Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет11/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тілдің адамтанымдық жəне прагматикалық уəжінің 
«тілдік тұлға» теориясы арқылы түсіндірілуі
Қазіргі  тіл  біліміндегі  тілдің  коммуникативтік  əлеуетін  зерттеу-
ге  кең  өріс  беретін  мəтін  лингвистикасы  негізінде  қазақ  сөзінің 
шығармашылық  əлеуеті  мен  контекстік  қолданысын  көрсететін 
көркем  тілдің  коммуникативтік  қызметі  жан-жақты  ашылып,  мə-
тін  мазмұнындағы  «ұлт  пен  тіл  біртұтас»  қағидасына  сай  жеке 
шығармашылық тілдің сан қырлы қоғамдық-əлеуметтік қызметін 
анықтауда  «тілдік  тұлға», «дискурс»  теориялары  тиімді  қолда-
нылады. 
Тіл  білімі  нысанына  «тілдік  тұлға»  санатының  енгізілуі  жал-
пы  тұлға  ұғымының  жаңа  мазмұнмен  толығуына  мүмкіндік  жа-
сап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспектісі аясы-
нан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз 
байланыстағы антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жа-
салды.  Соның  əсерімен  тіл  ғылымында  тілді  тұтынушы  адамға, 
шығармашылық  тұлғаға  деген  қызығушылық  күшейіп,  қазіргі 
таңда жаңаша зерттеулердің өзегіне айналып отыр.
Антропоөзектік парадигмада «тілдік тұлға» түсінігінің, анық-
тамасының пайда болуы, оны зерттеу қағидасы мен теориясы орыс 
тіл  білімінде  жасалғанымен, «тіл  жəне  тұлға»  мəселесі,  тілдің 
қызметі мен өмір сүруін оны тұтынушы тұлғамен байланыста зерт-
теу идеясы тіл білімінде барлық кезеңдерде де болды. Еуропа тіл 
білімінде  бұл  теорияның  пайда  болуының  тарихи  алғышарттары 

569
Ұлт тұғыры – тілде
тілдің əлеуметтік табиғаты, тіл мен сөйлеудің, жеке адам мен 
ұжым тілінің арақатынасы (В. Гумбольдт, И.А. Бодуэн де Курте-
не, Ф. де Соссюр, т.б.) туралы мəселелердің қозғалуымен сипатта-
лады.
В. фон Гумбольдт тілді «адамның ішкі болмысының органы» 
ретінде  жəне  «халықтың  рухы  мен  мінездемесін  бейнелеуші» 
ретінде түсіндіріп, адамның дүние туралы түсінігі оның тіліне бай-
ланысты емес деген идеяны жоққа шығарады. Ол өз еңбектерінде 
адамның  ішкі  əлемі  мен  оны  қоршаған  болмыстың  арасын 
жалғастырушы болып табылатын тілдің мəн-маңызын тануға ты-
рысты. 
В.  фон  Гумбольдт  пікірінен  тілдік  тұлға  туралы  ойын  дыбы-
спен біріктіріп бере алатын жəне сол рухани қызметі нəтижелерін 
қарым-қатынас барысында қолдана алатын өз ұлтының жиынтық 
өкілі ретінде жалпы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Тіл білімінде «тілдік тұлға» теориясының негізін салушы акаде-
мик Ю.Н. Карауловтың тұжырымы бойынша, жалпыұлттық жəне 
жекелей алғанда ұлттық тілдік тұлға құрылымы бір-бірімен өзара 
байланысты  үш  деңгейден  тұрады: 1) белгілі  бір  мағыналарды 
бейнелеу құралдарын суреттеуді (тілдің лексикалық, грамматика-
лық, т.б. құрылысын суреттеу) жүзеге асыратын вербалды-семан-
тикалық деңгей; 2) тұлғаның құндылықтар дүниесін бейнелейтін 
(фрейм, фразеологизмдер, қанатты сөздер, метафоралар жəне т.б.) 
«ғаламдық  бейнесіне»  кіретін,  бірліктері,ұғымдар,  концептілер 
болып  табылатын  когнитивтік  деңгей; 3) тұлғаның  мақсатын, 
қызығушылықтарын,  аргументация,  бағалау  жəне  т.б.  тəсілдерін 
зерттейтін прагматикалық деңгей [60].
Тілдік  тұлғаны  зерттеу  міндеттеріне  қатысты  жазған  мақала-
сында ғалым бұл терминді «адамның а) тілдік-құрылымдық күр-
делілік  дəрежесімен,  ə)  болмысты  дəл  жəне  терең  бейнелеуімен, 
б) белгілі бір мақсатқа бағытталуымен ерекшеленетін тілдік шы-
ғармаларды (мəтіндерді) ұғынуға жəне жасай алуға, жарыққа шы-
ғаруға қабілеттілігінің жиынтығы» ретінде анықтайды. Бұл анық-
тамада  адам  қабілеттері  мен  ол  шығаратын,  жасайтын  мəтіндер 
ерекшеліктері  бірлікте  қарастырылған.  Аталған  тілдік  тұлғаның 
тілдік қызметінің үш факторы жоғарыда көрсетілген үш деңгейге 
сəйкес келеді.

570
Ұлт тұғыры – тілде
Осы бағытта қазақ тіл білімінде «тілдік тұлға» ұғымымен қа-
тар қолданылатын – ұлттық тұлға термині. Қазақ тіліндегі дүние-
нің  тілдік  суретін  арнайы  қарастырған  зерттеуші  И.А.  Айбарша 
ұлттық мəдениеттің тілде орныққан тілдік бейнелеріне жан-жақты 
талдау жасайды.
Көркем мəтінді тілдік тұлғаны сипаттайтын ұлттық мəдениет-
тің  тілдік  релеванттарын  зерттеген  Ш.М.  Елемесова  дара  тіл 
өзгешелігін  лингвостилистикалық  жəне  психолингвистикалық 
сабақтастықта талдаса, Т. Ізтілеуовтің тілдік тұлғасының дискурс-
тық сипатын зерт теген Ф.Б. Қожахметова тілдік тұлғаны «ұлт тілі 
мен ұлт мəдениетінің ақпаратын сатылы деңгейде толық меңгерген 
тілдік-мəдени құзірет иесі» ретінде анықтайды.
Г.Е.  Имашева  М.  Дулатұлы  тіліндегі  қазақ  ұлтының  рухани 
дүниетанымы  оның  тіліндегі  «ғаламның  бейнесі»  ретінде  байқа-
латындығын айта келіп, сонымен бірге оның тілдік тұлғасы айт-
қан  сөздері,  шығарған  өлең-жырлары,  жазған  мақалалары  арқы-
лы танылатынын нақты дəйектейді.
Абайдың  тілдік  тұлғасын  зерттеген  Г.Ə.  Мұратова  қазақ  тіл 
біліміндегі  тілдік  тұлғаның  классикалық  үлгісін  ұлы  Абайдың 
қазақ  əдеби  тіліндегі  орнын  саралау  арқылы  айқын  көруге 
болатындығын  атай  келіп,  тілдік  тұлға  мəселесін  анықтауда 
«өзі  меңгерген  ұлт  тілі  мен  мəдениетін  өзгеге  таныта  отырып, 
тілді  тұтынушы  ретінде  əрі  тілді  жасаушы  ретінде,  тұтастай 
алғанда  тіл  тарихына  (синхронды,  диахронды  күйіне),  тілдің  да-
муына  қандай  үлес  қосқанын  айқындау  мəселесі – Тілдік  тұлға 
мəртебесін одан əрі бекіте түсетін немесе оның тағы бір қырын, 
яғни толыққанды Тілдік тұлға болмысын ашатын басты ұстаным 
болуға тиіс», – деп біледі.
Мысалы,  осындай  өлшемдер  тұрғысынан  белгіленетін  талап-
тар үрдісіне толық жауап беретін М. Жұмабаев – ұлттық тілдік 
тұлға. Тұлға тіліндегі ұлттық ерекшелікті танытатын жеке ғалам-
дық тілдік бейнесінде берілу көрінісін саралау арқылы оның тілдік 
тұлғасының ұлттық болмысын тануға болатыны белгілі. Мысалы, 
М. Жұмабаев дискурсындағы теңеулер ойға келмейтін əртүрлі зат-
тар мен құбылыстарды бір-біріне тосын теңеуімен ерекшеленеді: 
ұршыққа  оралған  жіптей  бас-аяғы  жоқ  қыстың  ұзын  кеші  еді.
Бұл  жердегі  ұршық  лексемасының  тура  мағынасы  «жіп  иіруге 

571
Ұлт тұғыры – тілде
арналған  құрал»  дегенді  білдіретін  лингвомəдени  бірлік.  Бірақ 
бұлсөйлемнің  құрамында  ол  өзіндік  мағынасынан  тыс  көркем 
контекстке сай түсініліп,ұлттық адресаттың санасында бұрыннан 
таныс  ұршыққа  оралған  жіптің  суретінің  жаңғыртылуы  арқылы 
қысқы кештің қаншалықты ұзақ болатындығы ұғынылады.
Сонымен  бірге  ғаламның  айшықталған  ұлттық  бейнесін  ха-
лықтың мінез-құлқының біркелкілігін беретін стереотиптерден, ха-
лықтың  шындық  болмыс  туралы  жалпы  түсініктерінен,  мақал-
мəтелдер мен қанатты сөздерден де табуға болады. Халықтың та-
рихы мен мəдениетінің ерекшеліктері алдымен пайымдаудан өтіп, 
халықтың  ой  əлеміне  еніп,  оның  ғаламдық  бейнесінің  құрамдас 
бөлігіне айналады да, кейін тіл арқылы бейнеленіп, халық тілінің 
семантикалық кеңістігіне қосылады.
Соңғы  кездері  тілдік  тұлғаны  түсіндіруге  бірнеше  тұрғыда 
келу  үрдісі  қалыптасқандығын  байқауға  болады: 1) тілдік  тұлға 
болып  табылатын  жеке  адам  қалыптасуының  негізгі  жүйелерін 
анықтау  (тегі,  өмір  сүрген  ортасы,  əдеби  жəне  тілдік,  ұлттық-
мəдени  ықпал  жəне  т.б.); 2) жеке  адамның  тілдік  тұлғалық  бол-
мысын  құрайтын  жеке  қасиеттерін  танытатын  ерекшеліктерді 
көрсету. Атап айтқанда, өз бетінше білім алу, өзін-өзі жетілдіру, 
тəрбиелеу, өз тілдік тəжірибесін ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда 
жеке  жауапкершілігін  сезіну,  білім  дағдыларын  игеру,  шеберлік 
дагдыларын  меңгеру,  игерген  білімдері  мен  тəжірибесін  болмы-
сты өзгерту үшін қолдану, т.б. Осы қасиеттерден тұратын күрделі, 
көпсатылы  зерттеу  нысаны  ретінде  оның  тілін  ассоциативтік-
вербалдық,  когнитивтік,  прагматикалық  деңгейлерін  сипаттаудан 
тұратын деңгейлік талдау арқылы қарастыру қажет.
Сонымен бірге тұлғаның өмір сүруінің негізін құрайтын, оның 
мақсаттары,  ниеттері  мен  ұстанымдарын  белгілейтін  шығар-
машылық  қажеттіліктері  туралы  да  айтуға  болады.  Тұлғаның 
қоршаған əлемге, айналадағы басқа адамдарға, өзіне деген қарым-
қатынасы  арқылы  анықталынатын  құндылықтар  жүйесі,  яғни 
адамның  материалдық  жəне  рухани  қоғамдық  игіліктер  мен 
мұраттарды,  белгілі  бір  əлеуметтік,  мəдени  жəне  адамгершілік 
құндылықтарды  таңдап  алуының  себептері  оның  танымындағы 
ғалам  бейнесін  ашу  арқылы  анықталынады.  Ал  танымы  мен 
мақсат-мүдделерінің  прагматикалық  əлеуеті  оның  тілі  арқылы 
көрініс табады.

572
Ұлт тұғыры – тілде
«Тілдік тұлға» ұғымы қоғамдық қарым-қатынастар, мəдениет 
жүйесі  арқылы  анықталынатын  жəне  биологиялық  ерекшеліктер 
себепші  болатын  саналы  қызмет  пен  қарым-қатынастар  субъек-
тісі болып табылатын «тұлға» ұғымын тірек етеді. Тұлға – шығар-
маны  жасаушы,  сонымен  қатар  тарихтың,  мəдениеттің  əрі  өнімі, 
əрі субъектісі. Адамның рухани қажеттілігі таным, ойлау жəне қа-
рым-қатынас  кұралы  болып  табылатын  тіл  арқылы  қанағаттан-
дырылады, сол себепті тұлға тіл арқылы, яғни тілдік тұлға ретін-
де ашылуы керек.
Əрбір мəтінді, əдеби шығарманы нақты тұлға жасайтыны бел-
гілі. Шынайы автор (сөзді жасаушы) жазуға кіріспес бұрын алдына 
белгілі бір мақсат қояды. Осы сəттен бастап шығармашылық баста-
лады, яғни өмірлік жадығаттың (санада, қиялда əлдеқашан пайда 
болған идея мен мазмұнның) əсерімен автор сол жадығатты берудің 
жолдарын  іздей  бастайды.  Мəтінді  жасаушы  мəтінде  ақпаратты 
тілдік  жүйенің  фонетикалық,  морфологиялық,  лексикалық,  син-
таксистік құралдарының көмегімен өзінің мақсаттарына сай береді. 
Кез келген мəтіннің өзінің тікелей жасаушысы болады, бірақ рес-
ми жəне ғылыми мəтіндерге қарағанда көркем шығармадағы баян-
дау субъектісін табу қиындық туғызады. Бұндағы сөзді жасаушы 
шынайы автордың (жазушы немесе ақынның) шығарманы дүниеге 
əкелуіне қызығушылығына сəйкес таңдап алған өмірлік материал, 
оны  жүзеге  асырудың  айқын  жəне  дəлелді  жолдарын  табу  ниеті, 
бейнеленетін  оқиғаға  деген  өзінің  құлықтылық  қарым-қатынасы 
жəне  өзіндік  ғаламдық  бейнесі  əсеретеді  жəне  бұның  барлығын 
сөз арқылы береді. Сөз – құдіретті əсеретуші күш, əсіресе, сөздің 
рухы  ол  поэтикалық  қызмет  атқарғанда  еселене  түседі.  Өйткені 
сөз  поэтикалық  қызмет  атқарғанда  өзінің  жасырын  жатқан,  яғни 
контексте ғана көрінетін əлеуетін ашады.
Адам өмір сүретін шынайы орта адам санасында оны қоршаған 
заттар  мен  құбылыстар  туралы  жинақталған  білімнен  тұратын 
түсініктер  жүйесі  түрінде  бейнеленіп,  жеке  адамның  ойында  өз 
тəжірибесі  мен  түйсінуі  нəтижесінде,  сонымен  қатар  ұжымдық 
тəжірибенің əсері нəтижесінде қалыптасқан ғалам бейнесі түрінде 
көрініс  табады.  Ғалам  бейнесі – адамның  танымдық  қызметінің 
нəтижесі, ақыл-парасатының өнімі. Адам санасындағы ғалам бей-
несі,  шындығына  келгенде,  оны  қоршаған  əлемнің  субъективті, 

573
Ұлт тұғыры – тілде
идеалды  бейнесі  болып  табылады.  Ғалам  бейнесі  ұғымын  фило-
софия,  психология,  мəдениеттану,  гносеология,  когнитология, 
лингвистика  ғылымдарының  өкілдері  қолданады.  Бұл  ұғым  қо-
сымша ғылыми, жалпы ғылыми, жеке ғылыми, тарихи, тілдік, т.б. 
анықтамалармен  нақтыланып,  басқа  да  көптеген  ғылыми  білім 
салаларының зерттеу аясына кіреді.
Зерттеушілер адамның қоршаған дүниені тануының екі маңыз-
ды тəсілін бөліп көрсетеді: 1) адамның күнделікті тəжірибесі мен 
қайта жасақталып отыратын қызметінің əртүрлі түрлерінің нəти-
жесінде  қалыпты,  саналы,  эмоционалдық  танымы  барысында 
өзектелетін ғалам; 2) шынайы болмыстың бейнеленуі мен ғылыми 
таным барысында қалыптасқан ғалам. Бұл екеуіне пəк ғалам бей-
несі  (наивная  картина  мира)  мен  ғылыми  ғалам  бейнесі  сəйкес 
келеді. Сонымен, «ғалам бейнесі» ұғымының негізі адамның дүние 
туралы түсініктерін зерттеу құрайды.
Ғаламның ұлттық бейнесі туралы зерттеушілер пікірлері мы-
нандай  қорытындыға  алып  келеді:  ғаламның  ұлттық  бейнесі – 
халықтың ойлау, таным қызметінде, оның физикалық жəне вербал-
дық  мінез-құлқында  көрініс  табатын  танымдық-психологиялық 
шындық. Өз ділі арқылы белгілі бір қауым жəне оны құрайтын жеке 
адамдар  шындық  болмысты  бағалап  танып,  нəтижесінде  өзінің 
ғалам бейнесін жасайды. Ұлттың ділі, тарихы, дəстүрі, ұрпақтар 
сабақтастығы  арқылы  жалғасқан  ғалам  бейнесі  адам  санасында 
өмір сүреді. Себебі, «сана – бүкіл этностың, əлеуметтің ғасырлар 
бойы жасаған ой еңбегінің нəтижесі». Демек, сол санада сақталған 
«ғалам  бейнесі»  кейін  белгілі  бір  таңбалар  жүйесі  арқылы,  ал-
дымен  ұлттық  тіл  мен  көркем  шығармашылық  арқылы  заттана-
ды.  Сондықтан  да  ұлттық  діл  қызметінің  өзіндік  нəтижесі,  яғни 
«ғаламның ұлттық бейнесін» бейнелейтін көркем шығармаларды 
талдау сол ұлтты түсінуге айтарлықтай ықпал етері сөзсіз.
Жеке тілдік тұлғаның шығармашылығы арқылы ұлт болмысы-
ның  сипаты  іспетті  мəдени  ақпараттарды  қазіргі  ұрпақтың  қа-
былдап,  игеруі  көркем  мəтінде  бейнеленген  мəдени  мұраның 
танылуының  тетігі  оның  коммуникативтік  қызметімен  тікелей 
байланысты. Міне, осы арада мəдениет игіліктерін өндіруші (сол 
кезеңдегі) мен тұтынушы (қазіргі кезеңдегі) арасындағы мəдени-
аралық  танытушылық  қызметті  тіл  ғылымы  атқарады.  Мысалы, 

574
Ұлт тұғыры – тілде
нақты  айтқанда,  мəтін  мазмұнында  суреттелген  тарихи-мəдени 
феномен  шығарманың  көркем  тілі  арқылы  оқушы  танымынан 
орын алып, мəдени-тілдік коммуникация іске асады.
Абайдың шығармалары тілін «тілдік тұлға» 
тұрғысынан зерттеу мəселелері
XX  ғасыр  аяғы  тілді  зерттеудегі  ғылыми  парадигманың  ауы-
суымен сипатталады. Атап айтқанда, сол тілде сөйлеушінің тілдік 
жүйе  мен  оның  мүмкіндіктерін  пайдаланудағы  жеке  сапалық 
қабілеттеріне  ерекше  назар  аударылады.  Осымен  байланысты 
тілдің  жалпы  зандылықтары  мен  аялық  білім  индивидуумның 
санасында  қалай  жаңғыратынын  анықтау  үшін  жеке  тілдік 
қолданушының дискурсын зерттеу кажеттілігі туындайды. Соның 
нəтижесінде,  біріншіден,  сөйлеушінің  жеке  сөйлеу  дағдысының 
тілдік  көрінісі  анықталса,  екіншіден,  жеке  сөйлеушінің  сөз  шы-
ғармашылығының ұлттық тілдің тарихы мен дамуына əсері нақты 
көрінеді.
Осыған орай, лингвистикада тілдегі когнитивтік процестер мен 
оның  прагматикалық,  психологиялық  жəне  əлеуметтік  қырларын 
қарастыратын  зерттеулер  күшейіп,  жеке  тұлғаның  ойлау  жəне 
интенционалды  ерекшеліктерін  оның  жасаған  мəтіндері  арқылы 
белгілі  дəрежеде  дəлме-дəл  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Бұл 
аспектілердің  интеграциялық  мəнін  кешенді  түрде  зерттеу  тілдік 
тұлға теориясымен тығыз байланысты.
Тілдік  тұлға  теориясының  толық  жəне  жүйелі  түрде  қарас-
тырылуы Ю.Н. Карауловтың еңбектерінде қалыптасқан [60]. Атап 
айтқанда,  зерттелуші  тілдік  тұлғаның  дискурсын  анықтау  жеке 
тілдік  қолданыстың  вербалды-семантикалык,  когнитивті  жəне 
прагматикалық  деңгейлерін  талдау  арқылы  іске  асырылады.  Бұл 
тектес зерттеулердің өзектілігі тілдік тұлғаның шығармашылығы 
негізінде туған дискурстың тек тілге ғана қатысты емес, сонымен 
бірге,  тарихтың  бөлігі  екендігінде.  Себебі  жоғарыда  көрсетілген 
тілді  зерттеудің  жаңа  ғылыми  парадигмасына  сəйкес  өзіндік  са-
насы  мен  ойлау  жүйесі  деңгейінде  білім  алған,  сақтаған  жəне 
пайдаланған  адам  болмысына  ерекше  мəн  беріледі.  Сондықтан 
антрополингвистикалық  бағытқа  сəйкес  тіл  таным  құралы,  білім 

575
Ұлт тұғыры – тілде
қоймасы,  ақпарат  беру  құралы,  сананың  бейнесі  мен  жеке 
қасиет-қабілеттерінің  көрінісі  ретінде  қарастырылады.  Демек, 
интеллектуалдық, əлеуметтік, психологиялық, т.б. негіздеріне сай 
құрылған ракурста жеке тұлғаның болмысы жан-жақты ашылады. 
Сондықтан  ғалымдар  (акад.  В.В.  Виноградов,  т.б.) «автор  тұлға-
сын»,  оның  дискурсының  тілдік  ерекшеліктерін  талдау  арқылы 
анықтауға  тырысады.  Мұндай  зерттеулер  қазақ  тіл  білімінде  де 
бар екені белгілі (Р. Сыздық, Б. Шалабай, О. Бүркіт, т.б.). Соның 
негізінде  лингвостилистика  саласы  қалыптасқаны  да  шындық. 
Бірақ бұл, негізінен, тілдің құрылымдық жүйесіне сүйеніп жасал-
ған  талдаулар  болып  келеді.  Осы  орайда  Абай  тілінің  табиғатын 
тануда  академик  Р.  Сыздық  еңбектерінің  мəні  ерекше [61].  Жеке 
тілдік тұлғаның шығармашылық тілі, көркемдік жүйесін зерттеу-
де  үлгі  ретінде,  қазақ  тіл  білімінің  жетістігі  ретінде  ғылыми  да, 
ресми де жоғары бағасын алған академик Р. Сыздықтың Абай тілі 
бойынша  зерттеулерінің  маңыздылығы – олардың  жаңа  ғылым 
көкжиектеріне  негіз  болып  жалғасуында.  Себебі  біз  сөз  етіп 
отырған  тіл  зерттеу  бағыты  Абайтану  проблемасындағы  өзекті 
мəселенің бірі Абайдың шығармашылық əлемін, Абай феноменін 
оның тілдік тұлғасын анықтау арқылы ашуға жол ашады. Ал ол, 
Ю.Н. Караулов көрсеткендей, «тілді тек өз ішінде емес, тілден тыс 
та  қарастырмай,  оны  жасаушы,  сөйлеуші,  қолданушы – адамға, 
нақты тілдік тұлғаға көңіл бөлмей» зерттеу мүмкін емес. Олай бол-
са, қазақ əдеби тілін қалыптастыруда ғана емес, қазақ мəдениетінде, 
философиясында  ұлттың  санасындағы  ерекше  тұлға  ретіндегі 
Абайдың құдіретін тану үшін осындай кешенді сипатта қарастыру – 
осы  мəселенің  шешімін  табуға  үлес  қосатын,  қазіргі  қоғамдық-
əлеуметтік шындық жағдайында тіл білімі шеңберіне сыймайтын 
өзекті мəселенің бірі.
Ю.Н. Караулов тілдік тұлға ұғымын оның көркем тілі, тілдік 
құралдары  арқылы  көрінісімен  байланыстырады.  Ғалымның 
пікірінше,  тілдік  тұлға  үш  деңгейден  тұратын  құрылым  арқылы 
көрінеді: 1) вербалды-семантикалық  (нөлдік  деңгей,  яғни  аялық 
білім); 2) когнитивті  (тезаурусты  деңгей).  Мұнда  адамның  білім, 
сана,  танымның  бейнелеген  мəтіндері,  тілдік  құралдары,  автор-
лық  қолданыстары,  т.б.  негізінде  тұлғаның  дискурсы  танылады; 
3) прагматикалық (уəждік) деңгей. 

576
Ұлт тұғыры – тілде
Тілдік  тұлғаның  лингво-когнитивті  деңгейінде  аялық  білім 
жəне  авторлық  ерекшеліктер  талданады.  Осы  орайда  тілдік  тұл-
ғаның  тезаурусын  зерттеу  авторлық,  шығармашылық  даралығын 
дəйектейді.  Мысалы,  Абайдың  өзіндік  сөз  тіркестері,  теңеулері, 
метафора,  жаңа  сөз  қолданыстары,  т.б.  Мəселен: «Өлең  сөздің 
патшасы,  сөз  сарасы»; «Қалың  елім,  қазағым,  қайран  жұртым, 
Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың»; «Жігіттер, ойын арзан, күл-
кі қымбат»; «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»; «Жас жүрек 
жайып  саусағын»,  т.б.  метафоралық  қолданыстар  Абай  шығар-
машылық жүйесінің өзіндік танымы негізінде қалыптасып, тілдік 
тұлғасын анықтайды.
Аталған  деңгейлердің  дамуының  белгілі  бір  тілдік  тұлғада 
көрініс  табуы  əртүрлі  дəрежеде  өрістеп,  түрлі  сипатта  көрінеді. 
Оның  шығармашылық-танымдық  мазмұны  дүниетанымдық,  мə-
дени  құндылықтар  жүйесінен  тұрады.  Сондықтан  тілдік  тұлға-
ны алдымен ұлттық тілдік тұлға ретінде түсінеміз. Себебі тілдік 
тұлғаның  табиғаты  тұлғаның  ұлттық  мəдени  сатысымен  тіке-
лей  байланысты.  Осыған  қатысты  шығармашылық  негізінде 
анықталатын  Абайдың  тілдік  тұлғасының  жоғарыда  көрсетілген 
үш  деңгейін  ұлттық  арқау  арқылы  талдауға  болады.  Өйткені 
Абай  шығармаларының  тілі – ұлттық  байлық  (игілік),  қазақ 
халқының сөздік мəдениетінің қазынасы. Сондықтан да Абай аты-
мен  «қазақтың  ұлттық  ақыны»  деген  ой  əрқашан  қатар  жүреді. 
Шын мəнінде, қазақ тарихында көркемдік мəні, мəдени мазмұны 
тұрғысынан  Абайдан  асқан,  Абайдан  жоғары  ұлттық  ақынымыз 
болған  жоқ.  Оның  шығармаларының  тілінде  ана  тіліміздің  бар 
байлығы, күші жəне икемділігі мен оралымдылығы көрініс тапқан. 
Абайдың ұлылығы – оның тілдің шекарасы мен кеңістігін өзінің 
шығармашьшық  күшімен  одан  əрі  кеңейтіп,  көтеруінде.  Абай 
өлеңдерінде қазақтың табиғаты, жаны, тілі, мінезі мен көңілі бар 
болмысымен көрінеді.
Орыстың ұлы сыншысы В.Т. Белинский: «А.С. Пушкин орыс 
тілінен  ғажайып  істеді» – деген,  сондай  пікірді  ұлы  Абайға  қа-
тысты да айтуға болады. Басқасын былай қойғанда, жылдың төрт 
мезгілі қыс, жаз, көктем, күзді жырламаған əлемде ақын кем де 
кем.  Бірақ  соны  тап  Абайша  кім  қазақша  жырлады?  Мысалы, 
«Жазды»  алайық:  көз  алдыңызға  «сабадан  қымыз  құйдырып, 

577
Ұлт тұғыры – тілде
ортасына  қойдырған», «ат-айғырлары,  биелері  бүйірі  шығып, 
ыңқылдаған»  қазақ  ауылының,  табиғатының  суреті  келе  қалмай 
ма?  Тіпті,  қыстың  қаттылығын  суреттеу  үшін  «Кəрі  құдаң  қыс 
келіп əлек салды» деп құдаға теңеуін алып қарайық, мұның бəрі 
Абайдың рухани-танымдық мəдениет тезаурусын құрайды. Мыса-
лы, Абай өлеңдерінде аңшылардың кəсіптік ортасына тəн сөздер 
мен сөз тіркестері кеңінен қолданылуы арқылы бейнеленуі мəдени 
көріністің  шынайы  да  кең  суретін  жаңғыртып,  көз  алдыңызға 
елестетеді.  Оның  нақты  мысалын  атақты  «Қан  сонарда  бүркітші 
шығады  аңға»  өлеңінен  көруге  болады.  Өлеңді  түгел  келтіріп, 
көркемдік  тəсілдеріне  талдау  жасау  біздің  жұмысымызға  шарт 
емес.  Дегенмен  мына  сөздерге,  лингвокультуремаларға  этно-
танымдық  талдау  жасауға  болады:  қансонарда,  қағушы,  томаға, 
сорғалап  құлау,  үйірімен  үш  тоғыз,  жасы  үлкен  жанына  байла-
ғанда, т.б. Осы сияқты толып жатқан этнографиялық мəнді бояу-
лы сөздер мен сөз тіркестері Абайдың тілдік тұлғасының лингво-
когнитивті  сипатын  білдіреді.  Немесе,  авторлық,  дискурстық 
сипаттағы  портреттер,  сұлу  қыздың  бейнесі,  табиғат  суреті,  т.б. 
əртүрлі көркемдік айшыққа толы суреттеулер. Мысалы: Қақтаған 
ақ күмістей кең маңдайлы; Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі 
қызыл,  ұқсайды  қаса  сұлу  шомылғанға;  Ақ  білегін  сыбанып,  т.б. 
Ал фразеологиялық тіркестердегі тұнып тұрған поэтика Абайдың 
көркемдік əлемін бейнелейді. Мұны да Абай ақын қазақтың ұлт-
тық характерін, мінезін бейнелеу үшін жасаған, шебер пайдалан-
ған. Мысалы, Аузымен орақ орған өңкей қыртың; Толғауы тоқсан 
қызыл тіл; Ойлағаны айт пен той, ыржаң-қылжақ ит мінез; Ақ 
көйлекті,  таяқты  Ақсақал  шығар  бір  шеттен; ...Малшыларға 
ыңқылдап;  Сілке  киіп  тымақты,  насыбайды  бір  атасың  көңілің 
жайланғанда, т.с.с.
Біз бұл мақалада Абай шығармашылығын тілдік тұлға теория-
сы  негізінде  талдаудың  өзектілігін  көрсетуді  мақсат  еттік.  Ал, 
кең тұрғыда мəтіндік талдау болашақтың ісі деп үміттенеміз. Бұл 
тектес зерттеулер қазақ тіл білімінде де соңғы кезде қолға алына 
бастады [59].
Сонымен,  Абайдың  ұлттық  тілдік  мұрасын  лексика-семан-
тикалық деңгейде ғана сипаттап қоймай, сонымен қатар оның ұлт-
тық мəдени құндылықтарды, ұлттық ділді, ұлттық психологияны 

578
Ұлт тұғыры – тілде
терең меңгерген жəне оны келер ұрпақка бере алар тұлға екенді-
гіне  баса  назар  аудару – қазіргі  тіл  білімінің  антропоцентристік 
бағытына сəйкес өзекті мəселелердің бірі.
Демек,  тілдік  тұлға  теориясының  нөлдік  деңгейіне  сəйкес 
Абай – ұлт тілі мен ұлт мəдениетінен толық ақпаратты меңгерген 
тілдік мəдени құзірет иесі. 
Екінші деңгей арқылы Абайдың өзіндік танымы негізінде қа-
лыптасқан ерекше қолданыстарының тезаурусы талданады. Олар 
өзінше  «ғаламның  тілдік  бейнесін  жасап»  өзіндік  дискурсын  та-
нытады.
Үшінші деңгейде Абайдың тілдік тұлғасының білімімен, түсі-
нігімен  жаңа  мазмұнға  ие  болған  прагматикалық  мақсат,  уəждер 
көрінеді.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал