Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет13/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қазақ лексикасы терминденуінің когнитивтік астары
Мемлекеттік  тіл  мəртебесіне  сəйкес  қазақ  тілінің  қоғамдық 
қызметін  жан-жақты  жетілдіру – бүгінгі  күннің  талабы.  Осы-
мен  байланысты  қазақ  тілінің  қоғамдағы  жан-жақты  қызметінің 
қамтамасыз  ететін  терминдік  жүйе  қазақ  тіліндегі  ғылыми-
техникалық өріс қана емес, ғылыми əдебиеттердің негізінде қазақша 
ғылыми сана қалыптастырушы мəдениеттер негізінде ақпараттар 
алмасуының танымдық-вербалды құрал, қазіргі қазақ БАҚ-медиа 
жүйесінің өзегін құрайтын коммуникативті-прагматикалық арқау.
Əрине, терминологиялық жүйені қалыптастыру, дамыту ісіне, 
оларды аудару мен рефераттауға мамандандырылған баспалар, ия 
арнайы  аударма  орталықтары,  ғылыми-зерттеу  институттарының 
кəсіби мамандары ғана емес, əр саладағы мамандар араласып, ат-
салысуда. 
Міне,  тілдің  мемлекеттік  мəртебесіне  сəйкес  өзекті  қоғамдық 
қызметінің  бірі – əртүрлі  салада  терминдік  ұғымдардың  қалып-
тасу  барысы  мен  сонымен  сабақтас  ғылыми  санада  ұлттық-
əлеуметтік  сипаттың  көрініс  беруі  үрдісінің  тоғысқан  жағдаяты-
ның дəлелі. 
Сондықтан  ол  мəселені  шешуде,  яғни  ұлттық  терминология-
лық жүйені қалыптастыруда тілдік жүйедегі сөзжасам заңдылық-
тарына сүйенген ғалымдар мен күнделікті қолданыс иелері кəсіби 

598
Ұлт тұғыры – тілде
мамандардың үлесі мен орны қандай деген сауалға бірыңғай жауап 
беру оңай емес. Бірақ осы арада мына жайларды атап көрсеткен 
жөн. 
Біріншіден, табиғатынан интралингвистикалық болып санала-
тын  терминологиялық  жүйені  де  ұлтаралық  қатынас  түрінің  бірі 
ретінде қарау қажет. 
Екіншіден,  терминологиялық  жүйенің  пайда  болып,  қалып-
тасуы, қолданыс аясының ерекшелігі оның белгілі бір салаға ғана 
қатысты  болуы  мен  ғылыми  сипатына  байланысты  екенін  үнемі 
ескерген жөн. Себебі, ғылыми таным қызметі əрқашан да белгілі 
бір ұғымдар жүйесінде қарастырылып, анықталуы арқылы жүзеге 
асырылады. Мысалы, ғылыми парадигмалар, тақырыптар, зерттеу 
бағдарламалары мен ұғымдары, т.б. негізінде оның өзіндік əлемі 
ашылады. 
Демек,  терминдік  бірліктер  белгілі  бір  мəнді  білдіретін  жай 
ғана таңбалардың жиынтығы емес, мазмұны адамның санасында 
сақтаулы жатқан, жаңа ұғымның ішкі дүниемен арадағы қатынасын 
білдіретін  шығармашылық  ойлау  танымының  нəтижесін  беретін 
таңба.  Олай  болса,  мұндай  таңба  тек  шарттылықпен  ғана  сипат-
талмайды, ол – адам танымы мен тəжірибесі негізінде уəжделетін 
танымдық атау. 
Демек,  терминдік  атауардың  жасалуы  мен  қалыптасуында  да 
тілдік  жүйедегі  атауыштық  заңдылық  пен  ортақтық  бар  екенін 
мойындауымыз  қажет.  Себебі,  А.А.  Потебня  атап  көрсеткендей, 
ойды  туғызушы  жəне  тұтастырушы  тетік  ретінде  тілде  о  бастан 
шығармашылық мүмкіндік бар. Жəне осымен байланысты термин 
тілден  оқшау  тұрған  құбылыс  емес,  ол  да  тіл  сияқты  халықтың 
мəдениетімен  біртұтас  байланыста.  Сондықтан  ұлттық  тер-
миндер  де  тіл  сияқты  халықтық  рухтың  жемісі  ретіндегі  ұлттық 
ерекшелікті  көрсетеді.  Осы  заңдылықты  ұлттық  терминжасам 
қағидаларына  қатысты  ескерген  жөн.  А.  Байтұрсынұлы  жасаған 
терминдердің  өміршеңдігі  мен  жасампаздығын,  табиғилығы  мен 
танымдылығын  да  осыдан  іздеу  керек  болар.  Мысалы:  көсемше, 
құрмалас, бастауыш, т.б.
Көріп отырғанымыздай, бұл терминдер жаңадан жасалған не-
месе  ойдан  шығарылған  емес,  тілдік  жүйедегі  қолданысы  бар, 
бірақ  ол  мағынасы  жаңа  ұғым  атауына  ассоциациялық  негіз 

599
Ұлт тұғыры – тілде
болған,  яғни  терминделген  сөздер.  Яғни  жай  қолданыстағы  сөз-
дер таңбаланған ұғымның кез келген тіл иесіне түсінікті сыртқы 
белгілерін көрсетсе, ол терминделгенде сол ұғымның құрылымдық 
жүйесінің бір элементін атайды. Сондықтан да Г.О. Винокур ол ту-
ралы «терминдер – ерекше сөздер емес, ерекше қызмет атқаратын 
сөздер» деп анықтайды [72].
Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғанындай, кез келген ғылым-
ның негізіне гносеологиялық талдау жасауда оның тарихи-мəдени 
жəне  əлеуметтік-мəдени  сипатын  ескермеу  мүмкін  емес.  Нақты 
айтқанда,  қазір  постпозитивистердің  өзі  ғылымның  дамуын  тек 
білімді  ғана  жинақтайтын  таза  кумулятивті  процесс  деп  қана 
қарамай, оны адамзат руханилығының бір түрі деп санайды. Осы-
мен  байланысты  ұлттық  ғылым  дамуы  мен  оны  сипаттайтын, 
дəйектейтін  ұғымдық  атау-терминдердің  дамып  қалыптасуын 
анықтау – олардың материалдық жəне рухани мəдениеттегі əлеу-
меттік  қызметін  көрсетіп,  заңдылықтары  мен  үрдісін  танудың 
мəдениетін жаңаша қалыптастыру. Соның негізінде қазақ ғылыми 
терминдерінің шынайы ұлттық болмысын түсіндіре алуға болады.  
Сондықтан  да  қазіргі  кезеңде  ғылымның  əлеуметтік,  ада-
ми,  гуманистік  аспектілеріне  ерекше  назар  аударудың  күшейіп, 
өрістеуінің  нəтижесінде  олар  құрылымдық    зерттеуден  логика-
əдіснамалық  қағидаларының  қатарына  енуде.  Мысалы,  оның 
айқын  көрінісі – тіл  біліміндегі  тілді  зерттеудің  антропоөзектік 
бағыты, танымдық астар. 
Бұл жағдай ұлттық терминдік жүйенің қоғам өміріндегі маңызы 
бұл саладағы көптеген міндеттерді жаңаша шешуді көздейді. Атап 
айтқанда,  мемлекеттік тілдің жан-жақты қоғамдық қызметіне жан 
беретін  терминдер  табиғатын  тіл  мен  ұлт  сабақтастығында  тану. 
Осыған  орай  термин  табиғатын,  оның  қалыптасуын,  дамуын 
жалпы тілдік жүйе мен сол тілде сөйлеуші ұлт танымына сəйкес 
түсіндіру көп мəселелердің шешіміне тиімді əсер етпек. 
Себебі  қазіргі  тəуелсіздік  кезеңі  мен  жаһандану  дəуірінде 
қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік жəне ұлтты бірегейлендіру 
қызметін  күшейтудің  мəні  ерекше.  Соның  барысындағы  оның 
негізгі  сипаты  тілдің  рухани-əлеуметтік  жаңғыртуларға  сай  жаңа 
деңгейге  көтеріліп,  қалыптасушы  ұлттық  таным  мен  ой-өрістің 
мəнін мемлекеттік мүддеге ұластырып, қоғамның түрлі саласында 

600
Ұлт тұғыры – тілде
кəсіби тілдік тұлғаның қызмет ету дəрежесінің көтерілуіне ықпал 
етеді. 
Мəртебесіне сай тіл қолданысының жаңа да кешенді деңгейінің 
сипаты  мен  тілдің  бойындағы  рухани-əлеуметтік  əлеуетіне  бай-
ланысты  бұл  мəселе  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі 
институтының  терминология  саласындағы  ғылыми-зерттеушілік 
назарынан тыс қалған жоқ. Керісінше, терминология мəселесінің 
функционалдық парадигмасы контексінде терминологиялық жүйе 
қалыптастырудың  негізгі  тетігі  ретінде  терминдену  үдерісіне 
ерекше мəн беріліп, ол үдеріс оған ықпал етуші ұлттық сананың 
жаңғыруымен сабақтас танылуда. 
Атап  айтқанда,  қазақ  тіліндегі  терминжасам  үдерісіне  қатыс-
ты ұлттық терминологиясының табиғи болмысын ашатын когни-
тивті-семантикалық тəсілдің ерекше мəнін А. Байтұрсынұлы жə-
не  т.б.  ғалымдардың  еңбектерін  зерделеу  нəтижесінде  анықтаған 
Ө. Айтбаевтың, осымен сабақтас қарастырылған терминдену үде-
рісі  туралы  Ш.  Құрманбайұлының,  жаратылыстану  ғылымда-
рындағы  терминдер  қалыптасуының  танымдық  сипаты  туралы 
С. Ақаевтың, аударматану терминдерінің когнитивті сипаты тура-
лы М. Қожаеваның зерттеулерінде когнитивтік бағыттың нышан-
дары мен негіздерінің қазақ терминологиясы ілімінде де бар екенін 
дəлелдейді.
Нақты айтқанда, ұлттық терминжасамның бастау көзінде бел-
гіленген  «əрбір  тілдің  өз  байлығын  сарқа  пайдалану»  қағидасы-
ның қазіргі таңда терминдену үдерісінде жалпыхалықтық лексика-
мен тығыз байланыстырылып, төл тілдік балама табу үрдісі қазақ 
терминологиясын қалыптастырудың жаңаша көзқарасын сипаттап, 
ұлттық терминология қалыптастырудың ғылыми қағидасы ретінде 
анықталады.  Осыған  орай  қоғамдық-əлеуметтік  қызметінің  ке-
ңеюі  мен  мемлекеттік  мүддеге  сай  ұлттық  лексиканың  мүм-
кіндіктерін толығынан іске қосудың негізгі тетігі ретінде термин-
дену үдерісі ғылыми негіздерінің терең танымдық кешенде зерт-
телуінің мəні ерекше.
Термин табиғатын сөз табиғатымен бір байланыста қарастыру 
олардың белгілі бір ғылым саласына тəн тар шеңбермен шектел-
ген сипатын жоққа шығарады. Сондықтан да терминді анықтауда 
қалыптасқан  оның  бір  мағыналылығы,  дəлдігі,  жүйелілігі,  мəн-

601
Ұлт тұғыры – тілде
мəтінге тəуелсіздігі жəне эмоционалды бейтараптығы деген (Лотте, 
Александровская,  Даниленко,  Головин,  т.б.  ғалымдар  көрсеткен) 
сипаттарын термин болмысын толық ашып береді  деп айтуға бол-
майды. 
Терминжасамды іске асыру табиғи тіл негізінде семантикалық 
тетік  арқылы  болатынын  мойындай  келе  ғалымдар  соңғы  кезде 
терминді де «таным құралы» (Ивина), «ғылыми нəтиже жаңалы-
ғының  вербалдануы» (Татаринов), «тілдік  жəне  логикалық  суб-
страт»  немесе  «концептуалды,  функционалды  жəне  тұрпаттық 
құрылым» (Лейчик) деп қарайды.
Көптеген ғалымдар семантикалық тəсілмен жасалған термин-
дер сəйкес ұғымдардың байланыстарды бұзады» (Д.С. Лотте) деп 
санайды. Ал, шын мəнінде семантика аясында «метафораланған» 
көптеген айшықты, дыбысталуы ерекше сөздер мен сөз тіркестері 
терминжасам  өрісінің  мүмкіншілігін  кеңейтіп,  жаңа  ұғымдарды 
бейгені түрде атайды. 
Əрине, бұл арада кең тараған семантикалық тетіктің терминжа-
сам үрдісіндегі тек бір ғана жолы екені белгілі. Оған көп жағдайда 
белгілі бір ғылыми таным өрісінің дамып қалыптасу нəтижесіндегі 
қажеттілік əсер етеді. Басқаша айтқанда, бұрыннан мəннің белгілі 
мазмұндық құрылымына жаңа ғылыми мəн кодталып енеді. Сөйтіп,  
сайып келгенде, олар сан түрлі саладағы (экономикалық, мəдени, 
əлеуметтік,  т.б.  дискурстың)  мазмұндық  құрылымын  кеңейтіп, 
терминдік жүйе құрайды. 
Қазіргі  қоғамдық,  əлеуметтік,  мəдени,  саяси,  экономикалық 
даму  жағдайындағы  тілдік  жағдаят  пен  ондағы  қарым-қатынас 
иесі тілдік тұлғаның ролі мен қызметіне сəйкес бұл құбылыстың 
дəстүрлі  лингвистикалық  түсініктемесі  когнитивтік  бағыттағы 
зерттеу  нəтижелерімен  сабақтастыруды  қажет  етеді.  Экономика-
лық  дискурста  терминдік  жүйе  қалыптастырудағы  лексиканың 
мəнін К.В. Томашевская былай деп анықтайды: «… Структура, от-
ражающая  концептуальные  конструкции  знания  мира,  операции 
над которыми совершаются в когнитивной системе человека в про-
цессе восприятия и порождения речи»  [73].
Қазақ  терминологиялық  жүйесі  дамуының  қазіргі  кезеңінде 
күрделі  сипаттамалы  терминдер  қатары  молая  түсуде.  Осымен 
байланысты арнаулы лексикадан құралатын терминологиялық ата-

602
Ұлт тұғыры – тілде
лым мен жалпы лексикалық аталым үдерістерін саралап, бастапқы 
уəждемелерін  анықтау  мəселесінің  де  қазіргі  қоғамдағы  ғылыми 
коммуникациямен үндес зерттелуі де А. Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институты қабырғасында жүргізіліп жатқан ізденістер-
дің көкейкесті мəнін көрсетеді [74].  
Қоғам дамуының қазіргі жағдайында ұлттық төл мəдениет – ру-
хани қалыптасудың негізгі көзі екені анықталған жайт. Сол сияқты 
рухани мəдениеттен таралуға тиіс ғылым тілін «қазақыландыру» 
бағытының да негізгі бастау көзі осы болмақ керек. Осыған орай 
қазақ  ғылыми  тілінің  басым  пайызын  құрайтын  халықаралық 
стандарттағы  терминдердің  қазақша  баламаларын  жасауға 
бетбұрысты,  терминдерді  «қазақыландыру»  үрдісін – «солақай» 
немесе  «пуристік  бағыт», «əлемдік  өркениеттен  алшақтау», 
«ұлттық жырақтық» деп сипаттау –  біржақты түсінік. Қазіргі за-
манда кез келген өркениетті мемлекетте ұлттық терминологиялық 
жүйенің  қалыптасуы – қоғам  мен  тіл  арасындағы  байланыстан, 
ұлттық  мүдде  мен  мемлекеттік  мүдденің  тоғысуынан,  танымдық 
негіздерімен сабақтасуына мəн беруден туындайтын, ғаламдасуға 
бір  бөлшек  боп  енетін  жаңаша  дамудың  заңды  үрдісі.  Нақты 
айтқанда, ол ғылыми түсініктерді белгілейтін тілдік құралдардың 
атауларын  қалыптастыруда  ұлттық  ұғымды  арқау  етіп,  қазақ 
терминдерінің  төл  тілдік  баламаларын  жасаудың,  ғылым  тілін 
қазақша  «сөйлету»  əрекетінің  барысындағы  үрдістің  жаңаша 
даму  деңгейін  көрсетеді.  Мысалы,  қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі 
тіркесімділік (валентность), уəж (мотив), уəжділік (мотивирован-
ность),  тілдік  тұлға  (языковая  личность),  тілдік  жағдаят  (язы-
ковая ситуация), үстірт құрылым (поверхностная структура), т.б. 
терминдер – соның нақты айғағы.
Бірақ  көп  жағдайда  терминдердің  құрылымдық  табиғилығын 
сақтап,  төл  тілдік  сөздің  нақты,  жіктелген  ішкі  мазмұны  тірек 
етілгенімен, сөздің негізгі, жалпы мазмұны, семантикалық құры-
лымы, ұғымдық көлемі терминдік дефиницияға толық сəйкес кел-
меуі мүмкін. Сондықтан терминжасамдық үдеріс барысында ата-
лымдар  жарыспалылығының,  емлелік  ала-құлалықтардың,  тіл 
нормасынан  ауытқушылықтың,  тілді  пайдаланушылар  тарапы-
нан  ұсыныстардың,  сыни  пікірлердің  айтылып  жатуы – заңды 
құбылыс.  Мысалы,  қазір  жарыса  қолданылып  жүрген  отбасы, 

603
Ұлт тұғыры – тілде
жанұя,  үйелмен  сөздерінің  «семья»  атауына  қатысты  баламалық 
қолданысына  қатысты  пікірлерді  қараңыз.  Мұның  себебін  ака-
демик  Р.  Сыздық  «термин  жасау  мəселесінің  құрылымдық-
тілдік  жəне  ұғымдық-семантикалық  екі  жағы  болатындығының 
ескерілмеуінен» [75] деп  санайды.  Яғни,  ғылыми  терминдер 
заттың атын емес, ұғымның атын білдіреді. 
Осы  тектес  терминдерді  қабылдауда  əртүрлі  «көру  бұрышы-
ның»  пайда  болуын  да,  жоғарыда  көрсетілгендей,  бүгінгі  күні 
біртекті  сөз  мағынасы  дефинициясының  əртүрлі  сипатталуымен 
түсіндіруге  болады.  Дəл  қазіргі  қоғамдық-əлеуметтік  ахуал  мен 
тілдік жағдаят контексінде терминденген сөзді индивидтің жетістігі 
ретінде қабылдаудың қажеттілігі психолингвистикалық тұрғыдан 
адамның  тілін  сөйлеу  тетіктерінің  қызметі  мен  əрекеті  тұрғысы-
нан сипаттайды. Басқаша айтқанда, қабылданатың терминді түсіну 
барысында  адам  өзінің  жадындағы  таныс  сөздерді  іздестіріп, 
оны  жаңа  терминмен  байланыстыруы  үшін  қандай  тəсілдерге 
сүйенетінің анықтайды. Себебі адамның күнделікті өмірінің бары-
сында қалыптасқан ой-саналық (ментальді) құрылымы индивидтің 
жан дүниесінде пайда болған жаңа əлемді (дүниені танудың тілдік 
əлеміне сай), социумды айқындайды. 
Басқаша  айтқанда,  адамның  не  білетінін  табу  жəне  түсіндіру, 
оның сөз мағынасын білуі кезінде (немесе нені білетінін жорамал-
дайды),  қабылданатын  терминді  түсіну  барысында  адам  есіндегі 
(жадындағы)  сөздерді  кездестіру  кезінде  қандай  тəсілдер  мен 
негізді пайдаланатынына сүйенетіні, т.б.
Мұндай тəсілді табу барысында қандай процестер жəне оның 
нəтижесі  индивидтегі  мағынаның  қалыптасуы  мен  қызметіне 
қалай байланысты екенін талқылауды қажет етеді. Сондықтан да, 
мағынаны анықтау үшін, яғни вербалды индивидте қолданылатын 
лексикалық  мағына  ретінде  сипатталатын  құралдардың  орнын 
толтыруға  көңіл  бөлінеді.  Мұндай  мағынаның  орнын  толтыру 
адамның сөйлеу əрекетіндегі жетістігі ретінде қажет. Осымен бай-
ланысты  когнитивті  процестер  немесе  когнитивтік  қайта  өңдеу 
əрекеті тіл шығармашылығында концепт арқылы іске асады.
Ю.С. Степановтың түсіндіруі бойынша, концепт адамның мен-
тальды əлеміне (жан-дүниесінде) анық түсінік ретінде емес, сөзбен 
қоса  түсінікті  білімді,  ассоцияцияны,  əсерленушілікті  білдіретін 

604
Ұлт тұғыры – тілде
«байлам»  ретінде  ұсынылады.  Концепт – базалық  когнитивтік 
маңыздылық  ретінде  пайдаланылатын  сөздермен  байланысты-
рушы  концептуализация  процесінің  мазмұнды  бірлігі  ретінде 
шындықтың адам миында бейнеленуі.
Адамның  күнделікті  өмірінің  барысында  қалыптасқан  мен-
тальді құрылымы индивидтің жан-дүниесінде пайда болған əлем-
ді, социумды жəне оның өзін айқындайды; олар білімге қол жет-
кізу  мүмкіндіктерін  ғана  емес,  оларды  алу  тəсілдерін  камтитын 
абстрактілі талдау үлгісі ретінде түсіндіреді.
Шындықтың бейнелену нəтижесі іспетті терминдердің қалып-
тасуы  олардың  көбірек  немесе  азырақ  нақты  үйымдастырылған 
топтарына, категорияларына бөлу арқылы төртіптеледі, ал қабыл-
данатын мəнді əдепкі  топтарға жатқызу процесі арқылы ұғынуда 
осы жаңа мəнде жазылатын мүшелердің сипаттамасы ұғымдық əр 
түрлі  деңгейінде  білімнің  қорытындысы  ретінде  ескеріледі,  бүл 
процесс  когнитивтік  лингвистикада  категоризация  деп  аталады. 
Концептуализация  нəтижелері  (категоризациялау)  жадта  (есте) 
вербалды құралдармен үйлестіру арқылы бекітіледі, яғни лексика-
лизациялау орын алады.
Сөзді  осы  арада  термин  ретінде  пайдалану  үшін  оның  есте 
өзектелу  қажеттілігі  туындайды,  нəтижесінде  осы  сөзбен  байла-
нысты  тілдік  (аялық  білім)  жөне  энциклопедиялық  білімге  қол 
жеткіземіз.
Психолингивстикалық  түрғыдан  жоғарыда  айтылған  процес-
тердің кез келгені тілдік/сөйлеу механизмдерінің ерекше қызметі 
түрғысынан  қарастырылуы  тиіс.  Олай  болса,  сөз  мағынасының 
өзектелуі мағына аспектісінің дəл осы уақытына ең өзекті тұсының 
санада бейнелену мүмкіндігін көрсетеді. Осы кезде қалғандарының 
бəрі сол немесе басқа жағдайда оны жете түсінусіз-ақ ескеріледі 
немесе  еленбейді.  Демек,  категоризация  бір-бірімен  байланысты 
екі бағыттың өзара əрекеттесуі кезінде жүзеге асырылады (тілдік 
білім  жəне  энциклопедиялық  білім)  жəне  мəдени  ерекшеліктер 
мен тіл ерекшелігіне байланысты екі типтік əрекеттерге, белгілер-
ге, т.б. сүйенеді. Соңғы он жылдықтарда ғана сол тілде сөйлеушіге, 
əрі оны пайдаланушы индивидке назар аудару арқылы мағынаны 
сипаттаудың танымдық бастамасына жол ашылды.
Олай  болса,  сөз  мағынасындағы  шындықтың  өлшемдері 
«сырттай» ережеленбеуі тиіс, ал керісінше, тəжірибемен алынған 

605
Ұлт тұғыры – тілде
мəліметтерді  өңдеу  тəсілдерін  зерттеудің  сапалы  мақсаттарына 
сəйкес қолдану арқылы белгіш бір тіл мен мəдениетті тасушыдан 
тарату қажет.
Психолингвистикалық  əдісті  білімге  қол  жеткізу  мүмкіндік-
тері  деп  қана  емес,  білім  алу,  түсіндіру  тəсілдерін  де  қамтитын 
талдау  үлгісі  ретінде  бағалауға  болады.  Мұндай  тəсілді  қолдану 
ба-рысында тіл мен оны тұтынушы қатынасына сай туындайтын 
тілдік үдерістер жəне оның нəтижесіндегі индивидтің тілдік сана-
сында «қандай жаңа мағына қалыптасады? оның сөйлеу қызметіне 
байланысы қандай?» деген мəселелерге мəн беріледі. Сондықтан 
да  сол  мағынаны  анықтайтын,  яғни  индивид  енді  қолданатын 
лексикалық  мағынаны  тілдік  бейнелеу  таза  ассоциативті-вер-
балды  тілдік  құралдардың  орнын  толтыруға  көңіл  бөлінеді. 
Мұндай  мағынаның  орнын  толтыру  адамның  сөйлеу  əрекетінің, 
коммуникативтік қызметінің жетістігі ретінде қажет. Осымен бай-
ланысты  тілдің  ішкі  құрылымындағы  когнитивтік  (танымдық) 
процестер немесе тілдік санадағы қайта өңдеу əрекеті (терминде-
ну)  арқылы  тіл  шығармашылығында  жаңа  мағынаны  қалыптас-
тыру іске асады, ұлттық санадағы танымдық сабақтастықтың же-
лісі үзілмейді. Мысалы, тұсаукесер, құрықтау, билік, серке (лидер), т.б.
Адамның  жан  дүниесінің  мазмұны  вербалды  сипатта  жинақ-
талған  білім,  ассоциация,  түрлі  əсерлер  т.б.  қорынан  құралып, 
тіл тұтынушы танымындағы жалғастырушы, тұтастырушы арқау 
ретінде оның тілдік санасында бейнеленеді.
Олардың  қазіргі  қоғамдағы  мемлекеттік  тіл  мен  оның  ком-
муникативтік қызметіне сəйкес нақты дəйектік мысалдарын, іске 
асуын  көріп  те  жатырмыз.  Мысалы,  қазіргі  қоғамдық-əлеуметтік 
өміріміздегі өзектеліп, жаңаша танылған атаудың бірі – тұсаукесер 
термині. Орысша оның аудармасы – презентация. Оның этимоло-
гиясын  айқындайтын  «презент»  компоненті  «представление» 
деген,  яғни  «таныстыру»  деген  мағына  беретіні  белгілі.  Ал  қа-
зақша баламасы (тұсау кесер) біздіңше, ұлттық болмысты терми-
нологиялық  жүйе  қалыптастыруда  жарқын  мысал  бола  алады. 
Атап айтқанда, тұсаукесер тек жай таныстыру емес, сол ашылған 
мекеменің,  ғимараттың,  істің,  т.б. «жолы  болсын», «сəтті  бол-
сын!» т.с.с. ұлттық танымға байланысты қалыптасқан дəстүр атауы.

606
Ұлт тұғыры – тілде
Ал, көсем сөзінің бұрынан түсініктілігі – «алда жүруші», «бас-
таушы» деген ассоциация етістік тұлғасын атайтын лингвистика-
лық көсемше терминінің қалыптасуына негіз болған. 
Күнделікті  өмірде  көріп  отырғанымыздай,  тілдік  тəжірибеде 
көбінесе  төл  тілдік  сөздің  ішкі  мазмұнын  тірек  ету  үшін  интер-
националдық  терминдердің  сыртқы  құрылымы,  дефинициясы 
қазақшаланады да, терминнің семантикасына балама іздестіріледі. 
Мысалы, жоғарыда көрсетілген қазіргі қолданыстағы презентация 
терминінің  қазақ  тіліндегі  баламасы – тұсаукесер.  Бұл – ұлттық 
терминология  қорын  тарихи  жəне  лингвомəдени  аспектідегі  тер-
миндену үдерісі арқылы іске асыру жолының нақты үлгісі. 
Бұл мəселеге ғылыми қисын, ұлттық мүдде тұрғысынан қарар 
болсақ,  ең  маңыздысы  терминді  қазақшалау-қазақшаламауда  да 
емес. Сайып келгенде, терминнің шартты белгілерден айырмасы – 
оның  ұлттық  танымға  жақындығы,  уəжділігі  мен  түсініктілігі, 
қызмет  ету  əлеуеті,  т.б.  Соның  нəтижесінде  жасалған  терминжа-
сам  үдерісі  негізінде  тілдің  жүйесі  бұзылмай,  жаңа  мазмұнда, 
бірақ тілдің табиғи болмысына сай дамуына жағдай қалыптасады. 
Кезінде А. Байтұрсынұлы шығармашылығындағы термин жа-
сау ұстанымының да негізгі арқауы – осы. Себебі ұлттық термин 
қалыптастырудағы  ең  негізгі  талап – ұлттық,  қоғамдық,  кəсіби-
əлеуметтік мүдде тұрғысынан қойылар талаптарға сай болу. Олай 
болса, қоғамдағы ғылыми қатынас құралы ретінде жаңа, күрделі 
ойды  жеткізетін  терминдерде  де  сөздердегі  секілді  халықтың 
ақыл-ойын, адамдық рухын, ғылыми көкжиегін, білім аясын жаңа 
сапада  өсіру  мұраты  əрдайым  ескерілуі  тиіс.  Ол  үшін  термин 
маманға  ғана  таныс  жасанды  таңбалардан  ғана  жасалмай,  тер-
минжасамда  халықтың  тарихи-мəдени  кодтық  жадын  жаңғырту 
да  ескерілгені  жөн.  Осымен  байланысты  оны  тіл  табиғатын 
анықтаудың негізі ретіндегі тілді тұтынушы танымымен тығыз бай-
ланысты когнитивтік лингвистика негізінде жəне прагматикалық, 
лингвомəдени танымдық тұрғысынан дəлелдеудің мəні ерекше. 
Себебі əлемдік мəдениеттер арасында ұлттың өзіндік табиғаты 
мен  бет-болмысы  алдымен  тіл  арқылы,  оның  тілдік  санасы 
арқылы  танылады.  Тіл  ойлау  мен  мінез-құлық  нормаларын  ор-
натып,  логикалық  категориялар  мен  тұтас  концепциялардың  қа-
лыптасуына  басшылық  ету  негізінде  адамның  жеке  жəне  қоғам-

607
Ұлт тұғыры – тілде
дық  өмірінің  барлық  салаларына  еніп,  оның  мəдениет  формала-
рын  айқындайды.  Тілдің  жүйелі  құрылымына  негізделген  ішкі 
бай  мүмкіндіктері  адамдардың  мінез-құлқының  психологиялық 
детерминанты,  əлеуметтік-мəдени  өзгерістердің  инварианты  ре-
тінде  оның  ғаламның  бейнесінде  қалыптасқан  ұлттық  ойлау  үр-
дістері сан салалы қоғамдық қатынастарды жүзеге асыруға мүм-
кіндік береді. 
Осыған қатысты жаңа ғылыми бағыттың бір саласы психолинг-
вистика тұрғысынан саралап қарасақ, осы қисынға сəйкес ұлттық 
тіл мүддесі мен таным тұрғысынан, ана тілінің табиғатына сай тер-
минжасам А. Байтұрсынұлы бастаған зиялылардың қазақ тілінде 
термин түзу ұмтылыстарынан басталғанын байқаймыз. Біраз жыл-
дар бойы сол үрдіс үзіліп қалса, қазіргі қоғамдық сана деңгейі мен 
қоғамдағы тіл мəртебесіне сəйкес ол қайта жаңғыруда. Сонымен 
сабақтас жүргізіліп жатқан зерттеулер өзінің жаңа сипатымен, атап 
айтқанда, антрополингвистикалық уəжімен, қоғамдық-əлеуметтік 
мүдде  ескерілетін  кешенді  жүйесімен  ерекшеленіп,  когнитивтік 
терминология  үрдісінің  өріс  алуы  қазақ  тіл  білімі  саласында  да 
байқалады.
Терминжасамның когнитивтік негізі, біріншіден, фондық мəлі-
меттерге,  яғни  тіл  туралы  білім  аясына  тəуелділігі  түрінде  кө-
рінеді. Себебі тіл – адамның сөйлеу, оны қабылдау əрекеті кезін-
дегі  когнитивтік  жүйесінің  көрінісі.  Адамның  өзі  қолданбайтын, 
бұрын естімеген сөздерді түсініп, не шамалай біліп жататындығы 
да тілдік санаға əсер ету, оны қалыптастыру жайының сырт көзге 
байқалмағанымен,  терең  танымдық  деңгейлерде  жаңғыруынан. 
Əсіресе жаңа сөзжасам, сөз тудыру үдерісінде тіл мен адам ойы-
ның,  бұған  дейінгі  білімінің  арасындағы  байланысы  айқынырақ 
көрінеді.  Сондықтан  жаңа  сөз  бұрынғы  сөздермен  жүйелесе  жа-
салса, адам санасына айрықша əсер етіп, дұрыс қабылдана алады. 
Біздің санамыз жаңа затты қабылдау кезінде оның мəн-мағынасын 
анықтайды  да,  оны  сана  құрылымындағы  өзіне  ұқсас  əсерлер 
қатарына орналастырады. Осы себепті  атау жасау ісі ассоциативті-
когнитивтік  құрылымда,  психолингвистикалық  тұрғыдан  тиімді 
танылады.
Демек,  когнитивтік  көзқарас  жаңа  сөз  жасау,  қолдану  мəсе-
лелерін  басқа  қырынан  «көріп»,  сөздің  қолданыстық  əлеуетін 

608
Ұлт тұғыры – тілде
жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Шындығында, ұғымның бас-
ты  белгілерін  анықтауда  адам  ойының,  таным  деңгейінің  рөлі 
ерекше  екенін  қазіргі  когнитивтік  лингвистика  дəлелдеп  отыр. 
Бұл  арада  атаудың  прагматикалық  мақсаты  ғана  негізге  алынуы 
жеткіліксіз. Мысалы, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, т.б. 
Қоршаған орта құбылыстары көрінісінің бір бөлшегінің адам ойы 
мен  таным  жүйесінде  зерделенуі  ой  мен  тілдің  анықтауыштық, 
тұтастырушылық қызметін іске асырады.
Когнитология теориясы бойынша атау жасауда қабылдау, еске 
түсіріп, қайта қолдану адамның жалпы жəне əрбір сəттегі ойлау, 
сезіну  күйімен,  ауқымымен  байланыстылығын  негіздейді.  Осы-
мен байланысты когнитология жеке адамның жəне жалпы ұлттық 
ойлаудың сипатын көрсетеді. Жеке адамның ойлау қабілеті, ой ісінің 
өнімділігі оның тілдік білігіне тəуелді болса, ұлттық ойлау ұлттық 
тіл негізінде жүзеге асып, соның мүмкіндігімен анықталады. Мы-
салы,  А.  Байтұрсынұлы  қалыптастырған  жүздеген  терминдер 
белгілі. Ал солардың қалың көпшілікке етене жақын болып кетуі 
мен табиғилығының феноменін, біздіңше, осы танымдық негізде 
қалыптасқан тілі арқылы түсіндіруге болады. Олай болса, қазіргі 
қазақ тіл білімінде де қалыптасып, қанат жайып келе жатқан «тіл 
мен ұлт біртұтас» деген қисынға сəйкес тіл табиғатын зерттеуді сол 
тілде  сөйлеушінің  танымынан  тыс  қарамайтын  үрдіс  теориялық-
əдістемелік негіз ретінде терминжасам теориясында да қолдануды 
қажет етеді. Соның негізінде анықталатын терминжасамның тілдік 
тетіктері  осы  саладағы  субъективті  факторды  (яғни, «меніңше, 
мынау  дұрыс»  деген  сияқты)  жоққа  шығарып,  оған  объективті 
сипат  бермек.  Сондықтан  белгілі  бір  терминнің  тіл  жүйесінің 
қазіргі деңгейіне сай келуі/ келмеуі оның терминология жүйесінің 
қисындық тұтастығымен сабақтасуында [76].
Сондықтан  жоғарыда  көрсетілген  терминжасам  мен  термин-
дену үдерісі мəселесімен сабақтас мəселелердің бірі – қазақ тілін 
мемлекеттік тіл ретінде қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен 
қолдану  өзекті  қоғамдық-əлеуметтік  мүддеге    айналып  отырған 
бүгінгі  таңда  тілді  тұтынушы  талаптарын  қанағаттандыратын 
нақты  салаларға,  атап  айтқанда,  мемлекеттік  тілдің  мамандыққа 
сəйкес меңгерілуі мен кəсіби тілдік тұлға мəселесін шешу [77].
Əртүрлі  нақты  салаларда  қазақ  тілін  қолдану  оны  қажетті 
деңгейде  кəсіптік  бағдарлы  біліммен  ұштастыруға  бағытталған 

609
Ұлт тұғыры – тілде
коммуникативті-функционалдық  қағида  ұғымдарын  тірек  қыла-
тыны белгілі. Мысалы, мұнай-газ мамандығы саласында қазақ тілін 
қолдану арқылы арнаулы сала тілін қалыптастыру  жұмыстарының 
нəтижесі кəсіби-əлеуметтік қолданысқа сай аса тиімді болып отыр. 
Себебі  болашақ  мамандар  еңбек  етуге  тиіс  мұнай-газ  саласында 
қазақ тілін тұтыну – қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының 
тек экономикалық мəнін ғана емес, сонымен бірге, саяси, мəдени-
əлеуметтік мəртебесін көтеретін кешенді де, күрделі мəселе. 
Сондықтан салалық терминология негізінде мемлекеттік тілді 
жоғары  деңгейде  меңгерген,  оны  кəсіби  ортасына  байланысты 
жақсы  игерген  ұлттық  мамандардың  тілдік  тұлғасын  қалыптас-
тыру ісі өзінің қоғамдық-əлеуметтік маңызына сай тілді дамытуға 
байланысты мемлекеттік бағдарламалармен сабақтасады. Тəуелсіз 
ҚР-ғы  индустрияландыру  бағытына  сəйкес  Қазақстан  өнеркəсі-
бінің болашағы – білікті кəсіби жас мамандардың қолында. Сон-
дықтан  оларға  мемлекеттік  тілді  мамандыққа  сəйкес  меңгерту – 
бүгінгі  өмір  талабы.  Осымен  байланысты  зерттеулерде  қазақ 
тіліндегі кəсіби лексиканы қалыптастыруды іске асырудың ұтым-
ды жолдары анықталғанын мынадай нəтижелерінен көруге бола-
ды: 
1. Кəсіби лексиканың мамандыққа қатысты атқаратын қызме-
тіне сай үш түрін көрсету (кəсіби-бағдарлық, кəсіби-тақырыптық, 
кəсіби-шығармашылық).  Оның  негізіне  мамандыққа  байланысты 
күнделікті  өндірістік  іс-əрекетте  қолданылатын,  тұтынылатын 
тілдік  қолданыстар,  сəйкес  мəтіндерден,  оқулықтардан,  салалық 
сөздіктерден жинақталған тілдік деректер пайдаланылады. 
2. Тілді зерттеу барысы да, тілді оқытып, үйрету барысында да 
бұрын тілдік жүйенің жазбаша формасы негізінде жүргізілсе, соңғы 
кезде прагмалинвгистика, когнитивтік жəне коммуникативтік линв-
гистика бағытына сəйкес тілдің сөйлеу кезіндегі тілдік көрінісіне, 
яғни нақты сөйлеу əрекетіне, яғни ауызша мəтінге ерекше мəн беру. 
Осыған орай қазақ тілін мамандыққа сəйкес ұлттық терминоло-
гия негізінде меңгертудің тəрбиелік мəніне, атап айтқанда, оларды 
арқау  етіп  құрылған  мəтіндердің  психологиялық,  ұлттық  таным-
дық мəніне ерекше көңіл бөлінеді. Оны дұрыс та, дəл таңдалған 
тиісті  газет  мəтіндерінің  тілді  меңгерту  үшін  қолданылуынан 
көруге болады. Осыған орай, жүргізілетін талдау жұмыстарының 

610
Ұлт тұғыры – тілде
ғылыми  əдістемелік  негізі  танымдық  уəжбен  сабақтастырылып 
тұжырымдалады. Сайып келгенде, осы тектес зерттеулер нəтижесі 
болашақ  маман  иесінің  ұлтжандылық  қасиеттерін  қалыптасты-
рып, олардың ана тіліне, ұлт мəдениетіне, кəсіби мамандығына де-
ген құлшынысын арттыруға қызмет етуге тиіс.
Демек,  мағыналық  дамудың  нəтижесінде  терминденген  сөз-
дердің  табиғатын  талқылау  жəне  оны  қабылдау  танымға  қатыс-
ты  кейбір  маңызды  мəселелерге  тоқталуды  қажет  етеді.  Нақты 
айтқанда,  тілдік  атау  не  термин  қалыптастыру  үдерісінде  психо-
лингвистикалық,  прагматикалық,  философиялық,  əлеуметтік,  ло-
гикалық  қырларының  бір  сабақтастықта  өрілуінің  маңыздылығы 
ерекше. 
Осы  тектес  зерттеулерден  байқалатынындай,  терминдік  бол-
мысқа сай танымдық сипатта қалыптасқан ұғымның тілдік сана-
да қабылдануы мен құрылуы, категориялануы сияқты жағдайлар 
оларды когнитивтік астарда ортақтастырады. 
Олай болса, адамның білімі мен əр саладағы іс-əрекет, қызме-
тіне сəйкес қалыптасатын терминдік жүйенің жасалуын анықтап, 
болашақ  дамыту  бағдарын  белгілеуде  когнитивтік  лингвистика-
ның əдіс-тəсілдері де тиімді болмақ.
Қорыта  айтқанда,  қоғам  жан-жақты  жəне  жаңа  сапада  дамы-
ған сайын онымен сабақтас тілдің де сол дəрежеде дамуы – мем-
лекеттік  тіл  мəртебесіне  сəйкес  тілдің  қоғамдағы  толыққанды 
қызметінің  кепілі.  Олай  болса,  ұлттың  этномəдени  болмысын 
сақтаған мемлекеттік тілдің, осы бағыттағы терминдік жүйесінің 
даму  деңгейі  бұзылмауы  тиіс.  Бұл – қазақ  тіл  білімінің  негізін 
салушы А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбановтың қазақ тілінің мəні 
мен  қызметін  анықтаған  ғылыми  тұжырымдарынан  бастау  алған 
зерделі ой.
Адам баласы дүниеге келген күнннен бастап ана сүтімен бірге 
өз ұлтының мəдениетін, салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын да бойы мен 
ойына  тіл  арқылы  сіңіріп,  өмір  тəжірибесінде  одан  əрі  қалып-
тастырады.  Ал,  əрбір  ұлт  мəдениетінің  айқын  белгі-нышандары 
мен нəзік қырлары оның тілінде көрініс табады. Əрбір тіл – өзіне 
тəн белгілері, қасиеттері бар ғажайып құбылыс. Соның негізінде 
олардың əрқайсысында əлем мен адам бейнесі əртүрлі көрінеді.
Сондықтан,  қазіргі  кезеңдегі  лингвистикалық  зерттеулерде 
басымдылыкқа  ие  бола  бастаған  антропоцентристік  бағыт  негі-

611
Ұлт тұғыры – тілде
зінде адам қызметінің сан қатпарлы сырлары мен оның тұлғалық 
жəне  əлеуметтік  қырларының  ұлттық  болмыспен  сəйкестігін 
анықтауға деген қызығушылық артуда. Соған орай соңғы уақытта 
адамзат баласының санасы мен ой-өрісін, дүниетанымын, ақиқат 
шындықты  қабылдау  мен  ұғынудың  ұлттық  ерекшеліктерін, 
аталған  үдеріс  нəтижелерінің  сол  ұлт  тұтынатын  тілде  белгіле-
нуін кеңірек қарастыруға жол ашылуда.
Олар  тілді  тұтынушы  халықтың  ұлттық  мəдени  құндылық-
тарын сипаттайтын тілдік таңбасы арқылы ұлттың тұтас əлемдегі 
өз  орнын  табуға,  тұрмыс-тіршілігіндегі  алуан  түрлі  əрекеті  мен 
қарым-қатынасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Тіл – əр халықтың, əр ұлттың ата-бабаларынан кейінгі ұрпақ-
тарына жалғасатын, оңайлықпен өзгермейтін белгілері. Тіл тари-
хы ұлт тарихынан да ұзақ. Қай халық болмасын, оның толыққанды 
ұлт болып қалыптасуында ең негізгі роль атқаратын – тіл. Ұлтты 
ұлт етіп ұйытып отырған, ұлттық мəдениетімізді қалыптастырып, 
оны  жарыққа  шығарып,  оны  өз  бойына  сақтап,  бүгінге  дейін 
жеткізген  де – тіл.  Демек,  қазақ  тілі  қазақ  халқы  үшін  жай  ғана 
қарым-қатынас  құралы  емес,  ұлттық  болмысымызды  сақтап, 
мəдениетімізді  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырып,  бір-бірімізбен 
тұтастырып туратын ең өзекті арқау.
Осымен  байланысты  бабаларымыздың  өткен  тарихтағы  асыл 
мұраларын  танып  білу  іс-шараларында  ескі  қазақ  тілінің  жазба 
үлгілеріндегі  материалдардың  қолдағы  барын  игерудің,  жоғын 
іздестіріп, ғылыми айналысқа тарту ісінің маңызы өте зор.
Қазіргі таңдағы ұлтты таныту мен тану үрдісі – ұлттық ойлау 
жүйесіне  тəн  ерекшеліктер  мен  заңдылықтардың  тілдік  деректе-
рінің жан-жақты, айшықты да құнарлы көзі.
Қазақ  мəдениетінде  кеңінен  танылған  тілдік  тұлғалардың 
қаламынан  туған  көркем  мəтіндер – тарихи  шындыққа  негіздел-
ген  көркем  туындылар  тілі.  Бұл  рухани  қазынада  тілдің  дүние-
танымдық қызметі мен ұлттық мүдде көрінісі сабақтасады.
Ақиқат  дүниенің  ұлт  санасында  тілдік  бейне  ретінде  объек-
тивтендіріліп,  вербалдануы  ономастикалық  жүйе  кеңістігінде  де 
айқын көрінеді. Атап айтқанда, қазақ қоғамындағы ұлттың ұжым-
дық  тəжірибесі,  танымы,  қоғамдағы  əлеуметтік  факторлардың 
ықпалын, т.б. сипаттайтын рухани жəне материалдық мəдениетте 
əсіресе, топонимиялық жүйеде таңбаланып, өз ізін калдырады.

612
Ұлт тұғыры – тілде
Олай  болса,  қазақ  тілінің  қазіргі  өркениетіміз  бен  төл  мəде-
ниетіміздің  жəне  ұлтымыздың  қалыптасуында  негізгі  ұйыс-
тырушы болғандығын қазіргі тіл білімінің антропоцентристік ба-
ғытына, кешенді сипатына сай ғылыми негізде дəлелдеу – А. Бай-
тұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  тəуелсіздік  ке-
зеңіндегі іргелі зерттеулерінің негізгі мақсаты.
Осы тектес қағидаға сай қазақ тіл білімінде тіл мен мəдениет 
сабақтастығындағы  зерттеулер  мəдениеттің  өзін  метатіл  деп 
анықтап, оның қатысымдық, кумулятивтік, əлеуметтік қызметтерін 
талдауға  қазақ  тіл  білімінде  ерекше  назар  аударылуда.  Осы 
тұрғыдан  қарағанда,  мəдениет  метатілін  этномəдени  негізде  си-
паттайтын өзекті арналар – тілдік деректерді этнолингвистикалық, 
лингвомəдени, элеуметтанымдық жүйеде зерттеу.
Бұл – өз кезегінде сол үлт тарихымен бірге қалыптасып, дамып, 
жетіліп отыратын, ұлтпен бірге келе жатқан оның тұтас болмысы 
мен ұлттық сипатының айғағын тіл арқылы дəйектеу. 
Біздің  ойымызша,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретіндегі 
қордаланып,  шешілмей  жатқан  түйткілдерінің  бір  себебі  –
социумның,  мейлі  ол  мемлекеттік  жүйе  қызметіндегі  ресми 
тұлға  бола  ма,  басқа  ма,  біразы  қоғамдағы,  иə  адам  санасының 
қалыптасуындағы тілдің мəнін дұрыс түсінбеуінде. Яғни тілді тек 
қарым-қатынас  құралы  деп  онда  да  қарым-қатынасты  терең  та-
ным аспектісінде емес тар, тіпті тұрмыстық, қарапайым түсіністік 
құралы ретінде ғана деп түсінеді.
Олай болса, тілдің осындай терең танымдық мəнін қоғамдағы 
нигилистер  мен  мəңгүрттерге  ғана  емес,  жалпы  қоғамға  қалай 
дəлелдейміз?  Осыған  байланысты  тілші-ғалымдар  не  ұсынады? 
Əрине, оны дəлелдеу жалаң ұрандық сипатта емес, шын мəніндегі 
нақты  этномəдени  деректер  арқылы  дəйектелген  тарихи-тілдік 
деректерді зерттеу арқылы іске аспақ.
Олар – ұлттық  болмыс-бітімін,  дүниеге  көзқарасын,  рухани-
мəдени құндылықтарын, əлеуметтік мəнін ұлттық таным қорында 
жинақталған тілдік таңбалар. Себебі, қазақ ұлты да басқа ұлттар 
секілді  ғасырлар  бойы  жинақталған  ой-тəжірибесін,  даналығын, 
дүниетанымдық көзқарастарын, салт-дəстүрін, т.б. тілінде көрсете 
білген. Олар халық өмірінің, тұрмысының, мəдениетінің ортақ си-
паты ретінде тұтас құрылымдық жүйе құрайды. Ал адамзат үшін 

613
Ұлт тұғыры – тілде
ақиқат  дүние  біреу  болғанымен,  оны  түсіну,  тану,  сол  (дүниенің 
біртұтас  бейнесін  санада  қалыптастыру  əрекеттері  əр  адамда, 
əр  ұлтта  əртүрлі  деңгейде,  сан  алуан  интерпретацияда  беріледі. 
Сондықтан,  тіл  иесінің  ой-өрісіне,  тұтас  концептуалды)  əлеміне 
байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс 
табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние 
бейнесіне сəйкес танытуға тырысады.
Демек,  тілді  жаңа  ғасырлар  баспалдағында  жаңа  теориялық-
танымдық  үрдісте  зерттеудің  қажеттігі  туындап  отыр.  Осымен 
байланысты  қазақ  тіл  білімінде  адам  санасында  қалыптасатын 
ақиқат  дүниенің  бейнесі  арқылы  сақталатын  тілдік  қорды  зерт-
теуге  мүмкіншілік  жасайтын  қазіргі  тіл  білімінің  танымдық, 
антропоөзектік  бағыты  қалыптасуда.  Себебі,  əрбір  əлеуметтік 
жүйеде,  ұлттық  ұжымда,  əрбір  қоғамның  өркениеттік  даму  ба-
рысында дүние бейнесі тілде өзіндік ерекшеліктерімен ажыраты- 
ып  отырады.  Олардың  негізі  тілдік  санада  концептуалдық  жүйе 
арқылы  құрылады  жəне  сезімдік  қабылдаулар  нəтижесінде  жеке 
адамның  танып-түсінген  деңгейі  мен  дəрежесі  бара-бара  ұлттық 
сипатта тұтасады.
Осыған  орай,  қазіргі  тəуелсіздік  кезеңі  мен  жаһандану  дəуі-
ріндегі қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік деңгейі мен ұлтты 
бірегейлендіру  деңгейін  айқындау,  түсіндірудегі  өзекті  мəселе – 
қазіргі қоғамдағы ұлттық таным мен ой-өрісті мемлекеттік мүддеге 
ұластырып,  қоғамның  түрлі  саласында  кəсіби  тілдік  тұлғаның 
қызмет ету дəрежесін көтеру жəне бағдарлау.
Біраз жылдар бойы сол үрдіс үзіліп қалса, қазіргі қоғамдық сана 
деңгейі мен қоғамдағы тіл мəртебесіне сəйкес ол қайта жаңғыруда. 
Сонымен сабақтас жүргізіліп жатқан зерттеулер өзінің жаңа сипа-
тымен, атап айтқанда, антрополингвистикалық уəжімен, қоғамдық-
əлеуметтік  мүдде  ескерілетін  кешенді  жүйесімен  ерекшеленеді.
Бұл  арада  танымдық  көрсеткіштердің  ұлттық  сипаттарының  да 
(шешендік, бейнелілік, т.б.) мəні ерекше.
Осымен  байланысты  бір  ғана  мысал  келтірсек  те  жеткілікті. 
Мысалы, А. Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінде қалыптастырған 
көсемше терминін алайық. Көсем сөзінің қазақ танымындағы мəні 
белгілі. Соған орай осы терминнің лингвистикалық, грамматикалық 
қызметіне мəндік сабақтастығы дəл келгені дау тудырмайды.

614
Ұлт тұғыры – тілде
Сондықтан,  тіл  этностың  бүкіл  рухани,  мəдени  байлығының 
куəгері іспетті. Осымен байланысты қазіргі тіл білімінде ұлттың 
рухани-мəдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе 
түсуде. Оның себебі, жоғарыда атап көрсеткендей, əр тіл өз бойын-
да ұлт тарихын, төл мəдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен 
санасын,  кəсібі  мен  салтын,  дəстүрі  мен  даналығын  тұтастықта 
сақтаған  таңбалық  жүйе.  Осындай  мазмұнды  құрылымы  сəйкес, 
ол  жай  таңбалық  жүйе  емес,  мəдениет.  Сондықтан  оны  зерттеу-
де дəстүрлі-құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. 
Себебі  бұл  арада  тілдің  қызметі  тек  коммуникативтік  емес,  ол 
(тіл) – этномəдени  ақпаратты  жинап,  сақтаушы,  келесі  ұрпаққа 
жалғастырушы,  сайып  келгенде  бір  бүтін  етіп  тұтастырушы. 
Сондықтан  да  қазіргі  қазақ  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениет 
сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, 
ұлттық  рухты  тануға  негізделген  когнитивтік  лингвистика,  оның 
лингвомəдениттану, этнолингвистика, т.б. салалары өріс алып келе 
жатыр.
Осымен байланысты Ш. Уəлиханов, Қ. Жұбанов, Ə. Марғұлан, 
М. Əуезов, т.б. еңбектері мен Ə. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, 
А.  Сейдімбек,  Е.  Жұбанов,  т.б.  ғалымдардың  зерттеулеріндегі 
сабақтастық  қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  жалғастық – ұлттық 
болмыстың  уəждік  негізінің  уақыт  пен  кеңістік  контексіндегі 
этнотанымдық табиғатын да ашатын дүниелер.
Қазақ  сөздеріндегі  (соның  ішінде  мəдени  лексиканың)  қып-
шақтық жəне ежелгі элементтерді зерттеудің қазақ тілінің тарихи 
лексикологиясын зерттеушілер үшін қажеттілігі дау тудырмайды. 
Оны қазақ тілінің тарихи дамуы мен қалыптасуындағы аса құнды 
материал  жəне  көздерінің  бірі  ретінде  қарап,  қазақ  тіл  білімінің 
ғалымдары бұл бағытта елеулі істер атқаруда. 
Соңғы кезде қазақ тіл білімінде осы салада жүргізіліп жатқан 
зерттеу жұмытарының мақсатын ұлттық (этностық) болмысты та-
ныту деп белгілеп, зерттеу нəтижелері ұлтқа ортақ этнотаңбаларды 
анықтайды.  Себебі,  таным  процесі  жалпыадамзаттық  сипат-
та  болғанымен,  этностың  концептуалды  əлеміне,  тіл  иесінің 
ой-өрісіне  байланысты  шындық  болмыс  (ол  əр  басқа  тілдерде 
сөйлейтін халықтар үшін біреу-ақ) əр басқа бейнеленеді. Осыған 
байланысты ұлттың болмысын тануда этнолексиканың этномəдени 
жəне танымдық мазмұнын ашудың ғылыми маңызы зор.

615
Ұлт тұғыры – тілде
Ұлт  болмысының  тіл  арқылы  дəйектелген  таңбалық  жүйесін 
белгілі  бір  мағыналық-тақырыптық,  əлеуметтік-функционалдық 
сипатына қарай жіктеп айқындап, ал зерттеу нəтижесінде жинақтап, 
жалпы  ұлттық  болмысты  тіл  арқылы  тануға  болатынын  қазақ 
тіліндегі  (Р.  Шойбековтің,  С.  Қасимановтың,  т.б.  еңбектері)  қол-
өнер лексикасы, оның құрамына енетін атаулар мен фразеологизм-
дер, этнографизмдер арқылы дəлелденді. Олар – қоршаған ортаны 
игеру,  ақиқат  болмысты  тану  барысында  жинақталған  тəжірибе-
нің,  кең  мағынасында  алғанда,  ғаламның  тілдік  фрагменттері, 
үзіктері деп бағаланады.
Осы  саладағы  зерттеу  жұмыстарының  ішінде  М.  Əуезовтің 
шығармаларының  материалы  негізінде  қазақтың  жасаған  этно-
мəдени лексикасын материалдық мəдениетке, рухани мəдениетке, 
халықтық  өлшемге,  туыстыққа  жəне  отбасылық  қатынастарға 
қатысты  тарихи-лингвистикалық  Е.  Жанпейісовтің  еңбектерінің 
кең  ауқымды  салыстырмалы,  этимологиялық  талдаулар  орны 
ерекше.
Осы үрдіске сай мал шаруашылығына қатысты лексика мен зоо-
лексика негіз болған мақал-мəтелдер, жұмбақтар, фразеологиялық 
тіркестер, т.б. қазақ этносының көп ғасырлар бойғы таным-тəжі-
рибесінің нəтижесі ретінде анықталып, ұлт болмысы мен сабақтас-
тығы негізінде қарастырылады (Ə. Қайдар, С. Сəтенова, Ж. Бай-
телиева, т.б. зерттеулерінде). 
«Тіл мен мəдениет» сабақтастығына сай ассоциативті-бейнелі 
танымның арқасында ұлт өкілінің белгілі бір болмыстық сипаты 
(мінезі,  түрі,  т.б.)  сол  ұлт  мəдениетіне,  тұрмыс,  кəсібіне  сəйкес 
қалыптасқан мал шаруашылығына қатысты белгілермен тілде бел-
гіленгенін тілдік деректер дəйектеп отыр: жылқы мінез, қой аузы-
нан шөп алмас, жон терісін сыдыру, ақ қаптал, құтпан айғырдай, 
қарақшылы түйедей, ат жақты, бүйрек бет, бота көз, бие сау-
ым, құрық бойы, тай қазан, ат басындай алтын, қамшының са-
бындай қысқа өмір, ақ түйенің қарны жарылды, т.б.
Сол сияқты тілдің тарихи-лексикалық жүйесіндегі ұлттың мə-
дениеті,  тұрмысының  айнасы  іспетті  қабатының  тілде  сақталған 
таңбалық  жүйесін  қолөнер  бұйымдары  мен  киім  атаулары,  зер-
герлік лексика, тамақ пен тағам атаулары құрайтыны да қазақ этно-
лингвистикасында  жан-жақты  айқындалуда.  Олар  ұлт  болмысын 

616
Ұлт тұғыры – тілде
сипаттайтын тарихи-мəдени тұрғыдағы ақпарат қана емес, тілдің 
шығармашылық  қасиеті  негізінде  қалыптасқан  «тірі»  қазына. 
Себебі, тілдің мұрагерлік қызметі негізінде бүгінгі ұрпаққа да жет-
кен  оның  танымдық-ақпараттық  қызметі  бүгінгі  күннің  рухани-
əлеуметтік талабымен жалғасып жатыр.
Мысалы, ұлттың ерекшелігі ұзағырақ сақталатын тамақ атаула-
ры жүйесін құраушы тамақ атауларының ұлттың салт-дəстүрімен, 
əдет-ғұрпымен контексте қарастыру арқылы этнолингвистикалық 
астары  анықталады.  Мысалы,  дайындау,  сақтау  технологиясына 
сəйкес сүр ет, қақтаған ет, ыстаған ет, іркіт, құрт, бауырсақ, т.б., 
ал  қонақасыға  берілетін:  қазы,  қарта,  жал-жая,  қуырдақ,  т.б.; 
қонаққа ұсынылатын мүшелер: бас, жамбас, омыртқа, т.б. көлемі 
мен  түріне  қарай:  би  қазы,  дөңбек  қазі,  нере  қазы;  сықпа  құрт, 
ақірімшік, т.б. Қымыздың дайындалу əдісі, құрамы, ашыту уақыты, 
дəмі, т.б. сапалық қасиеттеріне қарай: саумал, сары қымыз, бесті 
қымыз, т.б. жіктеледі. Піскен еттің ішіндегі мүшелерді үлестірудегі 
салт-дəстүрлердің сақталуы: басты кімге беру керек немесе төсті, 
желкені, т.б. Немесе ас қайыру, жарысқазан, құйрық-бауыр асату, 
наурыз көже, жеті күлше нан, т.б. – бəрінің өзіндік мəні бар руха-
ни мəдениетпен астасқан көріністер.
Ұлттың  рухани  мəдениеті  мен  сабақтас  құнды  мəліметтердің 
космоним  (аспан  əлемі)  атаулары  туралы  этнолингвистикалық 
тұрғыдан  қарастырылуы  астрономия  пəні  негізіндегі  ғылыми 
түсініктемелерін  толықтырады.  Фразеологизмдер,  мақал-мəтел-
дер, жұмбақтар халықтың күнделікті тұрмысында немесе мифтік 
негізе қалыптасқан: жаңа ай, толған ай, ескі ай, жұлдызы жоғары, 
жұлдызы жану, жұлдызы оңынан туды, ұлыстың ұлы күні (на-
урыз),  күн  тоқырау;  Босаға  батса,  таң  атады;  Үркердің  алды 
тоқ,  арты  жіңішке;  Сүмбіле  туса,  су  суыр;  Таразы  туса,  таң 
суыр,  т.с.с.  Ұзақ  аспан  денелерін  бақылауы  нəтижесінде  немесе 
мифтік  негізде  қалыптасқан:  Темірқазық,  Ақбозат,  Көкбозат, 
Күзетші, Сұлусары, Сүмбіле, Жетіқарақшы, Есекқырған, Құс жо-
лы, Құйрықты жұлдыз, Қызыл жұлдыз, т.б. 
Ұлт  болмысының  тарихи-мəдени  сипатының  айшықты  тілдік 
бейнесі – ономастика. Соның ішінде ұлттың ұжымда қалыптасқан 
əртүрлі  тілдік  жағдаятқа  қатысты  коммуникативтік  қызметінің 
ұлттық сипаты мəдени-антропонимдер: Мəке, Телаға, Ғалеке, т.с.с.; 

617
Ұлт тұғыры – тілде
еркелетуге  байланысты:  Сəулеш,  Күлəтай,  Төлеш,  Мұқаш,  Баян-
жан, т.б.
Ата  кəсібі  мал  шаруашылығымен  байланысты  болған  дəс-
түрлі  мəдениетімізде,  мысалы,  төрт  түліктің  жас  мөлшеріне 
қатысты атаулардың қалыптасуына себеп болған уəждерінің этно-
лингвистикалық сипаты айқындалады: құлыншақ, құлын, жабағы, 
тай,  құнан,  дөнен,  байтал,  айғыр,  бесті  бие,  азбан  айғыр,  ат, 
қысырақ, сақа бие, қасабалы бие, т.б. Немесе бота, көшек, тайлақ, 
торым, кенже нар тайлақ, нар тайлақ, жайлақша, құнанша, дө-
ненше, тығыршын, буыршын, бүлдіршін, бура, атанша, атан, т.б. 
Сиыр төлінің жас мөлшеріне қарай атаулар: бұзау, торпақ, баспақ, 
тана, тайынша, құнажын, дөнежін, сиыр, ту сиыр, тұмса сиыр, 
азбан бұқа, т.б. қой малының жас мөлшері былайша сипатталады: 
қошақан, сырбаз, марқа, бағлан, тоқты, тұсақ, ісек, т.б. Ешкіге 
қатысты жас мөлшер былайша сипатталады: лақ, шыбыш, туша, 
теке, серке, т.б.
Көптеген  ғалымдар  рухани  мəдениет  пен  халықтық  метроло-
гияға  қатысты  түрлі  өлшем  атауларының  кешенді  зерттеулерінде 
рухани  мəдениетпен  тығыз  байланысты  екенін  дəлелдеп  тілдік 
дəйектерін ұсынып отыр.
Себебі əрбір қауым, тайпа мүшелері өздерінің тіршілік ортасын, 
айналасын сандық сəне кеңістік, сондай-ақ көлем, уақыт сияқты, 
салмақ тəрізді сапалық қасиеттер ұрғысынан сипаттауға ертеден-ақ 
ден қойған. Оны бүгінде тілде сақталған түрлі тарихи-этномəдени 
деректерден көруге болады. Мысалы, осы айтылғандарды Мағжан 
мұрасындағы  мына  дерек  дəйектейді:  «Қазақ  жаңа  жылы  дін 
əсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін əдеттері жасалмай-
ды. Бар болғаны ел бір-бірімен көрісіп: Жасың құтты болсын! –
дейді. – Ауыз ақтан айырылмасын, қызылды уақытымен [қыста] 
көрсетсін, жас құтты болсын! - деп бата жасап тарқасады».
Жас  лексемасын  бұл  жерде  Мағжан  да  наурыз  айындағы 
алғашқы «көк» («зелень») мағынасында қолданып отырған сияқты. 
Жылды бұлай қырда айналаға алғаш қаптап шығатын көкпен, на-
урызбен  байланысты  санау  дағдысы  ертеде  қазақ  тұрмысында 
да болғанға ұқсайды. Оны мына тарихи жырлар деректерінен де 
көруге болады: «Көзім жасын көрсейші, Үш наурызды берсейші. 
Үш наурызды бергенім, үш жыл өтіп кеткен соң Уағдаға келгенім, 
Екі-үш наурыз өткенде Сайын кетер жорыққа» (Ер Сайын).

618
Ұлт тұғыры – тілде
Жоғарыдағы  жас  формасын  Мағжан  да  кезінде  осы  «год», 
«зелень», «влага»  мағынасында  қолданғанға  ұқсайды.  Бұл  ай-
тылғандардан сондай-ақ тіліміздегі аталмыш жас пен жыл сөздері 
арасында ертеде өзара семантикалық сəйкестік болғаны байқалады. 
Оны, мысалы, мына бір эпикалық жыр жолдарынан да көруге бо-
латын ияқты: «Жиырма жылға келген соң келініңізді алыңыз» (Ал-
памыс). Жырау мұнда жиырма жылға келген соң дегенді «жиырма 
жасқа келген соң» мағынасында, яғни жыл зат есімін жас лексема-
сы орнына қолданған.
Немесе, «жылдарда жыл болады бағзы-бағзы, Келеді наурызда 
елдің жазы» (Шəңгерей). Осы өлең жолдарындагы жаз формасы 
да  сол  «жыл»  мағынасында  қолданылған.  Зерттеуші  Н.  Уəлидің 
пікірінше, қазақ есепшілері жылды он екі айға бөле отырып, əр үш 
айды бір топтап үш ай тоқсан немесе тоқсан деп атаған. Сөйтіп, 
жылды  төрт  мезгілге  бөлген:  жаз  тоқсан  (жаз  айлары),  жел 
тоқсан (күз айлары), қыс тоқсан (қыс айлары) жəне жыл тоқсан 
(көктем айлары).
Осы сияқты көне өлшемнің, есептік, ежелгі сөз қолданыстың 
кейбір ізі мен қалыптасқан жүйесі қазақ тұрмысында да болғанын 
профессор  Е.  Жанпейісовтің  антрополингвистикалық  парадигма 
шеңберінде,  атап  айтқанда,  ұжымдық  қолданыста  болған  ұғым-
дарды жаңғыртқан лингвомəдени зерттеулерінен көреміз. Зерттеу-
ші М. Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы этнолексиканы қа-
зақ тұрмысымен (яғни, əр кезеңдегі тіл тұтынушы қолданысымен) 
сабақтас айқындайды. Соның барысында көптеген қазақы есептік 
ұғымдарды  жаңғырту  мақсатында  басқа  да  рухани-мəдени  мұра 
деректерімен  салыстырады.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі  бір  кездегі 
сандық мəні бар сондай ескілікті терминдердің қатарында бүгінде 
біржола ұмыт болған соқыр лексемасын атайды: «Сіздің түйеңіздің 
саны неше соқыр болған еді осы, бəйбіше» (М. Əуезов).
Түйелі байлар əрбір жүз түйенің бірінің көзін шығарып, «қанша 
түйесі  бар»  деудің  орнына  «неше  соқыры  бар»  дейтін. «Ақтөбе 
облысының сортаңды, шақатты жеріне өткен ғасырда Қара есімді 
бай болып, оған отыз соқыр аталатын түйе табыны біткен. Соқыр 
дейтіні  есебінен  жаңылмас  үшін  əрбір  жүзінші  түйенің  сол  жақ 
көзін шығарады екен. Сондай соқырлар Қарада отыз болған, яғни 
үш мың түйесі болған» (Е. Жанпейісов).

619
Ұлт тұғыры – тілде
Есептік  мəні  бар  мұндай  ескілікті  нумеративтер  түркі  тілде-
рінде əлі жете зерттелген жоқ. Халқымыздың əлде неше ғасырғы 
күн  көріс,  өмір  тəжірибесі  негізінде  қалыптасқан  өзіндік  метро-
логиялық жүйесі, жіктелімдік-есептік кешендері қазақ тілінде де 
аз  емес.  Мына  өлең  жолдары  арқылы  бұған  көз  жеткіземіз: «Бір 
өзі бір бой болған»; «Алтын еннен қылған дорбасын»; «Бес тақа 
баршадан тон қылған»; «Киері үш қат бөз болар»; «Он екі құрсау 
жез айыр»; «он жамбы сатсам жетпейді бір тұлпарға»; «Үй тікті 
он бес бастан сегіз қанат»; «Бес буда уық»; «Төрт кілем, сегіз жұп 
бау кереге көз»; «Алты табан көріңе»;  «Бір қойын ақша, бір шыны 
аяқ  шай  іше  алмай»; «Жалғыз  қарын  май»; «Сібірден  сегіз  дуан 
қоймай озған»;  «Төрт-бес түйір нан»; «Алты қосақ қой; бір қағаз 
шай»; «Бір тайпа ел»; «Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши»; 
«Бір құшақ тері»; «Бір уыс берер едім қызыл алтын»; «Екі баспақ 
алтында»; «Бір-екі ауыз сөзіңді міндет етіп»; «Алып ең екі зекет 
құрттай санап»; «Екі құрсақ көтерсек аз өмірде», т.б.
Қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан келтірілген бұл 
өлең  жолдарындағы  бір  бой,  алты  ен,  бес  тақа,  үш  қат,  он  екі 
құрсау,  он  жамбы,  он  бес  бас,  сегіз  қанат,  бес  буда,  сегіз  жұп 
бау,  алты  табан,  бір  қойын,  бір  шыны,  жалғыз  қарын,  сегіз 
дуан, төрт-бес түйір, алты қосақ, бір қағаз, бір тайпа, жалғыз 
түп,  бір  құшақ,  бір  уыс,  екі  баспақ,  бір-екі  ауыз,  екі  зекет,  екі 
құрсақ  формаларының  алдыңғы  сыңарлары – есептік  сандар  да, 
кейінгілері (бой, ен, тақа, қат, құрсау, бас, уық, қанат, буда, табан, 
шыны, түп, уыс, баспақ, зекет, ауыз, құрсақ дегендері), жоғарыда 
айтылғандай, қазір олар жіктелімдік қызмет атқарады. Ал он бес 
бас  тіркесіндегі  бас – керегелік  екі  сояудың  үстіңгі  жақтарының 
ұйқасуы: «Ауылда көп ұшырайтын алты қанат үйдің əр керегесі он 
бестен, алтауында сонда тоқсан бас болады» (С. Мұқанов).
Қазақ  тіліндегі  рухани  мəдени  лексикасының  қалыптасуын 
арнайы  зерттеген  С.  Жанпейісова  бұл  ретте  халқымыздың  бай 
əдебиет  ескіліктерінде  есептік  сан  лексемасымен  келетін  он  сан 
Оймауыт,  тоғыз  сан  Торғауыт  тіркестеріндегі  Оймауыт,  Тор-
ғауыт  атауларын  этноним  атауы  деп  санайды.  Бірақ  торғауыт 
сөзі  батырлар  жырында  сауыттың  бір  түрінің  атауы  ретінде  де 
кездеседі. Сондай-ақ, аталмыш Оймауыт этнонимімен тіліміздегі 
Аймауыт, Алмауыт антропонимдерін салыстыру да көрсетеді, яғни 

620
Ұлт тұғыры – тілде
тұлпар,  күлік  сөздерімен  мазмұндасады:  Алмауыт  деген  сол  бо-
лар, Артынан қуған жетпесе (Аталар сөзі).
Зерттеуші  С.  Жанпейісова: «Қазақ  ақын,  жырауларының  шы-
ғармаларынан  алынған:  «Қырық  түлеген  бүркіттей,  Жем  ба-
сардан  айрылып;  Үш  түлеген  баппенен  Дауылпаз  соқса  асты-
нан», – деген өлең жолдарындағы «үш түлеген», «қырық түлеген» 
тіркестерін  көрсетеді  (С.  Жанпейісова.  Қазақ  тіліндегі  рухани 
мəдениет лексикасы. Канд. дисс.).
Шынында да, бұл өлең жолдарында туғалы үш жəне қырық рет 
түлеген қырандар əңгімеленіп отыр. Мал мен ит-құс атаулы, əдетте, 
қар кетіп, көк шыққан кезде, жылына бір-ақ рет қана түлейді: түле 
ет. – «көктем кезінде жан-жануардың жүнінің не қауырсынының 
түсуі».  Бұл  етістіктен    жұрнағы  арқылы  жасалған  зат  есім  де 
тілімізде жиі айтылады: түлек. 1. Құстың түлеу процесі; 2. Қыран 
құстың  балапанының  жетіліп,  бабына  келген  ұшар  кезі  (ҚТТС. 
9; 330). Соңғы мағына əсіресе құс салумен, аңға салатын құстың 
күтімімен тығыз байланысты.
«Үш  түлеген», «қырық  түлеген»  тəрізді  мұндай  есептік  кон-
струкциялардың  екінші  сыңары  үнемі  бұлай  есімше  тұлғасында 
емес, қазақ тілінде ол сонымен қоса терминдік мəртебесі жағынан 
едəуір  тиянақталған  түрде,  яғни  тек  түлек  формасында  да 
қолданылады: «Тоғыз түлек болғанда топ қазды алып, Қазасы онан 
соң иттен жетті» (В. Радлов. Алтын сандық); «Тастүлек кезінде 
елік, тауешкіңді қойып, қасқыр да алып жүрді» (А. Əшенов).
Келтірілген  үзінділердегі  тоғызтүлек  те,  тастүлек  те – ну-
меративтік  конструкциялар.  Олар  алдыңғы  «тоғыз  жас»  мағы-
насында  алынған.  Ал  кейінгі  тастүлек  атауының  семантикасын 
этнограф-ғалымдар бірде «төрт», бірде «бес жаспен» байланысты-
рады.  Аңшылық  кəсіпке,  аңға  салатын  құс  жайына  байланысты 
мұндай «жиын» мəнді есептік конструкцияларға, сондай-ақ, мына 
өлең жолдарындағы атауларды да жатқызуға болады: Сонда да аң 
ілетін  мұзбалақтай.  Аксəуле  айдынына  төніп  айтам;  Қырағың 
қыран болса мен бірімін, Қиядан аққу ілген мұздыбалақ.
Жанақ ақын соңғы жолда өлеңнің буын санын толықтыру үшін 
мұзбалақ  композитасының  алдыңғы  сыңарына  -ды  жұрнағын 
əдейі  жанынан  қосқан.  Осындай  бүркіттің  жасына  қатысты 
этнолингвистикалық  басқа  бір  «жиын»  мəнді  есептік  терминді 

621
Ұлт тұғыры – тілде
Шөже  ақын  да  қолданады:  «Көкбестім  мінілмеген  баршын  екен, 
көрсеткен қызды сұлу аршын екен».
Қазақ тілінде баршын деп, əдетте, «он бір жастағы бүркітті» ай-
тады (ҚТТС. 2; 108). Ақын бұл жерде өзінің мінілмеген көкбестісін 
(яғни бес жастағы көк атын) баршынға, он бір жастағы бүркітке 
балап  (теңеп)  айтып  отыр.  Қазақтар  бүркіттің  бес  жастағысын 
мұзбалақ, ал он бірдегісін баршын дейді, басқа жастағыларын да 
осылай жіктеп түрліше атайды.
Қазіргі тілімізде қолданыстан шығып, мағынасы күңгіртгенген, 
бірақ  барлап  қарасақ,  тамыры  тереңге  тартылып,  ықылым  за-
мандармен  сабақтасатын  тілдік  мұрамыздың  осы  тектес  тілдік 
деректерін  проф.  Е.  Жанпейісов  ескіліктер  деп  атайды.  Оның 
мазмұнын  құрайтын  ұлттық  дүниетанымның  нəр  алатын  орта-
сы,  əрі  көрінер  жері – халықтың  мыңдаған  жылдар  бойындағы 
шығармашылығы,  онда  қауым  мен  жеке  адамның  рухани 
ізденісі,  халықтың  даналығы  мен  адамгершілік  нышандарының 
жинақталған мұрасы. Əр мəдениетте дүние, қоршаған ортаға деген 
сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Себебі əр мəдениет зама-
нына,  діліне  моральдық  нормаларына  қарай  адамға,  өмір-өлімге, 
адамның іс-əрекетіне, сұлулыққа тағы басқа əр халықтың басын-
да бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін 
қалыптастырады.  Міне,  осы  көзқарастың  көрінетін,  таралатын, 
сақталатын құралы – тіл. Тілдің бұл құдіретін ХХ ғасырда əлемдік 
философия мен мəдениеттану да мойындады.
Қазақстан  мəдениеттану  саласының  ғалымдарының  анықта-
уынша,  тіл – тек  қатысымдық  құрал  емес,  сонымен  бірге  адам 
болмысының,  оның  мəдениетінің  көрінісі.  Өйткені  мəдениет 
таңба, ол белгілерден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре ал-
майды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық əлем қоршаған, өйткені 
адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір мезгілде 
таңбаны  тудырушы  да,  оны  талдаушы  да.  Тіл – тек  денотативті 
(белгілі,  сигналды)  коммуникация  құралы  ғана  емес,  сонымен 
бірге коннатативті (белгілі əлеуметтік-мəдени, идеологиялық мəні 
бар)  кұрал.  Демек,  тіл  мазмұнында  əр  халыктың  тарихы,  оның 
өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мəдениеті сіңірілген.
Дəстүрлі  қазақ  мəдениетінде  мифологиялық,  наным-сенімдік 
дүниетаным  басым  жатса,  ғылыми  дүниетаным  мүлде  жоқ.  Ал 

622
Ұлт тұғыры – тілде
адамдардың  бір-біріне  көзқарасында,  қоғамдық  қатынаста  сая-
саттың, соған байланысты ұғымдар да, ережелер де, өлең, мақал-
мəтел  де  көп.  Қазіргі  кезде  қазақ  ортасында,  тілінде,  өкінішке 
орай, этика, адамгершілікке байланысты сөздер қолданыста азай-
ып  (мысалы,  ар,  намыс,  ұят,  қайырым,  рахым),  олардың  орнын 
саяси (оппозиция, сайлау), бизнес (сауда, доллар, кəсіпорын, т.б.) 
лексикондары жаулауда. Мысалы, кезінде қазақтың адамгершілік-
этикалық  кредосы  ретінде  «малым  жанымның  садағасы,  жаным 
арымның  садағасы»  формуласына  сай  «құндылықтық  тұрғыдан 
адамға не қымбат?» дегенге қазақ «өлімнен ұят күшті» – деп, ар-
намысты бірінші орынға қойған.
Қазақтың кестелі тілі арқылы өрілген рухани-мэдени мұрасын 
зерделеу барысында тəн дəстүрлі қасиеттердің (үлкен мен кіші, хан 
мен қара, шеше мен қыз, əке мен ұл, т.б.), қатынастардың бұзыла 
бастағанын белгілі «зар заман» ақындары Мұрат Мөңкеұлы, Дулат 
Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, т.б. ақындардың заманды бол-
жап жазған өлендерінің негізгі желісінен көреміз.
Олар – ұлттық санасы жоғары деңгейдегі тілдік тұлғалар арқы-
лы  қалыптасқан  дүние,  болмыс  жөніндегі  халықтың  пəлсапалық 
пайымдаулары,  ғасырлар  бойы  жиған  өмірлік  тəжірибелері, 
уақыттар  мен  ғасырлар  ағымында  қалыптасқан  таным-түсініктің 
негізінде  халықтың  тілінде  көрініс  тауып,  сол  арқылы  ұрпақтан-
ұрпаққа  беріліп  отыратын  ұғымдар.  Демек,  дүниені  тану  ой 
үлесінде жатқан құбылыс болғанымен, оның өмірдегі ұғым, пікір, 
ой  елегінің  жиынтығы  ретінде  көрініс  беруі,  сөйтіп  сол  ұлттың 
күнделікті  тіршілігі  мен  тұрмысындағы  іс-əрекеттерінің  көрініс 
табуы,  пікір  алысып,  өзара  қарым-қатынас  жасайтын  ұлттың 
тілімен  тікелей  байланысты  болғандықтан,  кез  келген  ұлт  өзінің 
басқаларға  ұқсамайтын  өмір  сүру  дағдысын,  дүние-əлемге,  адам 
жəне  оның  сол  дүниедегі  тіршілігіне  деген  дүниетанымдық 
көзқарасын  қалыптастырады.  Философтар  мұны  «бұл – дүниеге 
көзқарас,  яғни  адамның  дүниені  рухани  игеруі»  деп  түсіндіреді. 
Осылайша,  дүниеге  көзқарастың  бейнеленуінің,  оны  рухани 
игерудің əмбебап құралы – тіл. «Тіл сөйлеу арқылы ойды жеткізу 
үшін  тұракты  қайталанып  отыратын  рухтың  күші» (В.  фон  Гум-
больдт). Демек, əрбір ұлт өз тілінің шеңберімен қоршалған.
Соның  ішінде  қазақ  сияқты  ауыз  əдебиеті  жоғары  дəрежеде 
дамыған  халықта  дүниетанымның  вербалды  түрі  ерекше  дамы-

623
Ұлт тұғыры – тілде
ған. Тілде ұлт дүниетанымының, тарихының, барлық бітім-болмы-
сының көрінісі ретінде ұлттық үрдіс пен ұлт тілінде жазылған кез 
келген  шығарманың  көркем  тілі  негізінде  аталған  дүниетаным, 
тарих,  бітім-болмыс  ұғымдарымен  қатар,  сол  ұлттың  өмірі,  өмір 
сүру сипаты, ұлт қоғамында болған оқиғалардың ізі, ерекшеліктері 
деректеледі. 
Мысалы, Бұқар жырауда:
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ.
Немесе:
Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас,
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан,
Дəулет таймас демеңіз.
Жарлы байға теңеліп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.
Адам  əрекеті  мен  күнделіктегі  тұрмыс-тəжірибесінде  қалып-
тасатын ұлттық ерекшелікті, ұлт табиғатын білдіретін тілдік дерек-
терден  жинақталған  өзекті  арқауының  желісі  көркем  шығармада 
өрілген. Көркем шығарманың оқиға желісі тұрғысынан ғана емес, 
тіл арқылы бейнеленген көркем ойлау деңгейі тұрғысынан да сол 
уақыт  пен  кеңістік  аясындағы  адам  əрекетінің  тіл  тұтынушылық 
сипаты айқындалады.
Ғалым Ю.Н. Караулов осыған байланысты жеке шығармашы-
лық  тіл  тұтынушының  ұлт  тілінің  құндылықтарын  ашып  көр-
сетуге  байланысты  қызметін  тұтас  мəтіндік  жүйедегі  тілдің 
қызметін нақты да кешенді сипатта дəлелдеуге тырысады. Ғалым 
көркем  шығарма  мəтіні,  оның  тілі  мен  ұлттық  тіліндегі  ұлттық 
ерекшеліктерді,  ұлттық  ұғымдарды  тығыз  бірлікте  қарастырып, 
шығарма  тілінің  көркем  болып  шығуы  сол  ұлттың  тіліндегі 
танымдық  негізде  пайда  болған,  сол  халықтың  танымына  ғана 
тəн ұғымдарға тəуелді болатынын орыс тіліндегі көркем шығарма 
мəтіндерін талдай отырып көрсетеді.

624
Ұлт тұғыры – тілде
Осындай  кешенді  зерттеу  нəтижесінде  түйінделген  ғылыми 
тұжырымдарды  жоғарыда  ұлттық  таныммен  сабақтас  талданған 
халықтың  ауыз  əдебиеті  үлгілері  мен  жыраулар  поэзиясынан, 
халықтық  жырлардан  келтірілген  мысалдар  тізбегі  де  дəлелдей 
алады.
Өйткені, біріншіден, аталған шығармалар ұлттың тілінің ғана 
емес,  оның  тыныс-тіршілігінің,  тарихының,  мəдениетінің  де  ай-
насы болып табылады. Екіншіден, солай болғандықтан да мұндай 
шығармалардың құрамында ұлт болмысын танытатын сөздер мен 
сөз  тіркестері  көптеп  кездесіп  отырады.  Сондықтан  да  аталған 
шығармалардың  жыраулар  поэзиясы  мен  халықтық  жырлардың, 
ауыз əдебиеті үлгілерінің тілі бай, көркемдік деңгейі жоғары бо-
лып  келеді.  Бұл  шығармалардың  қай-қайсын  да  ұлт  өкілдерінің 
кез келген буыны қызыға, үлкен ынтамен оқитыны да, оларды үлгі 
ретінде  ала  отырып,  жазушылар  да  өз  шығармаларының  тілінде 
пайдаланатындығы да, ол шығармалардың тіліндегі ескі, көнерген 
сөздердің  өзі  тартымды,  түсінікті  болып,  тілдің  табиғатына  сай 
əуезді  естілетіні  де,  кез  келген  ұлт  ұрпағының  жанына,  рухани 
əлеміне жақын, жағымды болып жататыны да сондықтан.
Қазақ  ауыз  əдебиетінен,  жыраулар  мұрасынан,  жазушылар 
шығармаларынан  жинақталған  ұлттық  мазмұны  терең  тілдік  де-
ректердің  салыстырылуы  олардың  көркемдік-танымдық  деңгейі-
нің ортақтығын көрсетеді:
Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жамап болар ма?
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші 
Қыранға тұғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға (Махамбет).
Махамбеттің  осы  өлең  жолдарының  ұлттық  бояуын  қанық-
тырып тұрған ақын тілінің көркемдік-экспрессивті əлеуеті. Бұған 
əсер  етіп  отырған,  бірінші  кезекте  Махамбеттің  өзіндік  өлең 
шығару,  сөз  қолдану  шеберлігі,  өзіндік  стилі  екендігі  түсінікті. 

625
Ұлт тұғыры – тілде
Осындағы  «қыранға  тұғыр  қыларға», «қарадан  тусайшы», «ақы-
рып  теңдік  сұрарға»  сияқты  толып  жатқан  қазақ  болмысының 
бояуын, соған сай ақынның арманын беретін халықтық ұғымдағы 
сөздер қорының тіркестер жиынтығы көркем тілге ұйытқы болып, 
нəтижесінде шығарма тілінің коммуникативті-көркемдік деңгейін 
жоғары  көтеріп  тұр.  Жыраулар  поэзиясындағы  жəне  Махамбет 
заманы  дүниетанымына  сəйкес  келген  аталған  тіркестер – қазақ 
тілінің  мүмкіндігі,  көркемдік  пен  ұлт  танымындағы  сөздердің 
сабақтастығын дəлелдейтін тағы бір айғақ. 
 Көркем шығармадағы суреттеуден гөрі, ой-толғамдарындағы 
танымдық  қолданыстардың  теңеу  қызметінде  жиі  кездесуі – 
осы  мазмұнға  сай  дұрыс  таңдалған  көркемдік  əдіс.  Салт-дəстүр, 
тұрмыс-тіршілік мəніндегі танымдық лексика жазушының көркем 
шығармалары  мен  ой-толғауларында  бірін-бірі  толықтырып, 
үдемелі үрдіс беріледі.
Осыған  орай  Ə.  Кекілбаев  шығармашылық  тілінің  дүние-
танымдық  əлеуетін  арнайы  зерттеген  Ж.  Абдрахманова  жазу-
шы  публицистикасында  қазақ  ұлтына  ғана  тəн  дүниетанымдық 
лексиканың жиі қолданылатынын көрсетеді: «... оның жомарт та-
ланты  ежелден  бергі  шеменді  еңіреткен  Матайдағы  қобызшы 
Молықбай  шалды  да,  Ерейменнің  бауырында  пырағынан  айры-
лып, бебеу қаққан Ақанды да, Жем бойында жебелей жүріп жыр 
айтып, күй шерткен Қашаған мен Құрманғазыны да, Нарын бойы-
нан назырқап аттанған Исатай мен Махамбетті де, Хан ордада қыл 
тұзаққа түскендей қылқынған, аты беймəлім сары үйсін күйшіні де 
бірдей тебірене жырлайды».
Көріп отырғанымыздай, тарихи тұлғаларға берілген теңеулер – 
ұлттық бояуы қанық сөздер. Тілімізде шемен боп қату тұрақты сөз 
тіркесі болса, шеменді еңірету – жазушының өзіне тəн қолданысы. 
Осы  мысалдағы  бебеу  қағу,  жебелей  жүгіру,  қыл  тұзаққа  түсу, 
назырқап  аттану  фразеологизмдерін  жалпыға  ортақ  түсінікті 
тілмен  берілсе,  публицистикалық  шығарманың  көркемдік 
прагматикалық мəні əлсіз болар еді. Көрнекті ұлттық тілдік тұлға 
ретіндегі кез келген тарихи тақырыптағы ой-толғамдары заманына 
сай дүниетанымдық тілдік оралымдары Ə. Кекілбаевтың феноменін 
ашудың  кілті  (қара  домбырадан  бұрқыраған  Құрманғазы;  сылқ-
сылқ  Тəттімбет,  майда  қоңыр  Дəулеткерей;  күйінген  Түркеш; 

626
Ұлт тұғыры – тілде
кербез  Қазанғап,  т.б.).  Немесе: «... Əрі  асқанда,  оқтын-оқтын 
бір соғып, дүрліктіріп кетіп отыратын «қоянның жұты», «ұлудың 
жұтымен» межелеп отырған ескі ауылда қарын шашын алдырған 
сол қазақтың өмір жолы бір кездегідей тек сұңғыланың сұңғыласы, 
ғұламаның ғұламасы ғана емес, бүгінде кез келген жұмыр басты 
пендені толғандыратын: «Заман адам үшін не жасай алады? Адам 
заман үшін не жасай алады?» деген өзекті сауалға айдан анық жа-
уап  бере  алғандай?»  сияқты  дүниетанымдық  ой-толғамдарының 
тілі соны танытады.
«Шай  қайнатым»  мен  «сүт  пісірім»  ұғымы – халқымыздың 
мезгіл  өлшемі. «Қоянның  жұты»  мен  «Ұлудың  жұты»  қазақтың 
танымында ауыртпалықты айқындайтын өлшемін түсіндіру үшін 
көлемді баяндама қажет. «Баланы қырқынан шығару», «қарын ша-
шын алу» тіркесі терінің этнотанымдық мəні де түсіндіруді қажет 
етеді. 
Қорыта  айтканда,  тəуелсіз  Қазақстан  кезеңіндегі  мемлекеттік 
мəртебеге  көтерілген  қазақ  тілінің  толыққанды  қоғамдық-
əлеуметтік  қызметін  қамтамасыз  етудің  кепілі  ретінде  тілді 
зерттеудің  жаңа  ғылыми  парадигмасы  «ұлт  пен  тіл»  тұтастығы 
қағидасына сүйенуі тиіс екенін қазіргі заманның ғылыми-рухани 
үрдісі  көрсетіп  отыр.  Осыған  орай  тарихи  кезең  контексінде 
ұлттық сананы жаңа сапада жаңғырту, осы кезеңнің мемлекеттік, 
əлеуметтік мұрат-мүдделерінің даму үрдісін қалыптастыруда сол 
тілді  тұтынушының  рухани  жан  дүниесі  мен  іс-əрекетіне,  нақты 
айтқанда, адамтанымдық сипатқа ерекше мəн беру – өзекті мəселе.
Осымен  байланысты  халықтың  салт-санасының  үлесіндегі 
дүниелерді,  тілінен  тани  отырып  зерттеу,  анықтау  мəселесі – 
тіл  білімінің  қазіргі  таңдағы  маңызды  бағыттардың  бірі.  Осы 
бағдарламаға  сəйкес  кешенді  сипатта  қарастырылған  рухани-
мəдени  казынаның  тілдік  дəйектері  негізінде  сол  тілде  сөйлеуші 
халықтың тарихы мен күнделікті тұрмыстағы іс-əрекеті, əлеуметтік 
көзқарастары  мен  пəлсапалық  пайымдаулары,  психологиясының 
ерекшеліктері,  т.б.  қасиеттері  айқын  көрініп,  нақты  айтқанда, 
тілдің ұлт тілі ретінде қызмет ету мүмкіндіктері жан-жақты таны-
лады.
Ел тарихындағы егемендік – қоғамдық өмірдің барша салала-
рына, соның ішінде, тіл мен оның қолданысына да оң бағыттағы 

627
Ұлт тұғыры – тілде
өзгерістер  əкелді.  Нақты  айтқанда,  қоғамдық  сана  мен  саяси-
əлеуметтік орта өзгерістерінің ешқайсысы тілден тыс қалған жоқ. 
Тəуелсіздік  жылдарында  бекітілген  қазақ  тілінің  мемлекеттік 
мəртебесі, ұлттық сананың қайта жаңғыруы дəуір үрдісіне сəйкес 
ерекше  қарқын  алып,  көркем  мəтіндерде,  газет  прагматикасын-
да, жаңа сападағы ұлттық терминологиялық жүйеде, қазіргі қазақ 
қоғамының сан түрлі қызмет аясында, т.б. ұлт тілі арқылы көрініс 
тапты.
Сайып келгенде, жоғарыда көрсетілген тілдің қазіргі қоғамдағы 
мəдени-əлеуметтік,  танымдық-танытушылық  қызметі  мен  мəнін 
тіл  тұтынушының  тұлғасымен  тығыз  байланыста  ашып  берудің 
дəйекті ғылыми негізі – мəдени-тілдік деректерді зерттеудің антро-
поөзектік парадигмасы.


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал