Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет24/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34

330

қарады.  Ал,  жастар  жағы  бірден  қолдау  көрсетті.  Міне  осы 

сәттен бастап Қоғам қүру қамына кірісіп кеттік.

Бүл  майданға  қазақ  зиялыларының  көбі  араласты.  Тіпті 

ауыл-ауылдағы  қарапайым  еңбек  адамдарына дейін үн  қосты. 

Ал,  біз  оқу  орындарын,  түрлі  мекемелерге  барып,  қазақ  тілін 

мемлекеттік  тіл  етудің  маңызын  түсіндірумен  болдық.  Газет, 

журналдарға күн қүрғатпай үлттық сананы биіктетер материал- 

дар жариялауды үйымдастырдық.  Сондай-ақ ел қүлағына ерте 

жететін  радиохабарларын  түрақты  түрде  жүргізіп  отырдық. 

Ол  хабарларға  жер-жерден  қолдау  хаттар  келіп  жатты.  Онда 

Қазақстанда бір ғана тілдің, яғни қазақ тілінің мемлекеттік тіл 

болуға  қақысы  бар  екені  жан-жақты  дәлелденіп  жатты.  Және 

осы  келелі  іске  бас-көз  болатын,  бүқаралық үйымды тез  арада 

қүру қажеттігі сөз болды.

Сөйтіп  тәуелсіз  елдің  тәуелсіз  тілі  болу  қажеттігі  туралы 

күрес  егемендіктен  әлдеқайда  бүрын  басталған  еді.  Ә  деген- 

нен  Мемлекеттік  тілді  мәртебелендіру  мәселесін  қозғаған 

«Қазақ  тілі»  қоғамы  да  дүниеге  осылай  келген.  Қоғам 

қүрылмастан  бүрын  Қазақстанда  қай  тілді  мемлекеттік  тіл 

етеміз  деген  мәселе  теңірегінде  көп талас-тартыс  болды.  Сол 

талас-тартыстар  түйіні  Г.  Колбин  алдында  болған  арнайы 

комиссияның бас косуында шешілген еді. 26 адамнан күрылған 

бүл  комиссия  бүған  дейінгі  пікірлерді  сарапқа  сала  келе  ака- 

демик Ә.Т.Қайдардың қайсарлығының арқасында «Қазақ ССР- 

інде  мемлекеттік  тіл  тек  қазақ тілі  болу  керек»  деген  түйінге 

тоқтады. Қазақ ССР-інің сол кездегі Кеңесіне сайланған халық

қалаулылары өздерінщ ел мен тш алдындағы перзенттік пары- 

зын адал орындап, 1989жылы21 қыркүйектеТілтуралытүңғыш 

заңымызды  қабылдады.  Онда  қазақ тілі -  мемлекеттік тіл  бо- 

лып  гаңбаланды.  Бүл  халқымыздың  егемендік  пен тәуелсіздік 

жолындағы күресінің алғашқы жеңістерінің бірі болатын.

Бір  ғажабы  мемлекеттік  тіл  мәселесіне  келгенде  қазақ  зи- 

ялылары  әр  алуан  пікір  ауанына  ергіштегенімен  ақыры  ел

331


күгкен  межеден 

шығын, 

халық  үмітін  ақіады.  Содан  бері 



то- 

лассыз  жүргізілін  келе  жагқан 



тіл 

майданы  әлі 



тоқтаған 

жоқ. 


Тілге  байланысіы  қабылданған  ербір  қүж апы ң  асгарын- 

да  осындай  күрестер  ізі 



жатыр. 

Өйткені  төуелсіздіктің 



басты 

шарттарының 

бірі  -  



тіл 

төуелсіздіп  ден  білеміз.  Тілі 



тәуелсіз

солкылдак

төуелсіздіпмізге мәңгілік тілейік, бауырлар!

армандаған

332


СӨЗ ТҮЗЕЛДІ, ТЫҢДАУШЫ СЕН ДЕ ТҮЗЕЛ

Әрбір сөз,  әрбір ой  өз  сәтінде ғана айтылса,  құнды және ол 

ой,  ол  сөз  өкімет  пікірімен,  көптің  көкейіндегісімен  ұштасып 

жатса, онда істің тілті оңға басқаны дей беріңіз.  Әңгімені осы- 

лай бастауға итермелеп отырған себеп мынау еді. Жуырда «Еге- 

мен  Қазақстан»  газетінде  жұртшылығы  елең  еткізген  елеулі 

оқиға болды. Ол ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім 

министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің осы газет тілшісіне берген 

«Үлт тірегі -  тіл» деп аталатын көлемді сұхбатына байланысты 

еді. Әдетте мұндай сала құлаш дүние оқыла бермейді. Ал мына 

сұхбатты мен өзім бір деммен қызыға, құмарта оқып шықтым.

Бір  қарағанда,  мұнда  сөз  болып  отырған  мәселе  көбіміздің 

көкейіміздегі  нәрселер,  тіпті  айтып та,  жазып та жүрген  жай- 

лар.  Десек  те,  үлт  тағдырының  кешегі,  қазіргі  және  ертеңгі 

жағдайын шыншылдықпен баяндайтын бүл материалдың мәні 

зор.  Неге десеңіз, біздер тарапынан, яғни жекелеген ғалымдар, 

қаламгерлер,  т.б.  тарапынан  қозғалған  мәселелер  жеке  пікір 

есебінде қалып қоятын.

Аталмыш  сүхбатты  үкімет  адамы  беріп  отырғандықтан 

Үкімет пікірімен сәйкес деуге болатын сияқты.

Мұнда мемлекеттік тілге,  ұлт тағдырына қатысты  ең өзекті 

мәселелер  сарапқа  салынады.  Атап  айтқанда,  мемлекеттік 

тіліміздің бүгінгі ахуалы, оның, әсіресе, Президент Әкімшілігі, 

Парламент  пен  Үкіметтегі  жай-күйі,  қазақ  тілінде  термин 

қалыптастыру  мәселесі,  латын  өліпбиіне  көшу,  дүрыс  сөйлеу 

мен  дүрыс  жазу,  ономастика:  жер-су,  елді  мекен  атаулары, 

жаһандану  тұсындағы  мемлекеттік  тіл  табиғаты  тәрізді  ең 

күрделі де өзекті мәселелерге министр өзінің көзқарасын ашық 

та айқын білдірген.  Солардың қайсыбір түстарына біз де назар 

аударғанды жөн көрдік.

Біріншіден,  мемлекеттік  тіл  жоніндегі  ойларында  ол  өзге 

елдердегі  тіл  жайында  тарихи  шолу  жасай  келіп,  аса  бір

333


маңызды түйін жасайды. Оны өз сөзімен бергенді мақұл көрдік: 

«біз  күні  кешеге  дейін  отарлаушылар  айтып  келгендей  «жа- 

байы», «бүратана» емес, өз тіліміз, мәдениетіміз бар халықпыз. 

Ендеше  тәуелсіздік  жагдайында  біз  ана  тілімізге  арқа  сүйеп, 

соны  дамытуымыз  керек».  Пәкістан,  Үндістан,  Индонезия, 

Малайзиядагы дін мен тілді дамыту арқылы гана өз халқының 

мүддесін  коздеген  басшылар  үлгісін  мысалга  ала  отырып, 

М.  Қүл-Мүхаммед  тағы  бір  кесек  ой  түйеді:  «Тіл  ең  алды- 

мен,  кез  келген  үлттың  ұлттық  белгісі,  айырымы,  символы. 

Сондықтан тәуелсіздік  алған  әрбір  ұлт  алғашқы  қадамын  ана 

тілінің  тұғырын  нықтап  мәртебесін  биіктетуден  бастайды. 

Ендеше,  тіл  мәселесі  тәуелсіздік  алған  жас  мемлекеттердің 

назарындағы басты мәселе және бұл ешкім күмән келтірмейтін 

ақиқат.  Бүл  шынында  да  ешбір  қазақтың  жадынан  шықпауға

тиісті ақиқат. Өйткені, үлттың тірегі -  тіл.

Екіншіден,  сүхбатта қазақ тіліндегі термин жасам  мәселесі 

кеңінен  сөз  болған.  Бүл  кез  келген  сауатты  қазақты,  әсіресе 

қолына  қалам  үстап,  жазумен  айналысып  жүрген  қазақ 

зиялысының  қай-қайсысын  да  толғандырмай  қоймайтын 

мәселе.  Тіпті  кейінгі  кезде  термин  жасам  мәселесімен  екінің 

бірі  шұғылданатын  болды.  Демократияны  озінің  ыңғайына 

қарай  икемдеп  алған  қайсыбір  жекеменшік  иесіндегі  газет- 

тер  тіл  заңдылығын  сақтаудың  орнына  «өз  заңдылығын» 

өткізуді  мақұл  көретінін  қайтерсіз.  Міне,  сондықтан  да 

мемлекеттік тілдің жон арқасындай термин мәселесін кез  кел- 

ген  «жаңашылдың»  қолына  беріп  қоюға  болмайтыны  дүрыс

ескертілген.

А. Байтүрсынүлынан бастау алатын бүл шаруаның кейінгі он 

бес-жиырма жылдың ауқымында туындаған әлденеше күрделі 

мәселесі шешуін таппай күрмеліп тұр^ Соның қайсыбір тұстары 

біліктілікпен талданады. Бұл тұста басшылардың жиі-жиі ауы- 

суына орай әр мекеменің бодауында болып, бас қосуын жүйелі

түрде өткізе алмай келген мемлекеттік терминология комисси- 

334


ясы  жұмысына кейінгі  кезде  жан біте  бастағанын  айтқан жөн. 

Терминком  мүшелері  сүрыпталып,  олар  кезек  күттірмейтін 

терминдік  атауларды  талкыдан  өткізіп,  баспасөз  арқылы 

жүртшылыққа  үсына  бастады.  Соның  нәтижесінде  көптеген 

сөздертерминретіңде жүйелене түсті. Мүны аз даболсажетістік 

деп  қабылдау  керек.  Сондықтан  М.Қүл-Мүхаммед  басқарып 

отырған  бүл  комиссияның  бүрын  асығыстау  бекітіліп  кеткен 

кейбір  терминдерге  де  қайта  соғып,  терминжасам  үлгілеріне 

сәйкес шарттарға жүгінуі де көкейге сенім үялатады. Мысалы, 

бүрын  бекітілген әкімият терминінің әрі-сәрі  күйін  «әкімдік»

ретінде түрақтандыруы қисынды деп білеміз.

Сондай-ақ  қазақша  термин  жасаудың  жөні  осы  екен  деп, 

интертерминдерді  жөнді-жөнсіз  аудара  берудің  де  тиімді 

бола  бермейтіні  дүрыс  көрсетілген.  Мәселен,  «лиңензияны» 

рүқсат  қағаз  деп  қарапайымдатып,  оны  пропуск  деңгейіне 

дейін төмендету  шынында  оның терминдік  мәнін толық  бере 

алмайды.  Дипломат  терминінің  де  тілімізге  қайта  оралуын 

қолдаймыз.  Әкім мен администратор сөздерінің де мағыналық 

жігі  ажыратылып,  бүл  атаулар  да  өз  тұғырына  қона  түскен. 

Тәуелсіздік толқынында эмоңияға,  өсершілдікке  беріліңкіреп, 

асығыс талқыланып,  бекітіліп  кеткен елтаңба,  әнұран,  сазгер, 

төлқұжат, мұражай іспетті терминдердің әлі күнге көкейге қона 

бермейтіні  де  рас.  Әдеби  тілімізге  ежелгі  етене  сөздеріміздей 

болып  сіңіп,  қолданысқа  еніп  кегкен  композитор,  герб,  гимн, 

паспорт, архив, музей сөздері қаншама өкініш етсек те, үлттық 

тіліміздің белгілі бір даму кезеңіне тән құбылыс есебінде тарих 

еншісінде  қалды.  Әлі  де  саралай түсуді тілеп тұрған бұлардан 

басқа да қаншама термин сөздер бар.

Үшіншіден, 

түбірлес, 

іргелес 

үғымдарды 

білдіретін 

сөздерден  жасалған  үлгілер  бүрын  да  кездесетін.  Әңгіме  осы 

үлгілер  терминжасам  проңесі  кезінде  кейде  ескеріліп,  кей- 

де  ескеріле  бермейтінінде.  Мәселенің  бүл  жағына  да  назар 

аударылғаны  әбден  дұрыс.  Жалпы  термин  жасау  мәселесі

335


еріккеннің ермегі емес. Ол қазақ тіліндегі сөзжасам табиғатына 

тереңірек  үңіліп,  ғылыми  тұрғыдан  сараптауды  қажет  ететін 

өте  күрделі  де  нәзік  мәселе.  Бүл  «меніңше»,  «біздің  ауылша 

былай»  дейтін  қарабайыр  шешімге  көне  бермейтін  жүмыс. 

Оның тіл дамуы  мен қолданысының  барысында қалыптасқан, 

тұрақталған принциптері бар.

Төртіншіден,  Ахаңның  термин  жасау  тәсіліне  үңілсек,

оның  мынадай  басты  принциптерді  үстанғанын  көреміз.  Ол

ең  әуелі  ана  тілінің  өз  сөз  байлығына  тереңдейді  де,  тер-

мин  жасау  үшін  соны  барынша  пайдалануға  тырысады.

Қазақ  тілі  мен  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  тұрақты  түрде

қолданылып  келе  жатқан  термин  сөздердің  барлығы  да  осы 

принцип негізінде жасалған.

Сүхбатта  атап  көрсетілген  баянат  (рапорт),  қарымжы  (за-

даток),  дәргей  (прерогатива),  кежеуіл  (телохранитель),  жалау

(знамя),  ту  (флаг),  байрақ  (штандарт),  аймақ  (зона),  өнір  (реги-

он),  өлке  (край),  аумақ  (территория),  шығын  (затраты),  шығыс

(расход), несие (ссуда) т.т. тіл байлығын жете пайдаланудың бір

үлгісі.  Терминжасамның  осы  үлгілерінің  өзі-ақ  көп  ізденудің,

тілге  тән  заңдылықтар  мен  принциптерді  қатты  сақтаудың

қажет екенін  байқатады.  Бүлардың біразы тілде  бүрыннан бар

үлгілер  (модельдер)  негізінде  пайда  болғандар.  Терминжасам-

ның осындай үлгілерін ұлттық тіл мүддесі түрғысынан қолдап,

қуаттау керек. Өйткені өзін сыйлайтын ел, тілін қүрмет түтатын

халық  қашанда,  ең  алдымен,  өз  тілінің  мүмкіндігін  барынша 

іске жаратуға тырысады.

Бесіншіден,  терминжасамда  үнемі  талас  тудырып  келген, 

әлі  де тудыра беретін  мәселенің бірі — интертерминдер  жайы. 

Бүл тек қазақ тілінде ғана емес, басқа да тілдердің басында бар 

жағдай.  Сондағы  пікірталас негізінен  оларды  аударып  аламыз 

ба,  жоқ  әлде  сол  күйінде  қабылдаймыз  ба  деген  сауалдарға 

орай  іздену төнірегінде  өрбиді.  М.  Құл-Мүхаммед  осы  мәселе 

төңірегіндегі  пікірін  таратып  айтпағанымен,  еуропа тілдеріне

336


сіңісті  болған  терминдерді  сол  күйінде  қалдыруды  қалайты- 

нын  жасырмайды.  Шынтуайтына  келгенде,  бүл  шешімнің 

барлық  терминдерге  бірдей  дөп  келе  бермейтінін  терминжа- 

сам тәжірибесі өлденеше дөлелдеген.  Сондықтан үлт тіліндегі 

терминдердің  жасалу,  қалыптасу тарихын  сүзе  отырып,  өрбір 

сөзді жеке-дара қарастырып барып қорытынды жасаған  абзал. 

Әдетте  интертерминдер  деп  жүргендеріміз  белгілі  бір  ортада 

(ағылшын, франңуз, испан, латын, грек тілдерінде), белгілі бір 

жағдайға байланысты пайда болып, мағына арқалап түрған атау 

сөздер.  Бүларды  қазақ  тіліне  қабылдау-қабылдамау,  аудару- 

аудармау  мәселесін  сөз  етуден  бүрын,  ол  сөздердің  өлгіндей

•  


*

сырын,  шығу-жасалу төркшін  саралап алу қажеттігін кешірек

түсінген жайымыз бар.

Міне, осының салдарынан А. Байтүрсынүлы заманынан бергі 

жерде  Еуропа және  орыс тіліндегі интертерминдерді тілімізге 

өзгеріссіз  қабылдаймыз  деп,  олардың  санын  шамадан  тыс 

көбейтіп  алдық.  Ал  мүнын  ана тілімізге  жасаған  «жағымды» 

ықпалының  қаншалықты  болғаны  баспасөз  бетінде  коптен 

жазылып  келеді.  Интертерминдерді  тіл  байытудың  бір  көзі 

дейтіндер  де  бар.  Бүны  бүдан  былайғы  жерде  қадірлі  конақ 

ретінде  төрімізге  шығарып,  төбемізге  көтере  берудің  орнына 

байырғы атау сөздеріміздің қатарына барып,  бауырласып түра

қалатыңдай жолын қарастырған жөн.

Әлденеше  жылдар  бойғы  терминжасам  төжірибесі  бізге,

қысқаша түйсек, мынадай жолдарды үсынады.

Біріншіден, 

интертерминдерді 

аударуға, 

баламалауға,

Мүның


лады.

Екіншіден,  бүған  көнбейтін  терминдерді  қазақ  тілінің 

фономорфологиялық  заңдылығына  сөйкес  икемдеп  алу

төжірибесі жинақталған.

337


Үшіншіден,  ана  тіліміздің  табиғатын  бүзбайтын,  жоғының 

орнын  толтырардай  термин  түрлерін  сол  қалпында  қабылдау 

қажет. Бүған да мысал жетерлік.

Төртіншіден,  герминжасам  тәжірибесінде  бой  көрсеге 

бастаған шартіылық (Ә. Қайдар) принцинін де ескере отырған 

жөн. Мүның мүмкіндігі мол.

Мүны  айтыи  отырғандағы  негізгі  мақсат  -   дайын  нәрсеге 

қүмарта  бермей,  өз  тіліміздің  қоржынында  замандар  бойы 

сүрленіп жатқан нәрлі де әрлі сөздерімізді жарқырата жарыққа 

шығарып,  терминдік  сипат  беріп,  қолданысқа  ендіріп  жатсақ 

деген ой-дағы. 

, 1 '


Ал  негізінен  мемлекеттік  тілдің  жай-жапсарын  жүрегімен 

сезінетін,  оның  қатпар-қыртыстарын  жанымен  түсінетін  ми-

нистр  бауырымыздың  мәселеге  осылайша  мән  беріп,  жүрт- 

шылыққа салиқалы ой тастауы орынды болды деп білемін.

Бүл сүхбатта көтерілген мәселенің әрқайсысы (ті л мәдениеті, 

терминология, ономастика, орфография, орфоэпйя, этимология, 

латын әліпбиі т.т.) жеке-дара сөз етуді қажет ететін оте күрделі 

де қызықты проблемалар. Және тәуелсіздік тірегі -  мемлекеттік 

тіл ғимаратын іргелендіре, сымбаттандыра, нәрлендіре түсетін 

салалар.  Сондықтан  «Сөз  түзелді,  тыңдаушы  сен  де  түзел!» 

(Абай)  деген  қағидалық  нақылды  қайталаудың  артықтығы 

жоқ сияқты.

338


Қасірет  деген  ауыр  сөз.  Бұл  қазақ  оның  түр-түрін  бастан 

кешірді.  Тоқшылық пен аштықтың алапатының үстіне  «халық 

жауларын»  ұстау  науқандары  келіп  қосылды.  Ол  аз  дегендей 

есеңгіретіп  кеткен  соғыстан  әрең-әрең  ес  жиған  атбасылар 

қаншама. Қатал тағдырдың қармағынан аман қалған қазақтың 

көрген құкайы аз емес, деуіміздің мөнісі содан. Көбі үш өріптің 

темір шеңгеліне тартылды, біразы шетелге қашып құтылды.

Бір  ғажабы  арпалыса  алыса  жүріп  сауат  ашып,  білім  алу 

жағына  келгенде  ол  барын  салды.  Кеңес  өкіметінің  үкімімен 

қатарға  қосыла  бастаған  Кеңес  мемлекеттеріне  балаларын 

беріп,  ондаған  жыл  беделінде  сауаттылар  қатарына қосылды. 

Жалпы  сауат ашу майданында қол  жеткен табыстар жетерлік. 

Ғылымның  өр  қилы  салалары  бойынша тамаша  мамандар  да- 

ярланды.  Халық  шаруашылығы,  өнеркөсіп,  мәдениет,  өнер, 

білім  ордалары  қатарға  қосылды.  Осының  бәрінде  біртіндеп 

орыстану тәрбиенің  арыны  күшейе  түскенін  бірде  сезіп,  бірде 

сезбей  бүгінгі  күнге  жеттік.  Бақсақ,  алғашқы  кезеңде  жаппай 

бой  көтерген  қазақ  мектептерінің  қатары  селдірей  беріпті.  Ел 

біртіндеп орыс мектептеріне қарай ойыса түсіпті. Мүның негізгі 

себебін  іздестірген  жан  қазақта  балабақшалардың  аздығына, 

тіпті жоқтығына сілтейді.  Осының негізгі сырын тексере,  бар- 

лай  келгенде  кеңес  одағының  құрамындағы  халықтарды  бір 

қалыпқа  салып,  бірегейлеп  барып  мүнарлы  болашақ  —

  Ком- 


мунизмге жеткізу мақсатымен орайласып жатқан екен.  Сөйтіп 

орысша  сөйлеу  мен  жазудың  жарысы  басталды.  Мүндайда 

қазақ алдыңа жан салмайтын халық екенін танытты. Ол өзінің 

тумысында талантты халық екенін көрсетті.  Әлігі  бірегейлес- 

тіру қалыбына алдымен түсіп, аздаған жылдарды артқа тастаған 

соң орысша сайрап шыға келді.  Бүл  біріншіден үлкен табысы- 

мыз болса, екінші жағынан үлт басынатөнген қасіреттің бірі еді. 

Дені дүрыс ел өз ана тіліи аяқ асты етіп барып, өзге тілге жар-

БАБЫ КЕЛІССЕ, ТІЛДІҢ ДЕ БАҒЫ АШЫЛАДЫ

339


маса ма? Жетсе ана тілін өркендету арқылы жетпей ме? Ана тілі 

дегеніміз  өзге тілді  меңгерудің алғы  шарты,  старт алаңы  емес 

пе? Біз осыны ескермедік. Сөйттік те үлттық тәрбие мәселесіне 

орасан зор  нұқсан  келтіріп  алдық.  Ал  үлттық тәрбиенің негізі 

үлттық тілі арқылы жасалатынын жадымыздан шығардық.

Орыс тілі -  коммунизм тілі ендеше сол тілді игеру керек деген

кеңестік идеяны  санаға орнықтыру үшін,  халықтың  қаимағын 

бүзып  -   түтастығын  ыдырату  жолында  сүмдық  сүрқия 

әрекеттер  жасалды.  Әуелі  үйып  отырған  отбасына  араздық 

пен алауыздықтың жаласы тасталды.  Баланы  әкеге,  ағайынды 

адамды  бір-біріне  қарсы  (ақ,  қызыл деп)  қойып,  қырқыстырды 

да қойды.  Ат төбеліндей  аз  қазақ осылай біріне-бірі өш  болып 

шыға келді. Қара хальіқ арасына қара шекпенділер келіп кірді. 

Сосын октябрдың (қазан) ойранын салып қызылдар ойнақтады, 

бір  қазақты  бай  мен  кедейге  бөлді.  20-жылдар  аяғында  жап- 

пай  конпеске  басталды.  Әлгіндей  алауыздық  жаласы  өртке 

айналып,  қазақ негізгі  қорегі -  малынан  айрылды.  Голощекин 

жендеттері «кіші октябрьді» қазақ еліне осылайша алып келіп 

ендірді. Нәтижеде бірнеше миллион қазақтың басын жалмаған 

32-33 жылдарғы аштық жайлады. Сонда да мойымай атамекен- 

нің  айбынын  көтеру  бағытында  ақылға  кейде  сыйып,  кей- 

де  сыймайтын  әрекеттерге  барған  есіл  ерлерімізді,  елді 

жетелейтін  данқты  үлдарымызды  37-38  жылдары  репрессия 

тағы  жалмады.  Бір  қасіреттен  соң,  екінші  одан  кейін  үшінші 

қасірет  т.т.  қайсысын  айтып  тауысарсың.  Азаттықты  ансаған 

Арыстарымыздың  азапты  тағдырын  бір  сәт  ойға  алудың  өзі 

қасірет.

Әлихан,  Ахмет,  Мыржақып,  Ермүқан,  Халел,  Жүсіпбек, 

Мағжан. Шәкәрім, Бейімбет, Ілияс, Сәкен сынды ел деп еңіреп 

откен  үлт түлғаларының таңдаған  жолы  мен түпкі  мақсатына

зер  салсаныз  халық  мүддесіне  деген  адалдығына,  қаисар- 

қажырына  таң  қалсыз.  Сонда  олардың  ең  алдымен  ансағаны 

оз  тілінде  еркін  сөйлейтін  мәдениет,  ғылым,  білім,  өнер,

340


М іне

атты. Құдайға

шүкіршілік.  Тәуба  дей  отырып,  үлт тілі  мен  үлт  мәдениетіне 

келтіріп  алған өлшеусіз нүқсанның бар  екенін, яғни  бүл ретте 

орасан зор жұмыстар күтіп түрғанын үмытпалық.

Әлемде  жойылып  кете  жаздау  қасіретіне  ұшыраған тілдер 

бар. Қайсыбір зерттеушілердің ондай тілдерді қайтып қалпына 

келтіру үшін  100 жылдан аса уақыт керек екен деуі ақиқат.

Біздің ана тіліміз де осындай қатердің аз-ақ алдында түрды. 

Тәуелсіздік таңы атпаған болса қандай күйге душар боларымыз 

бір қүдайдың өзіне аян еді. Бірақ, қазір әрекетсіз, алаңсыз өмір

сүретін заман емес.

Бұл  жөнінде  «Қазақ тілі»  талай  сөзді  ашынып  та,  ашылып 

та  айтты.  Ең  байы  мәңгүрттене  бастаған  қазақ  санасына  ес 

жиғызар  нәр  қүйды.  Таптала бастаған ұлттық намыс тамыры- 

на қайрат қанын құйды, жігерін жетеледі. Қазақ тіліне мемле- 

кет тарапынан  қамқорлық  болмаса,  қүрып  бітуден  басқа амал 

қалмағанын  айтудан  жалықпады.  Ол  бүл  жолда  мүмкіндіктің 

алуан түрін (радио, телеарна, газет, журнал, конференсия, жина- 

лыс т.т.) барынша пайдаланды. Тіл туралы Заңның, мемлекеттік 

бағдарламалардың  жариялануына  қызу  атсалысты.  Еліміз 

егеменді ел болып, тәуелсіздігін жариялады. Ол кездегі барлық, 

қалалык, аудандық партия комитетері мен атқару органдарының 

бәрі  мемлекеттік  тілдің  қанат  жаюына  өз  үлестерін  қосуға 

тырысып  бақты.  Бұрын  болмаған  қазақ  балабақшалары  іске 

қосылып, жүздеген қазақ мектептері  қайга жаңғырып, үлттық 

негіздегі ұрпақ тәрбиесіне кірісті. Тілдік орталар түзіліп, келем

Міне


«Қазақ

конференңи

алқа жиын, көшпелі жиын, қүрылтайлардағы қабылданған, іске

л  

Ш  

Ш/Ш

шаралардың

қажеті бола қоймас.

341


Қоғамның  ендігі  жердеп  атқарар  ісінің  тәрізі  қандаи 

болмақ?  деген  сауал  жайына  келсек  мынадай  мәселелерге  на- 

зар  аударуға  тура  келеді.  Біріншіден,  Қоғам  өзінін  Жарғысы 

мен  Бағдарламасында  көрсетілген  міндет  пен  мақсатын  түгел 

орындап  біткен  жоқ.  Ол  нендей  мәселелер  екенін  көзі  қарақат 

қарындастың аталған  қүжаттардан  корі-п танып  алар деген ой- 

дамыз. Қогам еркінен тыс болып жатқан түрлі себептерге бай- 

ланысты  күн  тәртібінен  түспей  келе  жатқан  ол  мәселелердің 

орындалуын қадағалайтүсетініміз хақ. Екіншіден, қазір Заң мен 

Бағдарлама талабына орай облыстар іс қағаздарын мемлекеттік

тілге көшіре бастады.

Ел  Президенті  көздеп  отырған  маңызды  мәселеге  басқа

облыстардың  да  тікелей  кірісетін  мерзімі  жетті.  Қоғам

белсенділерінің  жергілікті  атқамінерлерді  қамшылай  түсетін

сәт  келіп  түр.  Мемлекеттік  тіліміздің  жандану,  даму  ба-

рысын  жоспарлы  да  жүйелі  түрде  қадағалап  отыру  қажет.

Бүрынғыдай ой бауырым,  қазағым, халқым тілі құрып барады

дегі үрандатудың, айқай-сүрен салудың ендігі жерде орны жоқ.

Қазақстанда  өмір  сүріп,  бейбіт  күнді  бастан  кешіріп,  тыныш

еңбек  дәмін  татып  отырған  барлық  ұлт  өкілдері  мемлекеттік

тіл мәселесі әншейін бір науқандық шаруа емес, тәуелсіз елдің

түбегейлі  шешім  табуға  тиісті  өмірлік  мәселе  екенін  түсінді.

Сондықтан  мемлекеттік  тілге  қүлықтанытып  отырған  үлкен-

кішінін  сүранысын  қамтамасыз  ету  үшін  Қоғам  ғылыми  ме-

кемелер  мен  білім  ордаларындағы  мамандармен  бірлесе  оты-

рып  алуан  сала бойынша терминологиялық және  басқа  сөздік

түрлерін  түзіп,  баспаларға  үсыну  ісімен  де  нақты  айналасуы

тиіс.  Мұның  негізі  жасалған.  Алғашқы  ізденістер  де  бар.  Со-

нымен  бірге  ана тілімізді  компьютер  қызметіне  енгізу  немесе

керісінше  компьютерді  қазақша  сөйлеу  бағдарламаларын  жа-

сап іске косу жайын ойластырған жөн. 

..



Сонымен  қандай  бір  ұйым  болсын  оның  ойлаған  мақсатты 

орындап, жүйелі жұмыс жүргізуі үшін өз құрылымында тәртіи

342


пен  үзілмее  түтастық  және  мақсаткерлік  қасиет  қалыптасуы 

керек. О бастан осындаи негізі бар Қоғамның қаита бір сілкініс 

жасагі  жүмысын  нақтылай  түскені  мақүл.  Ел  басынын.  Қоғам 

жетекшілерімен  кездесуінде  айтқан  созі  біздің  белсенділер 

үшін темірқазық  -  үстаным  болуға  керек.  Оның  айтқанын  оз 

сөзіменен  айтқанда  мынадай.  Ол  қазақ тілін  мемлекеттік тілі 

есебінде дамытуға керекті шаралардың бәрін жасадым. Мемле- 

кет тарапынан бөлінген қаржы да бар. «Қазақ тілі» қоғамының 

ұйымдарына әкімдер мен басшылар жәрдем етуге міндетті деді. 

Қазақстан  Президентінің  осы  нұсқауын  есепке  ала  отырып, 

Қоғам  белсенділерінің  сауатты  қимыл-әрекеттерге  барғаны

жөн.


Иосиф  Бродский  айтты  дейтін бүл сөздің жаны бар  сияқты. 

Өйткені  басқаны  былай  қоиғанда  кешегі  Кеңес  дәуірінде 

«достықтың  лабораториясына»  айналған  Қазақстан  тағдырын 

ой таразысына салып қарасаңыз біраз шындықтың беті ашыла- 

ды. Қазантөңкерісін аркаланып ауы л-ауылға қызыл әскерлердің 

қаптауы,  бай-қулақты  қолдан  жасап  конпескемен  айналысқан 

белсенділердің  еркінсуі,  соның  нәтижесінде  халықтың  аштан

қырылуы, ол аз дегендей 37-нің әлегі, тын котеру сылтауымен 

ішкі Ресейден орыс ағайындардың қаптауы, ірілендіру саясаты- 

нын салдарынан қазақ мектептерін қүрбандыққа шалынуы елді 

орыстандыру  ыңғайында  жүргізілген  алуан  түрлі  жымысқы 

әрекеттердің  астарында  осындай  түбегейлі  мақсат  жатканы 

мәлім.  Орыс  тілін  оңсыз  да  жаппай  өз  иелігіне  айналдыра 

бастаған  қазакка  «Коммунизмге  жету  үшін  орыс  тілі  қажет» 

деу басы артык әңгіме еді. Нэтижеде өз жері, өз елінде, өз орта- 

сында қазақ тілінде сөйлей  алмайтын ұрпақ өсігі жеіілді.  Ана 

тіліміз  аяқ  асты  болды.  Мұны  тіл  үстемдігі  демей  не  дейміэ. 

Немесе  тіл  ағысының  нәтижесі  деп  тануға тура  келеді,  Орыс 

тілі  шабуылының  салдарынан  қазақ  тілі  үйді-үйге  тығылып, 

бас  сауғалан  бұғып  жатуға  мәжбүр.болды.  Оның  еңсесі  енді- 

енді ғана кетеріле бастады. Осыған шүкір делік.

343


Бұл  сұрақтардың  астарын  түсініп  отырмын.  Негізгі  мемле- 

кет ісіне  қажет тіл,  мемлекеттік тіл  де  бөліп-жарып  қараудың 

қисыны  жоқ.  Сондай-ақ қоғам тілі  және қоғамға керек тіл  дегі 

те  шытырмандатудың  да  қажеті  шамалы.  Ал  мемлекет  үшін

тілдің  қызметі  үшан  теніз.  Әрбір  мемлекеттің  іс-әрекетінің, 

қарым-қатынасының  негізінде  тілге  деген  құрмет  жатады. 

Сондықтан  мемлекеттік  тіл  -  тәуелсіздіктің  бір  кепілі.  Өзінің 

сөйлейтін,  жазатын,  қарым-қатынас  жасайтын  тілі  жоқ  ел,  ол 

әлі мемлекет болып қалыптаспаған ел.

Үлт  аралық  қарым-қатынас  тілі  туралы  мәселеге  ойысар 

болсақ, мына жағдайларға көңіл аудару қажет деп білем.

Кешегі Кеңестер  Одағының тұсында мұндай қызметті орыс 

тілінің  атқарғаны  мәлім.  Одақтың  қай  түкніріне  барсаңыз 

да  кез  келген  үлт  өкілі  бір-бірімен  осы  тілде  еркін  сөйлесіп, 

еркін  жүріп  түратын.  Бүл  заңдастырылмағанмен  заңды 

жүйеге айналған қүбылыс еді.  Әлденеше үлт өкілдері түратын 

Қазақстан  жағдайында  1989  жылы  қыркүйектің  21-інде 

қабылданған  тіл  туралы  занда  қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл 

болып  қабылданды  да,  орыс  тілі  ұлтаралық  қатынас  тілі 

ретінде әйгіленді, заңдастырылды.  Сонымен бірге республика 

көлемінде қазақ тілінің де ұлтаралық қызмет рөлін атқарғанын 

айтуға  болады.  Бір  кезде  тағдырдың  жазуымен  Қазақстанға

қоныс  аударған  неміс,  кәріс,  шешен,  әзірбайжан,  кабардин, 

осетин,  украин,  белорус,  латыш,  поляк т.т.  бәрі  де  қазақ тілін 

үйреніп, өзара осы тілде түсінісіп, сөйлесетін халге жеткен бо- 

латын. Бүл казірде байқалып отырған жағдай.

Қазак  тілінің  мемлекеттік  мәртебеге  ие  болғанына  он 

екі  жыл  болды.  Бүл  жылдары  рухани,  мәдени  қанатымызды 

қомдатқан,  экономикамызды  дамытқан  талай  өрістер  мен 

алға  басқан  қадамымызды  кейін  тартқан  өкінішті  сәттер  де 

аз  болған  жоқ.  Соған  қарамастан,  қазақ  тілінде  іс  қағаздарын 

жүргізу  қазір  қарқын  ала  бастаған  түрі  бар.  Қызылорда  мен 

Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының  бұл  жөніндегі  бастамасы

344


өзгелерге  үлгі  болса  керек.  Басқа  облыстар  осындай  әрекет 

камында.  Мемлекеттік  тіл  ешқандай  үлтаралық  дау-шардың 

объектісі  болмайды.  Өйткені  біздің  тіл  туралы  заңымыз  мен 

мемлекеттік  бағдарламаларымыз  қазақ  тілінің  өзге  тілдерге 

деген үстемдігін көздемейді.  Қайта өзге тілдердің де еркін да-

муына жағдай жасайды.

Үлт  мамандарын  даярлау  ісіне  немқұрайды  қарау  үлттың 

өзіне опасыздық жасаумен бірдей. Ендеше бұл мемлекеттің де, 

сол  мемлекетте  өмір  сүріп  отырған  азаматтардың  да  жадтан 

еш  шығаруға болмайтын әрі күнделікті  шүғылданып отыруға 

тиісті  міндетті  шаруасы.  Бүл  мемлекеттік  тіл  мәселесімен 

тығыз  байланысты  шешілетін  мәселе.  Яғни  мұны  сан  сала 

бойынша әрі білімді, әрі сауатты үлттық мамандарды тұрақты 

түрде  ана тілінің  хауызынан  сусындатып  отыру  арқылы  ғана 

дайындауға  болады.  Ең  алдымен  мына  мәселелерді  есте түту 

қажет.  Бар  біреулер үлттық  кадр  дегенде  қазақ тілі  мен қазақ 

әдебиетін оқып мамандық алып шыққандарды ғана есепке ала- 

тын сияқты. Бүл мүлде дүрыс емес. Болашақта қазақ баласы қай 

мамандықты таңдаса да, ол ең әуелі ананың аялы бауырында ана 

сүтімен ауызданып, жарық дүниені анатілі арқылы танып білуі 

тиіс. Осыдан келіп барлық тәрбие атаулының тірегі-отбасы мен 

орта дегенді қазып  айтқым келеді.  Әрі  осы негіз, осы  бастауда 

түр. Отбасы мен адамның адамдық болмысы қалыптасар орта- 

ны  бір  шайқап  айтсаңыз  үлттық  тәрбие  негізі  бүзылды  деген 

сөз.  Осылай  болғанын,  бола жаздағанын  өткен  70-80  жылдың

барысында  байқадық.  Бір  кезде,  әсіресе  тың  көтеру  науқаны 

кезеңінде  ауыл-ауыл  боп  үйып  отырған  елді  мекендер  ашы- 

лып жатқан совхоздарға біріктіріліп,  «ірілендірілді» де, соның 

кесірінен  қазақ  тіліндегі  бастауыш,  орталау  орта  мектептер 

жаппай  жабылып  балалар  әлгі  ірі  совхоз  орталықтарындағы 

орыс  мектептеріне  шұбырды.  Ойда  орыс  да  қазақ  деген 

ұғымның өзіне  де  зар  болып,  ойда да орыс,  қырда да орыс де- 

ген  дәрежеге  жеттік.  Бұл,  әрине,  орыс  тілін,  орыс  дөстүрін



1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал