Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет25/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

345

жете меңгеруге септігін тигізген игі шаралар еді. Бірақ, есесіне 

қазақтар аздаған уақыт ішінде қазақ тілін ұмытып, тінті мұны 

өмірге керексіз, басы  артық нәрсе деп ұға бастады.  Қазақ тілін 

дамыту жөнінде  сонғы он-онбес жыл  барысында қабылданған 

сан  алуан  құжаттарға  (заң,  бағдарлама,  тұжырымдама,  қаулы, 

шешім,  жарлық  т.  т.)  қарамастан  мемлекеттік  тіл  мәселесінің 

баяу  қадам  басуы  осының  алдарынан.  Яғни,  бір  кездегі тілдік

ортанын бұзылуынан.

Бұл  кемшіліктер,  құдайға  шүкір  біртіндеп  түзеле  бастаған

түрі  бар.  Жабылған  мектептер  қайта  ашылып,  барлық  орта 

және  жоғары  оқу  орындарында  пәндердің  көпшілігі  қазақша 

оқытыла  бастады.  Мемлекеттік  мекемелер  мемлекеттік  тілге 

ерекше  ықылас  таныта  түсті.  Жиналыс,  мәжіліс  түрлі  бас 

қосуларды қазақ тілінде жүргізу дәстүрі қалыптаса түскендей.

Лауазым  иелері  шетелге  шыққанда  озінің  қай  елдің  өкілі 

екенін  жадында  үстап,  барлық  кездесу,  кеңестерін  оз  тілінде, 

яғни  мемлекеттік  тілде  жүргізуді  рәсімге  ендірді.  Міне  бұл 

зиялылықтың  нышаны  болса  керек.  Ал  зиялылық  дегеніміз 

адамзат қауымының бар  игілігін ана тілінде  игеріп,  ана тіліне 

қызмет еткізуге де тікелей байланысты дүние.

Тіл  тазалығы  деген  мәселе  ең  күрделі  мәселенің  бірінен 

саналады.  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  бірлестігінің  әу 

бастан-ақ  көздеген  бір  мақсаты  осы.  Тілді  үйрену,  білу  -   бүл 

бірінші кезектегі мәселе болса, енді сол тілде таза сөйлеу, таза 

жазу түбегейлі түпкі мақсат. Қоғамның Жарғысында бүл мәселе 

айқын  көрсетілгендей,  ол  өткізіп  келе  жатқан  әрбір  шара осы 

бағыттарға бағышталған.

Тіл тазалығы тіл  мәдениеті дейтін ғылыми  саланың негізгі

объектісі.

346


АМЕРИКА АҢДЫСЫН АҢДЫП ОТЫР, СОНДЫҚТАН 

03 ҚИЫНДЫҚТАРЫМЫЗДЫ ӨЗІМІЗ ҒАНА ШЕШУІМІЗ

КЕРЕК

Өткен  айдың  18  шілде  күні  Америка  Конгресінің  демо- 



кратия  және  адам  қүқы  жөніндегі  кіші  комитетінде  Орталық 

Азиядағы  демократия  және  сөз  бостандығы  мөселелері  бой- 

ынша тыңдаулар  болып  өткені  белгілі.  Ол  жөнінде  Қазақстан 

ақпарат  қүралдарынан  бастап  шетел  баспасөздеріне  дейін

өздерінщ әртүрлі пікірлерін оілдіріп үлгерді.

Алғашқы  әсерлер  мен  алыпқашты  әңгімелердің  екпіні 

басылды-ау деген сәтте біз сол жиынға Қазақстан Республика- 

сының  өкілі  ретінде  қатысып  қайтқан  Халықаралық  «Қазақ 

тілі»  қоғамының  бірінші  виңе-президенті,  үлттық  ғылым 

академиясының  корреспондент-мүшесі,  профессор  Өмірзақ 

Айтбайүлына жолығып, ол кісіні әңгімеге тартқан едік:

-  Өмеке, АҚТІІ Конгресіндегі тыңдауға қалай бардыңыз және

осы жиынға қатысудағы мақсатыңыз не болды?

-   АҚТІІ  Конгресі дүниежүзінің әр түкпірінде болып жатқан

саяси,  экономикалық,  тағы  басқа  жағдайларға  байланысты 

өздерінде  зерттеулер  жүргізіп,  тыңдаулар  откізіп  түруды 

дағдыға айналдырған. Биыл олар шілденің ортасында Орталық 

Азиядағы демократия және соз бостандығы жонінде тындаулар 

откізеді деген хабарды маған біздегі Азаматтық партияның бас- 

шысы Азат Перуашев айтты. Өздері сол жаққа баруға дайында- 

лып  жатқан  көрінеді.  Ол  маған:  «Қазақстандағы  тіл  мәселесі 

жонінде  АҚТІІ  Конгресінде  өз  пікіріңізді  білдіріп  қайтпайсыз 

ба?»  -   деп  үсыныс  жасады.  Ал  олардың  өзін  Д.  Хопкинстің 

Орталық  Азия  және  Кавказ  университетінің  өкілдері  шақы- 

рыпты.  Ойлана  келе,  мен  де  АҚШ  Конгресіндегі  тыңдауға 

барудың  қамына  кірістім.  Алдымен  АҚШ  Конгресінің 

халықаралық  істер  жөніндегі  Комитет  төрағасы  Генрий 

Хайд  мырзаға  хат  жазып,  ондағы  тыңдауда  қазақ  халқы  мен

347


тілінің  тағдыры  жөніндегі  менің  сөзім  басқалардың  баяндау- 

ын толықтыра түсер  еді деген  өтініш  айттым.  Қүп  көрген  жа- 

уап  келді.  Американдықтарды  шын  мәнінде  адам  қүқы  қатты

ойландыратыны  рас  болса,  70  жылдан  астам  уақыттан  бері 

өз  елінде  жүріп  ана  тілінен  айырылып  қала  жаздаған  қазақ

халқының  тағдыры  жөніндегі  шындықты  онгімелеп,  пікір

бөліссем,  деп  ойладым.  Сөйтіп,  ел  емеспіз  бе,  оннан-мүннан

қаржы қамдастырып дегендей... қайсыбір ағайынның арқасында

сапардың сәті түсті.

-   Сонымен  бүл  сапардағы  мақсат  орындалды  ма  ?  Алған

әсерлеріңізді,  түйген  ойларыңызды  бүкпесіз  ортаға  салып

КӨрІҢІЗШІ. . .  



'

?  , 

,  , 

■  ■

-   Мен  тәуелсіздік  деген  үғымды  осы  сапарда  басқа  бір 

қырынан  түсініп  қайтқан  сыңайлымын.  Америка  сияқты 

алып  елмен  бірлесе  жүмыс  істеу  оңай  шаруа  емес  екеніне 

көзім  жетті.  Бүл  жерде  мен  Америкадағы  Қазақстан  елшілігі 

жігіттерінің  оте  күрделі  де  қиын  жүмыспен  күндіз-түні  ай- 

налысып,  ел  мәртебесін  биіктетер  келелі  істер  тындырып 

жатқанын  айта  кетуді  өзіме  парыз  санаймын.  «Елдестірмек  —

 

елшіден»  деген создің  мәнін терең түсінетін  сараман жігіттер 



ме  дедім.  Өте  қажетті  кездесулерді  үйымдастыруда  бүлардың 

бізге  қолқабысы  мол  болды.  Сондай  елдің  конгресмендерімен 

иық  теңестіріп,  ел  атынан  сөйлеуге  ие  болғанының  өзі  де  бір 

мерей  екен.  Алып  елдің  өкілдері  қашанда  менмендеу  келеді 

ғой.  Алғашқыда  олар  Қазақстан  деген  елге  мүрынын  шүйіре 

қарап,  «сендер  кімсіңдер?»  дегендей  кеуде  танытқылары  да 

келді.  Ресми  тыңдау  басталуға  бір-екі  күн  қалғанда  біздер 

конгресмендердің  әрқайсысымен  жеке-жеке  сүхбаттастық. 

Бүлардағы  бір  конгресмендердің  озі  кішігірім  Конгресс  десе 

де  болғандай.  Олардың  әрқайсысының  қарамағында  жиыр- 

машақты  адам  қызмет  етеді.  Өздерінің  газеттері,  тағы  басқа 

қүрылымдары жетерлік. Мен олардың алдында және Орталық 

Азия  институты  үйымдастырған  доңгелек  үстелде  баянда-

348


ма  жасадым.  Сұрақтар  болды.  Тек  Қазақстандағы  келеңсіз 

құбылыстар жайында ғана білгісі  келіп отырды.  Басқа ештеңе 

қызықтырмайтындай.  Осы  тектес  кездесулердің  бірінде,

мөселен «Ә8А Іосіау» газетінде болғанда: «Мақсаттарыңыз тек 

Қазақстанды  қаралау  ғана ма,  ондай  магериалдармен  сіздерді 

жабдықтап  отыратын  кімдер  және  оны  қайдан  аласыздар?!» -  

деуіме  тура  келді.  Біз  кемшілігімізді  жасырмай,  барымызды 

асырмай  айта  алатын  адамдар  екенімізді  құлаққағыс  еттік. 

Сонан кейін ғана олардың беттері бері қарай бастады.

-   Біздің  ол  жақтағы  кейбір  қандастарымыз  бұған  дейін  де 

АҚШ  Конгресінде Қазақстан туралы  жалған  ақпараттар тара-

тып үлгерді емес пе? Соның салқыны шығар ?

-   Иә,  ол  да  бар.  Сол  жақтағы  кейбір  қандастарымыз

Қазақстанға  қарсы  жүмыс  істеу  әдістерін  кәдімгідей  жолға 

қойып  алған  сыңайлы.  Кейбіреумен  жүздесіп,  сөйлестім  де. 

Көбісі жүдеп-жадаған, материалдық жағдайлары жақсы сияқты 

бірақ кісі елінде күйзеліп жүргендері көздерінен көрініп түрды. 

Соған  қарамастан  олар  американдықтарға  өге  қажет.  Біздерді 

өстіп  бір-бірімізбен  ара-дара  қылып  қойып,  мемлекетімізді 

әлсіретіп,  байлығымызды  теспей  сорып  оіыра  бергілері 

келетіні байқалады. Еліміздегі үлтаралық жағдай, қазақтардың 

салт-дәстүрі мен тілінің даму деңгейі, тағы басқа мәселелердің 

бәрін  егжей-тегжейлі  білгілері  келетіндері  де  бар.  Алай- 

да  соларды  жөндеуге  қолқабыс  тигізер  жанашырлық  емес, 

қайта  ушықтыра  түскілері  келетіндей.  Сөйтіп,  әлем  алдында 

Қазақстанды  тұрпайы  ел  ретінде  танытып,  оны  оқшаулап та- 

стау  негізгі  мақсаттары  сияқты.  Бүл  менің  конгресмендермен 

жеке-жеке сөйлесу барысында түйген өз ойларым. Ал конгрес-

мендер өз мемлекетінде заң шығару ісімен айналысатындығы, 

ішкі-сыртқы  саясатқа  ықпал  ететін  бірден  бір  қозғаушы  күш 

екені  белгілі.  Сол  себептен  де  АҚШ  Конгресіндегі  Орталық 

Азия мен Қазақстанға байланысты тыңдауға өдейі қатысып, өз 

еліміз туралы бар шындықты айтуға тырыстық.

349


-   Сіз  конгресмендермен  болған  әңгімеде  Халықаралық 

«Қазақ тілі» қоғамының өкілі ретінде нақты қандай мәселелерді 

тілге тиек еттіңіз? Олар сіздің сөздеріңізді қалай қабылдады?

-Халықаралық«Қазақтілі»қоғамы-елімізтәуелсіздікалмай

тұрған кезден бұрын пайда болған нағыз бұқаралық қоғамдык 

ұйым.  Кеңес  үкіметінің  кезінде-ақ  бұл. қоғам  мемлекеттік  тіл 

мәселесін көтеріп,  алғашқы  «Тіл туралы» Заңның қабылдану- 

ына  көп  әсер  етті.  Қазіргі  кезде  бүкіл  облыстар  мен  аудан- 

дарда  осы  қоғамның  жергілікті  басқармалары  жүмыс  істейді. 

Ал  біздегі  «Тіл  туралы»  Заң  ТМД-дағы  басқа  елдер- 

мен  салыстырғанда  ең  либералды  заң  екенін  ешкім 

жоққа  шығара  алмайды.  Тек  қазақ  тілінің  ғана  емес, 

Қазақстандағы  барлық  халықтардың  тілдерінің  дамуы-

на  мүнда  жол  ашылған.  Сондықтан  да  «Тіл  туралы»  Заң

бізде  халықтар  достығының  символына  айналып  отыр 

дей  келіп,  мен  конгресмендердің  қайсыбірін  Қазақстанда 

өтетін  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  құрылтайына 

шақырдым.  Олар  «мүмкіндікке  қарай  баруға  тырысамыз» 

деді.  Бұларды  шақыруын  шақырып  тұрып  өзім  ойға  қалдым. 

Егер  бұлар  келе  қалса,  қаржы  мәселесін  қалай  шешпекпіз. 

«Бөрі  арығын  білдірмес,  сыртқа  жүнін  қампайтардың»  керін 

жасадым.  Мемлекет  бізге  көк тиын  да  бермейді.  Ендігі  уайы- 

мым  осы  болып  тұр.  Бәлкім,  ел  басқарып  отырған  азаматтар 

мен  баяғыша  байлықтың  құлы  болып  үлгермеген  бизнес- 

мендер  бір  мезгіл  ұлттық  намыс  жайында  ойланар.  Менің  де 

ендігі бар  үмітім  соларда.  Оны уақыт көрсетер.  Әйтеуір  қарап 

жатқанымыз жоқ.

-   Өмеке,  осы  демократия  десе,  бірден  Америкаға  қарап 

жалтақтап тұрамыз.  «Әр елдің салты басқа...» дегендей, біздегі 

демократия  үрдістері  ондағы демократияның кошірмесі болуы 

міндет пе? Осы жөнінде не дер едіңіз?

-  Дұрыс айтасыз. Америка екі ғасырдан астам уақыгган бері 

демократиялық  жолмен  дамып  келе  жатқан  мемлекет.  Ал  біз

350


болсак, тәуелсіз мемлекетімізді құрғанымызға енді ғана 10 жыл 

толайын деп отыр. Оның үстіне біздер мен американдықтардың 

арасындағы менталитет жер мен көктей. Біздін ұлттық психоло- 

гиямыз, салт-дәстүріміз, экономикалық даму деңгейіміз, толып 

жатқан әлеуметтік мәселелеріміз, бүған дейін жүріп өткен тари- 

хи жолдарымыз мүлдем басқаша.  Ендеше бірден американдық 

жолға түсе  қою  біз  үшін  қиынның  қиыны  және  мүны  мен  өз 

басым  қажет деп санамаймын.  Сондай-ақ олардың демократия 

туралы  үғымы  мен  біздің  демократия  туралы  үғымымыздың 

арасында қаншама айырмашылык бар  екенін білесіз бе? Ол да 

жер  мен көктей.  Ең бастысы  шын ниетімізбен демократиялық 

бағытты  үстанып  келеміз.  Бүл  жолда  үйренгенімізден 

үйренеріміз көп. Соған да шүкіршілік етіңдер дегенді конгрес- 

мендерге бар ниетімізбен ұғындыруға тырыстық.

-  Олар соны ұға алды деп ойлайсыз ба?

  Менінше,  ұқты-ау  деи  ойлаймын.  Біздің  қүрамда  болған



азаматтардың  сөйлеген  сөздері  олардың  бүған  дейінгі  біз  ту- 

ралы  пікірлерін  көп  өзгертті.  Мөселен,  Конгрестің  жаңа  бас- 

шысы  Флорида  Илеана  Рос-Летинем  ханымның  Қазақстан  ту- 

ралы  пікірі  өте  нашар екен.  Біздің топ жүргізген сүхбаттардан 

сон  оның  да  пиғылында  өзгерістер  болғанын  байқадық. 

Ал  осы  Конгреске  ширек  ғасырдай  төрағалық  етіп  келген 

Гильман  мырзаның  мына  бір  сөзі  есте  қалып  қойды.  Ол  кісі 

Қазақстандағы  еврей  үлтының  атынан  барған  бас  раввин 

Ешая  Коген  мырзамен  сөйлескенде  оның көзіне  талмай  қарап 

отырғанын, бүл кісі ешқандай өгірік айтпағанын өзі мойында- 

ды.  Дәл  осы  Ешая  сияқты  ислам  дінін  зерттеуші  Олег  Рубец 

те  —


 қазіргі  аты  Әли  Қажы  —

  Қазақстандағы  дін  еркіндігі  мен 

халықгар достығы жайында бар шындықты жайын салды. Азат 

Перуашев  деген  азаматтың  да отанға  деген  ыстық  махаббаты 

мен  саяси  сауатына  сүйсінін  отырдым.  Тыңдаудың  алдында 

конгресмендермен  жеке-жеке  кездесу  кезінде  олардың  біз  ту- 

ралы  теріс  пікірлерін  бері  бүру  онайға түскен  жоқ.  Ал  ресми

351


Тыңдауда біздің топтың атынан  Олег Квятковскии,  оппозиңия 

жағынан  Бигелді  Ғабдуллин  сөйледі.  Басқамызға сөз  берілген 

жоқ.  Соңында  Қазақстандағы  демократиялық  үрдістерге  баға 

беріліп, бұл елмен демократиялық жолмен дамып  келе жатқан 

ел  ретінде  қарым-қатынас  орнатуға  бола  ма  деген  сыңайдағы 

сауал  қойылды.  10  конгресменнің  6-ы  бізді  жақтап  сөйледі, 

4-уі қарсы болды.  Сөйтіп  бұл сапардан біз  мерейіміз  өсіп,  ата- 

мекенге шүкір көңілмен сезіммен оралдық.

-  Сіздермен ол жаққа бірге барған оппозиция окілдері мұнда 

келге соң екі конгресмен ғана Қазақстанды жақтап дауыс берді 

деп жар салды ғой.

-   Қисынсыз  оңгіме.  18  шілде  күнгі  Конгресс  тыңдауын 

Квятковский  түгелдей  бейнетаспаға  түсіріп  алды.  Таяуда 

соның біразы телеарналардан корсетілді.  Алдағы  уақытта бұл 

толығымен көрермендерге ұсынылмақ.  Шындық шымылдығы 

сонда толығымен ашылатын болады.

-   Ал  енді  Конгрестегі  тындау  барысында  Қажыгелдинге 

байланысты  бір  ыңғайсыз  жағдай  болды  дегеңді  естідік.  Бұл 

туралы еліміздегі ішкі жағдайларға көңілдері толмағандықтан

туған елден не білесіз?

-   Ондай  келеңсіз  құбылыстың  болғаны  рас.  Әкежан 

Қажыгелдинді  сезікті  адам  ретінде  біздің  құқық  қорғаушы- 

лары  себептерін  анықтамай,  кейде  осы  пікір  түйіндеуде 

асығыстық  жасап,  көптен  бері  іздеп  жүргені  белгілі.  Бірақ 

оның тұрақты мекенінен біржақты кетіп жатқан жоқпыз ба де- 

ген де ойға қалағасын анықтай алмаған.  Оның адвокатын әрең 

тауып,  мына  хабарды  Мемлекетіміздің  әкелік  парызын  үнемі 

өтеудің  жан-жақты  жеткізсеңіз  деп  үсыныс  жасалғанда,  ол 

қандай жолмен болса да жолдарын қарастыруы керек пе дедім. 

Өйткені  «Арқада қыс  жылы  өздеріңіз  елшілігіңдегі  азаматтар 

амалсыз оның Конгреске  келуінен болса,  арқар ауып несі  бар» 

деген қазақтың мақалы бар емес пе күткен. Егер Конгреске кел-

се,  оған  оіздің  мемлекеттің  шақыру  қағазын  колына  үстауды

352


елшіліктегі жіпттерге тапсырса керек. Конгреске Қажыгелдин 

келді. Үзіліске шығар сәтте ол елден бұрын орнынан көтеріліп, 

есікке  қарай  беттегенін  коріп  қалғам.  Сол  кезде  дәлізде 

елшіліктің  жігіттері  оған  шақыру  қағазын  ұсыныпты.  Мұны 

ұтымды  пайдаланған  Қажыгелдин  «Мені  Конгрестің  ішінде 

гұтқындағалы жатыр,» -  деп шу көтерген. Осыған байланысты 

Америкадағы  Қазақстан  елшілігінің  басшылығы  Конгресте 

ресми  түрде  түсініктеме  жасады.  Қажыгелдинге  тек  шақыру 

қағазын  үсынылғанын  дәлелдеді.  Елшілік  қызметкерінің  бүл 

амалсыздықтан  жасалған  оғаштау  әрекеті  үшін  кешірім  де 

сұрады. Сонымен қоса Қажыгелдиннің қылмысын дәлелдейтін 

құжаттар  да  елшілікте  жатқанын қүлаққағыс  етті.  Бүған  елең 

еткен  конфесмендер  сол  қүжаттарды ресми түрде  хаттамалап, 

конгреске  тапсыруды  үсынды  Елшіліктегілер  солай  етті  де. 

Болашақта  бүл  істің  ақ-қарасын  АҚШ  Конгресі  анықтағысы 

келсе,  керекті  қүжаттардың  бір  данасы  оз  қолдарында.  Бір 

жағынан  бүл  дүрыс  та  болды  дегенді  айтады  елшіліктегілер. 

Болса -  болар.  Бір  қателіктің екінші  бір осындай, тиімді  жағы 

да болады  екен.  Бүған дейін өзін Қазақстаннан қысым көруші 

саясаткер ретінде  Конгресте  дәлелдеп  келген  Қажыгелдиннің 

шын мәніндегі бет-бейнесі ашылатын күн алыс емес сияқты.

-   Өмеке,  қалай  ойлайсыз,  «іштен  шыққан  жау  жаман»  де- 

гендей,  оз  азаматтарымыз  шетелге  отіп  кетіп,  озімізге  қарсы 

шабуылға  шығуы  өте  қауіпті  сияқты.  Жасыратын  несі  бар, 

біздегі билік басындағылардың, қүқық қорғаушылардың, неме- 

се қалталы азаматтардың жемқорлық әрекеттері туралы  елдің 

бәрі жақсы біледі. Олардан зәбір көргендер әділдікке қолдарын 

жеткізе  алмай  жүретіндері  де  жасырын  емес.  Сондықтан 

оппозицияның  бәрін  құбыжық  қыла  бермей,  оз  еліміздегі 

кемшіліктерді  жоюға  тырыспасақ,  болашақта  өзіміз  отырған 

бүтақты өзіміз кескен сияқты болып жүрмейміз бе?

-   Бір  жагынан  мүнында  дүрыс  жері  бар  сияқты.  Шетел- 

де  жүрген  қандастарымыздың  бөрі  бірдей  ақымақ  емес,

353


әрине.  Олардың  көбі  еліміздегі  ішкі  жағдайларға  көңілдері 

толмағандықтан  туған  елден  кетуге  мәжбүр  болуы  да 

мүмкін.  Яғни,  бүл  жерде  екі  жақты  бірдей  дүрдисе  бермей, 

кейбір  азаматтарымыздың  елден  кетуінің  негізгі  себеитерін 

анықтамай,  кейде  осы  иікір  түйіндеуде  асығыстық  жасаи,

біржақты  кетіп  жатқан  жоқпыз  ба  деген  де  ойға  қаласың. 

Мемлекетіміздің  әкелік  парызын  үнемі  өтеудің  жан-жақты 

жолдарын  қарастыруы  керек  пе  дедім.  Өйткені  «Арқада  қыс 

жылы болса,  арқар  ауып  несі  бар» деген қазақтың мақалы  бар 

емес  ңе.  Сондай-ақ,  «Өзін  суын  ішкен  қүдыққа  гүкірмес  бо- 

лар»,  «Қайтып  кірер  есігіңді  қатты  жаппа»  деп  те  ширыққан 

ғой.  Сыртта жүрген  ағайынның да мүны  үмытпағаны  жөн бо- 

лар. Қысқасы, қазақ баласының Атамекен мен Анатілге қызмет 

етуден асқан қандай парызы болмақ?!

-  Әңгімеңізге рахмет.

Серік Жүмабекүлы, «Егемен Қазақстан».

354


ТІЛ ҮІШН КҮРЕС ЖАЛҒАСА БЕРМЕКШІ

Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қасіретке шалдыққан қайран 

қазақ тілінің қайғы-мұңы  айта берсек,  көп-ақ.  Үлт бойындағы 

бұл  індеттің  ғасыр  бойы  толастамай,  бірде  асқынып,  бірде 

бәсендеп, кұні  бұгінге дейін созылып, халықтың санасын сар- 

сытып,  болашағын  мұнарлаңдырып  келе  жатқаңдығы  кімді 

болса да ойландырмай, толғандырмай қоймайды.

Өткендегі  ұзын  сонар  тарих  шеруін  шоли  қарасақ,  өз 

еркімен  дами  алмай  келе  жатқан тіліміздін  тағдырына күйіне 

қараған,  өз  тарапынан  әрекет  еткен  жанкүйер,  жанашыр  аза- 

маттар  мен  зилы  қауым  өкілдері  аз  болмаған  екен.  Кешегі 

Ахмет  Байтұрсынұлы,  Міржақып  Дулатов,  Сәкен  Сейфуллин 

т.б.  сынды  азаматтардың тілімізге деген жанашыр  сөздері  мен 

орекеттері  аумалы-текпелі  заманның  бір  дәуірі  болып,  тарих 

жадыңда, жас әулет санасында сақталуда.

Сондықтан да болар, тіліміздің ескі әңгіменің жалгасы кешегі 

Желтоқсан  оқиғасында  қанға  боленген  қазақ  жастарының 

«Елім менің, тілім менің...!» деген жан айғайынан тағы естілді.. 

Бүл  создер  қүлағына  түрпідей  тиген  елбасы  озінше  жолып, 

өзінше  -   «қатар  екі  мемлекеттік  тілді  қалыптастыруды»  -  

шешуді ұйғарды.

Қалың  жұртшылық  қолдауымен  басталған  бұл  күрес 

қазақ  тіліне  мемлекеттік  мәртебе  әперумен  тынды.  Алай- 

да,  тіл  төңірегіндегі  дау-дамай  мұнымен  тынбады.  Мемлекет 

мәртебесіне  ие  болған  оз тілін  «Ата заңы  арқылы  қорғау»  де- 

ген тіл жанашырларының асыл арманы осы күнге дейін толық 

жүзеге асырылмай отыр.  Сондықтан да, Қазақ жеріне жаңа бір 

тарихи кезенді алып келген егемендігіміздің  10 жылдығы дау- 

дамайдан басы  арылмаған  қазақ тілі  үшін  сол  баяғы  күрестің 

кейінгі  10  жыл  бойына  созылған  жалғасы  болыи  отыр.  Қайта 

бұл  күрестеріміз  бұрынғыдан  өрши  түскен,  өршелене  түскен,

355


ұлт тағд ырына қатысты, үл кен саясатпен астарлас, оір сөт толас- 

тап кормеген, екпінді де пәрменді күреске айналып отыр.

Шынында да, тіл  үшін  күрес  -  күрестердің ең  күрделісі,  ол 

елдін елдігіне қатысты, гәуелсіз мемлекеттің бүгінгі қалыптасу, 

даму  үрдісін  багдарлайтын,  болашагын  айқындайтын т.б.  кат- 

қабат  саяси  әлеуметтік  проблемалардың түйінді  жеріне  жата- 

ды.  Осының  себебінін  неде  екендігі  сәл  ойланып,  тереңірек 

ойлап  қарайықшы:  қазақ  қауымы,  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 

қоғамы санасын оятып отырған қалың жүрт қазақ тіліне байла- 

нысты бүгін не үшін, кіммен және қалай күресіп отыр?

Ойлап  қарасаңыз,  өз  жерінде  отырған,  өз  егемендігін 

қолына  алған,  өзінін  тәуелсіз  мемлекеті  бола  тұрып,  қазақ 

халқының  мемлекеттік  мәртебеге  ие  болған  өзінің  ұлттық 

тілін  еркін дамытуына қарсы,  әсіресе кейінгі  10 жыл  бойы  біз 

көріп отырған дау-дамайлар қоғамдық өмірде сирек кездесетін 

«ғажайып»  кұбылыстар  емес  пе?  Сонда  қалай,  «кейінгі  он 

жыл  бойы  Ата  заңын  арқаланып,  өкіметтің  қабылданған  та-

лай  қаулы-қарарлары  мен  тұжырым,  бағдарламаларына  сеніп 

келген тілсүйер  қалың  қауымның ой-арманының орындалмай 

отыруына не  себеп?» деген сауал туады.  Тіл үшін  күрестің әр 

кезеңінде  оған  деген  қарсылықтар  мен  тосалғылар  дз  өзгеріп 

отыратыңдығы  белгілі.  Сонда,  10  жылды  артқа  салып,  дәл 

бүгінгі күнге жалғасып, алдымыздан шығып шоғырлана түскен

кесел, кесапаттарға не жатады?

Бүл сауалдың жауабы тым көп. Олардың бастылары мен нақ- 

тыларын  өзара топтастырып  айтсақ -  екеу.  Біреуі -  бүгінгі тіл 

дамуының  тым  теренде  жатқан  тарихи  тамыры;  оны  қозғап- 

қобыратпай-ақ  тіліміздің  болашағы  үшін  күресуге  болады, 

бірақ  оны  білу  қажет,  өйткені,  сайып  келгенде,  мәселенің 

түп-негізгі  «Батпандап  кірген дерт мысқалдап  шығады» деген 

нақыл  сөз  мағынасына барып тіреледі.  Екіншісі -   бұлар  бүгін 

ғана туған жаңа көзқарастар емес, коне құбылыстардың бүгінгі 

коріністері.  Бұлардың көбісі  жаңа заман лебін сезбейтіндердің

356


бойындЕ,  бүрынғыдан  сақталып,  жалғасып  келе  жатқан  ескі 

дертпң зардабы; олар қазақ тіліне деген кейбір бүзық пиғылдан, 

теріс  көзқарастардан,  керенау-кердең  кеудемсоқтан,  аяқтан 

шалып,  етектен  тартар  кертартпалардан, 

өз 



1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал