ТӘуелсіздік кезеңінде ғылыми-педагогикалық маман дайындаудың басты бағыттары мен



жүктеу 103.69 Kb.

Дата15.05.2017
өлшемі103.69 Kb.

Р.  Тұрысбек 

                                      Астана, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ 



 

 

ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  

МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ  БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ МЕН  

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

            Оқу-білімнің  қажеттілігі  мен  мҽн-маңызы  күн  ҿткен  сайын  еселеп 

артып  келеді.Қоғамның  барлық  салаларын,  ҽлеуметтік  арналардың  басым 

бағыттарын, адам мұраты мен еңбегін, ҿмір-тұрмыстың кез келген қырларын 

оқу-білім мен ғылымсыз елестету қиынның қиыны. 

         Арғы  арналардан  жеткен  ақиқат  жайттарға  ден  қойсақ,  ҿмір  ҿнегесін, 

еңбек пен тҽжірибені, теория мен практиканы, ең негізгісі ақыл-парасат пен 

ой-сҿз  жүйесін  жоққа  шығару  мүмкін емес.  Осы орайда,  «  Ақыл  –  алланың 

сыйлығы»//  Ж.Баласағұни//,  «Білім-  адамның  байлығы»  (С.Сарайи),  «Білген 

адам білімді ҿмір бойы іздейді» (А.Игүніки) деген қағидалы кҿзқарас, ҿрнекті 

ойларға табан тіресек, білім-ғылым ісінің ҿзара байланысы, ортақ мұраттары, 

мҽңгілік сипаттары айқын аңғарылады. 

  Қоғамның  қымбат  қазынасы-адам  ҿмірі  мен  оның  еңбегі  десек,оның 

жан-жақты дамып, кең ҿріс алуына- білім-ғылымның қосар қазыналы олжа-

үлесі орасан зор. Осы орайда, ҿмір-уақыт шындыққа шығарған бұл ақиқатты- 

жоғары  мектеп  пен  ғылымның  арғы-бергі  даму  тарихынан  да,  ҽлемдік 

ҿркениеттің    ҿріс-ҿресінен  де,  Еуропалық  білім  кеңістігінен  де,  ең  бастысы 

бҽсекеге  қабілеттіліктің  барша  ҿлшем,  нысаналарынан  да  толық  тануға 

болады.  Бұл,  ҽсіресе  қазіргі  кезеңде  кең  ҿрісті,  соны  серпінді  сипат  алған- 

ақпараттық-технологиялық  бағыттар  тұсында  айқын  кҿрініс  береді.  Ҿмірдің 

қарапайым қағидаттарына, күнделікті тҽлім-тҽрбиенің негізіне сүйенсек, сҿз 

бен    іс-ҽрекеттің  бірлігі,  теория  мен  практиканың  ҿзара  байланысына, 

тұтастығына  келіп  саяр  еді.  Бұдан  байқалатыны,  білім-ғылым  жүйесіндегі 

ҿзара үндестік пен сабақтастық  – теория мен тҽжірибенің байланыс-бірлігін 

айқындайтын айрықша факторлардың қатарына жатады. 

           Шындық  жүзіне  тура  қарасақ,  жоғары  мектеп  пен  ғылымдағы  ҿз  ара 

сабақтастық-біртұтас  ҽлем,  ортақ  кеңістік.  Олардың  орнын  алмастыруға, 

деңгейін тҿмендетіп, ҽлденемен салыстыруға келмейді. Білім-ғылым жүйесі-

бірінсіз-бірі 

кең 


ҿріс 

алмайтын, 

керісінше 

бірін-бірі 

ҿз 

ара 


байытып,толықтырулар  арқылы  ілгері  басатыны,дамудың  даңғыл  жолына 

түсетіні танылар еді.Бұған адамзат дамуының бел-белестерінде ҿнегелі ҿмірі 

мен  ерен  еңбектерін  қалдырған  ақыл-парасат  иелері  ,  білім-ғылым 

саласындағы  кҿрнекті  корифейлердің  мұра-мирастары  дҽлел-дерек  бола 

алады.Ҿмір,тҽжірибеге  сүйеніп  айтсақ:  білім  мен  ғылым  бірін-бірі 

толықтыратыны  секілді,теориясыз-  практиканың  жүзеге  асуы  қиынның 

қиыны.Олардың  арасындағы  алтын  арқау-  білім  мен  ғылымдағы  берік 

байланыс,ҿз ара  сабақтастық болып табылады. 



          Ақиқатында,ҿркениетке  бастар  жол,қоғамның  қозғаушы  күші,ақыл-

парасаттың  басты  ҿлшемі-білім-ғылым  жүйесі  қос  қанат    деуге 

келеді.Асылы,қос  қанатпен  арман-аңсарларына  құлаш  сермеуге  де,алыс-

жақынға  сапар  шегуге  де,ең  негізгісі    межелі  биікке  кҿтеріліп,ортақ  мұрат-

мүддеге қызмет етуге ҽбден болады.Осы реттен келгенде,білім-ғылым ісінің 

адамзат  үшін,оның  бастапқы  бҿлігі-  жас  ұрпаққа  ерте  берілетіні  ойға 

оралады.Еске  түсірсек,елімізде  мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  орта 

мектепте,техникалық жҽне кҽсіптік білім беру орындарында- оқу-білім ісінің 

негізі  қаланып,  болашаққа  бағдар  беріліп,тіпті  ҿмірлік  кҽсібі-  мамандық 

таңдауға  да  мол  мүмкіндіктер  ашылады.Ҽр  алуан  бағыттағы  жоғарғы  оқу 

орындары-ұлттық  университеттер,академиялар  мен  институттар  ұлттың 

интеллектуалды ҽлеуетін дамытуға,маман дайындау ісіне,ҽлемдік білім беру 

кеңістігіне  ену  үрдісіне  үлкен  үлес  қосады.Жинақтап  айтқанда,орта  жҽне 

жоғары  мектеп-  жас  ұрпақтың  алғашқы  қадамынан  бастап,ҿсіп-есею 

кезеңдеріне,мамандық  таңдау  ісіне,азамат  ретінде  қалыптасуына,адами 

сапасына,тҽлім-тҽрбие тағылымына игі ҽсер-ықпал етеді. 

        Бұл  бағытта,ҽрине  ҚР  «Білім  туралы»  Заңы//  2007,  7  маусым//, 

«Болашақ»  стипендиясы  мен  «Дипломмен  ауылға»  акциясының//  2009// 

маңызы  арта  түседі.Оның  үстіне  –  «Назарбаев  зияткерлік  мектебі»  ,  «  100 

мектеп,100  аурухана»,  «Балапан»  бағдарламаларының  жүйелі  жұмысы  мен 

нақтылы  кҿмегін,ҽсер-ықпалын  қалың  кҿпшілік  кҿріп  те,  қолдап  та 

отыр.Оның ҿзекті тұстарынан: 

-

 

Білім беру ісінің барлық бҿліктерінде – мектепке дейінгі мекемелер мен 



орта  мектепте,техникалық  жҽне  кҽсіптік  білім  беру  жүйесінде,жоғары  оқу 

орындарында адам мұраты мен оның ҿмірге,еңбекке кҿзқарасы,жас ұрпақтың 

ҿсіп-есею  кезеңдері,оқу-білім  ісінің  дұрыс    жолға  қойылуы  мен 

ұйымдастырылуы,сабақ сапасы мен түпкі нҽтижесі негізгі назарда болатыны

-

 

Мектептің  негізгі  тірегі,шешуші  тұлға-    мұғалім  мҽртебесін 



кҿтеру,біліктілігі мен материалдық ҽл-ауқатын еселеп артыру ісі ҿз маңызын 

жоғалтпайтыны; 

-

 

Білім  мазмұнын  байытып,оқу  мен  оқыту  сапасын  арттырып,тҽлім-



тҽрбие ісіне кҿп кҿңіл бҿлу қажеттілігі еш уақытта күн тҽртібінен түспейтіні 

айқын аңғарылады. 

      Мұның да себеп,сыры түсінікті болса керек.Ҿйткені:  «Білімді болу деген 

–  жаңалық  ашуға  қабілетті  болу  керек»//  Ҽл-Фараби  //,  «Білімді  болуға    - 

оқу,бай болуға- кҽсіп,күшті болуға-бірлік керек»// А.Байтұрсынұлы//. 

         Білім мен ғылымның біртұтастығы,ҿз ара сабақтастық мҽселесі- ҽуелден 

айтылып,кҿптен  қозғалып  келеді.Кейінгі  кезеңде  бұл  бағыттарға  батыл  бет 

бұрылды  десе  де  болады.Осы  орайда,Елбасының  жыл  сайынғы  дҽстүрлі 

Жолдауларында  ,  ҽсіресе  2011  жылды  –  «  ҚР  Тҽуелсіздігінің  20  жылдығы» 

деп  жариялауы,  «  Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  деп  басым  бағыттар 

беруі назар аудартады. Онда,ҽсіресе :  

-

 



Еліміз білім беру ісін дамытуда- 129 елдің кҿшбастаушылар қатарында 

екені 


-

 

 Университеттік  білім  беру  мен  ғылымды  дамытудың  жаңа  деңгейін 



қамтамасыз ету қажеттілігі 

-

 



Сапалы  білім  беру-  Қазақстанның  индустрияландырылуының  жҽне 

инвестициялық дамуының негізіне айналуы керектігі 

-

 

Қысқасы, ҿмір бойы білім алу ісінің негізге алынуы қалың кҿпке берік 



сенім Һҽм зор маңызымен ҽсер етті. 

          Кейінгі  кезеңде-  Ҽл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде, 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінде,  «Назарбаев 

университетінде»  оқыған  дҽрістерінде:  білім  мен  ғылым  Һҽм  инновацияны 

ұштастыру  бағыттары  кең  кҿлемде  қозғалды.Мұны  жоққа  шығаруға 

болмайды.Керісінше, елімізде білім беруді дамытудың 2005-2010 жҽне 2011-

2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламаларындағы  тұрақты  даму 

үдерісінде-  білім-ғылым  жүйесінің  басты  мұраттары  мен  ҿзіндік  

үлес,салмағы  зор.Айталық,кейінгі  он  жылда  білім  беруді  дамыту  ісіне 

жұмсалған қаржы-қаражат кҿзі- он есеге артқан.Бір ғана 2010 жылы  елімізде 

мектепке дейінгі мекемелердің саны - 41 пайызға кҿбейген екен.93 мектеп,28 

техникалық  жҽне  кҽсіптік  білім  беру  орындары  салынды.  «Назарбаев 

Университеті»,  Түркі  ҽлемі  Академиясы  ашылды.Қазақстан    ЮНЕСКО-ның 

білімді  дамыту  индексі  бойынша  4-орынды  иеленді.2010  жылы-  Болон 

процесіне кірді// ЕҚ,2011, 15 қаңтар//.  

      Бұған  қоса,ҽрине  Қазақстан  ҽлемде  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың  индексі  бойынша-69  орынды  қанағат  етті.  Еліміз-Азия 

аумағында  білім  дамуы  индексі  бойынша  –  1  орынды,  ал  177  мемлекеттер 

арасында сауаттылық жҿнінен – 14 орынды алғанын да тілге тиек етуге ҽбден 

болар еді.Халықаралық салыстырмалы зерттеулер нҽтижесіне назар аударсақ 

//ТІМSS//, 

мемлекеттер 

арасында 

математика 

пҽнінен 



орынға,жаратылыстанудан  -  11  орынға  табан  тіреген.Ҽйтсе  де,  бұл 

кҿрсеткіштер соңғы нҽтиже емес.Оның ҽр кезең,уақыттарда ҿзгерістерге еніп 

отыратынын  ескерсек,  бұл  бағытта  тұрақты  ізденіс,ерен  еңбектің  үлгі-

ҿрнектерін  талап  деңгейінен  тҿмендетіп  алуға  жол  бермеген  жҿн.Асылы, 

іргелі ізденістер – ізгілікке,сауапты істерге бастайтыны анық.   

      Еуропалық білім кеңістігіне ену- қазіргі кезеңнің басты шындығы, уақыт 

талабы.Бұл  реттен  алғанда,маман  дайындаудың  үш  деңгейлі-  бакалавр-

магистр  -  философия  докторы  //РҺD//білім  жүйесіне  енді.Кредиттік  оқыту 

жүйесі  оң  бағыт  алды.Ашық  үлгідегі    -  5  ұлттық  зертхана,заманауи  құрал-

жабдықтармен  жарақталған  инженерлік  бағыттағы    -  15  зертхана 

құрылды.Екі  мамандық  бойынша  диплом  беру  ісі  –  шетелдік 

университеттермен ҿз ара байланыс арқылы жүзеге  асып келеді. 

       Мұның  жарқын  кҿрінісі,  келешекте  маман  дайындаудың  барлық 

деңгейлері  бойынша  –  электрондық  оқыту  //е-Іеагпіпг//  кең  ҿріс  алатын 

болады.Ол,ҽсіресе  орта  мектепте-  электрондық    оқулықтар,колледж  бен 

лицейлерде-виртуалды  тренажерлер,  жоғары  оқу  орындарында-электрондық 

ғылыми зерттеу зертханалары негізінде жүзеге асатын болады. 

      Ал,біріңғай  жоғары  оқу  орындарына  қатысты  жайттарды  еске  алар 

болсақ,білім  беру  бағдарламаларында  -  таңдау  үрдісіне  кең  ҿріс  


ашылады.Бұл- білім беру  ісіне,оқыту мазмұны мен сапасына оң ҽсер-ықпал 

етеді.Жас  ұрпақтың  //оқушы,студент//  ҿмір  ағыны  мен  уақыт  тынысына 

сергек қарап,мамандық таңдау мен түпкілікті кҽсібін айқындауға,осы бағытта 

еңбек етуге мол мүмкіндіктер алады. 

      Бұған қоса, білім-ғылым жүйесін жетілдіру мен дамыту мақсатында,ҽрі ҿз 

ара  байланыс  пен  сабақтастық  үрдісіне  кең  жол  ашу  бағытында  –  ұлттық 

зерттеулер 

университеттері,ұлттық 

жоғары 

оқу 


орындары,зерттеу 

университеттері,университеттер,академиялар мен  институттар іріктеліп Һҽм 

ірілендіріліп, сапалық тұрғыдан жаңа талаптарға негізделеді.Нҽтижесінде,сҿз 

жоқ    ҽлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ену  бағытында  оң  қадамдар  жасалатын  

болады  //Қараңыз:  Госпрограмма  стартовала.-  «Казахстанская  правда»,2011, 

11  января;  Бағдарлама  баяны  нҽтижемен  ҿлшенеді.-  «Егемен  Қазақстан», 

2011, 12 қаңтар//. 

             Орайлы тұста еске алу артық емес,Ұлт тҽуелсіздігі -  білім-ғылым 

жүйесіне  де  кең  ҿріс  ашты.  Елімізде  білім-ғылым  ісін  дамытуға  арналған 

мемлекеттік 

бағдарламалар 

да 

ҿмірге 


еркін 

енді. 


Мемлекеттік 

бағдарламалардың басым бағыттарынан: 

-  біріңғай білім беру саясатын жүзеге асыру:, 

- білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; 

- білім беру ісіне электронды оқыту жүйесін енгізу: 

 

- білім-ғылым жүйесін халықаралық деңгейге кҿтеру; 



 

- ғылыми-техникалық жҽне инженерлік элитаны жүйелі қалыптастыру; 

 

- оқу-білім ісінде бҽсекеге қабілеттілікті арттыру; 



         -  оқыту  жүйесінің  жоғары  сатысы,ҽрі  ғылыми  кадрларды  дайындауда- 

магистратура мен докторантураға маңыз беру; 

         -  білім-ғылым  саласына  инновация  мен  технологияны  кең  кҿлемде 

енгізу; 


 

-  адам  капиталына  баса  назар  аударып,  қоғамдағы  һҽм  ҿмір- 

тұрмыстағы орын-үлестеріне кҿп кҿңіл бҿлу; 

 

-  орта  жҽне  жоғары  мектептің  ҿзіндік  бағыт,  ерекшеліктеріне  сай 



қалыптасуы мен дамуына мол мүмкіндіктер ашу; 

 

-  білім  мен  тҽрбие  ісінің  қатар  ҿріс  алып,  ҿзара  баюы  мен  толығуын 



қамтамасыз ету; 

 

- ұстаз-оқытушы мҽртебесін кҿтеру; 



          -  электронды Һҽм қашықтан оқытуды жүзеге асыру; 

           -  қайта  даярлау  мен  біліктілігін  арттыру,  т.с.с.  кең  орын  алды.  Адам 

ҿмірі мен еңбегінің мол мүмкіндіктері кҿрсетіледі. Ақыл-парасатқа кең жол 

ашылады.Білімнің нҽрі,ғылымның нұры жан-жақты кҿрініс береді. Бұдан, сҿз 

жоқ  білім  мен  ғылым  –  қос  қанат,  адам  еңбегінің  жемісті  нҽтижесі  екендігі 

айқындала түседі. 

         Алайда,  ойласу  ретінде  бірер  жайтты  алға  тартудың  қисынды  тұстары 

бар  деп  білеміз.  Осы  реттен  келгенде,  академик  С.  Қирабаевтың  тҿмендегі 

ой-пікірінің айрықша мҽні, зор негізі бар деп айтуға болады: 

«Ең  алдымен,  ғылымды  басқару  жүйесі  жҿнінде.  Ғылым  деген  қоғамдық 

сананың  ҿзіндік  ерекшеліктері  мол,  ең  бір  күрделі  саласы.  Оны  ғылымның 


қара  жұмысын  атқарған,  проблемалары  мен  ішкі  қыры  мен  сырын  жақсы 

білетін,  оны  терең  түсінетін  адамдар  ғана  басқара  алады.  Ол  чиновниктік 

басқаруды  кҿтере  алмайды.  Білім  жҽне  ғылым  министрлігінің  ғылым 

жүйесіне іштей кіре алмай, одан ылғи да сырт қалатын себебі де осында...  

           Екінші  мҽселе-  ғылыми  кадрлар  дайындау  хақында.Бұрын  бұл  мҽселе 

кандидаттық,докторлық  диссертациялар  қорғау  жолымен  шешіліп  келгені 

белгілі.Қазір  Қазақстанда    мұндай    қорғаулардың  мҿлшерден  тыс  кҿбейіп 

кеткені,сондықтан    ол  жүйені  жойып,халықаралық  стандартқа  – 

магистратура,философия докторы атағына  қорғау жүйесіне кҿшу ұсынылып 

отыр.Мен  білім  министрлігінің  бұл  саладағы  позициясын  жақсы 

түсінемін.Толып кеткен атаққұмарлардың жолын кесу керек.Бірақ,біз осыған 

қалай жеткеніміз жайлы ойлануға тиіспіз ғой... 

            Ендеше  осының  жолын    іздеу  керек.Мүмкін  болса,таза  ғылым 

жүйесінде,ғылыми  зерттеу  институттары  мен  жоғары  мектептерде  істейтін 

адамдар  үшін  ғана  қорғау  мерзімін  ұзартып,қалғандарына  тиым  салу  қажет 

болар. 


          Бұлай  шешу  қазірдің  ҿзінде-ақ  ғылым  адамдары  арасына  тарай 

бастаған 

ҿсек-аяңды 

тиюға 


кҿмектесері 

даусыз.Олар: 

билік 

басшылары,парламент  мүшелері,министрлер,ҽкімдер  түгел  қорғап  бітті.Енді 



диссертациялық  кеңестерді  жаба  беруге  болады  деп  жүр.Билік  жүйесінде 

қызмет  істейтін  адамдардың  қалай  қорғағанын  зерттеп  қою  да  басшылық 

ойына  түссе  дейміз  ...      «  (Нағыз  академиктер  бүгінде  «академикпіз»  деп 

айтуға ұялатын болды  («Қазақ» , 2010, 7-14 мамыр). 

        Қоғамда,  ҿмір-тұрмыста  кеңінен  кҿрініс  тапқан  білім  –  ғылым 

жүйесіндегі кҿпке белгілі ортақ шындықтың бір сыры осы. 

        Бұдан  басқа,атап  айтқанда  Қазақстанға  ұлттық  ғылыми  орталықтың  

қажеттілігі,басты  капитал-  адам  факторы  екендігі  барынша  бедерлі 

кҿрсетіліп,анық  айтылып  келеді  //Белые  пятна  науки;  Интеллектуальный 

прорыв. -  «Аргументы и факты», 2010, 30 июнь- 6 июль//. 

        Ақиқатында, 

білім-ғылымға 

кҿзқарастың, 

ықылас-ынтаның 

тҿмендегенін  жасыру  қиын.  Ал,  керісінше  ғылыми  атақ,  дҽреже  алуға 

«құштарлық»  еселеп  артты.  Бұл  бағытқа  қатысты  ҽр  алуан  себеп,  салдар 

айтуға  болар.  Қилы  уҽж  де  келтірудің  қисыны  жоқ  емес.  Сҿйтсе-дағы  жас 

ұрпақтың  оқу-білім  ісіне  сергек  қарағаны  жҿн-ақ.  Қазіргі  кезеңде  орта 

мектепті  бітірушілер  оқу  жылының  екінші  бҿлігінде  –  ұлттық  бірыңғай 

тесілеу  науқанына  дайындықты  бастап  жібереді.  Апталап,  айлап  сұрақ-

жауапты жаттауға, соны есте сақтауға ,жоғары балл жинаудың басқа да амал-

тҽсілдерін  қарастыруға  мықтап  бет  бұрады.  «Кҿрмейін  десем  кҿзім  бар» 

деген халықтық  қағидатты  еске   түсірсек,кез-келген ата-ана,мектеп  бітіруші 

түлектер  ап-анық  айтады.  Нҽтижесін  ақпарат  құралдары  жариялап-ақ 

жібереді.  Онда,  бірінің  орнына  бҿгде  біреулердің  «еніп  кетуі»,  бірінен-бірі 

кҿшіру,  ҽр  алуан  ақпараттық  технологиялардың  кҿмегін  пайдалану,  дайын 

тест  үлгілерін  қолға  түсіру,  т.с.с.  жыл  ҿткен  сайын  «жаңаша  сипат»  алып 

келеді.  Анығы сол, жас ұрпақ осы  «тиімді бағытқа»  бейіл танытып  үлгерді. 

Ҿмірін,  ақыл-парасатын,  іс-ҽрекеттерін  де  осы  бағытқа  бұрды.  Жаңа 


технологиялар,  интернет  жүйесі-«тиімді  бағытқа»  екпін  де,  серпін  де  беріп 

келеді.Ҿмір талабы,уақыт бедері осыған саяды.  

        Осындай  бағыт,  кҿзқарастың  жекелеген  үлгі

-

ҿрнектері  жоғарғы  оқу 



орнындағы  қысқы,  жазғы  сессияларында  қаз-қалпында  қайталанады.  Осы 

реттен  келгенде,  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты, 

Білімді  бақылау  мен  бағалау,  Білім  беру  бағдарламалары,  Оқу  жоспары, 

сабақ  кестесіне  енген  негізгі  пҽндер  т.б.  назардан  тыс  қалады.  Осы  орайда, 

ұстаз-оқытушының  айлар,  жылдар  бойы  жинақтаған  тҽжірибелері  мен 

дайындығы,оқу  –ҽдістемелік  бағыттағы  қызметтері,  күнделікті  сабақ,  дҽріс 

үстіндегі тақырып табиғатына қатысты ізденіс арналары, кҿзқарас мұраттары 

мен  баяндау,  жеткізу  жолдары  кімге  арналады?  Нҽтиже,  кҿріністерін  қалай 

бағалаға  болады?  Оқу  бағдарламалары  мен  оқу  құралдары  тест 

тапсырмаларынан  толық  кҿрініс  таппайтынын  ескерсек,  ұстаз-оқытушының 

педагогикалық-ҽдістемелік  шеберлігінің  ҿлшемі  не  болуы  тиіс?  Білімді 

бағалаудың  басты  бағыты  мен  ҿлшемі  тест  тапсырмаларына  негізделетін 

болса,  қоғамдық  һҽм  жаратылыстану-техникалық  жҽне  гуманитарлық 

бағыттардағы  пҽндер  тізбесі,  оқу  жоспары  мен  сабақ  кестесі  т.с.с.  сапалық 

мазмұны  мен  құрылым  жүйесі  қаншалықты  мҽнді  болар  екен?  Керісінше, 

тест  тапсырмалары  негізгі  оқулық  арқылы  дайындалатынын  ескерсек,  бұл 

тұста  білім  мазмұны,  сабақ  сапасы  алдыға  шығуы  керек.Несін  жасыралық, 

білім  мазмұны  мен    сапасының  негізгі  бағалау  ҿлшемі,қорытынды 

кҿрсеткіші-  тест  жүйесіне  негізделетін  болса//  орта  жҽне  жоғары  мектеп 

бойынша//  басты  мұрат-  оқулыққа,сол  арқылы  дайындалатын  тест 

тапсырмаларына  маңыз  берілуі  керек.Оқу  мен  оқыту  ісі  осы  бағытқа 

бұрылып,барлық  ҽрекет,басымдықтар  осы  салаларға  жатқызылуы  тиіс.Бұл 

тұста,сҿз  жоқ  жаттау  мен  жаттығу    ісі  алдыға  шығады.  «Оқу-инемен  құдық 

қазғандай»  деген  ежелгі  тҽмсілдің  қасиет-құдіреті  құмға  сіңген  судай,ізім-

қайым жоғалады.Жадыңда сақтау,кҿңілге тоқу сынды арман-аңсарлары да ҿз-

ҿзінен қиял дүниесіне айналады... 

         Осы орайда,бір бағыт пен тақырыптар тҿңірегіндегі мың сан оқулықтар, 

оқу  құралдары  мен  оқу-ҽдістемелік,  бақылау-пысықтау,  дидактикалық-

практикалық,жаттығу 

жұмыстары 

т.с.с. 

негізгі 


нҽтижелері 

мен  


қорытындыларының  қаншалықты  қажеттілігі  бар?!  Ұстаз-оқытушылардың 

ҿмірі мен еңбегі, ізденісі мен тҽжірибесі, ҽсіресе қазіргі кезеңде керексіз Һҽм 

жарамсыз  болғаны  ма?!  Қоғамның  қымбат  қазынасы  –  адам  капиталының, 

ақыл-парасатының,  осының  бҽрі-баршасының  қайнар  кҿзі  -  кітап  пен 

қағаздың обал, сауабы ше?! 

     Білім-ғылым  саласындағы  сапасыздық  пен  салғырттық  (  мысалы,  орта 

жҽне  жоғары  мектеп,  оқулық  пен  оқу-ҽдістемелік  құралдары,  тест 

тапсырмалары  т.т.)  ҽр  кез-ақ  қоғам  алдына  кҿлденең  тартылып  келеді. 

Артық-кем тұстары барынша ашық, жария үлгіде жүйелі  жеткізіліп жүргені 

де  жасырын  емес  (  Е.Айғалиұлы  «  Рухани  дүниеге  бай  жаңа  қазақты  қалай 

тҽрбиелейміз?  (  «Заман-  Қазақстан»,  2010,  28  қаңтар),  Ж.Ҽшімханұлы 

«Батырлардың жауға емес, жолбарысқа шапқаны несі?» («Жас қазақ», 2010, 

29 қаңтар), А.Сабыров «Оқу сапасына қатысты он ұсыныс» («Айқын», 2010, 


22  сҽуір),  Е.Қуандық  «Ғылым  докторы  осындай  болса,  жетіскен  екенбіз...», 

Қ.Шамақай  «Саудаға  салынған  ғылымнан  сауап  бола  ма?»  («Қазақстан», 

2010, 10 маусым, Ж.Мүсілім. Қазақстанда мың адамға бір ғалымнан келеді.- 

«  Заң  газеті»,  2011,  21  қаңтар,  С.Пірҽлиев.  Мен  елімізде  бір  ғана  Ұлттық 

Ғылым    академиясының  болғанын  қалаймын.-  «  Алаш  айнасы»,  2011,  26 

қаңтар, т.т.).  

 

  

Орайлы  сҽтте    еске  алсақ,  бұл  тұстардан,  ҽсіресе  қоғамдағы,  БАҚ 



жүйесіндегі  педагог  мҽртебесінің  тҿмендігі,  тҽлім-тҽрбие  ісіндегі 

келеңсіздіктер, 

ғылыми 

жұмыстардағы 



негізгі 

нҽтижелер 

мен  

тұжырымдардағы тайыздық,дҽйексіздік пен дерексіздік, теория мен практика 



арасындағы 

алшақтық, 

оқулық 

пен 


оқу-ҽдістемелік 

құралдардың 

сапасыздығы,  тест  тапсырмаларындағы  жүйесіздік  т.с.с.  сын-мін  ретінде 

кҿрсетіледі.  Ҿмір-тұрмыстан,  тҽжірибеден  алынған  мысал-деректер  адам 

мүмкіндіктерінің  толық  пайдаланбауынан,    оқу-білім  мен    еңбектегі 

алшақтықтан,жауапсыздық пен салғырттық ҽсерінен  орын алғанын ҽркім-ақ 

аңғарар еді.  

  

Ҽр  нҽрсенің  де  негізгі  нҽтижелері,  түйінді  тұжырымдары  болады  ғой, 



ҽрине. Осы ретттен келгенде, білім-ғылым жүйесіндегі кереғар Һҽм келеңсіз 

кҿріністерге  айналған  бейберекеттік  пен  жауапсыздық,  сапасыздық  пен 

салғырттық сырларының негізі де жоқ емес. Ол,ҽсіресе: 

 

  



-    орта  жҽне  жоғары  мектепте  оқушы-студенттер  ұлттық  мұрат  пен 

руханият  қайнарларын  (  мысалы,  тарих  пен  таным,  тіл  мен  дін  т.т.)  

бойларына толық  сіңірмегендіктен, білім жүйесі мен ҿмір талабы арасында 

ортақ байланыс болмағандықтан, жас ұрпақ  оқу-білімді тҽлім-тҽрбие ісімен, 

ҿмір  ҿрнектерімен,  дҽстүр  ҿнегесімен  сабақтастық  үлгіде  кең  кҿлемде 

ҿрістете алмағандықтан ҿзгеше ойлап-сҿйлеуге, ҽрекет етуге бейім тұрады;    

  

- ҿмір мен оқулықтың, тест тапсырмаларының арасындағы айтарлықтай 



алшақтықтар, бір-біріне кереғар һҽм ҿрескел қайшылықтар қалың кҿпшілікті 

де, жас ұрпақты да дҽстүрлі ойлау жүйесінен жаңылыстырып, жеңіл оқу мен 

үстірт  қабылдауға,  лезде  жаттау  мен  есте  сақтау  дағдысына  оп-оңай 

бейімдеп,кҿбірек  кҿңіл  бҿлінгендіктен,  ақиқатын  айту  керек  -  жауапсыздық 

пен жасандылыққа, кҿзбояушылыққа кең жол ашылды; 

  

  



-  оқу  бағдарламасына  оқулық  негізделеп,  одан  кейінгі  тұстарда  –  оқу-

ҽдістемелік кешен жүйесі ҽзірленсе, дайындық кезеңі мен бақылау-пысықтау 

жұмыстары    жүйелі  жүргізілсе,  негізгі  жҽне  қосымша  ҽдебиеттер  нақтылы 

берілсе,  оқушы-студент  осы  бағытта  білім  мазмұны  мен  сапасына  қол 

жеткізіп, ізденіс арналарын байыта түсер еді;   

  

- орта жҽне жоғары мектепте басты тұлға – ұстаз-оқытушылар құрамы. 



Ҿмір  мен  ұстаздық  қызметтегі  тҽжірибені  білім-білігімен  ұдайы 

ұштастыратын – ұстаз-оқытушылар тҿңірегінде де қилы қауесет, кереғар ой-

пікірлер  кҿп-ақ.  Бҽрі-баршасын  жоққа  шығаруға  келмес.  Алайда,  ұстаздық 

қызметтегі  мол  ҿмір  тҽжірибесі  мен  ҽдістемелік  қырларын  аялау  мен 

бағалауға қатысты мҽртебелі міндеттеріне құрмет тҿмендемеуі тиіс;    

  

-  бастысы,  ҽрине  білім-ғылым  жүйесіне  басым  бағыттар  беріліп,  оқу 



мен оқыту ісінің адамзаттық маңызы айқындалып, оның ҿзі ұлттық мұраттар 

мен  құндылықтарға  негізделіп,  тарих  пен  таным,  тіл  мен  діл  т.т.  алдыңғы 

кезекке  шығарылса,  жас  ұрпақтың  ел  мен  жерге,  туған  орта  мен  қоғамға, 

адам сапасы мен құндылықтарға, еңбек мұраты мен тҽлім-тҽрбие арналарына 

құштарлығы мен сүйіспеншілігі еселеп артады. Дҽстүрге адалдық танытады. 

Бүгін  мен  болашақты  байыпты  бажайлап,  зейінді  зерделейтін  болады.  

  

Қазіргі кезеңнің басты шындықтарының бірі осы. 



       Жасыратыны  жоқ,  білім-ғылымның  дҽстүрлі  жүйесін  жаңа  ақпараттық 

технологиялар  алмастыра  бастады.  Орта  жҽне  жоғары  мектеп  жүйесін 

халықаралық  стандарттарға сҽйкес  үлгіде  құру,  оның  мазмұны  мен  сапасын 

жақсарту  арқылы  білім-білігі  мол,тҽлім-тҽрбиесі    жеткілікті  жаңа  тұрпатты 

мамандар  даярлауды  инновациялық  негізде  жүзеге  асыруға  басым  бағыттар 

беру қажеттілігі күн тҽртібіне қойылып келеді. Бұл тұста, атап айтқанда: 

        -  оқу бағдарламаларын инновациялық тұрғыдан жүйелі жетілдіру; 

 

-  оқу  құралдарында  білім  мазмұны  мен  сапасын  алдыңғы  кезеке 



шығару; 

     - 


бакалавриат  пен  магистранттарды  даярлау  мен  оқыту  ісін 

ҽртараптандыруға ден қою; 

 

-  оқушы  –  студенттерді  тест  тапсырмаларын  жаттау  мен  орындаудан 



бұрын, оның бастау һҽм қайнар кҿздері  - кітапта, негізі - оқулықтарда орын 

алғанын анық та, айқын айтып түсіндіру;  

          -  адам  капиталының  қуатты  қаруы  –  білім  мазмұны  болып 

табылатынына маңыз беру; 

 

-  жаңа  ақпараттық  технологиялар  жүйесін  ұлттық  білім  беру 



салаларына  енгізу  арқылы  қазақ  менталитетін  кҿтеру,  адам  сапасын  алдыға 

шығарып,  оның  ҿсіп-есеюін,  маман  ретінде  қалыптасуын  қамтамасыз  ету, 

мҽдени-рухани құндылықтарды ұдайы дамыту: 

 

- білім жүйесі мен ғылым ісін интеграциялау, яки бірін-бірі байыту мен 



сабақтастыққа қол жеткізу; 

 

- ең  негізгісі, білім – ғылым жүйесі адам капиталының ақыл-парасаты, 



ізденісі  мен  еңбегі арқылы  жүзеге  асатындықтан,  бұл бағыттардағы игілікті 

істер, ізгілікті қадамдар бүгін мен болашақтың кҿзімен байыпты сараланып, 

терең  таным,  тағылымды  қырларымен  қалың  кҿпшілікке  қызмет  етсе,  нұр 

үстіне нұр.Тұтастай алғанда,жоғары білім мен кемел ғылым жолында -  елдік 

мұраттар  мен  құндылықтарға  адалдық  танытып,адам  капиталы  мен  ұлттық 

менталитетті  негізгі  назарда  ұстап,жас  ұрпақты  осы  бағыттар  тҿңірегінде 

батыл  да  еркін  оқып-үйретіп,  жауапкершілік  жүгі  мол  жүйелі  тҽлім-тҽрбие 

берсек,қазіргі  кезеңнің  талап-тілектеріне  де,келешектің  бел-белесті  жарқын 

жақтарына да  қарышты қадам жасауға ҽбден болады. 

Жоғары білім мен кемел ғылымның // табиғаты мен тағылымы//  ҿзара 

байланыс-сабақтастығына,оқу  үдерісі  мен  зерттеу  ісінің  негізгі  ҿлшеміне  

қатысты  кейбір  ойлар  мен  толғаныстардың  үзік  үлгілері,шынайы 



шындықтары осыған келіп саяды. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал