Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



жүктеу 0.64 Mb.

бет1/5
Дата14.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Әдістемелік құрал

Астана

2013


2

Ы.Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми  кеңесімен

басуға ұсынылған (2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама).

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесі. Әдістемелік

құрал. – Ы.Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы,  2013. –

65 бет.


Әдістемелік

құралда


«Тәуелсіздік 

жылдарындағы

қазақ 

әдебиетін



оқытудың»

дидактикалық,

тәрбиелік 

және


әдістемелік 

мәселелері

қарастырылды. Болашақта кең арнада сөз етілетін дидактикалық мәселелер мен

қазақ әдебиетінің жаңа  кезеңдегі  туындыларының тәрбиелік қуаты әдістемелік

негіздермен бір арнада жүйеленіп берілді.

Әдістемелік құрал қазақ әдебиетін оқыту  мәселелерін  зерттеуші ғалым-

әдіскерлерге,  мұғалімдерге,  магистранттарға,  докторанттарға,  студенттерге

арналады.

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы



3

Дүниеге тәуелсіздік көзімен қарайтын әдебиет керек.

Нұрсұлтан Назарбаев

Кіріспе

Әдістемелік құрал тақырыбының  өзектілігі. Қазақ әдебиетін мектепте

оқыту әдістемесінде  «Тәуесліздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту

әдістемесі» мәселелерінің терең талдаулар негізінде жүйеленуі маңызды болып

табылады.

Тәуелсіздік – ғасырлар бойы аңсап келген ата-бабамыздың мұң-шері болып

қазақ  әдебиетінде  таңбаланып қалса,  ендігі  кезекте  сол  арман  болған  уақытты

ақын-жазушылар мақтанышпен жырлап жатса, ол мазмұн жас ұрпақтың рухани

дүниесінде дер кезінде өз орнын алуы керек.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Сонымен  біз  тәуелсіз  мемлекет құрдық.  Өз

тарихымызда  тұңғыш  рет  осындай қалыпта,  осындай  аумақта құрдық. Біздің

уақытымыздың бұлжымас  фактісі,  міне,  осы!»  [1], –

деген  сөздері ғалам

кеңістігінде  уақыт  бейнесінде  таңбаланып қалған  тарихи  сөздер.  Осылай  паш

етілген Тәуелсіздіктің бейнесі қазақ әдебиетінде суреттеліп, ол құндылық дүние

өз кезегінде әрбір қазақтың, оның ішінде  жас ұрпақтың рухани қазынасына

айналуы – тек  ақын-жазушылар  мен  драматургтердің  ғана  міндеті  емес,  көп

ретте,

әдебиетті 



жастарға 

оқытатын 

мұғалімдер 

мен 


оқытуды

ұйымдастыратындарға байланысты.

Қазақ әдебиетінің қазіргі дамыған  болмысында  тарихи  тақырыптар  да,

қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар да, дүние жүзіне тереземізді

тең еткен  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың тұлғасы  да,  Ата  Заңымыз, қазақ деген

ұлттың «мәдени  формуласына»  айналған  Мемлекеттік  рәміздеріміз,  Астана,

Бәйтерек бейнелері де жақсы дәрежеде өз орнын алып келеді.

Отаншылдық сезім,  атамекенді қастерлеу – қазақтың тарихты  сүю

(историясофизм

ерекшелігінен 

туындайтын

қасиет.


Тарихты 

сүю


(историясофизм) – белгілі бір  дүниетанымдық негіздегі  тарихтың тұтастық

тұжырымдамасы [2].

Өз Отанын, туған жерін, елін, барлық қуанышы мен қасіретін таңбалайтын

тарихшылар  мен әдебиеттегі  ақын-жазушы,  драматургтердің ерен  еңбектері

назар аударуға лайық.

Қазақ әдебиетіндегі еркін, тәуелсіз  елде өмір  сүріп  отырған  азаматтың,

адамның бейнесі  суреттелуін қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесінде  сол

еркіндікті танытатын әдістермен оқыту жүйесін анықтау керек.

Тәуелсіздік  жылдарында  дүниеге  келіп  жатқан  көркем әдеби  туындылар

қазіргі заман  келбетін  бейнелеп,  замандастарымыздың жасампаздық ерлігін

паш  етуде  деп  бағалаймыз. Әдебиеттанушы ғалымдардың  қазақ  әдебиетінің

жаңа  кезеңін  «сан  салалы,  көп  мағыналы,  күрделі өмір  кешкен қазақ

әдебиетінің жаңа кезеңі, енді таптық әдебиет пішімін өзгертіп, ұлттық әдебиет


4

жалауын  көтеріп,  соны өріске  бет  түзеген» жаңа  кезеңді  «Тәуелсіздік

жылдарындағы қазақ әдебиеті» деп атаудың да болашақта «Қазақстанның жаңа

дәуір әдебиеті» деп аталуы мүмкін деп сенеміз[5].

Мектеп  оқушыларына қазақ  әдебиетінің  қазіргі  кезеңдегі қазынасын

меңгерту үшін қолда  бар әдістемелік құралдарды  және  жаңашыл  бағыттағы

инновациялық технологияларды  танып-талдап,  мектептегі  білім  мазмұнына

енгізу жолдарын айқындау керек.

«Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесі»  атты

әдістемелік құралы – болашақта үлкен  монографиялық зерттеулерге ұласатын

күрделі  тақырып.  Бұл  тақырыптың сан қырлы  мәселелері әдебиетті  оқыту

әдістемесі саласындағы әдіскер-ғалымдардың,  мұғалімдердің, болашақ жас

ғалымдардың етене  араласуымен  шешілетіні  белгілі.  Сондықтан  тәуелсіздік

жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесінің болашағы  да үлкен  деп

санаймыз.

Әдістемелік құралды әзірлеудің мақсаты – Тәуелсіздік  жылдарындағы

қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін анықтау.

Әдістемелік құралды әзірлеудің міндеттері:

Қазақстанның Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың

дидактикалық негіздерін сипаттау;

тәрбиелік аспектісін сипаттау;

әдістемелік жүйесін сипаттау.

Әдістемелік құрал кіріспеден, үш  бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер

тізімінен тұрады.

Әдістемелік

құрал


мектеп  мұғалімдеріне,

қазақ  әдебиетін  оқыту

мәселелерін  зерттеуші ғалым-әдіскерлерге,  магистранттарға,  докторанттарға,

студенттерге арналады.



5

1  Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесінің

дидактикалық негіздері

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 1991 жылдан бергі  тарихын, қазақ

әдебиетінің дамуы  мен  кемелденуінің ширек ғасырға  жуық кезеңін  мектеп

оқушыларына  меңгертудің жаңа әдістемесінің  қалыптастырылуы –

уақыт

талабы.  Тәуелсіздік  жылдарындағы



қазақ  әдебиетін  оқыту

әдістемесін

зерделеуде,  ең алдымен,  бұл үдерістің жалпыпедагогикалық және  жеке

әдістемелік негіздерін жаңа  инновациялық оқыту  талаптары  негізінде жүйелеп

қалыптастыру керек.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың сапалы  негіздемесін

анықтау жалпыдидактикалық және әдістемелік заңдылықтарына сүйене отырып

жүйеленеді.  Дидактикалық

және

әдістемелік 



заңдылықтар 

тәуелсіздік

жылдарындағы қазақ  әдебиетінің  қалыптасу  және  даму  бағыттарын, қазақ

прозасы,  поэзиясы,  дрматургиясы, әдеби  сын  салаларындағы  жетістіктерді

мектеп оқушыларына меңгертудің тиімді жолдарын жүйелейді.

1991 жылдан бергі кезеңде қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары

қалыптасып келеді.  Дегенмен,  осы  практикалық  қордың теориялық тұрғыдан

жүйеленіп қарастырылуы  кешеуілдеп,  мектеп  мұғалімдерінің  қазақ  әдебиетін

оқытуда  Тәуелсіз Қазақстанның жаңа  келбетін  танытатын әдеби  туындыларды

оқушыларға  сабақтастықпен,  бірізділікпен  жинақталған әдістемесін қолдана

алмай келе жатқаны белгілі.

Бұл олқылықтың орнын толтыру және Қазақстанның жаңа дәуірі әдебиетін

мектепте оқытудың толыққанды болмысын қалыптастыру – кезек күттірмейтін

және уақыты озыңқырап бара жатқан маңызды мәселе болып табылады.

Тәуелсіздік 

жылдарындағы

қазақ 

әдебиетін 



оқыту

әдістемесінің

дидактикалық негіздерін  анықтауда жалпыдидактикалық мына ұстанымдар

басшылыққа алынады:

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың ғылымилылық

ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың жүйелілігі  және

жоспарлылығы ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың оқушылардың



саналылығы мен белсенділігі ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың қолжетімділік

ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы

қазақ  әдебиетін  оқытудың

пәнаралық

байланысы ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың көрнекілілігі

ұстанымы;

Тәуелсіздік 

жылдарындағы

қазақ 


әдебиетін 

оқытудың


инновациялылығы ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы

қазақ  әдебиетін  оқытудың

тәрбиелік

ұстанымы.



6

Бұл  жалпыдидактикалық  ұстанымдар – тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ

әдебиетін мектепте,  жоғары  оқу  орындарында  т.б.  оқу  орындарында  оқыту

үдерісінің басты қағидалары ретінде танылады.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқытудың жалпыдидактикалық

ұстанымдарына

қоса,

әдебиетті

орта 

мектепте 

оқытудың

жеке

ұстанымдары да басшылыққа алынады:

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиеті  туындыларын Қазақстанның

жаңғыруы, ата-бабалар  аңсаған  еркіндік  пен  бостандық, патриоттық идея

бағытында оқыту ұстанымы;

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық сөз өнері мен



оның дамуының, қарыштап қанат қағуының жаңа дәуірі бағытында оқыту

ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін Тәуелсіздік  орнағаннан

бергі  кезең

тарихы  және  тұтас  «Тәуелсіздік  идеясымен»

тығыз

байланыстылығы бағытында оқыту ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін Қазақстан  Республикасының

Тәуелсіздігі тарихы  мен  елдің мәдени  даму  барысы  туралы  ақпараттарды

бірлікте ұстана отырып оқыту ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы

қазақ  әдебиетін

қазақ

ұлттық

және

жалпыадамзаттық адамгершілік-эстетикалық  құндылықтар бағытында

оқыту ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін нақты  бір  жазушының

шығармашылығындағы  дәстүрлілік  пен  жаңашылдықты  меңгерту

бағытында оқыту ұстанымы;

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін пән  ішіндегі  проза,  поэзия,

драматургия,  сын  салаларының  өзара  тығыз  байланыстылығын  сақтау

бағытында оқыту ұстанымы;

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән тарихы мен теориясына



байланысты негізгі ұғымдарды меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;

Тәуелсіздік 

жылдарындағы

қазақ 


әдебиетін

жаңа 

оқыту

технологияларын кең арнада қолдана отырып оқыту ұстанымы.

Тәуелсіздік  жылдарындағы

қазақ  әдебиетін  оқыту  мазмұны

қазақ


әдебиетін мектепте  оқыту  бағдарламасымен  анықталады.  Ол  бағдарлама

мұғалімдердің Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінен  білім  берудің

жетекші құралы болып табылады.

Осы ретте әдіскерлер шешуі тиіс маңызды мәселе бой көтереді. Ол – қазақ

әдебиетінен берілетін  білім  мазмұнын  түбегейлі  жаңа  Тұжырымдамалық

негізде қайта  жүйелеу.  Осы  кезге  дейін  мұндай  маңызды  мәселе  шешімін

таппай келе жатыр.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін, оның ішкі қалыптасу үрдістері

мен  даму үдерістері  тәуелсіздік  идеясына қалай  негізделгендігі  де  жеткілікті

деңгейде зерттелмей келеді. Бұл мәселенің алдағы уақытта қарастырылуы тиіс.



7

Дидактиканың үлкен саласы – білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптау.

Сондықтан, қазақ  әдебиетінің тәуелсіздік  жылдарындағы  жинақталып  келе

жатқан қазынасын меңгерту, сұрыптау, мектеп бағдарламасына енгізу, талдау –

әдіскерлік шеберлікті, мол тәжірибені қажет етеді.

Бұл  мәселені әдебиеттануші ғалымдардың  өздері  де  баса  атап  көрсеткені

белгілі. «Әрине, жаңа кезең көркем кітабының бәрі бірдей қалам ұшына іліккен

жоқ. Кейбір  татымды  туынды әртүрлі  себеппен  назарға  түспей қалды  да.

Түспей қалуының бір  себебі, әдебиет  тарихы  баспа  жүзін  көрген  шығарманың

құнын айырмай,  шетінен  тықпалай  беруді  көтермейді. Қазір  не  көп – қағаз

топаны көп.

Проза әлеміне де, өлең өлкесіне де кіруге лайықсыз, әдебиетпен үш қайнаса

сорпасы қосылмайтын  шалажансар  шимайлардың бүгіндері қаптап  кеткені

жасырын  емес. Қара  нөпірім  басылым  арасынан  ауыз  тұшырлық кісі

қызығарлық дүниені айырып алудың өзі бірталай жұмыс.

Дәмі  жоқ,

татуы  жоқ сүреңсіздіктің насихатталуы  бос

әурешілдік.

Сондықтан кітапта  бүгінгі  тәуелсіздік әдебиетінің  әжетке  жарайтыны,  жілігі

татиды дегендері ғана іріктеліп талданды» [5].

Мемлекет  білім  беру  орындарына

өзіне  керекті  азамат  тұлғасын

қалыптастыруға тапсырыс  береді.  Пәннің оқу  бағдарламасы  мемлекеттің сол

тапсырысына сүйене  отырып қажетті  білім  мазмұнын  сұрыптайды.  Осы

бағдарлама 

негізінде 

іріктелген

әдеби 

туындыларды 



оқыту 

арқылы


оқушылардың

саналы  азаматтық

тұлғасы  мен  эстетикалық

талғамын


қалыптастырып

дамыту


қазақ


әдебиетін

оқыту


әдіскерлері  мен

мұғалімдерінің басты міндеті.

Әдебиеттанушы ғалымдардың «қазақ халқының тарихындағы ең бақытты

дәуірден,  маңдайы  жарқырап,  тәуелсіздік  туын  желбіретіп,  мерейі үстем

болған  және  елімізді  демократиялық жолға  түсірген  1991  жылдың  16

желтоқсанынан басталған»[5] деп анықтаған тәуелсіздік жылдарындағы қазақ

әдебиетін мектепте  оқыту  осындай  биік  пафосты, қазақ халқының терең де

нәзік әрі  шиыршық атқан  иірімдері  мол  көркем қазынасын  меңгерту  деген

жоғары рухтағы әдістемелік тіректен тұруы тиіс.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінің проза,  поэзия,  драматургия,

сын салаларынан берілетін білім мазмұнын анықтау және оны оқыту әдістемесі

бойынша алда тұрған екі міндет бар:

біріншіден, қазақ  әдебиетінің  1991 жылдан  бергі  кезеңде  дүниеге  келген

озық идеялық және  эстетикалық  құндылығы  мен  тілдік-танымдық  қуаты  зор

көркем 


туындыларды 

сұрыптау; 

сол 

арқылы 


оқушыларға 

Тәуелсіз


Қазақстанның айқын  бейнесі  мен  болмысын  таныту,  тәуелсіздік  мазмұндағы

әдебиетте таңбаланған қазақтық әлеуметтік мәдени кодтарды меңгерту;

екіншіден,  тәуелсіздік  мазмұнындағы қазақ  әдебиетін  меңгерту  арқылы

оқушыларға  көркем

әдеби  талдаудың

жаңа  тұжырымдамасын,

әдеби

шығармаларды талдаудың жаңа ұғымдық аппараттарын қалыптастыру.



Кеңестік  дәуірдегі қазақ  әдебиеті  туындылары  сол  кездегі  негізгі әдіс –

социалистиік реализм әдісі арқылы талданып келгені белгілі. «Жағымды» және



8

«жағымсыз» кейіпкерлердің оппозициялық талдануы арқылы кеңес заманының

геройы  туындап  шығатын әдіс  сол  кездегі  ең тиімді әдіс  болып  саналды.  Ал

қазіргі барынша  шынайы,  мүмкіндігінше өмірдің  өзі  алға қойып  отырған

тұрмыс  күрмеулерінен  шыға  алатындай  амал-тәсілдердің мектептегі қазақ

әдебиетін оқыту әдістемесіне  кешеуілдеп  келуі – әдіскерлер тарапынан  уақыт

оздырып алып жатқаны айқын да ашынарлық жағдай.

Қазіргі


қазақ

әдеби


туындылары  мен  оқырман  арасында  кеңес

дәуіріндегідей авторитарлық пікір орын алмауы керек.

Сондықтан  оқушының оқырман  ретіндегі өзіндік  көзқарасы,  білім  алушы

субъект ретіндегі өзіндік ізденіс арқылы білім алу әдістері, жеке тұлға ретіндегі

дүниетанымдық  ұстанымдары қалыптасуына  және олардың адамгершілік,

патриоттық, эстетикалық тұрғыдан Қазақстан  Республикасының тәуелсіздігін

ардақ тұтатын  болмысына  лайық болуын қамтамасыз  ету –

қазақ әдебиетін

оқыту әдістемесі әдіскерлері мен ғалымдардың парызы болып табылады.

Бұл  ретте әдебиет теориясы  бойынша  меңгертілетін ғылыми  аппараттар –

терминдердің де  жүйесі  айқындалуы  керек. Өйткені  «социалистік  реализм»

әдісі арқылы  талданып  келген  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясын  ендігі

ретте

қалай  талдау  керек?  Бұл  жерде  М.Қаратаевтан  бастап  барлық



ғалымдардың талдауына сүйенетін болсақ, Тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа

қырынан танылып жатқан Құнанбай, Шәкәрім т.б. бейнелері оқушыларға қалай

меңгертілгені дұрыс?

Осы  мәселелердің іргесінен  орын  алып,  «Қазақ  әдебиетінің» жалпы

жүйесінен орын алып, бірақ толықтай жаңа болмыста қалыптасып келе жатқан

тәуелсіздік 

жылдарындағы

қазақ 


әдебиетін 

оқытудағы

әдебиеттану

терминологиясын  мектепте  меңгертуде  де  жаңашыл әдістемелік  ізденістер

орын алуы керек.

Тәуелсіздік 

жылдарындағы

қазақ 


әдебиетін 

шолу 


түрінде

өту


көзделгендіктен,  мұғалімнің  өз  бетімен  оқушыларға  кең арналы  білім  беруіне

қазіргі ақпараттық мүмкіндіктер мол екенін атап көрсеткіміз келеді.

Сондықтан  оқу  бағдарламасында  аталып  көрсетілген  авторлармен

шектелмей, кеңірек білім мазмұнын беруге ұмтылыс жасау ләзім.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің ПРОЗАСЫ бойынша лайықты

әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, көркем шығармаларды оқушыларға таныстыру

және өз бетімен оқып-білуге ұсыну керек.

Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»,  З.Қабдоловтың  «Менің  Әуезовім»,

Ш.Мұртазаның  «Ай  мен  Айша»,  М.Мағауиннің  «Мен», «Жармақ», «Сары

қазақ», Д.Досжанның  «Ақ Орда»,  «Құм  кітап», Қ.Ысқақовтың  «Ақсу –

жер

жаннаты»,  Р.Тоқтаровтың  «Абайдың жұмбағы», Ә.Таразидің  «Жаза»,  «Қара



жұлдызға  сапар»,  Т.Әбдіковтің  «Парасат  майданы»,  С.Сматайдың  «Жарлығап

батыр», Қ.Жұмаділовтің  «Дарабоз», Қ.Исабаевтың  «Шоң би»,  Б.Мұқайдың

«Өмірзая», 

О.Сәрсенбайдың 

«Шеңбер», 

К.Сегізбайдың 

«Беласқан»,

Б.Нұржекеұлының  «Әйелдің жолы  жіңішке», С.Жүнісовтің  “Аманай  мен

Заманай”, Ә.Нұршайықовтың  “Жазушы  мен  оның достары”, М.  Шаханов,  Ш.

Айтматовтың  «Құз  басындағы  аңшының зары»,Қ.Ысқақтың  “Ақсу  туралы

аңыз”,  С.Мұратбековтің  “Ай  туар  алдында”,  Д.Исабековтің  “Ай-Петри


9

ақиқаты”,Ә.Сарайдың 

“Еділ-Жайық”,

О.Сәрсенбайдың 

“Шеңбер”,Т.Сәу-

кетайдың  «Ай қараңғысы», Т.Зәкенұлының  «Көк  бөрілердің көз  жасы»,

Ж.Ахмедидің «Шырғалаң», Ұ.Доспамбетидің «Қызыл жолбарыс», А.Алтайдың

«Алтай  новелласы»,

Ә.Асқардың  «Өр  Алтай,  мен

қайтейін  биігіңді»,

С.Елубайдың  «Мінажат», «Жалған  дүние», Т.Нұрмағамбетовтің  «Айқай», С.

Досановтың

төрт  томдық  «Жиырмасыншы

ғасыр»,  Ж.Шаштайұлының

«Жаңғырық», Т.Мамасейіттің  «Таңжарық»,  Қ.Жиенбайдың  «Ән  салуға әлі

ерте», Мир Шайырдың «О, данышпан дүние», Ж.Әлмашұлының «Күлкі мен көз

жасы», Д.Батырдың  «Жарсыз өткен ғұмыр», Ә.Ыбырайымұлының  «Ұяластар»,

Д.Амантайдың  «Гүлдер  мен  кітаптар»,  «Мен  сізді  сағынып  жүрмін»  атты

романдары, Ө. Кәріпұлының  «Серілер  мен  перілер», Ө.Ахметтің  «Адасқан

ғасыр»,  Н.Қапалбекұлының  «Таудан  түскен  тұман»,  Д.Әшімханұлының

«Самырсын  сазы»,

Қ.Түменбайдың  «Қобыздың

мұңы»,  С.Оспановтың

«Сопының ғұмыры», Н.Ораздың  «Биіктегі сұлулық», Н.Қамидың  «Көк қақпа»,

А.Кемелбайдың «Қоңыр қаз», Т.Шапайдың «Айна сарай»атты әңгіме-повестері

т.б.  туындылар – қазақ әдебиетінің проза  саласында  1991  жылдан  осыған

дейінгі  жылдар  ішінде үлкен  биіктерге қол  жеткізіп  келе  жатқанын,  «қазақ

әдеиетінде даму  жоқ» деген  жалған  сөздердің  әдейі  осындай  теріс  пікір

қалыптастыру мақсатында айтылып жүргенін көрнекі дәлелдейтін дерек болып

табылады.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінің ПОЭЗИЯ саласы  бойынша

оқушыларға  бағдарлама  бойынша  және өз  бетімен  оқуға  мына  ақындардың

шығармалары ұсынылады.

А.Бөкеновтің  «Салбуырын»,  Н.Оразалиннің  «Құрайлайдың салқыны»,

«Ғасырмен

қоштасу», 

Е.Шаймерденұлының 

«Жүректегі 

жазулар»,

Е.Раушановтың «Ғайша-Бибі»

,

«Қара  бауыр қасқалдақ»,  М.Айтхожинаның



«Жапырақ

сілкінген  кеш»,  Т.Тұяқбаевтың  «Жан  дауысы»,  Б.Үсеновтің

«Табиғат  терезесі»,  С.Нұржановтың  «Аруана»,  Г.Шамшиеваның  «Қаракөз

дәурен»,  Т.Әбдікәкімовтың  «Ақшам  хаттары»,  Г.Өмірзақованың  «Жапырақ-

ғұмыр»,  С.Сейітовтің  «Серпер», Ә.Қайранның  «Мазасыз әлем»,  Х.Ерғалидың

«Сонеттер»,

Ә.Сәрсенбайұлының 

«Ғасыр 


мен

ғасыр 


беттессе»,

Қ.Шаңғытбаевтың  «Махаббат  пен ғадауат», Қ.Бұғыбаеваның  «Қоштасқым

келмейді», Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай»,  «Алаштың арманы»,  К.Салықовтың

«Сәбит 


аға», 

«Түркістанға 

тағзым», 

М.Шахановтың 

«Жазагер  жады

космоформуласы»,  «Жаңа

қазақтар»,  «Компьютер  басты  жарты  адам»,

Н.Айтұлының  «Рухымның падишасы»,  «Бәйтерек», Ұ.Есдәлетұлының  «Киіз

кітап», 

О.Асқардың 

«Орбұлақ»,

Д.Әбіловтің 

«Жолаушы

өмір»,


А.Бақтыгерееваның  «Ақ шағала»,  Р.Ниязбек  Н.Мәукенұлының  «Бойтұмар»,

А.Шәріповтің  «Құбыла», Қ.Исаның  «Керімсал»,  Г.Салықбаеваның  «Жан»,

А.Әлімғазыұлының  «Жаралы  Желтоқсан», Ө.Нұрғалиевтің  «Афина  мектебі»,

А.Егеубайдың  «Аламан»,  К.Ахметованың  «Күн  шыққанда  күліп  оян»,  Иран-

Ғайыптың «Жыр әлемі»,  «Қорқыттың көрі»,  Ж.Бөдешұлының  «Жұлдызға

орнын  ай  бермес»,  М.Ақдәулетұлының  «Дәруішнама»,  А.Әлімнің  «Ай  нұры

алақанымда»,  М.Райымбекұлының  «Ай-Нұр», Қ.  Сариннің  «Арманымның

бейнесі»жыр  жинақтары,  «Ер  намысы – ел  намысы»  т.б.  ақындардың



10

шығармалары мен жинақтары жарық көріп, С.Адай, Ж.Сәрсек, Т.Толқынқызы,

М.Шоқан, 

Б.Сарыбай, 

А.Елгезек, 

Н.Бердалы, 

Е.Жеңісұлы, 

Е.Жүніс,


Т.Таңжарық, Ы.Дәбей,  Б.Әлқожа,  Н.  Сарша,  А.Сейтақ, С.Есжан,  Т.Мықи  т.б.

сияқты жас ақындар легі көбейді.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінің ДРАМАТУРГИЯ саласы

бойынша оқушыларға өз бетімен мына шығармалар ұсынылады.

Ә.Кекілбаевтың  «Абылай  хан», Ә.Таразидің  «Ақын,  Періште.  Махаббат»,

С.Жүнісовтің  «Кемеңгерлер  мен  көлеңкелер»,  М.Байсеркеновтің  «Абылай

ханның ақырғы  күндері»,  Р.  Отарбаевтың  «Бейбарыс  сұлтан»,  Шахмардан

Құсайыновтың

«Томирис», 

И.Оразбаевтың 

«Шыңғыс 

хан»,


Т.Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той», Қ.Ысқақовтың «Қыл көпір», «Жан

қимақ», Қ.Ысқақ пен Ә.Таразидің  «Алатау  сынды  алыбым»,  И.Сапарбайдың

«Сыған  серенадасы»,  С.Балғабаевтың  «Тойдан қайтқан қазақтар»,  «Ғашықсыз

ғасыр», 


«Ең 

әдемі 


келіншек»,

Ә.Ақпанбетұлының 

«Дүние-думан»,

Д.Амантайдың  «Сәлеметсіз  бе, қоңыр  мұң», С.Сматаев  пен  Т.Теменовтің

«Көгілдір  такси»,  А.Жағанованың  «Жан  алқым»,  Н.Әбутәлиевтің  «Өттің,

дүние»,  А.Бекбосыновтың  «Соңғы  сезім»,  Д.Исабековтың  «Актриса»,  «Тор»,

«Ескерткіш»,  Иран-Ғайыптың «Естайдың  Қорланы»,  Б.Мұқайдың  «Сергелдең

болған  серілер»,  «Өмірзая»  т.б.  драмалық

шығармалары

тәуелсіздік



жылдарында қазақ әдебиетінің қорына қосылған рухани қазына деп танылады.

Дидактиканың тағы  маңызды  саласы – білім  беру  формасы,  оқыту

әдістері мен амал-тәсілдері болып табылады.

Таптық әдебиет болмысынан енді ұлттық әдебиет болмысына ауысқан қазақ

әдебиетін

оқыту


әдістемесі  енді

өзінің


жаңа  инновациялық

жүйесін


қалыптастыруы – күн тәртібіндегі аса өзекті тақырып болып саналады.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиеті  дегенде,  жаңа  дәуірдің желісін

1991  жылдың  16 желтоқсанынан ғана  емес,  1986  жылдан  бастауға  да  болады

деп  есептейміз. Өйткені қазақ жастарының  1986 жылдың желтоқсанындағы

дүниені  дүр  сілкіндірген қозғалысы –

әрбір қазақтың ұлттық санасынан,

болашақ  ұрпаққа  тәуелсіздік  аманаты  болып  кететін  тарихи  дерек  болып

қалғаны белгілі.

Сондықтан ғасырлар бойғы жинақталған, жырланған тәуелсіздік идеясының

нақты құбылыс ретіндегі  көрінісі – 1986  жылдың желтоқсанындағы  көтеріліс

десек, ол – Қазақстанның бір тарихи керуенінің соңы болғанымен, жаңа тарихи

дәуірінің нұрлы қуатты бастауы еді.

Осымен де байланысты, Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті дегенде

хронологиялық желінің бастапқы  кезеңін 1985  немесе  1986  жыл деп қосуға  да

болатын сияқты.

Оқу  бағдарламасында  «Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиеті»  шолу

түрінде берілген.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту әдістемесі үшін  жаңа

дәуірдің басталғанын  ескеру –

ақпараттық технологияның,  ғаламтордың

/интернеттің қарыштап дамуын ескеру міндеттілігінен басталады.


11

Жаңа  оқыту  технологияларының, негізінен,  ақпараттық технологиямен

байланысты екені белгілі.

Шолу  түрінде  оқылатын  «Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ әдебиетін»

меңгерту үшін  жаңа «жеке  бағдарлы  кеңейту» деген  дидактикалық форманы

қолданған дұрыс  болады.  Бұл  форманың ерекшелігі – оқушыларға өз  бетімен

іздену,  оқу,  талдау  жолдары әдістемелік  тұрғыдан  түсіндіріліп  беріледі-дағы,

«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің өзіндік болмысы» деген тақырып

бойынша оқушының өзінің танымдық-ізденіс желісі қалыптастырылады.

Бұл әдісті қолданғанда  мұғалім  оқушыларға  бірнеше  бағдардағы  жоба

тапсырады:

11 


сынып 

оқушыларына 

«Төменгі 

сыныптарда 

тәуелсіздік

жылдарындағы қазақ  әдебиетінен қандай  шығармаларды  оқытуға  болады?»

деген әдістемелік-ізденіс формасындағы жобаны ұсыну.

«Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінің библиографиясы» деген

тақырыптағы жобаны ұсыну.

«Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінің проза  саласын  талдау

әдістері» атты аналитикалық жобаны ұсыну.

«Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінің поэзия  саласын  талдау



әдістері» атты аналитикалық жобаны ұсыну.

«Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетінің драматургия  саласын



талдау әдістері» атты аналитикалық жобаны ұсыну.

«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің әдеби сын саласын талдау



әдістері» атты аналитикалық жобаны ұсыну.

«Ерекше 

жоба»формасында 

белгілі 


бір 

жазушының 

өмірін,

шығармашылығын, 



интернеттегі

қазақ 


әдбеи 

туындыларының

орналастырылуы, жастар шығармашылығы т.б. тақырыптағы жобаны ұсыну.

Ұсынылып отырған  форманың кері  байланыс  ретіндегі  формасы –

оқушының  өзіндік  ізденісінен  туындайтын  «Мен ұсынатын  тамаша әдеби

шығарма»атты тақырыппен жүргізілетін жұмыс.

Мұндай  жұмыс  түрінің ерекшелігі  оқу  бағдарламасының да,  мектеп

мұғалімінің де,  оқыту үдерісінің де қатып қалған  догмалық сипаттан  аулақ,

«субъект –

субъектілік»  жүйедегі  гуманистік  дидактикалық  қатынасқа

негізделген 

жаңа 

оқыту 


технологиясының 

қағидаларын 

басшылыққа

алатындығымен танылады.

Сабақ – әдебиетті оқытудың негізгі  формасы  болып  табылады.  Десек  те,

әдебиет


сабағын

қазақ


тілі  немесе  математика,  алгебра,  физика  пәні

сабақтарынан өзге  етіп құру  керек. Өйткені әдебиет  сабағы – оқушының жан-

дүниесін қазыналы ететін ерекше дидактикалық үдеріс.

Бұл  ретте  «Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиеті»  бөлімін  меңгертуде



диалог-сабақ формасын  тиімді  оқыту  формасы  ретінде ұсынамыз.  Сабақтың

бұл  формасында,  көп  ретте, эвристикалық  әдіс орын  алады.  Мұғалім өз

оқушыларымен  біріге  отырып,  сабақтың негізгі  лейтмотиві  болып  алынған

өзекті сұрақ-проблеманың шешімін  көркем әдеби  шығарманың  өн бойынан

іздеп  табады.  Сол үдеріс  барысында  түрлі  іс-әрекеттер арқылы  кейіпкердің


12

бейнесі  танылады.  Сомдалып  тұрған әдеби  бейненің болмысындағы  ерекше

тілдік  суреттеу құралдары  анықталып,  тілтаным  арқылы  көркем-эстетикалық

талғамы қалыптастырылады.

«Әдіс» –

әдебиет сабақтарындағы  мұғалім  мен  оқушының бірігіп

атқаратын оқу-танымдық іс-әрекеті. Сабақ тақырыбына лайық дұрыс таңдалған

әдіс арқылы  оқушы  жаңа  блім  мазмұнын  игереді,  жаңа  білік-дағдыларға  ие

болады,

қабілеті  жетілдіріліп,  белгілі  бір  дүниетанымдық



көзқарасы

қалптасады.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  оқыту әдістерінің жіктемесін

тануда  сюжеттік-композициялық талдау,  бейне,  стильдік  талдау,  шығарманың

тарихи  талдануы,  шығарманы  жазушының шығармашылық  қызметі  аясында

және басқа жазушылар шығармашылығымен салыстыра қарастыру сияқты тағы

басқа әдіс-тәсілдер алдынғы орында тұратыны белгілі.

Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын сапалы әдістер осы әдістің кішкене

құраушы

элементтері  болып  табылатын  амал-тәсілдердің



алгоритмдік

қолданысы арқылы жүзеге асырылып қолданылады. Тәуелсіздік жылдарындағы

қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын әдістерді былайша жіктеуге болады:

эвристикалық әдіс;

ізденіс әдісі;

репродуктивтік әдіс;

продуктивтік әдіс;

шығармашылық әдіс.



Эвристикалық әдіс –орта мектеп оқушыларына «Тәуелсіздік жылдарындағы

қазақ әдебиеті» саласын меңгерту барысындағы негізгі әдістің бірі болуы дұрыс

болады. Өйткені  бұл  тақырыптағы қазақ  әдебиеті –

оқушылардың осыған

дейінгі  меңгерген әдеби  білімінің кеңейтілген,  жоғарылаған, ғасырлар  бойғы

ата-бабаның мұрат  етіп  аңсаған  арманының жүзеге  асырылған  кезеңінің

бейнесін сомдаған әдебиет.

Эвристикалық  әдіс  арқылы  көркем әдеби  шығармаларды  танып-талдау

барысында  оқушылардың

сезімдік  көркемдік

қабылдауы  санада  терең

иірімдерге  бойлай  түседі-дағы,  олардың интеллектуалдық дамуы қарқындай

түседі.

Осы  ретте



Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»  романын  таныстыруда

эвристикалық әдісті қолданудың беретін пайдасы мол екенін көрсетейік.

«Соңғы  парыз»  романын ғалымдар  идеялық-көркемдік өрісі  кең шығарма

деп  бағалайды.  Бұл дилогияда  «Адам-Қоғам-Табиғат» өрістерінің өзара

алмасып  отыратын  керемет  байланысы  мен қатынасы  гармониялық тізбек  пен

желіде суреттелген. Ә.Нұрпейісовтің роман-дилогияда оқырманына жеткіземін

деген  мақсатын  анықтау үшін  мұғалім  мынадай  проблемалық-эвристикалық

сұрақтарды алдын ала оқушыларға таратып береді:

1. Романдағы проблеманың деңгейі қандай деп ойлайсыз?

А) жеке проблема,

Ә) аймақтық проблема,


13

Б)ұлттық проблема,

В) жалпыадамзаттық проблема.

2. Биосфера проблемасын туғызатындар:

А) табиғат,

Ә) ауа райы,

Б) адам,

В) жел.

3. «Жәдігер» сөзінің мағынасын сөздіктерден анықтап келіңіздер.

Осындай және оған қоса жүргізілетін даярлықтардан соң, эвристикалық әдіс

арқылы  мұғалім  оқушылармен  роман-дилогияның

түпкі  проблемасын

талқылау-талдау  жүргізе  алады.  Мұндай әдістің тиімділігі  туралы, әрине,  көп

айтуға болады.

Эвристикалық  әдісті қолданған  мұғалім  алдына қойылған  бірнеше  міндет

тұтастырылып  бір  мақсаттың көп қыры  ретінде  шешіліп  жатады.  Бұл әдіс

жекелеген  проблемалардың бір  арнаға  тоғыстырылып, үлкен  мәселе  ретінде

қарастырылып,  оқушылардың түрлі  сұрақтардың шешімін  тауып,  оларды

тұтастырып, жинақтап отыратын қабілетін қалыптастырады.

Ізденіс әдісі – білім  беру үдерісінде  ерекше  мақсатты  көздейтін әдіс  түрі.

Ізденіс әдісін қолданушы мұғалім тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің

болмысындағы өзіндік  белгілер  мен  жаңа қырларын  ашатын  және  осы  кезеңге

дейінгі қазақ  әдебиетінде  болмаған  жаңаша құбылыстар  мен өзгешеліктерді

танытатын амал-тәсілдерді қолдану екендігін жақсы түсінуі керек.

Қазақ әдебиеті  тарихының осы  кезеңге  дейінгі  даму  барысындағы  көркем

туындылардағы  еркіндік  пен  тәуелсіздік  деген  идеяның  қолға  бақыт құсындай

қонғандығы оқушыларға ашық та еркін әңгіме барысында түсіндіріледі.

Ендігі  кезекте  осы  тәу  етіп  отырған  Тәуелсіздігіміздің болашағы  мәңгі

болуы үшін  осы  «Тәуелсіздіктің» ішкі-сыртқы  болмысын  танып-білу, қазақты,

елді  дамытатын,  алға  жетелейтін  күш-қуатын анықтау – көркем әдебиеттің

«өмірлік  сабақ» беру  мүмкіндігі қолынан әбден  келетін  зор құрал  екендігі

тұрғысынан меңгертіледі.

Оқушының көркем  туындыны  жаңаша  тұрғыдан  терең талдауы  арқылы

«тәуелсіздік» идеясының көркем шығарма бойында тұнып тұрған қуатын «көре

білуі» – ізденіс әдісі арқылы ғана мүмкін болады.

Өзінің ізденіс  жолы  арқылы  тауып  алған қазынасы  оқушыға  санасының

әрбір қалтарысы мен  ойының  әрбір  иіріміне  орнығып қалады.  Сондықтан

ізденіс әдісі – мектеп  оқушысының жас  болса  да ғылыми  талдаулар  жасауға

ұмтылысын және  оның жемісін  татуға қолын  жеткізуі  арқылы  оның білімге

деген құлшынысын ғана  емес,  шабытын  да  оятатын  ерекше  күші  бар әдіс  деп

бағаланады.

Ізденіс әдісін  мұғалім  оқушылардың көркем  шығарманы өз  бетімен

талдауға үйрету  мақсатында қолданып,  эвристикалық  әдісті қолданғанда

оқушыны өзімен  бірге  жетелеп  алып  жүретін  болса,  бұл әдісті қолдануда

оқушының  өзінің ізденіс  жасауына  жол  береді. Әрине,  мұғалім  кеңес  беру,

бағытын айқындау, түзетіп отыру арқылы жетекшілік ролін еш кемітпейді.


14

Ізденіс әдісін  бірқалыпты қолдана  отырып,  мұғалім  оқушылардың  өзара

пікірталас, семинарлар өткізуге, конференцияларда ғылыми баяндамалар оқып,

ғылыми бәйгелерге қатысуға даярлай бастайды.

Ізденіс

әдісін


қолданар 

алдында 


мұғалім 

оқушылардың 

әдебиет

теориясынан жеткілікті дәрежедегі білімі болуын, терминологиялық аппаратты



керекті деңгейде меңгеруін байыппен назарда ұстағаны жөн.

Сөз жоқ, эвристикалық әдіс пен ізденіс әдісі – оқушының интеллектуалдық

дамуын,  ойлау  және  сөйлеу,  жазу  шеберлігін қалыптастыруда үлкен  орын

алатын әдістер.

Бірақ  әдебиетті  оқыту әдістемесінде  бұл  екі әдісті  көп қолдану –

оқушылардың оқырмандық, мұғалімнің  әңгімелеу,  баяндау әдістерін  шетке

шығарып тастауы мүмкін екенін де естен шығармау дұрыс болады. Осымен де

байланысты ол әдістердің де тиімді тұстарына тоқталып өту керек.

Ізденіс әдісін қолданудың бір үлгісі  ретінде Қабдеш  Жұмаділовтың

«Дарабоз» роман-дилогиясын таныту үдерісін алуға болады.

Қабдеш

Жұмаділовтың  «Дарабоз»  роман-дилогиясында  Абылай  хан



«Дарабоз»  деп  атаған Қаракерей Қабанбайбейнесі  суреттеледі.  Осы  ретте

мұғалім  сабақты  ізденіс үдерісі  сипатында ұйымдастыру үшін,  оқушыларға

романның басты  кейіпкерлері  Абылай  хан  мен Қаракерей Қабанбай  туралы

нақты тарихи деректерді іздестіру туралы тапсырма бергені дұрыс.

Романда  бас  кейіпкер – Қаракерей Қабанбайдың елі үшін  атқарған  ерлік

істері  көркем  суреттеліп  көз  алдыңнан өтеді.  Мұғалім  ізденіс әдісін қолдана

отырып, оқушыларға Қаракерей Қабанбай туралы тарихи деректер мен жазушы

шығармасындағы  көркем  кейіпкердің іс-әрекетін,  сөзін  салыстырады,  сол

арқылы  оқушылардың санасында  Абылай  хан  мен Қаракерей Қабанбай

батырдың ерен ерліктері жайында өшпес із қалдырады.

Қазақ жерін  басып  алған  жоңғар  жауды  ел  территориясынан қайтып

келместей  етіп  біржолата  аластау  және  түбіне  жетіп,  көзін  жою  деген  асқақ

идея романның өзегіне айналған.

«Тәуелсіздік, 

еркіндік, 

бостандық,

патриоттық»

деген 


сезімдердің

оқушылар үшін  бүгінгі  күні  мұғалімдерден ғана  естіп,  тек қазір ғана  керек

болып  тұрғандай әсерін  болдырмау үшін,  романдағы әрбір  сюжеттегі,

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен  сөздерін  талдауға  түсіріп  отыру – оқушының

«тәуелсіздік үшін  күресу»  деген  киелі ұғымды  саналы ұғынуына үлкен  тірек

болады.  Романда  талай қанды  шайқастарда үздік қолбасы  болған қазақтың

шынайы дарабозы – Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі тамаша суреттелген.

Қабанбай – роман-дилогияның бас  кейіпкері,  жоңғарға қарсы  соғыстарда

қырық жыл  аттан  түспеген  атақты  батыр.  Сонымен  бірге  жазушы  Дарабоздың

бойына қосымша  бір  елеулі қасиеттер қосады.  Оның ішінде  ерекшесі –

Дарабоздың  қазақтардың

бірігуіне

үлес

қосқандығы  мен



ұлттық

идея


ұйтқысына айналғандығы.  Осы  ерекше  болмыстың  қасиетті  оты Қаракерей

Қабанбайдың тар  рулық ауқымға қамалып қалмай, өзін  «Алаш ұлымын»,

«Қазақ перзентімін» деп сезінетіндігімен сүйсіндіре түседі.


15

Батырдың тар рулық ауқымда қалып қоймай, елім деп еңірей алатын ұлттық

рухтан  туындайтын қасиеті  оны әйгілі  «Қаракерей Қабанбайға»,  «Дарабозға»,

ірі қолбасы, батыр, үлкен саясаткерге айналдыра алды.

Осының барлығы  оқушыларға  ізденіс әдісі  арқылы  меңгертілген  кезде

көркем  роман  мазмұнының нақты  тарихпен  байланысы  нығайып,  оқушының

ішкі құндылықтар  жүйесі өзіндік  ізденіс  арқылы  «қалыптастырылуына»  жол

ашылады.


Репродуктивтік әдістер –

тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін

оқушыларға  сапалы  оқытудың тиімді әдістерінің бірі  болмақ. Репродуктивтік

немесе  көшірмелік әдіс  арқылы  мұғалім  оқушыларға  даяр  білім  мазмұнын

жеткізеді.  Негізінде, әдебиет  сабақтарында  репродуктивтік әдіс үлкен  орын

алады. Өйткені  дайын  көркем  шығарма  мәтінін  оқу,  түрлі  талдаулар  жасап,

тапсырмалар  орындау  жұмыстары  репродуктивтік

әдіс  арқылы  жүзеге

асырылады.

Десек  те,  репродуктивтік әдісті  догматикалық  қатып қалған әдіс  деп

түсінбеу  керек. Әдебиеттен  меңгертілуі  тиіс  көркем  туындылардың мәтіні,

өлең,  кейіпкердің

сөздері,  драмалық

туынды  кейіпкерлерінің

сөздері,

ремаркалар – барлығы  механикалық түрде  жаттандылықты  талап  ететін

сипаттағы оқу материалы болып саналады.

Сонымен  бірге  көркем  шығарманы  талдау  барысы  да  даяр  мәтін  бойынша

жүргізілетіні  белгілі.  Оқушылардың ойлауын  дамытуда  көркем  шығарманың

даяр  мәтінін  пайдалана  отырып,  мұғалім  түрлі  проблемалық жағдаяттарды

тауып,  оқушылардың шығарманы  саналы  меңгеруіне  керекті  жұмыстар

жүргізеді.

Прозалық шығарманың, поэзиялық туындының, драмалық шығарманың

эпизодтарын  немесе  белгілі  бір  кейіпкердің сөзін  талдата  отырып,  мұғалім

көркем  талдау  жүйесін  меңгертеді.  Сол  арқылы  оқушыларды өз  бетімен

талдауға машықтандыра алады. Сөйтіп, репродуктивтік әдісті қолдана отырып,

мұғалім тек даяр білім мазмұнын баяндай алады және оқушының алған білімін

жинақтауға даяр мәтінді қолдана отырып кең мүмкіндіктерге ие бола алады.

Репродуктивтік әдістің тиімді болып табылатын құраушы элементтері яғни

мынадай  амал-тәсілдерін  атап  кету  орынды:  мұғалім  сөзі,  баяндау, әңгімелеу,

мазмұндау,  шолу  дәрістері,  хрестоматиядағы  көркем  шығарма  мәтіні, әдеби

шығарманың түпнұсқасы,  сұрақтар  тізбесі,  викториналар  т.б.  Сонымен қатар,

интерактивтік  тақтадан  көрсетілетін  көрнекіліктер  молынан қолданылған

дұрыс.


Осы  ретте  оқушыларға  «тәуелсіздік»  идеясын  жырлаған  ақындардың

шығармасын  талдата  отырып, қазақ халқының  ғасырлар  бойы  аңсаған

арманының жүзеге  асқан  кезі –

осы  кез  екенін,  біздің парызымыз – осы

еркіндікті  сақтау, қорғау,  оны  болашақ  ұрпаққа  аманат  ету ғана  емес, қолына

сенімді тапсыру екенін саналылықпен ұғындыру керек.

Ақын Ш.Сариевтің қазақ халқының сан ғасырлар  аңсаған  тәуелсіздігін

жырлауғаалғашқылардың бірі  болып үн қосқан  ақын  екендігін  мұғалім  терең

толғаныспен түсіндіре отырып, ақынның өлеңдерін оқыту, талдату, оқушыларға


16

түрлі  жетекшілік  сұрақтар қоя  отырып, өлеңдеріндегі  басты  лейтмотивті

меңгерту міндетін шешуі керек.

Ш.Сариев өлеңдерінде  «тәуелсіздік»  деген  киелі ұғымның мән-мағынасын

үлкен ақындық жүрекпен  терең  ұғынуы,  сол  сезімді  жан-жүрегімен  сезіне

отырып  жырлауы  байқалады.  Осыны  мұғалім  оқушыларға өлеңнің  әрбір

жолына тоқтай отырып түсіндіреді.

«Тәуелсіз ел – қазағым» өлеңінде «Тәуелсіздік» бейнесі ақын жырында тау

суындай, дария өзендей, арнасынан тасыған бұлақтай бейнеде суреттелген.

Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,

Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.

Ақ шыңдары – тауларымның биіктеп,

Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

Жер бетіне қайта шықты алтыны,

Көлдерімде жүзді аққу, қалқыды.

Толқын атып, дарияларым тасыды,

Тау өзені, ақ бұлақтар шалқыды, –

деген жолдардағы ақынның халқының көкейіндегі «мұз боп қатқан арманының

орындалуын»  емірене  жырлауы  айқын  танылады. Мұндай  патриоттық пен

сүйіспеншіліктің

ақын  көкейін  жарып  шыққан  күміс  бұлақпен

ғана


теңестірілетінін де мұғалім оқушыларға атап көретеді.

Ш.Сариевтің  «қазақ» деген қасиетті  халықтың  қайсар ұлдарының ерлігі

туралы жырлаған өлеңдерін де мұғалім оқушыларға талдатып-танытады.

«Ең жақсы күн» өлеңінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Н.Назарбаевты  ата-бабамыз  сан ғасырлар  аңсаған  тәуелсіздік  туын  тігуші

ретінде  жырлайды. Қазақтың арманы –

«тәуелсіз  мемлекет құру»  екендігін

Ш.Сариевтің  «Елбасы»,  «Астана»,  «Жер  бетінде  тұңғыш  жаралған  ең бірінші

қазаққа ода»,  «Кенесары  хан  бүгін  ат үстінде»  деген өлеңдерінде  жырлап,

Елбасымызға  арнап  ескерткіш қою  керектігін  жырлаған.  Мұғалім  ақын

жырының осы  жолдарын  іс  жүзіндегі  Астана қаласындағы  «Қазақ елі»  атты

монументі соның айғағы екендігімен байланыстыра отырып ұғындырады.



Продуктивтік әдістер – оқушының  әдеби  шығармаларды  оқып-меңгеруі

барысындағы  жаңашылдыққа ұмтылысын  ынталандыратын, өзгеріске  толы

заманның ағымында тез бағдар таба алатын, проблеманы көре алатын және оны

шешуге қорықпай,  шешім  жолын  іздеп  таба  алатын,  ереше/оригиналды  және

шығармашылыққа толы идеяларды табуына ықпалын тигізетін әдіс.

Продуктивтік әдістерді қолдану  арқылы  оқушылардың ойлау ұтқырлығын

жетілдіруге  болады.  Ол үшін  мұғалім  көркем  шығарманың мазмұнындағы

негізгі  және  тарамдала  таралған  проблемалық

жағдаяттарды  іріктеп,

оқушыларға ұсына алады немесе бір-екеуін көрсетіп, шығарманың мазмұнынан

сондай проблемалық жағдаяттарды оқушылардың өздері табуын тапсырады.

Көркем  шығарма  мазмұнынан алынған  проблемалық жағдаяттарды  талдай

отырып, шешімін іздеу үдерісін бес кезеңге бөлу дұрыс деп санаймыз:

көркем шығармадан проблемалық жағдаятты анықтау;

проблемалық жағдаяттың өзіндік сипатын анықтау;


17

проблемалық жағдаяттың күрмеуін шешу жолын болжам ретінде ұсыну;

шешім жолының сабақтасқан алгоритмдерін анықтау;

ұсынған шешім жолын тексеру.

Проблемалық жағдаят  дегеніміз  не?  Психологиялық тұрғыдан  анықтайтын

болсақ – адамның интеллектуалдық  қиналысының психикалық жағдайы.  Ол

қиналыстың туындайтын себептері болады:

аталмыш  жағдаятқа қатысты  алғанда,  адам өзінің алған  білімінің

жеткіліксіз екенін сезінеді;

екінші  жағынан, қалыптасқан  іс-әрекетінің де  осы  жағдаятты  шешуге

дәрменсіз екенін түсінеді;

тұйықтан шығу үшін жаңа білім қорын іздейді;

күрмеуді  шешуге қажетті  күш  пен  іс-әрекет түрлерін үйрену  керектігін

түсінеді.

Бір мәселе бар, ол – проблемалық жағдаятты шешу үшін жаңа білім мен іс-

әрекет қана керек  деп  түсінбеу  керек,  ең бастысы – проблемалық жағдаятты

ДӘЛ, АЙҚЫН анықтай білу екендігін түсіну керек.

Көмескі  анықталған  проблемалық жағдаяттың шешімі де дұрыс болмайды.

Дұрыс айқындалған мәселе – дұрыс шешімнің тең жартысы.

Жинақтай айтатын болсақ, продуктивтік әдістердің проблемалық жағдаятты

шешуге ұмтылдыратын, құлшындыратын, қалыптастыратын қуатты қырлары

бар, олар:

проблемалық жағдаяттарды  шешу  арқылы  оқушылардың логикалық

ойлауы бірізділікпен қалыптасады;

оқушыны өз бетімен білім іздеуге ынталандырады;

оқу материалын меңгертуде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудың

ең тиімді тұстары болып саналады.

Продуктивтік әдісті қолданудың бір жолын С.Досановтың «Жиырмасыншы

ғасыр» атты романын талдау арқылы көрсетуге болады деп ойлаймыз.

С.Досановтың  «Жиырмасыншы ғасыр»  атты  төрт  томдық романында  бір

ғасырдың көркем шежіресі төрт ұрпақтың тағдыры арқылы көркем берілген.

Бірінші  кітапта отаршыл  патшалық орыстық саясаттың  қазаққа әкелген

қайғы-қасіреті суреттелген.

Екінші  кітапта Столыпин  реформасынан  кейін Қазақстан  мен  Ресей  ара-

сындағы күрделі қарым-қатынас, Қазан төңкерісі, аштық, сұрапыл отыз жетінші

жыл оқиғалары суреттеледі.

Үшінші кітапта жиырмасыншы ғасырдың соңғы  онжылдықтарында қазақ

елі бастан кешкен оқиғалар суреттеледі.

Төртінші  кітапта тәуелсіздік  жылдары  суреттеліп, қиындықтарды  еңсерген

қазақ халқының жарқын болашқақа қол созған болмысы суреттеледі.

ХХ ғасырдың жүз  жылында  адамзаттың дамуы  мыңжылдықтарды  аттап

өткендей деңгейге көтерілді. Осының барлығы оқушыларға «Қазақ халқы үшін

ХХ ғасыр қандай ғасыр?»  деген  проблемалы  сұрақты қойғызу  одан әрі өз

бетімен ізденуге түрткі болады.



18

Осы  романдағы  бір үзіндіні  алып,  сондағы  проблемалық жағдаяттың

шиеленіскен тұсын қарастырайық.

«Құдайға  шүкір,  Нұрдәулеттің жағдайы  жаман емес. Әкесі  Бабаханға  он

мың жылқы  бітіп  еді,  Нұрдәулет  оны  жиырма  мыңға  жеткізді. Әкесі  орта

жүз  Арғын ішіндегі өз  руы Қараманға ғана қожалық етіп  еді, бұл өздеріне  ең

жақын ру Төлекті де қоса билеп отыр.

Әкесі екі әйел  алып  еді,  бұл  төртеуін  алды. Әкесі  берісі Ұлытау, әрісі

Қарқаралыда болғанын  мақтан  етеді. Бұл  кең байтақ  қазақ даласының төрт

бұрышын  кезгенін  місе  тұтпай,  тым  алыс Қырым  асып,  Кавказ  басып,  ту

сонау Меккеге де барды, Түркия, Сирия деген елді бұл өңірде өзге түгіл он мың

жылқы айдаған, жал мен жая шайнаған өз әкесі Бабахан да көрген жоқ.

Енді міне Бағдатқа барып келе жатыр. Дүниені шайқап жүр. Ұлы даланың

сауырлы  бір өңірін  билеген  атақты  бай.  Бай ғана  емес,  би.  Орынбор  мен

Омбының,

Мәскеу 

мен 

Петербордың

шенеуніктерімен,

қазақтың

зиялыларымен ой жарыстырып, пікір таластырған білімпаз!»



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал