Тұғыры биік тұлға Қ.Қ. Алпысбаев



жүктеу 54.35 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі54.35 Kb.

Тұғыры биік тұлға 

 

Қ.Қ.Алпысбаев,  

ф.ғ .д., професоср 

Қазақстан, Астана 

 

Қазақ  әдебиеттану  ғ ылымындағ ы  айтулы  тұлғ алардың  бірі,  Қазақ  ССР  Ғылым 



академиясының  академигі,  Халықаралық  қоғ амдық  Айтматов  академиясының  академигі, 

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығ ының,  ғ ылым  саласы  бойынша  берілетін 

Ш.Ш.Уәлиханов атындағ ы сыйлықтың лауреаты  ғ ұлама  ғ алым, ӛнегелі  ұстаз Зәки Ахметұлының 

ӛмір жолына кӛз салғ анда ӛз тұстастарына қарағ анда ғ ылым баспалдақтарына ерте кӛтерілгені, 

оның қия жол, қиын асуларын ерекше қабылет-қарыммен меңгеріп жүріп ӛткені байқалады. «Ат 

болатын  құлынның  мүшесінен белгілі»  деп  халық  даналығ ында  айтылғ андай   Зәки  талантының 

ерте  танылғ анын  кӛреміз.  1943  жылы  он  бес  жасында  Қазақ  мемлекеттікуниверситетінің 

филология факультетіне түсіп, 1947 жылы үздік бітіріп шығ ады.  

Ғылымғ а  деген  зор  қабілетін  ескерген  сол  кездегі  қазақ  әдебеиеті  кафедрасының 

меңгерушісі  Б.Кенжебаев  бастағ ан  ұстаздар  қауымының  қолдауымен  КСРО  Ғылым 

академиясының Ленинградтағ ы шығ ыстану институтының аспирантурасына арнайы жолдамамен 

жіберіледі.Ғылым  әлеміне  құлаш  ұрғ ан  бұл  кезең  Зәки  Ахметов  үшін  қажымас  жігермен  іске 

кіріскен,  ізденіске  толы  жылдар  еді.  Аспирантурада  оқығ ан  жылдары  дүние  жүзіне  мәшкүр 

түркітанушы  ғ алымдар  С.Е.Малов  пен  И.М.Жирмунскийдің  дәрістерін  тыңдаудың  нәтижесінде 

З.Ахметов  әлемдік  деңгейде  ой  тастай  алатын  академиялық  сипаттағ ы  оқымысты  болып 

қалыптасады.  

Студент  кезінде-ақ  алғ ырлығ ымен  кӛзге  түскенжас  талант  жиырма  үш  жасында 

кандидаттық,  отыз  жеті  жасындадокторлық  диссертация  қорғ ап  ғ ылыми  ортаныерте 

мойындатып,  кӛпшілік  назарын  ӛзіне  аударта  білді.    Қырық  жеті  жасында  Қазақ  ССР  Ғылым 

академиясының  корреспондет  мүшесі,  елу  бес  жасында  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 

академигі  болып  сайланып  ғ ылым  шыңына  кӛтерілген,  1951-1975  жылдарда  Қазақ  мемлекеттік 

қыздар  педагогикалық  институтында  доцент,  кафедра  меңгерушісі,  декан;  1975-1984  жылдарда 

Қазақ ССР ғ ылым академиясы М. Әуезов атындағ ы әдебиет және ӛнер иниституты директорының 

орынбасары,директоры,  Қазақ ССР Ғылым академиясы қоғ амдық ғ ылымдар бӛлімінің академик-

хатшысы, 1984-1986 жылдарда  вице-президенті болғ ан, 1985 жылы Қазақ ССР Жоғ арғ ы Кеңесінің 

депутаты  болып  сайланып,  биік  дәрежелі  қызметтер  атқарғ ан  З.Ахметовтың  атақ  дәрежесінен 

шын мәнінде ат үркетіндей еді. 

Студент кезімізден ғ ылыми еңбектері арқылы сыртынан жақсы танитын, әдеби кештерде, 

әдебиеттану ғ ылымына қатысты түрлі жиналыстарда, диссертациялық кеңес мәжілістерінде бірге 

болып сӛйлеген сӛздерін, жасағ ан баяндамаларын тыңдап жүргеніммен әлемге танымал ардақты 

ғ алыммен  жақын  араласуым  оның  әл-Фараби  атындағ ы  Қазақ  ұлттық  университетінде  мен 

басқарғ ан  әдеби  шығ армашылық  және  кӛркем  аударма    теориясы  кафедарасында  қосалқы 

қызмет  атқарғ ан  жылдары  еді.  Кафедрамыз  бұрынғ ы  лингводидактика  және  аударма 

кафедрасының  орнында  қайта  құрылғ ан  жаңа,  жас  кафедра  болатын.  Жаңадан  ашылғ ан  әдеби 



шығ армашылық,  аударма  мамандықтарына  дәріс  беретін  теориялық  білімі,  кәсіби  біліктілігі 

жоғ ары оқытушы-профессор құрамын жасақтау кафедра алдындағ ы басты міндет болып тұрды. 

Соғ ан  орай  кафедра  әлеуетін  кӛтеру  мақсатында  1997  жылғ ы  қыркүйек  айынан  бастап  жаңа 

ашылғ ан  «Әдеби  шығ армашылық»және  «Кӛркем  аударма»  мамандықтары  бойынша  оқуғ а 

түскен  студенттерге  сапалы білім  беріп,  кәсіби  тұрғ ыдан  дұрыс бағ ыт-бағ дар  беретін  оқытушы, 

ғ алымдарды шақыруды қолғ а алып, З.Ахметов, Ж.Ысмағ ұлов, Ә.Тарази т.б. белгілі ғ алымдар мен 

қаламгерлергеқосалқы  қызмет  арқылы  дәріс  бергізе  бастадық.  Академик  З.Ахметов  «Аударма 

теориясы»,  «Әдеби  жұмыс»  пәндерінен  қазақ,  орыс  бӛлімдеріне  бірдей  дәріс  оқыды.  Бұл 

пәндерді  ӛмірінің  соңына,  2002  жылғ ы  желтоқсанның  ортасына    дейінжүргізген  білікті  ұстаз 

кафедраның әлеуетін арттыруғ а, студенттердің терең біліммен сусындауына, ғ ылым тұңғ иығ ына 

бойлауғ а  ұмтылуына  шын  мәнінде  айтарлықтай  үлес  қосты,  ықыласпен  еңбек  етті.  Қазақша, 

орысша  бірдей  шешен  сӛйлейтін  тұңғ иық  білімді  ұстаз  сабағ ынан  белгілі  бір  себеп  болмаса, 

бірде-бір студент қалмайтын. 

Бірге  қызмет  істеген  осы  бір  аз  жылда  ғ алым  ұстадың  біз  білмейтін  кӛп  қырларына 

қанықтық,  қарапайым  болмысынан  тамыр  тартатын  ұлылығ ын  сезіндік.  Мен  үшін  ұлылықтың 

қарапайымдылықтан  басталатынына  бір  мысал  осы  Зәки  ағ аның  болмыс-бітімі  болып  кӛрінеді. 

Сырттай  қарағ анда  қатал  сияқты  кӛрінетін  ғ алымның  араласа  келе  жайлы  мінезі,  соншалықты 

кішіпейілдігі,  қашан  да  қамқор  кӛңілін  ұсынатын  адамгершілігі,  жақсылық  нұрын  себетін  асыл 

қасиетіжан-жүрегіңді еріксіз баурап алатын. Шәкіртке қатты талап қою қаталдық емес, терең білім 

қалыптастыруғ а жетелеу, дұрыс бағ ыт беру екендігін танытатын. Жиналыс мінберлерінде, әдеби 

талқылауларда,  студенттер  алдында  ағ ыл-тегіл  сӛйлейтін,  білмегеніңді  білдіріп,  олқы  ойыңды 

толтырып, ұқпай жүргенніңді ұқтырып жіберуші еді.  

Есімі  ӛз  еліміз  бен  шетелдерде  әдебиет  теориясының,  ӛлең  құрылысы  саласының  ӛте 

білікті  маманы,  ғ ылыми  мектептің  негізін  салушы  ретінде  танымал  болғ ан  ғ алымның 

зерттеулерінің  аясы  барынша  кең  болды.  Ғылым,  оқу  орындары  саласында  басшылық 

қызметтератқара  жүріп,    қарбалас  жұмыс  арасынан  уақыт  тауыпмаңызды  зерттеулер  жазды. 

Зерттеулері қазақ және орыс тілдерінде жазылғ ан ғ алымның еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы 

мен  теориясы  мәселелеріне  арналғ ан.  Қазіргі  қазақ  әдебиетіндегі  дәстүр  мен  жаңашылдық, 

кӛркемдік  пен  шеберлік,  поэтика,  әдеби  байланыс  мәселелерін  қамтығ ан ғ ылыми-зерттеулерді 

ӛмірге әкелді. 

Аса  кӛрнекті  теоретик  ретінде  академик З.Ахметов  абайтану  және  әуезовтану  саласында 

ұзақ  жылдар  үздіксіз  жемісті  еңбек  етіп,  оны  текстологиялық  тарихилық  тұрғ ыдан 

зерттеді.Абайдың әр жылдары (1954,1957,1970, 1995) басылғ ан толық шығ армалар жинақтарын 

дайындап,  құрастырушыларының  бірі  болды.  Ғылымдағ ы    алғ ашқы  қадамын  Абай 

шығ армашылығ ына  қатысты  бастағ ан  оләдебиеттанудағ ы  теориялық  мәселелермен,  әдеби 

байланыс,  салыстырмалы  әдебиеттанумен,  М.Әуезов  шығ армашылығ ымен  түбегейлі  айналыса 

келіп  ӛмірінің  соңғ ы  кезеңінде  Абай  мұрасын  тереңдеп  зерттеуді  одан  әрі  жалғ астырғ ан  еді. 

Бұғ ан мысал ретінде басылып шыққан кітаптарының атауларын тізіп шығ удың ӛзі жеткілікті. Олар: 

«Лермонтов  және  Абай»(1954,  орыс  тілінде),  «Қазақ  ӛлеңінің  құрылысы»(1964,орыс  тілінде), 

«Қазақ поэзиясының тілі туралы» (1970), «Ӛлең сӛздің теориясы»(1973), «Қазақ әдебиетінің қазіргі 

дамуы  мен  дәстүрі»(1978,  орыс  тілінде),  «Абай  жолы»  эпопеясының  поэтикасы»(1984,  орыс 

тілінде),  «Абайдың  ақындық  әлемі»(1995),  «Мұхтар  Әуезовтың  роман  –  эпопеясы(1997,  орыс 

тілінде), «Позия шыңы – даналық» (2002)т.б. 


Жас оқымысты «Лермонтов және Абай» атты алғ ашқы зерттеу еңбегінің ӛзінде Абай мен 

Лермонтов арасындағ ы байланыс сипатын, оның Абайғ а әсерін біліктікпен зерттеп кӛрсете білсе, 

«Қазақ  ӛлең құрылысы» монографиясында  қазақ әдебиеттану ғ ылымында кең ауқымда арнайы 

зерттелмеген  ұлттық  ӛлең  құрылысынжүйелі  теориялық  ұғ ымдар  арқылы  тұжырымдап  берді 

деуге болады.Бұл ретте ойымызды профессор Б.Майтанов айтқан мына бір пікірмен  түйіндеуді 

жӛн  кӛреміз.  «Әр  кезде  әр  түрлі  қазақ  ғ алымдары  шола  тоқталып,  біраз  түйінді  тұстарын 

А.Байтұрсынов,  М.ӘуезовҚ.Жұмалиев,  Б.Кенжебаев  және  ӛзімен  қатарлас  әріптестері  жекелеген 

ақындар  шығ армашылығ ына  қатысты  арнайы  саралап  айта  бастағ ан  ұлттық  ӛлең  құрылысы 

жүйелі  теориялық  ұғ ымдар  мен  айқын  тұжырымдарғ а  зәру  болатын.  Ол  парыз  З.Ахметовтың 

әлем  поэзиясындағ ы  қалыптасқан  үрдістермен,  дүние  жүзіне  белгілі  еңбектермен,  тіл  білімі, 

оның  ішінде  фонология,  синтаксис,  стилистика  заңдылықтарын  жетік  меңгеруі  нәтижесінде 

табысты  орындала  бастады»  *1,  294-295+.  Кезінде  С.Е.Малов,  В.М.Жирмунский,  Г.И.Ломидзе, 

В.В.Кожинов, В.П.Гончаров т.б. сияқты әйгілі ғ алымдар тарапынан жоғ ары бағ аланғ ан бұл еңбек 

ұлттық  әдебиеттану  ғ ылымындағ ы  аса  зор  жетістік  қана  емес,  кешегі  кеңес  Одағ ы,  тіпті  бүкілі 

түркілік  әдебиеттануда  айтарлықтай  маңызы  бар  ірі  табыс  екені,  түркітану ғ ылымына  қосылғ ан 

айырықша үлес екені даусыз.Қазақ ӛлеңінің сӛз кестесін, ӛлең сӛздің суреттілігін, бейнелілік сипат-

қасиеттерінсӛзету  барысында  ауыспалы,  астарлы  мағ ына  туғ ызатын  бейнелі  сӛздерге  басым 

назар  аударылатын,  сол  арқылы  ұлттық  поэзиямыздың,    әдебиетіміздіңсӛзді  түрлендіріп, 

мағ ынасын ӛзгертіп, кеңейтіп пайдалану жағ ынан шексіз мол мүмкіндігін ашып кӛрсетуді мақсат 

еткен  «Позия  шыңы  –  даналық»  атты  ғ алымның  соңғ ы  еңбегі  бірнеше  ондағ ан  жылдар  бойғ ы 

ғ ылыми ізденісінің қорытындысы деуге болады. 

Ал Абайдың жүз елу, М.Әуезовтың жүз жылдық мерейтойларына орай жазғ ан ұшан теңіз 

зерттеулері әлемдік ой таласына түсе алатын мәнді еңбектер дей аламыз. Бұл орайда ғ алымның 

«Абайдың  ақындық  әлемі»  (1995),  «Мұхтар  Әуезовтың  роман  –  эпопеясы  (1997,  орыс  тілінде) 

тәрізді еңбектерін ерекше атауғ а болады.«Абайдың ақындық әлемі» монографиясында таптаурын 

болғ ан  әдіс-тәсілден  іргесін  аулақ  салғ ан  ғ алым  зерттеу  бағ ытын  ӛзіндік  бағ дарғ а  құрып, 

мәселені жаңаша қойып, тың пайымдаулар жасайды. Ол «Абайды жай  ғ ана шола салмайды, ұлы 

ақынды  тану  эволюциясын  айқындайды»  *2,  341+.  Бұл  орайда  кітап  мазмұнының  «Абайтану 

белестері»,  «Ақындық  тұлғ асы,  адамгершілік  мақсат-мұраты»,  «Ғылым-білім,  ақыл-парасат 

жайлы  ойлар»,  «Сыршыл  кӛңіл  мұңаймас»,  «Махаббат  сарындары,  сұлулық  сымбаты», 

«Суреткерлік шеберлігі (табиғ ат кӛріністері)», «Ойшылдық сарын, шеберлік қырлары», «Ақындық 

ӛнер  мен  ән-күй  туралы  толғ аныстар»,  «Жолғ а  жол  жалғ асады(орыс  клкассиктерімен  үндестік 

сарындары)»,  «Тіл  бейнелілігі»,  «Ӛлең  ӛрнектері»,  «Поэмалардың  сыр-сипаты»,  «Қарасӛздер  – 

тақырыптық,  жанрлық  ерекшеліктері»,  «Дәстүр  жалғ астығ ы»,  «Текстология  жайында  бірер  сӛз» 

деген  тақырыптарғ а  бӛлініп  қарастырылуының  ӛзінен  монографиядағ ы  ой  ауқымының  кеңдігі 

мен тереңдігін аңғ ару қиын емес. 

«Абайдың ұлылығ ы ӛз тағ дырын халық тағ дырымен байланыстырып жырлай білуінде. Ал 

халық тағ дыры – азаматтық мәселе. Абай поэзиясында жеке басының ғ ана емес, халқының жай-

күйін, арма-аңсарын, күңірене жырлауы, оны бүкіл адамзат тағ дырын ойлап, толғ анғ ан әдебиет 

алыптарының қатарына қосты. З.Ахметовтың монографиясының ӛн бойында осындай ойлар желі 

тартқан»  *2,  243+.  «Мұхтар  Әуезовтың  роман-эпопеясы»  атты  1997  жылы  орыс  тілінде  шыққан 

монографиясында  да  академик  З.Ахметовке  тән  қарыммен,  мол  эрудиция  деңгейінде  талдау 

аясында әйгілі шығ армағ а қатыстыуақыт талабына жауап беретін, жаңа кӛзқарас жүйесіне сәйкес 

білікті  де  ӛміршең  ой-толғ амдары  кӛрініс  табады.  Тӛрт  бӛлімнен  тұратын  монографияда 

ғ алымның ӛмір шындығ ы мен кӛркем шындықтың,тарихи-құжаттық шығ арма мен тарихи кӛркем 

шығ арманың  арақатынасы,  ӛзіндік  ерекшелігі,  тарихи  ӛмірдің  бейнелену  сипаттары 



қарастырылады.  Қаламгердің  алғ а  қойғ ан  мақсаттарына  орай  кейбір  ӛмірдегі  болғ ан 

оқиғ алардың  ӛңделуі  сараланады.  Сондай-ақ  шығ арманың  композициясын,образдар  жүйесін 

талдау барысында эпопеяның кӛркемдік сипаты ашылады. 

Осылайша  әдебиеттің  қандай  мәселесіне  қалам  тартса  да  З.Ахметовтың    ғ ылыми  ой-

толғ амдары  теориялық  терең  пайымдармен  әдіптеліп,  кәсіби  биік  деңгейдегі  талдау  талабын 

орындап  жатты.Оның  қай  зерттеуін  алсаң  да  соны  пікірге,  жаңаша  байыптауғ а,  тың  кӛзқарасқа 

толы еді. Амал қанша!Абай, Мұхтар секілді ұлылар туралы ұлағ атты сӛз айта білген аяулы азамат 

ӛзі де үлы тұлғ ағ а айналғ ан шағ ындақапияда қайтыс болды. 

 Жаны  жайсаң  ардақты  ағ амен  соңғ ы  рет  кездескен  сәт  әлі  кӛз  алдымда,  ақырғ ы  рет 

ақтарыла  айтқан  әңгімесі,  жағ ымды  жұмсақ  үні  құлағ ымда  жаңғ ырып,  жадымда  жатталып 

қалды.2002 жылғ ы  желтоқсан айы, тәуелсіздік күнінің қарсаңы болатын. Сабақ жүріп жатқан кез. 

Тиісті  шаруаммен  айналысып  кафедрада  отырғ анмын.  Бір  кезде  кезекті  дәрісін  ӛткізіп  болғ ан 

Зәки  ағ а  келді.  Алдағ ы  күндері  Семейде  Шәкәрімге  арналғ ан  шара  болатыны,  соғ ан  арнайы 

шақырылғ анын айтып, сол  күндерге  сәйкес  келетін  сабақтарынан  босатуғ а  рұқсат  сұрады. Мен 

қолма-қол  З.Ахметұлының  ӛтінген  күндеріне  сәйкес  сабақтарды  ӛткізуді  жас  оқытушылардың 

біріне  тапсырдым  да,  ағ ағ а  алаңдамайбарып,  шараны  жақсы  ӛткізіп  қайтуғ а  тілектестігімді 

білдірдім.  Ықыласыма  риза болып  рахмет  айтты  да,киініп  кетуге ыңғ айланғ анағ амағ ан бірдеңе 

айтқысы келгенін аңғ артып далағ а шығ арып салуымды ӛтінді. Қазұу-діңбас ғ имаратынан шығ ып, 

Тимирязов  кӛшесіндегі  аялдамағ а  қарай  келеміз.  Далағ а  шығ ысымен  әңгімесін  бастағ ан  ағ а 

аялдамағ а  жеткенше  ғ ылымның  болашағ ы,  қазіргі  студенттер,  кафедрада  тындырылып  жатқан 

жақсы  істер,  келешекте  жүзеге  асырылуғ а  тиіс  кезекте  тұрғ ан  мәселелер  жӛнінде,  жалпы  ел 

ӛміріндегі  қуанатын  жағ дайларды  да,  кейбір  келеңсіз  әрекеттер  жайлы  біраз  әңгіменің  басын 

қайырып тастады. Аялдамада автобус күтіп тұрмыз. Бір кезде: 

–  Сен менің туғ ан ӛлкем Шығ ысты кӛрдің бе? – деді. Мен: 

–  Ӛскеменді кӛргемін, аудандарын аралағ ам жоқ, – деп едім. 

– Онда, амандық болса кӛресің Алтайдың сұлу табиғ атын. Келесі жылы мен жетпіс беске 

келемін ғ ой.  Елге бару  жоспарым бар.  Қасыма  ертетіндердің бірі  сен боласың, ән  салуғ а  дайын 

бол,  –  деген  әзіл  араластырғ ан  тілегін  білдірді.Сол  арада  автобус  та  келе  жатты.  Ағ ағ а  риза 

кӛңілмен, жолыңыз болсын! – деп қош айтысып қала бердім. Алайда болғ ан жағ дай ағ ай айтқан  

тілекке  жеткізбеді...  Содан  екі  күн  ӛткен  соң  таңертең  «ағ ай  машина  қағ ып  қайтыс  болыпты» 

деген жүрек шымырлатқан суық хабар жетті. Ажалғ а кім араша бола алғ ан?!.. 

Бір  шүкіршілігі  ғ алымның  артында  ӛте  құнды  ғ ылыми  мұрасы  қалды.  Оның  артында 

қалғ ан  оннан  астам  монографиясы,  400-ден  астам  мақаласы  келер  күндерде  де  ұлт  рухын 

кӛтеруге  қызмет  жасай  беретіні  сӛзсіз.    Ғалымдық  пен  ұстаздықты  сабақтастыра  жүргізген 

ғ алымның  жетекшілігімен  20-дан  артық  кандидаттық  және  докторлық  диссертациялар 

қорғ алғ аны оның ғ ылыми ой-тұжырымдарының жалғ астық табуы деп білеміз. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал