Темір қыз (әңгіме)



жүктеу 59.59 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі59.59 Kb.

«Дарабоз» бәйгесіне! 

Темір қыз  

(әңгіме) 

– Кӛтек, о несі әке! О заманда бұ заман, ер адамға қол кӛтере ме екен? Әлгі 

мектеп деректірі тәйт демей қайда қараған? Ерімізге қол жұмсау... осы күнге 

дейін  тіке  қарап  сӛйлеген  емен!  –  келесі  жылы  торқалы  тоқсан  жасын 

мерекелеп,  ағайын-туыс,  жекжат-жұрат,  кӛрші-қолаңның  басын  қосып  той 

жасап  береміз  деп  қамданып  жүрген  жанұяның  әжесі  шӛбересінің  аузынан 

естіген жайға қаныққаны сол еді, қабағы қыртыстанып шыға келді.  

–  Ол  қайдан  шыққан  мықты    ӛзі?  –  Сиыр  кезегін  аман-есен  ӛтеп,  табынды 

таудан  шашау  шығармай  айдап  түскеніне  іштей  шүкіршілік  етіп,  майлы 

кеспенің  кілкіген  суын  басына  бір-ақ  қотарған  әкесі  аузы  тамақтан  босаған 

соң тіл қатты.  

– Мұрны қанаған кімнің ұлы? Күндеқыздың баласы ұшынып кетіп еді,  сауап 

істепті!    –  Бұларды  химия  пәніне  баулитын    анасы  мектептен  естімеген 

жаңалықты кештеу білгеніне  таңдана кӛзін аударып-тӛңкерді.  

–  Мә,  ӛңшең  сужүрек  қорқақтар!  Қыздан  таяқ  жегенше  мен  секілді...  – 

Тамағын тауыспастан орнын суытуға қамданып, тұрып кеткен інісін ауылдың 

сол  күнгі  басты  оқиғасын    таратушы  қабағымен  қоса  қолымен  тыйып 

тастады.  

*** 

–  Сен  кімнің  шікірәсісің?  Бұл  сыныптың  сұлтаны  мына  мен!  Мыналар 



бағынған  тәртіпке  сен  де  қарсы  келмейсің!  –  Сӛзінің  соңы  тісінен  ӛтіп 

болғанымен, оң кӛзін жұмып үлгере алмады. Ауыр соққыдан  кеудесі ырық 

бермей шалқалай серейіп түсті.  

–  Ара  түссеңдерші!  Неменеге  тамашалап  тұрсыңдар?  Ӛзің  ауылға  келмей 

жатып  сыныптың  атаманына  қол  тигізетіндей  сен  ...  –  ынтызарлықпен 

ентелей қаумалаған кӛпті киіп-жарып ӛтемін деп екпінін тежей алмай қарсы 

алдына  жеткені  сол  еді,  атаманды  сұлатқан  жұдырық  мұның  да  мұрнына 

соғылғанда дуылдатып әкетті. Шым ете қалған мұрнын алақанымен қымтап 

еді, тамшылаған қан саулап ала жӛнеліп, лезде ұйи бастады.  

–  Қызда-аааааррр!  Арашаламайсыңдар  ма?  –  ӛзі  ӛлердей  қорқатын  атаман 

мен  оның  оң  қолы  қоғадай  жапырылуы  елден  ерек  мұның  үрейін  үрлей 

зорайтып  жіберді ме, топтан шегіншектей қабырғаға бір-ақ тірелді.  

*** 

Кӛзілдірігін кӛзінен алыстатқан сынып жетекшісі  Жалғас мұғалім  тізімнен 



алдымен Тұмардың тегін оқыды.  

– Ал Тұмар, бірінің кӛзі кӛнектей, екіншісінің мұрны қанапты. Мектебімізде 

осы  күнге  дейін  қыз  баласы  бұлай  сойқан  салмаған  еді.  –  Ажарын  ашуы 

тұмшалап тұрғаны қатулы қабағынан айқын сезілген қыз: 

–  Ағай,  біріншіден,  бұлар  қыздардың  шашынан  сүйреуді  доғарсын!  Екінші, 

пәнаралық  үзіліс  уақыты  түгесілгеніне  қарамастан  сыныпқа  кешігіп, 

мұғалімнің  соңынан  кіруді  тоқтатсын!  Үшіншіден,  ең  алдымен  ӛзінің  және 

ӛзгелердің ойын үзе бермеу үшін дәріс уақытында телефондарын сӛндірсін! 

Бәріміз  тек  мектептің  тәртібіне  бағынуымыз  керек!  Кім  болса  да  үйіндегі 


еркелігін  мұнда  ертіп  келмесін.  Сіздер  қыздың  ұлдарға  қол  кӛтергенін 

кӛрмесеңіздер  мен  мұндайлардың  шаштан  сүйреп,  әлімжеттік  жасауын  

алғаш  кӛргендіктен  ашуымды  ірке  алмадым.  Ӛрескелдікке  барып  қателік 

істесем  айыбымды  арқалауға  әзірмін!  –  «Сӛзі  мірдің  оғындай,  қалай  нық 

сӛйлейді ӛзі, ә» деп ойлады сынып жетекшісі.  

*** 


Бұлардың  шекісуі    достықтың  шиыр  сүрлеуіне  ұласты.  Ӛзі  бокспен  11 

жасынан шұғылданған дей ме-ау, Жылысайға кӛшіп келгенге дейін  алпысқа 

тарта  жарысқа  қатысып,  жүлдегер  атанған  дей  ме-ау,    ұтып  алған 

медальдарын  мойнына  ілсе,  кеудесін  кӛтере  алмайды  дей  ме-ау,  әйтеуір 

Тұмардың  мектепке  келгеніне  ай    ӛтпестен    атағы  шарықтап  кетті.  Бұл 

жаңалық    алыстаған  сайын  сайын  асқақтай  кӛрінетін  Қулық  тауынан  асып, 

аудандағылардың  құлағына  қағылып  үлгергенде  бірінші  тоқсан  орталанып 

қалған еді.  

Спорттың  жаттығуы  мұнша  қиындықпен  ӛтетінін  атаман  Аманғали 

түйсінбепті. Бәсе, осындай жаттығу әбден шыңдаған жұдырық екен ғой мұны 

кескен  теректей  жалпасынан  түсірген.  Адымын  алшайта  шалқалаймын  деп 

алғашында омақаса құлады.   

«Ӛлімнен  ұят  күшті»,  салмағын  аяғына  сала  жіптей  жазылатын  жаттығуды 

қайталағанда  сіңірін  созып  алды  ма,  бӛксесінің  бұлшық  еті  шаншу 

қадалғандай шыдатпай ауырды.  Шет қалайын десе Тұмардан ұят. Ӛзі сидам 

қыз  болғанымен  жаттығуға  епті  кӛрінеді.  Терең  тыныстаса,  кеңсірігі  аши 

жӛнелетін Берікбол қарсы алдындағы  Темір қыздың кӛз тойдырар спорттық 

қимылдарына  қызықты.    Жігіт  басымен  қайталай  алмағанына  намысын 

қайрай  түскендікі  ме,  жанды  жері  жанына  батқанын  жан  баласына  

білдірмеуге тырысып бақты.  

Жосыла түсіп, кеудесін жерден жусан бойы кӛтеріп, іле маңдайымен жер сүю 

жаттығуын бес рет ӛтеген сужүрек Жанбақыт жұтқыншағына ӛрт қойғандай 

демігіп  жата  кетті.  «жаттығуға  бекер  келдім,  айранымды  сораптап, 

компьютердегі түнде шегіне жеткізе алмаған ойынымды бітіруім керек еді». 

Тұмар  –  Темір  қыздың  айтқанындай  бұл  жаттығудың  жеңіл  түрі  екен. 

Ауылдың  отыздан  аса  қарасирағын  Дәудӛңге  бастап  жүгірген  күннің 

ертеңіне боксшы боламыз деп қатарға қосылған балалардың бесеуі жаттығуға 

келмеді.  

–  Тамағым  ісіп,  суық  тиіп  сырқаттанып  қалдым,  әйтпесе  бүгін  де  баратын 

едім,  – деп ауруға сүйенгіш Мейірман кӛршісі Мұраттан жӛнін айтыпты.  

– Үлкендер аудан орталығындағы жездемнің елу жылдық тойына кетті, үйге 

бас-кӛз  болмасам  інім  мен  қарындасым  қорқады,  –  деп  Серік  те  жаттығуға 

келмеді.    «Темір  қыз  түк  те  үйретпейді,  асығып  қайтеміз.  Екі  айдан  кейін 

ағам  келіп  ӛзі  баулиды.  Бәріміз  соған  қатысамыз»  дегенді  желеу  етіп 

Қосбастауды тӛңіректей тұратын Бейбіт пен Айбарысты үгіттеген  Мұсаның 

әрекетін боксшы қыз кештеу естіді.  

Расында да күн артқан сайын боксшы болудың қиындығы үдеп, салмағы бата 

түсіп, екі айдан кейін Темір қыздың ізін қуа Дәудӛңге қарай жүгірушілердің 

қарасы онға толмай қалды.  


–  Мықтап  ұста!  Мен  соққанда  алға  қарай  ұмсынсаң,  аяғың  нық  тұрады,  – 

дейді  де,  былғары  қолғабымен  дүрсілдете  соғады.  Ӛзі  сілесі  қатқаша  соғып 

болған  соң  терсіңді  қолғапты  шәкірттеріне  кигізеді.  Маңдайы  кӛнетоздана 

бастаған  қолғапты  тоғыз  бала  алма-кезек  киіп,  Темір  қыздың  қолындағы 

қалақшаны соққылаудың амал-шарғысын үйренгенше бір апта ӛтті.  

Тұмардың қасына ергелі қорқынышын бойынан аулақтатып, сенімділігі арта 

түскен  Жанбақыт  қалақшаны  алғаш  ұстағанда  әбден  қиналды.  Темірдің 

құлаштай  келіп    тиетін  соққысынан  теңселіп  те  кетуші  еді.  «Ұл  болып 

туғанда соққысы бұдан да ауыр тиетін  шығар».  

*** 


Жылысайда бір жылдай тұрған Темір қыз 7-сыныпты тәмамдаған соң қалаға 

кетіп  қалды.  «Спорттағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернатқа 

оқуға  қабылданыпты»  деген  жаңалық  бұл  ауылға  сарша  тамыз  туа  жетті.  

Боксшы  қыздың  баптауындағы  тоғыз  бала  елден  ерек  жалғызсырап  қалды.  

Құдды  бір  қабырғасы  қаусап  қалғандай  құлазып,  жаңа  оқу  жылы 

басталғанша    бұлардың  қабағына  жарқындық  жуи  қойған  жоқ.    Тек 

ауылдағыларды  қалаға  жӛнеп,  қаладан  қайтқандарды  елге  аман  жеткізуші  

такси  Дүйсехан  ағаның  алып  келген  сӛмкесін  ашқан  күні  бәрі  де  жадырап 

сала берді.  Темір қыз тӛрт қолғап, екі қалақшадан ӛзге бұрын бұлардың кӛзі 

үйренбеген қажетті заттарды беріп жіберіпті.  Су жаңа болмағанымен, киіле-

киіле  иі  қана  жұмсарған  қолғапқа  оң  қолын  сүңгіткен  Жанбақыт  бүктелген 

тілдей  қағазды  саусағына  қыстыра  шықты.  «Жылысайлық  жампоздарға 

дұғай-дұғай  сәлем»  деп  басталып,  маржандай  тізіле  жазылған    хатты 

мәнерлеп  оқуға  шебер  Шыңғыс  тамағын  кенеп  алды  да,  дауыстай  жӛнелді. 

Тұмарсыз ӛткен үш айда қаңырап қалғандай кӛрінген спортзалда Алматыдан 

жеткізілген  қара  сӛмкені  қаумалай  алқа-қотан жайғасқан бұлар    жанарымен 

жер  тіреп,    ынтамен  тыңдады.  «Қадірменді  менің  достарым!  Ең  алдымен 

ӛздеріңнен  ғафу  ӛтінемін.  Оқуға  құжат  тапсырарда  бәріңе  айтпай  кеткенім 

үшін  кешіріңдер.  Қоштасу  маған  да  оңай  соққан  жоқ.  Ауылдан  ұзап, 

Торыайғыр  тауын  асқанша  парлап  аққан  жасымды  әзер  құрғаттым.  5-

сыныпқа  кӛшкенде  боксшы  болуды  мақсат  тұтып,  үйірмеге  жазылғанда 

«әлем  чемпионы  болсам»  деп  армандаушы  едім.    Сол  үшін  де  осы  мектеп 

интернатқа  түстім.  Мұнда  бәрі  жақсы,  әр  ауылдан  келген  құрбыларыммен 

достасып  та  кеттім.  Алайда  маған  сендер  де  ыстықсыңдар.    Бір  жыл  ғана 

оқысам  да,  ауылдағы  мектебімді,  ӛздеріңмен  бірге  ӛткізген    жаттығуды 

сағынамын. Бұларды ағайымнан сұрап алдым. «Ауылдағы достарыма кӛрген-

түйгенімді  үйретіп,  боксқа  баулыдым»  деп  едім,  бәрекелдісін  айтып,  сыйға 

беріп  жіберді.  Сендер  енді  жаттығуды  үзіп  алмаңдар.  Келер  жылдың 

кӛктемінде 

ағайымды 

ауылға 

ертіп 


барамын. 

Сонда 


сендердің 

шеберліктеріңді  сынайтын  боламыз.    Әзірге  қош  сау  тұрыңдар  Instagram, 

WhatsApp әлеуметтік желісінен ӛзімнің үйренген жаттығу тәсілдерін жолдап 

тұрамын. Соны сендер қайталап, машықтануды тоқтатпаңдар!» 

– Тоқтатпаймыз! 

– Әрине! 

– Біз де әлем чемпионы атанамыз! 


– Ӛзі біздің қамымызды ойлап жүреді. 

– Ақымақ басым, боксшы екенін білгенде былтыр соқтықпас едім ғой. Беріп 

жіберген құрал-жабдықты қолданып жаттығуға кірісейік жігіттер, не тұрыс? 

Тұмар  ағайын  ертіп  келгенде  әлсіздігімізді  кӛрсетсек,  ұятқа  қаламыз. 

Сондықтан әзірлікті күн санап күшейтеміз!  –  Әлімжеттікті доғарып, үлгілі, 

тәртібі  тамаша  балалардың  алдыңғы  легіндегі        бұрынғы  атаман  Аманғали 

сол күннен бастап топтағы спортшыларды баптауды ӛз қолына алды.  

Әлеуметтік  желіден  Темір  қыз  түрлі  сайыстардағы  жекпе-жектерін  де 

жолдап,  бұларды  қызықтыра  түсті.  Бейнежазбадағы  Тұмар  бұрынғы  Темір 

қызға  мүлде  ұқсамайды.  Ортекедей  ойнақшып,  шаршы  алаңда  жұдырық 

сілтеуі бұрынғысынан да керемет. Үлкен орта, үйретері мол мектепке оқуға 

қабылданғанына бұлар да риза болды.  

Теледидардан  «Софияның  Албена  қаласында  ӛткен  жасӛспірімдер 

арасындағы  әлем  чемпионатында  Тұмар  Бақбердіқызы  45    келі  салмақ 

дәрежесінде  әлем  чемпионы  атанды.  Кӛк  туымызды  желбіретіп, 

әнұранымызды  шырқатқан  Тұмар  финалдық  айқаста  кубалық  қарсыласын 

ұпай басымдығымен ұтты» деген сүйінші хабардың ақырын күтпеген Елдар 

екі ӛкпесін қолына ала Аманғалилап тұра жүгірді.  Темір қыздың тәлімгерлік 

таяғын   жалғастырушы  бапкер-сыныптасы   мың  атанға  артарлық    ақжолтай 

ақпарды  естімепті.    Малына  жем-шӛбін  беріп,  қора  жақта  жүрген  ол  досын 

қапсыра құшақтап, ұзақ қысты.  

–  Арманымыз  орындалды,  біздің  Тұмар  –    әлем  чемпионы!  Жарайсың!  – 

дескен  екеуі    құшақтарын  ажыратпай  сүйінші  жаңалықты  достарына  

жеткізуге аттанып кетті.  

«Алматыға  табанымыз  тигені  жаңа.  Алдымен  ата-анама  амандығымды 

айтқан  соң  ӛздеріңе  хабарласып,  дауыстарыңды  естиін  дедім.    Кешкі 

жаңалықтардан  кӛрсетпек  екен,  әуежайда  журналистер  сұхбат  алды»  деген 

Темір  қыздың  тебірене  айтқанын    ыждаһатпен  тыңдаған  тоғыз  ұл 

Аманғалидің  үйіндегі  кӛк  жәшікке  телмірді.  Әншейінде  доп  соңында 

жүргенде тоқтам сала алмайтын зымыран уақытты біреу шідерлеп қойғандай. 

Қабырғаға қағулы  қара сағаттың сүйір тілі мимырт жүріске салынып, ілбіп 

қана қозғалады.  

Спорт жаңалықтарының  кезегі жеткенде алып-ұшқан кӛңілдің жарнама күл-

паршасын шығарды.  

–  Ӛй,  әкеңнің...  сериал  кӛргенде  ғана  емес,  жаңалықтың  арасында  да 

жылтыңдатып  жарнаманы жіберетіні несі екен? 

–  Сабыр  ет,  Жәке.  Тұмарға  телміре  кӛз  қадауың  бекер  емес  сияқты  ғой. 

Жүрегіңде  қып-қызыл  қоз  жатқан  жоқ  па  осы.  Үп  еткен  самалға  лап  ете 

түспесін.  –  Қылжақбастығы  ұстаған  Серік  дегбірі  дігерлеп  қипақтап  байыз 

таба алмаған Жанбақыттың арқасынан қақты.  

–  Басталды!  –  Бұрынғы  атаман,  қазіргі  оқушы-бапкер  Аманғалидің  даусы 

ӛзгеше шығып, бәрі теледидарға тӛне ентелей түсті.  

– Жеңісің құтты болсын, Тұмар! Ӛзің жақсы білесің қазақ боксшылары үшін 

асу  бермес  асқар  –  кубалықтар.  Бірақ  финалда  кубалық  боксшы  қыз 

шаршаңқы кӛрінді. Керісінше, сен раундтан раундқа ширығып, шарболаттай 


шыңдала ӛттің. –  Тілші сұрағының соңын жұтып қойып, қолындағы құралын 

Тұмардың аузына жақындата қойды.  

–    Дұрыс  айтасыз,  қарсыласым  бұған  дейін  әлем  чемпионатының  күміс 

жүлдесін  иеленген  ӛте  кәккі  боксшы  болғанымен,  финалда  шаршап-

шалдығып қалды.  Реті келгенде айтайын, әлсіремеуімнің себебі мен былтыр 

бір  жыл  Жылысай  деген  ауылда  оқыдым.    Қулық  тауының  қуысындағы 

шағын  ғана  ауылда  достарыммен  бірге  күнде  тауды  бӛктерлей  шоқысына 

шыққанша  жүгіретінбіз.  Соның  пайдасын  осы  әлем  чемпионатында  кӛп 

сезіндім.  Екінші  тынысым  ашылғандай  әсерге  бӛленіп,  шабуылды  үдеткен 

сайын  тылсым  күш  дем  бергендей  болды.  Әлем  чемпионатына  алаңсыз 

әзірленуіміз  үшін  қаржылай  қолдау  кӛрсеткен,  атымтай-жомарт  ағайларға, 

бапкерлеріме  шексіз алғысымды  айтамын!» 

Ертеңіне меткептегі жиынды ӛзі сӛз сӛйлеп ашқан директордың жүзі бал-бұл 

жанып,    елдің  бәрі  кӛріп-біліп  алған  жаңалықты  қуана  жеткізді.    Сол  сәтте 

былтыр  «оқушыларға  қол  кӛтердің»  деп  Тұмарға  даусын  зорайта  зекігені 

есіне түсіп кетті ме екен,  екі құлағы ӛрт тигендей қызарды.  

Тентектігін ешкім тежей алмаған Аманғалиды үлгілі еткен шеберлігіне тәнті 

болған  сынып  жетекшісі  Жалғас  ағай:    «Шіркін,  Тұмар  қайтып  оралса  ғой, 

анау  Қайдауылдың  қиқар  баласын  тезге  салып  беретін  еді»,  –  деп  ойлады 

қайдауыл Ерсіннің алдында тұрған қызды түртпектегенін кӛріп.  

Дәудӛңді  аса  Қулық  тауына  қарай  жүгіруді  үзбей,  күн  озған  сайын 

қашықтықты  ұзартқан  тоғыз  ұлдың  қатарына  кӛктемде  Қайдауылдың  әйелі 

тентегін жетектеп әкеліп қосты. «Аманғали, айналайын, Ерсінімді де боксқа 

баулысаң дұрыс болар еді».     

Осы ауылда бір жыл тұрып, бір бастаудан су ішкен қыздың әлем чемпионы 

атануы    Жылысайдың  мектебіне  жаңадан  орналасқан  жас  мұғалімдерге  

айтарлықтар  әсер  ете  қоймады.  Тіпті  жазғы  демалыс  уақыты  басталғанына 

кӛп  ӛтпей    Темір  қыз  бапкерімен  бірге  келіп,  ауылдағы  тоғыз  баланы 

сынақтан  ӛткізуге    Алматыға  ертіп  кетіпті  дегенге  де  назар  аудара  қойған 

жоқ.  Темір  қыздың  әлем  чемпионы  атануын  кӛп  оқиғаның  бірі  деп 

қабылдаған  жас  мұғалімдер  Тұмардың  темірдей  тәртібіне  сотқарлардың  ӛзі 

бағынғанына біраз уақыт  дейін таңданып жүрді.  



Балапан Шөже (Асқар тау)  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   


     




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал