Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет19/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34

253

жатқан  аналар  өкілі  -   қыз-келіншектеріміздің  басқа  дінге

кіріп  жатқандығы.  Себебін  сұрастыра  қалсаң,  «енді  қайтейік, 

мына  өкіметтен  қайран  жоқ,  ал  аналар  үй  берді,  басқа  да 

жағдайымызды  жасап жатыр» дегенді  айтады.  Ойландыратын 

жайт.  Мүның  аты  бәрібір  сатқындық.  Ата-баба  рухына,  ұлт 

мәдениетіне,  жасалып  отырған  опасыздық.  Соғыс  зардабын 

көріп,  мылтық  ауызы  өңешке  тіреліп  тұрғанда да  өз  дінін,  өз 

ділін сатпаған қазақтың бүгінгі ұрпағы, саған не болды, қайда 

барсаң мұсылман дініндегі бабаңның әруағы атпас па екен сені 

дегің  келеді.  Әсіресе,  жат  діндер  мектеп  жасындағы  балала- 

рымызды  баурап  алып  барады.  Бір-ақ  мысал,  Алматы  облысы 

Қаскелең  ауданында  осыдан  4-5  жыл  бұрын  қазақ-американ 

мектебі ашылып жұмыс істей бастаған болатын. Сол төңіректегі 

ағайын  жапатармағай  осы  мектепке  балаларын  беріп  мәз 

болғанын білеміз. Күнүзаққа әлгі мектепте болатын балалардың 

қандай тербие  алып, немене үйреніп жүргенімен жұмысы  жоқ 

жандарға  не  деуге  болады.  Сұрау  салдырып  байқасақ,  ба- 

лалар  негізінен  Иисус  Христостың  әшекейлеи  орнектелген, 

қызықты  баяндалатын  өмірбаянын  оқиды,  жалыққан  кезде 

тәтті  тағам,  шырын-сусынның  түр-түрі  алдарында.  Не  керек, 

буыны қатпаған қазақ балалары осылайша өзге діннің әлдиіне 

бөленіп,  арбауына  көніп  күн  кешуде.  Ал  ата-аналары  «бала- 

ларымыз  тыныш  боп  қалды,  күні  бойы  сабақ  оқиды»  деп  мәз 

болады.  Мақсат  басқа  дінді  жамандау  емес,  қазақ  ұлтының 

ежелден қалыптасып, дәстүрге айналған наным, сеніміне  бал- 

та шабылып, іштей іріткі салуында болып отыр.  Осыдан келіп 

«ау, ағайын, біз осы өз ұрпағымызға ие бола аламыз ба, жоқ па?» 

деген сауал туындайды. Жоқ, әлде, нешетүрлі діннің жетегінде 

кете барамыз ба? Ондай жағдайда, онсыз да екі, үшке жарылып 

басын  біріктіре  алмай  жүрген  халықтарымыздың  гағдыры  не 

күйге душар болмақ. Елестетіп көріңізші!

Мұны  бүкіл  халық  болып  мемлекет дәрежесіне  көтерілсек, 

жағдайымыз  шешім  табылмас  шиеленіске  бата  бермек.  Үрпақ

254


тағдырын  ойламаған  ұлттың  ертеңі  жоқ.  Сондықтан  отбасы 

мен  мектеп  арасындағы  үзілген  байланысты  қайта  жалғап, 

ұлттық  дәстүр  мен  дін  тәрбиесін  түбегейлі  колға  алу  қажет. 

Мектептерде дін сабағын өтуді дағдыға айналдыру керек. Міне 

осы  жұмыстардың басы-қасында,  ұраншы,  делбеші,  қозғаушы 

болып  «Қазақ  тілі»  қоғамының  сардарлары  жүрмегенде  кім 

жүреді.

Түптеп келгенде, мұның бәрі қазақтандыру проблемасының 



негізгі тармақтары. Ендеше бұл мәселелермен жүйелі түрде ай-

налыспаса болмайды.

Айтылғанның бәрі, әрине, ана тілінде жүргізілмесе бәрі бе- 

кер. Тіл тәрбиесінің, тіл мәдениетінің өте күрделі мәселеге ай- 

налатыны осыдан. Біз енді едәуір тіл білдіру, үйрету ұранымен 

ғана шектеліп қалмай, жұмыс шеңберін кеңейтуіміз қажет. Осы 

тұрғыдан  келгенде  біздің  әу  бастан  қатар  жүріп  келе  жатқан 

«Тіл  тағылымы»  халықтық  университетіміз  едәуір  жұмыстар 

атқарды.  Сондай-ақ «Қазақ тіл» қоғамының қайраткерлері жа- 

зып,  жұртшылыққа  ұсынылған  сан-саладағы  оқулықтарын, 

оқу қүралдары, сөздіктер, тілашарлар,  әдістемелік әдебиеттер, 

монографиялық  зерттеулер,  ғылыми-практикалық  негіздегі

мақалалар,  т.б.  мемлекеттік  тілімізді  өмірге  ендірудін 

тұщымды  өрекеттері  болып  саналады.  Авгорлармен  жасалған 

жұмыстарды  санап  шығар  болсақ,  уақытымыздың  жаргысын 

алған  соған  кетер  еді.  Тіл  мәселесіндегі  жаңалық,  жақсылық 

атаулыны  қалт жібермей  қадағалап отырған сауатты  оқырман

мұның бәрінен хабардар.

Алайда «үйдегі  бағаны  базардағы  нарық  бұзады»  демекші, 

жоснарланған жұмысымыздың көбі қолдау таппай қордаланып 

қалғанын да жасыра алмаймыз:  өңгіменің бәрі  қаржыға барып 

тіреледі. «Қазак тілі» қоғамының қуаты мүшелік жарнаның жи- 

налуына  тікелей  байланысты  екені  өздеріңізге  мәлім.  «Айга- 

айта  «Алтайды»,  әнші  аиай  қартайдының»  керін  кигенімізге

Жарна

255


I

түрі жоқ. Мүшеліктен кенде емеспіз. Бірақ мүшелеріміздің көбі 

мүшелік  жарна  төлеуді  ана  тіл  алдындағы  бір  парызым  деп 

түсіне  бермейді.  Үкіметтен  қайран  жоқ.  «Қоғамдық  үйымсың 

ба, күл болмасаң бүл бол, өз күніңді өзің көр» деп заңға итеріп 

салады. «Қазақтың тілі түгілі өзін жарылқай алмай отырғанда, 

сен кімнің шікіресісің» дейтіндер көбейді. Мүның үстіне, жыл- 

дап жалақы алмай сарсаңға түскен  еңбек адамынан жарна жи- 

нап  көріңіз?!  Халықаралық деғен дағарадай  атымыз  бар,  арық 

бөрідей  затымыз  бар.  Тіліміздің  тірегі  «Қазақ  тілі»  қоғамы 

бар деп үмітін үзе  алмай отырған еліміз бар.  Ал  біздің жағдай 

болса мынау.  Қүрылғанымызға алты жыл  болса да, күнделікті 

мүқтаждықтан қүтыла алмай,  кез-келген  мекемеге  жалтақтап, 

кіріптар  болып  әлі  келеміз.  Түратын  баянды  баспанасы  жоқ, 

беретін айлығы жоқ қоғамнан қолынан іс келетін талай маман- 

дарымыз  кетті.  Кеткендерге  өкпе  жоқ,  қалғандардың  жалғыз 

қаруы  -   қазақ  тіліне,  қазақ  еліне  деген  патриоттық  сезімі, 

ешнәрсемен  ауыстыруға  болмайтын  сенімі,  қайран  тілдің 

киесіне үшырамасақ болғаны деп жүріп жатамыз.

Қоғамды  қаржыландырудың  амалын  түбегейлі  қарастыр- 

маса,  болмайды.  Өздеріңіз  білесіздер,  «Қазақ  тілі»  қоғамы  әу 

бастан-ақ  өзін-өзі  қаржыландыратын  үйым  ретінде  қүрылған 

болатын. Ол кезде елдің ықыласы да бөлек, қалтасы да қүр емес- 

тін.  Әйтеуір айлығын уақытылы алып түратын жүрт жарнаны 

қиналмай-ақ төлеп жататын. Бүл кез қазір түске кіреді. Аспаннан 

ақша жаумайды, бюджеттен қаржы бөлінбейді, көмек көрсетер 

капиталист  шықпай  түр.  Мүше  жетерлік  болғанмен,  олардың 

жағдайы  әлгіндей.  Сонда  не  істейміз.  Қоғамды  жабамыз  ба, 

жоқ  басқа бір  амалын табамыз  ба?  Бүгін осы  өмірлік  мәселені 

де  сөз  етелік.  Бәлкім,  көптің  ақылы  көл  деген,  көп  болып 

толғансақ,  тығырықтан  шығармыз.  Менің  түсінігімше,  әзірге 

қаржы министрінен қайран жоқ, Қажыгелдинге қол жайғанмен, 

оның  қазақ  тіліне  қайырымы  шамалы.  Ендігі  сүйенеріміз, 

басты  тірегіміз  қазақ  деген  халықтың  өзі.  Өз  тілінде  өзінен

256


қайраы  қайдан  жақсылық  күтеміз.  12  миллионға  бой  түзеген 

халқымыздан  екі  миллиондай  нағыз  тіл  жанашыры  шықпаса, 

қайда барып мүң шағамыз. Бір ғажабы, мына шаруалардың түзік 

екен деп әуелден қолдау көрсеткен лауазымды адамдардың бір 

де бірі мүшелікке өткен емес, сондықтан олардың бірі де бірі аз 

да болса септігім тисін деп жарна толеген емес. Шынын айтсақ, 

бүгін  бас  қосып  отырған  осынау  зиялы  қауымның  арасынан 

«мен  ана тілі  алдындағы  парызымызды  үздік  жарна төлеп  те 

өтеп жүрмін» деп суырылып шығып айта алатын жан табылар 

ма екен, білмеймін. Міне, біздің тілге деген ықыласымыз осын- 

дай.  Мәжілістен үйге, үйден кеңсеге жетпей,  екі ортада үзіліп 

жатады. Әйтпесе ойлаңыздаршы, миллионға тарта мүшеміз бар 

деп төс  қағамыз,  соның тым  болмаса 70 проценті  жарғы тала- 

бына  сәйкес  өз  үлесін  қосып  отырса,  қоғам  ешкімге  кіріптар 

болмас еді ғой. Тіпті алысқа бармай-ақ, бүкіл зиялы қауымның 

ордасы Ғылым Академиясын мысалға алалық. Мүнда әлденеше 

мың адам бар.  Осылардан мүшелік жарна жинап алған болсақ, 

мемлекеттік  тілімізді  ғылым  тіліне  айналдыруға  қажетті 

едәуір  шаруа  тындырған  болар  едік.  Осындай  бойкиездік, 

салғырттық барлық жерде етек алғанын өкінішпен айтуға тура 

келеді.

Ендігі жерде коғамға жекелей мүше тартудан гөрі үжымдық 



мүше тартудың оте тиімді екенін  гүсінер уақыт жетті. Қоғамға 

қалай  қолқабыс етудің амалын таппай алақан жаятын әкімдер 

осы үжымдық мүшені үйымдастыру арқылы едөуір жөрдем етер 

еді. Ал ол үшін жергілікті үйымдарымызға да іскерлік, икемдік 

қажет-ақ.  Мүны  іске  асырып отырған бірен-саран бөлімшелер 

бар.  Бірақ бүл әлі  жеткіліксіз.  Мүны  бүкіл республика бойын- 

ша жүйелі түрде іске асыра алсақ. Қоғам жүмысын жолға қобға 

толық мүмкіндік туар еді.

Осы  орайда бір  үсынысты  айта  кетуді  жөн  көріп  отырмын. 

Ол  «Қазақ  тілі»  қоғамы  жөнінде  қалыптасқан  көзқарастың 

онша  әділетті  емес  екендігі  туралы.  Біздіңше,  «Қазақ  тілі»

257


| I

қоғамын  барлық  бұқаралық  үйымдар  қатарына  қойып,  бір 

қалыпқа  салып  қарауға  болмайды.  Неге  десеңіз,  бұл  қоғам 

мемлекетімізге  мейлінше  қажет  аса  маңызды  мемлекеттік 

мәселемен  айналысып  келеді.  Ол  — мемлекеттік  тіл  мәселесі. 

Бәлкім,  бұнын  статусын  ендігі  жерде  қайта  қарап,  жарты- 

лай  мемлекеттік,  жартылай  қоғамдық  еткен  дұрыс  шығар. 

Елбасымыздың  «Қазақ  тілі»  қоғамына  деген  оң  көзқарасын 

пайдалана  отырып,  «осы  мәселе  де  ойластырылса»  деген 

өтінішімізді білдіргіміз келеді. Әйтпесе әрі қарай итшілеп өмір 

сүру бүкіл қазақ үмітін арқалап отырган «Қазақ тілі» қоғамына 

келіспейтін  түрі  бар.  Бір  баспананың  тауқыметі  тынысты  та-

рылтып бітті. Оның несін айта берейік.

Қаншама  қиыншылықтарды  көре  түссек  те,  «Қазак  тілі» 

қоғамының тірі екенін, д үниеде бар екенін үздіксіз жарияла-нып 

жататын  баспасөз  материалдарынан,  радио-теле  бермелерден 

белгілі. Соның тағы бір дәлелі — мына бүгінгі жиынымыз. Кел- 

ген делегаттар кеудесін сан-сапалақ сауалдар кеулейді, ұсыныс- 

тілектері  қаншама,  жинақтаған тәжірибе  тағы  бар.  Оның  бәрі 

бүгін  алқаға түсер,  кеңесе  отырып  бір  шешімге  келерміз.  Кеу- 

де толған запыран, оны  ақтара берудің жөні жоқ.  Тығырықтан 

шығар жол ізделік. Мүны айқай-шумен, кеудемсоқтықпен, білек 

көрсетумен емес, жылда бойы шыңдалған салқын ақылды алға 

сала  отырып,  пікірлерімізді  саралап  айтатын  болайық.  Сіздер 

мен біздерді  ел-жүрт әуелі  сөз  айтатын дуалы  ауыз  қатарында

бағалайтынын ұмытпалық.

Сонымен,  «Қазақ  тілі»  қоғамы  жұмысына  кірісетін  біраз

шаруаның басы  бар.  Бірінші  кезекте  Қазақстан Даму институ- 

тымен  бірлесе  отырып  қолға  алған  мәселеміз  «Қазақ  отбасы 

тәрбиесіне  арналған  энңиклопедия».  Мұнда күні  кешеге  дейін 

мән берілмей  ата дәстүріміздің ең бір  гамаша үлгілері, отбасы 

тәрбиесінің негіздері, анатілі арқылы ашылатынтәрбие көздері 

сөз  болмақ.  Қысқасы,  әрбір  отбасының  күнделікті  қажеііне 

жарарлық бір мүқтажымызды өтесек пе деген ойдамыз.

258


Тағы да аталған институтпен ынтымақтаса отырып «Рухани 

қазына»  атты  бағдарлама  бойынша  жұмыс  жүрғізбекпіз.  Жо- 

спар бойынша 9 кітап ұсынылмақ. Мұның бәрі қазақтығымызды 

әйгілей  түсетін,  оның  рухани  қазынасы  түпсіз  терең  мұхит 

екенін әлемдік мәдениет қорына қосылар ғажайып үлгілері мол 

екенін т. т. сырларды ақтаратын мұра болмақ. Бұл бүрын-соңды 

мүншалықты деңгейде қарастырылмаған қатпарлар.

Халықаралық  «Қазақ  тілі:  қоғамының  назарында түратын 

келесі  бір  күрделі  мәселе  -   қазақ  тілінде  жазылуға  тиісті 

төл  оқулықтар  жайлы.  Қадірлі  қоғам  қайраткерлері,  біздің 

жүмысымыз бұл  шаруадан да тыс қалмауы тиіс.  Қайта осыған 

мұрыңдық  болып,  иелік  жасайтын  жөніміз  бар.  Оларсыз 

мемлекеттік тілдің тұғыры тиянақсыз болмак.  Ендеше, «Қазақ 

тілі»  қоғамының  құрамына  енген  айтулы  мамандарымызды 

іске  қоса  отырып,  жақсы  үлгі,  жаңа  оқулықтарға  конкурс  жа- 

риялаймыз ба деген ойдамыз. Мәселен, төл оқулықтар үшін А. 

Байтүрсынұлы атындағы  сыйлық,  не президент жүлдесін неге 

дайындамасқа.  Осы  тектес  ұсыныстармен  Елбасыға  шықсақ, 

мұнымызды әбес көре қоймас.

Мемлекеттік  тіліміздің  өріс  алар  өзекті  бір  өлкесі  ғылым 

ордасы  екеніне  ешкімнің дауы  бола  қоймас.  Міне,  сол  ғылым 

ордасындағы  қазақ  тілінің  жағдайы  тіпті  де  мәз  емес.  Қазақ 

тілін  ғылым  тіліне  айналдырудың  әр  қилы  әрекеттері  бас 

көтергенмен,  ғылыми  тұрғыда  жүйелі  жүргізіліп  жатқан 

бір  нақты  бағдарлама  болған  емес.  Міне,  сондықтан,  біз 

жақында  мемлекеттік  тілді  ғылым  тіліне  айналдырудың 

өзекті  мәселелерін  қарастыратын  бағдарлама  ұсындық.  Бұл 

бағдарламаны  ғылым  министрлігі  мен ғылым академиясының 

басшылары қолдан отыр. Егер мақүлданар болса, ғылым тіліне 

негіз  болар  сан-саналы  терминологиялық  сөздіктер  түзіліп, 

жұртшылық қолына тиері хақ.

Сол сияқты «Қазақ тілі» қоғамын Қазақстан картасындаорын 

алған  әділегсіздіктер  де  толғандырады.  Осыны  бір  жүйелеп,

259


жер, су, қала, дала аттарының тарихи, дәстүрлі негізін қалпына 

келтіру үшін мамандарды тарта отырып «Қазақ тілі» қоғамының 

жанынан ономастикалық орталық қүрса да теріс болмас еді де- 

ген  ойдамыз.  Тарата  берсек,  талай  ойлар  бар.  Әзірге  осымен 

тоқтала  түралық.  Аталған  мәселелердің  мемлекет  тарапынан 

қолдау табар  болса,  еліміз үшін қаншама игілікті  іс тындырар 

едік  деп  арман  егеміз.  Бүларды  санамалап  шыққанда тағы  бір 

еске саларымыз мынау. Әлгі кітаптар мен энңиклопедияның та- 

ралымына көмектесу арқылы біздің жергілікті бөлімшелеріміз 

өздеріне  пайда  түсіреді.  Оның  проңенттік  шамасы  келісім-

шартта көрсетілетін болады.

Ең соңында айтарым халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 

өз  ордені  мен  ерекшелік  белгілері  туралы.  Біз  жуырда  өткен 

Торалқа  можілісінде  осы  мәселені  қарап,  бір  шешімге  кел- 

гендей  болдық.  Әрбір  мәдениетті  елде  өмір  сүріп  жатқан  біз 

сияқты  қоғамдық  үйымдар  озінің  осындай  ордендерін  жасау 

дағдысы  бар екен.  Мүнысы дүрыс та екен.  Неге десеңіз,  қоғам 

жүмысына ешбір қалтқысыз қызмет етіп, жәрдем көрсетіп келе 

жатқан  қаншама  жандар  барын  біреу  білсе,  біреу  білмейді. 

Олардың  арасында  ел  басқарушы  мемлекет  қайраткерлері  де, 

қарапайым  қоғам  мүшесі  де,  өзге  үлт  өкілдері  де  бар.  Міне, 

солардың  қайсыбірінің ана тіл үшін  сіңірген айрықша еңбегін

анда-санда  бір  әйгілеп,  марапаттап  отыру  мақсагында  «Ана

тілдің Айбары» деген орденімізді жасадық. Мүның екі түрі бар. 

Бірі - алтын жалатқан қымбат металл да, екіншісі - күмістелген 

металл. Екеуіне де арнайы диплом қосып беріледі.

«Қалтасы  тесік  қоғам  мүны  қалай  жасатты»  деген  сау- 

ал  өрбір  кеудеде  түрғаны  айқын.  Қүдайға  шүкір,  тілге  деген 

ықылас,  ынтасы  бөлек  жас  достарымыз  бар  екен.  Біз  соларға 

арқа сүйеп отырмыз.  Еліміздің де, тіліміздің де болашақ тірегі 

осы тектес жастар болса, сіз бен бізде арман бар ма, тәйірі. Ен- 

деше, жастардың жойқын әрекеттеріне жол болсын айталық.

260


Тағы бф ой. Қазақ хал қыны ң атар таңы мен туар жұл дызы ал да 

сияқты.  Неге  десеңіз,  біздің  халқымыз  өзінің  болмысындағы 

табиғат берген қасиетті түгел ашып көрсете алмай келе жатқан 

ел.  Мұндай  өрлеу  өзін  нағыз  қазақ  сезінген  сәтте  ғана туары 

хақ.  Ал  өзіңді-өзің  нағыз  қазақпын  деп  сезіну  үшін  қасиетті 

қазақ тілінің қайнар  бұлағына сүңгі.  Өйткен  адам  баласы  бар 

қадыр-қасиетті, білік-білімді, пайым-парасатты, иманды-ізетті 

т.  т.  әйтеуір  адамгершілік  болмысты  қалыптастыратын  бар 

игілікті  тек  тілі  арқылы  жинақтайды.  Тіл  сізді  сонау  ескі  за- 

ман,  ерте  дүниеден бері  жалғасып,  адамды  адам  етіп  баулуға 

қызмет  етіп  келе  жатқан рухани  мүраларымызға тереңдетеді. 

Қасіреттің үлкені солардан айрылып қалуда. Ендеше, өз тілінен 

алыстап,  өзге тілді  мәртебе тұтқан ағайынды  өз үйіріне қайта 

тартып,  оларды  қазақтандыру  жолдары  қарастыру  игі  іс  емес 

пе? Мақсатымызға жетелік, қауым!

261


|   :,;к: 



  /

САНАҒА САЛМАҚ САЛАР СӘТІҢ, ҚАЗАҚ!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың

РеспубликахалқынаЖолдау ы қоғамымызда қордаланып жатқан

көптеген  проблемаларға  қозғау  салды.  Қазір  осы  Жолдауда

жаитт

көп. Бұл орайда негізінен білікті мамандар мен ғалымдардың әр



саладағы қайраткерлердіңмазмұн-мағыналы ой-иікірлеріне ден

қойған жөн болар еді. Өйткені осы зиялы қауымның Жолдауды 

қалай түсініп, қалай пайымдауына, өз үн-тілектерімен халыққа 

қалай жеткізуіне, халықты қай жолға бастауына тіреліп түрған

жайттар аз емес.

Бәрі  адамға  байланысты.  Оның  түсінік-түйсігі,  пайым- 

парасаты,  мінез-қүлқы,  үлттық  санасы  мен  мәдени  өресіне 

байланысты.  Біздің қазіргі зиялыларымызды осы түрғыдан са- 

ралап қаралықшы.  Қандай биіктерге  көтеріліп,  қандай төрбие 

жетегінде  кетіп  барамыз.  Осылар  жайында  бір  үзік  сырды

қозғағым келеді.

Менің  бір  аса  жақсы  көретін,  баламдай  болып  кеткен,

ғылым жолында жолында жүрген  бір  інім  жуырда лауазымды 

қызметке барған еді. Ел үшін осындаи азаматтардың қызметке 

өрлегені  жақсы-ақ.  Міне,  сол  азамат  көз  алдымда  кеңсе  ауру- 

ына  шалдығып,  бүрынғы  ізетті,  сыпайы  мінезінен,  бір  сөзді 

уөдешіл қасиетінен айырылып бара жатқанын көргенде жаным

ауырады.


Бөрі  аппараттың,  кеңсенің  кесірі.  Ол  азаматтық  қалпын 

сақтайын  деп  қанша тырысса  да  ұйық  терең  бері  қарай  емес, 

ары қарай тартып барады. Бірақ соған қарамастан елге, халыққа 

керекті талай шаруаны  қолға алып  көркейтем  деп  әлек.  Арпа-

лыста жүр. Алдағы ғұмырын Алла білсін!

Сондай  адамды  адамдық  қалпынан  адастыратын  осы  тек- 

тес мекеме неге керек? Бұған өрине, мекеме  айыпты емес, бөрі 

адамның  өзіне  байланысты  десек  те,  қалыптасқан  ортаның

262


ықпалы орасан зор болады-ау деймін. Қазақ «адамды танығың 

келсе,  қолына  билік  бер»  деғенді  бекер  айтпаса  керек.  Адам

тағдырынабайланыстыбилікбасынабарғанкісініңжөпелдемеде

өзгеріп сала беретіні жақсылық емес.  Президент халыққа жол- 

дауында  осы  мәселеге  де  айрықша  тоқталған.  Шынында, 

халқына, адамға қайырымы жоқ шенеунікті көбейте бергеннен 

ел не ұтады? Адамдармен жұмыс істейтін кеңселердің бәрінде 

жоспар мен істі талап еткен жөн-ақ, соны орындайтын, орында- 

татын адам сиқы қандай? Ол өз ісімен ұлтымыздың нағыз өкілі 

бола ала ма? Мәселенің осы жағы ұмыт қалмасын ендігі жерде. 

Тағы бір мысал. Менің бала күннен бірге келе жатқан бір жолда-

сым бар. Мектепті орташа бітіріп барып, жолы болды да жоғары 

оқу орнының біріне түсті.  Оны да онша оңдырған жоқ,  әйтеуір 

бітіргені  туралы  қағаз  алып,  жоғары  білімі  бар  азамат  болып 

шыға келді.  Кейде осындайларға қарап, адам болу үшін жақсы 

оқудың  өзі  де  шарт  емес  шығар  деп  ойлайсың.  Неге  десеңіз, 

әлгі  жолдасым  жинаған  білімінің  аздығына  қарамастан,  арам 

ақша табатындар қатарына тез қосылды. Қарап отырсаң, бүл да 

еңбек,  тырмысу.  Қатарға  деп  отырғаным,  ішіп-жеудің  тәсілін 

ерте  игергендігіне  байланысты.  Еңбегін  адалдап  істемеген 

жерде  қашанда  жең  ұшынан  жалғасу  деген  иринцип  еркінси 

бастайды  емес  не?  Сонда сол  кездегі  кеңестік  мекемелер жаңа 

келген  жас  маманға нені  үйрету  керек  еді,  нені  үйретті  деген 

сауал  тұрады.  Я  жұмысты  жандандыратын  маман  тәрбиелей 

ме, жоқ әлде, жалған жандандыратын өккі адам тәрбиелей ме? 

Әңгіме осында. Қарап огырсақ, мекемелердің көбінде мөселенің 

екінші жағы басымдау болғанға ұқсайды. Әйтпесе әлгі жас ма- 

мандарымыз әу баста қызметін жеу жолына түсіп, байимын деп 

басгамаған болар.  Кезінде  кеңінен  етек алған әлгіндей  қызмет 

бабы біртіндеи кімді де болса жаман жолғатартын кете бергені 

рас.  Әсіресе, бүлінуге дайын тұрған төжірибесіз, жас,  ашқарақ 

адамның мұндай оргаға түсуі огқа май қүйғанмен бірдей. Ә де- 

геннен  арам  істі  жауын,  сол  үшін  нөре  алып  ауызданған жігіт

263


біртіндеп  түйені  түгімен  жүтардың  дәрежеге  көтеріледі.  Ол 

бүл  жағынан  шыңдала  берді,  әккілене  берді.  Түптің  түбінде 

қарны тоғайып, қалтасы томпая бастаған соң, озіне жоғарыдан 

қарап  сөйлейтін  өзгеше  мінез  пчыстатады  емес  пе?  Мүның 

үстіне  өзі  қашайын  деп  түрған  киік  еді,  шайт  деген  соң  не 

жорық!»  дегендей  тәуелсіздігіміздің  даңғырасындай  боп  ба- 

зар  экономикасы  дөп  келер  ме?  Есебін  тап  та  екі  аса,  амалын 

тап та байы деген  «еркінсуді»  жетектей келді.  Кеңес заманын- 

да іннен-інге  тығылған  қап  тесерлер  енді  еркін тыныстайтын 

болды. Базар нарқының терісін айналдырып жамылып жүрген 

мүндайлардың  «қалай  өтсең  олай  ет,  сат,  алда,  арба,  байы» 

деген  уағызы  байлаулы  қолын  шешіп  жіберді.  Күніміз  енді 

туды  деп  кіріскен  әлгілердің  көбі  дер  кезінде  әрекет  етудің 

арқасында байып та алды.  Қалай байыды дейсіз ғой,  олар  жер 

өндеген жоқ, егін салып, мал баққан жоқ немесе өнім өндіретін 

басқаша  бір  кәсіп  қүлағынан  үстаған  жоқ.  Олардың  үтқаны 

кеңестік  келеңсіздігінен  шашылып  қалған  мал-мүлікті  есебін 

тауып жымқырды,  көзін тауып қымқырды. Алыпсатарлықтың 

арналы жолына түсіп,  алақанына арам дүние  жинағандар  енді 

өзінің  елде  түпкі  әрекетіне  қолдау,  қорғау  табу  үшін  өлгі  та- 

быстарын шаша жүріп,  сыбайлас іздеп  шарқ үрды.  Көмейі  кең 

басшы аз ба, тауып та, табысып та жатты. Осылайша іргеленіп, 

күзерленіп  алғандар  қаншама  қазір.  Қатары  көбейіп,  енді 

олардың  қайсыбірі  ағымға,  саясатқа араласа  бастады,  билікке

үмтылуды шығарды, Оған да қолы жетіп жатқандар бар.

Бағзы  біреулер  ойлайды,  «е,  бөрекелді,  азамат,  мына 

қисыны  кетіп,  ыңыршағы  айналған  ел  түрмысын  жөндескелі 

келген  шығар!»  деп.  Жоқ,  өзір  ондайлардың  арасынан  елі 

үшін жаны  күйзеліп  еңіреген  азаматты  көру арманға айналып 

барады.  Олардың  көбі  билікті,  қызметті  елдің  ризығын 

молайтудың, өл-ауқаты н көтеріп, түрмыс-қал ін жөн деуд ің жол ы

қалтасын


264

жанын  салады.  Өйткені  ел  мүддесі,  халық  қамы  деген  пөк

пиғылмен  мына заманда  кеңейе  бастаган  өңешін  толтыра  ал- 

майтынын сезеді.

Бүл  қызметке  көп  отыра  қоймайтынын  да  біледі.  Сөйтіп 

бар  әрекет  мемлекетті  көркейту,  онсыз  да  өлместің  күнін 

кеше  бастаған  мәдениетті  жандандыру,  ғылымды-білімді 

қаржыландыру  емес,  қүлқын  мен  көмей  атты  тойымсыз  бір 

апанның қамы үшін жасалып жататынын көріп, сезгенде мына 

жалғаннан безіп кеткің келеді.

Енді  қараңызшы,  басқасын  былай  қойғанда  егеменді  ел 

болғалы  бері  үкіметті  басқарған  үш-төрт  адам  туралы  не  ай- 

тылмайды.  Терещенко,  Қажыгелдин...  Еліміздің  экономика- 

сы  мен  шаруашылығын,  мәдениеті  мен  өнерін,  ғылымы  мен 

білімін нағыз сын кезеңде  басқарып дамытады,  көтереді деген 

сенімдегі адамдар еді бүлар. Сонда олар не тындырды, «шіркін- 

ай»  деп  айтарлық  не  қалдырды  артына?  Сөйлете  қалсаңыз, 

«мен ешкімге жалынышты  емеспін,  бәленбай миллион долла- 

рым  бар»  деп  төс  қағатындары  бар.  Ол  қандай  қара  еңбекпен 

табылған  қаржы,  бір  Қүдайдың өзіне  мәлім.  Ел  күйзелісте,  ал 

бүл  кісілердің  бірде-бірін  кедей  деп  айта  алмайсыз.  Ана  зау- 

ыт,  мына  шаруашылық,  ана  компания,  мына  банк,  тағысын 

тағылардың  біразы  осы тектес  адамдарға тиесілі  болып  шыға 

келгенін қалай түсінуге болады. Иө, мәдениеттің де, ғылымның 

да,  өнердің  де,  тіпті,  экономиканың  да  қүлдыраған  түсы  осы 

кісілердің Министрлер кабинетінде, жүмсақ креслода отырған 

кезеңі мен  тікелей  байланысты.  Жақсы  өрекеттер  мен  жақсы 

нышандар болған да шығар.  Бірақ көсегесі көгерген тірлік деп 

ауыз толтырып айтарлық іс шамалы.

Мен  халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  жүмыстарына 

байланысты  кезінде  Қарамановта да,  Терещенкода да болдым. 

Қажыгелдинге  кіру  әрекетінен  ештеңе  шықнады.  Обалына не 

керек,  алдыңғы  екеуі  қабылдады.  Қабылдауында,  мөселені 

тыңдауында,  түсінуінде  осы  қалай  дейтін  түсы  болған  жоқ.



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал