Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет27/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34

369

мен жеңгесі арқылы шешесінің қандай адам екенін анықгагысы 

келеді.  «Шешесі  жаманның  қызын  алма»,  немесе  «шешесін 

көріп, қызын ал» деуде осындай мақсат бар.

Заманның  бағыт-бағдарына  қарай  мақал-мәтелдер  де 

түрленіп  өзгеріске  түсіп отырады.  «Шешесі  отырып,  сойлеген 

қыздан безін» деп келе, қыздың жақсысын іздейді.«Ақылды қыз 

білімге жүгінер. ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп біледі.  Осындай 

негізгі  тәрбиелік  жүмыстарды  жүргізіп  алған  соң,  қазекеңнің 

қүдайдан тілейтіні қызының барған жеріне тастай батып, судай 

сіңуі.  Барған  жерінде  бағының  ашылғанына  қатты  қуанады, 

бағы  тайса  қатты  күйінеді.  Қорқатыны  — «қайта  шапқан  жау

жаман, қайтып келген қыз жаман» екені.

«Шыққан қыз шиден тысқары» қыз баланың ендігі жердегір 

тіршілігі  шектеулілеу  болатыны  белгілі.  Ол  келіндік  және 

әиелдік  дәуір.  Бұл  қыз  оала  үшін  мейлінше  жауапты  кезең. 

Жаңа түскен келінге сыншы да, мінші де коп. Ол еңді торкінінде 

алған  тәрбиенің  қаншалықты  екенін  корсетуге  тиіс.  Жеңгесі 

мен  шешесінен  коргенін  істеп,  қайын  жүртының  көңілінен

шығуға тырысады.

Қазақ


жүр

тәрбиеге  жауапты  екенін  қатты  сезінеді.  Оның  қандай  елге, 

қаңдай  отбасына  келін  болып  түсуіне  көп  нәрсе  байланысты. 

«Жақсы  елге түскен келін келін, жаман елге, түскен келін кел- 

сап».  Бүл  жерде  қайынененің  ролі  коріне  бастайды.  Кобінесе 

«келіннің қайын ене топырағынан жаралғандай» болып келуін

Шынында

бақыттың


Жас

Мүндағы


шебер тілімен жас келінге келген жерінің үлкен-кішісімен, елі- 

жүртымен  таныстырып  ізет-құрмет  күтуі  озге  елдерде  бола 

бермейтін  ұлтымызга  тән  тамаша  дәстүрдің  бірі.  Бұл  мәңгі 

есте қалар, ұмытылмас сәттер. Соңдықтан «Келіннің бетін кім

370


ашса,  сол  ыстық»  деитін  нақыл  сөз  көптің  көкеиінде  қалып 

койған.  Сөйтіп  келген  жерінің  тәрбиелік  мектебінен  өте  ба- 

стайды.

Қазақтың бұл тұстагы тәсілі де  озгеше.  Ата-ене  коңіліндегі 



ойды  келінге  туралап  емес,  тұспалдап  жеткізуге  тырысады. 

Тіпті көбінесе қызына сөйлеп отырган болып, келінінің құлагын 

діттейді,  «Қызым  саган  айгамын,  келінім  сен  тыңда»  дейді. 

Тұбі келіннің іс тірлігі «еркек үйдің иманы, әйел үйдің жиганы, 

жаксы  әйел -  ырыс, жаман әйел -  ұрыс», «бірліктен бездіретін 

де әйел, сұмдықты сездірегін де -  әйел», «ерте тұрган еркектің 

ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», «жақсы әйел

— жігіт біткенге бақ», «үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір 

әйел толтырады» деген нақылдарға сай жетілуін қадағалайды. 

Сонымен  бірге  келген  келін татулық жаршысындай  болса деп 

армандайды.  Әсіресе  абысындар  арасының  ынтымақты  бо- 

луы  көзделеді.  «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, 

ас  көп».  «Ағайынның  азары  болса  да  безері  жоқ»,  «ағайынға 

қарап, мал өсер, ағашқа қарап тал өсер».

Қыз,  әйел,  қатын,  абысын-ажын,  ағайын  туралы  мақал- 

мәтелдерді  саралай  огырып,  халық  даналығына  қайран 

қаласың. Атам қазақ ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай- 

ақ  әрі  қысқа,  әрі  нұсқа  нақылдармен  тәрбие-тағылымның 

тамаша үлгісін түйіп айтып отырған.

Осының  бәрінде  ананың  орны  айрықша.  Барлық  ізгілік, 

мейірім,  шапағат  адам  баласының  бойына  ананың  ақ  сүтімен 

дарыса керек.

«Ана  сүті  бой  өсіреді,  ана  тілі  ой  өсіреді».  Әрбір  ана 

бойындағы  тағдыр  берген  бар  асылын  тоғыз  ай  толғатқан 

перзентінен  аямаған.  Олардың  арасынан  сөз  ұстаған  ақын  да, 

ел  қорғаған  батыр  да,  шежіре  шерткен  ғалым  да,  ел  қамын 

жеген  дана  да,  үлгі-өнеге  шашқан  ұстаз  тағысын  тағы  талай 

дүлдүлдер мен шешендер, өмір гөй-гөйін түйіндеген шеберлер

371


де  шыққан.  Елі-жұртына  ойран  салған  опасыздар  да,  қатыгез 

қараниеттілер мен халқын қан қақсатқан жауыздар да болған.

Соған  қарамастан  анаға  табынбайтын,  оған  тоқтамайтын,

оның  алдында  тізе  бүкпейтін  жан  сирек.  «Анадан  алып  туа- 

ды»,  «Ана  бауырыңдағы  бүлақ».  Сондықтан  ана  алдындағы 

қарыздың өтелмегені  өте  ауыр.  «Анаңды  Меккеге  үш  арқалап 

барсаң  да,  қарызыңнан  қүтыла  алмайсың»,  «Анасыз  қыз 

жасауға  жарымайды».  Ендеше  «Анаға  қарап  қыз  өсер,  әкеге 

қарап үл өсер».  Сол себепті «Анасын көріп, қызын ал».

Бұлар  ана туралы халық даналығынан  алынған  бірен-саран 

мысалдар  ғана.  Тағылымға  толы  осынау  толғауларды  тара- 

та отырып,  қазақ  тілінің түпсіз  де  терең  байлығына,  ойыңды 

көріктендіріи,  көңіл  сарайыңды  нүрландыра  түсер  асқан 

қасиетіне қалайша шаттанбайсыз. 

.  *

Осыншама  байлықтың  көзін,  біздің  ендігі  жастарымыз 



аша,  арши  түссе,  керегіне  жарата білсе  мемлекеттік тіліміздің 

көсегесі  бүгінгіден де  көркейе,  еңселене түсер еді-ау деген  ар- 

манды оймен аналар мен ана тілі туралы жырымды әзірге осы- 

мен тоқтата тұрсам деп едім.

372


Рәбиға Сыздық

Өзімізге  белгілі,  бүгінде телеарнадан қазақша хабарлардың 

уақытын  көбейтуге  күш  салынып  жатыр.  «Еларна»  сияқты 

тек  қана  мемлекеттік  тілде  хабар  тарататын  жеке  арнаның 

ашылуы  да  осы  шараның  бір  жақсы  көрінісі.  Сонымен  қатар 

біраз арналардан «Көзқарас», «Еркін сөз», «Ой-көкпар» сияқты 

бағдарламалардың  ашылуы  қазақ  тілінде  пікір  алысуга,  оған 

тыңдармандардың  тікелей  қатысуларына,  коп  норсе  жайында 

білік-танымдарын көтеруге игі ықпал етіп отыр. Алайда экран- 

нан  көрінген  қайсыбір  адамдардың  ойын  туған  тілінде  таза, 

жатық  жеткізе  алмай  жататыны  қынжылтады.  Тіпті  біршама 

жатық  сөйлей  білетіндердің  өзі  де  «жаңағы»  деген  сөзді  жиі 

қайталап,  әп-өдемі  әңгіменің  өрін  кетіреді.  Бүл  ақаулық,

МӘДЕНИЕТТІЛІК ТІЛДЕН БАСТАЛАДЫ

ақаулық  емес-ау,  ана  тіліміздің  сүрқын  қашырып,  оереке-сін 

алып  жүрген  ең  жиі  кездесетін  сорақылық,  бүгінгі  сойлеу 

тілімізге  жабысқан  індет  болып  отыр.  Жиын-жиналыстарда, 

теледидардан  сойлей  қалғанда,  көп  адам  ойын  еркін  айтып 

бере алмайды, әрбір үш-төрт сөзден кейін «жаңағы», «жаңагы» 

дейді де  отырады.  Ол  -  ол  ма,  бүдан  сорақысы  -  орыс  тілінің 

«так,  конечно,  вообще,  пока,  уже,  значит,  допустим»  деген 

сөздерін араластырып жібереді.

Біз  бүл  жерде  осылайша  кім  сөйледі  дегенді  айтып, 

сөйлеушінің  «бетін  шиедей»  қылуды  мақсат  етпейміз, 

әңгіменің бастысы -  қазақ тілінің ауызша қолданысында қүтын 

қашырып,  мөдениетіне  нүқсан  келтіріп  келе  жатқан  осындай 

үрдістің орын алып отырғанын баса айту, қынжыла ескерту.

Әрине,  бүл  дерттің  де  сырын  ашу  қиын  емес,  мүның  бір 

себебі  -   тілге  деген  немқүрайдылық,  жауапсыздық,  екіншісі

-   күнделікті  түрмыста  сөйлесу  төжірибемізде  орыс-қазақ 

сөздерін  араластырып,  ойымызды  қалай  болса  солай  тез

373


жеткізе салуға машықтанып  алғанымыз.  Алдымен, күнделікті 

тіршілігімізде,  үй  ішінде  таза,  дұрыс  сөйлесуге  балалары- 

мыздан  бастап,  үлкендер  де  үйренсе,  ана  тілінің  берекесін

кетірмеудіөзініңбірміндетімдепой-санасындақалыптас-тырса,

топ алдыңа шыққанда да бүл үрдіс жалғаспас еді. Бүл ойымыз- 

ды тағы соңғы  1-2 айдың жүзінде қазақ тіліндегі телехабарлар- 

ды мүмкіндігінше (әрине, барлығын дей алмаймыз) қолымызға 

қалам алып отырып тыңдағанда жиналған факті-лерге сүйеніп 

айтып  отырмыз.  Ана  тілін  үлттық  белгім  деп  танып,  үлттық 

намысты  тапгамауға  күш  салатын,  тілге  мейлінше  мән  беріп, 

әрбір  сөзді  орнымен  қолданатын,  «жаңағы,  осы,  мына»  деген

сияқты  «жабысқақ»  сөздерді  қыстырып  сөйлеу  машығы  жок, 

орыс тілінің элементтеріне де  «жиендік» жасамайтын адамдар 

аз емес, бар. Мысалы, соңғы айларда теледидардан сөзі естілген 

шенеуніктерден Болатхан  Тайжановтың,  Ахметжан  Есімовгің, 

саясаттанушы Ерлан Кариндердің есімдерін атар едім.

Енді  ойымыздың  желісін  жалғастыру  үшін  телеарналар- 

дан  қазақша  берілетін  хабарларда  кездесетін  ақаулықтардың 

екі-үшеуіне  тоқталалық.  Алдымен,  дикторлар  мен  хабар 

жүргізушілердің бірқатары қазақ тілінің сөзді дүрыс дыбыстап 

айту  заңдылықтарын,  яғни  орфоэпиялық  нормаларды  жақсы 

білмейді.  Олардың  шекара,  қыркүйек,  көкөніс,  қол  қойды,  кез 

келген,  жеті  күн,  сонымен  қатар,  қыл  қалам  деген  сөздер  мен 

тіркестердегі  к,  қ  дыбыстарын  осылайша  жазылған  түрінде 

қатаң  айтады,  ал  бүл  сөздер  айтылуда  шегара,  қыргүйөк, 

көгөнус, қолғойдү, кезгелген, жетігун, соныменгатар, қылгалам 

болып, үндестік заңдарына бағынып дыбысталуы керек.

Екінші  бір  нәрсе  -   дикторлар  мен  хабар  жүргізушілердің 

амандасу-қоштасу  сөздерінде  байқалатын  ақаулар.  Әрине, 

барлығы біркелкі, бірдей сөздермен амандасып, қоштассын де- 

уге  болмайды,  қазақта амандық сөзі де,  қош  айтысу тіркестері 

де  біраз  бар,  бірақ  солардың  қалыптасқан  түрлерін  бүзбай

Мысалы

374


деп жатады,  ал көрісу мен коштасу сөздері де, мақал-мәтелдер 

сияқты,  әбден  ықшамдалған,  белгілі  бір  тұлғада,  тіркесте 

қалыптасқан  болып  келеді,  сондықтан  қазақ  көріскенше  күн 

жақсы!  дей  салады,  бұл  жерде  болсын,  болғай  деген  етістік

оида  тұрады,  оны  аитпаса  да  тілек  мағынасы  жоғалмаиды, 

Қош  айтысудың  бұл  вариантының  әсерлі,  икемді  болуын 

к-к  (коріскенше  кұн)  деген  дыбыс  ұйлесімі  (аллитерация)  мен 

сөздің  ықшамдылығы  жасап  тұр.  Сондықтан  кейбір  хабар 

жүргізушілердің жүздескенше күн жақсы!  деп өзгертіп айтула- 

ры дұрыс емес. Ал эфирде жүздескенше! аман-сау болыңыздар! 

деген варианттар да жақсы. Қысқасы, амандасу мен қоштасуды 

бір  вариантпен  қайталай  бермегеннің  айыбы  жоқ.  Керісінше, 

Амангелді  Сейітханның  «Жеңісті  күндерде  жолыққанша!» 

дегені  кұлаққа үні жағынан (жеңісті -  жолыққанша) жағымды 

естілгенмен, 

біріншіден, 

үзбестен 

қайталанып 

айтыла 

беруімен  жалықтырады,  екіншіден,  эфирде  сойлеуші  мен 



тыңдаушы  жолықиайды,  дидарласады,  коріседі  ғой.  Нұртілеу 

Иманғалиүлының  алғашқыда  «бақуатты  болайық!»  деп, 

одан  кейін  «бай,  куатты  болайық!»  деп  қайыр-кош  айтуы  да 

сәтті  емес:  бақуатты  деген  кірме  сөз,  «әлді,  қуатты,  күшті» 

деген  мағынаны  беретіндігі,  барлық  оңірде  жиі  қолданыл- 

майтындығы оз алдына, ең алдымен қазақ қайыр-қош айтқанда 

байлықты  да,  батырлықты  да  тілемейді,  амандықты  тілейді, 

амандык,  саулық  болса,  батырлық  та,  байлық  та  келеді, 

сондықтан  халықтың  салт-дәстүрінің  психоэтнологиялық

мазмұнын бұзбаған дұрыс.

Келесі  ескертетін  сәт,  тілді  қай  жерде,  қандай  мақсагпен 

жүмсасақ  та,  әрбір  создің  мағынасын,  стильдік-эстетикалық 

жүгін  түсініп  жұмсау  —

  өркімге  аян  талап.  Әсіресе  ақпарат 

құралдары әрбір сөзді сақтықнен қолдануы қажет.

Сөзді  оз  орнында  қолданбаудың  анық  көрінетін  тағы  бір 

тұсы -  мақал-мәтелдер мен тұрақты  тіркестердің бұзылыи ай- 

тылуы.  Теледидардан  «той  тойға  жалғаса  берсін»,  «жел  бол-



375

маса,  ағаштың  басы  қимылдамайды»  деген  мақал-мәтелдерді 

естідік,  бұлар  бұзылып  тұр:  алгашқысының  дұрысы  «той 

тойға  үлассын»  болуы  керек,  мүңда  жалғасу  мен  үласу 

мағыналары  жақын,  тіпгі  синонимдер  болғанымен,  әрқайсы- 

сының  қосымша  мағыналық  реңкі  бар,  оның  үстіне  ұлассын 

деген сөздің фонетикалық тұлғасы той, тойға дегендердегі  ү-о 

дыбыстарымен келіп, ассонанс қүбылысын жасап түр; ал дыбыс 

гармониясы -  мақал-мәтелдер мен бейнелі фразеологизмдердің 

басты  белгілерінің  бірі,  ол  бүзылса,  мақалдың  магыналық- 

тұлғалық  бітімі  бұзылады.  Сол  сияқты  екінші  мақалдың 

дұрысы  -   «жел  түрмаса,  шөптің  басьь қимылдамайды»  болу

керек;  біріншіден,  жел  болмаса  деген  мен  жел  тұрмаса  деген 

тіркестердің  магынасы  бір  емес;  желдің  жалпы  болуы  бар  да, 

сөл-сәл басталуы  бар,  сәл жел тұрса,  ағаштың биік басы  емес, 

жердегі  жатаған  шоптің  басы  қимылдайтынын  бабаларымыз 

дөл берген.

Кей  кездері  ауа  райының  ертеңгі  күнгі  болжамын  бер-

генде  «жауын-шашын  жаумаиды»,  «көшпелі  оүлт  көшеді»

-   «нажағай  шартылдайды»  деген  сияқты  создер  қайталанып 

жүреді. Бүларда да сөздер өз орындарында емес: жауын-шашын 

дегеннен кейін жаумайды  етістігі түра алмайды,  өйткені жауу 

етістігі  деректі  заттың  қимылын  білдіреді,  мысалы,  жау- 

ын  жауады,  қар  жауады,  бүршақ  жауады,  ал  жауын-шашын 

деген қос сөз  жиынтық атау, дерексіз ұғым атауы, дерексіз зат 

болады  не  болмайды  деген  создермен  ғана  беріледі.  Кошпелі 

бұлт кошеді деген сойлем де қазақ тілі үшін ыңғайсыз қүрылым: 

көшпелі деген сөздің озі ол бүлттың кошіп жүретінін білдіреді, 

аспанды  көшпелі  бұлт  қаптайды  десе  бір  сәрі.  Сол  сияқты 

нажагай  шартылдамайды,  ойнайды,  дыбысқа  келсек,  күн 

күркірейді.  Рас,  «Ел  арнада»  Қазақ  тіліндегі  хабарлар  сапасы 

едәуір жанданып келеді.  «Ақиқат ауылы», «Бір сәт және  бүкіл 

гүмыр»,  «Азамат»  сияқты  телесүхбат,  теледебат,  телеестелік, 

телетанымдық  айдарлар  ашып,  оларды  озекті,  әлеуметтік  үні

376


бар,  төрбиелік  мәні  зор,  эстетикалық-танымдық  бояуы  айқын 

хабарларға айналдырып отырғандығы қуантады.

Сондай-ақ  31-каналдың  «Еркін  сөз»  атты  тікелей  эфирге 

шығатын  бағдарламасын да қызыға тыңдайсың,  көп мағлұмат 

аласың.  Бұларды  жүргізушілер  де  хабарға  дайындықпен 

келетіндіктері  байқалады,  тек  кейбіреулеріні ң  сұхбаттасып 

отырған  адамды  киіп  кетіп  қосамжарланып  отыратыны, 

«жаңағы»  деген  «жалмауыз»  сөзді  (уақытты  жалмайтын) 

көбірек  айтатыны  бар.  Әсіресе  маған  «Ел  арнадағы»,  «Ойта- 

лас»  сұхбатын жүргізген журналист Қарлығаш  Жәкетаева өте 

ұнады:  сүрақтары  қисын-ды,  сөзі  әдемі,  өзін  аса  мәдениетп 

ұстайды, «тағы бір адам телефон шалып тұр, тоқтай тұрыңыз» 

деп, кейбір жүргізушілер сияқты,  конағының сөзін шорт кесіп 

тастамай,  «кешіріңіз!»  деп  барып,  телефон  шалушыға  кезек

беруі өте дұрыс.

Өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарайтын  мүндай  журналистер 

қатары  басқа телеарналарда да баршылық.  Мысалы Бауыржан 

Омаров, Зейін Әліпбек, Ләззат Танысбай, Қымбат Досжан, Ар- 

ман Балтабайүлы сияқты күнде көріп, жиі тыңдап келе жатқан 

комментаторларды  ана тіліне  аса жауапты  қарайтын,  өз  ісінің 

мамандары деп білемін.

377


Шәмшә БЕРКІМБАЕВА

АНА ТІЛІМІЗДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІ

Қазақстан  Республикасы  Коііституциясыпыц  7-бабында 

«Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік тіл  -   қазак  тілі» 

делінген.  Ал  «Тіл туралы» Зацның 8-бабына көңіл аударыцыз: 

«Мемлекеттік  тіл  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік

оргаидарыныц және  жергілікті  озш-өзі  Оасқару органдарыныц 

жүмыс  және  іс-қағаздарын  жүргізу  тілі  болып  табылады». 

Осы  Зацныц  9-шы  бабы:  «Мемлекеттік  органдардың  актілері 

мемлекеттік  тілде  әзірленіп,  қабылданады,  қажет  болған 

жағдайдамүмкіндігінше, басқа ті лдерге аударылуы қамтамасыз

етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкш». 

Яғни мемлекеттік тіл заңмен камтамасыз етілген. Ал іс жүзінде 

қалай?


Сыртқы  істер  министрлігі  ноталар,  ілеспе  хаттар,  қаулы, 

қүттықтаулар,  шақырулар,  сүқбат  жазбаларды  мемлекеттік 

тілде  дайындайды  екен.  Қүжаттарға  сүрау  салу,  визалық  рас- 

тамалар, азаматтықтан шығу немесе азаматтыққа қабылдау ту- 

ралы  қатынас  қағаздар,  дипломаттардың мақалалары  ара-түра 

мерзімді басылым беттерінде қазақ тілінде шығатынын байкап 

жүрміз.

Министрлік  екі тілде  «Дипломатиялық  жаршы»  журналын 



шығарады.  Алайда,  министрлікте  қүжаттарды  мемлекеттік

тілде қалыптастыру оөлімі ашылып, қызметкерлері қазақ тілін

үйренуге  зейін  қойғанымен,  мемлекеттік  тілдің  халықаралық 

денгейдегі  мәртебесі  өте  төмен.  Мемлекеттік  тілдегі  қүжат 

айналымының  министрліктің  озіндегі  үлес  салмағы  4-8  пай- 

ыздан  аспайды.  Ал  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі

елшіліктерінің ішінде  еліміздін тек қана  1 үркиядағы  елшіліп 

ресми  қүжаттардың  70  пайызын  мемлекеттік тілде  дайындай- 

ды.  Қазақстанның  Мысырдағы,  Малайзиядағы,  Сауд  Арабия-

378


сы  Корольдігіндегі,  Өзбекстандағы,  Израиль  мемлекетіндегі, 

Америкадағы  елшіліктері  құжаттарды  мемлекеттік  тілде 

рәсімдеуге соңғы кезде көңіл бөле бастаған.

Министрліктің  айтуынша,  Қазақстанның  Австриядағы, 

Франциядағы,  Жапониядағы,  Үндістандағы,  Пәкістандағы, 

Англиядағы,  Италиядағы,  Венгриядағы,  Швецариядағы,  ТМД 

елдеріндегі елшіліктері, Нью-Иорк және Женевадағы тұрақты 

өкілдері құжаттарды тек орыс тілінде дайындайды.

Ең  өкініштісі,  Қазақстан  Республикасының  министрліктер 

мен  ведомстволарында  халықаралык  келісімдер  мен  шарт- 

тардың әлі күнге дейін бір де біреуінің түпнұсқасы мемлекегтік 

тілде дайындалмайтындығы.  Ең озғанда мемлекеттік тілге  ау- 

дарылады,  тіпті  аударылмауы  да  мүмкін.  Ал  келіссөздер  тек

орыс тілінде өтетінін өздеріңіз көріп жұрсіздер.

Жуырда  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Сенатының 

Төрағасы  Оралбай  Әбдікәрімов  Тұркия  Парламентінің  бас- 

шысы  Өмір  Өзге  мырза  бастаган  делегациясын  қабылдады. 

Түбі  бір  туысқан  екі  халықтың  өкілдерінің  кездесуі  әрқашан 

ерекше  бір  жылылықпен өтеді.  Бүл жолы  да солай болды.  Екі 

мемлекеттің  парламентаралық  қарым-қатынасын  нығайту 

арқылы  елдеріміздің  рухани  ынтымағын,  экономикалық  бай- 

ланысын  жақсаргу  мәселелері  әңгіменің  негізгі  өзегі  болды. 

Алайда, көңілге түйткіл салган, әттеген-ай дегізген, байқамауға 

болмайтын  бір  жағдай  мемлекеттік  тіліміздің  халықаралық 

деңгейдегі мәртебесін айгақтағандай көрінді.

Өмір  Өзге  мырзаның  сезін  тілмаштың  қызметін  атқарган 

қазақ  қызы  бізге  орыс  тілінде  жеткізіп  отырды.  Біріншіден, 

басқа-басқа,  ал  түрік  ағайындарымызбенен  орыс  тілі  арқылы 

түсінісуіміз  тіпті  үят  жағдай.  Екіншіден,  аудармашылық 

жүмыстың да өз мәдениеті, өз этикасы болу керек емес ие? Се- 

нат  Төрағасы  Қазақ тілінде  қүттықтап,  қазақ тілінде  жүргізіп 

отырғанда, аудармашының «ал қайтесің» дегеңдей орыс тілінің 

үстемдігін  көрсетуін  қалай  түсінуге  болады?  Сонда  Сыртқы

379


істер  министрлігі  түрікшеден  қазақша  аударма  жасай  алатын 

бір  адам  таба  алмағаны  ма?  Мұның  ар  жағында  бұл  мәселеге 

мән бермеу, немқұрайдылық, намыссыздық жатыр.

Ресиублика  Парламентінің  бекітуіне  ұсынылған  халықара- 

лық  құжаттардың  мемлекеттік  тілдегі  аудармасы  ешқандай 

сын көтермейді.

Қазақ  тіліндегі  мәтіндерде  жекелеген  сөздердің,  ұғымдар- 

дың  бұрмаланып  қате  аударылуы,  сөйлем  құрылымының 

орашолақтығы, кетіп жатқан кептеген грамматикалық қателер, 

құжаттарды 

әзірлеушілердін, 

оның 


мемлекеттік  тілдер 

нұсқасына  енжар  қараушылығынан,  мән  бермеу  салдары- 

нан  туғандығы  сөзсіз.  Нақтырақ  айтар  болсақ,  біріншіден, 

конвенциялардың, келісімдердің тақырыбы дұрыс аударылмай- 

ды.  Мәселен,  Парламентке  ратификация  жасау  үшін  ұсыныл- 

ған мына конвенцияның тақырыбына көңіл аударыныз: «Ақпа- 

ратқа  кіру,  шешімдер  қабылдау  процесіне  жұртшылықгың 

қатысуы  және  қоршаған  ортаға  қатысты  мәселелер  бойынша 

сот  әділдігіне  қол  жеткізу туралы  конвенция».  Дұбәра  болып 

тұр.  Кез келген ақпаратқа кіру емес,  қоршаған ортаға қатысты 

мәселелер  бойынша  ақпаратқа  қол  жеткізу,  сол  бойынша 

шешімдер  қабылдау  процесіне  жұртшылыктың  қатысуы  сез 

болып  отырған  жоқ  па?  Ендеше  конвенциянын  такырыбы: 

«Қоршаған  ортаға  қатысты  мәселелер  бойынша  ақпаратқа 

қол  жеткізу,  шешімдер  қабылдау  процесіне  жұртшылықтың 

қатысуы  және  сот  әділдігіне  қол  жеткізу туралы»  болу  керек 

қой.. 



  ' 



авіі 

з 

* |


'

1

  шмӨ

Кей кезде екіжақты немесе көпжақты ресми хаттамалардың 

атауында  қол  қойылған  уақыты  көрсетіледі.  Мәселен,  «Ке- 

ден  одағына  қатысушы  мемлекеттердің  аумақтары  арқылы 

өтетін  транзиттің  бірыңғай  шарттары  туралы  1998  жылғы 

22  қаңтардағы  келісімге  толықтырулар  туралы  Хаттамада»

«1998 жылғы 22 қаңтардағы» деген сөздер біресе сөйлемнін ба- 

сында, біресе сөйлемнің аяғында келтіріледі.

380


Көптеген  келісімдердің  атауында  «транснациональный», 

«трансграничный»  деген  сөз  кеп  қолданылады.  Осы  тұста 

келісім  жасаушылар  қатты  сүрінеді.  Айталык,  «Шекараралық 

мәнде  қоршаған  ортаға  жасалатын  ықпалды  бағалау  тура- 

лы  Конвенцияда»  «трансграничный»  деген  сөз  мәтінінін  әр 

жерінде  әр  түрлі  айтылған.  1-бапта  «шекаралық»,  2-бапта 

«шекарааралық», бір жерінде «трансшекаралық» («с» әрпі түсіп 

қалған),  енді  бір  келісімде  «аралық  шекара»  деп  аударылған. 

Дүрыс емес. Дүрысы -  «трансшекаралық».

Енді  бір  конвенцияда  «транснациональный»  деген  соз 

«ұлтаралық»  деп  аударылған.  Бұл  мүлдем  басқа  үғымды 

білдіреді,  «межнациональный».  Сенаттың түзетуіне  күдік  туа 

берген  соң,  біз Терминкомға жүгіндік.  Терминком  «транс»  ла- 

тын сөзі, оны аудармай берген дұрыс деп бізді қолдады.

Жалпы  халықаралық  терминологияға  енген  латын,  грек, 

араб,  парсы  сөздерін  Терминком  бекіткен  қазақша  нақты, 

орайлы  баламасы  табылып  жатпаса,  оны  аударып  әлек  болып 

жатудың қажеті жоқ.

Айталық,  ғылымға  байланысты  «академик»,  «профессор», 

«университет»,  «лаборатория»,  «экспедиция»,  «институт»  де- 

ген  сөздер  бүгінде  көпшілікке  түсінікті,  кең  қолданыста  емес

пе?


Кей  конвенциялар  мәтіндерінде  «декларация»  -   «қарар» 

«принцип» — «қағидат» болып дүрыс аударылмаған.

Калькалық аудармалар көп кездеседі. Мен калькалық аудар- 

малар қажет емес демеймін, ол өз қызметін атқарып, тіліміздің 

ажарын ашып жүр.  Мәселен,  «администрация» -  «әкімшілік», 

«визит»  -   «сапар»,  «заработок»  -   «жалақы»,  «коллега» 

-«әріптес», «корреспондент» -  «тілші», тағы басқа. Бірақ оның 

халықаралық  қүжаттарда  үғымды  дүрыс  бермейтін  тұстары 

бар.  Мәселен,  «прилагаемые  усилия»  -   «ұсынылып  отырған 

күш-жігер»  деп  алынған,  дұрысы -  «жүмсалып  отырған  күш- 

жігер». «Отрицательные последствия» -  «жағымсыз нөтижесі».

381


«Нәтиже»  деген  сөз  жақсы  магынада  қолданылады  емес  не? 

Дұрысы «жагымсыз салдары» шыгар.

Кей  кезде  халықаралық  келісімдер  мен  шартгарды  дайын- 

даушылар  зейін  салып  оқымайды-ау  деп  ойлайсың.  Мәселен, 

Парламентте «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастыгына қатысушы 

мемлекеттердің терроризмге қарсы күрестегі ынтымақгастыгы 

туралы  шарттың»  1-бабында  «терроршылдық»  деген  ұгымга 

анықтама  беріледі.  Онда  былай  делінген:  «терроршылдық» 

(ягни  терроризм)  -   қауіпсіздікті  бұзу,  укімет  органдарының 

шешімдер  қабылдауына  ыкгіал  жасау  іс-әрекеттері»  деп 

жагымды тұргыда көрсетеді. Бұл арада «кесірін  гигізу» немесе 

«қысым жасау»  болып  аударылу керек еді.  Тіпті  жалғыз  сөзді 

шұбалған  тұсініксіз  тіркеспен  аударады.  Жоғарыда  аталған 

шарттың  1-бабында  «угроза»  деген  сөзді  «қорқыту»  деген 

көпшілікке тұсінікті бір-ақ сөзбен қайырудың орнына «оны жа- 

саймын  деп  қоқан-лоққы  жасау»  деген  алты  сөзбен  аударған. 

Осы ақылға сыя ма?

Кей  жағдайда  тіпті  тұтас  бір  тіркес  немесе  тұтас  бір 

сөйлем  аударылмай  қалады.  «Шекарааралық  су  арналары 

мен  халықаралық  көлдерді  қорғау  жөне  пайдалану  туралы 

конвенциядағы»  15-баптың  2-тармағының  с)  тармақшасының 

«а также  в  отношении проезда там,  где  это  необходимо,  через 

территории третьих сторон» деген,  18-баптың 2-тармағындағы 

«такие организации утрачивают свое право голоса и наоборот» 

деген сөйлемдер тұгелдей аударылмаған.

Ал  халықаралық  құжаттардағы  грамматикалық қателерден

сүрініп  жыгыласыз.  Бір  ғана  «Шекарааралық  мәнде  қоршаған

ортаға  жасалатын  ықпалды  бағалау  туралы  конвенцияның»

мөтінінде «даму» -  «жаму», «тарап» -  «тапа», «ескерткіштер» -

«ескерткіштер», «барысында» -  «барасында», «құжаттаманы» -

«құжатманы», «себептермен» -  «себеттермен» сияқты қателер 

тізбеп жалғаса береді.

382


Ең  өкініштісі,  бұл  құжат  Экология,  Әділет,  Сыртқы  істер 

министрліктерінен.  Парламентке  жіберген  Үкіметтен  өтеді. 

Ешкімге  қазақ  мәтіні  қажет  болмайды.  Талай  қазақ  қолынан 

өтсе де, ешкім оқымайды. Осы уақытқа дейін қол қойылып кет- 

кен құжаттарды түзетуге болмайды деген талаптың кедергісіне 

ұшырап,  оларды  түзету  жөнсіздік  деп  бағаланған.  Ал  шын 

мәніндегі  жөнсіздік  мемлекеттік  тілде  шала,  түрпайы,  сауат- 

сыз  әзірленген  құжатқа  көзжұмбайлық  жасау.  Сенаттың  осы 

құрамы 

Қазақстан 



Республикасы 

Парламентіне 

келген 

халықаралык  шарттардың,  келісімдердің,  конвенңиялардың 



мемлекеттік тілдегі аудармасына ерекше көніл бөле бастады.

Сонымен,  мемлекеттік  тіліміздің  халықаралық  деңгейдегі 

мәртебесі  төмен,  оның  халықаралық  құжаттарда  қолданылу 

аясы бар. Конституңия, «Тіл туралы» Заң орындалмайды. Оны 

талап  ететін  Үкімет,  оның  құрылымдары  өздері  заңды  бүзып 

отыр. Жекелеген тіл жанашырларынын жан айқайын лауазым- 

ды  қызметкерлер,  құзырлы  орындар  естімейді.  Себебі,  онда 

іс  басында  отырғандардың  басым  көпшілігі  орысша  оқыған,

солай  тәрбиеленген,  өз  ана тілін  білмейтін,  білуге  тырыспай- 

тындар.


Болашақ дипломат болады-ау деп үміт артқан жастарымыз- 

дың да дайындығы жүрегіңді сыздатып, жігеріңді құм қылады. 

Елімізде  халықаралық  деңгейде  Қазақстан  Республикасының 

Сыртқы  істер  министрлігінің  жолдамасымен  екі  жыл  дип- 

ломатиялық қызмет стажы бар қырық жаска дейінгі азаматтар- 

ды  қабылдап  оқытатын  Дипломатиялық  академия  жұмыс  жа- 

сайды. Бүл академияның қүрылғанына осы жылдың қыркүйек 

айында бес  жыл  болады.  Қазіргі  уақытта ол  Астана қаласына 

көшіріліп,  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Евразия  университетінің 

ғимаратына  орналасты.  Академия  халықаралық  қатынастар 

мамандығы  бойынша  екі  жылда  мемлекеттік  қызметкерлерді

мемлекеттік

диплом береді.

383


Алайда, мұнда елінің  гөуелсіздігін насихаггап, қазақ тілінің 

халықаралық  беделін  қалыптастыруға  тиісті  болашак  ди- 

пломагия  қызметкерлері  мемлекеттік  тілде  оқытылмайды. 

Үлкен  калым,  қазақ  әдебиетінің,  қазақ  мәдениегінің  ірі 

өкілі,  жанашыры  Мырзатай  Жолдасбеков  ағамыз  басқарып 

отырған  ресгіубликадағы  бірегей  оқу  орнында осындай  ахуал 

сақталғаны өкінішті-ақ.

Мемлекегтік  тілдің  халықаралық  деңгейдегі  мәртебесін 

көтеру  -   Қазақстан  Республикасының  Егемендігі  мен  төуел- 

сіздігін нығайту. Жеріміз бен еліміздің тұтастығының кепі лдігі 

мемлекеттік  тілімізде.  Оны  анау  елу-ақ  жылдық  мемлекеттік 

тарихында  өркениет  кошінін  алдыңғы  легіне  қосылған 

Израильдің мемлекеттік тілін қорғау, оқыту тәжірибесі көрсетіп 

отыр.  Сондьгқтан  мемлекеттік  тілдің  конституңиялық  мәрте- 

бесін халықаралық құжаттарда қалыптастыру ұшін Қазақстан 

Республикасьгньгң  Сыртқы  істер  министрлігі  дипломатиялық 

қьгзметке мемлекеттік тілді жетік білетін, ұлттьгқ намысы бар, 

ұлттық тәрбие алған мамандарды алу керек.

Әл Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттьгқ универ- 

ситетінің,  Абылай  хан  атьгндағьг  Әлем  тілдері  қызметінде 

лайықты  көрініс  табуы  керек.  Ресми  хальгқаральгқ  кездесу- 

лер  мемлекеттік  тілде  жұргізілуге  тиіс.  Осы  нақты  тапсьгрма 

емес пе?

Ал  басқа  елмен  ана  тілімізде  сойлесудің  ғажайып  ұлгісін 

бабаларымыз,  ақьглды  хандарьгмыз,  дана  билеріміз  осьгдан 

бірнеше ғасьгр бұрын-ақ көрсетіп кеткен.

Қаз  дауыстьг  Қазыбек  би  қалмақ  хунтайжысьгмен  кездес- 

кенде:


«Біз Қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай 

жай  жатқан  елміз.  Елімізден  құт-береке  қашпасын  деп, 

жеріміздін  шетін  жау  баспасын деп,  найзаға үкі  таққан  елміз, 

ешбір дұшпан басьгнбаған елміз,  басымьгздан сөзді  асырмаған 

елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзьгн ақтай білген



1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал