Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет2/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақ этнолексикасын зерттеудің когнитивтік негіздері
Тіл  білімінің  даму  тарихында  дəстүрлі  үш  түрлі  ғылыми  па-
радигма анықталып отыр. Олар: салыстырмалы-тарихи, жүйелі-
құрылымдық жəне антропоцентрлік.
Тілді зерттеудің арнайы əдісі болған салыстырмалы-тарихи 
əдістің бүкіл XIX ғасыр тіл білімінің алғашқы ғылыми парадигма-
сы ретінде сипатталады (Ф. Бопп, А. Мейе, Р. Раск, т.б.).
Ал XX ғасырда жүйелі-құрылымдық парадигмаға сай сөзге, 
атауға  таңбалық  жүйе  ретінде  ерекше  назар  аударылып,  соның 
негізінде  тілдің  əртүрлі  деңгейіндегі  парадигмалық  жəне  синтаг-
малық қатынастарын, қызметін, т.б. анықтайтын іргелі зерттеулер, 
оқулықтар  жəне  академиялық  грамматикалар  жазылды  жəне  бұл 
əрі қарай да жалғаса бермек (Ф. Фортунатов, Бодуэн де Куртенэ, 
Ф. де Соссюр, А. Мартине, Э. Бенвенист, А. Реформатский, т.б.).
XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық əдістемеге сəйкес тіл-
ді  «өз  ішінде  жəне  өзі  үшін»  қарастыратын  имманентті  зерттеу 
жеткіліксіз  болып,  оны  ой-санамен,  мəдениетпен  жəне  адамның 
тұрмыс-тəжірибелік  қызметімен  тығыз  байланыста  қарастыру 
қажеттігі  туып  отыр.  Осы  қажеттілік  тіл  білімінде  жаңа  ғылыми 
бағыттың  жəне  соның  негізінде  қалыптасқан  антропоцентрис-
тік  парадигманың  дамуын  талап  етті.  Басқа  сөзбен  айтқанда, 
бұл – тілді зерттеудің мүддесін объектіден субъектіге аудару, яғни 
адамды  тіл  арқылы  жəне,  керісінше,тілді  адам  арқылы  анықтау. 
Бұл,  бір  қарағанда,  тіл  білімі  зерттеулерінің  жаңа  даму  сапасы 
негізінде  жасалған,  жаңа  бағытқа  қатысты  туған  жаңа  көзқарас 
сияқты көрінгенмен оның бастау көзі тереңде екенін байқаймыз.
Нақты  айтқанда,  Қазан  лингвистикалық  мектебінің  маңызды 
жетістіктерінің бірі – ассоциативті-психологиялық негізде айқын-
далатын  теориялық  тұжырымдар.  Сол  мектептің  жəне  құрылым-
дық лингвистиканың көрнекті өкілі Бодуэн де Куртенэнің өзі кез 
келген тілдік единицаны зерттеуде оның сыртқы (дыбыстық) жəне 
ішкі (психикалық) жақтарының байланысына ерекше көңіл бөле-
ді.  Ішкі  жақтағы  психикалық  мазмұнды  ол  семасиологиялық  құ-
рылыммен,  ал  оның  көрінісін  морфологиямен  байланыстырады 
да, былай деп анықтайды: «Язык существует только в индивиду-
альных  мозгах,  только  в  душах,  только  в  психикеиндивидов  или 
особей, составляюших данное языковое общество» [11, 212].

463
Ұлт тұғыры – тілде
Демек XXI ғасыр  тілді  зерттеудегі  құрылымдық,  жүйелік-
парадигмамен сабақтастық, жалғастықпен, бірақ тілді тек қарым-
қатынас  пен  ойды  білдірудің  құралы  деп  емес,  ұлттың  рухани-
мəдени  коды  ретінде  қарастыратын  антропоцентристік  бағытпен 
сипатталады. Оның іргесі В. Гумбольдт, И. Гердер, Г. Штейнталь, 
А.  Потебня  сияқты  ғалымдардың  теориялық  еңбектерімен  қа-
ланғаны  белгілі.  Олардың  еңбектеріне  сəйкес,  адам  өзінің  пара-
саттық, рухани, əлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғым-
дар (концепт) əлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқы-
лы  алады.  Сондықтан  кез  келген  ұлт  тілінің  табиғатында  сол 
ұлттың неше ғасырлық терең сырға толы қазынасы, ділі жатады. 
Бірақ тіл жалпы шындықты емес, адамдардың белгілі бір ұжымы 
өмір  сүретін  ортаның  шындығын  жай  көрсетіп  емес,  бейнелеп 
береді. Жəне бұл арада тіл дүниені тікелей, тура бейнелемейтінін 
атап өткен маңызды. Тілде адамның дүниені қалай қабылдайтыны, 
түсінетіні көрініс береді. Сондықтан да В. фон Гумбольдт: «Раз-
ные языки – это отнюдь не различные обозначения одной и той же 
вещи, а различные видения ее», – деп тұжырымдайды [12, 349]. 
В.  Гумбольдт,  А.А.  Потебня,  М.  Хайдеггер,  т.б.  тілді  рухпен, 
шығармашылық  қызметпен  байланыстырады.  Яғни  тіл – ойды 
туғызушы  тетік,  сондықтан  сөз  заттың  тура  таңбасы  емес,  оның 
біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нəтижесінде ту-
ған  бейнесі [13, 155-156]. Сондықтан  да  жаңа  ғылыми  парадиг-
маға  сай  тілді  зерттеуде  негізгі  назар  тілдік  тұлғаға  аударылды, 
сонымен байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды 
ұғымдар  мен  тəсілдер,  метатілдік  теориялық  негіздер  қалыптаса 
бастады. Атап айтқанда, антропоцентрлік парадигма бірінші орын-
ға  адамды  (тілдік  тұлғаны)  шығарады  да,  ал  тіл  адам  танымын 
құрастырушы  сипатта  қарастырылады  (Л.  Леви-Брюль,  Б.  Мали-
новский,  К.  Леви-Стросс,  Ю.Н.  Караулов,  В.Н.  Телия,  Г.В.  Кол-
шанский, Ю.Д. Апресян, т.б.).
Жалпы  адамға  тəн  бұл  əмбебап  танымдық  үлгілер  (модель-
дер) – тілдің «терең құрылымдарында» туатын тілдің күрделі ког-
нитивтік  қызметінің  жемісі.  Бұл  арада  когнитивтік  модельдер 
адамның ойы мен санасының арасындағы аралық бейнені көрсе-
теді. Яғни қабылданатын ақпарат когнитивті модельдерде «кодта-
лады».

464
Ұлт тұғыры – тілде
Тіл  мен  ойлау  бірлігінің  өзіндік  ерекше  қасиеттерін  тіл  білі-
мінің дəстүрлі, «таза тілдік» жеке ғылым саласы шеңберінде зерт-
теу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма – когнитивті линг-
вистика, онымен сабақтас этнолингвистика, психолингвистика, со-
циолингвистикамен, т.б. тұтасуы. Осы тұтастық «адамсанасы қа-
лай құрылған, адам дүниені қалай таниды, қабылданған мəлімет-
тер  қалай  танымға  айналады,  ментальдық  кеңістіктер  қалай  жа-
салады?»  деген  сұрақтарға  жауапты  тілдің  терең  құрылымдарын 
зерттеу  арқылы  анықтайды  (этнолингвистика – В.  Гумбольдт, 
Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня, Н. Толстой, Ə. Қайдаров, 
Е.  Жанпейісов,  т.б.;  психолингвистика – К.  Юнг,  А.Н.  Леонтьев, 
А. Шахнарович, т.б.; лингвомəдениеттану – Э. Тейлор, Э. Марка-
рян, Ю. Лотман, Ю.С. Степанов, Н.Д. Арутюнова, Е.М. Вереша-
гин, В.Г. Костомаров, т.б.). Осы ғылымдардың, атап айтқанда, фило-
софиялық,  психологиялық,  этностық,  лингвистикалық  теорияла-
рының  жүйесі  дүниені  тұтас  танудың  теориясы  шеңберінде  тіл 
қызметінің  когнитивтік  негіздерін  айқындайды.  Оның  негізгі  ұс-
танымдарын былайша анықтауға болады:
1.  Қоғамдық  тəжірибеге  негізделу,  яғни  дəстүр  жалғастығы, 
танымның қазыналық сипаты.
2.  Таным  модельдерінің  символдық  түрлері,  яғни  тілдің  қыз-
меті – ақпарат беру емес, бейнелеуге мүмкіншілік жасау. Осыған 
катысты мына пікірдің мəні ерекше: «Лексема, вопреки принято-
му  мнению,  не  передает  информации  как  таковой,  она  лишь  ак-
туализирует, возбуждает в сознании слушающего уже имеющиеся 
у него лексические понятия и тем самым создает базу для переда-
чи  информации» [14]. Басқаша  айтқанда,  тіл  арқылы  бейнелілік 
пен дүниедегі объективті шындықты субъективті түрде, яғни сим-
волдар арқылы беру.
3. Таным модельдерінің жүйелі сипаты, сабақтастығы. Яғни ол – 
таным моделінің кұрылымдарының тұтасуынан тұратынын сипат-
тайды.
Байқап  отырғанымыздай,  жоғарыда  көрсетілген  тіл  қызметі-
нің когнитивтік негіздерін айқындайтын үш сипатының да ортақ 
қасиеті – тұтастырушылық, тұтас күйдегі таным тудыру. Сондық-
тан осы қасиеттерге сүйенбей, адамның ментальдық қызметі мен 
тəжірибесінің  қалыптасуы  мен  сақталуын,  ұрпақтан-ұрпаққа  бе-

465
Ұлт тұғыры – тілде
рілуін  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес.  Таза  тілдік  тұрғыдан  ол – 
тілдің  кумулятивтік  (мұрагерлік)  қызметімен  тікелей  байланыс-
ты. Ол өз кезегінде қабылдау, ойлау, жад сияқты психологиялық 
ұғымдармен тығыз байланысты болып, тұтас күйіндегі когнитив-
ті парадигма құрайды.
Міне, осылайша дүниені тұтас тануға ұмтылған қазіргі заман-
ның  таным  бағыты  өзіне  сай  ғылым  парадигмасын  талап  етті. 
Психолингвист-ғалым А. Леонтьевтің сөзімен айтқанда: «70-80- жыл-
дарда  «таза»  тіл  білімі,  оның  жүйелі-құрылымдық  парадигмасы 
сахнадан түсті» [15, 20].
Жалпы «когнитивті лингвистика» деген термин 80-ші жылдары 
М.  Бирвиштің  еңбегінде  айтылған.  Дегенмен,  тілдік  құбылысты 
когнитивтік тұрғыдан зерттеудің жалпы үрдісі 60-70-жылдары аме-
рикалық Хомский, Лакофф, Коок,  т.б. ғалымдардың еңбектерінде 
көрініс тапты. Ал бұл бағыт бастау көздерін В. фон Гумбольдттың 
лингвистикалық философияға қатысты зерттеулерінен алады деп 
анықтаған жөн. Бұл жаңа лингвистикалық теорияның шын мəнін-
дегі концептуалдық қағидаларының негізделуі соңғы жылдардың 
еншісінде.
Когнитивті  лингвистиканың  дамуымен  байланысты  анықта-
лып алуға тиіс бірнеше ұғым немесе мəселелер бар. Оның негіз-
гісі – тілдің қызметіне қатысты «ғаламның тілдік бейнесі» (языко-
вая  картина  мира).  Шындықтың  тілдік  бейнеленуінің  ерекшелігі 
неде?  Адам  дүниені  жалпы  адамзаттық  жəне  ұлттық  қоғамдық-
тарихи тəжірибе негізінде бейнеленген тіл арқылы таниды. Сонда 
ұлттық тəжірибе тілдің ерекшелігін анықтап, соның негізінде, сол 
тілде  сөйлеушінің  санасында,  соған  сай  өзіндік  дүниенің  тілдік 
бейнесін жасайды (Кондильяк, Гумбольдт, Сепир, т.б.). Мысалы, 
Э. Сепир былай деп қорытады: «... «реальный мир» в значительной 
мере неосознанно строится на основе языковых привычек той или 
иной  социальной  группы. ... «миры,  в  которых  живут  различные 
общества – это разные миры ...» [16, 261].
Демек  тіл  теориясында  «ғаламның  тілдік  бейнесі»  туралы 
ұғымның пайда болуы тіл мен ойлаудың тепе-тең еместігін жəне 
тілдік ойлаудың мазмұнының ерекшелігін көрсетеді. Ол əр халық-
тың (əртүрлі деңгейдегі, уақыттағы əлеуметтік, этностық, т.б. топ-
тың) əртүрлі ойлауымен тығыз байланысты. Сондықтан көптеген 

466
Ұлт тұғыры – тілде
ғалымдар (Дж. Харрис, т.б.) идиоэтникалық негізді көбінесе лек-
сикадан  анықтап  жəне  номинациялық  таңдауды  ха-лықтың  өмір 
салтымен, көзқарасымен байланыстырады да (Локк.), грамматика-
лық  формалардың  категориялық  мағыналарын  əмбебеп,  жалпы 
деп санайды. Бірақ Э.Б. де Кондаляк, И. Гердер, В. фон Гумболь-
дттан  бастап  дүниені  тіл  арқылы  бейнелеуді  қалыптастыруда, 
халықтың рухын беруде грамматиканың ерекше екені көрсетіледі. 
Гумбольдттың  пікірінше,  грамматиканың  рухтық  ерекшелікке 
туыстығы лексикадан да күшті [17, 20-21].
Мұның қазақ тіл біліміндегі зерттеу үлгісін А. Жаңабекованың 
(Қазақ  тіліндегі  «уақыт»  ұғымының  тілдік  парадигмасы, 2010), 
О.  Жұбаеваның  (Қазақ  тілі  грамматикасының  категорияларының 
антропоөзектілігі, 2010) еңбектерінен көреміз.
Демек  «ғаламның  тілдік  бейнесі»  теориясының  тілдегі  номи-
нация,  таңба,  уəж,  т.б.  мəселелерімен  тығыз  байланыстығы  мен 
сабақтастығын былай қойғанда, грамматикалық құрылымға тікелей 
қатысы  көрінеді.  Осыған  байланысты  ғылымның  диалектикалық 
əдісіне сай уақыт факторларының мəні ерекше екені белгілі. Соған 
сай «ғаламның тілдік бейнесі» де тілдің даму барысымен, мəдени-
рухани  жəне  сананың  дамуымен  байланысы  мифтік  ойлаудан 
поэтикалық ойлау дəрежесіне дейін өзгеріп, дамып отырады. Тілдік 
семантиканың құралдары арқылы тілдік санада сақталған дүниенің 
бейнесі уақытқа сай белгілі бір дəрежеде реликтілік, архаикалық 
деңгейде сақталуы мүмкін. Бірақ олар – тілдің ұйымдастыруымен 
сақталған  дүниенің  тұтас  тұжырымдамасы  (концептуализация), 
тілдік  ұжымның  лексика,  фразеология,  грамматикада  көрініс 
тапқан ұлттық-мəдени тəжірибесінің тілдегі бейнесі.
Бұл  теорияның  негізін  В.  Гумбольдт,  т.б.  салса,  одан  əрі  да-
мытқан – Г.В. Колшанский, Ю.Д. Апресян, А.Н. Леонтьев, Б. Ка-
севич, т.б.
АҚШ  университеттерінде  тіл  мен  танымды  адаммен  біртұ-
тастықта  қарастыратын  ғалымдардың  лингвист-антрополог  деп 
аталуы кездейсоқтық емес. Жоғарыда көрсетілгендей, адамның са-
насы, болмысы жəне рухани негіздерінің тығыз байланыстылығы, 
дəстүр  жалғастығы  мен  сақталуы  тек  тілге  тікелей  қатысты.  Ал 
адамның  этностық  ұғымда  танылуы – белгілі  бір  қоғамдық-
əлеуметтік  ортада,  ұжымда  қалыптасқан  танымның  тілдегі  көрі-

467
Ұлт тұғыры – тілде
ністері.  Осыған  байланысты  этнос  болмысын  оның  тілі  арқылы 
танып-білу  мақсатында  туындаған  тіл  білімінің  жаңа  да  дербес 
саласы – этнолингвистика. «Тіл  əлемінің»  табиғатын  жан-жақты 
зерттеу  барысында  жіктелген  социолингвистика,  психолингвис-
тика,  лингвомəдениеттану  салаларынан  этнолингвистиканың 
ерекшелігі,  тұтастық  сипаты,  академик  Ə.  Қайдар  атап  көрсет-
кендей, оның «этностың инсандық һəм дүнияуи табиғатын терең-
нен  танып  білу  үшін  басқа  емес,  тек  тіл  феноменінің  өзіне  ғана 
тəн  ғажайып  мүмкіншіліктері  мен  қазына  байлығын  зерделеп 
зерттеуді мақсат ететін ғылым» екендігінде [18, 8].
Қазақ тіл біліміндегі осы этнолингвистика саласының негізін 
салушы ғалым Ə. Қайдардың да негізгі көзқарасы «тіл халықтың 
өзін  қалыптастырады» (Ф.  де  Соссюр), «тіл  мен  ұлт  біртұтас», 
т.с.с. тұжырымдармен сəйкес келеді. Ғалымның этнолингвистика 
саласының алдына қойып, анықтап отырған мəселесі де – этнос-
ты танудың жеке бір жағы емес, оны кешенді де тұтас тану. Атап 
айтсақ,  ол – этностың  тұтас  бейнесін  барша  болмысын  анықтау. 
Ал  оған  қажет  этнос  туралы,  толық  мағлұмат  тек  оның  тілдік 
қазынасында ғана сақталады. Осыған байланысты ғалымның этно-
лингвистикаға  қатысты  қалыптастырған  бірнеше  негізгі  ұғым-
дарын  атап  өткіміз  келеді.  Олар  этностың  тұтас  бейнесін  анық-
таумен байланысты этностың сонау балаң кезеңінен бастап бүгінгі 
ұлттық  дəрежеге  дейінгі  кешірген  өмір-тіршілігінің  айнасы,  тілі 
мен жады арқылы сақталған рухани-мəдени қазынасын анықтау-
ды мақсат етуімен байланысты қолданылған «этностық болмыс» 
жəне «тіл əлемі» ұғымдары, «індете зерттеу» əдісі.
Сонымен, тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт, т.б. мəсе-ле-
лер, сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құры-
лымдары  арқылы  тұтастырушы  тілдің  табиғатын  анықтауға  бай-
ланысты  қазіргі  тіл  білімінде  жаңа  бағыттардың  айқындалып, 
қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін 
қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп отырмыз (Б. Ақбердиева, 
Б. Нұрдəулетова, т.б. зерттеулерін қараңыз).
Дəстүрлі  тіл  білімінің  жеткіліксіз  боп,  тілді  зерттеудің  жаңа 
үрдісінің даму себебін қазіргі тіл біліміндегі генеративтік теория-
ның көрнекті өкілі Н. Хомскийдің мына пікірімен түсіндіруге бо-
латын сияқты: «...потому что такие методы (автор Ф. де Соссюрдің 

468
Ұлт тұғыры – тілде
əдістемесі туралы айтып отыр – М.Ж.) в лучшем случае примени-
мы только к явлениям поверхностной структуры и не могут поэ-
тому  вскрыть  механизмы,  которые  лежат  в  основе  творческого 
аспекта использования языка и выражения семантического содер-
жания» [19, 34]. 
Бірақ  бұны  тіл  білімінің  алдыңғы  екі  ғылыми  парадигмалық 
кезеңін  жоққа  шығару  деп  түсінбеу  керек  (əсіресе  құрылымдық-
жүйелік). Əңгіме олардың тіл зерттеу барысындағы тығыз байла-
ныстылығы  мен  сабақтастығы  туралы  болып  отыр.  Ол,  сайып 
келгенде, тіл табиғатының жүйелі де тұтас сипатынан туындайды.
Қорытып айтқанда, тіл білімі дамуының қазіргі деңгейіне сай 
когнитивті  лингвистика  тілдік  семантика,  жұмсалымдық  (функ-
ционалды) лингвистика, т.б. тілді жалпы когнитивті тетік ретінде 
қарастырады.  Атап  айтқанда,  жұмсалымдық  лингвистика  тілдік 
құралдарды, когнитивтік модельдер мен тəсілдердің вербализация-
лануын (тілдік тұлға, «ғаламның тілдік бейнесі», т.б.) айқындайды.
Сөз əлеуетін танудағы антропоөзектік 
парадигманың тілдік сипаты
Əрине, «тіл мен ұлт» сабақтастығындағы тіл болмысын, қыз-
метін жаңа теориялық-танымдық үрдісіне сай жаңа ғылыми пара-
дигманың  тілдің  қарым-қатынас  жасаудағы  қызметін  іске  асыру-
шы барлық деңгейдегі құрылымдық жүйесін жан-жақты зерттеп, 
айқындаған  дəстүрлі  қазақ  тіл  білімінің  жетістіктерінің  жалғас-
тығы екенін дəлелдеудің артық екені түсінікті.
Бұл жалғастықтың бастау көздерін күрделі таңба жүйесі ретін-
де  тілді  тұтынушыларға  тарихи-мəдени  ақпаратты  ұрпақтан-ұр-
паққа жеткізуші, сақтаушы, іске асырушы қызметіне сай  тіл-құ-
рал  деп  санаған  А.  Байтұрсынұлы,  таным  қоймасы  деп  қарас-
тырған  Қ.  Жұбанов  еңбектерінен  тауып,  оның  соған  қоса  тілдің 
қолданыстық  жағдаятына  сай  қайта  құрушы  функционалдық  си-
патын  да  нақты  дəйектеп,  дəлелдеген  Ə.  Қайдар,  Р.  Сыздық, 
Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уəли, т.б. зерттеулерінде жаңғы-
руынан да көреміз. Жаңа ғылыми парадигмада бұл жалғастықтың 
нақты көрінісі тəуелсіздік кезеңімен сабақтасып, мемлекеттік тіл 
мəртебесіне  лайық  тілдің  қолданыстық  аясы  сөз  мəдениетінің 

469
Ұлт тұғыры – тілде
коммуникативтік,  этикалық  жəне  эстетикалық  нормаларын  сара-
лап, қолданыстағы сөздің мазмұндық əлеуетін ашатын мемлекет-
тік  тілдің  ғылыми-лингвистикалық  базасын  жасау – қоғамдық-
əлеуметтік талапқа сай қажеттілік. Нақты айтқанда, қазақ тілінің 
ұлттық тіл ретіндегі нормативтік сөздіктерін, академиялық сипат-
тағы  Қазақ  грамматикасын,  көптілді  аударма  терминологиялық 
сөздіктерді дайындау, жұртшылықтың сөз мəдениетін, мемлекеттік 
тілдің  қолданыс  аясын  кеңейтіп  тереңдететін  лингвоəлеуметтік//
мəдени//елтанымдық зерттеулер мен құралдар əзірлеу, т.б.
Осымен байланысты тілші-ғалымдар тəуелсіздік алғаннан ке-
йінгі  кезеңдегі  қазақ  тіл  білімі  дамуының  ерекше  тың  даму 
үрдістерінің  өрісі  арқылы  жаңа  қарқын  мен  жаңа  сипат  алуына 
ықпал еткен төмендегідей факторларды атап көрсетеді: 1) Қазақстан 
Республикасы  мемлекетқұрушы  ұлтының  тілі  ретінде  қазақ  тілі-
нің  мемлекеттік  мəртебе  алуы  (саяси  фактор); 2) мемлекеттік 
мəртебесіне  сай  қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларында  заңды 
түрде бекітілуі (құқықтық фактор); 3) қазақ тілінің қолданыс ая-
сының  кеңеюі  жəне  қолдану  мəдениеті  сапасының  артуы  (əлеу-
меттік лингвистикалық фактор); 4) қазақ тілінде сөйлейтін тіл-
дік тұлғалар саны мен сапасының өсуі (демографиялық фактор); 
5)  қазақ  халқының  ұлттық  бірегейлігін  сақтаушы  тілдік  санасы-
ның жаңғыруы (тарихи-рухани фактор), т.б. [20]. 
Көрсетілген тарихи-əлеуметтік, мəдени-қолданбалы факторлар 
қоғамдық санадағы, қоғамдық болмыстағы осы өзгерістердің тіл-
дегі рефлексиясына талдау жасау, тілдің даму болашағын айқын-
дау,  тілдегі  кейбір  жаңа  үдерістердің  бағытын  тілдік  жүйенің 
іргелі, дəстүрлі зерттеулерімен сабақтастырып, қоғам сұранысына 
тиімді  жауап  бере  алатын  антропоцентристік  бағыттағы  күрделі 
де  кешенді  зерттеулерді  жүзеге  асыру  қазіргі  грамматиканың  да 
инновациялық сипатын айқындайды [21].
Қазіргі тіл білімінің зерттеу парадигмасында қазақ тілінің төл 
лексикалық  қазынасының  тарихи-семантикалық,  жүйелік-құры-
лымдық жəне грамматикалық құрылымының, оның қолданыстық 
қызметіне негізделген функционалдық мəселелерінің өзекті түйі-
нін шешу үдерісі кешенді сипаттағы антропоөзектік қағидаға сү-
йенеді.  Ол  қазіргі  таңда  тілдің  когнитивтік-прагматикалық  қыз-
метін  аша  түсетін,  дүниетанымдық  əлеуетін  ғылыми  тұрғыдан 
пайымдауға арналған ғылыми кең өріс ретінде айқындалуда.

470
Ұлт тұғыры – тілде
Нақты айтқанда, функционалды-семантикалық өрістердің ком-
муникативті-прагматикалық  қызметі  аясында  сөйлеушінің  мақ-
саты  мен  сөз  қолданысына  сөйлеу  жағдаятының  əсері,  яғни  «ға-
ламның тілдік бейнесін» түзудегі сөйлеуші факторы мен соған сай 
құрылған синтаксистік құрылымдары анықталады. 
Ал,  дəстүрлі  тіл  білімінде  қалыптасқан  лексикологиямен  са-
бақтас  этнолингвистика,  лингвомəдениеттану,  əлеуметтік  линг-
вистика,  лингвоелтану,  психолингвистика  салалары  лексикалық 
қорды  танымдық-ақпараттық  құрал  ретінде  қазіргі  рухани-əлеу-
меттік сұранысқа сай қоғамның игілігіне айналдыруға үлкен жол 
ашып,  қазіргі  қазақ  тіл  білімі  деңгейлерінің  интеграциялануы 
(құрмаласуы) арқылы зерттеулердің нəтижесін ортақ арнаға (ұлт 
пен тіл сабақтастығы) тоғыстырды. Осымен байланысты кешенді 
зерттеу барысында лексикология, диалектология (диалектология-
лық,  аймақтық  сөздіктер  түзу,  лингвистикалық  география,  диас-
порология), лексикография, этнолингвистика, ономастика, тарихи 
лексикология салаларының сабақтастығы айқындалды. Осы орай-
да,  бұл  контекске  қоғамда  болып  жатқан  түрлі  өзгерістер  мен 
жаңалықтарға сəйкес жəне қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесімен 
қазіргі қоғамдық-əлеуметтік мүддеге сай қоғамның барлық сала-
сында  қазақ  тілінде  қолданыстық  өріс  табуы  тиіс  жаңа  ұғымдар 
мен  түсініктерді  қалыптастыру  үшін  аймақтық,  көне  тілдік  қол-
даныстағы қазақ тілінен балама табу, саралап, сұрыптау ісін жүр-
гізуші терминология саласының да жаңа деңгейін атап өту қажет.
Осы  арада  тəуелсіздік  кезеңіндегі  қазақ  тіл  білімінің  жаңаша 
үрдісі мен дəстүрлі (құрылымдық) лингвистиканың сабақтастығы 
бар ма деген сауалдың туындауы – заңдылық. 
Қазіргі  тіл  білімінің  теориялық  зерттеу  парадигмасының  ант-
ропоцентристік  басты  ұстанымы  тілдің  диалектикалық  бірлік-
тегі ең маңызды екі қызметінің, атап айтқанда, танымдық (когни-
тивтік)  жəне  қарым-қатынас  (коммуникативтік)  қызметін  терең 
ашып,  тіл  білімін  заман  талаптарына  сай  жаңа  сапалы  деңгейге 
көтеруге  негізделіп  отыр.  Қазіргі  антропоөзекті  зерттеулерде  бұ-
рынғы  лингвистикалық  зерттеулердің  бағытын  өзгерте  отырып, 
ұлттық  сананың  ерекшеліктерінің  тілдегі  көрінісі  бейнеленеді. 
Демек, бұрынғы зерттеулерде тіл құрылымы мен жүйесіне, оның 
қызметіне  ерекше  мəн  берілсе,  қазіргі  кезде  зерттеушілер  адам 

471
Ұлт тұғыры – тілде
əрекетін,  болмысын  тіл  арқылы  түсіндіруге  басты  назар  аудару-
да.  Осы  бағыттағы  нақты  зерттеулерді  іске  асыратын  мынадай 
теориялық-əдіснамалық  ғылыми  парадигманы  көрсетуге  болады: 
Мəтін  прагматикасы  (газет  тілі,  көркем  мəтін,  т.б.  тілі)  дискурс, 
«тілдік  тұлға»  когнитивтік  лингвистика, «ғаламның  тілдік  бей-
несі» теориялары, т.б.
Осы  бағытта  болашаққа  ұласатын  лексикологиялық,  лексико-
графиялық  жұмыстарда  көркем  мəтін  тілін  дискурстық  талда-
уда  заттық  жəне  рухани  мəдени  ұғымдардың  тілдік  көріністері 
(этнографизмдердің,  лингвокультуремалардың,  лингвоелтаным-
дық  бірліктердің,  этномаркерленген  ескіліктердің)  мəдени  ұғым 
ретінде  санада  қалыптасуы  мен  аталуы,  сөз  ретінде  ұлт  жадын-
да  терең  сақталуына  негіз  болатын  стереотиптік,  ассоциативтік, 
перцептивтік, сенсорлық, т.б. психикалық аппараттардың қызмет-
терін психолингвистикалық талдау мəселелерінің жан-жақты зерт-
теле  бастауы  жаңа  ғылыми  парадигма  қалыптасуының  дəлелі [22]. 
Бұл тектес зерттеулер антропоөзектік парадигмаға сай жүргізіліп, 
тіл арқылы этнос болмысын танудың когнитивтік деңгейіне терең 
бойлауға мүмкіндік береді. 
Қазақ əдеби тілінің тарихын, көнетүркілік кезеңмен сабақтас-
тығын  тануға,  танытуға  қажет  нысандардың  да  антропоөзектік, 
когнитивтік сияқты жаңа қырлары қарастырылуы соңғы кездерде 
жарияланған  «Мұхаббат-намадағы» – Сұлулық,  т.б.  концептілік 
жүйесі [23], көнетүркі ескерткіштеріндегі когнитивті модельдер [24], 
Шежіре  авторы  Əбілғазы  ханның  тілдік  тұлғасының [25], жыра-
улар  жырындағы  дүниенің  концептуалды  бейнесі [26] арқылы 
ашылуы соның дəлелі. Олардың поэтикалық таным болмысының 
əр тарихи кезеңдегі көрінісін білу тіл мен ұлт, тіл мен сана са-
бақтастығын кешенді зерттеу қажеттігі даусыз.
Демек,  тілдік  тұлға  тек  қана  тілді  тұтынушы  ғана  емес,  ол 
белгілі  бір  этностың  тіл  арқылы  таңбаланатын  мəдениетін,  эти-
калық нормаларын да тұтынушы.
Сол  сияқты  тіл  қазынасының  маңызды  деректі  қоры  ономас-
тика саласының бүгінгі талабына жəне қазақ тілінің мемлекеттік 
мəртебесіне  сай  қызмет  ететін  маңызды  құрал  ретіндегі  стра-
тегиялық сипатын дəлелдеу – тіл қызметін кешенді сипатта анық-
таушы жаңа зерттеу деңгейінің көрінісі.

472
Ұлт тұғыры – тілде
Қазақ жалқы есімдер жүйесінде көрініс тапқан ұлт менталите-
тінің қалыптасу көздері ретінде кодталған ұлттық сана мен этно-
таным ерекшеліктері көркем, саяси-публицистикалық жəне фоль-
клорлық  дискурстағы  ономастиконның  ұлттық  санадағы  қызмет 
түрлері негізінде қарастырылуда. 
Нақты айтқанда, жаңа ғылыми парадигма аясындағы ономас-
тикалық зерттеулердің негізгі өзегі – ұлттық сананың жаңғыруы-
на ықпал етуші тарихи-рухани көз ретіндегі қазақ ономастикасы-
ның  этномəдени  мазмұны.  Осымен  байланысты  халықтың  са-
насындағы  топонимдік  ақпарат  пен  білімді  сақтаудың  құралы 
ретінде  қазақ  топонимдерін  тілдік  сананың  когнитивтік  базасы 
сипатында іргелі зерттеу – қазақ ономастикасын жаңа ғылыми па-
радигмада анықтаудың айқын үлгісі.
Тілдің  қоғамдық-əлеуметтік  қызметімен  байланысты  тілді 
зерттеудің  инновациялық-кешенді  сипатының  нақты  көрініс  та-
уып, дəйек табатын саласы – сөз мəдениеті. Себебі сөз мəдениеті – 
қоғамдық  сана  мəдениетінің  дамуымен  тікелей  байланысты  қа-
растырылатын  тіл  қолданысының  айшықты  аясы.  Ел  өміріндегі 
саяси-əлеуметтік жаңарулар мен қатар жүретін тіл арқылы бұқара 
көпшіліктің  қоғамдық  қарым-қатынасының  сапасын  арттыру,  са-
уатты  сөйлеу  жəне  жазу  мəселелерін  реттеу,  жолға  қою  мəселе-
лері шешілетіні белгілі. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістердің нəти-
жесіндегі  қоғамдық  сана  мен  жеке  тұлғаның  тілдік  санасын-
дағы  жаңару,  жаңғыру  үрдісінің  қазақ  сөзінің  төл  болмысымен, 
оның  сөз  тамырлас  болуының  айқын  тілдік  көрінісі  мен  қызметі 
аясын  сөз  мəдениетін  зерттеуші  ғалымдар  да  (Н.  Уəли,  К.  Хұса-
йын,  т.б.)  кешенді  жаңа  ғылыми  арнада  қарастыра  бастады. 
Атап айтқанда: сөз мəдениетінің нормативті аспектісі, функцио-
налдық  аспектісі,  коммуникативтік-прагматикалық  аспектісі, 
лингвокогнитивтік  аспектісі,  т.б.  Соның  негізінде  сөз  мəдение-
тімен сабақтас, лингвоэкология саласы анықталуда. Жалпы, сөз-
дің осы тұрғыдан коммуникативтік қызметінің де антропоөзектік 
үрдісін талдауға болады. 
Оның  себебі  адам  болмысының  жан  дүниесі  мен  ой-санасын 
бейнелейтін  сөз  құдіретінің  мəні  қазіргі  таңдағы  ізгілікке  ба-
ғытталған адамтанымдық білімдердің арқауына айналып отырға-
нымен байланысты.

473
Ұлт тұғыры – тілде
Ал, табиғатпен астас өмір кешкен көшпенді мəдениеттің өкіл-
дері  ретіндегі  ата-бабаларымыздың  өмірі  мен  тұрмысында,  қо-
ғамдық-əлеуметтік,  тəрбиелік,  т.б.  сөз  қызметінің  мəні  ерекше 
болғанын  рухани  құндылықтарымыз  бен  асыл  қазыналарымызда 
сөзді  өнер  деп  таныған  дүниетанымдық  пайымдарынан  көреміз: 
өнер алды қызыл тіл; сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді; сөз-
дің майын тамызды; сөздің тиегін ағытты; сөз тапқанға қолқа 
жоқ; сөзі қамшы болды; сөзі мірдің оғындай; сөзі түйеден түс-
кендей,  т.б.  сөз  тіркестері  сөз  қуатын,  сөз  ажарын,  сөз  қызметін 
айшықтап, соған сəйкес сөздің түрлерін де жіктеп атаған: ақтық сөз, 
аталы сөз, басалқа сөз, бос сөз, бірауыз сөз, жел сөз, жылы сөз, т.б.
Демек, қазақ танымында сөзге ерекше мəн беріліп, сөз мазмұ-
нының жан-жақты толық сипаты қазақ өмірінде алуан түрлі күр-
делі  істердің  күрмеуін  шешкенін  мəдени-тарихи  мұраларымыз 
дəлелдеп отыр. Мысалы, билердің, шешендердің, т.б. сөздері. Бұл 
жайт, біріншіден, қазақтың сөз құдыретін, сөз əлеуетін қазақ бол-
мысынан тыс қарауға болмайтынын көрсетсе, екіншіден, бұл құбы-
лысты тану үшін терең білімді былай қойғанда, зерттеушінің бо-
йында сөздің тылсым күшін, қуатын сезінетін айрықша сөз зерде-
сі, сөз зергерлігі табылуы тиіс. 
Бұл – кез  келген  тілші-ғалымның  бойынан  табыла  бермейтін 
ерекше  қабілет.  Дəстүрлі  тіл  білімінде  қатынас  құралы  жəне  ой 
мен  мəдениетті  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуші  құрал  ретінде  қазақ 
тілінің  жан-жақты  зерттеліп,  қарастырылғаны  белгілі.  Ал,  сол 
тілдің əрекет үстіндегі, динамикалық категория ретіндегі көрінісі 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал