Тəжірибелік конференция қ а з і р г і қ о ғ а м н ы ң ө з е к т і



жүктеу 255.94 Kb.

бет1/3
Дата02.05.2017
өлшемі255.94 Kb.
  1   2   3

№ 1 (906) ақпан (арнайы басылым) 2015 жыл

1

№ 1 (906) ақпан (арнайы басылым) 2015 жыл



«Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу 

жолдары: кеше жəне бүгін» атты 

ғылыми-тəжірибелік конференция

З наурыз күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бір-

лесіп  «Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары: кеше жəне бүгін» атты ғылыми-тəжірибелік конференция өткізді. Шараға 

оқытушылар, студенттер мен департамент өкілдері қатысты.

АЛҒЫ СӨЗ

Бүгінгі  ұйымдастырылып 

о т ы р ғ а н   « Қ а з а қ с т а н д а 

с ы б а й л ас  же м қ о рл ы қ п е н 

к ү р е с у   ж о л д а р ы :   к е ш е 

жəне  бүгін»  атты  ғылыми-

тəжірибелік  конференция 

қ а з і р г і   қ о ғ а м н ы ң   ө з е к т і 

м ə с е л е с і   с ы б а й л а с 

ж е м қ о р л ы қ  қ ы л м ы с т а р ы 

т а қ ы р ы б ы н а   а р н а л а д ы . 

Конференцияға  М.Өтемісов 

атындағы БҚМУ оқытушылар 

қ ұ р а м ы   м е н   с ы б а й л а с 

ж е м қ о р л ы қ  қ ы л м ы с ы м е н 

к ү р е с е т і н   а р н а й ы 

мамандандырылған  орган 

ретінде  Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  Мемлекеттік  қызмет 

істер  жəне  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  департаментінің 

өкілдері  жəне  студенттер  қатысуда.  Жемқорлық  тақырыбына 

арналған  конференцияның  мақсаты 2015 жылдан  бастап 

қабылданған  жаңа  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 2015-2025 

жылдарға арналған бағдарламаны түсіндіру аясында болмақ. 

Жемқорлық    —  мемлекеттік  басқару  құрылымдарындағы 

лауазымды  қызметкерлердің  өздеріне  тапсырылған  қызмет 

мүмкіндіктерін  жеке  бастарының  пайдасы  мен  мүддесі  үшін 

пайдалану  мақсатында  жасаған  қоғамға  қауіпті  қылмыстық 

іс-əрекеттері.  Мемлекетте  жемқорлықтың  бел  алуы  көлеңкелі 

экономиканың  пайда  болып,  экономикалық  өсу  қарқынының 

тежелуіне жəне əлеуметтік, саяси шиеленістердің күрт асқынуына 

ұрындырады.  Сонымен  қатар  жоғары  лауазымды  мемлекеттік 

қызметкерлер  жаппай  жемқорлыққа  салынған  жағдайда  құқық 

қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық 

жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады. Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  қабылданған    Сыбайлас  жемқорлықпен 

күресудің 2015-2025 жылдарға  арналған  жаңа  бағдарламасы  

мемлекеттің  жəне  тұтас  қоғамның    күшін    жемқорлыққа  қарсы 

жұмылдыруға бағытталған. 

Бағдарламада  көзделген  мақсаттарды  жүзеге  асыру  үшін  

азаматтық  қоғамды,  бизнес  қауымдастығын  жемқорлыққа  қарсы 

іс-қимылға  тарту,  мемлекеттік  органдардың,  корпоративтік 

сектордың  (квазимемлекеттік)  қызметіне  бақылауды  күшейту, 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  заңдарды  жетілдіру,  мемлекеттік 

қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, көлеңкелі экономикаға 

тосқауыл қою секілді жұмыстарды жүргізу қарастырылған. Сонымен 

қатар, қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мəдениетін жəне білім мен 

тəрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін 

қалыптастыру мəселелері де қамтылған.

Бағдарламаны жүзеге асырудың басты міндетіне - Қазақстанда 

маңызды  үш  элементтен  тұратын  жүйені  құру  жатқызылады. 

Біріншісі, азаматтарға қызмет ететін тиімді мемлекет, екіншіден, ол 

- экономикалық дамудың қозғаушы күші, азаматтық қоғамның тірегі 

ретіндегі мықты бизнес, үшіншіден, жауапкершілікті азаматтық қоғам.

Сы бай л ас  жемқорлық ты  жою – біз дің  ха лқ ымыз  б е н 

мемлекетіміздің іргелі құндылығы – Тəуелсіздігімізді нығайтудың 

өзекті шарты.

Сондық тан,  бағдарламаның  негізгі  мақсаты – қоғамда 



сыбайлас  жемқорлыққа  төзбейтін  көзқарас  пен  құқықтық 

сананы  қалыптастыру,  мемлекетті,  қоғам  мен  бизнесті  осы 

əлеуметтік кесапатқа қарсы жұмылдыру болып табылады.

Мемлекет,  қоғам  жəне  бизнестің  сенім,  өзара  жауапкершілік, 

əріптестік,  айқындық,  ашықтық  пен  есептілік  қағидаттарына 

негізделген  жаңа  үлгідегі  қарым-қатынасын  қалыптастыру – 

бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің өзекті 

шарты болып саналады.

Алайда, сыбайлас жемқорлық бүгінгі күні қоғамымыздың барлық 

саласында дендеп еніп, барлық салаға өз зардаптарын тигізіп отыр. 

Осы орайда бұл келеңсіз құбылыспен  күресу барлық ұлтжанды 

азаматтардың  парызы  екенін  ұмытпауымыз  тиіс.  Мемлекеттік 

органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына 

деген немқұрайлылығы, тойымсыздығы, қарапайым азаматтардың 

құқықтық сауатсыздығы мемлекетімізде  жемқорлықтың асқынуына  

жол  ашқаны  ешкімге  жасырын  емес.  Сондықтан  соңғы  уақытта  

жемқорлықпен  күресуге    бүкіл  халық  болып  ат  салысу    керектігі 

күн тəртібіне шығып отыр. Жалпы алғанда, сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл мемлекетіміздің  жəне Президент Н.Ə.Назарбаевтың 

мемлекеттік саясатының аса маңызды стратегиялық басымдығы 

болып  қала  береді.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мемлекеттік 

саясат елдегі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси тұрақтылықты 

күшейтуге, азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандығы мен 

заңды мүдделерін жалпы қылмыстық көріністерден қорғау деңгейін 

көтеруге мүмкіндік береді. 

Сыбайлас  жемқорлықпен  пəрменді  күресу  үшін    халықтың 

құқықтық сауатсыздығын, нигилизмді жоятын, құқықтық түсіндіру 

жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. 

Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, 

осы дерттің одан əрі ушықпауы үшін  оны тоқтатудың халықара-

лық  тəжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы  ғана бұл 

құбылысқа тиімді  түрде қарсы тұруға болады. Сыбайлас жемқор-

лыққа қарсы шаралар үнемі зерттеуді жəне жетілдіруді талап етеді 

жəне онымен күресте нақты бағыттарды əзірлеуді қажет ететіні сөз-

сіз. Сыбайлас жемқорлықпен күресу  оның алдын алу мақсатында 

білім мекемлерінде, оның зардаптары мен күресу жолдары негізінде 

оқу тренингтік  пəндер жүйесін енгізу қажет, бүгінгі жастар ертеңгі 

мемлекеттік қызметкерлер жəне оларға теңестірілген лауазымды 

тұлғалар қауымы болып табылады.

Білім саласы қоғам дамуының ең басты қозғаушы күші, қоғам 

игілігінің  айнасы  болып  танылады.  Жас  ұрпақтың  білімі  мен 

тəрбиесі,  біліктілігі  мен  азаматтық  деңгейі    елдің  ертеңгі  кемел 

келешегінің негізгі іргетасы десек қателеспейміз. 



А.С. ИМАНҒАЛИЕВ, 

п. ғ. д., академик, БҚМУ ректоры

№ 1 (906) ақпан (арнайы басылым) 2015 жыл

2

Ушедший 2014 год для Казахстана был насыщен принятием 



новых законов и стратегических документов по борьбе с корруп-

цией. Начало тому положило выступление Президента 17 янва-

ря с ежегодным Посланием народу Казахстана «Казахстанский 

путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее». 

В котором он одним из пунктов плана вхождения в число 30-ти 

развитых стран мира обозначил равенство перед законом как 

реальную основу правопорядка. И поставил задачу – продол-

жить формирование и реализацию новой антикоррупционной 

стратегии, наметив конкретные сроки исполнения.

Одним  из  инструментов  по  достижению  результатов  ан-

тикоррупционной  стратегии  стало  принятие  в  прошлом  году 

четырех  новых  кодексов:  уголовного,  уголовно-процессу-

ального,  уголовно-исполнительного  и  об  административных 

правонарушениях.  

В  числе  новелл,  направленных  на  усиление  ответствен-

ности  за  совершение  коррупционных  преступлений,  явились 

запреты на освобождение лиц, совершивших коррупционные 

преступления,  от  уголовной  ответственности  в  связи  с  при-

мирением сторон, а также на назначение осужденным за кор-

рупционные преступления условного осуждения. Кроме того, 

в качестве уголовного наказания за данные правонарушения 

введены штрафы в размере, кратном сумме или размеру полу-

ченной взятки, в соответствии с международными стандартами. 

Неуплата назначенного судом «кратного» штрафа обязательно 

влечет за собой лишение свободы. Также по всем коррупцион-

ным преступлениям предусмотрена обязательная конфискация 

имущества, а на лиц, совершивших коррупционные преступле-

ния, не будет распространяться срок давности.

Следующим шагом совершенствования работы по проти-

водействию коррупции, стало создание на основе Агентства по 

делам государственной службы нового ведомства – Агентства 

Республики  Казахстан  по  делам  государственной  службы  и 

противодействию  коррупции,  в  сферу  деятельности  которо-

го    входят  не  только  вопросы  государственной  службы,  но  и 

предупреждение,  выявление,  пресечение,  раскрытие  и  рас-

следование коррупционных преступлений и правонарушений.

Выделение  антикоррупционного  направления  в  работе 

вновь  созданном  ведомстве  стало  адекватным  ответом  на 

вызовы коррупции постоянно мимикрирущей  в  современных 

условиях. 

Агентству поручено изменить восприятие коррупции, глав-

ным образом путем предупреждения, проводя профилактиче-

скую работу. Акценты в работе расставлены на превенции этого 

зла, а не на борьбе с его последствиями. 

В  оперативно-следственной  деятельности  приоритетами 

определены системные случаи коррупции и масштабные пре-

ступные схемы с участием высокопоставленных чиновников. 

Главой государства был обозначен и девиз Агентства «Біздің 

міндет – халыққа қызмет» («Наш долг – служение народу»).

Работа Агентства Республики Казахстан 

по делам государ-

ственной  службы  и  противодействию  коррупции

  стартовала 

в  одно  время  с  принятием  партией 

«Нұр  Отан» 

Программы 

противодействия коррупции 

на 2015-2025 годы, которая была 

разработана и утверждена по инициативе Главы государства. 

Это был следующий шаг в антикоррупционном направлении.

Цель  созданной  партией  Программы – формирование 

ÑÒÐÀÒÅÃÈß - ÎÑÍÎÂÀ 

àíòèêîððóïöèîííîé êóëüòóðû íàøåãî îáùåñòâà

атмосферы «нулевой» терпимости к любым проявлениям корруп-

ции.  Несмотря  на  постоянное  преследование  коррупционеров  и 

ужесточение карающих мер, меньше преступников не становится, 

а масштабы заражения данным «вирусом» только растут. Поэтому 

принятая  Программа  направлена  в  первую  очередь  на  «форми-

рование  антикоррупционной  культуры  и  поведения,  усиление 

общественного контроля, а также устранение причин и условий, 

порождающих коррупцию».

 

Еще одним немаловажным шагом в антикоррупционном 



направлении стало утверждение Постановлением Правительства 

Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1012 Дорожной 

карты по реализации структурных реформ в Республике Казахстан 

на 2014 - 2015 годы. В данном документе обозначены неотложные 

меры по устранению в ближайшей перспективе барьеров для раз-

вития бизнеса, а также принятия мер по снижению коррупционных 

рисков.

Указом  Президента  Республики  Казахстан  от 26 декабря 

2014 года № 986 утверждена «Антикоррупционная стратегия 

Республики  Казахстан  на 2015-2025 годы».  Ответственным 

государственным  органом  по  данному  документу  было  опреде-

лено Агентство Республики Казахстан по делам государственной 

службы и противодействию коррупции. Цель Стратегии – «повы-

шение эффективности антикоррупционной политики государства и 

вовлечение в антикоррупционное движение всего общества путем 

создания атмосферы «нулевой» терпимости к любым проявлениям 

коррупции и снижение его уровня».

Согласно задачам Стратегии будет осуществляться повсемест-

ное противодействие и предупреждение коррупции, в сфере госу-

дарственной службы, в квазигосударственном и частном секторе, 

в судах и правоохранительных органах. Будет внедрен институт 

общественного контроля, развито международное сотрудничество 

по вопросам противодействия коррупции. 

Уже сегодня, Агентством и соответственно Департаментом по 

Западно-Казахстанской  области  начата  практическая  работа  по 

анализу и выявлению коррупционных рисков. Эта работа прово-

дится в подведомственных организациях Министерства по инве-

стициям и развитию. В регионах это такие госорганы как Инспекция 

транспортного контроля, Департамент инновационного развития и 

промышленной безопасности, Инспекция связи и информатизации, 

а также Департамент технического регулирования и метрологии.

Организован  Общественный  совет  и  при  Департаменте  по 

делам государственной службы и противодействию коррупции по 

Западно-Казахстанской области. 

Общественный  совет  открыт  для  широкого  сотрудничества 

со всеми институтами гражданского общества. На его принципах 

будет построена целостная система гражданского контроля после 

принятия предусмотренного Стратегией Закона «Об общественном 

контроле».

В своем роде Стратегия стала логическим сводом принимаемых 

государством мер по устранению коррупции. Принятые документы 

и  сделанные  шаги  в  антикоррупционном  направлении  явились 

фундаментом данного плана и стратегией общества и Главы госу-

дарства в сторону будущего без коррупции.

А. Х. АШИРБАЕВ, 

руководитель Департамента Агентства РК по делам 

государственной службы и противодействию коррупции по ЗКО                              


№ 1 (906) ақпан (арнайы басылым) 2015 жыл

3

Ñûáàéëàñ æåìқîðëûқïåí êүðåñ 



æîëûíäàғû ìåìëåêåòòіê 

ñòðàòåãèÿíûң æүçåãå àñûðûëóû

Сыбайлас жемқорлық мəселесі бүгінде əлемнің барлық елдері 

үшін  де  қандай  қоғам  үшін  де  өзекті  мəселеге  айналып  отыр.

Қоғамдық  дерт  болып  саналатын  бұл  құбылыспен  дүниежүзі 

мемлекеттері өзара ынтымақтаса күрес жүргізіп келеді. «Бармақ 

басты, көз қысты» қылмысқа қарсы күрес жүргізіп жатқан қоғамдық 

ұйымдар  мен  саяси  партиялар  да  қазіргі  таңда  аз  емес.  Соңғы 

жылдары  Қазақстан  Республикасында  сыбайлас  жемқорлыққа 

күрес мақсатында белгілі-бір заңнамалық база қалыптастырылды. 

Жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды 

қызметкердің өзіне сеніп тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке 

бастарының  пайдасы  мен  мүддесі  үшін  пайдалану  мақсатында 

жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-əрекеттері болып табылады.  

Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың 

пайда  болып,  экономикалық  өсу  қарқынының  тежелуіне  жəне 

əлеуметтік саяси шиеленістердің асқынуына апаратын құбылыс. 

«Қазақстан-2050»  стратегиясында  Елбасы  Н.Ə.Назарбаев: 

«Мемлекет  пен  қоғам  жемқорлыққа  қарсы  күресетін  бір  күш 

болуы тиіс. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекет 

тиімділігіне  деген  сенімді  сетінетеді  жəне  ұлттық  қауіпсіздікке 

төнген  тікелей  қатер  болып  саналады.  Біз  түпкі  мақсатымыз – 

жемқорлықты  құбылыс  ретінде  жою  үшін  жемқорлыққа  қарсы 

заңнамаларды жетілдіру арқылы онымен күресті қатты күшейтуіміз 

қажет», - деп атап өткен болатын.Сыбайлас жемқорлық əлеуметтік 

феномен ретінде қоғам мен қоғамдық қатынастардың туындысы 

деп те айтуға болады.

Алайда қабылданған шараларға қарамастан елдегі жемқорлық 

деңгейінің  жоғарылылығы  күрделі  мəселе  ретінде  қалып  отыр. 

Осыған  орай , мемлекеттің  ғана  емес,  қоғамның  тарапынан  да 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылға  байланысты  жүйелі 

жəне  ұзақ  мерзімге  араналған  шаралардың  қажеттігі  туындады. 

Бұл  мақсатты  іске  асыру  үшін  елімізде  мемлекет  басшысының 

тапсырысы бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиялық 

бағдарлама əзірленді. Бағдарламаның негізгі мақсаты - сыбайлас 

жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын 

қалыптастыра  отырып,  бүкіл  қоғамды  сыбайлас  жемқорлыққа 

қатысты  қозғалысқа тарту.

Аталған  мақсатқа  жету  үшін  келесі  мəселелердің  шешілуі 

талап етіледі:

Жемқорлыққа қарсы тұрарлық мəдениетті, білім мен тəрбиені 

қалыптастыру;

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту;

Мемлекеттік органдар қызметі, квазимемлекеттік сектор мен 

монополия субъектілеріне партиялық жəне қоғамдық бақылауды 

күшейту;


Жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттігін күшейту;

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнаманы жетілдіру.

Бағдарлама  негізгі  бес  қағидатты  басшылыққа  алып  жұмыс 

жас айды.  Атап  кететін  болс ақ,  ж үйелілік,  баршаның  заң 

алдындағы  теңдігі,  айқындық,  ашықтық,  мемлекеттің  қоғамға 

есептілігі,мемлекет  пен  қоғамның  серіктестігі  жəне  сыбайлас 

жемқорлыққа  төзімсіздік  қалыптастырудақоғамды  жұмылдырту 

қағидаты.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  шараларды  халық  көп 

жағдайда жуйесіз, нəтижесі төмен жұмыс түрінде көреді. Олардың 

пікірнше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің міндеті. 

Осындай көзқарас қоғамда тамыр жайған сенімсіздікті тудырып,  

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдарды  айтарлықтай 

əлсіретеді.Сондықтан да əрбір қазақстандық, əр отбасы сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес    бүкіл  қоғамның,  əрбір  азаматтың  ісі 

екендігін түсінуі тиіс.

Сондықтан  азаматтарды  бала  күнінен  бастап  Отанға  деген 

сүйіспеншілікке, адамдарды жəне дəстүрлерді құрметтеуге, білім 

мен  еңбекке  ұмтылуға,  көрегенділік  пен  адалдыққа  тəрбиелеу 

керек.Бұл  сезімдер  біздің  халқымыздың  қанында  ежелден  бар 

құбылыс. Тек қазақтың «Тəрбие басы – тал бесік», «Ел боламын 

десең бесігіңді түзе», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жыға-

ды», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп ұрпақ тəрбиелеудегі 

даналықтарын ар-ождан қағидасы төңірегінде түсінуіміз қажет.

Қазіргі  таңда  еліміздің  алдына  қойған  мақсаттарының  біріне 

осындай  құндылықтарды  бойына  сіңірген  қазақстандықтар 

ұрпақ  тəрбиелеу  жатады.  Сондықтан    тəрбие  мен  білім  үдерісі 

адамның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тұрарлық  мəдениетін 

қалыптастыруының негізі болуы тиіс. Ұлы ғұлама Əбу Насыр əл-

Фарабидің  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тəрбие  берілуі  керек. 

Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген қанатты 

сөзін қоғам дамуының басты назарына айналдырған жөн. 

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру  мен тəрбиелеу үлгісі 

«Заң», «Əділдік», «Теңқұқықтық»  сияқты  түсініктедің  төңірегінде 

қалыптасуы  тиіс.  Қабылданған  сыбайлас  жемқорлыпен  күрес 

бағдарламасында жемқорлыққа қарсы тұрарлық тəлім білім берудің 

барлық  деңгейінде  қалыптастырылуы  қажет  деп  көрсетілген. 

Өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  тəрбиесі  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  

мəдениет қалыптастыруда түбегейлі маңызды рөл атқарады. Ал, 

Адам, Бостандық, Заңның үстемдігі, Əділеттілік, Ынтымақшылдық, 

Болашаққа  ұмтылыс,  Отбасы  мен  дəстүр  сияқты  əмбебап  құн-

дылықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық 

негізін  құрайды.Сондықтанда  жастар  ұйымдары  жемқорлыққа 

атымен төзбеушілікке насихаттауда басты орын алады. 

Білім  берудегі  сыбайлас  жемқорлық – бұл    қызметтік  бабын 

жеке  мүдде  үшін  пайдалану  яғни,бұл  өз  кезегінде  білім  берудің 

сапасы мен білім алудағы əділеттікке зиян келтіру болып таныла-

ды. ЖОО - бұл  болашаққа ұмтылысы мен өмірлік ұстанымдары 

бар мамандарды қалыптастыруда, жастарға тəрбиелеу мен білім 

беруді жүзеге асыратын  əлеуметтік институт.

Бұл ретте 80 жылдық тарихы бар М.Өтемісов атындағы Батыс 

Қазақстан  Мемлекеттік  университетінің  қызметін  атап  көрсетуге 

болады.  Бұл  бағытта  университетімізде  мынадай  жұмыстар 

жүргізіледі: 

Біріншіден: жастар ұжымдары мен спорттық секциялар, шығар-

машылық ұжымдар мен жеке қызығушылықтар бойынша үйірмелер 

құрылған;

Екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жыл 

сайынғы тəрбиелеу жоспарына жемқорлықтың алдын-алу бойынша 

шаралар  мен  дөңгелек  үстелдер,  құқық  қорғау  органдары  қызмет-

керлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат өкіл-

дерімен кездесулер өткізу қарастырылған;

Үшіншіден, тоқсан сайын университетімізде  білім алушыларды 

сараптама түріндегі əлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. 

Төртіншіден,  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  комиссия  қызмет 

атқарады. 

Тұрақты негізде студенттердің ұсыныстары мен өтініш-арыздарына 

арналған «сенім телефоны» мен «сенім жəшіктері» жұмыс жасайды, 

сонымен  қатар  университетіміздің  ресми  сайтынданда  ректордың 

блогы  жұмыс  жасайды.  Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  саясатын 

жүргізуге қатысты мəселелер университеттің ғылыми кеңесінде жəне 

ректоратта, университтет ұжымының жалпы жиналысында тұрақты 

түрде қаралады.  

Оқытушылар мен студенттер арасындағы сыбайлас жемқорлық 

əрекеттерінің  алдын - алу  жəне  студенттер  білімі  бағасының 

дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Мониторинг жəне əлеуметтік 

зерттеулер  бөлімімен  бірігіп  қоғамдық  тəртіптік  комиссия  жұмыс 

жасайды,  бұл  бөлім  өз  кезегінде  ай  сайын  студенттер  арасында 

«оқытушы  студенттердің  көзқарасы  бойынша»  деген  тақырыпта 

сараптамасы. 

ЖОО-да кредиттік технология бойынша білім беру Ережежесіне 

сəйкес  студенттердің  ағымдағы  жəне  аралық  аттестациялаудың 

ашықтығын  жəне  барлық  нысандағы  бақылауға  студенттердің 

шағымдану  құқығының  бар  екендігін  жəне  оның  қатаң  түрде 

сақталатындығын  айта  кеткен  жөн.  Студенттерге  берілген  мұндай 

құқықтардың  легі  сыбайлас  жемқорлық  əрекеттерінің  алдын-алуға 

бағытталған  деп  айтсақ  қателеспейміз.  Сыбайлас  жемқорлыққа 

қатысты  өткізілетін  «Таза  сессия»  акциясы  төңірегінде  ақсақалдар 

кеңесі,  проректорлық  жəне  деканаттық  корпустар,  сонымен  қатар 

барлық кафедра меңгерушілері емтиханның өткізілуіне қатысты жүйелі 

бақылауды жүзеге асырып, емтихан соңында бекітілген күнтізбелік 

жоспарға сəйкес студенттермен кездесулер өткізеді. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында барлық қазақстандық 

ЖОО - лар бірігіп сыбайлас жемқорлық қылмысының алдын - алу жəне 

кəсіби  білімнің  сапасын  арттыру  үшін  құқық  қорғау  органдарымен 

бірлесіп білім беру миссиясының реформаларын дұрыс орындауға 

өз  үлестерін  қоса  отырып  жұмыс  жасайды.  Сондықтан  да  жоғары 

білім  беру  жүйесіндегі  сыбайлас  жемқорлықпен  күресуді  жүйелі 

түрде жүзеге асыру салауатты, білімді, мəдениетті, сапалы мамандар 

дайындауға өз үлесін тигізеді деп есептеймін.  

А.О.САМУРАТОВА,

«Құқықтық пəндер» кафедрасының аға оқытушысы, 

заң ғылымдарының магистрі 


№ 1 (906) ақпан (арнайы басылым) 2015 жыл

4

Сыбайлас жемқорлық - 



қоғам дерті

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық елімізге зор қауіп тудырып 

отыр. Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының қарқынды дамуына 

үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қатерлерінің 

бірі. Сондықтан да, оны болдырмау, оның алдын алу мақсатында 

елімізде көптеген іс шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.  

Елбасы құқық қорғау органдарының, «Нұр Отан» партиясының 

жəне басқа да қоғамдық мекемелердің алдына сыбайлас жемқор-

лықпен күрес бағытын айқындайтын, сыбайлас жемқорлық тəуекел-

дерден  тиімді сақтау механизмін құру бойынша нақты міндеттер 

қойды. Сыбайлас жемқорлық оның  ықпалына дүниежүзінің бүкіл 

елі  түсетін  əлеуметтік  дерт.  Сондықтан,  дамыған  мемлекеттер 

сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа модельдерін қайта құрып, 

жазаны қатаңдататын заңдар қабылдады. 

Ал, Қазақстан Республикасы 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»  арнайы  заңын  қабылдады. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 1 - бабы 1 - 

тармағына сəйкес, сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсаты болып 

азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау,  сыбайлас 

жемқорлық  көріністерінен  туындайтын  қауіп  қатерден  ұлттық  қа-

уіпсіздігімізді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты 

құқықбұзушылықтың    алдын  алу,  анықтау,  олардың  жолын  кесу 

жəне  ашу,  олардың  зардаптарын  жою  жəне  кінəлілерді  жауапқа 

тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді 

атқаратын  лауазымды  жəне  басқа  адамдардың  тиімді  қызметін 

қамтамасыз етуге бағытталған жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күрестің негізгі принциптерін 

айқындап, сыбайлас жемқор-

лыққа байланысты құқықбұзушылықтың түрлерін, жауаптылықтың 

пайда болу жағдайларын белгілеу табылады. 

Біздің  білетініміздей,  сыбайлас  жемқорлық  теріс,  жағымсыз 

əлеуметтік  құбылыс.  Азаматтық  қоғам  ілгері  жылжыған  сайын, 

оның  əлеуметтік  саяси  құрылымы  өзгерсе  де,  ғылым,  мəдени-

ет,  өнер  дамыды,  десек  те,  сыбайлас  жемқорлық  жеке  тұлғаға, 

қоғамға, мемлекетке қатер төндіретін фактор болып табылады. Бұл 

мəселені  зерттеген  кезде  мынадай  сауал  туындайды:  сыбайлас 

жемқорлықтың  пайда  болу  себептері  қандай  жəне  осы  құбылыс 

неге  қауіпті?  Мұндай  қылмыстардың  қауіпті  болу  себебі  қоғамға 

жəне қоғам мүшелерінің құқықтық санасына, саяси дамуына жəне 

қоғамның материалды тəуелсіз дамуына зиян келтіреді.  

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» заңы 4 тараудан:

Жалпы ережелері; 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

Сыбайлас  жемқорлықпен  құқықбұзушылықпен  жəне  ол  үшін 

жауаптылық; 

Сыбайлас жемқорлықпен құқықбұзушылықтардың зардаптарын 

жоюдан тұрады. 

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың бір түрі – жүйелі сыбайлас 

жемқорлық – сыбайлас  жемқорлықтың  ең  қауіпті  жəне  қиратқыш 

күші.  Ол  құқықтың,  заңның  беделін,  мəнін  кетіреді,  мемлекеттік 

институттар  бір  сəтте  əлсірейді,  мемлекет  өз  азаматтарының 

құқығын  қорғау  бойынша  міндеттерін  дұрыс  орындауын  бұзуы 

болып табылады. 

Қазіргі заманда сыбайлас жемқорлық зардаптары əртүрлі болуы 

мүмкін. Олар көбінесе мынадай жағдайларда айқындалады: 

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің өзінің алдына қойып отырған 

мақсаттарына жету мүмкіндігін жояды;

Сыбайлас жемқорлық инвистиция тартуды жояды, нəтижесінде 

жеке кəсіпкерге белгісіз жағдайлармен тезірек табыс табуға тура 

келеді, бұл жағдайлар тауарлардың жəне қызметтердің қымбатта-

уына əкеледі;

Сыбайлас жемқорлық сот əділдігінің күшін жояды, өйткені кімде 

ақша көп, соның ісі дұрыс деп саналады; 

Сыбайлас жемқорлық демократияға қауіп төндіреді;

Сыбайлас жемқорлық халықтың биліккке деген наразылығын 

тудыруға əкеліп соқтырады. 

Қоғам дерті жемқорлық көптеген факторларға байланысты екені 

баршаға мəлім. Мұның ішіне саяси, əлеуметтік, экономикалық, тіпті 

мəдени факторлар да кіреді. Ал, ендеше мəдени фактор қалайша 

əсер етеді десеңші. Бұған дəлел ретінде адамдар «бара бергенше, 

пара бер», я болмаса, құр қайтқаныңша, рахметіңді айтып қайтпай-

сың  ба,  себебі  бұл  адаммен  əлі  талай  жұмыс  істеу  алдында  тұр 

ғой деген сылтаумен адамдар бұл дертке шалдығады. Ең бастысы 

–  адамдардың  қоғамның  демократиялық  бастауларына,  заң  мен 

шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін əлсіретеді. 

Құқықты сауаттылықты дамыту мақсатында «Халықты құқықтық 

тəрбиелеу», -  деп  аталатын  бағдарлама  қабылданған  жөн  деп 

есептеймін.  Бұл  бағдарламаны  іске  асыру  мақсатында  мынадай 

жұмыстар жүргізілуі қажет: 

Құқықтық мінез құлықты насихаттайтын заңнама нормаларын 

ауызша жəне жазбаша түрдегі түсіндіру жұмыстары;

Балабақша, мектеп оқушыларына қылмыстық қолсұғушылыққа 

тап болған кезде не істеу керектігіннің мазмұнын ашатын сабақтар-

ды өткізу;

«Қалай қылмыс жəбірленушісі болмауға болады?» деген тақы-

рыпта кештер ұйымдастыру; 

Құқықтық білімдерді кеңейтуге бағытталған конкурстар, олим-

пиадалар, викториналар өткізіп тұру.                                                                                          

Сыбайлас  жемқорлықпен  пəрменді  күресу  үшін  халықтың 

құқықтық сауатсыздығын, нигилизмді жоятын, құқықтық түсіндіру 

жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор 

деп  ойлаймын.  Сыбайлас  жемқорлықпен  қүрес  мемлекетіміздің 

дамуына қосылған үлес. Ал, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа 

орын жоқ.  



 

Айгерім ТАШБАЕВА,

 «Тарих, экономика жəне құқық факультетінің» 

«Құқықтану»  мамандығының 3 курс студенті 

Àäàëäûққà àқ æîë




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал