бастады.  Таптық  интернаңионализм  мен 

социалистік  гуманизм  қазақтардың  үлттық  қасиеттерінен  -  

тілін де,  дінін де тарихын да,  дәстүрлі үлттық  қүрылымын да 

емес,  көпіртіп  көп  айтыла  беретін  атадан  балаға  ауысып  келе 

жатқан мал  баққыштығын ғана мейлінше қолдап  бағыпты,»  -  

деп  жазады.  Мүны  айтқанда  ол  бүгінгі  тақсіреттің,  тек 

бүгіннен  өрбімегенін,  оның  бәріне  тек  өзіміз  ғана  немесе  тек 

бүгінгі  ұрпақ  қана  айыпты  емес  екенін,  бірақ  одан  тездетіп 

қүтылуды тек өзіміз ғана -  тек бүгінгі үрпақ қана жүзеге  асы-



412

ра  алатындығымызды  түсінуіміз  үшін  айтады.  Бүгінгі тоқтап 

қалған  өндіріс,  түралап  қалған  түрмыс,  азып  жатқан  тәрбие, 

арып жатқан мәдениет үшін жап-жас тәуелсіздігіміздің титтей 

де кінәсі жоқ екенін үғындыру үшін айтады.

Әбіш  сөзінің  желісіне  еретін  болсақ,  көптеген  адамдар 

бүгінгі  күн  мен  кешегі  күннің  қайсысын  таңдауды  білмей, 

Гамлетше сенделген күйге түскенін аңдаймыз.  Ал, бүгінгі күн 

мен ертеңгі күннің қайсысын дүрыс таңдау үшін жүрттың бөрі 

бірдей істің  жагдайын ғана  емес,  сонымен  қатар  болашақтағы 

жағдайын да айқын аңғара алуы керек еді. Ол үшін өзгелердің 

тәжірибесін  оқып-үйрену  қажет  болды.  Орын  алган  жағдайға 

байланысты  басымыздан  кешірген  және  кешіріп  отырган 

оқиғаларды  үлттық  және  аймақтық  проңестер  түрғысынан 

ғана  емес,  бүкіл  дүниежүзілік  даму  арнасына  қарай  талдауға 

тура келді. Мүның өзі -  тек қана мемлекеттің қолынан келетін 

іс.  Ондай  зілбатпан  салмақты  көтеруді  өз  мойнына  мемлекет 

алмаған  жерде  кез  келген  реформа  аяғынан  ақсаулы  болады. 

Өйткені,  кез келген реформаның негізінде үтымды мақсаткер- 

лік  жоспар  жатуы  тиіс.  Онсыз  мақсаттарды  да,  оны  іске  асы- 

ру  жолдарын  да дүрыс  айқындай  алмаймыз.  Олай  етпейінше, 

қоғамды  тағы  да  арандатып,  жаңа  былыққа  үрындыру  оп- 

оңай.


Ел  басының  «Қазақстан-2030»  стратегиялық  бағдарлама- 

сында еліміздің символы ретінде  барыстың не үшін таңдалға- 

нын Әбекең әдемі түсіндіріп берді.

«Президент  Барыстың  бейнесін  кездейсоқ  алып  отырған 

жоқ.  Жүлындай  жүтынған  орта  азиялық  Барыс...  Оның 

гносеологиялық түргыдағы  арғы  тегі  біздің  бабаларымыздың 

дүние  танымына,  адамгершілік  мүраттарына  барып  ұласады. 

Барыс  -   сыры  жүмбақ  жануар.  Ол  өзіне  өзгелердің  назарын 

еріксізаудартады. Барыншажіті көзтігуге мәжбүр етеді. Өзіңше 

дербес,  тәкаппар  топтанып  жүруді  үнатпайтын,  мейлінше 

сақ,  бірақ,  қорқақ  емес,  барынша  батыл,  бірақ  өзгелерге

413


қиянат  жасаи,  біреудің  мекені  мен  жеміне  көзін  алартпайтын, 

басқаларға  жоқтан  өзгеге  бола  азу  көрсетіп,  тырнақ  баты- 

руды  білмейтін,  бірақ  өзінің  есесін  ешкімге  де  жібермейтін, 

айнала  төңірегіндегілерді  ақырып-бақырмай-ақ,  айрықша 

шалымдылығымен  өзін  сыйлата  алатын  текті  жануар.  Ешқа- 

шан қапия қалмайтын аса сезімтал айбынды  қасиетке ие...  Бұл 

метафора  біздің  мемлекет  ретінде  қандай  қасиетгерді 

қалайтынымызды  көрсетеді.  Біздің  қазіргі  дүниеде  өзімізбен- 

өзіміз  томаға-түйық  болуға  да,  сондай-ақ  өзгелерге  ұқсаймыз 

деп  өзіндік  қадір-қасиетінен  жұрдай  айрылып  қалуға  да  ты- 

рыспайтынымызды,  жан-жағымызбен  жарастықты  қарым- 

қатынаста  өмір  сүргіміз  келетіндігін  айқын  көрсетеді.  Күші- 

мізге  кәміл  сене  отырып,  өзгелерге  ұстамды  бола  алу  саяси 

мінез-құлқымыздың  мақсаты  мен  мәні  болмақшы.  Ондай 

байсалдылық  бізді  өзгелердің  алдында  құрдай  жорғалаудан 

да,  кеудемсоқтық  даңғазалықтан  да  сақтай  алады.  Сондай- 

ақ  озімізге-озіміз  тамсанатын  немесе  жоқтан  өзгеге  бола 

озімізді-өзіміз жерден алыгі, жерге салатын ерсі қылықгарға да

ұрындырмайды», -  деп жазды.

Стратегиялық  мақсаттарды  нақ  осылай  түсіндіре  білу 

халықты  үлкен  іске  ұйыту,  міндеттердің  мәнін  ашу  үшін 

айрықша  қажет.  Әбіш  Кекілбайұлының  осындай  ерен  қасиеті 

Президент  саясагын  халыққа  жеткізу  ісінде  жан-жақты 

қолданыс  тауып  келеді.  Бұл  тұрғыда  оның  Елбасы  болмысын 

халыққа танытуы өзінше қызықты.

«Әншейінде күңкілдейтіндердің озі Елбасымен кездескенде 

жібектей  есіліп  қоя  берегінін  талай  коріп  жүрміз.  Қошемет- 

қолиаш  айту  жағынан  күнде  отырған  біздерден  горі  оқта- 

текте  бір  соғагын  ағайындар  ұгіайын  асырыңқырап  жібереді. 

Бірақ,  біздің  Президентіміз  ненің  өтірік,  ненін  шын  екендігін 

аңғара  алмай  қалатындай  аңғал  кісі  емес.  Менің  байқауым- 

ша, аузындағы сөзің мен көмейіндегі пиғылыңды қатар байқап 

отырагын  әбден  ысылған,  талай  талқыны  көрген  тәжірибелі

414


саясаткер.  Ондай  кісіге  қиындығы  жоқ  дей  алмаймын. 

Өзі біліп отырған кісіге одан асырып айту әрине қиын. Ал өтірік 

айту да оңай емес. Сондықтан өз басым өз пікірімді өз қалпында 

айтуға тырысамын.  Назарбаев,  бір жақсысы, таласа біледі.  Та- 

ласа  білетін  кісі,  айтпай  қалғаныңызды  да  айтқыза  біледі. 

¥сынсаң себебін  айт.  Қосылмасаң -  дәлеліңді  айт.  Көңіліңнен 

шыққан тапсырманы орында. Көңіліңнен шықнаса -  уақытылы 

бас  тарт.  Салдары  қандай  болса  да  көріп  ал.  Бастық  пен 

бағынышты  арасындағы  қарым-қатынас  құқықтық  межеден 

аттап кетпеу ге, әдеп-әжеттен аттап кетпеугетиіс деп есептеймін. 

Мәселені ақылдасудың, талқылаудың, кеңесу мен дәйектеудің, 

келісудін,  шешім  қабылдаудың  өркениетті  тәсілдерін  білу  -  

кәсіби парыз. Одан аттап, бас изей беру -  көлгірлік, жағадан алып 

жармаса  кету -  оспадарсыздық,  қалай  да өз  дегенімді  өткізем 

деп, айла-шарғыға бару -  интригандық деп білемін. Билікті аз- 

дыратын  осы  үшеуі.  Мемлекеттік  қызметші  осы  үшеуінен  де 

аулақ тұруға тиіс», -  дегені Елбасы төңірегіндегі, онымен үндес 

серіктері үшін әбден қажетті қағидадай естіледі.

Әбекең Нүрсұлтан  Назарбаев Президент болып сайланғалы 

бірге  келеді.  Тәуелсіздік  алған он  жыл  ішінде  елімізде  болған 

саяси  оқиғаларды,  қоғамның  сан-салалы  шараларын  бірге 

атқарысты.  Жоғарғы  Кеңесте  болсын,  Жаңаөзенде  немесе 

өзге  жерде  болсын  Әбекеңнің  байсалды-басалкалы,  дәлелді, 

уәжді  сөзі  тәуелсіздік  іргесінің  нақтылануына  қызмет  етті. 

Білімді,  білікті,  қабілетті  болмаса,  немесе  билікті  өз  дегеніне 

бүрмалаушы болса, бір мүшел мерзім Елбасының жанында бо- 

лармаеді.

Әбіш  Кекілбаев  еңбектерін  оқығанда  қу  медиен  далада  су 

ізден  жүріп түбі  терең  қүдыққа  кезіккен,  бас  ұрған  жолаушы- 

ның  кебін  киесің.  Мөлдір  суына  бас  қойып  сіміре  ішкендегі 

ләззат  сезімді  түсіну  үшін  оның  жазғандарын оқу  керек.  Енді 

бір сәтте  пенде тірлікті үмытып,  аспанға ұшып, жер бетіндегі 

тіршіліктен  кол  үзіп  кеткендей  боласын.  Конфуций  туралы

415


Юанның

Қарағ


сайын  биіктейді,  үңілген  сайын  тереңін  сеземін,  түбіне  жете

алмайсың,  бірде  алдымда  түрғандай  болын,  бірде  артыма 

шыққандай,  бірде  жанымда  сияқты,  бірде  үзап  кеткендей. 

Бөрін  бірден  ашып  көрсетпейді  адамды  еліктіріи  өкетеді, 

көзімізді  ашқандай,  дәстүрлер  мен  рәсімдерді  сақтай  біледі. 

Күшім  азайып  бара  жатса,  маған  жақындағанын  сезінемін. 

Артынан  көз  жүмып  ерейін  десем,  ере  алмаймын».  Әр 

кезеңнің  өз  ойшылдары  болған  десек,  оларды  жалғастырып 

түратын  рухани  байланыс,  олардың  ілімдерінде  үндестік  ба- 

рын  сеземіз.  Өзгені  айтпағанда  қазақ  топырағында  жүріп-ақ

Жүсіп  Баласағүн,  Қожа

Қазыбек


даналар мен билер, бертінгі Абай, Ахмет, Мүхтарлардың рухы 

Әбекеңнен жалғасын тапқандай.

Мөті  бидің  Әбілхайыр  ханға  айтқаны  деп  «Үркерде»  мына 

сөздерді  келтіреді:  «Алаштың  талағының  биті,  көкірегінің 

көзі бар азаматтарының қатарынан озбаққа үмтылғаны жақсы. 

Ондай  жігіт  бойкүйездік  жасаса,  өзінің  де,  елінің  де  бағын 

байлайды.  Ал,  қолының  ебі  болғанмен  көкірегі  соқыр 

пысықайлардың  төрге  шапшығаны  бақыт  емес,  таксірет. 

Сорлатқанда біздің қазақтың жақсысы бойкүйез, жаманы өлер- 

мен келеді». Осы сөзді Мәті дана айтты дегенмен, Әбекең бүкіл 

қазақ  халқын  алға  жетелегісі  кеп  айтқызды-ау  деп  ойлай-

мын.  Жалпы  «Үокеоде».  Әбіш  Кекілбайульшын 



б я п іт ы к  

пін-


ғармаларында мүндаи оиланарлық, тәлім аларлық сөз көп-ақ.

Әбекең өз еңбектерін де жақсы мысал, үл гі аңыздарды үтым ды 

пайдаланады. Салқам Жәңгірді қамап түрған қалың қолға Мәті 

би  бір  өзі  тиісіп,  ханды  қашырып,  өзі түтқынға түскен.  Оның 

осындай  төтенше  ерлігіне  қалмақ  қонтайшысы  тәнті  боп,  ал- 

дына  шақырып:  «Дүниедегі  ең  тәтті  үш  нәрсені  қателеспей 

айтып  берсең,  басыңа  бостандық  берем»,  -   дегенінде:  «Ақ

тәтті не  болушы  еді,  актан түған үлдан тәтті

416


болушы  еді,  азамат  екеніңді  біліп  өлген  ажалдан тәтті  не  бо- 

лушы  еді.  Мен осы  үш тәттінің үшеуінен не  дәм таттым,  енді 

өлтірсең де  өзің біл,  босатсаң да өзің біл», -  деп қас дүшпанға 

қасқая  қараған.  Мәтіні  ол  ат-шапан  айыбымен  босатқан 

екен», -  дегенді мысал ретінде пайдаланады.

Төле,  Қазыбек,  Әйтеке  билердің  Тәуке  ханның  алдында 

айтқан  создері,  Әмір  Темір  жайлы  аңыздан  майын  тамызып 

дастан  тәріздес  түтас  бір  еңбек  жазуы  жазушы  шеберлігінен 

туындаған.

Ол  тарихи  тұлғалардың  қайсыбірін  болмасын  терең  тал- 

дап түсіндіріп  береді:  «Абылай  мен Бүқар  арасындағы  қарым- 

қатынас  жүрт  айтып  жүргенмен  әлдеқайда  басқаша  болган. 

Бүқарда,  Қазыбек  те,  Жәнібек  те  өз  алдарына  үлыстары 

бар  билікшілер.  Абылайдың  бастамаларына  қосылған  да, 

қосылмаған  да  кездері  бар.  Абылай  да  оларға  қүлақ  асқан  да, 

аспаған  да  кездері  бар.  Абылай  ордасында  Бүқар  ешқандай 

қызмет атқарған  жоқ.  Шығыстың уәзірі  батыстың министріне 

сәйкес лауазым, Абылайдың ондай үкіметі  болмағаны  белгілі. 

Сондықтан,  Бұқар  да  үкімет  мүшесі  болған  жоқ.  Олар  ел 

билеуді  оз тұстарындағы  үрдіс  бойынша жүргізді.  Ол үрдістің 

үйренетін  жәйттері  болғанымен,  сол  қалпында көшіре  салуға 

келмейді»,  -  дейді  бір  сөзінде.  Әбекең соңғы  жылдары  «Абы- 

лайхан» дастанын жазды, ол пьеса ретінде қойылды.

Еркіндік десе, ойына не  келсе, соны  жасайтындай  ерікке ие 

болу  деп  түсінетіндер,  еркіндіктің  толқынында  биікке  жетіп 

алуға  ұмтылатындар  көп  те,  оз  еркіңді  біреудің  реттеуінсіз 

озің  ғана  билей  алатындай  еркін  өмір  сүр  деп  түсінетіндер 

жоқтың  қасы.  Әбекең  осының  арақатынасын  дұрыс  жағына 

қарай  ұдайы  түсіндірумен  келеді.  Оның  «Үлыққа  ісің  түсу  -  

мем лекеттің озбырлығына көну деген», -  дейтін сөзі бар. «Пара- 

сат» журналының сұрақтарына берген жауабында былай дейді: 

«...мен  өзіміз  білгенді  ешкім  білмесін  деп,  болып  жатқан 

процестерді  көпшілікке  жан-жақты  талдап  түсіндіріп  беру-

417


ге  құлқы  соқпаи  отырған,  сол  арқылы  нарық  нен  реформаны 

азғантай адамдар ғана түсінетін, азғантай адамдар ғана жүзеге 

асыра алатын іс деп  есептейтін экономикалық элитаның көпе- 

көрінеу  астамшылығын  мақүлдай  алмаймын.  Осыны  пайда- 

ланып,  реформадан  ұтылғандардың  ашу-ызасын  күшейтіп, 

әлеуметтік кекшілдік өртіне тамызық тамызып, тезірек биікке 

жеткісі  келетіндерді  де  қүптау  қиын.  Ол  екі  бағыттың  екеуі 

де  реформаға  ынтаны  күшейтпейді,  тәуелсіздікті  бекемдей 

түспейді, демократияны нығайтпайды».

Ол  осы  түрғыдан  келгенде  өмір  қайшылықтарын  үлылар 

өмірі арқылы үғындыруға үмтылады. Әсіресе, Абай тағы лымын 

түсінуге бастайтын пікірлері сәулелі жүрекке көп ой салады.

«Абай  пейіл  мен  ақылды  жарастыратын  тек  қана  енбек 

деп  қана  үғады.  Малдының  мақтанқүмарлығы  мен  әлдінің



т  

т

әупірімдігш  кесапат,  ғалымның  ынтасын,  көсшкердің  ыжда- 

һатын, диқанның төзімін,  саудагердің үйірімін шарапат санай- 

тыны да осыдан. Абай үшін еңбек адамгершіліктің әрі өлшемі, 

әрі кепілі. 

<

Абайды туған  халықпыз  деп  масаттанған  әбден дүрыс  қой. 

Алайда, Абайды үққан, Абайға қүлақ асқан ұлтпыз деп мақтана 

алсақ қандай ғанибет болар еді», -  дейді.

Қаракерей  Қабанбай  батырдың  кесенесін  ашу  кезінде 

сөйлеген сөзінде де Әбіш Кекілбаев тарих тағылымын елге та- 

нытуды мақсаттүтқан ежелгі өдетінен айнымады. Осы үстаным 

пір  Бекетке  қатысты  сұхбатынан  да,  Түркістанда  халқымыз 

ардақтыларының  сүйегін  жер  қойнына  тапсыру  кезінде 

сөйлеген сөзінен де, Бөйдібек баба мен Домалақ ана кесенелері 

ашыларда  айтқандарынан  да  анық  аңғарылады.  Баланы  үлша 

тәрбиелесең  -   ұл  болады,  құлша  төрбиелесең  -   құл  болады. 

Әбекеңнің  күні  кеше  өмірден  өткен  анасын  көрген  кісінің 

бәрінің аузынан бір-ақ сөз естідім. Бар қасиет анасынан.

418


Сөз сөйлегенде ағып тұрганын-ақ анадан кейін менмін деген 

жазушылардың өзі айтуга сөз таба алмай, «апам айтқандайдан» 

аса алмай қалады екен.

Маған Әбіш Кекілбаев бүгінгі күнімен емес, ертеңімен өмір 

сүретін  секілденеді.  «Халық  ертең  мен  туралы  не  айтады»,

-   деп  уайымдамайды,  не  айтатынына  сенімді,  сол  үшін  өмір 

сүреді. Жинаган байлығы — білімі, ол қайырлы  істерге қызмет 

етері сөзсіз. Соған сенімді.

«Ол  -   жалпақ  шешей  мақүлшыл»,  -   деді  Әбіш  ағаның  бір 

әріптесі.  Рашид-ад-дин  Хамадани  жалпақшешейлік  тоғышар 

пейілділікпен  де  болатынын  айтады,  оны  күпіршіліктің  бір 

түрі  деп  есептейді.  Менің  өз  ойымша  ең  қауіптілер  —

  маган 

бәрі  бір  дейтіндер.  Өмірге  икемделгіштер.  Енжарлар.  Өз 

өмірін заман толқынының  агысына бетімен жібере  салгандар. 

Бірақ  маған  бәрі  бір  деу  рухы  биік  адамдарда  да  кездеседі. 

Бүл -  тағдыр, соның жазуы, оған төзу керек дейтіндер. Әбекен- 

нің салқынқандылығын осы соңғыларға жатқызамын.

«Егемен  Қазақстанда»  бас  редактор  болып  қызмег  еткен 

кезінде  қызметтес  болған  журналист  жігіт  айтады.  «Әбекең 

өте жүмсақ, ертеңгілік талдау өткізген кезде өткен жолғы тап 

сырмасы  орындалмай қалған болса:  «ойдағыдай  болмапты  да, 

әттеген-ай» дейтін де қоятын», -  дейді.  Әркімге қүдай әрқилы 

мінез,  әртүрлі  қабілет  берген.  Әркім  өз  мүмкіндігін  әртүрлі 

жолмен  жүзеге  асыралы.  Әбіш  ағаның  таңдап  алған  жолы 

әркімнің үятына салып кою болса, оны мін деуге болмас.

Бірде  сайран,  бірде  мүң,  өмір  өтіп  жатады.  Сол  өмірдің 

қайығын  қалтылдатып,  бетімен  жіберіп  алмаған  дүрыс. 

Уақытта  із  қалдыру  әркімнің  өз  еншісінде.  Әбекең  уайымсыз 

жүріп, уақытын текке өткізетіндерден емес. Ол қүлшыныс нен 

тәубені тең ұстап, өзі гана жетіліп қоймай, өзгелерге де үлгі бо 

лумен ғұмыр кешіп келеді. Қашан да болмысы байсалды лықпен 

байып,  мінезі  қарапайымдылықпен көркейіп түрады.  Ойыңды 

қалыбыңнан,  мінезіңді  емеурініңнен  таниды.  Төңірегіне



419

кешірімшіл.  Тіршілігін  есепке  құрмаған,  баладай  аңқау, 

пенделік  пиғылының  өзі  таза.  Бұл  өзі  пайғамбар  жасына бала 

күйінде, анасының алдында жеткенінен де шығар, бәлкім.

Әбекеңнің жазғандарын оқығанда, тұнып тұрған ой коресің. 

Соның  бірі:  күші  көптің  ақылы  көпке  бас  иетіні.  Швед  халқы 

да  XV  ғасырда  қазақ  халқы  секілді  жауынгер  болып,  бүкіл 

Еуропаға үрей туғызыпты. Бірақ XX ғасырдың басында онысы- 

мен ұзаққа бармасын біліп, ғылымға бой ұрған. Әбекең қазаққа

осы жолды ұсынудан танбайды.

Әбекеңнің басында жоқ екі  мінезді  білемін.  Ол -  күншілдік

пен өшпенділік.

Күнде танертең тұрғанда тағдырымыздың ен шешуші күніне

қадам  басқалы  түрғандай  талпыныс  жасауды,  сөз  сөйлегенде

орайын тауып, ыңғайын келтіріп, түзеп,  бағыт беріп  жіберуді,

бой-басымызға  қарауды,  жағымсыз  күй  бола  қалғанда  да

кісіліктен ажырамауды Әбекеңнен үйренсек болады.

Тіршілік  -   көлдің  бетінде,  замана  -   желдің  өтінде  ескексіз

қайықтай  қалтылдаумен  ғұмыр  кешкендерге,  қашан  көрсең

жаусырап,  өштік  іздеп  отыратын  өшпендіге,  қанағатты  ұмыт-

қан  тойымсыз  жебірге,  мен  біреуден  неге  қалып  барамын  деп 

емес,  озінен  ешкім озбаса деп тілейтін көре  алмасқа бағыт бе- 

рер, тауфик-тәубесіне келтірер созді мен Әбекеңнен табамын.

Мемлекеттік  хатшы  ретінде  неге  көрінбейді,  не  істеп 

жатқаны  белгісіз  деген  пікірлерді  де  естіп  қаламыз.  Кез  кел- 

ген  басшы  стратег  әрі  саясаткер  болуы  керек.  Қалғанын 

қарамағындағылар  орындайды.  Мемлекеттік  хатшы  да  солай.

Өз қолымен ғана жасап, өз аузымен ғана айтуы шарт емес.

Керек болса, ол мемлекет ісіне  араласа жүріп, озін көрсетіп, 

озін-озі  насихаттамай-ак  іс  тындыруға  болатынын  дөлелдеп 

жүрген сарабдал саясаткер.  Тәңірдей коріп жүрген кей адамың 

өзін  көрсетуге тырысып, өз абыройын асыруга өзі  қызмет етіп 

жүргенін көргенде түңілемін.



420

Әбіш  аға  маған  ұдайы  өзі  халқының  ұлттық  мінезінің 

тазалылғын  зерделеп  отырушыдай  көрінеді.  Әр  ұлы  өз 

мінезін  ұқыгітан  сақгап,  бөгде  мінездердің  еніп  кетпеуін,  ене 

бастағанының сіңісіп кетпеуін қадағалап отыруы  керек.  Әкеге 

жұққан бөгде мінез балаға, одан немереге көшкенде сол ұлтгың 

өз  мінезіндей  болып  кетеді.  Кедейлікті  жеңу  үшін  неге  кедей 

екеніңнің  себебін  іздеудің  керектігі  сияқты  осы  мінез  біздің 

ұлтымызға  неге  жұғып  барады  дегенді  талдап  отырарлық 

осындай тұлғалық керек.

Бұліну  адамның оз  ішінен  басталады.  Әуелі  озін  сендіреді. 

Сыртқа шыққанда дайын қимылға ауысады. Сондықтан әнгіме 

адамның  ішкі  тазалығында.  Патша  үшін  де,  пақыр  үшін  де

солай.

Мен  әркім  өзін  қол  жетпес  биіктемін  деп  есептейтінін 



сезінгеніме  көп  болған  жоқ.  Бүл  жерде  де  Әбекең  ерекше 

күйінде  калады.  Ол  өзінің  биікте  екенін  біле  тұра,  онысын 

көпке керсете жүруді керексіз деп біледі.

«Алдымнан  ұятым  шығыгі,  көзіме  тура  қарап,  үнсіз  сауал 

тастаса,  мен  оған не  деймін?» -  дейтін данышпандық сөз  бар. 

Үятының  алдыңда  есеп  бере  алатын,  оны  жай  тәртіптілік  не 

месе  тәуір  көріну  үшін  емес,  шынымен  жасаушы  кісі  іздесе- 

ңіз -  менің кейіпкерім соның өзі.

Әбекеннің  60  жасқа толуына  орай  ақын  інісі  Темірхан  Ме 

детбек  «Ана  тілі»  газетіне  «Әбіш  Кекілбаев»  деген  өлең  жа 

риялады.  Ол  өлеңді  тамсанбай,  тебіренбей  оқу  мүмкін  емес. 

Одан үзінді алу да қиын, сондықтан толығымен келтіруді  жөн 

көрдім.

Қара нардай қатепті 



Алп, алп басқан, али басқан,

Маңғыстаудың жеріндей 

Маңдайы ашық марқасқам!

Қуат алған, күш алған 

Қарындастан, қандастан...



1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал