Тектілік теориясы Ахмет-Зәки және Зәки Ахметов Б. Омарұлы



жүктеу 105.25 Kb.

Дата10.06.2017
өлшемі105.25 Kb.

Тектілік теориясы 

 

Ахмет-Зәки және Зәки Ахметов 



 

Б.Омарұлы, 

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі 

Қазақстан, Астана 

 

Түркі  әлемінде  ӛзіндік  орны  бӛлек  екі  Зәки  бар.  Біріншісі  –  башқұрт  халқының  қайсар 

қайраткері, әйгілі шығ ыстанушы, әлемдік деңгейдегі тарихшы, ұлы ағ артушы Зәки Уәлиди Тоғ ан. 

Екіншісі  –  қазақтың  аса  кӛрнекті  ғ алымы,  бұрынғ ы  кеңестік  кеңістіктің  ғ ылыми  ортасына  кең 

танымал әдебиеттанушы Зәки Ахметов. Екеуі де ӛздерінің текті тұлғ асы, бекзат болмысы арқылы 

елді  аузына  қаратты.  Орамды  ойларына,  пайымды  пікірлеріне  жұртшылық  имамғ а  ұйығ андай 

ұйыды. 

Заманы  дүрбелеңге  толы  алғ ашқы  Зәкидің  қайраткерлік  қарымы  басымдау,  әрине.  Ол 



бүкіл бір мемлекеттің негізін қалады. Ӛз елінің Үкіметін басқарды. Қайраткерлік пен қаламгерлікті 

қатар ӛрістетті. Саяси күрестің туын биік кӛтерді. Сол үшін талай рет зардап шекті. Елден, жерден 

жырақта ғ ұмыр кешті. Бірақ руханият әлеміндегі іргелі істері жағ ынан кіші Зәки де қалыспайды. 

Жастайынан  әдебиет  теориясына  терең бойлады.  Екі  тілдей бірдей  жазды.  Ғылыми  мақалалары 

елдің  қолы  жете  бермейтін  «Советская  тюркология»,  «Вопросы  литературы»  журналдарында, 

«Тюркологический  сборник»  жинағ ында  үзбей  жарияланып  тұрды.  Бұрынғ ы  одақтың 

әдебиеттанушыларының ішіндегі ең жас ғ ылым докторларының бірі болды. Ӛркеуде Мәскеу мен 

Санкт-Петербургтің  марғ асқаларын  мойындатты.  Сол  елдің  ең  іргелі  университеттерінде  лекция 

оқыды. Ресей Ғылым академиясына қарасты ғ ылыми-зерттеу институттарында зерттеу жүргізді.   

Зәки  Уәлиди  Тоғ ан  – башқұрттың Қай  деп аталатын  тайпасынан шыққан. Сол  Қайдың  ӛзі 

Сұқлы-Қай, Санақлы-Қай, Орақтау-Қай, Таулы-Қай деп жіктеледі екен. Таулы Қай башқұрт халқына 

Зәки Уәлидидей перзент сыйласа, Таулы Алтай қазаққа Зәки Ахметов сынды ұл берді. Алғ ашқысы 

Қайдан  шықса  да,  «қайдан  шыққан?»,  –  деп  айтқызбады.  Күллі  түркі  әлеміне,  бүкіл  мұсылман 

жұртына  есімі мәшһүр  болды.  Кейінгісі  ӛз саласы бойынша, Орталық  Азияның  ғ ана  емес  кешегі 

кеңестік жүйенің бетке ұстар зерделі зерттеушілерінің біріне айналды. 

Зәки    Уәлидиді  қазақ  жұртымен  тамырластыратын  мысалдар  да  баршылық.  Оның 

алғ ашқы  зайыбы  –  Нәфиса  қазақ  жерінде  айдауда  жүргенде  кӛз  жұмғ ан  кӛрінеді.  Екі  Зәкидің 

шығ армалары  да  күні  бүгінге  дейін  ғ ылыми  және  рухани  ортаның  басты  құндылықтары 

саналады.  Оқу  орындарында  үзбей  оқытылады.  Екеуі  де  соңында  сапалы  ғ ылыми  еңбек  қана 

емес,  саналы  ұрпақ  қалдырды.  Үлкен  Зәкидің  ұлы  Сүбідай  Тоғ ан  –  экономика  саласының 

профессоры. Түркиядағ ы атақты Білкент университетінде сабақ береді. Ал қызы Есенбике Тоғ ан – 

Түрік  академиясының  академигі,  Башқұртстан  Ғылым  академиясының  шетелдік  мүшесі.  Кіші 

Зәкидің  перзенті  Мұрат  Зәкиұлы  Ахметов  –  филология  ғ ылымдарының  кандидаты.  Докторлық 

еңбегін философияғ а арнады.  Ұзақ жыл бойы Философия және саясаттану институтында  қызмет 

істеді.    


Бір  қызығ ы,  Зәки  Уәлиди  Тоғ анның  шын  аты  Ахмет-Зәки  екен.  Заманы  бӛлек  болса  да 

мұраты  бір  Ахмет-Зәки  мен  Ахметов  Зәкидің  елдік  мүдде,  ұлттық  ұстаным,  ғ ылыми  тұжырым 

жағ ынан ұқсастықтары баршылық. 

Ең  бастысы,  екі  Зәкидің  бейнесі  де  ӛз  заманындағ ы  ұлт  зиялысының  болмысын 

бедерлейді.  

 

Ақшам жамыраған шақ еді... 

Қазақ үшін қайғ ылы күн боп саналатын желтоқсанның он жетісі халыққа тағ ы да қасірет 

әкелді.  Ақшам  жамырағ ан  шақта  Алматының  кӛшесінде  кӛрнекті  әдебиеттанушы-ғ алым, 

академик  Зәки  Ахметовті  шетелдің  есік  пен  тӛрдей  мәшинесі  қағ ып  кетті.  Бұл  әйгілі  ғ алымның 

үйінің іргесіндегі «Динамо» стадионына барып, жүгіріп, жаттығ у жасап қайтатын уақыты болатын. 

Ертеңіне  Семейге,  Шәкәрім  шығ армашылығ ына  арналғ ан  ғ ылыми  конференцияғ а  қатысу  үшін 

жол жүрмек еді. Жасы жетпіс беске таяғ анғ а дейін тӛсекке таңылып кӛрмеген, тіпті ауру-сырқауғ а 

бой  алдырмағ ан  ардақты  азамат  қапыда  кӛз  жұмды.  Ажал  болып  жолыққан  бір  жүгірмектің 

жаңылыс қадамы әдебиеттанудың алып бәйтерегін құлатып кетті... 

М.О.Әуезов  атындағ ы  Әдебиет  және  ӛнер  институты  айбарынан  айырылып  қалғ андай 

болды. Ӛмір бойы осында қызмет істеп келе жатқан бұл кісі осынау құдіретті қара шаңырақтың бір 

тіреуі сияқты еді. Жүріс-тұрысы ширақ академикті жұрт тоқсан жасқа дейін еркін баратын шығ ар 

деп  ойлайтын.  Әсіресе,  әйгілі  ғ алымның  тек  кемеліне  келген  шағ ын  ғ ана  кӛрген  біздің 

қатарластарымызғ а  ол  қайратты  қарттықтың,  абыройлы  ақсақалдықтың,  үйлесімді  үлкендіктің 

бейнесіндей кӛрінетін. 

Сол тұста Әдебиет және ӛнер институтында осы мекемеде тапжылмай алды жарты, соңы 

ширек ғ асыр қызмет істеген мұндай зиялы кісілердің бірнешеуі бар еді. Әлі күнге дейін сыры мен 

сынын  жоғ алтпағ ан,  берген  уәдесін  ӛмірі  қайтып  алып  кӛрмеген,  бір  сӛзді,  біз  түгілі  әке-

шешелеріміз  оқығ ан  мектеп  оқулықтарының  авторы,  академик  Серік  Қирабаев,  қазақ 

библиография  ғ ылымының  негізін  салушы,  Мүсірепов  сынды  тәкапбардың,  Бекқожин  сынды 

тарпаңның  тілін  тауып,  шығ армаларын  зерттеген,  жинап-теріп  бастырғ ан,  ұқыпты  да  ұсынақты, 

институттағ ы еңбек стажы жағ ынан ешкімге  ұпай бермейтін профессор Әбділхамит Нарымбетов, 

кӛне әдебиеттің тереңіне сүңгіп, айтыстың арғ ы тегі мен бергі тарихын түгел қопарғ ан, мұнтаздай 

таза,  найзадай  тіп-тік  қалпында  жұмысқа  келіп-кететін  ғ ибратты  ғ алым  Мұхамедрахым 

Жармұхамедұлы, қазақшасы ӛзге ұлтты тіліңе табындыратын, орысшасы орысты жаңылдыратын, 

бұрынғ ы  Баспасӛз  министрі,  бүгінгі  белгілі  әдебиетші,  сарабдал  сыншы  Шериаздан  Елеукенов, 

талантты  аудармашы,  тегеурінді  публицист,  танымал  абайтанушы  Жұмағ али  Ысмағ ұлов, 

әдебиеттанушылармен  бірге  қара  шаңырақтың  бір  қабырғ асына  тіреу  болып  тұрғ ан  ӛрелі 

ӛнертанушылар  Бағ ыбек  Құндақбаев  пен  Зейнұр  Қоспақов...  Міне,  зерделі  зерттеу  мекемесінің 

бар байлығ ы осылар еді. Қазір бұл кісілердің де қатары селдіреп қалды. Сол үркердей топ аман-

есен  жүргенде  сонау  Сәтбаев  заманында  салынғ ан  қасиетті  ғ имараттың  құт-берекесі  ӛзінде 

тұрады екен. Мұны институтқа соңғ ы жылдарда келген жас буын екі ғ асыр тоғ ысында  қазақтың 

талантты  қызы  Шәмшиябану  Сәтбаева  ӛмірден  ӛткенде  алғ аш  рет  сезінді.  Кӛненің  кӛзі, 

қазынаның  асылы  екен  олар...  Кейінгі  ұрпақ  академик  Зәки  Ахметов  қапылыста  мерт  болғ анда 

нағ ыз ғ алымнан айырылу дегеннің не екенін ұқты.  



Әдебиетші  қауым  Зәки  Ахметовті  соңғ ы  рет  әл-Фараби  атындағ ы  Қазақ  ұлттық 

университетінде  академик  Зейнолла  Қабдоловтың  жетпіс  бес  жасқа  толуына  орай  ӛткізілген 

ғ ылыми  кеңестің  мәжілісінде  кӛрді.  Зәки  ағ а  ӛте  кӛңілді  отырды.  Саңқылдап  сӛз  сӛйледі. 

Толғ анып  тілек  айтты.  Алдыңғ ы  толқын  ағ алар  репрессияның  қанды  шеңгеліне  іліккен  соң, 

солардың  орнын  басып,  бесіктен  белі  шықпай  жатып  оқулық  жазғ ан,  және  бұл  міндетті 

абыроймен  орындағ ан,  ӛмірдің  талай  тар  жол,  тайғ ақ  кешуінен  бірге  ӛткен  Зәки  ағ аның 

қатарластары бүгінде ӛздерінің арыстарғ а арман болып қалғ ан жасқа жеткеніне разы еді. Бұл – 

кӛбі әке-шешеден ерте айырылғ ан, Алла тағ ала соның ӛтеуі болсын дегендей мықты денсаулық, 

қажырлы  қайрат  берген  берекелі  буын.  Олардың  қай-қайсысы  да  қазақ  ұлтының  қуатты  екенін 

дәлелдегендей,  жетпіс  бестің  жотасына  жүгіріп  шықты.  Біразы  кейін  шаршамай-шалдықпай 

сексенді  де  бағ ындырды.  Шетінен  ширақ.  Ешқайсысы  да  еңкіш  тартқан  жоқ.  Жұмыс  істеу 

қабілетінен  айырылмады.  Тіл-аузымыз  тасқа,  жастарының  ұлғ айғ анына  қарамастан  құлақ  пен 

кӛзге  де  ӛкпе  айта  алмайды.  Солардың  ішінде,  әсіресе,  Зәки  Ахметовтің  тұрпаты  бӛлек-ті. 

Кӛлденең  кеселден  аман  болса,  оның  ғ асырғ а  жуық  ғ ұмыр  кешеріне  ешкім  күмәнданбайтын. 

Алайда  Зейнолла  досының  мерейтойына  жайылғ ан  дастарханда  шалқып  отырғ ан  академиктің 

бар-жоғ ы бес күндік ғ ұмыры қалғ анын сол сәтте жан баласы білмеп еді... 



 

Жетекшісі – Малов,  

жанашыры – Жирмунский 

Ол  ғ ылымдағ ы  шын  мәніндегі  теңдесі  жоқ  тұлғ алардың  бірі  еді.  Зәки  ағ аның  алдымен 

ұстаздан  жолы  болғ ан.  Кандидаттық  диссертациясына  әлемге  әйгілі  түрколог,  ежелгі  жазба 

ескерткіштерді жеріне жеткізе зерттеген Сергей Ефимович Маловтың ӛзі жетекшілік етті. Тағ ы бір 

аты  аңызғ а  айналғ ан  ғ алым  Виктор  Максимович  Жирмунский  «Қазақ  ӛлеңінің  құрылысы»  атты 

монографиясы  үшін  докторлық  дәреже  беру  жӛнінде  ұсыныс  айтып,  пікір  жазғ ан.  «Зәки 

Ахметовтің кітабын оқи отырып, ӛзінің туғ ан қазақ әдебиеті мен фольклорына қандай жетік болса, 

зерттеуінің 

жалпы 

және  түркологиялық 



тұрғ ыдан 

алғ андағ ы 

кеңейтілген 

ғ ылыми 


библиографиясына да сондай жетік автордың, қалыптасқан, қолтаңбасы айқындалғ ан ғ алымның 

білім-білігі  пайдаланылғ анын  кӛреміз.  Бұл  кітап  автордың  ұзақ  жылғ ы  еңбегінің  жемісі  болып 

саналады. Сондай-ақ түркологияғ а, ӛлең теориясына қосылғ ан ірі ғ ылыми үлес болатынына дау 

жоқ.  Осы  айтылғ андардың  негізінде  З.А.Ахметов  филология  ғ ылымдарының  докторы  ғ ылыми 

дәрежесін  иеленуге  толық  лайық  деп  есептеймін»  деген  В.М.Жирмунскийдің  1964  жылғ ы 

желтоқсанның 10-ы күні жазғ ан пікірі академиктің архивінде сақтаулы. 

Докторлық диссертациясының ресми оппоненттері де – қазақ ғ ылымының марғ асқалары. 

Ғылыми еңбекті академик Қажым Жұмалиев, академияның корреспондент-мүшесі Нина Сергеева, 

әйгілі  ғ алым  Бейсенбай  Кенжебаев  сараптап,  оң  бағ а  берді.  Осы  үшеуінің  батасын  алғ ан  Зәки 

Ахметов құлашын алысқа сермеді. 

Мәскеу мен Санкт-Петербургтің әдебиеттану ғ ылымының ағ а буыны  әлі күнге дейін Зәки 

Ахметовтің  атын  естісе,  тік  тұрады  деседі.  Диссертациясын  Мәскеуде  қорғ ағ ан  белгілі  ғ алым 

ағ аларымыз  Зәки  Ахметовтің  абырой-беделінің  арқасында  кӛп  бӛгет-бӛгесінге  тап  бола 

қоймағ анын айтады. Батыс пен Шығ ыстың ілімін еркін игерген аса білімдар Зәки ағ аның жібектей 

мінезі Мәскеудің мұзы  мен  тоңын лезде  ерітіп  жіберетін  кӛрінеді. Зәкең ӛмірден  ӛткен  соң  кӛп 

ұзамай  Әдебиет  және  ӛнер  институтының  жігіттері  ғ ылыми  іссапармен  Татарстан  мен 

Башқұртстанғ а  барып  келген-ді.  Тағ ы  да  сол  оқығ ан-тоқығ аны  кӛп  ағ а  буын  Зәки  Ахметовті 


сұрапты.  Ғұлама  ғ алымның  қапылыста  дүниеден  озғ анын  естіген  Қазан  құлазып,  Уфа  уһілеп 

қалыпты...  Ежелден  ғ ылымның  орталығ ына  айналғ ан  қос  қаланың  зиялы  қауымының 

қайғ ыратындай  жӛні  бар.  1970  жылдан  бастап  кеңестік  жүйе  тарағ анғ а  дейін  Бакуде  тұрақты 

түрде  шығ ып  тұрғ ан,  ғ алымдардың  ғ алымы  ғ ана  мақаласын  ұсына  алатын  «Советская 

тюркология»  журналының  тігінділерін  парақтап  отырсаңыз,  Зәки  Ахметов  есімін  сәт  сайын 

кездестіресіз.  Не  академиктің  ғ ылыми  мақаласы  басылғ ан,  не  зерттеушілер  оның  еңбектеріне 

сілтеме жасағ ан болып шығ ады. 

Ғылымдағ ы несібесінің бәрін  ертерек  теру  маңдайына  жазылыпты. Жас  күнінен  зеректік 

танытты. Сабаққа алғ ыр жұдырықтай ғ ана бала жалпақ жұртты аузына қаратты. Ой  ӛрісі, жүріс-

тұрысы  ӛзге  қатарластарынан  мүлде  бӛлек.  Тіпті  бала  деуге  келмейді.  Болмысынан  байсалды. 

Ойланып алмай тіл қатпайды. Сӛзін үлкендерше салмақтайды. Бала Зәки Каз ГУ-ге оқуғ а түсетін 

студенттерді  іріктеу  мақсатымен  Қазақстанның  шығ ысына  арнайы  барғ ан  комиссияның  кӛзіне 

бірден  түсті.  Комиссия  бұл  аймақтан  екі-ақ  ұланды  таңдап  алды.  Соның  бірі  Зәки  еді.  Сӛйтіп, 

ӛршеленіп тұрғ ан ӛрен бар болғ аны он бес жасында университеттің студенті атанды.   

Оқу  орнында  да  кӛптің  бірі  болып  қалмай,  ғ ылымғ а  бейімділігін  бірден  байқатты.  Ең 

алғ ашқы  ғ ылыми  мақаласы  он  алты  жасында  «Майдан»  журналының  1944  жылғ ы  2-санында 

жарық кӛрді. Тырнақалды дүниесіне сол тұстағ ы саясаттың салқыны тимей қалғ ан жоқ. Бұл еңбегі  

«Әдебиетте совет халықтарының достығ ы мен бірлігі таза сақталсын» деп аталады. Бірақ титімдей 

студенттің әдебиеттануғ а қатысты ой-тұжырымдары елең еткізерліктей еді. Одан кейін «Жамбыл 

– қазақ халқының ұлы мақтанышы» деген екінші мақаласын жазды. Бұдан соң мүйізі қарағ айдай 

ұстаздары  оғ ан  кәдімгідей  назар  аударды.  Сӛйтіп,  ӛзі  шынашақтай  болғ анымен  кең  тынысты 

Зәкидің ғ ылыми ғ ұмырнамасы басталды да кетті.  

Зәки  ағ а  небәрі  отыз  жеті  жасында  филология  ғ ылымдарының  докторы  атанды. 

Сондықтан  елдегі  ғ ылымды  ұйымдастыру  ісінің  кӛш  басында  жүрді.  Ұлттық  Ғылым 

академиясының  вице-президенті  болды.  М.Әуезов  атындағ ы  Әдебиет  және  ӛнер  институтын 

басқарды. Елдің есінде жұртқа жайлы, ойлы шешім  қабылдап, байсалды қадам жасайтын білікті 

басшы ретінде қалды. 

Оның  қаламынан  «Қазақ  ӛлеңінің  құрылысы»,  «Лермонтов  және  Абай»,  «Қазақ 

поэзиясының  тілі  туралы»,  «Ӛлең  сӛздің  теориясы»,  «Қазақ  әдебиетінің  қазіргі  дамуы  және 

дәстүрі»,  «Абай  жолы»  эпопеясының  поэтикасы»,  «Абайдың  ақындық  әлемі»  атты  ғ ылыми 

монографиялар  туды.  Зәки  Ахметовтің  «Қазақ  ӛлеңінің  құрылысы»  атты  монографиясы  поэзия 

теориясын жаңаша зерделеген  құнды еңбек ретінде  әдебиеттану тарихына енді.  Ӛлеңге қатысты 

еңбек жазғ ан бұрынғ ы одақ ғ алымдарының ешқайсысы да бұл зерттеуді аттап ӛте алмайды. Ал 

түркі  халықтарының  поэзиясын  зерттеушілер  үшін  «Қазақ  ӛлеңінің  құрылысы»  айнымас  бағ ыт-

бағ дар болды. 

Зәки  ағ а  алты  томдық  қазақ  әдебиетінің  тарихын,  орыс  тілінде  шыққан  үш  томдық 

әдебиет  тарихын  жазуғ а  үлкен  үлес  қосты.  Мәскеуде  басылғ ан  «Кӛп  ұлтты  кеңес  әдебиетінің 

тарихы» атты кӛптомдық авторларының бірі болды. 

  

Айылдың арғы жағында 

Ӛз  басым  Зәки  Ахметовпен  ӛмірімде  бір-ақ  рет  сапарлас  болдым.  Оның  ӛзі  академиктің 

соңғ ы  сапары  болып  шықты.  2002  жылғ ы  қазан  айының  он  бесінде  ұзақ  жылдардан  бері 


әдебиеттану ғ ылымында үзеңгілес келе жатқан серігі академик Зейнолла Қабдолов екеуі Бішкекке 

жиналды.  Екеуі  де  Қырғ ызстандағ ы  филология  ғ ылымдары  бойынша  диссертация  қорғ ататын 

арнайы  кеңестің  мүшесі.  Әдебиеттану  саласындағ ы  ғ ылым  докторлары  аса  кӛп  емес  қырғ ыз 

бауырлар қазақтың қос ардақтысын кеңес мәжілісіне үнемі шақырады. Олардың Алатаудың арғ ы 

бетіне  жұп  жазбай  бірге  қатынап  келе  жатқанына  ширек  ғ асыр.  Осы  жолы  белгілі  әдебиетші 

ғ алымдар  Жанғ ара  Дәдебаев,  Зинол-Ғабден  Бисенғ али,  Болатжан  Абылқасымов  бірі  кеңес 

мүшесі, бірі ресми оппонент ретінде жолғ а бірге шықты. Бұл бір естен кетпес сапар болды. Жол 

бойы екі академик те ӛте кӛңілді отырды. Кӛңілді болатындай жӛні бар. Зейнолла Қабдолов енді 

екі,  ал  Зәки  Ахметов  жеті  айдан  соң  жетпіс  беске  толады.  Аузынан  түскен  сӛзі  мақал-мәтелге 

айналып  жүре беретін Зейнолла ағ а  қазақ  Алатауынан  қырғ ыз  Алтауына  жеткенше  жарасымды 

әзілдерді  бірінен  соң  бірін  тоғ ытты.  Бішкекте  қос  академикті  Қырғ ыз  Ұлттық  ғ ылым 

академиясының  корреспондент-мүшелері  Әбдіқадыр  Садықов  пен  Абдылдажан  Ақматалиев 

бастағ ан әдебиетші-ғ алымдар құшақ жая қарсы алды.  

Докторлық диссертация қорғ ағ ан қырғ ыздың екі жігітіне бата берген Зейнолла ағ а бірден 

елге қайтты да, біз Зәки ағ амен бірге Бішкекте тағ ы бір күн аялдадық. Академикке қырғ ыз досы, 

танымал фольклорист-ғ алым Самар Мұсаев дастархан жайды. 

– Атайын (арнайы) геңешке атайын гелген экенсиндер, қырғ ыз жерінен қайберен жеп бір-

ақ қайтыш керек, – деді Самар ағ а. Кейін білдік, қайбереніміз біздің киік сынды түз тағ ысы болып 

шықты. «Қайберен, ғ айып ерен.., әдемі аталғ ан екен», – дедік біз. 

Ежелден бір-бірін жақсы білетін екі дос түнімен әңгіме тиегін ағ ытты. Ӛткен-кеткенді еске 

алысты.  Күлді,  күрсінді,  күбірлесті...  Оның  үстіне  докторлық  еңбек қорғ ағ ан  екі  жігіттің бірі  осы 

Самар  Мұсаевтың  ұлы  еді.  Сондықтан  Зәки  ағ а  ескі  досының  қуанышына  ортақтасқанды  жӛн 

санады.  Самардың  әдебиетші  ұлы  –  Абдылда  Мұсаев  кейін  Қырғ ызстанның  Білім  және  ғ ылым 

министрі болды.  

Жолғ а  жиналдық.  Қоштасарда  Зәки  ағ а  қырғ ыз  Алатауының  қарлы  шыңдарына  қарап 

тұрып: 


– Біз болсақ, үлкейдік. Сірә, енді осылай  қарай кӛп жолымыз түсе бермес. Мына жігіттер 

келіп тұрады ғ ой, – деді ӛзімен ере барғ ан жас әріптестерін нұсқап. 

Сол  сәтте  біз  Зәки  ағ аның  талай  рет  келіп,  жүзге  жуық  әдебиетші  ғ алымның  тұсауын 

кескен қырғ ыз елімен қоштасып тұрғ анын білмеппіз. Тура екі айдан соң академиктен айырылып 

қалдық... 

Мейманханадан  шығ ып,  Алматығ а  қарай  ала  жӛнелгісі  кеп  ытырынып  тұрғ ан  кӛлікке 

мінер алдында інілерінің ортасында тұрып суретке түсті. Суретке түсерден бұрын қызыл былғ ары 

күртесінің  ӛңірін  сәл  ашыңқырап  қойды.  Қалпағ ының  маңдайын  кӛтерді...  Бішкектен  шығ ып 

Алатауды  бетке алып  жүйткіген  кӛліктің  ішінде  кӛбіне  үнсіз  отырды.  Жүргізушімен  екі  ортадағ ы 

қуысқа қыстыра  салғ ан  тоқ бүйірлі қызыл  сӛмкесіне  шынтағ ын  тіреп қойып,  ойғ а  кетті. Қордай 

асуын  кӛктей  ӛтетін  ұлы  жолғ а  тесіле  қараумен  болды.  Жанары  алыс  кӛкжиектің  белгісіз  бір 

нүктесіне  қадалғ ан.  Академикті  әрі-бері  әңгімеге  тартып  кӛрген  Болатжан ағ ам  ақсақал шешіле 

қоймағ ан  соң,  күмістей  аппақ  шашының  бір  де  бір  талын  қисайтпай,  тікесінен  тік  отырғ ан  күйі 

қалғ и  бастады.  Ал  Зәки  ағ а  әлі  үнсіз.  Мәшинені  жүргізіп  келе  жатқан  грек-рим  күресінен 

Қырғ ызстан  құрамасының  мүшесі  болғ ан,  құлағ ы  жентектелген  түшпарадай  мыж-мыж  балуан 

жігітте  де  шаруасы  жоқ.  Қара  жолдан  кӛз  алмайды.  Сол  сәтте  не  ойлады  екен?  Бір  кезде  ӛзі: 



«Кӛшпелі елдің санасында жол деген ұғ ымның мәні ерекше. Кӛшпеліліктің ӛзі кең даладағ ы ұшы-

қиырсыз  жолдарды  елестетеді.  Сондықтан  жол  деген  кеңістікті  білдіретін,  аспан  астындағ ы 

дүние-болмыстың    аумақтылығ ын,  шексіздігін  мегзейтін  ұғ ым.  Жолдың  алыс-қашықтығ ы, 

ұзақтығ ы,  жүру  мӛлшері  арқылы  кеңістік  ұғ ымы  уақытпен  де  байланысты.  Жолдың  алыс-

қашықтығ ы  уақыттың  ӛтуінен гӛрі  де  кӛрнектірек,  кӛзге  айқын  елестетерлік  сипаты бар»,  –  деп 

жазып  еді.  Енді  сол  жол  пәлсапасының  ӛмірлік  деректерін  таразығ а  тартып,  салмақтап  отырғ ан 

секілді.  Бәлкім,  жол  бойы  бүкіл  ӛмір  жолын  кӛз  алдына  келтірген  шығ ар...  Ӛйткені,  қазір  мына 

жеңіл мәшиненің алдыңғ ы орындығ ында аса бір жұмбақ түрге еніп, шалқалап отырғ ан Зәки ағ а, 

Алтайдан  түлеп  ұшқан  тастүлек,  Мәскеу  мен  Ленинградты  армансыз  шарлағ ан  зерделі  ғ алым 

сәлден  соң  ӛзінің  жарты  ғ асырдан  астам  уақыт  мекен  еткен  Алматысына  жетеді.  Бұдан  кейін 

сапарғ а шықпайды. Ӛмірдегі жолы осы сапармен тұйықталады. Сірә, академик сол жолы осыны 

жан-тәнімен сезінген кісінің кейпінде болды-ау деймін... 

Екі  айдан  соң  айылдың  арғ ы  жағ ында  әдебиеттанудың  басы-қасында  жүрген  бір  топ 

қырғ ыз Алматығ а аңырап жетті. 



 

Жүректі жылатқан жоқтау 

Зәки  ағ а  ғ ылымдағ ы  абыройлы  ақсақалдықтың  символындай  болды.  Абыройлы 

ақсақалдық дегеніміз не ӛзі? Оны ағ а буынның ӛзі айқындамауы мүмкін, ал кейінгі ұрпаққа тайғ а 

таңба басқандай  анық  кӛрінеді.  Жасыратыны  жоқ,  кейбір  ағ аларымыздың бойынан  егделік  пен 

пенделіктің  белгілері  қатар  кӛрініп  қалады.  Мұны  әсіресе,  ғ ылыми  еңбек  қорғ ауғ а  талаптанып 

жүрген  жастар  айрықша  сезінеді.  Мәселен,  бір  ғ алымғ а  авторефератыңды  апарсаң,  түксиіп 

отырып,  соңынан  ӛзінің  аты-жӛнін  іздейді.  Зерттеуіңе  еңбектерін  пайдаланбағ аның  үшін  сені 

жерден  алып,  жерге  салады.  «Менің  еңбегімнің  пайдағ а  жарайтындай  құны  бар  ма?»  деп 

ойламайды. Ал кейбірі бұлай деп ашық мәлімдемесе де, ішінен кек сақтайды. Қорғ ау алдындағ ы 

мәжілістерде бір бүйірден дауыл тұрғ ызып, жастардың зәресін алады. Бәзбір ағ аларымыз еңбек 

қорғ ау  барысындағ ы  жіпсіз  байлағ ан  тәуелділікті  пайдаланып,  адамның  санасына  сыйматын 

ұсыныстар  айтады.  Сол  арқылы  жас  буынның  зердесінде  ӛзінің  жағ ымсыз  бейнесін 

қалыптастырып жатқанын ұқпайды-ау, ұқпайды.  

Алаштың ардақтысы Зәки  Ахметов мұндай  пенделіктің бәрінен  аман  болды. Жастар  оны 

сол  үшін  де  құрмет  тұтты.  Сол  құрмет  тұтқанының  белгісі  емес  пе,  академиктің  қазасына 

күйзелген ақын, шығ ыстанушы ғ алым Серікбай Қосан ӛзі талай кӛз майын тауысып, кӛне жазудан 

оқығ ан  ескі  жырлардың  үлгісімен  жоқтау  жазды.  Оғ ан  жаз  деп  қолқа  салғ ан  ешкім  жоқ. Қайта 

дүңк етпе, жоңбай мінез Серікбай шайырғ а біреуге арнап ӛлең жаз десең, қитығ ып қалар еді. Бұл 

жолы  ӛзі  жазды,  егіліп  жылап  отырып,  жүрегімен  жазды.  Қазақтың  ардақты  ұлын  қазақы 

дәстүрмен жоқтады. Жоқтау ӛлеңін бастан аяқ жалғ ыз ұйқаспен әдіптен шықты: 



О қайран ағ а, 

Алаштың адал ұлы едің, 

Ақсұңқардай шүюлі, 

Аузына кӛпті қаратқан, 

Кеудесі қазына үюлі. 

Ӛлеңін сынап қазақтың, 

Қалдырдың ойлар қиюлы. 

Ұрпағ ыңа үлгі еттің, 

Ұлт үшін қалай күюді. 

...Соншама еңбек еткенде, 

Жетпіспен жасың ӛткенде, 

Жетпіс беске жеткенде, 

Жемісін жылдар тӛккенде... 

Жазғ аның қалды жиюлы. 

Қаламың қолда түюлі. 

Сауытында сиясы қалды құюлы... 

 Кешегі күні Зәкеңнің поэзия теориясы туралы кітабын оқып, ӛз ӛлеңінің сыртқы сықпытын, 

ішкі әлемін жӛндеген бала сол азаматты іздеп, жыр нӛсерін селдетті. Дүйім жұртқа Зәки ағ аның 

шынайы бейнесін танытты. Академиктің кӛзі тірісінде талай адам оғ ан жыр арнағ ан шығ ар. Соның 

бәрі  шаттыққа  толы  кӛңіл-күйден  туғ анына  күмән  жоқ.  Алайда  ӛлеңнің,  қайран  ғ алымның 

маңдайының  терін  тамшылатып  зерттеген  құдіретті  поэзияның  Зәкеңе  қарап  кӛз  жасын  тӛгіп 

тұрғ аны осы еді. Бұл жоқтау ӛлең азалы күні Әдебиет және ӛнер институтының қабырғ асындағ ы 

Зәки  Ахметовтің  қаралы  рәсімге  сай  безендірілген  суретінің  жанында  жапсырулы  тұрды.  Кӛптің 

кӛкейіндегіні дәл аңғ артқан ақынның кӛңілі үкіметтің кӛңіл айтуынан кем емес-ті.  

Әдебиет  тарихын  зерттеушілер  әр  жылдарда  жоқтау  ӛлең  үлгілерінің  жеті  атасын  іздеп 

тапты.  Мәселен,  Кеңгірбай  биді  белгісіз  ақын,  Жәңгір  ханды  алаша  Байтоқ,  Шоқанды  Орынбай 

ақын,  Әйеке  болысты  Бұдабай  Қабылұлы,  Мұса  Шормановты  Мәшһүр  Жүсіп  Кӛпеев  жоқтағ ан. 

Ыбырай  Алтынсарин  мен  Сүйінбай  Аронұлы  ӛмірден  озғ анда  да  жоқтау  жырлар  айтылғ ан. 

Әдебиет  институтында  әдебиеттанушы  ғ алымды  жоқтағ ан  әдебиеттанушы  ақынның  жазғ ан 

жоқтау жыры – сол желінің жиырма бірінші ғ асырғ а дейін үзілмегенінің дәлелі. 

Қара ӛлеңің ордасы ең, 

Қара сӛздің жорғ асы ең. 

Бір жақсымен құрдас ең, 

Бір жақсымен жолдас ең, 

Әттең, дүние опасыз... 

Кеше ел иығ ына зерлі тон жапқан Ер Зәкең, 

Бүгін жеңсіз кӛйлек киюлі. 

Бұл қалай сірә болды деп, 


Басыма қара тӛнді деп, 

Жұртының басы июлі. 

Туысқан, құрбы, қауметі, 

Жазушы, ғ алым әулеті, 

Қайырлы болғ ай қазаңыз, 

Қабырғ асы сӛгіліп, 

Жандары қатты күюлі. 

 

 



 

Шындығ ын айту керек, ел жылап-сықтап жүрген тұста бұл ӛлеңге ешкім мән бере қойғ ан 

жоқ. Алайда бұл нағ ыз алаш ардақтағ ан арысты, зиялы азаматты жоқтаудың осы заманғ ы үлгісі 

еді.  Қаламы  қарымды  журналист-жазушы  Сейдахмет  Бердіқұлов  қайтыс  болғ анда  белгілі 

суырыпсалма  ақын  Есенқұл  Жақыпбековтың  жырмен  жоқтау  айтқанын  кӛргенбіз.  Сонда  ел 

егілген,  егіле  отырып,  ер азаматты  іздейтін  інілер барына  сүйсінген.  Ал  мына  ӛлең тек  Серікбай 

ақынның ғ ана емес, Зәки Ахметовті шексіз сыйлайтын кейінгі буынның да айтар сӛзі болатын. Жас 

ақын:  «Сәрсенбі  жаудан  бұқпа  деп,  Сейсенбі  жауғ а  шықпа  деп,  Кейінгі  ұрпақ  балағ а-ай,  

Ақтамберді  бабаңның,  Айтқаны  келген  бола  ма-ай»,  –  деп,  ел  ішіндегі  аңыздардың  желісін 

пайдаланып, ӛлеңіне әр кіргізеді. Желтоқсанның он жетісі шынында да сейсенбіге сәйкес келіп тұр 

еді... 

 

Еңбегі ерек, болмысы бөлек 

М.Әуезов атындағ ы Әдебиет және ӛнер институтында Зәки ағ амен бірге біраз жыл қызмет 

істедік. Академик Ахметовтің нұрлы бейнесі бұл қара шаңыраққа тек  қана шуақ сыйлайтын. Бұл 

бейне  ғ ылымдағ ы  ізгілік  пен  мәдениет,  ақыл  мен  парасат,  кішілік  пен  кісілік  ұғ ымдарының 

баламасы  сияқтанатын.  Институтта  талай  жыл  тер  тӛккен  әр  кӛкем  ӛзінше  бір  әлем.  Әрқайсысы 

әрқилы  мінездің  адамдары.  Сені  бірі  семсердей  сӛзімен,  бірі  оқты  кӛзімен  тәрбиелейді.  Бірі  – 

ишарамен ұқтырудың қалыптасқан маманы. Сол ишараны  ұқпай, бейшара боп қалсаң, құрыдым 

дей бер.  

Ал  Зәки  ағ аның  болмысы  мүлде  бӛлек-ті.  Мұндай  ми  қыртысына  дейін  мәдениет 

қонақтағ ан адамдар ӛте сирек болады. Ол ешқашан ашу шақырмайды. Негізінде, ашуланбайтын 

кісі  болушы  ма  еді...  Бұл  кісі  де  күйінетін  шығ ар.  Бірақ  ішкі  толқынысын  жан  баласына 

білдірмейді.  Әбден  күйгенде  айтатын  сол  сӛздерін  байсалды  қалыппен,  байыппен-ақ  жеткізеді. 

Сосын сағ ан қарап, жай ғ ана жымияды. Сол жымиысы керемет әдемі. Содан нәр аласың. Артық-

ауыс  әңгіме  айтпайды.  Ешкімді  ғ айбаттамайды,  пенделікке  бармайды.  Біреуді  асыра  мақтап, 

аспандатып  жіберуге  де  құлықты  емес.  Білімі  кӛл-кӛсір  болса  да,  ешқашан  кӛп  білетіндігін 

кӛрсетуге  тырыспайды.  Ұқыптылығ ында,  тиянақтылығ ында  шек  жоқ.  Сонысынан  ӛнеге  аласың. 

Сосын текті тұлғ а дегеніміз осындай-ақ болар деп ойлайсың. 

Ол кісімен бірге таңертең институтқа жылылық ере кіреді. Ол жұмысын бітіріп, үйіне  қарай 

беттегенде  де  сол  жылылық  мекемеміздің  ішінде  ұялап  қалады.  Сондықтан  оны  институттың 


үлкен-кішісі ӛте жақсы кӛретін. Зәки ағ а қайтыс болғ ан күні ол кісінің аспиранты – Саят Қамшыгер 

деген жас ақынның академияның алдында аппақ қардың үстінде солығ ын баса алмай, еңкілдеп 

жылап отырғ анын кӛрдім. Тегінде, ең жақынын жоғ алтқан адам ғ ана дәл осылай жылайды.  

Әңгімемізді  екі  Зәкидің  тұлғ асын  таразылаудан бастап  едік.  Сӛз соңында  осығ ан  тағ ы  да 

тоқталғ ымыз  келеді.  Башқұрт  халқы  мен  түрік  жұрты  Зәки  Уәлиди  Тоғ анның  тұлғ асын 

ұлықтаудан  кенде  емес.  Башқұртстан  Республикасының  ұлттық  кітапханасына,  Уфаның  орталық 

кӛшелерінің біріне оның есімі берілген. Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің шығ ыстану 

факультетінде  ғ алымның  бюсті  орнатылғ ан.  Осы  оқу  орнының  Түркітану  зерттеу  орталығ ы  ұлы 

ағ артушының  есімімен  аталады.  Туғ ан  жерінде  мұражай  бар.  Шығ армалары  әлемнің  бірнеше 

тілдеріне  аударылды.  Ол  туралы  кӛптеген  деректі  және  кӛркем  фильмдер  түсірілді.  ТҮРКСОЙ 

халықаралық ұйымының  шешімімен 2010  жыл «Зәки  Уәлиди  Тоғ ан  жылы»  болып  жарияланды. 

Ғалымның туғ анына 120 жыл толуы түркі тілдес мемлекеттердің бәрінде аталып ӛтті. Осығ ан орай 

Башқұртстан  Республикасының  Ғылым  академиясы  «Ахмет-Зәки  Уәлиди  Тоғ ан»  медалін 

белгіледі.  Башқұрт  елінде  еңбегімен  ерекшеленген  ғ ылым  ӛкілдеріне  Ахмет-Зәки  Уәлиди 

атындағ ы  сыйлық  беріледі.  1992  жылдан  бері  жыл  сайын  халықаралық  «Уәлиди  оқулары» 

тұрақты түрде ӛткізіліп келеді. 

Зәки  Уәлиди  Тоғ ан  секілді  күллі  Еуропа  мен  түркі  әлеміне  аса  танымал саяси  қайраткер 

болмаса  да,  қазақтың  Зәкиінің  де  әдебиеттанушы  ретіндегі  салмағ ы  ешқандай  ғ ұламаңнан  кем 

емес. Ендеше ол да үнемі ұлықтауғ а лайық тұлғ а.  

Ӛмір  бойы  әдебиет  теориясын  зерделеген  Зәки  ағ аның  ӛзі  болмысы  да  тектіліктің 

теориясын танытып тұратынын жан баласы жоққа шығ ара алмас еді. Сондықтан Ахметов Зәкиді 

Ахмет-Зәки секілді қадірлегеннен ұтылмайтынымыз анық.       



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал