Тележурналистиканың ҚОҒамдық Қызметі егінбай А



жүктеу 51.2 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі51.2 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



 

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ 

 

Егінбай А. 

2-курс студенті  

Ғылыми жетекшісі:ф.ғ.к., доцент Ж.С.Рамазанова  

Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды 

қаласы 


 

Тележурналистика – бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы, соның 

ішінде  орасан  зор  мүмкіндіктерді  иеленетін  жүйе.  ХХІ  ғасырдың  адамзат 

игілігіне  ұсынған  ұлы  жаңалығы  –  адам  баласының  кӛзқарасына,  ой-

санасына  тікелей  әсер  ететін  идеологиялық  құрал.  Тележурналистика  – 

рухани  нәр  мен  эстетикалық  әсер  беретін  ӛнердің  ӛзгеше  бір  түрі.  Қазіргі 

таңдағы  уақыт  аясынан  «ақпарат  ғасыры»  деген  ұғымды  иеленіп  отырған 

кезеңде тележурналистиканың ақпарат кеңістігінен алатын орны айрықша.  

Тележурналистің  кӛпшілікпен  сырласуы,  ӛзімен-ӛзі  кеңесетін  шақтары 

қашанда  қоғам,  ел  мүддесімен,  адамзаттың  кӛкейкесті  арманымен  ұштасып 

жатады. «Тележүргізуші жүрек түбінде ӛзін толғантқан сырын ӛзгеге айтады. 

Телехабарда  автор  тақырыбын  тереңнен  толғап,  содан  әлі  ӛзгелер  кӛрмеген 

шынайы  кӛріністі  табу  жолында  ізденіске  түседі.  Әңгімелеуші  ӛз  ойын, 

айтайын дегенін әңгімелеу кезінде сарықпай тынбауы тиіс. Хабар барысында 

жүргізушінің  тақырып  ӛзегінен  шықпай,  әңгіме  кӛпшілікке  мейлінше 

ұғынықты,  ықшам  айтылуы  тиіс.  Қосалқы  сӛз,  артық  тіркес  болмауы, 

әңгімелеушінің  айтамын  дегенін  жеріне  жеткізіп,  шағын  кӛлемде  шебер 

суреттелуі  –  парыз.  Кадрдан  тыс  мәтін  не  жүргізушінің  сӛйлеуі  кӛпке 

ұғынықты сӛйлемдерге құрылғаны жӛн. Бұл кӛрерменнің кӛрініс пен мәтінді 

есінде  ұстап  қалуына,  әрі  хабар  туралы  ӛзіндік  пікір  қалыптастыруына. 

Жүргізушінің  аудиториямен  жанды  байланысында  оның  тілге  жетіктігі  мен 

майда  биязы  қоңыр  үнді  кӛрермендерді  теледидар  алдына  кӛптеп  тартады. 

Әрі  хабарды  жүргізу  кезіндегі  қонақтардың  талғам  таразысының  қандай 

екендігінен жүргізушінің хабардарлығы да студияда жылы байланысқа негіз 

қалап отырады» [1].  

Кӛрерменге  экранда  оқиғаны  хабарлау  кезінде  фактілер  мен  теориялық 

тұжырымдар, салыстырулар мен дәлелдердің, кӛрнекі суреттердің мол болуы 

аудитория мен студия арасын жақындастыра түседі. Ӛйткені фактіні іріктеу, 

оны сӛзбен суреттеу кезінде автордың тақырыпқа шын жетіктігі айқындалып, 

ашыла  түседі.  Кӛрермендер  жылдар  ӛткен  сайын  рухани  жағынан  ӛсіп-

жетіліп, байыпты бола бастады. 

Журналист  адаммен  қарым-қатынас  жасай  жүріп,  ӛмірдің  таңғажайып 

сырларына  қанығады,  ӛзінің  ой-түйсігін  тереңдетеді.  «Бұл  журналисті 

байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға кӛмектеседі, рухани әлемінді 

байытады.  Маман  ретінде  басқа  жұрттан  ерекшелігіңді  байқатады.  Ӛзгелер 

аңғармағанды журналистің аңғаруына мүмкіндік береді» [1].  



WWW.ENU.KZ

 

 



Қазіргі  заманғы  тележурналистикада  әлеуметке  ықпал  ететін, 

кӛрермендерге  бағыт-бағдар  сілтейтін  мүмкіндіктер  жеткілікті.  Теледидар 

бағдарламаларындағы  ықшамдылық,  ӛткірлік,  айқындылық,  маңыздылық  – 

тележурналистикаға  қойылар  басты  шарттар.  «Қарапайым  хабардың  ӛзі 

телепублицистикалық  үнмен  естіледі,  оқиғалық  ақпарат  қоғамдық  пікірді 

қалыптастырады,  информациялық  заметка  да  публицистикада  басқаша 

кӛрініспен  танылады»  [2],  -  дейді  Е.Прохоров.  Минут,  сағат  сайын  сан 

саладан  ағылып  жатқан  ақпарат  тасқынында  ӛткір  де  маңызды  идеялар  мен 

пікірлер жетерлік. Бізде хабар авторы елеулі проблеманы алып, соны экранға 

шығарғанымен  де,  оны  тиімді,  әсерлі  жеткізу  жолдарын  іздестіре  бермейді. 

Шағын  сюжет  не  кӛлемді  хабар  болсын,  онда  тақырып  ӛзекті,  тосын,  тың, 

маңызды  болып,  қоғамның  мәнді  проблемасын  ӛзек  етсе,  әрі  ол  автордың 

тақырыпты  жан-жақты  аша  білуімен  іштей  қабысса,  кӛрермен  де  одан  сырт 

қалмайды.  

Хабардың  тақырыптық  ауқымы  мол,  идеялық  деңгейі  биік,  әлеуметтік 

философиялық  мазмұны  терең  болуы  шарт.  Кӛркем  жанрдың  үлесі  тек  сыр 

шерту  емес,  сонымен  қатар  үлкен  әлеуметтік,  қоғамдық,  тіпті  бүкіл 

адамзаттық  тақырып  бойынша  азаматтық  үн  кӛтеру,  терең  ой  толғау,  заман 

кеселін  қозғау  болуы  керек-ті.  Теледидарда  «барлаушыға  тән  –  тапқырлық, 

ғалымға тән – тереңдік, білгірлік, күрескерге тән – табандылық, істі ақырына 

дейін  апара  білетін  алғырлық,  батылдық  болуға  тиіс»  [2].  Автор  мен 

редактор,  жүргізуші  мен  режиссер-оператор  түсірілмек  тақырыпты  егжей-

тегжейлі танымақ керек. Ал қолына микрофон ұстаған тележүргізуші байқау 

да,  байыбына  бару  да  оңай,  ӛтіп  жатқан  күнделікті  ӛмір  ғой  деп  ойлайды. 

Қазіргі заман оның кейіпін кӛріп, біліп қоюда ғана емес, ол ұшқыр қиялға нәр 

беретін,  әр  түрлі  деректердің  кӛзге  кӛрінуге  тиіс  ішкі  үндестігін  тап  басып 

тануда.  Бүгінгі  күннің  тұтас  кӛркем  суретін  кӛңілге  таңбалау,  оны  ақыл-ой 

қазанында  қайнатып,  экран  кӛзіне  лайықтап,  шынайы  картина  дәрежесіне 

жеткізу үшін ӛмір тұнығына терең бойлау керек.  

«Сценарийде  бейнелердің  типтік  мінездерін  жасау  кезінде  автор  ӛмір 

шындығын  бұрмаламай,  кездейсоқ  емес,  шыншыл  құбылыстарды  кӛре  білуі 

керек.  Шеберлік,  ең  алдымен,  осыдан  басталады.  Сценарийдегі  нақты 

кейіпкерлер арқылы автор белгілі бір заманның, әлеуметтік ортаның жетекші 

ерекшеліктерін танытуы тиіс. Кейіпкерді ӛмірде кездесетін түрлі қиындықты 

жеңу үстінде кӛрсетсе, кей сәттерде ӛмірдің кӛлеңкелі жағын баса суреттеуге 

жол  беріп  жатады.  Ӛмір  шындығы  жаңа  ӛмірді,  жаңа  кӛзқарасты,  жаңа 

қарым-қатынасты орнықтыру тұрғысынан бейнеленеді» [3]. 

Теледидар  бағдарламаларының  тақырыбы  жағынан  ӛте  ұнамды,  ал 

мазмұны  жағынан  кӛрермендерге  мейлінше  ұғынықты  болуы  –  экран 

шарттылықтарының  бірі.  Тақырып  ӛмірдің  ӛзіндегі  бар  құбылыстар  мен 

әрекеттерден туындайды. «Саяси мәні бар, кезең қойып отырған міндеттерге 

жауап  беретін,  жұрттың  назарын  аударатын  тақырыпты  таңдай  білу  аса 

қажетті шарт» [4], - дейді профессор Т.Амандосов.  


WWW.ENU.KZ

 

 



Эфирдегі  телехабардың  берер  тағылымы  мол.  Ұлттық  діл,  ұлттық сезім, 

ұлттық  рух,  ұлттық  тәрбие,  ұлттық  сана,  ұлттық  болмыс-бітім  бойымызға 

ананың  сүтімен,  әженің  тілімен,  ата-бабамыздың  салт-дәстүрімен 

қалыптасса,  соны  дүние  жүзі  халықтарына  бар  артықшылығымен  танытуда 

телеэкранның атқаратын қызметі ұшан-теңіз.  

Аға  ұрпақтың  ӛкілдері  атасы  мен  әжесінің  аңыз-ертегілерін  тыңдап, 

олардың  сӛз  саптау,  ой  құрау  мәнерін  кӛріп,  таза  қазақы  ортада  ӛсті.  Ал 

соңғы  кездері  ұлттық  орта  қалалық  жерлерде  жоқ  деуге  болады.  Осы 

тұрғыдан,  жас  ұрпақтың  мәңгүрттену  бағдарының  одан  әрі  жалғасуын 

тоқтату,  оларды  халқымыздың  рухани  дүниетаным  негіздерінен  ажырап 

қалмау  ісінде  ақпарат  құралдарының,  соның  ішінде  теледидардың  атқарар 

рӛлі зор.  Теледидар кеше де, бүгін де  шын мәніндегі  «тәрбиешіге» айналып 

отыр.  Тек  жастарымыздың  ғана  емес,  ол  күллі  елдің  тәрбиешісі  болуда. 

Ақпарат  құралдары  арқылы  халық  санасына  кез  келген  идеяны  сіңіруге 

болатындығы  дүниежүзілік  тәжірибеде  толық  дәлелденді.  Демек,  қазақ 

халқының  ұлттық  қайта  жаңғыруы,  оның  бірігуі,  ұйысуы,  мемлекеттігін 

нығайтуы  сияқты  аса  күрделі  құбылыстар  ақпарат  құралдары  арқылы  жете 

түсіндірілгені  орынды.  Осы  бағытта  теледидарға  жүктелер  мәдени-рухани 

шаралар  ұшан-теңіз.  Бүгінгі  жас  балдырған  ертең  еліміздің  тұтқасын 

ұстайтын азамат болады.  

Кӛгідір экран арқылы аудиторияға хабар таратудың маңыздылығы орасан 

зор.  Жаңа  ақпарат  ғасыры  кезеңінде  жоғары  дәрежеде  дамыған 

технологияның  кӛмегімен,  қоғамдық  кӛңіл-күйде,  қарқынды  түрде 

эволюциялық  үдеріс  жүріп  жатыр.  Сондықтан  теледидар  табиғаты, 

тележүргізушінің қызметі қандай деген мәселенің алдыңғы кезекке шығаруы 

заңды  болып  табылады.  Жаңа  ақпараттық  ғасыр  кезеңінде  электрондық 

бұқаралық  ақпарат  құралдары  кӛпшіліктің  дүниетанымын,  ӛзіндік 

кӛзқарасын  қалыптастыруда  ерекше  белсенділік  танытып  отыр.  Ӛйткені 

бүгінде  әлем  тез  ӛзгеріп,  тез  жаңаруда.  Адамзат  ӛркениетінің  әлемдік  даму 

эволюциясы жеке адамның сезіміне ақпараттың барлық түрімен әсер етуде.  

«Теледидар  ӛз  бойына  театр  мен  киноның,  баспасӛз  бен  радионың  сан 

қырын тоғыстырған синкретті ӛнер түрі болғандықтан, оның табиғатының да 

күрделілігі  ӛз-ӛзінен  айқындала  түседі.  Ол  тележурналистиканың  негізгі 

бейнелеу  элементтері  жанды  кӛрініс  пен  дыбыс,  мәнерлі  сӛз  арқылы 

аудиториямен байланыс орнатады» [5]. 

Теледидарда 

кӛркемдік, 

публицистикалық 

сарын 

жалпы 


журналистиканың 

заңдылықтарынан 

туындайды. 

Телеэкрандағы 

хабарлардың кӛркемдік деңгейі, ішкі құрылымының қуаты, кіріспе сӛздерден 

бастап  шарықтау  шегіне,  шешім  табуына  дейінгі  сыңарлар  әрбір 

бағдарламаның  ӛн  бойынан  кӛрініп  отыруы  тиіс.  Мысалы,  теледидардың 

әдеби-драмалық  хабарларында  әдебиетке  тән  кӛркемдік  тәсілдер  барынша 

еркін  сақталып  қолданылады.  Эфирдегі  кӛрініспен  қатар  естілетін  не 

сӛйленетін  сӛздің  дыбыс  мүмкіндіктеріне,  дауыс  ырғағына  қарай  құбылып, 

әсер,  ықпалының  арта  түсетінін  ескерсек,  қойылымдардағы  әдіс,  тәсілдер 


WWW.ENU.KZ

 

 



сӛздің  реңін  ашып,  ойдың  бейнелі  түрде  кӛрермендерге  эстетикалық  ләззат 

беріп,  құлақтан  кіріп,  санаға  сіңіп  қалатындай  кӛркем  дүниелер  ұсынуына 

мүмкіндік  туғызады.  Хабарлар  тілінің  шұрайлылығы,  онда  троптардың 

(эпитет,  метафора,  антитеза,  теңеу,  аллитерация,  гипербола  т.б)  мол 

қолданылуы  бір  мезгілде  кӛрермендердің  санасына  ғана  емес,  сезіміне  де 

әсер етеді. Сондай-ақ теледидардың акустика мен бейнеге қатар ие екендігін 

ескерсек, хабардың кӛрерменді әсемдік әлемімен бірге тәрбиелік қасиеттерге 

үндейтіні ақиқат.  

«Тележурналисте  тарих,  мәдениет,  ғылым  туралы  жүйелі  ой,  толымды 

пікір  болмаса,  мұның  түйіні  –  теледидардың  ӛз  аудиториясын  жоғалтуына 

әкеліп  соғады»  [6].  Кӛрермен  сезімінде  әлдеқайда  кӛркем  фильмнің 

қабылдануы  кинотеатрдағыдан  ӛзгеше.  Талғамдық  жағынан  теледидарда 

кӛңіл-күйге  әсер  етушілік  кинодағыдан  үстем.  Ол  репродукция,  фильмнің 

ішкі  құрылымын  ӛзгерту,  кӛркем  полотно,  симфония,  эстрадалық  концертті 

қабылдау үрдісі кезінде оны «қайта жасауға» тіптен құдіретті. Теледидардың 

комуникативтік  міндеті,  оның  аудиториямен  тікелей  қатынас  кезеңінде 

кӛрерменнің түрге деген қызығушылығын тудыратындығын осыдан байқауға 

болады. 


Олардың 

кейбіреулері 

мыналар: 

телеқабылдау 

кезеңінде 

кӛпсериялылықтың  бұлдыр  сағым  түзуі;  қабылдаудағы  тұрақсыздығы; 

ұзақтығы; деректілігі; айдар тізбектің телефильмің әсер ету тетігіне сүйенуі. 

Айырмашылығы,  тізбек  әлде  айдар  тақырыбына  біріккен  кез  келген 

хабарлама  сюжеттік  жағынан  тұйық  әрі  шексіз  мүмкіндікке  ие.  Тәжірибеде 

телетізбек не айдардың ұзақтығы тақырыптың мазмұнына да қатысты.  

«В.Вильчек,  А.Вартанов,  Ю.Богомолов,  Р.Копылова  т.б  зерттеушілер 

теледидардың  қайталампаздық  әмбебаптығын,  телехабарламаның  ӛзіндік 

эстетикалық  маңызды  алғы  шарты  деп  бағалап,  әрі  теледидарды  ӛнердің 

ӛзінен  бұрынғы  түрлеріне  мәнерлік  әсерін  сезінетіндігін  мойындайды»  [7]. 

Шын  мәнінде,  уақыт  ӛткен  сайын  теледидар  кӛпшілікпен  бірте-бірте 

жақындасу  сатысын  бастан  ӛткеруде.  Сонымен  бірге  экранда  кӛрермен, 

шығарма  және  суретшінің  шынайы  қатынасы  іштей  түсіністікке  ұласып,  ол 

ӛзара  жымдаса  түсуде.  Осының  нәтижесінде  теледидардағы  айшық 

әрбіріміздің сырбаздық сезімімізге  күн  сайын ӛзгеше  бір  айқындықпен  әсер 

етуде.  


 

Пайдаланылған әдебиет 

1. Тұрсын Қ. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. 

Алматы, Білім, 2006. – 365 бет. 

2. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. – М.: МГУ, 1995. – 

294 с. 

3. Тұрсын Қ. Кӛгілдір экран құпиясы. – Алматы: Қазақ Университеті, 



1998. – 198 бет. 

4. Амандосов Т.С. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974. 

– 265 бет. 

5. Омашев Н. Радио журналистика. – Алматы: Экономика, 2005. – 315 



WWW.ENU.KZ

 

 



бет. 

6. Қазыбаев К. Ақиқатқа ар керек. – Алматы: Қазақстан, 1989. – 339 бет. 

7. Кузнецов Г.В, Цвик В.Л. Телевизионная журналистика. - М.: МГУ, 

1994. – 380 с. 



 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал