TeliaSonera қаңтар-қыркүйекте



жүктеу 390.5 Kb.

бет1/5
Дата10.03.2017
өлшемі390.5 Kb.
  1   2   3   4   5

3

2

8



37

22

16

18

TeliaSonera қаңтар-қыркүйекте: пайданың тұрақты өсімі мен 

қолма-қол қаражаттың тұрақты қозғалысы 



T

elia

S

onera

 

компаниясы

 2011 жылдың тоғыз айы 

ішіндегі қызметінің нәтижелерін жариялады. 

Осылайша, жаңа клиенттер тартудан түскен со-

маларды есепке алмағанда,жергілікті валютадағы 

компанияның таза сатылымдарының көлемі 

2,7 пайызға артты. Тоғыз ай ішіндегі компания 

қызметінің нәтижелерін түсіндіре келе, TeliaSonera 

президенті және бас атқарушы директоры Ларс 

Ниберг былай деді: «Біз қол жеткізген жетістіктер 

туралы және ағымдағы макроэкономикалық 

тұрақсыздыққа қарамастан, көрсеткіштер өсімін 

қамтамасыз етуді жалғастырып жатқанымыз тура-

лы хабарлауға қуаныштымыз. Шығындарды азайту 

бастамалары үшінші тоқсанда тиімді аяқталды, 

төрт тоқсан бойы байқалған шығындар өсімінен 

кейін, жолданатын негізгі құнның төмендегенін 

байқадық. Біздің EBITDA көрсеткіштеріміз тұрақты 

негізде қатарынан 12 тоқсан бойы жақсарды, 

пайда көрсеткіші  (маржа) 36,8 пайыз мөлшерінде, 

2006 жылдан бастап, үшінші тоқсанда ең жоғары 

көрсеткішке айналды. Біздің қызметтерге деген 

сұраныс өте жоғары, мұны ақша қаражаттарына 

айналдыру қабілетіміз міндетке айналып отыр. 

Қолданылатын модельдер мен ай сайынғы 

төлемдердің арасындағы жақсартылған 

қатынасты назарға алып, клиенттеріміздің 

түрлі қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыру 

үшін, жаз маусымы аяқталған соң мәліметтерді 

таратудың ұтқыр жүйесіне қатысты бірнеше жаңа 

ұсынысты іске қостық. Мамыр айында Солтүстік 

Еуропа мен Балтық маңы елдерінде роумингте 

мәліметтерді тарату тарифтерін жалпы алғанда 90 

пайызға төмендеттік. Мамыр айынан бастап, роу-

мингте мәліметтер таратудың көлемдері екі есе-

ден артық өсті. Уақыт өте келе, мұндай ұсыныстар 

басқа нарықтарда да жүзеге асырылатын болады.

Үшінші тоқсанның ішінде еуразиялық 

аймақта қарқынды өсім байқалады, Қазақстан 

мен Непалда сәйкесінше 10 миллион және 6 

миллион абонент бар. Бұл елдерде мәліметтерді 

ұтқыр таратуға деген қызығушылықтың артуы да 

бақыланады, мұндай қызметтерімізді көрсететін 

аймақтарда мәліметтерді таратуда жоғары 

позиңиялар алуға дайынбыз. Ncell бүгінгі күннің 

өзінде-ақ Непалда Интернет желісі қызметтерінің 

жетекші провайдері болып табылады, осы сәтте 

Ucell кірістерінің 25 пайызы қосымша қызметтер 

көрсетуден түседі.

Біздің стратегиямыздағы іргелі 

мәселелердің бірі негізгі компанияларымыздағы 

мүдделер үлесін арттыру болып табылады. 

Кейбір елдерде, негізінен Еуразиялық аймақта, 

компанияларды басқаруда толық бақылауға ие 

болғанымызбен, экономикалық меншікке деген 

құқықтар көлемі бізде айтарлықтай төмен. 

Сондықтан Қазақстанда Kcell мүдде үлесін 24 

пайызға плюс жоспарланатын IPO байланысты 

бір акцияға арттыру бойынша «Қазақтелеком» 

компаниясымен өзара түсіністік туралы 

Меморандумға қыркүйек айында қол 

қойғанымыға өте қуанышты болдым. 

Біздің Altimo келісімді жүзеге 

асырудағы алғашқы басымдығымыз Turkcell 

байланысты құқықтық дауларды шешуден 

тұрады. Осылайша, жуырда біздің пайдамызға 

жарияланған Женевадағы Халықаралық сауда 

палатасының қорытынды шешімі және Altimo 

пайдасына жасалған Британ Виргин аралдары 

сотының шешімі дұрыс бағыттағы маңызды 

қадамдар болып табылады. Turkcell дирек-

торлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің саны 

үшке дейін арттырылу керектігін белгілейтін, 

бірлескен басқару қағидаларына қатысты 

Бағалы қағаздар нарығы комиссиясының жаңа 

қаулысы оңды және біз ұзақ уақыт бойы қол 

жеткізуге тырысқан шешімге толық сәйкес 

болып табылады. Тәуелсіз мүшелердің санын 

арттыру тығырыққа тіреген жағдаятты шешеді 

және көпшілік қабылдаған шешімдерді 

азшылықтың болдырмауына кедергіге айна-

лады».

Мазмұны

Жаңалықтар

TeliaSonera жаңалықтары



Kcell жаңалықтары



14 

Kcell-дің 10 басты жетістігі



ОҚИҒА

TeliaSonera-дағы Медиакүндер



Сұхбат

10 

Вейсел Арал. Бірлесіп жұмыс істеуге қауіпті адам



22 

Михаил Ломтадзе. Ақша дүкені



24 

Айтылған ой

Тұлға

26 

Интернет-буржуй Қазнет, стартап және тағы 

басқалар жайлы… 

Фотожариялама 

18 

Тбилиси — жылы қайнарлар қаласы



16 

Дайджест 

Бизнес

34 

Адам несіз өмір сүре алмайды



Маркет

37 

Samsung Note. Дегенмен — смартфон!



4

TeliaSonera өзінің Kcell-дегі үлесін ұлғайтуда

және акцияларын алғаш орналастыруға

дайындық үстінде (IPO)

к

омпанияның

 

есебінде

 ішінара Еуразиялық 

аймақ компаниясының бөлімшелері кезекті 

түрде алға қойылған мақсаттарды орындағаны 

және қостаңбалы санмен берілген және 50 

пайыздан артығын құраған EBITDA көрсеткіші 

мен таза көлемнің өсімін назарға алып, 2011 

жылдың үшінші тоқсанында жетістікке жетудің 

дәйекті дәлелдерін келтіргені туралы хабар-

ланады. Еуразия аймағындағы топтың барлық 

компанияларындағы абоненттер саны үшінші 

тоқсанда 1,2 миллионға артты және 32,8 

миллион адамға жетті. Непал, Қазақстан және 

Тәжікстан абоненттер санының ең жоғары 

өсімін көрсетті — сәйкесінше 0,6 млн, 0,4 млн 

және 0,1 млн.

Бөлімше қызметінің нәтижелерін 

түсіндіре келе, TeliaSonera Eurasia 

президенті Теро Кивисаари соның ішінде 

мынаны атап өтті: «Үшінші тоқсанда 

біз Еуразиялық аймақтың көптеген 

нарықтарында бәсекелестеріміз тарапынан 

баға соғыстары мен жаңа клиенттерді тарту 

бойынша агрессивті кампания мәселесінің 

алдында тұрдық. Ұзақ мерзімді болашақтағы 

жеңімпаздар жоғары құндылық пен клиент-

терге жақсы әсер қалдырған операторлар 

болады. Клиенттерге қызмет көрсетудің 

жағымды әрі тұрақты сапасы саласындағы 

тәжірибені жетілдіру Еуразиялық аймақ 

компанияларының бөлімшелері үшін ғана 

маңызды емес, TeliaSonera компаниялар 

тобының жоспарларында маңызды орын 

алады». 


Қазақстанда жергілікті валютадағы 

таза сатылым көлемі 16,4 пайызға артты

бұл абоненттер санының өсуінен және 

мәліметтерді ұтқыр тарату көлемінің өсу 

қарқынынан туындап отыр. Үшінші тоқсанда 

Kcell абоненттерінің саны 10 миллионға жетті 

және компания ұтқыр мәліметтерді тарату 

саласында сөзсіз көшбасшы болып отыр. Kcell 

компаниясының ұтқыр мәліметтерді тарату 

қызметтерінен түскен кірісі өткен жылдың осы 

мерзімімен салыстырғанда екі есеге артты 

және қазіргі таңда Kcell жалпы пайдасының 

шамамен 8 пайызын құрайды. 

T

elia

S

onera

 

сондай

-

ақ

 тараптардың белгілі 

бір шарттарды орындаған жағдайында 

қор нарығында алғаш орналастыру 

(IPO) жолымен 25% минус бір акция 

көлеміндегі топтаманы сатуға міндеттелді. 

Акцияларды алғаш орналастыру 2012 

жылы өткізіледі деп күтілуде. Қор 

нарығында алғаш орналастырылғаннан 

кейін акция құнының қалай 

қалыптасатынына байланысты TeliaSonera, 

«Қазақтелеком» АҚ пайдасына қосымша 

төлем жасауы мүмкін.  

Қазіргі уақытта «GSM 

Қазақстан ААҚ «Қазақтелеком»» ЖШС 

Fintur Holdings (үлесі 51%) және 

«Қазақтелеком» АҚ-ға (үлесі 49%) 

тиесілі. Fintur Holdings B.V., өз кезегінде, 

TeliaSonera (үлесі 58,55%) және Turkcell 

(41,45%) қарамағында. Мәміленің екі кезеңі 

де аяқталғаннан кейін TeliaSonera-ның Kcell-

дегі іс жүзіндегі қатысу үлесі 61,74% құрайды. 

«Осы келісімді жасасу біз үшін маңызы 

ерекше кәсіпорындардағы үлесімізді 

арттыру жөніндегі стратегиямызды жүзеге 

асырудағы кезекті қадам болды. Осы мәміле 

арқылы TeliaSonera біздің басқарушылық 

және операциялық бақылауымыздағы 

Kcell компаниясындағы үлесін арттырады. 

Kcell Орталық Азиядағы Қазақсанның ең 

ірі нарығының айғақ көшбасшысы болып 

табылады және көптеген жылдар бойы елеулі 

түрде үздіксіз өсуде. Компания бөлігінің 

акцияларды алғаш орналастыру жолымен 

сатылатыны оны одан да бетер тартымды 

етпек», — деді Теро Кивисаари, TeliaSonera 

Eurasia Президенті. 



TeliaSonera Еуразия

III тоқсандағы жұмыс нәтижелерін хабарлады



6

7

TeliaSonera-дағы Медиакүндер

2011 жылдың қараша айында Стокгольмде Еуразия аймағының түкпір-түкпірінен 

телекоммуникациялар жайлы қалам тартатын журналистер жиналды. Баспасөз 

өкілдері TeliaSonera компаниясының бас басқарушыларымен кездесуге 

шақырылды. Біз үшін бұл шақыру осы компанияның қазақстандық  Kcell ұялы 

байланыс операторының негізгі иесі болып табылатынымен қызықты болды

Біз екі күнге шақырылдық,

 сондықтан TeliaSonera-дағы 

Еуразияның медиакүндері бағдарламасы өте тығыз бол-

ды. Алдымен компанияның корпоративтік коммуникаци-

ялар жөніндегі аға вице-президенті Сесилия Эдстром бізді 

компанияның тарихымен таныстырды. 



Тарихтан бірер сөз

TeliaSonera — тарихы терең әрі бай компания. Ол сонау 1853 

жылы құрылған Telia корольдік телеграф агенттігінен бастау 

алады. Кейіннен компания тұрақты, содан соң ұялы байланыс 

операторына айналған. Алғашқы телефонды 1877 қосқан Telia 

Швециядағы тұрақты байланыстың алғашқы операторы болды. 

Ал 1890 жылы ол бүкіл ел аумағында 20 мың телефон нөміріне 

қызмет еткен.

Telia-ның 20-ғасырдағы дамуы да кем түспеген. 50-ші 

жылдардың басында бұл компания ұялы байланыс саласын 

алғашқы болып игергендердің бірі болды, және ол ұялы теле-

коммуникациялар индустриясындағы жол ашушы атағын алу 

құқығын иеленді. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап 

бұл оператор бірден бірнеше бағытқа — яғни тұрақты және 

ұялы байланыс бағыттарына жол алды.

Ал TeliaSonera компаниясының тарихы Швециядағы 

Telia компаниясы мен Sonera (Финляндияның ұялы байланыс 

операторы

) бірігіп, Еуропадағы ең ірі телекоммуникациялық 

компаниялардың бірін құрған 2002 жылдан басталады. 

2011 жылғы қараша айындағы деректер бойынша, 

TeliaSonera Еуропадағы 5-ші ең ірі ұялы байланыс операторы 

болып табылады. «Біз 160 миллионнан астам клиентке қызмет 

көрсетеміз, бізде 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді, 2010 

жылы сатуларымыз 16 миллиард долларға жуықты құрады», — 

деп атап көрсетті компанияның корпоративтік коммуникация-

лар жөніндегі аға вице-президенті Сесилия Эдстром. 



«Жаңа мүмкіндіктері бар әлемді жасап,

құндылықтарды көбейту» 

Бұл бүкіл TeliaSonera отбасының жұмыс қағидасы. 

Компанияның әлемдегі бірінші ұялы байланыс операто-

ры болып байланыстың төртінші бұынын коммерциялық 

іске қосуды жүзеге асырып, деректерді берудің жоғары 

жылдамдығына негізделген абсолютті жаңа технологиясы 

мүмкіндіктерін баршаның пайдалануына ұсынуы — осының 

дәлелі. «Шындығында, дауыстық қатынас телефоншылар 

арқылы қолмен жүзеге асырылған байланыс деңгейлерін 

қоса санағанда, біз қазір байланыстың төртінші емес, жетінші 

деңгейін қолданып отырмыз», — деп атап өтті қалжың-шынды 

араластырып TeliaSonera компаниясының ұялы байланыс 

қызметтерін дамыту жөніндегі вице-президенті Томми 

Люнггрен. Журналистер алында екінші болып сөз сөйлеген 

ол бізді ұялы байланыс деңгейлерінің эволюциясымен таны-

стырып: «Қазіргі кезде Швецияның барлық операторлары 

4G-ді ұсынады, бірақ қамту аймағына назар аударсаңыз, сіздің 

TeliaSonera-ны таңдайтыныңызға күмән келтірмеймін. Себебі 

әлемнің кез келген елінде байланыс операторын таңдаудың ең 

басты өлшемі қамту аймағы болып табылады. Біз қолжетімді 

бағамен жоғары сапа ұсынамыз. Біздің бірегейлігіміз осында 

жатыр», — деп атап көрсетті.



Еуразия ауқымы

Әлемнің 20 елін өз жұмысымен қамтып отырғанына 

қарамастан, TeliaSonera өзін ғаламдық көлемді компанияларға 

жатқызбайды. «Біз, Непал, Грузия немесе Қазақстан бол-

сын, өзіміз жұмыс істеп жүрген әрбір нарықта әлемдік 

санатты қызмет атқарып, қызмет көрсететін компания 

болғымыз келеді. TS отбасына кіретін операторлар қазірдің 

өзінде халықаралық топтың жаңа біліміне, технологиялық 

көшбасшылыққа және халықаралық компанияның қаржылық 

қуатына қол жеткізуде, бұл біз қызмет атқаратын әрбір елде 

жұмыс істеудің алғашқы кезеңінен бастап-ақ жаңа технологи-

яларды енгізу мүмкіндігін беріп отыр», — дей келе, Сесилия 

Эдстром сөз тізгінін TeliaSonera Eurasia-ның президенті Теро 

Кивисаари мырзаға берді.

Еуразия аймағында компания Қазақстандағы (Kcell), 

Әзірбайжандағы (Azercell), Молдовадағы (Moldcell), Грузиядағы 

(Geocell), Тәжікстандағы (Tcell), Өзбекстандағы (Ucell) және 

Непалдағы (Ncell) жетекші ұялы байланыс операторларының 

үлесін бақылауға алған. Ол компаниялар 32-ден астам миллион 

абонентке қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, TeliaSonera Ресейдегі 

«МегаФон» және Түркиядағы Turkcell операторларының ең 

ірі миноритарлы акционері болып табылады. Компанияның 

осы аймақтағы жұмыс жоспарларының келешегін әңгімелеу 

барысында Теро Кивисаари былай деді: «Біз жергілікті 

компаниялардағы өз үлесімізді арттыруға тырысамыз. Мысалы, 

Өзбекстанда, сонымен қатар Непалда біз оны 94 пайызға дейін 

көтердік. Оған қоса, біз Kcell-дегі үлесімізді арттырмақпыз. 

Жуық арада портфелімізге тағы бірқатар қосымша салым 

енгізуге үміттенеміз».

TeliaSonera Eurasia-ның президенті TS бизнесінің 

Қазақстандағы дамуына тоқталып, қазіргі кезде оның 

жоғары бәсекелестік орын алған нарыққа айналғанын 

атап өтті. «Төменгі бағалар сегментінде сол сегментке тән 

өте агрессивті күрес жүріп жатыр. Бұл жағдайда біздің бас 

бәсекелестерімізбен салыстырғанда, Kcell-дің тарифтері тиімді 

болып табылады. Бірақ біз нарықтағы бәсекелестерімізге 

қарағанда неғұрлым жақсы сапа мен қамту аймағын 

ұсынып отырмыз. Бұл орайда компанияның жоспарына баға 

соғысын бастау кірмейтінін атап өткім келеді. Біз үшін Kcell-

дің абоненттерге құнды болып табылатынының маңызы 

әлдеқайда зор. Қызықты факт: соңғы маркетингтік зертте-

улер Kcell абоненттерінің мезгіл-мезгіл бәсекелестеріміздің 

қызметін пайдаланып көріп, тестілеп дегендей, содан соң 

бізбен бірге қалуға бел буатынын көрсетті. Біз жақсы сапа-

мен жақсы қызмет көрсетіп отырғанымызда, біздің оларға 

қатысты нарықтағы үлесіміз тұрақты болып қала бермек. Біз 

технологияларға инвестиция салып, қателік жасамаймыз, 

сондықтан өз орнымызда нық отырмыз. Нарық бізге күнде бір 

сын береді, біз оған қайсарлықпен төзіп, көшбасшылығымызды 

сақтап отырмыз. Мен Kcell-дің ең үздік оператор екендігін 

және осындай болып қала беретінін анық білемін. Қарапайым 

қызмет пайдаланушылар шақыру батырмасын басқан сайын, 

осыны растайды».

Телекоммуникациядағы назар аударарлық нәрселер

Екінші күн мәдени бағдарламаға арналды. Telia-ның 

Стокгольмдегі алғашқы фирмалық дүкені Tеlia Store-да бізге 

ұялы байланыстың қарапайым адамның өміріне енген ең 

жаңа технологиялары көрсетілді. Ол үшін дүкенде техниканың 

барлығы ұялы телефон, нақтылай айтқанда, жоғары 

жылдамдықты ұялы Интернет көмегімен басқарылатын зама-

науи пәтер интерьері жасалған. Өз бағалауымызша, бізде ондай 

таңғажайыпты кемінде 10 жылдан соң көруге болар. 

Біз телекоммуникациялар мұражайына да бардық. 

Бар-жоғы 150 жылдық тарихы бар дауыс арқылы қатынас 

жасаудың мұражайы жасалғандығының өзі таңдандырды! 

Және де ол мұражай «қолмен ұстамаңыздар» деген серияға 

жатпайды. Керісінше, бар нәрсесі қолжетімді, кейбір экс-

понаттарды қолмен ұстап көруге болады. Онда тіпті 

балаларға арналған медиазертхана бар, яғни оқушылар өз 

бағдарламаларын жасап, шынайы теледидар немесе радио 

эфиріне шығып жүр. Қазірдің өзінде шын телестудиялар-

да жұмыс тәжірибеміз мол журналистер болсақ та, біз де 

бағдарламаларды жүргізуші әрі операторлар рөлін ойнап 

көрдік.

Бірақ мені бәрінен артық таңдандырғаны мұражайға 



келушілер болды: туристерді емес, жергілікті тұрғындар — 

мектеп оқушыларын, тіпті 3—5 жасар балдырғандарды ертіп, 

оған қоса әлі жүретін жасқа да жетпеген нәресте жатқан бесік 

арбаны итерген отағаларын көрдім!

Стокгольмнен алған жалпы әсерім — ол велосипедтер, 

перде ілінбеген терезелер, келішулері өте көп мұражайлар мен 

мейрамханалар қаласы, ол қала — телекоммуникациядағы 

жаңа технологиялардың отаны. Мен міндетті түрде қайтып 

оралатын қала ол. 



Kcell___мен___Activ'>ОҚИҒА



8

9

Kcell



 мен

 Activ

 Қазақстандағы 

абоненттердің қанағаттанушылық 

деңгейі бойынша қайтадан  

көшбасшы болып отыр

Еуропалық EPSI (Тұтынушылар 

қанағаттанушылығының жалпыеуропалық 

индексі) агенттігінің 2011 жылы өткізілген 

зерттеуіне сәйкес Kcell мен Activ пайдала-

нушылары өз операторының жұмысына 

қанағаттанушылықтың және оған жақсы 

көзқарастың ең жоғары деңгейін көрсетті. 

Бұл саладағы пайдаланушылар 

қанағаттанушылығы мен көзқарасының 

жалпы деңгейінің 2009 жылғы 

көрсеткіштерге дейін төмендеуіне 

қарамастан, Kcell мен Activ-тің 

қанағаттанушылық индекстері өзгермеген. 

Сондай-ақ, EPSI зерттеуінде 

Қазақстандағы пайдаланушылардың 

мінез-құлқы бірте-бірте өзгергені 

атап көрсетіледі. Бәсекелестіктің 

күшеюі, ұялы байланыстың барлық 

жерлерді қамту деңгейі, сонымен қатар 

көптеген ұсыныстар тұтынушыларды 

қанағаттанушылық деңгейінен 

басқа тәсілдермен ұстау мүмкіндігін 

төмендетеді. 



Брендтер   Қанағаттанушылық индексі 

Көзқарас

2009


2010

2011


2009

2010


2011

Kcell 

74,5


82,7

79,1


75,2

83,4


81,1

Activ 

77,9


81,8

80,6


78,9

83,7


81,7

Саладағы 

орташа 

көрсеткіш

76,9


81

77,5


78,5

82,2


78,6

сапасының жақсаруын байқағандағын 

көрсетіп отыр.

Сонымен қатар Қазақстанның 

ұялы байланыс операторларының 

корпоративтік клиенттері арасында да 

EPSI рейтингі жүргізіледі. 2011 жылғы 

зерттеу корпоративтік сектордағы 

пайдаланушылардың қанағаттанушылығы 

мен көзқарасы бойынша, сондай-ақ, 

қызмет көрсету сапасы бойынша да 

бұрынғысынша Kcell көшбасшы болып 

отырғандығын көрсетіп отыр. Бұл орайда, 

көпшілік сегменттегідей, корпоративтік 

операторды таңдау және ауыстыру 

пайдаланушылардың қанағаттанушылық 

дәрежесіне тікелей байланысты болып 

табылады.

Зерттеудің толық нәтижелерімен 

EPSI агенттігінің: http://www.epsi-russia.

org/ адресіндегі веб-парағынан танысуға 

болады.


Kcell

 MyPay

kz

ұялы қолданбасы іске қосылды

«Лимитсіз Интернет»: ойланба — жүкте! 

Қызмет түрі

Ай сайынғы 

абоненттік 

төлем

Ең үлкен 



жылдамдықтағы 

қосылған трафик 

көлемі 

Қосылған 



трафик көлемінің 

белгіленген 

мөлшері 

жұмсалғандағы 

кіру жылдамдығы 

Қалай қосылуға 

болады

«Смартфон»



990 теңге

1 ГБ


32 Kбит/с дейін

(= 4 КБайт/с дейін)

• *444*2*1*1#OK

• SMS smart немесе 

smartphone немесе смарт-

фон не 2002 нөміріне 990 

«Планшеттік»

1 990 теңге

4 ГБ

• *444*2*1*2#OK



• SMS tablet немесе 

планшетник не таблетка 

немесе 2002 нөміріне 

1990 


«Модем»

3 990 теңге

10 ГБ

• *444*2*1*3#OK



• SMS modem немесе 

модем 2002 нөміріне 

3990 

Қанша мегабайт? Қай тариф арзан? 



Маған бүгінге қанша трафик керек? 

Енді өзіңізді бұл сұрақтармен 

қинаудың қажеті жоқ. «Лимитсіз Ин-

Егер содан 

кейінгі үш күн 

ішінде абоненттік 

төлем есептен 

шығарылмаса, 

қызмет 

ажыратылады. 



«Лимитсіз 

Интернет» 

акциялық 

қызметіне қосылу 

2012 жылғы 15 

наурызға дейін 

қолжетімді болады.

Толығырақ —

www.kcell.kz 

және www.activ.kz  

сайттарында. 

Kcell 

Оңтүстік 

полюске 

баратын 

алғашқы 

қазақстандық 

экспедицияға 

қаржылық 

қолдау көрсетті

Желтоқсанның бастапқы шенінде 

Новолазаревская  станциясынан 

Оңтүстік полюске қарай алғашқы 

қазақстандық автокөлік 

экспедициясы жол тартты. Бұл 

жобаға ең ірі ұялы байланыс 

операторы GSM Қазақстан/Kcell 

қаржылық қолдау көрсетті

Құрамында Нурлан Абдуов, Орденбек 

Мазбаев, Берік Баймағамбетов, 

Константин Орлов және Сергей 

Бодров бар қазақстандық ғалымдар 

тобы 2308 шақырымды автокөлікпен 

өтіп, Қазақстан Республикасы 

тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтой-

ында — 16 желтоқсан күні Оңтүстік 

полюске жетпек. Бүкіл жол бойы 

ғалымдар ақ құрлықтың табиғи-

климат жағдайын тәжірибе жүзінде 

зерттеу бірегей мүмкіндігіне ие 

болады. 


GSM Қазақстан/Kcell-дің 

қаржылық қолдауының арқасында 

барлық қазақстандықтар осы 

тарихи оқиғаның куәгері болып, 

экспедиция қатысушыларынан 

Facebook-тегі  http://www.facebook.

com/#!/kazgeokz интернет парағы 

арқылы және Твиттерде – @kazge.kz 

арқылы тікелей ғалымдардың өзінен 

ақпарат алу мүмкіндігіне ие болып 

отыр. Экспедицияның ұйымдастыру 

штабы да кез келген уақытта Оңтүстік 

полюске жетушілермен ұялы байланыс 

арқылы қатынас жасай алады. 

Сонымен қатар  GSM Қазақстан/Kcell 

осы оқиғаға ақпараттық қолдау көрсету 

мақсатында оның қатысушыларымен 

қатынас жасауға арнап жаңалық алмасу 

SMS-сервисін тегін әзірледі. Соның 

арқасында қазақстандықтар экспедиция 

мүшелерінің жолдағы SMS-жазбаларын 

оқып, тіпті оларға сұрақ қоя алады. Ол 

үшін +@pole2011 мәтіні жазылған тегін 

SMS хабарламаны 1140 нөміріне жол-

дау керек. Мысалы: @pole2011 Қалай 

демалып жатырсыздар?

SMS жолдау және алу тегін. 

Экспедиция қатысушыларының 

өздері ең үздік сұрақтарды таңдайды, 

сол сұрақ авторлары GSM Қазақстан/

Kcell компаниясынан жүлде алады. 

GSM Қазақстан/Kcell компаниясының 

корпоративтік коммуникациялар 

жөніндегі директоры, Аида Досаева, 

компанияның осы жобаға қатысуына 

түсініктеме беріп: «Қазақстандықтарға 

экспедицияға тікелей қатысуға 

және Антарктиданы игерушілердің 

өз аузынан жаңа жер игеру туралы 

қызғылықты әрі шынайы хабар алуға 

мүмкіндік берудің өзі — үлкен құрмет. 

Ал саяхат құрушылар үшін де, оларға 

өз отанында жанкүйер болып отырған 

азаматтар үшін де нағыз толқытатын сәт 

желтоқсанның 16-сы — Қазақстанның 

тәуелсіздігі күні болмақ. Ол күні 

ұлан-асыр мерекеге орай Оңтүстік 

полюсте еліміздің байрағы ілінеді. 

Отанымыздың туының жанына Kcell 

жалауының ілінетіні – бізге дем берер 

жайт. Біз өз елімізде ғылым, өнер, спорт 

салаларымен тығыз ынтымақтастық 

құрып, оларды қолдаудың бай 

тарихын мақтан етеміз. Осы арқылы 

біз жас қазақстандықтардың шынайы 

отансүйгіштігін, өз елі үшін мақтаныш 

сезімін тәрбиелеуге өз үлесімізді қосып 

отырмыз», — деп атап өтті. 

тернет» жаңа акциялы қызметімен 

Kcell және Activ абоненттері 

трафиктің құны жайлы ойланбастан

әлеуметтік желілерде қатынас 

жасап, электронды хаттарын оқи 

алады, онлайн-трансляцияларды 

көріп, музыка тыңдай алады, 

дыбыстық композициялар мен 

Алғашқы рет ай сайынғы абоненттік 

төлем толық көлемде қосылу сәтінде 

есептен шығарылады. Келесі абоненттік 

төлемді есептен шығару қызметке 

қосылған сәттен бастап 30 күннен 

кейін жүргізіледі. Оң теңгеріміңіз 

болмағандықтан, абоненттік төлемді есеп-

тен шығару мүмкін болмаған жағдайда, 

оны үш күн ішінде қайта жүргізуге болады. 

Kcell MyPaykz сервисі Kcell мен Activ 

абоненттеріне Қазақстан аумағында да, одан 

тысқары жерлерде (роумингте) де тауарлар 

мен қызметтердің ақысын өз банктік 

картасындағы қаражат есебінен ұялы теле-

фон көмегімен төлеп алуға мүмкіндік береді. 

Бұл қызметті пайдалану үшін, ұялы 

телефонға Kcell MyPaykz қолданбасын 

қондыру қажет. Ұтқыр қолданбаны wap.

mypay.kz-тен немесе арнайы әзірленген 

бренд парағы Kcell MyPaykz-тен жүктеп алуға 

болады. Параққа кіру сілтемесі www.kcell.kz 

және www.activ.kz сайттарының «Қызметтер» 

парағында, сондай-ақ, wap.kcell.kz және 

wap.activ.kz WAP-порталдарында берілген. 

Сервисті үш қадаммен активтендірудің 

қарапайым тәсілі арқылы Қазақстанның 

кез келген банкінің Visa International және 

MasterCard International карталарын қосу 

көзделеді.

Бұл GSM Қазақстан/Kcell мен «Интервэйл 

Казахстан» ЖШС-нің бірлескен сервисі (www.

intervale.kz). Үш тілде — қазақ, орыс және 

ағылшын тілдерінде әзірленген қолданбаны 

қарапайым телефондарда, сондай-ақ, Java, 

Symbian, Windows Mobile және Android 

операциялық жүйелерімен жұмыс істейтін 

смартфондарда пайдалануға болады. 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал