The National Academy of Education named after I. Altynsarin Астана



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/28
Дата17.06.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі 
Министерство образования и науки Республики Казахстан 
The Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина 
The National Academy of Education named after I. Altynsarin
Астана 
2016
 
ҰЛ
Ы
Т
Ғ
Т
А
Ы
Д
Қ
Н
 Б
Ы
І
Т
Л
А
І
 
М
Н
 А
И
К
Р
А
А
Д
С
Е
Н
М
Ы
И
Т
Я
Л
С
А  
Ы
.
Ы
ОҚУШЫЛАРҒА ҮШ ТІЛДЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
 ЖƏНЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН 
ПƏНДЕР БОЙЫНША СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
ПРОГРАММЫ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ ШКОЛЬНИКОВ 
НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ И ПРОГРАММЫ ВНЕКЛАССНОЙ РАБОТЫ
ПО ПРЕДМЕТАМ СТАРШИХ КЛАССОВ,
ИЗУЧАЕМЫМ НА АНГЛИЙСКОМ ЯЗЫКЕ
PROGRAMS ON ADDITIONAL EDUCATION FOR PUPILS 
IN THREE LANGUAGES AND EXTRACURRICULAR ACTIVITIES 
PROGRAM ON UPPER SECONDARY SCHOOL
SUBJECTS STUDIED IN ENGLISH


 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
The Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan 
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  
The National Academy of Education named after Altynsarin I. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқушыларға қосымша білім берудің бағдарламаларын және жоғары 
сыныптарда ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша сыныптан 
тыс жұмыс бағдарламалары  
 
Программы дополнительного образования школьников  
на трех языках и программы внеклассной работы по предметам старших 
классов, изучаемым на английском языке 
 
Programs on additional education for pupils in three languages and the 
extracurricular activities program on upper secondary school subjects studied in 
English 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 
2016 


 
 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен  баспаға  ұсынылды 
(2016 жылғы 26 шілдедегі № 6 хаттама)  
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии  образования  им.  И. 
Алтынсарина (протокол № 6 от 22 июля 2016 года)  
Recommended to the edition by the Academic council of the National Academy of Education named 
after Altynsarin I. (
record № 6 dated 22 July 2016)  
 
 
Оқушыларға  қосымша  білім  берудің  бағдарламаларын  және  жоғары  сыныптарда  ағылшын 
тілінде  оқытылатын  пәндер  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыс  бағдарламалары.  –  Астана:  Ы. 
Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 321 б.  
Программы  дополнительного  образования  школьников  на  трех  языках  и  программы 
внеклассной  работы  по  предметам  старших  классов,  изучаемым  на  английском  языке.  –  Астана: 
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. – 321 с.  
The development of  the  programs  of  additional  education  for pupils  in three languages and the 
extracurricular activities program on upper secondary school subjects, studied in English. Guidance manual - 
Astana: The National Academy of Education named after Altynsarin I., 2016.- 321 p. 
 
Одним  из  путей  повышения  эффективности  образовательного  процесса  является 
совершенствование  дополнительного  образования  и  внеклассной  работы.  Главная  цель  их 
деятельности  –  выявление  творческих  способностей  учеников  и  развитие  их  с  учетом 
индивидуальных задатков и особенностей личности. 
Предлагаются  примерные  программы  дополнительного  образования  школьников  на  трех 
языках и программы внеклассной работы по предметам старших классов, изучаемым на английском 
языке.  При  составлении  программ  для  дополнительного  образования  и  внеклассной  работы  учтен 
принцип «двойного вхождения знаний», который в  контексте полиязычия приобрел новое звучание, 
т.к.  параллельное  изучение  предметов  и  овладение  языками  осуществляется  через  язык  обучения 
неязыковых дисциплин (химия, физика, география, биология).  
Представленный  материал  –  это  методическая  помощь  учителю,  а  ученику  –  инструмент 
личностного развития и познания природы и себя в ней. 
 
One of ways of the educational process efficiency increase is the improvement of additional 
education and extracurricular  work. The main goal of their activity is the detection of the pupils’ creative 
abilities and their development taking into account the individual inclinations and features of the personality. 
Sample programs of additional education for pupils in three languages and the  extracurricular 
activities program on  upper secondary  school subjects, studied in  English  are offered. The principle of 
«knowledge double introduction» which in the context of  the polylinguistic space has got a new meaning 
since the parallel studying of the subjects and languages mastering is being conducted through the language 
of nonlinguistic disciplines studying (Chemistry, Physics, Geography, Biology) is considered while 
developing the programs of additional education and extracurricular activities.  
The presented material is the methodical help for a teacher and the instrument of personal 
development and learning the nature and oneself in it for a pupil. 
 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2016 
© Национальная академия 
образования им. И. Алтынсарина, 2016 
© The National Academy of Education named after 
Altynsarin I., 2016 
 


 
 
Кіріспе 
 
Қазақстанда  балаларға  қосымша  білім  беру  жүйесі  балалар 
бірлестіктерінің  қызметіне  және  қосымша  білім  беру  ұйымдары  өткізетін  іс-
шараларға ерікті түрде қатысу қағидатына негізделген.  
Қазақстан  Республикасында  қосымша  білім  беру  жүйесін  дамыту,  оны 
жаңа сапалы деңгейге көшіру қажеттілігі бірқатар мән-жайлармен айқындалды:  
1) қоғамдық санада түбегейлі өзгерістер болды – адамға деген көзқарас, ең 
алдымен  маман  ретінде,  дамудың  мәдени-тарихи  педагогикасы  тұрғысынан 
жеке тұлғаға деген көзқарасты алға қояды; 
2)  дамыған  елдердің  техногендіктен  антропогендік  өркениетке  ауысу 
үрдісі күшеюде;  
3) мәдени-білім беру, ақпараттық, бос уақыт қызметтері балалар мен ата-
аналарда одан да үлкен сұранысқа ие. 
Нәтижесінде тұлға мен қоғам үшін формальды емес білім берудің әртүрлі 
түрлерінің мағынасы артуда. Осындай түрлердің бірі қосымша білім беру деп 
танылған,  оның  негізгі  нысанасы  –  балалардың  ұдайы  өзгеріп  тұратын  жеке 
әлеуметтік-мәдени және білімге деген сұраныстарын қанағаттандыру.  
Балаларға  қосымша  білім  берудің  едәуір  педагогикалық  әлеуеті  бар: 
тұлғаны  дамыту  мотивациясын  қалыптастырудың  маңызды  құралы  ретінде 
қарастырылады; қосымша білім беру процесінде әр бала үшін табысқа жетуге 
жағдай  жасау  мүмкіндігі  бар;  қызметтің  әртүрлі  түрлерін  меңгеру  арқылы 
құрылған қосымша білім беру тұлғаның өзін-өзі танытудағы мәдени кеңістігін 
кеңейтеді,  оны  шығармашылыққа  ынталандырады;  қосымша  білім  беру 
саласында  бала  мен  ересек  адамның  тұлғалық  мүдделерінің  ортақтығы 
негізінде  гуманистік  құндылықтар  бағытында  қалыптасу  процесі  қарқынды 
және  нысаналы  түрде  жүреді;  баланың  ең  жақын  даму  аймағы  бола  тұра, 
қосымша  білім  беру  бағдарламалары  оның  «мәдени  дарындылығын» 
тәрбиелеуге көмектеседі; өзінің ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша білім 
беру  бос  уақытты  ұйымдастыру  түрлерін  (демалыс,  ойын-сауық,  мереке,  өз 
бетінше  білім  алу,  шығармашылық)  білім  беру  қызметінің  әртүрлі 
нысандарымен  тығыз  үйлестіруге  тырысады  және  оның  салдары  ретінде 
балаларды  жұмыспен  қамту  проблемаларын  шешу  арқылы  девиантты  мінез-
құлық кеңістігін қысқартады.  
Қосымша  білім  беруді  ұйымдастыру  –  бұл  өзіндік  ерекшелігі  және 
бірыңғай білім беру кеңістігінде міндеттері бар білім беру ұйымдарының жаңа 
түрі.  Негізгі  міндеттерінің  бірі  баланың  ерте  жастан  бастап  өз 
қызығушылықтарына,  ниетіне  және  бойындағы  әлеуетіне  сәйкес  белсенді 
дамуы,  жаңа  бірдеңені  білуге  ұдайы  тырысуы,  қоршаған  ортаны  зерделеуі, 
ойлап табуда, шығармашылық қызметте, спорта өзінің күшін байқап көруі үшін 
жағдайлар  жасау  болып  табылады.  Әлбетте,  бұл  проблеманы  тек  мектеп 
пәндерінің шеңберінде ғана шешу мүмкін емес. 
Балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдары  өз  дамуының  сапалы  жаңа 


 
кезеңінде  екенін  көрсететін  үдеріс  байқалады.  Бұл  кезең  олардың  мақсатын 
және  әлеуметтік-педагогикалық  мүмкіндіктерін  қайта  ойластырумен 
байланысты,  сондықтан  олар  қабілеттерін  дамыту,  өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі 
айқындау,  өзін-өзі  таныту  қажеттілігін  сезінген,  білім  мен  шығармашылыққа 
мотивациясын  қалыптастыру  талпыныстарын  қанағаттандыру  үшін  тиімді 
құрал  ретінде  қарастырылатын  басқа  білім  беру  ұйымдарының  арасында 
барлық жағынан тең жағдайға ие болды. 
Әрбір  қосымша  білім  беру  ұйымы  балаларға  білім  беру  жүйесі 
элементтерінің  бірі  болып  табылады,  онда  әр  баланың  табысқа  жетуі  үшін 
жағдай жасалады, балалар мен жасөспірімдердің, отбасының әртүрлі мүдделері 
мен  қажеттіліктеріне  негізделген  икемді,  динамикалық  даму  үдерісіндегі 
мәдени-білім беру жүйесін құру міндеттерін шешеді. Барлық осы ерекшеліктер 
әрбір балаларға қосымша білім беру ұйымына қайталанбас бірегей және жеке 
өзіндік ерекшелік береді. 
Педагогикалық,  психологиялық  және  әдістемелік  әдебиетті,  сондай-ақ 
Қазақстан  мұғалімдерінің  жұмыс  тәжірибесін  зерделеу  қосымша  және 
сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда және өткізуде бірқатар проблемаларды 
анықтады. Химия, биология, физика және география мұғалімдеріне жүргізілген 
сауалнама  көп  жағдайларда  жұмыстың  қандай  да  болса  жүйесі 
байқалмайтынын  және  ол  негізінен  шартты  және  эпизодты  сипатқа  ие  екенін 
көрсетті. Ең алдымен, бұл осы мәселеге аз көңіл бөлінетіндігіне байланысты, ал 
әдістемелік әдебиетте ұсынылған аздаған қызықты әзірлемелер мен ұсынымдар 
қатардағы мұғалімдерге толық қолжетімді емес. Көбінесе сыныптан тыс жұмыс 
шартты  және  эпизодты  сипатқа  ие  және  негізінен  оқушыларды  конкурстық 
сынақтарға  (олимпиадаларға)  дайындаудан  тұрады.  Сыныптан  тыс  жұмысты 
дұрыс  ұйымдастыруға  кедергі  жасайтын  негізгі  факторлар:  әдістемелік 
әдебиеттің,  материалдық базаның,  осы бағытта  жұмыс  өтілінің болмауы  және 
т.б. 
Балаларға  қосымша  білім  беру  ұйымдарының  жұмысын  жетілдіруге, 
олардағы  сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  жұмыстың  бай  тәжірибесін 
сақтауға  оқушыларға  үш  тілде  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын  және 
жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша сыныптан 
тыс  жұмыс  бағдарламаларын  әзірлеу  көмектеседі,  олар  оқу-тәрбие  процесінің 
мақсаттылығы  мен  басқарылушылығын,  келісушілігін  және  үйлесімділігін 
қамтамасыз етеді.  
Осы жинақта ұсынылып отырған қосымша білім беру және сыныптан тыс 
жұмыс  бағдарламалары  мазмұны  бойынша  дәстүрлі  оқу  бағдарламаларынан 
шамалы  ғана  ерекшеленеді.  Алайда  бұл  жерде  осы  бағдарламалар  бойынша 
сабақтар өткізу технологиялары маңызды. 
Осындай  технологиялардың  бірі  кейс-стади  технологиясы  деген 
халықаралық атау алған технология болып табылады. 
Кейс-әдістің  мәні  оның  нақты  білім  немесе  біліктерді  қаншалықты 
меңгеруіне  ғана  емес,  білім  алушылардың  да,  педагогтардың  да  жалпы 
зияткерлік  және  коммуникативтік  әлеуетін  соншалықты  дамытуға 


 
бағытталуында жатыр. Кейс-стади жағдайларға талдау жасауды білдіреді, олар, 
әдетте, нақты өмірден, ғылыми және көркем шығармалардан алынады. Дәл осы 
үшін  біз  осы  әдістің  көпфункциялылығына  қатысты  кейсологтар 
тұжырымдамасының  дұрыстығына  сенеміз.  Ол  оқыту  шарасы  ретінде  де, 
зерттеу әдісі ретінде де бірдей әрекет ете алады.  
Сондықтан  білім  беру  процесінде  бұл  әдіс  оқыту,  зерттеу  функцияларын 
және, ең маңыздысы ‒ мәдениеттану функциясын атқарады.  
Кейс-стади  әдісінің  технологиялық  деңгейі  жұмысты  кейстермен  арнайы 
ұйымдастыруға  байланысты.  Ең  алдымен,  әдістің  технологиялық  ерекшелігі 
білім алушылардың да, педагогтардың да бірлескен қызметін ұйымдастырумен 
байланысты. Дәл осы сәт ұжымдық жұмысқа қатысушылардың мотивациясын 
арттыруға  және  бастамашылық  мінез-құлқын  жандандыруға  байланысты 
болады. Егер мұны кейстермен жұмыс істеуді ұйымдастырудың алғашқы кезеңі 
деп қабылдасақ, онда келесісі проблеманы шешумен байланысты болады, осы 
шешімдерді  тапқаннан  кейін  бірлескен  қызмет  нәтижелерін  талдау  кезеңі 
келеді. 
Осы  технологияның  басты  жетістігі  оның  оқыту  мен  тәрбиенің  басқа  да 
әдістерімен  тиімді  үйлесуі,  сондай-ақ  танымның  көптеген  ғылыми  әдістерін 
кіріктіру  мүмкіндігі  болып  табылады.  Дәл  осы  ерекшелігі  оның  оқытуда  оқу, 
білім  беру  және  зерттеу  мазмұнын  біріктіру  тәсілі  болуына  мүмкіндік  береді. 
Жалпы, кейс-стади бірлескен әрекетке ғана негізделмеген, сондай-ақ пәнаралық 
контексті қамтамасыз ететін нақты механизм де болып табылады. [143-150]. 
Қосымша  білім  беру  және  сыныптан  тыс  жұмыс  бағдарламаларын 
құрастыру  кезінде  «қосарлы  білім  беру»  қағидаты  ескерілді,  ол  көптілділік 
контексінде  жаңа  мағынаға  ие  болды,  өйткені  пәндерді  қатар  оқыту  және 
тілдерді  меңгеру  тілдік  емес  пәндерді  (химия,  физика,  география,  биология) 
оқыту  тілі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Осы  бағдарламаларды  ұсына  отырып, 
пәнаралық  байланыс  туралы  ғана  емес,  әртүрлі  (төркіндес  емес  –  тіл  және 
физика,  тіл  және  биология  және  т.б.)  пәндер  саласынан  білімдерін 
интеграциялау  туралы  айтуға  болады.  Абстракт  және  біржақты  білімнен  оны 
нақты  қайта  жаңғыртуға  көшу  болжанады.  Тілдерді  оқыту  проблемаларына 
қатысты  «абстрактілік»  дегеніміз  тілдерді  оқи  отырып,  адамның  ең  алдымен 
белгілер жүйесімен жұмыс істейтінін, ал оған абстрактіліктің жоғары дәрежесі 
тән  екенін  білдіреді.  Көптілділік  білім  беру  шеңберінде  басқа  пәндер  арқылы 
тілді  (физиканы  ағылшын  тілінде)  оқи  отырып,  көптілділік  білім  беру 
субъектілері  тілдерді  белсенді  өзара  іс-қимыл  жасасу,  қарым-қатынас  жасау 
және тану құралы ретінде пайдаланатын жағдай әрекет етеді. Басқа сөздермен 
айтқанда, осы әдістің шеңберінде тіл тану объектісі ретінде де, таным құралы 
ретінде де әрекет етеді.  
Жоғарыда  айтылған  пәндік-тілдік  кіріктіріп  оқыту  әдістемесіне  жатады. 
Бұл  тілдік  бату  ұғымы  кең  мағынасында  СLIL  халықаралық  оқыту  жүйесінен 
шыққан.  Терминді  1994  жылы  Дэвид  Марш  (Ювяскюль  Университеті, 
Финляндия) ойлап тапқан.  
CLIL  – 
пәндер  шет  тілдерде  оқытылатын,  оқыту  әдістемелерін 


 
сипаттайтын термин. CLIL екі мақсатты көздейді, атап айтқанда: пәнді шет тілі 
арқылы және шет тілін оқытылатын пән арқылы зерделеу.  
Бұл тәсіл екі пән бойынша оқытуды бір уақытта жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді,  бірақ  негізгі  назар  не  тілге,  не  тілдік  емес  пәнге  бөлінуі  мүмкін. 
Кіріктіріп  оқыту  пәннің  мазмұны  мен  терминологиясына  акцент  жасайды,  ал 
екінші тіл әртүрлі пәндерді зерделеу құралы болады. 
CLIL 
әдістемесінің ерекшелігі мынада: 

 
Тілді білу пәннің мазмұнын зерделеу құралы болады.  

 
Арнайы  мәтіндердің  мазмұнына  да,  сондай-ақ  қажетті  пәндік 
терминологияға да акцент жасалады.  

 
Тіл оқыту бағдарламасына кіріктірілген. 

 
Тақырыптық материалды талқылау мүмкіндігі үшін тілдік ортаға түсу 
қажеттігі  тілді  зерделенетін  тақырып  контексінде  пайдалану  мотивациясын 
біршама арттырады. 

 
Тілді білу пәннің мазмұнын зерделеу құралы болады. 

 
Сабақтар  қызықтыру  нысанында  өткізіледі,  оқушылар  ғылыми 
тәжірибелер жасайды және әртүрлі эксперименттер өткізеді.  

 
Тілді  қызықты  тақырыптарды  талқылау  үшін  пайдаланатындай 
деңгейде үйрену мотивациясы артады. 
«Физика»,  «Химия»,  «География»,  «Биология»  пәндері  бойынша 
ұсынылып  отырған  қосымша  білім  беру  бағдарламалары  үшін  көрсетілген 
пәндердің  мұғалімдері  мен  ағылшын  тілі  мұғалімдерінің  жұмысты  бірлесіп 
жоспарлауы  мен  ынтымақтастығының  маңызы  зор,  олар:  жалпы  тақырыптық 
жоспарлауды;  пәндер  бойынша  сабақтың  лингвистикалық  мақсаттарын 
анықтауды;  пән  мұғалімі  сабағының  құрылымына  тілдік  қызмет  түрлерінің 
тұжырымдамасын  енгізуді;  филолог  пен  пән  мұғалімінің  сабақтардағы 
терминологиялық  және  лексикалық  минимумын  анықтауды;  сөйлеу 
конструкцияларын,  сабақтарға  клише  құрастыруды;  әдістер  мен  тәсілдерді 
іріктеуді және есепке алуды; ойлау дағдылары деңгейлерін дамытуға сұрақтар, 
тапсырмалар құрастыруды (Б.Блум таксономиясы бойынша) болжайды. 
CLIL 
технологиясын 
қолдану 
үшін 
педагогтардың 
мынадай 
құзыреттіліктері қажет: 
1)
 
тіл,  пән  және  оқу  біліктерін  дамыту  бойынша  нәтижелерді  қосып, 
курстың пәндік мазмұнын бейімдеу; 
2)
 
бірін-бірі  өзара  қолдайтындай  етіп,  тілдік  және  пәндік 
бағдарламаларды кіріктіру; 
3)
 
тілдің  де,  пәннің  де  меңгерілуін  өлшеу  үшін  теңгерілімді 
қалыптастырушы және соңғы бағалау құралдарын әзірлеу;  

 
тілдік  қолдауды  дамытуды  (скэффолдинг),  пәндік  құзыреттілік  пен 
оқыту дағдыларын, тілдік, пәндік оқу дағдыларын ілгерілемелі дамытуды, сыни 
және  шығармашылықпен  ойлауды  дамытуды,  зерделенетін  пәндер  арасында 
байланыс  орнатуда  оқушыларға  көмек  көрсетуді,  оқушылардың  білім  алуын 
(
оқу  біліктерін,  пәндік  және  тілдік  құзыреттіліктерін,  сондай-ақ  когнитивті 
қабілеттерін)  жақсарту  үшін  бағалауды  пайдалануды,  обеспечение  развития 


 
коммуникативті  және  академиялық  тілдік  дағдыларын  дамытуды  қамтамасыз 
етуді қоса отырып, CLIL-дің басқа да негізгі элементтерін және оны іске асыру 
қағидаттарын  курстардың  пәндік  бағдарламаларына  және  сабақтардың 
жоспарларына енгізуді жоспарлау; 

 
сабақтарға  толықтыру  ретінде  оқу  ортасын  анықтау  және  сабақта 
пайдалану  (мысалы,  пікірталас  форумдары,  оқу  топтары,  мектеп  алаңдары, 
қоғамдық орталықтар, жергілікті орта); 

 
оқушылардың  материалды  меңгеруін  қамтамасыз  ету  үшін  қажетті 
тілді  таңдау,  тілдік  және  пәндік  ақпаратты  байыта  беру,  оқушыны  тілге  және 
пәнге оқытудың бай нәтижесі. 
Айтылғанды,  сондай-ақ  осы  технологияны  қолдану  төменде  ұсынылып 
отырған  қосымша  білім  беру  және  сыныптан  тыс  жұмыс  бағдарламалары 
бойынша  оқыту  үшін  жалпы  негіздері  бар  екенін  ескере  отырып,  төменде 
оқушылардың  төрт  пәннің  бағдарламалық  мазмұнын  үш  тілде  меңгеру 
нәтижелерін бағалау өлшемшарттары ұсынылады, атап айтқанда: 

 
шығармашылық жазбаша жұмыстарды бағалау өлшемшарттары; 

 
ауызша кеңейтілген жауаптарды бағалау өлшемшарттары; 

 
тыңдау біліктерін бағалау өлшемшарттары (1-кесте); 

 
сөйлеуді бағалау өлшемшарттары (2-кесте); 

 
оқуды бағалау өлшемшарттары (3-кесте). 
Шығармашылық  жазбаша  жұмыстарды  (хаттарды, шығармаларды, 
эссе, жобалау жұмыстарын, оның ішінде топпен) бағалау өлшемшарттары: 
«5» балл: 
1. 
Мазмұны: коммуникативті міндет толық шешілген. 
2. 
Жұмысты  ұйымдастыру:  пікір  айтуы  қисынды,  логикалық  байланыс 
құралдары пайдаланылған, пікір айту форматы сақталған және мәтін абзацтарға 
бөлінген. 
3.  Лексика:  лексика  қойылған  міндетке  және  осы  оқыту  жылының 
талаптарына сәйкес келеді. 
4. Грамматика: қойылған міндетке және осы оқыту жылының талаптарына 
сәйкес әртүрлі грамматикалық конструкциялар пайдаланылған, грамматикалық 
қателер жоқ не коммуникативтік міндетті шешу үшін кедергі келтірмейді. 
5. Орфография және пунктуация: орфографиялық қателер жоқ, пунктуация 
ережелері сақталған: сөйлемдер бас әріптен басталады, сөйлем соңында нүкте, 
леп белгісі немесе сұрақ белгісі қойылады, сондай-ақ үтірлерді қоюдың негізгі 
ережелері сақталған. 
«4» балл: 
1. 
Мазмұны: коммуникативті міндет толық шешілген. 
2. 
Жұмысты  ұйымдастыру:  пікір  айтуы  қисынды,  логикалық  байланыс 
құралдары пайдаланылған, пікір айту форматы сақталған және мәтін абзацтарға 
бөлінген. 
3.  Лексика:  лексика  қойылған  міндетке  және  осы  оқыту  жылының 
талаптарына сәйкес келеді, бірақ шамалы қателері бар. 


 
4. Грамматика: қойылған міндетке және осы оқыту жылының талаптарына 
сәйкес әртүрлі грамматикалық конструкциялар пайдаланылған, грамматикалық 
қателер коммуникативтік міндетті шешу үшін аздап кедергі келтіреді. 
5.  Орфография  және  пунктуация:  орфографиялық  қателер  шамалы, 
пунктуация  ережелері  сақталған:  сөйлемдер  бас  әріптен  басталады,  сөйлем 
соңында нүкте, леп белгісі немесе сұрақ белгісі қойылады, сондай-ақ үтірлерді 
қоюдың негізгі ережелері сақталған. 
«3» балл: 
1. 
Мазмұны: коммуникативті міндет шешілген. 
2. 
Жұмысты  ұйымдастыру:  пікір  айтуы  қисынсыз,  логикалық  байланыс 
құралдары  барабар  емес  пайдаланылған,  мәтін  абзацтарға  дұрыс  бөлінбеген, 
бірақ пікір айту форматы сақталған. 
3. Лексика: әр жерде лексика дұрыс пайдаланылмаған.  
4. Грамматика: өрескел грамматикалық қателер бар. 
5.  Орфография  және  пунктуация:  орфографиялық  қателер  шамалы, 
пунктуация  ережелері  әрқашан  сақталмайды:  барлық  сөйлемдер  бас  әріптен 
басталмайды,  барлық  сөйлемдердің  соңында  нүкте,  леп  белгісі  немесе  сұрақ 
белгісі қойылады, сондай-ақ үтірлерді қоюдың негізгі ережелері сақталмаған. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал