Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет9/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Босаға маңдайша мен табалдырық

542
Ұлт тұғыры – тілде
Кереге алты қанат, алтын уық
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
«Төріңде», – сандық айтар, – төремін деп,
Есік айтар «əр нəрсе көремін», – деп,
Ернін жалақ қылыпты жомарт ожау
Көрінгенге қол қайыр беремін деп.
Ожау айтар: «қазанға қапталдым», – деп
Қазан айтар: «қарнымнан қапталдым», – деп
Жүгіріп кеп от айнала шəйнек жүрер
Қылығым не құдайға жақпадым деп
Кетпен айтар: «ағашқа басталдым», – деп,
Балта айтар: «Барлығына дақ салдым», – деп,
Текемет төрде жатқан сал ауыру,
Жақсыға жаманға да тапталдым деп,
Ыстыққа қол батпаған шөміш батқан
Сықырлап төсек ағаш жылап жатқан
Қылмысы бұл жалғанға жаққан тұтқыш
Бетіне қазан ұстап күйе жаққан,
Асылып керегеге ішік толып
Толғайып тұз баспақ тұр іші толып
Мейманды үйге келген күтіп алып
Құман тұр от басында келін болып
Туырлық, үзік, белдеу, ши, дөдеге
Шалқалап түндік жатыр дəл төбеде
Орнықты бəйбішедей қара саба
Астында орындықтың мыс тегене
Тағы да мен айтпаған күнің қалды
Қабыңда түтілмеген жүнің қалды.
Шелек, қайрақ, ұстара, алдабақан
От басы, ошақ қасы, күлің қалды.
Тағы да мен айтпаған мосы қалды.
Ыңыршық пен ашамай қосы қалды
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң
Бұл Шерің сөз таба алмай шошып қалды.
Болғанда тотай, құлға асық қалды.
Аяққапта қырғыш пен қасық қалды.
Демек,  тіл – этностың  бүкіл  рухани,  мəдени  байлығының 
куəгері, қоры іспетті. 

543
Ұлт тұғыры – тілде
Лингвомəдениеттанудың көркем мəтіндік кеңістігі
Тілді  зерттеудің  қазіргі  замандағы  антропоөзектік  парадиг-
масының  шеңберінде  көркем  мəтін  тілін  лингвомəдениеттаным-
дық аспектіде кешенді қарастыру тіл қызметін адамдардың дүние-
танымдық көзқарастары мен қоғамдық қызметі сабақтастығында 
сипаттап,  тіл  тек  коммуникация  мен  таным  құралы  ғана  емес, 
ұлттың мəдени коды ретінде, ең алдымен, тіл арқылы қалыптасқан 
мəдениеттің  символдарында,  паремиологиялық,  фразеологиялық 
жүйесінде,  прецеденттік,  сакралды  атаулар  мен  метафораларда 
сақталғанын көрсетеді.
Осыған  орай  лингвистердің  көркем  мəтін  тілін  талдау  бары-
сындағы  зерттеушілік  өрісі  тілдің  имманенттік  құрылыс  кеңіс-
тігімен  (атап  айтқанда,  ең  үлкен  тілдік  бірлік  ретінде  сөйлемнің 
кеңістігінен) шектеліп қоймайды.
Ал бүгінгі ұлттық сана жаңғырған кезеңге сай дамушы антро-
поөзектік парадигмада тіл қызметі статикалық күйде емес, дина-
микалық  сөз  үдерісінде,  мəтіндік,  соған  сабақ  тіл  тұтынушының 
танымдық-тұлғалық  сипаттағы  дискурстық  талдау  негізінде  ке-
шенді түрде зерттейді.
Осымен  байланысты  лингвистикадағы  дəстүрлі  жүйелі-құры-
лымды  кеңіткен  парадигмалық  өзгеріс  көркем  сананы,  көркем 
мəтін  кеңістігін  зерттеуге  назар  аударып,  тілді  зерттеуде  психо-
логияландыру мен гуманизациялау үрдісінөзектейді. Яғни антро-
поөзектілік функционалды парадигмаға қарай ойысатын дара, шы-
ғармашыл  тұлғаның  болмысын  дүниетанымдық  орталыққа  шы-
ғарады.
Осымен байланысты қазақ ұлттық мəдениетінің көрнекті өкілі, 
сөз зергері Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романының көркем 
мəтінінің  ұлттық  арқауын  ұстап  тұрған  метафоралық  сипаттағы 
лингвомəдени бірліктерге назар аударайық. «Таңертеңгі күн сəулесі 
тау қойнына ұрланып қана, ұялып қана кіріп келе жатты. Суық 
түксиген  қоңыр  құздардың  бойы  жадырап,  қабағы  да  жылы-
на бастады. Күн сəулесі əуелі алып жоталардың бүйіріне түсіп 
еді,  енді  кəрінің  жонын  сипай,  кеудесіне  қарай  өрледі»  немесе 
«Қалтамда сол тұмарша, аузымда сол қымыздың дəмі, құлағымда 
құлын  даусы,  басқа  дабырдың  бірі  құлағыма  кірмей,  бірталай 

544
Ұлт тұғыры – тілде
адаммаен кемеге келіп міндім» сияқты этносимволдық бірліктер; 
«Өжет көк қырғилар күміс найзағайдай жарқылдап, біресе ағып 
аспанға  шығады,  біресе  көкті  тіліп  төмен  ағады.  Құлдырап 
төмен ағып кеп, қайта шапшиып жоғары кетеді! Əттең əлі аз! 
Тас артып алған машинадай салдыр-гүлдір ауыр «қоңыр алалар» 
ортаға алып, қамай бастаған соң, біздің көк қырғилар сытылып 
шығып,  тағы  кетіп  қалды»; «Сай-сала,  жіңішке  соқпақтармен 
шұбырған босқын «Алқакөл сұламасына» қарай кетіп бара жа-
тыр  (прецедентті  атаулар).  Таланып  қалған  бұралқы  иттей 
(фразеологиялық  тіркес)  артына  бұрылып  арс  етуге  де  шамасы 
жоқ,  əр  тасадан  бір  қылт  етіп  қалады»; «Қосақтала-топтала 
жалт-жұлт  ұшқан  «Катюшаның»  оқтары  көп  көкжалдың 
үйіріндей жөңкіліп, жосылып бергенде бет қаратқан жоқ».
Осындай көркем жүйенің негізінде жүргізілген зерттеу бары-
сында тіл қызметінің коммуникативтік сапасы анықталып, тілдің 
эстетикалық, танымдық-ақпараттық мазмұны оны бүгінгі күнмен 
жалғастырып, тілдің өміршеңдігін дəйектейді. 
Бұл  орайда  тілдің  коммуникативті-прагматикалық  əлеуетін 
бейнелейтін  суреткердің  ішкі  дара  əлемі  мен  философиялық  ұс-
танымын  танытушы  көркем  тəсілдер,  ең  алдымен,  когнитивті 
тетіктер анықтап алуды қажет етеді. Мысалы, тұлып сөзінің тура 
мағынасын, жасалу технологиясы мен оның қолданылу мақсатын 
қазақтың дəстүрлі мəдениеті мен тұрмысын жақсы білетін кез кел-
ген қазақ түсінеді. Ал ақын Ж. Нəжімеденовтің мəтінінде тұлып-
қа  мөңіреу  «өз-өзіңді  алдау»  емес, «жұбату»  деген  концептілік 
жүйе құрайды: 
Тырсиып жатты алдында қара тұлып,
Алдау мен мазақтаудан жаратылып.
Иісі бар сол тұлыпта ботақанның,
Əйтпесе тебер еді нар атылып.
Өзін-өзі жаулаған ел, о, Тəңірі, 
Тұлып иіскер орынына ботаның.
Жұбау тапты ел тұлыптарға мөңіреп,
Бауырына бала кеткен талай жан;
Шүкір айтып əр күн сайын он рет,
Алданатын қара іздейді маңайдан.

545
Ұлт тұғыры – тілде
Сол сияқты Жұмекен өлеңдерінің «жұмбағын» ашуға да оның 
мəтінін лингвомəдениеттанымдық кеңістікте қарау мүмкіндік бе-
реді: 
Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, 
көзін саулап қалып еді қамығып,
Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп, 
қоңырқай ой маза берер емес түк;
Қоңырайып отыр алда жол əлі, 
Кеудем кейде қоңыр күйге толады.
Қоңыр əнмен қазақ бесік тербетіп, 
өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы;
Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн... 
Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.
Қоңыр күзде қоңыр шаруа күйбеңмен, 
қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем;
Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда, 
Шешем қалды қоңыр төбе басында.
Қоянжонға қоңыр ымырт түскенде, 
Қоңырайып отырамын үстелге...
Осы  өлеңдегі  қоңыр  сөзінің  қолданысы  түстің  мағынасын 
бермейтіні анық. Бұл – ата-баба заманынан бергі қазақтың тірлігін, 
тірлік кешіп жатқан ортасын, мінез-құлқын сипаттауға дəл келетін 
қоңыр түсінің символдық дəрежеге жеткен тұтас бейнесі. 
Осындай  концептуалдану  үрдісі  нəтижесінде  сөздің  нақты, 
жеке мағыналары көмескіленіп, сөзді бағалайтын оның əлеуметтік 
жəне мəдениет дерегі ретіндегі мəні өзектеледі.
Бұл  өз  кезегінде  қазіргі  тіл  біліміндегі  когнитивті  бағыттың 
күшеюімен  сипатталып,  тілші-маманның  негізгі  назарын  көркем 
мəтіннің  шығармашылық  кеңістігіндегі  тілдік  тұлғаның  ойлау-
сөйлеу  қызметіне  шоғырландырады.  Көрсетілген  сабақтастық 
продуциенттің  (автордың)  көркем  идеясын  терең  түсінуге  жол 
ашып,  антрополингвистика  тұрғысынан  тілдің  коммуникативті 
əлеуетін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  М.  Дулатұлының 
көркем  шығармаларындағы  ұлттық  дүниетанымды  сипаттап, 
автордың  «Оян,  қазақ!»  идеясын  айшықты  тілмен  өрнектейтін – 
лингвомəдени тұтастықта анықталатын тілдік бірліктер, авторлық 
метафоралар: «Екі ауылнай елдің жайлауы Саумалкөлге жағалай 

546
Ұлт тұғыры – тілде
ауылдар  қонып,  былтырғы  жұрттарына  үй  тігіп,  көп  ұзамай 
бие  де  байлайды;  бір  ауылды  бір  ауыл  ерулікке  шақыра  баста-
ды; үй тіктіріп, лау байлатып, қой сойдыруға шыққан; Сүйінші
Сəрсеке! Шолпан жеңгем аман-есен босанып, тақия тігіп беретін 
тапты; бір қыз айттырды, кедей əмеңгер алып, молдекеңе мал 
əкел деп əмір етті, бата қылынып, сойылды, Жұманға құда бола-
тын лайықты жер, киітке риза қылып, қайтарды, биыл «балам-
ды ұрын жіберем» деген хабар келді; қыз-бозбала үшін мəжіліс-
шілдехана болды, бір-бірін сүйіп қашқан қыз бен жігіт; Жамал-
жан,  тұр,  молданың  кебісін  сал,  құман  алып  шық;  бай  қызы 
тоғыз  жаста  балиғ  болады;  айтылмыш  қозы  бата  қылынып 
сойылды; Қалампыр бəйбіше сабадан қымыз құя бастап; бата-
сы қырық жетінің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп», т.б. не-
месе  М.  Дулатұлы  ұлт  тіліндегі  лингвомəдени  бірліктерді  заман 
келбетін  бейнелеуде  де  шебер  қолданады.  Мысалы: «Ол  күнде 
сайрағыш бұлбұлдарқамауда, қырағы сұңқарлар торда, жүйрік 
тұлпарлар  матауда  еді.  Һəркімнің  қолы  байлаулы,  аузына 
құлып салулы»; «Малы бар ауылдардың үстінен мылтық атып, 
шаңырағына қобыз тартып, қолынан болмаса жолынан алатын 
болдық; Аллаңнан ойбайым артық».
Осының нəтижесіндегі көркем мəтіндерді кешенді талдау мə-
селесі қазақ тіл білімі дамуының қазіргі антрополингвистикалық 
кезеңінде  өзектілікке  ие  болып,  ұлт  тілі  əлеуетінің  көрсеткіші 
ретінде  лингвомəдениеттанымдық  аспектіде  зерттелуде.  Атап 
айтқанда,  көркем  мəтіндегіархетипті  уəжделген  бейнелерді,  пре-
цедентті  номинация,  символдану  мен  коннотация,  т.б.  мəселелер
ділингвомəдениеттанымдық  кеңістікте  қарау,  біріншіден,  жалпы 
ұлттық-мəдени-ассоциативті парадигманы, екіншіден, дара көркем 
антропологиялық көріністі анықтайды.
Мысалы, ұлы суреткер М. Əуезовтың қаламынан туған шығар-
маларында  этнографиялық  деректер,  мəдени  атаулар  көркемдік-
идеялық мазмұн мен поэтикалық құрылымның бір компоненті ре-
тінде  қызмет  ететінін  «Қилы  заман»  повесінің  мəтінін  лингво-
мəденитанымдық талдау дəлелдейді. Басына «қилы заман» тума-
стан бұрынғы туған жердің əсем суретін беру үшін қолданған қазақ 
тұрмысының  асыл  ұғымдарын  білдіретін  шымылдық  пен  бесік 
атауларының  қолданылуын  қараңыз: «Жаз  жауынды,  мол  сулы, 

547
Ұлт тұғыры – тілде
қалың шалғынды, қызықты, қалың Албанның ертегіндей бай, сұлу 
жайлаулары: Үш Мерке, Дөңгелек саз, Үш Қарқара, Сырт, Лабас – 
жаулау күндерінің жасыл торғын шымылдығы, көкжібек бесігі 
сияқты». 
Демек,  олар  (шымылдық,  бесік,  т.б.)  М.  Əуезовтің  терең  та-
нып,  көркем  бейнелеуінде  жас  ұрпақтың  өсіп-өрбуімен,  өсіп-
өнуімен тығыз байланысты қасиетті ұғымдар. Себебі, Үш Мерке, 
Дөңгелек  саз,  Үш  Қарқара,  Сырт,  Лабас  жайлаулары  қалың  Ал-
бан елінің ұйып отырған, өсіп-өнетін құт мекенін, шұрайлы жерін 
бейнелейтін прецеденттік атаулар.
Қарта – «жылқының қатпар-қатпар майлы ішегі» (ҚТТС, 6-шы 
том, 106-бет). Ал, қазақтың дəстүрлі тамағын білдіретін бұл атау 
«Қилы заман» шығармасында қазақ жерінің құйқасын жеп семірген 
саудагерлердің  обыр  бейнесін  аша  түсу  үшін  қолданылатын 
қарталану етістігі, біздіңше, М. Əуезовтің тілдік тұлға ретіндегі 
шығармашылығы мен шеберлігінің жемісі: «Сондықтан дəндеген, 
жетіскен, түртіншектеп, сауудың бабын білген саудагер бұл кез-
де қарталанып, толықсып болып, енді «пəлен байбатша», «түген 
байбатшаның»  дəрежесіне  жетіп,  бұлдану,  керігу,  кесірленуді 
де  тапқан»; «Бəрі  де  жəрмеңке  ашылғаннан  бері  жоталанып, 
семіріп, қарталанып келе жатқан».
Ұлттық дүниетаным мен мəдениеті байланысында туындаған 
этносқа тəн ғаламның тілдік бейнесін айқындаушы лингвомəдени 
бірліктер  Махамбет  поэзиясының  да  өзегін  құрайды.  Мысалы, 
Махамбеттің мұңға, күйінішке толы «Мұнар күн» атты өлеңіндегі 
ақынның  Истайдан  айырылып,  қайғы  тозағына  түскен  күйі  сан 
алуан да күрделі эпитеттер мен метафоралар негізінде суреттеледі: 
«Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн...».
Біріншіден,  буыршын  (аруана  мен  үлектен  туған  төрт  жасар 
жас  бура),  жалпы  жас  түйе  мұзға  таймайды.  Себебі,  оның  қара 
құсы (тырнағы) өткір, табанының мөрі бұдыршақ келеді. Ал, мұзға 
таймайтын буыршынның мұзға таюы – халық түсінігінде жақсыға 
баламайтын «сұмдық күн». Екіншіден, ақын буыршын (жас бура) 
бейнесі негізінде «жас ұрпақ қыршынынан қиылып жатыр» де-
ген ойды да білдіргендей.

548
Ұлт тұғыры – тілде
Сол  сияқты  ақынның:  бура  атанға  шөккен  күн  деген  келесі 
жолы  да  жайсыз  хабарды  меңзеп  тұр.  Себебі,  бура  (қасына 
жақындағанды шайнап, кез келген нəрсеге шөгіп, аузынан ақ көбігі 
бұрқырап тұратын) да, атан (қос өркештінің жұмысқа пайдаланып, 
көлік  етіп  міну  үшін  қолға  үйретілген,  кестірілген  көнбіс,  күші 
орасан зор, адамға үйірсек, жуас) да түйенің аталығы. Сондықтан 
бура қаншама ессіз жануар болса да, заты бір атанға еш уақытта 
шөкпейді. 
Мəдениет метатілінің коммуникациясын 
лингвопоэтика негізінде анықтау
Тілдік  жүйенің  сан  қырлы  қоғамдық-əлеуметтік  қызметі  ар-
қылы  дамуы,  қалыптасуы,  жалпы  сөз  динамикасы  белгілі  тілші-
ғалым,  акад.  Р.Ғ.  Сыздықтың  ғылыми-шығармашылық  жұмысы-
ның негізгі арқауы екені белгілі.
Соның  ішінде  сөздің  семантикалық  трансформациясы,  қол-
даныстық,  контекстік  мəні  ғалымның  ең  алғашқы  зерттеулерінің 
бірі Жамбыл өлеңдерінің тілін зерттеулерінен бастап, кейін негізгі 
зерттеу  нысанына  айналған  Махамбет,  Абай,  Дулат,  жақында 
ғана жарияланған Фариза өлеңдерінің тілін, поэтикасын талдаған 
еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Бірақ акад. Р. Сыздық зерттеулерінде поэтика көркем əдебиеттің 
құрылымындағы  көркемдік  құралдар  жүйесінің  статикалық  күйі 
ретінде емес, суреткер шығармасын ерекшелейтін, көркем тілдің 
коммуникативтік  қызметін  айшықтайтын  динамикалық  қалпы 
ретінде қарастырылады.
Осымен байланысты ғалымның «Сөздер сөйлейді» атты еңбе-
гінің  мəдени-танымдық  мазмұны  мен  зерттеушілік  бағыты  ерек-
ше  назар  аударады.  Бір  қарағанда,  зерттеудегі  лексикографиялық 
негізде  дəйектелген  тілдік  деректердің  тарихи  салыстырылуы-
на  сəйкес  оның  сипатын  тарихи  лексикологиялық,  кей  тұстар-
да  этимологиялық  талдау  деп  те  анықтауға  болатын  сияқты.  Бі-
рақ  зерттеудің  мазмұнын  көрсететін  талдауға  таңдалып  алын-
ған  деректердің  болмысы  зерттеу  нысанының  басқаша  бағытын 
белгілейді,  т.б.  Атап  айтқанда,  олардың  дені – көркем  мəтінде 
(батырлар  жыры,  Дулат,  Махамбет,  тарихи  жырлар,  т.б.)  көрі-

549
Ұлт тұғыры – тілде
ніс  тапқан,  қазірде  қолданылмайтын,  сондықтан  да  көбінің 
мағынасы  түсініксіз  мəдени  атаулар.  Бірақ  олардың  аталмыш 
зерттеуде таза тарихи лексикологиялық ия этимологиялық сипат-
та  талданбаған  себебі – олардың  көрініс  тапқан  мəтін  авторы-
ның  «көркемдік  əлемімен»  жəне  ол  өмір  сүргентарихи  кезең-
дегі  тілдің  қоғамдық-əлеуметтік  қызметімен  контексте  қарасты-
рылуында.  Демек,  мəдениеттің  өзін  метатілі  ретіңде  анықтап, 
оның  бойыңдағы  коммуникативтік  мүмкіншіліктерді  М.  Бахтин, 
А.Ф.  Лосев,  Ю.Н.  Караулов,  т.б.  ғалымдардың  теориялық  тұ-
жырымдарына  сəйкес  анықтап, «Сөздер  сөйлейді»  атты  зерт-
теу  циклының  теориялық-əдістанымдық  негізін  лингвопоэтика 
бағыты деп анықтаймыз.
Мəселені  нақты  түрде  жіктеп  түсіндірер  болсақ,  кез  кел-
ген  ұлттық  мəдениеттің  негізі – ортақ  тілде  сөйлеп,  өмір  сүріп 
əрекет ететін ұжымда қалыптасқан шындық дүниенің тұтастығы, 
этностың  материалдық  жəне  рухани  кеңістігі.  Нақты  түрдегі 
оның көріністері: материалдық мəдениет жəне ұлттық тіл арқылы 
ұрпақтан-ұрпаққа  сақталып,  жеткізілетін  рухани  мəдениет  (салт-
дəстүр,  миф,  өнер,  дін,  тəлім-тəрбие,  көркем  мəтін,  т.б.),  ұлттық 
психология, таным тұрғысынан жасалатын рəміздік жүйе, сакра-
лизация  тəсілімен  сақталған  өнер,  археология  туындылары,  т.б. 
Ал  олардың  атаулары  ретіндегі  тілдік  көрінісін  мəдениеттің 
метатілі  деп  қарауға  болатынын  жоғарыда  атап  көрсеттік.  Бұл 
ыңғайда мəдени лексика Ю. Лотман, Е. Верещагин, В. Костомаров, 
Ə.  Қайдар,  Е.  Жанпейісов,  т.б.  еңбектеріне  арқау  болған.  Сайып 
келгенде,  бұл  қоғамның  да  интеграциялық  негізін  құрайды.  Ал 
осы  мəдени  мұраның  немесе  мəдениеттің  метатілінің  танылуы, 
халық  игілігіне  асуының  негізгі  тірегі  оның  коммуникативтік 
қызметімен тікелей байланысты. Оның мəнісі мынада: жоғарыда 
көрсетілген  формалар  арқылы  немесе  жеке  тілдік  тұлғаның 
шығармашылығы арқылы мəдени ақпараттарды қабылдап, мəдени 
мұраны  игеру  ұрпақтар  жалғастығын  іске  асырады.  Міне,  осы 
арада  мəдениет  игіліктерін  өндіруші  мен  тұтынушы  арасындағы 
мəдениаралық,  танытушылық  қызметті  ғылым,  атап  айтқанда, 
біздің  жағдайымызда  тіл  ғылымы  атқарады.  Мысалы,  аталмыш 
кітаптың  мақсаты  ретінде  белгіленіп,  көркем  мəтінде  суреттел-
ген  тарихи  кезеңдегі  қолданысы  арқылы  бүгінгі  оқушыға  бейта-

550
Ұлт тұғыры – тілде
ныс сөздерді түсіндіру. Сөйтіп, бұл арада тарихи-мəдени феномен 
оқушы танымынан орын алып, мəдени-тілдік коммуникация іске 
асады.
Бұл орайда аталмыш зерттеудің осы бағыттары Қ. Өмірəлиев-
тің,  Е.  Жұбановтың,  Б.  Шалабаевтың,  т.б.  осы  тектес  зерттеуле-
ріңде сабақтасып, жалғастық табады. Мысалы, Қ. Өмірəлиев еңбе-
гін  зерделесек,  Бұқар  тіліндегі  «Сен  бұзау  терісі  шөніксің,  Мен 
өгіз  терісі  талыспын»  дегендегі  шөнік,  талыс  сөздері  мəдени 
атаулар  деңгейінен  жыраудың  көркемдік-эстетикалық  құрылы-
мына  еніп,  поэтикалық  құрал  ретінде  жай  тілдік  таңбадан  маз-
мұнды  таңбаға  айналған.  Сөйтіп, «үлкендік»  жəне  «кішілік» 
мағынасын айшықтап берген.
Себебі ұлттың тарихи даму барысындағы тарихи-мəдени қоз-
ғалысты тілші-ғалымдар тарихшы-ғалымдар сияқты тарихи дерек-
тердің тізбесі немесе тарихи оқиғалардың тікелей байланысында 
қарастырмайды.  Олар  тілдегі  жəне  мəтіндерде  берілген  мəдени 
құндылықтарды  сол  тарихи  кезеңдегі  ұлттық  немесе  шығарма 
авторының  рухани-танымдық  жəне  көркемдік-эстетикалық  əле-
мімен байланыста анықтайды.
Міне,  осы  тұрғыдан  қазір  жаңғырып  жатқан  қоғамдық  са-
намызға сəйкес тіл мен мəдениет сабақтастығында жаңаша сапа-
да  танылып  жатқан  төл  мəдениетімізді  тілдік  санада  анықтауда 
көрнекті  тіл  білімпазы  академик  Р.  Сыздықтың  «Сөздер  сөйлей-
ді» атты зерттеу циклының мəні ерекше.
Бұл  мəселе  көркем  мəтінді  мəдени  мұра  ретінде,  яғни  мəде-
ниетті де метамəтін деп қараумен тығыз байланысты.
Өйткені  тіл  тек  коммуникативтік  құрал  емес,  сонымен  бірге 
адам  болмысының,  оның  мəдениетінің  де  көрінісі.  Сондықтан 
мəдениет  таңба,  белгіден  тысқары,  яғни  тілден  тысқары  өмір 
сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық əлем қоршаған, 
сондықтан адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Осы-
мен  байланысты  лингвомəдениеттану  тұрғысынан  тілші-ғалым 
Р. Сыздықтың зерттеуінің нəтижесінде тілдің тек денотаттық ком-
муникация  құрал  ретіндегі  қызметін  ғана  емес,  сонымен  бірге 
коннотаттық мəнін де анықтайды. Бұл арада сөз көркем мəтіндегі 
сөздердің  өзіндік  қолданысы  хақында  екені  түсінікті  болар.  Ал 
мəтіннің  əрқашан  біреулерге  (оқушыға)  бағытталатыны  белгілі. 
Жəне ол сонысымен де ерекше.

551
Ұлт тұғыры – тілде
Мəтін  авторының  ішкі  дүниесімен  қатар  өзіндік  көзқарасы, 
дүниетаным кеңістігі жеке сөз ия сөйлем аясында емес, мəтіндік 
талдау арқылы ғана ашылады. Осымен байланысты мəтінді жете 
түсіну  үшін  мəтін  авторының  тілдік  тұлғасына,  дүниетанымына, 
оны  қоршаған  əлеуметтік  орта  көзқарасына  назар  аударып, 
осы  мəтін  соған  жолданған-ау  дейтіндей  мүмкін  адресатты  да 
білу  қажет.  Осы  үрдістегі  зерттеу  талабынан  шығатын  ғалым  өз 
еңбегінде  мəтіндегі  автор  айтам  дегеннен  де  кең  мағынаны  та-
уып  көрсетеді.  Мысалы,  ала  сөзінің  көпке  белгілі,  қалыптасқан 
түске қатысты мағынасына қоса «ұрыс», «соғыс», «қырып жою», 
«бүліншілік»  жəне  «бейберекет», «тəртіпсіз», «ретсіз», «анық 
емес»  деген  мағыналары  анықталған.  Осымен  байланысты 
зерттеушінің: «ала балта –жай балта емес, соғыс құралы, «ұрыс 
балтасы» немесе ала ту деген тіркес о баста тудың түсіне қатысты 
емес, ұрыста ұстайтын ту деген ұғымда туған тəрізді. Ол ала тудың 
түсі жасыл, ақ, көк, т.б. болуы мүмкін» – деген тұжырымдары тіл 
мен  мəдениет  сабақтастығын  зерттейтін  лингвомəдениеттану 
деңгейінде  бағаланса,  ала  сөзінің  морфо-семантикалық  жүйеде 
жасалған лингвистикалық реконструкциясы (ала алапат, аламан, 
алай-түлей, ала сапыран, ала топалаң, ала қырғын) мəдени рекон-
струкциямен де сабақтасады деп санаймыз. Ал сөздік қолданыс-
тың  коннотаттық  сипаттағы  көрінісі  «көркемдік  əлем»  деп  ата-
лып жүрген лингвопоэтика деңгейінде анықталған.
Яғни  тілдік  таңба – қарым-қатынас  барысы,  қолданыс  өрісі, 
шығармашылық  аясындағы  өзгермелі  жүйе.  Айталық,  адамдар 
қарым-қатынасының əмбебап құралы ретінде тілдік белгі түгелдей 
дерлік  қоғаммен,  əлеуметпен  қатынасты  қоғамдық-əлеуметтік 
сипатқа  ие.  Тілдегі  оның  ортақ  белгісінің  уақыттың,  əр  тарихи 
кезеңнің  мəдени-тілдік  контексіне  сəйкес  түрлі  социолекттер-
ге  бөлініп  кететіндігін  мəтін  негізінде  талданған  тілдік  деректер 
дəйектейді. Мысалы: аға, азамат, аламан, алаш, алғаным, алдияр, 
жігіт, кішілік, қарашы, қарындас, сұрқылтай, төбе би, т.б.
Көріп  отырғанымыздай,  бұл  мəдени  атаулардың  қолданысы 
белгілі бір тарихи кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нор-
маларға  сай  құндылықтар  ретіңдегі  тілдік  коммуникация  түрі – 
дискурста  қарастырылады.  Зерттеуші  өзінің  өмір  сүріп  отырған 
уақытынан, оның негізгі əлеуметтік-мəдени контексінен ешқашан 

552
Ұлт тұғыры – тілде
асып  кете  алмайды.  Өйткені  адамдардың  белгілі  бір  мəдени-
əлеуметтік  кезеңге  сай  өзіндік  психологиялық,  танымдық  стан-
дарттары  болады.  Мысалы,  Р.  Сыздық  азамат  сөзінің  «Айман-
Шолпан» жыры мен Махамбет өлеңдеріндегі, т.б. қолданыстарға 
байланысты  «жасақшы», «жауынгер»  мағынасын  көрсетеді.  Не-
месе жігіт сөзінің орта ғасыр ескерткіштері кезеңінде термиңдік 
сипатқа  ие  болғанын  (жігіт  (йігіт) – феодалдық  жалдамалы  атты 
əскерінің жауынгері немесе олжа табу үшін феодалға жақындасқан 
жауынгер, «кезбе рыцарь») айтады. 
Осы арада зерттеудегі сөздердің қолданыс тарихын дискурстық 
сипатта  анықтаудың  бір  қызықты  үлгісі  ретіңде  «Алпамыс»  жы-
рында, Асанқайғы толғауы мен Махамбет өлеңдеріндегі «əйелім», 
«жарым», «қосағым»  мағынасындағы  қолданылған  «алғаным» 
сөзінің қолданысы арқылы дəйектелген анықтамасы. 
Осы сияқты амандасу, астана, жетім, кішілік, қарындас, май-
дан, т.б. қазіргі тілдегіден ерекше қолданыстардың талдануын осы 
қатарға кіргізуге болады.
Нақты айтқанда, жоғарыда көрсетілген теориялық мазмұнына 
сай  жасалған  аталмыш  зерттеу  еңбегі  лингвопоэтика  деңгейіңде 
тіл  мен  мəдениет  сабақтастығын,  мəдени  метатілдің  коммуника-
тивтік  қызметін  кешенді  түрде  қараудың  болашағы  зор  екенін 
дəлелдейді.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал