ТӘрбие үдерісі –ТҰтас педагогикалық Үдерістің ҚҰрамды бөлігі



жүктеу 1.03 Mb.

бет1/11
Дата07.03.2017
өлшемі1.03 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  УНИВЕРСИТЕТІ 

 

Педагогика және психология факультеті 



Жалпы педагогика кафедрасы 

 

 

«БЕКІТЕМІН» 

Оқу ісі жөніндегі проректор 

_______________ Ә.Ж.Тойбаев  

«____»________________2014 ж. 

 

 



 

 

 



«ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» 

 

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Оқу-әдістемелік  

кешенді құрастырған:    Г.А. Мұратбаева  

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014 ж. 

 

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ –ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ 

 

 



Тəрбиенің мəн-мағынасы 

 

 



Тəрбие  сөзі  араб  тіліндегі  халаха  түбірінен  шығады.  Мағынасы:  мінез,  табиғат, 

жаратылыс, сипат деген мағыналарға келеді. Терминдік мағынасына сай, адамның жақсы мен 

жаманды  ажыратуына  себеп  болған  рухани  таңдауларды,  мінездер  мен  қатынастардың 

жиынтығын тәрбие деп атаймыз. 

 

Жалпы  ислам  сөзінің  тілдік  мағынасы:  мойынсұну,  мейірім,  шапағат,  тәрбие, 



қабылдау деген мағыналарды береді. Терминдік мағынасы: Пайғамбарлар арқылы жаратушы 

тарапынан  жіберілген  әмірлермен  тыйымдардың  жиынтығы.  Осы  әмірлер  мен  тыйымдарға 

мойынсұна  отырып  тәрбиеленген  адамды  «Мұсылман»  деп  атаймыз.  Демек,  мұсылман 

тәрбиелі адам деген сөз екен. 

 

Ислам дінінде ахлақ (тәрбие) екі топқа бөлінеді: 1. Алла тағала алдындағы (тәрбиеміз) 



немесе міндеттеріміз. Бұған: Намаз, Ораза, т.б. ғибадат-құлшылықтарымыз жатады. 2. Жеке 

тұлғамен  қоғам  арасындағы  міндеттер,  тәрбиелік  қарым-қатынастар.  Бұған:  Өмір  сүріп 

отырған қоғамдағы жеке тұлғалық барлық қарым-қатынастар (әке-шеше, жанұя, Отан, ұстаз, 

шәкірт, қоғам алдындағы міндеттеріміз т.б) жатады. Адам баласы осы тәрбиелерді нақтылы 

бойына жинаған соң барып одан білім талап етіледі. Ислам діні бұған да барынша мән берген. 

Құран  Кәрімнің  алғашқы  талабы  мен  әмірі  «ИҚРА»  яғни,  оқы  деп  басталуының  өзіндік 

астары  осында  болса  керек.  Әлифті  таяқ  деп  танымайтын  Әз.Мұхаммед  үшін  бұл  әмірдің 

жалғасында  «жаратқан  Раббыңның  атымен  бастап  оқы»  делінуі,  Ислам  дінінің  тәрбиеге 

берген  маңызының  тағыда  бір  бұлжымас  айғағы  болмақ.  Себебі:  араб  тілінде  Раббы  сөзі 

тәрбиеші сөзімен тікелей мағыналас.  

Орыс  тілінде  “Тәрбие”  сөзі  асырау,  өмірге  үйренбеген,  көмекті  қажет  ететін  әлсіз, 

нәрестені  тамақтандыру  деген  мағына  береді.  Бұл  сөз  жануарлар  әлеміне  де  тән,  себебі 

жаңа  туған  баласына  сүтқоректілер  сүт  береді,  сондай-ақ  кішкентай  құлындар 

аналарының құрсағына ұмтылады. 

Алғашында  орыс  тілінде  бұл  сөз  өзінің  түпкі  мағынасымен  қалды.  Балалар  ержетіп, 

тәрбиені қажет етпей қалады. Н.А. Некрасовтың «Мужичок с ноготок» дегенін еске алсақ 

жеткілікті.  Бес  жасар  бала  жанұяда  екі  ер  бар  екенін  «бірі  әкем,  бірі  мен»  деп  айтады. 

Бұдан  көріп  тұрғанымыз  ол  өзін  үлкен  адамға  теңеп  тұр.  Бұл  бала  ойынша  тәрбие 

аяқталды, тәрбие өзін-өзі тез тауысты.  

Бірақ,  ресейлік  ғалымдар  бұл  термин  ешуақытта  өзінің  лексикалық  мағынасымен 

шектеліп қалған емес дейді. Егерде  жануарлар әлеміне дұрыстап мән беріп қарасақ, анасы 

(кейде  әкесі  де)  баласын  тамақтандырып  қана  қоймай,  басқа  тәртіптерді  де  үйретіп 

жатқанын  байқаймыз.  Гага  құсы  баласын  қанатына  отырғызып,  суға  жіберіп  үйретеді. 

Бірінші жүзу сәті болғандықтан қамқорлағаны ғой. Сол сияқты аю да өз баласын бірдеме 

бүлдіріп  қойған  жағдайда  ұрады,  ал  бүркіттің  баласына  ұшып  жүріп  тамақ  әкелуі 

аңшылыққа  үйреткені  болар.  Адам  баласы  болса,  ата-анасының  қасында  ұзақ  болады. 

Тамақтану адам ретінде қалыптасу үшін де, қоғамға кіру үшін де қажет. 

 “Тәрбие”  термині  маңызын  кеңейтіп,  мағынасын  өзгертті.  Қазіргі  таңда  бұл  сөзді 

«тамақтану»,  «асырау» сөзімен көп байланыстырмайды, ал бұл сөзді қолданса да рухани 

мағынасы жоғары сөз ретінде пайдаланады. 

Ғылыми  мағынасы  қалыптасқанға  дейін  ол  қарапайым  тілде  қолданылып,  баланы 

тәрбиелеу салт-дәстүрі негізінде жүзеге асырылған. 

XIX ғ. К.Д.Ушинскийді өздерін тәрбие туралы білемін деп санайтын, алайда керісінше, 

түк  білмейтін  адамдардың  сағымын  бұрап  шығарған  адам  десек  те  болады.  Сондай-ақ, 

атақты физик А.Эйнштейн психологтан балалар ойыны туралы тыңдай отырып, атомның 

құрамы  балалардың  ойынының  жанында  бала  ойыны  дейді.  Бұл  арқылы  балалардың 



психологиялық,  рухани,  физикалық  жағынан  өсіп  жетілуі  үлкен,  әрі  өте  қиын  үдеріс 

екенін  мойындаймыз.  Сөз  арасында  біз  «бала  көп  ақпаратты  бірден  қабылдай  алмайды» 

немесе  «оқушылар  мәдениетті  бойларына  сіңіруде»  дейміз.  Демек,  ең  түпкі  мағынасы 

«тамақтану,  сіңіру»  екенін  байқаймыз.  «Тамақтану»  ағзаның  өсуіне  байланысты 

қолданылған  сөз.  “Тамақтану”  кішкене  адамның  әлеуметтенуін,  мәдениетке  енуін, 

мәдениетті игеруін білдіреді. 

«Тәрбие»  сөзімен  қатар  психологияда  «педагог»  сөзі  де  мағынасын  өзгерте 

қолданылады, негізі грек сөзі педагог баланы мектепке апаратын «құл» дегенді білдіреді, 

кейін кәсіби түрде «баланы өмірге апаратын» деп қолданылды.          

Қазіргі таңда тәрбиеге  нақұрыстық көзқарас қалыптасқан. Оқыту, қинау, бұйрық беру 

немесе ұзақ мораль оқу сөздерімен байланысты болып қалған. Осындай жағдайларда көп 

адамдар тәрбиені оның басына, ойына қол сұғушылық деп қабылдайды. Айтылған ақылға 

«мені  үйретпе!»  деп  жауап  беріп  жатқанын  да  байқаймыз.  Нағыз  тәрбие  бар  жерде 

жалықтырар  әңгіме  жоқ.  Ал  егер  ұзақ  ақыл  айтар  болса,  тәрбие  көзін  табу  да  қиын 

болады.  Орталық  түсініктердің  ішінде  «тәрбие»  сөзімен  қатар  «дамуы,  өсу»  көзі  де 

маңызды рөл атқарады. Алдымен, бала қоғамда өз бетінше өмір сүре алатын болған да, өз 

тағдырын,  өз  мінез-құлқын  өзі  басқара  білетін,  әлеммен  өз  қарым-қытынасын  орнатқан 

кездегі қабілеті бар болса, онда “қалыптасу” терминін байқаймыз.                                                           

Әлеуметтік  тұрғыда  тәрбие  деп  үлкендердің  кішілерге  азаматтық  қасиетін 

қалыптастыруға  тигізетін  әсерін  айтады.  Тәрбиенің  өзі  неше  түрлі  саладан,  моральдық, 

интеллектуалдық,  эстетикалық  және  еңбекке  үйретуден,  дене  шынықтырудан 

құрастырылады. Тәрбиенің осы түрлері ерте дәуірден басталып келеді.  

Аталған  салалардың  жасөспірімдердің  есеюіне  тигізетін  әсері  күшті  болғанымен, 

«тәрбие»  деген  терминді  түсінуде  ғалымдар  арасында  түрлі  пікірлер  кездеседі:  бірінші 

пікір бойынша, баланың басы – «таза тақта» (tabula raba) немесе «таза парақ».Сондықтан, 

оның  көкейіне  не  жазам  десең,  соны  жазуға  болады.  Баланың  келешекте  кім  болатынын 

түгелдей  тәрбиеші  шешеді.  Тәрбиеші  баладан  келешекте  қандай  адам  жасап  шығарғысы 

келсе, бәрі қолынан келеді.  

Екінші  пікір  бойынша,  баланың  көкейіне  не  болса,  соның  бәрін  жазуға  болмайды. 

Біреуді  біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі  тәрбиелеп, азамат қатарына жете алады. 

Соңғы  пікір  мына  сияқты  дәлелге  сүйенеді:  ешкім  баланың  басына  өсиеттерді  енгізіп, 

оның  рұқсатынсыз  ісін,  қылығын  сол  өсиеттерге  бағындыра  алмайды.  Бала  үлкендерді 

тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды – өз еркі. Дәлелдің бұл түрі 

орынды  сияқты.  Бірақ,  бірінші  пікірді  де  жоққа  шығаруға  болмайды.  Себебі:  тәрбиеші 

баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзінің сөзіне көндіріп, біразға 

дейін  жетелеп,  оны  тәрбиелеуде  едәуір  дәрежеге  жете  алады.  Біз  осы  екі  пікірдің 

әрқайсысына  тән  қолайлы  жағын  алып,  тәрбиеге  ұмтылатын  баланың  өзі,  оның 

келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші 

баланың  «кілтін»  таба  алса,  онда  тәрбие  саласында  үлкен  нәтижеге  жете  алады  дейміз. 

Осыған  қарағанда  тәрбиенің  ең  негізгі  мәселесі  баламен  әңгімені  қандай  тақырыпта 

жүргізуде емес, онымен байланысудың «кілтін» тауып, тіл алдыра білуде. 

Ал тіл алу не алмау неге байланысты? Баланың тіл алуы мынадай екі түрлі себептерге: 

біріншіден, балаға айтылған кеңестің мазмұнына, екіншіден, сол кеңеске ол қаншалықты 

құлақ  асатынына  тәуелді  келеді.  Мұны  С.Л.  Рубинштейн  детерминизм  (латын  сөзінен 

«acterminare»  –  белгілеу)  деп  атаған  болатын.  Бұл  принцип  бойынша,  баланың  тәрбиеге 

көніп тіл алуы тек үлкендердің өсиетіне ғана байланысты емес, сол кездегі оның көңіл  – 

күйіне  де  тәуелді.  Егер  тәрбиеші  балаға  ұсыныс  жасап,  бәлендей  тапсырманы  орындау 

туралы  қанша  дәлел  келтіргенімен,  осыған  оның  көңілі  болмаса  немесе  қасақаналықпен 

орындағысы келмесе, онда сол сөздерден нәтиже шықпайды. Сонымен, балаға тіл алдыру 

–  қиын  мәселенің  бірі.  Бала  қайткенде  тіл  алатынын  зерттеп,  осы  жөнінде  тәсіл  ойлап 

шығаратын – педагогика ғылымы. 

 


Тəрбие міндеттері мен қызметтері  

 

Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:  

–  әлеуметтік  мағынада  –  бұл  аға  буын  жинақтаған  тәжірибені  жас  ұрпақ  өкілдеріне 

өткізу. Тәжірибе – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек 

айтсақ:  адамдарға  белгілі  болған  білімдер,  ептіліктер,  ойлау  тәсілдері,  құқықтық, 

адамгершілік және т.б. нормалар.  

– педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған 

арнайы іс-әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты үдеріс.  

Тәрбие  қоғамдық  талаптарға  сәйкес  болуы  міндетті.  Егер,  қоғам  құқықтық 

демократиялық  мемлекет  құрып  жатса,  ендеше  ондағы  адам  тәрбиесі  адамгершілік, 

азаматтық  заңдар  мен  қылық-әрекет  нормалары  рухында  жүріп  жатуы  қажетті.  Жалпы 

адамзаттық  құндылықтар  қалыптастырудың  маңыздылығын  ескерумен  бірге  әлеуметтік 

ортаның  кездейсоқ  та,  мақсатты  бағытта  да  әсер,  ықпал  жасайтынын  естен  шығармаған 

жөн.  


Қазіргі  заман  тәрбиесі  гуманистік  негізде  болып,  тұлғаның  әлеуметтік-мәдени  (өмір 

және  әрекет-қылық  кейпін  таңдау  және  іске  асыру),  даралықты  (тұлғаның  өзіндік 

қалыптасуы),  жауапкерлікті  қатынас  (құндылықтар  таңдау)  бағыттарында  дамуына 

орайласады.  Мұндай  тәрбие  технологиялық  икемшілдігіменен  (адамның  қабылдау  және 

психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сәйкестігімен (көңіл-

күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз 

меншікті  тәжірибесін  құрастыру  үшін),  жағдайға  орай  орындалуымен  (негізгі  құралы  – 

тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.  

Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен 

оқушының  ықпалдасты  әрекеттерін  қамтамасыз  етуші  арнайы  ұйымдастырылған 

тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік үдеріс.  

Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:  



«мақсаты  тұлға  қалыптастыру  болған  əлеуметтік  үдеріс»  мəні  -  үдеріс  нақты 

мақсаты болғанда ғана тәрбие деп аталуы мүмкін.  



«əлеуметтік  үдеріс»  мəні  –  тәрбие  әрқашан  адамды  ұнамды  өзгеріске  келтіруші 

көптеген қоғамдық іс-әрекеттердің арнайы түрі.  



«тұлға  қалыптастыру»  мəні  –  бұл  тәрбиеге  басқарым,  оны  іске  асыруға  жағдай 

жасау,  тәрбиелік  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  (зорлау,  әкімшіл  ықпал  мүлде  болмауы 

тиіс).  Қалыптастыру  екі  өзара  байланыстан  тұрады:  педагогикалық  қызмет  және 

тәрбиеленушінің жауап іс-әрекеті.  

«арнайы  ұйымдастырылған  тəрбиелік  жүйе»  мəні:  неліктен  жүйе?  Себебі 

практикалық  іс-әрекет  үдерісінде  қандай  да  жалғыз  әдіс,  тәсіл,  жоба  қолданумен 

шектелуге  болмайды.  Бұлардың  бәрі  өзара  байланыста,  бірін-бірі  толықтырып, 

жетілдіретін болса ғана, оқу нәтижесі тиімді болады.  



«тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тәрбие үдерісі 

кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің 

нәтижесі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.  

Тәрбие  үдерісінде  ықпалдасты  іс-әрекеттердің  арқасында  тәрбиеленуші  ұсынылған 

ұйымдастырылып,  белгілі  тәжірибені  игереді.  Осыдан,  тәрбиелеушінің  басты  міндеті  – 

оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті әрекеті 

ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, 

тәрбие  –  әрқилы  іс-әрекет  түрлерін  ұйымдастыру  үдерісі.  Тәрбие  теориясында  мұндай 

бағыт  тұлғалық  іс-əрекеттік  атауын  алған.  Оның  мәні:  адам  барша  әлеуметтік 

тәжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, әрі қызықтысын таңдайды.  



Тұлғалық – іс-әрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:  

- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бәрінің негізі – ортақтасу (общение):  

- іс-әрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;  


- тұлға дамуы мен әлеуметтенуі.  

Гуманистік  педагогикада  тәрбие  –  көзделген  мақсатқа  жеткізуші  тәрбиелеуші  мен 

тәрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік үдерісі.  

Мақсат –адамның қол жеткізуі тиіс нәтижені саналық деңгейде алдын-ала ниеттеуі.  

Тәрбие  мұраттарын  анықтауда  жаңа  жағдайлар  мен  жаңа  қоғамға  икемдескен  адам 

мұраты  арқау  етіледі.  Тәрбие  мазмұны,  формасы,  әдістері  –  бәрі  де  мақсатқа  тәуелді. 

Тәрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. 

Жан-жақты  әрі  үйлесімді  дамыған  тұлға  тәрбиелеу  мақсаты  ҚР  «Білім  туралы»  Заңында 

бекітілген.  

Оның баптары:  

- тәрбие үдерісінің мазмұнын анықтайды;  

- тәрбие нәтижесінің шарттарын белгілейді;  

- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;  

- тәрбие жүйесін толықтай айқындайды.  

Тәрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) және даралықты (жеке адамға 

арналған) болып бөлінеді.  

Тәрбие  мақсатын  белгілеуде  жекеленген  іс-әрекеттердің  ғана  емес,  бүкіл  оқу–тәрбие 

үдерісінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика маңызды 

роль  атқарады.  Осыдан,  тұлғаны  зерттеудің  әрқилы  әдістерін  білу  және  олар  негізінде 

тұлға мен ұжымды зерттеудің бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.  

Бір  тәрбиелік  жүйеде  әрдайым  бір  тәрбие  мақсаты  көзделеді,  ал  мақсатқа  орай 

орындалатын  міндеттер  (жалпы  не  нақты)  көптеген  болуы  мүмкін.  Тәрбие  мақсаттары 

қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, әлеуметтік және техникалық прогреске, қоғам, 

ересектер  мен  балалардың  мүмкіндіктеріне  тәуелді  келеді.  Тәрбиелік  іс-әрекет 

нәтижесінде  көрініс  беретін  көкейкесті  мақсаттар:  әр  адамның  даралықты  дамуы  және 

оның  әлеуметтенуі,  ал  бұл  өз  кезегінде  ақыл-ес,  адамгершілік,  әсемдік  (эстетикалық), 

азаматтық, еңбектік және тән-дене тәрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.  

Тәрбие міндеттерінің шешімі тұлға мәдениеттілігінің негізін қалайды.  

 

Тəрбие үдерісінің ерекшеліктері  

 

Оқу және тәрбие - өзара байланысты екі үдеріс. Олардың міндеттері әрқилы, дегенмен, 



бір-бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу 

әдістері және формалары тұрғысынан түбегейлі  өзгеше. Тәрбиелік іс-әрекет тәрбиешінің 

жекеленген әрекет аймағы түрінде (өз мақсаттарына, міндеттеріне, мазмұнына ие) немесе 

оқу үдерісіне тікелей енген (себебі оқу тәрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.  

Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:  

-  тәрбие  үдерісі  өз  ішіне  оқу  элементтерін  қамтиды:  қандай  да  ережені  орындауды 

талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;  

- оқу үдерісі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-әрекеттің ұйымдастырылу 

формасына  сәйкес  өтеді.  Өз  қызметі  барысында  мұғалім  оқушыға  тәрбиелік  ықпал 

жасайды;  

-  оқу  және  тәрбие  үдерістерінде  бірдей  әдістер  (түсіндіру,  қадағалау  және  т.б.) 

пайдаланылады.  

Жалпы  педагогикалық  үдерістің  аталған  екі  қызметінің  арасындағы  принциптік 

айырмашылық:  оқу  барысында  шәкірт  әртүрлі  ғылымдар  негізін  меңгереді,  ал  тәрбие 

үдерісі оқушының тұлғалық сапа-қасиеттерін қалыптастыруға бағышталады.  

Тәрбие үдерісіне тән ерекшеліктер:  

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігінің кепілі);  

-  мақсаттар  бірлігі  (тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  арасындағы  қызметтестіктің 

көрсеткіші);  

- нәтиже ұзақтығы (оқу үдерісіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);  



-  көп  жағдаяттылығы  (тұлға  көп  әрі  сан  қилы  ұнамды  да,  ұнамсыз  да  ықпалдарға 

кезігеді.  Тәрбие  барысында  олар  реттеледі.  Тараптардың  тұлғаға  болған  ықпалы  өзара 

сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.  

-  ауыспалылығы  (тәрбиеленуші  мақсатты,  көзделген  және  кездейсоқ  әсерлерге  бірдей 

кезігіп отырады).  

-  үздіксіздігі  (ешқандай  науқанды,  бір  мәртелік  шара  қаншама  жарқын  болмасын,  аса 

ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);  

-  кешенділігі  (тәрбие  мақсаты  мен  міндеттерінің,  мазмұн,  форма  және  әдістерінің 

бірлігі);  

баламалылығы  (тәрбиеленушілер  даралық  ерекшеліктері  және  әлеуметтік 



тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие үдерісінде бұлар ескерілуі шарт, себебі 

әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);  

- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ол ықпалды қабылдаушы - 

оқушы);  

- тәрбие үдерісі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;  

-  тәрбиеші  тұлғасы  –  тәрбие  барысына  ықпалды  маңызды  жағдаят  (тәрбие  үдерісінің 

өнімді  болуының  кепілі  –  мұғалім  ептілігі,  шеберлігі,  құндылықты  бағыт-бағдары, 

қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);  

-  қарама-қайшылықты  болуы  (қарама-қарсылықтар  тәрбиенің  қозғаушы  күші  ретінде 

қарастырылады).  

Тәрбиенің  негізгі  қайшылықтары  оқу-тәрбие  үдерісінде  кездесетін  келесідей 

құбылыстар  арасында  көрінеді:  қоғамдық  өмірдің  жаңа  шарттары  мен  оған  дайындауға 

арналған  әдістер  мен  формалардың  ескіруі;  адамның  табиғи  даму  мүмкіндіктерінің 

шексіздігі  мен  бұл  дамудың  әлеуметтік  жағдайлар  бағдарламаларына  тәуелді  шегерілуі; 

адамның  табиғаттан  белсенді,  әрекетшең  болуы,  оның  қоғамдық  өмірге  араласу  ынта-

ықыласы  мен  өмірлік  үдеріске  нақты  қатысу  үшін  қажет  тәжірибе,  білім,  ептілік  пен 

дағдылардың жетіспеуі және т.б.  

Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды шығаруға болады: 

тәрбие үдерісі оқу үдерісімен бір қатар жүріп жатса да, ол бірнеше мәнді ерекшеліктерге 

ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.  



 

Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі  

 

Өзіндік тəрбие  –  адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін 

жетілдіріп,  келеңсіз  тұлғалық  сапаларын  жоюға  бағытталған  саналы  әрі  мақсатты 

бағдарланған іс-әрекеттері.  

Өзіндік тәрбие бірліктері  - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп 

және өзіндік қадағалау. Өзіндік тәрбие тәсілдері- өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік 

көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.  

Өзіндік тәрбиеге ынталандырушы жағдай – тек тәрбиешінің тәрбиелік іс-әрекетін ғана 

емес,  сонымен  бірге  тәрбиеленушінің  өз  қалауы  мен  ынта-ықыласын  қамтыған  дұрыс 

тәрбие.  

Өзіндік  тәрбие  элементтері  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  өздерінде  де  көрініп 

жатады:  олар  әзірше  өз  тұлғалық  қасиеттерінің  мәнін  жете  түсіне  бермеуі  мүмкін,  бірақ 

ненің жақсы, қандай өз әрекеттерінің ересектерге ұнамайтынын сезінеді.  

Бозбалалық  жаста  өзіндік  тәрбие  үдерісі  біршама  саналы  сипат  алып,  бағдарлы 

мақсатпен  ұштасады.  Өзіндік  тәрбие  адамның  нақты  қабілеттеріне,  өзінің  даралықты 

мүмкіндіктерін түбегейлі талдай білуіне сай баға беруге негізделеді. Саналылық дәрежесі 

неғұрлым  жоғары  болса,  тұлғаның  өзіндік  дамуына  бағытталған  өзіндік  тәрбие  мәні 

болымды сипат алады. 

Осыған  орай,  ғаламторда  көп  таралып  жүрген  тұлғаның  өзін-өзі  тәрбиелеуіне  түрткі 

болатын мына факторларды қарастыра кетсек: 



Анам маған тәуекелге бел буып, мүмкін еместі еңсеруді үйретті: «Аузыңды жап та, 

тамағыңды же!».  

Анам маған Аллаға сенуді үйретті: "Мынау бәле жуғанда кетсін деп тіле!".  

Анам маған логикалық ойлауды үйретті: "Өйткені, мен солай дедім!".  

Анам  маған  не  нәрсенің  де  нәтижесін  ойлауды  үйретті:  "Қазір  терезеден  құлап 

түссең, сені дүкенге ертіп бармаймын". 

Анам  маған  қайратты  болуды  үйретті:  "Ішіп  болмайынша,  дастарқаннан 

тұрмайсың!".  

Анам  маған  себеп-салдар  байланысын  түсіндірді:  "Қазір  жылағаныңды  қоймасаң, 

таяқ жейсің!". 

Анам  маған  ешкімге  көреалмаушылық  жасамауды  үйретті:  "Жер  бетінде  миллион 

баланың әке-шешеден жолы болмаған, сен бақыттысың қайта!" 

Анам  маған  қалай  ересек  болу  керектігін  үйретті:  "Егер  көкөніс  жемесең,  өспей 

қаласың!" 

Анам  маған  келешекке  батыл  қадам  жасауды  үйретті:  "Үйге  барайық,  көресіңді 

көресің!». 

Анам  маған  өз  бетінше  емделудің  негіздерін  үйреткен:  "Көзіңді  ақиландырғанды 

қоймасаң, өмір бақи қыли болып қаласың!" 

Анам мені экстросенсориканың не екенін үйретті: "Жемпіріңді ки, көріп тұрмын ғой 

жаурап тұрғаныңды!" 

Анам маған генетиканың негізін үйретті: "Ұқсамасаң тумағыр, тура осы жерің әкеңе 

тартып кеткен!" 

Тұлғаның  жалпы  тәрбиелілігі  өзіндік  тәрбие  деңгейімен  сипатталады,  өзіндік  тәрбие 

сырттай  педагогикалық  тәрбиемен  ажыралмас  өзара  байланыста  болып,  тұлғаның 

қалыптасу үдерісіне қолдау-қуаттау береді әрі оны дамытады.  

Оқу, тәрбие және өзіндік тәрбие біртұтас оқу-тәрбие үдерісінде өзара байланысты. Бұл 

үдерістің қаншалықты нәтижелі болары, осы бірліктің есебінен.  



Қайта  тəрбие  –  мақсаты  келеңсіз  қасиеттерді  жойып,  ұнамды  тұлғалық  сапаларды 

дамытуға бағытталған тәрбие түрі.  

Бұл үдеріс жеңіл  емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет  ететін ұзақты үдеріс. 

Тәрбиелегеннен гөрі қайта тәрбиеге салу анағұрлым күрделі, себебі бұл белгілі бір уақыт 

аралығында  орныққан  көзқарас,  әдеттерді,  мінез  бітістерін  бұзып,  бұрынғыларынан 

өзгеше,  тәрбиеленушілердің  дағдыланбаған  жаңа  әдет-қылық  жүйелерінің  тіктелуіне 

байланысты. Егер ұнамсыз мінез бітістері тұрақтанған сипат алған болса, қайта тәрбиелеу 

әбден қиын соғады. Сондықтан, «кейін қайта өңдеп жатпайтындай етіп тәрбиелеу қажет» 

(А.С.Макаренко).  

Қылмысқа  бейімділік,  теріс  моральдық  қылық-әрекеттер  мен  әдеттер  адам  бойында 

қоршаған  ортаның  кері  ықпалынан,  болымсыз  тәрбиеден,  тіршілік  жағдайларының 

қолайсыздығынан  орнығады.  Мұндай  тәрбиеленушілер  «қиын  балалар»  немесе 

«педагогикалық қамқорлығы болмаған» оқушылар деп аталады. Олар арасында тәрбиелік 

ықпал-әсерлерді  қабылдамайтындар,  тіпті  оған  қарсы  тұратын,  психикасында 

педагогикалық тұрғыдан жат ауытқуларға түскендері де кездеседі.  

Қайта  тәрбиелеу  тиімді  нәтижеге  жетуі  үшін  тәрбие  тезіне  түскен  адам  ең  алдымен 

өзін-өзі  тура  жолға  салу  қажеттігін  түсінуі,  өмір  салтын,  әдеттерін,  қылық-әрекеттерін 

өзгерту керектігін сезінуі тиіс.  

Қайта тәрбиелеудегі маңызды шарт – тәрбиеленушіні қалай да өзіңе тарту, тұлғаны кері 

әрекеттерге  итермелеуші  проблемалардың  туындау  себептерін  анықтау,  кезек,  ретімен 

белгілі  бағытта  орындалып  баратын  мақсаттар  жүйесін  құру.  Мысалы,  жақын  мақсатты 

жүйе  –  ойын,  саяхат,  сыйлық;  орта  мақсатты  жүйе  –  үйірме,  секция  жұмыстарына  қосу, 

алыс сапарларға шығу, лагерьге жіберу және т.б.; ұзақ болашақты көздеген мақсат жүйесі 

-  өзіндік  өмір  және  кәсіптік  бағдар-бағыттарды  айқындау;  тәрбиеленуші  жасап  не  оқып 

жатқан  жағдайды  өзгерту  –  басқа  ұжымға  ауыстыру,  жаңа  іс-әрекетке  қосып,  бұрынғы 


бейімділіктерін ұмыттыру;  мінез-құлқын бұрылысқа келтіру  мақсатында тұлға санасына, 

сезіміне, еркіне үздіксіз ықпал жасау шараларын қолдану және т.б.  

Қайта  тәрбие  үдерісінің  тиімділігін  қамтамасыз  етуші  маңызды  жағдай  –  «қиын 

баланы» тәрбиеші талаптарына құлақ асуға үйрету. Сондықтан тәрбиеші тәрбиеленушімен 

дұрыс  қарым-қатынас  қалыптастырудың  жолдарын  іздестіріп,  екі  арадағы  алакөздікті, 

дау-дамай себептерін басуға әрекеттенуі тиіс. Өз басы әлекке толы балаға ұжымды қарсы 

қойып,  оған  ықпал  жасауға  тіпті  болмайды.  Әр  тұлға  үшін  күресу  қажет.  Тәрбиеленуші 

мұғалім  не  педагогтің  оның  өзіне  қарсы  әрекеттеніп  жатпағанын,  ол  оның  бойындағы 

теріс мінез бітістеріне қарсы күресетінін сезінуі тиіс.  

Қайта тәрбиелеу үшін дәстүрлі әдістермен қатар «адамның барша ниеттерін түпкілікті 

өзгеріске келтіріп, бүкіл ұмтылыстарына бұрылыс беретін» (А.С.Макаренко) – жарылыс 

əдісін  («метод  взрыва»)  де  қолдануға  болады.  Бұл  әдіс  тәрбиеленушіге  өз  теріс 

қылықтарының  бұдан  былай  жарамсыз  болатынын  терең  сезінуге,  өз  мінез-  құлқы  мен 

қоршаған  ортаға  деген  қатынасын  өзгертуге,  жаңаша  өмір  сүру  қажеттігін  түсінуге 

жәрдем береді.  

Қайта  тәрбиелеу  барысындағы  аса  маңызды  қадам-тұлғаны  өзіндік  тәрбие  үдерісіне 

(өзіндік қайта тәрбиелеу және өзіндік реттеу, түзету) қосу.  




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал