Тәуелсіздік бізге тұрақты экономикалық дамыған қоғам құру жолында кездескен барлық кедергілерді күшті стратегия мен мақсатты әрекеттер арқылы жеңуге мүмкіндік берді




бет1/10
Дата09.09.2017
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тәуелсіздік  бізге  тұрақты  экономикалық  дамыған  қоғам  құру  жолында                            

кездескен барлық кедергілерді күшті стратегия мен мақсатты әрекеттер арқылы 

жеңуге мүмкіндік берді.

 №45 (1333) 9 қараша

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



15 қараша - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні. Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Жарлығымен 1993 жылы айналымға енген төл теңгеміз халқымыздың тағылымды 

тарихынан, бүгіні мен болашағынан сыр шертеді. Егемендігіміздің тірегі болып табылатын 

теңгеміз - ұлттық табыстың кепілі.  Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында табысыңыз 

молайсын, құрметті оқырман! 

 

8-9 беттер.

Елдік бастамалардың 

тұтқасы


 

„

11 қараша күні «Нұр 



Отан» партиясы Тараз 

қалалық филиалының кезекті  

ХVIII есеп беру-сайлау 

конференциясы өтеді. 

 

5-бет.

 

7-бет.

Ер жігіт ел үшін туады, 

ел үшін өледі

 

„

Осыдан бес жыл бұрын 



тараздықтарды дүрбелеңге 

салған терактіде кеудесін 

оққа тосқан Ғазиз 

Байтасовтың ерлігі ешқашан 

ұмытылмайды. 

ҰлТТық Табыс кепілі

 

6-бет.

Әнуарбек ӘЙМЕН, 

Тараз қаласының Құрметті азаматы.



Қала-ҚаРБалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1333), 9 қараша  2016 Жыл  //



 

„

«Әулие-ата» әуежайы заманауи қондырғылармен жасақталды.



Әуежайдың әлеуеті жоғары

Секундына 35 метрге дейін соққан 

күшті  жел  шаһардың  тіршілігін 

тұралатып тастады. Желге шыдас бер-

мей құлаған ағаштар электр бағаналары 

мен  газ  құбырларын  да  зақымдаған 

болатын. Салдарынан қалада 53 мыңға 

жуық  абонент  жарықсыз  қалса,  бір 

жарым мың отбасы көгілдір отынсыз 

отыруға  мәжбүр  болды.  Төтенше 

жағдай  орын  алысымен,  электр 

желілерін  қалпына  келтіру  үшін 

42  бригада  мен  38  арнайы  техника 

жұмылдырылды.  

Табиғат  құбылысының  тосын 

мінезінен облыс бойынша 67 білім, 7 

денсаулық сақтау, 1 спорт, 2 әлеуметтік 

оңалту  мекемесінің  шатыры  ұшты. 

Сондай-ақ  орталықтағы  «Атшабар» 

шағын ауданындағы үйлердің бірінің 

төбесі  құлауының  соңы  қайғылы 

жағдаймен аяқтала жаздады. Себебі жел 

көтерген шатыр ғимарат қабырғасын 

тесіп өтіп, бөлме ішіне бір-ақ кірген.

Жылу  мен  суға  жауапты  маман-

дар  жатпай-тұрмай  жанталасуының 

арқасында  барлығы  ақырындап 

қалпына  келтірілу  үстінде.  Сондай-

ақ  біраз  жолаушы  жолынан  қалуға 

мәжбүр болды. Өйткені желден темір 

жол  желілеріне  де  зақым  келіп,  бес 

жолаушы пойызы жолда тұрып қалған. 

Автокөліктердің    үстіне  құлаған 

ағаштар  адамдардың  өміріне  қауіп 

төндірген.  Облыстық  төтенше 

жағдайлар  департаменті  өкілдерінің 

айтуынша,  адам шығыны жоқ, бірақ 

жарақат  алған  35  адам  ауруханаға 

түскен. Электр сымдарының жаппай 

үзілуінен  әр  жерлерде  өрт  шығып, 

өрт сөндірушілер тілсіз жауды өшіріп, 

әлекке түскен. Олар  жалынды өршітпей 

дер кезінде ауыздықтаған.

Үш апта бұрын қалың жауған қардан 

енді есін жия бастаған қала үшін дүлей 

дауыл жығылғанға жұдырық болды. 

Әзірге табиғи апаттан келген шығын 

көлемі  белгісіз.  Дегенмен  дауылдан 

қатты  зардап  шеккен  орталықтағы 

М.Х.Дулати  атындағы  ТарМУ-дің  5 

ғимаратының шығын көлемі 125 млн. 

теңгені құрап отырған көрінеді. Оқу 

ордасына  келіп,  орын  алған  апатты 

жағдаймен  танысқан  аймақ  басшы-

сы  Кәрім  Көкірекбаев    тұрғындарға 

су,  жылу  және  көгілдір  отын  толық 

берілгенін мәлімдеді. 

-  Екпіні  қатты  желдің  әсерінен 

қаладағы  ғимараттардың  шатырла-

ры  жұлынып  түсті.  Оның  ішінде  ең 

қатты зардап шегіп отырғаны ТарМУ 

болып  отыр.  Сондай-ақ  облыстық 

перинаталдық орталықтың да шатыры 

ұшып кетті. Салдарынан облыс бой-

ынша  төтенше  жағдай  жарияланды. 

Арнайы    комиссия  құрылды.  Сол 

комиссия жұмысын бастап, тиісті шара-

ларды атқарып жатыр. Төтенше жағдай 

бойынша  өзімізде  жеткілікті  қаржы 

Сейділдә ТӨРЕН

Табиғи  монополияларды  реттеу  және  бәсекелестікті  қорғау 

комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті халықаралық 

«Әулие-Ата» әуежайының жұмысымен танысу мақсатында баспасөз 

турын ұйымдастырды. Халықаралық әуежай басшылығы төрағасының 

орынбасары Анатолий Нестеренко әуежайға кіру алаңында жолау-

шыларды тіркеу орны мен шағын дүкендер желісі орналасқанын 

айтты. Сондай-ақ мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың екінші 

қабатқа еркін көтеріліп-түсуі үшін арнайы лифті де жұмыс жасай-

ды. Ал әуе рейсін күту залында жолаушылар үшін барлық жағдай 

жасалынған. Мұнда бір сәтте 200-ден аса жолаушы өз кезегін еркін 

күте алады. Ол жерде сондай-ақ жолаушылардың жүгін тексеретін 

заманауи америкалық қондырғы орнатылыпты. Бір айта кететіні, 

шетелден келген азаматтарға өз кезегін күту үшін халықаралық зал 

қарастырылған. Әуежайда халықаралық бағытқа ұшатын жолаушылар 

бөлек тіркеуден өтеді екен. Ол үшін арнайы орын белгіленген. Ұшып 

келген жолаушылар мұнда міндетті түрде қатаң тексерістен өтеді. 

Және жолаушылардың еркін жүріп-тұрулары үшін VIP-зал да бар.

«SCAT» авиакомпаниясы - 2011 жылдан   «Әулие-Ата» халықаралық 

әуежайының толықтай  акционері. Ал 2013 жылдан бері ұшу-қону 

алаңы мемлекеттің меншігіне өткен.  Сондай-ақ осы жылдан бастап 

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде әуежайдың даму 

бағдарламасы бекітіліп, жүзеге асуда. Әуежайдың жүк тасымалдау 

әлеуетін арттыру мақсатында кешенді шараларды іске асыру жоспар-

ланып қойыпты. Жоспар іске асқан жағдайда қосымша 150 жұмыс 

орны ашылады. Қазіргі таңда мұнда 210 адам еңбек етсе, 2013 жылдан 

бері жұмысшылардың саны 50 адамға артқан. Ұшу-қону алаңын қайта 

жарақтандыру мақсатында 2013 жылы 30 млн. доллар қаржы бөлініп, 

толық игерілген. Нәтижесінде ұшу-қону алаңының ұзындығы 3 500 

метр, ені 60 метрді құрап, бұл тұрғыда еліміздегі бірегей әуежайлардың 

қатарына енген. 

- Әуежайдан ішкі рейстер бойынша Астана қаласына «SCAT» ави-

акомпаниясы арқылы аптасына 4 рет, «Air Astana» авиакомпаниясы 

арқылы 3 рет қатынайды. Ал халықаралық бағыт бойынша  «SCAT» 

авиакомпаниясымен Мәскеуге аптасына 2 рет, Худжандқа 2 рет, 

Сургутқа 1 рет ұшады. Сондай-ақ ішкі рейстер бойынша Ақтау, Аты-

рау, Алматы қалаларына, сыртқы рейс бойынша Санкт-Петербург, 

Нижневартовск, Тюмень, Стамбул, Үрімші және Дубай қалаларына 

бағыт ашу жоспарлануда. Біздегі бағалар тұрақты. Мәселен, тариф-

тер соңғы рет 2011 жылы көтерілген болса, кейбір қызметтер 15 

жыл бойына бірқалыпты бағаны ұстап тұр. Бұл - біздегі жолаушы-

ЖҰмыла көТерген Жүк Жеңіл

 

„

Дүлей дауылдан кейін қала жұрты жаппай сенбілікке шығып, тазалық ісіне кірісті. 

Әп-сәтте әбігерге салды.

   



суреттерді түсірген авторлар.

бар.  Жалпы,  қазір  облыс  бойынша 

жағдай тұрақты. Құрылысшылардың 

бастарын қосып, құлаған талдар мен 

шатырлар жиналып жатыр, - деді Кәрім 

Нәсбекұлы.

Табиғаттың  тосын  мінезі  биыл 

әулиеаталықтарды  әбден  әбігерге 

салды.  Алапат  дауылдан  діңі 

қайысқан қарағаштар 13 автокөлікке 

құлаған.  Бағаналар  мен  билборд-

тарды  жайпап  өтті.  Салдарынан  36 

адам дене жарақатын алды. Оның 3-і 

дәрігерлердің бақылауында, ал қалған 

33-іне  алғашқы  көмек  көрсетіліп, 

үйлеріне  қайтарылған.  Бұған  қоса, 

20-дан  астам  мейрамхана,  сауда  үйі 

мен  денсаулық  сақтау  нысандары, 

көп  қабатты  тұрғын  үйлердің  ша-

тыры  зақымданған.  Зардап  шеккен 

ғимараттардың қатарында балабақша 

мен  мектептер,  денсаулық  сақтау 

нысандары да бар. Сынған бағаналар 

мен  ағаштардың  салдарынан  кейбір 

көшелерде әлі де жарық жоқ. Тек қана 

электр жарығы емес, жылу, ауыз су, газ 

жүйелері  де  істен  шықты.  Дегенмен  

қалалықтар  жүкті  жұмыла  көтеріп 

жеңілдетті. Жолдар ашылып, қаланы 

қайта қалпына келтіруге мемлекеттік 

қызметкерлер  де,  қарапайым  халық 

та  атсалысуда.  Дәл  сол  күні  Тараз 

қаласы әкімінің аппараты мен облыстық 

Кәсіпкерлер палатасының мамандары 

«Атшабар» маңайы мен «Махаббат ал-

леясын» тазалады. Онда жүздеген ағаш 

бұтақтары мен электр бағанасы қираған 

еді. Сын сағатта аллеяға жұмысшыларды 

Кәсіпкерлер  палатасының  басшысы 

Қарлығаш Аралбекова өзі бастап келді. 

Әкімшіліктің  мамандары  да  білек 

сыбана  іске  кірісіп,  бөренелер  мен 

бұтақтарды  «КамАЗ»  жүк  көлігіне 

артты. Бұдан бөлек, облыс басшысы 

Кәрім Көкірекбаевтың бастамасымен 

өңірде төтенше жағдай жарияланып, 

нақты  уақытта  Таразда  «Жасыл  Ел-

Тараз» ЖШС-нен 3 бригада, төтенше 

жағдайлар бөлімінен 3 бригада, «ЖЭС-

20» 20, «ҚазТрансАймақ» АҚ-нан 10 

жұмыс тобы мен  жергілікті полиция 

қызметкерлерінен құралған 36 экипаж 

жұмыс атқаруда.

Желден  кейін  қалада  жаппай 

сенбілік  ұйымдастырылды.  Оған  78 

арнайы техника жұмылдырылып, 490 

тонна күл-қоқыс шығарылды. Тазалық 

шарасы  алдын  ала  облыстық  және 

қалалық мекемелерге, кәсіпорындарға, 

басқармаларға, кәсіпкерлер мен жеке 

бизнес  өкілдеріне  хабарланды.  Де-

генмен    360  мыңнан  астам  тұрғыны 

бар  шаһардың  тағдырына  алаңдап, 

тазалық  үшін  тер  төгіп,  белсенділік 

танытқандар 6550-ақ адам. Қаланың 11 

аумақтық округі бойынша атап айтсақ, 

«ЗТМО»  зейнетақы  төлеу  орталығы 

Жамбыл  облыстық  филиалы,  «Жам-

былгипс», «Жамбылснаб», «Энерджи 

Тараз»  ЖШС-лері,  орталық  базар, 

«РЭЧ»  мекемесі,  «Бином»  ЖШС,  

«Запчасть»  АҚ,  орталық  стадион, 

драма театр, «Тараз оптика», «БЕК», 

«Арзан»  базарлары,  №2  автопарк,  

онкологиялық зертхана, «Тамақ», «Фа-

кел»  ЖШС,  көмір  қоймасы,  «Тараз-

ғасыр» мамандандырылған колледжі 

(жиналған қоқыстарды шығармаған), 

«Гелиос»  АЗС,  «Сәлем»  сауда  үйі, 

«Сұлтан»  базары,  «Асыл»,  «Талас» 

моншалары,    қалалық  қорғаныс 

істері  жөніндегі  басқарма  (Қонаев 

көшесіндегі  қоқысты  шығармаған), 

қалалық кірістер басқармасы (Қойгелді 

көшесі),  темір  жол  ауруханасы,  

«Путь»,  «Светлана»  ПИК,  «Самал» 

ПИК,  №63563 әскери бөлімі, Химия-

технологиялық  колледжі,  СПМ-306, 

«Астық  өнімдері»  АҚ,  «Турксиб» 

мейрамханасы,  ПЧ-51, ЭЧ-2, ШЧ-36,  

«Курбанов»  ЖК,  «Кегок»  оңтүстік 

подстансасы  және  «Тараз-құбыр» за-

уыты сенбілікке мүлдем қатыспаған. 

Қа лай  дегенмен  о сы  ат а лған 

мекемелердің барлығы бірдей облыс 

орталығында  орналасқандықтан, 

шаһардың  тазалығына да, тағдырына 

да  жауапкершілікпен  қараулары 

қажет-ақ.  Себебі  әрқайсымыз  қала 

ағзасының өмірлік маңызы бар белді 

мүшесіміз. Сол ағзаның бір қол, бір 

аяғы сын сағатта тіршілікке араласпа-

са, шаһардың өмірі де ақсайтыны анық. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ, 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ.

лар үшін жасалынып жатқан жағдайлардың бірі, - дейді Анатолий                                

Нестеренко. Сондай-ақ ол «Қазпоштамен» және Ресейдің пошта 

қызметімен бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан жетекші «Amazon», 

«Alibaba» секілді интернет-дүкендерімен әріптестік негізде ТМД 

аумағында зат тасымалдайтын әуе рейсін ашу жоспарда екенін тілге 

тиек етіп, Тараз қаласын халықаралық пошта желісіне қосуды мақсат 

етіп отырғандықтарын жеткізді.    

Барлығы талапқа сай.

   



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1333), 9 қараша  2016 Жыл  //

Қала-ҚаРБалас

3

ОТанДық 

өнімге 

ЖеңілДік бар

Тұрғындарға төмен баға.   суреттерді түсірген а.қартабай.



 

„

қаладағы күрделі жөндеу 



жұмыстары жүріп жатқан білім беру 

нысандарындағы құрылыстың дені 

аяқталуға таяу.  

бақылау сапаны 

арттырады

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

«Нұр Отан» партиясы облыстық және Тараз қалалық 

филиалдары  Партиялық  бақылау  комиссиясының 

мүшелері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 

білім беру нысандарын аралап шықты. Мемлекеттік 

бюджеттен  бөлінген  қаражаттың  тиімді  жұмсалуын 

бақылау,  құрылыстың  сапасын  қадағалауды  назарға 

алған  комиссия  мүшелері  әуелі  №24  мектепке  бас 

сұқты. Бүгінде мектеп құрылысының негізгі жұмыстары 

түгесіліп, жұмыс 90 пайызға аяқталған. Онда 100-ден 

астам құрылысшы еңбек етуде. Маусым айының аяғында 

басталған құрылыс желтоқсан айында толық бітуі тиіс 

болғанымен, құрылысты жүргізуші мердігер компания 

«ТаразҚұрылысИнвест»  ЖШС-нің  учаске  басшысы 

Бейсенбек  Қаңтаров  осы  айдың  орта  белінде  толық 

аяқтаймыз деп отыр. Мұнда негізінен  күрделі жөндеу 

жұмыстары  жүріп  жатыр.  Бұған  дейін  құрылыстың 

басында болған «Нұр Отан» партиясының облыстық 

филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, 

облыстық мәслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев 

бастаған топ мектепке жүргізіліп жатқан құрылыстың 

барысына көңілдері толмайтындығын айтып кеткен бо-

латын. Дегенмен құрылысшылар кеткен олқылықтардың 

орнын  толтырып,  құрылыс  қарқынын  жоғалтпастан 

бітіруге таяу. Сондай-ақ олар жобада көрсетілмесе де, 

өз қаржыларына сыртқы су жүйелерін жүргізіп беріп 

жатыр екен. Жалпы мұндағы құрылысқа 249 млн. теңге 

бөлінген болса, бүгінде оның 228 млн. теңгесі игеріліпті.  

 Мұнан кейін Партиялық бақылау комиссиясының 

мүшелері №32 мектепке барып, ондағы жағдаймен та-

нысты. Мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген 

мердігер «Шу-КСМК» ЖШС-і өздеріне тиісті жұмысты 

толық атқарып қойыпты.

- Жалпы мектепте бүгінгі күні 960 оқушы оқиды. 

Мектебімізге күрделі жөндеу жұмыстары 21 маусым-

да  басталған  болатын.  Бүгінде  ол  жұмыстар  толық 

аяқталды. Өткен  тоқсанда оқушыларымыз №9 мектептің 

қабырғасында оқыған еді. Мердігер компания жұмысын 

толық орындады. Қазіргі таңда ұсақ-түйек жұмыстарын 

атқару үстінде, - дейді мектеп директоры Қанат Иманов. 

Сондай-ақ  Партиялық  бақылау  комиссиясының 

мүшелері күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан 

№7 мектепте де болды. Ондағы жөндеу жұмыстарын 

«KazАльфаСтрой» ЖШС-і атқарып жатыр. Тамыз айында 

басталған жұмысқа 264 млн. теңге қарастырылыпты. 

Мұндағы құрылысшылар да жұмысты мерзімінен бұрын 

аяқтаймыз  деп  отыр.  Себебі  жоба  бойынша  қаңтар 

айының соңында бітуге тиіс құрылыс осы қарқынын 

жоғалтпаса,  келер  айдың  орта  шенінде  тәмамдалып 

қалатын көрінеді.



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Қаладағы Тәуке хан көшесіндегі және 

Жамбыл  даңғылындағы    «SMALL», 

«Арзан»,  «Себет»  сауда  желілерінде 

тұрмыс барысында тұтынатын отандық 

тауарлар  15-30  пайыз  арзан  бағамен 

халыққа үлестірілуде. Акция әлі бір ай 

бойы жалғасатын болады. 

-  Дүкен  ағымдағы  жылдың  шілде 

айында өз жұмысын бастаған болатын. 

Сол уақыттан бері әртүрлі жеңілдіктер 

жасалуда.  Енді  Тәуелсіздігіміздің  25 

жылдығына орай бір ай бойы отандық 

өнімдерді арзан сатылымға шығаратын 

боламыз. Тұрғындарымыз алғыстарын 

айтып  жатыр.  Ұн,  сүт,  макарон,  май 

өнімдері  тіпті  қолжетімді.  Келіп 

жатқан халықтың қарасы көп, - дейді 

Жамбыл  даңғылында  орналасқан 

«SMALL» дүкенінің меңгерушісі Мария                                                 

Келгенбаева.

Ал  игі  шараны  ұйымдастырушы 

қалалық  кәсіпкерлік  және  өнеркәсіп 

бөлімі мамандарының айтуынша, бұл 

жеңілдіктер 1 аймен шектеліп қалмайтын 

көрінеді.  «Мұндай шаралар ел өміріне 

маңызы  бар  мерекелер  қарсаңында 

да  дәстүрлі  түрде  ұйымдастырылып 

келеді. Тұрғындарға ең қажетті азық-

түлікке  25  пайыздық  жеңілдіктер 

қарастырылған. Тіпті кейбір дүкендерде 

бұдан да төмен бағада сатылуда. Дүкен 

басшыларының  келісімімен  акция 

жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін» - 

дейді қала әкімдігінің кәсіпкерлік және 

өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Гүлзира                                                                           

Тастамбекова.

А л   Жа м б ы л   д а ң ғ ы л ы   № 2 0 0 

мекенжайындағы  «SMALL»  сауда 

орталығында нақты уақытта «Снежинка» 

ұнының екі келісі 215 теңге, «Граниум» 

ұнының 5 келісі 589 теңге, «Маслозавод» 

сұйық майының 1 литрі 375 теңге, ал «Хо-

зяюшка» майы 339 теңге, майлылығы 3,2 

пайыздық «Любимое» айраны 168 теңге, 

«Президент» қаймағы 289 теңге, сүт 195 

пен 376 теңге аралығында, шай 509 теңге, 

«Сұлтан» спагеттиі (400гр) мен кеспелері 

(рожки) 129 теңге, шырындар 169-268 

теңге аралығында сатылуда. 



 

„

Тараз шаһарындағы ірі сауда орындарында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 



орай халыққа күнделікті қажет қазақстандық азық-түлік өнімдері 1 ай 

бойы өз бағасынан әлдеқайда арзан бағада саудалануда.

 

„

«нұр Отан» партиясының «үздік бастауыш партия ұйымы» өңірлік байқауының                      



іі кезеңі өтті.

астанаға жолдама алды

Сейділдә ТӨРЕН

Елімізде партияның  «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы 

биыл осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр. 

Қоғамдық-саяси мәні жоғары бұл шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 

жылдық мерейлі мерекесіне орайластырылып отыр. 

Облыстық  байқауда  алғы  сөз  алған  партия  Жамбыл 

облыстық  филиалы  төрағасының  орынбасары  Шәбден 

Тілеумұрат аталған байқауды өткізу мен ұйымдастырудағы 

ең басты мақсат – партия негізі саналатын бастауыш партия 

ұйымдарының белсенділігін арттыру және ішкі партиялық 

жұмыстарға  жаңаша  сипат  беруге  бағытталатындығына 

тоқталды. Сондай-ақ байқаудың негізгі міндеттері үздік баста-

уыш партия ұйымдарын анықтау және олардың тәжірибесін 

басқа да  бастауыш партия ұйымдарына тарату екендігін 

жеткізді.

Аталған  сынға  3  санат  бойынша,  100-ге  дейінгі,  100-

ден  500-ге  дейінгі,  500  және  одан  көп  партия  мүшесі 

бар облыстың бастауыш партия ұйымдары қатысты. Үш 

кезеңнен тұрған байқау ашық жағдайда өткізілді және барлық 

қатысушыларға тең жағдайлар жасалды. Қазылар алқасы 

байқауға қатысушылардың дайындығына 7 критерий бойынша 

баға берді. Яғни, үміткер партия ұйымдарының партиялық 

жобаларды іске асыруға қатысу, ішкі партиялық жұмыс, 

партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық 

бастамаларды іске асыру, БПҰ қызметін БАҚ-та жариялау, 

жастармен жұмыс және БПҰ жетекшісінің де жұмыстары 

сараланды. 

Екі күнге созылған байқаудың бірінші санаты бойынша 

«Бәйтерек» бастауыш партия ұйымы І орынды иеленді. Ал 

екінші санат бойынша «Арайстроймаркет» бастауыш партия 

ұйымы жеңімпаз атанды. Сол сияқты үшінші санат бойынша 

бақ сынаған Жуалы ауданындағы «Орталық» бастауыш пар-

тия ұйымы топ бастады. Жеңімпаз ұйымдар ҚР Тәуелсіздік 

мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткізілетін ақтық 

сында өңір намысын қорғайды. 

Құрылыс қарқынды.    суреттерді түсірген Ю.ефимов.



көкЕЙкЕсТі

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1333), 9 қараша  2016 Жыл  //



 

„

Түрлі бағдарлама жасап,  сайттарды құру арқылы балалардың да  



ойын дамытуға болады.

сандық сауаттылық – уақыт сұранысы

Арайлым БАқЫТжАНқЫзЫ

Қазіргі әлемде цифрлық технологиялар ел эко-

номикасын дамытуда өте маңызды рөл атқарады. 

Бүгінгі  таңда  әлем  халқының  40  пайыздан 

астамы интернетке қол жеткізсе, әрбір он үйдің 

7-інде ұялы телефон бар. Ал дамыған 30 елдің 

қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз «Цифрлық 

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын келер 

жылы  іске  қосуды  жоспарлап  отыр.  Ақпарат 

дамыған ғасырдың көшін бастап тұрған көршілес 

елдермен тереземіз тең болуы үшін іске асырылып 

жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Та-

раз инновациялық-гуманитарлық университетінде 

өткен  жиында  компьютерлік  сауаттылықтың 

деңгейін арттыруды мақсат еткен «Зерде» ұлттық 

инфокоммуникация холдингі» АҚ еліміздегі АҚШ 

елшілігімен біріккен «LovetoCode» бағдарламалау 

мектебі студенттер мен оқушыларға бағдарлама 

жасаудың  озық  технологиясын  және  сайт 

жасаудың жолдарын үйретті. Алғашқы күні қала 

мектептерінің ұстаздарына семинар жүргізген 

ұйымдастырушы  топ  екінші  күні  жастармен 

кездесті. Кездесу барысында ақпарат пен есептеуіш 

техника саласындағы іс жүзіндегі тәжірибесімен 

бөлісіп,  бағдарламалау  бойынша  воркшоптар 

ұсынылып,  техниканың  көмегімен  ашылатын 

артықшылықтар мен мүмкіндіктер туралы кеңінен 

мәлімет берілді. «LovetoCode» бағдарламалау 

мектебінің директоры Елдос Балғабековтің ай-

туынша, болашақта бағдарламалауды үйрететін 

арнайы пән ашылып, ол мектеп қабырғасында 

оқытылатын көрінеді. 

– Дамыған елмен тереземіз тең болуы үшін 

ең алдымен ақпараттық ғасырдың қыр-сырын 

меңгеруіміз керек деп білемін. Мектеп жасындағы 

балалардың қабілетін шыңдап, компьютер алдында 

бос отырмауын қамтамасыз ету мақсатында және 

сандық  сауаттылықты  арттыру  үшін  көшпелі 

керуен, ең алдымен, ілгері жылжуды межелейді. IT-

бағдарламаны меңгерген бала мектеп қабарғасында 

жүріп-ақ өзінің сайтын құрастырып үйренеді, – 

дейді Елдос Балғабеков.

Бағдарламалауды  арнайы  пән  ретінде 

алғашқылардың бірі болып Ұлыбритания, одан 

кейін Америка елдері мектепке енгізген екен. 

Болашақта біздің өскелең ұрпақ та бұл тізімнің 

ішіне еніп, мектеп партасынан-ақ түрлі ойындарды 

құрастырып, оны бағдарлама түрінде енгізетін 

уақыт  алыс  емес.  Екі  жылдан  астам  уақытта 

«LovetoCode»  бағдарламалау  мектебі  400-ге 

жуық баланы оқытып шығарған. Ал өткен жылы 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің көмегімен 

республикадағы 1700 мектептің 75 мың оқушысын 

базалық ілімге үйреткен мектеп алдағы уақытта 

барлық облысты аралауды жоспарлап отыр. 

–  «Зерде» холдингі ақпараттық технологиялар 

нарығын  дамыту  мен  бірыңғай  ақпараттық-

коммуникациялық  ортаны  қалыптастыру 

мақсатында  құрылған.  Холдингтің  миссиясы-  

елімізде  ақпараттық  қоғамды  және  бәсекеге 

қабілетті  АКТ  саласын  қалыптастыруға 

ықпал ету. Цифрлық технологиялар халық пен 

бизнестің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге 

қолжетімділігін, ақпаратпен алмасуды тездету, 

бизнес жүргізуге жаңа мүмкіндіктердің пайда 

болуы,  жаңа  цифрлық  өнімдер  құру  сияқты 

экономикаға  даңғыл  жол  ашады.  «Цифрлық 

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі 

мақсаты – цифрлық экожүйені үдемелі дамыту 

арқылы  Қазақстан  экономикасының  бәсекеге 

қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын 

арттыру. Өскелең ұрпақ та осы бағдарлама арқылы 

көптеген жетістіктерге қол жеткізеді деп білемін,-  

дейді аталмыш холдингтің бас менеджері Лаура 

Жұманалиева. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал