Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет18/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34

238

халықтарының  бағына  Сіздің  сау-саламат  болуыңызды 

тілейміз, -  деп түйдік, ойымызды.

Ең соңында:

  Алдыңызда  сөилеп  түрған  пақырдың  мемлекеттік  тілі- 



міздің  мәртебесін  көтере  түсуге  септігі  тие  ме  деп  жазған 

«Қазақ сөзі» деп аталатын жаңа еңбегі  еді.  Соны да тапсырып 

кеткенімді айыпқа бүйырмассыз, -  деген оймен біз сөзімізді та- 

мам  етпк.  Осыдан  соң  Мансүр  Тайжы  Түркия  қазақтарының 

атынан  әкелік,  ағалық  қамқорлығына  С.Демирелге  риза- 

лығын  айтып,  арнайы  тіктірген  шапанын  үсына  берді.  Прези- 

дент рахметін бас изей білдірді де:

  Мына  шапанның  үстіне  қалай  киейін,  алла разы  болсын, 



-деді.  "

Сөз  тізгінін  Президент  үстады.  Ол  өзгеше  бір  ықыласпен,

мейір төге сөйледі. Кигізген шапан мен қалпакты шешпей отыр-

ды.  Сыйға тартылған кітаптардың беттерін ашып, кайта-қайта

сыртын  сипалап  қарап  қояды.  Сонысынан  біздің  бойымызда

ғажап  бір  жылы  сезім  пайда  болып,  оның  сөзін  ыждағатпен 

тыңдадық.

—  Сіздердің  мына  көрсетіп  отырған  сыйқүрметтеріңізге 

мейлінше  ризамын.  «Ана  тілдің  Айбарын»  мен  шапаны- 

ма  емес,  жүрегімнің  үстіне  қадап  отырғандаймын,  —

  деді 

костюмінің жағасын сыртқа айналдырып қойып, саусақтарымен 



жүрегінің түсын ашып  көрсетіп,  сөзін жалғай түсті. -  Мүндай 

марапатты  мен  ешқандай  атақтан  кем  көрмеймін.  Қоғам,  мем- 

лекет  өмірінде  зиялы  қауым  атқарар  іс  үшан-теңіз.  Соның 

ішінде тіл мен мөдениет айырықша ғана емес, рухани әлемнің 

байлығымен  де  іргелі.  Міне,  сіздер  елге,  халыққа  керекті 

осындай  игі  іспен  шүғылданып  отырған  зиялылар  қатарына 

жатасыздар.  Тағдырдың  сыйына  қараңыз,  осыдан  он  жыл 

бүрын  Сіздердің  осындай  сапармен  келуіңіз  мүмкін  бе  еді. 

Мүмкін емес еді. Шамамды XXI ғасыр  гүркі жүртшылығының 

ғасырына  айналар  ма  деп  ойлаймын.  Енді  бір  он  жылдан



239

кеиінгі  өмірді  көзге  елестетіп  көрелікші.  Иә,  бізге  тағы  бір 

он  жыл  керек  Түркі  тілдес  туыс  халықтардың  қалай  гүлдене 

түскенін  көретін  боламыз.  Оган  тарихи  негіз  бар.  Мәселен, 

әлемдегі алты түрік мемлекетінің бір де болса бірегейі тәуелсіз 

Қазақстанның қазіргі  қадамына қаралық.  Менің бауырым, дос

інім Нүрсүлтан Әбішүлы Назарбаевтың жігерлі, әрекеттері мен 

халықаралық беделіне сүйсінемін.

Сол  он  жылда  атқарар  Сіздер  тектес  зиялы  қауымның 

алдында  киелі  міндеттер  түр.  ¥йымшыл  әрекет,  қажырлы 

қимыл  қажет.  Әрине,  Сіздердің  қоғам  сияқты.  ¥йымдардың 

ел  тыныштығы  мен  тіл.  рух  түтастығын  бекіте  түсуде  орны 

бөлек  екенін  және  Сіздерге  осы  игі  істе  көмек  қажет  екенін 

сеземін. Біз өз тарапымыздан жәрдем қолын созудан тайынбай-

мыз, — деп барып, ол сәл таныстады, өз елінің кісілеріне қарап: 

«Сау  болыңыздар,  үлықсат!»  дегендей  ишара  жасады.  Бәрі 

орындарынан  түрып,  қоштаса  бастады.  Біз  де  түруға  ыңғай 

білдіріп едік «Жоқ, Сіздер отырыңыздар», -  деп қолын көтерді. 

Сағатымызға  қарасақ,  40  миңуттан  аса  уақыт  өтіп  қалыпты. 

Президентпен  оңаша  қалдық.  Шай  келтірді.  Шай  үстінде  ол 

біздід  жағдайымызды  сүрағыштап,  ел,  тіл,  түркі  түтастығы, 

рухани мәдениет жайлы  ойларын  айтып,  сыр тартып  отырды. 

Тағы  бір  25  минут жайлы  әңгімеден  соң  біз  үлықсат сүрадық. 

Ол  орнынан  түрып  бізді  өз  кабинетіне  алып  кірді.  Кабинеті 

мен  қабылдау  бөлмесінде  алып-жүлып  көңілді  алаң  етер 

жарқылдақ  ештеңе  жоқ.  Бәрі  де  қарапайым  қоңыр  өмір  жы- 

рын шертіп түрғандай. Оның жүмыс столының алдында бүкіл 

түркі  әлемінің үміт артар үлы тұлғасымен қүшақтасып  сурет- 

ке түстік. Ол бізді тең құрбысындай сөйлесіп тұрып қоштасып,

табыс  тілеп,  өзінің  екі  томдық  үлкен  кітаптарын  қолымызға 

ұстатты.


Қазақ тілі мен қазақ мәдениеті бүкіл түркі жүртшылығының 

төріне  көтерілгендей  болып,  президент  алдынан  біз  арқала- 

нып,  аруақтанып  шықтық.  Өйгкені  Түркия  Республикасының

240


президенті  Сүлеймен  Демирел  мырзаның  кеңсесінің  төрінде 

қазақтын  үні,  қазақтың  тілі,  қазақтың  рухы  көпке  дейін 

жаңғырып тұратынына сеніміміз мол.

Осындай  сапардан  сон  адам  өзінің  іргелі  елдің  өкілі  екенін 

қатты сезініп, ғажайып қуатқа мінеді екен.

Алыгі Қазақстанымыз тәуелсіз ел болмаса, мүндай сапарлар 

біздерге бұйырар ма еді, бұйырмас па еді, кім білсін! Ендеше өз 

Отанымызға қалтқысыз қызмет етуден игі не бар мына өмірде,

ағайын!

\

241



ҚОҒАМҒА ҚОНЫС, ТІЛІМІЗГЕ ӨРІС...

(қоғамның III құрылтайындағы баяндама)

Қадірлі  қауым!  Мемлекеттік тіліміздің мерейін  үстем  етіп, 

оны  шын  мәртебелендірудің  жолдарын  ойлап,  шаршап  та 

шалдығып  жүрген,  талай  кездескен  кедергілер  мен  кесірлі 

орекеттерден  сонда  да  тауы  шағылмай,  жолы  жағылмай  ана 

тіліне  өле-өлгенше  қызметші  болуды  өз  еркімен  қалап  алған 

ағайын,  армысыздар,  есен-сау  бармысыздар?!  Бүгінгі  әңгімені 

бүлай  бастауымда бір  сыр  болып түр.  «Сәлем —

 создің  анасы» 

дейді дана халқымыз.  Нарық қыспағына алған заманымыздың 

барған  сайын  қусырыла  түскен  сан-сапалақ  күңгірт  жолдары- 

нан өз сүрлеу, соқпамызды жоғалтпай, бір-бірімізбен хат-хабар 

алысудың  озі  несін  жасырайық,  мүң  болып қалды  ғой.  Дидар 

ғайып.  Кештеу  болса  да,  басымыздың  қосылуына  мүмкіндік

жасалып отырғанына мейлінше  қуаныштымыз.  Әуелі  аманда- 

сып алуымның себебі, осыдан.

Етігіміздің  тарлығы  мынау,  дүниенің  кеңдігін  қайтейік 

Деп  қапа  болған  талай  сәттер  отті  бастан.  Көрген  тауқымет 

пен  шеккен  бейнетті  таратып,  талдап  айтар  болсақ,  таңнан 

таңға үласатын хикая болар  еді. Бірақ бүгінгі мақсат, меніңше, 

басқашалау  болу  керек  сияқты.  Неге  десеңіз,  не  корсек  те, 

халқымызбен  бірге,  нендей  бейнет  шексек  те  тәуелсіз  еліміз- 

ДІҢ  ТУЫ  астында,  өз  жерімізде,  қазақ  аспанының  астында 

қүдайдың  бүйыртқан  ауасын  еркін  жұтып,  еркін  өмір  сүріп 

келеміз.  Бүған  шүкіршілік  етпеске  бола  ма?!  Тәубесінен 

жаңылмай келе жатқан елдің түлегіміз ғой.

Көрмей  отырғанымыз  жоқ,  көріп  отырмыз,  білмей  жүрген 

жоқпыз,  біліп  жүрміз.  Айтар  болсақ,  өзге  түгілі  өз  өзегінде 

жанған  өртті  өшіре  алмай  әлек болар  ек.  Қайта сол от жалын- 

дай  лаулаған  жігерімізді  болмай  жатқан  ісіміз  бен  толмай 

жатқан  қазанымызды  қаңсырлатқаннан  гөрі  тәуелсіздігімізді

беркіте түсудің амалдарына жұмсалық тағы.

242


Міне,  осындай  ойдың  тізгінін  ұстай  отырып,  мен  баянда- 

маны  баяғыша,  яғни  барлық  жергілікті  ұйымдарымыздың 

жұмысына  жеке-жеке  тоқталып,  жетістігі  мен  кемшілігін 

талдап  және  әкімшіліктер  мен  үкіметіміздің  қатынасын, 

көзқарасын,  ынтасын  сөз  етуден  саналы  түрде  бас  тарттым. 

Себебі  жасалған  игі  істеріміз  бойға қүт,  ал  кемшіліктер  сыры 

жүртшылыққа  былай  да  мәлім.  Оларды  ежіктеп  айтып,  елді 

де, өзімізді де мазалаудың жөні жоқ сияқты. Оны қазіргі заман 

даму қарқыны да көтермейді. Бастан кешкендерді қүр баяндап, 

байбалам  салғандай  болғаннан  гөрі  қоғамның  ендігі  тағдыры 

не  болмақ,  мына  заманның  теперішіне  төтегі  бере  алмайтын- 

дай  амал  бар  ма,  болса  оның  жөні  қалай,  алдағы  кезектегі 

бағыт-бағдарларымызды  қай  тұрғыда  айқыңдаймыз  деген 

мысалдар  төңірегінде  байыгіты  байлам  жасау  қажет,  қоғам 

ісі  жеке  адамдардың  емес,  Сіз  бен  біз  болып  бірігіп  жүргізген 

тірліктеріміздің  түйіні.  Баяндамадан  кейінгі  сөйлеушілердің 

мәселеніңосы жағына, яғни қарақазақтыңсөзімен айтқанда, күн 

көріс түріне назар аударыңқырағанын қалар едік. Жинақталған 

тәжірибе  не  берді,  өзгқелерге  үлгі  боларлык  жақсы  нышанда- 

рымыз қандай дегендерге назар аударыңқырағанын қалар едік. 

Сондай-ақ, бүл жағын. қажетіне қарай сөйлеушілер толықтыра 

жатар.


Сондықтан  осыны  айту  қажет-ау  деген  басты-басты 

проблемалық  мәселелерге  мән  беріңкіресем  деп  едім.  Және 

қанша  дегенмен  кезеңдік  сипат  алып  отырған  «Қазақ  тілі» 

қоғамының қызметін бір  қорытып тастайтын да мезгіл жеткен

сияқты.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының шаңырақ көтергеніне 



алты  жыл  болды.  Алты  жыл  атқан таңмен  батқан  күн  есебіне 

шағып  есептесек,  аз  да  емес,  көп  те  емес.  Дегенмен,  әрбір 

күні  айларға,  өрбір  аптасы  жылдарға  тагитын  оқиғаларды 

ойнатып  жатқан  мына  зымыран  заманымыздың  қаркынымен 

қарағанда  едәуір  уақыт.  Бұл  жылдар  бізді  теңіз-гарихтың

243


сол

жүзген  ескексіз  қайғымызды  жалаңаш  қолмен  демеген- 

дей  болған  да  жайымыз  бар.  Мінген  қайығымыздың  әлі  де

тесігін тығындап,  сынығын  жамап-жасқаумен  келеміз.  Сөйтіп 



0

ірімізше  ылайықты  тірліктер

Қысқасы

өткізіп, азды-көпті жасаған шаруаны саралап,  бір түйін жасап, 



қорытқалы отырмыз.  Неден бастадық,  не тыңдырдық? Себебі,

«Қазақ


қоғамы

еңбек.  Ендеше  атқарылған  жүмыстар  сипатын  бір  саралап 

алған мақүл деуіміздің мәнісі осыдан.

Қоғамның  қуатын  арттырып,  іргесін  нықтаған  алғашқы  ірі 

істеріміздің бірі—жер-жерде қоғамның бөл імшелерін, бастауыш 

үйымдарын қүру  болды.  Соның  арқасында қоғам  республика- 

ның  түкпір-түкпірінде  өзінің  көз-қүлағын  қалыптас-тырып,

қанаттанды. Олардың аудандық, қалалық, облыстық үйымдарға 

бірігіп,  республикадағы  мәдени,  рухани  шараларға  ықпалын 

тигізіп  отыратын  іргелі  үйымға  айналғаны  мөлім.  Осы  ретте 

рухани әлеуметтік өмірімізде атқарылған жүмыстарды саралап 

қарасақ, «Қазақ тілі» қоғамының араласпаған саласы кем де кем 

екен. Әрине бүл жерде барлық жетістікті біздің қоғамның жеке 

басына телуден аулақпыз.  Ол тиісті түрлі мемлекеттік мекеме- 

лермен,  министрлік,  ведомстволармен, т.  б.  орындармен тығыз

жасап,  бірлесе  қимылдаудың,  тіл  табыса  білудің

нәтижесінде  келген  жетістіктер.  Мүның  үстіне,  обалына  не

керек,  алғашқы  кезеңде  үкіметіміз  де  едөуір  елгезектік таны-

тып  біз  гараптан  қозғалған  мәселенің  көбіне  қолдау  көрсетіп

отырды.  Соның арқасында біз тілге қатысты біраз шаруамызға 

бүкілхалықтық сипат беріп үлгердік.

Сонда  елдің  рухын,  тілдің  мөртебесін,  қоғамның  беделін 

көтерген басты-бастылары мыналар деп ойлаймыз.

244

байланыс


Қазақ  тілінің  қамын  бүкіл  үлт  болып,  мәдениет  болып 

қамдастырмасақ қараң қалатынын түсінгендік нәтижесі болар, 

дүниеге Тіл туралы заң келді. Бүл Заң «Қазақ тілі» қоғамынан 

бір  ай  бүрын  келді.  Алайда,  ол  қоғам  қүруды  ерте  бастан  ой- 

лап, мәселе көтеріп жүрген, кейін сол үйымның іргесін қалаған 

жандардың да тікелей  араласумен  жасалды.  Сөйтіп,  келмеске 

кете жаздаған қайран тіл қайта тіріліп, мемлекеттік мәртебеге 

ие болды. Заң қабылданғанмен оқу-тәртіп жүмысында ондаған 

жылдар  бойы  үздіксіз  жүргізіліп  келген  тілден  бездіру 

жүмыстарының  салкыны  тереңге  кеткен-тін.  Бүдан  бірден 

арылу мүмкін емес еді.  Заң қағаз жүзінде  қалып  қоймас үшін, 

оның іс  жүргізу механизмін  жасау керек болатын.  Көп  үзамай 

түзіліп,  қабылданған  2000  жылга  дейінгі  мерзімді  қамтитын 

Мемлекеттік Бағдарлама осы мақсатты көздеді.  Онда әрбір об-

лыс, қала, аудандардыңмемлекеттіктілді өмірге ендірудіңнақты

мерзімдері  көрсетілді.  Дәл  осы түста «Қазақ тілі»  коғамының

жүмыстары  қыза  түсті.  Неге  десеңіз,  әрбір  облыс  өздерінің

маслихат  мәжілістерінде  Мемлекеттік  Бағдарламаны  қарап,

оз  ауқымдарында  жүргізілетін  жүмыстардың  нақты  жоспар-

жобасы Н жасап, қабылдауға кірісті. Міне, осы жүмыстарға қоғам

тікелей  араласты.  Бүл  шаруаға  ең  бірінші  болып  семейліктер

кіріскені  мәлім.  Олар  өздерінің облыстың  совет депутаттарын

белгіледі.  Осы ретпен барлық облыстар  Бағдарламаны  арнайы

қарап жүмыс жоспарын түзіп, тіл мәселесімен нақты айналыса 

бастады.

Әрбір  облыста  қабылданған  Бағдарламалар  бойынша 

қыруар жүмыстар тындырылды. Жүздеген қазақ балабақшалар 

мен  мектептері  қатарға  қосылды.  Іспен  нақты  айналысу 

мәселесінде  қаншама  мүғалімдер  мен  төрбиешілерге  мүқтаж 

екеніміз  анықталды.  Мүның  өзі  екінші  бір  күрделі  пробле- 

маны  күн  тәртібіне  шығарды.  Бүдан  шығар  жол  да табылды. 

Республикада жүмыс  істеп  жатқан  барлық  педагогикалық  ин- 

ституттар әлгіндей мамандар даярлайтын қазақ бөлімдері мен

245


факультегтерін ашып, бүкіл халықтық-іске өз үлестерін қосыгі 

жатты.  Жоғары  оқу  орындарының  басқа  түрлері  де  қатардан 

қалған  жоқ.  Тілім  деп  іштен  тынып  жүрген  талай  оқытушы, 

мүғалімдер тығырықтан шығар жолдың алуан түрлі өздерінше 

ойлап тауып,  сан түрлі  салада оқулықтар мен оқу қүралдарын 

жазды,  терминологиялық,  т.б.  сөздіктер  түрін  түзіп  топыр- 

латты.  Әрине,  олардың  сапасы,  ғылыми  негіздемесі  екінші 

бір  сала  әңгіме.  Бүл  жердегі  біздің  мән  бергелі  отырғанымыз 

тілге  деген  қүлшыныс  пен  үмтылыстың  әуелгі  кезде  өзгеше 

болғаны.  Және  бір  ашып  айтар  мәселе  осы  тірліктердің  бас- 

қасында үнемі «Қазақ тілі» қоғамы белсенділерінін жүруі. Әлгі 

авторларымыздың  көбі  жоғары  оқу  орындары  мен  орта  білім 

беру  мекемелерінде,  тінті  училище,  мектептерде  қүрылып 

жатқан  «Қазақ  тілі»  қоғамының  біріккен  комитегтері  мен  ба- 

стауыш  үйымдарының  айналасына  топтасып,  күш  біріктіріп

отырғанын  білеміз.  Сонымен  бірге  білім  беру  ордаларының 

біразында  қазақ  тілімен  тікелей  айналысатын  арнайы 

проректорлардың болғаны да іске береке дарытты. Бірақ кейінгі 

жылдары  мүның  барысы  сиырқүйымшақтана  түскен  сияқты 

қазақ бөлімдеріне, қазақ мектептеріне, қазақ балабақшаларына 

Қаптап келіп жатқан балалар бүл салада әлі талай жүмыстардың 

жүргізілуі тиіс  екенін дәлелдеді.  Бүрын  жабылып  қалған  мек- 

тептер қайта жаңғыртылып, жаңа мектептер шанырақ көтерді. 

Статистикалық  есептеу  орталығының  мәліметі  бойынша, 

Республикамыздағы  қазіргі  қазақ  мектептерінің  саны  бүгінгі 

таңда -  3414, аралас мектеп -  2270, орыс мектепгері -  2624 екен. 

Ал  оқып  жатқан  балалар  саны  мен  қүрамы  былайша:  орыс 

мектептерінде -  966 259 оқушы, қазақ мектептерінде - 1   100 565 

оқушы, аралас мектепте -  755  117 оқушы оқиды. Сонымен бірге 

Қазақстанда  түрып  жатқан  үлт  өкілдерінің  268  мектебінде 

1539 топ болып оқушылар өз ана тілдерінде дәріс алып жатыр. 

Мүның  үстіне  үлт  өкілдерінің  шоғырланын  отырған  жердің 

қай-қайсысында да мектеп ашуына мүмкіндік мол.

246


Нарықтық  экономика  қаншама  қыспаққа  алып,  қаржыдан 

қиналып  жатқанымызбен,  мектептер  санының  азаймай,  қайта 

көбейе  түскендігіне  шүкіршілік  етеміз.  Мүның  ішінде  қазақ, 

орыс және басқа үлт өкілдері мектептері де бар. Мәселен, мына 

деректерге  жүгінелік:  1995-96  оқу  жылының  есебі  бойынша 

республикамызда  3360  қазақ  мектебі  болса,  1996-97  жылдың 

есебі  3414  цифрын  көрсетіп  отыр.  Атап  айтқанда,  Ақмола, 

Шығыс  қазақстан,  Батыс  қазақстан,  Павлодар  облыстарының 

әрқайсысында 4 мектептен қосылған. Бүл жерде қуанышымызға 

қоса  талай  қазақ  баласының  Қазақстанды  отаным  деп

санағанымен,  қазақ  тілі  мен  мәдениетінен,  тарихымыз  бен 

әдет-ғүрып,  салт-санамыздан жүрдай  болып  есіп  келе  жатқан 

жасөспірімдеріміз де бар  екенін өкінішпен айтуға тура келеді. 

Неге  десеңіз,  174  мектепте  мемлекеттік  тіл  оқытылмайды 

екен.  Ал  ондағы  ана  тілінде  тәрбие  алуға  тиісті  оқушының 

саны  -   21  630.  Мүндай  жағдай  әсіресе  Қарағанды,  Павлодар, 

Солтүстік  Қазакстан,  Торғай,  Шығыс  Қазақстан  облыстарын- 

да етек алыңқырап түр. Ендеше, бүдан шығатын түйін аталған 

облыстардағы  үйымдарымыздың  алдында  мемлекеттік  тілді 

ендіру жөнінде  атқаратын әлі талай күрделі  міндеттер  бар де-

ген сөз.

Осы  жылдары  бүрыннан  шығып  жатқан  қазақ  газеттерінің 

үстіне  ондаған  өз  газеттеріміз  бен  журналдарымыздың  бой 

түзегенін мақтанышпен айтуға болады.  Бүл ретте Семей, Пав- 

лодар,  Көкшетау,  Оңтүстік  Қазақстан,  Ақмола,  Ақтөбе,  т.  б. 

облыстардағы сондай-аққалалық,тіпті аудандық газеттеріміздің 

«Қазақ  тілі»  қоғамының  жүмыстарын  насихаттауда  баға  жет- 

пес  іс  тындырғанын  еске  аламыз.  Әсіресе  қоғамның  ең  басты 

тірлігіне, қуатты қаруына айналған «Анатіл» тазетінің атқарып 

келе  жатқан  жүмысының  маңызы  өте  зор.  Шынын  айтсақ, 

осы  газеттің  дүниеге  келуіне  кезінде  зор  қолдау  көрсеткен 

Ө.  Жәнібеков,  М.  Жолдасбеков,  Ә.  Кекілбаев  іәрізді  азаматта- 

рымызды осындайда бір еске алып, алғысымызд ы айтып қойсақ

247


артық болмас  еді.  Өйткені жер-жерде  «Қазақ тілі» қоғамының 

белсенділері жүргізіп жатқан жүмыстардың бүл газет айнасы- 

на айналып қана қойған жоқ, сонымен бірге алдағы істерімізге 

бағыт-бағдар  сілтеп  отыратын  жетекшілік  дәрежесіне  де 

көтерілді  деп  айта  аламыз.  Осы  «Қазақ  тілі»  қоғамы  не  істеп 

жүр, қалы қалай?» деген тәрізді сауалдар қойылып қалады кей- 

де. Осы тектес сауалдардың бәріне «Анатілі» газетін қадағалап 

оқу  арқылы  толық  жауап  алуға  болар  еді.  Онда  біздің  керек 

десеңіз табыстарымыз  ғана емес,  сонымен  бірге  жіберіп  алған 

кемшіліктеріміз де сөз болып жатады.

Осыған қоса қазақ тілі мен мәдениетін, яғни қазақ халқының 

рухани  жан  дүниесінде  болып  жататын  қүбылыстарды 

қызғылықты  жазатын  «Қазақ  елі»  газетінің  қатарға  қосылуы 

да  үлкен  күш  болып  түр.  Оның  бас  редакторы  «Қазақ  тілі» 

қоғамы  сардарларының  бірі  екенін  еске  саламыз.  Бір  есептен 

сондықтан да болар  бүл  газеттің бетінде де  қоғам  жүмыстары 

кеңінен насихатталатыны.

«Қазақ тілі» қоғамы қүрылған сәттен бастап мемлекеттік тіл 

тағдырына байланысты радио-теле хабарлардың алуан түрі бір 

толастаған емес. Әсіресе «Қазақ тілі» қоғамы мен қазақ радио- 

сы  қоғамдық-саяси  редакциясы  бірлесіп  ашқан  тіл  мәселесін 

қозғайтын  радиожурналымыздың  ролі  айрықша  болды.  Бүл 

журнал  «Ана тілі»  әнімен  басталып,  осы  әнмен  аяқталып  от- 

ырады.  Тіл  арқылы  адамның  бойындағы  отаншылдық сезімді 

төрбиелеуге  болатына  осы  айтылған  мысалдарда  айқын

аңғарылса керек.

Көптеген  ғылым  салалары  бойынша  зерттеу  жүмыстары 

қазақша жүргізіліп, диссертациялық жүмыстар қазақша жазы- 

латын болды. Ең бастысы олар ғылыми кеңестерде мемлекеттік 

тілде талқыланып,  сол тілде  қорғалатын  болды.  Бүл  дегеніңіз 

қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың тура жолы деген сөз.

Сондай-ақ  білім,  мәдениет,  өнер  ордаларында,  ресми 

кеңселерде  іс  қағаздары  екі  тілде  бірдей  жүргізіле  бастады.

248


Мемлекеттік  тілді  дамыту  мақсатында  қаншама  сөздіктер, 

тілашарлар, әдістемелік құралдар және іс қағаздарын толтыру, 

жүргізу үлгілері пайда болды. Міне, мұның барлығы бір адым 

болса да ілгері  жылжығандык  еді.  Көптеген  өзге  ұлт өкілдері 

қазақ тілін  үйренуге  бет түзеді.  Тіпті  астанамызда  жалғасқан 

шетелелшіліктерініңбіразытәуелсізҚазақстанныңмемлекеттік 

тіліне мән бере бастады.  Олардың қайсыбірінің ресми кездесу- 

лерде біздің өкілдер тарапынан орысша айтылған мәселе-лерге 

тәп-тәуір  қазақшалап  жауап  қайтарып  ұялтқандары  да  бар. 

Өкінішке  қарай,  жұртшылықтың  тарапынан  болған  тілге  де- 

ген  осы  ынта,  ықылас  жүйелі жалғасын таппай,  үздік-создық, 

әрекідік  бой  көрсетіп,  ақырында  майы  таусылардағы  шам 

сияқты қалт-құлт етіп түрған сыңайға көшті.

Бірақ  елдің  тілге  деген  бейілін,  қанағаттандыра,  әрлендіре 

түсу қызметі мен ниетінен «Қазақ тілі» қоғамы бірде тайқыған 

да,  таныған  да  емес.  Қолынан  келген  мүмкіншілігін  барынша 

пайдаланумен  болды.  Бүл  ретте  үнемі  қолқабыс  еткен  газет, 

журнал, радио, телевидение қызметін айрықша айтамыз.

Қоғам  жұмысының  республика  шеңберінен  шығып,  шет 

жерлерге де ұласқаны баспасөз бен ақпарат құралдары арқылы 

көпшілікке мәлім. Жұмыс көлемінің ұлғая түсуіне байланысты 

республикалық ұйым халықаралық «Қазақ тілі» қоғамына ай- 

налды. 

'

Міне,  сол  халықаралық ұйым ретінде  қоғам  алдында  кесе- 



көлденең  тартылған  күрделі  мәселелерді  гүбегейлі  шешіп 

отыруға  болмасты  билеген  түрмысымыз  мұршаны  келгіре 

қойған  жоқ  -   Монғолияда,  Түркияда,  Омбы,  Мөскеу, 

Санкт-Петербург, 

Орынбор, 

Астрахань, 

Қарақалпақстан, 

Франңия,  Швецияда  т.  б.  қалалар  мен  елдерде  бой 

көтерген 

қалалық 


ұйымдармен 

байланысымыз 

сиреді. 

Бөрі  де  қаржының  тапшылығына  барып  тіреледі.  Алай- 

да  шет  жерлердегі  отандастарымыздың  тілге  тиек  де- 

ген  мұқтаждығын  өтеуге  қашан  да  дайын  екенімізді

249


көптеген  облыстық  үйымдарымызда  жүргізіліп  огырған 

жүмыстар 

дәлелдейді. 

Бүгін 


ол  - жайында 

аз 


әңгіме 

болмаса керек.

Ең бастысы  Халықаралық  «Қазақ тілі»  қоғамы  елбасымыз-

дың жарғақ қүлағы  жастыққа тимеи, үнемі  қадағалап отырған 

ел  бірлігі,  халықтар  ынтымағы,  Қазақстан  түтастығы  идея- 

сын  бірден  қолдап  жүйелі  жүмыс  жүргізіп  отырғаны.  Өзінің 

Жарғысында  да  анық  көрсетілгендей,  осы  идеяны  ол  тіл 

бірлігі  арқылы  қамтамасыз  етудің  неше  алуан  амалдарын 

пайдаланып  келеді.  Мысалы,  «Қазақ  тілі»  қоғамы  жақында 

ғана  республикалық  орыс  одағымен  бірлесіп  осы  ғалымдар 

үйінде әдемі бір кеш өткізіп, ынтымақ үшін, ары қарай бірлесе 

қимылдаудың бағыт-бағдары тәптіштелген келісім шартқа қол 

қойды. Мүндай шаралар барлық жергілікті үйымдарымызда да 

өткізіліп келеді.  Қазақ халқының жүрек лүпілін,  қан тамыры- 

ның  соғысын  қадағалап,  оның  адамгершілік  мүдделерін  іске 

асырып  отыруды  мүрат  түтқан  қоғам  осындай  тірліктерімен 

бүкіл  халық  сеніміне  ие  болған,  сондықтан  да  бүқара  атынан 

сөйлей  алатын  нағыз  халықтық  үйымға  айналды.  Біздің  ең 

ірі  табысымыздың  бірі  осы.  Біздің  күш-қуатымыз  халықнен 

бір  түтастығымызда,  халықтың  өзін  танытатын  тілге  қызмет 

етуімізде. 

.  |  


ш

Сонымен бірге, біз бүгін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын 

бейжай  қалдырмайтын, оның іс-әрекеттерімен үштасып  жата- 

тын  проблемаларды  сөз  етуге  міндеттіміз.  Өздеріңізге  мәлім, 

Тіл  туралы  Заңның  жаңа  жобасы  жасалып,  біраз  талқыға  са- 

лынды. Қоғамның бүл Заң жобасын жасауда да үлкен үлесі бар. 

¥лт  саясаты  комитеті  қызметкерлерімен  бірлескен  жүмысшы 

тобының құрамында біраз тер гөгілді. Бұл жаңа Заң кейінгі кез- 

де салақсытып алған шаруамызды қайта жандан дыру ға сеп бола 

ма деп огырмыз. Барлық бабы бірдей қазақ халқының мүддесін 

жоқтап тұрмағанымен,  мынау  өтпелі деп отырған кезеңіміздің 

мінез-құлқына  тән  нышандар  арқалаған  бұл  Заңға  қүдайға

250


шүкіршілік  айтуға  тура  келеді.  Себебі  бүрынғыға  қарағанда, 

аздап болса да жаңалығы бар және нақты түсінікті мемлекеттік 

және  орыс  тілінде  жазылған.  Мәселен,  мемлекеттік  мекеме 

қызметкерлерінің тіл  білу  міндеттілігі,  соған орай аттестация 

жүргізілетіні,  мемлекет  тарапынан  тілдің  қамқорлықта  бола- 

тыны,  оны  менсінбей  елемеғендерге  айып  салынатыны  және 

әрбір  ресми  мекемелердің  өз  шеңберінде  мемлекеттік  тілдің 

енуіне  жағдай  жасалатыны,  қаржы  бөліп  отыратыны  т.  т.  ту- 

ралы  біраз  өмірлік  мәні  бар  мәселелер тәптіштелген.  Осының 

негізінде  көп  үзамай  мемлекеттік  бағдарлама  да  жүртшыЛық 

қолына тиюі тиіс.  Жақында жарияланған тіл түжырымдамасы 

да  біраз  жайттың  бетін  ашып  отыр.  Ендігі  мәселе  бұлардың 

бәрінің  баяғыдағыдай  қағаз  жүзінде  қалып  қоймай  халыққа 

жетуі  керек.  Өзінің  тілек-талабын  тұжырымдап  отырған  бұл 

құжаттардың  ең  белсенді  жанашырлары  бұқараның  өзі  бо- 

латынын  түсінбей  түрып  істе  нәтиже  болмайды.  Сондықтан 

коғам:  белсенділері  ендігі  жердегі  жүмыстан  мүлде  басқаша 

жаңаша  қарқынмен  жүргізуіне  тура  келеді.  Неге  десеңіз,  осы 

уақытқа  дейін  жайлап  бойға  сіңе  бастаған  қазақ  тіліне  деген 

козқарастағы  салқындық  дендеп  алғаны  соншама,  от  жа-

лын  боп  өртеніп  жүрген  белсенділеріміздің  озінің  бойынан 

торығу,  жалығу  сияқты  мінез  байқалғандай.  Мына  бүгінгі 

қүрылтайымызда  біздің  бойымыздағы,  ойымыздағы  ана  тілге 

деген  ыстық  махаббат  ешқашан  да  сарқылмақ  емес  екенін 

ашыгі  айтуға  тиіспіз.  Біз  бар  мүмкіншілігіміз  бен  жігер- 

қайратымызды  әлі  түгел  жұмсап  үлгергеніміз  жоқ.  Жаңадан 

жасалып үсынылған Заң мен өзге қүжаттар Сіздер мен біздердің 

жігерлі әрекеттерге бастайды деп ойлаймыз.

Қазак тілі -  халық рухын өйгілейтін өулетті құрал ғана емес, 

ол  бүкіл  болмыс  бітімімен  түтас  бір  әлеумегті,  үлкен-кішіні 

құрайтын халықтың өзі. Тілі жоқ ұлт болмайды, ұлт болған соң 

тілі туралы толғанбай тұра алмайды.  Қазақ тілінің қадірін ай- 

тып  қанша  күйзелсең  де,  өз  тіліңнен  безінін  өзге  тілді  мүрат

251


тұтқан  өз  ағайынымыздың  қатары  көбеймесе  азаймай  тұр. 

Бұрын бүкіл бір ұлттың жан дүниесін жаулап алған орыс тілінің 

үстемдігін сөз етіп әуреге түссек, енді аттап қадам басқан сай- 

ын  мен  мұндалап  арбап  тұрған  шетелдік  жарнамалар  қаптай 

бастағанда  әр  алуан  ықпалда  болып  келе  жатқан  «Қайран 

қазақ, үрпағыңа енді  қалай ие  болар екенсің?» деп  күйзелесің. 

Күнделікті  еніп  жатқан  осы  тектес  жаңалықты  көрген  сай- 

ын  «орысымызға  жылап  көрісетін  жағдайға  жетпесек  болар 

едінің  керін  ойлайсың.  Осыдан  келіп  біздің  зиялы  қауым  ал- 

дында  өзгеше  бір  іс-әрекет,  жауапты  міндет  күтіп  тұрғанын

сезінесің.

Қадірлі  зиялы  қауым,  үрпағымызды  осылайша  өз  қағынан 

жеріген  қүлан  іспеттес,  өзгелендіре,  жаттандыра,  огейлендіре 

береміз  бе,  жоқ  әлде  өз  ұлтының  гүлдене  түсуі  үшін  барлық 

мүмкіншілігін  сарқа пайдаланатын дамыған елдер  сияқты  ар- 

шынды  әрекеттерге барамыз ба? Мұны  бүкіл ел, халық болып 

ойланатын  шақ  келді.  Тәуелсіздіктің  маңдайға  жазған  үлесін 

дұрыстап  пайдалана  алмасақ,  қай-қайсымыздың  да  халық 

алдындағы парызымызды отей алмағанымыз. Міне, сондықтан 

бүгінгі таңдағы біз атқарар жұмыстың бір бағыты қазақтандыру 

мөселесіне  байланысты  бола  ма  деймін.  Ойткені,  қазіргідей 

құбылмалы  кезеңде  таза  тіл  мәселесімен  отырып  қалмай, 

сол  тіл  туындататын  неше  алуан  әлеуметтік  мәселелермен 

де  шұғылдануға  гура  келеді.  Яғни  жұмысымыздың  шеңберін 

бұрынғыдан  кеңейтіңкіреп,  халқымызды  қазақтандырудың 

қандай жолдары, әдіс-тәсілдері бар дегенді түбегейлі, тіпті ке- 

рек десеңіз ғылыми тұрғыда ойластыруымыз керек.

Осы  ретте  аса  көңіл  болетін  мынадай  мәселелерге  ерекше 

назар  аударамыз.  Ол,  ең  алдымен,  тәрбие  мәселесі.  Тәрбие 

болғанда,  әсіресе,  отбасы  тербиесіне  айрықша  тоқталғым 

келеді. Неге десеңіз, қоғамдық өмірде орын алып жатқан неше 

алуан  бейбастық,  тәртіпсіздік,  маскүнемдік,  ұрлық-қарлық, 

нашақорлық,  зиянкестік,  жалақорлық,  пөлеқорлық,  т.б.  толып

252


жатқан ұлт намысына тиетін кесепат қылықтардың бәрі түптеп 

келгенде  отбасы  тәрбиесіне  жеткілікті  көңіл  бөлінбеуінен 

туындаған.  Осының  салдарынан,  қаймағы  бүзылмаған  қазақ 

елінің өзіне тән ұлттық мінез-қүлқында түсініксіз құбылыстар 

орын  алып  жатыр.  Мұның  екінші  бір  жағы  тіл  тәрбиесіне 

тікелей  қатысты.  Не  отбасында,  не  мектепте  тіл  тәрбиесіне 

жеткілікті  көңіл  бөлінбеген  жерде  бүкіл  бір  үрпақ  тағдыры 

тәлкекке  түседі  дегең  сөз.  Қазір,  біз,  сол  жіберіп  алған 

кемшіліктердің  «нәтижесін»  көріп  отырмыз.  «Не  ексең,  соны

орасың» деген осы.

Отбасы және тіл тәрбиесімен қамшының өріміндей өзектесіп 

жататын  мәдениет,  тарих,  ата  салтымыз,  дана  дәстүріміз,  дін 

тәрбиесі  тағы  бар.  Осының  қай-қайсысы  да,  дұрыстап  көңіл 

бөле  алсақ,  халқымызды  қазақтандыру  жұмысына  қызмет

ететін салалар.

Бұл жерде дін тәрбиесіне де айры қш а назар ауд арған д ұрыс деп 

білеміз. Дін демекші, демократияның айқын бір белгісі ретінде 

«Қай  дінді  қаласаң да,  өз  еркің»  деп  рухани  жан  дүниеміздің 

қақпасын айқара ашып қойып қарап отырғанымыз мүлде тиімсіз 

болды. Тиімсіз болатыны, мүны шетел миссионерлері өдемі пай- 

далана бастады да, біздің халық «Қарнымыз тоқ, көйлегіміз көк 

болса болғаны, дінде тұрған не бар» деп баяғы  бойкүйездігіне 

басып,  санадағы  дүбәралыққа  жол  беріп  жатыр.  Қазір 

Қазақстанда діннің неше алуан  гүрі қаптап  барады.  Правосла- 

вие, христиан, кришна, пүтқа табыну т. б. тармақтары жетерлік. 

Ең  жаманы  бүлар  өз  дініндегілермен  емес,  өзге  дін  адамда- 

рын,  өсіресе  қазақтармен  шүғылдануда.  Мүсылмандықтан 

безіп,  аталған  діндерге  өтіп  кеткен  қазақтарды  қазір  жүздеп, 

мыңдап  санауға  болады.  Бұларға  өтудің  басты  себебі  күнкө- 

рістің  тауқыметі  деп  білеміз.  Әлгі  діндердің  қалталы  қалың 

өкілдері  адам  арбайтын  насихаттарының  үстіне  қаржыны  да 

аяп  жатқан  жоқ.  Бір  таңқаларлығы  сол,  елдің,  тілдің,  жердің 

тірегі,  ұлттық  қасиетіміздің  мызғымас  тұғыры  болып  келе



1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал