Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет21/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34

277

оқуға  құшгар  болатын.  Ал  қазір,  әсіресе,  Қазақстанға  нарық 

енгелі  бері  жастар  білімді  емес,  күнделікті  күнкорісіі  ойлай- 

тын  болды.  Өмір  өзінің  қатал  заңын  адамдар  тіршіліпне  аяу- 

сыз  енгізіп  жагыр.  Дайындықсыз,  кілт  бұрылыста  келген  бұл 

жаңалық жастарды сарсаңға салып қойды.

Отбасынан  ордалы  оқу  орнына  дейінгі  аралықта  толассыз 

жүргізілуге  тиісті  оқу-тәрбие  жұмысына  да  нарық  киліккен 

соң, жүйесіздікке жол берілгендей. Балалар мектептен, жоғары 

оқу  орнынан  алатын  білімнен  гөрі  бес-он теңге  түсімді  ойлап 

отыратын өнімсіз әрекеттерге баратын болды. Ал тілдің жайы- 

на келсек, мектепте де, универси гет, институттарда да қазақша 

сабақтар түсында ғана қазақша сойленеді де, қалған уақыттың 

бәрінде  -  үзіліс  кезінде,  үйде,  түзде  түгел  орыс  тілі  үстемдік 

етеді. 


^  

і

Щ,



Балапан басына,  түрымтай тұсына кеткен  мұндай  жағдайда 

байтал түгіл бас қайғы. Басына күнтуған жалпы жүртшылықтан 

ана тілдің  жайын  сүрау  донкихоттық  әрекетпен  бірдей  болып 

барады.


Ал  отбасы  мен  өз  мектебінде  көрген  ұлттық  тәрбиесі 

томен,  жасық  жігіттер  мен  үяң  қыздар  тағдыр  тауқыметіне 

шомып,  тығырықтан  шығар  жол  таппай  сарсылып,  таусылып 

түрған  шағында,  Алла  тағаланың  «аялы  алақанындай  болып 

аярлықпен  аймалап,  өзге  дін  өкілдері  «жәрдем  қолын»  соза- 

тын болып алды. Қазір Қазақстанда не көп, дін атаулының түрі 

көп. Православие дейсіз бе, католик дейсіз бе, иудеизм дейсіз бе, 

кришнаит дейсіз бе, одан қала берді  пүтқа табынудың түр-түрі 

тағы  да атой  сала бастады.  Көңілі  бос,  жүрегі  жаралы,  санасы 

төмен,  үлттық  намысы  шыңдалмаған  тәжірибесіз  жастардың 

кобі  осынау  қүрылған  қақпандар  мен ұлы  торлардың бірі  бол- 

маса  біріне  топылдап  түсіп  жатыр.  Сөйтіп  үлттық  мемлекет 

негізін қалауға тиісті жастарымыздың қанаты қатаймастан, өзге 

идеологияның  жоқшысына,  жаршысына  айнала  бастағандай. 

Бүлай  болуының  негізгі  себептері  жоғарыда  айтылғандарға

278


да  байланысты.  Сонымен  бірге  мемлекеттік  саясатымызда 

ескерусіз  қалдырылған  мына мәселеге  де  байланысты  болды- 

ау деп ойлауға тура келеді.

Тәуелсіз ел  болдық,  енді  кез келген мемлекетпен еркін ара- 

ласып, ел қатарлы әрекет егеміз деген пиғылға тым бас шұлғи 

берген  сыңайлымыз.  Байлық  та,  ризық  та,  ақша  да,  мал  да, 

тауар  да  тоқтаусыз  ағылсын  деп  ә  дегеннен  шекараны  ашып 

тастадық.  Соның  нәтижесі  болар,  бұрын  шетелге  әрең  барып 

тауып  келетін  тауарлардың  қандайы  да  қазір  Қазақстанда то- 

лып  тұр.  Ақшаң  болса,  бар  да  ал,  бұл  жөнінде  проблема жоқ. 

Бұл  жағынан  мәселе  шешілген.  Бірақ  аңқау  қазақтың  бала- 

сы  өзінің  ежелгі  аңғалдығына  басып,  әлгі  тауарлармен  бірге 

шешуі күрмелене беретін сан алуан проблемаларды туындатып 

алғанын  аңғармай  қалған  сияқты.  Білсе  де  енді-енді  түсініп, 

кешірек бармақ тістеу үстінде түр. Неге бұлай болды?

Әңгіме, мемлекеттік шекарамен бірге, өзге мұраны сұрыптап, 

саралап  қабылдайтын  рухани  жан  дүниеміздің  қасиетті 

кақпасын да айқара ашып тастауда болып отыр. Қандай тілге де, 

қандай дінге де Қазақстанда жағдай бар,  мүның ешқайсысына 

да қарсылық жоқ, бәрінің шешек атып гүлдене түсуіне жол аша- 

мыз деген сыңайлы абайламай айтылған «кеңпейілдіктен» соң, 

әлгіндей әралуан дін миссионерлері Қазақстанға қарай ағылды 

да,  қазақстандықтарды  қалағанынша  діндер  шырмауына  ала 

бастады. Ал керісінше дін  исламды насихапау жайы тіпті сын

көтермей ді.

Қазақ өз дінін, өзінің мұсылман екенін үмытып барады. Бұл 

жөнінде күрделі  әрекеттер жасалмаса болатын түрі жоқ. Дінге 

мемлекет араласгіайды деген игі ниетті шетелдіктер әдемі пай- 

даланып  кетіп  отыр.  Осыған  қарағанда  біздің  үкіметіміздің

дінді өз саясатынан тысқары қалдыруы дұрыс емес.

Осындай  жағдайда  қазақстандық  отаншылдықты  қалай 

тәрбиелеуге болады? Ұлттық мәдениет, ұлттык ті л, үлттық сана, 

үлттық намыс деген тәуелсіз ұлт үшін айрықша қажет нышан-

279


дарды  қалай  қалыптастырамыз?  Бұларды  дамытудың  шартта- 

ры қалай? Көшеде саңдалып жүрген жастар арасында қаншама 

таланттар  бар  екенін,  олардың  өз  қабілетін  жұмсар  өріс  таба 

алмай  жүргенін  кім  анықтайды?  Олардың  өз  өрекеті  қайда? 

Кешегі  желтоқсандық  бауырлардың  <<Менің  Қазақстаным!» 

деп  қақаған  қыста  тоталитаризмге  қаймықпай  қарсы  шығып 

үн  тастаған  жігерлі  өрекетінің  нәтижесі  осы  болғаны  ма? 

Тағдырдың  тәлкегіне  бой  ұсыныи,  ез  боп,  езіліп  кете  бермек 

пе, ашылмай, аршылмай? Мұнысы қалай?

280


РУХЫ БИІК ¥Л  МЕН НАМЫСЫ МЫҚТЫ ҚАРЫНДАС

ТІЛШІ:  Аға,  «Қазақ  тілі»  қоғамының  құрылғаньіна  биыл 

10  жыл  толады.  Осы  жылдар  еншімізге  не  берді,  нені  ала 

алмадық?


Ө. АИТБАИ¥ЛЫ: Иә, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 

құрылғанына  1999  жылдың  соңында он  жыл  болады.  Бұл  зы- 

мырап уақыт өлшеміне  салсақ  аз  уақыт  емес.  Ілгергі  заманда 

қазақтар  он  жасқа толған  баласын  «азамат  болды»  деп  ат  жа- 

лын  тартқызып,  арғымақка  отырғызған.  «Қазақ  тілі»  қоғамы 

сол бала іспеттес, Алла жазса, он жылды артқа тастамақ. Оның 

ат  жалын  тартып  мінер  арғымағы  болмағанмен,  «жаяу  жүріп 

аттыдан кек аламын» дейтін Жаяу Мұса тектес өмір кешіп келе 

жатқаны  жүртшылыққа аян.  Халықтың  қалауымен  қүрылған 

бүл үйым қазақ тарихында бүрын-соңды болмаған. 89-дың қара 

күзінде Алматыдағы М.Әуезов театрына жиналған мың қаралы 

адамның «Қазақ тілі»,  «Қазақ тілі»  деп жер тепкілеп дүрлігіп 

отырып алғаны өлі күнге көз алдымда, естен кетпейді. Ондаған 

жылдар бойғы сананы сарсаңға саясаттың салқынынан аяқасты 

болған ана тілін қайткенде сақтап қалуға болады деп күйзелген 

елдің  шиыршық  атқан  сезімі  мен  шемен  боп  қата  бастаған 

шері  еді,  бүл.  Сөйтіп,  өз  елі,  өз  жерінде  айдың  аманы,  күннің 

түзігінде отырып, өз тілінен айырылып қалар болған соң, соны 

сақтап, қорғап қалудың бір амалы ретінде осы Қоғамды қүрған

еді.


ТІЛШІ:  Әуелгіде ықылас тым ерекше еді-ау...

Ө. АЙТБАЙ¥ЛЫ: Иә, өуелгі кезде елдің де, үкіметтің де тілге 

деген ықыласы мен ниеті бір арнаға құйылды, алалат тірліктер 

бастау  алған  болатын.  Тіл  туралы  Занның  жарияланып,  онда 

қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің өйгіленуі, мемлекеттік 

Бағдарламаның  түзіліп,  соның  талаптарын  орындауға  түгел 

кіріскен  шақты  қалай  үмытарсың.  Жүртшылық  «Қазақ  тілі»

281


қоғамына жаппай мүшелікке өтіп, тілге, «тым болмаса, аздаған 

мүшелік  жарна төлеу  арқылы  оз үлесімді қосайын деп  үлттық 

намыс  пен  жігерін  қайрай  түскен  шақ  еді  бүл.  Сол  қарқын, 

сол  екпін  намысы бар қазақтың бәрін  екі-үш жыл  бойы  билеп 

түрды.  Осыны  дер  кезінде  үғып,  пайдалана  білген  Қоғам  аз 

уақыт  ішінде  жер-жерде  өзінің  жергілікті  үйымдарын  қүрып 

үлгерді.  Сол  арқылы  әрбір  ауыл,  әрбір  аудан,  әрбір  облыс 

шеңберінде  мемлекеттік  тіл  беделін  қалай  котеріп,  оны  оз 

иесімен қалай қауыштыруға болады  деген  мәселелермен  жан- 

жақты шүғылданып, осыған септігі тиер шаралар откізе баста- 

ды.

Әдетте мүндай үйым томеннен бастау алады емес ие, ал бүл 



жолы керісінше болды.  Яғни жоғарыдан төмен қарай өрістеген 

қоғам жүмысы біртіндеп қанат жайып, біртіндеп қарқын алды. 

Әуелі  республикалық,  сосын  облыстық,  қалалық,  аудандық 

және бастауыш үйымдарга үласқан үйым еліміздегі ең беделді, 

ең қуатты да жүйелі, қүрылымы бөлек күшке айналды.

ТІЛШІ: Қоғамның үлкенді-кішілі тірліктерін, табысын тара- 

та айтсаңыз...

Ө.  АИТБАИҮЛЫ:  Қогам  Наурыз  мерекесінің,  аитыс

өнерінің,  т.б.  халықтық  әдет-ғүрып,  салт-санамыздың  қайта 

жаңғыруына  зор  үлес  қосты.  Ең  бастысы,  Тіл  туралы  Заңның 

орындалуына септігі мол екі мыңыншы жылға дейінгі мерзімді 

қамтитын  Мемлекеттік  Бағдарламаның  түзілуіне  тікелей  ат 

салысты.  Бүл  Бағдарламаның  қағаз  жүзінде  қалып  қоймауын 

қадағалаған қоғам мүны сол кездегі облыстық атқару комитеті 

сессияларында  арнайы  мөселе  ретінде  талқылатып,  шешім 

қабылдатып  отырды.  Сөйтіп,  әрбір  облыс,  әрбір  қала,  әрбір 

аудан,  тіпті  жергілікті  ауыл  кеңестерге  дейін  мемлекеттік 

тілді  өрістету  жонінде  нақты  шаралар  белгілеп,  сол  бойынша 

жүмыс  жүргізген  мөлім.  Бүл  қазақ  тілі  қоғамының  үлкен  та-

282


бысы  еді.  Адамдардың  да  Қоғамға  деген  ықылас  -   бейілінің 

төгіліп  тұрған  тұсы.  Қоғам  үшін,  тіл  үшін  мүшелікке  өтуді 

парыз санап,  жарнаны  да қиналмай төлейтін жайлы замантын. 

Жер-жерде  осылайша  жүмыс  тоқтаусыз  жүріп  жатты.  Аудан, 

облыс,  республика  басшылары  біздің  көтерген  мәселерімізге 

елгезектік танытып, барынша жәрдем қолын созып отырды.

Мүның  үстіне  республикалық  ұйымның  Алқа  жиынын 

облыс-облыстарда  өткізуді  дәстүрге  айналдырдық.  Ол  үшін 

жергілікті  жердегі  үйымдарымызды  іске  қоса  отырып,  ар- 

наулы  сүрақ-сауал  арқылы  өлеуметтік  зерттеу  жүргіздік. 

Ондағы  мақсат  мемлекетті  тілдің  қолданыс  аясын  анықтап, 

жетістіктер  мен  кемшіліктерді  алқаға  салу,  алдағы  міндетті 

айқындау  болатын.  Мүндай  бас  қосуларда  Қоғам  мен  облыс, 

аудан басшыларынаң бірі  арнайы  баяндамамен  қатысып отыр- 

ды. Осы тектес ондаған мәжіліс, мәслихаттар, сүхбаттар радио- 

телеарналар  арқылы,  баспасөз  арқылы  үздіксіз  насихатталып 

келеді.  Сондай-ақ,  әлденеше  ғылыми-практикалық  конферен- 

циялар,  фестивальдар,  тіл  мерекелері,  тіл  апталықтары  мен 

айлықтары,  «Жігіт  сүлтаны»,  «Қыз  сыны»  тәрізді  конкурстар 

мен  сайыстар,  тіл  мәртебесін  көтерер  шаралардың  түр-түрі 

өткізілді.

ТІЛИІІ: Осылай өрлей бергенде болар еді-ау. Бірақ...

Ө.  АЙТБАЙ¥ЛЫ:  Тілге, мәдениетке деген осы қарқын осы- 

лайша өрістей бергенде біз діттеген мақсатымызға ендігі жетіп 

те қалған болар едік деп ойлаймын. Бірақ тарих көші, көбінесе, 

өзінің даму зандылығына лайықты, өз арнасымен, өз жолымен 

жүріпотыратыны мәлім. Қазақстанымыздыңтәуелсіздіктүғыры 

бекітіле түскен сайын өзге мөселелер андыздап шыға берді де, 

тіліміздің топсасын жүртшылық тағы  да босаңқыратып  алды. 

Нарық келді.  Нарық келді де  парықты  билей бастады.  Үлттық

мәдениет,  үлттық тіл,  үлттық  өнер  атаулы  шртіндеп  ығысып, 

алыптасырлық кәсіпке орын бере бастады. Нарыққа дайын емес

283


халық алғашқыда қайда барарын, қандай амал табарын білмей 

аңырып, мына аралық сәттегі осындай абыржушылықты әдемі 

пайдаланған  алаяқтарға жем  болып  жатты.  Күнкөріс  мәселесі 

алдыңғы қатарға шықты. Бүрын алаңсыз айлығын алып, кезеңі 

келгенде  еңбек  демалысына  шығып,  уайымсыз  тірлік  кеш- 

кен  ел ілезде  апалаң-топалаң арпалысқа түсті  де  кетті,  жүмыс 

орындары  қысқарып,  еңбекшілердің  еңбекақылары  уақтылы 

берілмей,  нарықтың қайырымсыз  қатал заңы  әрбір үйдің есігі 

қаттырақ қағып, қазақтың күйін кетірді.

Мүндай  жағдайда  мүшелік  жарна  қалай  жиналмақ? 

«Ертеңгі  күнім  не  болмақ»  деп  сарсаңға  түскен  жаңдарда 

«мемлекеттік тілдің мәселесіне көңіл бөл» деп үгіттегеніңізден 

не шығады? Мүның үстіне үкімет билігінің басына келіп-кетіп 

жатқан  жандардың  (Қараманов,  Терещенко,  Қажыгелдин) 

ешкайсысының  қазақ  тіліне  бүйрегі  бүрып,  ықыласы  түскен 

емес.  Қайта,  Тіл  туралы  Заңның  қайсыбір  баптарын  қырнай 

түсумен  әлектеніп,  тілді  өндіру  емес,  бүлдірумен  әуестенді. 

Сөйтіп,  жанданып  келе  жатқан  ісіміздің  жалыны  басылып, 

екпіні  саябырлады.  Яғни  үтысымыз  да  бар,  үтылысымыз  да 

жоқ емес деуіміздің мәнісі осыдан.

ТІЛШІ:  Өмір -  көш.  Одан қалуға болмас.  Кезінде бір көшке 

ердік  те  кеттік.  Ол  көшке  мөселеп,  өзбек,  латын,  эстондар 

ермеді.  Өзбек ағайындар  «орыс боламыз десең, алдымен қазақ 

ббл» деді қағытып. Бүгін тағы бір көшке ерген сияқтымыз. Ау- 

ылымыз, даламыз, қаламыз Америкасыз ауажүтпайтын болды. 

Ағылшын тілі деген көш кетіп барады көш ілгері...

Ө.  АЙТБАЙ¥ЛЫ:  Өмір  дегеніңіз  үзақ  сонар  көш  екені рас. 

Ол өз заңдылығымен жүріп жатады. Соны үққан, білғен, сезген 

жан  ғана  көшке  ілесе  алады.  Зерделілері  ілесіп  қана  қоймай, 

үлы көштің кем-кетігін өзінше толтырып, өзінше өрлеп, нәрлеп 

әлектенбек. Бүл да заңды лық. Мүның үстіне әрбір көштің бағыт- 

бағдарын, орны мен ретін біліп, соған ылайықты әрекет етпесең

284


бола ма? Осы тұрғыдан алып қарағанда, біздің қазақ мәдениет 

атты  көштің  ылғи  артында  келе  жатқан  сияқты.  Төңкеріс 

дедік,  уралап  орыс  ағайынның  соңына  ердік.  Орыстың  ақыл- 

ойын,  ілім-білімін  өз  тіліміздің  еңсесін  түсірмей-ақ  игеруғе 

болатын еді ғой. Ахаңдар (А. Байтүрсынүлы) нүсқаған жолмен 

жүргенде, бөлкім солай да болар ма еді, кім білсін!  «Орыс тілін 

білмесең,  өмірден  орныңды  таппайсың  (о  ғажап,  өз  үйінде, 

оз  ортаңда  отырып),  бүлдыр  болашақ  коммунизмге  бара 

алмайсың»  деген  саясаттың  санаға  сіңгендігі  соншама,  өз 

тілімізді  үмытып,  орыстақылық  бәйгеден  оза  шауып,  орыс 

ағайынның да алдына  шығып кеткеніміз бар,  Бүл бір жағынан 

пайдалы болса, екінші жағынан зор зиян келтірген қылық бол- 

ды.  Бүл түста біз  көшке ілесіп қана қойғанымыз жоқ, оза шау-

ып, ойқастап жүрдік.

Бір  ғажабы,  қазақ  нені  колға  алса  да,  неге  үмтылса  да, 

бәйгенің  алдын  бермеуге  тырысатын  халық.  Әсіресе,  өзінің 

үлттық  негізіне  қайшы  келетін  қылықтарға  қүмар-ақ.  Бүл  да 

қүдай берген «таланттықтың» белгісі, әйтеуір, әрбір жаңалықты 

сабырмен  саралап,  оның  рет-жөнін,  кезеңін  анықтап,  жүйе- 

жүлгесін тауып игерудің орнына, әсіресе үлт мүддесіне нүқсан 

келтіретін жайларға қомағайлана кірісетіні таң қалдырады.

Қараңыз. Қазір анатілін игерер игерместен, жаппай ағы лшын 

тілі дейтін көшке ілескен қазақты молынан кездестіреміз. Тағы 

да баяғы ілесу, озіндігін орлетудің орнына, өзгенікің онеге түту 

тағы  да  қазаққа  ғана  тән  мінез  бе  деп  ғажаптанасың.  Кешегі 

социализм  кезінде  де,  бүгінгі нарықтық экономика заманында 

да латыш, эстон, өзбек, литван, армян тәрізді үлттар еліктемей- 

ақ,  солықтамай-ақ  өмір  сүріп,  оз  діңгегінде  айналып,  әлемдік 

мәдениетке өз үнін қосып, өзіндігін өрлетіп, озгелерден керегін 

ала біліп отыр емес пе?

ТІЛШІ:  Өркениетке  оз  тілімен  баруға  болмайды  дейтін

шығар бұл қазақ...



285

Ө. АИТБАИҮЛЫ: Әлемдік өркениетке өз тілімен жетуге бол- 

майды дегенді кім айтты? Қазақ тілін қиынсынган ағайынның 

ағылшын  тілінің  жағасына  жармасқанынан  осындай  тексіз 

пиғылды танығандай боласыз.  Жоқ,  бауырлар,  өткен дәуірдегі 

Бұхар,  Махамбет,  Шалкиіз,  Қазтуған,  Сүйінбай,  Майлықожа, 

Біржан, Ақан, Абай сынды дүлділдер сайратқан, кейінгі Ахмет, 

Міржақып,  Мағжан,  Сәкен,  Ілияс,  Қаныш,  Мұхтар,  Ғабиттер 

түрлендірген,  бүгінгі  Қадыр,  Түманбай,  Әбіш,  Қабдеш, 

Мұхтарлар  гүлдендірген  қасиетті  қазақ  тілі  Қүдай  берген 

қазынамыз  емес  пе?  Өз  үрпағымызды  осы  киелі  мұрамыздың 

әлдиіне болеп, соның әуеніментербетіп, қанаттандырып барып, 

өзге  тілге  қол  үзартсақ  жөн-дағы.  Қазақ  тілінің  найғамбары 

іспетті  кемеңгер  Ахаңның  да  арманы  осы  емес  пе  еді?!  Енде- 

ше,  қазақ тілін  бәріміз  жабылып  өз  түғырына  қондыра  алмай 

жүргенде,  сәбилеріміздің тілін ә дегеннен ағылшынша аштық 

деп мақтаныш етудің не қисыны бар?

Әңгіме  өркениеттің  қай  түрін  болсын  өз  тілің  арқылы 

игеріп,  сол  әлемдік  игілікке  оз  тілің  арқылы  үлес  қосуда. 

Тәуелсіздік тұғырының да мықтылығы  мемлекеттік тіліміздің 

баяндылығына  байланысты.  Яғни  мемлекеттік тілін  баяндата 

алмаған мемлекеттің түғыры бос болмақ.

ТІЛШІ:  Сөйтіп  коңіл  құлазып  жүргенде  сирек  кездесетін

оқиға болды ғой...

Ө.  АЙТБАЙҮЛЫ:  Жалпы Орталық Сайлау комиссиясының 

жанынан  лингвистикалық  комиссия  қүрылып,  оның  талап- 

тарына  қазіргі  және 

болашақ  үміткер 

Президенттерді 

мойынсүндырыгі,  ана  тілдің  алдына  келуі  тарихга  сирек 

кездесетін  оқиға  болды  емес  ие?  Үнжырғасы  түсіп,  еңсесі 

котерілмей  келе  жатқан  тіліміз,  озінің  оресі  биік  үлдарының 

осылайша тағзым етуінің арқасында тәуелсіздік түсындағы та- 

рихи орнын әйгілеп, орнықтыра түскендей болды.

286


ТІЛШІ: Үміткерлер арасындаанатіліне ынта-ықыласы ерек- 

ше кім болды?

*  

л

Ө.  АИТБАИҮЛЫ:  Үміткерлердің  бәрі  осы  сынақтан  өтті.

Соның і ш ін д е б үгінгі Е лбасы мызд ы ңті лге деген ы нта-ы қы ласы,

сауатты  жазуы  мен  мәтінді  оқуы  бізді  қатты  сүйсіндірді.  Екі 

беттік  шығарманы  мүлтіксіз  жазыгі  шықты.  Мәтін  оқуында 

ешбір  мүдіріс,  кібіртік  болган  жоқ.  Ал  өз  бағыт-бағдары  мен 

тұғырнамасы  туралы  сөйлеп  кеткенде  Елбасының  шешен 

де  өткір  тіліне  таң  қалмау  мүмкін  емес  еді.  Бірнеше  сұрақ 

қойылды.

Бұл  сауалды  Н.Ә.  Назарбаев  мүқият  тыңдады,  ойлана оты- 

рып берген жауабының жалпы нобайы былай болды:

 Осы тұрғыдағы сұрақтар маған бұдан бұрын да қойылған. 



Ойланбай,  толғантпай  жүрген  мәселе  емес.  Шетелге  сапар 

шеккенде, әсіресе Түркия мен Сауд Арабиясына барғанда ғана 

ата  тілімде  еркін  сөйлеймін.  Өйткені  тілмаш-көмекшілерім 

жақсы.  Ал  басқа  елдерге  барғанда,  аудармашы  мамандардың 

жетімсіздігінен  орыс  гіліне  жүгінемін.  Түбі  мемлекеттік 

тіліміздің  Тәуелсіз  Елімізде  өзінің  негізгі  орнын  алатыны- 

на  сенімдімін.  Ол  үшін  барлық  жағдай  жасала  бастағанын 

көріп  отырған жоқсыздар  ма?  Тіпті,  басқа мысалды  былай  қоя 

түрғанның  өзінде,  ел  басқарамын  дейтін  үміткерлердің  ана 

тіліне бас иіп келіп, емтихан тапсыруы біраз нәрсені аңғартпай 

ма?  Мүндай  игі  шаралар  өзінің  жалғасын  табуға  тиіс  деп  ой-

лаймын...

Бізге  ұнағаны  осы  соңғы  ой  болды.  Емтихан  бітіп,  бір 

сағагты  артқа тастаған соң  еркін  әңгімеге  көштік.  Көп  мәселе 

әкімдерге  байланысты  екенін,  олардың  көбінесе  Президентке 

жалтақтайтынын  айтыи  қалдық.  Біздің  ойымызды  оза  түсініп 

отырған  Елбасы  қазақ  тарихында  болмаған  осы  оқиғаның  өзі 

қазақстандықпын деген азаматтарға қозғау салар дегенді қазып

айтты.

287


ТІЛШІ

сы -  біздің облыста қазақ тіліне бүйрегі бүрмайтындар көп. Тіл 

қалай түншықпасың...  Осыны  көріп,  көз де, көкірек те жылай- 

ды.


Ө.  АЙТБАЙҮЛЫ:  Шынында  қазіргі  Президентіміздің

мемлекеттік  тілге  деген  көзқарасын  бүдан  бүрын  да  талай 

рет  байқаған  өкімдер  мен  министрлердің  қолга  үстатылған 

қүжаттарды  іске  қоспай  неге  тартыншақтай  беретініне  таң 

қаласың. Тіпті,кейде көпе-көрнеукедергіжасайтынынқайтерсіз. 

Мәселен,  қалың  қазақ  жайлаған  қазақ  облыстарының  өзінде 

қазақ тіліне деген ілтипаттың байқалмауын қалай түсіндіруге 

болады?  Тіл туралы  Заңның,  мемлекеттік  мекемелер  де  қазақ 

тілін  ендіру  туралы  ҚР  Министрлер  Кабинетінің  Жарлығын, 

ол аз десеңіз, ішімен, созімен емеурін танытып отырған Прези- 

дент әрекетін коре, біле түрып, селт етпейтін басшыдан не үміт, 

не  қайыр.  Алдымен,  тілінің  үдесінен  шықпай  отырып,  олар 

«халқыма қызмет  етіп  жүрмін»  деп  қалай  айтады?  Өз тілінде 

сөйлемейтін,  өзі  басқарып  отырған  мекемесін  мемлекеттік 

тілде  сойлетпейтін,  тіпті  оған  әрекет  жасап,  үмтылмайтын 

жанды Қазақстанның, қазақ халқының адал перзенті, отаншыл 

патриоты  леп  тануға  бола  ма?  Осыған  қарағанда,  тіліміздің 

қанатын  қомдай  алмай,  көп  жерде  түншығып  жататыны 

қолына  билік  тиген  қазақ  азаматтарына  тікелей  байланысты

байқалады

шалып

үрпақ тәрбиесін,  үлт тағдырын да  ойлайтын кезің  келген  жоқ 



па» дегің келеді. Жө, енді ес жимасқа болмайды, ағайын.

ТІЛШІ:  Ел  дегенде  елжіремейтін  жүрек  жоқ.  Сол  жүректе 

ел  дегенде  неше  түрлі  жарылыстар  болып  жатады  (Ой 

қозғалыстары  дегеніміз  ғой  -   автор).  Сондайда:  а)  азы  қалын, 

көбі  қалаға  кеткен  қазақ  ауылындағы  ағайынға не  дер  едіңіз?

288


б)  от  басы  -   ошақ  қасында  жүрген  еркекке,  азаматқа,  қалада 

қап арқалап жүрген әйелге, анага не дер едіңіз?



К*

 

І Н  . <■& ■  ^   |  „ |  ,|О І  



Ш

О. АИТБАИҮЛЫ: Бір мезгіл қалагада, далага да коз тоқтатып 

каралықшы.  Адамдардың  кеудесін  имансыздық  жайлап  бара 

жатқандай жайың шопшды. Қайырымдылық пен мейірім артқа 

шегініп, қатыгездік пен үятсыздық алға шыққан түрі бар. Елдік, 

адамгершілік  деген  үғымдардың  қүны  төмендеп,  берекесіздік 

пен  надандық  ойнақ  сала  бастағандай.  Мүның  бәрі  адамның 

ақыл-ойының сарсаңға түсуінен, білік-білімнің жүмсалар жері 

мен көзі табылмауынан болар. Яғни адамдардың өз орнын тап- 

пай жүруінде ме деп те толғанасың.

Елдің  де,  тілдің  де  тірегі  ауыл  болып  келгені  бесене- 

ден  белгілі.  Қазір  осы  бір  гүп  қазықтың  да  түғыры  шайқала 

түскеніне  қынжыласың.  Неге  десеңіз,  күн  көрістің  жөні  осы 

екен деп, әрбір отбасын түрлентіп, ошағын лаулатып, қазаның 

қайнатып,  үрпағын  жайнатып  тәрбиелеп  келген  өйел  атаулы 

жаппай  ауылдан  үзап,  ел  кезіп  кеткен.  Қоржын-қосқалаңы, 

қапшық-дорбасын  аркаланған  жас  өйелдер  мен  қыздарды 

көргенде,  бүлар  бүлай  жүргенде  отбасының  берекесі  қалай 

кірмек, бала бойына үлттық тәрбиені  кім ендірмек, болашаққа 

ие болар үл мен қызды өмірге кім өкелмек деп күйзелесің.  Ер- 

кек пен өйелдің қызметі ауысып, ауылдың сиқы кеткен.  Еркек 

үйде, өйел түзде, бүл не қылған өмір!

Ана тілі  баланың  бойына ананың  ақ  сүтімен  дариды,  аялы 

алақаны,  ақ  тілегі,  адал  жүрегімен  дамиды.  Осының  бәрінің 

басы-қасында  үйытқы  болып  әйел-ана  отыруы  керек  қой.  Ал 

олардың жағдайы өлгіндей. Ендеше мемлекеттік тіл ауылда мөз 

емес.  Сонда  «қайда  барсаң  да,  Қорқыттың  көрі»  деп,  қазекем 

көкке  қарап  қолын  жайып  отыра  бермек  пе?  Үлт,  ел  намысы 

қайда? Елінің қамын жейтін ер намысына не болған? Қазақ де- 

ген атың мен адам деген затыңды қалай сақтап қалмақсың?

289


ТІЛШІ: Жауқазындай жайнар шағында жабырқап жүрген үл- 

қыз көп. Жұмыссыздық оларды түрлі жағымсыз әреке ттерге же- 

телеуде. Мөлдіреген қыз ақша үшін арын сатып, қылшылдаған 

жігіт ақша үшін адам қанын жүктеуде. Бүл да ұлттың соры бол- 

ды. Рух қашты ма бізден? ¥рпақ азды ма?

Ө.АЙТБАИ¥ЛЫ:  Қалаға  шоғырланған  ауыл  жастары  бірі- 

нің  бірі  жолын  кесіп,  жүмыссыздар  қатарын  молайта  түсуде. 

Сойтіп  ар-намыс,  ұят-аят  атты  қасиеттерді  бір  құлқынның 

құлына  айырбастап,  кім-көрінгеннің  жетегінде  кетіп  бара 

жатқан  қазақ  атына  кір  жұқтыратын,  үлт  табиғатына  жат 

сорақылықтар  қаулап  барады.  Ақша  үшін  кісі  өлтіру,  ұрлық 

жасау, қарлық қылу, өтірік-өсек, т.т.  сиықсыздықтар күнделікті

дағды сияқты. 

^  ...


Егер  осылай  жалғаса берегін болса,  Тәуелсіздіктің  керегесі

болып  керілер,  уығы  болып  шаншылар  рухы  күшті  ұрпақ 

қатарын  селдіретіп  алуымыз  ғажап  емес.  Рух  деген  ұлы  күш. 

Қазақ тарихтың аласапыранында мың оліп, мың гірілген халық. 

Соның  бәрінде  ол  рухының  мықтылығымен  қаулап  қайта  бас 

көтеріп отырған. Шапқыншылықтың, жаугершіліктің сан түрін 

көрген. Соның бәрінен елімізді рухы күшті үлдары мен намысы 

күшті қыздары алып шығып отырған. Кешегі Отан соғысының 

өзінде  ерлік  көрсеткен  қазақ жауынгерлері  қаншама.  Бұлар да 

ата-бабадан ұласқан рух мықтылығын танытты.

2030-дың  айқын  Бағдарламасын  ұстап  отырған  бүгінгі 

ұрпақтың  базар  айналасында  ар  саудасына  түсіп,  абыройдай 

айырылып  жүргенінше,  берекелі  тірлік  тізгінін  үстап,  бағын 

сынар  шақ  келді.  Сол  шұбырып  жүрген  жас  жігіттер  мен 

қыздар  бас  біріктіре  отырып,  иесіз  қаңыран  қалып  жагқан  ау- 

ылдары  құзырға алып, тыңнан тірлік  бастаса, сөйтіп өздерінің 

болашағына жол ашса болмас па еді? Қыздарымыз шетелдіктер 

жетегінде,  ұлдарымыз  құлдықтың  көгенінде  байланғанша 

тоқтап  қалған  өндіріс  орындары  мен  мен  байыту  комбинагга-

290


рына  жан  бітірейік  деп  неге  дабыл  қақпасқа?  Бұл  оңай  шаруа 

емес,  әрине.  Бірақ  біздің  халық  қай  кезде  қиындықсыз  күн 

кешіп еді. Көшеде түрып, біреу шеккен темекінің тұқылып тер- 

генше, ауылға барып кетпен ұстағанның өзі артық емес пе?

Қазақ  мал,  жан,  ар  сөздерін  жоғары  бағалаған,  ешқашан 

ұмытпаған.  Сын  сағатта  бұл  үғымдардың  әрқайсысын  өз  ор- 

нына  қоя  білген.  Ақыл,  ойын,  күш-жігерін,  ашы  терін  төге 

жүріп жинаған басты байлығы -  малын жаны үшін садаға етсе, 

жанын  ары  үшін  қүрбандыққа  шала  білген  халықпыз.  Біздің 

халықтың  рухының  күштілігі,  міне,  осында.  Осындай  рухы 

күшті  үлттың бүгінгі үрпағы  сын сағатта түр.  Мына уақытша

қыспаққа  алып  түрған  өтпелі  кезеңнен  рухымызды  сындыр- 

майтын  түтастықпең  намыс  қылышын  қолға  мықтап  үстап, 

кесірлі  де  кесапат  кедергілерден  ұлтымызды  аман-есен  алып 

шыға  аламыз  ба,  жоқ  па?  Қазақпын  деп  сезіне  білген  әрбір 

азаматтың алдында ұлт түтастығы мен ел бірлігінің жауынгері 

ретінде  атқарар ісі ұшан-теңіз.  Ендеше  елің үшін,  жерің үшін, 

тілің үшін  күш-қайратың мен білік-біліміңді  жүмсап  қал,  жас 

үрпақ!  Бұдан асқан парыз бола ма, тәйірі!

ТТЛШІ: Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбатты жүргізген «Оңтүстік Қазақстан»

газетінің тілшісі Анар Аспан

291


ОИЛАҒАНЫҢ ТАҚ ЕМЕС, ҚАЗАҚСТАН ТАҒДЫРЫ

Шүйінші, халқым, шүйінші 

Ақ түйенің қарыны 

Ақтарылар күн бүгін.

Ақ кигіздің үстінен 

Тақ табылар күн бүгін.

Біздің қазақ момынға 

Бақ дарыған күн бүгін. 

Ежелгі арман, үміті 

Атқарылар күн бүгін. 

Нүрсүлтан Назарбаевты 

Хақ таныған күн бүгін.

Елімнің ерек Сүлтаны,

Бәйге бермес түлпары, 

Әуелеп үшар сүңқары, 

Бүгінгі айтар сөз мынау: 

Көптің күткен іңкәрі. 

Жарқырай берсін халықтың 

Арайлап атқан бүл таңы. 

Ризық тілеп еліне 

Риясыз еңбек етесің. 

Сайысқа кіріп сан түрлі 

Қайтардың елдің есесін. 

Еліңнің ерек мүддесін 

От жалын боп қорғайсың. 

Дүшпанның жарып күрдесін, 

Досқа үгілген бордайсың.

Түсіиер сенің жайьшды 

Жетілмей жаіыр азамат. 

Қинайды содан жаныңды 

Алуан ой-мүң мазалап.

292


Ертеңін қамдап Еліңнің 

Тынымсыз бейнет шегесің 

Ыңырсып жатқан жерімнің 

Жарасын емдеп келесің. 

Қайтарымы аз ащы тер 

Жүдетіп бітті халқыңды. 

Жетпіс жыл көрген тауқымет 

Қысып түр бүгін алқымды. 

Ер деген елдің қаншасы 

Таразыға тартылды.

Саған да сынай қарайды 

Салмақтап барық, нарқыңды. 

«Сақтасын», -  дейді мәңгіге, 

«Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ» -  

Деген ата салтыңды. 

Өшпегенді тілейді 

Бойдағы уыт, қарқынды.

Тағы бір еске салары -  

«Шалқайғанға шалқайғын, 

Пайғамбардың үлы емес.

Еңкейгенге еңкейгін, 

Әкеңнен қалған қүл емес»  . 

Бүдан былай өзгеге, 

Жалтақтауың жөн емес. 

Ойлап түрсақ, алды-арты 

¥лықтықтың бүл емес.

Еліңе қүл болмасаң,

Отырған төрің төр емес.

«Үлық болсаң, кішік бол» -  

Халықтан ешкім өр емес.

293


Келімсектер шеруі 

Тоқтамай тұр елінде.

Көбі соның мекені 

Көгалың да, келің де.

Бауырың сыртта қаңғып жүр 

Бата алмай елге келуге.

Ел мен жердің байлығы,' 

Кетпесін десек тегінге, 

Қазагыңның күйіне 

Үңілгейсің тегінде.

Ол бейбақ не күй шегуде, 

Өзінің туған жерінде. 

Қолбала болып қалмасын, 

Жекешелендіру кезінде. 

Үстағайсың еліңді,

Данагой ақыл ебіңмен. 

Үстағайсың бәрін де,

Өзіндік ақыл, жөніңмен.

Ел басшысы сүрінсе, 

Етпеттеп қүлар жүртыңыз. 

Кеңеспен істі шешкейсің, 

Жетілсін десек үлтымыз. 

Сенеді елің өзіңе,

Сенеді жалын сөзіңе. 

Қалмасын деп тілейді 

Кездейсоқ жайға кезіге. 

Ойлағаның тақ емес, 

Қазақсган тағдыры. 

Қинайды Сені еліңнің,

■и,.



1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал