Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет1/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

449
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
154.   Саpыбаев Ш., Hақысбеков О. Қазақ тiлiнiң аймақтық лексикасы. – 
Алматы, 1989.
155.   Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тіл білімі мəселелері. – Алматы, 2000.
156.   Тpубачев  О.В.  Pемесленная  теpминология  в  славянских  языках. – 
М., 1966.
157.   Колшанский Г.В. Лингво-гносеологические основы языковой номи-
нации //Языковая номинация. Общие вопросы. – М., 1977.
158.   Копыленко М.М., Попова З.Д. Очерки по общей фразеологии. – Во-
ронеж, 1978.
159.   Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Ф.де Cоссюр. Труды по 
языкознанию. – М., 1977.
160.   Деревицкая Т.Г. К вопросу о деэтимологизации и изменении мор-
фологической  структуры  слова //Филологический  сборник. – Л., 
1970.
161.   Шанский H.М.  Лексикология  совpеменного  pусского  языка. – М., 
1972.
162.   Журавлев А.П. Фонетическое значение. – Л., 1974.
163.   Уфимцева А.А. Лексическая номинация (первичная, нейтральная) //
Языковая номинация. Виды наименовании. – М., 1977.
164.   Телия В.Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. 
Виды наименований. – М.: Наука, 1977.
165.   Гинатуллин М.М. К исследованию мотивации лексических единиц: 
автореф. ... к.филол.н. – Алма-Ата, 1972; Базарова Д.Х. К этимоло-
гии некоторых древнетюркских названий птиц // СТ, 1975, № 4.
166.   Қалиев Б.Қ. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. – Алматы, 1988; Уюк-
баева Г.И. О мотивации народных наименовании растении в казах-
ском языке // Проблемы этимологии тюркских языков. – Алма-Ата, 
1990.
167.   Сағындықов  Б.  Қазақ  тiлi  лексикасы  дамуының  этимологиялық 
негiздеpi. – Алматы, 1994.
168.   Воpонин С.В. Основы фоносемантики. – Л., 1982.
169.   Өткелбаева  С.А.  Қазақ  тiлiндегi  дыбыстық  символизм  құбылы-
сы. – Алматы, 1994.
170.   Русская грамматика. – М., 1980. Ч.I.
171.   Солнцев А.В. Виды номинативных единиц // ВЯ, 1987, № 2.
172.   Потебня А.А. Мысль и язык. 3-ое изд. – Хаpьков, 1913.
173.  Колшанский Г.В. Соотношение субъективных и объективных фак-
тоpов в языке. – М., 1975.
174.   Щеpбак А.М. Истоpическое pазвитие лексики тюpкских языков. – 
М., 1962.

450
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
175.   Кубрякова Е.С. Теория номинации и словообразование // Языковая 
номинация. Виды наименований. – М., 1977.
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
ЕТС – Ескітүркі сөздігі. 
ЭСТЯ – Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. 
РСл – Радлов В.В. Опыт словаpя тюpкских наpечий. 
ҚТҚЭС – Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. 
ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 
ЛЭС – Лингвистический энциклопедический словаpь. 
КРС – Киpгизско-pусский словаpь. 
ҚТФС – I. Кеңесбаев. Қазақ тiлiнiң фpазеологиялық сөздiгi. 
ТРС – Турецко-русский словарь.
ОРС – Ойpотско-pусский словаpь. 
СЭС – Советский энциклопедический словаpь.
ҚЖ – Қыз Жiбек. 
ҚСЭ – Қазақ совет энциклопедиясы. 
РХС – Pусско-хакасский словаpь. 
БСл – Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наре-
чий. 
МК – Махмұт Қашқари.
ШТ – Шежipе-и түpiк.

ІІІ
ҰЛТ ТҰҒЫРЫ – 
ТІЛДЕ

452
Ұлт тұғыры – тілде
ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ КҮЙІ 
МЕН БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының лексико-
логия бөлімі жеке бөлім ретінде 1981 жылы құрылды. Оған дейін 
қазақ тіл білімінің лексикология, тарихи лексикология мəселесі, тіл 
тарихы, диалектология, ономастика, терминология, т.б. салалары-
ның ішінде сабақтас қарастырылып келді. 
Тілдік құрылым жүйесінде лексикалық аспектінің ғылыми тұр-
ғыдан  арнайы  зерттеу  нысаны  болуы  академик  І.  Кеңесбаевтың 
Ғ. Мұсабаевпен бірлесіп жазған еңбегімен байланысты (І. Кеңес-
баев, Ғ. Мұсабаев. Қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы, 1962). 
Қазақ  тілінің  сөз  байлығының  көрсеткіштері  ретіндегі  тілдік 
деректердің лексика-семантикалық, лексика-тақырыптық, тарихи-
танымдық  дəйектері  Ə.  Болғанбаев,  А.  Айғабылов,  Қ.  Айтазин, 
Ə. Ахметов, Р. Барлыбаев, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде нақты 
қарастырылып, лексикология саласының теориялық-əдістанымдық 
негіздерін қалыптастыруға өзіндік үлестерін қосты. Тіл білімі ин-
ституты ұжымының ғылыми-өндірістік зерттеу нəтижелері ретінде 
жарық  көрген  түсіндірме,  фразеологиялық,  этимологиялық,  диа-
лектологиялық,  синонимдік,  терминологиялық,  т.б.  сөздіктер  де 
қазақ тілінің лексикалық қорын дəйектеген еңбектер.
Қазіргі  қазақ  қоғамында  ұлттық  сана  жаңғыруы  мен  ұлттық 
тұтастықтың дамуын қамтамасыз ететін, рухани күштің арқауын 
ұстайтын  негізгі  құралы  ұлттық  тіл  екені  қоғамдық-əлеуметтік 
өмірдің барлық сан салалы əрекеттерінде айқындалуда. Бұл жайт 
тілді  зерттеу  мəселесінің  ғылыми-əдістанымдық  негізін  жаңаша 
құруды қажет етуде. Оның негізгі тетігі – ұлттық тілдің ерекшелігін, 
өзіне тəн болмысы мен табиғатын ашу. Басқаша айтқанда, ол – тіл 
туралы  онтологиялық  көзқарасты  сол  тілде  сөйлеуші  халықтың 
жан  дүниесімен,  ой-санасымен,  тарихымен,  мəдениетімен  тығыз 
байланыста қарау. 
Бұл бағыт – өз бастауын тіл білімі тарихының тереңінен ала-
тын лигвистикалық зерттеулерге сүйеніп, сонымен бірге тіл мен 

453
Ұлт тұғыры – тілде
қоғам,  тіл  мен  ұлт,  т.б.  контекстердің  тілдік  көріністері  ретінде 
экстралингвистикалық та факторлардың əсерімен жаңа сапада қа-
лыптасушы антрополингвистикалық парадигма. 
Аталмыш көзқарас ХІХ ғасырда алғаш тілді зерттеуде тарихи 
емес, механикалық бағдарлама ұсынған XVII–XVIII ғасырлардағы 
логикалық бағыт пен универсалды грамматикаға қарсы пайда бо-
лып,  негізгі  назарды  тілдің  ішкі  формасына  аударған  лингвис-
тикалық ілім ретінде қалыптасты. Оның негізін салушы – көрнекті 
неміс лингвисі В. фон Гумбольдт.
В. фон Гумбольдттің пікірінше, ұлттың өзіне тəн, іштей дами-
тын рухы бар. Сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, 
ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл. Демек, бұл парадигмаға сай 
зерттеу  нысаны  болатын  тіл – объективті  дүниенің  субъективті 
бейнесі.
Соған сай тіл – ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін 
өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттарының бірі. Ал осындай руха-
ни  дүниесі,  сонымен  сабақтас  қалыптасқан  материалдық  өндіріс 
пен тұрмыс күйі – əркімнің жеке басының жағдайына, тұрмыстық, 
дүниетанымдық  жағдайына  байланысты  қалыптасатын  жалпы-
халықтық құбылыс. Оның бір негізгі сипаты – оңайлықпен өзгере 
салмайтын  тұрақтылығы.  Мазмұнында  ұлт  болмысы  бейнелен-
ген лексикалық қор арқылы ұлт өмірінің желісі ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізіледі.
Осы  бағыттың  Ресейдегі  көрнекті  өкілі – А.А.  Потебня.  Ол 
В. фон Гумбольдттің пікіріне сүйеніп, тілді ойды туғызушы тетік, 
халықтың  мəдениетімен  біртұтас  байланыста  болатын  шығарма-
шылық құбылыс деп санайды.
Бірақ  тіл  білімінің  əрі  қарай  даму  барысында  тілді  негізінен 
таңбалық  жүйе  деп  қарау  жəне  сол  кезеңде  қатты  дами  бастаған 
дəл  ғылымдардың  əсерімен  тілдік  бірліктердің  құрылымы  мен 
қызметіне ерекше назар аудару ішкі форма, семантика мəселелерін 
ығыстырып тастады. Соған сай тілдің негізгі қызметі ретінде оны 
қарым-қатынас  құралы  деп  бағалап,  кеңестік  тіл  білімінде  оның 
танымдық, руханилық қызметіне дұрыс мəн берілмеді.
Соған  сай  ХХ  ғасыр  басындағы  тіл  білімінің  дамуы  негізгі 
назардың  субстанциялық  көзқарастан  құрылымдық-функционал-
дық  көзқарасқа  аууымен  сипатталады.  Тіл  білімі  тарихының 

454
Ұлт тұғыры – тілде
бір  кезеңін  көрсететін  осы  бағыт,  атап  айтқанда,  структурализм 
бағыты негізінен Ф. де Соссюр есімімен байланыстырылады. Тіл-
дің  сыртқы  тұлғасына,  құрылымына  көңіл  бөлген  Ф.  де  Соссюр 
ілімі тілді синхрондық тұрғыдан зерттеуді күшейтіп, диахрондық 
жағынан қарастыруды əлсіретті. Ал, жоғарыда көрсетілген соңғы 
зерттеулер  нəтижесінде  тілдің  ішкі  мəнін  негіз  деп  санап,  тілді 
жүйелі құбылыс немесе таңбалы жүйе деп қарау лексика саласын 
кешенді сипатта жəне тарихи деривация мен номинация шегінде 
қарастырумен ерекшеленеді.
Осымен байланысты тілдің лексикалық байлығының ішкі фор-
масы  мен  мазмұнын,  халқымызға  тəн  рухани  қазынасын  бойына 
сіңіріп, сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізген ана тілінің құдіреті тілдің 
мұрагерлік  (кумулятивтік)  қызметімен  де  байланысты.  Соның 
негізінде ғасырлар бойы халықтың көкірегінде жатталып, жадын-
да  сақталған  көне  тамырлы  сөздердің  тарихына  үңіліп,  жасалу 
жəне сақталу жолдарының тілдік құралдарын анықтау, мағыналық 
даму  заңдылықтарын  көрсету,  көнеру  себептерін  ашудың  лек-
сикологияға, тарихи лексикологияға қатысты теориялық мəні бол-
са, ал түсіндірме, этимологиялық екітілді аударма сөздіктер жасау-
ға,  оларды  сапалық-мазмұндық  жағынан  неғұрлым  жетілдіре  тү-
суге көмектесіп, практикалық та жүк көтереді. 
Сайып келгенде, лексикология саласының қазіргі таңдағы ғы-
лыми үрдіске сай зерттеу бағытының мақсаты – халқымыздың ру-
хани өрісімен сабақтас болмысының ұлттық мазмұнын тіл арқылы 
анықтау. Осы мақсатқа орай төмендегі міндеттер лексикологиялық 
зерттеулерде өз шешімін тапты:
-  өткен  дəуірлерден  елес  беретін  көне  тамырлы  ұлттық  маз-
мұнды  алуан  түрлі  атаулар  мен  ұғымдарды  эпостық  жырлардан, 
ақын-жыраулар шығармаларынан, фразеологиялық тіркестер мен 
диалектілік жəне кəсіби лексика құрамынан барынша жиып көр-
сету;
- көркем мəтін жүйесіндегі тарихи-ақпараттық деректерді, паре-
миологиялық, прецеденттік, мифологиялық, т.б. рухани көздердегі 
архетиптік жəне этнолексикалық бірліктерді талдау;
-  құрылымдық  лингвистика  шеңберінде  этнолексика  түрінде 
сақталған ұшан-теңіз байлық жеке тілдік фактіге байланысты емес, 
белгілі  бір  қарым-қатынастар  мен  байланыстардағы  мағыналық-

455
Ұлт тұғыры – тілде
тақырыптық топтардың негізінде құралған лексика-семантикалық 
жүйеде  жіктелсе,  ал  антрополингвистикалық  парадигмада  тіл-
қоғам,  тіл-ұлт,  тіл-мəдениет,  т.б.  контекстеріндегі  əлеуметтік-
мəдени, рухани-танымдық біртұтастықта қарастырылады;
- эпостық кезең я ақын-жыраулар өмір сүрген дəуірдегі неме-
се  фразеологиялық  тіркестер  мен  диалектілік  я  кəсіби  лексика 
құрамындағы  лексикалық  бірліктің  қолданылу  өрісіне  байланы-
сты семантикасы өзгерген сөздерге функционалды-семантикалық 
талдау жасау; 
- көнерген этнолексикаға тарихи-лингвистикалық, терең этно-
лингвистикалық реконструкция жасау;
- түркі тілдері жүйесіндегі қазақ тілі лексикасының орын ай-
қындау, этногенездік тарихи көздері мен тарихи қабаттарын бар-
лау, тіларалық салыстыру;
- қазақ тiлi лексикасы қолданысының тіл жəне мəдениет тұ-
тастығына  сай  қалыптасқан  лингвомəдениет-танымдық  концеп-
тiлерін жүйесi əртүрлi тiлдердегі баламаларымен салыстыру;
-  тəуелсіз  Қазақстан  жағдайында  қазақ  тілінің  ұлттық  жəне 
мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілі лексикасының мəдениаралық 
коммуникациядағы лингвоелтанымдық қызметін анықтау;
-  тіл  жəне  мəдениет  тұтастығы  шеңберінде  қазақ  тіліндегі 
мəдени лексиканың этнотаңбалық жүйесін дəлелдеу;
- қазақ тілі лексикасын лингвокогнитивтік, прагматикалық, т.б. 
аспектілерге негізделген антрополингвистикалық зерттеулер нəти-
жесінде  қазақ  тілінің  ұлтты  рухани  тұтастырушылық  қызметін 
дəйектеу, т.б.
Осы  міндеттердің  нақты  түрде  қалай  қарастырылып,  қандай 
нəтижелерге жеткенін төмендегідей таратып көрсетуге болады: 
Біріншіден,  түркі  тілдері  жүйесіндегі  қазақ  тілі  лексикасын 
салыстырмалы-тарихи негізде жаңғыртылатын жалпытүркілік қа-
батта сақталған байырғы қалпы арқылы айқындауға болады. 
Осымен байланысты қазақ тілі лексикасының қыпшақтық қа-
батын ажырату жəне анықтау, тектес материалдарды теңестіру, ин-
варианттарды  салыстыру,  т.с.с.  əртүрлі  мəселеге  қатысты  ғалым-
дардың істеп жатқан жұмыстары қазақ тілі лексикасын жəне оның 
қалпына  келтіріліп  отырған  ежелгі  мəдени  атауларын  даму  үс-
тіндегі өлшем ретінде топшылауға мүмкіндік береді. Себебі, жал-

456
Ұлт тұғыры – тілде
пы  қыпшақтық  тілдік  модельдердің  сипаты  тілдің  барлық  дең-
гейлерінде  де  көріне  береді.  Бірақ  тілдің  дамуының  сенімді  тео-
риясын жасау үшін нақты тілдік деректер белгілі бір жүйеге негіз-
делген  кең  түрдегі  зерттеулерді  талап  етеді.  Тек  соның  негізінде 
ғана  қыпшақ  лексикасының  жалпы  түркілік  қордан  бөлініп  шы-
ғып  қалыптасуы  жəне  одан  əрі  қарай  жеке  тілдерге  ыдырауын 
айқындауға болады.
Жалпытүркілік лексиканың айырмашылығы, негізінен, дыбыс-
тық  жəне  морфологиялық  (құрылымдық  өзгерістер)  деңгейлерді 
қамтиды  да,  семантикалық  тұрғыдан  оларда  жалпытүркілік  бір-
келкілік  сақталған.  Қазіргі  түркі  тілдерінің  көптеген  граммати-
каларының лексика бөлімінде, басқа да əртүрлі зерттеулерде жал-
пытүркілік атаулардың сан түрлі саласы көрсетілген. Қазақ тілін-
дегі олардың жалпытүркілік қабатын айқындау байырғы (базистік) 
лексиканың  мағынасы  мен  құрылымын  фоно-морфо-семантика-
лық корреляция негізінде қатар зерттеу арқылы анықтаудан баста-
лады.
Ал, байырғы сөздік қордың фоно-морфо-семантикалық құры-
лымы бірдей емес екендігі белгілі. Сондықтан да академик  Ə.Т. Қай-
даровтың үлкен монографиясының көздеген мақсаты – түбір моно-
силлабтардың  фоно-морфо-семантикалық  табиғатын  ашу.  Онда 
қазақ тілінің байырғы лексикалық байлығының негізін құрайтын 
бір буынды түбірлер-негіздер талданып, сипатталады. Осы кітап-
тың қосымша сөздігінде жеке қолданылатын моносиллабтар ғана 
емес,  тарихи  туынды  түбірлерде  «сүрленіп»  қалған,  мағынасы 
күңгірттенген  «өлі»  түбірлер  де  берілген.  Мəселенің  бұлайша 
қойылуының  маңыздылығы  əрбір  түркі  тіліндегі  «бір  буынды 
түбір-негіздер  бүкіл  базистік  лексиканың  өзегін  құрайтындығы-
мен» түсіндіріледі [1, 11].
Сол  сияқты  лексиканың  номинативтік  жəне  этимологиялық 
қырларының  тарихи-құрылымдық  қалыптасуында  дыбысбейне-
леуіш  сөздердің  де  рөлі  үлкен  екені  белгілі.  Осы  орайда  бұл 
құбылысты  арнайы  зерттеген  проф.  К.Ш.  Хұсайынның  еңбегі 
оның  салыстырмалы  талдау  көлемін  кеңейтіп,  дыбысбейнелеуіш 
бірліктерді функционалдық та, тарихи да тұрғыдан қарастырады. 
Соның  нəтижесінде  тілдік  фактілердің  дыбысбейнелеуіштік  тегі 
анықталып,  қазіргі  қазақ  тілінің  лексикасының  дыбыстық,  мор-

457
Ұлт тұғыры – тілде
фологиялық  жəне  семантикалық  ерекшеліктеріне  дыбысбейнеле-
уіштік құбылыстың тигізер əсері айқындалған. Осы мақсатта ға-
лым алғаш рет қазақ тілі материалы негізінде бір жəне екі буынды 
түбір-негіздер деңгейінде дыбыс бейнелеу мəселесін зерттейді [2].
Бұрынғы  кеңестік  түркітануда  қыпшақ  тілдерінің  лексикасы, 
оның лексика-семантикалық топтары жөнінде еңбек аз жазылған 
жоқ [3].
Соның  бірі  лексикалық  құрамы  қазіргі  қыпшақ  тобындағы 
(əсіресе Орта Азия аймағындағы) тілдердің лексикасымен толық я 
ішінара ортақтығымен ерекшеленетін қазақ тілінің де лексикалық 
құрамын зерттеуге қазақ тіл білімі дамуының барлық кезеңінде на-
зар аударылып отырды. Лексикологияның жекелеген мəселелерін 
қарастырған ғылыми еңбектер, əртүрлі сөздіктер жарық көрді [4].
Түсіндірме сөздік пен диалектілік жəне ономастикалық, терми-
нологиялық  лексиканың  қорын  жасау  мақсатындағы  жүйелі  жұ-
мыстардың  нəтижесінде  А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі 
институтында миллиондаған карточка тізілді. Сонымен бірге сөз-
дердің семантикалық жəне тақырыптық топтары бойынша да зерт-
теулер жүргізілуде [5].
Соның  негізінде  қазақ  тілі  лексикасы  тарихи  тұрғыдан  туыстас 
түркі тілдерімен, ескі жазба ескерткіштерімен, тіл дамуындағы əр-
түрлі  тілдік  деңгейлердегі  тарихи  сілемдермен  салыстырылып, 
диахронды түрде талдауды қажет етеді.
Оның басталуын түркі тілдерінің лексикасын зерттеуші К.М. Мұ-
саевтың  монографиясымен  байланыстыра  қараған  жөн  секілді. 
Аталған  еңбекте  қыпшақ  тілдерін,  оның  ішінде  батыс  қыпшақ 
тобының  лексикасын  салыстыра  қараған  осы  бағыттағы  зерттеу-
лердің негізі жасалды деп қарауға болады [6]. Өкінішке орай, осы 
тектес зерттеулердің жалпытүркілік тұрғыдан типологиялық сипа-
ты  соңғы  кезеңде  əртүрлі  объективті  себептерге  байланысты  қа-
жетті жалғастығын таппай қалды.
Шын мəнінде, қазақ тілінің лексикалық құрылысының дамуын 
жеке  бөліп  қарастыру  мүмкін  емес.  Себебі  жалпы  қыпшақтық 
тілдік модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көрі-
ніс  береді.  Бірақ  тілдік  дамудың  сенімді  теориясын  жасау  үшін 
нақты тілдердің зерттелуінің мəні ерекше. Бұл қазіргі лингвистика 
ғылымы  деңгейінің  осы  ия  басқа  тілдік  мəселелердің  теориялық 

458
Ұлт тұғыры – тілде
шешімдерін  ғана  емес,  сонымен  бірге  нақты  тілдік  деректерге 
негізделген кең түрдегі зерттеулерді талап етеді. Бұл тұрғыдан тіл-
дің  лексикалық  деңгейі  жай  тілдік  деректердің  жиынтығы  емес, 
ұлттың мəдени болмысын айғақтайтын таусылмас көз. 
Қазақ тілі лексикасының да негізгі өзегі басқа түркі тілдерінікі 
сияқты мынадай маңызды қолданыс аяларымен байланысты сөз-
дерде көрінеді: рухани байлық, материалдық болмыс, табиғат құ-
былыстары, фауна жəне флора, еңбек құралдары, ағза атаулары, т.б.
Соның  ішінде  қыпшақ  тілдеріндегі  лексикалық  тұлғалардың 
байырғылығын  жəне  біркелкілігін  жан-жақты  көрсететін  бірден 
бір сала – күнделікті тұрмысқа қажетті, материалдық жəне рухани 
мəдениетке қатысты зат атаулары.
Мəдениеттің  сан  қырлы  салаларына  қатысты  қыпшақ  тобы-
на жататын тілдерде қалыптасқан атауларға тарихи-этнолингвис-
тикалық зерттеу жасау өте күрделі де кешенді еңбекті талап етеді.
Атап айтқанда, қазақ халқының материалдық жəне рухани мə-
дениетін бейнелейтін тілдік деректердің ұлтты тұтастырушы қыз-
меті  когнитивтік  лингвистиканың  антропоцентристік  бағыты 
тұрғысынан сипатталады. 
Осы  мақсатқа  сай  жүргізіліп  жатқан  зерттеулер  үрдісі  мен 
нəтижесі – соның айғағы [7].
Қазақ тіл білімінде осы үрдістің жалғасып, өріс алуын «тіл – 
ұлтты  рухтандырып,  оның  ішкі,  сыртқы  келбетін  өрнектеп,  ма-
териалдық  өндіріс  пен  тұрмыс  күйін  ұлттың  рухани  дүниесімен 
сабақтас  сипаттайтын  этнотаңбалар  жүйесінің  өзекті  арқауы» 
деген  қағидамен  сипаттауға  болады.  Соған  сəйкес  этнос  болмы-
сын  оның  тілі  (этнолексикасы)  арқылы  танып  білу  мақсатынан 
туындаған  лингвистиканың  (тіл  білімінің)  жаңа  да  дербес  сала-
сы – этнолингвистика. 
Этнолингвистика – халықтың  этногенезiн,  тұpмыс-салты  мен 
əдет-ғұpпын,  мекен-жайын,  басқа  халықтаpмен  таpихи-мəдени 
байланысын, күнделiктi тұpмысын, матеpиалдық жəне pухани мə-
дениетiн зеpттейтiн тiл бiлiмiнiң жаңа саласы. Ол саланың еpек-
шелiгi, зеpттеу пəнi, т.б. қыpлаpы туpалы акад. Ə.Т. Қайдаpовтың 
жəне  пpоф.  Е.Н.  Жанпейiсов  пен  М.М.  Копыленко  еңбектеpiнде 
жан-жақты айтылған [8].
Осы саладағы зеpттеу жұмыстаpының iшiнде проф. Е.Н. Жан-
пейiсовтiң  еңбектеpi  өзiнiң  теоpиялық  деңгейiмен,  бай  этногpа-

459
Ұлт тұғыры – тілде
фиялық матеpиалымен, кең ауқымды салыстыpмалы, этимология-
лық  талдаулаpымен  еpекшеленедi.  Солаpдың  аpасында  М.  Əуе-
зовтiң шығаpмалаpының матеpиалы негiзiнде қазақтың этномəде-
ни лексикасын таpихи-лингвистикалық зеpттеуге аpналған моно-
гpафиясының оpны бөлек. 
Осы  еңбекте  матеpиалдық  мəдениетке, pухани  мəдениетке, 
халықтық өлшемге, туыстыққа жəне отбасылық қатынастаpға қа-
тысты  лексикадан  тұpатын  бай  матеpиалды  талдау  үстiнде  басқа 
түpкi тiлдеpiнiң салыстырмалы деpектеpi де кеңiнен пайдаланыл-
ған.  Кiтаптың  соңында  М.  Əуезов  шығаpмалаpындағы  этнолек-
семалаpдың тұтас тiзiмi жүйеленіп беpiлген. 
Сол сияқты Р. Шойбековтің еңбегінде қазақ тіліндегі зеpгеpлiк 
өнеpге  байланысты  сөздеpдiң  қалай  жасалғандығы,  мағыналаpы, 
этногpафиялық  мəнi,  шығу  төpкiнi  жайы  түсіндіріледі,  зеpгеpлiк 
өнеpге  қатысты  пайда  болған  этногpафизмдеpге,  мақал-мəтелдеp 
мен  жұмбақтаpға,  тұpақты  теңеулеp  мен  сөз  тipкестеpiне  этно-
лингвистикалық  сипаттама  беpіледi.  Бұл – зергерлік  атаулардың 
тек  материалдық  мəдениет  үлгісі  ретіндегі  мəнін  анықтау  емес, 
оларды  ұлттық  танымның  архаикалық  көрінісі  ретіндегі  мəдени-
рухани  қызметі  мен  əшекей  бұйымы  ретінде  күні  бүгінге  дейін 
қолданылатын ұлттық мəдени бұйымды танытудың лингвомəдени 
қағидасы [9]. 
Жалаң тақыpыптық топтастыpу – кəсiби лексикаға экстpалин-
гвистикалық  сипаттама  беpуге,  заттаp  мен  құбылыстаpдың  тұ-
тынушыға тiкелей бағыттталған байланысын анықтауға, оның қа-
зipгi  кезеңдегi  бipтұтас  жүйесiн,  сабақтастығын  көpсетуге  жет-
кiлiксiз болатыны зерттеу барысында байқалады. Сондықтан жо-
ғаpыда аталған мақсаттаpға жету үшiн кейде ономасиологиялық, 
лингвомəдени негізде қаpастыpудың да қажеттiлiгi байқалады.
Қазақ  халқының  рухани  өрісіне  қатысты  лексиканың  бір  са-
ласы – оның  ұлттық-мəдени  болмысын  танытатын,  адамдардың 
өзара  қарым-қатынасы  барысында  туындайтын,  жағымды  жəне 
жағымсыз көңіл-күйді сипаттайтын идиоэтникалық сөз орамдары. 
Ондай сөздер əр адамның мінез-құлық ерекшелігінен, өмірге, 
қоршаған  ортаға  деген  қатынасынан,  жұмыстағы,  үйдегі  қалып-
тасқан  жағдайынан,  тұрмыс-тіршілігінен  туындайтын,  солардан 
байқалатын эмоциялық жағдаймен байланысты айтылады. 

460
Ұлт тұғыры – тілде
Ғалым С. Бизақов «қуанышы мен қиыншылығы, ризашылығы 
мен  реніші,  жетістігі  мен  кемшілігі,  өкініші  мен  қайғы-мұңы, 
жиіркеніші мен сүйініші, сыйлауы мен жек көрініші қатар жүретін 
бұл фəни дүниеде тіршілік иесінің эмоцияға толы тебіренісі мен 
сезімін  танытатын  сөз  қолданыстарын  көңіл-күй  лебіздері»  деп 
атайды [10].
Көңіл-күй лебіздеріне қатысты лексика адамдардың күнделікті 
қарым-қатынасында  жарасымды  үйлесім  табу  нəтижесінде  орын 
алатын  қилы  құбылыстарды  сіңіріп,  қорытатын  адам  жанының 
сырлы əлемі іспеттес. Олар – өзінің сыр-сипаты жағынан да, ма-
ғына тиянақтылығы мен тұтастығы жағынан да тіркесе айтылуы 
мен  стиль  жағынан  да,  қолданылу  сəттері  жағынан  да  өзіне  тəн 
ерекшелігі  бар  тіліміздің  қалыптасқан  сөз  топтарын,  сан-салалы 
тізбегін  тіліміздің  өзіне  лайық  ұлттық  қасиетін  айқындайтын 
айрықша бір бөлігі.
Бүгінгі  күнгі  тіл  білімінде  қазақ  лексикасын  зерттеудің  жаңа 
лингвистикалық  бағытқа  сай  жалғастығы  функционалды,  когни-
тивті  лингвистика  салаларынан  көрініс  табады.  Соның  нəтиже-
сінде адам қоғамының қарым-қатынас жəне таным құралы (оның 
нақты  көрінісі – лексика)  ретіндегі  тілдің  тарихи-динамикалық 
категория ретінде жаңа деңгейдегі зерттеу нысанына айнала ала-
тын  ғылыми  негіздері  бар.  Осымен  байланысты  қазақ  тіліндегі 
мифологиялық  лексика,  көркем  мəтін  кеңістігіндегі  мəдени  кон-
нотация мен концептуалдық жүйе, тезаурустық лексика, т.б. лек-
сикалық  байлықты  кешенді  зерттеуге  арналған  Б.  Тілеубердиев, 
Қ.  Рысберген,  Б.  Нұрдəулетова,  Қ.  Ғабитханұлы,  А.  Хабиева, 
А. Əмірбекова, Г. Сабирова, т.б. еңбектерінің мəні аса өзекті.
Антропоөзектік  бағытта  жүргізіліп  жатқан  зерттеулердің  ба-
рысы  тіл  мен  мəдениеттің  байланысы  тіл  білімінің  қазіргі  линг-
вомəдениеттану саласында ерекше мəнге ие екенін көрсетіп отыр. 
Бұл екі фактордың тоғысуы нəтижесінде пайда болған тілдік де-
ректер  ұлт  мəдениетін  немесе  ұлт  тарихын,  халықтың  қоғамдық 
өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының 
көрсеткіші  ретінде  де  танылады.  Мысалы,  тіл  мен  мəдениеттің 
атауына  ұйытқы  болған  этнографизмдер – ана  тілі  байлығының 
бір бөлшегі. Бұл атаулар – тілдік қазынаның сүбелі саласының бірі 
жəне  бүгінде  жалпыхалықтық  қолданыста  жоқ  кейбір  байырғы 

461
Ұлт тұғыры – тілде
сөздер мен сөз тіркестерінің мағына-мəнін танытатын мəдени əрі 
тарихи ақпараттар көзі.
Бірақ  этностың  көне  дəуіріндегі  тарихынан,  мəдени  өмірінен 
хабардар ететін этнографизмдер, тілімізде мағынасы ұмыт болған 
əртүрлі этноатаулар олардың сырын ашуды, танытуды қажет етеді. 
Осы орайда қазақтың қара сөзін бағзы мəдениеттің жетегінде тіл 
арқылы  анықтап,  келер  ұрпақтың  санасына  зор  мақтанышпен 
жеткізу – ұлт  болмысын,  ұлт  мəдениетін  танытудың  бір  жолы. 
Осыған  орай,  қазақ  лексикасындағы  лингвокультуремалар  ретін-
дегі этнографизмдер, ескіліктер, т.б. этнодеректер мəдени-рухани 
байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық 
қарым-қатынас  кезінде  белсенді  қолданылмаса  да,  бұл  сөздердің 
дені диалектілік лексикада, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мə-
телдердің құрамында, тарихи көркем шығарма тілінде, ауыз əде-
биеті, фольклор мен эпос тілінде сақталған. 
Осыған орай қазіргі лингвистика саласындағы ғылыми ой да-
муының  жаңа  үрдістері  оның  айқын  адамтанымдық  бағытын 
белгілейді. Осылайша мəдени-əлеуметтік əрекет үстіндегі тілді тұ-
тынушының  тілін  (оның  ішінде  ең  «сезімтал»  бөлігі  лексика-
лық  деңгейі)  тануда  адамды,  социумды  жан-жақты  зерттеу  тіл 
білімінде  өз  кезегінде  функционалды  парадигма  туғызды.  Осы-
мен  байланысты  қазіргі  лингвистиканың  құрылымын  өзгерткен 
əртүрлі ғылыми теориялар, оның дəстүрлі түрде қалыптасқан са-
лаларының  арасындағы  шекараны  тоғыстырып,  кешенді  сипат-
пен толықтырды. Соның нəтижесінде жалпы тіл білімінде қалып-
тасқан  социолингвистика,  психолингвистика,  этнолингвистика, 
лингвомəдениеттану, лингвоелтану, т.с.с. сабақтас ғылым салала-
ры зерттеу нысанының өзегін тілдің өзі емес, тілді құрал ретінде 
пайдаланатын тілді тұтынушының болмысын, іс-əрекетін, таным-
пайымын зерттеуге бағытталған адамтанымдық мақсат құрайды. 
Атап айтқанда, сол тілде сөйлеушінің ішкі əлеміне ерекше кө-
ңіл  бөлу  мақсаты  тіл  білімінің  басқа  да  (философия,  тарих,  пси-
хология,  логика,  əлеуметтану,  этнография,  мəдениеттану,  т.б.) 
ғылымдармен тоғысуына əкелді. Осының нəтижесіндегі лингвис-
тикалық  зерттеулердің  тұтастық  (интеграциялық)  сипаты  тілді 
ұлтпен  біртұтас  жүйе  ретінде  айқындайды.  Соның  нəтижесінде 
этнолексиканың,  көне  атаулардың  таңбалану  уəждемесінің  мəде-
ни құндылыққа ие болу ерекшелігінің анықталуы адамтанымдық 
бағыттағы тілдік зерттеулердің өзегіне айналды.

462
Ұлт тұғыры – тілде


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал