Тәуелсіздік бәйтерегі



жүктеу 47.09 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі47.09 Kb.

Тәуелсіздік бәйтерегі 

(Сахналық қойылым) 

Қатысушылар. 

Жігіт  -   Бүркіт 

Қыз  -    Күнсұлу 

Ақсақал -  Тарихат 

Аңыздағы Батыр – Сұңқар 

Аңыздағы ару- Күнбике 

Аңыздағы арулар 



Бірінші көрініс 

Астана көркі.Қолында гүлі бар,Бүркіт бәйтеректің жанында арлы – 

берлі жүр.Бір кезде сағатына қарап жанындағы ұзын орындыққа отыра 

кетеді.Осы кезде ақырын басып сахнаға бір  қария шығады. 

Бүркіт. (Ұшып тұрып орын береді) Амансыз ба  ата! Отырыңыз. 

Ақсақал.  Амансың ба,  балам ?   (Отырады) УҺ, біраз отырып тынығып 

алайын. 


Бүркіт .  Шаршап қалыпсыз ғой ,ата,кӛп жаяу жүргенге ұқсайсыз . 

Ақсақал.   Иа, балам , шаошап қалыппын. Ұзақ сапардан келемін.Біраз 

отырып тынығып алмасам, жол ұзақ , алда ұзақ сапар күтіп тұр. 



Бүркіт . Ата, қазір жаяу жүретін заман емес , кӛлікке отырмайсыз ба. 

Ақсақал.  Астана кӛркін жаяу аралап асықпай кӛргім келді. Астана әсем қала 

екен, қарасаң кӛзің тоймайды. 



Бүркіт. Оныңыз рас,  ата. Астана күн санап ӛсіп , кӛркейіп келеді.Астанаға 

бірінші келуіңіз бе ,  ата? 



Ақсақал . Иа, Астанаға бірінші келуім, ал бәйтерекке екінші келуім. 

Бүркіт. Ата, жұмбақтап кеттіңіз ғой. Астанаға бірінші рет келіп ,бәйтерекке 

қалай екі рет келе аласыз. 



Ақсақал . (Сақалын сипап) Иә, келгенмін.(Біраз үнсіздіктен кейін) Есімің 

кім болады , балам? 



Бүркіт . Есімім Бүркіт болады ақсақал. 

Ақсақал.  Әп бәрекелді!  Ӛзім де солай ойлап едім . 

Бүркіт .Менің осы жерге келетінімді , күні бұрын біліп қойғанға ұқсайсыз 

ғой ата.  



Ақсақал . Иә , білгенмін.(Біраз үнсіздіктен кейін)  Менің есімім Тарихат. 

Мен сонау тарих қойнауынан келемін. 



Бүркіт Ата, мен тағы да түсінбедім?  

Ақсақал.( Бірден жауап беруге асықпай Бүркіттің бетіне бұрылып 

қарайды) Ӛзің біреуді тосып отырғанға ұқсайсың . 

Бүркіт .  Сүйіктімді тосып отырмын ,ата .Екеуіміз тура бір жыл бұрын осы 

бәйтеректің түбінде танысып едік. 



Ақсақал . Сүйіктіңнің есімі Күнбике емес пе? 

Бүркіт. (Таңырқай қарап) Шамамен дұрыс айттыңыз, дәлірек айтсам, есімі – 

Күнсұлу. 



Ақсақал   Тағы да түсінбедім дегің келіп тұр ғой.Күнсұлу жуық арада келер 

түрі жоқ.Уақыт ӛтсін десең , осы ӛңір туралы бір аңыз әңгіме айтып 

берейін.Бағанадан бергі түсінбегендеріңнің жауабын аларсың. 

Бүркіт.  Айтыңыз ата, аңыз әңгімелерді ұнатушы едім.(Қасына жақындап 

отырады)  

Ақсақал.  Бұрынғы бір ӛткен заманда ,тура мына тұрған бәйтеректің 

орнында, алып бір ағаш бәйтерек ӛсіп тұрыпты.Сол ӛңірде Сұңқар есімді 

батыр жігіт болған екен.Сұңқар батыр Күнбике есімді арумен кӛңіл қосып, 

екеуі алып бәйтеректің түбінде кездесіп жүреді екен. 



Шымылдық 

Екінші  көрініс. 

Ерте заманғы көрініс.Сахнада шоқ гүл ұстаған Сұңқар  батыр ағаш 

бәйтеректің түбінде әрлі- берлі жүр. Бір кезде Күнбике келеді. 

Күнбике.  Ұзақ тосып қалдың ба, Сұңқарым ? 

Сұңқар.Ештеңе етпес. Қыздың кешіккені еркелігі шығар, еркелікті 

кӛтермеген ер ме. 

Күнбике.  (Сұңқардың қолындағы гүлді сипап) Ой! Қандай әдемі гүлдер. 

Сұңқар.  Ерейментаудың баурайында қызғалдақ гүл жарыпты, тау бӛктері 

гүлден жайқалып тұр екен.( Гүлді қызға ұсынады) 



Күнбике.  Қандай керемет! Сұңқар,ӛткен жазда ,  қызғалдақ гүл жарғанда 

осы бәйтеректің түбінде жолыққанымыз есіңде  ме? 



Сұңқар.  Иә, бізді жолықтырған мына зәулім бәйтерек. Ат суытып, саясында 

біраз тынығып алуға тосылғанмын, сол кезде тағдыр саған кезіктірді. 



Күнбике.  Сол кездегі кӛңіл толқытар  ӛлеңдеріңді тағы бір естиінші. 

(Сұңқар өлең оқиды) 

Әнбісің  әсем қалқыған, 

Толқыны кӛңіл шалқыған. 

Ән кернейді кеудемді  

махаббат оты шарпыған. 

Жүректің әнін тербедің, 

Жаныма ерік бермедің. 

Болса да  арман жеткізбес 

Сонда да қолды сермедім. 

(Күнбике бәйтеректі сипап біраз тұрады да) 

Күнбике .Әнің болсам қалқыған не етер едің? 

Сұңқар.  Жырың болып тӛгіліп кетер едім. 

Күнбике .  Жұлдыз болсам қол жетпес не етер едің? 

Сұңқар.  Құс боп ұшып оған да жетер едім. 

Күнбике.  Иә, иә,ұшатының есімнен шығып кетіпті, Сұңқар емессің 

бе.(Сықылықтап күледі) 



Осы кезде аттандаған дауыс естіліп сахнаға екі сарбаз жүгіріп шығады.   

Сарбаздар. (Кезекпен) Батыр сұңқар! Елге жау шапты. Ел іргесі 

сӛгіліп,басымызға қара бұлт тӛнді . 



Сұңқар.  Күнбике! Елімізге жау шапты. Елдің тыныштығы бұзылды. 

Жаудың бетін қайтаруға ұрысқа аттанамын. 



Күнбике.  Жортқанда жолың болсын, жолдасың құыдыр болсын.Бір 

жаратушы қоғаның болып, аман- есен оралуыңа ниет еттім, батырым! 



Сұңқар.   

Қош айтысып қол алып  

Жауға қарсы жол тарттым. 

Келем деумен оралып, 

Кӛңіліңді жұбаттым. 

Күнбике.  Елімізге бейбіт күн де орнар. Ӛзіңмен  табысар күнді асыға 

күтемін,қош айтпағын Сұңқарым . 



Сұңқар .( «ҚозыКөрпеш- Баян Сұлу» жырындағы қоштасу үлгісімен

Сарыарқа кең жазира сен аман бол, 

Бақалы балдырғанды кӛл аман бол. 

Баурайында жайқалған қызғалдағы, 

Ерейментау киелі сен аман бол. 

Шымылдық. 

Үшінші көрініс. 

(Күнбике бәйтерекке мұңын шағып отыр) 

Күнбике. 

 

Мынау шексіз ғаламда, 

Пана болса адамда  

Шырқау кӛкке самғаған 

Еркіндікті аңсаған 


Сұңқарымның арманы 

Орындалса болғаны. 

Зарықтырып келмеді 

Бір хабарын бермеді. 

Сұңқарымнан бір дерек, 

Білдің бе сен, бәйтерек. 



(Сонда бәйтерек сөйлейді) 

Бәйтерек.   

Ақ сұңқар ұшқан ұядан, 

Қол жетпейтін қиядан. 

Қанаты бүтін сұңқаржоқ, 

Тұяғы бүтін тұлпаржоқ . 

Тозпасты ұста соқпайды, 

Тәңірде қане жоқ қайғы. 

Сұңқарыңнан айырған, 

Қанатыңды қайырған. 

Бұл жалғанға не шара

Басыңнан бақ тайдырғын. 



(Осы кезде сахнаға екі сарбаз шығып,Күнбикенің алдына Сұңқар 

батырдың сауыты мен қару- жарағын қояды.) 

(Күнбике жоқтау айта бастайды) 

Күнбике.  

Қара түнек толғанда, 

Ай кӛрінбей қалықтап . 

Сұңқарым мерт болған ба, 

Ұшпады ғой қалықтып. 


Ақсұңқарым оралмай, 

Кӛңілден кетті базарым. 

Бір алла еді медетім

Одан да қайтты назарым. 

Бір аллаға ақиқат, 

Бұл жалғанда қаларым. 

Кешіктірмей артынан, 

Ӛзіңді іздеп барамын. 



(Күнбике бәйтеректің түбіне құлайды) 

Осы кезде сахнаға Тарихат ата шығады. 

Тарихат ата.   

Елі үшін мерт болды 

Ақсұңқар енді келмейді. 

Ӛзі ӛлсе де мәңгілік 

Ерлігі оның ӛлмейді. 

Ӛшпес үшін ерлігің 

Қалдырайын қалам ап, 

Армандарың қос ғашық 

Болашаққа аманат . 

Осы жердден бой түзер 

Бәйтерегің бас қалаң 

Мәрмәр тастан қаланған 

Жарқырайды астанаң. 

Шымылдық 

Төртінші көрініс. 


Ақсаұал.Қос ғашықты аруақтап жерлеген елі, бастарына белгі қойып , 

моласын ақ мәрмәр тастан қалапта. Содан осы ӛңір Ақмола атанған екен. 



Бүркіт.Аңыз болса да ӛте әсерлі екен. 

Ақсақал. Иә , аңыз дегені болмаса , бұл ақиқат. 

(Осы кезде Күнсұлу келеді.) 

Күнсұлу. Бүркіт , кӛп тосып қалған жоқсың ба ? 

Бүркіт. Ештеңе етпес, еркелігіңдң кӛтеремін ғой. 

Күнсұлу.(Бүркіттің қолындағы гүлді сипап) Ой! Қандай әдемі гүлдер. 

Бүркіт.  Ерейментаудың баурайында қызғалдақ бүр жарыпты. Тау бӛктері 

гүлден жайқалып тұр екен.(Гүлді қызға ұсынады.) 



Күнсұлу. Бір гүл үшін сонау Ерейментауға бардың ба? 

Бүркіт  Бүгінгі күн ерекше күн ғой. Біріншіден , сенің туған күнің. 

Екіншіден (Күнсұлу іле- шала)  



Күнсұлу.  Тура бір жыл бұрын осы жерде танысқан күніміз. 

Бүркіт.  Ата ,Күнсұлу екеуіміз еліміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге 

келіппіз.Біз жиырмаға толсақ, еліміз тәуелсіздігіміздің жиырма  жылдығын 

тойлайын деп жатыр.Күнсұлу екеіміз үйленбекшіміз, жақында тойымыз 

болады. 


Ақсақал.  Бақытты болыңдар, балаларым! Сендердің махабаттарың қосыла 

алмаған қос ғашық Сұңқар батыр мен Күнбике арудың махаббаты, солардың 

арманы.Олардың арманын сендер орындадыңдар.Олар аңсаған бейбіт 

заманға сендер жеттіңдер.Оған куә мына алып бәйтерек.Сенің сүйіктің 

Күнсұлу есімі- күн белгісі.Нұрға малынғын алтын күн , бейбітшілік пен 

байлықтың белгісі . Ал сенің есімің Бүркіт, қыран құстың 

символындай.Қанатын жайған қыран құс, еркіндік сүйгіш қазақ халқының 

рухын, жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.(Қолын жайып) 

Алтын күн мен қанатын кең жайған қыран құс бейнеленген кӛк байрағымыз, 

тәуелсіз еліміздің аспанында желбірей берсін, аумин.(Бетін сипайды) 

Ал шырақтарым, мен біраз отырып тынығып қалған секілдімін, енді жолға 

шығайын.Сапарым ұзақ. Сендердің аманаттарыңды болашаққа ,келесі 

ғасырғы апаруым керек. 


Бүркіт.Сау болыңыз, ата, жолыңыз болсын. 

Ақсақал. Сау болыңдар, қарақтарым.(Тарихат ата шығып кетеді) 

Күнсұлу.  Бүркіт ,жаңағы ата Сұңқар мен Күнбике ару деп кім туралы 

айтты.Және келесі ғасырғы барғаны қалай , түсінбедім ? 



Бүркіт.Ол  ұзақ  әңгіме, кейінірек айтып берермін. 

Күнсұлу.Бүркіт, тура бір жыл бұрын осы бәйтеректің түбінде танысқан 

күніміз кеше ғана болан тәрізді, уақыт қандай жылдам.Мен сені бір жыл 

емес, ғұмырымнан да бұрын білетін секілді сезімдемін. 

Бүркіт.Солай да шығар, сезім алдамайды.Екеуімізді жолықтырған мына 

зәулім бәйтерек.Қала кӛркін тамашалап , біраз тынығып алуға осы жерге 

бӛгелгенмін. 

Күнсұлу. Сол кезде тағдыр екемізді  жолықтырды. 

Бүркіт. Күнсұлу,мына бір ӛлең жолдарын тыңдашы. 

Әнбісің әсем қалқыған, 

Толқыны кӛңіл шалқыған. 

Ән кернейді кеудемді, 

Махаббат оты шарпыған. 



(Күнсұлу іле –шала) 

Күнсұлу.  

Жүректің әнін тербедің 

Жаныма ерік бермедің. 

Болса да арман жеткізбес

Сонда да қолды сермедің. 

Бүркіт.(Таң қалып) Бұл ӛлең жолдарын қайдан білесің? 

Күнсұлу. Ӛлеңді білемін, бірақ қайдан естігенім есімде жоқ. 

Бүркіт.Тарихат атаның айтқандары шын болды ғой. 

Күнсұлу .Не айтып еді? 


Бүркіт.( Біраз ойланып) бәйтеректің басына шығып, Астананың сұлу кӛркін 

тамашалайық ,сол жерде атаның айтқан аңыз әңгімесін айтып берейін. 



(Екеуі шығып кетеді) 

Осы кезде Сұңқар батыр мен Күнбике арудың дауыстары жаңғырып 

естіледі. 

Күнбике. Әнің болсам қалқыған не етер едің? 

Сұңқар. Жырың болып тӛгіліп кетер едім. 

Күнбике . Жұлдыз болсам қол жетпес не етер едің? 

Сұңқар .Құс боп ұшыр оған да жетер едім. 

Күнбике. Иә,иә, ұшатының есімнен шығып кетіпті,Сұңқар емессің бе. 



(Күнбикенің сықылықтап күлгені жаңғырып естіледі.) 

Шымылдық 

Соңы. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал