Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет26/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34

қағынан  жеріген 

тоғышарлардан,  азаматтық  түғыры  төмен  бишікештер  мен 

дәулетке мас байшыкештерден, үшінші, тіпті төртінші әулетке 

ауысып үлгірген «тіл дертінен» т.б. айқын көрінеді.

Тіл  мәселесіне  байланысты  дау-дамайлар  мен  қарсылык- 

тардың  бір  себебін  білгіміз  келсе,  біз,  міне,  осы  қүбылысқа 

қарсы бар «замана сардарларының» әр түста және әр деңгейде 

көрсетіп  жүрген  киғаш  қылықтары  мен  кисық  мінездерінен, 

қоғамдық өмірдің болашақ үрдісіне дүрыс түсіне алмай жүрген 

бейшаралығынан туындаған әрекеттер екенін айыра білгеніміз 

жөн. Алай да, бүрынғы күрестердің жоні бір бөлек те, ал егеменді 

ел  болып,  тәуелсіздігіміздің  арқасында  өркениетті  мемлекет- 

термен  бой  салыстырып,  есімізді  жиып  еңсеміізді  көтерген 

тарихымыздың  жаңа  бір  дәуірінде  қайта  басталып  бүл  күрес 

болмақшы.  өйткені  қазақ  халқы  осы  күресінің  нәтижесінде 

ана  тілінің  даму  үрдісін,  қолданыс  аясын,  дербестігі  мен 

еркіндігін  мемлекеттік  биік  дәрежесінде  қамтамасыз  ете  ал- 

маса,  ол  сол  өзінің  жетім  бала күйінде  қалатыны  сөзсіз.  Онда 

егемендегіміздің  сәні  мен  салтанаты,  халқымыздың  үлттық 

қадір-қасиеті  сақталады  дегенге  сену  қиын,  бүгінгі  үрпақтың 

болашағы  жарқын  болады  деп  кепілді  беруге  болмайды. 

Өйткені осы айтылғанның бәрі тәуелсіздігіміз де, болшағымыз 

да,  үлттық  тіліміздің  денсаулығына  байланысты,  елбасы 

Нүрсүлтан  Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  -   қазақ 

тілінде»  деп  жариялаған  жылдың  үраны  сонда  ғана  жүзеге 

аспақшы.

«Бүгінгі таңдатіл тағдырын айқындаудың, оның мемлекеттік 

тіл  деңгейінде  еркін  дамуына  қажетті  іс-шаралар  және  олар- 

ды  жүзеге  асырудың өзекті  нысандары  мен  мақсат-міндеттері 

қандай болмақшы?» деген сауалға нақтылы жауап берудің мәні

357


зор.  «Мемлекеттік  тіл!  Мемлекеттік  тіл!»  дегі  ұраңдататын, 

«өйгу  керек,  бүйту  керек!»  деп  өсиет-өнеге  айтыи,  көсемситін 

«ура -  гіатриотгық» заманның дәуірі өгкен сиякты.

Бүгінгі  өкімет,  қогам,  зиялы  қауым,  тіл  жанашырларының 

алдыңда түрган нақтылы міндеттер  мен  гүпкі мақсагына Кон- 

ституңия,  Тіл  заңы  мен  -   «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың 

2001-2001  жылдарға  арналған  бағдарламасы»  және  басқа  да 

қабылданған қаулы-қарар  мен  шаралар  негізінде  Мемлекетпк 

тіліміздің  биік  мәртебесін  орнықтырып,  қоғамдық  ортада, 

мемлекет жүйесі мен оның негізгі құрамдарыңда өз деңгейінде 

атқару ға тиісті міңдетін, қызметін тұрақты қалыпқа түсіру жат- 

са керек.  Бұлардың бәрі-бірден емес,  әрине,  біртіндеп,  бірнеше 

жыл бойында атқарылуға тиісті міндеттер.

Енді  осы  күрделі  де  қиын  міндеттер  мен  іс-шараларды ң 

ішінен  араға  10  жыл  салып,  «Мүсылманшылық  әсте-әсте...» 

деген  принции  бойынша  өкімет  тарапынан  жүзеге  асырыла 

бастаған істердің бірінші  қадамы -  мемлекеттік  жүйедегі  бар- 

ша  іс  қағаздарын  мемлекеттік  тілге  кошіру  болып  саналады. 

«Мемлекеттік  тілге  кошіру»  дегенді  дүрыс  түсінсек,  барлық 

іс  қағаздарын,  қатынас  қағаздарын  (қаулы-қарар,  бүйрык, 

жарлық  т.  б.)  орыс  тілінен  қазақшаға  аударып  беру  емес,  осы 

қүжаттардың  негізін,  түп  нүсқасын  қазақ  тілінде  келтіріп,  әр 

жердің қажетіне қарай орысшаға аудару болып саналады.

Көріп  отырғанымыздай,  тіл  бағдарламасына  сәйкес  бүл 

тәрізді  күрделі  де  алғашқы  қадамға  өкіметтің  баруында  да 

толық  негіз  бар  деп  ойлаймыз.  Олар  мыналар:  біріншіден  іс 

қағаздарынтолығымен  мемлекеттік  тілге  ауыстыру  шарасын

өкімет егемендігімізбен бастап отыр; бұл әрине, аз мезгіл емес; 

екіншіден,  бұл  шараның  «тіл  кеселінің»  ұлг  бойында  дендеп 

дарыған  көне  ауру  екенін,  оның  «батпаңдап  кіріп,  мысқалдап 

шығатынын»  ескеріп  барып,  қолға  алынып  отырғанын 

көреміз;  үшіншіден,  бұл  істің  жагіпай  науқан,  қарбалас, 

түріне  емес,  мемлекеттік тілде  сейлеуші  негізгі халық -  қазақ

358


жұртшылығының  ең  көгі  жасайтын  (тұрғындардың  75-90 

найызын  құрайтын),  демографиялық  қолайлы  аймақтардан 

біртіндеп  басталуы;  тортіншіден,  бұл  істің  мемлекеттік  тілді 

орнықтыру,  дамыту  мақсатында  қалың  жұртшылық  арасын- 

да,  ғылым-білім,  мәдениет,  өндіріс  саласында оқытып-ұйрету 

проңесінің жер-жерлерде  біршама  қолға алынып,  шешіліп  жа- 

туына,  сондай-ақ  бұл  процесті  оқу  және  оқыту  құралдарымен 

(оқулық,  әр  түрлі  терминолоғиялық  сөздіктер,  окыту  әдіс- 

тәсіл  көрсеткіштері  т.  б.  көрнекі  құралдармен)  оқушы- 

үйренуші  және  оқытушы  мамандары  бірсыпыра  қамтамасыз 

ету жағдайында қолға алынуы; бесіншіден, бұл істің көпұлтты 

республикамыздың  саяси-әлеуметтік  жағынан  тұрақталып, 

бейбіт өмір, достык қарым-қатынастардың толық қалыптасқан 

жағдайында жүргізіліп отырылуы.

Ендігі  әңгіме,  міне,  осы  іс-шаралардың  әр  жерде  баста- 

луы  мен  жүзеге  асып,  орындалуына  және  оларға  қарсы 

әрекеттердің, түсінбестіктер  мен тақастықтардың да тұз беріп 

отырғандығы жайында болмақшы.

Өткен  2001  ж.  аяғында  Қазақстан  Республикасының  Еге- 

мендігіне  10 жыл толуына байланысты салтанатты тойын атап 

еткені  баршаға  мәлім.  Той  қарсаңында  республикамыздың 

барлық  қол  жегкен табыс-жетістіктері  мен  бітуге  тиісті  мәнді 

де  маңызды  істерін,  кемшілік-кемістіктерін тағы  бір  рет  елек- 

тен өткізіліп, ел алдыңа өзінің барымен түгендеген болатын.

Міне,  осындай  мемлекеттік  шараларға  байланысты  Қазақ-

стан  Республикасы  тәуелсіздігінің  10  жылдығын  откізу

жоніндегі  Мемлекеттік  комиссияның  Торағасы,  бүгінде  ҚР 

Премьер-министрі  Иманғали  Тасмағамбет  мырза  облыстың 

басшыларына:

1)  Маңғыстау  облысының  әкімі  Л.  Қиынов  пен  облыстық 

мәслихат төрағасы Б. Шелпековке,

2) Атырау облысының әкімі С.Дәукеев пен облыстық масли- 

хат торағасы X. Табылдиевке,

359


3)  Қызылорда  облысының  әкімі  Ө.  Нүрғисаев  облыстык

мәслихат төрайымы А.  Божяноваға және

4)  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  әкімі  Б.  Сапарбаев  пен

облыстық  мәслихат  төрағасы  О.  Рахманбердиевке  арнайы

хат  жолдаған  болатын.  Бұл  ресми  хаттарда  (К24-4/И-698, 

3.08.2001  ж.)  И.  Тасмағамбетов  мырза өткен  10  жыл  беделінде 

Қазақстандатүратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілдерінің 

үздіксіз дамуына қолайлы жағдай жасалып келе жатқандығын 

атай  келе,  өз  тіліміздің  «жығасы  жығылып,  мемлекетак 

мәртебесі өз дәрежесіне жете алмай...», «қолданыс аясының та- 

рылып,  өмірге  өре  баса  алмай...  бетімізге  шіркеу,  көңілімізге 

кірбің  ұялатып»  отырғаны  туралы  ащы  шындықты  ашып  ай- 

тып,  ендігі  жерде  аталмыш  4  облыс  аумағында  «мемлекеттік 

тілге  толық  кешуге  жағдай  келді»  деп  бастықтарға  дұғай

сәлемін жол даған болатын.

Бұл  құжатты,  әрине,  мемлекет  жүйесі  мен  құрылымында 

алма  кезек  жүріп  жатқан  сан-сапалақ  қағаздардың  бірі  деп 

қарауға  болмайтыны  да  жұртқа  мәлім.  Оның  ретінде 

И.Тасмағамбетов  мырзаның  қолы  қойылып  жіберілген  бұл 

ресми  құжат  әрбір  облыс  әкімі  мен  мәслихат  төрағасының 

атына  жолданып,  ол  сол  өлкенің  өзіне  ғана  тән  өлеуметтік, 

демографиялық, 

экономикалық, 

үлттық 


салт-дәстүр 

ерекшеліктерін  ерекше  атап,  тас  түйіндей  етіп,  шегелеп 

жазылған  ресми  хат  екен.  Мәселен,  Манғыстау  облысының 

әкімі  Л.  Қиынов  мырза  мен  мәслихат  төрағасы  Б.  Шелпеков 

мырзаның  аттарына  арнап  жазылған  хатта  И.  Тасмағамбетов 

мырза  өзінің  дұғай  сәлемін:  «Сіздер  басқаратын  Маңғыстау 

облысы  халқының  73%,  яғни  басым  көпшілігі  қазақ  ұлты 

болғанына  қарамастан  іс  қағаздарын  әлі  күнге  дейін  орыс

тілінде жүргізіп келе жатыр.

Ал,  меніңше  кие  қонған  Маңғыстау  өңірі,  аузы  дуалы

әулиелердің,  от  ауызды,  орақ  тілді  шешендер  мен  жебе  сөзді

жыраулардың елі — ежелден қазақ тілінің қаймағы бұзылмаған

360


кұтгы  мекені  болғандықтан  ендігі  уақытта  мемлекеттік  тілге 

толық көшуге жағдайы келеді деп сенемін.

Осыган орай, өздеріңіз басқаратын облыстың әкімшілігі мен 

әр деңгейдегі мәслихаттары іс қағаздарын қазақ тіліне түгелдей 

кошіру  туралы  шешім  қабылдау  мәселесін  қарастыруын 

сүраймын» - деген сөздермен аяқтапты.

Осы  бір  биіктен  айтылып,  ел  қүлағын  елең  еткізген  ресми 

сөздерді  естіп,  қанаттанып,  арқаланып,  игілікті  істің  баста- 

масын алғашқы қадамын оз  көзімізбен  көріп,  көмегіміз  болса, 

корсетіп қайту мақсатымен  бір топ адам Халықаралық «Қазақ 

тілі қоғамының президенті, ҚР ¥ҒА академигі Әбдуәли Қайдар, 

со.п қоғамның бірінші виңе-президенті ҚР ¥ҒА корреспоңдент 

мүшесі  Өмірзақ  Айтбаев,  қоғамның  белсенді  мүшелері  -   Әл- 

Фараби  атындағы  КазМ¥У-нің  кафедра  меңгерушісі,  проф. 

Талғат  Сайрамбаев  және  «Қайнар»  университетінің  виңе- 

президенті,  проф.  Кәрімбек  Қүрманәлиев  іс-сапармен  жолға 

шығып,  үшақпен  2001  ж.  желтоқсанның  басында  қасиетті 

Маңғыстау жеріне, Ақтау қаласына келіп түстік.

Қазақ  атамның  салт-дәстүрі  қалған  ба,  бізді  қүрметтеп 

қарсы  алып,  Ш.  Есенов  атындағы  университеттің  ректо- 

ры,  проф.  Ә.  Ахметов  бастаған  топ,  баспа  қызметкерлері  т.  б. 

тілсүйер қауым,  азаматтар болып бізді қүрметтеп қарсы алып, 

сый-сияпатын корсетіп жатты. Кештеу болса да, елдік қасиетін 

бойына сақтаған сол бір ер-азаматтарға біз алғыс-рахметімізді 

айтамыз.

Ата-баба  дәстүрі  бойынша  тіл  мәселесіне  байланысты 

Ақтау  қаласында  өтетін  үлкен  конференңиядан  бүрын  біздер 

қасиетті  әулие-әнбиелердің  -   Бекет  Ата,  Шопан  Ата,  Қаңға 

Бабалардың  жатқан  жерлеріне  барып,  зиярат  жасап,  тағзым 

етіп  қайттық.  Одан  соң  ел  салты  бойынша  сәлем  беріп,  кел- 

ген  бүйымтайымызды  айту  үшін  облыс  әкімі  Ләззат  Қиынов 

мырзаның қүзырында болдық. Іс қағаздарын облыс ауқымында 

мемлекеттік  тілге  көшіру  туралы  алғашқы  әңгіме  де  сол

361


әкім  кабинетінде  басталып  кеткен  еді.  Жоғарыдан  түскен 

үсыныс хатқа байланысты  болған үзын сонар  өңгімеміздің тоқ 

етерін  түйінден  айтсақ,  әкім  мырзаның  қүлағына  бұл  тәрізді 

әңгіменің мүлдем жақнайтыны аңғарылды. Әкім уәжі бойынша 

Маңғыстау түбегі —

 өте бай өлке, бұл елдің бірінші мақсаты —

 сол 

байлықты толық менгеру, ал оны меңгерушілердің арасындағы 



техника тетігін басқаратын мамандардың когішілігі қазақ тілін 

білмейтін ұлт өкілдері.  Олар «командаға» түсінбей,  бір тетікті 

теріс бұрап жіберсе болды, коп байлығымыз басқа жаққа ағып

кетуі мүмкін.

Міне

Мен


»

 



 

'  


»  

т

кезімде  (??)  бұл  идея -  жүзеге  аснайтын  бос  әңгіме.  Сіздердің 

орындарыңызда мен отырсам, тілді сіздерден де мықты қорғаған 

болар едім.  Бірақ менің орным оған жар бермейді....» деп, ол өз

ойын біраз тіл фактілерімен дәлелдегендей болды.

Қысқасы,  ұзын  создің  тоқ  етерін  айтсак,  әкім  мырза  «мен 

осы  орында отырғанда бұл  олкеде  мемлекетпк тілдің косегесі 

когермейді!»  деген  ішкі  ойын  бізге  астарлап  болса  да,  толық

жеткізгендей болды.

«Алыстан  ат  терлетіп,  мазар  аттап,  қасиетті  Маңғыстау 

игілікті  істің  басы-қасында  боламыз  ба»  деп  келген  біздер 

Ана  тіліміздің  алдыңнан  кесе-көлденеңдеп  шығатын  тағы 

«қарсылықтың»  «әкімнің  орын-тағымен  де  бәсекелестігінің

бар екендігін бірден аңғардық...

Сөйтіп,  әркім  оз  ойымен  конференңияға  келдік.  Акаде- 

мик  Ш.  Есенов  атындағы  Ақтау  университетінің  үлкен  де 

кең  залы  студент  жастар  мен  қала тұрғындарына  лық толған. 

Тілге  деген  қызығушылық  пен  ана  тілінің  тағдырына  деген

жанашырлықты  қалың  жұрттың  бет-әлпетінен-ақ  мәжілісіне

белсене қатысуынан ақ айқын байкадық.

Конференңияда  облыс  әкімі  де,  Алматыдан  келген  адам-

дар да сөз сойлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.  Сөйлегендердің

362


максаты  мемлекеттік  тілді  қоғам  өмірінде  қалыптастыру, 

демографиялық  әлеуметтік,  экономикалық  жағдайға  сәйкес 

өлкеде  іс  қағаздарын  мемлекеттік  тілге  ауыстыру.  Конфе- 

ренцияға  қатысып  отырған  қалың  жүрттың  кеудесін  кернеп, 

жүрегін  тербеп  отырған  бар  арманы  -   өлкеде,  75-80  пайызы 

қазақтар  түратын  ата-баба  жерінде  ана  тіліне  еркіндік  беру, 

оның қоғам  өміріне  еркіндеп  кіруі  екенді,  оны  конференцияға 

белсене қатысып, ойын еркін білдірген жергілікті азаматтардың 

жан айкайын аңғару қиын емес еді. Алайда екінші рет сөз алып, 

мінберге  шыққан  әкімнің  кейбір  сөздері  көпшіліктің  ойымен 

сәйкес  болмады.  Ол  жоғарыда  айтқан  сөзін  ел  алдыңда 

тағы  қайталап,  қасиетті  ана  тіліміздін  алдында  тұрған 

«тосалғыларды»  айтып,  жұрт  көңіліне  кұдік  ұялатуға  тыры- 

сты,  іс  қағаздарын  түгел  қазақшалауға  ниетінің  жоқ  екенін 

анық танытты.  Қысқасы,  конференция  өз міндетін  атқарса да, 

діттеген мақсатына толық жете алмады, көп нәрседен үміттеніп, 

асыл  арманын  арқалап  келген  тіліміздің  шынайы  жанашыр- 

лары  «Мемлекеттік  тіл!»  деп,  мәртебесін  аспандатып, 

«үлтымыздың  ой-санасы,  елдігіміздің  кепілдігі»  деп  дабыра 

етіп,  өткен  он  жыл  бойы  ұрандатып  келген  асыл  да  кымбат 

дүниесінің әлі де  аяқасты  болып,  қоғамдық ортада емін-еркін 

қызмет еге алмайтын,  көрінгенге  көзтүрткі  болып,  әр  әкімнің 

орынтағымен  «текетіресте»  түсіп,  біраз  жүретін  нәрсе  екен 

ғой!» деген сенімсіз оймен тарасты. Алайда олар конференция 

хабарынан өзі сияқты көршілес облыстарда -  іс қағаздарының 

түтел дей қазақ мемлекеттік тіл інде толық жүргізіле бастағанын

оіліп тарасты.

Мемлекет  кайраткері,  бүгінде  ҚР  премьер-министрі  Иман- 

ғали  Тасмағамбетов  мырзаның  осы  мәселеге  қатысты  үсыныс 

хатының  жоғын  жоқтап  жүрген,  ізін  қуып,  Атырауға  келген 

біздер  еліміздің  елдігін,  тіліміздің  тағдырын  еркін  ойлайтын 

көптеген  ел  азаматтарымен  де,  баспа-ақпарат  қызметкерлері-



363

мен де, тііггі  оппозициялық принцигіті тұтынушы  жіпгтермен

де сұхбаттастық.

Сөз  жүзінде  ғана  емес,  іс  жүзінде  де  істелін  жатқан  іс- 

шаралармен де біршама танысып шығуға мүмкіншілігіміз бол-

ды. 

-

Айта  кету  керек,  Иманғали  Тасмағамбетовіың  аталмыш



ұсыныс  хатынан  кейін  (N24-4/11-698,  3.08.2001)  Қазақстан 

Реснубликасы  Тәуелсіздігінін  10  жылдығына  орай  «Тілдер- 

ді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2002  жылдарға  арналған 

бағдарламасын»  іске  асыру  түрғысынан  бұл  саладағы  істің 

үрдісін,  нәтижесін  байқау  мақсатымен  барлық  мемлекеттік 

құрамдағы 

мекемелерге 

Маңғыстау 

облыстық 

ақпарат 


және  қоғамдык  келісім  басқармасының  бастығы  А.К.  Рза- 

ханов  мырзаның  қатынас  хаты  жіберілген  екен.  Біз,  міне, 

осы  хатқа  тиісті  мекемелердін  біразының  берген  ресми  жа- 

уабымен  де  танысу  мүмкіншілігіміз  болды.  Мысалы,  олар: 

Манғыстау  облыстық  қазынашылық  басқармасы  (орындау- 

шы  А.А.  Кұдайбергенов),  Маңғыстау  облыстық  құрылыс, 

тұрғын үй,  сәулет және  аумақтарда қүрылыс  салу басқармасы 

(бастығы  Ғ.  Оңғалбаев),  Маңғыстау  облыстық  спорт  және 

дене  мәдениеті  басқармасы  (бастығы  А.А.  Драч),  Маңғыстау 

облысы  және  Ақтау  қаласының  әскери  комиссары  (бастығы 

Е.  Уразов), Маңғыстау облыстық қаржы  басқармасы  (басқарма 

орынбасары  С.  Ерғалиев),  Маңғыстау  облыстық  коршаған 

ортаны  қорғау  басқармасы  (бастығы  К.  Толешов),  Маңғыстау 

облысы  бойынша  қаржы  полициясы  (бастық  орынбасары 

О.В.  Насонов),  Маңғыстау  облыстық  денсаулық  сақтау 

басқармасы (бастығы А.С. Доспаев), Маңғыстау облыстық Ішкі 

Істер  Басқармасы  (бастық  орынбасары  О.  Әбділов),  облыстық 

Экономика,  онеркәсіп  және  сауда  басқармасы  (бастығы 

Ә. Көшеров), облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасы 

(бастығы  Қ.Т.  Елеусінов),  Маңғыстау  облысы  бойынша  салық 

комитеті (торағаорынбасары Ж. Албытов), Маңғыстау облыстық

364


статистика  басқармасы,  облыстық  еңбек,  халықты  жүмыспен 

қамту  және  әлеуметгік  қорғау  басқармасы  (бастығы  А.  Бау- 

жанова),  Маңғыстау  облыстық  әділет  басқармасы  (бастығы 

Т.Т. Каджиков), облыстық көші-қон және демография жөніндегі 

басқармасы  (бастығы  Ө.Ө.  Сахимов),  Маңғыстау  облыстық 

тотенше  жағдайлар  жоніндегі  басқармасы  (бастығы  Қ.С.  Хай-

рушев) т. б,

Міне,  облыстық  ақпарат  және  қоғамдык  келісім  басқар- 

масының  бастығы  А.Рзаханов  мырзаның  атына  жазылған 

аталмыш  мекемелердің  басшылары  жазған  жауаптарымен  та- 

нысып  қарағанымызда,  біз  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың 

2001-2002  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын», 

ҚР  Өкіметінін  10-09.1998  ж.  №94  «Мемлекеттік  органдарда 

мемлекеттік тілді қолданыс саласын кеңейту туралы қаулысын» 

және Иманғали Тасмағамбетов мырзанын үсынысын орындауға 

байланысты Маңғыстау облысы ауқымында да біраз жүмыстар 

істеліп  жатқандығын  кореміз.  Олар  негізінен үш түрлі  салада 

козге  түседі  екен:  бір  топ  мекемелерде  іс-қағаздарының  бар- 

шасы  (арадағы хат алысу,  ақпарат алмасу,  есеп беру т.б.) қазақ 

тіліне  толық  кошірілсе  ендігі  бір  тобында  ол  істер  екі  тілде 

(қазақша  да,  орысша  да)  қатар  жүргізілетіні  корсетіліпті;  іс 

қағаздарын  кобінесе  тек орыс тілінде  ғана жүргізетін  мекеме- 

лер де кездеседі. Оның себебін мекеме басшылары қүжаттардың 

аймақтық  мекемелерден  орыс  тілінде  келуіне  байланысты 

деп  түсіндіріпті.  Мәселен,  Әділет  басқармасының  бастығы: 

«Жаңаозен  қалалық,  Бейнеу,  Қарақия  Түпқараған,  Маңғыстау 

аудандық  ...  болімдерінің,  мемлекеттік  наториат  кеңселерінің 

іс-қағаздарын  тек  қана  қазақ  тілінде,  ал  әділет  басқармасы 

мен  «Ақтау  қалалық  АХАЖ  болімінде  іс  қағаздары  екі тілде 

қатар  жүргізіледі»  деп  хабарлапты.  Бүл  мағлүматтар  облыс 

аудандарының  бәрінде  болмаса да,  кобісінде  іс  қағаздары  тек 

мемлекеттік  тілде,  ал  Ақтау  қаласында  екі  тілде  жүргізіледі 

деп корсетіпті. Мәселен, облыстық ішкі істер басқармасы «торт

365


аудандық,  екі  қалалық  Ішкі  Істер  белімдерінің  4  аудандағы 

(Бейнеу,  Маңғыстау,  Түнқараған,  Қарақия)  бөлімдерінің 

барлығында  және  Жаңаөзен  қалалық  бөлімінде  іс  қағаздарын 

тек  мемлекетгік тілде,  ал  Ақтау  қаласы  мен  облыстық  ІІБ  екі 

гілде жүргізеді  екен. Денсаулық сақтау басқармасы саласында 

облыс  бойынша  55  мекеменің  5-еуі  тек  орыс  тіліңде,  32-сі  тек 

қазақтілінде. ал  18-де екі тілде қагар жүргізеді екен».

Мағлүматтар осылай  жалғаса береді.-Бүл  ақнаратган біздің 

байқағанымыз:  Маңғыстау  облысында  мемлекеттік  тілді 

қалыптастыру,  қолданыс  ауқымын  кеңейту және  дамыту  жағ- 

дайы  кейбір  басқа  облыстармен  салыстырғанда  әлдекайда 

жақсы.  Мемлекеттік  мекемелердің  шамамен  85-90  пайызы 

мемлекеттік  тілмен  қарым-қатынас  жасап,  оның  қоғамдык 

шеңберін кеңейтіп отырған сыңайлы.

Егер  біз  осы  мағлүматтарға толық сенетін  болсақ  (сенбеске 

қақымыз жоқ, өйткені олар ресми қағаздарға жазылып, басшы- 

лары  қолын  қойған  қағаздар),  бүл  өлкеде  мемлекеттік  тілдің 

даму қарқыны жалпы жағдайларға сәйкес.

Бүл  өлкенің жағдайын  жақсы  білетін  ел  азаматы  Иманғали 

Тасмағамбетов  мырзаның  арнайы  әкіміне  хат  жолдап,  өз 

өтінішін  жолдауында  да  толық  негіз  барлығына  біздің  де 

көзіміз  жеткен  сияқты.  Сонда  облыс  әкімі  Ләззат  Қиынов 

мырзаның  ер-тоқымын  бауырына  алып  тулауына  не  жорық?! 

Жоқ,  әлде  ол  өзі  басқарып  отырған  облыстағы  тіл  ситуаңия-

сына,  жергілікті  жүртшылықтың  қалауына  мән  оергісі  кел- 

мей  ме,  әлде  мемлекеттік  тілді  экономикалык  табыстарының 

қүрбандығына  шалып  жіберуге  ыңғайласа  бастағаны  ма?  Ол

жағын біз түсіне алмадық. 

• ■

Біздің ойымызша:  «қазақ тілі  мемлекеттік тіл  болуға жара- 



майды»  деген  кейбір  тоғышарлардың  аузы-мүрны  қисаймай, 

жиі  айтып  жүрген  пікірден  ел  басқарып  жүрген  саналы 

азаматтардың  аулақ  болғаны  абзал...  Бүл  бір.  Екіншіден, 

«қазақтар  жаппай  мемлекеттік  тілге  кеше  қалған  жағдайда,

366


басқа халықтар қайтіп күн көреді, қоғамда ақырзаман орнай ма?» 

деп,  қауіптенетіндер  болса,  біз  оларға  «жоқ,  ондай  қауіп  бол- 

майды!» деп басалқы  айтқымыз  келеді.  Өйткені  барша әлемде 

де, кешегі мызғымастай көрінген Ресей империясында да, көне 

Қазақ  жерінде  де  жаңа  заман  лебі  есіп,  тек  экономиканы  ғана 

емес, дүниеге деген сана-сезімін де өзгертіп отыр.  Біз қазақтар 

өзіміздің  кең  байтақ  жерімізде  кімге,  қай  ұлтгың  өкіліне  бол- 

са  да  емін-еркін  жасауына  қарсылық  жасаған  емеспіз  және 

бұдан кейін де  жасамаймыз.  Мейлі, оны  «екінші отаным!» деп 

мадақтасын, мақтансын, еңбек етсін, өсіп-өнсін! Бірақ олар бізді 

қасиетті  жердің  байырғы  түрғыны  (аборигендері)  екенімізді, 

біздің  де  егеменді  ел,  тәуелсіз  мемлекет  болып,  ана тілімізде 

еркін сөйлеп, үрпағымызды сол тілде оқытып, тәрбиелеуімізге 

мүмкіндік  алып,  өркениетті  елдердің  санатына  қосылуға 

үмтылған талабымызды,  көңіл  күйіміз  бен жүрек сырымызды 

дұрыс  түсінсе  екен  дейміз.  Жері,  суы,  ауасы,  байлығы  жақсы 

қазақтың  өзі  жаман  болмаса  керек.  Ал,  оны  қүрметтеудің, 

онымен  сыйластықта  бірге  өмір  сүрудің  бірден-бір  жолы  -  

тілін  білу  арқылы  оның  жан-дүниесін  жақыннан  тану.  Өткен 

замандардағы 

өктемдікті 

аңсамай, 

керенау-кердең, 

кеудемсоқтықка  салынбай  бірден  емес,  біртіндеп,  Қазақстан- 

дық  барша  қауымның  (қазағы  мен  басқа  үлт  өкілдерінің  де) 

мемлекеттік тілге кеңіл қоюы, оны құрметтеуі, қажетіне қарай 

үйренуі,  ресми  жүйеге  еніп,  оның  қоғамдық  өмірге  толық 

араласып,  қызмет  аткаруы  жарқын  болашағымыздың  кепілі. 

Елбасының  «Қазақстанның  болашағы  -   қазақ  тілінде»  деген 

даулы сөзі сонда ғана жүзеге асуы ықтимал.

Ол  үшін  тілсүйер  қауым,  қалың  жүртшылық елдін  саналы 

азаматтары  тілге  байланысты  күресін  бәсеңдетпеулері  керек. 

Ақиқат, шындық, болашақ, жеңіс солардың жағында. Бүл күрес 

жалғаса бермекші.

367


АНА ТІЛІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ

Маған  осы  екі  сөз  бір-бірінен  ажырағысыз  табиғи  тұтасып 

кеткен киелі үғым тәрізді көрінеді. Аңғарғанға ананың ақ сүті 

мен  аялы  алақанысыз  ана тілінің қанат жаюы  мүмкін  бе,  сірө. 

Меніңше, мүмкін емес.

Мен бүл тақырып бойынша соз қозғау үшін көп ойл ан дым, көп 

толғандым.  Қазақтың  халық  өлеңдері  мен  мақал-мәтелдерін,

ертеп-аңыз өңпмелері мен эпостық жырларды, қазақ жазушы- 

лары  мен  жыраулар  дүниелерін,  ғүламалар  толғауларын  шар- 

лап шықтым.  Өз  аналарымыз  бен  өпке,  қарындастарымыздың 

тағлымға  толы  табиғатын  барлап,  көз  алдымызда,  алақан  ая- 

сында өскен және  білім, ғылым саласындағы қыздарымыз бен 

немерелердің  алып  отырған  төрбие  мен  онегесін  ой  өлемінен 

өткізіп,  саралап шыққандай болдым Жақсы  ма,  жаман ба,  осы 

бір табиғаты мен тақылеті өзгеше, болмыс бітімі ерен, омірдегі 

орнын  ешқандай  сөзбен  айтып  тауысуға  болмайтын  жандар 

жөнінде  мейір-шапағатқа,  ықылас-бейілге толы  өз  топшылау- 

ымды Сіздерге үсынсам деп отырмын.

Мүның  өзі  ғылыми  баяндамадан  гөрі  аналар  мен  ана  тілі 

туралы жыр десе де болғандай. Рухани тарихымыздың тарғыл 

беттерін парақтасақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы 

аналар  өлемі  туралы  толғанбаған  түлғалар  сирек  екен.  Оның 

үстіне жүрек тербер, сезім қоздырар қазақтың халық әндеріне, 

немесе  мақал-мөтелдеріне  бір  сәт  коніл  аударып  корелікші. 

Нені меңзеп, не айтар екен.

Бүларда аналарға, қыздарға тән әрі төрбиелік,  әрі тағылым- 

дық  мөні  ерекше  толғамдар  бар.  Соларды  саралай  келе  мына- 

дай сөз үйірлерін байқадық.  Әрине  әлгі тақырыптардың бәрін 

толық  баяндау  мүмкін  емес.  Сондықтан  бүл  жолы  халықтық 

мақал-мөтелдер тоңірегінде ғана кейбір ойларды алқаға салған 

жөн-ау дедік. Сонымен, ой қозғайық.

368


Қазақ  қауымында  қыз  баланың  орны  айрықша  болған. 

Оны  мынандай  мақал-мәтелдерден  анық  аңғарамыз.  Ата- 

бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының 

ашылуын  үйде  отырып  қамдаған.  Барынша  ізетті,  сыпайы, 

мейірімді  де  ісмер,  қылықты  да  қырмызы  болуын  үнемі 

қадағалап отырған. Еркін үстаған, бірақ тым еркінсітпеген.

«Қыз  -   өріс,  үл  -   қоныс»  деп  білгендіктен  қазекем  өрісін 

кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, 

үл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тиым» жа- 

сайды. Қыз тәрбиесіндегі жеңге ролі де көзден таса болмайды. 

«Қызы  бар үйдің  жеңгесі  сүйкімді  келеді».  Өйткені  әке-шеше 

айта алмайтын сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс- 

бітімі  мен  тәрбиесінін  басы-қасында  аяулы  жеңгелер  жүреді. 

Сүйген жігіті мен екі арадағы әдепті қарым-қатынастың табиғи 

өрбуіне  сеп  болатын  осы  жеңгелер.  Бүларды  жеңгетайлармен 

алмастыруға болмайды.

Ата-ана  қызынан  ешнәрсені  аямайды.  Оның  ешнәрседе; 

мүқтажсыз,  бүла  өсуін  қадағалайды.  Әйткені  қызға  бергенді 

қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен 

де  жібермейді.  «Қызды  қымтап  үстаған  үялмайды»  дей  оты- 

рып, оларды қанаттыға қақтырмай, түмсықтыға шоқыттырмай

өсірудіпарызсанайды.Олардыңар-үятыныңсақшысыбәрінежа-

уапты екенін ешуақыт үмытпаған. Содан да болар, бір жағынан 

«қыз  бен  жылқы  жаудыкі»  деп  қыз  тәрбиесіне  мейлінше  сақ 

қарайды.  «Қыз баққаннан қысырақ баққан оңайлығын» жады- 

нан шығармай баянды отанын тапқанша өзінің жауапты екенін 

еш үмытпаған. Сөйте түра қызды жағадағы құндыздай күтеді.

«Күйеу  жаман  болса  қызыңнан»  деуінде  үлкен  мән  бар. 

Өзінің отбасында керекті тәрбиенің бөрін көріп өскен қыз бала, 

соған  қоса  мінезді  де  қылықты  болса,  парасатты  да  пайымды 

болса екен дейді  «Қызды  күте  алмаған күң етеді,  жібекті түте 

алмаған  жүн  етеді».  Мұның  көбі,  негізінен  кыздың  шешесіне 

байланысты дүниелер. Сондықтан, қыз көретін ж іг т е р , алды-



1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал