«Темірбек Жүргенов мұрағаттың жаңа деректерінде»



жүктеу 66.1 Kb.

Дата10.06.2017
өлшемі66.1 Kb.

«Темірбек Жүргенов мұрағаттың жаңа деректерінде» 

 

 



Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері, кезінде репрессия құрбандары болған көптеген 

қазақ  зиялыларының  есімдері  қайта  жаңғырып  қазақ  жұртшылығына  танымал  болып  жүр. 

Солардың  қатарында  Сыр  елінің  азаматы,  жас  кезінен  қоғамдық,  мемлекет  жұмыстарына 

тығыз араласқан, ағамыз Темірбек Қараұлы Жүргенов болды.   

 

Биыл  Қызылорда  облысы  әкімінің  ұсынысына  сәйкес  Қорқыт  Ата  атындағы 



Қызылорда  Мемлекеттік  университетінің  ғалымдары  Алматы,  Душанбе  және  Ташкент 

мұрағаттарына Темірбек Жүргеновке қатысты құжаттарды жинақтап әкелуге жіберілді. Бұл 

мақала  осы  іс-сапарлар  кезінде  әкелінген  мұрағат  құжаттарының  негізінде  дайындалған. 

Құжаттардың  басым  көпшілігі  Т.Жүргеновтің  Ағарту  Халық  комиссары  болып  жұмыс 

атқарған  кезеңіне  байланысты  болғандықтан,  зерттеуіміздіде  сол  кезеңдегі  құжаттардан 

бастағанды дұрыс көрдік.  

 

Қазақстанда Ағарту Халық комиссары болып қызмет істеген Т.Жүргенов Қазақстанда 



білім, ғылым, өнер, мәдениет салаларының дамуына елеулі  үлес қосқан деуге болады. Осы 

кісінің басшылығымен қазіргі белгілі оқу орындарының, театрлардың ірге тастары қаланып, 

ұлттық  интеллигенцияның,  жоғарғы  білімді  мамандардың  жаңа,  көптеген  қатары  пайда 

болды.  Бұл  мамандарды  дайындау  үшін  оларды  Ресейдегі  оқу  орындарына,  оның  ішінде 

Мәскеуге, Ленинградқа жіберіп сол қалаларда қазақ жерлестіктерінің қауымдастығын құрып 

сол  қауымдастықтар  арқылы  Комиссариаттан  қаржы  бөліп  қосымша  стипендия, 

санаторияларға жолдамалар бөліп сыртта оқыған қазақ балдарына көмек беріп отырған.  

 

Темірбек  Жүргенов  Қазақстаннан  тыс  жерлерде  оқитын  Қазақстандық  студенттерді 



өзінің  назарынан  тыс  қалдырмай,  қолынан  келгенше  көмек  беріп,  еліне  қайтқанда  баяғы 

орыстың патшасы Пётр І секілді шетелде оқып келген орыс дворяндарының балаларынан өзі 

емтихан қабылдап қызметке тағайындағандай наркомпростың арнайы бұйрығымен [1, 360п] 

үлгіріміне  және  маманға  сұранысқа  байланысты  оларды  бірінші  кезекте  педагогикалық 

техникумдарға,  облыстық  және  қалалық  білім  бөлімдерінде  жұмыс  істеуге  жолдама  беріп 

отырған.  Осындай  бұйрықтар  Қазақстанның  жоғарғы  оқу  орны  КазПИ-ді  бітірген 

түлектергеде арнап шығарған [2, 371п]. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның орта оқу 

орындарын, мектептерді, техникумдарды және жоғарғы оқу орындарын сапалы мамандармен 

қамтамасыз ету қиын болатын. Арнаулы білімі бар азаматтар аз, болған жағдайдада оларды 

Кеңес үкіметінің түрлі деңгейдегі мемлекеттік ұйымдары өздеріне жұмысқа тартып әкететін. 

Т.Жүргеновтің  үлкен  бір  еңбегі  Қазақстанның  үкімет  басшыларына  шығып  басқа  салада 

жұмыс істеп жүрген педагогика саласының мамандарын қайтадан өз саласына тарту туралы 

жасаған ұсынысы. Осы ұсыныстың нәтижесінде Қазақстан үкіметінің қаулысына сәйкес сегіз 

жүз педагогика саласының мамандары педагогика саласына қайта оралды[3, 316п].  

 

1934-1935  оқу  жылында  Қазақстанның  1-ші  және  2-ші  деңгейдегі  мектептерінде 



жұмыс  істеген  15583  мұғалімнің  10  мыңының  арнаулы  білімі  болмаған.  Бұл  оқу  жылында 

Қазақстан  мектептеріне  қосымша  4000  мұғалім  керек  болды,  ал  1934  жылы  Қазақстандағы 

барлық  пед.техникумдарды  350  студент  қана  бітіретін  еді.  Сол  себепті  1934-1935  жылғы 

педагогикалық кадрлардың дефициті 3650 адамды құрады [4, 359-361п]. Осы проблемаларды 

аз уақытта шешу Т.Жүргеновтің негізгі жұмысы болды.  

 

Бұл  кезең  қысылтаяң  уақыт  болатын,  мұғалім  кадрларының  жетіспеушілігіне 



байланысты жаз айларында бастауыш және орта мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру 

үшін  наркомның  тапсырмасымен    КазПИ-дің  2-нші  және  3-інші  курс  студенттеріде 

Қазақстанның аудандары мен ауылдарына екі айға іс-сапарларға жіберіліп отырды [2, 371п].  

 

Темірбек Жүргеновтың тағы бір қасиеті жоғарғы оқу орындары ішінде университеттік 



жүйені  жақсы  қадірлегені.  Осыған  байланысты  деп  ойлаймын.  1937  жылы  Томск 

университетін  бітіретін  9  Қазақстандық  студентті  оқуын  бітірмей  жатып  біреуін 

педтехникумның директоры қызметіне, екеуін орта мектеп директорлығына, біреуін мектеп 


директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасарлығына,  біреуін  педтехникумға  оқытушылық 

қызметке,  ал  қалғандарын  ауылдарға  жібермей  қала  мектептерінде  қалдыруға  бұйрығын 

шығартқан.  

 

Ағарту  Халық  комисариаты  саласына  қарайтын  барлық  жерлерде  Т.Жүргенов 



осындай жұмысқа деген ынта жігерін көрсете білді. 1934 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ 

мемлекеттік  академиялық  опера  және  балет  театры    ашылғанда  Т.Жүргенов  осы  театрға 

мамандар даярлау мақсатында 64 адамды Москваға оқуға жіберу үшін болашақ студенттерді 

іріктеуге құрамында Брусиловский секілді тұлғалар бар бес адамды Қазақстанның Оңтүстік, 

Батыс,  Шығыс,  Алматы,  Ақтөбе  облыстарына  іс-сапарға  жіберді.  Кейбір  жағдайда 

біліктілігімен көзге түскен қызметкерлерді, біліктілігін арттыру үшін стипендия тағайындап 

оқуға  жіберіп  отырған.  Мысалы  1935  жылдың  соңында  ән  айту  өнерімен  көзге  түскен 

Р.Алоширова  деген  азаматшаға  200  сом  есебінде  стипендия  тағайындап  Москваға 

консерватория  жанындағы  опера  студиясына  оқуға  жіберген.  Жаңадан  ашылған  опера 

театрына  мамандардың  өте  керек  екенін  түсінген  Т.Жүргенов  Москва  консерваториясы 

жанынан Қазақ опера студиясының ашылуына дем беріп, оның директоры қызметіне Никита 

Давидович Кармановты тағайындап 500 сом есебінде жалақысын бекітті [1, 10п]. Осы кезде 

Т.Жүргеновтің  Халық  комиссары  есебіндегі  жалақысы  450  сом  болатын.  Т.Жүргеновтің 

қарапайымдылығын  1935  жылғы  Ағарту  Халық  Комисариаты  қызметкерлерінің  штаттық 

кестесінен  көруге  болады.  Ол  өзінің  тұсында  белгіленген  500  сом  айлық  жалақы  дегенді 

сызып,  тұсына  450  сом  деп  қойған.  Сонда  наркомның  секретариатындағы  Т.Жүргеновті 

қосқандағы  5  адамның  3-інің  жалақысы  наркомнан  артық,  ал  біреуінікі  наркоммен  бірдей 

болған [1, 365-366 п].  

 

Кейбір  зерттеулерде  жоғарғы  оқу  орындарындағы  сырттай  оқу  бөлімдері  Ұлы  Отан 



соғысынан  қайтқан  жауынгерлердің  еңбек  етіп  жүріп  жоғары  білімді  алуы  үшін  ашылған 

делінген.  Ал  Т.Жүргеновке  қатысты  мұрағат  құжаттарымен  таныса  келе  сырттай  оқу 

бөлімдері  30-шы  жылдары  жұмыс  істегені  көрініп  тұр.  1936  жылы  23  қазанда  Қазақстан 

үкіметі  Қазақстандағы  оқу  орындарында  маман  тапшылығына  сәйкес  қосымша  3000 

студентті дайындау туралы бұйрығын шығарды. Осыған сәйкес Т.Жүргеновтің бұйрығымен 

Темір,  Лепсі,  Жаркент,  Үрджар,  Семей,  Өскемен,  Зайсан,  Павлодар,  Петропавловск, 

Шучинск,  Шымкент,  Түркістан  педагогикалық  техникумдарынан  сырттай  оқу  бөлімдері 

ашылды  [5,  1-2  п].  Осы  1936  жылдың  20  қарашасындағы  бұйрыққа  сәйкес  мектептердегі 

дипломы  жоқ  мұғалімдерді  сол  1936  жылдың  соңына  дейін  сырттай  оқу  бөліміне  оқуға 

түсуге  мәжбүрледі,  оқуға  түспеген  жағдайда  я  оқуға  қызығушылық  білдірмеген  жағдайда 

оқуымен  қоса  жұмысынан  шығаруды  тапсырды.  Педагог  мамандарының  жетіспеушілігін 

қысқа  мерзімде  жою  үшін  Қазақ  АССР-інің  Комиссарлар  кеңесінің  «мұғалімдік  және 

педагогикалық институттарға мұғалімдерді экстернатқа қабылдау туралы» қаулысына сәйкес 

толық  орта  білімі  бар,  мұғалім  болып  жұмыс  істеп  жатқан  250  адамды  Алматыдағы  Қазақ 

педагогикалық  институтына,  160  адамды  Орал  пединститутына,  175  адамды  Ақтөбе 

мұғалімдер  институтына,  барлығы  585  адамды  жедел  түрде  дайындау  туралы  бұйрықты 

дайындап,  Т.Жүргенов  Қазақтан  үшін  педагог  мамандарды  дайындауды,  мектептермен 

арнаулы орта, жоғарғы оқу орындарында мамандардың көбеюіне өзінің үлкен үлесін қосты.  

 

Бәрімізге  мәлім  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  Ұлттық  консерваториясы  1944  жылдан 



жұмыс істеп келеді. Бірақ көпшілік бұл жұмыстың басы Т.Жүргеновтің кезінде жасалғанын 

білмейді. 1935 жылдың 30 желтоқсанында Т.Жүргенов Қазақ мемлекеттік консерваториясын 

құрудың  дайындығын  бастау  үшін  7  адамнан  тұратын  құрамында  А.Жұбанов, 

Е.Брусиловскийлар  бар  комиссия  құрып,  оларға  консерваторияны  білім  алушылармен 

қамтамасыз  етуді,  сырттан  оқытушы-профессорларды  шақыруды,  музыкалық  аспаптармен, 

оқу құралдарымен қамтамассыз етуді тапсырды және осы бұйрығымен Алматыдан жылына 

100  адамды  қабылдайтын  музыкалық  мектепті  ашып  берді  [6,  1п].  Бұл  болашақ 

консерватория абитуренттері еді.  



 

Темірбек  Жүргенов  Қазақстанның  ағарту  саласында  Халық  Комиссары  болған  кезде 

көптеген  жұмыстар  атқарылды.  1935  жылы  Қазақ  АКСР-ының  15  жылдығын  атап  өту 

бұйрығында [6, 85п] «Қазақстанда қазіргі таңда 6000 мектеп бар. Онда 600 000 оқушы білім 

алуда, Революцияға дейін бірде-бір орта немесе жоғарғы оқу орны болмаса қазір 100-ге жуық 

техникум, 17 жоғарғы оқу орны, оның ішінде бірінші Қазақ Мемлекеттік Университеті бар»- 

деген  еді.  6000  мектептің  болуы  сол  кезең  үшін  үлкен  жетістік  болды,  КСРО  ыдырағаннан 

кейінгі 1992-1993 оқу жылында Қазақстанда 8 654 мектеп болған, бұл мектептерде  3 126,9 

мың оқушы оқыған [7, стр. 234]. Осы сандардың өзінен 30-шы жылдары мектептер көп болса 

да, балдарды оқуға тарту әлі де қиындық туғызғаны көрініп тұр. 

 

Оқушылардың  сабаққа  көптеп  келмеуін  КАКСР  Ағарту  Халық  комиссариатының 



28.11.1934 жылғы №581 бұйрығынан көруге болады. Ақтөбе облысының 7 малшаруашылық 

ауданында  1933-1934  оқу  жылында  1  сыныпта  9375  оқушы  оқыса,  келесі  жылы  2  сыныпта 

3468 оқушы ғана оқыған [5-7 п]. Мұндай жағдайларда Жүргенов жағдайды жөндеудің жолын 

көрсетіп,  нақты  тапсырмалар  беретін.  Ал  егер  жұмыс  жөнделмесе  қатаң  шаралар 

қабылдайтын.  Мысалы  сол  Ақтөбе  облысының  Карповка  елді  мекеніндегі  толық  емес  орта 

мектебіндегі  жұмысты  әлсіреткені  үшін  Т.Жүргенов  мектеп  директоры  Галатоны  және 

аудандық білім бөлімінің басшысы Родиенконы сотқа берді. Өз қызметіне салғырт қарайтын 

басшыларды  ақшамен  де  жазалап  отырған.  Мысалы  Алматыдағы  кітапханашылар  курсына  

2-3  класстық  білімі  бар,  сауаты  төмен,  кейбіреулері  Ликбезде  ғана  оқыған  адамдарды 

жібергені  үшін  бұлардың  жол  пұл  шығындарын  толығымен  осыларды  оқуға  жіберген 

аудандық білім бөлімдері басшыларының мойнына салған [9, 613п].  

 

Темірбек Жүргенов қазақ балдарын оқуға тартуға әсіресе қабілетті балаларды тартуға 



көп  жұмыс  атқарды,  солардың  бірі  1935  жылдың  4  шілдесінде  өткен  балалар  үйлерінде 

тәрбиеленуші  қабілетті  балалардың  слёті.  Бұл  кезде  30  жылдардағы  ашаршылық  кезінде 

жетім қалған балалардың балалар үйінде көп болу фактісі тіркелді және олардың көбісі қазақ 

балалары  еді.  Осы  слётке  шақырылған  60  адамның  25-і  қазағы  көп  Оңтүстік  Қазақстан 

облысынан шақырылған болатын.  Слёттің қорытындысы бойынша балалардың қай бағытта 

қабілетінің мол екені анықталып түрлі оқу орындарына емтихансыз  қабылданды [6, 111 п]. 

Балалар  үйінің  тәрбиеленушілеріне  жағдай  жасап,  азамат  болып  қалыптасуына 

Т.Жүргеновтің келесі  бұйрығыда дәлел. 1935  жылғы оқу орындарына қабылдау жоспарына 

сәйкес Алматыдағы Муздрамтехникумға 130 адам, хореография мектебіне 50 адам Алматы, 

Оңтүстік, Шығыс Қазақстан және Қарағанды балалар үйінің балаларынан алынды.  

 

Оқуға  алынған  бұл  балалар  шындығында  сауатты  балалар  болу  керек,  себебі  көп 



ұзамай бұл студенттерді Қазақстанның әр жерінен театрларға жұмысқа шақырып, студенттер 

стипендиядан  гөрі  айлық  алғанды  дұрыс  көріп  театрларға  кете  бастады.  Бұны  білген 

Т.Жүргенов  театр  директорларына  студенттерді  жұмысқа  алмау,  ал  студенттерге  оқуларын 

жалғастыру туралы арнайы бұйрық шығарды [6, 14п].  

 

Т.Жүргеновтің ұлттық кадрлерді дайындауға үлкен мән бергенінің БК(б)П Қазақстан 



өлкелік  бюросының  1934  жылғы  27  мамырдағы  қаулысынан  көруге  болады.  Бұл  қаулыға 

сәйкес  жоғарғы  оқу  орындарына  1934  жылы  қабылданатын  студенттердің  65-80%  қазақ  я 

шығыс  ұлттары  өкілдерінен  болу  керек  болды[10,379п].  1934  жылы  Қазақ  мемлекеттік 

университетін  ашуға  үкім  шыққанда,  болашақ  университеттің  профессор-оқытушылар 

кадрларын  дайындау  үшін  Москва,  Ленинград  университеттеріне  10  адамды  аспирантураға 

жіберу  көзделгенде,  Т.Жүргенов  бірінші  кезекте  қазақ  ұлтының  өкілдерін  жіберу  туралы 

мәселені көтерді [11, 121п].  

 

Т.Жүргенов  ана  тілін  оқыту  мәселесінеде  ерекше  мән  берді.  1936  жылы  Шығыс 



Қазақстан  облысындағы  Көкпекті  ауданындағы  мектептің  бірінде  оқушылар  44  сөзден 

тұратын диктантта орташа 38 қатеден, ал Семей қаласындағы 95 мұғалім диктантта 843 қате 

жібергенін  білген  Халық  комиссары  бақылауды  күшейтуді,  ал  ана  тілін  оқытатын  барлық 

мұғалімді тексеруден өткізіп, ана тілін оқыту үйірмелерін ұйымдастыруды тапсырды.  



 

Қаралған  құжаттар  ішінде  бір  қынжылтатыны  «Атта  отырсаң  еретіндер  көп,  аттан 

құласаң  тебетіндер  көп»  дегендей,  Т.Жүргенов  түрмеге  жабылғаннан  кейін  оның 

орынбасары  «Бұған  дейінгі  Комиссариатта  жасалынған  көптеген  жұмыстар  халық  жауы 

Жүргеновтің  басшылығымен  жоспарсыз,  жүйесіз  істелініп,  мекеменің  ішкі  өміріне,  оқу 

орындарына  бақылау  салғырт  жүргізілді»-деп,  көп  жылдар  бойы  Жүргеновтің 

басшылығымен  атқарылған  жұмыстар  жоққа   шығарылды  және  екі  күн ішінде  «жоғарыдан 

берілген  тапсырмалардағы  қасақана  жасалынған  кемшіліктерді  анықтау»  тапсырылды.  Бұл 

кеңестік жүйенің Қазақстанда білім мен мәдениет жүйесін көтеріп, жаңа деңгейге жеткізген 

Т.Жүргеновке айтқан «рахметі» болды. 

 

Қамауға алынардан 4 күн бұрын Т.Жүргенов, Ғ.Мүсірепов, Исаев, төраға Нүрпейісов 



тағы  бір  қатар  Қазақстан  КП  (б)  Орталық  Комитетінің  мүшелері  «кітапханалардағы, 

дүкендердегі  және  оқу  орындарындағы  контрреволюциялық  кітаптардың  тізімін  жасап 

бекітуге ұсынатын комиссия» құрамына кіргізілді [12, 54п]. 

 

Қазір  Қазақстан  энциклопедиясы  барлық  Қазақстандықтар  үшін  өз  елінің  тарихы, 



жетістігі жинақталған жақсы анықтамалық кітап болып табылады. Осы орайды Қазақстанда 

«Қазақ  энциклопедиясын»  дайындау  туралы  Қазақстан  өлкелік  БКП  (б)    комитетінің 

бюросының  шешімімен  жасақталған  бірінші  топта  Нүрпейісов,  Исаев,  Кабулов,  Васюткин 

және Жүргенов болғанын  атап өтуіміз керек  [13,324п]. Бұған қоса  сауаты  аздарға  арналған 

журналдың  редколлегиясының  мүшесі  болған  және  «Литературный  Казахстан»  газетінің 

редакциялық алқасында болған [12, 179п]. 

 

Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі әлі де өзінің зерттеушісін күтіп отыр. Бұлай 



айтуымның  бір  ғана  мысалы,  биыл  Тәжікстанның  Душанбедегі  мемлекеттік  мұрағатында 

жұмыс  істеген  әріптестеріміз  У.С.  Ибраев  және  Б.Б.  Еңсепов  Жүргеновтің  еңбек  жолының 

бұрын  ешкім  білмеген  жаңа  бетін  –  ағамыздың  Тәжікстанның  Статистика  басқармасының 

бастығы  болғанын  анықтап,  Тәжікстанда  қаржы  жүйесінің  дамуына  байланысты 

Т.Жүргеновтің жүргізген үлкен жұмысын айқындайтын көптеген жаңа құжаттар әкелді. 

 

Бұл  мақалада  Темірбек  Жүргеновтің  өмірінің  жаңа  беттері  ашылды.  Өкінішке  орай 



мұндай  ақтандақ  беттер  әлі  көп.  Алдағы  уақытта  Егемен  еліміздің  зерттеуші-ғалымдары 

Темірбек Жүргеновтің өмірімен қызметінің беттерін толықтырады деген үміттемін.  

Мақалада  ХХ  ғасырдың  30-шы  жылдары  репрессия  құрбаны  болған,  Қазан  төңкерісінен 

кейін пайда болған қазақ интелигенциясының екінші толқынының мүшесі Темірбек Қараұлы 

Жүргеновтің  30-шы  жылдардағы  өмірімен  қызметі  м№ұрағат  құжаттары  негізінде 

баяндалады.  Мақаладағы  мұрағат  құжаттарының  басым  бөлігі  Қазақстан  Республикасының 

Орталық Мемлекеттік мұрағатының және Президент мұрағатының құжаттары. Осы құжаттар 

негізінде Т.Жүргеновтің  Халық комиссары болып қызмет атқарған кезеңіндегі Қазақстанда 

білім  жүйесінің,  мәдениет  өнер  салаларының  дамуына  қосқан  үлесі,  қазақ  тілімен  қазақ 

мамандарын дайындаудағы атқарған еңбегі баяндалады.  

 

В статье показана жизнь и деятельность репрессированного в тридцатые годы представителя 



второй  волны  казахской  интеллигенции,  которая  появилась  после  октябрьского  переворота 

1917  года,  Жургенова  Темирбека  Караулы.  Статья  написана  на  основе  документов 

Центрального  Государственного  Архива  и  Архива  Президента  Республики  Казахстан.  В 

статье  показана  работа  Т.Жургенова  в  период,  когда  он  был  Народным  комиссаром 

просвещения Казахстана. Его вклад в развитие системы образования, культуры и искусства, 

также  раскрывается  его  вклад  в  подготовке  национальных  кадров  и  развитии  казахского 

языка.   

 

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер: 

 

1. ҚР ОММ., 81 қор, 3 тізбе, 325 іс. 



2. ҚР ОММ., 81 қор, 3 тізбе,  326 іс. 

3.ҚР ПМ., 141 қор, 1 тізбе, 6614 іс. 

4. ҚР ПМ., 141 қор, 1 тізбе, 6604 іс. 

5. ҚР ОММ., 81 қор, 4 тізбе, 115 іс. 

6. ҚР ОММ, 81 қор, 4 тізбе, 35 іс. 

7.  Региональный  статистический  ежегодник  Казахстана  за  1992  год,  Алматы,  Казинформ 

центр 1993, 588 стр.  

8. ҚР ОММ., 81 қор, 3 тізбе, 313 іс. 

9. ҚР ОММ., 81 қор, 4 тізбе, 58 іс. 

10. ҚР ПМ., 141 қор, 1 тізбе, 6551 іс.  

11. ҚР ПМ., 141 қор, 1 тізбе, 6605 іс. 

12. ҚР ПМ., 708 қор, 1 тізбе, 42 іс. 

13.ҚР ПМ., 141 қор, 1 тізбе, 6605 іс. 

 

Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы. 



Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті  

«Қорқыттану және өлкетарихы» ғылыми-зерттеу институты  

директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал