Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет28/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

384

елміз,  асқақтаған  хан  болса,  хан  ордасын таптай  білген  елміз. 

Атадан  ұл  туса,  құл  боламын  деп  тумайды,  анадан  қыз  туса, 

күң  боламын  деп  тумайды.  ¥л  мен  қызды  қаматып  отыра ал- 

майтын елміз.

Сен қалмақ та, біз Қазақ,

Қарпысқалы келгенбіз,

Сен темір де, біз көмір,

Еріткелі келгенбіз,

Екі еліктің лағын 

Теліткелі келгенбіз.

Танымайтын жат елге 

Таныскалы келгенбіз,

Танысуга келмесең,

Сен қабылан да, біз арыстан,

Алысқалы келгенбіз,

Жаңа үйреткен жас түлпар,

Жарысқалы келгенбіз,

Тұтқыр сары желімбіз 

Жабысқалы келгенбіз,

Берсең жөндеп бітімді айт,

Бермесең дірілдемей жөнінді айт,

Не тұрысатын жерінді айт!» -  депті.

Не деген биіктік!

Қандай әдемі, керемет шүрайлы тілмен айтылған сөз!

Республика  Президенті  Нүрсұлтан  Назарбаев  «Тарих 

толқынында» деген кітабында:  «Қазақтың ұлттық тұтастануы 

үшін табан тірейтін негізгі идеялық түғыр біршама айқын. Бүл - 

дербес мемлекеттікті сақтау және дамыту. Бұл мемлекеттік тіл 

ретінде  қазақ тілін дамыту және  нақтылы  әрекетке  ұластыру. 

Бұл — Қазақстанның аймақтық түтастығы.

Дауға  салса  алмастай  қиған,  сезімге  салса,  қырандай 

қалқыған,  өмірдің  кез-келген  орайында  әрі  қару,  әрі  қалкан 

болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да, ойнақы Анатілінен

385


артык  қазақ  үшін  бүл  дүниеде  қымбат  не  бар  екен?  Әрине, 

одан  қымбат  ештене  жоқ  деп,  айтуға  болады.  Ғасырлар  бойы 

қазақгың  үлт  ретіндегі  мәдени  түтастығына  ең  негізгі  үйтқы 

болған -  оның ғажайып тілі».

Осыдан  әдемі,  бүдан  керемет  айту  мүмкін  емес.  Және 

барлығымызға нақты  тапсырма.  Тек  орындау  үшін  үлттык на- 

мыс және ынта болу керек қой деи ойлаймын.

386


Нұргелді УӘЛИЕВ

«АНА ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАИЫ

Елімізде  ұзақ  жылдар  бойы  тіл  құрылысы  тек  жақсы 

жақтарынан  ғана  айтылып,  өткір  қырлары  жүрт  назарынан 

бүркемеленіп келді. Елімізде кейбір үлттар мен үлыстар өз ана 

тілінен қол үзіп кетті. Үлт тілдері мен үлттық мәдениетке жете 

көңіл  бөлінбеді.  Осының  салдарынан  еліміздегі  үлттар  мен 

үлыстардың  саны  ресми  мәлімет  бойынша,  қүрт  кеміп  кетті. 

1926  жылы  СССР-дегі  үлттар  мен  үлыстардың  саны  200-дей 

болса,  1977 жылы  101  болды.

Қайта  қүру  тіл  қүрылысы  саясатындағы  мүндай  қиғаш- 

тықтың  бетін  ашып,  оны  түзетудің  бағыт-бағдарын  көрсетіп 

отыр.  Үлт  саясатында лениндік  принңипті  орнықтыру  жүзеге 

аса  бастады.  Атап  айтсақ,  үлт  саясаты  жөніндегі  КПСС  плат- 

формасы  (20  сентябрь,  1989  ж.)  тіл  құрылысындағы  жаңа  бір 

кезеңнің  бетін  ашты.  Қазақ  ССР-індегі  тіл  саясаты  мен  тіл 

қүрылысының конңепциясы жарияланды (1989 ж., август).

Міне, осындай кезеңде қоғамдық өмірімізде, қайта қүру мен 

жариялылықтың  қойнауында  жақсы  бастамалар,  ізгі  идеялар 

дүниеге  келе  бастады.  Жаңадан  қүрылып  жатқан  Республи- 

калық «Ана тілі» қоғамы  осы аталған не  игі қадамдардың бірі 

деуге  болады.  Әуелде  қоғам  құру  жөнінде  бастама  көтеріп, 

жұртшылыққа қозғау  салған  академик  Әбдуөли  Туғанбайүлы 

Қайдаров  болатын.  Енді,  міне,  бүгінгі  күндері  Қазақ  ССР  Ғы- 

лым  академиясының  Тіл  білімі  институты,  М.О.  Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер институты, Үйғыртану институты, 

Қазақ  ССР  Халыққа білім  беру  министрлігі,  Қазақстан  Жазу- 

шылар одағы, Қазақ республикалық мөдениет қоры, Қазақстан 

Журналистер  одағының  ат  салысуымен  үлт тілдерін  одан  әрі 

жетілдіру,  олардың  қолдану  аясын  кеңейту,  тіл  мәдениетін

387


I

көгеру  мақсатында  Қазақ  республикалық  «Ана  тілі»  қоғамы 

құрылмақ.

Бүгінгі  күндері,  қазан  жүлдызының  20-21  күндері,  астана- 

мыз  Алмагыда  Қазақ  республикалық  «Ана  тілі»  қогамының 

қүры лгайы (учередительный съезд) өтіп жатыр. Бүл құрылтайға 

республика  жұртшылығы  тіл  мәселесіне  белсене  араласып, 

айырықша  ынта-ықылас  білдірген  өкілдерін  жіберіп  отыр. 

Күрылтай  жұмысына  қатысуға  республикадан  тыс  аймақтар- 

дағы  жұртшылық  өкілдері  де  келді.  Қүрылтай  жұмысына 

қатысушы  делегаттар  «Республикадағы  тіл  жағдайы  және 

Қазақ республикалық «Ана тілі»  қоғамының ролі  мен  міндет- 

тері»  (баяндамашы  -   Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 

академигі Ә.Т. Кайдаров), «Анатілі» қоғамыныңУставы жайын- 

да» (баяндамашылар -  Қазақ ССР Ғылым академиясының кор- 

респондент мүшесі Ш.Ш. Сарыбаев, филология ғылымдарының 

кандидаты  Ө.  Айтбаев),  «Ана  тілі»  қоғамының  Программасы 

жайында» (Баян дамашы л ар—ҚазақССР Ғылым академиясының 

корреспондент мүшесі К.М.Мұсаев, филология ғылымдарының 

докторы  Е.З.  Қажыбеков)  деген тақырыпта,  баяңдамалар  тын- 

дап,  ондағы  айтылған  мәселелерді  пікір  талқысына  салады. 

Осы аталған баяндамалар мен жарыссөздерде жаңадан құры лып 

жатқан қоғам қызметінің негізгі бағыттары  белгіленіп, жұмыс 

түрлері айқындалмақ.

Құрылтай  жұмысына  қатысушылардың  ой-пікірінше  қоғам 

өз  қызметінде  «Қазақ  ССР-інің  Тіл  туралы  заңын,  ұлт  саяса- 

ты жөніндегі КПСС платформасы мен Қазақстан Компартиясы 

Орталық  Комитетінің  Идеологиялық  комиссиясынын  Қазақ 

ССР-індегі тіл  саясаты  мен тіл  қүрылысының  концепциясын» 

негізге алады.

Қоғам  республикадағы  тілдердің  қоғамдық  қызметін  жан- 

дандыру, үлттілдерінде тәрбие, білім беретін балабақша, мектеп 

ашуға,  қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде  қогамдық өмірде

388


кеңінен  қолданылуына  байланысты  жүргізілетін  жүмыстарға

белсене ат салысиақ.

Жүрттың  қоғам  атына  жазған  хаттарының  үніне  қүлақ 

түрсек,  қоғам мүшелері  атқарар іргелі  жүмыстың бір саласы -  

жер-су аттары, оның бүрмаланған атауларын қалпына келтіру, 

ғылым  мен  техника  саласында  қажетті  әдебиеттер  шығару, 

көше, мекеме аттарын реттеу т. б.

«Анатілі» қоғамы қызметінің бүгінгі таңдағы тағы бір үлкен

саласы -  ектлділікті,  көптілділікті  насихаттау,  екітілділіктің 

қазақша-орысша, 

орысша-қазақша 

жөне 


үлттық-орысша, 

орысша-үлттық  түрлерін  дамытуға  байланысты  шараларга 

жөрдем  етіп,  қол  үшын  беру.  Қайта  қүрумен,  үлттық  сананы 

оятқан  оң  өзгерістермен,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  стату- 

сын алуымен байланысты республикада көптеген үлт өкілдері 

қазақ тілін  оқып-үйренуге  ынта-ықылас  білдіріп  отыр.  Қоғам 

өз  жүмысында  жүртшылықтың  осындай  тілек-талаптарын 

орындауға  өрқашан  да  мүлделі  болмақ.  Осыған  сәйкес 

қоғамның  жедел  қолға  алатын  нақты  шаралары:  тілашарлар,

анықтамалықтар,  екітілді  создіктер  шығаруға,  тіл  үирететін 

қысқаша  курстар,  үйірмелер  ашуды  үйымдастыруға  т.  б. 

белсенді түрде ат салысады.

«Ана  тілі»  қоғамының  атқарар  іргелі  қызметінің  бір  сала- 

сы  жүртшылықтың тіл  мәдениетін  көтеру.  Жасыратыны  жоқ, 

үзақ жылдар  бойы  тілді  рухани  мәдениетті  жасаудың  қүралы 

ғана  деген  жалаң  түсінік  үстем  болып  келді.  Шындығында, 

тіл  -  рухани  мәдениетті  жасаудың  қүралы  ғана  емес,  үлттық 

мәдениеттің  негізгі  компоненті.  Халықтың  игі  дәстүрі, 

салт-санасы,  әдет-ғүрпы  тіл  арқылы  өмір  сүріп,  тіл  арқылы 

орнығады.  Әрине,  ана тілін  білмеген  адамға оз  халқының ру- 

хани,  мәдени мүраттарының (ценности) игеруі қиынға соғады. 

Адамгершілікті  аяқ  асты  етіп,  кісілікті  таптайтын  жағымсыз 

қүбылыс  алдымен  ана  тілінен  қол  үзген,  өзге  тілдің  қадір- 

қасиетін  жете  меңгермеген  әлеуметтік  ортада  жиі  кездеседі.



389

Халықтың  тағылымдық  мәні  зор  салт-дәстүрін  жаңғырту, 

эгнографиялық  атауларды  зерттеу,  сөз  қазыналарын  ел

игіліпне  аиналдыру  төрізді  ип  шараларды  қолға  алу  қоғам 

мүшелері атқарар абыройлы міндеггердіңбірі. Қогам мүшелері 

сөз  мәдениетіне  гілді  қасгерлеи  қадірлеуге,  халқымыздың 

шешендік  тіл  дәсгүрін  жандандыруға  айрықша  көңіл  бөледі. 

Ресиубликадан  тыс  аймақта  түратын  бауырласгармен  байла- 

ныс  жасайды.  Қоғам  жанынан  қүрылмақ  болын отырған  «Сөз 

өнері»  халық  университетінің  қоғамның  «Қазақ  тілі»  деп 

аталатын  баспа  органының  атқарар  міндеті,  делегаттардың 

пікірінше, ерекше болмақ.

Сонымен,  Қазақ  республикалық  «Ана  тілі»  қоғамының 

алдағы  кезде  атқарар  міндеттері  мен  жүмыстары  әр  алуан, 

әрі  жауапты  да  абыройлы.  Ана тілінің  абырой-беделін  көтеру

жөнінде  қоғам  қызметі  жемісті,  қадамы  сәтті  оолсын  деи, 

жүртшылық оған зор сенім артады.

390


Мұқай БАҚҚОЖА

АЗАТ САНА, БОСТАН РУХ

Ғасырлар бойы ұлттың намысын қайрап, ғажайып ерліктерге 

бастаған  қазақы  рух  еткен  ғасырда  қалғып  кеткендей,  тіпті 

мұлде  ұйықтап  қалғандай  еді.  Бодандықтың  торынан  шыға 

алмай  шыбын  жаны  шырқыраған  елдің  еңсесі  түсіп,  қатал 

тағдырдың дегеніне көнген, «күштінің» айтқанына мойынсүн- 

ған.  Төуелсіздік  деген  қазақтың  қиялында  ғана  өмір  сүретін 

ұғым  болатын.  Азаттық  үшін  күрескен  бабалардың  қандай 

күйге  үшырағанын  білетін  үрпақтын  аузы  қүлыптаулы, 

рухы  бүғаулы  еді.  Санасы  сергек  үлан  қалғып  кеткен  на- 

мысын  түрпектеп  оята  алмай  іштей  өксіп,  айтарын  айта  ал- 

май,  тілін  тістеп  булығып  отыратын.  Сонау  бір  1981  жылы 

Чехославакияға  барғанда  Прага  қаласының  іргесіндегі  биік 

төбеге  чех  халқының  ұлттық  батыры  Ян  Жичкаға  қойылған 

ескерткішті  көргенде:  «Мұндай  батырлар  біздің  қазақта тіпті 

көп» дегенмін.  Бізге  ілесіп  барған  «салпаңқүлақ»  кекете  мырс 

етіп: «Олар ертегінің батырлары ғой, жолдас» деген. Не дерімді 

білмей,  өксіп,  көмейіме  тас  тығылған.  Ертегіге  айналып  кет- 

кен үлы бабаларыма жаным ашыған, олардың намысын жырта

алмаганыма өлердеи күиініп, көзімнен оырш етіп жас секірген. 

Маган  қадалып  қарап  түрған  «салпаңқүлақтың»  езуіндегі 

жымысқы  күлкі,  көзіндегі  сұс,  қаны  қашып,  қуқыл  тартқан 

суық әлпеті менің есімде мөңгілік қалды...

Прагадағы  ескерткіш  есіме  түскен  сайын  «ертегіге»  айна- 

лып  кеткен  ұлы  бабаларымды  ойлайтынмын.  Ойлаған  сай- 

ын  «Шіркін-ай,  солардың  барлығына  Алматыдан  көше  беріп, 

әрқайсысына  ескерткіш  орнатар  ма  еді.  Көктөбенің  үстінде 

Қобыландыңың  ескерткіші  тұрса  ғой»  деп  армандайтынмын. 

Ол  ойынды  ашып  айтатын,  батырларың  мен  хандарыңды 

түгендейтін заман  емес  еді ғой.  «¥лтшыл» деген қатал үкімде

391


маңдайына  жапсырып  жіберсе  күнің  қараң,  барлық  есік  жа- 

былады,  қаңғырып  далада  қаласың.  Сол  қорқыныш  біздің 

әкелерімізде  ғана  емес,  өзімізді  де  үндемеуге  үйретті.  Біз 

үндемей  жүріп  ержеткен,  асыл  арманымызды  жүрегіміздің

қүндағына бөлеп өскен үрпақпыз.

Жаратқан  жар  болып,  сол  арман  жүзеге  асты.  Тіпті  азат 

сана,  бостан рухтың  қолына тиіп  еді,  үлы  бабаларымыз тарих 

қойнауынан сап түзеп шыға келді.  Сөйтіп тәуелсіздікпен бірге 

қазағының тағдыры үшін басын оққа байлаған бабалар қайтып 

оралды. Бүл біздің ең үлкен жеңісіміз еді.

Көшелерге  үлтымыздың  абыройын  асырған,  мерейін 

үстем  еткен  бабаларымыздың  есімдері  беріліп,  солардың 

ескерткіштері  бой  түзеді.  Қысқасы,  біз  өткенімізге  оралу 

арқылы  озімізді  тереңірек тани түстік,  ертегілеріміз  ақиқатқа 

айналды, үлттың рухы асқақтады.

Рух


Қазақстанның әдебиет

бірге Түрік еліне барған едім. Өнер шеберлері үлкен стадионда 

конңерт  қойды.  Қүрманғазы  атындағы  үлт-аспаптар  оркестрі 

«Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындағанда стадион толы халық 

қошемет корсетіп, орындарынан түрып, дуылдатып қол соқты. 

Мен  оз  елімде  «Қүрманғазы»  оркестріне  көрсетілген  мүндай 

қошеметті  корген  емеспін.  Ал  оркестр  «Түрік  маршын» орын-

үрды.  Мыңнан

Музы

үн  кернеп  кетті.  «Түркия,  Түркия»  деп  аруақтанып  түрған 



халықты көргенде бүл елдің рухының күштілігіне, әлгі сөздің, 

елдің басын біріктірер қүдіретіне қайран қалдым. Ал бізде сон- 

дай  аруақты  рух  бар  ма?  Бар.  Жоқ  болса Қазақстан  қазіргідей 

дәрежеге жете алар ма еді? Рух -  қанат.

Сол  қанат барлығымызда бар  ма? Күмәндімін.  Қазақ  елінің 

болашағына,  мүмкіндігіне  сенбейтіндер  аз  емес,  олар  кешегі 

күнді  көксейді,  Қазақстанның  тәуелсіздік  алып,  бөлініп

392


шыққанына  өкінеді.  Солардың  арасында  бүкіл  ел  білетін 

халықтың  мақтанышына  айналған  адамдардың  жүргені  шо- 

шындырады.  Эгоцентристік  дертке  шалдыққан  міскіндердің 

өкінішінің төркіні түсінікті. Олар туған халқына емес, кеңестік 

жүйеге  қызмет  еткен,  солардың  сойылын  соққан,  ризығына 

кенелген,  абыройы,  мерейі  үстем  болған.  Әлгілердің  еркін 

сайрағанмен  тордағы  тотықүстың  айбьінын  танытқанмен 

қамауда  отырған  арыстанның  көбін  кигенін  білмейтіндігіне 

таң  қаламын.  Қымс  етсе,  «Қазақстан  қүрыды,  халық  аш»  деп 

сайрап қоя береді. Қолдарындаүялы телефон, мінгендері «Мер- 

седес»  автомобилі.  Бірде  сондай  айқайшыны  өдейі  бақылап 

көрдім.  Күн  суықта  дірдектеп,  қайыр  сүрап  отырған  өлмелі 

кемпірдің  жанынан  алшаң  басып  ете  шықты.  Әлгі  бейшара

қазақтың


«Халык

тірлігі,  міне,  осындай.  Олар  үшін халық  мақсатқа жетер  жол- 

дағы  баспалдақ  кана.  Жеке  бастың  мүддесі  үшін  халықты 

қүрбандыққа шалып жібергендер адамзат тарихында аз болма- 

ған.  Қазіргідей жағдайда бірігудің орнына бірігуге үмтылатын 

кейбіреуді  көргенде  адамзаттың  карғысына  үшыраған  сондай 

көркеуделер еске түседі.

«Сенің  кім  екеніңді  көрейін,  сөйлеп  көрші»  дейді  Сократ. 

Сөйлегіштер  сайрап  коя  берді.  Жариялылық  адам  нанғысыз 

дәрежеге жетті, митингілік демократияның «қайраткерлерінің» 

басын  тауға  үрып,  тасқа  соғып,  жолын,  жөнін  таба  алмай 

жүргендердің  қүдайы  бере  салды.  Түсінде  таққа  отырып  шо- 

шып  оянып  жүрген  кейбір  саяси  қайраткерлер  солармен  оп- 

оңай  біріге  салды,  сөйтіп  жаңа  заманды  толық  түсіне  алмай 

отырған  халықты  дүрліктірді.  Демократияны  желеу  етіп,  өз 

мақсатын жүзеге  асыруға тырысты.  Көзі  қарақты,  көп  жыл  ел 

баскарған,  билік  тізгінін  үстаған  сол  мырзалар  бүлай  әрекет 

жасауға  болмайтындығын,  мүндай  тірліктің  ел  тәуелсіздігіне 

зиян келтірерін білмейді дегенге кім сенер.

393


Әлемдегі  өркениетті  елдер  тарихына  көз  жүгіртсек,  олар 

демократияга  бірден  көшін  кете  қоймаган.  Қогамды  саяси, 

экономикалық  жагынан  эволюциялық  жолмен  модернизация- 

лау  бірер  жылдың  үлесіндегі  міндет  емес.  Германия  авго- 

ритарлық  билікке  арқа  сүйей  отырыи  демократиялык  қогам 

қүру  үшін  қырық  жылдан  астам  әрекет  жасаған.  Барлық 

әлеуметтік тоитар  мен таптарды  жүйелі  әріптестікке,  бірлікке 

шақырганмен өте берік саяси түтастыққа жете алмаған Герман 

елі  ақыры  қүлап  тынды  да,  мемлекет  басына  «ефрейтордың» 

келуіне  мүмкіндік  жасады.  Саясат  әлемінде  «Токвилдің  ал- 

тын  заңы»  деген  үғым  бар.  Ол  үлы  француз  революциясына 

анализ  жасай  келіп,  азаттық  пен демократияға үйренбеген  кез 

келген  ел  үшін  өте  жедел  жасалған  реформалар  мен  шүгыл 

өзгерістердің қауіпті болатындығын айтады. Мүндай жағдайда 

жүріп  жатқан реформа мен  жаңару  процесі  бақылауға көнбей, 

анархия үстемдіққе ие болады. Ескі жүйені бүзуға бағытталган

қуатты,  күшті  мүндаи  жағдаида  тоқтату  мүлде  мүмкін  емес. 

Қоғам  жіктеліп,  саяси  орталықтан  күш  кетіп,  әлеуметтік 

топтар  билікке  таласып,  мүның  соны  өте  қайғылы  нәтижеге 

әкеліп соқтыратынын айтады Токвил. Бүл процестің ақыр соңы 

ох лократияга алыи келеді екен. Ал қоғамды ешбір дайындықсыз 

демократияландыру  мен  азаттықты  шектен  шыққан  еркіндік

деп  түсініп,  соған  саи  әрекет  жасаудың  ақыры  қүрдымға 

тірелетінін адамзат тарихы сан рет дәлелдеді. Осыған байланы- 

сты неміс ойшылы Ф. Ницше: «Егер қаратобырдың қолы билікке 

жетсе, олар өздерінің аяқ-қолын шынжырлап, адам шошырлық 

тәртіп орнатар еді», -  деп жазады. Жалпы саяси тәуелсіздік бір 

сәтте қолга тиіп, ересен күшке ие бола салатын күбылыс емес. 

Біз  үнемі  мысалға  келтіріп,  таңдай  қағып  таң  қалып  отыра- 

тын  менменсіген  Еуропа  саяси  тәуелсіздікке  жету  үшін  үзақ- 

үзақ  жол  жүрген.  Мысалы, Англия  үшін осы  процесс  бірнеше 

ғасырға  созылған.  Бүл  солай  болуға  тиіс  заңды  қүбылыс 

еді.  Ал  француздар  үшін  азаттық  сапары  ауыр  да  азапты

394


болғанға ұкқсайды. Елді құрсауынан шығармаған абсолютизм, 

Парламент  пен  халықтың  корольдік  билік  алдындағы 

дәрменсіздігі. 

Мүсәпір  ахуалы,  шенеуніктердің  шектен 

шыққан әпербақандығы,  үкіметтің дворяндарға жасаған  ерек- 

ше  қамқорлығы,  қалың  бұқараның  адам  аярлық  тұрмысы 

Франциядағы 

ішкі 


қайшылықты 

ушықтырып, 

әртүрлі 

қақтығыстардың  тууына  себепкер  болған.  Мұның  өзі 

мемлекеттің негізгі капиталы халықтың азып-тозуына, ұлттың 

рухтың әлсіреуіне жақсы жағдай тудырған. Соның нәтижесінде 

біртұтас  ұлттың  мүдде  бірлігі  бұзылған,  бүлінген.  Сөйтіп 

бірлігі бүлінген елдің тірлігі де оңбаған.

Бүлінген,  жікке  бөлінген  ұлтта  болашақ  жоқ,  ол  білім- 

ғылымның  мөдениетін  дамыта  алмайды.  Бұл  дәлелдеуді 

қажет етпейтін ақиқат. Ондай ұлт жасампаз рухтан ада.

Тағдырдың небір қияметін көрген қазақ азаттықтың қадыр- 

қасиетін  біледі.  Тәуелсіздіктің  он  жылында  біз  дүниеге  азат 

сананың  көзімен  қарауға  үйрендік.  Азат  сана,  бостан  рух 

мәңгілік болғай!..

395


I

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТІЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

ЖӘНІБЕК НӘЛІБАЕВПЕН СҰХБАТ

-   «ҚР  тілі  туралы»  заңының  қабылданғанына,  оның 

айналысқа  түскеніне  де  биыл  бес  жылдың  бедері  болыпты. 

Тәуелсіздігіміздің  туын,  егемендігіміздің  түғырын  бекіте  тү- 

сер қасиетті тіліміздің қазіргі жағдайы қандай дәрежеде?

-   Қазақстан  Республикасындағы  «Тіл  туралы»  заң  1997 

жылдың  11-шілдесінде  қабылданды.  Иә,  биыл  бес жыл  толып 

отыр. Бүл екінші рет қабылданған заң. Егемендігіміздің он жыл- 

дығын кеше ғана тойлаған жас еліміз үшін бүл бес жыл, әрине, 

маңызды  мерзім.  Заңды  орындауды,  бақылауды  күшейту мақ- 

сатында  Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаевтың  басшылығымен, 

үкіметіміздің  қолдауымен  бірқатар  заң  актілері  жарыққа 

шығып,  сол  бойынша  жүмыстар  атқарылып  жатыр.  Соның 

ішінде  ең  бір  нақты  өрі  жанды  қүжат  Қазақстан  Республика- 

сы Президентінің 2001  жылғы 7-ақпандағы №550 жарлығымен 

бекітілген  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2010 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Оны іске асыру

үшін үкіметіміз оірнеше іс-шаралар жоспарын, қаулы-қарарлар 

қабылдады.  Осы  қүжаттар  негізінде  біздің  Тіл  басқармасы 

үжымда жанды жүмыстар атқарып келеді.

-  

Көзі  қарақты  жүрт  халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамында 



жүргеніңізде  тіл  туралы  депутаттық  сүрау  салу  ісімен 

айналысқаныңызды  да  біледі.  Сол  1997-1998  жылдар  да 

бүгінде  тарихқа  кетті.  Бүл  мәселеде  ой-түжырымдамаңыз, 

пайымдауларыңыз бар шығар.

«Тіл  мәселесі  -   теңіз  үстіндегі  айсберг  іспетті,»  -   дейді 

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамынын  Президенті,  академик 

Әбдуөлі Туғанбайүлы.  Әдемі айтылған сөз.  Бізге оның тек үсті 

ғана  көрінеді,  қалғаны  теңіз  суының  ішінде  көзге  көрінбейді. 

Оны  анықтап  көру  үшін  теңізге  түсіп,  терең  бойлау  керек. 

Тіл  мөселесі  көп  қырлы,  күрмеуі  қиын,  күрделі  мәселе.  Ол



396

табандылықты,  байыптылықты,  қала  берді,  саясаткерлікті 

қажет  етеді.  Оның  үстіне  біздің  халқымыздың  бүкіл  та- 

рихи  жағдайлары  мен  қазіргі  көп  ұлттығын  қоссақ,  тіпті 

күрделене  түсетіні  белгілі.  «Тіл  туралы  Елбасымыз  1998 

жылы  2-қыркүйекте  Астанада өткен  «Мемлекеттік тіл:  бүгіні 

мен  болашағы»  атты республикалық конференцияда мынадай 

даналық  сөз  айтып  еді:  «Тіл  мәселесінің  оте  нәзік  екендігі, 

оны  зорлықпен  емес,  тек  қана  шынайы  ынталылықпен  ғана 

ыңғайланатын  шаруа  екендігі  белгілі.  Ал  оны  мемлекеттік 

тіл  ретінде  қастерлеп,  үйрену  елдің  барша  азаматтарының 

парызы...»  1998  жылы  Президент  қаулысымен  «22  қыркүйек 

Қазақстан  Республикасы  халықтарының  тілдері  күні»  болып 

жарияланғаны  туралы  жарлығы  маңызды  гуманистік  қадам, 

тілге деген ізгі ілтипаттың анық көрінісі болды. Сол күннен ба- 

стап тіл мерекесін республика көлемінде атап оту дәстүрге ай- 

налды.  Ал енді тілдің дамуы жөніндегі ой-тұжырымға келсек, 

мен мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірге ену процесін ғылыми 

тұрғыдан  алып,  төрт  кезеңге  бөліп  қарастырар  едім.  1-кезең

-   1986-1989  жылдарды  қоғамдық  сананы  ояту,  яғни  халыққа 

мемлекеттік  тіл  -   Қазақ  тілі  екенін  түсіндіру,  санаға  жарық 

сәуле қүю кезеңі. «Тіл туралы» заңның алғаш рет қабылданған 

кезі.  2-кезең  -   1989-1997  жылдар  қазақ  тілі  -   мемлекеттік 

тіл  болып  белгіленді.  Қоғамдық  сананың  тіл  тұрғысындағы 

мәселеде озгерулер кезеңі. 3-кезең.  1998-2000 жылдарды тіл ту- 

ралы қоғамдық сана мүлдем толығымен өзгерген кезең болды. 

Өйткені сіресіп қатып жатқан мүз еріп, сең қозғалды. Қоғамның 

барлық саласында қозғалыс пайда болды. Мекемелердің аттары 

мен морлері  екі тілде жазылды.  Қоғамдық омірде мемлекеттік 

тілдің  ез  орнына  орныға  бастау  процесі  өтіп  жатты.  4-кезең

-   2000  жылдан  осы  күнге  дейінгі  кезеңді  мемлекетік  тілдің 

кәдімгідей  күш алган, орныға бастаған кезі деуге  болады.  Бұл 

кездері  елді  мекендердің  қазақша  атауы  қайтарылып,  коше 

атаулары  қазақтың  өзінің  аяулы  азаматтарының  есімімен

397


аталыныи,  қазақ  гілінде  жазыла  бастады.  Мәселен,  күні 

бүгінге  дейін  Алматы  қаласында  138-ге  жуық  көшенің  атауы 

өзгертіліп,  қала  каргасында  қазақ  тіліндегі  агаулар  көбірек 

көрінігі  түр.  Қала  көшелеріндегі  жарнамалардың  екі  тілде 

жазылуы,  ақнараттардың  мемлекеггік  тілде  берілуі  осы 

кезеңдерде мықтап қолга алынды.

-  Алматы қаласы  бойынша не істелді, неге қол жетті?

-  Республика көлеміндегі қүжаттарды басшылыққа ала оты- 

рыгі, қала әкімі В.В. Храпунов тілдерді қолдану мен дамытудың 

қала  аумағындағы  нақты  іс-шаралар  жоспарын  бекітігі,  оның 

орындалуын  жіті  бақылайды.  Ең  басты  міндет  заңның  19-ба- 

бында көрсетілген мекемелер мен үйымдардагы, кәсіпорындар- 

дағы  іс-қагаздарының  мемлекеттік  тілге  кезең-кезеңмен  кө- 

шірілуін  үйымдастыруга  жүмылдыру  болды.  Заңның  орын- 

далуын  тексеру  мақсатымен  «Тіл  басқармасы  мен  қалалык 

прокуратураның  бірлескен тексеру  кестесі  жасалды.  Қалалық 

статистикалық  басқармасының  мәліметі  бойынша  Алматы- 

да 533  мемлекеттік мекеме  бар.  Қызметкерлердің мемлекеттік 

тілді меңгеруі үшін қажетті үйымдық, материалдық жагдайлар 

жасалуы  қолға алынган.  2001  жылы  3  аудандық әкімшілік  ап- 

параты,  10  мекеме  мен  кәсіпорын,  2002  жылдың  бірінші  жар- 

ты  жылдығында  19  мекеме  мен  кәсіпорын тексерілді.  Тексеру 

барысында  заңның  8,  9,  10,  21-баптарының  орындалу  барысы 

анықталды. Нәтижесі көрсеткендей:

-  аудандық әкімшіліктерде іс-қағаздарын мемлекеттік тілге 

кезең-кезеңмен көшірудің багдарламасы жасалған;

-  мемлекеттік мекемелердің мөрі, мөртабандары,  бланктері, 

бүйрық-шешімдері,  жүмыс  жоспарларьг  «Тіл  туралы»  заңның 

9-10-баптарына сәйкес ендірілді.

Аудандардағы  әкімшілік  қызметкерлердің  65  пайызы  қазақ 

тілін біледі.  Ал олардың қандай дәрежеде  білетіндігі  өз  алды- 

ңа мәселе.  Ол  өзінше  әлеуметтік  зерттеуді  қажет  етеді.  Қазақ 

халқымен ынтымақта өмір сүріп жатқан  100-ден астам үлттың



1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал