Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет6/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақ тілінің ұлт тұтастырушылық қызметі
Тəуелсіз мемлекет ретінде қазақ елінің қазіргі таңда алдында 
тұрған  басты  міндеттерінің  бірі – өткенін  сұрыптап,  бүгінгісін 
таразылап, болашағын бағдарлау. Осымен байланысты мəселенің 
өзегі  ұлтты  ұйытып,  тұтастыратын  арқауды  анықтау  десек,  ол 
арқау – тіл.  Тіл  құдіреті  арқылы  ұлттың  рухани  тарихы  мен 
таным-тəжірибесін  сақтайтын  қазынасы  бізге  жетеді,  танылады. 
Бұл  кешегі  өткен  ата-бабаларымыздың  ерлік  мұрат-мүддесі  мен 
азаттық  үшін  күрестегі  ұлттық  рухын  көтеретін  қуатты  құралы 
болса,  тіл  бүгінгі  таңда  да  ұлтты  тұтастыратын  ұлттық  идеяның 
негізгі мəні жəне құралы болуға тиіс. 
Əрине,  өзінің  тұтастырушылық  қызметіне  орай,  тіл  тари-
хи  категория  ретінде  ұлттық  идеяның  нақты  тарихи  кезеңнің 
контексінде жаңарып, жаңғырып отыруы – заңды құбылыс. Мыса-
лы, ұлттық мəдени тарихымыздағы мұның нақты мысалын қазақ 
хандығы  құрылып,  қалыптасу  кезеңінде  көшпенді  қоғамның  ба-
сты идеясы ретінде жыраулар тілінде көрініс тапқан «Ата-қоныс», 
«Жерұйық», «Құтмекен» ұғымдары арқылы жоңғар, қалмақ шап-
қыншылығы  тұсындағы  «ұлттық  бірігу» (Бұқар  жырау,  т.б.),  Ре-
сей отаршылдығы кезеңіндегі «ұлт-азаттық күрес» жəне «ағарту-
шылық» (Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шоқан, Ыбырай, Абай, т.б.), 
ХХ ғ. басындағы «Алаш» идеяларынан (А. Байтұрсынұлы, М. Ду-
латұлы, М. Жұмабаев, т.б.) көруге болады. Осындай ұлттық идея-

508
Ұлт тұғыры – тілде
ның негізгі белгілерін сақтай отырып, сонымен бірге оның руха-
ни-танымдық тəжірибесінің мезгілдік сипатына сəйкес осы кезең-
дегі  тұтас  ұлт  болмысының  қалыптасуына  қажет  сана-сезім, 
мінез-құлық, əлеуметтік мұрат-мүдделердің даму үрдісінің басым-
дылығы айқындалуы тиіс. Олай болса, қоғамдық-саяси, əлеумет-
тік-экономикалық  даму  негізі  жəне  мəдени-рухани  əлеуеті  бар, 
ғылыми-техникалық базасы жетілген, сонымен бірге, сан түрлі ұлт 
өкілдерінің мекені егеменді Қазақстан мемлекетінің ұлттық идея-
сы қандай болмақ?
Қазіргі  таңдағы  қазақ  қоғамының  да,  қазақ  мемлекетінің  де 
өзекті  мəселелерінің  бірі – қоғамдық,  əлеуметтік,  экономикалық, 
құқықтық,  т.б.  деңгейлерде  ұлттық  сананы  жаңғыртып,  соның 
негізінде  өзі  де  өркендейтін,  қоғамның  барлық  саласында  қол-
данылуға  тиіс  ана  тіліміздің  мемлекеттік  мəртебесіне  сəйкес 
жаңа  сапалық  сипаттағы  жан-жақты  қызметін  дамыту,  күшейту, 
қалыптастыру. Себебі ұлттың ыдырамас бірлігі, тұтастығы, түптеп 
келгенде,  ұлт  тілінің  тұтастығымен  байланысты.  Ал  бұл  белгілі 
бір  кезеңге  тəн  өткізілетін,  өтіп  кететін  науқандық  шара  ғана 
емес. Біріншіден, ҚР-дағы мемлекеттік тіл мəртебесін, ол туралы 
ресми  заңды  шын  мəнінде  іске  асырудың  нəтижесі  болуға  тиіс. 
Екіншіден,  ол – тамырын  тереңнен  алатын  ұлттық  мəдениеттің, 
негізінен тіл арқылы сақталып, кейінгі ұрпаққа тіл арқылы жететін 
асыл мұра. Осымен байланысты белгіленген «Мəдени мұра» атты 
мемлекеттік  бағдарламаның  мəні  ерекше  екеніне  кешенді  түрде 
жүргізіліп жатқан филологиялық, археологиялық, тарихи, т.б. ру-
хани  мəдениетіміздің  арналарын  сипаттайтын  деректерінің  ашы-
лып,  толығып,  зерттеу  айналымының  дəйектемесіне  айналып 
жатқаны  дəлел.  Осы  орайда  ашылып,  анықталатын  ұлтымыздың 
мəдени-əлеуметтік  тарихи-тілдік  бастау  көздерін  таныту,  оқыту, 
зерттеу – қазіргі таңдағы өзекті мəселелердің бірі. 
Демек, осыған сəйкес мемлекеттік тіл қызметін қалыптастыру-
да, мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда «ешнəрсе істелген жоқ!» 
деп  даурығуға  негіз  жоқ.  Билік  тарапынан  қолдау  тапқан  дұрыс, 
терең  түсініктің  арқасында  қабылданып,  белгіленген  «Мəдени 
мұра»  атты  Елбасымыздан  бастап  басқа  да  ресми  тұлғалардың 
жоғары  мінберлерден  қазақ  тілінің  мəні  мен  болашағы  туралы 
пікірлерінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі  қызметінің  жандануына 

509
Ұлт тұғыры – тілде
белгілі  дəрежеде  қозғау  салып,  қоғамдық  пікірге  ықпал  етуі  де 
шындық.  Əсіресе,  Білім  жəне  ғылым  министрлігінің,  Тіл  коми-
тетінің,  тілдерді  дамыту  басқармаларының  нақты  да  жан-жақты 
істеліп  жатқан  жұмысы,  көкейтесті  перспективалық  бағыттарын 
белгілеп, кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанын, оның мемлекеттік 
тіл қызметінің жандандыруға əсерін ерекше атап өткен жөн.
Дегенмен,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  толыққанды 
қызмет  ете  алмай,  қоғамның  барлық  саласында  тиімді  қолданыс 
таппай,  яғни  қазақ  тілінің  барлық  функционалдық  əлеуеті  толық 
ашылмай  отырғаны  жəне  қоғамның  əртүрлі  əлеуметтік,  ұлттық 
топтарының мүшелері тарапынан дұрыс түсінілмей, қазақ тілінің 
ұлттұтастырушылық  қызметі  мен  мəні  жөнінде  қоғамда  тегістей 
дұрыс таным қалыптаспай отырғаны да рас.
Демек, бұл мəселенің шешіміне ықпал ететін, тілдің қоғамдық, 
əлеуметтік мəніне қатысты қағидалар мен ғылыми-əдістемелік ба-
заны анықтауға қатысты мəселелерді əлі де талқылап, айқындай-
тын тұстары баршылық.
Жоғарыда  аталған  нəтижелерді  мемлекеттік  тіл  мəртебесіне 
сəйкес  алғашқы  кезеңде  істелетін  іс-шаралар  ретінде  жағымды 
бағалай отырып, енді келесі кезектегі немесе кезеңдегі мəселелерді, 
яғни мемлекеттік тілдің қызметін жетілдіру, жаңа деңгейге көтеру 
мəселесін алға шығарып, мəн беріп шешетін кез келген сияқты.
Ол мемлекеттік тіл қызметін күшейтуге, жетілдіруге арналған 
іс-шаралармен  үндес,  сабақтас.  Осы  мəселенің  шешімінің  келесі 
сатысы  мен  өзекті  мəселелерінің  бірі  мемлекеттік  тіл  ретінде 
ұлт  тілінің  қазіргі  қазақ  қоғамындағы  сөз  мəдениетімен,  тілдік 
қолданыстың мəдени деңгейімен байланысты. 
Біздің ойымызша, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қор-
даланып, шешілмей жатқан түйткілдерінің бір себебі – социумның, 
мейлі ол мемлекеттік жүйе қызметіндегі ресми тұлға бола ма, басқа 
ма,  біразы  тілдің  мəнін  дұрыс  түсінбеуі.  Яғни  тілді  тек  қарым-
қатынас құралы деп (онда да қарым-қатынасты терең таным аспек-
тісінде  емес,  тар,  тіпті  тұрмыстық,  қарапайым  түсіністік  құралы 
ретінде ғана) деп түсінеді.
Ал,  шын  мəнінде,  тілдің  мəні  мен  қызметі  туралы  В.  Гум-
больдт, Э. Сепир, А. Потебня сияқты əлемдік шеңбердегі көрнекті 
ғалымдардың тұжырымдарын былай қойғанда, «тіл – құрал», «тіл – 

510
Ұлт тұғыры – тілде
қор»  деп  санаған  А.  Байтұрсынұлының, «тіл – таным  қоймасы» 
деп қараған проф. Қ. Жұбановтың, тілдің ұлт мəдениетін архетип-
тік,  мифтік  деңгейінен  бері  сақтаған  құдіретін  нақты  көрсеткен 
Ш. Уəлиханов, Ə. Марғұлан, Ө. Жəнібеков, Ə. Қайдар, Р. Сыздық, 
Е. Жанпейісов, т.б. ғалымдар еңбектерінің мəні зор. 
Олай болса, тілдің осындай терең танымдық мəнін қоғамдағы 
нигилистер  мен  мəңгүрттерге  ғана  емес,  жалпы  қоғамға  қалай 
дəлелдейміз?  Осыған  байланысты  тілші-ғалымдар  не  ұсынады? 
Əрине, оны дəлелдеу жалаң ұрандық сипатта емес, шын мəніндегі 
нақты  этномəдени  деректер  арқылы  дəйектелген  тарихи-тілдік 
деректерді зерттеу арқылы іске аспақ. 
Олар – ұлттың  болмыс-бітімін,  дүниеге  көзқарасын,  рухани-
мəдени құндылықтарын, əлеуметтік мəнін ұлттық таным қорында 
жинақтаған  тілдік  таңбалар.  Себебі  қазақ  ұлты  да  басқа  ұлттар 
секілді  ғасырлар  бойы  жинақталған  ой-тəжірибесін,  даналығын, 
дүниетанымдық көзқарастарын, салт-дəстүрін, т.б. тілінде көрсете 
білген. Олар халық өмірінің, тұрмысының, мəдениетінің ортақ си-
паты ретінде тұтас құрылымдық жүйе құрайды. Ал адамзат үшін 
ақиқат  дүние  біреу  болғанымен,  оны  түсіну,  тану,  сол  дүниенің 
біртұтас  бейнесін  санада  қалыптастыру  əрекеттері  əр  адамда, 
əр  ұлтта  əртүрлі  деңгейде,  сан  алуан  интерпретацияда  беріледі. 
Сондықтан  тіл  иесінің  ой-өрісіне,  тұтас  (концептуалды)  əлеміне 
байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс 
табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние 
бейнесіне сəйкес танытуға тырысады. 
Демек  тілді  жаңа  ғасырлар  баспалдағында  жаңа  теориялық-
танымдық  үрдісте  зерттеудің  қажеттігі  туындап  отыр.  Осымен 
байланысты  қазақ  тіл  білімінде  адам  санасында  қалыптасатын 
ақиқат  дүниенің  бейнесі  арқылы  сақталатын  тілдік  қорды  зерт-
теуге мүмкіндік жасайтын қазіргі тіл білімінің танымдық, антро-
поөзектік  бағыты  қалыптасуда.  Себебі  əрбір  əлеуметтік  жүйеде, 
ұлттық  ұжымда,  əрбір  қоғамның  өркениеттік  даму  барысында 
дүние  бейнесі  тілде  өзіндік  ерекшеліктерімен  ажыратылып  оты-
рады. Олардың негізі тілдік санада концептуалдық жүйе арқылы 
құрылады жəне сезімдік қабылдаулар нəтижесінде жеке адамның 
танып-түсінген  деңгейі  мен  дəрежесі  бара-бара  ұлттық  сипат-
та  тұтасады.  Қоғам  дамып,  дүниенің  қасиеттері  одан  əрі  таныла 

511
Ұлт тұғыры – тілде
бастаған  сайын  дүние  бейнесінің  мазмұны  да  өзгеріп  отырады. 
Мысалы,  қазіргі  қазақ  тіліндегі  қоғамдық  талапқа  сай  өзекті  бо-
лып  саналатын  терминология  жүйесінің  қалыптасуын  алайық. 
Номинация  теориясы  бойынша  адам  ат  қоюда  сол  затты  танып, 
біліп,  басқалардан  ажыратып  алғаннан  кейін  барып  ат  қояды. 
Мұндай  ажыратқыш  белгілер  сөйлеуші  ұжымдық  ортада  əртүрлі 
болуы  мүмкін.  Тіл  білімінде  олар  уəждер  деп  аталады.  Осымен 
байланысты  ұлттық  атаулардың  жасалуының  бір  жолы – ұқсату. 
Ол күнделікті өмірде, тұрмыстық тəжірибеде қалыптасады. Себебі 
адамның  табиғаттағы,  қоғамдағы  əртүрлі  құбылысты  бақылауы 
оны  өз  іс-əрекетімен,  тəжірибесімен  салыстыруы  ассоциациялық 
бейнелер  түрінде  əртүрлі  нəрселердің  ұқсас  жақтарын  табуы 
негізінде іске асады. Мысалы, тұсаукесер, т.б.
Сондықтан,  тіл  этностың  бүкіл  рухани,  мəдени  байлығының 
куəгері іспетті. Осымен байланысты қазіргі тіл білімінде ұлттың 
рухани-мəдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе 
түсуде. Оның себебі, жоғарыда атап көрсеткендей, əр тіл – өз бой-
ында ұлт тарихын, төл мəдениетін, танымы мен талғамын, мінезі 
мен санасын, кəсібі мен салтын, дəстүрі мен даналығын тұтастық-
та сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сəй-
кес, ол – жай таңбалық жүйе емес, мəдениет. Сондықтан оны зерт-
теуде дəстүрлі-құрылымдық лингвистиканың мүмкіндігі шектеулі. 
Себебі  бұл  арада  тілдің  қызметі  тек  коммуникативтік  емес,  ол 
(тіл) – этномəдени  ақпаратты  жинап,  сақтаушы,  келесі  ұрпаққа 
жалғастырушы,  сайып  келгенде,  бірбүтін  етіп  тұтастырушы. 
Сондықтан  да  қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениет 
сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, 
ұлттық  рухты  тануға  негізделген  когнитивтік  лингвистика,  оның 
лингвомəдениеттану,  этнолингвистика,  т.б  салалары  өріс  алып 
келе жатыр.
Осымен  байланысты  В.  фон  Гумбольдт,  Э.  Сепир,  т.б.  идея-
ларына сəйкес Ш. Уəлиханов, Қ. Жұбанов, Ə. Марғұлан, М. Əуе-
зов,  т.б.  еңбектеріндегі  сабақтастық  пен  Ə.  Қайдар,  Р.  Сыздық, 
Е. Жанпейісов, А. Сейдімбек, Е. Жұбанов, т.б ғалымдардың зерт-
теулері мен қазіргі қазақ тіл біліміндегі жалғастық – ұлттық бол-
мыстың уəждік негізінің уақыт пен кеңістік контексіндегі этнота-
нымдық табиғатын да ашатын дүниелер.

512
Ұлт тұғыры – тілде
Ұлтты  ұйыстырудағы  ежелгі  замандардан  бергі  халықтың 
рухани-танымдық  тəжірибесін  айғақтайтын  дəйегі – тіл.  Тіл 
арқылы  сақталған,  ұлтқа  тəн  көркемдік  жүйеде  көмкерілген  сөз 
өнері,  тіл  мəдениеті  немесе  тілдік  деректермен  дəйектелген  ұлт 
мəдениеті.  Олай  болса,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  қызметінің 
қолданысына қатысты практикалық құндылығы бар нəтижелердің 
денін жоғарыда атап өттік. Сондықтан біз осы мəселенің шешіміне 
ықпал ететін, тілдің терең танымдық мəнін түсіндіретін ғылыми-
зерттеу  жұмыстарының  мазмұны  мен  қағидаларының  сипаты, 
нəтижелері,  бағыты  қандай  деген  мəселелерге  назар  аудартуға 
тырыстық.  Қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  ықпалды  бағыт  ретінде 
анықталған,  осы  мəселенің  нақты  ғылыми  дəйегін  негіздейтін 
зерттеу жұмыстарының басты мақсаты – дербес ұлттық мемлекет 
ретіндегі  Қазақстанды  танытатын  ең  басты  белгі – тілдің  ұлтты 
тұтастырушылық қызметін нақты дəйектеп, дəлелдеу, тілі арқылы 
ұрпақтан-ұрпаққа  жеткен  рухани  ой-сезімі  мен  ұлттық  таным-
түсінігін,  ана  тіл  арқылы  бойға  сіңген  ұлттық  дəстүр,  ырым-ты-
йымдарды, мінез-құлық пен болмысты тілдің жаңа бағыттарының 
(этнолингвистика,  лингвомəдениеттану,  лингвоелтану,  когнитив-
тік тіл білімі) негізінде таныту.
Бұл, сайып келгенде, тəуелсіз қазақ мемлекетін құру барысы-
ның  əлеуметтік-экономикалық,  саяси  жəне  тарихи-мəдени  үлгі-
лері  мен  тетіктерін  негіздейтін,  тұрақты  дамуының  тұғырын 
белгілейтін ұлттық идеяның тілдік айғақтарын зерттеп, Қазақстан 
жағдайында қазақ тілінің ұлттық жəне мемлекеттік тіл ретінде даму 
үрдістері мен бағыттарын, қолданыс аясын анықтауға бағытталып 
отыр.
Осы  бағыттағы  зерттеулерде  «ұлттық  рух»  пен  «ұлттық  та-
ным»  ұғымдарын  кешенді  сипатта  қарастырып,  философиялық, 
психологиялық, əлеуметтанымдық, мəдениеттанымдық ғылымдар 
шеңберінде сараптап, соның негізінде тілдің ұлтты тұтастырушы 
қызметі түсіндіріледі. Осыған орай зерттеу барысында қазақ тілі-
нің мемлекеттік мəртебесі мен ұлттық болмысын мемлекетішілік 
жалпы біртұтас қолданысқа енгізу мақсатында соған негізгі нысан 
бола алатын қазақ тілінің сөздік қоры мен құрамындағы этносты 
танытатын  этнолексикалық  бірліктердің  түрлі  мағыналары  мен 
архетиптері  ұлттұтастырушылық  қызметі  тұрғысынан  сипатта-
лады.

513
Ұлт тұғыры – тілде
Осы  орайда  дəстүрлі  мəдениеттің  тілдік  көріністеріндегі  тіл-
дің рухани қызмет құралы, рухани құндылық көзі ретінде халық 
ауыз  əдебиеті  мен  жыраулар  тіліндегі,  мақал-мəтелдер  мен  фра-
зеологиялық  жүйедегі,  терминологиялық  өрістегі,  көркем  мəтін-
дегі,  прецеденттік  мəтіндердегі  тілдің  тұтастырушылық  дəйегін 
ашудың мəні ерекше. 
Зерттеу нысанына сəйкес таңдалған тілдік деректердің мазмұ-
нындағы ұлт болмысын, рухани-танымдық мəдениетін сипаттай-
тын бай дерек мəліметтер мен ақпараттар ұлттың бітім-болмысын 
танытуда мəні ерекше. Осымен байланысты ол мемлекеттік «Мə-
дени мұра» бағдарламасында белгіленген рухани мұраларды жаңа 
сападағы қалыптасу үстіндегі қазақ мемлекетінің мүддесіне сəйкес 
қызметін жаңғырту талаптарына сай келеді. Атап айтқанда, жырау-
лар  поэзиясындағы,  көркем  мəтіндегі,  мақал-мəтелдердегі  тілдік 
деректердің  мəдени-танымдық  коннотациясында  «тасаланған» 
мəн-мағыналарды ашу барысында ұлттың біртұтасымдық сипаты 
айқындалады.
Əрине,  осы  тектес  зерттеулер  жүргізу – ұлттық  сана  мен  рух 
жаңғыруының  негізінде  қоғамда  қалыптасқан  ұлттық  мүдде 
мен  жалпы  əлеуметтік  мүдденің  тоғысуының,  қазақ  тілінің  мем-
лекеттік  мəртебе  алуының  нəтижесі.  Осы  зерттеулердің  бары-
сында анықталатын тілдің ұлтты тұтастырушылық туралы мəні – 
атажұрттың  рухани  тетіктеріне  сүйенген  нақты  ұлттық  идея.  Ол 
мемлекеттік тілдің ұлттық таным негізінде анықталатын қызметін 
дəлелдеу арқылы ғана қоғамдағы басқа ұлт өкілдерін соңына ерте 
алатын, егеменді қазақ елінің болашақ даму бағдарының кепілі.
Себебі бүгінгі күні тəуелсіз мемлекет деп танылған Қазақстан-
да  қазақ  ұлтының  ұлттық  рухы  мен  қазақ  мемлекетінің  даму 
бағдарын белгілейтін ұлттық идеясы біртұтастықта айқын көрініс 
таппай  отыр.  Оның  басты  себебі – мемлекеттік  мəртебе  алған 
ұлттық тілдің қоғамды тұтастырушылық қызметін өз дəрежесінде 
атқара  алмай  отырғандығында.  Атап  айтқанда,  мемлекеттік  тіл 
мəртебесіне  сəйкес  жан-жақты  қоғамдық  қызметінде,  жалпы 
əлеуметтік біртұтас идея өрісінде, мемлекеттегі ұлттық мүддесін 
жетілдіруде  шынайы  байланысқа  түсе  алмай  отыр.  Сондықтан 
қазіргі  қоғамда  тілді  тек  қарым-қатынас  құралы  ретінде  таза 
лингвистикалық қызметіне сəйкес қана пайдаланып қоймай, оған 

514
Ұлт тұғыры – тілде
қоса  оның  құжаттық  қызметі  негізінде  сақталған  мəдени-таным-
дық қызметін жаңа тарихи заманға сəйкес сабақтастырып қолда-
нудың өзектілігі ерекше.
Осыған орай қазақ тіл білімінде ұлттұтастырушылық мазмұн-
ды танытатын тұтас идеялардың тілдік көрінісінің ғылыми негізде 
айқындалып, қазіргі тілдік қолданысқа ілестіру жолдарының ашы-
луы қазіргі қазақ тіл білімінде өзекті болып табылады.
Ол зерттеулердің нақты нəтижелері мен ұсыныстарын былай-
ша белгілеуге болады:
–  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  қызметіндегі  ұлтты  ұйысты-
рушылық мəнін күшейтудің тілтанымдық негізін айқындау;
–  мемлекеттік  тіл  мəртебесіндегі  ұлттық  тілдің  ұлтты  рухани 
тұтастырушылық қызметінің əлеуетін қазіргі заманның əлеуметтік 
мүдделеріне  сəйкес  жаңа  аялық  қолданыстар  мен  мүмкіндіктері 
арқылы  толықтыру,  атап  айтқанда,  көсемсөз,  жарнама,  салалық 
мамандар даярлау жүйесі;
–  қазіргі  қоғамның  əртүрлі  саласындағы  (ғылым  мен  мəде-
ниеттегі, терминдік жүйедегі, ақпарат құралдарындағы, білім беру 
мен тəрбие саласындағы, қызмет көрсету аясындағы, т.б.) мемле-
кеттік тілдің коммуникативтік қызметінің арқауын ұлттық идеяға 
құрудың тетігі ретінде тілдік тұғырды ұсыну;
– ұлттық рухани мұралардағы (фольклор, жыраулар тілі, пре-
цеденттік мəтіндер, т.б.) тілдің ұлттық-əлеуметтік мүдде қызметін 
түсіндіру, нақтылау;
–  тілдің  ұлтты  рухани  тұтастырушылық  қызметін  «ұлттық 
сана»  мен  «ұлттық  рух»  ұғымдарына  сəйкес  кешенді  (психолин-
гвистикалық, когнитивтік, əдеби-танымдық, философиялық, əлеу-
меттанымдық, мəдениеттанымдық) сипатта анықтау;
–  əртүрлі  тарихи  кезеңге  сəйкес  көркем  мəтіндерде  «астар-
ланған», «тасаланған» ұлттық мазмұнды талдау.
Осы бағыттағы зерттеулердің жаңалығы мен болашағына сəй-
кес нəтижелер жоғарыда көрсетілген жəне басқа да қоғамда туын-
дап  отырған  кейбір  кедергілер  мен  сауалдарға  жауап  беруге, 
түсіндіруге,  өзіндік  үлесін  қосуға  тиіс.  Қазіргі  қоғамда  «еура-
зиялық», «қазақстандық» идея, Қазақстанның көпэтностық сипа-
тына,  тілдік  жағдаятына  сəйкес  «ресми  тіл  ретіндегі  орыс  тілін 
ұсыну» мəселесі, т.б. осы сияқты идеялар мен оппозициялық идея 

515
Ұлт тұғыры – тілде
өзіндік  мүдделеріне  сай  пікір  ұсынып  жүрген,  негізгі  этностың 
мүддесін ескермейтін, елеусіз қалдыратын саясаттанушылар мен 
саясаткерлердің,  оған  күмəнмен  қарайтындардың  іс-əрекеттері 
мен пікірлеріне қатысты ғылыми, дəйекті негіз бере алады. 
Оларды  шешу  жолдарының  бірі – қазақ  тілінің  мемлекеттік 
тіл  мəртебесіне  сəйкес  қоғамның  барлық  салаларында  толық 
қызмет ете алатын əлеуетін (тілдік қор, терминдік өріс, нормативтік 
жүйе,  тілдің  коммуникативтік-прагматикалық  құралы  ретіндегі 
қолданыс аясы, т.б.) түсіндіріп, дəлелдейтін ғылыми ізденістермен 
қатар,  үгіт-насихат  іс-шараларын  халыққа  БАҚ  арқылы  жүзеге 
асыру.  Əртүрлі  ғылыми-көпшілік,  мəдени-əлеуметтік  іс-шаралар 
ұйымдастыру арқылы тілдің ұлттұтастырушылық қызметінің тінін 
құрайтын ұлттық идея мəн-мазмұнының өміршеңдік, жасампаздық 
сипатын, болашағын таныту, түсіндіру, т.б. 
Қорыта  айтқанда,  ұлтты  тұтастырушы  рухани-мəдени  фено-
мен – тіл.
Тілдің таңбалық сипаты мен мұрагерлік (кумулятивтік) 
қызметінің сабақтастығы
Тілді  адамның  əлеуметтік  тұрмысын  қамтитын  мəдениеттен, 
тарихтан тыс қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы 
түсінікке  кереғар  əсер  етеді  жəне  оны  зерттеудің  мүмкіндіктерін 
шектейді.  Академик  Ю.В.  Бромлей  сөзімен  айтсақ: «Əрбір  эт-
носта  мəдениет  элементінің  сыртқы  көрінуі  мен  «ішкі»  мазмұ-
нында  ерекшелік  бар.  Мағынасына  байланысты  барлық  мəдени 
құбылыстар  өзіндік  екіжақтылыққа  ие:  өзінің  «сыртқы»  көріні-
сімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар. Олар мағынасы арқылы 
айқындалады. Мағына затта жасырылған, ол ақыл-ой, эстетикалық 
сезіммен, адамгершілік интуициямен белгілі болады, бір көргеннен 
танылмайды.  Мағынаның  бұл  мəні – мəдениетті  тану  кілті» [35, 
25].  Ал  мұның  өзі  оның  мəдени  фонын  зерттеуге  əкеп  тірейді. 
Мəселен, шаңырақ, сəукеле, жөргем, т.б. Демек, тіл, көнеден ай-
тылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені 
көмкерген мəдениет, сондықтан да ол – əр халықтың ұлы мұрасы, 
ұлттың тарихи жетістігі. 
Тіл – мəдениет  дерегі,  өйткені  ол  мəдениеттің  құрастырушы 
бөлігі жəне тіл мəдениетті танудағы негізгі құрал, себебі ол арқы-

516
Ұлт тұғыры – тілде
лы  біз  мəдениетті  меңгереміз.  Тіл  мəдениеттің  жалпы  сипатын 
танытады,  негізгі  ақпаратты  жинайды,  сақтайды  жəне  жеткізеді. 
Осыған сай тіл əрбір этникалық қоғамдастықта, бір жағынан, этнос-
тың мəдени өзгешелігінің факторы ретінде, екінші жағынан – тіл 
шеңберінде  мəдениеттің  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасуын  қамтама-
сыз  етеді.  Осылайша  қазіргі,  келер  ұрпақты  бір  тұтастырып, 
бүтіндікте  байланыстырады.  Демек,  тіл  мəдениетте  өсіп-өнеді, 
дамиды жəне соны бейнелейді. Мəдениет этномəдени ақпараттар 
береді.  Ал  этномəдени  ақпараттар  əртүрлі  формаларда  жүзеге 
асады.  Олар – материалдық  жəне  рухани  мəдениеттің  туынды-
лары. Атап айтқанда, белгілі бір этномəдени ортадағы өмір сүру 
жағдайы, эстетикалық норма, тұрмыстық дағдылар, пайымдаулар, 
этникалық  көзқарас,  жергілікті  культ  пен  дəстүрлік  тəжірибе  –
ғасырлар бойы қалыптасқан бай «мəдениет тілі». «Мəдениет тілі –
этномəдени əрекеттердің объективті жəне субъективті факторлары 
жəне ұлттық сана-сезімді айқындайтын генезис» деп анықталады. 
Мəдениет тілін құрайтын таңба – символдар жиынтығы. «Мəдениет 
тілінің» мұндай дəстүрлі өзіндік құрылым элементтеріне кеңістікті 
бағдарлау,  тұрғылықты  жерді  жоспарлау,  тұрғын  үй  жəне  оның 
ішкі жабдықтары, тағамның түрлері жəне оны жіктеу, киім түрлері 
жəне  оны  жіктеу,  т.б.  жатады.  Осымен  байланысты  мəдениеттің 
немесе  оның  жеке  түрлері  мен  формаларының  таңбалық  сипаты 
туралы ой ертеде қалыптасқан. 
«Таңба»  категориясының  енуімен  лингвистикадан  тыс  салт-
дəстүр,  əдет-ғұрып,  т.б.  белгілі  бір  мəтін  ретінде  қарастыру 
көпмағыналы  мəнге  ие  «мəдениет»  терминінің  астарында,  қоғам 
тұтастай,  салт-дəстүр,  əдет-ғұрып  жатқанын  жеке  алып  қарауға 
мүмкіндік туды. Сондықтан мəдениет тілін адамзат əрекетін көрсе-
тетін таңбалар жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Мұндай таң-
балық құралдарды этнотаңбалар деп айтуға болады (Ю.М. Лот-
ман, т.б.). Бірақ ең негізгі форма – сөздік ақпарат. Бұның негізін 
құрайтын этнографизмдер мəдениетті айқындап қана қоймай, оны 
символдау  қызметін  атқарады.  Ал  этнографизмдер  дегеніміз – 
өткен  тұрмысымызда  болған,  көбі  əлі  де  қолданып  келе  жатқан 
тұрмыстық  бұйымдардың,  белгілі  бір  кəсіпке,  шаруашылыққа, 
салт-дəстүрге,  əдет-ғұрыпқа,  наным-сенімге,  баспанаға,  киім-
кешекке,  ішер  асқа,  туыстық  қатынасқа,  ел  билеу  ерекшелігіне, 

517
Ұлт тұғыры – тілде
заң тəртібіне, əдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқы-
мыздың тұрмыстық жəне тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін ар-
наулы атаулар мен сөз тіркестері.
Мысалы, кез келген зат күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтеумен 
қатар,  символдық,  белгілік  қатынаста  да  жұмсала  алады.  Оның 
нақты  көрінісін  фразеологиялық  тіркестердегі  этнотаңбалардан 
көреміз: байғазы беру, қалжа жеу, қанжығаға байлау, бесік құда, 
ежеғабыл құда, киіт кию, т.б.
Сонымен, көне тамырлы этнолексика – халықтың этномəдени 
тарихы жəне тілдік процестері мен тілдік шығармашылығы тура-
лы баға жетпес «ақпарат» көзі.
Демек,  мəдениеттің  өзегін  жалғастық,  мұрагерлік  құрайды 
десек, мəдени мұралардың сақталуы, танылуы, қабылдануы, шы-
ғармашылықпен дамуы тілдік ақпараттар арқылы іске асады.
Бұл тектес еңбектердің тілдік дəйектері мен ғылыми дəлелдері, 
біздің  ойымызша,  тіл  арқылы  ұлтты  тану  мен  танытудың  кепілі 
мен  қажетті  шарты  бола  алады.  Мысалы,  зерттеушіге  архаизм-
терминдерді,  прецеденттік,  мифтік  мəтіндердегі,  т.б.  архетиптік 
ұғымдарды  түсіндіруге,  ең  ежелгі  мағынасын  ашуға  сол  сөздік-
терде берілген этнографиялық, тарихи, археологиялық, культуро-
логиялық, т.б. деректер көмектесіп, этностың тұрмысы мен соған 
сəйкес  терминнің  пайда  болу  заңдылығы  мен  оны  қолданыста 
бекітетін «тілден тыс» жағдайларын анықтауға мүмкіншілік береді. 
Кешенді  лингвомəдени  зерттеу  барысында  бір  кезде  күнделікті 
өмірде  өте  қажетті  болған  көптеген  заттардың  атаулары  ғана 
қазіргі қазақ тілінде мəдениеттің, дəстүрдің жəне ұлттық мұраның 
жұрнағы  ретінде  сақталып  қалғаны  анықталады.  Демек,  атаулар 
жүйесінің қызметі тек атауыштық қана емес, танымдық та. Міне, 
осы тектес зерттеулер нəтижесінде тілдің негізгі коммуникативтік 
қызметіне  қоса,  ұлттың  рухани  қазынасын  бойына  сақтаған 
құжаттық, этномəдени мұралық (кумулятивтік) қызметінің нақты 
мазмұны ашылады.
Тіл  байлығын  бұлайша  зерттеудің  қағидасының  дəстүрлі  тіл 
білімінен  ерекшелігіне  сай  академик  Ə.  Қайдар  зерттеушіні  бұл 
арада «тіл тамыршысы» бола білуі керек деп санайды.
Себебі, кез келген халықты мəңгілікке ұластырып, жетілдіріп, 
кемелдендіріп отыратын мəдениетінің қазынасы – тілі.

518
Ұлт тұғыры – тілде
Оларды  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізетін  ауыз  əдебиеті,  эпостық 
жырлар, шешендік-паремиологиялық-фразеологиялық, ономасио-
логиялық  жүйе,  ақын-жыраулар  шығармашылығы,  т.б.  Мұндай 
рухани-мəдени мұра үлгілерінің арқауы болған сөз өнері, айшықты 
тілі  арқылы  қазақ  халқының  этникалық  тарихы  мен  мəдениеті, 
көркем  ойлау  жүйесі  мен  танымдық  деңгейі  заманнан  заманға 
этнотаңбалық ақпарат түрінде жетіп отыр. 
Ұлттың  болмысын  тілі  арқылы  сипаттайтын  төл  мəдениеттің 
этнотаңбалық деректерінің мəні жоғарыда көрсетілген үлгілерде, 
біріншіден,  эстетикалық,  екіншіден,  тарихи-этникалық  тұрғыдан 
уақыт пен кеңістік контекстегі əлеуметтік-функционалдық, үшін-
шіден,  танымдық-аксиологиялық  (құндылықтық)  қызмет  атқа-
рады.  Бұл  мəселені  зерттеу  қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  «ұлт  пен 
тіл  біртұтас»  деген  қағиданы  ұстанатын  антропоөзектік  бағытқа 
сəйкес жүргізіле бастады.
Тілді  зерттеудегі  бұл  үрдістің  қазақ  тіл  біліміндегі  бастау 
көзін проф. Қ. Жұбанов еңбектерінен табамыз. Олар – ғалымның 
қазақ  тілінде  сақталған,  кейде  қазіргі  қолданысы  тарихи-таным-
дық  тұрғыдан  жаңғыртылып,  анықталған,  иə  мифтік  таным  дең-
гейіне  сай  қалыптасқан  архетиптік  сипаттағы  тілдік  деректер-
дің,  антропонимдердің,  топонимдердің,  терминдердің,  фразеоло-
гизмдердің, т.б. мəнін ұлт мəдениетімен байланыста қарастырған 
зерттеулері  мен  ғылыми  топшылаулары.  Мысалы,  ғалым  қазақ 
тіліндегі  зат  атауларының  қалыптасуындағы  негізгі  қағидасын 
сөздің аталуының ұлттық ерекшелік, тарихи-мəдени, əлеуметтік-
кəсіптік, т.б. жағдайларымен байланыстырады: «лошадь – жылқы, 
бірақ  ол  ат,байтал,  айғыр  емес.  Ал,  біздің  ісек,  тұсақ,  құнан, 
құнажын, дөнен, дөнежін деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Қазақ 
синий,  голубой,  зеленый  деген  түстердің  бəрін  көк  дейді.  Адай-
ларда,  арабтарда  түйе  түлігінің  аттары  көп:  Еділ,  Каспий  (Аты-
рау)  бойының  қазақтары  балық  түрлерінің  аттарын  көп  біледі. 
Демек,  қолданылмаған  затқа  ат  жоқ».  Бұл  пікірді  ұлт  болмысы 
сипатын  танудың  жолы  десек,  қазақ  тіліндегі  ұлттың  əлеуметтік 
тұрмысын,  тарихы  мен  мəдениетін  белгілеген  тілдік  деректері-
қазақ  əлеуметтік-мəдени  кеңістігінде  қалыптасқан  ұжымның 
этнотаңбалық  жүйесі.  Мысалы,  тайға  таңба  басқандай,  қой  үс-
тіне бозторғай жұмыртқалаған заман, т.с.с. идиомалар көркем-

519
Ұлт тұғыры – тілде
дік  ойлау  деңгейін  ғана  емес,  ұлттың  күнделікті  тəжірибесінен 
қалып-тасқан танымдық тұжырымын да белгілейді.
Ал,  əрбір  этностың  ежелден  қалыптасқан  төл  мəдениеті – 
оның  тілі  арқылы  сақталған,  таңбаланған  ішкі  мазмұны.  Сол 
мазмұнды ашу арқылы ұлт мəдениетінің мəні айқындалады десек, 
«мəдениетті тану кілті» тіл арқылы сақталған мəдени ұғымдардың 
мəдени фонында астарланған.
Тіл  құдіреті  арқылы  берілген  мазмұнды-дерек – сол  тілді  тұты-
нушы этностың бүкіл рухани, мəдени байлығының асыл қазынасы. 
Осымен  байланысты  қазіргі  тіл  білімінде  тілдің  мұрагерлік 
қызметінің  мəнін  зерттеудің  əлеуметтік  лингвистика  негізінде 
кеңейіп, ұлттық мазмұны тереңдей түсуде. Оның себебі, əр тіл – өз 
бойында ұлт тарихын, төл мəдениетін, танымы мен талғамын, міне-
зі мен санасын, кəсібі мен салтын, дəстүрі мен даналығын тұтас-
тықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына 
сəйкес ол – жай таңбалық жүйе емес, ұлт болмысының ұрпақтан 
ұрпаққа жалғасқан тұрақты да тұтас сипаты.
Уақыт пен кеңістік сабақтастығында қарастырылатын кешен-
ді  лингвомəдени  зерттеу  барысында  бір  кезде  күнделікті  өмірде 
өте қажетті болған көптеген заттардың атаулары ғана қазіргі қазақ 
тілінде  мəдениеттің,  дəстүрдің  жəне  ұлттық  мұраның  жұрнағы 
ретінде сақталып қалғаны анықталады. Міне, осы тектес зерттеу-
лер  нəтижесінде  тілдің  негізгі  коммуникативтік  қызметіне  қоса, 
ұлттың  рухани  қазынасын  бойына  сақтаған  құжаттық,  этномə-
дени мұралық (кумулятивтік) қызметінің, елдің мəңгілік құныды-
лықтарының нақты мазмұны ашылады.
Мəңгілік елдің тілдік дерегінің өзегі – елдігіміздің қайнаp бұ-
лағы, саpқылмас қазынасы, бай мұpасы іспетті дəстүpлi қолөнеpi. 
Олай  болса,  тəуелсіздіктің  қалыптасқан  кезеңінде  ұсынылып 
отырған  «Мəңгілік  ел»  идеясының  негізі  ұлтымыздың  тілдік 
қазынасында  екенін  айқын  көрсететін  академик  Ə.  Қайдардың 
мына  тұжырымын  қайталап  береміз: «Этностың  басып  өткен 
санғасырлық  даму  жолы,  оның  белгі-бейнелері  біздерге  тас 
мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мəдени 
ескерткіштер  мен  əртүрлі  ғимараттар  түрінде  жетуі  мүмкін. 
Бірақ бұлардың бəрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. Оның 
шын  мəнісіндегі  даналығы  мен  дүниетанымы  тек  тілінде  ғана 

520
Ұлт тұғыры – тілде
сақталады. Əрбір дəуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, 
қару-жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар 
мен  салт-санаға,  əдет-ғұрып,  наным-сенімге,  ойын-күлкі,  той-
томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты, т.б. тек 
тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен тіркестері, фра-
зеологизмдер мен мақал-мəтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін».
Бұл  қағиданың  тілдік  нақты  дəйегі  ғалымның  «Қазақтар  ана 
тілі  əлемінде»  атты  үш  томдық  этнолингвистикалық  сөздігінің, 
кешенді зерттеуінің мазмұнында жан-жақты көрсетілген. 
Ұлт  тарихынан  да  ежелгі  болып  саналатын  тіл  тарихын  зер-
делеу арқылы анықталған этнотаңбалық тіл деректерінің кешенді 
зерттелуі «Мəңгі ел» ұғымын дəлелдеуге кепіл бола алады. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал