Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет10/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жазушының «көркемдік əлемін» бейнелейтін 
сөз құдіретінің психолингвистикалық сипаты
Жеке  тілдік  тұлғалардың  «көркемдік  əлемін»  айшықты  бей-
нелеген көркем мəтіндердің тілін кең арнада, тұтастықта зерттеу 
қазіргі тіл білімінің кешенді де, функционалды бағытының негізгі 
ұстанымын  белгілейді.  Себебі  жазушының  «көркемдік  əлемі» 
дегеніміз    –  ол  сонымен  бірге,  жазушының  көркемдік  əлемінің 
архетиптік ойлау жүйесіне негізделген «ұлттық əлем». 
Демек,  автордың  танымы  арқылы  көркемделген  шындықтың 
тілдік бейнесін зерттеу – тілді зерттеудің антропоөзектік бағытына 
сай өзекті мəселелердің бірі (қараңыз: Р. Сыздық. Сөз құдіреті. – 
Алматы, 2005). 
Шын мəнінде, лингвостилистика функционалды стиль шеңбе-
рінде қарастырылса да, бірақ көркем мəтін тілінің өзіндік табиғаты 

553
Ұлт тұғыры – тілде
мен күрделілігіне В. Виноградов, Р. Сыздық, Б. Шалабев, т.б. зерт-
теулерінде  ерекше  назар  аударылып, «автор  бейнесі»  мəселесі 
көтерілгені белгілі. Академик Р. Сыздық «Сөз құдіреті» (Алматы, 
2005)  еңбегінде  «көркем  əдебиет  тілінің  негізгі  мұраты – тілдің 
өзін емес, оның мүмкіншілігін көрсету», – деп атап көрсетеді (5-б). 
Ал,  мұндай  мүмкіншіліктің  айшықты  да  ауқымды  кеңістігі  
– 
көркем мəтін, оның тұтастық сипаты.
Бұлайша  зерттеудің  ғылыми  негізін  дəйектейтін – көркем 
мəтіннің  тілдік  деректері  арқылы  сипатталатын  ұлттық-мəдени 
ассоциация  парадигмасы,  архетиптік  уəждер  мен  коннотациялар 
жүйесі. 
Көркем мəтінді танымдық тұрғыдан зерттеу барысы жеке тілдік 
тұлғаның  ойы,  қиялы,  болжамы,  ғалам  жөніндегі  өзінің  біртұтас 
тұжырымы  мен  білімін  дəйектеп,  автордың  жеке  тəжірибесі  мен 
таным үрдісі негізінде қалыптасатын өзіндік тілі мен даралығын 
идиостиь  ұғымы  ретінде  анықтайды.  Соған  сəйкес  жеке  тілдік 
тұлғаның  көркем  мəтіндік  тілі  ұлттық  болмыс  пен  автордың 
тарихи-мəдени  тəжірибесімен  толықтырылған  шығармашылық 
нəтижесі. 
Сондықтан да көркем мəтіндегі ғалам бейнесі оны жасаушыға 
ұқсас  болып  құрылуы – заңды  құбылыс.  Себебі  əрбір  суреткер 
шығармашылық кеңістігін өз танымына сəйкес құрып, өзіндік көр-
кемдік  антропологиясын  жасайды.  Адам  туғаннан  бастап,  айна-
ласындағы  көптеген  шындыққа  бейімделуі  үшін  өзін  қоршаған 
əлемді,  яғни  өзінің  жеке  шындығын  құра  бастайды.  Бұл – ерек-
ше  əлем  ғана  емес,  тұрмыс-тіршілік,  сонымен  бірге,  адам  пси-
хикасының  белсенділігін  туғызушы  адамның  ішкі  əлемін  құруға 
əрі сыртқы əлемге бейімделуіне ықпал етуші құрылым.
Шындықтан алынатын ақпараттарды қайта өңдеу барысында-
ғы  өзара  əрекеттесуі  нəтижесінде  қалыптасатын  шығармашылық 
кеңістік  автордың  рухани-танымдық  кодында,  тілдік  санасында 
жинақталып,  К.  Юнг  атаған  «психикалық  шындық»  құрылады. 
Оның мазмұны əрбір адамда өзінше жəне қайталанбайды.
Қоршаған  ортаны  адам  санасында  бейнелеудің  көптеген  тə-
сілдері белгілі (еңбек, өнер, т.б. шығармашылық түрлері). Алайда 
осылардың  ішінде  көркем  əдебиеттің  орны  ерекше.  Көркем  шы-
ғармалардағы  əлемді  бейнелеуде  дербес  болмысты,  шындықты 

554
Ұлт тұғыры – тілде
құрастыруды  соңғы  кезде  ғалымдар  «көркемдік  əлем»  деп  атап 
жүр. Бұл əлем – автор психикасының белсенділігінің нəтижесі, со-
нымен бірге, ол оқырманмен өзара ықпалдасуға əрекет. 
Осы  арада  əлемді  бейнелеудегі  өнердің  басқа  тəсілдерінен 
көркем  тілдің  айырмашалығын  атап  көрсеткен  жөн:  автор  тіл 
құдіреті  арқылы  мəтін  мазмұнын  елестете  алады,  образдарды 
жүйелейді,  оқырманды  еліктіріп,  өз  əлеміне  (автордың)  енгізеді. 
Басқаша  айтқанда,  автор  тілі  арқылы  оқырманға  көркемдік 
шындық əлемін жасауына мүмкіндік береді. 
Нақты  айтқанда,  оқырман  тақырыпқа,  суреттелген  оқиғаға 
қызығып,  шындықта  болмаған,  автордың  санасында  туындаған 
дүниелерден  əсерленеді,  түрлі  күйге  түседі.  Көркем  мəтін  əрбір 
оқырманды  өзінің  ішкі  дүниесіне  «үңіліп», «терең  бойлауы-
на»  жəне  өзінің  де  ішкі  мүмкіндіктерін  ашуға,  санасына  түюіне, 
уəждік жүйесін вербалдық сипатта жаңғыртуға, түптеп келгенде, 
автордың «менін» тануға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, көркем əдебиеттің өзіне тəн көркем тілі арқылы 
адамды  түрлі  сезімге  бөлеп,  рухтандыратын  күшке  ие  құдіреті 
белгілі. Оны іске асыратын тетік автордың таным мен тілі арқылы 
қалыптасқан  «көркемдік  əлемі»  мен  оқырманның  психикасын-
дағы  рухани-танымдық  мүддесінің  тоғысуы,  қабылдануы.  Осы-
мен  байланысты  көркем  мəтіннің  эстетикалық,  тəрбиелік,  аксио-
логиялық,  коммуникативті-мəденитанымдық,  т.б.  мəндері  анық-
талады.
Тіл  табиғатының  кешенді  сипаты,  рухани-əлеуметтік  мəнін 
анықтаудың күрделі де өзекті мəселелері оның тек таза лингвис-
тикалық емес, психологиялық қырларымен де терең ассоциация-
лық  құрылымдар  негізінде  астасып  жатқанын  көрсетеді.  Осы 
тұрғыдан қарағанда, жеке лексикалық бірліктер толық психолин-
гвистикалық  талдауға  дəйек  болуға  дəрменсіз.  Сондықтан  бұл 
салада  ерекше  мəнге  ие  болатын  жеке  тұлға  байлығы  ретінде 
эмоциялық-бағалауыштық қабылдауға сəйкес келетін сөз (тіл) ар-
қылы  объективті  əлемнің  субъективті  бейнесін  жасайтын  тіл-
дің  қызметі – тілдің  көркем  мəтіндегі  қолданыс  аясы,  оның 
ассоциативті-вербалды құрылымы.
Лингвистикалық  тұрғыдан  сөзді  түсіну,  қабылдау  тілді  жетік 
білу  принципімен  анықталады.  Соның  негізінде  сөйлеуші  мен 

555
Ұлт тұғыры – тілде
тыңдаушы  арасында  нақты  да  өзара  түсіністік  орнайды,  яғни 
тілдің коммуникативтік мəні іске асады. Ал психолингвистикалық 
тұрғыдан  тіл  əрекет,  қолданыс  үстінде  жəне  оны  адамдар  қалай 
пайдаланып,  қалай  қабылдайтыны  қарастырылады.  Яғни,  тіл 
қызметін  мəтіннің  беретін  мəні  мен  ойын  қабылдаумен  сабақтас 
қарастыру – психолингвистиканың  нысаны.  Осыған  сай  психо-
лингвистиканың  негізгі  назар  аударатыны:  мəтіннің  мазмұнын-
дағы  продуциенттің  (автор)  ойы  мен  оны  қабылдаушы  реци-
пиенттің (оқушы) ойының мəтінді түсіндірудегі сəйкестігі. 
Осы  арада: «Неге  бір  мəтіннің  мазмұнын  əр  оқушы  түрліше 
қабылдап,  түрліше  бағалайды?», – деген  сұрақ  туындайды.  Оны 
ғалымдар  мəтіннің  ар  жағында  жатқан  экстралингвистикалық 
жағдаятпен, прессупозициялық түсінікпен сабақтастырып, оқушы-
ның жеке танымдық ассоциацияларымен байланыстырады.
Мəтінді  оқығаннан  кейін  адам  санасында  бұрыннан  таныс 
бейнелер  қайта  жаңғырады  да  көптеген  адамдарда  бірдей  ассо-
циациялар пайда болады. Олар ортақ танымдық-əлеуметтік орта, 
этностық ұжымда қалыптасатын жалпы тілге тəн айшықтар (мета-
фора, теңеу, т.б.). Сондықтан да оқырман автор қолданған сөздердің 
қолданысын, мағынасын түсініп отырады. 
Бұл  деңгей  жазушы («тілдік  тұлға»)  мен  оқырманның  тілдік 
білім аясына сай («фоновое знание языка») тілге тəн айшықтарды 
меңгергенін  көрсетеді.  Бірақ  Ю.Н.  Карауловтың  анықтауында 
«тілдік тұлға» деп танылу үшін, бұл деңгей де жеткіліксіз. Ол со-
нымен бірге, белгілі бір сөздердің негізінде жатқан құндылықтар-
ды танып білуі керек. Ал бұл əрекет тілді қолданушының (автор-
дың)  ішкі  дүниесінің  дəрежесіне  байланысты  болады  да,  келесі 
тілдік-когнитивтік  сатыны  сипаттайды.  Белгіл  бір  тұлғаның 
тілін  (Абай  тілін,  М.  Əуезов  тілін,  Ш.  Мұртаза  тілін,  т.б.),  мəтін 
түзуге  себеп  болатын  уəждер,  мүдделер,  көркемдік  мəндер  мен 
құндылықтар, т.б. бəрі тұтасып келіп, автордың «көркемдік əлемін» 
бейнелейтін тілдік құралдардың жүйесін белгілейді.
Осы  кезге  дейін  қалыптасқан  лингвостилистикалық,  лингво-
поэтикалық  талдаулар  жазушы  мен  оқырманның  психологиялық 
жақындығына  қарамастан,  жазушының  шығармашылық  тұлға-
сының  эстетикалық  жағына  көбірек  көңіл  бөлді.  Бірақ  сөз  көр-
кемдік  құрылымға  ене  отырып,  қандай  да  бір  қозғалысқа,  əр-

556
Ұлт тұғыры – тілде
текті  трансформацияға  ұшырауы  мүмкін.  Ал  лингвист  көркем 
сөздің  осы  қызметінің  ерекшеліктерін  автордың  өзіндік  таны-
мы  (тілдік  санасы)  негізінде  түсіндіруге  міндетті.  Сондықтан 
психолингвистикалық  зерттеулер,  біріншіден,  көркем  мəтінді 
түсіну  жазушы  мен  оқырманның  когнитивтік  əлемінің  өзара 
əрекеттерінің  нəтижесі,  сондықтан  да  əрбір  индивидтің  көркем 
мəтінді қабылдауы бірдей адекватты болуы мүмкін емес екендігін 
дəлелдейді.  Екіншіден,  мысалы,  жазушының  көркем  мəтінде 
қолданған стилистикалық жүйесін (окказионализмдер, неологизм-
дер, жеке авторлық қолданыстар, қайталамалар, архаизмдер, т.б.) 
психолингвистер суреткердің өзіндік стилі, тілі деп емес, тек өзіне 
ғана  тəн  поэтикалық  тұжырымдамасы  деп  талдайды  да,  автор-
оқырман  қатынасына  ерекше  назар  аударады.  Осыған  орай,  мы-
салы, көркем мəтінде ерекше коммуникативтік сапа мен стильдік 
мəні бар көркем құралдардың бірі – қайталама. 
Академик  Р.  Сыздық  зерттеуінде  Ə.  Кекілбаевтың  «Үркерін-
дегі» қайталаманың небір түрлерін көрсетеді («Сөз құдіреті», 2005, 
93-б).  Бұл  ерекше  сезімдік  тебіреніспен  баяндалатын  тұстарда, 
кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесін ашуда айырықша тиімді көріктеу 
құралдарының бірі ретіндегі көркем тілдің бір сипаты.
Қорыта  айтқанда,  көркем  шығармада  ерекше  сөздік  формаға 
сай  көркем  ой  туатыны,  сонымен  байланысты  көркем  мəтін 
элементтерінің өзара əрекеті нəтижесінде жазушының жеке тілдік 
жəне танымдық психологиялық тұлғасына сай көркемдік əлемнің 
қалыптасуы,  жазушының  «Сөз  құдіретіне» (Р.  Сыздық)  тікелей 
байланысты. Оның мəнін ғалым аталмыш еңбегінің алғы сөзінде 
«қолданыстағы тілдің көркемдік қуаты, күші» деп анықтайды. 
Сонымен, автордың таным ерекшелігі мен болмысын, суреткер 
ретіндегі  ішкі  «көркем  əлемін»  бейнелейтін  тілінің  қолданысын 
түсіндіруді  лингвостилистика – лингвопоэтика – психолинг-
вистика,  т.с.с.  контекстеқарастыруды  қажет  етеді.  Академик 
Р.  Сыздықтың  «Сөз  құдіреті»  еңбегін  осы  бағыттағы  зерттеудің 
жарқын үлгісі деп бағалауға болады. Осымен байланысты тіл бол-
мысын  зерттеудің  антропоөзектік  бағытына  сəйкес  идиостиль, 
когнитивтік стиль ұғымдарының зор екені байқалады.

557
Ұлт тұғыры – тілде
Көркем сөз прагматикасы – сөз құдіретін танудың 
антропоөзектік үрдісі
 
Тілдік  тұлғаның  болмысына  сай  «ғаламның  тілдік  бейнесін» 
беретін  көркем  мəтін  кеңістігіндегі  көркем  сөздердің  қызметін 
антропоөзектік парадигмада кешенді зерттеудің барысында олар-
дың прагматикалық мəні ашылады.
Олар айтылмақ ойға сай көркем бейне сомдай келе, автордың 
көзқарасын,  дүниетанымын,  эстетикалық  талғамы  мен  сөз  жұм-
сау  шеберлігін  танытады.  Бұл  жөнінде  көркем  мəтін  тілін  зерт-
теуші  Е.  Жанпейісов: «Жазушы  тілдегі  бейнелеу  құралдарын  əр 
алуан көркемдік бояу бере пайдаланады. Бұл орайда ауызекі сөй-
леу тіліндегі қарапайым сөздер де, мақал-мəтелдер де, эпитет пен 
теңеулер  де,  тілдің  басқа  да  барлық  бейнелеу  құралдары  шығар-
маның жалпы идеялық, тақырыптық арқауына лайық жаңа бір ма-
ғыналық астар алып, стильдік функциясы арта түседі» [52, 17], – 
деп көрсетеді. 
Мысалы,  Махамбет  өлеңдерінен  көріктеу  құралдарының  сан 
алуан  түрі  кездеседі.  Олардың  басым  көпшілігі  ономастикалық 
атаулар, табиғат құбылысын танытатын ұғымдар, мифтік мазмұн 
негізінде  қалыптасқан  тіркестер  болып  келеді.  Бұл  қазақ  өмірі 
ежелден құс, жануар, өсімдік əлемімен тығыз байланыста болып, 
соның  негізінде  халықтың  дүниетанымы,  наным-сенімі  қалып-
тасып отырған ұлттық танымға байланысты. 
Махамбет негізгі тақырыбына орай қару-жарақ, сауыт-сайман 
атауларын  кеңінен  қолдана  отыра,  өз  тыңдармандарына  жақын, 
түсінікті болу үшін халықтың тұрмыстық, əлеуметтік тəжірибесін, 
ұлттың  психологиялық,  философиялық  ойын  танытатын  этно-
мəдени  бірліктерді  көркемдік  қажетіне  қарай  ұтымды  пайдала-
нып  отырған.  Бұл  мəдени  ақпарат  мазмұнын  қамтитын  тілдік 
таңбалар метафора, теңеу, эпитет, метонимия, ұлғайту (гипербола) 
сияқты көріктеу құралдары мен амалдары негізінде көрініс тауып, 
автордың  ойын  дəл,  экспрессивті  беріп,  жаугершілік,  қайсарлық, 
өршіл рух бейнесінің көркем, айшықты болуын қамтамасыз етеді. 
Қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаушы  А.Байтұрсынов: «Бір 
нəрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз кел-
генде ол нəрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айтамыз. 

558
Ұлт тұғыры – тілде
Мəселен,  Атымтай  Жомарт,  Жиренше  шешен,  Қаз  дауысты 
Қазыбек деу айқындау мақсатпен айтқаннан шыққан... Сондықтан 
айқындаудың  бұл  түрі  тек  айқындау  ғана  болады...  Мұнан  басқа 
көркейту мақсатпен айқындау бар. Мəселен, қызыл тіл, ақ сұңқар, 
шалқар  көл  дегенде,  қызыл,  ақ,  шалқар  деген  сөздерді  көбінесе 
көркейту  үшін  айтып  жұмсаймыз.  Сондықтан  айқындаудың  бұл 
түрі көркейту деп айтылады» [53, 184], – деп көрсете келе, қызме-
тіне қарай оны айқындау жəне көркейту деп ажыратады.
Демек, акад. Р. Сыздық анықтап көрсеткендей, эпитет – бұл 
белгілі  бір  заттың  сын-сипатын  ғана  танытатын  құрал  емес.  Ол 
көркем  мəтін  ішінде,  əсіресе,  поэзия  тілінде  кеңінен  қолдана 
келе,  көркемдеуіш,  бейне  тудырушы  жəне  коммуникативті-праг-
матикалық  қызметтерімен  де  ерекшеленетін  көркем  мəтін  ком-
поненті  болып  табылады.  Эпитеттер  поэзия  тілінде  (мыса-
лы,  Махамбет  тілінде)  көркем  бейнені  сомдай  келе,  автордың 
дүниетанымын, эстетикасын, белгілі бір затқа немесе құбылысқа 
деген  субъективті  көзқарасын,  идиостилін  танытатын  көркем 
дүниелер болып есептеледі: найза, садақ, жай, дулыға, мылтық, 
қылыш, көбе, кіреуке, сауыт, жебе, сүңгі, қорамсақ, семсер, білтелі 
сияқты  тағы  да  басқа  жаугершілік  лексика  жалаң  қолданылмай, 
əртүрлі құрамды эпитеттермен тіркеседі: егеулі найза, қозы жау-
ырын оқ, балдағы алтын құрыш болат, қарқыны күшті көк сем-
сер, қоңыраулы найза, орма мылтық, жалаулы найза, шал жебе, 
толғамалы ақ мылтық, көн садақ, қималы найза, ақ семсер, қанды 
көбе, т.б. 
 «Тайманның ұлы Исатай
Ағайынның басы еді,
Алтын ердің қасы еді», – 
деп келетін өлең жолдарынан алтын ер тіркесін ұшыратамыз. Ал-
тын сөзі асыл металл мағынасында ұғынылуымен қатар, көптеген 
халықтар танымында «байлық», «молшылық», «жақсылық», «сəн-
салтанат», «сұлулық», «құнды» сияқты символдық мəнге ие бо-
луымен  айрықша.  Ал  Махамбет  тіліндегі  алтын  сөзі  контекстке 
сай өзге мағынада жұмсалса керек. Оның үстеме мағынасы ғалым 
Г. Сағидолданың пікірі негізінде анықтала түседі. Ғалым: «Алтын 
сөзін түркі-моңғолдардың саяси-құқықтық дəстүріне байланысты 
болып  келетін  сөз-символ  деп  тануымыздың  басты  себебін  ал-

559
Ұлт тұғыры – тілде
тынмен айшықталған белбеу, алтынмен қапталған ат əбзелдері 
(жүген, тізгін, ер-тұрман т.б.), алтын жақтаулы есікті орда (ша-
тыр) сияқты заттарының XIII–XIV ғғ. байлықтың белгісі емес, «ең 
жоғарғы  дəрежедегі  биліктің  белгісі»  (көсемдіктің,  хандықтың) 
ретінде танылатын бұйымдар болғандығымен түсіндіреміз. Мұн-
дай алтын бұйымдарды тұтынуға кез келген бай-бекзада емес, тек 
белгілі бір ұлыстың (елдің) ханы, тайпаның көсемі, ру басы сияқты 
лауазым иелері ғана құқылы болды» [54, 173], – деп жазады. 
Бəйтерек  ғаламдық  ағаш  ретінде  мифтік  дəстүрлерде  тарал-
ған. Қазақ танымында да бəйтерек – «өмір ағашы», «өмірдің, өмір 
сүрудің  символы»  іспеттес  танылып,  ерекше  қастерленген.  Ал 
бəйтеректің жығылуы немесе бəйтеректің жапырақтарынан айры-
лып, қу түбір болуы (Жапанға біткен бəйтерек // Жапырағынан 
айрылып,  //  Қу  түбір  болған  күн  болған) – қазақ  ырымында 
жамандық  белгісі.  Сондықтан  да  ақын  Исатайдың  қаза  болған 
күнін  «буыршынның  мұзға  таюы», «бураның  атанға  шөккені», 
«бəйтеректің  жығылуы»  іспеттес  сұмдық  құбылыстар  негізінде 
бейнелей келе, «түс қыла көр, құдайым» деп жалбарынады. Бұл 
тіркестер ақыр заман белгісін таныта келе, «жамандық», «уайым-
қайғы», «өкініш», «үрей» семаларын қамтиды.
Махамбет  шығармаларында  кеңінен  орын  алған  теңеулердің 
бір түрі – бұл халық ауыз əдебиетінде, жыраулар туындыларында 
жиі қолданылып, тұрақтанған дəстүрлі поэтикалық теңеулер. Олар 
ақын  поэзиясының  ұлттық  нақышын,  экспрессивті-эмоционалды 
бояуын,  көркемдік  қуатын  арта  түсіретін  дүниелер  болып  табы-
лады. Мысалы: «Маңыраған қойдай шулайды», «Ақ бөкендей ой-
найды», «Аш  күзендей  белін  бүгілтіп», «Күшіктей  даусын  қың-
сытып», «Арыстандай  ақырған», «Жолбарысша  жорыттым», 
«Қабыландай  қайранға  соғып», «Үдей  соққан  дауылдай», «Мыл-
тығын қардай боратып», «Оқ жаңбырдай жауған күн», «Сапы-
рып судай шашқан күн» жəне тағы басқалары. 
Сонымен  қатар  Махамбеттің  өзіндік  қолтаңбасын  танытатын 
соны  теңеу-суреттер  де  аз  емес.  Мысалы:  «Қызғыштай  болған 
есіл ер», «Еркек қойдай бөлініп, // Қырқарланып өткен ер», «Адыр-
насын  ала  өгіздей  мөңіреткен», «Жау  бір  өрттей  қайнайды», 
«Қайраңнан алған шабақтай // Қия бір соғып ас етсем», «Құландай 
ащы  дауыстым!», «Қырмызыдай  ажарлым!», «Теңіздей  терең 

560
Ұлт тұғыры – тілде
ақылдым!», «Бұрала біткен емендей», «Мен келелі қара бұлтпын», 
«Шортаны  қара  бақандай», «Бақасы  сары  атандай», «Сонасы 
қоңыр үйректей», т.б.
Сонымен,  поэзия  тіліндегі  көріктеу  құралдары  этномəдени 
мазмұнымен астарланып, көбіне тың мағына үстей келе, автордың 
ойын əсерлете, əрлендіре түсетін құрал болып табылады. «Себепсіз 
метафоралы тіркес пайда болмайтынын ескерсек, онда кез келген 
метафоралы  тіркес  мағынасында  сол  тілде  сөйлейтін  ұлттық  та-
ным білімі байқалады... Тіл – жанды дүние десек, оған қан беретін, 
нəр беретін осындай танымдық ой – сананың тереңінен шығатын 
метафоралар» [55, 91], – деген тұжырым Махамбет сынды тілдік 
тұлғалардың  деректерін  антропоөзектік  парадигмада  анықтап, 
метафоризацияланған  атаулар – бұл  халықтың  дүниетанымы-
мен,  ұлттық  ой  ерекшелігімен  тығыз  байланыста  туындайтын 
мəдени тілдік бірліктер екенін көрсетеді.
Қазіргі қазақ БАҚ-ғы сөз прагматикасы
Уақыт пен кеңістік контексінде қоғамдағы тіл қызметінің тілді 
тұтынушының  санасы  мен  əрекеті  аясындағы,  атап  айтқанда, 
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде коммуникативтік қызметінің 
жоғары қоғамдық қолданысының ерекше көрінісі – газет прагма-
тикасы. Бұл арада газет тілінің аясында адресант (журналист) – 
газет мəтіні – адресат (оқушы) байланысына ерекше мəн беріліп, 
осы мақсаттағы прагматикалық пресуппозиция психолингвистика-
мен,  социолингвистикамен  ұштасады.  Газет  мəтініндегі  астарлы, 
т.б. мəндермен астасып, жаңа экспрессивті бояуға ие болған сөздер 
(жаңа  қазақ,  билік,  шенеунік,  т.б.),  жаңа  сападағы  имандылық 
мазмұнға  ие  болған  діни  лексика,  жағымсыз  бағалауыш  лексика 
(жемқорлық,  жымқыру,  т.б.),  əр  түрлі  сөз  құбылтулар  мен  жаңа 
қолданыстардың  прагматикалық  мəні  жеке  сөз  шеңберінде  емес, 
қазіргі  қазақ  газет  мəтіндерінің  тұтас  жүйесінде  анықталатыны 
соңғы зерттеулер барысында айқын көрінеді. Жəне газет мəтініндегі 
контекстік  мағына  негізінде  қалыптасқан  прагматикалық  мағы-
наның  бара-бара  негізгі  мағынаға  да  айналып  кететінін  де  газет 
тілін зерттеу нақты көрсетеді. Мысалы, шенеунік, тұсаукесер, т.б. 

561
Ұлт тұғыры – тілде
Қазақ  тіл  біліміндегі  кешенді  сипатта  қарастырыла  бастаған 
мəтін лингвистикасы тұрғысынан газет мəтінінің тілі соңғы зерт-
теулерде  қазіргі  қоғамда  қарым-қатынас  жасаудың,  тəуелсіздік 
кезеңіндегі  ұлттық  сананы  жаңғырту,  қазақ  тілінің  мемлекеттік 
тіл  ретінде  қоғамның  барлық  саласында  қолданылуының  тиімді 
де,  ықпалды  коммуникативті-прагматикалық  құралы  ретінде 
қарастырылуда. Антрополингвистикалық бағыттағы «ұлт пен тіл 
біртұтас»  қағидасына  сай  зерттеу  сипаты  газет  мəтіні  прагмати-
касынан да айқын көрінеді. Мысалы, тақырыптардағы шешендік 
өнер мен мақал-мəтелдердің, тұрақты тіркестердің газет мəтінінде 
атқаратын  прагматикалық  қызметі  қазіргі  қазақ  газеттерінің 
ерекшелігі ретінде бағаланады.
Ұлттық сананың тілдік көрінісінің жалпыхалықтық сипатын та-
нытатын қазақ тілді басылымдарының саны күрт көбеюмен қатар, 
олардың сапалық-кəсіби деңгейі артып, тəуелсіз елдің еркін ойлау 
үрдісін сипаттайтын, ақпараттық кеңістікте көптеген тың ізденістер 
мен  шығармашылық  тəсілдердің  алуан  түрде  қалыптасуына 
жол  ашылды.  Осыған  орай,  бұқаралық  коммуникация  тіліндегі 
жаңғырған  этнолексикалық  бірліктер  адресат  пен  оқырманның 
когнитивтік санасындағы ұлттық, діни, қоғамдық-əлеуметтік, сая-
си ұғым-түсініктердің тілде айшықталуының бір айғағы болып та-
былады. Жаңа саяси ұғым-түсініктердің тілде айшықталуының бір 
айғағы болып табылады. Жаңа қазақстандық қоғамды тіл арқылы 
қоғамды  ұлттық  белгіге  (тіл,  діл,  дін)  негізделген  ақпараттық 
кеңістіктегі Адам факторы (немесе қоғам) мен тілдік тұлғадан тыс 
қарастыру əсте мүмкін емес.
Осы үрдісті көрнекті жазушы Ə. Кекілбаев шығармашылығы-
ның публицистика тілі негізінде дəйектеп көрсетсек: «Құдайдың 
өз бергенін өзіміз көпсінбейік деп, кебежеміздің түбін қақпаймыз, 
күбіміздің  түбін  сарықпаймыз,  баламыздың  басын,  көгеніміздің 
бұршағын санамаймыз; Қазақ мəдениетінің ағалар құрып, жүзінен 
асырып берген қызылды-жасылды өрмегінің қылышы қолымызға 
тигенде, арқауын босатып, төсегін селкеулеп алмас па екенбіз де-
ген уайым тебіретсе лəзім...».

562
Ұлт тұғыры – тілде
С. Қондыбайдың ғылыми мұрасындағы 
«ғаламның ұлттық бейнесі»
Рухани  қазыналарымыздың  мазмұнына  сақталған  ұлтты 
ұйытып, тұтастыратын арқау– тіл арқылы ұлттың рухани тарихы 
мен таным-тəжірибесін сақтайтын қазынасы, елдік мұрат-мүддесі 
мен тұтастығын сипаттайтын тілдің ұлттұтастырушылық құралы 
ретіндегі қуаты.
Қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттың көркем тілінде сақтаған 
тілдік деректердің бүгінгі ұрпаққа жеткізілген осы құдіретін тілдің 
кумулятивтік  (мұрагерлік)  қызметі  арқылы  танудың  ғылыми-
əдіснамалық негізі жасалуда.
Осымен  байланысты  қазіргі  тіл  білімінде  этностың  бүкіл  та-
рихи, мəдени байлығының куəгері іспетті ұлттың рухани-мəдени 
қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Жоға-
рыда  атап  көрсеткендей,  əр  тіл  өз  бойында  ұлт  тарихын,  төл 
мəдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кəсібі мен 
салтын,  дəстүрі  мен  даналығын  тұтастықта  сақтаған  таңбалық 
жүйе.  Бұл  арада  тілдің  қызметі  тек  коммуникативтік  емес,  тіл – 
этномəдени  ақпаратты  жинап,  сақтаушы,  келесі  ұрпаққа  жал-
ғастырушы,  сайып  келгенде,  ұлтты  бір  бүтін  етіп  тұтастырушы. 
Демек,  қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  кешенді  зерттеулерге  сəйкес, 
атап  айтқанда,  белгілі  бір  тарихи/əлеуметтік/географиялық,  т.б. 
ортадағы  тілдің  қызметін,  қалыптасқан  дағды  мен  əлеуметтік 
мəртебені  кеңістік  пен  уақыт  сабақтастығында  жəне  белгілі  бір 
коммуникативтік  кеңістікте  жүзеге  асырылатын  ерекше  тілдік 
қатысым  аясында  айқындауға  дəйек  болатын  тілдік  деректерді 
кешенді де жүйелі түрде зерттеудің теориялық негізі де, қағидасы 
да бар. 
Осымен  байланысты  мазмұнында  халқымыздың  рухани  өрі-
сімен  сабақтас  қалыптасқан,  кумулятивтік  қызметі  арқылы  көр-
кемделген ана тіліміздің төл мəдениетке қатысты ұшан-теңіз тіл-
дік қазынасының ұлттық болмыс-мазмұнын, аксиологиялық мəнін 
деректік  сипатта  анықтап,  дəлелдейтін  зерттеулерге  қосылатын 
нақты дəйектік үлес – «Қырымның қырық батыры» жыр циклі.
Ежелгі  дəуір  адамдарының  əртүрлі  əлеуметтік-тарихи  кезең-
дердегі  өкілдерінің  этномəдени  болмысы,  сөз  қолданысы  бүгінгі 

563
Ұлт тұғыры – тілде
заманға  «Қырымның  қырық  батыры»  тектес  шығармашылық 
көздері арқылы келіп жетті десек, жыр мазмұнынан жинақталған 
тілдік  деректердің  мазмұнындағы  архетиптік  болмыс  пен  мəде-
ниетті  сипаттайтын  бай  мəліметтер  мен  этногенезистік  ақпарат, 
олардың  көркем  мəтінінде  айшықталған  көне  тілдік  деректер 
халқымыздың ұзақ этномəдени даму жолын, материалдық жəне ру-
хани құндылықтарын, түп-тамырын неғұрлым тереңірек танудың 
бір құралы, маңызды таным тетігі ретінде зерттелуі тиіс.
Олай  болса,  қазіргі  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениет  сабақтас-
тығын,  атап  айтқанда,  тілдің  бойындағы  ұлттық  сипатты,  ұлт-
тық  рухты  тануға  негізделген  когнитивтік  лингвистика,  оның 
лингвомəдениеттану,  этнолингвистика,  т.б.  салаларын  негіздеген 
В.  Гумбольдт,  А.  Потебня,  Қ.  Жұбанов,  Ə.  Қайдар,  Р.  Сыздық, 
Е.  Жанпейісов,  С.  Қондыбай,  т.б.  көрнекті  ғалымдардың  ұлт 
пен  тіл,  тіл  мен  мəдениет  қағидасына  сай  кешенді  сипаттағы 
зерттеулердің негізінде «Қырымның Қырық батыры» тектес руха-
ни қазынамызды қазіргі заман болмысымен жалғастырып, игеру – 
аса маңызды.
Сондықтан өз ғылыми шығармашылығының зерттеу нысаны, 
мағлұматтар  алатын  негізгі  дереккөз  ретінде  С.  Қондыбай  «Қы-
рымның  қырық  батыры»  деп  аталатын, 27-30 жырдан  тұратын 
эпикалық  шоғыр  жəне  оның  мазмұнындағы  адамдар  мен  жер-су 
аттары,  этнонимдер,  мифтік  фрагменттерді  таңдап  алған.  Олар-
ды  археология,  сəулет  тарихы,  климатология,  тарихи  геогра-
фия,  шежіре,  жергілікті  аңыздар,  т.б.  импирикалық  мəліметтерді 
тарихи-тілдік мəліметтермен ұштастыра қараған. 
С. Қондыбайдың зерттеу барысында аталмыш жырдың пайда 
болған  мекені  Арал-Каспий  өңірінің  мəдени-тарихи  мұраларын 
тану мəселесі бір ғана гуманитарлық білім саласының жетістіктерін 
қамтумен  шектелмейтіні  байқалады.  Мəселен,  археологиялық 
қазбалар  нəтижесінде  табылған  заттық  айғақтарды  белгілі  бір 
тарихи  мəдениеттің  дерегі  ретінде  қарастыру  үшін  сол  қазба 
нəтижелерінің қай мəдениетке, дамудың қай кезеңіне жататынын, 
қандай  этникалық  ортаға  тиісті  екендігін  сол  ежелгі  этностың 
тұрмыс-тіршілігі,  салт-дəстүрі,  танымы  дəйектелген  мифтердегі 
көне  тілдік  қалдықтарды,  ежелгі  сөз  үлгілерін,  ономастикалық 
атауларды,  əдеби-тілдік  деректерде  сақталған  этнографизмдерді 

564
Ұлт тұғыры – тілде
кешенді жүйеде зерттеудің қажеттілігі айқындалады. Осыған орай 
зерттеу  барысында  тарихи  жазбаларға  мəтіндік  талдаулар  жасау, 
мəтін  мазмұны  мен  жеке  сөздердің  мағынасын  тіл  мен  ұлт,  тіл 
мен  мəдениет,  тіл  мен  тарих  сабақтастығында  жаңғырту,  олар-
дың  астарындағы  символдық  белгілер  арқылы  сақталған  этника-
лық  таңбалардың  ұрпақ  санасында  жүйеленуі,  соның  ішінде, 
белгілі  бір  мəдени-ұжымдық  жəне  ерекше  аймақтық  кеңістікте 
қалыптасқан  тұлға  болмысының  ықпалымен  ұштастырыла  қа-
растырылуы  қазіргі  тіл  біліміндегі  лингвокогнитивтік  аспектіде 
талдау жүргізумен үндесетіні түсінікті. Алайда, «Қырымның қырық 
батырының»  деректері  мен  мазмұнының  негізінде  Маңғыстау ~ 
Үстірт ~ Қырым  мен  Ноғайлы ~ Есен-қазақ ~ Арғықазақ  фено-
мендерін кешенді зерттеген С. Қондыбайдың ғылыми мұрасы жо-
ғарыда  көрсетілген  парадигманың  құрамындағы  сабақтастыққа 
географиялық кеңістік ұғымын да кіргізеді [56].
Ғалымның базалық біліміне сəйкес этнограф не тілші емес, ге-
ограф болуы оның осы саладағы зерттеушілік тұлғасын төмендет-
пей,  керісінше,  өре  биігін  көтереді.  Өз  сөзімен  айтқанда,  оның 
«эпостанушы  мен  тарихшы  байқамай  кететін  тарихи-география-
лық  мəселелерге,  басқа  да  ұсақ-түйектерге  мəн  беру  реал-кеңіс-
тікті  географ  ретінде  толықтай  көз  алдына  елестете  алатындай, 
оны  біртұтас  та  күрделі  дүние  ретінде  қарастыра  аларлықтай 
қабілеті бар» [57]. Көріп отырғанымыздай, С. Қондыбайдың зерт-
теуінде географиялық кеңістіктің де дүниенің тұтас бейнесін тану-
да мəні ерекше.
Нақты  айтқанда,  ғалымның  жыр  мазмұнындағы  Маңғыстау 
мен Үстірттің жер-су атауларына қатысты аңыздарды шендестіре 
зерттеуі – осы өңірде болған ежелгі субмəдениеттердің тарихын, 
өлкенің  рухани  тұғырының  түптамырын,  Каспий  аймағында 
қалыптасқан өзіндік этномəдени қордың көзін ашуға көмектесетін 
тиімді əдіс. 
Осы  тұрғыдан  тілдің  мəні  мен  қызметі  туралы  В.  Гумбольдт, 
Э. Сепир, А. Потебня сияқты əлемдік шеңбердегі көрнекті ғалым-
дардың  тұжырымдарын  былай  қойғанда, «тіл-құрал», «тіл-қор» 
деп  санаған  А.  Байтұрсынұлының, «тіл – таным  қоймасы»  деп 
қараған проф. Қ. Жұбановтың, тілдің ұлт мəдениетін архетиптік, 
мифтік  деңгейінен  бері  сақтаған  құдіретін  нақты  көрсеткен 

565
Ұлт тұғыры – тілде
Ш. Уəлиханов, Ə. Марғұлан, Ө. Жəнібеков, Ə. Қайдар, Р. Сыздық, 
Е.  Жанпейісов,  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  тұжырымдалған 
«тіл  арқылы  ұлт  болмысын  таныту»  деген  антропоөзектік  пара-
дигманың қағидасы белгілі.
Олардың  зерттеуіне  арқау  болған – ұлттың  болмыс-бітімін, 
дүниеге  көзқарасын,  рухани-мəдени  құндылықтарын,  əлеуметтік 
мəнін ұлттық таным қорында жинақталған тілдік таңбалар. Себебі 
қазақ  ұлты  да  басқа  ұлттар  секілді  ғасырлар  бойы  жинақтаған 
ой-тəжірибесін,  даналығын,  дүниетанымдық  көзқарастарын, 
салт-дəстүрін,  т.б.  тілінде  көрсете  білген.  Олар  халық  өмірінің, 
тұрмысының,  мəдениетінің  ортақ  сипаты  ретінде  тұтас  құры-
лымдық  жүйе  құрайды.  Ал  адамзат  үшін  ақиқат  дүние  біреу 
болғанымен, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін са-
нада  қалыптастыру  əрекеттері  əр  адамда,  əр  ұлтта,  əр  аймақта 
(астын сызған біз – М.Ж.) əр заманда жəне əр мəдени кеңістікте 
əртүрлі деңгейде, сан алуан интерпретацияда беріледі. Соған сай 
əрбір  əлеуметтік  жүйеде,  ұлттық  ұжымда,  түрлі  аймақта  əрбір 
қоғамның өркениеттік даму барысында дүние бейнесі тілде өзін-
дік ерекшеліктерімен ажыратылып отырады. Сондықтан тіл иесі-
нің ой-өрісіне, тұтас (концептуалды) əлеміне байланысты дүние-
нің  танымдық  бөлшектері  тіл  тұтынушының  қолданысында 
өзінше көрініс табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде 
сақталған дүние бейнесіне сəйкес танытуға тырысады.
Бұл  жоғарыда  атап  көрсетілгендей,  қазақ  тіл  білімінде  адам 
санасында  қалыптасатын  ақиқат  дүниенің  бейнесі  арқылы  сақ-
талатын  тілдік  қорды  зерттеуге  мүмкіншілік  жасайтын  антро-
поөзектік бағыттың үрдісін сипаттайтын жаңа теориялық-таным-
дық қағида. Осымен байланысты ғылыми шығармашылығы қазақ 
мəдениетінде ерекше рухани кеңістік құрайтын Маңғыстау айма-
ғының этногенезистік түп-тамырына тереңдеуге арналған талант-
ты зерттеуші С. Қондыбайдың ғылыми мұрасын кешенді сипатта 
игерудің маңызы зор.
Олай  болса,  қазіргі  тіл  білімінде  тіл  мен  мəдениет  сабақтас-
тығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық 
рухты  тануға  негізделген  когнитивтік  лингвистика,  оның  лин-
гвомəдениеттану,  этнолингвистика,  т.б.  салалары  бойынша  ке-
шенді сипатта зерттеуге С. Қондыбай мұрасының ғылыми мазмұны 
мен бай дереккөзі толық дəйек береді.

566
Ұлт тұғыры – тілде
Атап  айтқанда,  Маңғыстау  өлкесіне  қатысты  кешенді  зерттеу 
жүргізген  талантты  ғалым  С.  Қондыбайдың  ғылыми  мұрасын 
«Қырымның  қырық  батыры»  жырындағы  əдеби  жəне  тілдік  де-
ректерге,  топонимдер  мен  сакралды  атауларға,  мифологемалар 
мен прецеденттік мəтіндерге ғылыми сараптама жасау, ескерткіш-
терде  сақталған  көне  жазба  мұраларға  графикалық,  текстоло-
гиялық, лингвистикалық талдау жасау тəрізді кешенді де ауқымды 
жұмыстар  құрайды.  Мысалы,  Қырым  топонимінің  құрамындағы 
Қыр  компонентін  Үстірт  атауымен  синонимдес  деп  тануы [58, 
38-б.], немесе «Асан Қайғы ~ Есен ата, Асан Қайғы ~ Қазтуған 
бір  бейне  ме?»  деп  зерттеуі,  Баба  түкті  Шашты  Əзиз,  Бəйте-
рек,  Балқан  тау,  Жерұйық,  Кемпірқосақ,  Құмай,  Ұмай  [59]  ми-
фологемаларының  негізін  сипаттайтын  прецеденттік  мəтіндерді 
талдауы,  иттің  түркілер  санасындағы  о  дүниенің  өкілі  ретіндегі 
мифтік  бейнесін  дəйектейтін  иткөйлек,  қызғанғаны  қызыл  итке 
жем болды, итжан, т.б. модельдер арқылы талдауы, т.б.
Нақты  түрде  С.  Қондыбай  мұрасында  деректелген  Маңғыс-
таудың  тарихы  туралы  шежірелер,  топонимикалық  атаулар  мен 
соған қатысты аңыздар, аңыз əңгімелер мен мифтік таным түрлері, 
көне  дəуірден  сақталып  жеткен  салт-дəстүр,  əдет-ғұрып  түрлері, 
этнографиялық  атаулар,  би-шешендер  сөздері,  фольклордағы, 
жыраулар  поэзиясындағы  тарихи,  тілдік,  танымдық  деректер 
Маңғыстау  мəдени  мəтінін,  өлкенің  руханиятының  əлемдік  кон-
текстегі орны мен жалғастырушылық қызметін айқындайды.
Ұлт,  тіл,  мəдениет  арақатынастарының,  өзара  байланысын 
зерттеудің  жаңаша  антропоцентристік  парадигмасы  С.  Қонды-
байға  тілдік  деректерді  кешенді  түрде,  яғни  қазақ  халқының  са-
насымен,  дүниетанымымен,  өмір  сүрген  табиғи  ортасымен,  ға-
сырлар бойы қалыптасқан шаруашылығымен, т.б. тұрғыда қарас-
тыруға  үлкен  мүмкіндіктер  беріп  отыр.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі 
өте бай ономастикалық қорда қазақ этносына қатысты орасан мол 
этнотанымдық  ақпараттар  жинақталғаны  белгілі.  Осымен  байла-
нысты  антропоөзектік  ұстанымда  жүргізілетін  лингвистикалық 
зерттеулердің  нысаны  ретінде  қазақ  тілінің  аймақтық  (регионал-
дық)  жүйесін  қарастыру  белгілі  бір  шектеулі  аймақ – жер-су 
аттарының  сол  өңірдің  этномəдени,  рухани  тарихымен  байланы-
сын зерттеу болып табылады. Аймақтық деректер сол аймаққа ғана 

567
Ұлт тұғыры – тілде
тəн лингвотарихи, этномəдени, этнотанымдық тарихына қатысты 
жəне  соның  жалпы  қазақ  топонимиясына  тəн  заңдылықтарды 
айшықтап, аражігін көрсетіп бере алады.
Мысалы, Маңғыстау атауы – қазақ тілі ономастикалық кеңіс-
тігіндегі түркі халқы мəдениетінде айрықша мəнге ие феномендік 
атау, 362 əулие  мекен  еткен  ұлтымыздың  бойтұмары  іспетті 
прецедентті атау.
Осы тұжырымды дəлелдейтіндəйек деп, Маңғыстау атауының 
сиэнергетикалық  қуатын  бейнелейтін  мифологиялық  таным 
жүйесіне  сəйкес  ерте  заманнан  қазақ  халқының,  жалпы  түркі 
əлемінің рухани құндылықтар (аксиологиялық) жүйесінен мықтап 
орын  алған  мəдени  дерек  екенін  санаймыз.  Ал,  С.  Қондыбай 
зерттеулерінде  Маңғыстау  өңірі  топонимиясының  лингвомен-
талды  (этнотанымдық)  кеңістігі  мифтік  танымға  сай  тарихи-
топонимиялық қабаттар негізінде қалыптасқаны нақты дəйектеледі. 
Соның  негізінде  Маңғыстау  феномені  қазақ  мəдени  кеңістігінде 
рухани эталон, əулиеліктің (киеліліктің) бір метафорасы мен сим-
волы ретінде танылады; бұл феноменнің жəне оған қатысты Маң-
ғыстау прецеденттік топонимінің мəдени-философиялық, тарихи-
танымдық,  діни,  идеологиялық  жəне  аксиологиялық  мəні  дəлел-
денеді.
Қорыта  айтқанда,  ұлттық  санада,  қазақ  халқынының  рухани 
мəдениеті мен тарихында қайталанбас жəне мəңгі өшпес өз орны 
бар Маңғыстау аймағында қалыптасқан мəдени-ұлттық сипаттағы 
С. Қондыбай жан-жақты көрсеткен эталондар, стереотиптер, ми-
фологемалар мен т.б. ассоцияцияға түсетін бейнелі оралымдар осы 
мəдени кеңістікте өмір сүруші тіл иесінің санасында біртұтастылық 
жүйені құрайды.
Сонымен,  қазіргі  тіл  білімінің  лингвокогнитивтік  теориясы 
мен  антропоөзектік  бағытына  үндесетін  С.  Қондыбай  ғылыми 
мұрасының  арқауын  құрайтын  тарихи,  этномəдениеттанымдық 
зерттеулердің кешенді сипаттағы негізгі нəтижелері мен тұжырым-
дамасын былай деп көрсетуге болады: 
 - Маңғыстаудың ежелгі кезеңнен ортағасырлық кезеңге дейінгі 
дамуы мен осы өңірдің этномəдениетінің қалыптасуын байланыс-
тыратын деректерді көрсету;
 - Маңғыстау  мəдениеті  тарихының  оғыз,  қыпшақ,  ноғайлы 
кезеңі туралы тілдік деректеріне кешенді зерттеу жүргізу;

568
Ұлт тұғыры – тілде
 - Ноғайлық жыр-дастандары мазмұнындағы Маңғыстау тари-
хымен сабақтастықты бейнелейтін тілдік деректерді лингвомəдени 
салыстыру  арқылы  ноғайлы  жырауларының  тілдік  тұлғасын 
анықтайтын «ноғай феноменін» дəлелдеу;
 - Маңғыстау мəдени кеңістігіндегі діни-мифологиялық таным 
дəйектелген  мəтіндерге  кешенді  лингвотекстологиялық  талдау 
жүргізу, соның нəтижесінде олардың сакралды (киелі) мазмұнын 
жаңғырту; 
 - Көркем  мəтіндерде  айшықталған  қазақ  халқының  сакрал-
ды,  утилитарлық,  эстетикалық,  этикалық  санасын  бейнелеген 
этнотаңбаларға лингвосемиотикалық талдау жасау.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал