Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет7/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Қазақ əлемінің тілдік бейнесіндегі рухани мəдениеттің 
архетиптік сипаты
Қазіргі  тілдің  қызметін  оны  тұтынушының  мəдени,  руха-
ни,  əлеуметтік  психологиялық  болмысымен  сабақтас  қарау  оны 
қимыл-əрекетімен ұштастырып, дүниені тіл арқылы тұтастырып, 
«ғаламның тілдік бейнесін» сипаттайтын антропоөзектік парадиг-
ма кеңістігінде зерттеуді қажет етеді.
Атап  айтқанда,  шынайы  өмірдің  қыр-сырын  ұлттық  ұжымға 
тəн  ой  таразысынан  өткізіп,  сараптап,  жинақтаған  этномəдени 
ақпараттар  мен  мəліметтердің  жадыда  сақталған  қор  ретіндегі 
жүйесі  тіл  арқылы  қабылдағандықтан,  ұлт  болмысын  таныта-
тын  тіл  бірліктерін  кешенді  зерттеу  өзекті  мəселе  ретінде  тіл 
ғылымының өрісін кеңейтіп отыр. 
Əрбір  тіл  өз  ерекшелігімен  «ғалам  бейнесін»  өзгеше  қалып-
тастырады», – деген  антропоцентристік  қағида  қазақ  дүниесін, 
қазақ  əлемін  сипаттаған  қазақ  тілі  деректерін  ұлттың  рухани-
мəдени қазынасы ретінде зерттеуді қажет етеді. Сондықтан ондай 
жүйені зерттеу барысында дəстүрлі құрылымдық лингвистиканың 
мүмкіншілігі шектеулі екендігі байқалады. 
Осымен  байланысты  тіл  дағдылы  қарым-қатынас  құралынан 
гөрі таным құралы, таным көзі ыңғайында көбірек зерттеледі. Соған 
сəйкес  халқымыздың  рухани  мəдениетінің  мифтік,  прецеденттік, 
паремиологиялық,  фразеологиялық,  этнографиялық,  т.б.  атаулар 

521
Ұлт тұғыры – тілде
түріндегі тілдік көріністерінің көбі эпостық жырларда, көне жазба 
ескерткіштерде,  ақын-жыраулар  мұраларында,  мəдени-құжаттық 
сипатта  сақталып,  этномəдени  контексте  жаңғыртылады.  Соның 
нəтижесінде олардың мазмұны халқымыздың рухани дүниесін си-
паттайтын этнопедагогикалық дағдыларына өзіндік дүниетанымы 
мен  құқықтық,  қоғамдық  нормаларына,  өмір  тəжірибелеріне 
қатысты құнды деректерді дəйектейтіні анықталады. Мысалы: ала 
жіпті аттамау, ат құйрығын кесісу, құйрық-бауыр жесу, т.б. 
Мысалы,  қазақтың  дүниетанымында,  философ-ғалым  Ғ.  Ақ-
панбек көрсеткендей, «ала жіпті пайдаланудың» өзіндік мəні бар. 
Лұқпан хакімнің айтуы бойынша, өмірде он жұп болады. Солардың 
бірі – ақ  пен  қара  (ерекшелеген  біз – М.Ж.).  Есілген  жіптің  бір 
қабаты  ақ,  екінші  қабаты  қара  болып  келеді.  Жіптің  екі  қабаты 
ажырамастай астасып, кезек алмасып, тығыз өріліп отырады. Бұл 
–  тоқтаусыз  ауысып  келіп  отыратын  күн  мен  түннің  белгісі.  Со-
нымен қоса жалпы өмір мен тіршіліктің ишара тұспалды бейнесі 
болып табылады. Сондықтан да қазақ халқы ала жіпке киелі деп 
қарап, айырықша мəн берген. Біреудің «ала жібін аттамау» деген 
сөз «кісіге қиянат жасамау» мағынасында қолданылады» [36].
Ал  ат  құйрығын  кесу  ұғымының  қазақтың  құқықтық  жүйе-
сіндегі  мəнін  Фуко  С.Л.  былай  деп  түсіндіреді: «Обрезывание  у 
лошади  хвоста  расценивалось  как  некое  колдовское,  магическое 
действие, угрожающее жизни ее хозяина. Если после этого хозяин 
лошади или даже кто-либо из его сородичей умирал, то обрезав-
ший хвост платил полный кун как убийца» [37].
Ал құйрық-бауыр жеу тіркесі, керісінше, елдің бірлігін, туыс-
тығын,  ымыраласуын  сипаттап,  екі  жақты  тұтастыруды  мақсат 
ететін рухани мəдениеттің тілдік көрінісі. Қазақ тілінің онбестом-
дық  сөздігінде  құйрық-бауыр  жеу  тіркесіне  мынадай  түсіндірме 
берілген: «Қазақ  халқының  келін  түсіріп,  қыз  ұзатып  құдаласуы 
барысында  орындалатын  тəрбиелік  мəні  зор  дəстүрлердің  бірі – 
құйрық-бауыр  жеу.  Құйрық-бауыр  жеу  қазақ  дəстүрінде  құда 
болудың  заңды  белгісі – құжаты  болып  бекітілген» [38]. Бұл 
тіркестің  этномəдени  мазмұнының  уəжін  белгілейтін  ата-баба-
ларымыздың  ата  кəсібі  жəне  сонымен  байланысты  күнделікті 
тұрмыс-тəжірибесінде  дəлелденіп,  символдық  сипатқа  ие  болған 
деректердің  коннотаттық  сипаты.  Мұндай  рухани  мəдениеттің 

522
Ұлт тұғыры – тілде
архетиптік  бейнесі  ретіндегі  сөз  үлгілері  тілдік  қазынамыздың 
этномəдени  қорында  жетерлік.  Мысалы, «Ер  Төстік»,  шаңырақ, 
қазан, қамшы, т.б.
Сонымен  бірге  елдік,  этностық  белгілердің  көбі  салттық  мə-
дениеттің  жеке  сөз,  иə  сөз  тіркестері  түріндегі  тілдік  бейнесінде 
сақталған: тұсаукесер, естірту, үкі тағу, иткөйлек, т.б. 
Үкі  тағуды  қазақ  тілінің  онбестомдық  сөздігінде  былайша 
анықтайды:  «Күйеу  жігіттің  əке-шешесі,  туыстары  құдаласқан 
күні қалыңдықтың бас киіміне үкінің жүнін тағып, қызды айтты-
рып  қойғанының  белгісін  жасауы.  Үкі  тағылған  қыз  сол  күннен 
бастап айттырылған болып, оған басқалар құда түспейді [39]. 
Үкі тағу, иткөйлек сияқты рухани мəдениеттің этнотаңбалық 
уəжі олардың мифтік дүниетанымға сай тотемдік мəнімен байла-
нысты. 
Осы  тектес  көне  тілдік  деректер  халқымыздың  ұзақ  этномə-
дени даму жолын, материалдық жəне рухани құндылықтарын, түп-
тамырын неғұрлым тереңірек танудың бір құралы, маңызды таным 
тетігі ретінде зерттеледі.
Қазіргі қазақ қоғамындағы маңызды ерекше сипатқа ие болған 
ұлттық  мүдделі  мақсат – халық  рухын,  оның  өзегі  мəдениетті 
жаңғырту.  Мысалы,  қазіргі  күнде  жаңа  терминдік  мағынаға  ие 
болған тұсаукесер сөзінің қызметі оның архетиптік мағынасының 
қазіргі замандағы ассоциациялық жаңғыруы. Шын мəнінде қазақ-
тың рухани мəдениетінде тұсаукесер ұғымы «Сəби қаз тұрған соң 
тез  жүріп  кетсін  деген  тілекпен  жасалатын  ғұрып,  ырым» [40]. 
Ал  қазіргі  «алғаш  рет  таныстыру  рəсімін»  [сонда]  білдіретін 
терминдік  мағынасы  тілдің  өміршеңдік,  мұрагерлік  қызметін  дə-
лелдейді.
Əрине, мəдениетті, рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, 
өнер, дін жəне т.б. негізінде құрылатын семиотикалық жүйе. Бірақ 
көшпенді  мəдениетінде,  қазақ  мəдениетінде  рухани  мəдениеттің 
таңбалық  негізі,  рəміздік  жүйедегі  ұлттың  психологиясы,  сакра-
лизациясы негізінен тіл арқылы сипатталады. Сондықтан рухани 
мəдениеттің коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сəйкес оның 
ашық  жүйе  ретінде  сақталуы,  кейінгі  ұрпаққа  жетуі,  жаңғыруы, 
танымы,  игерілуі,  жетілуінің  тіл  арқылы  іске  асатынын  қазіргі 
тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы зерттеулерінде қарастыру 

523
Ұлт тұғыры – тілде
тиімді. Себебі ашық жүйе ретіндегі бір этностық (ұлттық) ұжымды 
мəдени  коммуникацияның  іске  асырылу  құралдарының  дені, 
таңбалар  жүйесі,  рəміздер,  əдет-ғұрыптар,  материалдық  өндіріс 
туындыларының өзі тіл арқылы қызмет етеді де, мəдениетті тарихи-
əлеуметтік үдеріс ретінде сипаттайды. Сондықтан да қазіргі қазақ 
тіл  білімінде  қазақ  этносының  таным-парасатын,  дүниетанымы 
мен мəдениетін тіл арқылы тану – аса маңызды. 
Мысалы «Жеті қарақшы» жұлдызының атауына жеті санының 
киелі, діни уəж болып тұр десек, оның «жеті қараңғы түн» тіркесін 
де қатыстылығын байқауға болады. Сол сияқты «жеті шəріп» деген 
тіркестің діни ұғымы: 1) Мекке шəріп; 2) Мəдина шəріп, 3) Бұхар 
шəріп, 4) Шам шəріп, 5) Қатым шəріп, 6) Құддыс шəріп (Мысыр 
шəріп), 7) Кəлем шəріп.
Жеті  санының  символдануы  жалпы  адамзаттың  өркениетте 
белгілі «жеті ғаламат» құбылысының да түп тамыры сабақтасады. 
Тіліміздегі  жеті  нан,  жеті  тиын  садақа  деген  діни  мазмұнды 
қолданыстарды  былай  қойғанда,  табиғаттан  тыс  ерекше  күшті 
бейнелейтін жетібасты жалмауыз, жетібасты аждаһа сияқты 
қолданыстар да қалыптасқан.
Қазақ танымына сай мəдениетте бұл санның қалыптануы мен 
заңдасуының  бір  дəлелі – «қазақтың  жеті  атадан  бері  қыз  алыс-
пау» заңы.
Күнделікті тұрмыс пен өмірдегі көп нəрсені де осы өлшеммен 
белгілеу  де  қазақ  танымына  сай  қалыптасқан:  жеті  атасынан 
шынжыр балақ, шұбар төс; жеті атасынан бері қонған (ақын-
дық, ұсталық, сынықшылық, т.б.). Бұл арада жеті сөзі өзінің тура 
мағынасында тұрған жоқ, олар «о бастан», «ежелден», «арғы атала-
рынан», т.с.с. ұғымды бейнелейді. Сол сияқты «жеті жұрттың тілін 
біледі» дегенде де тура «жеті» мағынасын емес, «кең» мағынаны 
меңзейді. 
Демек,  тіл – мəдениет  дерегі,  өйткені  ол  мəдениеттің  құрас-
тырушы бөлігі жəне тіл мəдениетті танудағы негізгі құрал, себебі 
ол  арқылы  біз  мəдениетті  меңгереміз.  Себебі  тіл  мəдениеттің 
жалпы  сипатын  танытады,  негізгі  этномəдени  ақпаратты  жинай-
ды,  сақтайды  жəне  жеткізеді.  Осыған  сай  тіл  əрбір  этникалық 
қоғамдастықта, бір жағынан, этностың мəдени өзгешелігінің фак-
торы ретінде, екінші жағынан, тіл шеңберінде мəдениеттің ұрпақ-

524
Ұлт тұғыры – тілде
тан-ұрпаққа  жалғасуын  қамтамасыз  етеді,  қазіргі  келер  ұрпақты 
бір тұтастырып, бүтіндікте байланыстырады. 
Сонымен,  антропоөзектік  парадигма  адам  санасында  қалып-
тасатын ақиқат дүниенің бейнесі арқылы сақталатын тілдік қорды 
зерттеуге  мүмкіндік  жасайды,  себебі  əрбір  əлеуметтік  жүйеде, 
ұлттық  ұжымда,  əрбір  қоғамның  өркениеттік  даму  барысында 
дүние  бейнесі  тілде  өзіндік  ерекшеліктерімен  ажыратылып  оты-
рады. Олардың негізі тілдік санада концептуалдық жүйе арқылы 
құрылады жəне сезімдік қабылдаулар нəтижесінде жеке адамның 
танып-түсінген  деңгейі  мен  дəрежесі  бара-бара  ұлттық  сипат-
та  тұтасады.  Қоғам  дамып,  дүниенің  қасиеттері  одан  əрі  таны-
ла  бастаған  сайын  дүние  бейнесінің  мазмұны  да  өзгеріп  отыра-
ды.  Оның  мысалын  жоғарыда  көрсетілген  тұсаукесер  сөзінің 
бастапқы  этнографиялық  ұғымынан  қазіргі  таңдағы  терминдік 
сипатқа  ие  болуынан  көреміз.  Антропоөзектік  бағытқа  сай  тіл 
арқылы  ұлт  болмысын  тануға  ұмтылған  қазақтың  бүкіл  заттық 
жəне  рухани  мəдени  атаулары  мен  ұғымдарының  ұлт  санасында 
этномаркерленіп, жадыда терең сақталу құбылысы анықталады.
Мысалы, ежеғабыл құда, бел құда, бесік құда, жаушы, қалың 
мал, бес жетім, сауын айту, т.б.
Сонын нəтижесінде қазақ этнотаңбаларының рухани ұғымдар 
мен  ырым-тыйымдарды,  наным-сенімдерді  таңбалауда  жиі 
қолданысқа түсетіндігі жəне олардың халықтың астырт санасында 
ұзағынан сақталатыны анықталады.
Сонымен, ұлттық дүниетанымның нəр алатын ортасы, əрі кө-
рінер жері – ұлттық мəдениет. Мəдениет халықтың мыңдаған жыл-
дар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның 
рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышанда-
ры жинақталады. Əр мəдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан 
қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Себебі əр мəдениет заманы-
на,  діліне,  моральдік  нормаларына  қарай  адамға,  өмір – өлімге, 
адамның  іс-əрекетіне,  сұлулыққа  тағы  да  басқа  əр  халықтың  ба-
сында  бар  негізгі  құндылықтарға  байланысты  өзінің  көзқарас 
жүйесін қалыптастырады. Міне, осы көзқарастың көрінетін, тара-
латын, сақталатын құралы – тіл.
Сан  ғасырлар  бойы  ұлттық  болмыс  пен  рухани  санаға  сай 
қалыптасқан қазақ тілінің тілдік мұрасы осыны толық дəлелдейді. 

525
Ұлт тұғыры – тілде
Қазақтың ғасырлар бойғы тарихының, наным-сенімінің, болмыс-
тіршілігінің,  шаруашылығының,  дəстүрінің,  мінез-құлқының, 
адамгершілік, сұлулық туралы түсінігінің энциклопедиясы іспет-
ті  тіліміздің  өзегі – ұлттық  дүниетанымның  сақтаушысы,  қазы-
насы  ретіндегі  қызметі.  Мəдениетіміз  бен  тарихымызды  қазақ 
тілінің қатпарларынан іздеп, ұлтымыздың адамзат мəдениеті ара-
лығындағы  орнын  анықтау,  оның  рухани  түбін  білу  үшін  ұлт-
тық  тілге  тереңдей  үңілу  ғылыми  тұрғыдан  дұрыс  жол-бағыт 
екенін  қазіргі  тіл  біліміндегі  когнитивтік  бағыт  пен  лингвомə-
дениеттанымдық негіздер көрсетіп отыр.
Этнотаңба жүйесіндегі символдану үдерісі
Шын  мəнінде,  таным  процесі  мен  логикалық  ойлау  жалпы 
адамзатқа ортақ қасиет, ал бүкіл адам баласы үшін ақиқат шындық 
болмыс біреу болғандықтан, ғаламның біртұтас бейнесі де əр басқа 
тілде  сөйлейтін  халықтар  үшін  біреу-ақ.  Сөйтсе  де  тіл  иесінің 
ой-өрісіне,  концептуалды  əлеміне  байланысты  əр  тіл  дүние-
ғаламның фрагменттерін өзінше өреді, бөлшектеп атайды, бейне-
леп суреттейді, ал тіл өкілі ойының желісі өз тілінде бекіген ғалам 
бейнесіне сай құралады. Осыған байланысты əр басқа халықтың 
(ұлттың, этностың) тілдеріндегі ғалам бейнесінің фрагменттерінде 
жалпыадамзатқа  ортақ  дүниеліктер  де,  тек  тіл  иесіне  ғана  тəн 
ұлттық нақыштар та кездесіп жатады.
Демек, əрбір этностың мəдениеті – оның тілі арқылы сақталған 
«ішкі» мазмұнында. «Мəдениетті тану кілті» – тіл арқылы сақтал-
ған  мəдени  ұғымдардың  мəдени  фонын  зерттеу.  Соның  нəтиже-
сінде  анықталатын  тілдің  қызметі – əр  халықтың  ұлы  мұрасы, 
ұлттың тарихи жетістігін көмкерген мəдениетті таңбалау.
Таңба – қоғамдық дамудың зердесін, ой-өрісін, даналық тұғыр 
деңгейін танытатын белгісі ретінде ұлт мəдениетін тілде белгілеу 
(маркерлеу) қызметін атқарады. Соның нəтижесінде бір этностың 
мəдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баянда-
лады.  Ал  мəдениетті  танытушы  таңбалар  дегеніміз – рухани 
жəне материалдық мəдениетті сипаттаушы сөз символдары, яғни 
таңбалаушытаңбаланушы жəне нысан үштігінің бірлігі. 
Жалпы  алғанда,  мəдениеттің  немесе  оның  жеке  түрлері  мен 
формаларының таңбалық сипаты туралы ой ертеде қалыптасқан. 

526
Ұлт тұғыры – тілде
Ал тілге қатысты таңба ұғымының енуі тілден тыс салт-дəстүр, 
əдет-ғұрып,  т.б.  мəселелерді  тіл  мен  мəдениет,  ұлт  пен  тіл 
қағидасына сəйкес танымдық сипатта қарауға мүмкіндік туғызды. 
Сондықтан мəдениет мазмұнын ашуға қатысты қызмет атқаратын 
таңбалар  жиынтығы  мен  таңбалық  құралдарды  этнотаңбалар 
(Ю.М. Лотман, т.б.) немесе этномаркерлі лексика деп айтуға бо-
лады.
Осымен  байланысты  «дүниенi  тiлдiк  бейнелеудiң»  жалпы 
жəне ұлттық ерекшелiк негiзiндегi көрiнiстерi салыстыра зерттеу 
нəтижесінде айқын көрінеді. 
Жалпы  алғанда,  мағыналық  таңба  белгілі  бір  ұғымның  ерек-
шеленген қасиеті, қызметтік белгісі, бейнесі арқылы айқындалып, 
мағыналық мəні таңба ретінде жадыда қалыптасып, сөз қолданы-
сында  заттық  таңба  ретінде  ұғымды  танытатын  əлеует  деңгейін 
сақтап қалады.
Осыған  орай  ең  негізгі  құрал – сөздік  ақпарат.  Бұның  негізін 
құрайтын  этнографизмдер,  қазақ  ескіліктері,  мифологемалар, 
басқа  да  этномəдениеттің  архетиптік  көріністері  мəдениетті  ай-
қындап  қана  қоймай,  оны  ұлт  болмысымен  тұтастыратын  сим-
волдау  қызметін  атқарады,  соның  негізінде  этнотаңбалы  мəдени 
кеңістік құралады.
Ұлттың,  этностың  жеке  ерекшелігін,  өзге  ұлттардан  айырма-
шылығын,  өзгешелігін  танытатын  тілдік  бірліктердің  бірі – жо-
ғарыда  көрсетілген  этномаркерленген  лексемалар.  Жалпы  линг-
вомəдениеттану  саласында  ұлттық  мəдениетті  таңбалайтын  бір-
ліктер  ретінде  ұлттық-мəдени  концептілерді,  лингвокультурема-
ларды (лингвомəдени бірліктер) келтіретін болса, этнолингвисти-
ка саласында жеке бір ғана ұлтқа тəн ерекшеліктерді бейнелейтін 
ұғымдарды этнографизмдер деп атайтыны белгілі. Дегенмен, осы 
екі  саладағы  лингвокультурема,  этнографизмдер  мен  одан  туын-
дайтын тұрақты тіркестердің түп тамыры ұлт санасында тұрақты 
түрде сақталып, этномаркерлік деңгейге жеткен таңбалардан бас-
тау алады.
Олар  ақпаратты  жеткізу,  яғни  коммуникативтік,  ақпаратты 
қабылдау  (прагматикалық),  сипаттаушы,  белгілеуші,  бағалаушы, 
жалпылаушы  қызметтерді  атқарады.  Ондай  таңбалар  қатарына 
символ,  бейнелі  сөз  (образ),  эпитет,  метафора,  метонимия,  т.б. 

527
Ұлт тұғыры – тілде
жатады.  Дегенмен,  ұлттық  таным-түсінікте  кейбір  ұғымдарды 
астарлап,  тұспалдап  жеткізуде («өлімді  естірту», «қаралы  хабар-
ды жеткізу») қолданылатын шартты таңбалар да өз мəнін жой-
май, бүгінгі күнге дейін ұлт жадында сақтаулы. Мысалы, қара ту 
көтеру,  атын  бос  жіберу,  ауылға  шауып  келу,  қамшыны  ортаға 
тастау, т.б 
Мағыналық  (тілдік)  символдардың  қасиеті  дүние  бейнесінен, 
аялық білім шеңберінде қарастырылатын тілдік таңба уəжділігінен 
туындайды. Символ өз ішінде атау беру немесе тұрақты мағыналық 
шарттылық мəнін сақтайды. Символдың негізі, түп тамыры – бей-
не.  Бірақ  бейне  ұлттық  мəртебе  алып,  бір  ғана  қасиеті  арқылы 
символдық  мəнін  сақтап  қалады.  Келе-келе  қосымша  семалар 
көрінбей,  ұқсату  арқылы  қалыптасқан  бейне  символға  айналып, 
кейін бейнелілігін жояды. Байқап қарасақ, символ ұғымға сілтеме 
жасайды,  бірақ  өзіндік  мағынасын  сипаттай  алмайды.  Ал  бейне 
ақиқатты  түсінуді  тереңдетеді.  Символ  оның  формасын,  моделін 
көрсетеді. Символға тəн қасиет бүтінді бөлшек арқылы танытады. 
Демек, символдың негізгі бастамасы метонимиялық қызметтен ту-
ындайды. Символ ешқашан бір мағына шегінде қалып қоймайды, 
оның мағыналық астары шексіз. Символ қай жағдайда да сол зат-
тың (ұғымның) өзінен басқа затқа меңзеу, оның шегінен асу əре-
кетінде байқалады. Бұл құбылыс келесі құбылыстың мəні арқылы 
ашылса, екі құбылыстың өзара əсерінен, əр тарапты байланыс қа-
тынасынан ақиқат туралы жаңа білім туады. 
Дəстүрлі  ұлттық  мəдениеттің  символдық,  таңбалық  мағына-
ларын  зерттеу  барысында  семиотик-ғалымдар  əртүрлі  пікір  кел-
тіреді.
Мысалы, А.Ф. Лосевтің пікірінше, символдың негізгі ұғымы – 
бұл белгі (таңба).
Ал, К. Юнг символ мен белгінің (таңбаның) арасындағы айыр-
машылықты  дұрыс  айқындап  көрсетті.  Оның  ойынша: «Символ 
ұғымы мен қарапайым белгі, таңба ұғымы бір-бірінен символдық 
мағына  жəне  семиотикалық  мағына  арқылы  ажыратылады.  Бұл 
екі мағына мүлде бір біріне ұқсамайтын екі бөлек дүниелер» [41].
Шын мəнінде, символдың басқа мағыналық таңбалардан ерек-
шелігі  ол  бойындағы  мағынаның  өміршеңдігін  ұзақ  сақтайды. 
Бірақ  символ  мəңгілік  емес,  қоғам  мен  адамның  ақыл-ой,  дү-

528
Ұлт тұғыры – тілде
ниетанымы  дамыған  сайын  символдық  мағына  жаңа  символдық 
атауға  ие  болады.  Дегенмен,  ескі  символдық  таңба  өлмейді,  тек 
тарихи мəртебе алады, эзотериялық көзқараста қалады.
В.А.  Маслованың  еңбегінде  символдардың  əмбебап  түрлері 
мен ұлттық түрлері болатыны, сондай-ақ, басқа таңбаларға қара-
ғанда  символдың  бойында  терең  ұлттық  мəн  болатыны  туралы 
айтылады [42].
Себебі  символ  жалпыхалықтық  санада  терең  тарихи,  мəдени 
құндылықты  сипаттаушы  қызмет  атқарғандықтан,  оның  жалпы 
болмысы  «теңелу», «сəйкестену», «үлестіру», «ұқсату»  құбы-
лыстарынан  гөрі,  құндылықтың  биік  мəртебелі  дəрежесін  сақ-
тап  қалу  мақсатын  көздейді.  Сол  себепті  символдың  адреса-
ты  жоқ,  ол  бүкіл  ұлтқа,  халыққа  ортақ  мазмұнды  сипаттайды. 
Ұлттық сананың (ұлттық лингвомəдени тілдің) деңгейін сол тілді 
тұтынушылардың  қорындағы  символдар  мен  символға  айналуға 
бейімделу үдерісіндегі бейнелі сөздердің көлемі арқылы анықтауға 
болады. Мəселен, қазақ тілін ұлттық лингвомəдени тілге бай, яғни 
этнографизмдер  мен  лингвомəдени  бірліктері  мол  əрі  жұмсалым 
аясы үзілмейтін, кең қолданыстағы тіл деп тануға əбден болады. 
Себебі,  қазақ  тілінде  символданған  (этномаркерленген)  бірліктер 
ерекше көп. 
Осындай  тұжырымдарды  сараптай  келгенде,  ұлттық  түрде 
маркерленетін (белгіленетін) таным-түсініктердің тілдік таңбасы-
ның  қызметін  ең  алдымен  символ  атқаратыны  байқалады.  Яғни 
ұлттық этномаркерлі бірліктердің негізі – символдар. Қазақ тілінде 
этномаркерленген  бірліктердің  дені  əр  алуан.  Себебі,  қазақтың 
ұлттық  мəдени  болмысы,  дəстүрі,  наным-сенімі  тілде  əртүрлі 
формада  сақталған.  Мəселен, «Айдың  аманында», «Айы  оңынан 
туды», «Ай  тұяқ  шалды»  деген  тіркестердегі  ай  символының 
қызметі мен «Жұлдызы қарсы», «Жұлдызы теріс келді», «Жұлдызы 
қарсы», «Жұлдызы  жоғары»  дегендегі  жұлдыз  символының 
қызметі наным-сенім, сыйыну тотемдік, шамандық дəуірден бас-
тап  ұлттық  санада  сақталып,  генетикалық  тұрғыдан  жалғасып 
келе  жатқан  мифологемдік  этномаркерлер  қатарына  жатады. 
Ал  ұлттық  заттық-мəдени  лексемалардың  этномəдени  сипатқа 
ие  болып,  күнделікті  тұрмысты,  ата  кəсіпті,  мінез-құлықты,  іс-
əрекетті, құбылысты бейнелеуде тұрақты қолданылу нəтижесінде 

529
Ұлт тұғыры – тілде
стереотиптік  этномаркерлер  пайда  болады.  Мысалы,  айран-
дай  аптап,  күбідей  күптеу  (толықтай  өзіне  қарату,  бағындыру); 
ақ киізге көтеру; ақ түйенің қарны жарылу, Асан қайғыға түсу; 
асығы алшысынан түсу; асығы түгел; аузынан ақ май ағу; ауызды 
қу шөппен сүрту; аузыңа май, астыңа тай; ауыл итінің құйрығы 
қайқы; əңгір таяқ ойнату; бармағын тістеу; бас жарылса бөрік 
ішінде,  қол  сынса  жең  ішінде;  безбүйрек;  бетегеден  биік,  жу-
саннан аласа; бетке күйе жағу, бетке таңба болу; бет моншағы 
үзілу, бетін айдай қылу; бие сауымдай уақытбір күн бие, бір күн 
түйе; бір тарының қауызына сыйғызу; дəм-тұз атсын; дəм-тұзы 
жарасу; екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды; есік көрген; 
етінен өтіп сүйегіне жету, т.б. 
Жалпы  лингвомəдениеттану  саласында  ұлттық  мəдениетті 
таңбалайтын бірліктер ретінде ұлттық-мəдени концептілерді, линг-
вокультуремаларды (лингвомəдени бірліктер) келтіретін болса, эт-
нолингвистика саласында жеке бір ғана ұлтқа тəн ерекшеліктерді 
бейнелейтін  этнографизмдер  көрсетіледі.  Дегенмен,  осы  екі 
саладағы  лингвокультурема,  этнографизмдер  мен  одан  туындай-
тын  тұрақты  тіркестердің  түп  тамыры  ұлт  санасында  тұрақты 
түрде  сақталып,  этномаркерлік  деңгейге  жеткен  таңбалардан  ба-
стау алады.
«Таңба – қоғамдық дамудың интеллектуалдық қуатын, ойшыл-
дық  өріс  қабілетін,  даналық  тұғыр  деңгейін  танытатын  қасиетті 
нышан, ұлттың зерделеу рəсімі. Таңба – қоғамдық қарым-қатынас 
құралының айрықша стратегиялық түрі» [43]. Сондай-ақ таңба ұлт 
мəдениетін тілде белгілеп, бір этностың мəдениеті екінші этносқа 
оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады. 
Таңбаны қарастыратын семиотика ғылымында дыбыстық (тіл-
дік)  таңбалармен  қатар  мағыналық-шартты  таңбалар  болатыны 
да  белгілі.  Жалпы  алғанда,  мағыналық  таңба  белгілі  бір  ұғым-
ның  ерекшеленген  қасиеті,  қызметтік  белгісі,  бейнесі  арқылы 
айқындалып, мағыналық мəні таңба ретінде жадыда қалыптасып, 
сөз қолданысында заттық таңба ретінде ұғымды танытатын əлеует 
деңгейін сақтап қалады. 
Олардың қатарына «дархан дала» бейнесін (еркіндік, кеңдік), 
«шаңырақ»  бейнесін  (отау,  отбасы,  жанұя),  «қыран  бүркіт»  бей-
несін  (ержүрек,  күштілік),  «қамшы»  бейнесін  (билік)  жатқызуға 
болады.

530
Ұлт тұғыры – тілде
Тілдік таңбаның символдық қызметін арнайы зерттеген Қ. Қа-
йырбаева, т.б. зерттеушілердің пікірінше, таным-түсініктердің этно-
маркерленген  тілдік  таңбасының  қызметін  ең  алдымен  символ 
атқаратыны  анықталды.  Демек,  қазақ  мəдениетін  танытатын 
этномаркерлік  бірліктер  алдымен  ұлттық  санада  бейнеленіп  (об-
раздалып),  содан  кейін  тұрақты  таңбаланып  барып,  символдық 
деңгейге  жеткенде  ғана  толық  қалыптасады  екен [44]. Ұлттық 
санада  ұлттық  мінез-құлықтың,  тұрмыс-тіршіліктің  бейнеленуі 
метафоралық, теңеулік, метонимиялық, эпитеттік жолдармен жү-
зеге асады. Соның ішінде ең ұтымдысы, яғни ұғым мен оның па-
йымдайтын бейнелі таңбаның өзара үйлесуі ұтымды болғанда ғана 
оның  константалық  дəрежесі,  тұрақтылығы  ұзаққа  созылады  да, 
этномаркерлік мəртебеге ие бола алады. 
Этномаркерленген  бірліктердің  басым  көпшілігінің  бейнелеу 
құбылысының ішінде əсіресе символдану үдерісінен өтетінін ай-
қындайтын  болсақ,  оның  себебі,  символдың  лакондық,  яғни  ық-
шамды түсіндіру қасиетіне келіп тіреледі. Символ болып қалып-
тасу  иерархиясында  идиоэтникалық,  ұлттық  таным-түсінік,  жал-
пыадамзаттық  интерпретация,  əмбебаптық  түсінік  сатыларынан 
өтіп барып, типтену, үлгілену, модельдену қызметіне көшеді. 
Мифологемдік  этномаркерлер  ұрпақтан-ұрпаққа  бұзылмастан 
жалғасатын  ұлттық  құндылық  деп  танылса,  стереотиптік  этно-

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал