Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет17/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34

226

жасау, қарлық қылық, өтірік өсекпен айналысу, т.т. сиықсыздық 

та күнделікті дағдыға айналып барады.

Егер  осылай  жалғаса беретін  болса,  тәуелсіздіктің  керегесі 

болып керілер оғы болып шаншылар рухы күшті ұрпақ қатарын 

селдіретіп  алуымыз  ғажап  емес.  Рух  деген  ұлы  күш!  Қазақ 

тарихының  аласапыранында  мың  өліп,  мың  тірілген  халық. 

Соның  бәрін  де  ол  рухының  мықтылығымен  қаулап  қайта 

бас  көтеріп  отырған.  Шапқыншылықтың,  жауынгершіліктің 

сан түрін  көрген.  Соның бәрінен еліміздің рухы  күшті үлдары 

мен  намысы  күшті  қыздары  алып  шығып  отырған.  Кешегі 

Отан  соғысының  өзінде  ерлік  көрсеткен  сан  мындаған  қазақ

жауынгерлері  қаншама.  Бүлар  да  ата-бабадан  ұласқан  рух 

мықтылығын танытты.

2030-дың  айқын  Бағдарламасын  ұстап  отырған  бүгінгі 

ұрпақтың  базар  айналасында  ар  саудасына  түсіп,  абыройдан 

айрылып жүргенінше, берекелі тірлік тізгінін ұстап, бағын сы- 

нар  шақ келді.  Сол шұбырып жүрген жас жігіттер  мен қыздар 

бас  біріктіре  отырып,  иесіз  қанырап  қалып  жатқан  ауылдар- 

ды  қүзырға  алып,  тыңнан  тірлік  бастаса,  сөйтіп  өздерінің 

болашағына жол ашса болмас па еді. Қыздарымыз шетелдіктер 

жетегінде, үлдарымыз қүлдықтың көгеніне байланғаншатоқтап 

калған өндіріс орындары мен кең байыту комбинаттарына жан 

бітіреиік деп неге дабыл қақпасқа!  Бүл оңай шаруа емес, әрине. 

Бірақ біздің халық қай кезде қиындықсыз күн кешіп еді. Көшеде 

түрып,  біреу шеккен темекінің тұқылын тергенше,  ауылға ба-

рып кетпен ұстап,  жер ананың емшегін емген әлдеқайда абзал 

емес пе?

Қазақ мал-жан, ар сөздерін жоғары бағалаған, оны ешқашан 

ұмытпаған. Сын сағатта бұл ұғымдардың әрқайсысын өз орны- 

на қоя  білген.  Ақыл-ойын,  күш-жігерін,  ащы терін төге жүріп 

жинаған басты байлығы—малын жаны үшін садақа етсе, жанын 

ары үшін қүрбандыққа шала білген халықпыз. Біздің халықтың 

рухының  күштілігі,  міне,  осында.  Осындай рухы  биік  үлттың

227


бүгінгі үрпагы сын сағатта түр. Мына уақытша қыспаққа алып 

тұрған  өтпелі  кезеңнен  рухымызды  сындырмайтын  тұтастық 

пен  намыс  қылышын  қолға  мықтап  ұстаи,  кесірлі  де  кесапат 

кедергілерден  ұлтымызды  аман-есен  алып  шыға  аламыз  ба, 

жоқ  па?  Қазақпын  деп  сезіне  білген  әрбір  азаматтың  алдын- 

да ұлт тұтастығы  мен ел бірлігінің жауынгері  ретінде  атқарар 

іс ұшан-теңіз.  Ендеше,  елің үшін, жерің үшін, тілің үшін  күш- 

қайратың  мен  білік-біліміңді  жүмсап  қал.  Бүдан  асқан  парыз 

бар ма азаматқа, тәйірі?! 

'

228



«АНА ТІЛДІҢ АЙБАРЫ» АЛЫП ШЫҚҚАН САПАР

Халықаралық  «Қазақ тілі»  қоғамның  III  құрылтайы  жүріп 

жатты.  Ғалымдар  үйінде  жүрт  лықа толған.  Әйтеуір,  тіл  десе 

болды,  елеңдеп  үйінде  отыра  алмайтын  елдің  қүлағы  түрік, 

көңілі елгезек. Қазақ тілінің тағдыры қайткенде жөнделмек деп 

жаны күйзеліп жүрген жанның бәрі мүндай жиыннан қалмауға 

тырысады.  Бұл  Жолы  да  солай  болды.  Нағыз  жаншырлар  да 

жеткілікті,  «Қазақ  тілі»  қоғамы  не  тыңдырыпты»  деп  сынай 

қарап, сүрінер жерді аңдып сығалап отырғандар да бар.

Баяндамада қоғам атқарған жүмыс, көрген қиыншылық пен 

күйзелістер де ашық айтылды. Біздің өзге мекемелерден негізгі 

айырмашылығымыз  -бюджетке  мойын  созып,  ештеңе  дәмете 

алмайтындығымыз. Ал мүшелік жарна жинау арқылы өзін-өзі 

қаржыландыруды  оилаған  қоғамның  ізгі  ниеті  қай  түйыққа 

тірелгені жұртшылыққа тағы мәлім. Нары қ тарықтырған қоғам 

мүшелерінің  тілге  деген  ықылас-ынтасы  су  сепкендей  басы- 

лып,  күнкөрістің  иірімінен  шыға  алмай  қалды.  Бір  ғажабы, 

қаржы қыспағын қанша көрсе де, Ана тіліне қүл болып қызмет 

етуге  бел  байлаған  жандар  «Қазақ  тілі»  атгы  бұқаралық 

ұйымның  шаңырағын  шайқалтпай  үстап  отыр.  Әр  жердегі 

қоғам  Жарғысына  орай  жүйелі  жүргізіліп  жатқан  әр  қилы

әрекеттері е,  іс-қимылға жан  сүйсінеді,  құрылтайда мәселенің 

бұл жағы да сөз болды.

Өзі  қиналыста  жүрген  қоғамның  жұртшылықты  елең 

еткізген тағы бір жаңалығы мынау еді:

Тіл  мәртебесін  котерудің  сан  түрлі  амал-тәсілдерін  ойлап 

тауып, жолдарын қалыптастырған, оның алдындағы перзенттік 

парызын  қалтқысыз  өтеп,  өзіндік  қолқабысын  да  аямай 

жүрген үлттық ар  мен ұят тірегіндей әйгілі азаматтарды,  ерен 

тұлғаларды,  қаһарман  қайраткерлерді  Халықаралық  «Қазақ 

тілі»  коғамы  атынан  марапаттап  отыруды  жоспарлаған  бола- 

тынбыз.  Мүны  біз  ана тілге  деген  ықылас-бейілі  ірдал,  жаны



229

ары  таза,  қуатты  демеушілер  арқылы  іске  асырмақ  едік.  Ол 

үшін  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  «Ана тілдің  Ай- 

бары»  атты  ең  жоғары  мөртебелі  белгісін  жасауды  үйғардық. 

Ойлағандай демеуші де, жасаушы да табылып, ел алдында бер- 

ген уәдемізді абыроймен орындап шықтық деп ойлаймыз. Енді 

өңгіме мүны ең алдымен кімдерге беру жайын келісу болатын. 

Торалқа мен бюро мәжілісінде ақылдаса келе бүқаралық үйым 

ықыласына  өуелі  мына  үш  адамның  лайықты  екені  шешілді. 

Олар  -  Ахмет  Байтүрсынүлы,  Нүрсүлтан  Әбішүлы  Назарбаев 

және Сүлеймен Демирел мырза.

Мүндай үйғарым жасау оңай бола қойған жоқ, әрине.  Тоғыз 

толғап,  он  ойлануға  тура  келді.  Ақыры  осы  ойға  тоқталдық. 

Бүл шешімнің дүрыстығына қазірдің өзінде көзіміз жеткендей.

Мәселен,  биылғы  жылды  мемлекеттік  тіліміздің  түлей 

үшып, қанат жая бастаған жылы десе болғандай. Мүның Ахмет 

Байтүрсынүлының 125 жылдық мерейтойымен үштастырылуы 

тіпті қиындасып кетті. Қазақ халқының үлы перзенті Ахаңның 

бар саналы өмірі Ана тіліміздің еңсесін көтеруге бағышталған. 

Ол  ана  тілдін  нағыз  Айбарына  айналған  жан.  Ендеше  «Ана 

тілдің  Айбары»  атты  белгінің  әуелі  А.Байтүрсынүлына 

бағышталып,  оны  Алматыдағы  мүражай  үйіне  тапсыру 

жөніндегі шешімімізді үлағатты жиындарда хабарлағанда жүрт 

ықыласында шек болған жоқ. Бүл -  біріншіден.

Екіншіден,  Тәуелсіз  Қазақстанның  түңғыш  президенті 

Нүрсүлтан  Назарбаев  жөніндегі  ойымызды  да  жүртшылық 

қызу  қуаттады.  Шынында,  соңғы  7-8  жылдың  беделінде 

мемлекеттік  тіл  туралы  қабылданып  жатқан  игі  шаралардың 

бәрінің басы-қасында Елбасымыз отырыпты. Конституция, Тіл 

туралы  Задар,  мемлекеттік  Бағдарлама,  тіл  түжырымдамасы, 

т.  т.  қаулы-қарарлар,  шешімдер,  жарлықтар  -   бөрі-бәрі

Нүрекеңнің  мақүлдамасынсыз  өткен  емес.  Еңдеше  бүкіл 

еліміздің  жетекшісі,  жеріміздің тірегі,  тіліміздің  қамқоршысы



230

бола білген бас тұлғамызды «Ана тілдің Айбары» деген атаққа 

лайықсыз деп кім айта алады.

Үшіншіден, бүкіл түркі әлемініңтірегіндей болып ірі мемле-

кеттер мен иық тіресіп қатар келе жатқан Түркия Республикасы 

Қазақстан тәуелсіздігін ең бірінші болыгі таныған туыс ел. Сол 

елдің  басшысы,  қарапайымдылықтың  символындай  ірі  тұлға 

С-  Демирел  мырза  барлық  бауырлас  түркі  жұртшылығының 

өрдайым басын  қосып, олардың тілі, мөдениеті, тарихы,  өнері, 

рухани әлемі жайында келелі кеңес құрыи, кұрылтайлар өткізіп 

отыруды  бірнеше  жылдан  бері  дағдыға  айналдырып  келеді. 

Оның осы  әрекеттерінің озі-ақ елдің ризашылығын тудырмай 

ма? Біз осы ұйғарымымызды айтып С. Демирел мырзаның аты- 

на  хат  жолдадық.  Жолдауын  жолдасақ  та,  несін  жасырайық 

«Қандағы  бір  қолында  билігі  жоқ  қоғамдық  ұйым  шешімін 

ілтифатқа  ала  қояр  деймісің»  деген  күдіктен  арыла  алмай 

жүргенде  аз  күн  өтпей  жатып  жауап  сарт  ете  қалды.  Өтініш 

хаттарымызға мұншама тез жауап алып үйренбеген халықпыз 

ғой.  Жоғарыға  жазылған  хаттарымыздың  апталагг,  айлап  жа- 

тып, ақыры жауапсыз қалған жайымыз да көп.

Жауап хатта тіл мәртебесін ойлап, халықтың жан-дүниесіне 

керекті  шаруамен  айналысып  жүрген  мұндай  ұйым  басшыла-

рын ықыласпен қабылдайтыны анық айтылған. Тіпті айы, күні, 

сағаты да көрсетіліп қойыпты. 

,

Сонымен  Әбекең  (Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының 



президенті  Ә.  Қайдар)  екеуміз  жол  қамын  жасадық  та,  Ал- 

маты  әуежайынан  «ИЛ-86»  ұшағымен  аспанға  котерілдік. 

Жайғасып  болып  жан-жағымызға  қараймыз.  Артынып- 

тартынған,  қоржын-қосқалаңы  көп  әлдебіреулер  әрең дегенде 

еңтігін басып, «анау арзан, мынау қымбат» деп өздерінің мұнда 

келе  жаткандағы  түпкі  мақсатын  әңгімелей  бастады.  Олардікі 

дүние  қамы,  бала-шағасының үстіне  жапсырар,  аузынан тосар 

бірденелерді  арзанырақ  қамтып  қайтса  болғаны.  Өмір  сүру 

үшін бұл да керек,  әрине. Ал біздікі не? Сақалды басымызбен,

231


өзімізге  жетерлік  абырой-атағымызбен  тағдыр  бүйыртқан, 

еңбекпен еселенген нәсібіміз бен кәсібімізді елде жүріп-ақ да- 

мыту орнына алыстағы Түркия еліне, ш ы ң  президенті С. Деми- 

релі е сәлем бергелі келеміз және жай ғана сәлем емес, «Өзіңіз 

білетін қазақ дейтін халық бар, ш ы ң  түркі ті лдерінің түп негізін 

сақтаған  ғажайып  тілі  бар,  сол  тілдің  беделін  төмендетпей, 

берекесін дарыта түсу үшін қайрат көрсетіп жүрген бүқаралық 

ұйым  «Қазақ  тілі»  қоғамы  Сіздің  тіл  мен  мәдениетке  деген 

зор  ықыласыңызға  тәнтілігін  білдіру  үшін  келе  жатырмыз» 

деуді  ойлап,  бір  жағынан  ыңғайсыздық  сезінгендей  боламыз. 

Өз  елінде  өркендете  алмай  жатқан  тіліңнің  мәртебесі  кімге 

керек? 64 миллион халкы  бар,  әлемнің іргелі мемлекетгерімен 

өз 

тілінде 


айылын 

жимай 


тең 

сөйлесетін 

Түркия 

Республикасының  Президенті  кімге  зар,  біздің  өтінішімізге 



соншама мән беріп, тез арада қабылдай  қояр ма екен деген ой- 

дан да құралақан емес едік.

Бұлай  ойлататын  жағдай  бізде  жетерлік  қой.  Күнделікті 

мұқтаждыққа орай жергілікті жердегі басшыларға күнің түспей 

түрмайды. Бірде анасына, бірде мынасына дегендей, аудандық, 

қалалық,  облыстық  әкімшіліктерге  арыз  айтып,  өтініш  жа- 

сап,  тілек  білдірсең,  дәл  мүндай  елгезектікті  көре  алмай  қор 

боласыз.  Бұл  шамасы,  біздің  ел  басқару  жүйесіне  іліккен 

өкілдеріміздің  ішкі  мөдениетінің  толыспай  жатқанынан  жөне 

адамдық дейтін үлы  мамандыққа мән бермеуінен болса керек.

Көк  төсінде  самғап  келе  жатып  неше  алуан  ойға  шомасың. 

Әбекеңе  қараймын.  Ол  да  ойсыз  отырмайтын  адам.  Төс 

қалтасында  қаламы  мен  қағазы  қашан  да  дайын.  Қисынды 

бір  сөз,  тосын  тіркес,  жаңа  қолданыс,  мақал-мөтел  десе  бол- 

ды  -   мұның  бөрі  бұл  кісінің қағаз  қоржынына түсіп  жатқаны. 

Өзі  мейлінше  қарапайым,  ғылымға  берілген,  оның  ішінде  тіл 

ғы лымына мейлінше ғашық жан. Жас алшақтығына қарамастан 

сырлас, сый лас, қадірлес адамдармыз. «Қазақтілі» қоғамынқүру 

гұсындағы  алапат  әрекеттер  бізді  бұрынғыдан  да  жақындата

232


түскен.  Кейде  бүл  адамның  көп  кісіге  көріне  қоймайтын  ішкі 

тегеурін, қайсар қайратына таң қаламын. Кешегі соғыстың ба- 

сынан аяғына дейін қатысып, қиындықтарға мойымай, сынбай,

қайта қуаттана келгені бір ерлік болса, үш тілді (қазақ, үйғыр, 

орыс) бірдей еміп, үшеуімен де ғылыми ізденістер жасап, бүкіл

түркология  әлемі  мойындайтын  іргелі  еңбектер  жазуы  екінші 

ерлігі еді. 

,

Ал  86-ның  желтоқсаны  әкелген  ызғардың  көктемде  де, 



жазда да  кетпей  түрған түсында  ел  тағдыры  мен тіл  тағдыры 

сынға қатты түсті. Бүл кезде қазақ зиялылары да тарих сынын- 

да тұрды. Кеңестік дәуірдің темір тезінен жалтақ боп «түзеліп» 

шыққан зиялы қауым тіл мен ел тағдыры талқыға түскен түста 

аңырап  калғаны  қазір  тарих  еншісінде.  Өзге  үмыт  болса  да, 

үмыт болмайтын бір мәселе бар. Ол Колбин қүрған 26 адамнан 

түратын  комиссияның  қазақ  тілін  жеке-дара  мемлекеттік  тіл 

деп  айтуға  батылы  бармай,  бүлталақтатып  түрғанда  Әбдуәли 

Қайдардың  «Қазақстанда  мемлекеттік  тіл  тек  қазақ  тілі  болу 

керек» деп тайсалмай айтып салуы үшінші ерлігі еді. Осындай 

ой жетегінде отырғанда, Әбекең:

-   Ал,  Өмеке,  Президентке  барғанда  не  дейміз?  -   деп  мой-

ын  бүрды.  Сөзді  біреуге  карызға  сүрамайтын  адам,  көкейінде

түйіп  отырғандары  бар.  Соны  бір  тексерістен  өткізіп  алғысы 

келіп отырғаны ғой.

-  Әбеке, бүл бір қүдай бүйыртқан тарихи сапар болғалы түр 

ғой.  Несін  сасасыз.  Ол  президент  болса,  Сіз  де  президентсіз. 

Әйтеуір,  халық  атынан  келе  жатқан  соң,  қазақ  тілінің  мөрте- 

бесін танытсаңыз болды да, -  деп қалжыңдадым.

Шынында,  «Қазақ  тілі»  қоғамы  қүрылады,  қазақ  тілі 

мемлекетті к  мәртебеге  көшеді,  күндердің  күні  болғанда  бүл 

үйым мен қазақ тіліне Түркия елі, онын президенті С. Демирел 

мырза да көңіл аударатын болады деп кім ойлаған.

Егеменді 

еліміздің 

барлығына, 

мәрте б е л і 

тіліміздің 

барлығына,  өзге  жүртпен  тереземізді  теңестіріп  отырған

233


тұңғыш  президентіміздің  барлығына  масаттанып,  содан  ұлт- 

тық  сана  жалымыз  күдірейіңкірегі  барып  Стамбул  әуежай- 

ына  қондық.  Жүрттың  арқалаған  жүгі  басқа,  біздің  жүгіміз 

мүлдем басқа.

Өгкендегі  келісім  бойынша  бізді  Стамбул  қазағы  Мансүр 

Тайжы қарсы алды. Бүл адамның біздің «Қазақ тілі» қоғамына 

деген  ықыласы  бөлек.  Сонау  89-жылдан  бері,  яғни  қоғам 

қүрылған  жылдан  бері  бізден  қол  үзген  емес.  Біздің  шетелдік 

отандастарға  деген  қолымызды  ұзартып  жүрген  сыпайы, 

мәдениетті, сауатты жан. Өзініңтүп негізі Алтайдан, Қытайдағы 

сонау  аласапыран  жылдары  марқүм  әкесі  Хүсайын  Тайжы 

бастаған  қазақтар  азапты  сапар  шегіп  Түркияға  жетіп,  сонда 

қоныс тепкен. Қазір сондағы Қазақкентте тұрады. Біраз жылдан 

бері Атамекенге келгіштеп, екі елге де керекті кәсіпорын ашып, 

пайдалы  іспен  шүғылданып  жүр.  Түңғыш  президентіміздің 

қолынан  ең  алғаш  Қазақстан  азаматы  деген  қүжат  алған 

адамның  бірі.  Ал  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  оны 

қүрметті  мүше  етіп  қабылдады,  Сондай-ақ  екі  ел  арасындағы 

мәдени,  рухани  байланысты  дамытуға  қосып  жүрген  еңбегін 

ескеріп,  оны  ҚР  Әлеуметтік  ғылымдар  Академиясының 

құрметті академигі етіп сайладық.

Біздің  С.  Демирелге  жіберілген  хатымыздың  хабарын 

анықтап, екі араға дәнекерлік жасап жүрген азаматымыз -  осы 

Мансұр.  Ол  бізді  Стамбулдың  қазақтар  тұратын  бөлігіндегі 

өз  үйіне  алып  келді.  Мүндағы  қазақтардың  көбі  бір  көшенің 

бойында  іркес-тіркес  салынған  4-5  қабатты  үйлерде  түрады. 

Соның  бірі  -   Мансүрдікі.  Жері  аз  болғанмен,  үйлері  қабат- 

қабат.  Мансүрдың  балалары  ержеткен,  үйленген.  Көзге  бірден 

түсетіні  -   бәрі  шетінен  ізетті,  сызылып  түрған  бір  жан.  Сізге 

ілтифат  көрсетуге  үмтылып  тұрады.  Қазақшалары  түрікше

мақамда  болғанмен,  ана  тілін  қүрмет  тұтады,  сөйлейді. 

Атамекеннен  алыста  жүрген  ағайынның  еш  арнайы  мек- 

теп,  балабақшасыз  өз  үрпағын  қазақша  тәрбиелеп  жүргеніне

234


риза  боласың.  Бас  аман,  барлық  жағдай  бар  ортада қазақшаға 

қиналып  жүрген елдегі талай отбасы  еске түседі.  Сірә,  мүның 

бәрі  құлықсыздық пен  70  жыл  бойы  бойға сінірілген кеңестің 

тексіздендіру тәрбиесінен бе деп себеп іздейсің. Бірақ қаншама 

жылдан  бері  қалың  қазақ  арасында  жалғыз-жарымдап 

жүрген  өзге  ұлт  өкілдерінің  ешқандай  тиісті  жағдайсыз-ақ 

балаларын  өз  тілінде  қалайша  сайратып  шығаратынына 

қайран  қаласың.  Және  олардың  ешқайсысы  да  өмір  кешінен 

қалып жатқан жоқ. Өз тіліне қоса қазақ, орыс және ол аз десеңіз 

шет  тілінің  бірін  тамаша  игеріп,  алға  озып  жатады.  Біздің 

қазақтың  да  қабілеті  жоқ  емес.  Құдайға  шүкір,  орыс  тіліне 

коса  кез-келген  шет  тілін  жөпелдеме  үйреніп,  өмір  бәйгесіне 

үялмаи-ақ  қосылып  жатқанына  сүисінесің  де,  ал  бірақ  сол 

ықылас-ынтаның өзінің ана тіліне келгенде неге  су сепкендей

басыла беретіні түсініксіз.

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  — осы  бір  жылдар  бойы 

мендеп алған рухани сырқаттың себеп-салдарын қазбалап, одан 

құтылар, шығар жолдарды көрсетіп күйзеліп жүрген бірден-бір 

таза қазақы бұқаралық ұйым. Қасіретке шалдыққан қазақ тілін

қазақ жерінде түлету —

 оның  басты  мақсаты.  Осы игі  мұратты 

орындауға сәл де болса шарапаты тиер адам, қоғам, мемлекеттің 

қандайы  болса  да,  біздің  ұйымның  қамқорындай.  Қарлығаш 

қанатынан  тамар  тамшыдай  болса да ықылас  білдіріп  жүрген 

Мансұрдың да біз үшін орны бөлек.

суан  ішіп,  көңіл  жайлап  алған  соң,  аттың  басын

Шай

«Мерседес:



Мансұр  бейдің  ұлы  Әбіләзиз  өзінің 

Щ

Ш

  ____ННІ

жігіт.  Түркияның  таулы-тастақты,  ойлы-қырлы  жерімен,

салынған  тақтайдай  жолмен  жүйткітіп  отырып,  төрт-бес

сағатта  бас  қалаға  жетіп  бардық.  Мұнда  Мансұрдың  таныс

азаматының  жекеменшік  қонақүйі  бар  екен.  Содан  алдын-ала

дайындалған орынға жайғастық  га, ертеңгі сағат  11.00-ді күтіп, 

демалысқа кірістік.



235

Әбекең  де,  мен  де  ертеңіне  тамаша  бір  сергек  сезіммен 

ояндық.  Осындағы  Қазақстанның  өкілетті  елшісі  Балташ 

Түрсынбаевпен  хабарласып,  кеше  келгелі  іздеу  сала  бастаған 

едік,  ол  Стамбулға  кеткен  жолдан  енді  ғана оралған  екен,  таң 

атпай  тауып  алып,  тілдестік.  Ол  өзі,  біздің  шамалауымыз- 

ша,  еліміздің  үміт  артар  үлкен  қайраткер  азаматының  бірі. 

Мүның  үстіне  бүрыннан  оған  деген  біздің  ықыласымыз  да 

өзгеше  еді.  «Ашаршылықта  жеген  қүйқаның  дәмі  ауыздан 

кетпес»  дегендейін  «Қазақ  тілі»  қоғамы  үйсіз-күйсіз  тәй-тәй 

қадам  басқан  кезінде  орталықтан  ойып  түрып  он  бір  бөлмелі 

кеңсені  беріп,  қаржылай  да  қамқорлығын  көрсеткен,  мәселе 

шешетін жігерлі жігіт болатын. Соның арқасыңда «Қазақ тілі» 

коғамы  мен  өз  газеті  «Ана  тілі»  редакциясы  міндетше  алған 

адапат  жүмыстарын  жүргізуге  мүмкіндік  алған-тын.  Адам, 

ел тағдырын шешетін тетікті, түтқалы  қызмет осындай жаны, 

ары таза,  іскер  азаматтар  жүрсе  ғой,  шіркін.  Сонда ел  басқару 

Президентімізге  жеңілдеу  болмас  па  еді  деп  ойлайсың.  Қазақ 

елінің  қамын  ойланбай  отыра  алмайгын  біз  де  бір  пендесі 

емеспіз бе, тәйірі.

Б.Түрсынбаевтың  айтуынша,  мүнда  Абай  алаңы  жаса- 

лып,  онда  қоладан  жасалған  мүсіні  қойылған.  М.  Әуезовтің 

100  жылдығына  орай  да  осындай  алаң  ашылып,  ескерткіш 

қойылған.  Ал  бүгін  көтере  түсетін  тірліктері  баршылық 

екен.  Телефондағы  аман-саулықтан  соң  айтқаны  -  Анкарадан 

Мағжан паркі ашылып, оның ескерткіш тасы қаланыпты. Соған 

арналған  жиынды  аша  салысымен  С.  Демирелдің  кеңсесінде

кездесетін болдық.

Сонымен  сағат  Анкараша  11-ге  10  минут  қалғанда  Түркия

Республикасының  президенті  Сүлеймен  Демирел  мырза 

огырған  Орданың  қақпасын  қақтық,  жөнімізді  білген  кілең 

бір жаранған жігіттер біздің қүжаттарымызды  жинап  алды да, 

аты-жөніміз  түрікше  жазылған  басқа  бір  белгіні  омырауға 

тақты.  «Көліктеріңіз  осында  қалсын,  сіздерді  басқа  араба

236


Қақпадан

на зу  етіп  жетіп  келді.  Соған  отырдық та,  айнала  көк  пен гүл

ғимараттың

дына барып тізгін тарттық. Есік алдында жол көрсетіп лыпыл- 

дап түрған жас жігіттер бірінен кейін бірі  қақпақылдап,  шама- 

сы  президентке  барар  алдында күтер  белме  болу керек,  соған 

алып барды бізді. Бес минут қалғанда осы жерге Б. Түрсынбаев 

кіріп келді.  Қүшақтаса көрісіп,  жағдай сүрасып бола бергенде: 

«Жүріңіздер, президент күтіп отыр сіздерді» деді бір қызметші. 

Үлкен  бөлменің  есігі  екі  жарылып  ашылды  да,  есік  алдынан 

С.Демирелдің озі күтіп алды. Алдымен Әбекең, сосын мен, со- 

сын Балташ, Мансүр төртеуімізбен кезек қол берісіп амандасты 

да, сопақша столдың төріндегі таққа озі барып жайғасты. Бізді 

оң  қабатқа отырыныз  деп  ишара  жасады.  Мүнда  бізден  басқа 

да адамдар толып  отыр  екен.  Кейін білуімізше,  мына кездесу- 

ге  президент  үлкен  мән  беріпті.  Соның  бір  белгісі  -  ол  өзінің 

бүрынғы,  қазіргі  қызметтес,  әріптестерін,  Түркияның  білікті 

азаматтары  және  барлық  әйгілі  телерадио  компаниялар  мен

беделді  газеттер  окілдерін  жинапты.  Олар  өз  тірлігіне  кірісіп 

кеткен.


— 

Хош  келіпсіздер!  -   деді  С.  Демирел  мырза  өзгеше  бір 

жүмсақ  үнмен  жылы  қарап.  Бүл  сөз  біздің  онсыз  да  елжіреп 

отырған  көңілімізді  жадырата  түсті.  Әуелі  Мансүр  Тайжы 

рүқсат сүрап, бізді президентке жеке-жеке таныстырып өтті. Ол 

әрқайсысымызға  қарап,  бас  изеп  отырды.  Адамды  түмшалап

тастайтын сірескен рәсімсіз соншама бір қарапайым қалып ор-

нады.  Патшаның алды күнде кездесіп, сырласып жүрген қатар

қүрбымен, өріптестермен кездескендей күйге көшті. Бүл шама- 

сы,  ел  басқарған  адамның  қанша  билікке  көтерілсе  де,  өзінін 

негізгі  болмысы  -   адамдық  қалпын  үмытпағанынан  шығар. 

Осындай  жайлы  да  жарасымды  жағдайға  келіп  алған  соң 

Әбекең  сөз  бастады.  Ол  қысқаша  ғана  «Қазақ  тілі»  қоғам  ту- 

ралы  мағлүмат  берді  де,  оның  Төралкасының  үйғарымын  ха-



а

 

237

барлауды  маған тапсырды.  Мен  алтындап  жазылған жазу  бар, 

әдемі рамаға салып, өрнектелген шешімді оқып бердім. Сосын 

Әбекең:

-  


Бүкіл түркі әлемінің тілін, ділін, мәдениетін қамқорлыққа 

алып,  түтастық  туын  мықты  үстап  түрғаныңыз  үшін 

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  ең  жоғарғы  мәртебелі 

алғын  белгісі  -   «Ана  тілдің  Айбарын»  омырауыңызға тағуға 

үлықсат етіңіз» -  деді.  С.  Демирел орнынан түрып, толқып ба-

рып кеудесін тосты. ьүл оір есте қалар ғажаиып сәт еді.

Мүны  осы  тарихи  сәтке  қатысып  отырғандарды ң  бәрі 

байқады, бәрі толқыды.

Осымен  біткен  шығар  деп  отыра  бергенде  мен  алдын-ала 

келісім бойынша:

-  Мәртебелі Сүлеймен Демирел мырза, ғафу өтінем. Сәл са- 

быр  етсеңіз.  Біздің  қазақтың  ежелгі  дәстүрі  бойынша  ықылас 

төккен  адамына  шапан  жаппай  көңілі  көншімейді.  Сол  бой- 

ынша  бүкіл  түркі  жүртшылығын  алаламай,  қамын  ойлап, 

қамқорлық  жасап  жүрген  үлы  адамды  желдің  өтінен,  қыстың 

ызғарынан  қорғап  жүрсін  деген  ырыммен  иығыңызға  зерлі 

шапан,  басыңызға хандар  түтынған  қалиақ,  -  деп  белін буып, 

қалпақгы  кигіздік.  Бәрі  шап-шақ.  С.Демирел кәдімгі  қазақтык 

ақылман  ақсары  қариясына  айналды  да  қалды.  Жүрт  мәз- 

мәйрам. Дуылдатып қол шапалақтатып жатты. Киношылар мен 

фотографтардың аппараттары безек қағуда. Еңді болған шығар 

дей  бергенде,  алып  келген  бүдан  да  басқа  сыйлығымыздың 

барлығын  айтып,  оны  орнынан  тағы  да тұрғызуға тура  келді. 

Оған  жаңа  ғана  баспадан  шыққан,  оқырман  жұртшылыққа 

жетіп үлгірмеген «Қазақ тілі энңиклопедиясы» мен «Қазақтың 

мәдени ескерткіштері» деп аталатын 10  гомдық мүрамызды та- 

быс еттік те, содан кейін:

-   Аса  мәртебелі  президент  мырза,  біз  мына  дүниеліктер 

арқылы 

Сізге  бүкіл 



қазақтың  рухани  қазынасы 

мен 


ыстық  ықыласын  арқалап  келгендей  болып  түрмыз.  Түркі


1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал