Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет11/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34

152

қажеті  не?»  деп  бұйрық  берсе,  бұл  қай  әділетке,  қай

Мұндай


есіттік

Мұн


саның  мынау,  орнынды  біл»  деп  отырғандардын  кінәсі  емес, 

бәленің  бәрі  өз  сорақылығымыздан.  Бірден  бейімделгіш, 

еліктегіш  елпекпайлығымыздың  нәтижесінде  халқымызға 

тән  қасиеттің  көбін  аяқпен  таптап,  ар-ұятымызға,  ұлттық 

намысымызға нұқсан келтіріп алдық.

Әрбір  ұлттың тілі  тек  сол  халықтың ғана қазынасы  болып 

қала  алмайтынын  ескере  бермейміз.  Ол  сонымен  бірге  өзге 

халықтың  өрісін  кеңейтетін,  білік-білімін  молайтатын  рухани 

байлық екенін естен шығармайық.

Білген  жанға  (ондайлар,  шүкір,  баршылық)  тіл  Заңы 

адамгершілік  сигіаттағы  қажетті  құжат.  Оның  осындай 

адамгершіл мәнін терең түсініп, соны ұстанудың орнына, бай- 

балам салудан не ұтамыз.

Осы  түста  ешқандай  айтар  тарихи  дөлелі,  түбірлі  негізі 

жоқ  жер  дауын  көгеруші  ағайынға  наз  аз  емес.  Неге  десеңіз, 

қазақтың  тағы  бір  қопалдығы  мен  бейғамдығын,  қарекетсіз 

бейшаралығын  көрмеуге  болмас.  Малынан  айрылып,  қалаға 

ауыз ашып қарап отырған ел өзінің түғырынан түскендей болған 

соң, өзге кәсіпті бойына дарыта қоймаған ғой.  Бөрі бірдей жер 

емшегін емуді кәсіп етпеген. Жайылым үшін болған егесте ат- 

тап кейін шегінбеген қазекең, малынан айрылған соң жерге де- 

ген ықыласынан  да  айрылды.  Бұл дала емшегін  еміп отырған 

елді қалашыл етудін зардабы.

Кейінгі он бес-жиырма жылдың беделінде  саяжайға рұқсат 

етілгенде  елдін;  көбі  мұрнын  шүйіріп,  «Ой,  енді  жердің 

қыртысын айырып тас кеміріп күнелтеміз бе, үят емес пе» де- 

гендер көп болды.

Бүл өз алдына бір бөлек өңгіме ғой.

153


Тіл туралы Заң және оның тағдыры

Тіл туралы  заңымыздың әлі  күнге  тәлкек еткісі  келетіндер 

өзгелер  арасынан  ғана  емес,  өз  арамыздан  да  жиірек  табы- 

лыи  жатыр.  Әсіресе  ана  тілінің  зардабын  көрмей  бүкіл  үрім- 

бүтағын  орысша  тәрбиелеп,  өзі  де  сол  тілде  оқып  жетіліп 

алғаннан  соң  «мүның  неге  қажеті  бар  еді»  ден  кергитіндер

көбейгенін білеміз.

Мен  солардың  жалпы  мәдени  өресі  мен  білік-біліміне

күдікпен қараймын. Өйткені қай елдің тарихын алып  қараңыз,

оның оқыған  азаматтары  әуелі  өз  ана тілінде  білімнің ірге та-

сын  қалайды  екен де,  сосын  барып  өзге  өнерге  ойысады  екен.

Асыл Ахаң да (А.Байтүрсынов) осыны білгесін айтқан ғой.

Тағы біртаңданагыным,орысшаоқып, мәдени өресі биіктеген

адам өз халқының тарихына үңілмей, әдебие гін оқымай, фоль- 

клорына ынтықпай, қалайша өзін зиялылар қатарына қоса ала- 

ды?  Жалпы  ондайлардың  «мәдениеггімін»  деп  айтуға  қалай

аузы барады.

Бүл  жерде  орыс  тілінің,  орыс  мөдениетінің  біздің  халқы- 

мызға  қаншама  пайдасы  болғаны  онсыз  да  ақиқат  нөрсе  ғой 

деп,  өдейі  тоқталмай  отырмыз.  Үлы  Абайдан  бастап  бүпнгі 

Олжасқа  дейін  орыс  тілінен  нәр  алмаған,  одан  сусындамаған 

қазақжоқ. Әңгімеорыс гіліне берілін, өзтіліңді үмытудаболыи 

отыр.  Ана  гіліне  кезінде  білек  сыбанын,  белсене  кіріскендер 

«халық  жауы»  деген  «айдар»  тағылып  айдалып,  атылып 

кетіп  жатты.  Елдің  калғаи  естиярлары  жан  сауғалап  бүғып 

қалды.  Қалыптаскан жағдайға орай,  адал  ойын  ашып айта ал- 

майтын  аяр  да  жалтак  ағайын  қатары  молайды.  Содан  бүкіл

бір  халықтың  мінез-қүлкы,  психологиялық  ой  өлшемі  өзгере 

бастады.  Орысша оқу, орысша тәрбие бірінші орынға қойылды 

да, қазакша мектептер жаппай жабылды.

Енді  казақ  мөдениетінің  басына  тағы  бір  қатер  төніп  түр. 

Қазір,  қүдайға шүкір, барлык жоғарғы оқу орындарында қазақ

154


тілінде  факультеттер,  курстар,  топтар  ашылып  отыр.  Ал  енді 

қайсыбір  халык  ағарту  мамандарының  айтуына  қарағанда 

800-ден  астам  жабылған  мектептердің  зардабын  келесі  жыл- 

дарда  көре  бастайтын  тәріздіміз.  Әлгі  айтылған  факультет- 

терге  келетін  бала  саны  жетпей  қалу  қаупі  бар.  Себебі  ендігі 

келетін  түлектер  орыс  мектебін  бітірушілер.  Солақай  саясат 

зардабы  үлттық  мәдениетке  қаншалықты  тиетінін  ескерме- 

ген, немесе әдейі істелген әрекеттің нәтижесі, міне, осындай.

Болашақтың  не  боларын  ескермеген  сол  кездегі  іс  басында 

болғандарға қалайша ренжімейсің.

Алысып-жүлысып, арпалысып жүріп дегендей жариялылық 

арқылы  ұлт  сауатының  біршама  котерілуі  нәтижесінде  енді 

болмаса  құруға  айналған  тілімізді  қайта  қалпына  келтіріп, 

жаңғырта  түсуге  мүмкіндік  ала  бастағанымыз  кеше  ғана. 

Халық  қуанышында  шек  болғап  жоқ.  Заң  қабылданды.  Бұл 

бүкіл Одақта қабылданған осы тектес заңдардың ең жұмсағы, 

ең  демократияшылы  екеніне  қарамастан,  бұған  да  кінә 

тағушылар табылып жатыр.  Олар қазақтардын да, орыстардың 

да арасынан бой көтерді. Әр қилы даулы гіікірлер өрбіді. Сөздің 

кыскасы, бұл заңды қайта қарау керек деген сөз шыға бастады, 

соған елтіген де басшылар бар сияқты. Ақыры бүл кұжаттарға 

өзгеріс енгізу жөнінде министрлер кабинетінің жарлығы да жа- 

рияланды.  Комиссия  құрылды.  Мүндай  жағдай  тек  бізге  ғана 

тән.  Әйтпесе  кеше  қабылдаған  заңды  бүгін  өзгерту  не  деген 

сорақылық.  Ондай  жағдайда  өкіметте  қандай  бедел  болады, 

елімізде не абырой қалады.

Осыған орай  Республикалық  «Қазақ тілі»  қоғамы  баспасөз 

орталығының  карашада  өткізген  кездесуі  еске  түседі.  Оған 

қаладағы барлық ұлттар мөдени орталықтар окілі жөне «Един- 

ство»  басшылары  шақырылған  болатын.  Бір  кызығы,  бұлар 

Заңды  оқымай-ақ  оның  баптарына  қарсы  екен.  Әрбір  бапты 

қайта оқып түсіндіруге тура келді.  Сүйенгені -  қауесет, алып- 

қашпа сөз, өсек. Сондықтан әлі талай іс бар алда.

155


Жалпы  бұл  заңға  орыс,  т.б.  халықтың  қарапайым  өкілдері 

қарсы  емес,  олар  қазақ тілінің жағдайын,  мұшкіл  халін терең 

түсініп  отыр.  Және  оның  орыс  не  басқа  халықтар  мүддесіне 

мүлде  қайшы  келмейтіні  де  жақсы  біледі.  Мәселе  осынау  ке- 

зенде жүрт көзіне түсіп, көсемдік көрсеткісі келген кейбір жеке 

адамдар пиғылында болып отыр. Алайда әлемдік білік-білімнің 

ар  жақ-бер  жағын  түгел  шарлап,  бүкіл  адамзат  қауымының 

мәдени  мүраларын  игерген,  тілдің  ұлт,  халық  тарихы  мен 

табиғатьінда қаншама ролі  барлығын  біршама  дұрыс  түсінеді 

деп жүрген  академик Д. Лихачев пен С.  Залыгин сияқты орыс

зиялыларының  соңғы  кездегі  пиғылыңдағы  күрт өзгерістерге 

қайран  қалмасқа  шара  жоқ.  (Солжениңын  сандырағын  қоя 

түралықшы,  елдің  дәм-тұзын  сыйламаған  огансыз,  имансыз 

немені).  Әділін  бір  айтса,  осылар  айтуға тиіс  емес  пе,  еді?  Бір 

ғажабы, бүкіл әлемнің әжетіне жарап отырған 6 тілдің бірі орыс 

тілінің  қамын  жеп  күйзелетіндей не  көрінді оларға.  Гуманист 

ретінде  жер  бетінен  ізсіз-тозсыз  жоғалып  ғайып  болып  бара 

жатқан аз ұлттар тілі жөнінде неге дабыл қақпайды? Әрбір тіл 

адамзат тарихындағы  қайталанбас ғажайып  құбылыс емес пе? 

Р.  Гамзатов  айтқандай,  «Әрбір тіл  ұлан-байтақ  еліміздің аспа- 

нында  жайнап  түрған  мың  жұлдыздың  бірі»  емес  пе?  Осын- 

дай бір байлықтын жоғалуын еліміздің ерекшелігін айқын та- 

нытатын  тілдер  гармониясының  бүзылуы  ретінде  қарастыру 

қажет қой. Ондайлар халықты достастыруға емес, өштестіруге 

қызмет  етеді.  Бүл  жайында  көптеген  фактілер  бар.  Сондай 

қиғаш  пікірлерді,  бір  қызығы,  қуаттап,  отқа  май  қүйғандай, 

бықсыған  шаланы  үрлегендей  боп  жария  етуге  ынтық  орыс 

тілді газеттердің, өсіресе «Караван», «Азия», «КП», «ЛС», «ВА» 

газеттерінің қылығы таң қалдырады. (Облыстық газеттерді бы- 

лай қойғанда). Ол өз алдына бөлек әңпме. Ондағы азаматтар ең 

алдымеп  қай  республиканың  газеті  екенін және  нені  қуаттап, 

елді неменеге үгіттеу керектігін ескермейтін тәрізді. Халықты 

бірлікке,  ынтымаққа  шақырудың  орнына,  араға  жік  салатын,

156


әлі  піспеген,  анық-қанығы  аиқындалмаған  өте теріс  пиғылды 

материалды  жерден  жеті  қоян  тапқандай  айқайлатып  беріп 

жатады.  Сол  сияқтыларды  оқығанда  бұл  газеттер  қай  елдің 

газеті  өзі  деген  ойға  қаласың.  Қазақстанның  ортақ  перзенті 

болған соң оның ортақ проблемасы аз ба? Бұл баспасөздегілер 

уақытша жүрген қонақ сияқты.

Біздіңше,  мұның  бәрі  тілімізді,  дінімізді,  мәдениетімізді 

құрметтемеуден,  сыйламаудан  шығады.  Не  тілді,  не  ділді,  не 

мәдениетті сыйламайтынын білмейді, білуге тырыспайды.

Әу  баста қандай  пиғылмен  болса да,  әдемі  басталған істің 

келе-келе мұдде бағыт-бағдары өзгеріп сала берді. Төңкерістен 

кейінгі  жылдардағы  елімізге  келген  орыс  азаматтарының  тіл 

үйренуге,  мәдени  мұраға  деген  көзқарасын  еске  алалықшы. 

Онда елге, жерге, тілге дегеп көзқарас мүлде басқаша болғанын 

аңғарамыз.  Мүның  үстіне  өкімет  тарапынан  да  келгінші 

азаматтардың тіл үйренуіне едәуір жағдай да жасаған екен. Тіл 

білгендерге  30 %-ке дейін үстеме  ақы төлейтін.  Міне, осының 

бәрі  жайына  қалды.  Ол  түгілі  өз  үрпақтарымыздың  өз  тілін 

білмей қалу қаупі төнді. Қарап отырсақ, біртіндеп өз тілімізден 

жеріну  мен  безінудің  сан  түрлі  жолдары  қарастырылғандай 

(қазақша  бірде-бір  балабақшаның  болмауы,  мектептердің 

жабылуы,  мекемелерде  іс  қағазының  бір  ғана  тілде  -   орыс-

ша  жүргізілуі,  жоғары  оқу  орындарында дәрістердің  қазақша 

берілмеуі,  радио-теледидардағы  қазақша  хабарының  жылма- 

жыл қысқарып отыруы, т.т.) екен. Ал оны дамытуды (қанша ай- 

тып даурыққанмен) былай қойып, сақтап қалудың амалы даой- 

ластырылмапты.  Осы  заманғы  білік-білімнің біразын  біршама 

игерген  тіл  маманы  ретінде  тілге  деген  енжарлығымыздан 

жерге кіріп кете жаздаймын. Сүмдық емес пе? Тіл жоғалғанша, 

өзіңнің жоғалғаның жөн ғой.

Қазір  түрлі  шовинистік  пиғылды  ұстанын  жүрген  Петру- 

шенко,  Докучаева,  Водолазов,  Жаворонкова  сияқтылардың 

көкейінде,  көңілінде  «біз  бүларды  үйретуге  тиіспіз»  деген

іі 

157


астамшылдық  бар  сияқгы.  Бұл  астамшылдық  Солженицын, 

Жириновскийшілер  идеяларынан  күш  ала  бастады.  Ол  ұлы 

державалық  астамшылықтың  елімізде  ешқандай  кедергісіз 

үстемдік құрғанның нәтижесі, соның әр қилы корінісі. Әйтпесе 

жылдан-жылға  орыстанып,  оз  тілінен,  өз  мәдениетінен  безіп 

бара  жатқан  ұрпағымызды  олар  көрмей  отыр  ма?  ¥лы-ұлы 

дегенде  таңдайы-таңдайға  жұқпайды.  ¥лылық  дегеніміздің 

озі  озгелерді  құрметтеуден  басталады  емес  пе?  Өз  елінде,  оз 

жерінде  отырып,  тілінен,  дінінен  айрылып,  тіпті  жер  бетінен 

құрып  кету  қаупі  төне  бастаған  қазақ  сорлыға  мойын  бұрып, 

тарихи шындық сорақылығын әшкерелейтін орыс достарымыз 

қайда?


Қанша дегенмен,  басқасын былай қойғанда, олар әу бастан- 

ақ  қазақ халқының кең қолтық мейірі  мен  ақ-адал  шапағатын 

көрген жоқ па еді? Олардан жерін де, суын да, бір үзім нанын да 

аяған жоқ еді ғой!

Қай  кезге  үңіліңіз:  революңияға  дейінгі  переселендер, 

16-17 жылғы босқындар, коллективтендіру кезеңіндегі ауғандар, 

«кіші октябрь» ұранына ілесіп келгондер,  соғыс  алды мен сол 

жылдары  жер  аударылғандар,  әсіресе  тыңды  игеруге  орай 

қаптаған кәпірдің қайсысы да жерімізді билеп-төстеген жоқ па? 

Кейінгілердің  көбінің  жергілікті  халықтың  тілін  үйренейік, 

мәдениетіне  үңілейік,  ғасырлар  бойы  жайлаған  атамекенінде 

бейбастақтық  жасамайық  деген  ниет  болған  жоқ.  Қазбалай 

берсең,  қаныңды  қайнататын оқиғалар  көп.  Қайталай берудің 

қажеті  жоқ.  Рас,  өздерінің  келуімен  қазақ  халқының  тіліне,

мәдениетіне,  еліне,  жерше  қаншалықты  нүқсан  келтіргенш 

ойлап,  ар-ұяттан  күйзелегін  саналы  азаматтар  бар  екеніне 

шүкіршілік!  Дүниенің, достықтың, ынтымақтың тірегі болар.

Д.  Снегин,  И.  Шегалохин,  Княгинин,  т.  б.  ондаған  ойлы 

азаматтардың  барлығына  шүкіршілік  етесің.  Өкінішке  қарай, 

бүлардың қатары селдірлеу.

158


Әйтпесе,  үкімет  тарапынан  арнайы  шешім  болмаса  қүрып 

бітуге  дейін  жеткен  ана тілімізді  қайта жаңғыртуға  арналған 

Заңды соншама талқыға салып, тәлкек етудің не жөні бар  еді. 

15  одақтас республикалар  ішіндегі  ең жүмсақ,  ең момақан,  ең 

былқылдақ  деп  бағаланған  осы  Заңымыздың  өзін  әлі  күнге 

әңгіме қылушылар бар. Ақыры дегеніне жетті де. Президентіміз 

сол  солақай  пікірлерге  елден  бүрын  бас  иіп,  мемлекеттік  тіл 

кемесінің  рулін  шовинистер  мен  нигилистерге  беріп  отыр. 

Әңгіме  өткенде тілді  негізге  ала отырып, Заңда жоқ  баптарды 

ойдан  қосып  үлт  араздығын  қоздырғысы  келетін  кейбіреулер 

қалыптасқан қарым-қатынасымыздың ірге тасын ыдыратқысы 

келеді.  Біз  өткізген  баспасөз  конференңиясында  «Единство» 

тарапынан  болған  айыптаулардан  біз  осыны  аңғардық.  Тіпті 

заңды  оқымай-ақ  дау  айтады.  Мүны  не  надандық,  не  қастан- 

дық, не жалақорлык, не астамшылдық деріңді білмейсің.

Сондықтан өзге үлт өкілдерінің, әсіресе орыс халқының кезі 

ашық  сауатты  азаматтарына  тілейтініміз  -   Заңды  жақсылап 

оқып  алыңыз.  Бағдарлама  мен  жарғыны  қарап  шығыңыз. 

Мүның ешкайсысынан не орыс, не басқа ұлт өкілдері мүддесіне 

қайшы,  қарсы  пиғылды  таппайсыз.  Қайта  қазақ  тілімен 

қатар  осында  тұратын  барлық  халық  өкілдерінің  тіліне, 

мәдениетіне  жағдай  жасау  жан-жақты  қарастырылған,  осыны 

түсініп, бағалай білетін уақыт жетті. Қазір барлық ұлт өкілдері 

азаматтарының биік парасаты мен жоғары мәдениетінің сына- 

лар шағы.

Саналылык  жолы  оңай  жол  емес,  әрине.  Біз  көи туыстары- 

мыздан  сондай  саналы  ой,  салиқалы  пікір  көреміз.  Тілімізді 

сақтайық,  дамытайык,  ыңғайы  келсе, өзгелерге үйретейік деу- 

ден қандай жаулық іздеуге болады, ағайын, айтыңдаршы!

Қайта  өз  республикамыздағы  жабылып  қалған  мыңға 

тарта  мектептің,  жүздеген  мәдени  ошақгардың,  орга  оқу 

орындарының,  т.  т.  қайта  көтерілуіне  қол-қабыс  етуәрбір 

саналы  туыстың  асыл  парызы  емес  пе?  Ал  ашылмаған



159


балабақшалар, ашы луға тиісті балабақшалар қаншама. Осының 

бәрі шешім тауып жатса, өзге ұлттың мәдени орталықтарының 

қайсысы  зиян  шегер  еді.  Өз  шаруаң түзелмей тұрып,  көршіге 

қалай қолқабыс жасарсың.

Осы  тұста  неше  алуан  мекемелер  мен  ұйымдардың, 

облыстық,  аудандық  комитеттердің,  ірі  өндіріс  орындары  мен 

ғылыми  орындарының  басында  отырған  жоғары  білімді,  ла- 

уазымды  адамдардың,  әсіресе орыс  халқының және басқа ұлт 

өкілдерінің,  тіпті  кейбір  орыс  тілді  қазақтардың  қатыгездігі 

мен  қайырымсыздығынр.н  қайран  қалмасқа  лаж  жоқ  екенін

айтпасқа болмас. 

і

Ш



ійі

 ДОІ£ЙІЭЙМИ№

Өкімет  тарапынан  қаулы  шығып  заңдастырылған,  халық

тарапынан  тоқтаусыз  жасалатын  өтініштерден  ешбір  нәтиже, 

қорытынды жасалмай, міз бақпай отырған төрешіл әкімдердің 

санасын  қалай  қозғалтарыңды  білмейсің.  Олар  көмекке  кел- 

мек  түгілі,  кедергі  жасауды  «парызым»  деп  ұғатын  сияқты. 

Бұған  да  мысал  жетерлік.  Президентіміздің  9  майдағы  сөзін 

арқаланғаны  соншама,  үлттық  банк  басшылары  Семей 

облыстық  банкі  басшысының  «ҚТ»  қоғамының  бастауыш

ұиымын  ашаиық  деген  ниетіне  «ешқандаи  қоғамның  қажеті 

жоқ»  деп  тиым  салатын  корінеді.  Мұның  бағасын  оқырман 

өзі  бере  жатар.  Тіліміздің өріс  алуына тиым  салатын осындай 

әрекеттер әр жерден бас көгере бастады.

Тіл  туралы  Заңның  12  бабында  «Азаматтардың  ұсыныста- 

рына,  сауалдарына,  арыздарына  шағымдарына  жауаптар 

қазақ,  орыс  немесе  жергілікті  ресми  тілде  беріледі»  (7-6)  деп 

жазылғанына  қарамастан,  мемлекеттік  тілде  тілек  білдірген 

азаматтар өтінішін елемей, не қабылдамай қайтарып жіберетін 

әкімлео  де  бап.  Мысалы,  Жезқазған  қаласындағы  бір  меке-

ме  директоры  жұмысшы  қазақтың  өтінішш  осылаи  еткен. 

Бұл  біздің  Заңымыздың  механизмі  жасалмағанын,  және  оған 

көп  жерде  пыскырып  та  қарамайтынын  көрсететін  бір  ғана 

мысал.  Мұның  негізгі  себебі  неде?  Заңымызды  шығаруын



160

шығарғанмен, «осымыздың өзі қалай болар екен?» деп сақтық 

жасап жан-жағына жалтақгай қарап отырған жандар көп. Тіпті 

олар басшылар арасында да жоқ емес.  Енді-енді іске қосылып, 

күшіне ене бастаған Заңымыздың қайсыбір пунктеріне 1,5 жыл 

өтпей  жатып  түзету  (¥.  Қараманов)  берілгенін  қайтерсіз.  Со- 

дан бері республикалық, облыстық деңгейде әлденеше жиын- 

дар өтіп жатыр. Соның бірде-бірінде мемлекеттік тілге ілтифат 

жасалды ма, жоқ.  Тіпті оны айтасыз, қайсыбір басшыларымыз 

сол  жиындарды  ашып  түрып  мемлекеттік  мәртебе  берілген 

ана  тілімізде  екі  ауыз  сөз  айтуға  батылы  бармайды  немесе 

қорынады, не арланады. Анда-санда жарқ етіп көрініп қалатын 

қайсыбір  басшының  да  тіл  жөніндегі  дүрыс  пиғылы  жүйелі 

және нәтижелі бола бермейді. Бір айтып,  көрініп  алған соң, ар 

жағы қадағалаусыз өз бетімен жүріп жатады. Тіпті олардың көбі 

«Қазақ тіліне» мүше болып кіру ойына дакіріпшықпайды. Қане, 

қайсыңыздың өкілдеріңіз «ҚТ» қоғамына мүше.  Мен өз басым 

В.К.  Гартманнан  басқа  кісіні  айта  алмаймын.  Осы  түста  осы 

азаматтың біліктілігін айрықша атап өткім келеді. Өз сөзіне өзі 

жауап берепн, халық пен тіл тағдырын терең түсінетін, соған 

орай әділ шешім қабылдай алатын В.К. Гартман сияқты өкімдер 

көбірек  болса,  Тәуелсіз  Қазақстанның  экономикалық,  саяси- 

әлеуметтік  жағдайы  бүгінгіден  де  дүрыстала түсер  еді.  «ҚТ» 

қоғамы  Солтүстік  Қазақстан  облыстық  үйымының  конферен- 

циясында оның облыс  деңгейіндегі  басшыларға арнап  айтқан 

әңгімесі  өлі  есімде:  «ҚТ»  қоғамы  Тіл  Заңы  мен  Мемлекеттік 

Бағдарламаны  жүзеге  асырудың  қамын  жеп  отырған  үйым. 

«Қазақстан  Ресиубликасының  мемлекеттік  тілі  -   қазақ  тілі» 

екені  Заңда  анық  айтылған.  Сонда  қалай  мемлекеттік  тіл 

мәселесімен  тек  «ҚТ»  қоғамы  ғана  шүғылданып,  оған  тек 

қазақтар ғана мүше болу керек пе? Қазақстанның бір шаңырақ 

астындағы  өзге  қауым  қайда?  Әлде  оларға  бүл  мемлекеттік, 

халықтық шараның қатысы  жоқ па.  Жоқ, бауырлар біз мүндай 

түсінік пен діттеген мақсатымызға жете алмаймыз. Мақсат -  ел



161


бірлігі, халық тұтастығы, мемлекеттік тіл осыған қызмет етеді. 

Ендеше  Қазақ  елінде  тұратын  мейлі  орыс,  мейлі  неміс,  мейлі 

татар  -   бәрі-бәріміз  де  «ҚТ»  қоғамына  мүше  болып,  бүкіл 

халықтық іске өз үлесімізді қосуымыз керек».

Міне,  осы  әңгімеден соң В.К.  Гартман  алдымен  қоғамға өзі 

мүше  болып  кірген,  сөзі  мен  ісі  алшақтамайтын  басшының 

жақсы  түрпаты  осындай  болат-тағы.  Ал  әншейін,  саясат 

қолданып түрса, өзінің арына салдық.

Міне,  сондықтан  біздің  «Қазақ тілі»  қоғамының  облыстық 

және  қалалық, аудандық үйымдарының айрықша белсенділігі 

қажет-ақ.  Мәселені  рет-ретімен  жүйелеп,  орынды  көтеріп,

соның нәтижесін қадағалап  отыру оіздің маңызды  міндетіміз. 

Халықпен сөйлесе,  пікірлесе  отырып  сол халық мүддесін іске 

асыруды  көздеп  отырған  қоғам  ісіне  кім  қайшалықты  үлес 

қосты,  кім  кедергі  жасады дегенді таразылып, талдап,  басшы- 

лар жүмысына баға беріп отырар кез келді.

Түсінген  басшыға  «Қазақ  тілі»  қоғамы  — елге  керекті  сан 

тірлікті  жүзеге  асыруға  себепші  болатын  үйым.  Көбі  осыны 

түсінбейтін сияқты. Қазақша балабақшалар, мектеп, техникум- 

дар мен училищелерде, жоғары оқу орындарында қазақша топ, 

курс,  бөлім,  факультет  ашу  жөніндегі  орынды  үсыныстарға 

оқты көзін ата қарап, оны бір сүмдық қүбыжық етіп көрсеткісі 

келгендер  көп  болды.  Қазір  де  жоқ  емес.  Осы  қате  көзқарас 

түзелмей  мына игі  ісіміз  өрге  баспайды,  тірлікте  береке  бол- 

майды. Күні бүгінге дейін осы бір көзқарастан арыла алмай от-

ырмыз.


Екінші  қатерлі  нөрсе.  Халқымыздың  өкілі  бола  отырып, 

мемлекеттік  тілге  жанашырлық  таныту  түгілі  тіпті  «осының 

керегі  не  еді»  деп  кедергі  жасайтын  ағайын  да  баршылық. 

Оларға  бүл  істің  мәнін  түсіндіріп  отырудың  қажеті  шамалы. 

Алайда өз тілін күрметтей алмаған, оны білуге тырыспаған, өз 

халқының тарихы мен мәдениетін қастерлей түтынбаған адам 

жалпы  саналы  мәдениетті  адам  қатарына  жататына  күмөнім

162


бар.  Олардан  өтініш  «өз  тіліңді  білмесең  -   білме,  үйренбе- 

сең -  үйренбе, тіпті менсінбе, бірақ оған кедергі жасап, кесіріңді 

тигізбе».  Мүны  айтып  отырғаным,  мемлекеттік  тіл  деген  не, 

ол  неге  керек,  қазақ  тілінің  қажеті  қанша деп  өзінше  төрелік 

жасағысы  келетін  нигилистер,  тілден  безгендер  бар.  «Тым 

болмаса,  халыққа  үндемей  қызмет  жасасаңшы»  деп  айтқың 

келеді оңдайларға. Қарап отырсаң, өте жоғары білімді, қызметі

де  үлкен,  лауазымы  десең,  ол  да  бар,  мүндайлар,  амал  не, 

кездеседі.

Әйтсе  де,  халық  аман  түрғанда  оның  тілі  де,  ділі  де 

өркендемек.  Қазір  сол  заман  келді.  Ал  заман  біздерден  өзінің 

сүраныс  талаптарына  сай  әрекеттер  күтеді.  Ең  басты  «Қазақ 

тілі» қоғамы өзінің жарғысында айтылғандай мемлекеттік тіл

Ф

өріс  тауып,  өзге  тілдің  дамуынан  қолқабыс  ететін  халықтын 

үйым екені.

Ендігі әңгіме «Қазақ тілі» қоғамының түрлі ресми, бейресми

қоғамдық үйымдар және саяси партиялармен қарым-қатынасы 

кандай болмағы жөнінде.

Бүларды ең басты екі салаға бөліп қарау керек сияқты.

Біріншісі  -   «Азат»,  Желтоқсан»,  -   «Алаш»,  «Әділет»,  т.б. 

тәрізді қазақы үғымдар.

Екіншісі «Единство», «Возрождение», Казактар одағы «Лад» 

тәрізді орыстақы үйымдар.

Қүрамында бірнеше үлт өкілдері бар Қазақстан социалистік 

демократиялық  партиясы,  конгрес  партиясы,  т.б.  төрізділерді 

үшінші топ ретінде өңгімелеуге болар еді.

Төртінші топтың ауқымына Қазақстанда бой көтерген түрлі 

үлттық мәдени орталықтар кіреді.

Әрине,  мүның  қай-қайсысы  да заманымыздың рухани,  сая- 

си  сүранымы  тудырған  және  қоғам  дамуындағы  өзгерістерге 

Деген  өр  қилы  көзқарастар  негізінде  пайда  болған  үйымдар.

Біз 


бүлардың 

көбінің 


мақсат-мүдделерімен 

таныспыз.

Жарғылары  мен  бағдарламаларын  зерделедік.  Ңіразы  Қазақ- 

стан халқы мен қазақтардың қамын жейтін қоғамдар.




1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал