Темірбек қожакеев



жүктеу 70.19 Kb.

Дата09.04.2017
өлшемі70.19 Kb.

ТЕМІРБЕК ҚОЖАКЕЕВ 

 

Қазақстан Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  мемлекеттік  ұлттық  университетінің  мерзімді  баспасөз 

кафедрасының  меңгерушісі,  профессор  Темірбек  Қожакеев  –  ұстаз, 

журналист-ғалым,  әдебиеттанушы  ретінде  елімізге  белгілі,  Қазақстанның 

еңбек сіңірген қайраткері. 

Ғалым өзінің жаңа еңбегінде өзара тектес ғылым салалары әдебиеттану 

мен журналистикан 

ың бүгінгі күн үшін зәру, мәдени-әлеуметтік маңызы жоғары ірі де іргелі 

мәселелерін қарастырады. Кітап төрт бөлімнен тұрады. “Әңгіме әдебиет 

әлемінде”  деп  аталатын  бірінші  бөлімде  М.Жұмабаев,  Б.Майлин, 

І.Жансүгіров,  С.Сейфуллин  секілді  қаламгерлердің  шығармашылығы  мен 

өмірі  пайымдалады.  Автор  өз  ойлары  мен  пікірлерін  әдебиеттануда  бұрын 

ғылыми  айналымға  түспеген  дерек  көздері  негізінде  тұжырымдап,  жаңа 

қорытындылар  жасайды.  Көркем  әдебиеттегі  әзіл,  әжуа  жайы, 

жазушының  тілі  мен  стилі,  сюжет,  композиция  түзу  жолдары  туралы 

ойлар мен толғаныстар автордың талдау және жинақтау шеберлігін, ойлау 

мәдениеті  мен  ой  түю  машығының  сәулетін  ашып,  оқырманды  да  ойға 

түсіріп, ойласуға бастайды. 

Ғалым Алдаркөсе мен Қожанасыр әңгімелерінен бастаған сараптауларын 

Әбдіраштың  Жарасқанының  бүгінгі  шымшымаларын,  эпиграммаларын 

пайымдаумен  ұштастыра  отырып,  әзіл-қалжыңның  бірқатар  өткір 

мәселелерін 

көтереді. 

Жекелеген 

ақындар 

мен 

жазушылардың 

шығармашылық  ізденістеріндегі  кемшіліктерді  ашып  көрсетуде  де  ғалым 

ойының туралығымен, пікірінің өткірлігімен дараланады. 

Екінші  бөлімде  сатира  сырлары,  оның  тегі  мен  түрі  сарапталады. 

Халықтық  юмор,  сатираның  көркемдік  жинақтау,  бейнелеу  тәсілдері 

талданып,  теледидар,  эстрада  сатирасы  саласындағы  шығармашылық 

ізденістер мен іркілістер жайы бағаланады. Сондай-ақ мерзімді баспасөзде 

“Сүзеген  сөз”  деген  айдармен  ашылған  сықақ  бұрышында  жарияланған 

шығармалар жайы жан-жақты сөз болады. Автор “Сүзеген сөз” үлгілерін 

сол  сөздің  өзіне  тән  бейнелеу  құралдарын  шебер  қолдана  отырып,  талдай 

отырып,  ойының  қуатын,  сөзінің  әсерін  арттыра  түседі.  Кітаптың  осы 

бөлімінде  қарастырылатын  ендігі  бір  ірі  мәселе  –  сатираның  сыны. 

Сатираның өзі сын екені белгілі. Ал сол сынға сын айту – әрі журналист, әрі 

сатирик,  әрі  әдебиеттанушы,  әрі  әлеуметтанушы  болуды  талап  ететін 

қиын  іс.  Автор  осы  қиын  істі  қиналмай,  оқушыларын  қызықтыра атқарып 

шыққан. Соның нәтижесінде “Сүзеген сөздің” сыры мен қыры да ойдағыдай 

ашылған. 

Журналистиканың  тарихы  мен  теориясы  мәселелері  жөніндегі  еңбектер 

“Жүздесу  журналистика  жөнінде”  деп  аталатын  келесі  бөлімде 

топтастырылған.  Ш.Уәлиханов,  М.Сералин,  Б.Майлин,  тағы  басқалардың 

журналистік  қызметін,  публицистикалық  шығармашылығын  талдай 

отырып,  автор  алғашқы  қазақ  журналистикасының  өзекті  мәселелеріне 

назар аударады. “Айқап” журналы мен “Еңбекші қазақ” газетінің тарихы, 

қалыптасу,  даму  сатылары,  сондай-ақ  олардың  бағыт-бағдарын  белгілеген 

іргелі  мақалалардың,  публицистикалық  еңбектердің  әлеуметтік  беті, 

журналистиканың  жанрлық  түрлерінің  дамуы  мен  жетілуі  жайларын 

пайымдауда  да  ғалым  танымының  тереңдігімен,  кәсіби  шеберлігінің 

кемелдігімен  дараланады.  Сонымен  бірге  автор  республикада  журналист 

кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту жайына  да ерекше назар аударады. 

Кітаптың  соңғы  бөлімінде  “Толғаныс  тарихи  тұлғалар,  тағдыр 

төңірегінде”  деген  атпен  автордың,  публицистикалық  еңбектері,  эсселері 

жинақталған.  Автордың  өз  өмірінің  белестері,  Ұлы  Отан  соғысына 

қатысып,  Рейхстагқа  ту  тіккен  қаһарман  қазақтардың  бірі  Мұхамеджан 

Данияров,  көрнекті  ғылым  және  білім  қайраткері  Төлеген  Тәжібаев, 

мемлекет  қайраткері  Тұрар  Рысқұлов,  белгілі  өнер  қайраткері  Асқар 

Тоқпанов  және  басқа  ел  игілігі  үшін,  Отан  үшін  еңбек  сіңіріп,  тер  төккен, 

жауға  қарсы  аттанып,  қанын ағызып,  жанын берген азаматтардың өмірі 

мен  қызметі  туралы  шығармалары  тарихи  таным  байлығымен, 

деректілігімен бағалы. 

Кітапқа  енген  еңбектер  әр  жылдар  ойларының  көрінісі  болғандықтан, 

оларда  белгілі  бір  мезгілдің,уақыттың  тынысы  айқын  сезіліп  тұрады. 

Ғылым  мен  білім  үшін  бұл  аса  маңызды  және  қажетті  сапалық  қасиет 

болып  табылады.  Ғылым  жолындағы  мамандар  бұл  еңбектерден  қазақ 

журналистикасы  мен  әдебиеттануы  бойынша  ғана  емес,  солармен  қатар 

тарих,  саясаттану,  мәдениеттану  мәселелері  бойынша  да  тарихи  маңызы 

жоғары  ғылыми  мәліметтер  таба  алады.  Бұл  реттен  келгенде,  автордың 

еңбектерінің ғылыми маңызы жоғары, мәдени-әлеуметтік мәні терең. 

Кітап  жоғары  оқу  орындарының  студенттері  үшін  де  пайдалы. 

Журналистиканың  тарихы,  теориясы  мен  практикасы  туралы  талдаулар 

мен  жинақтаулар,  ойлар  мен  толғаныстар  журналист,  әлеуметтанушы 

жолын  таңдаған  студент  жастардың  кәсіби  білімі  мен білігін  арттыруға 

қызмет  ететінінде  сөз  жоқ.  Кітап  жоғары  оқу  орындары  студенттері 

үшін 

журналистиканың 

тарихы 

мен 

теориясы, 

мәдениеттану, 

әлеуметтану,  саясаттану,  әдебиеттану,  тарих  пәндері  бойынша  жалпы 

және  арнаулы  курстарды  оқытуда  көмекші  құрал  ретінде  пайдалануға 

лайықты. 

Темкеңнің “Санат” баспасынан 1999 жылы “Қым-қуыт іздер. Оқу құралы” 

деген  атпен  шыққан  еңбегіне  осындай  алғы  сөз  жазған  едім.  Бұған  себепші 

“Санат”  баспасының  директоры,  белгілі  журналист,  қоғам  қайраткері  Серік 

Әбдірайымов болатын. Секең сол тұста Темкеңнің кітабына әрі алғы сөз, әрі 

қолдау  болардай  пікір  жазып  беруді  өтінген-ді.  Секеңнің  өтінішін  орындау 

барысында Темкеңнің шығармашылық, ұстаздық қызметі туралы арнайы бір 

эссе  жазармын  деген  ойда  болғаным  есімде.  Сол  ойымды  ағамыздың  көзі 

тірісінде жүзеге асыра алмағаныма бүгінде өкінемін. 

Темкеңнің  ұстаздық  өмірі  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық 

университетінің журналистика факультетінде өтті. Білімін, тәжірибесін, үлгі-

өнегесін  журналист  мамандығын  таңдаған  жастарға  берді.  Филология 



факультетінің студенттеріне 1973 жылы “Қазақ сатирасы” атты арнаулы курс 

оқыды.  Менің  білуімше,  бұл  Темкеңнің  филология  факультетінің 

студенттеріне  оқыған  алғашқы  курсы  болу  керек.  Онда  біз  үшінші 

курстамыз. Темкеңнің күш-қуатының қайнап тұрған кезі. Жүріс-тұрысынан, 

үнінен, лекция оқу мәнерінен ғана емес, лекциясының мазмұнынан да ерекше 

серпін,  шиыршық  атқан  күшті  ерік-жігер  лебі  сезіледі.  Алғашқы  бірер 

лекциядан кейін-ақ лектордың сөзі тау суындай арындап жүре берген. Бірде 

сатира туралы ойын алыстан сермеп, мысалдап жеткізеді. Бірде турасын бір-

ақ айтады. Менің есімде лекция үстінде айтылған бір мысалдың оқиға желісі 

жанды сурет секілді осы күнге дейін сақталып қалыпты... 

Ағаштың бұтағында екі қарға отыр екен дейді. Екеуі де өз ортасының сөзін 

ұстаған  көсем  болса  керек.  Көк  зеңгірде  қалықтап  жүрген  қыранға  қарап 

отырып, өзара әңгіме-дүкен құрыпты. 

– Аспаннан не табам деп жүр екен мынау, – дейді бірі.   

Екіншісі  біріншісінің  сөзін  қолдайды:  –  Не  табушы  еді.  Қарашы  қалқып, 

қалықтауын. Не мақсат жоқ, не мұрат жоқ, бекерден-бекер жүр, не атасыз, не 

ботасыз, өзімен-өзі. Ақымақ па дерсің. 

–  Балапан  кезінде  осыған  көп  қамқорлық  көрсетіп  едім.  Енесі  сонау 

биіктен жерге қарай тастап жібергенде, мен осы отырған жерімде қанатымды 

қомдап,  тақымымды  қысып,  талай  жақсылық  жасаған  болатынмын.  Бұл 

сонымды ақтамады. 

– Бар мәселе тәрбиеде. Өзіміз болғанда, қатырып тәрбиелер едім. Ұяда не 

көрді дейсің.  

– Бұл бейшарада тәрбие жоқ қой. 

Бұл  әңгімеден  әркім  әр  қандай  ғибрат  табады.  Қыранның  баласы,  қанша 

тәрбиелегенмен,  қарғаның  алдына  келе  ме?  Қарғаның  тәрбиесіне  көнсе, 

қарғаның  алдына  келсе,  ол  қыран  бола  ма?  Әрине,  жоқ.  Қасқыр,  қанша 

асырағанда  да,  орманға  қарап  ұлиды.  Істің  мәні  негізде,  текте.  Жан  біткен 

тегіне,  негізіне  тартпай  қоймайды.  Мұны  айтатын  –  халық.  Халық  –  дана. 

Халық  –  данышпан.  Халық  –  кемеңгер.  Ол  алып  та,  шалып  та  жығады. 

Сатира  ақылға негізделеді деуіміздің мәнісі осында.  Ақылдың  қос  қанаты  – 

нақыл мен сын. Ақыл жоқ жерде сын болмайды. Сын болмаған жерде ақыл 

да  тұрмайды.  Ал  сынның  атасы  –  сатира.  Сатира  –  қос  ауыз  мылтық:  бір 

аузында – ақыл, бір аузында – сын... 

Осылай кете береді. Сөздерінің бірі  – сын, бірі – ақыл, ойларының бірі  – 

от, бірі – шоқ. Айтып тұрған қос ауызы мылтық та емес, сатира да емес, өзі 

секілді.  Өзі  де  қорғасындай  балқып,  ойын  ойнатып,  қиыннан  қисын  тауып 

сөйлейді екен. 

Ортамызда сатираға бейім, сөйлегенде әр сөзі бір кісіге тиісіп, сүзбесе де, 

сүзе жаздап, сүйкеніп тұратын Құлбек еді. Темкеңнің лекциясы осы Құлбекке 

басқамыздан  гөрі  артығырақ  әсер  етті  ме,  ойын  мысалдап  айтып,  сөзі 

бұрынғыдан  салмақтана  түскен  болатын.  Сол  бала  Құлбек  Ергөбеков  – 

бүгінде  ғылым  докторы,  профессор,  Яссауи  атындағы  Қазақ-түрік 

халықаралық университетінің вицепрезиденті, елге белгілі қаламгер. Темкең 

туралы  айтқан  әңгімелерінен  жылы  шуақ  тарайды.  Басқа  студенттер  де 


Темкеңнің сабағынан өз қажеттерін тапқан болу керек, сабақ үстінде бәрі де 

тып-тыныш  отырып,  ұстазды  ұйып  тыңдайтын.  Біз,  осылайша,  Темағаңның 

арнаулы курсын бір семестр оқыдық. Содан кейін ол кісі біздің аудиторияға 

келмеді.  Келесі  семестрде  басқа  пәндерді  оқып,  басқа  лекторларды 

тыңдадық.  Аты  алты  алашқа  белгілі  ғұламалар,  жазушы-ғалымдар, 

академиктер де дәріс берді. Әрқайсысының өз ғылыми бағыты, өз мінезі бар, 

лекция оқу мәнері де ерекшеленіп тұрады. Сол алып тұлғалардың қатарында 

Темкеңнің  өзі  де,  лекциясы  да  әдептен  озбай,  тереңнен  қозғаған  күйімен 

ойымызда қалып қойды. 

Темкең  азаматтық  ғұмырын  университет  аудиториясында  шәкірттеріне 

дәріс  берумен  өткізді.  Сонадайдан  соңына  ілесіп  біз  де  сабақ  беріп  жүрдік. 

Ұлттық  университет  аудиториясында  лекция  оқу  оңай  жұмыс  емес,  ал 

Темкеңше сөз өнері туралы оқу қиын ғана емес, қиямет іс десе болады. Сөз 

өнері туралы болашақ сөз мамандарына сабақ беру телегей-теңіз білімді, күн 

көзіндей  ішкі  жарық  пен  жылуды  талап  етеді.  Мұның  бәрі  алланың  өз 

пендесінің пешенесіне жазған азды-көпті ғұмыр-уақытын тұтас талап ететін, 

таңның атысынан күннің батысына дейінгі жарық пен жылуды түгел жұтып 

қоятын толассыз еңбекті, бейнетті талап етеді. Сөз өнері математика емес. Ол 

химия да, физика да болмайды. Бірақ бұл өкінішті емес. Өйткені сөз өнері – 

адам  өмірінің  жарығы  мен  жылуы,  адамгершілік  негізінің  асыл  сәулесі: 

жанның  шындығы,  жүректің  сыры.  Жанның  шындығы  мен  жүректің 

сырынан  ұшқан  сәуледе  шек  те,  шет  те  жоқ.  Оның  ұшын  ұстау,  ұшығына 

жету мүмкін емес. Сөз өнері профессорының бір лекциясының бір ғасырдың 

жүгін көтеріп тұратыны, бір күнінің бір ғасырдан ұзаққа созылатыны осыдан. 

Сөз  өнерінің  профессорына  өз  пәнін  жете  білу  жеткіліксіз,  оны  жанмен 

түйсініп,  жүрекпен  сезіну  қажет,  жанын  жалау  етіп,  шын  жүректен  сөйлеуі 

шарт.  Ол  үшін  профессорға  ет-жүрек  емес,  жан-жүрек  керек.  Профессор 

Темірбек  Қожакеевтің  көкірегінде  жан-жағына  жарық  пен  жылу  таратып 

тұрған жүрек те ет-жүрек емес, жан-жүрек еді. 

Ғалым  ғылыми-шығармашылық  өмірінде  алтын  уақыты  мен  асыл  қуатын 

сатираға  арнады.  Әдебиеттануда  сатираны біз  көркем  әдебиеттегі пафостың 

көрінісі  деп  білдік.  Өмір  құбылыстарын  көркем  жинақтаудағы  құрал,  амал 

ретінде де қабылдап жүрдік. Бүгінгі әдебиеттануда да бұл мәселе төңірегінде 

ойланатын,  ойласатын  жайлар  аз  емес.  Темірбек  Қожакеев  болса,  тек  қазақ 

сатирасы,  оның  практикалық,  теориялық  мәселелері  бойынша  бес  жүзден 

астам  еңбек  жазып,  жиырмадан  астам  монография,  оқулық  және  оқу 

құралдарын  жариялапты.  Ғылымда  бір  ғана  ғылыми  мәселе  бойынша 

мұншалық мол жұмыс жасап, осынша көп еңбек жариялау – ғалым өмірінде, 

ғылым  әлемінде  сирек  кездесетін  құбылыс.  Жасыратыны  жоқ,  ғылым 

докторы  атағы  бар  азаматтардың  бірқатары  зерттеу,  ізденіс  жұмыстарымен 

айналыспай, тып-тыныш күн кешіп жатқаны рас. Олар туралы қандай да бір 

пікір білдірудің реті де келе бермейді. Ғалым дейін десеңіз, ғалымға лайықты 

ғылымы  жоқ,  ғалым  емес  дейін  десеңіз,  ғылым  докторы  деген  табақтай 

қағазы бар. Шындығына келгенде, шын ғалым ғылымсыз, ғылыми ізденіссіз 

бір  күнін  де  өткізе  алмайды.  Қырандық  жасау  үшін  қыранға  аспан 


қаншалықты керек болса, ғалым болу, ғалым болып қалу үшін кісіге ғылыми 

ізденіс  кеңістігі  де  соншалықты  қажет.  Темірбек  Қожакеұлы  –  ғылымда  өз 

кеңістігін, өз аспанын өз қолымен, өз еңбегімен, талант-танымымен жасаған 

ғалым. Сатиратану ғылымының негізін қалап, дамытқан, оны біртұтас әлемге 

айналдырған  ғалымның  өмірі  мен  еңбегі  құрметке  де,  құрметтеуге  де 

лайықты.  Ғалым  ізденістерінің  кеңістігіне  тән  басты  қасиет  –  тереңдік. 

Мәдени-әлеуметтік  маңызы  мен  мәні  зор  ірі  ғылыми  проблеманы  зерттеп, 

нәтижесінде  тұтас  бір  бағыт,  ерекше  әлем  ашқан  ғұламаның  өмірі  мен 

шығармашылығында  тереңдік  те,  биіктік  те  бар.  Ол  тереңге  бойлау  үшін, 

Темкеңе тән талант керек. Сол биікке қол жеткізу үшін, Темкеңе тән таным 

қажет. Ондай талант, ондай таным алдағы күндер көгінен табылмаса, біздің 

көзіміз  жетіп  тұрған  бүгінгі  бойлық  пен  ендіктен  енді  қайта  көріне  қоймас. 

Темкең кісі ретінде, ұстаз ретінде қандай дара тұлғалы, бірегей, бүтін болмыс 

болса, ғылымда да сол ерекшелігінен жазбады. 

Халықта: “Алтын шыққан жерді белден қаз!” – деген бұйрық райлы ғибрат 

бар. Халық айтса, қалп айта ма... Темкең де білекті сыбанып, өзінің ғылыми 

қызметінде,  шығармашылық  өмірінде  алтыннан  да  ардақты,  мәдени-

әлуметтік  маңызы  жоғары  ғылыми  мәселені  бар  күшін  салып,  бар  уақытын 

арнап зерттеді. Кенші алтын шыққан жерді қолмен (кетпен, күрек, қайла, т.б.) 

қазып  та  қыруар  қазынаға  ие  болуы  мүмкін.  Ал  Темкең  ғылыми-

шығармашылық өмірінің асыл өзегіне, биік мұратына, ғұмырлық нысанасына 

айналған ғылым кенін қайламен де, кетпенмен де емес, инемен қазды, белден 

емес,  терең  қазды.  “Фельетон  мәселелері”  (1962),  “Қазіргі  қазақ  сатирасы” 

(1966),    “Қазақ  сатирасы”  (1970),  “Абай  –  сатирик”  (1970),  “ХХ  ғасыр 

басындағы  қазақ  сатирасы”  (1974),  “Сатира  және  дәуір”  (1976),    “Адам. 

Қоғам.  Сатира.”  (1980),  “Сөз  туралы  сөз”  (1983),  “Сатиралық  жанрлар” 

(1983),  “Сатира  –  күштілер  қаруы”  (1985),  “Жас  тілшілер  серігі”  (1991), 

“Сатира  негіздері”  (1996),  “Қым-қуыт  іздер”  (1999)  және  басқа  зерттеу 

еңбектер  мен  оқулықтардың,  оқу  құралдарының  әрбірі  үшін  төгілген  тер, 

кеткен  уақыт,  жұмсалған  күш  алтын  іздеген  кеншінің  белден  қазған  жерде 

төккен  терінен, кеткен уақытынан, жұмсаған күшінен әлдеқайда артық. 

Ғалымның  енді  бір  топ  еңбектері  қазақ  журналистикасының  қалыптасып, 

дамуына  тарихтың  түрлі  кезеңдерінде  еңбек  сіңірген  мәдениет,  қоғам 

қайраткерлерінің  шығармашылық  өмір  жолдарының  үлгісі  мен  өнегесін 

пайымдауға  арналған.  Темкең  өткен  жылдардың  ескірген  әрі  сирек 

ұшырасатын  құндылықтарға  айналып  кеткен  басылымдарын,  архив 

қойнауларындағы  қолжазба  мұраларды  мұқият  қарап  жүріп,  Ғазымбек 

Бірімжанов,  Әбдірахман  Байділдин,  Біләл  Сүлеев,  Серікқали  Жақыпов, 

Нәзипа  Құлжанова,  Қалдыбай  Абдуллин,  Жәкен  Сәрсенбин,  Бейсенбай 

Кенжебаев,  Мәжит  Дәулетбаев,  Ибат  Игенұлы,  Ғабдол  Сланов,  Сәдуақас 

Баймаханов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев, 

Тұрар  Рысқұлов,  Сұлтанбек  Қожанов,  Сәкен  Сейфуллин,  Ораз  Жандосов, 

Ілияс  Жансүгіров,  Бейімбет  Майлин,  Ғаббас  Тоғжанов,  Иса  Тоқтыбаев, 

Абдолла  Розыбакиев,  Ерғали  Алдоңғаров,  Сара  Есова,  Сабыржан 

Шәкіржанов  және  басқа  жүзден  астам  жеке  тұлғалардың  қазақ  қоғамының 


дамуы,  қазақ  елінің  мәдени-әлеуметтік  жағынан  өсіп-өркендеуі  жолында 

атқарған  қызметін,  сіңірген  еңбегін  азаматтық  биік  тұрғыдан  зерделеді. 

Елінің  ертеңі  үшін  ерен  еңбек  етіп,  тіпті  өмірін  қиған,  зымыран  заманның 

мұнары  мен  тұманы  арасында  еленбей,  елеусіз  қалып  келген  есіл  ерлердің 

тарихи-әлеуметтік  бейнесін,  портретін  жасауда  да  журналист-ғалымның 

елдің  тарихына, халық  зиялыларының  тағдырына,  ұлттың мәдени  мұрасына 

деген  бек  құрметі  қозғаушы,  жетекші,  бастаушы  қызмет  атқарған  болса 

керек.  


Ғалымның  аталған  және  басқа  еңбектерінің  әрқайсысының  ғылыми  және 

практикалық  маңызы,  мәдени-әлеуметтік  құндылығы  ат  басындай  алтыннан 

артық  болмаса,  кем  емес.  Өйткені  осы  және  басқа  еңбектерде  баяндалған 

ойлар мен толғаныстарды бойына сіңіріп, сабағын ойына қондырып, игілігіне 

жаратып  қазақ  журналистикасының,  қазақ  сатирасының  сан  лек  мамандары 

өсіп,  жетілді.  Бұл  –  үлкен  жетістік,  елдің  жетістігі,  баға  жетпес  байлық, 

ұлттың байлығы. Мұндай жетістік пен мұндай байлықты алтынға айырбастап 

алу  мүмкін  емес,  күміске  сатып  алуға  болмайды.  Сондықтан  да  Темкеңнің 

қазақ  журналистикасына,  қазақ  сатирасына,  Қазақстан  жоғары  мектебіне 

сіңірген еңбегі алтыннан ардақты, күмістен салмақты. 



                                                                                                                                                                          

2004  

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал