Тәуелсіздік – үлкен жеңіс, үлкен дәуір. Тұрмыста бақытсыз болсаң да, халқыңның тәуелсіздігі үшін бақыттысың



жүктеу 0.98 Mb.

бет1/11
Дата23.04.2017
өлшемі0.98 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тәуелсіздік – үлкен жеңіс, үлкен дәуір. Тұрмыста бақытсыз болсаң да, 

халқыңның тәуелсіздігі үшін бақыттысың. 

Елен Әлімжан, 

жазушы-драматург.

 №46 (1334) 16 қараша

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Жасампаз Жамбыл жерінің өскелең ұрпағы бағындырған белестер «Мәңгілік Ел» жастарының 

жетістіктері – ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» атты кітапқа енеді. 

 

8-бет.

Жетісу мектебінің 

дүлдүлі 

 

„



Дәстүрлі әннің бұлбұлы 

Қарлыға Жамбаеваның 

шығармашылығына 20 жыл.

 

11-бет.

 

4-бет.

 

5-бет.

Инфрақұрылым дайын 

болмай, жер берілмейді

Тараздық сәбилерге 

табиғи өнім

 

„

Қала бойынша 63700 адам 



жер кезегінде тұр.

 

„



«Nemereshka» ЖК өнімінен 

жаңа туған нәрестеңізге 

қажеттінің бәрін табасыз. 

Жарқын ісТер ЖасТардан!

 

6-бет.



Жазылым бөлімі: 43-50-34

-

редакциядан

жазыламын деушілерге

газеттің баспа құны:

Жарты жылға - 1250 теңге

Бір жылға - 2500 теңге

Қазпошта

Ауыл тұрғындары үшін

Қала тұрғындары үшін

Тараз Пресс

Эврика Пресс

Ернұр Пресс

1 жылға

6 айға

3432

1716

1720

3440

3440,52

1720,26

3663,96

1831,98

1700

3400 

Қала-ҚаРбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №45 (1333), 9 қараша  2016 Жыл  //



келіскен ісТің ерТеңі кемел

Ерман ӘБДИЕВ

Соңғы екі жылда партия филиалы тарапынан 

атқарылған жұмыстар сараланған басқосуда негізгі 

хабарламаны партияның қалалық филиалының 

төрағасы, қала әкімі Нұржан Календеров жасады.

-    Биыл  егемен  еліміздің  дамуы  мен  өсіп-

өркендеу  жолдарын,  жетістіктері  мен  жеңісті 

сәттерін  бірге  көріп  келе  жатқанымызға  25 

жыл  толып  отыр.Тәуелсіз  Қазақстан  өзінің 

ширек  ғасырлық  тарихында  халықтың  әл-

ауқатын көтеруге, тұрмыс-жағдайын жақсартуға 

бағытталған  іргелі  жобалар  мен  маңызды 

бағдарламаларды сәтті іске асырды. Мемлекет 

пен  жалпы  қоғамда  мызғымас  тұрақтылықты 

қалыптастырды, саяси тұрақты мемлекет құруда 

орасан зор табыстарға қол жеткізді. Ел даму-

ымен  бірге,  Елбасы  жетекшілік  ететін  «Нұр 

Отан» партиясы мемлекетіміздің бағыт-бағдары 



 

„

м.Х.дулати атындағы 



ТармУ-дің мәжіліс залында 

«нұр Отан» партиясы Тараз 

қалалық филиалының 

ХVііі есеп беру-сайлау 

конференциясы өтті. 

алқалы жиынға облыс әкімі 

кәрім көкрекбаев қатысты.

Ел сеніміне ие орта.   суреттерді түсірген н.Тұрғынбек

мен  даму  жолын  айқындайтын  көшбасшы 

партияға айналғаны белгілі. Ұлт көшбасшысы 

дәстүрлі  Жолдауларында  «Нұр  Отан»                                                                                                               

партиясына басымдық беріп, қоғам тынысындағы 

қайбір  мәселе  болмасын,  партияның  арала-

суына  жол  ашуда.  Осы  орайда,  «Нұр  Отан» 

партиясы әрдайым халық мүддесін алға қойып, 

ел сенімі мен үмітін абыроймен ақтап келеді. 

Әрине, тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген зор                             

табыстар  мен  жетістіктер  Елбасы,  Партия 

Төрағасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

салиқалы саясаты мен бағалы бастамаларының 

нәтижесі деп білемін. «Нұр Отан» партиясы Тараз 

қалалық филиалының негізгі жұмысы Елбасы, 

Партия Төрағасының сарабдал саясатына қолдау 

көрсету арқылы егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне 

барынша  үлес  қосуға  және  қоғамдағы  бірлік 

пен  тұрақтылықты  нығайтуға  бағытталған. 

Республика бойынша жүргізіліп жатқан ілкімді 

экономикалық саясат нәтижесінде соңғы жылда-

ры қалада экономикалық тұрақтылық орнығып, 

даму  тенденциялары айқын байқалуда. Соңғы 

алты  жылда  «Индустриалды-инновациялық 

даму»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында 

құны 35,8 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске 

қосылып, онда 1898 жаңа жұмыс орны ашылды. 

Осы  бағдарлама  аясында  ағымдағы  жылдың 

соңына дейін 12,4 млрд. теңгеге тағы 5 жобаның 

іске қосылуы жоспарлануда. Тәуелсіздік жыл-

дарында  Тараз  қаласында  екі  бірдей  мөлтек 

аудан - «Бәйтерек» пен «Астана» бой көтерді. 

2014 жылы 14 гектар «Арай» тұрғын алқабында 

құрылыс жұмыстары басталып, бүгінде 4 көп 

пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұдан 

бөлек, ағымдағы жылы «Байтерекдевелопмент» 

АҚ желісі бойынша 12 тұрғын үйдің құрылысы 

басталды. Сонымен қатар, Сүлейменов көшесінің 

соңынан жалпы көлемі 362 гектар аумақта 15-ші 

мөлтек ауданның, «Автобекет» аумағынан жалпы 

көлемі 100 гектар аумақта 14-ші мөлтек ауданның 

құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 

Ал әлеуметтік нысандар бойынша 1 мәдениет,                         

6 медициналық, 6 спорттық нысан, 7 814 оқушыға 

арналған 10 мектеп ғимараты, 11 665 орындық 25 

балабақша, 2 қосымша білім беру мекемесі және 

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 29 

жеке меншік балабақша пайдалануға берілді. 

Қаладағы тұрғын үй қорын жаңғырту мақсатында 

2011-2016  жылдары  Өңірлерді  дамытудың 

2020  жылға  дейінгі  бағдарламасы  бойынша 

республикалық бюджеттен 2 млрд. 633 млн. теңге 

бөлініп, 173 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі және 

ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Міне, ел 

өміріндегі осындай толағай табыстар мен берекелі 

тірліктер мемлекетіміздің келешегін айқындап, 

барша  қазақстандықтардың  болашаққа  деген 

сенімін арттыра түсті. Бүгінгі таңда партия Тараз 

қалалық филиалы 62 бастауыш партия ұйымы 

мен 16141 партия мүшесі бар облысымыздағы ең 

іргелі саяси ұйымдардың бірі. Есепті мерзімде 

партия  Жарғысына  сай  атқарылған  істер  мен 

ішкіпартиялық тәртіпті нығайту нәтижесінде, пар-

тия қатары саяси ерік-жігері қалыптасқан саналы 

азаматтармен толыға түсті. Нәтижесінде, соңғы 

екі жылда 1328 адам өз тағдырларын «Нұр Отан» 

партиясымен тығыз байланыстыру жөнінде шешім 

қабылдап, партия мүшелігіне өтті. Оның ішінде, 

партия қатарына қабылданған жастардың саны 

артып, олардың үлесі  2014 жылдың осы кезеңімен 

салыстырғанда  775  мүшеге  өсті.  Партияның 

«Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты балалық 

шақ»,  «Сәтті  қадам»,  «Кедергісіз  келешек», 

«Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел»,                                                                                                           

«Жастар  Отанға»,  «Ұлы  Дала  Елі»,  «Айқын 

тариф»  сияқты  аса  маңызды  жобалары 

қалалықтардың  үлкен  қолдауына  ие  болды. 

Жобалардың  шеңберінде  көптеген  қоғамдық-

саяси  және  танымдық  шаралар өткізілді. Осы 

жобалардың ішінде, бір ғана партияның «Кедергісіз 

келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 

азаматтарға  әлеуметтік  қолдау  көрсету  және 

оларды жұмысқа орналастыру мақсатында 9 бос 

жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, екі 

жылда барлығы 425 (2015 ж. 3 жәрмеңке - 177 

адам,  2016  ж.  6  жәрмеңке  -  248  адам)  азамат 

тұрақты жұмысқа тұруға мүмкіндік алды. Қалалық 

филиалдағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде соңғы 

екі жылда тұрғындардың арыз-өтініштерін қарауға, 

олардың  оң  шешімін  табуына  жете  мән  беріп 

келеді. Мысалы, 2015 жылы 761 арыз-шағым мен 

өтініш қаралып, 125 мәселе оң шешімін тапты. 

Ал биылғы жылдың он айында 570 арыз-шағым 

мен ұсыныстар қаралып, 419-ы орындалды. Оның 

ішінде, жұмысқа орналасу бойынша 107 өтініш 

қаралып, 98 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз 

етілді, оның 4-і мүмкіндігі шектеулі азаматтар. 

Өткен 2015 жыл, яғни «Нұрлы жол» мемлекеттік 

бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы жылын-

да Тараз қаласының инфрақұрылымын дамытуға 

жалпы 2 млрд. 657 млн. теңге бөлініп, «Арай» 

тұрғын алқабынан екі тұрғын үй салынып, қаладағы 

Қойбақов, Гамалей, Асқаров көшелері мен Абай 

даңғылының жылу желілері қайта жаңғыртылған. 

Ал ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік 

бағдарламасы арқылы 17 нысанға 8 млрд. 73,8 

млн. теңге бөлініп, биылғы оқу жылы қарсаңында 

«Құмшағал» алқабындағы 300 орындық мектеп, 

«Салтанат»  мөлтек  ауданындағы  балабақша 

пайдалануға берілсе, бүгінгі таңда М-5, М-8, ТК-

225  жылу жүйелері іске қосылды. Ал қалған ны-

сандар бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сай 

атқарылуда. Ендігі мақсатымыз - тәуелсіздігіміздің 

тұғырын  биік  ұстап,  елімізді  үздік  отыздыққа 

енген  «Мәңгілік  Ел»  ету.  Осы  орайда,  «Нұр 

Отан»  партиясы  Тараз  қалалық  филиалының 

алдында  ішкіпартиялық  жүйелі  жұмыстармен 

қатар, биік мақсаттарды көздейтін, ел дамуы үшін 

маңызды құжаттар мен ауқымды қоғамдық-саяси 

жұмыстарды іске асыру міндеті тұр, - деді Нұржан 

Сәбитұлы.  Бұдан  соң  жарыссөзге  шыққандар 

қатарында  облыстық  туберкулезге  қарсы 

диспансердің бас дәрігері Қайрат Жетібаев, ақыл-

есі кем және жүйке аурулары интернатының бас 

дәрігері Қайрат Бердалиев, өңірлік ҚХА ғылыми-

сараптамалық  тобы  төрағасының  орынбасары 

Парида Мамедова, Абай атындағы гуманитарлық 

колледжінің 4-курс студенті Марина Устинова, 

Тараз қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының 

төрағасы  Бақкелді  Тұрсынбек,  «Жаңару»  РҚБ 

облыстық  филиалының  директоры  Қасымхан 

Төлендиев партия төрағасының жұмысына оң баға 

берді. Конференцияда партияның Тараз қалалық 

филиалының төрағалығына қала әкімі Нұржан 

Календеров қайта сайланды. Ал алқалы жиынды 

қорытындылаған облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев 

бірнеше мәселені күн тәртібіне шығарды.

-  Тәуелсіздіктің ширек ғасырына Тараз қаласы 

да  айтарлықтай  жетістіктермен  жетіп  отыр.  

Қаланың өнеркәсіп өнімінің көлемі  осы жылда-

ры 13,5 есеге артты. Құрылыс  жұмыстарының 

көлемі 11 есеге ұлғайды. Қалалық бюджет кірісі 

3,5 есеге, бюджеттік шығыстары 96 есеге өсті. 

Қала  тұрғындарының  әлеуметтік  жағдайы  да 

назардан тыс қалған емес. Биылғы жылы Айша 

бибі көшесінің соңында 20 жыл бойы аяқталмай 

тұрған көпірдің құрылысын қолға алдық. Жалпы 

құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын бұл көпірдің 

темір жолдың арғы жағында тұратын 100 мыңнан 

астам тұрғынның көлікпен қозғалуына және Та-

раз қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға 

оң әсерін тигізбек. «Нұрлы жол» бағдарламасы 

аясында Тараз қаласында 4,5 млрд. теңгеге 26 

шақырымнан астам (14%) магистральдық жылу 

беру  құбырын  жаңарттық.    Іске  асырылған 

жобалар  Тараз  қаласының  тұрғындарын  30 

жыл  бойы  апатсыз  жылумен  қамтамасыз  ету-

ге  жоспарланған.  Сондай-ақ  қаланың  РК-4 

қазандығының қуаттылығын сағатына қосымша 

100 Гкал-ға ұлғайту мәселесін шешуге кірістік. 

Бұл мақсатқа 1,3 млрд. теңге қажет. Осы жоба 

іске асырылған жағдайда қосымша 13 мыңнан 

астам  тұтынушы  тұрақты  жылу  энергиясымен 

қамтамасыз етіледі. Жаңа 14-ші, 15-ші мөлтек 

аудандарын соғуға дайындық жұмыстары жүруде. 

Қазіргі  таңда  аталған  алқаптарда  инженерлік 

инфрақұрылым  тартылуда. Екі мөлтек ауданның 

құрылысы аяқталғанда, 700 мыңға жуық шаршы 

метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. 2017 

жылы Тараз қаласында «Барысхан» және «Бурыл» 

тұрғын алқаптарында жалпы құны 2,7 млрд. теңге 

жаңа  подстанциялардың  құрылысы  жоспарла-

нуда. Жобалар іске асқан кезде Қазпоселок және 

Қызыл жұлдыздан бастап, қолданыстағы айналма 

автожолға дейінгі аймақты және 14-ші мөлтек ау-

даны тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіледі. 

Соңғы  екі  жылдағы  жүйелі  түрде  жүргізілген 

жұмыстардың нәтижесінде партия қатары жігері 

мол,  еліне адал 9 мың жаңа мүшеге толып, жалпы 

саны 70 мыңға жуықтап қалды. Тараз қаласындағы 

партияластарымыздың қатары екі жылда 1328-ге 

артты, - деді Кәрім Нәсбекұлы. Бұдан соң об-

лыс әкімі партия мүшелерінің арасында шағын 

және орта бизнес өкілдерінің үлес салмағы әлі де 

төмен екендігін алға тартты. «Бүгінде Мемлекет 

басшысының тапсырмасымен жоғары немесе ар-

наулы орта оқу орнына түсе алмай қалған мектеп 

түлектерін кәсіби даярлау мен жұмысқа орнала-

стыру бойынша ауқымды республикалық жоба 

қолға алынды. Қазіргі таңда, облысымызда Ұлттық 

бірыңғай тестілеуге қатыспаған және тестілеудің 

шекті деңгейінен өте алмаған 3870 түлек бол-

са,  оның  2292-сі  Тараз  қаласының  жастары. 

Солардың 39-ы бүгінгі күнге дейін не жұмыспен, 

не оқумен қамтылмаған. Осы түлектерді жұмысшы 

мамандықтар  бойынша  оқытып,  мемлекеттік 

бағдарламалар  аясында  тұрғызылып  жатқан 

нысандарға жіберу жұмыстарын 1 желтоқсанға 

дейін шешуді филиал төрағасына тапсырамын» 

- деді облыс әкімі. Кон

ференция соңында Тараз 

қаласынан облыстық конференцияға 95 делегат 

сайланды.



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1334), 16 қараша  2016 Жыл  //

Қала-ҚаРбалас

3

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Егемендік жылдары еліміздің және аймақтың 

жеткен  жетістіктерін  халыққа  жеткізу 

мақсатында ақпараттық керуен тобы қаладағы 

мекеме жұмысшыларымен кездесулер өткізді. 

Ақпараттық топ мүшелері әуелі «Қазфосфат» 

ЖШС-і  Минералды  тыңайтқыштар  зауыты-

на  ат  басын  бұрды.  Онда  жұмысшы  топпен 

жылы  жүздесу  өтіп,  өңіріміздің  өндірісі, 

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ай-

тылды. Шежірелі ширек ғасырда қол жеткізген 

толайым  табыс  сырлары  да  әңгіме  өзегіне 

айналды.

Басқосуда  қалалық  ардагерлер  кеңесінің 

мүшесі Магомад Тоқсабаев ел Тәуелсіздігінің 

25 жылдығы - халқымыздың ғасырлар бойғы 

азаттық  үшін  айқасқан  күрес  жолы,  қалың 

тарихы  тұнған  айтулы  мереке  екендігін 

тілге тиек етіп, барша қазақстандықтар үшін 

маңыздылығына тоқталды.

- Тәуелсіздік – тәтті ұғым. Азаттық – асыл 

арманымыз. Біз бодандықты бастан өткердік, 

сондықтан  тәуелсіздіктің  қадірін  білетін 

халықпыз.  Біз  -  азаттықты,  бақытты  өмірді 

аңсаған елміз. 

Адамзат тарихының ұланғайыр даму көшінің 

өн  бойында  ел  мен  жер  үшін  соғыстар  мен 

сан қилы дүмпулер көп болған. Әдетте, осын-

дай  үлкен  аумақтарды  қамтыған  қанқұйлы 

соғыстар мен дүрбелеңдерден соң әлем картасы 

өзгерістерге ұшырап жататын. Ал жиырмасын-

шы  ғасырдың  соңында  әлем  келбеті  ерекше 

дүрбелеңдерсіз-ақ  өзгеріп  шыға  келді.  Оған 

жер-жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, 

қаһарымен  алыс-жақын  жұрттардың  бәрін 

ықтырып  келген  алып  империя    КСРО-ның 

ыдырауы себеп болды. Ыдыраған империяның 

орнына  тәуелсіз  мемлекеттер  құрылды. 

Солардың бірі - Еуразия алабындағы ғажайып 

әрі қайталанбас тарихы бар Қазақстан   Респу-

бликасы еді, - деді ақсақал. Жиынға қатысқан 

№31 орта мектептің директоры Марина Алехина 

шаһардың тәуелсіздік жылдардағы әлеуметтік-

экономикалық  дамуы  мен  әр  салаға  кеңінен 

тоқталып өтті. 

Сондай-ақ  ақпараттық  топ  мүшелері 

«Қазпочта»  АҚ  Жамбыл  облыстық  филиалы 

қызметкерлерімен  де  кездесті.  Басқосуда 

қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мақұлбек 

Жаналиев  тәуелсіздікке  ұмтылыс  сонау  XV 

ғасырда  Жәнібек пен Керейдің Әбілқайырдан 

кетіп, бытырап жатқан қазақ руларын біріктіріп, 

жеке хандық құруынан басталғандығы туралы 

әңгімеледі. Сондай-ақ ол ел егемендігі үшін 

күрес  Кенесарының  мұздай  қаруланған  Ре-

сей үкіметіне қарсы шығуынан, Сырымның, 

Махамбет  пен  Исатайдың,  күні  кешегі  1986 

жылғы қазақ жастарының көтерілісі, егемен ел 

болуды армандаған қазақ елінің асыл ұлдары 

Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел 

Досмұхамедов,  Әлихан  Бөкейханов  және 

басқалардың арман-тілегімен үндес екендігін 

баса айтты. 

Пошта қызметкерлерімен болған кездесуде 

қала  әкімдігінің  экономика  және  бюджеттік 

жоспарлау бөлімінің басшысы Қайсар Амантай 

шаһардың егемендік жылдардағы әлеуметтік-

экономикалық дамуы туралы хабарлама жасады. 

- Шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы 

жыл сайын оң нәтиже беріп келеді. Мәселен, 

қаланың өнеркәсіп өнімінің көлемі  2000-2015 

жылдар аралығында нақты 13,5 есеге артып, 

2000 жылғы 13,5 млрд. теңгеден  2015 жылы 

182,2 млрд. теңгеге дейін артқан. Жан басына 

шаққандағы ЖӨӨ 2015 жылы 502,6 мың теңгені  

құрады, бұл 2000 жылдың деңгейінен 12,0 есеге 

артық болып отыр. Айтарлықтай өсім аталған 

кезең ішінде тау-кен өнеркәсібінде байқалады. 

Өңдеу  өнеркәсібінде  тұрақты  өсім  динами-

касы  қалыптасып,    2000  жылдың  нәтижесі 

бойынша  7647,1  млн.  теңгеден  2015  жылы 

122598,3 млн. теңгеге дейін өсті. 2016 жылғы 



елдікТі, егемендікТі айТ!

 

„

еліміз өз егемендігін алып, ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүріміз қайта жанданып



тәуелсіздік даңғылына аяқ басып отырғанымызға биыл 25 жыл. 

Жемісті жылдар жадынамасы.   



Тағайындау

14.11.2016 жылы ҚР Бас прокуроры Ж. Асановтың бұйрығымен Сеилханов 

Бекзат Сағатұлы Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Бекзат Сағатұлы 1981 жылы  26 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ау-

даны, Головаченка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1998-2002 жылдар 

аралығында  «Қайнар»  Алматы    университетінің  Тараз  қалалық  филиалын 

«Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, оқу оқып 

жүріп Тараз мемлекеттік университеті жанындағы әскери кафедрада білім алған. 

2008-2009 жылдар аралығында Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз 

қалалық филиалында экономика бағыты бойынша оқыған. Еңбек жолын 2003 

жылы Сарысу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған Бекзат Сағатұлы 

2005 жылы аудан прокурорының аға көмекшісі болып қызмет атқарған. 2007 

жылы  Жамбыл  облысы  прокурорының  бұйрығымен  әлеуметтік-экономика 

саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, 2008 жылы аға 

прокуроры болып жұмыс жасаған. 2009 жылы Жамбыл облысы прокурорының 

бұйрығымен    әлеуметтік-экономика  саласындағы  заңдылықты  қадағалау 

басқармасы  бастығының  орынбасары  болған.  2012  жылы  Алматы  облысы 

прокурорының бұйрығымен әлеуметтік-экономика саласындағы заңдылықты 

қадағалау басқармасының орынбасары, 2012 жылы Жамбыл облысы прокурорының бұйрығымен әлеуметтік-

экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы болып тағайындалған. Үйленген. Төрт 

баланың әкесі. 

Сеилханов Бекзат Сағатұлы

Тараз  қаласы  әкімінің  2016  жылғы  9  қарашадағы                              

№363-ө  өкімімен  Сламбекова  Ұлана  Сламбекқызы  Тараз 

қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып 

тағайындалды.

Сламбекова Ұлана Сламбекқызы 1984 жылы 2 ақпанда 

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге 

келген.


2005  жылы  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы, Талас 

ауданы, Тамды ауылындағы «Ақшүкір» шаруа қожалығында 

экономист болып бастаған.

2006-2009 жылдары - Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат 

бөлімінің бас маманы;

2009-2012 жылдары - Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат 

бөлімі бастығының орынбасары;

2012-2013 жылдары - Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат 

бөлімінің сектор меңгерушісі;

2013 жылдан 2016 жылдың 9 қарашасына дейін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат 

бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Сламбекова Ұлана Сламбекқызы 

1 жартыжылдығында өнеркәсіп өнімінің көлемі 

86  988,4  млн.  теңгені  құрады,  -  деді  Қайсар 

Амантайұлы. 

Т а ғ ы     б і р     о с ы н д а й       к е з д е с у 

« Та р а з Э н е р го О рт а л ы қ »   м е ке м е с і н і ң 

жұмысшыларымен  өтті.  Онда  қалалық  арда-

герлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш 

Әбдікешова, қала әкімдігінің кәсіпкерлік және 

ауыл шаруашылық бөлімі басшысының міндетін 

атқарушы Нұржан Баймұратов және №11 орта 

мектептің директоры Гүлбахира Бердімбетовалар 

тәуелсіздік жылдарында өңірдің қол жеткізген 

жетістіктері турасында хабарлама жасап, мекеме 

жұмысшыларымен сұхбаттасты. 

Мұндай шара Тараз локомотив жөндеу депо-

сында да өтіп, онда қала әкімінің орынбасары 

Кенжебек Олжабай теміржолшыларға жемісті 

жылдардың жылнамасын айтты. 

Және  сондай  шараның  бірі  «Қант  зауыты» 

аумағындағы №14 мектепте өтті. Концерт ба-

рысында мемлекетіміздің ширек ғасыр уақытта 

беделі биік, құқықтық, дербес, демократиялық 

мемлекет  ретінде  әлемге  танылғандығы  ән 

болып өрілсе, ынтымақты ұран, татулықты ту 

еткен бейбіт халқымыздың толағай табыстарға 

жеткендігі би болып көркемделді. 

Аумақ тұрғындары мен мектеп оқушылары 

жиналған  концертте  Маржан  Қабылшаева 

жетекшілік ететін «Үкілі Ару» би ансамблі қазақ 

биі «Ілигай» мен орыс биі «Русская плясканы» 

билеп зал толы көрермен көңілін көтерді. Сондай-

ақ қалалық мәдениет үйінің әншілері Гүлдерайым 

Нұрмолдаева «Менің қазағым», «Елге сәлем», 

Гүлдана Азизхан «Бақытты Қазақстан», халық 

әні «Бүлдірген», Бекзат Еркінов «Сен қасымда 

болмасаң», Дидар Базарбаев «Тәуелсіз елге той 

жыры» әндерін тамылжыта орындап, көпшіліктің 

ыстық ықыласына бөленді. 

Шара барысында аумақ тұрғындары тәуелсіздік 

жылдары жеткен жетістіктерімізді дәріптейтін 

кітап көрмесіне бас сұғып, ақ қағаз бетіне қатталған 

құндылықтырымызға қанықты. Сонымен қатар, 

ұйымдастырушылар жиынға қатысушылар ара-

сында викториналық ойындар ойнатып, олардың 

білім-біліктіліктерін саралады. Бірнеше бөлім бой-

ынша өткен шара мектеп ауласындағы спорттық 

ойындармен қорытындыланды.  

Осындай шара Тараз қаласы әкімдігінің қалалық 

мәдениет және тілдерді дамыту, спорт, ішкі саясат 

бөлімдері мен орталықтандырылған кітапханалар 

жүйесінің ұйымдастыруымен «Құмшағал» шағын 

ауданындағы №19 мектепте жалғасын тапты. 

Онда аумақ тұрғындарының назарына қалалық 

мәдениет үйінің әншілерінің концерті ұсынылды. 

Сондай-ақ қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері 

Мақұлбек Жаналиев пен Магомад Тоқсабаевтар 

ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы - халқымыздың 

ғасырлар бойғы азаттық үшін айқасқан күрес 

жолы,  қалың  тарихы  тұнған  айтулы  мереке 

екендігін тілге тиек етті. 

Жиын  аясында  мектеп  ауласына  аумақ 

тұрғындарына арзандатылған ауыл шаруашылық 

өнімдері ұсынылса, білім ошағының спорт залын-

да №56, 57, 59 және 19 мектептердің ұстаздары 

арасында спорттың бірнеше түрінен жарыстың 

көркі қызды.   

Аумақ  тұрғындарымен  болған  жиынның 

бел  ортасынан  табылған  қала  әкімдігінің 

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас-

шысы Бақыт Тоқсанбаева шараның мақсаты мен 

маңыздылығына тоқталды. 

- Мемлекетіміздің тәуелсіз ел болғанына 25 

жыл толуына орай өңірімізде бірқатар шаралар 

жоғары деңгейде өтуде. Күні ертең аудандарға 

ақпараттық-насихаттық топ жолға шығады. Сол 

секілді қала әкімдігінің қолдауымен шаһардың 

шалғай аудандарындағы аумақтарында концерттер 

ұйымдастырып жатырмыз. Бұл ілкімді шараның 

мақсаты - еліміздің тәуелсіздік алу жолы және 

осы жылдарда жеткен жетістіктері жайлы ұлт 

ынтымағы мен ел бірлігін ән-би арқылы халыққа 

жеткізу. Сондай-ақ өскелең ұрпақты елі мен жерін, 

халқын сүюге, ұлтжандылыққа 

тәрбиелеу, - дейді 

Бақыт Тілегенқызы. 



МӘңгіліК Ел

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1334), 16 қараша  2016 Жыл  //



Депутат оқушылар ортасында.

   




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал