Тіл тағдыры ел тағдыры и-том павлодар м 2 0 1 0



жүктеу 3.59 Mb.

бет10/34
Дата08.01.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

138

келгенде,  ақыл  дариясы  болып  тоғысқан  үш  жүздің  Төле  би, 

Қазыбек би, Әйтеке билеріне арқа сүйеуінде емес пе еді.

Болашақ  президент,  «маған  ақыл  үйретті»  деп  ренжімей, 

тарихтың бүл тағылымына да назар аударғаны жөн.

Қорыта  келгенде  айтарым:  ана  тілімізге  жанашыр  қауым, 

президент  етіп  Нұрсүлтан  Әбішүлы  Назарбаевты  бір  ауыздан 

сайлап,  елдігімізді  білдірейік!  Егеменді  елге  сай  мемлекеттік 

тілімізді танытудың, дамытудың бір кепілі осы.



і

139


Қазақ ССР Министрлер Кабинетіюң 

төрағасы Ү.ҚАРАМАНОВ жолдасқа!

Қазақ тілін және Қазақ КСР-іңдегі басқа да ұлт тілдерін 

дамытудың 2000 жылғы дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік

БАҒД АРЛ АМАСЫ

Кіріспе


Аталмыш  Құжатта  айқын  көрсетілген  шаралар  негізінен 

қағаз  жүзінде  қалып  қойды.  Қозғалатын  түрі  жоқ.  Солардың 

басты-бастыларын ғана рет-ретімен көрсетіп отырмыз.

1.  Кіріспеде «Сонымен бірге тиісті материалдық-техникалық, 

қаржы,  кадр  және  оқу-методикалық  база  (астын  сызған  біз) 

зан  жүзінде  қуатталатын  бірқатар  актілер  кабылдануға  тиіс» 

делінген. Осыған орай «...қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін 

іс  жүзінде  орнықтыруға бағытталған шаралар  ...»  белгіленген 

жоқ.

2.  Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  және  іс  жүргізу  тілі 



ретінде  барлық  салаларда  кезең-кезеңмен  өткізілу  шаралары 

белгіленген,  мүны  ңақты  қолға  алып  отырған  мекемелер  ша- 

малы;

3.  «1991  жылдың  1  тоқсанында  Қазақ  КСР  Еңбек  жөне 



өлеуметтік  мөселелер  жөніндегі  мемлекеттік  комитеті,  Қазақ 

Республикалық  кәсіподақтар  Кеңесі,  Қазақ  КСР  Ғылым  ака-

демиясы  мемлекеттік  өкімет  жөне  мемлекеттік  оасқару 

органдарының,  қоғамдық  ұйымдардың  басшы  қызметкерлері, 

сондай-ақ қызмет көрсету саласы көсіпорындары мекемелерінің 

қызметкерлері  үшін  көсіптік  міндеттерді  орындау  кезінде 

қажетті қ а з а қ және орыс тілдері білімінің көлемі мен деңгейін 

анықтауға тиіс» еді. Бүл шара да аяқсыз қалып қойды.

4. 

«Республикалық  байланыс  қызметтерін  қазақ  қаріпі 



салынған  телеграф  аппараттарымен  жабдықтау»  ісі  де  сол 

жоспарланған күйінде. Көптеген өтініштер бар, осы туралы.

140


5.  Мемлекеттік  мәртебелі  тілі  бар  ел  болғалы  қазақ  қаріпі 

салынған  электронды  жазу  машиналарына  деген  сұраныс 

үдей  түскені  мәлім.  Көпшілік  сүранысын  қанағаттандыру 

мақсатында 

осындай 

машиналар 

жасайтын 

бірлескен 

кәсіпорын қүру мәселесі әлі сол қағаз жүзінде.

Халыққа білім беру саласындағы қазақ тілі

6.  Барлық  салаларда  қазақ  тілін  оқып  үйренуді  сапалық 

жағынан жасарту жайы тым мардымсыз.

7.  «Көсіптік-техникалық училищелерде, арнаулы орта және 

жоғары  оқу орындарында  қазақ тілінде  оқытып  мамандар  да- 

ярлауды,  ең  алдымен  ауыл  шаруашылық,  медицина,  сауда 

мамандықтары  бойынша  даярлау  үйымдастыру»  өте  төменгі 

дәрежеде жүріп жатыр.

8.  ...қазақ тіліндегі түпнүсқа оқулықтар  өзірлеу жөне  үздік

оқу  қүралдары  авторларына  Қазақ  КСР-інің  Мемлекеттік

сыйлығын  тағайындау  туралы  мөселе  бір  орнынан  жыл- 

жымай тұр.

...тіл  мамандықтары  бойынша  аспирантураға  қабылдау 

мәселесі де сол қағаздағы қалпында.

Мөдениет  және  бүқаралық  хабарлама  қүралдары  саласын- 

дағы қазақ тілі

9.  «Қазақ телевизиясының қазақ тіліндегі хабар жүргізетін 

д ер б ес  к ан ал ы н   қүру»  ісімен шұғылданып  отырған  ешкім

жоқ.


«Қазақ 

телевизиясының 

басқа 

тілдерде 



берілетін 

хабарларының қазақ тіліндегі іл есп е  аударм асы » қамтама- 

сыз етілген жоқ.

10.  ...радиорелелік желілерін, сондай-ақ спутниктік телеви- 

зия станңияларын салу жайы да беймағлүм;

...одақтық прокат фильмдерінің 50 проңентке жуығын қазақ 

тіліне аударып, субтитрлеу ісі де жылжымай жатыр.

П.Мемлекеттік  тіл  ауқымын  кеңейтуге  қызмет  ететін, 

қазір  бірнеше  арнаулы  баспа  орны  бар.  Олар:  «Рауан»,  «Қазақ

141


Университеті»  және  «Ана  тілі»  баспалары.  Бір  өкініштісі, 

мұның ешқайсысы «Қазақ тілі» Қоғамымен байланысты жұмыс 

істемейді.  Әсіресе  «Ана  тілі»  баспасының  Қоғам  ауқымында 

болуы жөн емес пе еді деп ойлаймыз.

Қазақ тілі және ғылым

12.  Қазақ  тілінің  мәртебесін,  нормаларын,  қоғамдық 

қолданы лу аясын, стильдік саралануы мен даму заңды лықтарын 

жан-жақты зерттеу жөнінде  арн аулы   ғылыми бағдарлама әлі

әзірленген жоқ.

13.  Қазақ тілі энциклопедиясын жасау ісі қозғалмай жатыр;

14.  ...қазақ  тілін  жене  басқа  тілдерді  оқып-үйренуге 

қажет  ғылыми  техникалық  база  қүру  туралы  ешбір  әрекет 

байқалмайды.

15.  Классикалық  әдебиет  пен  лингвистикалық  ойдың 

шығармаларын  аударып,  басып  шығару,  сондай-ақ  аспиран- 

тура  және  оқудың  басқа  түрлері  арқылы  қос  тілді  білетін 

ғылыми  және  ғылыми-техникалық  кадрлар  даярлау  (300-ге 

жуық адам) жөнінде де ауыз толтырып айтарлық ештеңе жоқ;

16.  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  аспирантурасы  жа-

нынан қазақ тілі кафедрасы өлі күнге қүрылған жоқ;

17.«Қазақ тілі» қоғамы,  Тіл білімі институты және мемтер- 

минком үні болуға тиісті «Қазақ тілі» журналы шықпай отыр;

18.  Кеңес,  шаруашылық  және  басқа  органдар  тараішнан 

«Қазақ  тілі»  қоғамына,  сондай-ақ  ұлттық  мәдениет  орталық-

тары  және  олардың  жергілікті  Оөлімшелеріне  мардымды

жөрдем болмай отыр;

19.Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау Комитетіне  (қазіргі -

экономикалық кеңес) және Алматы қалалық атқару комитетіне 

Алматыда  «Тіл  сарайы»  («Дворец  языка»)  ғылыми-мәдениет

кешенін салу туралы мәселе қарау ұсынылған еді. Бүл ұсыныс 

аяқсыз  қалып  қойды.  Соның  салдарынан  осы  Кешеннен  орын

142


алып,  іске  қосылуға  тисті  мына  төмендегідей  игі  шаралар 

тоқтап қалды:

-   оқу-методикалық орталық;

-   қазақ  тілін  және  басқа тілдерді  тұрақты  оқытып үйрету 

институты;

-   Киновидеостудия  және  аудармашы  мамандарды  жедел

оқытып  даярлауды  техникалық  жағынан  қамтамасыз  ететін 

орталықтар:

-   лингафон кабинеттері мен арнаулы кітапханалар, арнайы 

музей, т.т.

-   сондай-ак,  мүнда «Қазақ тілі»  қоғамының  аппараты  мен

«Анатілі»газетініңредакциясы,үлттық-мөдениеторталықтары

орын тебе ме деп едік.  (күні  бүгінге дейін бүлар  баянды орын 

таппай отыр);

20.  Түркі  тілдері  мәселелеріне  байланысты  ғылыми- 

практикалык  конференциялар,  симпозиумдар,  конгрестер 

өткізу  және  шетелдермен  түрақты  түрде  делегациялар  алма- 

сып түру жағынан нақты жәрдем көре алмай отырмыз.

21.  Түркістан  қаласынан  ашылуға  тиісті  мәдени  орталық 

жайы қандай күйде екені мөлімсіз.

«Республикалық  арнаулы  үйлестіру  кеңесі  қүралады» 

делінгеп.

Мүндай  Кеңестің немесе  «Қазақ тілі»  қоғамы үсынып келе 

жатқан Тіл  комитетінің маңызын айтып  жатудың қажеті  бола 

қоймас. Өкінішке қарай бүл мәселе де бір орнынан жылжитын 

емес.


Жоғарыда  атап  өтілген  шаралардың  бөрін  қадағалап, 

тексеріп,  талап  етіп  отыратын  қүқық  Қазақ  тілі  қоғамында 

болмағандықтан  да  бүл  халықтық  істің  жүзеге  асырылуында 

шалағайлық пен немқүрайдылық белең алып отыр.

Осы айтылғаңдарға орай ҰСЫНЫС:

1. 


«ҚАЗАҚ  ТІЛІ»  қоғамын  не  Тіл  комитетіне  айналдыру 

керек,  не  оған  мемлекеттік  тіл  мөселесіне  байланысты  шара-



143

лардын бәрін іске асырып,  қадағалап, талап ете  алатын қүқық 

беру керек. 



^  >

 ,,  л


2.  Сан  алуан  сүраулық,  сөздік,  оқулық,  оқу  қүралдары, 

тілашарлар,  тілдескіштер,  көрнекті  қүралдар,  методикалық 

нұсқаулар,  ғыяыми  көпшілік  қолды  кітаптар,  аударма 

әдебиеттер,  т.т.  жөніндегі  халық  сүранысын  қамтамасыз  ету 

үшін «ҚАЗАҚ ТІЛІ»  қогамының оз  баспасы жоне  соны толық 

қанағаттандыра  алатын  өз  қоры  (қағаз,  техника,  т.  б.  түрлі 

техникалық  жабдық)  болуы  тиіс.  «Ана  тілі»  баспасы  «Қазақ 

тілі» қоғамының ауқымында болуға тиіс.

3.  Егер  егеменді  еліміздің  мемлекеттік  тіл  мәртебесін 

талапқа  сай  дәрежеде  котеріп,  қолдаймыз  десек,  астанамыз- 

да  «Тіл  сарайы»  кешенін  салу  қажет-ақ.  Тіпті  біткелі  түрған 

Ленин  музейінің  үйі  осыған  сүранып  түрғанын  зиялы  қауым 

үнемі қүлаққағыс етуде.

4.  Электронды-жазу 

машинасын 

жасайтын 

бірлескен 

кәсіпорынды  жедел  қолға  алмасақ,  халық  сүранысын 

қамтамасыз  ету  мүмкін  емес.  Басқаны  былай  қойып,  бір  ғана 

Қазақ тілі қоғамының жергілікті үйымдарына биылғы жылдың 

өзінде  10 мыңдай машина керек болып отыр.

5.  Мемлекеттік  бағдарламаның  орындалу  барысын  жүйелі 

түрде  қадағалап,  тексеріп,  тиісті  орындарда талқылатып  оты- 

ратын арнайы комиссия қүру керек.

6.  Нарықтық экономикалық саясат кезеңінде «ҚАЗАҚ ТІЛІ» 

сияқты  өзін-өзі  қаржыландыруға  негізделген  және  мақсаты 

халық  игілігі үшін қызмет ету болып табылатын қоғамдардан 

салық  алу  жөнсіз  деп  есептей  отырып,  мұны  мемлекеттік 

деңгейде шешу керек екенін талап етеміз. 

^  .



7.  «ҚАЗАҚ  ТІЛІ»  қоғамы  күні  бүгінге  дейін  баспана 

тақсыретін,  көлік тауқыметін тартып  келеді.  Қаншама  отініш 

жасалып  байқалғанмен  нақты  көмек  болмай  отыр.  Жергілікті 

үйымдарымыз да осы тектес қамқорлыққа мүқтаж.



144

8. 

Қоғам жұмысын жандандыру мақсатында ер жерден әр 

қилы мамандарды іске тартуғатура келді. Олардың көбі тұрғын 

үй  жағынан  қиыншылық  көруде.  Алғашқы  кезеңде  5-6  пәтер 

бөлу жайы қарастырылса, едәуір жеңілдік болар еді.


МЕНІ НЕГЕ ҚАЗАҚША СӨИЛЕТПЕДІ

Шын  жүректен  ағымыздан  жарылып  айтайыкшы;  осы 

күні  мемлекеітік  тіл  туралы  қызыл  сөзге  келгенде  аяқтыға 

жол,  ауыздыға сөз бермейміз  де,  іске  келіенде тіліміз түтқыр, 

жүрісіміз  шабан  екені  өтірік  пе!  Обалы  не  керек,  «ұлттық 

мөдениет»  деген  қасқа  жолдан  өз  еркімен  емес,  өзгенің 

тепкісімен  адасыңқырап  қалған 

айналайын  қарапайым 

қауымның  тілге  деген  құлшынысы  керемет.  Керісінше  орыс 

тіліңде сөйлеп жүріп, тұрып нан жеп үйреніп қалған басшы аза- 

маттар қазақ тіліне келгенде салқын-ак. Оны Жоғарғы Кеңесіміз

-  парламент жүмысынан бастап, басшы, қосшыларының басым 

бөлігінің күнбе-күнгі тірлігінен  молынан  байқап  жүрміз.  Осы 

түста  мына  бір  оқиғаны  айтпайын  десем,  ана  тілі  алдыңдағы

V/

перзенттік парызым өтелмеи, опасыздық жасап алатындаимын. 



Айтайын  десем,  бүкіл  Қазақстан  аузына  қарап  отырған  лауа- 

зым  иесінің  жағасына  жармасатындаймын.  Ойлана,  толғана 

келе: «Ана тілден ешкім үлкен бола қоймас, оның алдында пат- 

ша да,  қарапайым  жан  да  бірдей  кішік»  деген  түйінге  келдім 

де,  жуықта ғана  бастан  өткен  мына  бір  мәселені  жүртшылық 

алдына жайып салуды жөн көрдім...

...Қазақстан  Республикасының  вице-президенті  Е.Н.  Асан- 

баев  шақырады  деген  соң,  айтылған  уақыттан  он  бес  ми- 

нут  бұрын  есік  алдына  бір  кісідей  жиналып  түрдық.  «Біз» 

деп  түрғанымыз  -   үстіміздегі  жылдың  12  ақпанында  прези- 

дент  Н.Ә.  Назарбаев  Жарлығымен  қүрылған  Адам  қүқығы 

жөніндегі республикалық комиссия мүшелері.  Елбасымыздың 

осыншалықты  мән  беруіне  және  оған  өзіміз  сыйлайтын  Ерік 

Мағзүмұлы Асанбаевтың тораға болып сайлануына қарағанда, 

бұл  комиссия  атқарар  игі  істер,  өрине,  мол  болуға тиіс.  Мөні 

мен  мақсатына  қарасаңыз,  шынында  да  солай.  Сонымен  Ерік 

Мағзүмұлы  мөн-жайды  қысқаша  баяндай  келді  де:  «Әркім  өз 

түсінігін, өз пікірін ортаға салса...» -  деп, комиссия мүшелеріне



146

қолқа салды. Әңгіме орысша жүріп жатты. «қазақша бастағанда 

болатын еді-ау», деген есек дәмеміз жайына қалды.

Вице-президентіміз: «Ну, с кого начнем?» -  деген соң, акаде- 

мик Манаш  Қозыбаев ағамыз, одан кейін өз  кезегімен депутат 

В.Б. Водолазов, үйғыр ұлттық мәдениет орталығының төрағасы 

Т.Тоқтамов, профессор Г.А. Уманов ұлтаралық қатынас тілінде 

суырыла жөнелді.

-   Там...  Кто  следующий?..  Вы,  пожалуйста!  -   деді  маған 

қарап төрағамыз.

Орысшаны  бір  кісідей  білсем  де,  мен  сөзді  қазақша  баста- 

дым. Мұны ерсі көру ойыма да келмепті. Бұл жерде алдымдағы 

кісілер сияқты қай тілде сөйлесем де ерікті, құқықты екенімді 

есепке  алдым.  Сол-ақ  екен,  Ерекең  менің  сөзімді  екі  ауызға 

жеткізбей;

-   Говорите  по-русский,  чтобы  было  понятно  всем,  -   деп 

салғаны.  Тым  болмаса:  «Сіздің  мемлекеттік  тіліміздің  қамын 

жеп  жүрген  азамат  екеніңізді  білеміз.  Дегенмен,  қасыңызда 

отырған  кісілерден  ыңғайсыздау  болар»  дегендей  сыпайы- 

лап  жеткізсе  бір  сәрі.  Өзге  ұлт  өкілдерінің  алдында  өз  тілім 

құрбандыққа шалынып бара жатқан соң, шыдамадым:

-   Бұл  қалай  болғаны,  адам  құқығын  дәл  осы  жерде  бұза 

бастағанымыз ба, сонда? -  деп едім, қадірменді төраға:

-   Вам,  что,  не  понятно?  Ведь  в Конституции написано,  что 

русский  язык  в  нашей  республике  является  языком  междуна- 

ционального  общения,  деп  бастырмалатып  жіберді.  Дәл  сол 

Конституциямыздың  басты  кіріспе  тарауының  8-тармағында: 

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл -  қазақ тілі» дегі 

жазылғаны  ұмыт  қалып,  дәл  сол  жерде  аяқасты  болды.  Сөл

аңтарылып тұрдым да:

-   Егер  қазақша  рұқсат  берілмесе,  онда  мен  сөйлеуден  бас 

тартамын.  Мұның  үстіне  комиссияның  көздеген  мақсаты  мен 

міндетін айқындайтын ереже әлі  күнге  қолыма тиген жоқ, та- 

ныс емесиін, деп сөзді доғардым.

147


Ерік Мағзүмүлы сәл басылыңқыраш

-   Как, до сих иор не иолучили, что ли? Кто еще не получил?

- деді. Бақсақ, комиссия мүшелерінің кобінің қолына бүл қүжат 

әлі тимеген болып шықты.  Ол кісі жалма-жан есік алдындағы 

хатшысын қоңыраулатып шақырды да:

-   Быстро размножьте  это!  -  деп,  колындағы  дананы  берді. 

Сөйтті де: «Вообще, тут всего три странички. Я могу прочесть»,

— деп оқи жөнелді.

Бүдан  кейін  профессор  Г.Б.  Хан  сөйледі.  Бүл  кезде  мен 

маңдайыма тас тигендей болып отырғанмын. Гурий Борисович 

Ханның  да,  Григорий  Абрамович  Умановтың  да  созіне  қүлақ 

түруге  мүршам болмады.  Бүл екі азаматтың негізінде ойлы да 

зерек,  әрі  қашан да әділдікті  көздейтін жан  екенін  білетінмін. 

Тек Умановтың:  «Мемлекеттік тіл  жүрмей жатыр,  онымен ай- 

налысып отырған кім бар?» -  деген сөзі ғана есімде қалды.

Ойды  ой  қуалап:  «Мына  комиссия  қүрамында  сонда  ме- 

нен басқа қазақша сөйлейтін ешкімнің болмағаны  ма? Қайран 

ана тілі,  осылайша өз үлдарыңнан өгейлік көріп, төменшіктей 

берермісің?!» -  деп отырғанда сөз кезегі демограф М. Тәтімовке 

келді.  Ол  комиссия  жүмысын  жандандыру  жөніндегі  кейбір 

үсыныстарын ортаға салды да, сөзінің соңында:  «Мемлекеттік 

тіл  мәселесі  жан-жақты  сөз  болып  жатқан  бүгінгі  таңда 

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  басшысына  қазақша 

сөйлетпеуіңіздің  мәнісін  түсіне  алмадым»  дегені  сол  еді, 

Е.М. Асанбаев бүл жерге мүлде байланысы жоқ «экстремизм», 

«лжедемократы»,  «горлопаны»  деген  тәрізді  создерді  айтып 

салды.

-  Я предупреждаю Вас, запомните. Впредь я буду пресекать 



всякие  эти  замашки, тут еще  предлагает мне быть  переводчи- 

ком, -  деп, корқыта-үркіте сөйлеп кетті.

Міне, бір кабинетте өткен аз өңгіменің бас-аяғы осы.

Комиссия  17  адамнан  түрады.  Бүл  жолғы  мәжіліске  12-сі 

қатысты. Келген адамдардың үлттық қүрамы мынадай: 2 орыс,

148


1 еврей, 1 ұйғыр, 1 кәріс те, қалған жетеуі—қазақ. Үйғыр Т ұрған 

Қасымұлы  үшін қазақ тілі  ана тілімен бірдей, кәріс Гурий Бо- 

рисович  қазақша  түсінеді,  жап-жақсы  сөйлейді.  Ал,  профес- 

сор Григорий Абрамович таза сөйлеп кетпегенмен, қазақшаны 

онша  қиналмай  ұғатын  зерек  адам.  Оның  үстіне  бүл  кісілер 

мемлекеттік тілдің қанат жаюына қолғабыс етуге пейілді жан- 

дар.  Сонда қалған екеуі — ежелден  «тамыр», бауыр боп кеткен 

орыс  ағайынның  өкілдері.  Егер  де  адам  қүқығын  қарайтын 

осы  комиссияда  екі  тілді  бірдей  тең  дәрежеде  заңды  түрде 

қолданысқа  ендіріп  отырса,  ешкімнің  және  Қазақстандағы 

басты  екі  тілдің  ешқайсысының  қүқығына  нүқсан  келмес  еді 

ғой.  Тіпті  орыс  досымыз  өз  тілінде  сөйлеуге  мүмкіндік  алып 

отырғанда,  ұйғыр  неге  өз  тілінде  сөйлемеске?  Жалпы,  Кон- 

ституция  талаптары  бойынша,  қандай  ұлт  өкілдері  болсын, 

қалаған  тілінде  сөйлеуіне  мүмкіндік  жасалмайынша,  азамат 

құқы шектеулі бола беретіні кімге болсын құпия емес.

Бүл -  бір.  Екіншіден, осы бір кішкене оқиғадан үлкен-үлкен 

бірнеше  сұрақтар  туындап  отыр.  Алдымен  қазақ  тілінің, 

соңында басқа да ұлыс тілдерінің тең құқықта қолданылып, да- 

муын республикада ең алдымен екі адам -  Елбасы және оның 

орынбасары  қадағалап,  бас-көз болуы  керек екен.  Ендеше  сол 

екеудің  біреуі  -   виде-президент  жоғарыдағыдай  бағыт  ұстап 

отырса, ана тілімізде қандай қадір қалмақ?

Ана жылдары: «Ана тілі -  қадірім, қаным!» деп атқа қонған 

«Қазақ  тілі»  қоғамының  басшыларының  бірі  өстіп  мынан- 

дай  мәртебелі  комиссияда  ауыздан  қақпайланса,  қалған  об- 

лыс,  аудандардағы қазақ тілінің жоғын жоқтаушылардың күні 

не  болмақ?  Оны  айтасыз,  адам  құқын  қорғау  комиссияның 

алғашқы  мәжілісінде  сол  комиссияның  бір  мүшесіне: 

«Мемлекеттік  тілде  неге  сөйлейсің?»  -   деген  түрпатта  теріс 

қабақ танытыи, жазғырсақ, адам қүқының дөл сол комиссияда, 

республикадағы  биік лауазымды екінші  адамның кабинетінде 

аяққа  басылғаны  емей  немене?  Вице-президент  ана  тілінде

149


сөйлей  ме,  жоқ  па  -   ол  адам  ретінде  өз  құқы;  бірақ  өз  ана 

тілінде,  мемлекеттік  тілде  сөйлеп  тұрған  адамға,  Халықара- 

лық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  вице-президентіне:  «Қазак 

тілінде  неге  сөйлейсің?»  деуге  қандай  құқы  бар,  мен  соған 

түсінбедім. Мен мұны  алдымен тең қүқықты  адам ретінде, со- 

дан соң егеменді Қазақстанның еркін азаматы ретінде, соңынан 

тіл  жанашыры  ретінде  республикалық Адам  қүқығын  қорғау 

комиссиясының төрағасы Ерік Мағзүмұлы Асанбаевтан сұрауға 

әбден қақым бар деп түсінемін.

Және  де  осы  жиналыстан  анық ұғып  шыққан мәселем  мы- 

нау болды:  соңғы кезде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 

жер-жердегі 

ұйымдарына 

үлкен-кішілі 

басшы-қосшылар 

қырын  қарап,  қаржыдан  қағып  жатса,  оның негізгі  бір  себеп- 

салдары  республикадағы  осындай-осындай  үлкен  кабинет- 

терден  бас  алып  жатқан  сияқты.  Тіл  туралы  заң  нақ  вице- 

президенттің кабинетінде бұзылса, басқаларға не жорық? Және 

де дәл осы оқиғадан «Мен не айтсам, сол дүрыс, өйткені, менің

қызметім  жоғары»  деген  ескі  партиялық-номенклатуралық 

мінездің нышаны байқалғандай.

Бүл  жолдарды  жазуға  итермелеген  үлкен  себеп  мынау: 

менің  азамат  ретіндегі  еркіндігіме,  яғни  қай  тілде  сөйлегім 

келсе,  сол  тілде  сөйлеуіме  болатын  қүқығыма  нүқсан 

келді.  Ең  бастысы:  бүл  басқа  бір  жерде  емес,  Адам  құқығы 

жөніндегі  республикалық  комиссияда  сол  комиссияның 

төрағасы, 

Қазақстан 

Республикасының 

вице-президенті

Е.М. Асанбаевгың кабинетінде болды.

Мен  мұны  жеке  бастың  мәселесімен  жазып  отырғаным 

жоқ.  Тіліміздің әлі де білікті азаматтар тарапынан қолдау таба 

алмай  жатқанын  айтып,  сәл  де  болса  ой  салу  еді.  Басқаға 

дауымыз  жоқ,  бірақ  ең  алдымен:  «Қазақ  азаматтары,  оның 

ішінде  ел басқарған біліктілері ана тілі алдындағы  перзенттік 

парызын  өтей  алып  отыр  ма,  өтей  алмаса  -   неге?»  -   деген 

сауалға  жауап  іздеу.  Өйткені,  аруақтай  сыйынатын  үш  киелі

150


ұғым  бар;  ол  -   ЖЕР,  ЕЛ,  ТІЛ!  Бұл  ұш  ұлы  ұғым  алдында

бәріміз де  кішіміз,  бәріміз  де  соған  қызмет етуге  міндеттіміз.

Үлкеніміз  бар,  кішіміз  бар,  бұл  қағиданы  бәріміз  тік  тұрып,

мойындауымыз  қажет,  ағайын!  Әрине,  егер  өзімізді  қазақ

ұлтын құрметтейтін, Қазақстанның тең, құқықты  азаматы деп 

есептесек...



15

ТІЛДІ НЕГЕ ТӘЛКЕККЕ САЛА БЕРЕМІЗ?

Жалпы  сан  жылдар  бойы  шемен  боп  қатқан  қалыптасқан 

көнбістік  пен  именшектіктің,  жерімізді  жайлатып,  төрімізден 

орын  беріп,  оның  салдарын  ойламаған  келтелік  пен  жалпақ- 

шешейлік  зардабын  енді  ғана  сезе  бастағандаймыз.  Әйтсе 

де,  бұл  қылықтан  әлі  де  ада-күде  арылып  болғанымыз  жоқ. 

Төрдегі  қонаққа  барымызды  үсынып,  бас  шүлғып  баққан

әсіре  ізетшілдік  пен  қүлшылық  мінез-қүлықтан  жуық  ара- 

да  арыла  қою  қиын  шығар.  Өзгенің  қамын  жеймін  деп  өзін 

үмытып  кететіп  сорлы  қазақ  түбінде  осынысынан  опық  жеп, 

зардап  шегетіні  қайдан  білген.  Осы  мақұлшыл,  неге  болса да 

көнбіс, тобашыл қылығымызбен өзге ағайынды жаман үйретіп 

алғанымыз  соншама,  енді  болмаса  үлт,  халық  деген  атымыз 

жойыларман  халге  жеткенде  барып  (онда  да  өзге  елдердің 

өз  тіліне,  оз  мәдениетіне  деген  сүйіспендігін  коріп),  есімізді 

жиып,  түншыққан тілімізді  жан-жағымызға  жалтақтай  қарап, 

түғырға көтерудің амалын қарастыра адамға ауа қанша қажет 

болса, ұлттың ұлт болып қалуы үшін тілдің соншалықты мәні 

бар екенін кім білмейді) бастаған тұста, бар жақсылықты көріп 

отырған кірмелердің мұрын шүйіргенін қайтерсің.

Өзге елде, бөтен жерде баян тауып сіңе бастаған түрлі халық 

сол өздері өркен жайып отырған елдің тілін, мәдениетін, өнерін 

білмегеніне  қысылудың орнына,  қазақтарға тіл  Заңы  неге  ке- 

рек  дейтінді  шығарды.  Бұдан  өткен  арсыздық,  бұдан  асқан

өктемдік, бұдан сорақы басыну бола ма?

Қазақтардың  бар  жазығы  құртып  ала  жаздаған  тілін  өз 

жерінде,  өз  елінде  қайта  тірілту  ғана.  Өзге  халықтын  бірде- 

біріне зорлап тіл үйреткісі келмейді. Ол әркімнің ар-ожданына, 

ішкі интеллектіне,  мәдени-рухани  жан дүниесінің  сапасы  мен 

азаматтық санасына байланысты жетілетін нәрсе ғой.

Алақанға  салып  өздектете  сыйлап,  жүрек  төрінен  орын 

берген  қонағы  қазекеме  «Өз  үйіңде  оз  тіліңде  сөйлеме,  оның




1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал