Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет20/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34

265

Бірақ  екеуі  де  өз  бетімен  мәселе  шеше  алмаитын,  уақытша 

орын  бағып  отырған  жай  пенде  сияқты  көрінді.  Әйтеуір, 

халық  қамын  жеген,  мемлекеттік  мүддені  соған  байланы- 

стыра  білетін  көрегендік  пен  косемдікті  коре  алмай  қүлазып 

шықтым.  Өз  бастарына  азамат  есебінде  ешбір  қояр  кінә  жоқ, 

олай  етуге  хақым  да  жоқ.  Мені  ойландырғаны,  ел  тағдырын 

шешетін  осынау  биік  мінбеге  осындай  жандардың  калай 

көтерілгендігі. Ал сонда елдің жүгін арқаласа алмайтын басшы 

адамдардың қылығы бізді ойландырмай ма?!  Президентіміздің 

көптеген бастамаларының жылжымай жатуы осындай жігерсіз 

адамдардың көбейіп кетуінен емес пе екен?!

Жалпы,  адам 



баласы 

жарық  дүниеге  келгеннен  бастап

тәрбие  бесігінде  әлдиленеді.  О  бастан  дүрыс  тәрбие  көрген 

адам,  шамасы,  өмір  бойы  оқу,  тоқумен  жүріп  елге,  халыққа 

қызмет  жасаудың  жолдарын  үйренумен  болмас  па!  Бірақ 

кеңестік дәуірде де, тәуелсіздік қүрған бүгінгі заманымызда да 

біз  адам  тагдырына  байланысты  басты  бір  мәселеге  мән  бер- 

мей  келе  жатқан  сияқтымыз.  Ол  -   адам  тәрбиелеу  мәселесі. 

Олай дейтінім, барлық деңгейде белгілі бір мамандықты игеру 

максатында әлек болып жүргенде сол мамандық иесі -  адамның

өзі үмыт болып жататын сияқты.

Жалпы  бедел  биігіне  көтеріліп  жатқан  қазіргі  ағайынның

қайсыбір  қылықтары  осындай  неше  алуан  ойға  қалдырады. 

Тәрбие мәселесін мектепке тапсырын қойып, маман келіп, қызмет 

істейтін мекеме, үйымдарда мүның мүлде ескерілмейтіні несі?

Мекемелердің  кобіне  кірсеңіз  адаммен  адамша  сөйлесіи, 

барған  мәселенің  мән-жайын  түсініп,  соған  жәрдем  корсетер 

елгезектікті  кездестіру  оте  қиын.  Адам,  қоғам тағдырына  бай- 

ланысты  мәселенің  тетігі  Президент  кеңсесі  мен  Министрлер 

кабинетінде  шешілуге  тиіс  екенін  жүрттың  бәрі  біледі.  Бірақ 

соған жеткенше жігіттің не жүлыны үзіледі, не жіліншігі сына- 

ды. Арада діңке қүртар қаншама сатылар бар.  Ауыл, аудан, об- 

лыс әкімдері және  министрліктер т. т.  Олар, обалына не  керек,

266


мөселесін  шештіруге  мүддеді  жандардан  Елбасын,  премьерді 

қорғаштайды, оған дейін жеткізбеу үшін бар тәсілді қолданып 

бағады.  Қорғағанда  жергілікті  жердің  өзінде-ақ  шешілетін 

мәселені дүрыс шешіп емес, оны сиырқүймышақгатып, өтініш 

иесінің діңкесін күртып, сандалтып жіберу арқылы. Бар мәселе 

жер-жерінде шешімінтауып жатса, жүртың арызданып не жыны 

бар.  Президент  Жолдауында  атап  көрсетілгендей,  ендігі  жер- 

де  мемлекеттік  қызметшілер  мәселесін  үйлестіріп  отыратын 

агенттіктен күтер үмітіміз мол. Әңііме аталған тетікті кызметтің 

бәрінде біреудің тағдырына жанашырлықпен қарайтын, алдына 

келген жанның тағдырына өз тағдырынан кем қарамайтын ары, 

жаны таза іскер де ізетті мамандар отырса деген арман жайын- 

да.  Бүл  мәселеге  мән  бермесе  болмайды.  Тәуелсіздік  түғыры 

берік  болсын,  ол  үшін  береке-бірлік,  ынтымақ  болсын  дей 

отырып,  алдыңа  келген  адамның  тағдырына  араласып  жөнін 

айта алмасаң,  елді  үркітіп,  шошытып  алуың кәдік қой.  Ондай 

жағдайда  «мүндай  болса,  тәуелсіздігің  қүрысын!»  дейтіндер 

де табылады. Ендеше елмен жүмыс істейтін әрбір мекемеде ең 

алдымен тәрбие мен тәртіп иісі аңқып түрған жөн. Оның алғы 

шарты тілден басталуы керек, яғни мемлекеттік тілден.

Осы  уақытқа  дейін  мекемелердің  басым  көпшілігінде 

мемлекеттік 

тілге 

мән 


берілмеуі 

неліктен? 

Тәуелсіз 

Қазақстанның  тіл  туралы  заңының  оларға  қатысы  шамалы 

нәрседей  он  жылдың  бедерінде  ешбір  әрекеттің  болмауын 

немен  түсіндіруге  болады?  Еліміздің  заңын,  тәртібін,  Кон- 

ституңиясын  қадірлемейтін  үйымдар  мен  мекемелерге  шара 

қолданатын уақыт болды емес пе?

Тағы  бір  ойланатын  нәрсе,  әрбір  мекеме  де  адам тәрбиелеу 

мәселесімен түбегейлі  шүғылдану керек  сияқты.  Өйткені  бар 

мәселе  бір  үжымға  тікелей  қатысты.  Сол  үжымның  жақсы- 

жаман абырой, беделі ондағы жеке адамдардың іс-әрекеттеріне, 

пайым-парасатына, білім-білігіне, түсінік-түйсігіне, тіпті, ең ба-

Мү

267



I

адамдарға орын болмайтын жағдай жасау керек. Адам баласы- 

на қайырымы жоқ, қасиетсіз басшылар қайдан шығады деп жа- 

тамыз. Мұның бәрі ортадан, соған тұрақты мән берілмеуінен.

Қазір жергілікті жерлерде адамның адамдық болмысы, білік- 

білім  сапасынан  гөрі,  кімнің  қалтасы  қалың  болса,  байлығы 

мол  болса,  сол  қызметке  жоғарылатылып  жататын  әдет пайда

бола бастады. Бұл қандай принңип?

Қазақстанныңтәуелсіз ел ретінде қайтсеккөсегесінкөгертеміз

деп сан сайысқа түсіп, сарамандық жасап жүрген Президенттің 

әрекеттері баспасөзде  жарияланып,  ақпарат қүралдарында то- 

лассыз  айтылып  жатқанмен,  жалпылама  жұртқа жетпей,  жет- 

се  орындалмай  жатқанын  көріп  отырып,  азамат  ретінде  үнсіз 

қалудың өзі қиянат. Біз кей-кейде қордаланып жатқан ойлардың

дай тапсырмасы жергілікті жердің жағдаятына сәйкес келмейді, 

сондықтан,  «мынадай  нақты  ұсынымыз  бар»,  немесе  «мына 

шешім  өте  орынды,  оны  біз  былай  орындадық,  халықгың 

тұрмысы  содан өлдеқайда көтерілді» деген тәрізді ашығын ай- 

тып, ағынан жарылып жатқан басшы  сирек.  Бұл да -  ойланды- 

ратын  мәселе.  Олар  ашығын  айта алмайды.  Айтса,  орнымнан 

айрылам деп  қорқады.  Сонда халық  мүддесі  емес,  өз  басының 

ғана  қамын  жеген  адаммен  Президент  қалай  жұмыс  ісіейді? 

Бұл жерде көп кілтипан бар. Ашық пікір айгылар жағдай бар ма, 

бізде? Соның шеңбері мен тынысы барған сайын тарылып бара

жатқан жоқ па деген де ойға қаласың кейде.

Осыдан  біраз  бұрын  Елбасымыз  сыбайлас  жемқорлық  жай-

ында  шешім  қабылдады.  Бұл  — ел  тағдырын  ойыншыққа  ай- 

налдырып, құлқынды толтырудың қызығына түскен жандарға 

қарсы жасалып отырған қажырлы әрекет. Әңгіме асқынып бара 

жатқан  соң  барып  қабылданған  қажетті  шара.  Төуелсіздіктің 

бірінші  күнінен  басталуға  тиісті  бүл  шара  әкімдер  мен  Ми- 

нистрлер  кабинетінің  өзіне  тансырылатын  болса,  бұдан  еш 

нәтиже  шықпаиды.  Ешкімге  тәуелсіз  комиссия  құрылуы

268


керек  және  оның  құрамына  әр  түрш  мамандық  саласында 

жұрген  ар-ұяты  былғанбаған,  әділет  қаруын  қолына  мықтап 

ұстаған, адамгершілік сапасы жоғары адамды ғана енгізу шарт. 

Қоғамдық, бұқаралық ұйымдардан да қосу керек. Мұнсыз тағы 

данәтиже болмақ емес. Жалпы, осы сыбайластық деген пәле та- 

лай игі шаруаны тұншықтырып отыр. Тіпті, мемлекеттік тілдің 

көсегесінің  когермей  жатуының  бір  ұшы  осы  сыбайластыққа 

барып  тіреледі.  Неге  десеңіз,  қарын  мен  қалта  қамын  жеген 

адам,  көзге  көрінер  кок  тиын  пайдасы  жоқ  іспен  ешқашан 

шұғылданбайды.  «Мемлекеттік  тіл  деп  тықақтай  беріп 

неғыласың,  одан  да  жең  ұшынан  жалғасып  тірлік  етейік!» 

дейтін  қалталы  байшьпсеш  табылса,  соның  жетегінде  кете  ба- 

рады әлгі сыбайластар.

Баянды мекенін тастап, пайда көздеп, болмашы бірдеңелерді 

саудалап,  сандалып  жүрген  жас  жігіттер  мен  қыздарымызға 

баяғы  атам  қазақтың  ақысыз,  пұлсыз,  айлықсыз  жер  емшегін 

қалай  еміп,  малының  басын  қалай  өсіргенін  құлаққағыс  ете 

келе,  «айналайын,  бауырлар,  бар  ризық  Жер-Анадан,  оңай 

олжа  іздеп  сарсылғанша,  қиналсаң  да  соны  ем,  өңде,  мәпеле, 

қасында отырған  көршің  өзбек,  неміс,  кәрісше  кәсіп  ет»  дегің 

келеді.  «Жер  емшегін иіте алсаң, тіленбей қарын тойғызасың» 

деп  Абай  дананы  алға  тартқың  келеді.  Елдің  бәрі  бірыңғай 

алыпсатарлыққа  көшсе,  ата-бабаңның  қаны  мен  тері  сіңген 

қасиетті жерінді кімге өткізесің, кімге қалдырасың! Сандалып, 

болмашыны саудалап жүргеніңде мәңгілік тұғырдан айрылып, 

шоңқиып қалмаймысың, қазағым!

Елдің  атқа  мінгені  де,  жаяу-жалпы  шаңдагқаны  да бес  күн 

жалғанның  алдамшы  әурешілігімен  жүргенде,  ұлтымыздың 

мүддесі  не  болмақ?  Рухани  жан-дүниеңді  немен толтырасың? 

Соның  бөрінің  басы  тіліңнің  тағдырына  кім  көз  салады? 

Әлгілердің  ешқайсысының  құлағына  мемлекеттік  тіл  туралы 

әңгіме жетіп жатқан жоқ. Әрі-беріден соң есебін тауып баюдың 

тәсілдерін  тапқан  адамға,  күнкөрістің  қамымен  ел  кезіп  кет-

269


кен жастарға қай тілде сөйлесе де бәрібір болып барады.  Қазақ 

халкы үшін қасіреттің бірі осы бола ма деп шошынасың!  Орыс 

пен  батыс  музыкасына  деген  қүйтүрқы  қүштарлық  күннен- 

күнге күшейе түсуде. Үлт мәдениетіне қырсығы тимейтін, жан 

рахатына  бөлейтін  музыкаға  дау  жоқ.  Бірақ  халықтың  мүнан 

өзгеге  еліктеу  мен  солықтаудың  тасасында  қалып  бара  жат- 

са  ше?  Осыдан  ойға  қаласың.  Сонда  өнерді  дамыту  дегеніміз 

өзінікінен  жерініп,  өзгелікке  берілу  болғаны  ма?  Зиялылык 

пен  біліктіліктің,  мәдениеттіліктің  сиқы  осы  ма?  Қадағалай 

түссеңіз  әлгіндейлерге  қамқорлық  бар  да,  қазақтың  домбыра- 

сы мен қобызына,  әні  мен күйіне, биіне,  жалпы халык өнеріне 

қалдық дүние сияқты көзқарас қалыптаса түскен сияқты...

Ауылды  жерде  елдің  басын  бір  арнаға  түйістіріп,  ортақ 

мүддеге  жетелеп,  ой  тастап  отыратын  мәдени  орта  мен

Жүрт

Жастар


жағы  күндізгі  еңбектен  соң,  сауық  құрып,  ән  шырқайтын,  би

атты


өмір кешіп жататын. Немесе кітапханаға барып, ру хани қажетін 

өтеп,  жан  дүниесіне  керегін  алып,  керемет  ләззәтқа  бататын. 

Ол  кездегі  көрсетілетін  кинолардың  өзі  қандай  еді.  Адамды

достыққа


ғажап  ынтымақ  пен  бірлікке  жетелеп,  кеудеңізге  өзгеше  бір 

нұр  құйғандай  еді  ғой.  Кинодан  шыға  кбу-кеулссіп,  ұнаған- 

ұнамаған тұстары жөніндс сыр шертісіп жататын. Мектептерде, 

клубтарда, мәдениет сарайларында, кітапханадағы бас қосулар

кісінің  бір-біріне  деген мейір  шапағатын  тасытып,  адамдарды

ғаламат тербеліске салатын.

Міне,  осының  бәрі  рухани  тәрбиенің  түрлері  еді.  Өткен

өмірдің  осындай  ізгілікке  жетелейтін  нышандарын  дамыта

түсудің еш зияны жоқ.

Бұл қысқаша ой толғаудың түйіні мынау.

270


Біріншіден,  Тәуелсіз  Қазақстанды  Отаным  деп  шын  сүйіп, 

шын  күйзелетін  отаншыл  азаматгы  тәрбиелеудің  амалдары 

мен тәсілдерін мектеппен ғана шектеліп калмай, барлық меке- 

мелер мен үйымдарда, кеңселерде үздіксіз мөн берілігі огырса.

Екіншіден, «Тәрбие басы -  тіл» деген мәтелді үмыгуға бол- 

майды.  Әрбір  мекеме  осы  мәтелді  маңдайшасына  көрнекілеп 

іліп қойса да артық болмас еді.

Үшіншіден,  қазақтың тірегі -  ауыл.  Ол -  тілдің де,  өнердің 

де,  мөдениеттің де  қуат  алар,  қоректенер  жері.  Билік  басында 

отырғанымыз бар, ғылым, білім қуған зиялыларымыз бар, осы 

заман  амалдарының  қүлағындағы  бизнесмендеріміз бар игілік 

атаулының негізін қүрап отырған ауылға қайрыла жүр демекпіз. 

Жетпіс  жыл  бойы  қалыптастырған  қазынаны  (кітапханалар, 

мәдениет сарайлары,  клубтар,  кино театрлар, т.т.) қирату оңай, 

түзеу қиын. Қолың жеткен дүниеден айрылып қалмаудың ама- 

лын қарастырайық, ағайын!

Төртіншіден,  кеше  ғана  орыс  тілді  бауырларымыз  жақсы 

бастамасын  жариялады.  Олар  Елбасымыздың  ескертпесіне 

қүлақ түріп,  «өзді-өзіміз  қазақша сөйлесейік» дегенді  айтады. 

Мемлекеттік  тілді  көгертудің  бүл  да  болса  бір  жолы.  Осыған 

билік  басында  отырған,  бизнеспен  айналысып  жүрген  бауыр- 

лар да қүлақ асар деп ойлаймыз.

Бесіншіден,  ғылым  мен  білім  саласында  нәтижелі  еңбек 

етіп  келе  жатқан  зиялыларымыздың  да  ана  тіліне  түбегейлі 

бетбүрыс  жасайтын  кезі  келді.  Мемлекеттік  тілдің  тағдырын 

ғалымдар  мен  оқытушы-тәрбиешілер  ойламағанда  кім  ойлай- 

ды. Сіздіңтіліңіз әлі күнге күнделікті іс, жүмыс қажетін өтейтін 

дәрежеге котеріле алмай келеді. Ойланайық та, ағайын!

Тіл  мен  елдің  жағдайын  Сіз  бен  Біз  ойламағанда  кім 

ойламақ!  «Бірінді  қазақ  бірің  дос,  көрмесең  істің  борі  бос!» 

Бар қазақтың басын қосуды  арман еткен Абайдың осы бір  сөзі 

бүгінгі біздер үшін айтылғандай!..

271


Алтыншыдан,  біз  осындай  ойлар  жетегінде  жүргенде 

Елбасымыздың халыққа Жолдауы көңілімізге шуақ кұйгандай 

әсер  еткенін несін  жасырайық.  Ол  ед  мүддесі  үшін  өз  билігін 

шектей  түсуден  де  тайынбай  билік  басындағылардың  да  па- 

рыз,  міндетін қатты  айтты.  Тіл жайын арнайы  сөз  етпегенмен 

бізді  толғантып  отырған  тағылым-тәрбие  мәселенің  өзекті 

тұстарын  ұмытпапты.  Халыққа,  мемлекетке  жұмыс  істейтін 

жауапты  қызметке  адам  тағайындаудың  келелі  мәселесін  дөп 

басып  көрсетті.  Президент  айтқандай,  әрбір  лауазым  иесі  ел, 

жер, тіл және мемлекет алдындағы міндетін адал атқарар болса, 

Тәуелсіздік тұғыры мықты болары даусыз.

272


ЕЛДІҢ ДЕ, ТІЛДІҢ ДЕ ТІРЕГІ -  ЖАСТАР

Елдігін, 

есендігін 

ойлаған 


адам 

баласы 


өткеннің 

төжірибесінен  тағылым  алып,  бүгінгісін  шындайды,  сөйтіп 

болашағына  негіз  қалайды.  Осы  үш  таған  арасындағы  байла- 

ныс үздіксіз жүріп отырған жерде ғана өмір мағыналы да мөнді, 

көрікті  де  сәнді  болмақ.  Еліміз  егемендік  алғалы  бүл  мөселе 

назардан тыс қалған емес.  Әрбір жыл Президент Жарлығымен 

халқымыздың рухын биіктетер іс-өрекеттермен тарих еншісіне 

еніп  жатыр.  Міне,  биылғы  1999  жылдың  да  өзіндік  бағыт- 

бағдары  айқындалды.  ¥рпақтар  бірлігі  мен  сабақтастығы  деп 

аталатын бүл жылға да жақсы істер айғақ болса екен дейміз.

Қазақ қашан да ата мен баланың арасындағы сабақтастықты 

көксеген,  көргенді  істің  көсегесін  көгертуді  жөн  санаған.  Бүл 

берекелі істі ол отбасыдан, өз отауынан бастаған. Атадан алған 

тағылымын  перзентіне  дарытуға  тырысқан.  «¥яда  не  көрсе, 

үшқанда  соны  іледі»  деуде  осындай  текті  төрбиенің  ізі  бар. 

¥рпақ  бірлігі  мен  сабақтастығы  дегенде  біз  осы  негізді  есеп- 

ке  аламыз.  Осының  бәрінің  басты  тірегі  не  дегенде,  сөз  жоқ, 

ойыңыз тілге барып тіреледі. Базбіреулер тілді қатынас қүралы 

ғана  деп  қарап,  оның  үрпақ,  адам  тәрбиесіндегі  өлшеусіз  зор 

орнын  бөсеңдетіп  алып жүр.  Бүл  барып түрған  парықсыздық. 

Өйткені, тілсіз тірлік жоқ. Барлық мәселе тілмен байланысты.

«Төрбие басы -тіл »  деп М. Қашқаритегін айтпаған. Адамның 

азамат  болып  қалыптасуында тілдің  алатын  орнын  мейлінше 

терең  түсінген  үлы  түрколог  сөзі  бүл.  «Өнер  алды  -   қызыл 

тілді» Абайдан аса өнеге еткен дана жоқ. Ол «тіл өнерін дертпен

теңестіріп», ащылы-түщылы көргендерін, өмірден түигендерін 

арқау етіп, асқан шеберлікпен шер көкіректің сырын шерткен. 

Сонда  қазақ  сөзінің  шексіз  мүмкіндігі  мен  қуатына  қайран 

қалмасқа  болмайды.  Абай  өлеңдерінде  мүң  да  бар,  шер  де 

бар,  шаттық та,  шарасыздық та бар.  Оны  оқи  отырып,  достық 

пен  махаббаттың,  қайғы  мен  қасіреттің,  арда сезім  мен  ақыл-

273


ойдың,  сүйіспеншілік  ітен  сезімталдықтың,  әділеттілік  пен 

адамгершіліктің,  имандылық  пен  мейір-шапағаттың не  екенін 

тереңінен сезінесіз, түсінесіз, бағалайсыз. Рухани жан дүниеңіз 

байып, тазара түседі.  Тіл кереметі мен сөз қүдіретін осылайша 

сезініп, түсінуден барып, адамның бойында отаншылдық түйсік 

маздайтын болады. Адамгершілік пен ар-үят әлеміне айбынбай 

кіретін боласыз. Атамекен мен ана тілді өміріне тірек еткен жан 

өзгеше бір қасиет-қабілетке ие болады. Ол тілдің қуаты, ол ата- 

мекенге деген асқан махаббат пен шексіз сүйіспеншіліктің сал- 

танаты. Адамға келетін он пайданың тоғызы тілден екені тегін

емеС. 



у   .-і 



,  '•  п{,<;:• и.Н,

Тілдің  осы  тектес  қасиетін  қастерлей  білген  жалғыз  Абай 

ғана ма. Бүқар, Махамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Ахмет, Мүхтар, 

Қаныш, Ілияс, Жүсіпбек, Мағжан, Ғабит, Мүқағали, Төлеген тек- 

тес даналарымыз бен сөз әлемінің сыйқырмандарын санамалап 

сірә  да  тауыса  алармысыз.  Бүлардың  әрқайсысы  бір  дәуірдің 

жүгін арқалап түрған алыптар ғой.

Бүлардың  қай-қайсысы  да  білім-ғылымды,  оқу-өнерді, 

өнеге-өрені  әуелі  сол  ана тілі  арқылы  игеріп,  соның  уызынан 

нәр  алған.  Ана тілдің уызынан жарыған  және  өмір  бойы  өзді- 

өзінің  сөйлеу  және  жазу  тілін  баптаумен,  баулумен  болған. 

Мүның  өрқайсысына арнайы тоқталып,  әңгіме шертер  болсақ, 

әлденеше томға үласар шежіре шертілер еді. Аз да болса назар 

аударып отыруымыздың мәнісі -  олардың бойынан көрінген осы 

қасиет-қылықты  біз  өз  бойымыздан,  қазіргі  үрпақ  ісінен  таба 

аламыз  ба  және  ол  соншалықты  қажет  пе  деген  ойды  қаузау 

ғана.


Елдің де, тілдің де тірегі -  жастар екенінде дау жоқ.  Ал сол 

тірегіміздің  бүгінгі  болмысын  барлап  байқалықшы.  «Ауруын 

жасырған  өледі».  Тереңге  бармай-ақ  көзге  бадырайып  көрініс 

беріп  жатқан  күнделікті  іс-әрекеттердегі  келеңсіз  жайлардың 

өзі жүрек сыздатады.

274


Кешегі  замандарда  қазаққа  «бесіпңді  түзе»  деп  Мұхаң 

болашақта бүлінер отбасы тәрбиесінің былығын көрегендікпен 

күні  бұрын  болжаған  сияқты.  Иә,  отбасы  тәрбиесіне  орасан 

нұқсан  келтіріи  алған  сыңайымыз  бар.  Кейін  балалап  жатқан 

сорақылықтардың бәрі  де  сонау түп  негізге,  ата тағылымына, 

ұлгтық гектілік тәрбиесіне мән бермеуден, теріс онегеден бастау 

алғандығымыздан.  Яғни,  ұрпақ  тәрбиесіндегі  сабақтастықты 

үзіп  алғандаймыз.  Неге  бұлай  болды  дегенде  мынадай  ойлар 

тізгін  ұстатады  (оқырман  мұны  автордың  өзіндік  жеке  пікірі

деп қабылдағаны жөн).

Жаппай  сауаттылықты  уағыздаған  кеңес  дәуірінің  ұлт 

мәдениетінің  жандана  түсуіне  игі  де,  кері  де  әсері  болғаны 

мәлім.  Оны  таратып,  талдап  (талай  айтылған)  жатпай-ақ,  мы- 

наны  ғана еске  саламыз.  Отбасы тәрбиесінің негізін қалайтын 

ата (әке)  мен ана екені  дауыз.  Ал осы  екі тіректің кезінде  бала 

тәрбиесімен  айналысуға  мұршасы  болды  ма?  Олай  дейтініміз 

ауылды жерде де, қалада да, ата, ана өкімет қызметінде болды. 

Бар мақсаты жоғарыдан берілген нұсқау мен жоспар орындауға 

жұмсалды. Бала біткеннің көбі көше тәрбиесінің ырқында бол- 

ды.  Сосын  ата-ана  бойынан,  жанарынан,  лебізінен  даритын

текті тәрбие балабақша мен мектеп ісімен алмастырылды, соған 

ығыстырылды.  Сөйтіп  отбасы  мен  мектеиаралық  байланыс 

барлық жерде бірдей дами қоймады.  Сөйтіп ұрпақ тәрбиесінде 

бірден  бірге  ұласатын  жалғастық  болмай  қалды.  Ал,  мектеп 

тәрбиесінің негізінде баяғы  Байтұрсынұлындық үлгіден, яғни 

ұлттық  рух  өнегесінен  гөрі  еуропалық  (орыстық)  үлгі  басым 

болды. Тіпті керек десеңіз,  газа қазақ мектептерінде оқылатын 

сабактардың өзі орыстың оқу жүйесінің кошірмесі еді.

Рас, қазақ сауатын ашты, білім, ғылымға ұмтылды. Әлемдік 

өркениетке  қол  созды.  Бұған  мыңда  бір  шүкіршілік.  Осының 

бөрі  орыс  тілін  еркін  игерудің  нәтижесі,  әрине.  Орыс  тілі 

арқылы  алапат  рухани  қазынаның  кілтін  ұстағандай  болдық. 

Халқымыздың 80-90 проценті сауатты ден алақай ладық. Мұның

275


да жөні бар еді. Өйткені әлемдік ақыл-ойдың тізгіні ол кездерде 

орыс тілінің өзінде  болатын.  Бұл тілді  білмеу  қараңғылықтың 

қапасында қалумен  бірдей-тін.  Қызмет те,  ризық  та,  билік те, 

білім де орыс тілін білгендердің қолына көшті.  Солай насихат- 

талды, солай орнықтырылды. Айналасы 50-60 жылдың ішінде 

бір  кезде  дала  демосфендері  атанған  шешен  де  көсем  қазақ 

өз  ана  тілінің  асқан  байлығын  місе  тұтпай,  өзге  тілдің,  орыс 

тілінің  жетегінде  кете  барды.  Әп-сәтте  орысша  сайрап  шыға 

келді.  Көршілес  өзбек бауырларымыздың «орыс  болу  оңай,  ол 

үшін алдымен қазақ болсаң болғаны» деп әзіл тастауы да біраз 

жайды аңғартады емес пе?

Қазекең  еліктеу  мен  солықтаудан  алдына  жан  салмай- 

тын  халық.  Бұл  да  құдай  берген  қасиет  шығар,  әрине.  Алай- 

да  еліктеудің  де  жөнді-жөнсізі  бар  емес  пе?  Неге  ұмтылса, 

соны  игеріп  алатын  қазақтың  қабілеті  көбінесе  дұрыс,  жөнді 

арпаға тұспей адасады да жатады.  Таңдауда да талғам керектігі,

жаңаны  қабылдаумен  бірге,  ғасырлар  әлетінде  тәжірибемен 

шыңдалған  өз  мұраңды  мансұқ  етпеу  қажеттігі  ұмыт  бола 

беретініне қайран қаласың. Қазақ тілінің 70 жылда қадірсіз тіл

қатарына шығып қалуы, міне, осындай сырды аңдатады.

Жалпы тіл білу, оны игеру -  әрбір азаматтың біліктілігін арт- 

тырып, білім бұлағына жетелер байлық екенінде дау жоқ. Бірақ 

мүның бәрі ана тілінен жерінуге алып баратын болса, онда он- 

дай  байлықтың қажеті  қанша?  Бұл  өз үніңді  өшіріп,  басқаның 

тоты  қүсынша  түрлену  емес  пе?  Қазақ  халқының  қалыптасу 

тарихынан  осы  тектес  орны  толмас  өкінішті  беттерді  оқимыз. 

Ең  қиыны  -  орын  тепкен  бұл  келеңсіздіктен  әлі  арыла  алмай 

келе  жатқанымыз.  Сірә,  бұл XXI ғасырға үласатын сорақылық

болар түрі бар. 

• 



.

Қазақ  тілінің  ығыстырылып,  орыс  тілінің  орныға  бастауы- 

нан  былай  қарай  ұлттық  тәрбие  жұмысына орасан  зор  нұқсан 

келтіріп  алдық.  Кеңес  азаматы  болып  қалыптасу  үшін  ұлтты 

ерекшелендіретін,  өзгелерге  зияны  жоқ  неіізгі  қасиеттің

276


бәрінің тамырына  балта  сілтене  бастады.  «Оу,  бұл  халықтың 

мынадай ұлттық бай мұрасы,  өнеге-үлгісі, таным-түсінігі бар» 

деп  түсіндіре  бастағандардың  тағдыры  не  күйге  ұшырағаны 

жалпыға мәлім. Құдай мұның бетін аулақ етсін! Енді Қазақстан 

халқы болып қалай қалыптасамыз деп бас қатырудамыз.

Тәрбиенің  басты  тірегі  -   тілдің  орнын  басқа  бір  тілдің 

(орыс  тілі)  алуының  салдарынан,  көптеген  отбасының  орда- 

сы  шайқала бастады.  Олай  дейтініміз, орысша тәрбие  мен оқу 

жүйесі  отбасы  мен  Отанымыздың  болашақ  тірегіне  айналар

жеткіншектеріміздіңмінез-құлқын,түсінік-түйсігінмүлдебасқа

арнаға салып жіберді. Ата мен баланың арасындағы сыйластық, 

ана мен қыз арасындағы ізет-қүрмет, ізгілік атаулының бәрі бір 

пәсте  адыраңдап,  жанына торсық  байлатпайтын  асауға  айна- 

лып  шыға  келгендей.  Үлттық  мәдениет  негізінен  қоректеніп 

келген  ұрпақ  тәрбиесіндегі  сабақтастықтың  жібі  осылайша 

үзіле бастады. Үлттық рух бәсеңсіп, ұлттық намыстың табанға 

тапталуы  кешегі  1986  жылғы  желтоқсанға  дейін  жалғасып

келгені мәлім.

Желтоқсан оқиғасы  ғана қалғып  кеткен ұлттық сананы  дүр 

сілкіндіріп  оятып,  үлкенді  де,  кішіні  де  ойға  қалдырғандай 

болып  еді.  Алайда  оянған  санамыз  Отан  игілігіне  қызмет 

ету  орнына  ана тілдің  күйігін  қозғатты.  Қоздатқаны  емей  не- 

мене,  «тоқал  ешкі  мүйіз  сұраймын  деп  жүріп,  құлағынан 

айырылыпты»  дегеннің  керіне  киліксе.  Өз  ұрпағын  өз  ана 

тілінде  тәрбиелеуі  мұң  болып  келген  қазақ,  тәуелсіздік  таңы 

атқан түстан  бастап  қазақша балабақша  мен  мектептер  ашып 

мәре-сәре  болғаны  рас.  Бірақ бүл  қуаныш  ұзаққа бармады.  70 

жыл  бойы  орысгық  үлгіні  қанға  сіңдіріп  үлгерген  ағайынның 

біразының  отаншылдық  рухы  лап  етіп  жанды  да,  жалп  етіп

сөнді.


Сонымен  ауыл  мен  қала  мектептерінде  білім  алған  қазак 

жастарының  қазіргі  күйі  қандай?  Обалына  не  керек,  Кеңес 

окіметінің  тұсында  жастар  қалай  да  білім  алуға  ұмтылатын,



1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал