Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет5/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақ этнолексикасын зерттеу барысындағы 
лингвомəдени жəне лингвоелтанымдық сабақтастық
Бүгінгі таңдағы өркениетті елдерді этнос ретінде түбегейлі таны-
татын тілінде қалыптасқан деректері арқылы тіл мен мəдениет, тіл 
мен ұлт сабақтастығында жүргізілетін лингвомəдениеттанымдық 
зерттеулердің  өзектілігі  ерекше.  Осы  орайда  тілдік  мұра  арқылы 
ұлтты, ел мəдениетін барынша толық танытудың негізгі бір теті-
гі – ұлттық əлемнің тілдік үлгісін жасау, ұлттық мəдениеттің кілтін 
ашу. Оның мəні тілдің тек коммуникативтік қана емес, мұрагерлік 
те, танымдық та, танытушылық та қызметімен байланысты. 
Дегенмен,  тіл  деректерін  тек  лингвомəдени  аспектіде  ғана 
зерттеу жеткіліксіз. Осы арада лингвомəдениеттанудың құрамдас 

497
Ұлт тұғыры – тілде
бөлігі лингвоелтану саласына да назар аудармаса, жоғарыда көрсе-
тілген қажеттілік, яғни ұлттың толық та шынайы болмысы əсіресе 
басқаларға жеткілікті танылмайды. 
Нақты  айтқанда,  тіл  мен  мəдениет  сабақтастығын  көрсететін 
тілде бейнеленген сол ұлтқа ғана тəн реалийлер, яғни баламасыз 
лексика  мен  лакуналар,  солардың  мазмұнындағы  ұлттық  мəдени 
сипаттағы  компоненттердің  ешкімде  қайталанбайтын  қасиетінің 
тілдік  көріністерін  ашып  көрсету  лингвоелтану  саласы  арқылы 
айқындалады. 
Елтану пəні басқа тілді үйрету барысында сол тілде сөйлеуші 
елдің  тарихи-мəдени  болмысын  танытушы  пəн  ретінде  дүниеге 
келіп, шет тілін оқытып, үйрету тəжірибесі арқылы дамып, методо-
логиялық негізі қалыптасқаны белгілі.
Қазіргі  тіл  біліміндегі  тілді  зерттеудің  антропоцентристік  ба-
ғытына  сəйкес  зерттеу  барысында  елтанудың  ұлттық  ерекшелік-
тің  барлық  қырларын  (əлеуметтік,  мəдени,  тарихи,  т.б.)  тұтастай 
тек тіл арқылы танытуда мəні зор, жоғары тиімділігі дəлелденіп, 
лингвоелтану саласы жаңа сапалық деңгейде қалыптасуда. 
Қазіргі егеменді қазақ мемлекетінің мəртебесіне сəйкес, оның 
дүниежүзілік  аренадағы  саяси,  экономикалық,  мəдениетаралық 
коммуникациядағы сұранысына сай «дүниенің тілдік бейнесінің» 
нақты  ұлттық  белгілерінің  тілдік  парадигмасын  кеңейту  өзекті 
мəселе.  Бұл,  атап  айтқанда,  ұлттық  мəдениеттің  жаңа  қырларын 
ашып,  бай  тілдік  деректерді  қамтитын,  тілдің  елтанымдық  қыз-
метін айқындайтын зерттеулерді дамытуды қажет етеді. Себебі бұл 
мəселенің  шешілуі  тіл  мен  мəдениет  сабақтастығын  дəлелдеуді 
жаңа,  нақты  дəйектік  деңгейге  көтермек.  Осы  тұрғыдан  жəне 
əлеуметтік  сипаттағы  қазақ  қоғамының  рухани-мəдени  өзекті 
мəселелерімен  сабақтасып,  нақты  қоғамдық  сұраныстарды  қана-
ғаттандырмақ. 
Сонымен  бірге  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  өзге  ұлт 
өкілдеріне  оқытып  үйретуде  де  көптеген  мəселелердің  шешімін 
табуы  лингвоелтану  саласымен  ұштасып  жатқаны  байқалады. 
Сондықтан  осы  бағытта  жүргізілетін  зерттеулер  нəтижелері 
болашақта  егемен  еліміздің  басқа  елдермен  мəдени,  экономика-
лық, т.б қарым-қатынастарын жетілдіруді ана тілі арқылы жүзеге 
асыратын  арнаға  нақты  өз  үлесін  қосуы  тиіс.  Оған  жоғарыда 

498
Ұлт тұғыры – тілде
көрсетілген  тілді  зерттеудің  жаңа  кешенді  қағидалары,  соған 
сүйенген  жаңа  бағыттағы  зерттеулер  мүмкіншілік  береді  деп 
ойлауға негіз бар.
Себебі тіл арқылы ұлттың рухани дүниесінің, сонымен сабақ-
тас  қалыптасатын  материалдық  өндіріс  пен  тұрмыс  күйін  бейне-
лейтін  мəдени  жүйе  əркімнің  жеке  басының  жағдайына  байла-
нысты емес. Ол белгілі бір халықтың əлеуметтік-психологиялық, 
мəдени-тұрмыстық,  дүниетанымдық  жағдайына  байланысты  қа-
лыптасатын жалпыхалықтық құбылыс. Сондықтан этникалық қа-
уымдастықтың этникалық мəдениет пен ұлттық сана туғызатыны 
белгілі этнограф-ғалым, академик Ю.В. Бромлей, т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде  тұжырымдалған.  Осы  тұжырым  мəдениеттанушы-
ғалым  Ю.М.  Лотманның  пікірімен  де  сабақтасады: «Культура 
прежде  всего,  понятие  коллективное.  Отдельный  человек  может 
быть ностителем культуры, может активно участвовать в ее разви-
тии, тем не менее по всей природе культура, как и язык – явление 
общественное,  то  есть  социальное.  Культура – это  прежде  всего 
память, сложная семиотическая система, ее функция – память, а ее 
основная черта – накопление» [27]. 
Мейманды үйге келген күтіп алып,
Құман тұр от басында келін болып
Туырлық,үзік, белдеу, ши, дөдеге,
Шалқалап түндік жатыр дəл төбеде.
Орнықты бəйбішедей қара саба,
Астында орындықтың мыс тегене
Тағы да мен айтпаған күнің қалды
Қабыңда түтілмеген жүнің қалды
Шелек, қайрақ, ұстара, адалбақан,
Отбасы, ошаққасы, күлің қалды.
Тағы да мен айтпаған мосы қалды
Ыңыршық пен ашамай, қосы қалды.
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл шерің сөз таба алмай шошып қалды.
Болғанда тотай, құлға асық қалды.
Аяққапта қырғыш пен қасық қалды,
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл Шерің жауап таппай сасып қалды.

499
Ұлт тұғыры – тілде
Демек,  тіл – этностың  бүкіл  рухани,  мəдени  байлығының 
куəгері  іспетті.  Осыған  орай,  ұлттық  рухты  жаңғыртып,  ұлттық 
мəдениетті тану мен танытуда соның бір жолы тіл арқылы рухани-
мəдени  мұрамызды  ежелден  келе  жатқан  тəжірибе  негізінде 
қорытып,  тарихи  қызметін  саралап,  қайта  бағалауға  бағытталған 
кең  арналы  да  терең  зерттеулердің  қажеттілігі  туындап  отыр. 
Нақты айтқанда, қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылатын 
бұйымның, ия бір заттың атауы – ұлттық сана мен ұлттық талғам 
сабақтастығының  нəтижесінде  пайда  болып,  қалыптасатын  ин-
тегралды  туындының  тілдегі  бейнесі.  Демек,  тілдік  атау  белгілі 
бір  затты  атап  қана  қоймай,  ұлттың  өзіне  тəн  дүниетанымдық 
ерекшелігіне сай туындаған бұйымды дəйектейді. Осымен байла-
нысты тілді мəдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің 
қызметі  мен  дамуының  этномəдени  жəне  этнопсихологиялық 
факторлардың  негізінде  қалыптасып,  сипатталатынын,  өзара 
əсерін  қарастыратын  тіл  білімінің  жаңадан  дамып  келе  жатқан 
салаларының  бірі – лингвомəдениеттану.  Осыған  орай,  ұлттық 
болмысымен  ерекшеленетін  нақты  тілдік  деректерді  туыстас 
түркі  халықтары  жəне  жалпыадамзаттың  өркениетімен  тамыр-
ласатын  қазақ  мəдениетінің  өміршең  сипаттарын  лингвоелтану 
аспектісінде  талдау,  біріншіден,  оларды  қазіргі  қазақ  қоғамының 
рухани-əлеуметтік  мүддесіне  сəйкес  өз  ішінде  ұлттық  санасына 
сіңіру, екіншіден, мəдениаралық коммуникация қызметіне сəйкес 
өзгеге танытатын қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын белгілейтін 
өзекті  мəселелерінің  бірі.  Сондықтан  да  осы  əлеуметтік  үрдісті 
нақты  түрде  іске  асыру  тіл  білімінің  лингвоелтану  деп  аталатын 
саласының еншісіне тиіп отыр. 
Оның себебін қазіргі əлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану 
үрдісі  өріс  алған  кезеңде  жеке  ұлт  болмысы  мəдениетін  жіктеп 
көрсетуге мүмкіншілігі бар кешенді де интеграциялық сипаттағы 
тіл  біліміндегі  жаңа  бағыттағы  зерттеулер  негізінде  түсіндіруге 
болады.  Соның  нақты  бір  дəлелі – ұлттың  тілдік  санасында 
қалыптасқан  «ғаламның  тілдік  бейнесін»  ұлттық  тілдің  нақты 
деректері (реалийлер, баламасыз лексика, лакуналар, т.б.) арқылы 
зерттейтін  лингвоелтану  саласы.  Жəне  бұл  мəселенің  шешіміне 
тек бір тілдің, мысалы, қазақ тілі деректерін зерттеудің шеңберінде 
ғана толық қол жеткізу мүмкін еместігін қазіргі қазақ тіл біліміндегі 

500
Ұлт тұғыры – тілде
зерттеу тəжірибесі мен барысы көрсетіп отыр. Осыған орай, қазақ 
ұлттық мəдениетінің тілде бейнеленген көрінісін жəне сақталуын 
анықтау,  дəлелдеу  үшін  салыстырмалы,  салғастырмалы  зерттеу 
бағыты да лингвоелтану саласын сипаттайды. 
Осымен  байланысты,  лингвоелтанудың  жүйелі  құрылымы, 
теориялық-əдістемелік негізі, зерттеу нысаны, т.б. сəйкес ғылыми 
базасы  лингвомəдениеттану,  этнолингвистика,  психолингвистика 
салаларымен, жалпы алғанда, ортақтығымен сипатталса, практи-
калық құндылығы тұрғысынан аталмыш сала дəйекті түрде ерек-
шеленеді. Атап айтқанда, этнолингвистика сөздік қордағы ұлттан, 
этностан  мұра  болып  келе  жатқан  лексемалардың  ішкі  мəнін, 
қалыптасу тарихын диахронды тұрғыда зерттейді. Этнолингвисти-
када  арнайы  тақырып  аясы  шектелмейді.  Жалпы  сөздік  қордағы 
белгілі бір этносқа тəн атаулар (көбінесе көне сөздер, яғни этно-
графизмдер) зерттелінеді. Бұндай сөздер төрт түлік малға қатысты 
болуы мүмкін, алғыс, қарғыс сөздері болуы мүмкін, аспан денелері 
мен  табиғат  құбылыстарын  өздігінше  тану,  түсінуге  қатысты 
сөздер болуы мүмкін.
Осы тектес тілдік деректердің арнайы жіктеліп, жүйелі түрде 
зерттелуін Ə. Жақыповтың, Б. Тлепиннің, Б. Тоқтағұлдың, Р. Пан-
зарбекованың,  Қинаятұлының,  М.  Отыншиеваның  еңбектерінен 
табуға  болады.  Осы  жұмыстардың  мазмұнын  зерделеу,  қарас-
тырылған  этномəдени  тілдік  бірліктердің  зерттеу  нысанын  кеңі-
тіп,  айқындай  түсу  қажеттігін  көрсетеді.  Атап  айтқанда,  лингво-
мəдениеттанымдық  зерттеу  бағыттарының  негізгі  ұстанымы  мен 
əдіс-тəсілдерінің  өзара  ұқсастығын,  айырмашылығын  анықтау 
міндеті  туындайды.  Ол  өз  кезегінде  лингвомəдениеттанымдық 
зерттеу  нысанына  алынатын  тілдік  материалды  сұрыптау  мен 
жинақтаудың негізгі критерийлерін айқындауды қажет етеді. 
Сонымен,  жалпы  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениеттің  жалпы 
бастапқы  мəселесі  жөнінде  белгілі  бір  теориялық  алғышарттар 
жасалынған  жəне  олар  лингвомəдениеттану,  лингвоелтаным,  эт-
нолингвистика  арасындағы  айырмашылықтарды  лингвистикалық 
пəндер жүйесіндегі олардың иерархиялық қатынастары негізінде 
айқындауға мүмкіндік берді. Сол сипаттамалар бойынша лингво-
мəдениеттану жалпы жəне салыстырмалы тіл біліміне, ал лингво-
елтану мен этнолингвистика екеуі нақты тіл біліміне жатады [28]. 

501
Ұлт тұғыры – тілде
Орыс  тіл  білімінде  соңғы  жылдары  пайда  болған  лингвомə-
дениеттанудың  лингвоелтанымнан  айырмашылығы  лингвоелта-
нудың  шетел  тілін  үйрену  процесінің  объектісі  болып,  сол  тілде 
сөйлеушінің  емес,  оның  тұрғындарының  тілдік  санасында  тілдік 
единицалардың  аялық  білімдерінің  көрініс  табуы  саналатыны 
жөніндегі көзқараспен түсіндіріледі [29, 127].
В. Воробьевтің ойынша, лингвомəдениеттанудың басты мəсе-
лелері  болып  методологиялық  (философиялық)  жəне  филология-
лық  (лингвистикалық)  мақсаттар  саналады  да,  лингвомəдениет-
тану ғылымаралық синтездеуші типке жатады [30, 43].
Автордың атап көрсеткеніндей, лингвомəдениеттану мазмұны 
жағынан  лингвоелтануға  қарағанда  тарлау.  Себебі  оның  зерт-
теу  объектісі  адамзат  қолынан  жасалған  материалдық  жəне  ру-
хани  байлықтар,  яғни  артефакттар  жүйесі  саналады  (латынның 
artefaіtum – «қолтума  дүние»  деген  сөзінен  шыққан)  жəне  бұл 
термин  өнеркəсіп,  шығармашылық  жұмыстардың  өнімі,  мəдени 
шығармалар деген мағынаны білдіреді.
Лингвомəдениеттанудың  əдістемелік  негізін  қалаған  В.В.  Во-
робьев пен В.А. Маслованың еңбектеріне шолу жасағанда байқала-
тыны – оның  мақсатының  ұлт  ерекшелігі,  менталитет,  ұлттық 
тұлға  сияқты  жеке  қасиеттердің  тіл  фактілерінде  көрінуі,  руха-
ни  мəдениетті  көрсетудегі  тіл  фактілерінің  қызметі  мен  орнын 
анықтау екендігі. Ал, лингвоелтанудың мақсаты тіл арқылы белгілі 
бір елді, оның мəдениетін, болмысын, ерекшелігін нақты көрсету. 
Олай  болса,  бұл  екі  пəннің  ішкі  байланысы  мен  сабақтастығын 
жоқа шығаруға болмайды. 
Сонымен, лингвоелтану – этностық дəуірден бастап, адамзат-
тың рухани жəне материалдық əлемінде қалыптасқан құндылық-
тардың тіл арқылы сақталған қоры. Соның негізінде таза ұлттық 
белгілердің  баламасыз  тілдік  көріністері  лингвоелтанымдық 
аспектіде  қарастырылған  мəдени  константалардың  ұлттық  ны-
шандары, ұлттық болмыс-бітімі, халықтық мінез-құлқы мен тұр-
мыстық  ерекшеліктерін  ажыратып  көрсететін  тілдік  ұғымдар 
мен  белгілері  анықталады.  Лингвоелтанымдық  аспектіде  зерттеу 
тілдің  мəдениетаралық  сипаттағы  коммуникативтік  құдіреті  ұғы-
мын  тереңдетеді.  Лингвоелтанымдық  зерттеулердің  дені  лингво-
мəдениеттанудың, этнолингвистиканың жалпы теориялық-əдіста-

502
Ұлт тұғыры – тілде
нымдық негіздерінде жасалып, нақты зерттеу нысандарының ке-
ңейіп келе жатқан даму барысын сипаттайды. Ол сабақтастық ту-
ралы Е. Верещагин мен В. Костомаровтың еңбегінде: «Лингвоел-
танымдық тəсіл бойынша өзге ұлт өкілдеріне тілді кешенді мең-
герту – бұл  тілдің  кумулятивтік  қызметін  лингводидактикалық 
тəсілде үйретіп, адресат санасына сол ұлттың мəдени өмірін толық 
сіңіретіндей  (аккультурация  адресата)  дəрежеде  оқыту  аспек-
тісі», – деп көрсетеді [31, 49].
Лингвоелтану бағытының əдістемелік негізі:
1)  шет  тілдерін  меңгертуде  коммуникативтік  біліктілікке  тал-
пыну, адекватты қарым-қатынас кезінде сол ортаға тəн ақпараттар 
туралы жеткілікті дəрежеде хабардар болуға бейімдеу;
2) тілдің кумулятивтік қызметін, яғни тілдің бейнелену, астар-
лану  (фиксация)  қызметін  ажырата  білу,  сондай-ақ  ұрпақтан-
ұрпаққа  мұра  болып  келе  жатқан  мəдени-тарихи  ақпараттардың 
тіл бірліктері арқылы сақталуын қарастыру;
3) экстралингвистикалық тұрғыдан өзара сəйкес келе бермейтін 
екі тілдің айырмашылықтарын, яғни сол тілді тұтынушы ұлттың, 
елдің  өзіндік  ерекшеліктерін  контрастивтік  тəсіл  арқылы  шешу, 
анықтау.
Лингвоелтану пəнінің лингвистикалық сипаты (табиғаты) ұлт-
тық  мəдени  мағынасын  ашу  мақсатында  тілді  зерттеумен  ерек-
шеленеді. Ал бұл пəннің лингводидактикалық мəні ұлттық мəдени 
мағынаны  тіл  сабақтарында  меңгерту,  оқушы  бойына  сіңірудің 
əдістемелік  тəсілдері  мен  жолдарын  қарастыруға  бағытталады. 
Дегенмен,  Е.  Верещагин  мен  В.  Костомаров  лингвоелтану  пəнін 
екі ғылымның (тіл мен əдістеме) қарапайым бірігуі деп түсінуден 
аулақ  болуды  ескертеді.  Бұл  пəн  тілдің  кумулятивтік  қызметін 
меңгертудің жаңа тиімді əдіс-тəсілдерін шешу, анықтау мақсатында 
туындаған.
Орыс  тіл  біліміндегі  лингвоелтану  мəселелеріне  қатысты 
Г.Д.  Томахин,  А.А.  Брагина,  В.В.  Морковкин,  В.В.  Сафонов,  т.б. 
ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, қазақ лексикасын лингвоелта-
нымдық  аспектіде  зерттеу  нəтижесінде  мынадай  қызметтерін 
көрсетуге болады:
1)  филологиялық  (немесе  лингвистикалық)  қызмет,  яғни  ұлт-
тық-мəдени мағынаны анықтау мақсатында тілдік талдау жүргізу;

503
Ұлт тұғыры – тілде
2) лингводидактикалық (əдістемелік) қызмет – тіл арқылы бе-
рілген  ұлттық  ерекшеліктерді  таныту,  оқыту,  үйрету,  мəн-мағы-
насын жеткізу тəсілдері.
Олай  болса,  лингвомəдениеттанудың  лингвоелтанымдық  ас-
пектілерін  айқындаудың  маңызы  зор.  Себебі  тəуелсіз  мемлеке-
тіміздің рухани-əлеуметтік мүддесі, мемлекеттік тілдің қоғамдық, 
саяси  жəне  мəдениаралық  коммуникациядағы  қызметінің  жаңа 
деңгейі  тілді  тұтынушылардың  ұлттық  санасы  мен  танымын 
кеңейтуде ерекше ықпал етуде. Осыған сəйкес білім беру жүйесінде 
ұлт  болмысының  өзегін  құрайтын  тілді  меңгеру  мен  оқытудың 
мазмұнын тереңдетіп, соған сəйкес ғылыми-əдіснамалық тұғырын 
да инновациялық технологиямен жетілдіруде тіл мен мəдениет, тіл 
мен ұлт (ел) сабақтастығын терең зерттеудің мəні ерекше. 
Осыған  орай  оның  өзектілігі,  біріншіден,  қазіргі  жаһандану 
үдерісі мен қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесіне сай қызмет аясы 
кеңістігіндегі  ұлтаралық  қатынастар  мен  мəдениеттердің  өзара 
ықпалдастығымен үндессе, екіншіден, тілді зерттеушілер мен оны 
тұтынушы  ұрпақтың  дамудың  адамзаттық  сипатын  меңгерумен 
бірге  ұлттық  мəдениеттің  ерекшеліктерін  танытуының  да  ма-
ңыздылығымен  сипатталады.  Бұл  орайда  жас  ұрпақ  тəрбиесінің 
мазмұны  ұлттық  оқшаулануға  ұшырамай,  төл  мəдениетті  ке-
мел  меңгере  отырып,  адамзаттық  мəдениет  үлгілерінен  де  нəр 
алып  толығуына  ерекше  мəн  берілуі  тиіс.  Яғни  бұл  арада  білім 
жүйесінің  оқыту  бағдарламаларының  арқауын  тек  аялық  білім 
ғана емес, адамтанымдық біліктілік қорын қалыптастыру мақсаты 
айқындауы тиіс.
Лингвомəдениеттану  –  сөздік  құрамдағы  заттық  жəне  руха-
ни  мəдениет  атауларының  халыққа  тəн  ерекшелігі  мен  ұлттық 
өзгешеліктерін,  лингвокультуремалардың  қарапайым  ауызекі 
тілде  қолданылуын,  фразеологизм  бойында  тұрақталуын  өзге 
тілдердегі  ұқсас  баламаларымен  салғастыра  отырып,  синхрон-
ды немесе диахронды зерттеу. Лингвомəдениеттану аспектісі ру-
хани  жəне  заттық  мəдениет  атауларын,  соған  қатысты  мəтіндер 
мен дискурстарды зерттеумен шектеледі. Бұл мəдениет атаулары 
өзге  де  түркі  тілдерінде  қолданылуы  мүмкін.  Сол  қолданыстағы 
ерекшеліктерімен  салғастырылады.  Сондай-ақ  қазақ  тіліндегі 
мəдени  атаулардың  мəтінде  қолданылуы,  ауыс  мағына  берілуі 

504
Ұлт тұғыры – тілде
басқа  да  тілдердегі,  мəселен,  орыс  тіліндегі,  ағылшын  тіліндегі 
сол  мəдени  атаулардың  берілуі  мен  қолданылуы  салыстырылуы 
мүмкін.
Лингвоелтану аспектісінде тек белгілі бір ұлтқа ғана тəн, сол 
ұлттың  жеке  өзіндік  ерекшеліктерін  танытатын  лексемалар  зерт-
телінеді.  В.  Маслова  лингвоелтану  пəні  лингвомəдениеттанудың 
бір  саласы  деп  көрсетеді [32]. Демек,  лингвоелтанымдық  тео-
рия  сөздің  бойындағы  елтанымдық  ақпараттарды  ашып  талдауға 
негізделеді  жəне  ол  əрбір  сөзді  «өн  бойына  жалпыхалықтық  не-
месе жеке тұлғалық санаға тəн ақпараттарды сіңіретін тіл бірлігі» 
деп тануды негіздейді. 
Бұл  теорияның  негізіне  сүйену  арқылы  сөз  мағынасының 
ұлттық-мəдени  компонентін  анықтауға  мүмкіндік  туады.  Тілдегі 
лексиканың  елтанымдық  қырларын,  қатпарларын  (пласт)  айқын-
дауға септігін тигізеді. Ол үшін сөздің мына сипаттары анықталады:
- белгілі ақпаратты сақтаушы;
- қазіргі қолданымдық аясы бар;
- елтанымдық құндылығы бар қызметтері мен қасиеттері. 
Яғни,  лингвоелтанудың  міндеті – елдің  мəдениетімен  таныс-
тыру,  тілдік  бірліктер  арқылы  ел  тарихын,  елге  тəн  өзіндік 
қасиеттерін  таныту.  Ол  əсіресе,  мəдениаралық  коммуникацияда 
тиімді қызмет ететін аударма тəжірибесінде айқын көрінеді.
Олай  болса,  белгілі  бір  ұлттық  мəдениеттің  жалғастық,  құ-
жаттық  қасиетіне  сай  тек  сол  ұлттың  мəдени  кеңістігінде  ғана 
қалыптасатын  мəдени  мұраның  тілдік  ақпарат  арқылы  басқаға 
танылуы мен қабылдануын тиімді іске асыру лингвоелтану сала-
сының  еншісінде  екенін  тəжірибе  танытып  отыр.  Мысалы,  сұр 
түсімен байланысты неміс тілінде – серый рынок (сұр базар) де-
ген фразеологиялық тіркес бар. Оның мағынасы – «полулегальный 
рынок» (жартылай заңдастырылған базар). Ал қазақ тілінде сұр 
түсіне қатысты бұл мағыналы тіркес жоқ екені белгілі. Немесе сол 
тілдегі – серая теория тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы – құрғақ 
теория. Бұл тектес деректер неміс тілінің түс қасиетін сипаттауы 
қазақ тілінен ерекше екенін көрсетеді.
Осы  сияқты  қазақ  халқының  күнделікті  тұрмысы  мен  ата 
кəсібіне, төл мəдениетіне сəйкес ерекшеленетін, мысалы, жылқы 
ұғымының  мағынасының  мынадай  семалық  құрылымын  жіктеп 

505
Ұлт тұғыры – тілде
көрсетуге болады: Жас мөлшері 1) жаңа туғаннан үш айға дейінгі 
кезең  (құлын,  құлыншақ); 2) енесінің  бауырындағы,  яғни  үш  ай-
дан  бір  жылға  дейінгі  кезең  (жабағы); 3) жыныстық  жағынан 
жетілген  жəне  одан  кейінгі  кезең  (тай,  еркек  тай,  ұрғашы  тай) 
байтал, құнан, дөнен, бие, айғыр, бесті, т.б.). Жылқы мінезі: мама 
бие, тарпаң бие, асау бие, жершіл (бошалауық) бие, шақар айғыр, 
қызба жылқы, теліншек құлын, т.б.
Сол  сияқты  ата  кəсібіне  сай  қазақ  мəдениетін  сипаттайтын 
баламасыз  лексика  құрайтын,  мысалы,  малдың  төлдеуіне  бай-
ланысты  атаулар:  тоң,  үшен,  тұмса  түйе,  мекер,  өркен,  қағанақ 
суы,  арамза  бота,  қызылшу,  т.б.  Осы  тектес  тілдік  деректердің 
арнайы  жіктеліп,  жүйелі  түрде  зерттелуін,  мазмұнын  зерделеу, 
қарастырылған  этномəдени  тілдік  бірліктердің  зерттеу  ныса-
нын кеңітіп, айқындай түсу қажеттігін көрсетеді. Атап айтқанда, 
лингвомəдениеттанымдық  зерттеу  бағыттарының  негізгі  ұстаны-
мы  мен  əдіс-тəсілдерінің  өзара  ұқсастығын,  айырмашылығын 
анықтау  міндеті  туындайды.  Ол  өз  кезегінде  лингвомəдениет-
танымдық зерттеу нысанына алынатын тілдік материалды сұрып-
тау  мен  жинақтаудың  негізгі  критерийлерін  айқындауды  қажет 
етеді. 
Осы орайда ұлттық мəдениет пен болмысты тіл арқылы таны-
ту қызметін елтанымдық тұрғыдан зерттеудің тиімді əдіс-тəсілде-
рі ретінде этнопсихологиялық, этносемантикалық, этнофразеоло-
гиялық, т.с.с. сипаттар қолданылады. Соның негізінде елтанымдық 
таңбалар  ретінде  мифологемалар,  прецеденттік  атаулар,  реалий-
лер  мен  фразеологиялық,  паремиологиялық  жүйелердегі  таза 
ұлттық наным-сенімді, ырымды білдіретін сөздер, т.б. талданады. 
Олардың жүйесі бөлек тілдердегі танымдық мазмұны мен вербал-
дану  ерекшеліктерін  салыстыру  арқылы  елтанымдық  таңбалары 
айқындалады.  Осы  арада  басын  ашып  алатын  негізгі  мəселе  тіл 
мен  мəдениет  сабақтастығы  арқау  болатын  лингвомəдениеттану 
мен лингвоелтану салаларының шегін ажыратып, айқындау (Бұл 
мəселенің  нақты  айқындалуын  А.  Əмірбекованың  мақаласынан 
қараңыз) [33].
Тілімізде ұлттық мəдениеттің өзегін құрайтын ғасырлар бойы 
ата-бабаларымыз  ұлттық  тəрбиенің  мұраты  ретінде  дəріптеп, 
белгілеген, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан қастерлі ұғымдар 

506
Ұлт тұғыры – тілде
бар. Тілдік қазынамызда олар сан түрлі тілдік құралдарымен ай-
шықталған.  Олардың  мəніне  тереңдеп,  табиғатын  тану,  қазіргі 
қоғамдық сана мен мəдениеттің бүгінгі деңгейіне сабақтастырудың 
«кілті»  олардың  «тілдік  бейнесінде», «тілдік  əлемінде»  анықтау 
лингвомəдениеттаным еншісінде. 
Олар  сол  тілдік  ұжымның  өмір  сүру,  тұрмыс  сипатын  бейне-
леп, белгілі дəрежеде сол мəдениеттің ерекшеліктерін деректейді. 
Осымен  байланысты  ғалым  А.  Вежбицкая  дүниенің  біртұтас 
тұжырымдалуы  (концептуализация)  ортақ  импликациялық  си-
патта,  ал  əрбір  тілдің  ерекешілігіне  сай  қалыптасатын  əртүрлі 
тілдердегі  концептілік  жүйесі  экспликациялық  сипатта  деп  са-
найды.  Яғни  тілдердің  сөздік  құрамының  əртүрлі  болуы  əртүрлі 
мəдени  қауымдастықтардың  өзектік  құндылықтарына  сəйкес. 
Сондықтан  А.  Вежбицкая  кез  келген  мəдениетті  тілдегі  «тірек 
сөздер» («ключевые  слова»)  арқылы  зерттеп,  анықтауға  болады 
деп тұжырымдап, оның теориялық негізі ретінде кең тілдік салыс-
тыру  арқылы  айқындалатын  «табиғи  семантикалық  метатілді» 
ұсынады. Нақтылап айтқанда, осы ұстанымға сəйкес барлық тіл-
дердегі  тілдік  бірлік  (сөздер)  əмбебап  сипатта,  себебі  олардың 
барлық тілдерде баламалары, сəйкестіктері болады [34].
Сонымен, лингвоелтану – этностық дəуірден бастап, адамзат-
тың  рухани  жəне  материалдық  əлемінде  қалыптасқан  құнды-
лықтардың тіл арқылы сақталған қоры. Соның негізінде таза ұлт-
тық  белгілердің  баламасыз  тілдік  көріністері  лингвоелтанымдық 
аспектіде  қарастырылған  мəдени  константалардың  ұлттық  ны-
шандары, ұлттық болмыс-бітімі, халықтық мінез-құлқы мен тұр-
мыстық  ерекшеліктерін  ажыратып  көрсететін  тілдік  ұғымдар 
мен  белгілері  анықталады.  Лингвоелтанымдық  аспектіде  зерт-
теу  тілдің  мəдениетаралық  сипаттағы  коммуникативтік  құдіреті 
ұғымын тереңдетеді. Лингвоелтанымдық зерттеулердің дені линг-
вомəдениеттанудың,  этнолингвистиканың  жалпы  теориялық-
əдістанымдық негіздерінде жасалып, нақты зерттеу нысандарының 
кеңейіп келе жатқан даму барысын сипаттайды. 
Ал  лингвомəдениеттанудың  негізгі  міндеті – дүниенің  тілдік 
бейнесіндегі ұлттық-мəдени ерекшеліктер мен сөз мазмұнындағы 
мəдени мəнділіктерді айқындау, оларды тілдік əрі мəдени субъек-
тінің  когнитивтік  санасымен  тығыз  байланыста  қарастыру.  Осы-

507
Ұлт тұғыры – тілде
мен  байланысты  антрополингвистикалық  бағыттағы  зерттеулер-
дің  өзектілігінің  мəні  дүние  бейнесі ~ тіл ~ мəдениеттің  өзара 
күрделі  байланысын  біртұтастықта  қарастырудан  айқындалады. 
Солардың ішінде тілдің ұлттық тəжірибені тек сипаттап қоймай, 
сөз  қазынасы  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  отыратын  қыз-
меті де маңызды. 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  ұлтының  этностық  табиғатына  сай 
мəдени-танымдық ерекшеліктерді бойына жинақтау арқылы қазақ 
тілі қазақы шындық болмысты жинақтайды. Демек, тіл ақиқатты 
сезіну, қабылдау тəсілдерінің бірі ретінде бір ұжым мүшелерін тек 
тілдік  жағынан  ғана  емес,  мəдени-танымдық  жағынан  да  өзара 
жақындастырады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал