Тәуелсіздік. Достық. Еңбек. Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті



жүктеу 0.76 Mb.

бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

   

Тәуелсіздік.    Достық.     Еңбек.

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті.  

              Батыс Қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан 

бастап шығады

№1-2 (7608-7609) 

zhanarqan_onir@mail.ru

Біздің электронды поштамыз:

      Сенбі

    14 қаңтар

2017 жыл

Тиімді техника



«Бекболат  шөп  турағыш  техника  алған 

екен.  Шөпте  ысырап  жоқ,  мал  азығы  екі 

есеге  үнемделіпті»  дегенді  естіп,  жаңаны 

көзбен  көріп,  өзгеге  үлгі  ету  үшін  бірден 

фотоаппаратымызды арқалап, атқа қондық. 

Баратынымызды  хабардар  етіп  қойғанбыз, 

Бекболат күтіп отыр екен. Жігіттері бірден 

РВС-1500  құрылысы  тіркелген  тракторды 

от  алдырып,  250  бас  баспақ  тұрған  аулаға 

бастады. Бір жағында 130 бас баспақ қашар, 

бір  жағында  120  бас  баспақ  бұқашықтар 

тұрған кең ауланың ортасымен жүрген РВС-

1500  құрылғысы  тайланған  шөпті  турап,  екі 

жағынан  ұзына  бойына  қойылған  астауларға 

төгіп  өтеді  екен.  Ұзын  бидайық  техника 

өңешінен  қарыстай  болып,  туралап  түсіп 

жатыр. 

-Қалдық  қалмайды.  Қазір  күніне  250  бас 

баспаққа 300 киллограмдық үш рулон, 350 бас 

сиырға 6 рулон, барлығы 9 рулон жетеді. Бұрын 

күніне осы малға 20-25 рулон салынатын еді,-

дейді Бекболат Жағыпаров.

РВС-1500  шөптурағыш  техникасын  2015 

жылдың  аяғында  алған  екен.  Ол  кезде  құны 

4630 мың теңге екен.

Жалпы  Бекболаттың  қожалығында  қол 

жұмысы  қалмапты.  Малшы  тек  техника 

келгенде  қақпаны  ашып,  астаудан  түскен 

шөпті қайта салып қояды. 

Мал  азығын  үнемдеу  -  өте  қажетті  іс.  Бұл 

бағытта РВС-1500 шөптурағышы аса тиімді 

техника.  Мұны  аудан  шаруаларының  білгені 

абзал. 

Өмірзақ АҚБАСОВ.

Киік құмға бет 

алды

Республикалық  басылымдардан  «Батыс  Қазақстан 



облысында  атып  алынған  киіктердің  34  басы  табылды» 

деген  мәліметті  оқыған  едік.  Соның  14  басының  денесі 

біздің ауданымыздан табылыпты. 

Жалпы,  20  мыңдай  киік  26  желтоқсан  күні  Жаңақала 

ауданы аумағына Балдырған мен Әліпсай қыстақтарының 

ортасымен  келген.  Солардың  бір  бөлігі  аудан  орталығы 

маңындағы  Байтоқ  елді  мекеніне  дейін  жетсе,  көбі 

құмға  (Самар)  қарай  ауған.  «Мал  артынан  ұры  жүреді» 

десе,  браконьерлер  де  қаршанамен  ұрымтал  тұсты  тез 

пайдаланып,  даланың  қасиетті  аңына  қастандық  жасап 

үлгерген. Желтоқсан айында аяқталған күйек науқанына 

орай киіктердің әлсіздігі оларға оңай олжаға қарық болуға 

көмектескені анық. Десе де, киіктер мемлекет тарапынан 

қатаң  бақылауда.  Ал,  біз  бұл  қысқа  хабарды  «Қамыс-

Самар»  ЖШС-нің  директоры  Ғ.Мирмановтан  естіп, 

білдік.


«Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар» деген 

мәтел  бар  қазақта.  Бұл  киелі  киіктердің  үдере  көшкені 

қыс  айларының  созылып,  қытымыр,  қатерлі  боларын 

аңғартқаны  ма?..  Не  болғанда  да  бейқам  отырмайық, 

ағайын!

Ақсұңқар СӘДІР.

Универсиада: 

дерек пен дәйек

Универсиаданы  өткізуге  127 

халықаралық  төреші  мен  600-

ге  жуық  ұлттық  техникалық 

мамандар  қатысады.  Жарыс-

тарды өткізуге қатысатын барлық 

төрешілік  алқасын  әрбір  спорт 

түрі  бойынша  ұлттық  және 

халықаралық 

федерациялар 

бекітеді.  Жарыстар  «Шымбұлақ» 

тау  шаңғысы  курорты,  «Медеу» 

мұз 

айдыны, 


«Сұңқар» 

халықаралық шаңғы трамплиндер 

кешені,  Балуан  Шолақ  атындағы 

спорт  және  мәдениет  сарайы, 

«Алатау»  шаңғы  және  биатлон 

кешені, 


«Табаған» 

спорттық  

ойын-сауық  кешені,  «Алматы- 

Арена»,  «Халық-Арена»  спорт 

кешендері  секілді  8  нысанда 

өтеді. 


Универсиадаға 

дейін 


«Сұңқар» 

ХШТК, 


«Алатау» 

ШБК, 


«Шымбұлақ» 

ТШК 


гомологацияның 

халықара-

лық  сертификаттарын  алды. 

Қалған 


нысандар 

сәйкестік 

сертификатын 

трассаларды 

әзірлегеннен  кейін  және  мұзды 

нысандарда мұз дайындалғаннан 

кейін  алуға  тиіс.  Дайындық 

үдерісін  іске  асыру  үшін  үлгілік 

операциялық  жоспарлар    әзір-

ленді,  онда  нысанның  барлық 

операциялары,  басқару  жүйесі 

мен 


барлық 

қызметтердің 

жалпылама 

жұмыс 


істеуі 

сипатталған.

Өткен  жылдың  соңына    дейін 

Универсиада  нысандарында  5 

тестілік іс-шара өткізілді. Оларды 

Балуан  Шолақ  атындағы  спорт 

сарайындағы 

Қазақстанның 

шорт-трек  чемпио  натының  II 

кезеңі,  «Халық-Аренадағы»  ел 

Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

арналған  18  жасқа  дейінгі 

жасөспірімдердің 

шайбалы 


хоккейден 

республикалық 

чемпионаты, 

«Алматы-Аре-

надағы» Қазақстанның мәнерлеп 

сырғанаудан  ашық  чемпионаты, 

«Алатау»  шаңғы  және  биатлон 

стадионында 

Қазақстан 

кубогы  аясындағы  FIS  Race 

пен 

биатлоннан 



республика 

чемпионатын құрайды. 

Ұйымдастырушы 

комитет 


Халықаралық  студенттік  спорт 

федерациясының 

(FISU) 

ережелеріне сәйкес, 2016 жылдың 



29 қаңтарында, Универсиаданың 

басталуына  бір  жыл  қалғанда, 

ұлттық 

студенттік 



спорт 

федерацияларына  жарыстарға 

қатысуға  шақыру  қағаздарын 

жолдады.  Қазіргі  таңда  56 

мемлекет аккредитациядан өтті. 

Жарыс күндері «Almaty Towers» 

бизнес  кешенінде  Ойындарды 

басқару 


орталығы 

жұмыс 


істейтін  болады.  Осы  жерде 

Универсиаданы өткізу барысының 

тәуліктік 

онлайн-мониторингі 

жүзеге асырылады. Аталған жүйе 

Халықаралық  студенттік  спорт 

федерациясының  ұсыныстарына 

сәйкес  әзірленген.  Орталық  «С4 

тұжырымдамасы» (төрт ағылшын 

сөзінің 


аббревиатурасы: 

команда, бақылау,  коммуникация 

және  үйлестіру)  деп  аталатын 

Универсиаданың 

заманауи 

тұжырымдамалық 

идеясын 

заманауи 

тұжырымдамалық 

идеясын 


қолданумен 

ұйымдастырылады. 



«Егемен-ақпарат»

Универсиада  жарыстары  спорттың  12  түрі  бойынша  өтеді.  Олардың 

арасында  тау  шаңғысы,  биатлон,  шаңғы  жарысы,  шаңғы  қоссайысы, 

шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, 

шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер 

арасында) және кёрлинг ойындары бар. 

2

Жаңарған  

  ө  ң  і  р

    14 қаңтар

    2017 жыл

  Есеп

Елбасы 


ұсынған 



институционалдық 

реформаны орнықты орындау үшін әзірленген Ұлт 

жоспары - 



«100 нақты қадам» - дағдарыстан шығуға 

бағытталған бағдарлама, «Мәңгілік ел» идеясының 

алтын арқауы.

 

«100  нақты  қадам» еліміздің  мемлекеттілігін 

нығайтуға,  күрделі  кезеңнен  сенімді  өтуге  жағдай 

туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.

Елімізде 

Мемлекет 

басшысының 

кемеңгер 

саясатының 

арқасында 

жүзеге 

асырылып 



жатқан  мемлекеттік  реформалардың  және  аймақ 

басшысының қолдауымен ауданымыздың әлеуметтік-

экономикалық  маңызды мәселелері кезең-кезеңімен 

шешіліп,  халықтың  әлеуметтік  ахуалын  жақсартуда 

ауқымды жұмыстар атқарылды.

2016 жыл біздің ауданымыз үшін де табысты жыл 

болды.

Бұл  біріншіден,  өңірімізді  дамытуға  аянбай  еңбек 



етіп,  өз  шағын  отанын  гүлдендіруге  барын  салып 

жүрген  аудан  тұрғындарының  қосқан  зор  үлесінің 

және  әрбір  саланың  тынымды  тірлігінің  арқасында 

қол жеткізген жетістіктеріміз.

Осы 

орайда, 


аудан 

экономикасының 

әр 

саласында  жүзеге  асырылып  жатқан  жұмыстарға 



назарларыңызды аударғым келеді.

Ауыл шаруашылығы саласы:

Ауданда  ауыл    шаруашылығы  саласында  күні 

бүгінге 472 шаруа қожалығы, 5 жауапкерлігі шектеулі 

серіктестігі  және  3  ауыл  шаруашылық  өндірістік 

кооперативі тіркелген.  

Барлық  ауыл  шаруашылық  жер  көлемі  -    1,4  млн. 

гектар.

2017  жылдың  1  қаңтарында    ауданда    48600  бас  



ірі    қара    (аналығы    25531  бас),  166473  бас  қой 

мен ешкі (аналығы 117194 бас),  18855 бас  жылқы 

(аналығы 9234 бас),  871 бас түйе (аналығы 427 бас)  

өсірілуде.  

Былтырғы  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 

мал  басының  өсімі  ірі    қарада  –  104,2  пайызға 

(аналығы – 114,8 пайызға),  қой, ешкі – 98,4 пайызға 

(аналығы – 100,1 пайызға),    жылқы – 116,6 пайызға 

(аналығы  –  123,2  пайызға),    түйе  –  95,1  пайызға 

(аналығы – 96,1 пайызға)  орындалып отыр. 

Ауданда  асылтұқымды  еділбай  қойын  өсірумен 

3  шаруашылық,  көшім  жылқысын  өсірумен  3 

шаруашылық, асылтұқымды ірі қара малын  өсірумен 

14  шаруашылық  айналысады.  Соның  ішінде: 

қазақтың  ақбас  тұқымды  малдарын  өсіретін  12 

шаруашылық, герефорд,  ангус малдарын өсіретін 1 

шаруашылық, сүтті бағыттағы қырдың қызыл сиырын 

өсіретін 1 шаруашылық  бар.

Өткен жылы аудан  тауар  өндірушілері асылтұқымды 

мал  шаруашылығын  дамытуға  мал  шаруашылығы 

өнімділігін және өнім сапасын арттыруға  353,6 млн. 

теңгеге  және  агроөнеркәсіптік  кешен  субъектісі 

инвестициялық  салынымдар  кезінде  жұмсаған 

шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша  

субсидиялау  бағытында  114,0  млн  теңге  барлығы  

467,6  млн. теңге  субсидия алды.

 Ағымдағы  жылы аудан бойынша несиелік ұйымдар 

арқылы 628,71 млн. теңге несие алды.

2016 

жылы 


аудан 

тауар 


өндірушілері 

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  арқылы  лизингке  және  өз 

қаражаттарына    50    дана    ауыл  шаруашылық  

техникаларын жаңалады.

Аудан тауар  өндірушілері малдарын асылдандыру 

үшін  2016  жылы  отандық  асылтұқымды  485  бас  ірі 

қара,  170  бас  қой,  25  бас  жылқы  малдарын  сатып 

алды.  


2016-2017 жылдары аудан бойынша қыстақты өткізу 

үшін 177,3 мың тонна мал азығы дайындалды.

Аудан бойынша 2016 жылы көлдіктерге шығарылған 

су көлемі 72,4 млн. текше метр, су 20,7 мың гектар 

көлтабандарға жіберілді. 

Шағын және орта кәсіпкерлік 

саласы:

Ауданда  2017  жылдың  1  қаңтарына  1  106  шағын 

кәсіпкерлік субъекті тіркеліп отыр. Оның 79-і заңды 

және 1027-і жеке тұлғалар. 

Өткен  жылмен  салыстырғанда  кәсіпкерлікпен 

айналысатындардың саны 103,6 пайызға өсті. 

2016  жылы  аудандық  бюджетке  58,1  млн.  теңге 

салық түсімі түсті. 



Құрылыс саласы: 

2016  жылы  ауданымызда  құрылыс  саласында 

бірқатар жұмыстар атқарылды. 

Жаңа  жобалар  жасақталып,  құрылысы  алдағы 

жылдарға 

жоспарланса, 

бірқатар 

құрылыс 


жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталып, пайдалануға 

берілді.


Олардың  қатарында  тұрғын  үй  құрылысы, 

инженерлік желілер құрылысы бар. 

Салынған  құрылыстардың  барлығының  негізгі 

бір  мақсаты,  ол  -  халықтың  әлеуметтік  жағдайын 

арттыруға бағытталған. 

2016  жылы  ауданның  құрылыс  саласын  дамытуға 

бюджеттен 335 944 мың теңге бөлінді. Оның ішінде: 

инженерлік  инфрақұрылымды  дамытуға  174 706 

мың  теңге,  тұрғын  үй  құрылысын  салуға  110 352 

мың  теңге,  елді  мекендерді  ауызсумен  жабдықтау 

бағдарламасы бойынша 41 766 мың теңге, Жаңақала 

ауылының бас жоспарын дамытуға 9 120 мың теңге 

бөлінді.

Жаңақала ауылындағы тұрғын үйлерге жалпы құны 

– 117 150,67 мың теңгеге сыртқы инженерлік желілер 

(сумен  жабдықтау)  ұзындығы  -32,7  км.  болатын  су 

құбырының  құрылысы  жүргізілді.  129 

құдық  орнатылып,  57  гидранттары 

қойылды. 384 тұрғын үйлерге дейін су 

құбыры жеткізілді. 

Бірлік  ауылында  80  жер  телімінің 

инженерлік  инфрақұрылымын  тарту 

құрылысы  аяқталды.  4,4  км.  электр 

желісі,  3,8  км.  газ  құбыры  80  жер 

теліміне тартылды. 

Жаңақала 

ауылындағы 

19 


коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы 

аяқталып, пайдалануға берілді. 

2016 

жылы 


аудан 

бойынша 


пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 

7160  шаршы  метр.  2015  жылдың 

көрсеткішімен  салыстырғанда  122 

пайызға артып отыр.   

Сонымен 

қатар, 


Жаңақала 

ауылындағы 

қабатты 


тұрғын 

үйлер  құрылысының  ЖСҚ  жасақтау 

жұмыстары жүргізілді. 

Ауданның  ең  бір  өзекті  мәселесі 

–  ауызсу  мәселесі  болып  отыр.  Оған 

себеп  -  соңғы  кездердегі  өзендерге 

келетін  судың  тапшылығы,  тұтынып 

отырған судың санитарлық нормаларға 

сай келмеуі. Бұл мәселе халықпен кездесулерде жиі 

көтеріліп жүр. Бөкей ордасы ауданымен шекаралас 

тұстағы Құлшық құмда жер асты тұщы су көзі бары 

белгілі.  Осыған  байланысты  ауданның  оңтүстік 

елді  мекендеріне  топтық  су  құбыры  желісін  тарту 

жұмыстарына  келісім  шарт  құны  –  58 490,46  мың 

теңге  құрайтын  Жаңақала  топтық  су  құбырының 

ЖСҚ  жасақтау  жұмыстары  аяқталып,  сараптамада 

қаралуда.    Жоба  аясында  8  елді  мекен,  аудан 

халқының  70  пайызы  ауызсумен  қамтылады.  Су 

құбырының ұзындығы – 151 км. Құрылыс жұмыстары 

2017-2018 жылдарға жоспарланған.

Пятимар  ауылындағы  су  құбырын  қайта  құру 

жұмысы.  Келісім  шарт  құны  –  333 837,576  мың 

теңге. 2016 жылға 10,0 млн теңге бөлінді. Қаржысы 

толығымен игерілді. Су құбырының ұзындығы 14,58 

км. Жобада І,ІІ көтерілімдерді реконструкциялаудан 

өткізу  қарастырылған.  2017  жылға  республикалық 

бюджеттен  60  млн.,  жергілікті  бюджеттен  59  млн. 

теңге бөлініп отыр. Құрылысы 2017 жылдың мамыр 

айында жалғасын табатын болады. 

Сондай-ақ,  Жаңақазан,  Жаңажол,  Сарыкөл 

ауылдарын сумен жабдықтау үшін ЖСҚ жасақтауға 

жергілікті  бюджеттен  3,0  млн.  теңге  бөлініп, 

жұмыстары жүргізілуде. 

Жаңақала  ауылының  бас  жоспарын  түзетуден 

өткізіп, нақты жайғастыру жобасын жасақтау. Келісім 

шарт құны – 25 760 мың теңге. 2016 жылы бөлінген 

қаржы  –  9120  мың  теңге.  Топотүсірілім  жұмыстары 

орындалды.  Жасақтау  жұмыстары  жүргізілуде. 

Нақты  жайғастыру  жобасына  390  га  жер  телімі 

бөлініп отыр. 2017 жылға 21 279 мың теңге жергілікті 

бюджет есебінен бөлінді. Жасақтау жұмыстарының 

аяқталу мерзімі 2017 жылдың қараша айы.

2016  жыл  ішінде  Жуалыой,  Мұқыр,  Сарыкөл, 

Жангелді    елді  мекендерінде    газбен  жабдықтау  

құрылысы 

жобасы 


жасақталып, 

мемлекеттік 

сараптамадан өткізілді. Жобаны іске асыруға қажетті 

қаражат  240 537  мың  теңге.  2017  жылға  облыстық 

бюджеттен 64 млн теңге қаражат қаралып отыр.

Жол жөнінде:

KL-9  “Чапаев-Жаңақала-Сайхын»  автожолының 

89,5-94  шақырым  аралығына  күрделі  жөндеу 

жұмыстары  жүргізіліп,  қатқыл  табанды  жолға 

айналдырылды.  Мердігері  ЖШС  «Асфа»,  қаралған 

қаражат 875 млн. теңге. Күрделі жөндеу жұмыстары 

аяқталып, қолданысқа берілді.

KL-9  “Чапаев-Жаңақала-Сайхын»  автожолының 

76-51 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары 

жүргізіліп,  қатқыл  табанды  жолға  айналдырылуда. 

Мердігер  «Uniserv»  ЖШС-гі.  Қаралған  қаражат  579 

млн. теңге.  

Ағымдағы  жылы  жөндеу  жұмыстары 

51-36 шақырымға жүргізіледі.  



Білім саласы:

Ауданда  22  жалпы  білім  беретін  мектеп,  7 

балабақша  және  19  шағын  орталық,  3  мектептен 

тыс мекеме бар. 

Аудандағы 3821 оқушының 685-і оқу озаты, 1129-ы 

оқу екпіндісі болып, білім сапасы 53,2 пайызды, оқу 

үлгерімі  100% құрады. 

11-сыныпты бітіруші саны – 246. ҰБТ-ға қатысқаны 

– 171 (69,50%). Аудан бойынша орташа жинақ балл 

– 77,13. 

«Алтын  белгі»  белгісіне  ұсынылған  оқушы  саны 

– 12, соның ішінде өз бағаларын қорғағаны – 3.

Ауданның  барлық  білім  беру  ұйымдарында  920 

педагог қызмет атқарады. 

Білім  беру  ұйымдарының  жағдайын  сапалы 

деңгейге  жеткізу  мақсатында  Жаңақала  ауылдық 



Жаңақала ауданының әкімі Хайретдинов Лавр 

Рашидұлының «Ауданның 2016 жылғы 

Өткен мешін жылы еліміз үшін мерекелі де 

берекелі, табысты жыл болды. Азат еліміз  

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік 

алғанына 25 жыл толған мерейтойын атап 

өтті. Бұл - мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең 

басты әрі құнды мереке.

Тәуелсіздік жылдарындағы Мемлекет 

басшысының елді дамытудағы стратегиялық 

бағдарламалары тиімді әрі нәтижелі жүзеге 

асуда.

Қазіргі таңда әлемде орын алған қаржылық 

дағдарыстың әсері біздің елімізді де айналып 

өтпесі анық. Бірақ біз бір нәрсені жақсы 

түсінуіміз керек, бұл дағдарыс тек біздің 

елімізде ғана емес, төрткіл дүниені түгел 

шарпыды.

Ал, біздің елімізде дағдарысқа қарамастан 

әлеуметтік төлемдер мен жалақыны көбейту, 

жаңа мемлекеттік бағдарламалар мен 

инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру 

секілді маңызды бастамалар тиімді жүзеге 

асырылуда.

3

Жаңарған  

  ө  ң  і  р

  Есеп

    14 қаңтар

    2017 жыл

экономикалық-әлеуметтік даму барысы және алда 

тұрған міндеттер туралы» есебінің мәтіні

округіндегі  160  орындық  балабақша  ғимаратына 

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағдарламасы  бойынша 

98,7  млн.  теңгеге  күрделі  жөндеу  жұмыстары 

жүргізіліп  жатса,  147,6  млн.  теңгеге  Е.Орақбаев 

атындағы  жалпы  білім  беретін  орта  мектебіне 

күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Пятимар, М.Жүнісов атындағы жалпы білім беретін 

орта  мектептеріне  бала  тасымалының  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етуде  УАЗ  автокөліктері  алынып 

берілді.

2016 жылы “Балбөбек” балабақша жанынан бөлек 

ғимаратта  50  орындық  екі  топ  ашылса,  №3  қазақ 

мектеп  базасында  25  бала  қамтитын  мектепке 

дейінгі шағын топ ашылды. 

Аудандағы 3 мектептен тыс мекемеге 1210 оқушы 

тартылды, қамту пайызы - 31,6.

Балалар 


мен 

жастардың 

арасындағы 

ғылыми-техникалық 

шығармашылығын 

және 


робототехниканы дамыту үшін 7 мектепке 17,6 млн. 

теңгеге роботтары алынып, «Bilim Media» порталына 

қосылды.

«Күнделік.  kz»  электронды  жүйесіне  7  мектеп 

тіркелді.

Денсаулық сақтау саласы:

Ауданымызда  28  дәрігер,  144  орта  буынды 

медицина қызметкерлері қызмет атқаруда.

2015 жылы 468 сәби дүниеге келсе, ал 2016 жылы 

497  сәби  дүниеге  келіп,  өсім  2,8  пайызды  құрап 

отыр.  


2015  жылы  жалпы  табиғи  өсім  332,    13,7  адамды 

құраса, 2016 жылғы көрсеткіш 335, 13,8.

2016 жылы «Ауданаралық сауықтыру ауруханасы» 

оңалту орталығынан 1605 адам ем алып шықты.



Жұмыспен қамту және әлеуметтік 

бағдарламалар саласы:

2016  жылы  ақылы  қоғамдық  жұмыстарға  452 

нысаналы топқа жататын адамдар тартылып, оларға 

31  млн.  522  мың  теңге  қаражат  бөлінді,  кәсіби  оқу 

мен  мамандыққа  қайта  даярлауға  3  млн.  10  мың 

теңге бөлініп, 14 адам оқуға жолданды.

2016  жылы  әлеуметтік  жұмыс  орындары  арқылы 

шаруа  қожалықтары  мен  жеке  кәсіпкерлерге  104 

адам жіберіліп, оларға 10 млн. 81 мың теңге төленді, 

жаңадан  ашылған  жұмыс  орындарына  440  адам 

жұмысқа жолданды. 

Аудан  бойынша  2016  жылы  мемлекеттік  атаулы 

әлеуметтік  көмек  алатын  аз  қамтылған  отбасылар 

саны 26, 126 адамға 7180,2 мың теңге төленді. 2016 

жылы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 1005 

отбасындағы 2476 балаға 52300,8 мың теңге төленді. 

Аудан  бойынша  "Өрлеу"  пилоттық  жобасына  19 

отбасы қатысып, 5500,0 мың теңге игерілді.

2016 жылы үйден оқытылып тәрбиеленетін мүгедек 

балалар жәрдемақысы 29 балаға 1578,0 мың теңге 

төленді,  242  отбасындағы  574  адамға  6013,0  мың 

теңге  көлемінде  тұрғын  үй  көмегі  берілді.  Өткен 

жылы аудан әкімдігінің шешімімен 1613 адамға 4742 

мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді.  

Ауданда 735 мүгедек есепте тұрады. Мүгедектерді 

оңалтудың  жеке  бағдарламасына  сәйкес  қозғалуы 

қиын  І  топтағы  56  мүгедекке  56  жеке  көмекші 

тағайындалды. 

«Жұмыспен қамту - 2020. Жол картасы»  бойынша 

жұмыспен  қамту  орталығына  1148  адам  жолығып, 

бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді. 

Бағдарламаның  1-бағыты  бойынша  10  жобада 

(жоспар  11  жоба,  1  жобаның  қаражаты    кері 

қайтарылды)  жөндеу  жұмыстары  басталып,  осы 

жобаларда  116  жұмыс  орны  ашылып  (жоспар 

126  жұмыс  орны),  ашылған  жұмыс  орындарына 

жұмыспен  қамту  орталықтары  арқылы  72  адам 

(жоспар 68 адам) жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның 2-бағыты  - «Ауылда кәсіпкерлікті 

дамыту  арқылы  жұмыс  орындарын  құру  және 

тірек  ауылдарды  дамыту»  бағыты  бойынша  5 

жылда барлығы 655,8 млн. теңге бөлініп, 331 аудан 

тұрғындары несие алды. 

Соның  ішінде  1  желтоқсанына  22  адам  66,0  млн. 

теңге несие алды (жоспар 20 адам 60,0 млн. теңге). 

Соның  ішінде  6  адам  әр  түрлі  қызмет  көрсету 

салаларына  (наубайхана,  жиhаз  жасау  цехы, 

шаштараз,  жарнама  агенттігі,  құс  өсіруге)  16,0 

млн.  теңге  алып,  халыққа  қызмет  көрсетуде,  16 

аудан тұрғындары малдануға 50,0 млн. теңге несие 

алып,130  бас  ірі  қара,150  бас  қой,  82  бас  жылқы 

сатып алып, мал басын өсірумен жұмыстануда. 

Бүгінгі  күннің  ең  күрделі  мәселесі  -  2012  жылғы  

бағдарламаның  2-бағыты  -  «Ауылда  кәсіпкерлікті 

дамытуға  жәрдемдесу»  бағыты  бойынша  берілген 

382,8  млн.  теңге  несиенің  қайтарылымы  олардың 

ішінен  күні  бүгін  50  несие  серіктестігі  217 060  872 

теңге берешек болып отыр. 

Бағдарламаның  3-бағыты:  1)  әлеуметтік  жұмыс 

орындарын құру.

2016  жылға    әлеуметтік  жұмыс  орнына 

республикалық  бюджеттен  3081000  теңге  бөлініп, 

28  адам,  жергілікті  бюджеттен  7  млн.  теңге  бөлініп 

76  адам  жолданды.  Әлеуметтік  жұмыс  орнымен 

47  жұмыс  берушіге  104  адам  жолданып,  бөлінген 

қаражат толығымен игерілді, оның ішінде 7 мүгедек 

(Жаңақазан,  Пятимар,  Жаңақала  ауылдық  округ 

тұрғындары) жолданды.

2) жастар практикасын ұйымдастыру.

2016  жылға    жастар  тәжірибесіне  7329,0  мың 

теңгеге  32  адамды  жолдау  жоспарланып,  35  адам 

жолданып,  бөлінген  қаражат  толығымен  игеріліп, 

жастар  тәжірибесін  аяқтағандар  ішінен  19  адам 

тұрақты жұмысқа орналасты. 




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал