Тәуелсіздікті жырлаған ақын



жүктеу 39.41 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі39.41 Kb.

Тәуелсіздікті жырлаған  ақын

Ата-бабамыздың  шүғылалы  арманы, 

сарғайып  күткен  сағынышы,  елдігіміздің 

белгісі  Тәуелсіздік  күніне  арналған  іс-ша- 

раларды 

өткізу 


жергілікті 

ақын, 


Тәуелсіздікті 

жырлаған 

Махмет 

Теміровтың  дүниеден  озуымен  қатар 



келді.  Осы  оқиғаларға  орай  аудандық 

орталық кітапхана  ұжымы:

«Қуан,  қазақ азаттық алғаныңа!

Ж аңа жеттің аңсаған  арманыңа.

Қорлық,  азап,  қырғынға душар  болып, 

Өлмей  аман  өмірде  қалғаныңа»  -  деп 

жырлаған  ақын,  ұлағатты  ұстаз  болған 

жерлесіміз -  Махмет Теміровтың өмірі  мен 

шығармашылығына 

арналған


«Тәуелсіздікті  жырлаған  ақын»  атты  еске 

алу кешін  өткізді.

Кешке  Киевка  №2  қазақ  орта  мектебінің 

жоғарғы 


сынып 

оқушылары 

және 

«ІІІабыт»  әдеби  өмір  кпубының  мүшелері 



қатысты.

Кеш  барысында  жүргізуш ілер  алдымен 

ақынның 

қысқаша 


өмірбаяны 

мен 


шығармашылығына тоқталды.

Махмет Темірұлы  1923 жылы  Қарағанды 

облысы,  Нұра ауданы, Амантау ауылында 

дүниеге  келген.  1930-1931  жылы  5  жа- 

сында  байларды  тәркілей  бастаған  кезде 

әкесі  Балықшы  өңіріне  көшіп  келеді.  Мах- 

мет  Теміров  осы  шағын  ауылда  1935 

жылы  3  ж ы лды қ  бастауыш  мектебін  біті- 

реді. 

Содан 


соң 

қазіргі 


Кертінді 

ауылындағы  қазақ 

орта  мектебінде 

оқиды. 


Оны 

1940 


жылы 

бітіріп, 

Қарағандыдағы  екі  жылдық  оқытушылар 

институтына  «қазақ  тілі  және  әдебиеті» 

факультетіне түседі.

Осы  институтта  оқып  жүрген  кезінде  ол 

«халық  жаулары»  атанған  алашордашы- 

лар:  Ахметтің,  Мағжанның,  Сәкеннің, 

Бейімбеттің,  Ілиястыңжәне т.б.  кітаптарын 

оқып,  олар жайында түсінік алып,  не үшін 

күрескендерін  біліп  рухтанды.  Апдағы 

уақытта сол Апаш азаматтарының  жолын 

қуып,  туған  елінің  азаттығы,  бостандығы 

үшін  күресуге  бел  буады.

Қырқыншы жылдардың орта  шеңінде бір 

топ жастар  ЕСЕП  - елін  сүйген  ерлер  пар- 

тиясын  ұйымдастырады.  Соның  ішінде 

ақын,  жерлесіміз  Бүркіт  Ысқақов  пен  Мах- 

мет Темірұлы  да  болды.

ЕСЕП  ұйымының  арманы  -  қазақ  елінің 

басқалармен  терезесі  тең,  адамдарының 

бақытты  болуы  еді.

1947  жылы  М.Темірұлы  Алматыда 

республикалық  Шет  тілдер  институтына 

түседі.  Осы  институттың  соңғы  курсында 

оқып  жүрген 

кезінде, 

1950  жылдың 

желтоқсанында,  «Правда»  газетінде  ІІІо-

йынбаев,  Айдарова  және  Якуниндердің 

«Қазақстан  тарихы  мәселелерін  маркстік 

-   лениндік  тұрғыдан  баяндайық»  деген 

мақаласы 

жарияланады. 

Мақалада 

Ермұқан  Бекмахановтың  «XIX  ғасырдың 

20-40 жылдарындағы  Қазақстан» деген  кі- 

табы  қатты  сыналған.  Онда  Кенесары 

қозғалысы  феодалдық-монархиялық  ұлт-

шылдықтың 

көрінісі 

болды, 


оның 

ешқандай  бұқаралық  сипаты  болған  жоқ 

деп  тұжырымдалған.  Кітаптың  авторын 

барып  тұрған  ұлтшыл,  ескішіл  хандық 

дәуірді  көксеген  «саяси  сенімсіз  адам» 

деп  сипаттайды.

Бұл 

мақаланы 



оқыған 

Махмет: 


«Қазақстанның 

келешегі 

зор 

жас 


ғалымдарының  бірі  Е.Бекмахановқа  күйе 

ж ағу  не  деген  сұмдық,  өскенін  өшіргісі 

келіп тұратын  күншілдікті  бұл  қазақ қашан 

қояды?  Бүкіл  қазақ  даласын  қызғыштай 

қорып,  шыбын  жанын  шүберекке  түйген, 

патша  үкіметінің  басқыншы  жендеттерін 

туған жерден  қуып, еліме еркіндік әперсем 

деп  жанталасқан  Кенесарыны  қаралау 

деген  не  масқара?!»  деп  ызаға  булығып, 

ашына айыптаған  болатын.

Міне, осындай үгіті  мен өткір пікірі үшін  ол 

ақын,  ғалым  жерлесіміз  Бүркіт  Ысқақов, 

Рамазан,  Айтбай  Нарешевтермен  бірге 

1951  жылдың  14-15  маусымында  Қазақ 

республикасының  Ж оғарғы  соты  РСФСР 

қылмысты істер кодексінің  11- тармағымен 

25  жылға  сотталып,  қосымша  5  жылға 

азаматтық құқығынан  айрылады.

Өзіне  кесілген  әділетсіз  жазаны  ол  Сі-

бірде  өткерді,  ауыр  жұмыстар  атқарды. 

Сібірдің  сықырлаған  сары  аязында,  адам 

төзгісіз  жұмыстан  талай  азамат  құрбан 

болды.

Осындай қияметті  басынан кешіріп,  алты 



жыл  азап  шегіп,  1956  жылы  М.Темірұлы 

аман-есен  елге  оралды.  Апматыда  оқуын 

жалғастырады.  Еліне  аман-есен  оралған

соң  еңбек  жолын  Захаровка, 

қазіргі 

Ақмешіт  ауылында  бастады.  Сол  кездері 

Мәмбетова  Марашпен  отау  құрып,  он 

бала  сүйді.

1958 жылдан  1984 жылға дейін  (зейнет- 

керлікке  шыққанша)  Нұра  ауданының 

Көбетей ауылындағы орта мектепте  неміс 

тілінен дәріс  берді.

¥лағатты  ұстаздың  оқытқан  қаншама 

оқушылары  қазір  әр  түрлі  салаларда  же- 

місті  қызмет  атқарып  жүр,  ал  ұстаздық 

кәсібімен айналысып жүрген азаматтар да 

баршылық.  Бұл  да  болса,  ұлағатты  ұстаз 

еңбегінің  мәуелі жемісі.

Махмет  Темірұлының  шығармашылық 

еңбегі  1987 жылы  басталды.  Кеш  бастаған 

себебі  -  ол  аңдуда  болды.  Кейін  де  әбден 

ақталып,  қолына  қалам  алып,  жазуға 

отырған  Махмет Темірұлы  ештеңеден  құр 

қалмады.  Оның  жүрегін  толқытқан  ой- 

лары,  аңыз-толғау  мысалдары,  поэма- 

лары 


мен 

дастандары 

аудандық, 

облыстық 

газеттерде, 

Қазақстан 

жазушыларының әдеби-көркем,  қоғамдық 

саяси,  аймақтық  «Сарыарқа»  журналда- 

рында  жарияланды.  1996,1998,  2000, 

2013 жылдары  төрт бірдей  кітабы:  «Қилы

кезеңдер»  -  дастандар  мен  поэмалар, 

«Арман  мен  азап»  -  естелік,  «Қуан,  қазақ, 

азаттық  алғаныңа»  -  өлеңдер  жинағы, 

«Азаттықты  аңсап,  азап  кешкендер»  кі- 

табы  жарыққа  шықты.

Ақын  поэзиясының  әлемі  әр  түрлі 

тақырыптарды 

қозғайды,  оларға 

мән 

беріп,  өзінің  ой-пікірін  қосады.  Мысалы 



«Аққуды  атқан  - азалы»  поэмасында  Мах- 

мет  Темірұлы  шынайы  махаббат  пен 

достықты  жырласа,  «Ж андар  батыр» 

деген дастанында халық жанашыры Ж ан- 

дар ертедегі эпостардың бас кейіпкерлері 

тәрізді  өзінің  батылдық қасиетімен  бейне- 

леніп,  қалы ңжұртты ң құрметіне бөленген. 

Сонымен бірге «Аққуды атпас болар»,  «Ті- 

леймін  бақыт  халқыма»,  «Кенесханның 

қайғысы»  деген  көлемді  толғаулармен 

жұртшылық кенінен  таныс.

2006 жылы  Махмет Темірұлы  Қазақстан 

Ж азушылар 

одағының 

мүшелігіне 

қабылданды.

Оның  есімі  Қарағанды  облысының 

жұртш ылығына  жас  ұрпақ  тәрбиешісі, 

ұстаз,  ал  жалпы  тәуелсіз  Қазақстан 

Республикасының  жыр  сүйер  қауымына 

дарынды  ақын  ретінде  танымал  болып 

қалмақ.


Кеш  соңында  Киевка  №  2  қазақ  орта 

мектебінің оқушылары:  Зекен  Әкімбек,  Ба- 

хиева Аида, Ақаш  Элдар,  Ысқақов Дамир, 

Әлбатырова  Мерей,  Иманқұлова  Гүлдана, 

Әшім  Ақерке,  Қамбар  Айсара,  Володия 

Айгерім,  Зубайарина  Саида  М.  Теміровтің 

«Қуан,  қазақ,  азаттық  алғаныңа»  және 

«Желтоқсан 

мен 

тәуелсіздік» 



атты 

толғауларынан  үзінділер оқыды.

«ІІІабыт»  кпубы ны ң  мүшелері  ақынның 

«Апаш  асылдары»:  Ахмет  Байтұрсынов, 

Мағжан  Ж ұмабаев,  Сәкен  Сейфуллин, 

өзіміздің жерлестеріміз: Абдолла Асылбе- 

ков,  Бүркіт  Ысқақов,  Сәйділ  Талжанов, 

Кәрім  Мыңбаев  және  т.б.  арнап  жазған 

өлеңдерін  оқыды.

А қы нны ң  1932-1933  жылдары  аштыққа 

ұшырап,  тұтас  құрып  кетуге  айналған 

қазақхалқы ны ң ауыр жағдайын  шебер су- 

реттеген  «Мешкей  мешін»  атты  дастанын 

«Шабыт»  клубының мүшесі Жақия  Нұрбол 

оқыды.

Сондай-ақ,  арнайы  жасақталған  кітап 



көрмесіне  шолу  жасалып,  көрермендер 

ақынның 


алаш 

арыстарына 

арнаған 

өлеңдерінен  құрастырылған  викторинаға 



қатысып,  белсенділік көрсетті.

С.А.  Мұстафина 

Оқырмандарға қызмет көрсету 

секторының  меңгерушісі




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал