Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет29/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

398

өкілі  тұратын  Алматы  қаласы  үшін  бүл  әжептәуір  ілгерілеуі 

бар көрсеткіш екені даусыз.

— 

Жарнама туралы жүрт сын көтермейтін пікірлер айтып 



жүр. Осыған көзқарасыңызды білсек.

«ҚР  Тіл  туралы»  заңның  21-бабының  орындалуы  деректе- 

мелер мен көрнекі ақпараттар тілі қаладағы мемлекеттік тіл са- 

ясатын жүргізудегі бакылау мен үйымдастыруды  қажет ететін 

күрделі  мәселе  ретінде  қала  әкімінің  назарында  тұр.  Осы 

мәселені дүрыс шешу үшін Виктор Вячеславович Храпуновтың 

өз идеясы, басшылығымен «Алматы жарнама», МҚҚ құрылып, 

ұйымдастырылды. Бұл мекемені қүрудағы мақсат қаламыздағы 

көрнекі  ақпараттардың  заң  талабына  сай  сауатты  жазылуын 

қамтамасыз ете отырып, әсем қаланың көркін сақтау болатын. 

Жарнамалар мен көрнекі аппарат қүралдарының «ҚР Тіл тура- 

лы»  заңының талаптарына  сай  жазылуын  қадағалау  үшін  Тіл 

басқармасы  қалалық  прокуратурамен  бірігіп,  кезең-кезеңмен 

рейд  жүргізу  колға  алынған.  Бұл  жөнінде  тәп-тәуір  бастама- 

мыз  да  бар.  Республикалық  «Жаңа  ғасыр  жарнамасы  2002» 

байқауын  өткізіп  келеміз.  Алматы  қаласындағы  көрнекі  ақпа- 

рат  пен  жарнама  мәдениетін  көтеру  мақсатында  Тіл  бас- 

қармасында кеңейтілген Алқа мәжілісі өткізіліп, оның шешімі 

бойынша  қаланың  басты  көшелерінде  жарнама  мәдениетінің 

сапасын  тексеру  жөнінде  қалалық  қоғамдық  үйымдардың 

өкілдерінің  қатысуымен  түрақты  тексеру  жүргізеді.  Биылғы 

жылдың II тоқсанында қаланың 9 көшесіне ұйымдастырылған 

тексеру  барысында  «ҚР  Тіл  туралы»  заңының  талаптарын 

бүзған 159 жарнама тал ап қа сай түзетілді. Осындай жарнамалар 

қиылып алып тасталса, оның әзірге азаяр түрі  жоқ.  Фирмалар 

мен  компаниялардың  әлем-жәлем  аты  жазылған  нысан  иеле-

ріне  ескерту  жасап,  аиып  салаиын  десең,  олардың  тіркеу 

куәлігінде  атаулар  нақ  осылай  жазылған  болып  шығады, 

Заңгерлердің  айтуынша, 

19-баптың  2-тармағында  көзге 

көрінбейтін саңылау-селкеулік бар. Ол селкеулік Қазақстан Ре-

399


спубликасы терригориясындағы мемлекеттік  емес  мекемелер-

дің 


атауы  қай  тілде  жазылуы  керек  екені  айтылмаған-

дығы ірі комгіаниялар жарнамасын лагын әрпімен өз еріктерімен

жаза  береііндігі  осы  себептен  болыи  отыр.  2002  жылы

қалалық әділет басқармасында тіркелген 7195  занды түлғаның

1523-і  оз  атауларын  латын  әріптерімен  таңбалауға  рұқсат

алған. Міне, осы келеңсіздікті тоқтату үшін осы бапқа «меншік

нысанына  қарамастан»  деген  толықтыру  енгізу  қажет  деп

есептейміз.  Соңда  латын  әрпімен  жазылған  жарнамалар  көзді 

қажамас еді. 

•  •


-   Заңның  өзгеріп  отыруы  -   уақыт  талабы.  Оған  жаңа 

тұрпаттағы  баптар,  толықтырулар  қосу  қажет.  Сіздердің  бұл 

тұрғыдағы ұсыныстарыңыз?

Мемлекеттік  емес  ұйымдарда  тілге  деген  козкарастың

түзетілуі  қиындықпен  жүзеге  асуда.  Заңның  8-бабында,

мемлекеттік  органдарға,  үйымдарға  және  өзін-өзі  басқа-ру

органдарына  мемлекеттік  тіл  ресми  тілдің  қатар  қолданы-

луын  жүктесе,  мемлекеттік  емес  ұйымдарға  келгенде  қажет

болған  жағдайда  басқа  тілдер  қолданылады  деп  жалпақ

шешейлік  танытады.  Кезінде  керек  болған  шығар  бұл  тіркес,

ендігі жерде өз қызметін өтеді деп ойлаймын. Оны нақтылайтын 

уақыт жетті.

-  Тілді оқытып-үйрету жағдайы қалай қалада, ілгерілеушілік 

бар ма?


-   Қала  бойынша  қазақ  мектептерінің  саны  артып  келе 

жатқандығының  өзі  жақсы  нышан.  Мәселен,  1993  жылы  Ал- 

матыда 25  қазақ  мектебі  болса,  2002  жылы  33  мектеп,  ал  ара- 

лас, қазақша-орысша мектеп саны 36-дан 63 -ке көтеріліп отыр. 

Жылдан жылга қазақ мектептері  көбейіп  келе жатыр.  Ал  енді 

оқытып-үйрету жағдайына келсек,  қала бойынша қазіргі сәтте 

екі деңгейдегі (бастауыш және жалғастырушы) 252 мемлекеттік 

тіл  курсы  жұмыс  істейді,  онда  барлығы  5504  адам  оқиды. 

Сондай-ақ  Алматыдағы,  17-і  жалпы  білім  беретін  мектептің

400


33-і  таза  қазақ,  57-сі  қазақ-орыс  тілдерінде  дәріс  береді.  Ал, 

қалған  мектептердің  барлығында  қазақ  тілі  пәні  міндетті 

түрде  оқытылады.  Қ.Р  Премьер-министрінің  2002  жылғы 

14-қантарындағы № И-41 және 6-мамырдағы № И-428 тапсырма-

ларына сәйкес, мемлекеттіктілдіңәлеуметтік-коммуникативтік

қызметін  кеңейту  мен  нығайту  мақсатында  елімізде  тұңғыш 

рет Алматы  қалалық білім беру жүйесіндегі жаңа технология- 

лар  ғылыми-әдістемелік  орталығында  «Мектеп  оқушылары 

мен мұғалімдерінің Интернет орталығы»  ашылды.  Оқушылар 

ана тілінде дүниенің төрт бұрышымен хабарлар  алмасып оты-

ратын болады.

Әңгімелескен Баян Қадырбайқызы.



401

Ерлан АРЬГН

Азаматтық биігіне, энциклопедиялық білім-білігіне қылдай

қаяу түсірместен арамыздан кеше гана «өлмес өмірге» аттанған

Өзағаң,  Өзбекәлі  Жәнібектің  өлі  сиясы  кеуіп  үлгірмеген

бағалы дүниесін «Ана тілінің» оқырмандарыпа үсынғанды жөн 

көрдік.


Жан баласы да Жаратылыс-анаға тартып туса керек. «Шолақ 

сай  қатты  тасиды».  Ал,  айналасына  үрен-сүрен  салмай-ак 

үлкен өзендер үнсіз ағады екен. «Мен істедім дегенше, ел істеді 

десеңші», -  деп Батыр Бауыржан айтқандай,  халықтық мүрат- 

мүдде  жолында  өзегін  суырып  берердей  өте  бір  азаматтық 

перзенттікпен  өнімді  еңбек  тындырып,  жас-жасамыс  жал- 

пы  үшін  өз  ағасындай  болып  кеткендіктен  де  өмірден  еткен- 

ше  «Өзағаң»  атанған  Өзбекәлі  Жәнібекті  сол  айқай-шусыз, 

даурық-саурықсыз,  сабырлы  ағатын  арналы  өзенге  үқсасты- 

руым  жөй емес.  Дүниеде үлтына деген қызметі  мен  отаншыл- 

дық борышты атқарып жүріп жасаған жақсылығын бүлдап, елге 

салмақ  салудан  ең  жаман  нәрсе  жоқ.  Әйтпесе,  атқамінерлігі 

атақ-мансап,  шен-шекпен алып қалудан артылмай жатса да, ақ 

тауды  айырып,  қара  тауды  қайырып  тастағандай-ақ,  алашқа 

міндетситіндер қазақ арасында қай кезде де аз кездеспеген ғой. 

«Орда бүзар отыздан»  асып,  «қырма сақал қырықтың»  қырын 

басып  қалған  біздің  буын  даңқты  Ілияс  Омаровтың  алдын 

көрмей  өскені  хақ.  Сөйтсек,  аты  аңызға  айналған  осы  бір  аза- 

мат басшының ерекше ойшылдығы  асып-таспас  байсалдылық 

пен абзал адамшылықтан бастау тауып отырыпты-ау. Ілекеңнің 

бірде  алдыңа келген  Қасым Аманжоловқа  камқор  пейіл таны- 

тып, қалалық кеңес төрағасына телефон шалып:

-  

Бір  аптаның  ішінде  ақынға  үй  беретін  бол.  Сен  екеуміз 



осылардың  тілегін  орындау  үшін  уақытша  отырған  адам-

ҚАЗАҚТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАРА НАРЫ ЕДІ

402


дармыз,  бұлар  мәңгілік  қалады!  -   деуінде  әлгі  әсем  кісілік, 

кішіліктің алтын діңгегі бар емес пе?!

Жәнібек

Шәмшіге


лантты  композитор тағдырына ғана қатысты  жанашырлық  па, 

әлбетте,  ел халық ертеңін толғанумен өмір  сүретін елгезектік

дейміз де! Ер атану, қаираткерлік дегендердщ өзі, жүиелегі кел- 

генде,  ел-жүртын сүю  сезімі  ерекше  күшті,  намыс наласы нар 

ететін Азаматтық Рухтан барып жалғанның жорығына шықпай 

ма?!  Ендеше,  әр  төбеде  әкімшілік-әміршілдік  әңгір  таяғы  ой- 

нап түрған заманда қазақ жастарын орта мектеп бітірген бойда 

жаппай  қойшылыққа жіберуге  қаймықпай  қарсы  түруы  неме- 

се,  обком  секретары  басымен  өлкетану  музейі  ғимаратының 

өзі бас боп еденін сырлап, шегесіне дейін қағысуы, ана тілінде 

өмірі  көрінбеген  үрандар  жазғызып,  қазақша мектептер  ашуы

немесе:


-   Сіздерде  қазақша  басылымдарға  жазылу  неге  көбейіп 

кетті?!  -  деп Орталық Комитеттен айбар  шашқан білдей білім

меңгерушісіне:

 Бүған,  не,  жүрегіңіз  ауырып  түр  ма?  — деп  ызалы  пікірін 



ашық  білдіруі  Өзағаң  болмыс-бітімініп  біз  айтқан  Азаматтық 

Рухы  биіктігін  дәлелдей  түссе  керек.  Ал  мүндай  жайлар 

оның  өмірінде  өте  мол  болған  ғой.  Ол  «Тағдыр  тағылымы» 

атты  ғүмырнамалық  жадынамасында  былай  деп  жазды. 

«Мансапқорлық,  тәкаппарлық,  менмендік,  өзін  басқалардан 

жоғары үстау менде болған емес... елге қызмет етуден басқаны 

ойламай, өзім деген кісіге... «өзегімдегіні суырып беруге» даяр

түратыным хақ».

Міне,  осы  «елге  қызмет  етуден  басқаны  ойламау»  секілді

ірі  мінез,  іргелі  максат  оны  әсіресе  мәдениет  саласындағы

басшы  қызметтерде  болған  түста  басқалардан  айрықша дара-

ш

лай  көрсетіп,  рухани  өмірімізде  айшықты  өрнек  тартуға  өріс 

ашқанын жүрттың бәрі біледі. Халықтық мәдени мүрамыздың

403


әртүрлі  себептермен  қүрып  бітуге  айналган  гарихи,  сәулет- 

керлік, 


көркемдік, 

түрмыстық 

нүсқаларын 

іздестіру, 

мемлекеттік  есепке  алу  және  қоргау,  мүмкіндігінше  қалпына 

келтіру сыңайлас қат-қабат қам-қаракеттер түрғысында түңғыш 

бетбұрыс жасаған қажымас қайратын ел ешқашан үмытпайды. 

Бүл ісі Қазақтану ғылым-білімін жолга қою мүрат-мүддесімен 

үштасып жатыр. 

;  \


«Партиялық функционер» бола түрып, дәстүрлі бес өнердің 

басын  қосқан  «Қазақтың  қолтума  мәдениеті»,  «Жаңғырық... 

Алтын  домбыра  жайлы  аңыздың  ізімен»,  «Уақыт  керуені», 

«Жалайрықта», «Қазақ киімі» аталатын тарихи-этнографиялық 

зерделі  зерттеу  кітаптарын  оқырман  қауымға  үсынуын  қалай 

ерлікке  барабар  ізденімпаздық  демейсің?!  Елшілдік  толғау- 

ындай  қос  томдық  «Тағдыр  тағлымы»  да  есті  үрпақ  төлім-

тәрбиесіне қомақты үлес қоса беретініне еш күмәнданбаймын. 

Ауырлығы бір  академиктің арқалар  жүгінен жарты  мысқал да 

кем  түспес  соншама  еңбекті  жарияға  жар  салмай-ақ,  данғаза- 

дақпыртсыз, ескеру-елеу дәметпестен тындырыи кетті-ау!

Жарық  дүниедегі  тірлік  сапары  түйықталар  түста  да  Өзбе- 

кәлі Жәнібек тарих түңғиығына үңіліп, Әмір Темір Көрегеннің 

Ахмет  Яссауи  қүтхана  мешітіне  кепілдік  (вакуф)  бүйрығын 

қазақшалапты.  Жазу  үстелі  үстінде  сиясы  сорғып  үлгермеген 

бүл  тәржімені  оқып  шығып,  мен  Моцарт  «Жаназасының»  ру- 

хымен  сырласқандай  сезімде  болғанымды  жасыра  алмаймын. 

Әулие мен әлеумет қайраткері арасын алтын көпір іспетті көзге

көрінбей  жалғастырып  түрған  бір  жақындық  тапқандаймын.

«Хақты таптым», — деп «Диуани Хикмет» авторы жырлағандай, 

бақилыққа  бет  түзер  шақта  Өзағаңның  өзгемен  емес,  Әзірет 

Сүлтанмен  табысуы  талай  сырдың  түйінін  тарқатады  екен. 

Сонау тоғышарлық тоқырау  шақта  бірінші  рет  Түркістандағы 

Әзірет Сүлтан  корығындағы  Ахмет  Иасауи  сәулет ғимаратын 

апат қаупінен  күтқарып  қана  қоймай,  бастапқы  кейпіне  келті- 

ру  ісінің  басы-қасында  Өзбекәлі  Жөнібек  жүргенін  бүгінде



404

екінің  бірі  біле  бермеуі  мүмкін.  Тіпті,  1975  жылы  осы  киелі

кесене  айналасына  жаңа  қала  салынып,  шығыс  жағына  ор- 

наласқан ежелгі  шаһарстан тегістеліп, гүлзарлы бақ жасалмақ 

болганда:  «Әзірет  Сүлтан  секілді  дүниежүзілік  мәні  бар 

ескерткіштің  ауданыңда  жаңа  қүрылыс  салуға  болмайды. 

Оның  астында  сан  ғасырлық  мәдени  қатпарлар  жатқан  жоқ 

па?!»  -   деп  жөдігерлікті  жанын  сала  жәбірден  қоргап  қалған 

да  Өзбекөлі  Жәнібек  еді.  Ол  баба  мүраның  бабын  қамдау 

мәселесіне үнемі оралып соғып отырды.

Енді,  міне,  оның  ең  соңғы  тәржімелік  туындысы  да 

«әулиелердің  тақуасы  һәм  бабагөйі  Үлық  Әзірет  Қожа  Ах- 

мет  Иасауидің»,  «шындық  пен  ақиқат  Сүлтанының,  аллага 

қүлшылық  етуде  мүлтіксіздікке  жеткен  бейкүнә  жандардың 

Сүлтанның»  қүрметіне  «барша  жүрттың  Патша  ағзамы  Әмір 

Темір Көрегеннің жарлығымен түрғызылган қүтхана мешітке» 

(аударма  сөздерінен)  берілер  кепілдіктерге  багышталған  бо- 

лып  шықты!  Сірә,  Өзағаңды  еліміз  Тәуелсіздік  туын  тіккен 

тәубелі  шақта  төрткүл  дүние  мүсылмандары  тәу  етер  бүл 

қүдайтағалалық Қарашаңырақ турасында о бастағы вакуфтерді 

бүлжытпай  орындауға  оралу  жөнінде  ой  мазалағандай  ма, 

қалай?  Бағзы  бастауларымызды  қалпына  келтіру  қүлшынысы 

қанат  жайып  отырған  кезеңде  ондай  ойдың  айы  оңынан  туар 

күн алыс еместігіне сенемін.

405


Мырзагелді  КЕМЕЛ

Әбіш Кекілбаевтің  азаматтық болмысын ұғынсам,  түсінсем 

деген ниет қаламгердіц жазғандарын түгелдей оқып шығуыма, 

саралап,  зерделеуіме  бастады  да,  келе-келе  өз  білетіндерімді 

өзгелермеи  бөліссем деген ойға үласты.  Мына мақаланың  жа-

зылуында сондай себеп бар. 

.  м


Өзі:

— Мен  қыр  баласымын,  1939  жылы  Маңғыстауда  тудым,

ата-бабаларымыз  көшпелілер,  олардың ішінде  байы да,  кедейі

де  болған  көрінеді,  — дейді.  Мектепке  бармай  жатып-ақ  бала

Әбіште  оқуға,  қағаз-қаламға  қүштарлық  болғанға  үқсайды.

Өзінің  бүл  жайлы  жазғандарын  оқығанда,  менің  көз  алдыма

қабырғалары  ырсиып,  денесі  күнге  әбден қақталған қара бала

елестейді.  Ол  күн  үзақ  далада  ойнайтын  ауыл  балаларының

арасынан  бөлектене,  мектеп  сыртында  жатқан,  оқушылардың

өртеуге  үйілген,  тексерілген  дәптерлері  мен  қағаздарының

әріптері  айқындарын  жиып-теріп  үйіне  тасып  жүретін.  Алып

келген қағаздарын қүм үстіне  жайып тастап,  кішкене-кішкене

саусақтармен  күм  бетіне  сондағы  әріптер  мен  белгілерді

көшіріп үйренетін.  Бірінші  сьпп>іпқа барғанда мүғалім  барлық

әріптерді судыратып оқи да, жаза да білетін балаға таң қалып, 

келешегіне іштей тілеу тілеген.

Әкесі  соғыста қаза тапқан,  жастайынан  әйелдердің -  мама- 

сы  мен  апа-қарындасының  ортасында  өскендіктен  мінезінің 

жүмсақтығы,  ешкімге  батырып  сөз  айтпайтыны,  көнбістігі 

мен  қанағатшылдығы  сол  жылдардың  ізі  болса  керек.  Бірақ, 

ол  қиянатқа,  озбырлықка  жаны  қас  болып  өсті.  Л4ектептегі 

кезінде аудан орталығында танысқан досы Максим қайтыс бо- 

лады,  сол  оқиғадан  бірер  ай  өткенде  Максимнің  анасы  Орал 

жаққа  бармақ  болып,  үшаққа  билет  алады.  Бірақ  үшаққа  от-

СӨЗ ҚҰДІРЕТІ

406


ырарда,  қаралы  жағдаиын  айтқанына  қарамастан,  билеті  бола 

түра үшқыш оның орнына өзінің бір танысын отырғызып, бүл 

кісіні қалдырыгі кетеді. Алтыншы сыныпта оқитын бала Әбіш 

қайгыс болған досының анасына жаны ашып, «Комсомольская

правда» газетіне хат жазып, әлп үшқышты аиыптаиды, қаралы 

анадан кешірім сүрауды талап етеді. Үшқыш кешірім сүрайды, 

облыстық  әуе  тобының  басшылығы  ол  үшқышты  әдепсіздігі 

үшін бір жылға үшу қүқынан айырады.

Тоғызыншы  сыныпта  жүргенде  бір  жазушының  романын 

оқыған ол басқа бір орыс жазушысының кітабымен мағынасы өте 

үксас екенін байқап, өзінің досына көрсетеді, екеуі «Лениншіл 

жас»  газетіне  осы  туралы  мақала  жолдайды.  Ол  мақала 

Жазушылар  одағында  арнайы  қаралып,  бірталай  әңгіме  бола- 

ды. Кім жазғанын іздестіріп қараса, Маңғыстаудағы бір аудан- 

ның мектеп оқушысы болып шығады.

«Содан  қайтып  тек  өзім  үнаткан  шығармалар  туралы  ғана 

жазуды  әдетке  айналдырдым.  Әдебиеттегі  келелсіз  сарындар 

мен  ағымдар,  жағымсыз  қүбылыстар  туралы  ой  толғағанмен, 

нақты  авторлар  мен  шығармалардың  котырын  қасымауға ты- 

рыстым.  Өмірде  ненің  жаман  екенін  білсек  те  жеткілікті, 

кімнің  жаман  екенін  қазбалау  -   қазымырлық.  Жамандыққа 

жараты лған ешкім жоқ. Жаңсақ кетсе, түзеледі. Кемші лігі болса, 

арылады.  Сондыктан нақты  біреуді  жамандыққа қию,  әсіресе, 

әдебиетші  үшін  кешірместей  қатыгездік  болар  еді»,  -   дейді. 

Осы оқиға бар,  алыс ауылда жатқан бала Әбіштің белсенділііі 

бар, сол жылы оны Қазақстан Жазушылар одағының пленумы- 

на шақыртады. Көргендердің әңгімесі: «Жазушылар одағының 

фойесінде  ығы-жығы  жазушылар,  Одақтың пленумы  болғалы 

жатыр.  Ішінде  бір  бүйрабас  қара  бала  да  жүр.  Пленумды 

үйымдастырып жүрген қызметкерлердің бірі балаға жақындап: 

«Әй  бала,  мүнда  неге  жүрсің,  қазір  бүл  жерде  жиналыс 

болғалы  жатыр», — деп  оны  шығарып  жібергісі  келіпті.  «Мені 

пленумға  шақырған,  міне,  қағазым»,  — ден  қолындағы  мөр

407


басылған  шақыру  қағазын  көрсетіпті.  «Ә.  Кекілбаев  сенбісің,

жарайды,  кіре бер», — деп ескерту жасаған кісі ұялғаннан  геріс 

айналып жүре береді.

Оқу  орнында  жүргенде-ақ  Әбіш  Кекілбаев  әдебиет  майда- 

нына белсене араласқанын әдебиеттегі тұстастары айтады.

Жұмекен  Нәжімеденов  1968  жылы-ақ  Әбіш  туралы:  «Ол 

ақылдың,  мол  білімнің  терең  сезімнің  тұнбасы.  Тұнба  қашан 

да салмақты, қашан да баяу. Ол ақса ырғып ақпайды, ырғалып 

ағады,  көпірудің  орнына,  түңғиықтана  түседі.  Алыстан  ор- 

ман  ғып  көрсетіп,  жетіп  келсең,  бес  түп  ши  тұратын  сағым 

мінез  оның  талантына  жат.  Онда  жалтылдан  көрінетін  жез- 

құбылмалылық жоқ.  Ол  көңілді арбайды,  бірақ көзді  алдамай- 

ды.  Ал шынайы  өнердің асыл мұраты — сол,  кімді де болса ал- 

дамау ғой. Алдамаған жерде ақиқат та бар», -  деген.

Бастауын  өлеңнен,  жыр  жинақтарынан  бастаған  Кекілбаев

өз  өмірінде  сын  кітаптарын,  әңгімелер  мен  хикаяттар  жаз- 

ды,  тарихи романдары  жарық керді.  «Үркер»  мен  «Елең-алаң» 

оқырмандардан  өз  багасын  алды.  Жасырақ  кезінде  аударма 

саласында  да  өнімді  еңбектенді.  Мопассан,  Шекспир,  Ибсен, 

Карло Гоцңи, Макс Фриштермен қатар Толстой, Бунин, Мұстай 

Кәрім, Шыңғыс Айтматовтарды қазақша сөйлетті.

Жиырма  жасында  Қазақ  университеті  жанындагы  әдеби 

бірлестіктің жетекшісі болыи жүргенде Әбіш Мұхтар Әуезовті 

бірлестік  жиынына  кездесуге  шақырып,  интервью  алган.  Та- 

лапты  жастың  талантына  ұлы  жазушы  тәнті  болып,  тамса- 

на  мақтаған.  Бір  жиындағы  сөзінен  кейін  студент  Әбішке 

ұлы  Мұқаңның орнынан  тұрып  қол  соққанын  сол  тұста бүкіл 

Алматының зиялы қауымы  аңыздай айтып жүрген.

Әбіш  Кекілбаев  -   қазақтың  сөз  өнерін  гана  емес,  саяси  ой- 

өрісін де кемелдендіруге көп еңбек етіп, мол парасат-пайымын 

өзгелерге  аямай  үлестіріп  келе  жатқан  саясаткер.  Жазушы 

еңбектерін,  мейлі  ол  көркем  шығарма болсын,  мейлі  көсемсөз

Ш ы ңғ

408


«Қазақ  сөзі  сешң  шығармаларың  арқылы  үлы  асуларды  ала-

ды», -  деп бекер айтпаған. Себебі олар үлкен болсын, кіші бол- 

сын,  терең  ойға  ие,  өзіңізді  де  ойландырмай,  толғандырмай, 

қайрап-жігерлендірмей,  алға  үмтылдырмай  қоймайды.  Мен 

әдебиет  білгірі  емеспін.  Қатардағы  оқырманның  бірімін. 

Сондықтан  Әбіш  Кекілбаев  шығармаларындағы  ой  тереңдігі, 

кең қүлашты баяндау мөнері, тіл көркемдігі, стиль сүлулығы ту- 

ралы жазып жатқаным жараспас та. Онсыз да қаламгер Әбішті 

халқы  жақсы  біледі.  Алпыстың  асуына  бет  алған  түсында 

шығармалары  12  том  болып  жарық  көргенінен  де  жүртшы- 

лық жақсы  хабардар.  Ендеше  менің бүл  жолы  Әбіш  Кекілбав- 

тың  ойшылдық  қырын,  қайраткерлік  қасиетін  аша  түсуге

талап еткенім жеткілікті сияқты көрінеді.

1994  жылғы  наурызда  екінші  рет  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  Кеңесінің депутаты  болып сайланған Әбекеңді депу- 

таттар өзінің төрағасы етіп таңдады. Парламентаризм жаңадан 

қалыптасып келе жатқан елде тақтайдай тегіс жол қайдан бол- 

сын,  ол  Жоғарғы  Кеңес  жүмысын  бастағанына  нақ  бір  жыл 

толғанда  заңсыз  деп  танылып,  таратылды.  Осы  бір  жылдың 

өзінде  парламентшілерге  олар  сайлаушылардың  өкілдері  ғана 

емес,  түрақты  түрде  заң  шығарушылық  ісімен  айналысатын, 

білім мен білікті бірдей қажет ететін ерекше қызметкер болуы 

тиіс екенін түсіндіре, соған көздерін жеткізе қызмет етті.

1995  жылы  18  қазанда  Әбіш  Кекілбаевқа  Президенттің 

Бейбітшілік  пен рухани татулық  сыйлығы  берілді.  Президент 

қаулысында былай деп жазылған:  «Қазақстан халқының тари- 

хына, рухани мүрасына қүрмет сезімін қалыптастыратын терең

әдеби және публицистикалық шығармалары үшін».

1995  жылы  қазанның 30-ында Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Сонда Брюссель- 

ден Шыңғыс Айтматов: «Өбіш інім. Тарих біліп істегендей. Бүл 

қызметке келуің -  үлттың табысы.  Өмірің  өркендесін,  енбегің

— халық  үшін,  қаламың  — рух  үшін,  ақылың  -   заман  үшін»,

409


-ден ағыл-тепл ақ батасын берсе,  Римдегі Олжас Сүлейменов: 

«Өзіңіздің  адал  еңбегіңізбен  қазақ  әдебиеті  саласында, 

Парламенггің  жүмысы  мен  мемлекеттік  үлкен  қызметгерде 

Сіздің  бүіінгі  тәуелсіз  мемлекетіміздің  кереіесін  керісіп,

шаңырагын көтерісіп, туын тіпсіп жүргеніңізге шын жүректен 

қуанып, мақтан егемін», -  деген сөздерін жолдады.

«Мен  оз  басым  әдебиеттің  мінде гі  әшкерелеу  де,  дәріитеу 

де,  ақыл  айту да,  алдарқагу да емес, тіршілікті  әуелі  озің жете 

түсініп,  сосын оқушыңды  жете түсіндіріп,  оның өзін-өзі  руха- 

ни  шыңдай  білуіне түрткі  болу деп  үғамын»,  - дейтін  Әбекең, 

ол  осы  мінезді  саясатты  да  үстанған.  Оның  кайта-қайта  ора- 

лып,  қайта-қайта  түсіндіре  бергісі  келегін  бір  тақырыбы  бар. 

Ол -  тәуелсіздіктің  қадыр-қасиеті.  Тәуелсіздікті  ардақтау,  оны 

қорғау ең киелі парыз деп есептейді.

Корінгенге  күл  шашар  күйкілікке  қайта  үрынуға  болмай- 

ды.  Өтпелі  кезең мәселелерінде  әр түрлі  көзқараста болып,  әр 

түрлі бағыт үстанғандарымыз үшін арамызға қайтадан ала жіп 

керудің де  қажеті  жоқ.  Онсыз да бір  кезде  тарих түйіндері  екі 

жарылып,  бір-бірімізге  тапшылық  қастастықтың  қара  балта- 

сын қаймықпай сілтеп, шеше салуға тырысқан солақайлықтан 

түскен  жаралар  әлі  жанымызды  қан  жылатып  жатқаны

оелплі.


Болып  жатқан  қүбылыстарды  жан-жақты  талдап-түсінуден 

гөрі  бар  пәлені  өзгерістерге  жабуға  тырысатын  табашылдық 

басым. 



Өтпелі кезеңге ор қиыншылықтар мен адамдар басына түсіп 



отырған  ауыртпашылықты  баққүмарлық  пиғылмен  онды- 

солды  желеу  етіп,  көзге  шүқи  беру  де  адамгершілікке  сия 

қоймайды.  Өз  еліңді  өзегінен  теуіп,  үшпаққа  шықпасың

анық... 


И Ш М Й

Бәрін жиып қойып, тек елдікті ойлайық. Өйткені, бәріміздің 

де  көкейімізді тесіп  жүрген  әділет пен теңдік  болса,  тек  елдік 

бар жерде болады», деп жазды.




1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал