Тіл оқытуда бұҚаралық АҚпарат қҰралдарының РӨлі хамзина Қарлығаш Мауеновна Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы



жүктеу 37.82 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі37.82 Kb.

ТІЛ ОҚЫТУДА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ РӨЛІ 

 

Хамзина Қарлығаш Мауеновна 

Нығметова Нұргүл Тұрсынқызы 

 

  

Қоғамдағы болып жатқан сан түрлі жаңалықтардың, іс-шаралардың, 

жалпы бір қоғам мен басқа қоғам арасындағы байланыс кӛзі болып тұрған 

алтын кӛпір – ақпарат құралдарының социумдағы алатын орны орасан зор 

екені  белгілі.  Ақпарат  кӛздерінің  материалдары  қызықты  да  мазмұнды 

болуы журналистикаға тура байланысты.  Ақпарат құралдарын оқу процесі 

кезінде,  әсіресе  тіл  оқытуда  қолдану  –  тамаша  нәтиже  беретін  әдіс.           

Тіл  үйренушінің  ақпарат  құралдарының  материалын  мемлекеттік  тілде 

түсінуі,  теле-радио  жаңалықтарын  мемлекеттік  тілде  тыңдауы,  іс-

шараларға  қатысқан  кезде  БАҚ  кӛздеріне  сұхбат  беруі  кезінде  тіл 

үйренудің  жаңа  деңгейін  бағындыру,  жаңа  мүмкіндіктерін  ашу  деп 

түсінуіміз  қажет.  Ақпараттық  кӛздердегі  берілетін  материалдың  бір 

қатесіз,  дұрыс  және  түсінікті  түрде  берілуін  ескеретін  болсақ,  тіл 

үйренушінің мемлекеттік тілде ойын дұрыс жеткізуіне зор ықпал етуін де 

ұмытпағанымыз жӛн.  

           Бүгінгі  таңда  біздің  ӛмір  сүріп  жатқан  уақытымыз  –  ақпараттың 

дамыған  кезеңі.  Қандай  да  мемлекет  болмасын  ӛзінің  ақпарат 

құралдарының жан-жақты дамуымен, жаһандануымен және басқа елдерде 

оқылуымен танылып, бағаланады. Еліміздегі оқу, білімнің қарқынды даму 

кезеңі  қарсаңында  журналистика  мен  оқу  үдерісі  арасындағы  тапжылмас 

байланыстың  болуы,  сол  байланыстың  екі  жақты  пайдалы  болуы  сӛзсіз 

жағдай екені бүгінгі таңда дәлелін тауып отыр.  

Адамның  ақпарат  кӛздерімен  танысуы  мектеп  қабырғасынан 

басталатынын  еске  алсақ,  жоғары  оқу  орнында  тіл  үйрену  сабақтары 

кезінде  студенттің  шығармашылық  қабілетінің  дамуы  байқалады. 

Зерттеушілердің пікірінше, болашақ қоғамдағы әрбір азаматтың міндеті – 

«мамандардың  бүкіл  ӛмір  бойы  білім  алуы»  болады.  Бүгінгі  білім 

парадигмасына сәйкес оқытудың басты мақсаты ӛздігінен білім алып, дами 

алатын  жеке  тұлға  қалыптастыру  болғандықтан,  қазақ  тілін  оқытуды 

ақпараттық  білімдік  ортада  жоғары  деңгейде  ұйымдастыру  арқылы  тіл 

үйренушілердің  қазақ  тілінен  қатысымдық  дағдыларын  ӛздігінен 

жетілдіріп  отыруды  ӛмірлік  дағдыға  айналдыруларына  ықпал  жасау 

кӛзделеді.  

           Шығармашылық    –  адамның  ӛмір  шындығына,  ӛзін-ӛзі  тануға 

ұмтылуы, ізденуі. Ӛмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, ӛздігінен 

сапалы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі.  Студенттердің 

белсенділігімен  танымдық  іс-әрекеттері  арқылы  шығармашылығын 

дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны 

дайындау,  осыған  орай  оқытуды  ізгілендіру  оқытушы  алдында  тұрған 

үлкен  міндет  екені  белгілі.  Уақыт  талабына  сай  тіл  үйренушілердің 

шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін,  оқытудың  жаңа  ақпараттық 


технологиясын  пайдаланған  жӛн  деп  ойлаймыз.    «Шығармашылық» 

сӛзінің  тӛркіні,  этимологиясы  «шығару»,  «ойлап  табу»  дегенге  келіп 

саяды,  демек  жаңа  нәрсе  ойлап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  қол  жеткізу 

деп түсіну керек.  

 

«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды»  -  дейді  халқымыз.  Ұрпақ 



жалғастығымен  адамзат  баласы  мың  емес  миллиондаған  жылдар  жасап 

келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні 

– қараң, келешегі – тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің 

тірегі  –  білімді    ұрпақ.  Сусыз,  құрғақ,  таса  кӛлеңке  жерге  дән  ексең 

ӛнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек – ӛспейді, ӛнбейді. 

Міне, ӛз ұрпағының ӛнегелі, ӛнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып ӛсуі 

үшін  халық  педагогикасының  негізгі  мақсатын  шығармашылықпен  оқу-

тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

 

 

Тіл  үйрету  үдерісінде  компьютерді  қолдану  арқылы  жасанды 



ӛзгетілді  орта  тудырылып,  ӛзге  тілді  қарым-қатынас  қамтамасыз  етіледі, 

ақпаратты  молынан  алуға,  ӛз  бетімен  тіл  үйренуге  жол  ашады.Тіл 

үйренушінін  шығармашылығы  –  бұл  нақты  іс-әрекет  барысында  жүзеге 

асырылатын  ӛз  бастауы,  ӛту  барысы  және  нәтижесі  болатын  үрдіс.  Бұл 

үрдіс 3 кезеңнен ӛтеді: дайындық, ізденіс және орындау. Осы деңгейлерге 

сәйкес шығармашылық қабілеттерінің құрылымын анықтайды, ӛз бойынан 

оларды талдайды, бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді. 

Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, 

табандылықпен  еңбектенуге  баулуы  қажет.  Ол  үшін  оқытушыға  жанын 

аямай  еңбек  ету  –  міндетіміз.  Біздің  тәжірибемізде  қазақ  тілін  талпынып 

оқуға  тырысқан  студенттердің  тіл  меңгерудегі  басты  жетістігі  – 

шығармашылық  жұмыстарды  кӛптеп  орындауы  десек  қателеспейміз. 

Шығармашылық  –  тілді  оқудағы  студенттің  ӛз  ойын  барынша  сӛздік 

қорымен байыта білуге, алғашқы бастамасы  болса да, біртіндеп  тіл негізін 

қалауға бағытталған басты аспект. Тіл үйрену үрдісінде шығармашылықты 

дамыту  мақсатында  заман  талабына  сай  электронды  оқу  ресурстарын 

қолдануға мүмкіндік беру тәжірибемізде орын алуда.  

Қазақ  тілін  оқытуға  арналған  электронды  оқу  ресурстарының 

мазмұны неғұрлым бай, жан-жақты болған сайын тіл үйренушінің тілді ӛз 

бетімен үйренуге деген қызығушылығы арта түседі, танымдық белсенділігі 

артады,  ол  ӛз  кезегінде  ӛздік  жұмыс  нәтижесінің  сапалы  болуына  әсер 

етеді.  Тіл  үйренуші  ақпараттық  білімдік  ортаны  әуелде  тек  қана  ӛздік 

жұмысты  орындау  барысында  қолданса,  кейіннен  белгілі  бір  деңгейді 

тәмамдап, қолына құжатын алып, курстан қол үзіп кетсе де, ӛз бетімен осы 

ақпараттық  ортаны  қолдану  мүмкіндігіне  шек  қойылмайды.  Ӛздігінен 

жұмыс істеу дағдысын жетік меңгерген, ақпараттық білімдік ортадан қана 

сусындаған  тіл  үйренуші  қазақ  тілінен  білімін  ӛз  бетімен  үздіксіз 

жетілдіріп отыруға бейімделеді. 

Біздің  студенттеріміздің  тілді  үйрену  барысында  ӛздігінен  жұмыс 

істеуіне  ыңғайлы  электронды  оқыту  жүйесін  құруда  «компьютер  –  тіл 

үйренуші  –  оқытушы»,  үздіксіз  байланысын  қамтамасыз  ететін 


интерактивтік  ұстанымы,  мол  ақпарат  кӛлемін  модульдік  жүйеде 

шоғырландыратын  жүйелілік  ұстанымы,  тіл  үйренушінің  психо-

физиологиялық  ерекшеліктерін  сәйкес  даралық,  уақыт,  қозғалыс 

бостандығын  қамтамасыз  ететін  ізгіліктік,  ақпараттық  кеңістіктегі  еркін 

бағдарды  қамтамасыз  ететін  ыңғайлылық  ұстанымдары  басшылыққа 

алынады. 

Шығармашылықты  дамытуға  сабақ  процесінде  мынадай  жұмыс 

түрлері  жургізіледі:  сӛздіктермен  жұмыс,  ережелермен  жұмыс,  ауызша 

сӛйлей  білуге  дағдылану,  логикалық  сұрақтарға  жауап  беру,  жаттығу 

жазба  жұмыстары,  сойлем  кұрау,мәтінге  жоспар  кұру,  аударым,  мәтінге 

тақырып қою, сұхбат құрастыру, ситуациялык тапсырмаларға жауап беру, 

ӛз  бетінше  жоспар  құра  білу,  тест  сұрақтарына  жауап  беру,  аудио  жане 

видео  жұмыстары,  ойын,  сӛзжұмбақтар,  мақал-мәтелдердің  мағынасын 

ашу, мәнерлеп оқу. Аталмыш жұмыстар әр студенттің ӛзіндік кӛзқарасын, 

эстетикалық  және  адамгершілік  танымы,  эмоциясы,  пікірі,  талдау, 

қорытындылау,  салыстыра  білу  және  одан  қорытынды  жасау  қасиеттері 

байқалып тұруы қажет деп ойлаймыз.  

 

Егемен  ел  атанғанымызға  жиырма  жылдан  астам  уақыт  ӛтсе  де, 



мемлекеттік тіл мәселесі ӛз деңгейіне лайық шешімін таба алар емес деген 

пікірлер  бүгінде  жетіп  артылады.  Алайда,  егер  жан-жағымызға  зерделей 

кӛз  тастасақ,  бүгінде  университетімізде  білім  алып  жатқан  ӛзге  ұлт 

ӛкілдері 

студенттерінің 

тарапынан 

мемлекеттік 

тілге 


деген 

қызығушылықтың  артып  келе  жатқандығын  байқау  қиын  емес.  Дәл  осы 

студенттердің  кейіннен  қазақ  тілінің  мерейін  үстемдетіп,  сойылын 

соқпайтынына  кім  кепіл?  Сӛзсіз,  олар  кейін  ӛз  елінің,  мемлекеттік  тілді 

тұғырға  отырғызатын  азаматтары  болуына  үмітіміз  зор.  Мемлекеттік  тіл 

саясатын  жолға  қою  мақсатында  қабылданған  түрлі  бағдарламалар  мен 

қолға  алынған  іс-шаралардың  оңды  нәтижесі  күннен-күнге  айқынырақ 

біліне  бастады.  Осы  тұрғыда  ақпарат  құралдарының  еліміздің, 

ұлтымыздың  даму  жолындағы  қосар  үлесі  зор.  Әсіресе,  ұлттық 

жадымызды  жаңғыртып,  іргелі  ел  болудағы  ақпарат  құралдарының  рӛлі 

аса  ауқымды.  Ақпарат  кеңістігінің  иесі  мемлекет  болғандықтан,  ондағы 

ақпараттар  легі  сол  мемлекет  азаматтарының  сұранысына  сай  және  оны 

толыққанды қанағаттандыратын болуы тиіс. Сонда ғана, қоғамдық ортаны 

қалыптастырып  отырған  қазақ  ұлтының  мемлекеттегі  рӛлі  нығайып, 

қоғамдық  байланыстың  маңызы  артады.  Осындай  ортада  білім  алып, 

мемлекеттік 

тілді 

жан-жақты 



зерттеп, 

БАҚ 


құралдарының 

материалдарымен  тек  қазақ  тілінде  танысып  ӛскен  жастардың 

шығармашылық  қабілетінің  арта  түсетіні  сӛзсіз.  Бұл  –  мемлекеттік 

тіліміздің, ардақты Қазақ тіліміздің мерейін арттыратын аргумент. 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 



1. Сӛздік қорын байыту мәселесі туралы әдістемелік ой-пікірлер. // ҚазҰУ 

хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2002. – № 4 (55).



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал