Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет12/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Х. Досмұхамедұлының тұлғасын танудың тілдік негізі
Қазақ  жұртының  мəдени-тарихи  шежіресінде  тəуелсіздікке 
ұмтылған  ұлт-азаттық  қозғалыстар  мен  күресті  сипаттайтын  де-
ректер  жеткілікті  екені  белгілі.  Солардың  басында  жүрген,  елдік 
туын жоғары ұстаған дауылпаз ақындар (Махамбет, т.б.), көсемдер 
(А.  Байтұрсынұлы,  т.б.),  ғалымдар  (Х.  Досмұхамедұлы,  т.б.) 
сияқты  дарабоз  тұлғалар  болған.  Олардың  ерлігін,  ел  үшін  ерен 
еңбегін  деректейтін  сөзі  қалды.  Тіл  арқылы  сақталған  осы  руха-
ни қазынаның ұлт үшін, оның болашағы үшін мəні мен маңызын 
біртуар ұлттық тұлға Х. Досмұхамедұлы былайша анықтап, өзінің 
шығармашылығына  арқау  еткен: «Бұл  дүниеде  түрлі  данышпан-
дар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай 
адамдар өзіміздің қазақтың арасында да аз болмаған. Өз жұртына 
жұмыс  қылып,  еңбегі  сіңген  адамдарды  қадірлеу – елдіктің 
белгісі».  Бұл  сөзінің  нақты  дəлелін  ғалымның  Исатай,  Махам-
бет,  Баймағамбет,  Жалаңтөс  батыр,  Мұрат  Мөңкеұлы,  Шернияз, 
т.б. туралы мазмұны нақты деректелген, жан-жақты пайымдалған 
ақпаратты-танымдық мұрасынан көреміз. 
Шын  мəнінде,  қазақ  ұлты  үшін  сондай  дара  тұлғаның  бірі – 
Х. Досмұхамедовтың өзі.
Олай  болса,  қазіргі  замандағы  көрнекті  ұлт  зиялысының  бірі 
Ə.  Кекілбаев  атап  көрсеткендей: «Асыл  ағамыз  Халелдің  еселі 

579
Ұлт тұғыры – тілде
еңбектері  жаңа  қоғамымыздың,  қазіргі  жəне  болашақ  ұрпақта-
рымыздың  рухани  өсіп-өнуіне,  дамуына  ықпал  етері  айдан  анық 
қағида». 
Ал, бұл қағидаға сай қазіргі ұрпақтың бойына осы рухты қалай 
сіңіріп, рухани мұраны игертудің жолы қандай?
Қазіргі  əлем  кеңістігіндегі  жаһандану  мен  ұлтсыздану  үрдісі 
өріс алған алмағайып замандағы ұлттық сананың жаңа сапасы мен 
сипатының маңызы ерекше. Соның нəтижесінде ұлттық сананың 
жаңғырып, болмысымызды тануға деген құлшыныс қазіргі тəуелсіз 
мемлекетіміздің мүддесімен сабақтасуда. Бұл жағдаят ұлтсыздану 
үрдісіне қарсы ұлтжандылық сананың қалыптасып, ұлттық негізді 
дəлелдейтін тірек-дəйектерді зерттеуді жаңа да кешенді деңгейге 
көтеруді қажет етуде.
Дегенмен,  қазіргі  дүние  дамуын  байсалды  зерделеудің  пай-
ымдау  жүйесі  қазіргі  заманға  сай  өркениет  дамуының  нəтижесі 
ретіндегі  жаһандану  үрдісін  жоққа  шығара  алмайды.  Осы  жағ-
дайда ғаламдасудың бір жолы ретінде тұтасу немесе концептуал-
дану  үрдісі  байқалуда.  Осы  ғаламдық  кеңістікке,  мысалы,  қазақ 
ұлтының  де  бір  бөлшек  боп  еніп,  өзіндік  болмысымен  сақталып 
қалуының  кепілі – дүниенің  тұтас  бейнесін  немесе  дүниенің 
ұлттық  бейнесін  тіл  арқылы  тану.  Нақты  айтқанда,  оған  негіз 
болатын  тілді  тұтынушы  ұжымдағы  тілдің  коммуникативтік 
қызметімен сабақтас ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін оның мұрагерлік 
(кумулятивтік) қызметі. 
Осыған  орай,  қазіргі  тіл  білімінде  дүниені  тіл  арқылы  тану-
дың  əлемдік  моделі  жəне  сонымен  сабақтас  ұлттық  моделі 
анықталуда.
Демек,  қазіргі  заманда  тілдің  қызметі  жалаң  кумуникативтік 
құрал ретіңде емес, ойды білдіріп қана қоймай, тілдік санада ойды 
түзетін,  құратын,  сақтайтын,  жеткізетін  таным  тетігі,  ел  тари-
хын  сақтаған  мəдени – құжаттық  қор  деп  тұжырымдалады.  Осы 
қағидаға сəйкес тілді зерттеу оны тұтынушымен тығыз байланыста 
зерттейтін антропоөзектік (адамтанымдық) бағыт өріс алуда. Яғни 
мұнда  сөз  иесінің  болмысына  (тұлғасына)  ерекше  мəн  беріледі. 
Бұл арада мұндай зерттеулерге нысан болатын – тіл арқылы ұлт-
тың болмыс мен мəдениетін дəйектейтін ел тұлғаларының ісі мен 
сөзі, рухани шығармашылық мұрасы.

580
Ұлт тұғыры – тілде
Осымен байланысты жүргізілетін терең де жан-жақты, дерек-
тік  зерттеулер  ұлт  тарихында  орны  бар  тұлғалардың  істерінің 
мазмұнын, биік те өршіл рухын, білімі мен біліктілігін, шешендігі 
мен ерекше танымдық қабілет-қасиеттерін, шыққан тегін танудың 
терең  тамырын  оның  тілінен  (сөзінен)  іздеу  керек  екенін  қазіргі 
тіл  білімінің  жоғарыда  атап  көрсетілген  адамтанымдық  бағыты 
арқылы дəлелдеп отыр. 
Осыған  орай  егемен  елдің  тілдік  саясатының  рухани  құн-
дылығын  «Ұлтты  күшейтудің  бір  тетігі – туған  ана  тілі»  деп  ба-
ғаланған тұжырым ұлттық болмысымыз бен елдігімізді тіл арқылы 
танудың бағдары болары анық. 
Осы  тектес  зерттеулердің  қағидасы  ретінде  белгіленген  «ұлт 
пен  тіл  біртұтас» (бұл  арада  ұлт  ұғымын  «ұлт  өкілі», «тілді 
тұтынушы», «тұлға»  деп  ұққан  жөн)  деген  сабақтастығын 
айшықтап, «тіл – құрал»  деп  белгілеген  ұлттың  рухани  көсемі 
А.  Байтұрсынұлының  «халқы  үшін  қызмет  етуден  басқа  бақыт 
жоқ»  деп  білген  Х.  Досмұхамедұлы  сынды  тұлғалардың  барлық 
адами-тұлғалық  қасиетін  қазақ  тілінің  өміршеңдік,  мұрагерлік 
құндылығын жан-жақты аша алады. Атап айтқанда, оны іске асы-
ратын – ғалымдық,  суреткерлік,  ағартушылық,  кəсіптік  тұлғасы-
ның  толық  бейнесін  тілі  арқылы  аша  алатын  тіл  білімінің  адам-
танымдық бағыттағы тілдік тұлға теориясы.
Əрине,  осы  тектес  тұлғалардың  тілдік  тұлғасын  анықтауда 
алдыңғы кезекте оның ұлтжандылық танымы тұрады. Сонда ғана 
ол жай тілдік тұлға емес, ұлттық тілдік тұлға деңгейінде таны-
ла  алады.  Осыған  орай  оның  тумысынан  даралығы,  ерекше  ішкі 
сезім  көрінісі,  ортаны  өзінше  қабылдауы,  соған  сəйкес  өзіндік 
сөз таңдауы, соның нəтижесінде елді аузына қарататын шешендік 
қасиеттері  тілдік  тұлға  болып  қалыптасуының  алғышарттары 
болып  табылады.  Демек,  тілдік  тұлғаның  қуаты,  сөзі,  ойы  мен 
мақсатын сипаттайтын қоғамдық-əлеуметтік істері, психологиясы 
ұлт  перзенті  ретінде  халқын  сүйетін  ерекше  сезімімен  өлшеніп, 
бірлесіп,  оның  бойындағы  ізгі  қасиеттердің  оянуына,  тұтасуына 
негіз  болады.  Соның  нəтижесінде  оны  тілдік  тұлға  дəрежесіне 
көтеріп, жан дүниесі мен дарын қабілетіне қозғаушы күш ретінде 
ықпал ететін оның нақты əрекеттері мен тілі арқылы дəйектелетін 
шығармашылық, ағартушылық, күрескерлік қызметі мен еңбектері. 

581
Ұлт тұғыры – тілде
Сайып келгенде, мемлекеттік мəртебеге ие болған ана тіліміз-
дің  мəселесі  тіл  білімімен  шектелмей,  ұлттық  болмысты  таны-
татын,  қоғамдық-əлеуметтік  қызметімен  қозғаушы  күш  ретінде 
арқау болуда.
Сондықтан  тілдік  тұлға  мазмұнына  ғалымдардың  көрсе-
туінше, мынадай компоненттер енеді: 1) құндылықтық (аксиоло-
гиялық),  дүниетанымдық  жүйе,  тəрбие  мазмұны; 2) тілге  деген 
қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мəдениетті игеру деңгейі; 
3) жеке тұлғалық (адамдық, терең жекелік) қасиеттер.
Тілдік  тұлғаның  қалыптасу  үрдісі  адамның  жалпы  интеллек-
туалдық деңгейінен, парасат биігінен бастау алып, оның тұлғалық 
мінезінің құрылымын, саяси, қоғамдық, психологиялық жəне т.б. 
ерекшеліктері  түзеді.  Бəрінің  негізін  тұлғаның  ұлттық  болмыс-
бітімін, ұлттық-рухани құндылығын, ұлтжанды сезімін, қоғамдық 
ой биігін сипаттайтын рухани қажеттілік құрайды. 
Екінші  бір  қажеттіліктің  бірі – ұлттық  тəрбие  арқау  болған 
отбасылық тəрбие үрдістері, тектілік ұғымының тіл арқылы ана 
сүтімен санаға сіңірілуі. Демек, Х. Досмұхамедұлы сынды ұлт пер-
зенттерінің ұлттық тұлға болып қалыптасуы кездейсоқтық емес.
Ғалым  Ю.Н.  Караулов  орыс  тіл  білімінде  тілдік  тұлға  та-
биғатын бір құрылымға жинақтап, оны үш деңгейде анықтағаны 
белгілі.
Бірінші  деңгейді  кейде  нөлдік  деңгей  деп  те  атайды.  Себебі 
онда тілдік тұлғаның дəстүрлі тілді меңгеру деңгейі анықталады. 
Атап айтқанда, тəлім-тəрбие алған отбасы мен ортасы, тегі, жан-
жақты  аялық  білімі  жəне  соған  сəйкес  қалыптасқан  өзіндік  сөз 
қолданысы, яғни тілді қолдану ерекшелігі, тіл көрнектілігі (мета-
фора, мақал-мəтелдер, фразеологизмдерді орынды қолдануы). 
Осы  деңгейге  сəйкес  Х.  Досмұхамедұлының  ерекше  тілдік 
тұлға  ретінде  қалыптасуына  əсер  еткен  қайнар  көздердің  бірі – 
ол дүниеге келген тарихи шежіре мен көркем сөз астасқан Еділ-
Жайық  өлкесі.  Бала  кезінен  Исатай-Махамбеттің  ерлігі  мен  істе-
рін, көркем сөзін көнекөз қариялар аузынан естіп, халқымыздың 
қайғы-мұңын жырлап, отаршылдық саясатқа өлең-толғауларымен 
қарсы  шыққан  жəне  сол  өлкенің  гауһар  жырларын («Қырымның 
қырық  батыры»  жырлар  циклі)  аманат  етіп  жеткізген  Мұрат 
Мөңкеұлының жырларын тыңдап, таным бұлағын суарып, рухына 
сіңіріп өскен.

582
Ұлт тұғыры – тілде
Сонымен бірге заманның өзгерісін, болашағын сезінген əкесі-
нің арқасында əуелі жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқуы, кейін 
Теке (Орал) қаласындағы реалдық училищені үздік бітіріп, соңын-
да  Санкт-Петербургтегі  əскери  медициналық  академияны (1903-
1909) үздік бітіруі жас талаптың өнер-білімге құштарлығын ғана 
қанағаттандырмай,  оның  жан-жақты  білім  парасатын,  биік  ой-
өрісінің көкжиегін кеңейтіп, тұлғалық деңгейге көтерді. 
Екінші  деңгейде  тілдік  тұлғаға  тəн  танымдық  кеңістікті  құ-
райтын  əртүрлі  түсініктер  мен  білімі  өзектеліп,  тілдік  тұлғаның 
өзіндік  ғаламының  тілдік  бейнесі  ашылады,  өзіндік  тілдік  əлемі 
(тезаурусы) қалыптасады. 
Х. Досмұхамедұлының бұл деңгейге сəйкес тұлғалық шығар-
машылығының жүзеге асып, тұлға ретінде танылуының бір қыры – 
оның  публицистикасы  мен  өзіндік  көсемсөз  үлгілері.  Оларды 
шартты  түрде  бірнеше  топқа  бөлуге  болады:  тарих,  əдебиет,  тіл, 
медицина, гигиена, биология, табиғаттану, т.б.
Мысалы,  Х.  Досмұхамедұлының  тарихқа  қатысты  мақалала-
рында  ерекше  көзге  түсетін  сипаты:  деректілік,  ақпараттылық, 
түсінікті  де  нақты  тіл,  жай  мазмұндау  емес,  пайымдау  жəне  өзі 
баяндап отырған тұлғалардың бағасын беріп, сипаттап отыруы.
Бірақ ең бастысы – сол дерктердің бəрі ел аузынан жинақталған 
жырлармен  өрнектеліп,  олар  тек  жалаң  тарих  емес,  рухани 
құндылық, тілдік қазына ретінде айшықты көркемделіп дəйектелуі.
Мысалы,  Жанұзақ  жыраудың,  Боран  жыраудың,  Махамбеттің 
Жəңгір ханға айтқаны, Шернияздың, Мұраттың сөздері тарихпен 
тамырлас беріледі.
Х.  Досмұхамедұлының  өзіндік  танымдық  деңгейде  білімінің 
өзектеліп,  тілдік  тұлғасын  анықтайтын  мақалаларының  ғылыми 
танымдық  сипаты  назар  аударады.  Мысалы,  аламан  ұғымының 
«тəртіпке,  жолға,  низамға  көнбейтін,  өз  дегені  болмаса  басқаны 
елемейтін  топ»  деп  анықтауы,  біріншіден,  жаңалық  сипатымен, 
екіншіден,  халқымыздың  «өзімшілдік», «бəсекелік», «менмендік» 
сияқты жағымсыз қылықтарымен байланыстыруы арқылы өзекті. 
Жəне  ойын  «əлеумет  туралы  бір  ой  жоқ»  деп  қорытып, «Отан 
бірлігі, Отан сүю сезімі, əлеуметшілік міндеті секілді бүтін мемле-
кетке керек сезімдерді «менмендік», «бəсекелік», «ерегіс» секілді 
аламандықтың  жеңгенін»  де  ел  арасынан  жиналған  ескі  сөздер 
арқылы анықтайды (Жиембет батырдың сөзі, т.б.).

583
Ұлт тұғыры – тілде
Ал,  тіл  туралы  мақалалары,  соның  ішінде, «Қазақ-қырғыз 
тіліндегі сингармонизм заңы» мақаласының өзегі тілінің ғылыми-
көпшілік  стилін  былай  қойғанда,  қазіргі  тіл  біліміндегі  əрбір 
тілдің заңдылықтарын жат жұрттық ықпалға емес өз табиғатында 
түсіндіру  жəне  тілді  əрекет  үстінде,  яғни  сөз  (речь)  барысында 
қарау қағидасымен үндесетіні таңдандырады.
Үшінші, яғни прагматикалық деңгейдің басты өзегі – сөйлеуші 
(я жазушы) мен тыңдаушының (я оқушының) арақатынасы. Нақты 
айтқанда,  тыңдаушының  танымын,  көзқарасын,  психологиясын 
айтушының ескеріп, барынша оған ықпал етуді, сөзін ұғындыруды, 
ойын жеткізуді мақсат етуі. Бұл арада прагматикаға негіз болатын 
уəж бен мақсат тілдік тұлға сатысына көтерерлік қуатты факторлар 
екенін атап өткен жөн.
Х.  Досмұхамедұлының  тілдік  тұлғасын  уəж  мақсат-мүдделе-
рінің мазмұны белгілеп, тілдік, тұлғалық прагматикалық ерекше-
ліктерін қалыптастыратын, біздің ойымызша, медицина, гигиена, 
т.б. саласындағы мақалаларын, еңбектерін ұлт қамын, болашағын 
ойлаған мемлекеттік мүдде мен кəсіби тұлға тұрғысынан жасаған 
мұрасы,  қазақ  тілінде  жазылған  ғылыми  стильдің,  ғылыми 
түсініктеменің прагматикалық үлгісі деп бағалауға болады.
Кез келген тілдік тұлға, ең алдымен, ана тілін дамытушы. Осы 
орайда Х. Досмұхамедұлының тілдік тұлғасының танымдық-шы-
ғармашылық нəтижесі ретіндегі нақты прагматикасы – ол ұсынған 
пəн  сөздері  «барынша  сөйленіп  жүрген  ылайықты  сөздер»,  тер-
миндер, биология, жануарлар, адамның тəн тірлігі бөлімдеріндегі 
пəн сөздер жəне олардың қазақша, бірақ ғылыми сипатта берілген 
интерпретациясы.  Мысалы:  теңге  қотыр,  жап-жайшалар,  бір 
қуыстылар,  былқылдақ  тəнділер,  боршалар,  кебістер,  шыбырт-
қылар, астыр, үстірт, шеткей, т.б.
Х. Досмұхамедұлы еңбектерінің прагматикалық деңгейін, ше-
шендігін сипаттайтын мынадай тілдік құралдарды көрсетуге бола-
ды: риторикалық сұраулар, ойтолғаныстар, ойбөлісу, шығарманың 
жазылу себебі, мақсаты, өзіндік көсемсөз үлгілері, шешендік өне-
рі, т.б. Əрине, Х. Досмұхамедұлы тілдік тұлғасының прагматика-
лық деңгейін, мақсатын анықтайтын негізгі өзек – ұлтты сүю, оған 
насихат айту.
Сонымен,  Х.  Досмұхамедұлының  тілдік  тұлғасының  табиға-
тын ашып, ғалымдық қабілетін, тілдік шеберлігін танытатын оның 

584
Ұлт тұғыры – тілде
мұрасының ұлттық мазмұны мен көркем де түсінікті тілінің арқа-
уы – көріктеу  құралдары,  архаикалық  этнолексика,  риторикалық 
сұраулар, мақал-мəтелдер жəне айқын мақсат. 
Ал, бұл ұлы мақсаттардың іске асуының негізгі тетігін Х. Дос-
мұхамедұлының  мұрасынан  табылатын  асыл  мұрасы,  оны  таны-
татын  ұлт  мəдениетінің  ерекше  қасиетін  хабарлаушы  танымдық 
ақпараты, сонымен байланысты ХХ ғасыр басында пайда болған 
ағартушылық  жəне  ұлттық  сананы  оятушы  өзіндік  тілдік  əлемі 
десек, соның негізінде оны дəлелдейтін – Х. Досмұхамедұлының 
тұлғалық  болмысын  толық  танудың,  яғни  Халелтанудың  бола-
шағына  дəйек  болатын  ғылыми-танымдық  негіздің  бірі  тілдік 
тұлға теориясы деп білеміз. 
Дискурс – «ғаламның тілдік бейнесін» жасаушы 
тілдік құрал
Қазіргі тіл біліміндегі ғылыми парадигмалардың қалыптасуы-
на сай тілдің жүйелілік сипаты айқындала бастады. Басқаша айт-
қанда,  тілді  зерттеудің  нысанын  аналитикалық  тəсіл  негізінде 
жіктеп  қарастырудың  орнына  тілді  зерттеудің  практикалық  та, 
теориялық та тұрғыдан тұтас синтездік тəсіліне көшу үрдісі өріс 
алуда.  Нақты  түрде,  бұл  лингвомəдениеттану,  когнитивтік  линг-
вистика салаларында іске асуда.
Бұл  үрдіс,  түптеп  келгенде,  қоршаған  шындықты  адамның 
жүйелі  түрде  қабылдауымен  тікелей  байланысты.  Егер  бұрын 
философтар  «жүйелілік»  деп,  шындық  туралы  пікірлер  мен  көз-
қарастардың,  тұжырымдардың  жүйелілігін  түсінсе,  бүгінгі  ғы-
лыми  даму  деңгейі  санадан  тыс  өмір  сүретін  тілдің  объективті 
жүйелілігін анықтап отыр.
Оны бір арқауда тоғыстырып, дəйектейтін архетиптік, паремио-
логиялық, фразеологиялық, ежелгі тарихи-мəдени, ақпараттық де-
ректер, мəтіндер мəдениеттің прецеденттік көздері ретінде келесі, 
жаңа  мəдени  парадигманың  түзілуіне,  жаңа  көркемдік  сапаның 
тууына негіз болады.
Соның нəтижесінде кестелі сөздің танымдық, аксиологиялық, 
сакралды,  т.б.  мəнде  тұтасқан  (концептуалданған)  бейнесінің 
мазмұны  символдардың  қызметі  арқылы  мəтінде  ғана  ашылады. 

585
Ұлт тұғыры – тілде
Бұл арада танымдық ақпараттың негізі сөзде емес, мəтінде. Ал, мə-
тіндердің  авторлардың,  жеке  тілдік  тұлғалардың  шығармашылы-
ғы – тілдік санада биологиялық, əлеуметтік жəне мəдени синтез-
дің тұтасуынан қалыптасатын ментальділіктің тіл арқылы бейне-
ленетін коммуникативтік əрекетінің көрінісі. Себебі ментальдік – 
тек психофизикалық күш емес немесе тұрақты мəдени символдар 
да емес. Олар – адам санасының терең құрылымдарында мəдени 
концептілер арқылы құралған бейнесі, ұғымдары, тілдік таңбалар. 
Яғни,  концептілер – түпмəннің  «дəнінен»  коммуникация  бары-
сында өсіп шығатын ұғым мазмұны. Демек, ментальділік ана тілі 
арқылы сананың дүниетанымдық құрылымын анықтайды.
Осымен  байланысты  мəдениет  тілдің  вербалды-ассоциативті 
кеңістігінде  дамып,  тілдің  əрекет  субъектісімен  арақатынасын 
тұтастырады.  Себебі  мəдениетті  дамытуға  мүмкіндігі  бар  жал-
ғыз  күш – тіл.  Жəне  ол  əдеби  немесе  мемлекеттік  тіл  емес,  кон-
цептуалды  құндылықтар  жүйесі  ретінде  ғасырлар  бойында 
ата-бабаларымыздың  ежелгі  ойлау  кеңістігінде  (ноосферада)  жи-
нақталып, сақталған, қалыптасқан ұлттық тіл. Мысалы, шаңырақ 
сөзі – тек киіз үйдің бір бөлігінің ғана атауы емес.
Себебі  сөз  арқылы  нақты  ұғым  түсініледі,  ал  дүниені  тану, 
қабылдау  ия  сезіну  концептуалдану  нəтижесіндегі  символ  неме-
се  бейнелі  сөз  арқылы  іске  асса,  концепті  дүниені  қабылдау  мен 
түсінудің  өзіндік  жеке  немесе  топтық  тəсілінің  негізгі  бірлігі 
ретіндегі  ұлттық  менталитетті  анықтайды.  Таратып  айтсақ,  кон-
цептілер – индивидтің я əлеуметтік топтың ойлау ерекшелігі мен 
іс-əрекет  тəртібін  сипаттайтын  когнитивтік  жəне  стереотиптік 
ұстанымдар жиынтығы. Мəдени-танымдық концептінің семанти-
касын  анықтайтын  оның  бейнелі-метафоралық  коннотациялары 
мен прецеденттік байланыстар түріндегі ассоциативтік құрылымы. 
Олар этномəдени социумның барлық мүшелеріне жақсы таныс вер-
балды, символикалық, аксиологиялық құбылыстармен ұқсастыру 
(ассоциация)  қабілетін  сипаттайды.  Мысалы,  Ғ.  Мүсірепов  дис-
курсы автор танымының үрдісін сипаттайтын жеке тұлғаның ойы, 
қиялы, ғалам туралы өзінің біртұтас тұжырымы əрбір оқушыға ете-
не таныс, ұлттық-ассоциативтік парадигма негізіндегі тезаурустық 
құрылым түзеді: күміс қаршыға; көк жалдың үйіріндей жөңкіліп; 
көк қырғи; сасық күзендей, т.б. («Қазақ солдаты»). 

586
Ұлт тұғыры – тілде
Немесе,  көрнекті  ақын  Ж.  Нəжімеденов  қазақтың  тұрмыс-
тіршілігіне  қатысты  тұлыпсөзінің  «жас  төлі  өлген  малды  алдар-
қату  үшін  қолданылатын  бітеу  тері»  деген  семаны  «жұбатуға» 
қатысты  метафораға  айналдырады:  …Жұбау  тапты  ел  тұлып-
тарға мөңіреп, // Бауырынан бала кеткен талай жан…
Дж.  Лакофф,  М.  Джонсон  сияқты  ғалымдардың  еңбектерінің 
өзінде  тілдегі  эмоцияны  концептуалдаудағы  метафоралық  құрал-
дар көрсетілген.
Концептуалдану нəтижесінде сөздің нақты, жеке мағыналары 
көмескіленіп,  сөзді  бағалайтын  оның  əлеуметтік  жəне  мəдениет 
дерегі ретіндегі мəні өзектеледі.
Бұл тектес тұжырымдауға өткен ғасырдың аяғынан бастал-ған 
ғылыми  парадигманың  гуманистік  бағытқа  бұрылуы,  атап  айт-
қанда,  антропоөзектік,  функционалдық,  когнитивтік,  динамика-
лық  парадигманың  өріс  алып,  дүниені  тану  кіндігінің  мəртебесі 
адамға  қарай  ойысуы  негіз  болған.  Осыған  орай  «индивид-
ке  тəн  тілдік  қабілет»  туралы  ұғым  да  кеңейіп,  тереңдей  түсуде. 
Нақты  айтқанда,  ол  тек  санамен  сəйкестікте  ғана  емес,  адамның 
тұлғалық  тұтастығында  қарастырыла  бастады.  Осымен  байла-
нысты  адамның  сөйлеу  қызметі  өзектеліп,  ол  бұрыннан  белгілі 
мазмұнның қалыптасуын, тұрақталуын ия ол мазмұнның ашылу-
ын сипаттайтын үдеріс емес, ол – осы мазмұнды қалыптастыратын 
үдеріс. Яғни сөйлеу қызметі, тіпті тілдің өзі адамдардың қарым-
қатынасында  бір  индивидтің  екіншіге  ақпарат  беруі  деп  емес, 
социумның  өзін  қоршаған  əлемдегі  бағдарын  белгілейтін  жүйе, 
«əлем  бейнесі»  ретінде  түсініледі.  Демек,  жеке  адамның  «ғалам 
бейнесін» қалыптастыратын өзекті негізгі ұғым когнитивтік бірлік 
ретінде тұтас ақпараттық кеңістікте (мəтінде) айқындалады.
Сондықтан  концептуалдық  талдаудың  жəне  лексикалық  қор 
бейнеленген  тілдік  сананы  түзетудің  негізгі  құралы – белгілі  бір 
концептінің  мəтіндегі  əрекетінің  көрінісін  зерттеу.  Концептінің 
тілдік  таңба  ретіндегі  мазмұн  межесінде  мəнді  коммуникативтік 
ақпарат тұтас мəтінде, нақты айтқанда, дискурста анықталады.
Орыс  тіл  білімінде  дискурс  сөзі  əуелде  «речь»  деген  ұғымды 
беріп, «мəтін» ұғымының синонимі іспетті қолданылғанмен, бірте-
бірте  мəні  кеңейіп  келеді.  Солардың  негізгілерін  сараптай  келіп, 
дискурсты  тек  мəтін  деп  қана  емес,  түрлі  экстралингвистикалық 

587
Ұлт тұғыры – тілде
факторларды  (қоршаған  шындық  туралы  дүниетаным,  пікірлер, 
тұжырымдар,  адресат  мақсаты,  т.б.)  қамтитын  күрделі  коммуни-
кативтік құбылыс деп түсінеміз.
Сонымен, дискурс – мəтін түзуші (автор, адресат) – мəтін – 
қабылдаушы  (адресант)  тұтастығында  қарастырылатын,  яғни 
тілдік тұлғаның «таным əлемі» ескерілетін мəтін. Демек, дискурс – 
тілдік  тұлғаның  қасиетін  көрсететін  тілдік  бірлік,  эмпирикалық 
тəжірибелердің  жиынтығы.  Атап  айтқанда,  дискурста  тілдік 
тұлғаның мынадай ерекшеліктері байқалады: 1) сөйленіс деңгейі; 
2)  ұлттық  таным  деңгейі; 3) сөз  қорыту,  түсінік,  ұғыну,  сезіну 
деңгейі; 4) қоғамдық ойының сипаты; 5) интеллект деңгейі. 
Көрсетілген  деңгейлері  жоқ  мəтіндер  дискурстық  сипатқа  ие 
бола алмайды жəне олардың авторлары да тілдік тұлға дəрежесіне 
көтеріле алмайды. Себебі дискурста тұлға əлемі жан-жақты ашы-
лады, «жеке  тіл  əлемі»  пайда  болады.  Демек,  дискурстың  басты 
ерекшелігі – оны жасаушы тілдік тұлғаның көзқарасы мен таны-
мын, көркемдік əлемін оқырманға (адресантқа) аңғарту. Басқаша 
айтқанда, дискурс – тілдік тұлғаның мəтінге түскен таным əлемі, 
«өзіндік ғаламының тілдік бейнесі». Таным қызметі ғана əр инди-
видте əртүрлі дəрежеде болатындықтан, тілдік тұлғаның тіліндегі 
ғаламның тілдік бейнесі де əртекті жəне əрқилы сипатталады.
Тіларалық  көпір  ретінде  қызмет  еткенде  ғана  «ғаламның 
тілдік  бейнесі»  мен  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстар 
бейнесі  бір-бірімен  байланыста  болады.  Ғаламның  тілдік  бей-
несі – тілдік  тұлғаға  тəн  барлық  қасиеттердің  тіл  арқылы  бейне-
ленген  айқын  суреті.  Психосоматикалық  əрекеттер  арқылы 
қалыптасқан  ғалам  туралы  білім  тілдік  мағыналарды  игерумен 
қатар  жүреді  де,  тілдік  модельдер  арқылы  архетиптік  символдар 
құрылымы  түзіледі.  Осы  негізде  қалыптасқан  ақпарат  жүйесі 
негізінде  тілдік  тұлғаның  əлем  туралы  біртұтас  (концептуал-
ды)  тұжырымдамасы  қалыптасатыны  осы  саладағы  зерттеулерде 
анықталған.  Осы  зерттеулерге  сүйенсек,ғаламның  тілдік  бейнесі 
дегеніміз тіл арқылы берілетін əлем жəне ұлттық құндылықтардың 
жиынтық ақпараты.
Мысалы,  М.  Əуезов  ғаламының  тілдік  бейнесін  танытатын 
дискурсында шымылдық, бесік, торуылға шыққан қасқыр, астау, 
бұғалық, т.б. («Қилы заман») шебер кестеленген.

588
Ұлт тұғыры – тілде
Немесе,  Ə.  Кекілбаевтың  публицистикасындағы:  …Біз  тал 
шаңырақтың  астында  туып,  тал  бесікте  жатқандардың 
соңымыз…
Дауылпаз  ақын  Махамбеттің  танымдық  дискурсын  өзектей-
тін, дүниетанымына сай шар, қара балта, қара нар, қас үлек, боз 
орда, т.б. коннотациялар.
Көріп отырғанымыздай, ұлттық тілдік тұлға дискурсының кон-
цептуалды өрісін ұлтжанды мазмұнды тезаурус құрайды.
Тілдік  тұлғаның  «ғаламыныңтілдік  бейнесін»  сипаттайтын, 
айшықтайтын  дискурстың  көркем  тілдік  құралдары:  ерекше  ме-
тафоралар,  теңеулер,  символдар,  окказионалдық  қолданыстар, 
риторикалық  сұрақтар,  қайталамалар,  етістіктердің  ерекше 
қызметі т.б.
Осы саланың орыс тіл білімінде негізін салушы ғалымдардың 
бірі  А.А.  Потебня  сөйлеу  қызметін  психикалық  құбылыс  деп 
санағанмен,  бірақ  тіл,  сөз  бұл  əрекетке  мəдени,  əлеуметтік  мəн 
беретін бастау екенін атап көрсетеді. 
Осымен  байланысты  өз  жұмыстарында  тілдің  тұтас  моделін 
сипаттаған  көрнекті  американдық  ғалым  Н.  Хомский  «туындау-
шы (порождающая) грамматика», «терең құрылымдар», «ядролық 
конструкциялар» сияқты ұғымдарды енгізгені белгілі.
Қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарына сай дискурсты зерттеу 
қазақ  тіл  білімінде  де  тілдің  ежелгі  кезеңдегі  күйі  деңгейіндегі 
жəне  болашақ  даму  үрдісіне  де  сай  əлеуетін  тануға  көмектеседі. 
Бұл  тек  көркем  дискурсқа  ғана  қатысты  емес,  публицистикалық, 
іскери,  саяси,  т.б.  дискурс  түрлеріне  тікелей  қатысты  болып, 
тіл – адам, тіл – қоғам, тіл – мəдениет, тіл – ұлт, т.б. контекс-
тер  тоғысындағы  тілдегі  адам  əрекеті  мен  болмысының  функ-
ционалдық, прагматикалық, танымдық сипатын айқындауда.
Тəуелсіздік  кезеңіндегі  рухани  жаңғырулармен  қатар  эко-
номика  саласындағы  нарықтық  қатынастың  өрістеуі  қоғамдық 
қатынастарға да түбегейлі өзгерістер əкелді. Қоғамда мемлекеттік 
емес ұйымдар мен қоғамдар, əртүрлі коммерциялық құрылымдар, 
т.б. жаңа əлеуметтік орта қалыптастырып, өз саласында тілдің жаз-
баша да, ауызша да түрін негізгі құрал ретінде пайдаланып, жаңа 
социолингвистикалық ая жасауда. Көрсетілген салаларда табысқа 
жетудің  бір  себебі  əріптестермен,  тұтынушылармен,  əкімшілік-

589
Ұлт тұғыры – тілде
пен, т.б. тиімді қарым-қатынас жасау, сөйлесе білу, істі ойдағыдай 
жүргізу, т.б. тілдік қарым-қатынастың дұрыс болуымен тығыз бай-
ланысты.  Сондықтан  қоғамның  сан  түрлі  іс-əрекет  саласындағы 
сөздің  коммуникативтік  сапасы  оның  мазмұнына  сай  дискурсы 
арқылы анықталады.
Антрополингвистикалық бағдар ұстанған қазіргі тіл білімінде 
сөйлеу қызметі психикалық құбылыс деп саналғанмен, бірақ тіл, 
сөз бұл əрекетке мəдени, əлеуметтік мəн беретін бастау екені атап 
көрсетіледі. 
Осыған  орай  дискурсты  зерттеу  қазақ  тіл  білімінде  де  тілдің 
ежелгі күйі деңгейіндегі жəне болашақ даму үрдісіне де сай əлеуетін 
тануға  көмектеседі.  Осымен  байланысты  бұл  мəселе  тек  көркем 
дискурсқа ғана қатысты емес, публицистикалық, іскери, саяси, т.б. 
дискурс түрлеріне тікелей қатысты болып, тіл – адам, тіл – қоғам, 
тіл – мəдениет,  тіл – ұлт,  т.б.  контекстер  тоғысындағы  тілдегі 
адам  əрекеті  мен  болмысының  функционалдық,  прагматикалық, 
танымдық сипатын айқындауда өзектілігі ерекше.
Кез  келген  коммуникативтік  əрекет  спонтанды  немесе  ұйым-
дасқан  дискурста  белгілі  бір  коммуникативтік-когнитивтік  құры-
лымдар  аясында  жүзеге  асатындықтан,  дискурс – когнитивтік-
семантикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Сондықтан дис-
курс – танымның, ғалам туралы білімнің тілдегі көрінісін жеткізе-
тін  бірлік.  Ал,  аталған  бірлік  қазақ  тіл  біліміне  қатысты  зерт-
теулерде  арнайы  талдау  нысанына  айналмаған.  Оны  зерттеу 
тілдің,  сөздің  (речь)  коммуникативтік  қызметінің  когнитивтік 
астарын,  тетігін  анықтап,  дискурс  пен  мəтін  арасын  ажыратуға 
көмектесетіні  белгілі.  Демек,  дискурстық  талдау  қоғамдық-əлеу-
меттік өмірдің сан саласындағы коммуникативтік тұлға сөзінің, 
қазақша  сөз  сөйлеудің  оң  жəне  теріс  өзгерістеріндегі  əсер  ететін 
экстралингвистикалық факторларды ажыратуға, ұлттық танымды 
бекітетін модельдерді саналы түрде іске қосуға мүмкіндік береді.
Дискурс  адамдардың  сөйлеу  арқылы  жасаған  қарым-каты-
насынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, 
сөз бен ойдың бірлігін айқындайды» [59]. 
Қазақ тіл білімінде дискурсты əр қырынан зерттеу нəтижесін-
де  қазақ  дискурсының  ұлттық  негізі  мен  ғылыми  теориясы  жа-
салды деуге болады. 

590
Ұлт тұғыры – тілде
Мысалы,  Г.  Смағұлова  шешендік  сөздер  дискурсын  кеңінен 
қарастырса,  З.  Ерназарова  коммуникативтік  актідегі  дискурстар-
дың прессупозициялық жағдайын анықтады, К. Садирова көп про-
позиционалды  дискурстардың  көркем  мəтін  арқылы  көрінісін 
прагмалингвистикалық  аспектіде  жіті  талдап  көрсетті.  Ш.  Нұр-
мышева  қазақ  кинодискурсының  аударма  үдерісінде  өзгеру, 
түрлену  ерекшеліктерін  салыстырмалы  түрде  зерттей  отырып, 
көркем шығарманың, сахна, кино деңгейінде əрекетке, динамикаға 
ауысқанда болатын дискурстың белгілерін атап көрсетеді [60]. 
Кейбір  тілші-ғалымдар  дискурсты  əдетте  бір  авторға  тиісілі 
мəтінге  қарама-қарсы  салмақта  тілдік  қатынас  жасаудың  интер-
активті тəсілі ретінде қабылдайды. Осындай қарама-қарсылықтың 
нышаны  дəстүрлі  тіл  білімінде  диалог  пен  монологтың  айыр-
машылықтарынан  көрініс  береді.  Дегенмен  де  диалог  пен  моно-
лог арасындағы қарама-қарсылықтың өзі деп шартты түрде ғана. 
Себебі, монолог өз ішінде шынайы ақиқат дүниедегі болсын, гипо-
тетикалық болсын, əйтеуір адресатқа бағытталады. Бұл дегеніміз 
түбінде  диалогқа  айналады  деген  сөз.  Демек,  мəтін  де  түптің 
түбінде сөйленіске, тілдік қарым-қатынасқа айналады. 
Сонымен жоғарыда келтірілген зерттеулер мен пайымдауларды 
қорытындылай келгенде, қазіргі тіл білімінде мəтін деп абстрак-
тілі,  формалды  құрылым  танылса,  дискурс  деп  экстралингвис-
тикалық  фактор  негізінде  туындайтын,  ментальдық  қабілеттер 
əрекетінде жүзеге асатын тілдік қарым-қатынастардың деректелуі, 
өзектелуі түсініледі. 
Осындай  зерттеулерден  кейін  дискурс  кең  мағынада  күрделі 
коммуникативтік  құбылыс  ретінде  жəне  қарым-қатынасқа  қаты-
сушының  қабылдау,  тану  деңгейін  сипаттайтын  əлеуметтік  мəн-
мəтін күйінде көрініс табатын ауызша сөйленіс ретінде қарасты-
рыла бастады. 
Ал тар мағынасында дискурс – белгілі бір уақыт аралығында, 
нақты  мақсатты  көздеген  сөйлеуші  мен  тыңдаушының  сөйленіс 
əрекетін  тудырған  өзара  ой  реттілігін  сақтаған,  ойдан  туындаған 
ойдың мазмұндық байланысы кезектескен мəтін деңгейіндегі ди-
намикалы тілдік құбылыс.
Бүгінгі  күнге  дейін  сөйлемнен  құрылымы  жағынан  да,  маз-
мұны  жағынан  да  едəуір  жоғары  тұратын,  ішкі  мазмұны  талқы-

591
Ұлт тұғыры – тілде
лауға,  ой  тудыруға  негізделген,  яғни  прессупозицияға  бейім  ке-
летін  мəтіннің  коммуникативтік  қызметтегі  көрінісін  дискурс 
деп  тану  үрдісі  қалыптасқан  болатын.  Ал  ендігі  кезде  дискурс  –
бірнеше  ғылым  салаларының  (прагмалингвистика,  лингвофило-
софия, мəтін лингвистикасы ) негізгі зерттеу нысанына айналып, 
пəнаралық ұғым ретінде қалыптасты. Осыған орай, дискурсты сан 
алуан  жанрлар  мен  бірнеше  түрлерге  жіктеп  қарастыру  үдерісі 
бой ала бастады. Дискурс түрлерінің жіктелімін жасау барысын-
да (шешендік дискурс, ғылыми дискурс, поэтикалық дискурс, са-
яси дискурс, т.б.) дискурсты стиль ұғымымен тең дəрежеде қойып 
зерттеу  жағдайлары  кездесті.  Бұл  кезде  стиль  мəтін  деңгейінде 
зерттелетінімен, ал дискурс сол стильдік мəтіннің қарым-қатынас 
(ауызша  немесе  жазбаша)  барысында,  яғни  мəнмəтіннің  əрекет-
тесу динамикасы кезіндегі шынайы болмысына тəн функционал-
ды жəне тағы басқа стиль талаптарының орындалуымен, сол дис-
курс жанрының ерекшелігін ашу қағидаларының жүзеге асуымен 
өзгешеленеді.  Қандай  жағдайда  болсын,  мəтін  мен  дискурстың 
айырмашылығын былай көрсетуге болады: мəтін үнемі статикалық 
күйде болса, дискурс үнемі динамикалық деңгейде көрініс табады. 
Біздің ойымызша, дискурс түрлерінің жіктелуі мен типология-
сы  ақпаратты  таратушы,  коммуникативті  актіні  орындаушы  тіл 
тұтынушының  тілдік  қатынасына  тікелей  байланысты  болады. 
Қазіргі  таңда  тіпті  баспасөз  дискурсы,  радихабарлар  дискурсы, 
телефондық  сөйлесім  дискурстары,  электронды  пошта  арқылы 
сөйлесу  дискурстары  қарастырылуда.  Əрбір  дискурстың  өзіндік 
ерекшеліктері,  қағидалары  мен  заңдылықтары  болады.  Бірақ  бір 
маман  иесін,  кəсіп  ететін  қызметіне  қарай  бір  ғана  дискурсты 
тұтынушы  ретінде  қабылдауға  болмайды.  Оның  аялық  білімі 
жоғары  болса,  бірнеше  дискурста  қарым-қатынас  жасай  беретін 
қабілеті болады.
Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақ  тіл  білімінің  зерттеулерінде  де 
дискурс болудың басты шарттарын профессор Н. Уəлидің еңбек-
терінен  көруге  болады: «Субъектінің  сөз  əрекетінің,  яғни  тілді 
қарым-қатынас  үшін  қолдану  əрекетінің  нəтижесінде  дискурс/
мəтін  құрастырылады.  Басқаша  айтқанда,  сөйлеуші/жазушы  сөз 
бірліктері  арқылы  айтылым  (высказывание),  дискурс/мəтін  жанр 
түрінде  белгілі  бір  мағынаны  тілдік  бірліктер  арқылы  кодқа  са-

592
Ұлт тұғыры – тілде
лынады,  ал  тыңдаушы/оқырман  сол  аталым,  дискурс,  мəтін  тү-
рінде  тілдік  бірліктер  арқылы  кодқа  салынған  мағыналарды  (ой 
мен  сезімді)  ашады,  тіпті  тілдік  кодты  ашып  қана  қоймайды, 
сөз  əрекетінің  нəтижесі  болып  табылатын  коммуникативтік  бір-
ліктердің мəн-мағынасын интерпретациялайды» [61]. 
Демек,  дискурс  түрі  коммуникацияға  түскен  мəтіннің  ашылу 
деңгейіне  сай  анықталады.  Олай  болса,  адамның  қарым-қатынас 
жағдайындағы  серіктесінің  аялық  білімімен  тең  келу/келмеуіне 
орай, аялық білімінің бəсекелесуіне орай, кəсіби біліктіліктерінің, 
коммуникативтік құзіреттіліктерінің деңгейлеріне орай бір қарым-
қатынас үстінде бірнеше дискурс түрлерін жүзеге асыруға болады 
деген сөз.
Осы тұрғыдан алғанда дискурс түрлерін жіктеу үшін дискурс 
жанрларына жүгініп топтастыруға болады. Мəселен, публицисти-
ка жанрына байланысты іскери дискурс, жарнама дискурсы, саяси 
дискурстар іріктеліп шықса, көркем əдебиет жанрынан лирикалық 
дискурс,  шешендік  дискурс,  поэтикалық  дискурс  туындайды, 
кəсіби (институционалды) жанрға байланысты медициналық дис-
курс,  əскери  дискурс,  экономикалық  дискурс,  педагогикалық  дис-
курс деп жіктеуге болады. 
Осыдан барып, дискурс құрылымы макроқұрылымдар немесе 
жаһандық  құрылымдар  деп,  микроқұрылымдар  немесе  локальді 
құрылымдар деп іріктеледі. 
Дискурс макроқұрылымы өз ішінде ірі құрамдас бөліктерді құ-
райды.  Ондай  ірі  құрамдас  бөліктер  тақырыптық,  референциал-
ды,  уақыттық,  т.б  кеңістіктеріне  қарай  тұтасады.  Ал  микроқұ-
рылымдар өз ішінде дискурстық деңгейіне қарай, қарым-қатынасқа 
қатысушылардың аялық біліміне қарай анықталады. 
Жаһандық  дискурстар  ауқымды,  күрделі  тақырыпты  қамти-
тын болса, локальды дискурстар бірнеше кіші (минимальды) дис-
курстық  бірліктердің  жəне  олардың  бөліктерінің  жиынтығынан 
құралады. 
Қорыта  айтқанда,  дискурс  коммуникативтік  лингвистиканың 
негізгі нысаны болып саналады. Сондай-ақ мəдениаралық комму-
никация,  прагмалингвистика,  когнитивтік  стилистика,  лингвомə-
дениеттану салаларының ұғымдары ретінде қарастырылады. 
Дискурс мəтін емес, бірақ мəтін қарым-қатынасқа түссе, дис-
курс  бола  алады.  Сондықтан  мəтін  мазмұнына  қарай,  идеясына 

593
Ұлт тұғыры – тілде
қарай, прагматикасына қарай алуан түрлі болса, қарым-қатынасқа 
түскенде дискурс та соншалықты түрлене алады.
Дискурсқа  қатысты  өзекті  мəселе – дискурс  пен  мəтін  ара-
қатынасы.  Көп  уақыт  бойы  мəтін  тізбекті  түрде  орналасқан  сөй-
лемдер арқылы жасалады жəне коммуникацияның жазбаша форма-
сымен байланысты, ал дискурс тілдік актілерге немесе коммуни-
кативтік  актілерге  бөлінеді  жəне  ауызша  коммуникацияға  сəйкес 
келеді деп есептелініп келді. Кейбір зерттеулерде дискурс ұғымы 
мен мəтін ұғымы синонимдес мəнде, бір-бірін ауыстыра алатын 
жəне  тең  терминдер  ретінде  қаралып  келді.  Біздің  ойымызша, 
мəтін  мен  дискурс  мəселелері  олардың  арақатынасын  талдау  ба-
рысында ашылмақ.
Мəтінге  лингвистикалық  энциклопедиялық  сөздікте  мынан-
дай анықтама берілген: «Мəтін – мағыналық байланысқа біріккен 
таңбалық бірліктердің тізбегі. Мəтінді дұрыс қабылдау тек тілдік 
бірліктер  мен  олардың  қосындылары  арқылы  ғана  қамтамасыз 
етілмейді, сонымен бірге қажетті білім қоры, коммуникативтік қор 
арқылы  да  қамтамасыз  етіліп,  сол  себепті  мəтінді  қабылдау  пре-
суппозициямен байланысты болады» [62]. 
Лингвистикалық  əдебиетте  «мəтін»  терминімен  қатар  «дис-
курс»  термині  қазіргі  зерттеулерде  əртүрлі  түсінікке  ие,  ең  көп 
мағыналы  ұғымдардың  бірінен  саналып,  сөз  түрі,  мəтін,  мəтін 
типі,  байланысты  мəтін,  байланысты  сөз  мəтіні  эквивалентте-
ріне  ие  болып  келді. «Дискурс  (француз – discours, ағылшын – 
discourse, латын – discursus – «қозғалыс, шыр айналу, сұхбат, əң-
гіме») – сөз, тілдік қызмет процесі, сөйлеу тəсілі. Тілді тура неме-
се  жанама  түрде  зерттейтін  гуманитарлық  ғылымдар  қатарының 
(лингвистика,  əдебиеттану,  семиотика,  социология,  философия, 
этнология мен антропология) көпмағыналы термині» [63]. 
Қазіргі  лингвистикада  дискурс  ұғымы  мағынасы  бойынша 
мəтін ұғымына жақын болғанымен, ол тілдік қатынастың уақытта 
өрістейтін  динамикалық  сипатын  көрсетеді,  ол  бұған  керісінше 
мəтін  көбінесе  статикалық  объект,  тілдік  қызметтің  нəтижесі 
ретінде  белгіленеді.  Оларды  межелеп  бөлу  əртүрлі  зерттеушілер 
еңбектерінде түрлі негіздерге сүйенеді.
Н.Д.  Арутюнова  келесі  анықтаманы  келтіреді: «Дискурс – 
оқиға  аспектісінде  алынған  мəтін;  мақсатты  əлеуметтік  іс-əрекет 

594
Ұлт тұғыры – тілде
ретінде  қарастырылатын  сөз;  адамдардың  өзара  іс-қимылдарына 
жəне олардың санасының (когнитивтік үдерістер) тетіктеріне қа-
тысатын компонент; экстралингвистикалық (прагматикалық, əлеу-
меттік-мəдени,  психологиялық  жəне  т.б.)  факторлармен  жиын-
тықтағы  жүйелі  мəтін...  Дискурс – «өмірге  енгізілген»  сөз ... 
мəтінге  қарағанда  дискурс  нақты  өмірмен  байланыс  тікелей  қал-
пына  келтірілмейтін  ежелгі  жəне  басқа  мəтіндерге  қатысты  қол-
данылмайды».
Е.С. Кубрякова мен О.В. Александрованың атап көрсетуінше, 
«дискурс ретінде нақты сөз өндірумен (речепроизводство), тілдік 
шығарманы  білумен  байланысты  когнитивтік  үдерісті  түсінуіміз 
керек,  ал  мəтін  белгілі  бір  аяқталған  (жəне  бекітілген)  формаға 
айналатын  тілдік  қызмет  процесінің  ақырғы  нəтижесі  болып  та-
былады» [64, 19]. Осылайша, дискурс нақты сөз өндірумен байла-
нысты құбылыс ретінде көрініс тапса, мəтін белгілі бір аяқталған 
жəне  бекітілген  формадағы  сөз  өндірудің  өнімі  ретінде  көрініс 
табады,  яғни  мəтін – тіл  жүйесі  мен  лингвистикалық  құзіретке 
қатысты коммуникативтік іс-əрекеттің нəтижесі, ал дискурс сөзге 
жəне  тілдік  əрекетке  қатысты  мəтінді  тудыру  процесі.  Бұндай 
нақты  сөйлеуді  оның  нəтижесімен  салыстыру  арқылы  мəтін  оны 
қабылдаушы  жеке  адамның  санасына  түсіп  қабылданған  кезде 
дискурс ретінде түсіндіріле алатындығына көз жеткізуге болады. 
Қазақ  тіліндегі  көп  пропозициялы  дискурстың  құрылымдық 
негіздеріндегі мəтін түзу мəселесін зерттеген Г. Садирова: «Дис-
курс – өмірдегі,  яғни  шынайы  уақыттағы  нақты  оқиғалардың 
тілге  көшкен  тізбегінің  ағымы  болса,  мəтін – дискурс  үзігі,  ол 
жанр  заңдылықтарына  сай  рəсімделеді  немесе  тіпті  арнайы 
рəсімделмеуі де мүмкін. Сонымен қатар дискурс шынайы уақытта 
туса, ал мəтіннің өз ішінде сақтап қалған уақыты болады. Таратып 
айтсақ, шынайы уақытта белгілі бір дискурс нəтижесі болған мəтін 
ішіндегі  уақыт  шынайы  уақытқа  сай  түспейді» – деп,  бұл  жайт-
ты  мəтін  мен  дискурстың  басты  ерекшелігін  танытатын  негізгі 
белгінің бірі деп санайды [65]. 
Дискурс пен мəтін арақатынасын қарастыруда біздің ойымыз-
ша, зерттеуші Е.С. Кубрякованың пікірі маңызды болып табы-ла-
ды: «Адам тəжірибесі мен оны пайымдау фрагментін белгілемей-
тін  мəтін  болмайды.  Мəтіннің  бұл  қасиеті  оны  концептуалдық 

595
Ұлт тұғыры – тілде
жəне когнитивтік сараптау объектісі етіп алуға, яғни бұл мəтінде 
қандай  ғалам  бейнесімен  таныстық,  не  жəне  қандай  себептен 
біздің  назарымызды  аударды,  онда  қандай  білім  жəне  бағалау 
фрагменті бекітілген деген сауалдарға жауап алуға мүмкіндік бе-
реді. Сонымен бірге, соңғы нəтижесінде дискурстық болып табыл-
майтын,  яғни  коммуникативтік  қызметке  əлеуметтік  бағдарлан-
баған мəтіндер де болмайды. Бұл айтылғандардан мəтін мен дис-
курсты ажыратып тануға болатындығы, олардың мүлде бір-біріне 
қарама-қарсы  ұғымдар  емес,  яғни  бір-бірін  жоққа  шығармай-
тындығы туралы қорытынды жасауға болады» [66].
Қазақ  тіл  білімінде  дискурсты  прагматикалық  тұрғыдан  тал-
дауға қатысты зерттеуші Қ. Есенованың пікіріне тоқталғанды жөн 
деп  санаймыз: «Біздіңше,  дискурсты  прагматикалық  тұрғыдан 
талдағанда коммуникативтік ситуацияға жəне оған қатысушыларға 
байланысты  экстралингвистикалық,  этномəдени  факторлар,  сон-
дай-ақ коммуниканттардың мақсат-ниеттері басшылыққа алынуы 
тиіс. Қандай да бір ақпаратты алғанда оқырман автордың сол мə-
тінді  дайындаған  сəттегі  қиял-дүниесін  елестетуге  тырысады. 
Басқаша айтқанда, дискурсты түсіну бөгде адамның ойлау дүние-
сіне  еріксіз  жəне  ерікті  түрде  ену  деуге  болады.  Ал  өз  кезегінде 
адресант  сол  дүниені  керекті  нұсқада  жасау  үшін  тілдегі  семан-
тиканың барлық мүмкіндіктерін пайдаланады» [67].
Сараланған  теориялық  жадығаттар  төмендегідей  қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Қазіргі лингвистикалық 
əдебиеттердегі  дискурс  ұғымы  мəтінді  түсінумен  тығыз  байла-
нысты.  Дискурс  пен  мəтін  арасында  айырмашылықтың  барлығы 
күмəнсіз,  дискурс  жəне  мəтін  термині  арқылы  анықталынатын-
дығына  қарамастан,  ол  таза  түрде  мəтін  болып  табылмайды. 
Ауызекі  тіл  шығармаларына  қатысты  «дискурс»  терминінің  жиі 
қолданылатындығы, ал жазбаша шығармаларға «мəтін» терминінің 
қолданылатындығы олардың айырмашылықтарының тағы бір қыры 
болуы  мүмкін  деген  пікірлер  айтылғанымен,  ол  көзқарастарды 
дискурс  пен  мəтін  ауызша  да,  жазбаша  да  шығармаларды 
толықтай  қамтиды  деген  пікірлер  жоққа  шығарады.  Олай  болса, 
зерттеушілер мəтін мен дискурс ұғымдары бір-бірімен байланыс-
ты, бірақ теңбе-тең ұғымдар емес, олар бір-бірінен ұғымдарының 
көлемі мен зерттеу аспектісі бойынша ажыратылады деген пікірге 

596
Ұлт тұғыры – тілде
тоқтайды.  Сонымен,  дискурс – мəтіннің  көлемді  түрі,  бірнеше 
мəтіннің  байланыстылығы.  Дискурс  бір  уақытта  тілдік  əрекеттің 
процесі жəне оның нəтижесі, яғни мəтін. 
Тілші-ғалым  Қ.  Жаманбаева  дискурс  сипатын  айқындамас 
бұрын мəтін семантикасына қатысты кейбір ұғымдарды біліп алған 
жөн дей келіп, былай дейді: «Дискурс сипатын бірден көрсете ал-
маймыз. Ол зерттеу барысында айқындалады. Тек мынандай қырын 
алдын ала нұсқауға болады. Бұл мəтіндер дара тұлғаның ішкі ин-
тенциясын көрсетеді, оның ішкі дүниесін модельге түсіреді. Оның 
терең негізінде объективті түрде өмір сүретін дайын құрылымдар 
жатыр» [68, 22]. 
Тілдік  тұлғаны  зерттеуге  қатысты  жазылған  еңбектердегі 
дискурстың сипатталу ретіне келетін болсақ: «Дискурс деңгейінде 
мəтін  түзуші – мəтін – мəтінді  қабылдаушы  (сөйлеуші – сөз – 
тыңдаушы) – үш жақтың байланыстылығы мен бірлігі (бір-бірін 
түсіну, қабылдау) үрдісі жүзеге асырылады. Демек, дискурс жеке 
тұлғаның  тіл  əлемін  (оған  тұлғаның  тілдік  өресі,  белгілі-бір 
дүниетанымдық білім аясы енеді) танытатын кеңістік» [69]. 
«Дискурс – тілдік  тұлғаның  қасиетін  көрсететін  тілдік  факті. 
Дискурста  тілдік  тұлғаның  мынадай  ерекшеліктері  байқалады: 
1. Сөйленіс деңгейі; 2. Ұлттық таным деңгейі; 3. Сөз қорыту, тү-
сінік, ұғыну, сезіну деңгейі; 4. Қоғамдық ойының сипаты; 5. Интел-
лект деңгейі» [70]. Тілдік тұлға тілін зерттеуде дискурс ұғымының 
маңыздылығын оның тілдік тұлға болмысын ашуда толық ақпарат 
бере алу мүмкіндігіне иелігін байқаймыз. 
Соңғы  онжылдықта  ақын-жазушылар,  белгілі  тұлғалардың 
дискурсын ғылыми еңбектерде саралау (анализдеу) кеңінен орын 
ала бастады. Абайдың тілдік тұлғасын дискурстық талдау негізінде 
жүргізген зерттеуші Г. Мұратова: «Дискурстық талдау кез келген 
көлемдегі  мəтінге  жүргізіледі  де,  мəтіннің  лексика-синтаксистік 
құрылымы ғана сарапталмайды, мəтінді кім жазды, қашан, қайда, 
кімге арнап жазылды, қандай мақсатпен жазылды, тіпті автордың 
нормативті  ұстанымы,  идеологиялық,  бағалауыштық  бағыты 
қандай деген сұрақтарға жауап алыну үшін талдау (тіпті сараптама 
деуге болады) жүргізіледі. Абай дискурсы осы тұрғыда талданды. 
Бұнда автордың мақсат-мұратын білу аса маңызды деп есептейміз, 
өйткені  оның  қоғамдық-саяси  дүниетанымы  мен  көзқарасы, 

597
Ұлт тұғыры – тілде
ұстанымы  мен  əлеуметтік  болмысы  тілдік  тұлғаның  мəн-мəтінін 
қалыптастырып, сөз саптауын (стилін) шыңдауға ықпал етеді, əрі 
оны айқындауға бағдар болар көрсеткіш іспетті» [71], – дейді.
Сонымен, дискурс – грамматика мен стилистиканың ережелері 
бойынша  құрастырылған,  айтушының  (жазушының)  белгілі  бір 
ойын  немесе  коммуникативтік  ниетін  дамытатын  прагматикалық 
мəні  бар  жəне  оның  танымындағы  құндылықтар  жүйесін  тануға 
көмектесетін  когнитивтік  функциялары  бар,  оның  ішкі  əлемін, 
«менін»  қоса  көруге  мүмкіндік  беретін  тұтас  тілдік  шығарма 
ретінде  ұғынылып  жүр.  Олай  болса,  дискурс  тілдік  шығарманың 
айналасына  шоғырландырылған,  прагматикалық  мазмұнмен 
толыққан шығарма иесінің өзіндік қырын көрсететін күрделі жүйе 
ретінде түсініледі.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал